ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-6
I.ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны анықтаудағы бақылау мен бағалаудың түрлері,әдістері мен формалары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 7-11
1.2 Білім, білік, дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері,талаптары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11-14
1.3 Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру ... ... ... ... ... ... ... .. 14-17
1.4 Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру. Оқыту нәтижелерін бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .17-22
II.ҚАЗІРГІ КЕЗДЕГІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ, БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... . ... ... ... ..23
2.1 Білім жүйесін бағалау.Бағалау жүйесіндегі кейбір мәселелер ... ... ... ..23-25
2.2 Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру,бақылау және бағалаудың жаңа технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25-31
2.3 Оқытудың бақылау және өзіндік бақылау әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 31-33
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3 4-36
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..37

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі
Бүкіл адамзат қоғамның, ХХІ ғасырдың алғы шебіне, яғни, ғылыми-техникалық прогресс пен өркениетті даму дәуіріне бет бұру кезеңінде жаңа қоғамға лайықты сапалы білімді, жетілген жеке тұлғаны қалыптастыру бүгінгі мектеп алдында тұрған негізгі міндет болып отыр.Белгілі бір көлемдегі білім,білік,дағдыларды меңгерумен қатар табиғат, қоршаған орта туралы түсініктері кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы болып отыр.
Оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, оларды үнемі бақылау, әрине,қоғам талабынан туындайды. Қоғам қашан да дарынды, қабілетті адамдарға мұқтаж болып келген. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы білімділікті, ептілікті, ерекше ой қызметін, белгілі бір білім дағдыларының қалыптасуын, оларды керекті бағытына жаңаша ізденіспен бұра білу қабілеттілігін қажет етеді. Баланың қабілетін өрістететін, дамытатын тек қана мектеп.
Қазіргі кезде республикамызда білім беру ісін жаңғыртудың негізгі ұстанымдары ретінде демократияландыру, ізгілендіру ұстанымдары анықталды. Олардың талабы бойынша,оқытудың басты мақсаты-өздігінен білім алып, дами алатын жеке тұлғаны қалыптастыру. Сондықтан,теориялық материалдардың мазмұны оқушының өздігінен жаңа тақырыпты меңгеруіне қолайлы және қызықты мазмұндалуы қажет.
Оқушыларға белгілі бір көлемдегі білім, білік, дағдыларды меңгерумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды педагогикалық бақылаудың бір түрі-тестілеу бағытында жан-жақты дамыту бүгінгі күннің басты талабы. Осы талап тұрғысынан алғанда, оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастырудың сан түрлі әдіс-тәсілдерін іздестіру, жаңа технологияларды тиімді пайдаланудың маңызы ерекше.
Тестілеу-бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Ол үшін баланы бастауыш сыныптардан бастап тестілеу түрлерін білуге, қалыптан тыс шешімдер қабылдай алуға практикалық әрекеттерге дайын болуға дағдыландыру керек.
Тестілеп бақылап оқыту әдісіне негізделген технология оқушының ойлау, елестету мен есте сақтауын, ынтасын, белсенділігін, дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.
Біздің ойымызша, оқытудың мақсаты-өз бетімен дами алатын, әр түрлі өзгермелі жағдайларда бағдар ұстай білетін, белсенді жеке тұлғаны, яғни субьективті тәрбиелеп шығару. Оқытудың ендігі жердегі мақсаты оқыту әдістерінің оқушының өз бетімен ізденіп қызмет жасау әдістері мен тәсілдерімен толығуын қажет етеді. Осыдан жаңа шарттар мен талаптар да туындайды. Әдістемелік жүйені осылайша жаңалау, сәйкестік оқулық әдістемелік, дидактикалық өте күрделі бақылауды, тексеруді, тестілеуді қажет ететін жұмыс.
Тәуелсіз елімізде қазіргі уақытта білімнің кең көлемді қоры жиылған мектеп оқушыларының танымдық қызығушылығын дамыту мәселесіне тоқталып өтетін болсақ: оқыту үдерісінде әр түрлі әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, терең білімді, ізденімпаз, барлық іс-әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын, сол тұрғыда өз болмысын таныта алатын жеке тұлға тәрбиелеу ісіне ерекше мән берілуде.
Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мұғалімнің сабақтар жүйесінде оны дұрыс ұйымдастыра білуі көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі.Ол үшін,мұғалім оқушының оқу материалын меңгеру дәрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта оқушылардың сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу,бақылау және бағалаудың маңызы ерекше.Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа,біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Осы тұрғыда білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау мәселесіне теориялық және практикалық талдау жасаудың маңыздылығы ерекше.Бақылаудың тақырыптық түрін ұйымдастырудың практикалық мәселелері П.Горбунов, Е.С.Березняк, В.И.Иващенко, А.Қ.Исақов, Е.И.Перовский, С.Ф.Сухорский, Н.В.Чертинский, В.О.Онищуктің ғылыми-педагогикалық еңбектерінде талданған.
Бақылауды ұйымдастырудың жекеленген әдістемелік мәселелері жайында М.Р.Львов, Н.Н.Светловский, А.П.Пышкало, Т.Л.Коган және тағы басқа теориялық талдау жасаған.
Осылардың негізінде қаралып отырған педагогикалық мәселенің теориялық аспектісі жеткілікті дәрежеде зерттелген деп қорытынды шығаруға болады. Себебі, "есепке алу", "бақылау", "бағалауды" ұйымдастырудың мәні,олардың оқу-тәрбие процесіндегі қызметі,формалары мен тәсілдері анықталған.
Екіншіден,оқыту сапасын тексерудің "5" балдық жүйесі оқушылар білімдерінің нақтылы дайындық дәрежесін барлық жағдайда дұрыс көрсетпейді.Ондағы негізгі кемшілік-оның жеткілікті түрде ішкі және сыртқы кері байланысты қамтамасыз ете алмауында.Соның нәтижесінде оқыту процесінің сапасын арттыруда мұғалім әр кезде бағалау жүйесін дұрыс қолдана алмайды.
Жоғарыда айтылған тұжырымдамаға сүйене отыра,білім,білік,дағды нәтижесін есепке алу бақылау мен бағалаудың теориялық талдауы және практикада қолдану тәжірибесі арасында әлі де болса қарама-қайшылықтың бар екендігін байқаймыз.
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасау негізінде бұл мәселенің қалыптасу мен даму динамикасын бірнеше кезеңге бөлуге болады.
20 жылдары үй тапсырмасын беру, білімді және емтиханды бағалау оқыту процесі жүйесінде қарастырылған жоқ,соның нәтижесінде оқушының үлгерім сапасына мұғалімнің бақылау жасауының орнына "бригадалық-лабораториялық" әдіс жүйесіне негізделген "өздігінен бақылаудың" түрлері кең көлемде тартылды.Ол,бір жағдайда,үлгерім нәтижесін бақылауда жауапсыздыққа әкелсе,екінші жағдайда,оқу сапасының төмендеуіне кері ықпалын тигізді.
Білімдену процесінің ажырамас бір бөлігі диагностика болып табылады.Диагностика жәрдемімен белгіленген мақсат-міндеттердің табысты орындалатындығы белгілі.Ол болмаған жерде дидактикалық процесті тиімді басқару мүмкін емес. Диагностика, бұл дидактикалық процестің нәтижесін анықтау.
"Диагностика" түсінігінің мәні "білім,білік және дағдыларды тексеру" түсінігімен салыстырғанда едәуір тереңдеу әрі кең."Тексеру" нәтиженің тек көрсеткіштерін ғана анғартады,не себептен болғаны жөнінде дерек бермейді.Ал диагностикалауда нәтиже өзіне қол жеткізген әдіс-тәсілдермен бірге қарастырылады,дидактикалық процестің бағыт-бағдарын,ілгері не кері қозғалысын анықталады.
Диагностика өз ішіне бақылау мен тексеруді, бағалау мен бағаны, жинақталған статистикалық деректер талдауын, дидактикалық процестің жүрісін, бағытын және жобалауын қамтиды.
Диагностикалаудың маңызды бөлігі-бұл қадағалау.Қадағалау-білім, білік және дағдыларды игеру процесіне бақылау қоюды аңғартады.Қадағалау тікелей тексерулерден құралады.Тексеру-бұл білім, білік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін іс-әрекеттер жүйесі.
Мән-мағыналық тұрғысынан бақылау, қадағалау кері байланыс құруды қамтамасыз етеді, яғни, оқушылардың оқу әрекеттерінің нәтижесі жөніндегі мәліметтерді алу мүмкіндігін ашады.Оқытушы өз шәкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге, оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын білдіреді.Қадағалау нәтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дәрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процесс мүмкіндіктерін оқыту мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады.Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін,сонымен бірге,өз кемшіліктері мен олқылықтарының пән бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді.Тұрақты да бірізді қадағалаудан оқушының тәртібі жақсарады,белгілі жұмыс қарқынына үйренеді,ұнамды мінез,ерік сапаларын дамытады.
Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру,бақылау мен бағалау барлық мектеп тәжірибесінде бар.Бірақ,әлі де болса жүзеге толық түрде аса қойды деп айту қиын.Осы тұрғыдан алғанда,зерттеп отырған мәселенің өзектілігін байқауға болады.
Курстық жұмыстың мақсаты-оқушылардың білім, білік, дағдыларын бағалау және тексеру.
Курстық жұмыстың міндеті:
-Еліміздегі жалпы білім беру мектептеріндегі оқушылардың білім,білік,дағдыларын бағалау және тексерумен танысып,жетілдіру жолдарын анықтау;
-Оқушылардың танымдық қызығушылықтарын дамытудың педагогикалық жүйесі компоненттерінің мазмұнын жасау;
-Қазіргі кездегі оқыту жүйесіндегі білімді тексеру,бақылау және бағалаудың жаңа технологиясын қарастыру.

I.ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ БІЛІМ, БІЛІК, ДАҒДЫНЫ ТЕКСЕРУ ӘДІСТЕМЕСІ

1.1 Оқыту процесінде білім, білік, дағдыны анықтаудағы бақылау мен бағалаудың түрлері, әдістері мен формалары

Педагогика ғылымы саласында білім,білік,дағдыны бақылаудың көптеген түрлері кең тараған.Мысалы,ғалым-педагогтар Ю.К.Бабанский,
Н. А.Сорокин бақылауды күнделікті,оқтын-оқтын,қорытынды деп бөліп көрсетеді.Ал, Г.И.Щукина-күнделікті,тақырыптық,оқ тын-оқтын,қорытынды және емтихан деп бөлсе,У.А.Дмитриев-күнделікті,тақыр ыптық,қорытынды және нәтижелі деген тұжырымға келген.
Профессорлар Ж.Б.Қоянбаев, Р.М.Қоянбаевтың "Педагогика" оқулығында ол тақырыптық, тараулар бойынша, оқтын - оқтын және қорытынды бақылау деп бөлінген.
Бақылау - бұл педагогикалық басшылықтың және оқушылардың танымдық меңгеруінің функциясы.Бақылаусыз жеке адамның дамуы мен қалыптасуын басқаруға болмайды. Бақылаудың психологиялық, педагогикалық мәні оқушыларға дер кезінде көмек көрсету. Олардың шығармашылық күшіне, қабілетіне сенім білдіру, оқушылардың үй тапсырмасын нәтижелі етіп орындауы үшін ынталандыру және іске жұмылдыру. Бақылау процесінде мұғалім оқушыларға ерекше көңіл бөліп, құрмет сезімін білдіруі тиіс. Егер, кейбір оқушылар тапсырманы орындауда қате жіберсе, оған дөрекі,өрескел сөздер айтып,ескерту жасауға болмайды.
Сабақтың барлық кезеңдерінде бақылаудың мазмұны оқушыларды іс-әрекетке ынталандыру және олардың белсенділігін дамыту болуы тиіс.Бақылау процесінде оқушылардың алған білімді игеруі және баянды етуі бойынша оқу жұмысының сапасы туралы толық хабар алуы қажет.Осыған байланысты бақылаудың бірнеше түрлерін атауға болады.
Күнделікті бақылау оқыту процесінде күнделікті қолданылады және сабақ барысында оқушылардың оқу-танымдық әрекетіне басшылық жасайды.Ол ішкі және сыртқы байланысты жан-жақты жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады,соның негізінде оқушылардың келесі оқу әрекетіне ықпал етеді.Күнделікті бақылау мұғалімнің жалпы немесе жекелеген оқушылар жұмысына жүйелі түрде бақылау жасау көмегімен жүргізіледі. Бақылаудың бұл түрі оқушылардың сынып немесе үй тапсырмаларын өз бетінше орындауға деген ниеттері мен берілген тапсырманы орындауға деген олардың қызығушылығы және жауапкершілік сезімін ынталандыруда үлкен маңызға ие болады.
Тақырыптық бақылау-оқу бағдарламаларындағы белгілі тақырыптар бойынша өткізіледі. Сабақтың тақырыбы және әрбір кезеңдері негізінде оқушылардың білімді,білікті,дағдыны игеруі тексеріледі.Сонымен бірге,мұғалім жаңа тақырыптың кейбір басты мәселелерін өткен сабақтардағы оқу материалдарымен толықтырады, кейбір ұғымдарды, анықтамаларды,ғылыми ережелерді оқушылардың есіне салады.Тараулар бойынша оқтын - оқтын бақылау әрбіртоқсанның аяғында, оқу бағдарламасының тарауын оқып болғаннан кейін беріледі.
Қорытынды бақылау-барлық пәндер бойынша жыл аяғында өткізіледі.Бақылау процесінде тақырыптық және тарау бойынша бақылау нәтижелері есепке алынады.Оқушылардың жыл бойына алған теориялық және тәжірибелік білімдері анықталады.Сондықтан,қорытынды бақылаудың негізі емтихан және оқушылардың жылдық үлгерім бағалары болады. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды бағалар шығарылады.Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі.
Оқу процесін компьютерлендірудің жедел қарқынмен дамуы оқушылардың дайындық деңгейін анықтаудың бұрынғы сапалық сипаттау жүйесіне көшуге мүмкіндік туғызып отыр.
Бақылау түрлерінің біріне тестілер де жатады.Бақылау арқылы мұғалім өз жұмысының жетістігі мен кемшілігін анықтайды.Бақылаудың нәтижесінде жоғарғы нәтижеге жетуді көздейді.
Ш.И.Амоношвили,В.М.Полонский,М.Н.Ск аткин,В.С.Цетлин,Н.В.Селезнев,т.б. дидактиктер мен әдіскерлердің еңбектерінде айтылмыш екі мәселе жіктеліп,әрқайсысы жеке-жеке қарала бастады.
Бағалау-бұл оқушының оқу-тәрбие алу үрдісіндегі деңгейін көрсетуі,оқушы программаны қаншалықты меңгергендігін мұғалімнің басқаларға көрсете білуі.Бағалауға екі объект қатысады:мұғалім-бағалаушы,оқушы-ба ғаланушы.Бағаланушы баға сұрағында жатқан мәселені терең біледі,берген сұрағында айтылатын жауаптың моделін алдын-ала болжайды немесе оған ол мәселе әбден жаттанды болып қалған,ешқандай қиындығы жоқ,сондықтан да оқушының жауабын бағалауға бағалаушы да алдын-ала даяр.
Бағалау - барынша кең түсінік, ол тек баға қоюмен ғана шектелмейді, ауызекі пікірден және баға қоюдан тұрады.Профессор Щ.А.Амоношвили-баға білім берудің іскерлік нәтижесі,үрдіс-іскерлікті қорытындысы,шартты формальды түрі екенін айтқан.
Бақылау әдістеріне ауызша,жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады.Бұл әдістерге қарағанда бағдарламалап бақылау әдістерінің өзіндік ерекшелігі бар.Олар машинасыз және машиналы бағдарламалап бақылау әдістеріне бөлінеді.
Машинасыз бағдарламалап бақылау әдістері бойынша перфокарталар және бақылау карталарын қолданып,оқушылардың теориялық және практикалық білімдерін анықтайды.Мұғалім оқыту және білім беру мазмұны бөлімі бойынша 20-25 сұрақтар дайындап,әрбір сұраққа 4 вариантты жауаптың мазмұнын жазады.Олардың ішінен бір сұраққа ғана дұрыс жауап беріледі.Қалған сұрақтар варианттары:дәл емес,толық емес немесе басқа тектес ұғымдарға сәйкес келеді.
Бақылаудың тағы бір бөлігі,кейбір жағдайда,тапсырмалар түрі деп ұғынылады(жазбаша бақылау жұмысы, тест жұмысы, зертханалық-тәжірибелік жұмыс, зачет, шығарма, диктант және тағы басқалары) немесе оқушылар әрекетінің түрі болып (баяндама, хабарлама, оқушы әңгімесі,мұғалім сұрағына жауап беру және тағы басқалары) ұғынылады.
Білімді бақылау және бағалау ғылыми дәлелденген, тәжірибеде қолданылған принциптер негізінде жүргізіледі: әділдік, жан-жақтылық, жүйелік, жеке-даралық, дифференциалдық және тәрбиелік, әділдік, шындық (білім сапасының нақтылығы,баға өлшемі мен ережесі нормасына қатысты) - бұл субъективтік факторларды болдырмауды көздейді.
Жүйелілік, бірізділік - әрбір сабақ, тақырып бойынша оқушылар оқу әрекетінің басқа буындарымен байланыстырыла қаралып,оқыту процесінің барлық кезеңдерінде бақылау жүргізуді көздейді: түйінді сұрақтар бойынша оқыту нәтижесін қорытындылау,тақырыптық бақылау,сабақтар бойынша балл қою,тағы сол сияқты.
Жеке-дара қатынас-әрбір оқушының ерекшелігін бағалауды(оның қабілеті,бейімділігі,денсаулығы,оқу әрекеті,т.б.) қарастырады.Жан-жақтылық қатынаста - бақылау оқу бағдарламасының барлық бөлігін қамтиды, оқушылардың теориялық білімдерін,интеллектуалдық және практикалық білім,білік,дағдыларын бақылауды қамтамасыз етеді.
Дифференциалдық қатынас - әрбір пәннің ерекшелігін, жекелеген бөлімдерін, сонымен бірге,оқушылардың жеке-дара қасиетін ескеріп,соған сәйкес бақылаудың әр түрлі әдістері мен мұғалімнің педагогикалық әдеп сақтауын талап етеді.
Жоғарыда айтылған талаптарды орындау,ең алдымен,бақылаудың сенімділігін және оқыту процесінде өздерінін алдында тұрған міндеттердің орындалуын қамтамасыз етеді,бақылауда әр түрлі қателіктер мен сәтсіздіктердің болмауына кепілдік жасайды.
Оқушылардың білім,білік және дағдыларын бақылау,бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады.Олар мыналар:
-ауызша баяндау(әңгіме,жеке-дара,топтық,фро нтальдық сұрақ);
-жазбаша бақылау(диктант,шығарма,таблица,схе ма,суреттер құрастыру).
-практикалық бақылау (лабораториялық жұмыстарды,еңбек операцияларын орындау,тәжірибе жүргізу);
-машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар,бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану);
-өзін-өзі бақылау,бағалау(қателерді болдырмау,оларды түзеу,оқудағы өз жетістіктерін бағалау,соған сәйкес балл қою).
Оқыту процесінде бақылаудың фронтальдық,топтық және дербес формалары қалыптасқан.Оның тиімділігі-мұғалімнің оларды дұрыс ұйымдастыруына байланысты.
Фронтальдық (жаппай) бақылау жағдайында барлық оқушыларға сұрақтар немесе мазмұны бірдей тапсырмалар беріледі.Оларды орындау барысында оқушылар арасында ынтымақтастық, жолдастық сезім пайда болады,бір-біріне сұрақтар қойып,жауаптарын толықтырады,орындалған жұмыстарды өзара тексеріп,іске асырады.Демек,бірігу іс-әрекетінде әлеуметтік құнды мотивтер қалыптасады.
Топтық бақылауда белгілі бір оқушылар тобы сабақ барысында
мұғалімнен тапсырмалар орындайды. Кейде, кейбір оқушылар түрлі себептерге байланысты (сабақ жіберу, нашар үлгеру, ауыру,т.б.), қосымша көмекті қажет етулері мүмкін.Сондықтан,олардың жұмысын ерекше еске алған жөн.
Бақылаудың дербес формасы әрбір оқушының білімін,іскерлігін және дағдысын терең,жан-жақты анықтауға мүмкіндік береді.Дербес бақылау бағдарламалап және дифференциялы оқыту барысында жақсы нәтиже береді.Дербес бақылауда оқушылар жауабының логикалық бірізділігі,олар өз пікірлерін қалай пайымдайды,қалай дәлелдейді,міне,осы мәселелерге аса көңіл аудару керек.
Оқыту процесінде оқушылардың өзін-өзі бақылауы өте қажет, өзін-өзі бақылау,олардың оқу бағдарламасы материалы мен игерген іскерлігі және дағдысының беріктігі жайлы ақпарат алуын қамтамасыз етеді.Өзін-өзі тексеру арқылы оқушылардың алған біліміне сенімі артады,орындаған жаттығу, есеп шығару және тәжірибе жұмыстарының нәтижесін бағалайды. Баға білімді есепке алу ғана емес, ол-тәрбиелік құрал. Сондықтан,оқушы білімін бағалауда немқұрайдылыққа салынуға болмайды.
Баға "балл" есебінде көрсетіледі.Келесі кезекте баға және оның өлшемі қандай, соған тоқталамыз. Қазіргі кезде білім беру саласының барлық құрылымында оқу-таным әрекетінің сапасын анықтайтын дәстүрлі "5" балдық жүйелер қолданылады.
"5" бағасы-оқу материалын толық, дәл, логикалық,бірізділікпен айтылған жауапқа қойылады;"4" бағасы-оқу материалын толық біледі,бірақ болар-болмас кемшілігі бар жауапқа қойылады;"3" бағасы-жауабы негізінен дұрыс,бірақ толық емес,білімінде кейбір проблемалар еске алынбаған жауапқа қойылады;"2" бағасы-оқушы жауабында қателер,білімінде елеулі кемшіліктер бар жауапқа қойылады;"1" бағасы-тексерілген оқу материалы бойынша білімі жоқ,толып жатқан өрескел қателер үшін қойылады.
Зачет(сынақ)-қорытынды бақылаудың айрықша түрі, ол белгілі бір тарау немесе тақырып бойынша атқарылған оқу жұмыстарының мұғалім қолданған тексерудің барлық түрлерін ескере отыра қойылады.Ол (1959 жылдан енгізілген) оқу бағдарламасының негізгі бөлімдері және тақырыптардағы білім,білік,дағдыларды жүйеге келтіру,тереңдету міндеттерін шешеді.
Емтихан-оқушылардың білімін қорытынды тексерудің және бағалаудың арнаулы формасы.Ол (1944 жылдан енгізілген) оқушылардың білімін жинақтауға және бір жүйеге келтіруге, оларды оқу жылы бойынша оқуға ынталандырады,оқу жұмысының сапасын арттыруға көмектеседі. Емтихан мен жылдық үлгерім бағаларынан педагогикалық кеңестің шешімі
қорытынды бағалар шығарылады.
Жаңа түсінікті қалыптастыру процесінде оқушының назары оқу-танымдық әрекетке, жаңа оқу материалдарын меңгеруге бағытталады.Мұның да белгілі заңдылықтары бар.Ғалымдардың айтуынша,материалдарды жақсы есте сақтау үшін оқушы ол материалдармен түрліше жағдайда,ең кемінде алты рет кездесуі керек.
Жаңа түсініктерді қалыптастыру процесін оны меңгерту әдіс-тәсілін қалыптастыру мен дамытудан ажыратып алып қарауға болмайды.Шын мәнінде,оқушы мұғалімнің сөзін дұрыс түсініп,қабылдауы үшін оның сөздік қоры мол болуы тиіс,байланыстырып сөйлеу дағдысын меңгеріп,мұғалімнің айтқанын түсініп тыңдай білуі керек.Осыдан келіп,сабақтың екінші кезеңінде коммуникативтік топтарға жататын көптеген жалпы оқу икемділіктері мен машықтарын қалыптастыру мұғалімнің басты міндеті болып табылады. Бірақ,сабақтың бұл кезеңінде тек коммуникативтік икемділіктер дамытылуы қажет деген түсінік тумайды.Мұнда,ең алдымен,логикалық икемділіктер-салыстыру,талдау,жинақ тау,жүйеге келтіру қалыптастырылып отырады.
Оқушылардың ойлау белсенділігін қамтамасыз ету үшін тәжірибелі мұғалімдер оқытудың бұл кезеңінде сабақ желісіне жалпы оқу шеберліктеріне есте сақтау,жаңа білімді меңгеру,мотивация сияқты іскерліктерді кірістіреді: негізгі ойды ажырата білу,үлгі бойынша және творчествалық жұмыс істей білу, оқу материалдарын бөліктерге бөле білу,оқулықты пайдалана білу,қабылдауы үшін оның сөздік қоры мол болуы тиіс,байланыстырып сөйлеу дағдысын меңгеріп,сурет,сызбалармен жұмыс істей алу,тез оқып,жақсы оқи білу,жылдам жаза білу,сөздерді,ережелерді есте сақтау,өлеңдерді оқи білу,т.б. сияқты икемділіктерге үйретеді.Сонымен бірге,қорытындылау,жинақтау және жүйелеу - материалды жаңғырту мақсатымен қысқаша, толық бейнелеп, суреттеп көрсететін тапсырмалар жүйесін орындау арқылы жүзеге асады.
Оқушылардың өздігінен білім алу әрекеті олардан мейлінше дербестікті өз еркімен жүйелі жұмыс істеуді талап етеді. Өздігінен білім алу ісін оңтайландыру,күнделікті рухани қажетіне айналдыру мектептің қазіргі кездегі маңызды міндеті болып табылады.Өздігінен білім алу әрекеті сол әрекеттің мақсат - міндеттерін, мазмұнын ұйымдастыру жолдарын оқушылардың өздері анықтап,іске асыруына байланысты. Ал, оларға кеңес, нұсқау,жалпы бағыт беріп,басқарып отыру оқытушының міндеті.Бұл жұмыстар сабақ үстінде басталып,әрі қарай сабақтан тыс уақыттарда жалғасуы тиіс.Оқу жұмысы-оқушылардың өзін-өзі оқытуға,өздігінен білім алуға себебін тигізетін құрал.Сондықтан,оқыту мен оқушылардың дербес білім алу жұмысын бір-бірімен тығыз байланысты үрдіс деп санау қажет.

1.2 Білім, білік, дағдыны бақылау мен бағалаудың маңызы мен міндеттері, талаптары

Оқушылардың оқу материалын меңгергенін тексеру және бағалау-
оқыту нәтижелерін бақылау, оқу процесінің әр түрлі кезеңіндегі
оқушылардың танымдық іс-әрекетін басқару.
Білімді тексеру және бағалау оқушының білім алуына көмектесіп, оның
және мұғалімнің білім сапасы жөнінде сандық мәлімет береді.Мұғалім оқушының білім деңгейінен хабар алып, оның танымдық жұмысын ұйымдастыруға негіз жасайды.Мұғалім өз жұмысындағы жетістіктер мен кемшіліктерге баға беріп, жұмыс әдістерін толықтырып, түзетіп, жеке оқушылармен жұмыстың жолдарын және құралдарын тауып, бағдарламалық
білімдердің меңгерілу деңгейін анықтайды.
Оқушы тақырыпты қаншалықты деңгейде меңгергенін ұғады. Егер,білімді тексермесе,онда оқушы өз білімін терең,жан-жақты және дұрыс бағалай алмайды.Оқушы баға алған соң,өзінің мектептегі,үйдегі жұмыстарын жетілдіруге,жақсы сапаларын дамытуға, білім,іскерлік,дағдыларындағы кемшіліктерді жоюға мүмкіндік алады.
Білім, іскерлік және дағдыларды тексеру және бағалау тәрбиеге де ықпал етеді.Оқушылардың өз оқулары,табысы,сәтсіздіктері туралы ой-пікірлері қалыптасып,қиындықты жеңуге ұмтылады.Баға оқушының өзі туралы ойына қозғау салады.
Білімді тексеру және бағалаудың мемлекеттік маңызы бар.Мектептің, мұғалімдер ұжымының жұмысын білімді басқару органдары оқушылардың үлгеріміне қарай бағалайды.Мектеп әкімшілігі,қалалық,аудандық,облысты қ білім беру ісін басқару органдары,Білім және Ғылым министрлігі оқушылардың білімдерінің сапасын,мектеп және мұғалімдердің жұмысының жетістіктерін және кемшіліктерін білу үшін бақылау және тексеру жұмыстарын береді.
Білімді тексеруге қойылатын талаптар:
-тексерудің және бақылаудың жүйелілігі,тұрақтылығы,міндеттілігі . Бұл талапты орындамау оқушылардың оқуға деген қатынасын нашарлатып, білімнің сапасына кері әсер етеді;
-әрбір оқушы өзінің білімінің,іскерлік дағдысының бағаланатынын түсіну керек.Егер білімді тексеру және бағалау оқыту процесінің құрылымына тұрақты енсе,онда оқушы мұғалімнің сұрақтары мен тапсырмаларына жауап беруге дайын болады;
-оқушылардың білім, білік және дағдылары мемлекеттік оқу бағдарламаларына сәйкес тексеріледі. Бағдарламаны меңгеру-білімді бағалаудың негізгі өлшемі.Мұғалім оқушының қосымша біліміне,оқыған қосымша әдебиеттеріне кеңес,нұсқау беріп,баға қоймайды;
-оқушылардың теорияны және фактілерді білуін тексеру және бағалау арқылы,білімдерінің жалпы және ақыл-ой дамуына,жеке тұлғалық сапаларын қалыптастыруға ықпалын,оқуға әсерін білу;
-білім,білік,дағдыларды түрлі тәсілдер арқылы тексеру;
-байқалған кемшіліктерді оқушының өзі түзетуі;
-мұғалімнің оқушыларды білімдерін бақылап,бағалауға,кемшіліктерді жоюдың әдістемесі мен тәсілдерін білуге үйретуі;
-бағаның әділ қойылуы;
-оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
-әр тақырыпты оқудың нәтижесіне мұғалімнің және оқушылардың баға беруі;
-бақылау-бағалау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне, көңіл-күйінің жақсы болуына көмектесуі.
Білім, білік, дағды деген ұғымдардың мағынасын анықтап алатын болсақ, педагогикалық әдебиеттерде бұл түсініктердің біркелкі анықтамаларын былай береді:
Білім-оқыту мазмұнының негізгі элементі. Ол заттар мен қубылыстарды,табиғат пен қоғам дамуының заңдылықтарын танудың нәтижесі.Білім фактілер, ережелер, қорытындылар, заңдылықтар, идеялар, теориялар түрінде кездесетін шындықтың салалары бойынша адамзат жинақтаған тәжірибе.Бұл адам санасында түсініктер,ұғымдар түрінде бейнеленеді.Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективті жақтарын зерттейді,түсінеді,ұғады.Білім жеке адамның қажеттілігіне, белсенділігіне, еңбексүйгіштігіне, ынта-жігеріне байланысты жүзеге асады.
Білік іске асқан,қолданысын тапқан білім.Ал,біліктіліктің психологтар анықтаған анықтамасы бойынша,білік-ақыл-ой мен практикалық әдебиеттің саналы мақсатты меңгеруге бағытталған ерекше қызметі деп көрсетілген.Ю.Н.Бабанский қандай да болсын қызмет тәсілін саналы меңгеруді-білік деп атаған.Бұл анықтама мына жүйеге негізделеді: оқу қызметі белгілі бір әрекеттің жиынтығы арқылы іске асу әдісін меңгеру-білік.
Дағды-оқушылардың белгілі бір міндеттер мен жағдайларға сәйкес меңгерген білім негізінде орындалатын әрекеттер комплексі.Сондай-ақ,дағды бірнеше рет қайталанған жаттығулар негізінде қалыптасады.А.В.Петровскийдің еңбектерінде дағды біліктен бұрын қалыптасады деген пікірлер айтылады.
Қандай да болсын білімді,білікті,дағдыны оқушы іс-әрекет үстінде,басқа адамдармен қарым-қатынас жасау барысында меңгереді.Білік пен дағды еліктеуден өз бетімен атқаратын іс-әрекетке ұласады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық үлгісі қалыптасуда. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға баланың білім, білік,дағдысын,білім алу арқылы дамуын қойып отыр.Оқушылардың білім, білік,дағдыларын меңгеруін жетілдіру,ой-өрісін тұрақты кеңейту,қабілетін дамыту, даралап, саралап оқыту сияқты қағидаларды жетекші орынға шығарады.
Ендеше,қазіргі кезеңде оқушыға тек жаңа білім жүйесін берумен шектелмей,оның оқуды және оған керек біліктілікті үнемі қажетсініп отыруын тәрбиелеу керек.
Мұғалімнің ең алғашқы міндеті-оқушылардың білім,білік,дағдыларын
есепке ала отырып,оларды өз бетімен жұмыс істеуге үйрету.Сөйтсе де,әлі де болса оқушылардың білім,білік,дағдыларын есепке ала отырып,оларды күнделікті бақылау-бағалау "бес" балдық жүйеден аса алмай отыр.Қазіргі таңда, бақылау мен бағалаудың жаңа түрлері мен әдіс жолдары жолға
қойылып отыр.
Сонымен,оқу процесінде білімнің, біліктің және дағдының өзара байланысы,бірлігі оқушылардың таным қабілетінің(ойлау,зейін,ес,қиял,т.б .) дамуына қиындық туғызады.Оқыту екі жақты процесс,онда мұғалім мен оқушылардың ынтымақтастық іс-әрекеттері мен тәсілдеріне үйретеді.Бұл-сабақ беру процесі.Оқушылар сабақта түрлі іс-әрекеттердің барысында дамиды,олардың ғылыми көзқарастары қалыптасады.Бұл-оқу процесі.Оқу-бұл оқушылар іс-әрекеттерінің,яғни,объективтік әлемді танудың ерекше формасы.

1.3 Оқушылардың оқу жұмысын күнде бақылап отыру

Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушылардың тәртібін,білімді қалай қабылдайтынын және түсінетінін,тәжірибелік іскерлік және дағдыларға машықтандыру кезінде өз бетімен атқара алатын жұмыстарын,оқуға икемділігін, қызығушылығын, қабілетін, білімді жүйелі алуын қадағалайды. Бақылау мәліметтеріне сүйеніп,мұғалім оқушылардың жеке ерекшеліктерін анықтап,оларды өз жұмысында қолданып,оқушылардың білімдерін дұрыс тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады.
Ауызша жауаптар алу үшін мұғалім сұрақтарды тұжырымдап,кеңестер береді,міндеттер қояды.Ауызша сұрау оқушылардың білімін тексеріп,бағалау үшін жиі қолданылады.Бұл әдіс арқылы мұғалім оқушыларға оқылған материал бойынша сұрақ беріп,жауаптарын бағалап,материалды қаншалықты деңгейде түсінгендерін анықтайды.Кейде балалардың білімдерін ауызша тексеруді әңгімелесу деп атайды.Мұғалім бір оқушыға барлық тақырыпты түгел баяндатады.Толық жауап білімнің тереңдігін,жүйесін көрсетеді. Бірақ,оқушылардың білімін ауызша тексерудің кемшіліктері де бар, себебі, оған көп уақыт кетіп,45 минут ішінде 3-4 оқушының ғана білімін тексеруге мүмкіндік береді.
Ауызша тексерудің жетілдірілген түрі-жаппай тексеру.Бұл әдіс арқылы мұғалім оқылған материалды ұсақ бөліктерге бөліп,оларды оқушылардың қалай меңгергенін білу үшін сыныпқа сұрақтар беріп,олардың білімдерін тексеріп,көп оқушылардың білімдерін анықтауға мүмкіндік алады. Бірақ,жаппай тексеру арқылы оқушыларға әділ баға қою қиын.Себебі,бір-екі шағын сұраққа жауап берген оқушының толық білімін анықтау қиын.Ауызша сұрауға сабаққа үнемі қатысып отырған оқушылардың біліміне ұпай беру де жатады.Мәселен,өз жолдасының жауаптарын толықтырған,нақтыландырған және тереңдеткен оқушылар,мысалдар келтірген, мұғалімнің жаңа материалды баяндау кезінде қойған сұрақтарына жауап берген,жаңа тақырыпты тез түсінген балалар ұпай ала алады.Сабақтың соңында аталған өлшемдер бойынша 4-8 оқушыға ұпай беріп,баға қорын жинауға болады.
Баға "5" балдық шкала бойынша қойылады.Жақсы оқитын оқушылар оқу жұмысында үлкен белсенділік танытады,сондықтан оларды бағалау қиын емес. Бірақ та, басқа оқушыларға да сабақтың соңында баға қойылатыны
ескертіледі.
Жазбаша сұрау бастауыш мектепте сирек қолданылады.1-сыныптың алғашқы жарты жылында ол мүлдем қолданылмайды,себебі,оқушылар әлі жазуға дұрыс үйренген жоқ.2-3 сыныптарда жазбаша әдіс арқылы білімді тексеру жиі қолданылып,жалпы білім беретін мектептің негізгі және жоғарғы сатыларында білімді тексерудің негізгі әдістерінің біріне айналады.Жазбаша білім тексеру әдісін көбіне өздік жұмыс деп атайды.Бұл әдіс арқылы мұғалім тақтаға, парақтарға, карточкаларға 10-12 минут ішінде орындалатын тапсырмаларды жазып қояды.Жауаптардың қорытындыларын сынып журналына белгілеп,бір сабақта көп оқушылардың білімдерін бағалауға болады.
Жазба жұмыстары үйде және сыныпта орындалады.Тарих,география, биология,химия,физика пәндерінің мұғалімдері оқушыларға сурет салдырады, сызба,диаграмма сыздырады,картамен жұмысты бағалайды.
Оқу бағдарламасының жекелеген тақырыптарын және бөлімдерін өтіп болған соң,жазбаша немесе тәжірибелік бақылау жұмыстары өткізіледі. Бақылау жұмысының алдында мұғалім оқушылардың оқылған материалды меңгергенін анықтау мақсатымен жазба жұмыстарын жүргізеді.Егер оқушылар тақырыпты не бөлімді жақсы меңгермесе,онда бақылау жұмысы жүргізілмейді,оқу материалын меңгерту бағытында еңбектенеді.Оқушылар бақылау жұмысына дайындалу үшін,мұғалім бақылау жұмысы болатынын бір-екі апта бұрын хабарлап, дайындық жұмыстарын ұйымдастырады. Мысалы,бақылау жұмысына ұқсас тапсырмалар орындау және жаттығулар жазу.Алдын-ала бір бақылау жұмысын жүргізіп,оқушылардың болашақтағы бақылау жұмысына дайындығын тексереді.Бақылау жұмысы кезінде оқушылардың тәртіп бұзбауы үшін оларға түрлі-түрлі тапсырмалар беріледі.
Бақылау-тексеру жұмыстары арқылы оқушылар жаңа есептер шығарады, олардың білімдері, оқиғаларды, хронологияны білуі тексеріліп, диктанттар, мазмұндамалар,шығармалар жазылып,бұйымдар әзірленіп, сурет салынып, сызба жұмыстары жүргізіледі,баяндама,рефераттар оқылады. Оқушылардың дайындығын зертханалық-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру.
Зертханалық жұмыстар арқылы тексеру физика, химия, биология, еңбек пәндерінде оқушыларға құралдар,қондырғылар арқылы тәжірибе жасатып, шамаларды өлшету үшін қолданылады.
Қысқаша зертханалық жұмыстар жасағанда оқушыларға өлшейтін құралдар арқылы өлшеу жұмыстарын жүргізеді.
Бақылау зертханалық жұмысы кезінде оқушылар екі топқа бөлінеді. Сыныптың бір тобы жазба жұмысын, екіншісі зертханалық жұмыс орындайды, олардың экспериментке керекті іскерліктері мен дағдылары тексеріледі.Зертхана түріндегі бақылау жұмыстарын бір немесе бірнеше тақырып бойынша өткізуге болады.Оқушыларға олардың қандай тәжірибелік іс-әрекеттері тексерілетінін алдын-ала айту керек.Бақылау жұмыстарын әркім өз бетімен орындайды,жұмысқа керекті құралдарын әзірлейді,оны білетінін анықтау үшін, оларды үстелдің үстінен алғызуға болады. Оқушы қолданылатын құралдарды алып,құрастыру сызбасын сызады,тәжірибе өткізеді,тақтадағы сұрақтарға жауап береді.Әрбір сұрақ тәжірибеге керек іскерліктерді тексеруге бағытталған.Жұмыс кезінде мұғалім оқушыларды бақылап,оқушылардың деңгейлерін дәптерге жазып отырады.
Бақылау-зертханалық жұмысқа жазбаша есеп және мұғалімнің бақылауының нәтижелеріне қарап баға қойылады.Оқушылардың құралдармен,қондырғылармен жұмысын көбейту үшін баспа әрпімен терілген дәптерлерді, микрокалькуляторлар қолданылады. Шеберханадағы, оқу-өндірістік бригадалардағы жұмыста оқушылардың тәжірибелік дайындығы тексеріледі.
Тексерудің негізгі әдісі-мұғалімнің оқушылардың іс-әрекетін жүйелі түрде бақылауы.Бөлшектерді дұрыс құрастыру аспаптар мен қондырғыларды дұрыс қолдану, мектеп жанындағы учаскеде тәжірибені дұрыс жүргізу бағаланады.
Тәжірибелік жұмыс мазмұнына жетіспейтін жабдықтарды, материалдарды, құралдарды өз бетімен табу, теорияны оқу және қайталау, жұмыс орнын ұйымдастыру, техниканы және технологияны есептеу, қондырғыларды жинақтау және әзірлеу, экспериментке,жұмысқа керекті құралдар әзірлеу, эксперимент өткізу, құрастыру жұмыстарын жасау, қауіпсіздік техникасын, еңбек гигиенасын сақтау, есеп жазу, еңбек тәртібі енеді.
Әр оқушының тегі, аты - жөнінің тұсына жұмыс түрлерінен алған бағалары қойылады, әрбір жұмысқа берілген бағадан қорытынды баға шығарылады.Мұғалім жұмыс кезінде жіберілген кемшіліктерді айтып,әр оқушыға дер кезінде нақты көмек береді.
Машинамен тексеру әдістері.Кейбір мектептерде білімді автоматты түрде тексеретін сыныптар болады.Демонстрациялық үстелде сұраққа дұрыс жауап берілсе, қызыл шырақ жанады. Мұғалім оқушының біліміндегі кемшіліктерді біліп отырады.
Кейбір мектептерде тексеруші оқу машиналары қолданылады. Машинада бірнеше сұрактардың жауаптары болады.Машина 3-5 жауаптың біреуінің дұрыс екенін хабарлап,оқушы қате жауап берсе, белгі бермейді немесе жауаптың қате екенін айтады.Оқу процесіне электрондық-есептейтін техникалар,компьютерлер көптеп енгізілуде.Оқушы пәндер бойынша тақырыптарды қалай меңгергенін тексере алады.
Өзін-өзі бақылау әдістері-оқушылардың оқу жұмысының маңызды элементі.Үй жұмысын оқушының өзі тексеретін тәсілдері-оқулық мәтінін оқып,оның жоспарын құру,жоспар арқылы мәтіннің негізгі ойын айтып беру, әр тақырып соңында бақылау сұрақтарымен жұмыс істеу,мәтін бойынша сұрақтар құрастырып,оған жауап беру.
Оқушылардың үй жұмысын тексеру-бастауыш мектептегі негізгі әдістердің бірі.Күнбе-күнгі тексеру жақсы нәтиже береді.Бұл әдіс арқылы мұғалім меңгерілген білімнің сапасын бақылап,оқушылардың біліміндегі кемшіліктерді анықтап,келесі сабақтардың жоспарларына түзету енгізеді.Дәстүрлісі және тиімдісі-оқушылардың үй жұмыстары орындалған дәптерлерді тексеру.Оқу үлгерімі нашар оқушылардың дәптерлерін үнемі тексеріп,жақсы оқитын оқушылардың дәптерлерін кейде тексеруге болады.Кейде сабақтың соңында үй жұмысын тез тексеруге болады,ол үшін оқушылар жаттығу жазып немесе шағын өздік жұмыс орындап жатқан кезді пайдаланған дұрыс.Оқушылар тек дұрыс жауапты айтады,мұғалімнің қате жауаптарды талдауға уақыты жетпейді.Сондықтан,осындай тексеруден кейін нашар оқушылармен жұмыс істеледі.
Кейбір мұғалімдер оқушылардың үй жұмыстарын бір-біріне тексертеді. Бұл тәсілдің екі нұсқасы қолданылады:
1)оқушылардың бір-бірінің дәптерлерін тексеруі;
2)бір оқушының тақтаға үй жұмысын жазуы (бұл кезде сынып басқа тапсырмаларды орындайды,ауызша ережелерді қайталайды,басқа тапсырмаларды тексереді).Оқушының тақтадағы жұмысына қарап,басқалары өз жұмыстарындағы қателерді түзетеді.
Бастауыш сыныпты бітірер алдында басқа тәсілдер қолданылады. Жаппай сұрау арқылы оқушылардың есептерінің нәтижелері анықталады. Сынақ-емтихан әдісі арқылы ірі тақырыптарды,курстың бөлімдерін немесе тұтас курсты оқып-үйренудің қорытындылары шығарылады. Оқушылар монолог түрінде жауап бере алады.Сұрақ-жауап арқылы және алдын-ала әзірленген сұрақтар, тапсырмалар арқылы да оқушылардың білімдері тексеріледі.
Белгілі бір тақырып бойынша қосымша оқу ақпараттарын жинаған, өтілген курс бойынша реферат жазған оқушыларға сынақ қойылып,сапалы жұмыстар есептеледі.Жұмыстың түріне байланысты жеке оқушының,топтың немесе ұжымның жұмыстарына баға беріледі.Мәселен,топ және ұжымға оқу-тәжірибе учаскесінен жақсы өнім алғаны үшін " есептелді" деген белгі қойылады.
Емтихан-мұғалімнің,мектептің жұмысына мемлекеттің бақылау жасау құралы. Емтихандар білім беру ұйымдарының бақылауымен және басшылығымен өткізіледі. Олар оқушылардың білімдерін қорытындылауға және жүйелеуге көмектесіп,оқытудың беріктілігі принципін жүзеге асырып, оқушыларды сапалы тәртіпке үйретіп, оқуға ынталандырады. Сондықтан, емтихандар оқу жұмысының сапасын көтерудің тиімді құралы болып табылады.
Емтихан жылы шырайлы жағдайда өту үшін барлық оқушыларға билеттің сұрақтары беріледі.Тек қана практикалық тапсырмалардың, есептердің мазмұны туралы айтылмайды.

1.4 Оқушылардың білім, білік, дағдыларын тексеру. Оқыту нәтижелерін бағалау

Тексеруді ізгілендіру. Оқушылардың білім, іскерліктерін тексеру,
бағалау педагогикалық технологияның ежелгі бөлігі диагностикалық құрамына кіреді. Бақылаусыз, тексерусіз оқытуға бола ма? Зерттеулер оқу жұмысының сапасы мадақтау әдісіне байланысты екенін дәлелдеп отыр.Мектеп өміріндегі демократиялық өзгерістер, ізгілендіру білім, іскерліктерді бақылау және бағалауды жетілдіруді талап етеді.
Тексеруден диагностикадан көшу. Оқытудың әр бөлігін оқып-үйренуді аяқтаған соң, оның нәтижелерін білу үшін диагностика қолданылады. Диагностика-оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпарат алу тәсілі.Мектептегі диагностиканың міндеттері:
-оқушылардың даму барысына және нәтижелеріне талдау жасау(білім алуға әзірлігі,психикасының жұмысы,дамуы);
-оқыту процесінің барысын және нәтижелерін талдау(білімнің көлемі және тереңдігі,білім,іскерлік,дағдыларды қолдана білуі,ой жұмысының негізгі
тәсілдерінің болуы,шығармашылық іс-әрекет тәсілдерін білу);
-тәрбие барысын және оның нәтижелерін талдау (тәрбиелік деңгейін, адамгершілікке сенімін,адамгершілігін).
Неге тексеруден гөрі диагностика туралы көп айтылуда?Дәстүрлі тексеру әдістері неге қайта қаралуда?Бұл оқу-тәрбие процесін ізгілендіруге байланысты.
Егер,өткен тәрбиеде талдау,тексеру және бағалаудың объектісі оқушының еңбегі болса,енді жаңа жағдайда мұғалім мен оқушының бірлескен еңбегі, оның нәтижелері талданады."Енді жоспарланған көрсеткішке неге толықтай жете алмадық?"-деген сұраққа жауап беру керек."Оқыту процесі тиімді болу үшін не істеу керек?"-деген сұраққа диагностика жауап береді.
Диагностика нәтиже мен процесті бірге зерттейді.Оқушының еңбегі мұғалімнің еңбегімен бірге талданып,оқушының мүмкіндігі,қабілеті және икемділігі зерттеледі.Мұғалімнің жұмысына ықпал еткен жағдайлар ескеріледі.Тексеру оқушының "оқығым келмейді" деген пікірімен санаспайды.Ал,диагностика онымен санасады,оқушының оқуға ынтасын арттыру тәсілдерін табады.Мысалы,тексеру арқылы 3-сыныптың оқушысы барлық тапсырманы дұрыс орындағаны анықталады.Мұғалім оған "өте жақсы" деген баға қойды және мадақтады.Процесс те,нәтиже де жақсы сияқты.Тек қана диагностика оқушының" өте жақсы" баға алғаны есте сақтау қабілетінің жақсылығынан екендігін,бірақ оның ақыл-ой жұмысына қабілеті нашарлығын анықтайды.Мұғалім кемшілікті жою мақсатымен оқушыға түрлі тапсырмалар береді.
Дәстүрлі тексеру нәтижелерді бағалап,олардың себептерін түсіндірмейді.Диагностика арқылы оқушылардың білім,іскерліктері тексеріліп бағаланады,сандық мәліметтер талданады, бағыттар айқындалып, одан арғы жұмыстар болжанады.Диагностика үшін көптеген әдістер және әдістемелер қолданылады.Мысалы,дәстүрлі тексеру,бағалау әдістерімен қатар тест әдісі,оқушылардың оқуға керекті психикалық сапаларын,атап айтсақ, есті, зейінді, ақыл - ойды, т.б. зерттеу жеке оқушылармен жұмысты
жобалау әдісі қолданылады.Қазіргі мектепте қолданылатын диагностика педагогикалық қатынастар жүйесіндегі оқушыны(сыныпты) жан-жақты зерттеуге мүмкіндік беретін әдістер мен әдістемелердің жиынтығы.Дәстүрлі тексеру әдістері диагностика арқылы ізгілікке қызмет етіп,мектепте жақсы қарым-қатынас орнатады.Диагностика оқушыларды "орташа","үздік" деп бөлмей,олардың мүмкіндіктерін анықтайды.Диагностикалық қорытындылар дәл,толық болу керек.Барлық мұғалімдер гуманистік идеяларды мойындағанда ғана диагностика арқылы әрбір оқушы туралы ақпараттар жиналып,оның қабілетін,дарындылығын дамытуға қолайлы жағдай жасалады.
Оқушылардың білімдерін тексеру,бағалаумен байланысты әлі шешілмеген мәселелер көп.Гуманистік педагогикада бірінші орында оқу-тәрбие процесінің барысы және нәтижелері туралы ақпараттар алудың тәсілі,мұғалімдер мен оқушылардың бірлескен еңбегінің нәтижелерін көтеру жолдарын табу үшін талдайтын диагностикадан тұрады.Диагностика керекті ақпаратты алудың қосымша тәсілі ретінде тексеру және бағалауды қолданады.
Оқыту нәтижелерін бағалау.Бақылау-білім, білік, дағдыларды анықтау, өлшеу және бағалау.Тексеру-бақылаудың бір бөлігі,негізгі дидактикалық қызметі мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз ету,оқушылардың материалды қалай түсінгендігі туралы мұғалімнің ақпарат алуы,білімдегі кемшіліктерді дер кезінде табу.Бақылаудың жалпы қызметі-тексеру, оқыту, тәрбиелеу, дамыту, ынталандыру. Тексерудің мақсаты-оқушылардың білім деңгейін,оның сапасын,оқу еңбегінің көлемін анықтау. Бақылау арқылы процеске,оның нәтижелеріне баға беріледі.Үлгерімнің табеліне,сынып журналына бағалар қойылады.Әділ бағаның ықпалымен оқушылар дұрыс баға беруге үйренеді.Үлгерімді диагностикалау мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ тілін оқыту әдістемесін зерттеп, жан-жақты қарастыру
Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі туралы
Оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылаудың теориялық негізі
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
Қазақ тілінен білім, білік, дағдыны тексеру әдістемесі
Оқыту технологияларының түрлері мен мазмұны
Деңгейлеп оқыту технологиясы. Жобалап оқыту технологиясы
аңа технологиялардың түрлері мен мазмұнын сипаттап, жоғары оқу орындарында мемлекеттік тілді меңгертудің жаңа технологиялық әдістерін көрсету
Проблемалық оқыту технологиясы. Деңгейлеп оқыту технологиясы
Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері туралы ақпарат
Пәндер