Жас даму психологиясы жас өспірімдік кезеңінің қалыптасуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Жас даму психологиясы жас өспірімдік кезеңінің қалыптасуын, сананың және
мінез-құлық стреотипінің пайда болуының психологиялық заңдылықтарын
қарастыра, жасөспірім тұлғасын зерттеу қажеттілігі туады. Жас даму
психологиясы тұлға ерекшеліктерін зерттеу мен оның заңдылықтарын тану
арқылы қиын балалардың мінез-құлқындағы қайшылықтарды анықтап,
жасөспірімдік қиыншылықтардың психологиялық аспектілерін қарастырады.
Қиын баланың тұлғасының қалыптасу ерекшеліктеріне төмендегідей
әлеуметтік және генетикалық факторлар әсер етеді:
1) әлеуметтік демографиялық: жыныс, жас, білім деңгейі, әлеуметтік
жағдайы, мамандығы т.б;
2) әлеуметтік психологиялық: интеллектуалдық, ерік-жігер, адамгершілік
сезімдерінің, мінез ерекшеліктері;
3) психофизиологиялық: темперамент, жүйке жүйесінің, іс-әрекет
ерекшеліктері және тұлғаның патологиялық ауытқулары жайлы мәліметтер
т.б. Бойынан алуан түрлі мінез-құлық байқалатын тұлғалардың бәрі бір
деңгейде қиын бала бола бермейді. Біреулерге басқаларды қорқыту
есебінен өмір сүру – қалыптасқан мінез-құлық болса, енді береулер
жағдайдың әсерінен өмірінде бір-ақ рет жасайды. Келесі біреулер
кездейсоқ қылмыс жасаған және ол бұл қылығы үшін жазалағанына немесе
жазаланбағанына қарамастан, бұдан былай заңнан ауытқитын қалыпты қадам
жасауға бармайды, ал тағы біреулер үшін қылмыс жасау актісі олардың
осыған дейінгі бүкіл бейқам өмірінің қорытындысы болады. Әлеуметтік
жеке адам, тұлға ретіндегі қиын баланы сипаттайтын жағдайлардың бәрін
терең зерттегенде ғана осындай мінез-құлықты түсіндіруге, оның
себептерін ашып көрсетуге, қылмыс жасайтын адамдарға ықпал етудің
тиімді құралдарын табуға, қоғамдағы құқық бұзушылықтың алдын алудың
жолдары мен әдістерін белгілеуге болады.
Жасөспірімдерді қиын бала тұрғысынан түсіндіру ғылыми дәлелденбеген.
Сонымен бірге қарастырылатын жұмыс психологиялық жаңа және өзекті болып
табылады. XXI ғасырға аяқ басқан тарихи кезеңде аса маңызды көкейтесті,
өзекті мәселелердің қатарында болып отыр.
Дипломдық жұмыс барысында жасөспірімдердің абайсыздан және импульсивті
жасаған іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктеріне тоқталып кету, оның
маңыздылығын ашу, сауалнама жүргізу арқылы қиын балалардың жүйкелік-
психологиялық тұрақсыздығын анықтау.
Кәмелетке толмағандардың қылмысқа бару себебі қоршаған ортаның және оның
өз тұлғасының кері әсерімен негізделеді. Көбінесе құқық бұзушылықты қиын
жеткіншектер жасайды. Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығын
қарастыратын болсақ, жеткіншек, үлкен адамдардың және өзімен жасты
балалардың ықпалымен қылмысқа барады. Көбінесе мұндай жеткіншектердің
тұлға құрылымында теріс мінез-құлық байқалады: жалқаулық, ерік-жігері
төмен, жауапкершілігі аз, агрессивтілігі жоғары және басқа мінез-құлықтар
тән. Қиын балалардың тұлғасының құрылуына сондай-ақ жанұяның кері ықпалы
ата-анасы және туыстарының ішімдікке салынуы, олардың өреске мінезі жатады.
Сонымен бірге жеткіншектің айналасында жүріп, оны жақсы көретін ата-
аналары, бірақ жеткілікті педагогикалық және мәдени құндылық көрсетпейтін
туыстары да жатады. Қиын тәрбиеленетін жеткіншектердің, әдетте оқуға ынтасы
төмен болады, ол оны сынып оқушылары, колледжде, мектеп мұғалімдері алдында
нашар адам етіп көрсетеді. Сөйтіп қоғамда бейімделмеген жеткіншектердің
ішінде, сол, мектепте нашар мінез-құлықпен және оқумен танылған балалар
ілігеді. Сонымен, кәмелетке толмағандардың әлеуметке қарсы мінез-құлқының
болуы, ең бірінші сыртқы әлеуметтік ортаның ықпалынан (соның ішінде
шағынортаның), сондай-ақ, жеткіншектің өзінің өмірлік қиыншылықтарға
көзқарасы әсерінен қалыптасқан мінез-құлықтан пайда болады. Импульсивті
және абайсыздан болған іс-әрекеттің негізінде тұлғаның психологиялық
ерекшеліктерін анықтауға болады, мұнда тәжірибелік бөлімге кәмелетке жасы
толмаған жеткіншектердің жүйкелік-психологиялық тұрақсыздығын, мінез-құлық
акцентуациясын білу зерттеу арқылы анықталады.
Жұмыстың мақсаты-Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық
ерекшеліктердің әсерінің психологиялық сипатын анықтау.
Зерттеу міндеттері:
1.Тақырыпқа байланысты шетел және кеңестік психологтардың еңбектерін
қарастыру.
2. Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсерін
факторлар көмегімен теориялық тұрғыдан ашу.
3. Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің әсерін
психологиялық әдістер көмегімен анықтау.
4. Ғылыми негізделген ұсыныстар келтіру.
Зерттеу обьектісі: Түркістан қаласындағы М. Әбенова атыңдағы орта мектептің
14-16 жас арасындағы жасөспірімдер.
Зерттеу пәні: Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық
ерекшеліктердің әсерін зерттеу.
Жалпы болжамы: Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық
ерекшеліктердің әсерінің айырмашылығы бар
Жеке болжамдар:
1. Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ахуал әсер етеді.
2. Мінез-құлықтарына байланысты мектепті тастап кеткен, сондай-ақ мектепте
оқып жүрген “қиын” балалардың психологиялық ерекшеліктердің себептері
әртүрлі.
Әдістер:
1. Экстраверттілік, ригидтілік және мазасыздану өзіндік бағасы.(Г.Айзенк
бойынша).
2. Акцентуациялық сипаттағы типі (Г. Шмишек сауалнамасы).
Теориялық маңыздылығы: Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық
ерекшеліктердің әсері А.Е. Личко мен К. Леонгард тұжырымдамасында, А.Ф.
Лазурский Мінез туралы ғылыми очерктерінде қарастырылуы.
Практикалық маңызы: Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық
ерекшеліктердің әсерін криминалистік психологияда, заң психологиясында,
жас даму психологиясында сынау мүмкін береді.
Зерттеу базасы: Түркістан қаласындағы М. Әбенова атыңдағы орта мектеп
Жұмыстың көлемімен құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І.Қиын балалардың шығуына отбасындағы психологиялық ерекшеліктердің
теориялық мәселелері

1.1.Қиын балалардың шығуына психологиялық ерекшеліктердің әсерінің
зерттелуінің психологиялық астары
Республиканың тәрбиелейтін колониялардың іс-әрекетінде кәмелетке
толмаған құқық бұзушының іс-әрекетін психофизикалық қасиеттердің әсер ету
мәселелері шешілмеген, әсересе тұлғаның анти қоғамдық іс-әрекетіндегі
әлеуметтік және биологиялық құрылымындағы қатынастық мәселесі
қарастырылмаған. В.Г.Пидминистің айтуы бойынша біздің бірнеше
психологтарымыз, оқытушыларымыз және заңгерлеріміз адамның ерекшеліктерін
көптеген күрделі түрлерін түсінуге мүлдем жеңіл қарайды, оларды тек қана
әлеуметтік көзқарас жағынан ғана талқылайды, ал әдетте құқық бұзушының
жеке құқығын әсіресе оның сипаттамалық ерекшелігін бағаламауға әкеп соғады.
Қылмыстық істерді жасауға мүмкіндік беретін жеке тұлғалардың биологиялық
ынтасын жақтай отырып, кез-келген жағдайдағы психопатия және мінездің басқа
аномалиялары қылмыстық істің болуына әсерін тигізетін, оның болуын
жеңілдететін, өздік бақылаудың мүмкіндігін төмендететін фактілерді
ескермеуге болмайды.
Психология, сот психиатриясы және криминологияда кез-келген жағдайларда
нақтылыққа ауысу кезіндегі анти қоғамдық іс-әрекеттердің мүмкіндігін
туғызатын, әлеуметтік аталған қасиеттерге кәмелетке толмаған қылмыскерлер
ие болатын тұжырым айтылған. Біздің зерттеулерімізге сәйкес, күрделі және
көптеген негізделген кәмелетке толмаған қылмыскердің тұлға ретіндегі
қасиеттерінің маңызды сипаты бар, ол жүріс-тұрысында қоғамға деген
қатынаста, әдетте ұжымға, ата-аналарына, еңбекте және оқуда байқалады.
Кәмелетке толмаған тұлғаны біз өзіне және қылмыстық психологиясы бар
байланыстарын жүйке ретінде қарастырамыз, олар бейәлеуметтік істерді жасап
әкеп соғады: зорлау, тонау, ұрлық және т.б. Сонымен бірге сипаттық заңдылық
байқалады: интеллектік дамудың төменгі деңгейі тұлғаның интеллектік дамуы
төмен болған сайын оның мінезінің сипаты тұрақсыз болады, сонымен бірге
бейәлеуметтік қарамаудың әсеріне тез түседі. Бірақта кәмелетке толмаған
құқық бұзушының микроортасының теріс әсері қаншалықты күшті болса да, ал
аморальді істерге әкеп соғуы мүмкін, онда оның мінезінің құрылымында, теріс
әсер тиімді жағдайды туғызатын құлықтар мен қасиеттері болады. Сондықтан
да, біз патогендік себептердің осы комплекстерін жан-жақты оқуға тырысамыз,
өйткені ол кәмелетке толмаған сотталған тұлғалар да тұрақты немесе
мінезінің уақытша онтологиясына әкеп соқты. [58]
В.Г.Логиканың мысалы бойынша типология тұлғаның негізделген әлеуметтік
қасиеттерінде негізделуі қажет, сондықтан, еркін және адамның эмоционалдық
қасиеттерінің темпераменті негізінде қылмыскердің тұлғалар типінің
классификациясын құрудың жеке зерттеулердің мүмкіндіктерін дұрыс деп
есептеуге болмайды. Сондықтан, біздің жұмысымызда кәмелетке толмаған
жасөспірімдердің психологиялық параметрлерін ескермейміз, бірақта
психология мен психотерапияның жанасуының басты нүктелері – солардың
мінезінің қатысты құлықтарын аламыз. Бірақта Леонгард ұсынған бағытта
негізгі қызығушылығы, норма мен психологияның байқалған түрлерінің
арасында анамальдік тұлғалардың аралық буыны қосылады, яғни, нормадан
байқалатын паталогияға өту мүмкіндігі шектеледі. О.В.Кербиков, Р.К.Ушаков,
Г.В.Морозов, В.В.Ковалев және басқа да зерттеулер де тұлғаның түрлену
патологиясының саласындағы зерттеушілердің ойынша патомінездік
реакциялардың пайда болуы көптеген жағдайда патомінездік дамудың бастапқы
стадиясының дамуын болдырады. [56]
Біздің ойымызша тиімсіз жағдайларда паталогиялық реакциялар бекітіліп
мінездің паталогиялық құлықтарына өтеді, мінездің теріс ауытқулары, алдағы
реактивтік көзбояушылықты жоққа шығармайды. Сонымен бірге, патогенездік
дамудың бастапқы стадиясындағы мінездің ауытқулары, қайтудың белгілі
мүмкіндіктеріне ие болады. Осы даму типіндегі аталған мүмкіндіктер,
патогенездік реакциялар кезіндегі мүмкіндіктерге қарағанда төмен, ал оларды
тарату үшін ұзақ, бағытталған медико-педагогикалық жұмыс қажет. [53]
Мінездің түрлену стадиясы туралы елестерді ескере отырып, барлық
тәрбиелік колониялардағы тұлғаларын зерттеу үшін үш жаққа бөлуі мүмкін:
қалыпты: (гармоникалық), аномальдік тұлғаларды бірнеше топтарға бөледі:
инертті-пассивті, агрессиялы, мақтаншақтар және невротикалық мінезі бар
тұлғалар.
Бірінші топтағы тәрбиеленушілер белсенді, ширақ, қызығушылығы мол
тұлғалар. Осы категориялы адамдар шығармашылық кештерге қатысып, өз
көмектерін көрсетеді. Басқа адамдар арасында өздерін мықты ұстайды, олар
әдетте өз қателерін мойындап, жұмыс пен оқуға жауапкершілікпен қарайды.
Екінші топқа мінез-құлықтары тұрақтылығы жетпеген тұлғалар жатады.
Инертті-пассивтік тұлғаларға, күдікті, ренжігіш, неврозды, шешім қабылдай
алмайтын адамдар жатады. Оларға ұят сезімі тән. Олардың бәрі
тәрбиеленушілерге көмек көрсетеді, бірақта осыны жұртқа көрсетпей жасағанды
қалайды. Агрессиялы-тиіскіш адамдарға қозу, жоғары аффектілік қасиеті
тән, әдетте олардың көңілі орнықсыз. Өз құрастарын өзіне бағындырып
ұстағысы келеді. Оқу мен еңбекке қалыпсыз қатысады, жиі тәртіп бұзады.
Мақтаншақтарға истерикалық мінез-құлықтары тән. Олар, өтірікші,
фантазер, критик болып келеді. Олар әдетте ризасыз болып келеді. Мектеп
жұмысында мұғалімнің сенімділігін алуға тырысады. Топтарда ауыспалы
авторитетке ие болады. Невротикалық мінезділер аз сөйлейді, әрең
үйреншікті, жиі бас ауруына, әлсіздік, шаршағаны туралы көп айтады. Олардың
көп бөлігі оқу мен жұмыстан қашады. Ұжымда өздерін тұрақсыз ұстайды, өз
сөздері болмайды. Байқаулар бойынша, адаптация кезінде олардың невротикалық
күйі эмоционалдық тұрғыдан ренішпен байқалады. Осы тұлғаға оң әсер ету
кезіндегі байқауда: бас ауруы, әлсіздік байқалады.
Үшінші топтағы тұлғалар үшін көңіл күйдің тез толқуы тән. Көңіл-күйі
жақсы болған кезде олар көңілді, ақ көңілді, бірақта конфликтке тез түседі.
Олар ренжігенде: тамырын кесіп, өз саусақтарын сындыра алады. Тәрбиелейтін
колонияларда зерттелген сотталған адамдарда көрсетілген мінез
ерекшеліктерінің динамикалық түрі бар, олар бір-бірімен аз байқалатын
әдетте қиын шектелетін өтулермен байланысқан. Арнайы шарттарда өз
педагогикалық шығармасын бастайтын тәрбиешілер осы өтулерді байқамай
қалады, кәмелетке толмаған ұжым мен тұлғаға оң әсерінің тәсілі мен жабдығын
дұрыс таңдай алмайды.
Колонияда тәрбиеленушілерде мінездің типтік құлығымен қатар, барлығында
жалпы кемшілік бар рухани қызығушылықтың кедейлігі, төменгі мінездік
деңгей. Тәрбиеленушілердің біршамасы ғана біреудің еңбек арқасында бай өмір
сүргісі келеді. Денелеріндегі татуировкалар, олардың кемшіліктерін
білдіреді. Жоғары мінездік түсінік-ерлік, достық, махаббат осы түсініктер
тәрбиеленетін колонияда алғашқы отыру күндерінде ғана пайда болады. Жүріс-
тұрысында өз заңдары болады, жасанды жөндеу ережелері. Аморальді тұрыстан
өту, мінездік бейтарап ісінен жолдасын ұстап қалу, өздеріне қарсы келеді,
оларды положняк деп атайды. Құқық бұзушылардың көптеген бөлшектерінде
қажеттіліктер аз байқалады. [51]
Интеллектуалды – еркін дамуы, психикалық аномалиялары бар тұлғалардың
болуын ескергендегі кәмелетке толмаған сотталған адамдардың классификациясы
маңызды болады. Компоненттік мамандарды қатыстыру маңызды мәселе болып
табылады. Олар педагогттар, психологтар, психиатарлар.
Кәмелетке толмағандардың құқық бұзушылығы: Еліміздегі криминогендік
жағдайлардың барлық параметрлерін болашақ әсер етуді ескере отырып,
кәмелетке толмаған қылмыстыққа алдын-ала ескертуге назар аударуы керек.
Соңғы жылдарда ересек ортаның криминализация өсуінің тұрақты тенденциясы
құрылды, олар жасаған қылмыстың 75% ауыр және өте ауырға жатады (оның
ішінде адам өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру).
Кәмелетке толмаған топтық қылмыстың алдын-алу табылады. Жастардың
көбісі қылмыс жасаған уақытта мас күйінде болған немесе криминалдық жағдайы
алдында болған. [14]
Осындай бөлінудің ерекшеліктері соматикалық, психикалық және мінездік
дамудың ерекшеліктерімен, сонымен қатар олардың әлеуметтік жастығымен
негізделеді. Ересек жас кезінде мінездік түрлену кезінде тәжірибе жиналуы
өтеді. [15]
Кәмелетке толмаған тұлғалардың құқық бұзушылығы сапалық және
мөлшерлік сипаттамаларына өз ерекшіліктері тән. Жас кезінде қылмыс жасау
жолына түскен адамдарды дұрыс жолға қою өте қиын. Кәмелетке толмаған және
үлкен адамдар жасаған қылмыстардың арасы тығыз байланысқан. Үлкен
кісілердің қылмыс жасауының себебі әдетте кәмелетке толмаған қылмыскердің
қылмысы болып табылады. Үлкен адамның қылмысының тамыры, адамның жеке
мінезі енді түрленіп жатқан кезінде байқалады, сол кезде оның өмірлік
ориентациясы жасалынады. [25]
Қазақстандағы кәмелетке толмаған қылмыс жағдайы, қоғамда негізгі
күдік тудырады. Еліміздегі кризистің әлеуметтік қарқынының өсу ең алдымен
балалар мен жасөспірімдерге әсерін тигізеді. ҚР ІІМ мәліметтері бойынша
кәмелетке толмаған тұлғалардың криминалдық істердің белсенділігі жүреді.
Осы жағдай мөлшерлікке секілді жас өспірімдік қылмыстың сапалық
сипаттамасына жатады.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыстардың мінездік құлығы болып
зорлық пен зомбылық табылады. Сонымен бірге кәмелетке толмаған жастар
зорлық пен зомбылық шектерінен өтіп кетеді. Жасөспірімдер қылмыс кезінде
ісі ойдағыдай болмаған кезде кісі өлтіру, денеге ауыр зақым келтіру секілді
қылмыстарға барады.
Кәмелетке толмаған жастар қылмысы жасару тенденциясы, жасы кіші
балалардың криминалдық активтілігінің жоғарылауы байқалады. Қазіргі
уақыттта әйел жынысты жасөспірімдердің қылмыс жасауы өсуде. Қыздар арасында
қылмыстың салыстырмалы аз таралуына қарамастан біршама қоғамдық қауіп
келтіреді.
Еркек жыныстары секілді, әйел адамдардың арақ ішіп, токсикомания мен
нашақор үстінде болған қылмыстардың өсуі байқалған. Мас қылмыстың жасарту
тенденциясы болады. Әр қылмыстың бесінші алкоголь немесе нашақорлық
маскүнем болу күйіндегі кәмелетке толмаған тұлғалармен жасалынады. Әдетте,
қылмысты топпен жасайды. Жыл сайын кәмелетке толмаған жастар қылмыстың
көбісін топ құрамымен жасайды. Топтар үлкен күштерімен ерекшеленеді, ал
қоғамдық қауіп пен криминальдық белсенділікті жоғарылатады.
Кәмелетке толмаған қылмыскерлердің криминалды профессионализімі
өседі. Осы ерекшелік универсалдық мамандандыруда, қылмыстық квалификацияға
ие болған кезде байқалынады. Қылмыстық іс-әрекет кәмелетке толмаған біршама
топ үшін уақыт өткізудің негізгі тәсілі болып табылады. Мысалы, Ресей
Федерациясының ІІМ Заң институтындағы зерттеулер барысында алынған
мәліметтер бойынша, ұрлық пен бұзақылық сотталғандардың әр оныншысы
түрмеден шыққан соң өз жұмысын жалғастыратыны туралы айтты.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс дифференциалдыдығы мен интеграция
тенденциясының арасындағы байланыс байқалуда. Қылмыс әлеміндегі
авторитеттердің жасөспірім ортасына белсенді енуі жүзеге асырылады.
Екінші жағынан үлкен кісілердің қылмыстығынан кәмелетке толмаған жастардың
қылмыс автономындағы тенденциясы байқалуда. Психикалық ауықулары бар
кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыс саны көбеюде. Осында невроздың
кез-келген түрлерін, қалыпты деректілікті, психопатия, алкоголизмді көңіл
бөлінуді жатқызады.
Аталған көңіл бөлінулер – ауыр емес және тұрақты арулар. Көптеген
жағдайда олар ауыр тұқым қуалаушылық салдарынан емес, тиімсіз өмір шарты
мен тәрбие салдарынан алынады.
Жасөспірімдік орта қоғамның қауіптік күшінің негативтік салдарын ауыр
қабылдайды. Кәмелетке толмаған жастар қоғамның денсаулық күйдің қауыпты
нормалауын анықтайтын барометр болып табылады.
Қоғамның құрылымындағы құқық бұзушылықтың екіден үш бөлігін ұрлық,
ұру жолдарымен жасалынатын нақты және нақты зорлық қылмыстар құрайды. 10-
жылдық оқиғамен салыстырғанда, бүгінгі аталған қылмыстарды жастар
агрессиялы және ауыр жасайды, олардың өсу темптері жоғары болып қалуда
және кәмелетке толмаған жастардың жалпы қылмыс жасаудың өсу темптерінен
аса түседі. Кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыстардың жалпы
санындағы ұрлықтардың меншікті салмағы өсуде. Жастар жасайтын
қылмыстарындағы құрылымындағы қылмыстың көп бөлігі ұрлықтар, олардың
қатынасы 5:1 құрайды. Тиімсіз тенденцияларды кәмелетке толмаған жастардың
зорлық зомбылық қылмыстарда сақталады.
Зорлық және зомбылықпен айналысатын ұйымдасатын қылмыс сферасына
кірген жасөспірімдердің саны өсіп келеді.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс жасауы қоғамдық қауіпті: қарудың
заңсыз айналымы, жарылыс заттар мен қару-жарақтарды сату мәселелері болып
табылады.
Кәмелетке толмаған жастар қылмысының құрылымындағы басты орынды
бұзақылық алып жатыр. Бұзақылық үшін сотталған кәмелетке толмаған
жастардың көбісі, аса ауыр бұзақылық еткен тұлғалар құрайды.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс құрылымын талдау кезінде топтық
қылмыс немесе топты жасалған қылмыс ретінде қарастыру керек. Адам топта
қылмысты жасай отырып, өзіне тән жеке қасиеттерінен айырылады, және де
оның қылығы психикалық комплекспен анықталады. Әдетте кәмелетке толмаған
жастардың топтық қылмыстары ерекше қаталдықпен ерекшеленеді.
Кәмелетке толмаған топтарының маңызды бөлігі ұзақ қылмыстық іс-
әрекетке бекітілген. Қылмыс тәжірибесі өскен сайын, топтар құрамындағы
қылмыстарға қатысатын адам саны азаяды. Топтарда кәмелетке толмаған жастар
жасайтын қылмыс бөлігі әр түрлі қылмыстар үшін бірдей емес. Әдетте, мұндай
топтарда ұрлық ұру қылмыстары жасалынады.
Кәмелетке толмаған жастардың жастық шектерімен байланысты болатын
рецидивтік қылмыстың кәмелетке толмаған жастардың қылмыс жасауларының
сипаттамалық ерекшелігі болып табылады. Кәмелетке толмаған жастардың
рецидивтік қылмысы өзінің кең таралуына сәйкес жоғары қауіпті болып
табылады. Қылмыстардың қайта жасалынуы кәмелетке толмаған жастарда
қырсықты құрыққа қарсы тұрақтылықтың түрленуі туралы куәләндіреді. Содан
кейін осы жасөспірімдер алдын-алу әсерлердің кез-келген шараларына
берілмейтін қатаң рецидивистерге айналады.
Арнайы рецидивистің құны жоғары, ол кәмелетке толмаған жастардың
кәсіпкерлігі туралы куәләндіруі яғни С.П.Бузинованың айтуы бойынша кез-
келген қылмыстың жасалу салдары мен дағдарысы тән кәсіпкер - қылмыскер
қабілеттері пайда болады.
Кәмелетке толмаған жастар қылмыстары қажеттіктің жоғары дәрежесімен
сипатталады. Кәмелетке толмаған жастар жасайтын қылмыстың таралуы, оның
тіркелген білігінен біршама асады. Әсіресе жоғары латенттік пен ұрлық
бұзақылық ерекшелінеді.
Кәмелетке толмаған жастардың қылмыс сипатының күшіне аталған
құбылыстарды оқу кезіндегі бірінші орынға қылмыскер түрінің мәселесі
қойылады. Ішкі істер органдарының алдын-алу іс-шараларының жеңісі, жан-
жақты оқуға байланысты. Көптеген қателерді болдырмауға болады, егерде
қылмыскердің өмір шартын байқамай-ақ оның тұлға ретінде аса назар аударса.
Осы жағдай кәмелетке толмаған қылмыскерлерге жатады.
Қылмыскердің жастық ерекшеліктерін криминологтар әдетте: 14-15
жасөспірімді – кіші жасты, 16-17 жас кәмелетке толмаған жастар топтарына
бөледі
14-17 жас интервалындағы контингентіндегі құлықтарының
криминологиялық әлеуметтік және психологиялық ерекшелітері көрсетілген
жастық топтарының жасөспірімдердің жүріп-тұруына, олардың өмір сүру
шарттары секілді ерекшеліктері әсерлерін тигізеді. Осыдан жасөспірімдердің
қылмыстарын 14 жасқа дейін және 17 жастан жоғары құқық бұзушылар тұлғалады
қаратыру қажет.
Кәмелетке толмаған жастар мен ересек кісілер тұлғаларды қарастыра
отырып, олардың сөйлесу түрлері туралы айтуға болады. Кез-келген
жастардағы қылмыскерлер арасындағы айырмашылықты көрсететін шекара, 16-17
жас және 18-20 жас арасындағы екі жастық топтар салыстырғанда өшіріледі.
Аталған жағдайда, толық емес кәмелеттік түсінігін пайдаланатын болса,
бірлік топ туралы әңгіме қозғауға болады. [20]
Тұлға дамитын құлықтың түрлер шарттарының ортамен әлеуметтік
байланысы ерекшелігімен, типтік конфліктік жағдай қатынасы мен мінезіндегі
айырмашылығымен түсіндіріледі..
Статистикаға сәйкес, қылмыс жасаған кәмелетке толмаған
жасөспірімдердің жалпы массасын 90% ер жынысты, 9% әйел жыныс құрайды.
Соңғы жылдарда қыздар жасайтын қылмыс саны көбеюде. Әдетте, әйел жынысты
жасөспірім санының көбісі жезөкшелікпен, арақ ішумен айналысады. Соның
салдарынан өмірден өз орнын табуда қателіктер жасайды.
Мекен-жайы бойынша қылмыс жасаған кәмелетке толмаған жастарды
зерттегенде олардың 75% қалада, ал 25% ауыл тұрғындарынан көрсеткен.
Көрсетілген айырмашылықтар әлеуметтік-экономикалық шарттарға, сонымен
қатар мен салттарға тәуелді.
Қоғамдық жаңару кезеңінде, Қазақстанға әлеуметтік, саяси,
экономикалық қатынастардың сипатының өзгеруі өз кезегінде қоғамдық білім,
тәрбие институттардың да өз бағыты мен мазмұнына жаңа талаптар қойып
отыр. Осының өзі қоғамдағы отбасының орны, оның басты міндеті – бала
тәрбиесінде болған көзқарасты өзгертіп жаңа тұрғыдан тану мәселесін
туындатты.
Қоғам өмірінің түбегейлі өзгеріп жатқан қазіргі заманда, өмірлік
тәжірбиесі жоқ, әлі өмірге, ортаға толық көзқарас қалыптаса қоймаған
жасөспірімдер үшін қалыпты тіршілік ағымынан аутқуы жиі кездесетін құбылыс.
Мұндай әрекеттердің белең алуынан бастап-ақ оларды алдын алмаса, қоғам үшін
өте қауіп тудыруы ықтимал.
Қоғамда қалыптасқан нормалардан ауытқуға жол ашатын мінез-құлық
девианттық мінез-құлық деп аталады. Девианттық мінез-құлық –бұл балалар
мен жасөспірімдердің әкімшілік жазалау шараларын қолдануға әкеп соғатын
құқық қызығушылықтарды үнемі жасауы, оқудан, жұмыстан қасақана жалтаруы
отбасынан немесе балаларды оқыту-тәрбиелеу ұйымдарынан үнемі кетіп қалуы,
олардың қылмыстық жауаптылыққа жатпайтын қылмыс қоғамдық белгілері мен
қоғамға қәуіпті әрекеттер жасауы. Олардың түрлеріне қылмыскерлік,
ішкілікке салыну, нашақорлық, жезөкшелік, құмар ойындарына қызығушылық,
психопатиялық бұзылу және т.б. жағымсыз қылықтарды жатқызуға болады.
Девианттық іс-әрекет екі үлкен категорияларға бөлінеді. Біріншіден,
ашық немесе жабық психопатологиясы бар психикалық саулық нормасынан
ауытқитын іс-әрекет. Екіншіден, құқықтық, әлеуметтік және мәдени нормаларды
бұзатын әлеуметтік емес іс-әрекет. Егер бұл іс-әрекеттер еленбейтін болса,
оларды құқық бұзушылық деп, ал егер назар аударатындай болса және қылмыстық
рет бойынша жазаланатын болса- қылмыс деп атайды. [18]
Баланың отбасынан қашықтап, оның ықпалынан сырт қалуының психикалық
әсерін Т.В.Лодкина, А.В.Захаров, В.С.Мухина, З.Матейчик, Е.О.Смирновалар
атап көрсеткен.Отбасы тәрбиесіне қатысты тәлім-тәрбиелік идеялар қазақтың
халық педагогикасында Қорқыт ата кітабында, Әбу Насыр әл-Фараби
еңбектерінде, Сайф Сараи шығармаларында, А.Құнанбаев т.б. мұраларынан да
елеулі орын алған. [16]
Жастар арасында бұрын соңды болмаған тәртіп бұзушылық, құмар
ойындармен әуестенушілік, нашақорлық ұрлық жасаушылық, ішімдікке
салынушылық пен жезөкшелік кең етек алуда. 2002 жылы Республика бойынша
135151 қылмыс жасалынса, оның 6563-ін жасағандар мектеп, гимназия және
лицей оқушылары болып отыр. Жасөспірімдердің жан дүниесі нәзік,
сезімтал.Үлкендердің айтқанын, іс-әрекеттерін, ақпарат құралдарын
(теледидар, түрлі-түсті бейресми журналдар т.б.) көргендерінің барлығын тез
қабылдайды, шындық көреді. Міне, сондықтан да лас ақпарат көздері мен
телехабарларда үнемі беріліп тұратын қылмыс хроникасы жағымсыз мәліметтер
жастардың нәзік көңіліне жан дүниесіне қатыгездік пен жүгенсіздік ұрығын
себуде, социолог Э.Дюркгеймнің сөзімен айтқанда, тобырлық тұрпайылыққа
айналдыруда. Жастардағы девианттық мінез-құлық әлеуметтік жүріс-тұрыс
нормаларына қайшы келетін әр түрлі әрекеттердің салдары. Оған
жасөспірімдердің мектептегі сабағын жіберуден бастап, үйден қашуы немесе
біреудің меншігін тонау, не болмаса оны қасақана бүлдіруі жатады. [58 ]
Қоғамның басқа топтарына қарағанда девианттық мінез-құлық жас
өспірімдерде көбірек байқалады. Оның обьективті себебі, жасөспірімдерде
құқықтық әлеуметтену процессі (нормаларды меңгеру) және делинквенттік мінез-
құлық (нормалардан ауытқуы) бір мезгілде жүреді. Девианттық мінез-құлыққа
психологиялық, құқық, мәдениет немесе мораль нормалары сияқты, жалпы
қабылдаған немесе оған негізделген нормалардан ауытқыған қылықтар жүйесін
жатқызамыз. Жеткіншек және жасөспірімдік шақ аса үлкен қауіп тудыратын
шақтар. Неліктен ? [47 ]
Біріншіден, психогорманальды процестерден басталып, Мен-концепциясының
бетбұрысымен аяқталатын өтпелі кезеңдегі ішкі қиыншылықтары әсер етеді.
Екіншіден, жасөспірімнің әлеуметтік жағдайының тұрақсыз болуы. Үшіншіден,
әлеуметтік бақылаудың механизмдерінің қайта құрылыуына байланысты туындаған
қарама-қайшылықтар: бақылаудың балалық формалары, сыртқы нормалар мен
үлкендерге бағынушылықты ұстану ықпал ете алмайды, ал ересектік әдістері
қалыптасып үлгермеген.
Жалпы жастардың девианттық мінез-құлқы екі категорияға бөлінеді:
Біріншіден, бұл психологиялық нормаларынан ауытқуы анық немесе жасырын
психопатологиялық болып келетін мінез-құлық;
Екіншіден, қандай да бір бір әлеуметтік және мәдени нормаларды бұзатын
әлеуметтік нормаларға қарсы мінез-құлық. [ 40]
Девиантты мінез–құлық әртүрлі болса да олар өзара байланысты.
Ішімдік, есірткі қолдану, жаулап алушылық және заңсыз мінез-құлықтар бір
блокты құрайды, солай жасөспірімнің оның біреуіне тартымдылығы өсуі мүмкін.
Заңсыз қылықтар қатты болмаса да психикалық қалыпты бұзылуына әсер етеді.
Кейде девиантты мінез-құлыққа әлеуметтік факторлар ( мектептегі
қиындықтар, зақымдалған өмірлік жайттар, басқа девиантты ортаның ықпалы)
сәйкес келеді. Индивидуалды-жеке факторларға- өзіндік бақылау мен өзін
сыйлау деңгейі маңыздылардың бірі болып табылады.
Өзін сыйлаудың төмендеуі зерттеулер бойынша жасөспірімдерде девиантты
мінез-құлықтың (әділетсіздік, қылмысты топтарға тәуелділік, заңсыз істерді
жасау, есірткіні қолдану, ішімдік , басқыншылық мінез-құлқы,
суицидті мінез-құлық) және басқа психикалық күйзелістермен байланысты. Бұл
байланыс немен түсіндіріледі?
Ғылыми әдебиеттерде осы мәселеге байланысты төрт басты гипотезалар бар:
1.Девиантты мінез-құлық өзін-өзі сыйлауды түсіруге септігін тигізеді.
Себебі соған қатысты индивид еріксіз өзінің әрекеттеріне қарсы қоғамның
ойларын бөледі.
2.Өзін құрметтеудің төмен болуы қалыпты емес мінез-құлықтардың өсуіне әсер
етеді: әлеуметтік ұйымдарды шетке ысырып, әлеуметтік емес ұйымдардың
әрекеттеріне қатысу арқылы жасөспірім өзінің психологиялық деңгейін
құрдастары арасында жоғарлатқысы, мектепте немесе үйде болмаған өзіндік
қабылдау әдістерін тапқысы келеді.
3. Кейбір топтар бойынша, әсіресе төменгі бастамалы өзін құрметтеу
девиантты мінез-құлықтың жоғарлауына, өзін сыйлау деңгейінің өсуіне әсер
етеді.
4. Деликвенттіліктен басқа да мінез-құлықтар, жас келген сайын өзгеретін
әсерін етеді. [18]
Әсіресе қиын отбасынан шыққан балалар уақытын үйлердің
жертөлелерінде өткізеді. Үй асты өмірі олар үшін қалыпты жағдай. Себебі,
ол жерге өздері сияқты әр түрлі балалар жиналады. Сондықтан олардың
өздерінің Үй асты моральдық кодексі, жазылмаған заңдары мен мәдени
дағдылары бар. Мұндай жағдайда жеке ауытқу ғана емес, топтық ауытқу дамиды.
Олар жеке субкультуралық нормаларға сай өмір сүреді. Статистикалық
мәліметтерге жүгінсек, жасы толмаған құқық бұзушылардың 44% осы сәтсіз
отбасыда тәрбиеленгендер. [26 ]
Кәмелетке толмаған құқық бұзушылырдың санының көбеюі отбасы
құрылымындағы кемшіліктерге байланысты. Қандай себептерге байланысты
болмасын отбасының бұзылуы, жасөспірімнің бойында терең із қалдырады. Олар
қалыпты жағдайға қарағанда дөрекі, тұйық бола бастайды. Кейбір жағдайларда,
ажырасу, ішкілікке салыну немесе ата-анасының біреуінің бей-моралдық мінез-
құлқына байланысты болса, бұл нашарлауға емес, керісінше балаларды
тәрбиелеу жағдайының жақсаруына ықпал етуі мүмкін.
Біз қарастырып отырған мәселеде, профессор А.Е.Личконың пікірі
анағұрлым құнды болып табылады. Отбасының сәтті жәрежесін талдай отырып,
жиі кездесетін төрт жағдайды бөліп көрсетеді:
• отбасындағы қамқорлықты күшейту (гиперопека), баланың ішкі өмірінің
барлық көріністерінен (оның ойлауына, сезіміне, мінез-құлқына)
отбасындағы қаталдыққа дейін әр түрлі дәрежеде қатысу тілегінің
болуы.
• немқұрайлылық (гипоопека), балалардың жиі, шамадан тыс бақылаусыз
қалуы. [31]
Жасөспірімдердің қылмыс жасауының себептерін анықтаған кезде олардың
сана-сезімінің қалыптасуына әсер ететін екі бағыттағы факторларды
байқаймыз, яғни обьективтік және субьективтік факторлар. Обьективті
себептерге тұрмыстық жағдайлардағы қайшылықтар, қоғамда туындап жататын әр
түрлі қиыншылықтар және қылмыстық мінез-құлық жатады. Обьективті немесе
сыртқы себептер жас адамның девианттық мінез-құлқының қалыптасуына әсер
етеді . Төмендегі сандар жиынтығы девианттық іс-әрекеттердің бір қырының
динамикасын көруге болады:
- бейнесінің жасалуы, барлық уақытта баланың ниетіне ықылас білдіру
және оның қарапайым жетістігін шамадан тыс марапаттау;
- отбасында золушканың болуы – бұл ата-ананың өзіне көп көңіл
бөліп, ал балаларына аз көңіл бөлуі.
Деликвенттік жасөспірімнің психологиялық құқықтық нысанасында
қызуқандылық міндетті түрде болады. [30]
Р.Бэрн және Д.Ричардон қызуқандылық детерминантының төрт негізін бөліп
көрсетеді: әлеуметтік, сыртқы, жеке және биологиялық.
Зерттеулерге сүйенсек, қызуқанды мінез-құлық отбасы қатынастарында
қалыптасады. Осы жағдайлармен қатар қызуқандылықтың дамуына алып келетін
мына жағдайлар деуге болады:
- жиі болатын ата-ана арасындағы ұрыс, жанжалдар,
- ата-аналардың бір-бірін және балаларын сыйламауы;
- балаларға қарау мен бақылаудың болмауы;
- жасөспірімдердің пікірін елемеу;
- ата-аналары тиісті жылулықты бере алмауы;
- балалардың ар-намысына тию;
- тәрбие жүйесінің сапасыздығы. [9]
Криминологтардың мәліметтері бойынша, қатігездікті, зорлықты іске
асырған тұлғалардың көпшілігі, бала кезінде кемсітуге, жазалауға , үлкендер
жағынан қатал қарауға ұшырағандар.
Қылмыстылықты зерттеуде, оған әсер ететін факторлардың көптеген сананың
бар екендігі көрінеді. Қазіргі кезде қылмыстың тууына алып келетін себептер
нарықтық экономикаларға қатысты пайда болған бәсеке, жұмыссыздық, дағдарыс
. Шын мәнінде ішкілікке салыну біздің өмірімізге әлеуметтік дәстүр ретінде
еніп отыр, ол арнаулы мерекелердің, кездесулердің, уақытты өткізудің тәсілі
ретінде, жеке мәселелерді шешудің құралы ретінде қолдануда. Статистикалық
мәліметтерге қарасақ, бұзақылықтың 90%-і, әйел зорлаудың 90%-і, 40%-і басқа
қылмыстарды осы ішкіліктің арқасында болады екен. Өлім, тонау, қарақшылық
шабуыл, ауыр дене жарақатын салудың 70%-і ішімдік ішкен кезде болған. Сол
сияқты отбасында ажырасулардың 50%-і ішімдікке байланысты болған. [58]
Республикалық психиатрия, психология және нашақорлық ғылыми-практикалық
орталығының есебі бойынша психикалық және мінез-құлықтың (бұзылымстар)
ауруларымен ауыратын адамдар саны 322671, оның ішінде: ересектер 240729,
жасөспірімдер 23487, балалар 58455. Яғни әр бір сегізінші жасөспірім
психика мен жүйке жүйесіне байланысты әр деңгейлі патологияларға ұшыраған.
15 жасқа дейінгі балаларда -22% , ал 14-18 жас аралығындағы жасөспірімдер
-32,7 % болған.Ал жасөспірімдер арасындағы маскүнемдікке келетін болсақ,
соңғы төрт жылда 21 есеге өскен. 2002 жылы спиртттік ішімдіктерді ішудің
нәтижесінде психикалық және іс-әрекеттік бұзылыстар психиатр дәрігерлерге
610 бала тіркелген. Есірткеге тәуелділік 1500-ге жуық жасөспірімде
анықталып, 14-ке дейінгі балаларда 385-ке жеткен. Міне осындай девианттық
іс-әрекетке ие болған балалар мен жасөспірімдер жағымсыз іс-әрекеттер мен
қылықтар жасайды, сол себепті өз құрбыларының, мұғалімдер мен ата-
аналарының және жалпы қоғамның теріс көзқарасына ие болады. Олар
агрессиялар мен теріс әрекеттерге бейім болвп келеді. Әсіресе көп қорқыныш
туғызатын жағдай, соңғы жылдары 15-20 жас аралығындағы адамдарда өзін-өзі
өлтіру соңғы 15 жылда екі есе өскен.
Егер де осындай өсім сақталатын болса, 2007 жылы психиатрға алғаш
көрінетін балалар мен жасөспірімдердің саны 30 мыңнан асады, ал жалпы жалпы
бақылауға алынғандардың саны 310 мыңға жетеді. Ел боламын десең-бесігіңді
түзе - деп даналарымыз бекер айтпаған, болашағыңды болжау үшін ұрпағыңның
денсаулығы мен тәрбиесіне көңіл бөлу керек екендігін естен шығармай, әр бір
отбасы бала дүниеге келгеннен кейін емес баланы дүниеге әкелер алдында
тәрбиеге мән берсе...
Әлеуметтік нормалардан ауытқудың түрлерін зерттей отырып, мынандай
тұжырым жасауға болады. Бір әлеуметтік норманы бұзудан екінші әлеуметтік
нормаға өту байқалады. Ол жеке тұлғаның өзіне тән ерекшелігіне және
қоршаған ортасына байланысты болады.
Девианттық мінез-құлықтың пайда болуының себептері:
1. Әлеуметтік теңсіздік. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, жұмыссыздық,
жемқорлық т.б.
2. Девианттық мінез-құлықтың моралдық этникалық факторы қоғамның
моральдық-адамгершілік қасиетінің төмендеуі, рухани азғындау жеке адамның
қоғамдық ортаны жатсынуы, қоғам өмірін ақшаның билеуі. Деградация және әдет-
ғұрыптың ықпалының төмендеуі, бұқаралық қайырымшылдық, сатылған махаббат,
құқық бұзушылықтың күшеюі.
3. Девианттық мінез-құлыққа қоршаған ортаның немқұрайлы қарауы. Әсіресе,
отбасы тәрбиесінің нашарлауы, өмір жағдайының сәтсіз болуы, қоршаған
ортамен дұрыс қарым-қатынас жасай алмау, денсаулықтағы психофизикалық
ауытқулар т.б. осының барлығы рухани дүниенің дағдарысына әкеліп, өмір сүру
мәнінің жоғалуына алып келеді. Бұл қоғамның болашағы жастарға кері әсер
тигізетіні сөзсіз. [10 ]

1.2.Қиын балалардың шығуына отбасындағы әлеуметтік-психологиялық мәселелер
Қалада тұрған қиын балалар көбісі әлеуметтік бақылаудың әлсізденуімен
бос уақыттың тиімсіз пайдалануымен байланысқан. Бірақта қала мен ауыл
арасындағы ерекшеліктерді миграция мен урбандалу процесстері жоққа
шығарылмайды. Қаладағы өмірді ауылға, ал соңғысын қала типті ауданға
айналуының интенсивті меңгеруі өтуде. Осыған байланысты қаламен
салыстырғанда ауыл қылмысының күрт өсуі бақылауда, сонымен бір ауылдан
шыққан адамдар қалада қылмысты көп жасайды, оларды қалалық қылмыстық деп
атайды. Криминологиялық көзқарасы жағынан қиын балалардың отбасылық
жағдайын оқуға назар аударуды ұсынды. Өйткені отбасында тұлғаның
әлеуметтік қылықтары мен оған және бағалық критерийлерді түрленеді.
Зерттеулерге сәйкес ұрыс, керіс, маскүнемдік болған отбасыларда
кәмелетке толмаған қылмыскерлердің 23 бөлігі тәрбиеленген. Ерте жасында
қылмыс жолына түскен 8-10 рецидивисті маскүнемдік пен қылмыс жасауға ата-
аналары, үлкен ағалары, жақын туыстары итерген.
Сонымен қатар, сәтсіз отбасылар өз үй мүшелерімен бірге олардың
балалары достасып жүрген басқа да жастарға негативтік әсерін тигізеді.
Сонымен аталған от басына қатысты жоқ жасөспірімді жұқтыру процесі
өтеді.
Қиын балалар қылмыс жасау себептерімен шарттары әлеуметтік
негізделген мінезге ие. Олар ең алдымен қоғамның нақты тарихи өмір сүру
шарттарына, оның институтының мазмұны мен бағыттарына негізгі қарама-
қайшылықты шешу тәсілінен тәуелді.
Соңғы жылдары қиын балалардың қылмыс жасауы мен оның күрт өсуі,
экономикалық жағдайың тез нашарлауы мен қоғамдағы өсіп келе жатқан
кернеулік болып табылады деген, тұрақты ой туылды. Әрине, мұның бәрі үлкен
кісілердің қылмысына әсерін тигізеді, бірақта өмір сүрудің деңгейінің күрт
төмендеуі жасөспірімге тез әсерін тигізеді, өйткені кәмелетке толмаған
жастар қоғамның әлсіз бөлігі болды немесе бола қалады. Әлсіздік
дегеніміз үлкен кісілер әдетте қарсы тұра алатын факторларға жастар қарсы
тұра алмайтындықта орынсыз психика.
Заңды түрде өз қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндігі
болмағандықтан, көптеген жасөспірімдер ақша тауып және қылмыс жасау
жолымен қажетті киімдер тамақтарды табады. Кәмелетке толмаған жастар
рэкетте, заңсыз бизнестерге белсенді қатысады.
Экономикалық кризистің негативтік әсерінің бірі – жұмысын орындаудың
қысқартылуы. Ол жастардың жұмысқа тұру мүмкіндігін, ең алдымен
тәрбиеленетін орындарда отырып шыққандардың жұмысқа тұру мұмкіндігін
төмендетеді.
Қоғамның өмір сүру кезеңіндегі кәмелетке толмаған жастардың қылмыс
жасаудың себептерінің бірі, мекен-жайы бойынша жасөспіріммен балалардың
бос уақытындағы жағдайы болып табылады. Көптеген балалық орындар, ұйымдар
өз өмір сүрулерін тоқтатты, ал олар орындар коммерциялық құрымдарға
арендаға берілген.
Жазғы жұмыс пен емдеу жүйесінің бұзылу процесі жалғасуда. Балалар мен
жасөспірімдерге арналған көптеген емдеу лагерлері жабық, ал жағдайы төмен
жанұядағы қалған балалар жолдаманың жоғары бағасымен бара алмайды.
Бірақта, әділеттілік үшін айтсақ, осы саладағы іс өлі нүктесінен кішкене
жылжиды. Ол туралы, 2003-2005ж.ж жазғы демалыс периодтарында балалармен
жасөспірімдерге демалыс, емдеу ұйымы туралы №70-р 2005ж 22 сәуірінен
қабылданған Премьр Министрдің Үкімі немесе ҚР ішкі істер органдарының
кәмелетке толмаған жастардыңістері бойынша учаскелік инспектордың
жұмыстарын ұйымдастыру туралы ережелерді бекіту туралы №400 2000ж. 17
шілдесінде қабылданған ҚР ІІМ бұйрығы.
Аштық және күнделікті қажеттіліктің фонындағы сәтсіз отбасының
проблемалық моральдік және әлеуметтік дирадиация неготивтік істерге әкеп
соғады.
Сәтсіз отбасынан шыққан кәмелетке толмаған жастар арасында қылмыстық
интенсивтілік жоғары болады. Негізінде, мұндай отбасыларда маскүнемдік,
нашақорлық жезөкшелік өседі. Кез келген мінездік тұрақтылық болмайды. Кез
келген ғылымдардың мамандары ауыртатындарын болдырмайтын және болдыратын
психикалық аурумен ауыратын кәмелетке толмаған жастар туралы көптеген
сандар келтіреді. Балалардың психикалық көңіл бөлінуі – олардың ата-
аналарының нашар өмір сүруі, жүріс-тұрысының қорытындысы. Психикалық көңіл
бөліну мен тұлғаның әлеуметтік-психологиялық деформацияларының түбі
бейәлеуметтік және аморальдікте жатыр.
Денсаулықты сақтау және жазғы дамалыстар жүйесіндегі процесс
жалғасуда және құлау үстінде. Көптеген демалыс лагерлері, балаларға
арналған орындар жабық, ал қалған жағдайлары жоқ жанұялар жоғары бағадан
тұратын жолдамаларды ала алмайды. Не дегенмен, әділеттік осыған куә
ретінде айта кетсек, сферада даму үстінде. Бұл факт осыған куә ретінде
айта кетсек, нормативтік-құқықтық актілер, олар, 22 сәуір 2003 жылғы
шыққан Премъер-министрдің қолдауымен және де №70-р Демалыс ұйымдар, және
де балалармен кәмелетке толмаған жасөспірімдердің жазғы демалыс кезеңі:
2003-2005 жылдар аралығында немесе ҚР-ның ішкі істер министрдің бұйрығы
17 шілде 2000 жыл. №400 Осы ережеге сәйкес милиция қызметкерлері мен
инспектордың кәмелетке толмаған балалардың ұйымы, ҚР-ның Ішкі Істер
басқармасы.
Жанұялық жағдаймен осы проблема жалпы айтқанда кедейшілік, әр
жағдайда көмек керек, және де моральдық әлеуметтік деградацияға сүйенеді.
Жағдайы жоқ жанұялардың кәмелетке толмаған жасөспірімдер негізінен
қылмыстық жағы өте жоғары болып келеді. Негізінен мұндай жанұяда
маскүнемдік, нашақорлық, жезөкшелік және т.б. көп кездеседі. Мәдениеттен
жұрдай десек те болады.
Осындай әр түрлі қылмыстың түрлері мамандардың назарын алуда.
Негізінен жасөспірімдер психикалық аурумен ауруда. Яғни оларға әлеуметтік
көмек керек. Психикалық ауру ұрпақтан-ұрпаққа беріледі. Бұндай жанұяда
қиындық өздерінің балаларын психикалық зорлау белең алады. Сөйтіп, бұл
жасөспірімдеріміз ата-анасынан кетіп қоғам ортасында неше түрлі қылмыс
және ұрлық жасай бастайды. Сондықтан біз осындай жағдайда, теріс қарауға
болмайды, өйткені бізде аз да болса бұндай ұйымдар бар және айналысып
жатыр. Бұған кіргізетін болсақ: патриоттық сезімді ояту және де бірігуді
үйретіп көзін аштырады. Осындай қажеттіліктер кәмелетке толмаған
жасөспірімдердің әр түрлі субьектілермен байланысты. Олар өзінше бірігу
және де қоғаммен бірге араластырып, әр түрлі тапсырмалар береді. Оны осы
тапсырмаларды орындауы қажет. Бұндай тәртіптерді қадағалайтын орган, ол
ішкі істер министрлігі. Ішкі істер органдары тек қана ескерту ғана емес,
сонымен қатар кәмелетке толмаған жастардың жеке тұлға ретінде қарастыруы
қажет. Бұл жұмыс төмендегідей бағытта орындалады:
1) кәмелетке толмаған жастарды әлеуметтік фактормен таныстыру.
2) әр түрлі қылмыстық істерін пайда себебі.
3) Сол жасөспірімнен негізінен үлкен қылмысты таныстыру.
4) Осы топтармен яғни қоғамға қарсы бағыттарды шешу.
Жасөспірімдердің қылмыс жасауды көбінесе орта әсері мен өздерінің ішкі
жан дүниесіне негізделіп келген. Көбінесе қылмысты жан дүниесі күрделі
жасөспірімдер жасайды.
Зерттеулер көрсеткендей жасөспірімдер қылмысты көбінесе ересектер не өз
қасындағы достарының әсерімен жасайды. Мұндай жасөспірімдерге тән
қасиеттер өз еркінің болмауы, жауапсыздық, жалқау, агрессивті болуы. Жан
дүниесі күрделі жасөспірімнің қалыптасуы отбасындағы қолайлы жағдайлар,
ата-анасының ішімдікке әуестігі, нашақорлыққа бой ұсыну жатады. Кей
жағдайда ата-анамен жақындарының баланы тым еркелету осындай жағдайларға
әкеледі. Сөйтіп кейін мұғалімдер, мектеп коллективімен арада
түсініспеушіліктер туындайды. Көп жағдайда заң бұзушылар қатарына осылай
мектеп ұжымымен өз орнын таба алмаған жасөспірімдер жатады. Жасөспірімнің
антиқоғамдық қылықтары сөйтіп әуелі оның қоғамдық ортасына бір негізделсе
әр түрлі бақытсыздықтарға жауап реакциясы арқылы қалыптасатын өзіндік
тұлғасы екінші негіз болып табылады. [58 ]
Жасөспірімдік уақыт (11-15) биологиялық жыныстың жетілу кезеңі ғана
емес, ағзаның өзге де бөліктерінің жетілу кезеңі болып табылады. Қоғамдық
көзқараспен алғанда бұл алғашқы жетілу фазасының жалғасы болып келеді.
Әдетте бұл жастағы жасөспірімдердің мектеп оқушылары болып келеді. Ал
оқушының санасының орта буын оқушысының санасынан айырмашылығы аз. Бұл
кезең аса күрделі кезең, сондықтан да келіспеушіліктер мен төбелес, жаңа
ашулардың болуы заңды да. Жасөспірімдік (14-18жас) балалық пен ересектік
арасындағы үшінші әлем іспетті. Биологиялық тұрғыдан бұл физикалық
жетілудің соңғы кезеңі. Қоғамдағы қарым-қатынас пен өзіндік бағалануы оның
психикалық ерекшеліктерінің қалыптасуына тікелей әсер етеді. Өзіндік орнын
айқындау мен өзіндік пікір қалыптастыру, ересектерден бөліну деген сөз
емес қайта сол ересектер өз орнын табу болып табылады. Моральді –
құқықтық нормалардың негізін ұғыну 14-16 жаста аяқталады. Бұл 14 жастан
құқықтық жауапкершілік болуы керек, ал 16 жастан толық құқықтық
жауапкершілік болуы керек деп заң заң шығарушы орган арқылы бекітілген.
Психикасы күрделі жасөспірімнің қалыптасуы негізгі үш орта негізінде
қалыптасады: отбасы, мектеп, өнеркәсіп. Басқа жағынан алғанда
жасөспірімнің қалыптасуына көшенің оны қоршаған бұзық балалардың да көп
әсері бар. Тәрбиелеуге көнбеу дегенде ең бірінші мұғалім, тәрбиеші
ырқына көнбеуді түсінеміз. Ата-анасы мен ересектермен, мұғалімдермен
келіспеушілік көбінесе жасөспірімдік шақта байқалады және адамның тек қана
ағзасының емес, бүкіл ортамен қарым-қатынасының өзгеруімен түсіндіріледі.
Ересектердің сынынан құтылу мақсатымен өзіне берілген кез келген бағаны
теріс қабылдайды. Бұл жастың тағы бір қауіптілігі, жасөспірімнің өз
тұрғыластарымен қарым-қатынасын өзгертуінде болып табылады. Бұл кезде ол
өзін осы ортада неғұрлым тұлға ретінде қалыптастыруға тырысып бағады. [43
]
Осы жаста әрбір жасөспірімнің тұлғалық қасиеттері толықтай
қалыптасатынын атап көрсету керек. Мұндай қалыптасу көбінесе өзі секілді
жасөспірімдердің ортасында болғанда ғана тұрақтанады. Жасөспірімнің
қалыптасуы мен араласу ортасы аса қалыпты және жақсы болуы керек. Егер
мұндай жағдай тумай жатса, онда жасөспірімдердің қалыптасуы көше
жағдайында жүзеге асады және болашақта қылмыскер болуына әкеліп соғады.
Балалар мен жасөспірімдердің қоғамға үйренісуін әртүрлі жүйке аурулары мен
ауытқулар күрделендіріп жіберу мүмкін. Сондықтан бұл жағдайда жай ғана
мұғалімдер емес, психиатрлар, невропотологтар мен психотерапевтердің
көмегімен баланың ата-анасын мен мұғалімдермен жеке сұхбаттар жүргізу
керек. [ 35]
Көп жағдайда адамның биологиялық ерекшелігі есепке алынбай жасаған
қылмысына байланысты жаза қолдана салады, ал шын мәнінде оған медициналық
көмек қана қажет. Дегенмен кей жағдайда дәрігердің көмегі жүйке ауруына
шалдыққан науқасқа көмектесе алмауы мүмкін. Ең бірінші кезекте, әрине
отбасындағы жағдаймен мектептегі қарым-қатынасы, қан арқылы берілетін
алкогольді ішімдіктерге әуестіктің балалардың интеллектуалды және
психофизиологиялық дамуына кедергі келтіруі жатады.
Жүйке жүйесіндегі аурулары жасөспірімдермен қатар ақыл-есі кем
балалардың кірігуі де үлкен мәселе болып табылады. Зерттеулер көрсеткендей
олигофрендер қылмыс жасауға құлықсыз болып келеді. Сөйтсе де өздерінің
ақыл-есі кемдіктерін алқа көргендей мұндай жасөспірімдер өздерінен
әлдеқайда үлкен және күшті, қарулы қылмыскерлердің қолындағы ойыншық болып
қалуы мүмкін. Бұл мәселелерді олигофрендердің жұмыстарымен айналысатын
органдар қызметінде есепке алмасқа болмайды. Күрделі психикалық
жасөспірімнің тұлғалық қалыптасуы отбасылық жағдайдан көрінеді. Ата-
анасының ұрыс-төбелестері, кішкене кезіндегі жеген таяқтары оның өзін-өз
тежеу үшін жоғалтып, ашулануына әкеліп соғады. Ал шамадан тыс еркелету,
өмірге дұрыс даярламау баланың болашаққа өмір кедергілерін өз бетімен
жеңуіне кедергі келтіреді. Жасөспірімдерің кедергілік жағдайларға тап
болуы көп жағдайда оның өзін-өзі дұрыс бағаламауынан туады. Өзін-өзі
жоғары бағалайтын жасөспірімдердің қателігі - өзін-өзі сынау деңгейінің
төмен болуы. Ал зерттеушілердің айтуынша, бағалаулары төмен балалардың
дұрыс деңгейде дамымауының бірден-бір себебі – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жас ерекшелігі психологиясы жайлы
Жас ерекшелік психологиясының әдістері
Жас кезеңдерінің ұзақтығы
Жас ерекшелік және педагогикалық психологияның пайда болуы және алғашқы дамуы
Жоғары мектеп оқушысының тәрбиедегі өз-өзін бағалау ерекшеліктері
Жас ерекшелік және әлеуметтік психология пәні бойынша студенттерге арналған лекция жинағы
Психикалық дамудың қозғаушы күші мен заңдылықтары және жеке адамның онтогенезге қалыптасуы
Балаң жас өспірімдік психология жас өспірімдік - әлеуметтік-психологиялық құбылыс
Даму психологиясының пәні мен міндеттерін анықтаңыз
Даму психологиясының пәнінен дәрістер
Пәндер