Валюта саясаты



Валюталық саясатты мемлекеттік реттеу.

Кіріспе.
1. Валюта нарығы және валюта бағамы ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1.Валюта нарығы және валюта жүйесі ... ... ... ...
1.2.Валюта бағамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2. Валюта саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1.Жалпы валюта саясатының ұғымы және түсінігі ... ... .
2.2.Валюта саясатының ... ... ... ... ... ...

3. ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеуі ... ... ... ... .

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланған әдебиет: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе

Экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – валюта бағамы, валюта саясаты. Нарықтағы шет елдермен қарым – қатынасты жақсарту, одан әрі дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті көптеген мәселерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын реттеу елдің халықаралық саудада алатын орнын, даму қарқынын айғақтайтын бірден – бір шама болып табылады.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік – экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Курстық жұмысымның мақсаты валюталық саясатпен валюталық бағамның және нарықтық валютаның реттелуін мен қоса жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқа келесі шаралар қатарын шешу керек.
1.Валюта нарығы мен валюта бағамы.
2.Валюта саясатының болашақта дамуы.
3.ҚР валюталық нарықтың мемлекеттік реттеу.
Жұмыстың зертеу пәні болып мемлекет пен Ұлттық банк арасындағы валюта қатынас жүйесі болып табылады.
Ақпараттық базасына ҚР Ұлтық Банк Агентігі. Қаржы министерлігінің инструкциялары және Қазақстандық және шетелдік эканомист ғалымдарының монографялық әдебиеттері мен ғылымей мақалалары қолданылды.
Пайдаланған әдебиеттер
1. «Валютное регулирование внешнеэкономической деятельности в Казахстане», Банки Казахстана, №5, 2005г.
2. Ермилова Л.В. «Валютные кризисы: причины, формы, последствия», Вопросы гуманитарных наук, №2, 2005г.
3. Арыстанбеков К. «Экономическая политика и валютный курс», Саясат, №12, 2002г.
4. Шиликбаев С. «Совершенствование системы валютного регулирования экономики для учета влияния мировой коньюктуры», Аль-Пари, №6, 2002г.
5. Омарбаева А.К. «Ұлттық ақша өлшемінің валюталық бағамын реттеу жөніндегі валюталық саясат», ҚазҰУ хабаршысы, Экономика сериясы, №1(35), 2003ж.
6. О. Баймұратов Қазақстан қаржы нарығы. Алматы «Экономика» 2007 ж
7. Б.Жүнісов, Ұ.Мәмбетов, Ү. Байжомартов Нарықтық экономика негіздері
Алматы 1994 ж
8. К.З.Хамитова Экономикажәне кәсіпкерлік негіздері Астана 2007 ж
9. Н.Қ. Мамыров, М.Ә.Тілеужанова Макроэкономика Алматы «Экономика» 2003 ж
10. Н. Г. Мэнкю Макроэкономика МГУ
11. Оналтаев. Қаржы қаражат 2007
12. Бухарбаев. Қаржы қаражат 2006
13. Мадиярова Д.М. Сыртқы эканомикалық саясат және эканомикалық қатынасттар.
14. Исаева Б. Эканоика 2009 20 наурыз

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
Валюталық саясатты мемлекеттік реттеу.

Кіріспе.
1. Валюта нарығы және валюта бағамы ... ... ... ... ... ... ... . .
1.1.Валюта нарығы және валюта жүйесі ... ... ... ...
1.2.Валюта
бағамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2. Валюта
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2.1.Жалпы валюта саясатының ұғымы және түсінігі ... ... .
2.2.Валюта саясатының ... ... ... ... ... ...

3. ҚР валюта нарығының мемлекеттік реттеуі ... ... ... ... .

Қосымша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ...
Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ..
Пайдаланған
әдебиет: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

Кіріспе

Экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – валюта бағамы,
валюта саясаты. Нарықтағы шет елдермен қарым – қатынасты жақсарту, одан әрі
дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті
көптеген мәселерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын
реттеу елдің халықаралық саудада алатын орнын, даму қарқынын айғақтайтын
бірден – бір шама болып табылады.
Жалпы, валюта нарығы дегеніміз шетелдік валютаны және шетелдік
валютадағы төлем құжаттарын сату – сатып алу жөніндегі әлеуметтік –
экономикалық және ұйымдық қатынастар жүйесі.
Курстық жұмысымның мақсаты валюталық саясатпен валюталық бағамның
және нарықтық валютаның реттелуін мен қоса жетілдіру жолдарын қарастыру.
Алға қойған мақсатқа жету үшін өзара байланысқа келесі шаралар қатарын
шешу керек.
1.Валюта нарығы мен валюта бағамы.
2.Валюта саясатының болашақта дамуы.
3.ҚР валюталық нарықтың мемлекеттік реттеу.
Жұмыстың зертеу пәні болып мемлекет пен Ұлттық банк арасындағы валюта
қатынас жүйесі болып табылады.
Ақпараттық базасына ҚР Ұлтық Банк Агентігі. Қаржы министерлігінің
инструкциялары және Қазақстандық және шетелдік эканомист ғалымдарының
монографялық әдебиеттері мен ғылымей мақалалары қолданылды.

1. Валюта нарығы және валюта бағамы.
1. Валюта нарығы және валюта жүйесі.
Валюта (италян сөзі, сөзбен-сөз – құн) – елдің ақша бірлігі, оның шартты
түрі, халықаралық төлем – есеп айырысу айналымын каналдары арқылы ұлттық
ақшаларды қолданудың ерекше формасы .
Шаруашылық жағдайларының интернационалдандыру және әлемдік еңбек
бөлінісін интенсифтендіру ( күшейту) халықаралық нарықтың құрылуына себепші
болды. Өндіріс күштерін дамуы мен ішкі нарықтағы өркендеген салаларының
өнімін сатуда туындайтын қиындықтар, тауарлар тасымалы жағдайларын
жетілдіру- міне осылардың бәрі әлемдік сауда-саттық байланыстарының
кеңейуіне әсер етті.Әлемдік тауар айналымының дамуы мұнай, машина жасау,
ауылшаруашылығы, тамақ өнер кәсібі салаларының өнімдерін сатудың ұлғайуына
байланысты болады.
Халықаралық экономикалық қатынастарды өндіріс пен капиталды
интернациоландыру
ішкі сауда айналымдағы шектеуді азайтуды, оның жолындағы кедергілерді
жоюды, яғни ішкі сауда – саттықты босандатуды талап етті. Өз тауарларын
сартқы нарықты кедергісіз қозғалыста жүруіне транс корпорациялардың
қызығушылығы күшті болды. Олардың дамушы мемлекеттердің тауарлардың нақты
түсуін жеңілдетуі, сондайақ интернационалдық өнеркәсіп кешені аумағындағы
ішеі корпорациялық тауар айналымын ұлғайуы – ресурстарды толық және
тұрақты қолдануы қол жеткізгендіктен айғағы.
Әлемдік шаруашылық байланыстағы өнеркәсібі дамыған мемлекеттердің өзара
қарым-қатынасын терендеуі және кеңуі осы елдердің экономикалық жағдайын
анықтайтын барлық капиталдардың-өндіріс пен әлемдік айырбастың, жалақы мен
бағаның өсу қарқыны әсер етті. Әлемдегі елдердің шаруашылық қарым-
қатынастарына тауарлар, қызмет, капитал және несие легі жылдан жылға ұлғая
түсуде. Ұлттық қоғамдық ұдайы өндіріс процесінде қалыптасқан тауар
айналымы тұақты түрде әлемдік нарыққа ұласады және де әрбір егемен
мемлекеттің заңды төлем құралы болып оның ұлттық ақшасы болып
саналады.Халықаралық тауар айналымында, әдетте, шетел волютасы қолданылады.
Бұл әлемдік шаруашылықта жалпы бүкіл мемлекеттерге міндетті деп танылған
халықаралық несие ақшасының әзірше жоқтығынан.
Елдердің әлемдік шаруашылығына интеграциялануы (экономикалық одаққа
кіруі) ақша капиталының бір бөлігінің ұлттық ақшадан шетел валютасына
және керсінше айналуын туындатады. Ол халақаралық валюта есеп айырылысу
және несие қаржы қатынастарында жүзеге асады.
Валюта қатынастары - әлемдік шаруашылықта валюта айналымынан қалыптасатын
қоғамдық қатынастар жиынтығы, ол ұлтық шаруашылықтардың нәтижесінің
(тауарының, қызметінің) өзара айырбасталуына қызмет етеді. Валюта
қатынастарының кейбір элементері көне дәуірде ( ежелгі Египетте, Римде)
вексель және айырбастау істері ретінде пайда болған. Валюта қатынастарының
туындауы ұдайы өдіріске байлансты болғанымен оған, өзкезегінде, өндірістің
тұрақтылығы дәрежесіне қарай керсінше де әсер (жағымды немесе жағымсыз)
етеді. Валюта қатынастары құқықтық нормалармен және ережелермен
ерекшеленеді.
Сыртқы экономикалық байланыстардың дамуына қарай валюта жүиесі пайда
болды. Валюта жүйесі - ол экономикалық көз қарас тұрғысынан – шаруашылық
байланыстарды интернационалдандыру негізінде тарихи қалыптасатың валюта –
экономикалық қатынастар жиынтығы; ал ұйымдық – заңдылық тұрғысынан – ол
белгілі бір қоғамдық - экономикалық формация шегінде мемлекеттік
–құқықтық түрде ұйымдасқан валюта-экономикалық қатынастар.
Тарихи үш түрлі: ұлттық , дүние жүзілік және мемлекет аралық немесе
аймақтық валюта жүйесі қалыптасқан. Алғашқыда елдің ақша жүйесінің құрамдас
бір бөлігі ретінде ұлттық валюта жүйесі пайда болды.
Ұлттық валюта жүйесі деген қоғамдық ұдайы өндірісті қалыптастыруға және
халықаралық төлем айналымын қамтамасыз етуге қажетті валюта ресурстарының
пайдаланатын экономикалық қатынастардың жиынтығы. Ұлттық валюта жүйесі
ұлттық валютаға негізделіп құрылыды. Ұлттық валюта - елдің ақша бірлігі.
Ол қолмағол формада ( банкнотта , монета) және қолмағол емес формада
(банктік шоттардағы ақша қалдығы) болды. Оның имиттентері ұлттық орталық
банк және комирциялық банктер. Ұлттық валюта жүйесінің негізгі элементтері
төмендегілер:
( ұлттық валюта;
( ұлттық валютаның шетел валютпсына айырбасталуы жағдайлары, яғни
айырбастаудың екі түрі болады: а) шетел валютасына шектеусіз еркін
айырбасталатын валюта. 1978 жылдан Халақаралық валюта қорының (ХВҚ)
Жарғысында “еркін қолданылатын валюта” деген ұғым енгізілген.Оған
америкалық доллар, немістің маркасы, жапон иені, француздың франк,
ағылшындық фунт стерлинг;
ә) жарым-жартылай айырбасталатын валюта, мысалы, ресейлік рубль; б)
айырбасталмайтын (тұйық) валюта;
( валюталық паритетің бірдейлік ережесі-валюталардың алтын құрамына
байланысты өзара қатысы. Ақша өлшемінің алтын мазмұнына негізделген
ондағы алтын паритеті алынып тасталды (Батыста 70-жылдарда, ал КСРО
– да 1991 жылдан ). ХВҚ – ның Жарғысы бойынша валюта паритеттер валюта
қоржының (карзина) негізінде анықталады. Валюта қоржыны деп бірнеше
валюталардың белгілі бір бөліктерін сомасын сол валюталардың нарықтық
бағамына көбейтіп, оларды АҚШ долларына бөлумен анықталатың бір
валютаның орташа өлшенген бағамын айтады. Мысалы, СДР валюта қоржыны
жоғарыда көрсетілген бұрын еркін қолданылатың валюталардан құралады,
қазір ондағы американдық долларының үлесі шамамен 39 %, неміс маркасы
– 21, жапон иені - 18, франзуздық франк және фунт стерлингтін
әрқайсысының үлесі 11%- тен болады. Еуропа қауымдастығының еуропалық
валюта өлшемі (ЭКЮ) 12 елдің валютасынан тұратың валюта қоржынынан
құрылған, ЭКЮ 1999 жылдың 1 қаңтарынан ұжымдық валюта – еуро мен
біртіндеп ауыстырмақшы;
( валюта бағамының тәртібі (белгіленген, белгілі бір аралықта
өзгерілмелі). Мысалы, еуропа валюта жүйесіндегі орталық бағамында 12
валюта бағамының өзара ауытқу шегі ± 15 шамасында бекітілген; 1995
жылдың екінші жартысында Ресейде АҚШ-тың 1 долларына шаққанда 4300 –
4900 руб. аралығында, ал 1997 жылы 5750 – 6350 руб. болды. 1998 жылы
валюта коридорының жоғары шегі 9500 руб. дейін көтерілді. Валюта –
қаржы дағдарысы кезінде 1998 жылдың тамызынан, рубльдің долларға
шаққандағы бағамы бұл шектен шығып, диноминацияланған 15 – 25 руб.
дейін көтерілді [22; 254.]. Көптеген елдерде валюта бағамының
өзгеретін шегі заңмен бекітілмеген;
( валюталық шектеудің болуы немесе болмауы. Мысалы, Ресейде ел
эканомикасының тұрақсыздығына байланысты шектеу, лемит белгілеу,
белгілі бір валюталық құндылықтармен жүргізілетін операцияларға тиым
салу енгізілген; 50-жылдардың аяқ кезінен бастап дамыған мемлекеттер
бірте-бірте валюталық шектеуді алып тастаған. 1996 жылы Ресей ХВҚ
Жарғысының VIII бабына қосылып, саудалық және саудалық емес
операцияларға валюталық шектеулерді жойды.
(төрт қосындыдан тұратын (елдің ресми алтын және валюта резервтері ,
СДР есепшоттары, еуро (1999 жылдан ЭКЮ – дың орнына), ХВҚ резервтік
позициясы (бағыты) және елдің сыртқы қарызын өтеу мүмкіншілігін
білдіретің халықаралық валюта өнімділігін реттеу;
(халықаралық несиелік айналым құралдары мен халықаралық есеп айырысу
формаларын қолдану тәртібін белгілеу;
(валюта нарығы мен алтын нарығы ережесі;
(валюта қатынастарын реттейтін ұлттық органдардың статусы (орталық
банк, Қаржы министрлігі, Ресейде – валюталық және экспорттық бақылаудың
федералдық қызметі).
Әлемдік шаруашылық қатынастарының дамуына байлансты әр елдің
ұлтықвалюта жүйелерінің негізінде дүниежүзілік және аймақтық валюта
жүйелері қалыптаса бастады. Олардың негізгі принциптері мемлекетаралық
келісіммен занды түрде бекітіледі.
Дүниежүзілік валюта жүйесі деген халықаралық валюта қатынастарының
ұйымдастыру формасы, яғни ол – халықаралық несие - қаражат инеституттарымен
халықаралық – шарт және мемлекеттік құқық нормасы кешендерін біріктіретін
жүйе. Бұл ереже – шарттардың негізгі міндетті – халықаралық сауда-саттық
процессерінің жетілдіру, саудаға қатысушы фирмалардың іс-әрекеттерінің
тиімділігін қамтамасыз ету. Жалпы валюта жүйесі халықаралық экономикалық
және сауда қатынастарын ұзақ мерзімге жоспарлауға мүмкіндік туғызуы қажет.
Басқа жағынан, оның мақсаты – кейбір мемлекеттермен үкіметтер жағынан
болып тұратын әртүрлі валюталық шектердің және тамыр – таныстық
(проктеционизм) әрекеттерді түптамырмен құртуға мүмкіндік жасау.
Валюта жүйесі әлемдік шаруашылық байланстарда дербес роль атқарады. Ол
өндірістің даму қарқынына, халықаралық айырбас көлеміне, баға саясаты мен
әсер етеді. Дүниежүзілік валюта жүйесі елдер арасындағы ақша – есептесу
қатынастарың, сондай – ақ қатысушы елдердің әрқайсысының ішкі ақша айналымы
қамтиды “Дүниежүзілік валюта жүйесі” деген ұғымға кіретін ішкі және сыртқы
жүйелер органикалық өзара байланысты, себебі екеуін біріктіретің түйін -
әлемдік ақша белгілері.
Алғашқыда әлемдік ақшаның бірден – бір түрі болып алтын, кейін құйма
формасындағы алтың есептелді. Алтың монетаны халықаралық есептесуде қолдау
үшін алдыменқұйма жасау, содан бақа елдін монетасын соғу қажет болды.
Біртіндеп айналыс шығыдарын азайту мақсатында халықаралық есеп айрысуда
ұлттық алтын монета және несие айналым құралдары қолданыла бастады.

1.2. Валюта бағамы
Экономикалық мүмкіндіктер деңгейін көрсететін басты көрсеткіштердің бірі
– сыртқыэкономикалық қызмет. Сыртқыэкономикалық қызмет мәліметтері сыртқы
сауданың осы уақыт мезетіндегі даму деңгейі мен түрлі өзгешеліктерін
нақтылайды. Сол себептен сыртқыэкономикалық қызметті реттеу мемлекет
алдындағы басты мәселелердің бірі.
Сыртқыэкономикалық қызметке мемлекеттің ықпал етуі дегеніміз – оның тек
сальдоны ғана реттеуі емес, сонымен бірге сыртқыэкономикалық қызмет
көрсеткіштерінің жекелеген бөліктеріне әсер етіп, оны қажетті бағытқа қарай
бұру мақсатында түзетулер енгізу. Бұл жерде реттеудің көптеген әдістері
бар: тікелей реттеуден бастап жанама реттеу әдістеріне дейін.
Сыртқыэкономикалық қызмет нәтижесіне әсер ететін әдістердің бірі –
валюталық реттеу. Мемлекет валюталық реттеу әдісі арқылы сыртқыэкономикалық
қызметті реттеп, сыртқы тұрақтылыққа жетуге жол ашады.
Валюталық реттеуде валюта бағамын реттеуді қарастыру жөн. Валюта бағамын
ретеу алдында бағамға әсер ететін факторларға тоқтайық. Бұл саладағы
зерттеу валюта бағамына әсер ететін негізгі 3 фактордың барлығын көрсетті:
экономикалық, саяси, психологиялық. Экономикалық факторларды өз алдына
бағам құрушы және реттеуші деп бөлуге болады. Негізгі бағам құрушы
факторлар: ЖҰӨ, төлем балансы, инфляция, ақша ұсынысы, пайыздық мөлшерлеме.
Реттеуші факторларға валюталық, несиелік, эмиссиялық саясатты, салықтарды,
квоталарды, төлемдерді, лицензияларды, баға саясатын, заңгершілікті,
валюталық–қаржылық құрылымның тұрақтылығын жатқызамыз.
Саяси факторлардың ішінен басқарушы органдардың тұрақсыздығын, елдің
ақша жүйесіне өзгертулер енгізетін саяси шешімдерді, мемлекеттің ұзақ
мерзімді бағдарламаларын, экономикалық және саяси құрылымдардың арасындағы
байланысты ерекше көрсетеміз.
Валюта бағамының динамикасына ішкі факторлармен қатар сыртқы факторлар
да әсер етеді. Глобализация кезеңінде әлемдік тауар, қаржы нарықтарындағы
бағаның ауытқуы, шетел елдерінің сыртқы сауда саясаты, халықаралық сауда
және қаржылық ұйымдардың қызметтері, жаңа технологиялардың пайда болуы да
әсер етеді.
Валюта бағамы өзгерісінің экономикалық мағынасы тұрақты және еркін
валюта бағамдары кезінде әртүрлі. Егер мемлекет еркін валюта бағамы режимін
қолданса, онда өзгеріс сұраныс пен ұсыныс сияқты нарықтық күш әсерінен
болады. Нәтижесінде, ұлттық валютаның құнсыздануы шетел валютасының
қымбаттануына әкеледі немесе керісінше, шетел валютасының құнсыздануы
ұлттық валютаның қымбаттауына әкеледі.
Тұрақты валюта бағамы кезінде валютаға сұраныс пен ұсыныстың өзгерісіне
байланысты валюта бағамының ауытқуы өзгеше жүреді. Режимнің осындай түрінде
Ұлттық банк валюта бағамын белгілі бір дәрежеде ұстап тұруға тырысады. Егер
елде импорт өсетін болса, онда Ұлттық банк өз қорларынан шетел валютасын
сатып сұранысты қанағаттандырады және керісінше.
Валюта бағамын реттеу экономиканың даму деңгейіне тікелей әсер етеді.
1999 жылға дейін Қазақстанда валюта бағамының тұрақты режимі орын алды. Осы
кезеңде Қазақстанның экономикалық даму деңгейі теріс сипатта еді. Ал 1999
жылдан бастап еркін валюта бағымы енгізілгенннен кейін Қазақстанның
экономикалық дамуы жеделдеді. Әрине, бұл тікелей валюта бағымы режимін
реттеумен байланысты. Сол себептен Қазақстанның валюталық реттеу
қағидаларына тоқталып кетейік:
- территориалдық – валюталық реттеу мемлекеттің барлық территориясын
қамтуы тиіс;
- экономикалық реттілігі – резиденттер мен резиденттер еместердің
арасында негізгі айырмашылықтың анықтылығы.
- валюталық операциялар жүргізгендегі банктердің монополиясы – валюталық
операцияларды жүргізген кезде заңдылығын қамтамасыз ету мақсатында
сыртқы экономикалық келісімдер бойынша есептесу құзыреті бар банктер
арқылы жүргізілуі тиіс;
- валюталық операциялардың негізділігі – спекуляцияларды болдырмас үшін
валюталық операцияларды коммерциялық немесе қаржылық келісімдер
негізінде жүргізу;
- резиденттерге шетелдерде авуарлары болу құқығын шектеу – бұл
капиталдың кетуін болдырмауға негізделген;
- валюталық нарыққа қысымды азайту мақсатымен резиденттерге валюталарды
тез арада сатып алуға шек қою арқылы қысқа мерзімді операцияларды
бақылау;
- банктердің валюталық позициясын реттеу;
- валюталық операцияларды еркін жүргізілетін операциялар, рұқсат етуді
қажет ететін операциялар, тіркелуді қажет ететін операциялар
категорияларына бөлу;

Сурет 1 - Валюталық реттеу құралдары

Валюталық реттеу дисконттық, девиздік, валюталық қор диверсификациясы,
валютаның айналымдылығын реттеу, девальвация, ревальвация, валюта бағамын
реттеу саясаттары арқылы іске асырылады.
Дисконттық (есептік) саясат – Ұлттық банктің есептік мөлшерлемені
өзгертуі. Бұл әрекеттер валюта бағамы мен төлем балансын халықаралық
капиталдың қозғалысы, ішкі несиелендірудегі өзгерістер, ақша массасы, баға,
жинақ сұраныс арқылы реттеуге негізделген.
Оның нәтижесі шетелдерден келген капиталдар көлеміне байланысты, бірақ
тұрақсыз жағдайда пайыздық мөлшерлемелер капиталдың жылжуына байланысты
болмайды.
Девиздік саясат – мемлекеттік ұйымдармен шетел валютасын сатып алу мен
сату арқылы валюта бағамына әсер ету әдісі. Ұлттық валюта бағамын көтеру
мақсатымен Ұлттық банк валюталарды сатып алады, ал төмендету мақсатымен
валютаны ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатады.
Валюталық интервенция, девальвация, ревальвация валюталық реттеудің
экономикалық әдістері болып табылса, валюталық шектеу және валютаның
айналым қабілеттілігінің дәрежесін қадағалау валюталық реттеудің әкімшілік
әдісі болып табылады.
Валюталық бағамның режимін анықтау мемлекеттің валюталық саясаты мен
мемлекеттің экономикалық мүмкіншіліктерімен анықталады. Айналым бағамына
байланысты стратегияны таңдаған кезде мынадай аргументтерді қарастыруымыз
керек: бағаларды тұрақтандырудың шығындары, инфляцияны төмендету
мүмкіншілігі.
Мемлекет валюталық реттеу, яғни валюта бағамын реттеуі арқылы өзге
мемлекеттермен импорттық және экспорттық операцияларын реттеуге мүмкіндік
алады. Егер А мемлекеті өзінің экспорт көлемін жоғарлатқысы келсе, онда
валюта бағамын басқа елдерден салыстырмалы түрде төмендетуге тырысады.
Сонда А елінің валютасы басқа елдерге қарағанда арзан болады, сәйкесінше, А
мемлекетінің валютасындағы өнім бағасы да төмен. Ал бұл А мемлекетінің
экспорттық өнімдерінің бағасын түсіреді, яғни экспорт көлемі көтеріледі.
Импорттық операцияларды реттеу де осы механизммен жүреді.
Кесте-1
Қазақстан Республикасындағы 1АҚШ долларына шаққандағы орташа теңге
бағамы

Период 2003 2004 2005
І тоқсан 153,69 139,80 130,25
ІІ тоқсан 150,73 137,23 132,17
ІІІ тоқсан147,20 135,71 135,16
ІV тоқсан 146,69 131,40 133,93
Жыл 149,58 136,04 132,88

Қайнар көзі: Ежегодный статистический журнал, Агентство Статистики
Республики Казахстан, 2006г.
Кесте-2

Қазақстан Республикасының сыртқы саудасы

млн.АҚШ доллар
2003 2004 2005
Тауар айналымы, 21335,4 32877,5 45201,2
барлығы:
Экспорт 12926,7 20096,2 27849,0
Импорт 8408,7 12781,3 17352,2

Қайнар көзі: Ежегодный статистический журнал, Агентство Статистики
Республики Казахстан, 2006г.
Көрсеткіштердегі өзгерістердің себептері мен нәтижелерін салыстырып
көрейік.
2005 жылы 2003 жылмен салыстырғанда 1АҚШ долларына шаққандағы орташа
теңге бағамы 16,7 төмендеген. Ал тауар айналым осы уақыт аралығында 23865,8
млн. АҚШ долларына өскен. Пайыздық тұрғыдан алсақ, валюта бағамының 2003
жылмен салыстырғанда 11,16% төмендеуі тауар айналымын 111,86 %
жоғарлатқан. Ал бұл, өз орнында, осындай аз шамадағы өзгерістің тауар
айналымды 100 есе көбейткені валюта бағамының сыртқыэкономикалық
қызметтегі ролі зор екенін көрсетеді. Келтірілген есептеулер валюта бағамы
мен тауар айналымының арасындағы кері пропорционалды байланыстың барлығын
көрсетеді.
Экономиканың жағдайын сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – валюта бағамы,
валюта саясаты. Нарықтағы шет елдермен қарым – қатынасты жақсарту, одан әрі
дамыту барысында валюта бағамы, оның тұрақтылығы, айналысқа түсу қабілеті
көптеген мәселерді шешіп, біразын жеңілдетеді. Сол себептен валюта бағамын
реттеу елдің халықаралық саудада алатын орнын, даму қарқынын айғақтайтын
бірден – бір шама болып табылады.

2. Валюта саясаты.

Валютаның айырбас бағамы саясаты – валюталарды сатып алу қабілетін
қамтамасыз ету және ішкі валюта нарығында валюталық алып – сатушылық
(саудагерлік) операциялардың белсенді дамуына жол бермеу шаларын ескере
отырып құралады. Бұл саясаттың мақсаты – барлық басқа қаржылық
нарықтардың дұрыс қызмет етуі мен теңгені нығайтуға жағдай жасау.
Валюталық саясаттың дәстүрлі формаларының ішінде мынадай құралдар
қолданылады: валюта бағымы тәртібін реттеу, валюталық интервенциялар,
алтын – валюталық резервтерді басқару және теңгенің еркін
айырбасталуы дәрежесін реттеу. Ұлттық банк теңгенің реттейтін еркін
өзгермелі айырбас бағамын белгілеген еді. Канада және бір қатар басқа
елдерде кең қолданылатын валюталық интервенциялар Қазақстанның ішкі
валюталық нарықтарында жүзеге асырылуда. Валюталық интервенцияның мақсаты:
валюталық нарықтағы конъюктураның қысқа мерзімді өзгерістері арқылы теңенің
номиналды бағамының тербелісін баяаулату болып табылады. Шетелдік
валютадағы алтын – валюталық активтердің уақытша төмендеуі Ұлттық банктің
валюталық интервенциялардың жүргізу саясаты нәтижесінде болды (1991 жылы –
11,2 млн. АҚШ долларына, 1994 жылы – 18,9 млн. АҚШ долларына, 1995 жылы –
106,8 млн. АҚШ долларына ). Ұлттық валютаның тұрақты бағамын сақтау үшін
алтынның құнын анықтаудың жаңа жолы іздестіруде, оның құны энергия
тамалдаушылардың құнына байланысты белгіленген, бүкіл әлемде осы жол
қабылданған.     Тәуелсіз Қазақстанның валюта саясатын қалыптастыру 1991
жылы нарықтық  қатынастардың қалыптасуының серпінді даму үдерістерімен
қатар басталды. 1991 жылғы 11 маусымда  Қазақ КСР валюталық реттеу туралы
Қазақ КСР-нің Заңы қабылданды. Заңмен алғаш рет Қазақ КСР-нің Мемлекетік
банкі лицензиялауға жататын ағымдағы валюталық операциялардың және капитал
қозғалысына байланысты валюталық операциялардың тізбесі айқындалды. Заңның
енгізілуіне байланысты меншік нысанына қарамастан барлық заңды тұлғалар
сыртқы экономикалық қызметті жүзеге асыру құқығына ие болды, осы кезде
валюталық операцияларды жүргізуге лицензиясы бар уәкілетті банктер арқылы
валюталық операцияларды жүргізуге шектеулер алынды. Валюталық нарықтың
дамуын ынталандыру үшін  азаматтарға валютаның шыққан көзі туралы
мәліметтерді көрсетпей, ағымдағы валюталық шоттарды ашуға рұқсат етілді,
сондай-ақ  заңсыз валюталық операциялар үшін  қылмыстық қудалау  жойылды.
     Қазақстанның  ақша - валюта жүйесін қалыптастыру  жағдайында 1993
жылғы 14 сәуірде қабылданған Валюталық реттеу туралы Қазақстан
Республикасының  Заңы Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды
жүзеге асыру ұстанымдарын айқындады, валюталық қарым-қатынастар
субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін шектеді, валюталық заңнаманы
бұзғаны үшін жауапкершілікті белгіледі. Валюталық реттеу жүйесінің негізгі
міндеттері ретінде мыналар танылды: ұлттық валютадағы есеп айырысудың
белгіленген тәртібін қолдау, ұлттық валюта үшін  нарықтық айырбастау
бағамын дайындау және енгізу, валюталық операцияларды  жүргізудің тиісті 
тәртібін қамтамасыз ету.
     Ұлттық валюта – теңгені енгізу кезеңінде алтынвалюта резервтерінің
біршама тапшылығы сақталды. Ұлттық валютаның белгіленген айырбастау бағамы
саясаты теңгенің ішкі тұрақтылығын қолдау проблемасын шеше алмады және 
белгілі бір дәрежеде халықтың теңгеге деген сенімсіздігін тудыратын шетел
валютасына  деген екпінді сұраныс жағдайында  оның  құнсыздану қарқынын 
ұстап тұра алмады.
      Өтімді
валюталық нарықты қалыптастыру және теңгенің басқа шетел валюталарына
айналымдылығын қолдау мақсатында 1994 жылғы қаңтардан бастап барлық
кәсіпорындар үшін уақытша тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) экспортынан
50% түсімдерді  міндетті түрде сату енгізілді. Бұл ретте осы тәртіп  шетел
капиталының қатысуы бар жаңа құрылған кәсіпорындарға таратылған жоқ.  Бұл
норма 1995 жылғы  10 маусымнан бастап 30% дейін төмендетілді, ал 1995 жылғы
4 тамыздан бастап жойылды. Оған бір мезгілде теңгенің АҚШ долларына
қарағанда құнсыздану қарқынының төмендеуі, теңгеге деген сенімділіктің
артуы, сондай-ақ  жаңа анағұрлым кірісті қаржы құралдарын енгізу себеп
болды. Осы жағдайда  инфляция қарқынын және құнсыздану күтулерін бұдан әрі 
төмендету мақсатында реттелетін құбылмалы айырбастау бағамы режиміне
көшу туралы шешім қабылданған болатын. 1996 жылы қабылданған Валюталық
реттеу туралы Қазақстан Республикасының Заңында шектеусіз жүзеге
асырылатын ағымдағы валюталық операциялардың нақты тізбесі айқындалды.
Капиталды әкетуді көздейтін капитал қозғалысына байланысты операциялар
лицензиялауға  жататын болды,  ал әкелу бойынша операцияларды тіркеу
статистикалық  есепке алу  мақсатында  жүргізілді және  қандай да болмасын 
шектеулер қойылған жоқ.     
 Сол кезде Қазақстанда капитал қозғалысы операцияларына шектеулерді
сақтау қажеттілігі шетел валютасына деген ұсыныстардың ішкі
көздерінің біршама тапшылығы болуымен  анықтандырылып
түсіндіріледі.

     1998 жылғы Ресей қаржы дағдарысының салдары теңгенің құнсыздану
қарқынын  жылдамдатуға  және әсіресе қолма-қол шетел валютасы нарығында 
теңге бағамының күрт ауытқуына әкелді. Бұл ретте Қазақстанның сауда әріптес
елдерінде, ең алдымен Ресейде ұлттық валютаның біршама құнсыздануы теңгенің
нақты көрсетілімде қымбаттауына және қазақстандық экспорттың бәсекелестік
позициясын төмендетуге әсер етті. 1999 жылы сәуірде теңгенің шетел
валюталарына еркін құбылмалы айырбастау бағамы режимін енгізу қаржы
нарығының теңбе - тең жағдайын қолдау қажеттілігін талап етті, осының
нәтижесінде Ұлттық Банк экспортерлер үшін тауарлар (жұмыстар, қызмет
көрсету) экспортынан 50% түсімді міндетті түрде сату туралы 
міндеттемелерді белгілеу практикасын қайта  қолданды.  Осымен бір мезгілде
жеке тұлғалардың коммерциялық банктердегі теңге салымдарын сақтау және
зейнетақы қорларының  теңгелік активтерін сақтау жөнінде
шаралар  қабылданды.      Мұның бәрі
түпкілікті нәтижеде шетел валютасының валюта нарығындағы ұсынысының өсуіне
және дағдарыс жағдайынан шығуға әсер етті, осы  әлемдік тауар
нарықтарындағы қолайлы жағдай 1999 жылғы қараша айының өзінде-ақ 
экспорттық валюта түсімінің бір бөлігін сату туралы талапты жоюға мүмкіндік
берді.
     1999 жылдан кейін
валюталық реттеу тетігін жетілдіру валюталық операцияларды жүргізу және
балама заңнамалық әрі нормативтік ортаны қалыптастыру тәртібін ырықтандыру
бағытында жүзеге асырылды. Валюталық бақылау мына бағыттарда жүргізілді:
экспорт-импорт валюта бақылауы; қолма-қол шетел валютасымен айырбастау
операцияларына бақылау жасау; капитал  қозғалысына байланысты операцияларға
бақылау жасау; валюта нарығы субъектілерін инспекциялау.
      2003
жылы қалыптасқан валюталық реттеу жүйесіне ағымдағы операцияларға
шектеулердің жоқтығы,  пруденциалдық реттеу жүйесін белсенді жетілдіру және
келісімі қажет мемлекеттік органдардың тізбесін қысқартумен халықаралық
операцияларға лицензия беру үдерісін реттеу тән. 2002 жылы әзірленген
Валюта режимін ырықтандыру тұжырымдамасында (ҚРҰБ Басқармасының
11.09.2002ж. № 369 қаулысымен мақұлданған) капитал қозғалысына валюталық
шектеулерді толық жоюды және  2007 жылы ағымдағы және  күрделі операциялар
бойынша теңгенің толық айырбасталуына көшуді болжайтын валюталық режимді
кезең-кезең бойынша ырықтандыру ұсынылған болатын.
      Қазақстан Республикасында валюталық режимді
ырықтандыру үдерісі 2003 жылдан бастап белсенді фазаға кірді және негізінен
қаржы секторын пруденциалдық реттеуді жетілдірумен бірге капиталдың
әкетілуіне шектеулерді алып тастау арқылы  жүзеге асырылды.
      Валюталық режимді
ырықтандырудағы басымдылықтар мен жүйелілік тек экономикалық факторлармен
ғана емес, әлеуметтік-саяси факторлармен де айқындалды.

     Республика аумағында ірі мұнай – кен орындарының ашылуы шетел
инвестициялары және экспорттан түсетін түсім нысанында капитал келуінің өсу
қарқынын ұлғайтты және тездетті, ал шетелдік қатысуы бар ірі инвестициялық
жобаларды іске асыру инвесторлардың пайдасы және тауарлар мен қызмет
көрсету импорты үшін ақы түрінде капиталдың әкетілуінің өсуін ынталандырды.
Қаржы капиталының халықаралық қозғалысын ауқымды ырықтандыру жағдайында 
қолданылатын реттеуші шаралардың тиімділігі көбіне капиталдың жинақталуына
  кері теңестіріледі, бұл қаржы ағындарының үлкен көлемін реттеудің жаңа
тәсілдерін  әзірлеу қажеттілігін айқындады.
      Реттеудің жаңа тетіктерін әзірлеу және
халықаралық қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыру сондай-ақ
Қазақстанның дүниежүзілік экономикаға  интеграциясы және елдің бәсекеге
қабілеттілігін көтеру үшін қажетті шарт болып табылады.

     Қазақстанда валюталық реттеу жүйесі қалыптасқаннан бері валюталық
шектеулер тек капиталдың елден әкетілуіне ғана белгіленген болатын.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қалыптасуы артық валюталық
ұсыныстардың тек бір бөлігін айықтыруды қамтамасыз етті, сондықтан капитал
ағындарын реттеудің негізгі міндеті резиденттердің инвестициялық сападағы
шетел активтеріне салымдарын, оның ішінде резиденттердің инвестициялық
кірістерін ұлғайту мақсатында ынталандыру, сондай-ақ қаржы тұрақтылығы және
елдің жалпы экономикалық дамуы үшін елге шетел капиталының  артық келуіне
байланысты  тәуекелдерді барынша азайту болды.
      2007 жылғы 1 қаңтардан бастап
күшіне енген Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы Қазақстан
Республикасы Заңының нормалары арқылы мынадай өзгерістер жүзеге асырылды:

- экспорт-импорт мәмілелері бойынша белгіленген мерзімде валютаны
қайтару талабы жойылды, қайтару мерзімі келісім-шарт талаптарын ескере
отырып айқындалады;
     - капитал
қозғалысына, шетелде шоттар ашуға, шетелге инвестицияларға байланысты
операцияларға және бағалы қағаздармен операцияларға лицензиялау режимі
жойылды, тіркеу және хабарлау ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Валюта бағамы туралы
Ашық экономиканы жандандырудағы халықаралық сауда айналымын арттырудың басты маңыздылығы. Қазақстан экономикасын дамытудың тиімді механизмі
Халықаралық валюта жүйесі және оның кезеңдері
Валюталық саясаттың түрлері мен жүйелері
Валюталық саясаттың түрлері және құрамдары
Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметі
Халықаралық валюта қозғалысы және айырбас бағамы
Қазақстан Республикасында Ұлттық валютаны нығайту мәселелері және оны шешудің жолдары
Халықаралық валюта жүйесі
Ақша-несие саясатының мәні
Пәндер