МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН
БАЛА ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларының
бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық
мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..6
1.2 Халықтық дәстүрлердің тарихи танымдық сипаты
... ... ... ... ... ... ... ... . 21

2 МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАР ТӘРБИЕСІНДЕГІ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-
ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН ПАЙДАЛАНУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

2.1 Балабақшада ұйымдастырылған іс-әрекет негізінде ұлттық дәстүр арқылы
адамгершілікке тәрбиелеудің
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 41

2.2 Мектеп жасына дейінгі балаларға қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларын
үйретудің
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... . 49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
. 61

Қоысмша ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .63

КІРІСПЕ

Зерттеудің көкейкестілігі. Еліміз Егемендігін алып, Тәуелсіздігіміздің
тұғырлы болуын, халқымыздың еңсесін тік ұстап болашаққа сенуін елбасымыз
Н.Ә.Назарбаев өзінің жыл сайынғы дәстүрлі халыққа жолдауында айтып, халықты
бірлікке, ынтымаққа, білімділік пен төзімділікке шақырып отыр. 12-жылдық
мектеп реформасын жасауды, балабақшаларды көбірек іске қосуды, оларға маман
дайындауды, білім мен ғылымға тереңірек көңіл бөлуді халыққа аманаттап
отыр. [1]
Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев Жаңа әлемдегі –
жаңа Қазақстан атты халыққа жолдауында атап өтілгендей, әлем елдері
арасында қуатты дамушы 50 елдің қатарына қосылу межесі барша
қазақстандықтарға қуат беруде. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халыққа Жолдауында
(2003 ж.) ұлттық рухани және мәдени мұраларын сақтау, қалыптастыру,
жетілдіру туралы халқына үлкен жанашырлық әрі көрегендікпен айтқан болатын.
Президент айтқан сол рухани мұраларымыздың ең көнесі де, ең қажеттісі де
салт-дәстүр, әдет-ғұрып екені баршамызға мәлім. Ал дәстүр мен ұлт
мәдениетін үйретудің басы – ана тілі. Б.Момышұлы: “...анамыздың ақ сүтімен
бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту”
– деп жазған.
Салт-дәстүрлер халықтың өмір-тұрмысынан, шаруашылық-тіршілігінен,
қалыптасқан қоғамдық қатынастарынан, дүниетанымынан туындайтын мәдени
құбылыс. Әдет-ғұрып ұзақ тарихи мерзімде біртіндеп қалыптасып, халықтың
санасына сіңіп, қай ұлттың болсын ұлттық болмысын құрайды және басқа
этностардан ерекшелендіреді.
Еліміздің бүгіні мен ертеңі болашақ ұрпақ қолында екенін ескере отырып,
жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу – кезек күттірмейтін мәселелердің бірі.
Елімізде мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің саны жылдан-жылға
көбейіп, балабақшаларға деген халықтың сұранысы арта түсуде. Мектепке
дейінгі тәрбие мен оқытудың сапасын арттырып, халықтың қажеттілігін
қанағаттандыру мақсатында 2010-2014 жылдарына арналған Балапан
бағдарламасы жүзеге асырылуда. Балаларға саналы тәрбие мен білім беруде
халқымыздың баға жетпес мұралары - этнопедагогика материалдарын балабақша
өміріне кеңінен қолдану негізінде бүлдіршіндердің тілін, ақыл-ойын,
дүниетанымын дамыту өзекті мәселе.
Мәдени мұра – орны толмас құнды рухани, мәдени, экономикалық және
әлеуметтік қазына. Мұра осы заманғы ғылым, білім және мәдениеттің де қайнар
көзі. Бұл табиғи байлықтармен қатар, ұлттың өзін-өзі сыйлауы және әлемдік
қоғамдастықты мойындатуына басты негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасының этникалық-мәдени білім тұжырымдамасында:
...жеке тұлға өз ұлтының мәдениеті мен тілін қажетсіне ме, оларды
меңгеруге ұмтылысы, өзін-өзі халқына сәйкестендіруге ықыласы бар ма? деген
мәселе өте маңызды. Мемлекет осы үш фактордың әрқайсысын қалыптастырудың
нақты жолдарын қарастыруға, тұлғаны ана тілі мен төл мәдениетті меңгертуге
ынталандырып, жан-жақты жәрдем көрсетуге тиіс деп атап көрсетілген
болатын. Сондықтан мектеп жасына дейінгі балалардың адамгершілік
құндылықтарын қалыптастыруда қазақ халқының салт-дәстүрлерін қолданудың
маңызы зор.
Бүгінгі таңда мектепке дейінгі кезеңнен болашақ ұрпақты өздерінің дене
және рухани күштерін жете бағалайтын, өз тілегі мен сезімін қажетті арнаға
бұра алатын, өзіне талап қоя алатын, өз күшіне, өз қабілетіне, өмірлік
мақсаты мен міндетіне жету жолындағы мүмкіндігіне сенімді, Отанын, елін-
жерін сүйетін, адамгершілік құндылықтары қалыптасқан толық адамды
тәрбиелеуге бағдарлануы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда баланың мектепке дейінгі
кезеңнен әлеуметтік дамуын қамтамасыз ету және әлеуметтендіру жағдайлары
қарастырылуы қажет.
Мектепке дейінгі балаларға рухани-адамгершiлiк тәрбие беру – қазiргi
балабақшаның ең маңызды мiндеттерiнiң бiрi. Бұл заңды да, өйткенi бiздiң
қоғам өмiрiнде адамгершiлiк бастамаларының ролi барған сайын артып,
моральдық фактордың ықпал аясы кеңейiп келедi.
Ел болам десең – бесігіңді түзе дейді біздің дана халқымыз. Бала
тәрбиесіне дұрыс көңіл бөлу ата-бабаларымыздың ежелден келе жатқан негізгі
қасиеттерінің бірі. Бала – ұрпағының жалғасы, ертеңгі күнге аманатым деп
бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөлген. Кісі, қонақ келгенде қолына су
құйғызып батасын алған, қонақты аттан түсіріп, үйге бастап әдеп танымын
көрсеткен.
Осындай керемет үлгілерімізден айрылып қалардай уақыттарды бастан
кешкен халқымыз мына жаңа заманда дәстүріміз бен салт-санамызды қайта бір
жаңғыртқандай.
Сонау заманда адам баласының мәңгі жасауын арман еткен Қорқыт
атамыздың тәлім-тәрбиелік әңгімелері мен мақал-мәтелдері, әл-Фарабидің
білім, ғылым, тәрбие жөніндегі тұжырымдары, А.Ясауи ілімдері, Жүсіп
Баласағұни тәлімдері, Абай мен Ы.Алтынсариннің тәрбиелік ойлары,
А.Байтұрсыновтың ұлттық білім беру жүйесі, М.Жұмабаевтың Педагогикасы,
Ж.Аймауытовтың қазақ психологиясын зерттеуі бәрі де біздің қасиетті де
құймақұлақ, шешен де пайымды халқымыздың болашағы үшін тер төгіп, халықтың
қамы үшін этнопедагогиканың негізін салған ағартушы-ғалымдар.
Бүгінгі таңда осы проблеманы қолға алып, оқулықтар жазып, жанашырлық
көрсетіп отырған Оразбекова К, М.Оразаев, М.Смаилова, Қ.Жарықбаев,
Ә.Табылдиев, С.Ғаппасов, С.Қалиев, Ұ.Асылов, Ж.Нұсқабаев т.б. ғалым-
зерттеушілеріміз тәрбие ісін жүргізудің оны оқу бағдарламасына енгізудің
түрлі жолдарын көрсетіп, мақсатын жеткізе білді [2].
Зерттеу мақсаты: Мектепке дейінгі бала тәрбиесінде қазақ халқының
мәдени-тарихи мұраларын пайдаланудың заңдылықтарын меңгерту.
Зерттеудің міндеттері:
- Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ халқының мәдени-тарихи
мұраларының бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық мәселелерін
айқындау;
- Халықтық дәстүрлердің тарихи танымдық сипатын анықтау;
- Балабақшада ұйымдастырылған іс-әрекет негізінде ұлттық дәстүр арқылы
адамгершілікке тәрбиелеудің әдістері мен жолдарын қарастыру.
Зерттеу нысаны: мектепке дейінгі мекеменің оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Мектеп жасына дейінгі балаларға салт-дәстүр тәрбиесін беру
үрдісі.
Зерттеу әдістері: Зерттеу жұмысында психологиялық, педагогикалық,
әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат тәжірибелерді
талдау, зерделеу, жинақтау, балалардың шығармашылық жұмыстарын саралау,
бақылау, әңгімелесу, тәжірибелік іс-әрекеттер нәтижесіне баға беру.
Зерттеу көздері: Қазақстан Респубикасының Білім туралы Заңы, Елбасымыз
Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халықна жолдаулары және басқа да құжаттар мен
ресми материалдар, философтардың, психологтар мен педагогтар еңбектері,
зерттеу тақырыбына сәйкес оқу-әдістемелік құралдар, ғылыми-педагогиалық
басылымдар, журналдар материалдары, озат педагог-тәрбиешілердің озық
тәжірибелері басшылыққа алынды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындылар мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 МЕКТЕП ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МӘДЕНИ-ТАРИХИ МҰРАЛАРЫН БАЛА
ТӘРБИЕСІНДЕ ПАЙДАЛАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Мектепке дейінгі мекемелерде қазақ халқының мәдени-тарихи мұраларының
бала тәрбиесіндегі психологиялық-педагогикалық
мәселелері

Қаншама заман өтсе де, маңызын жоймаған халықтық педагогиканы тәлім-
тәрбиенің туы қазығына айналдыру ата-ананың да, мектептің басты борышы.

Қоғам барлық тарихи даму кезеңдерінде халық педагогикасы жайлы ұғымды
анықтау, әр түрлі ғылыми-педагогикалық көзқарастарды қалыптастыру
проблемаларына көптеген ғалымдар, педагогтар көңіл аударды, құнды пікірлер
айтты, өмірлік мұра қалдырды.
Әр халық өзінің жас ұрпағын қайырымды, адал, үлкенді құрметтейтін
әділ, ержүрек ізгі ниетті, ар-ожданы мол болып өссін деп армандайды, бұл
мәселені өзінің тұрмыс салтына байланысты шешіп отырды. Ол үшін ғасырлар
бойы қолданып, сұрыпталып, өмір тәрбиесін сыннан өткен салт-дәстүрлерді
педагогикалық әдіс-тәсілдерді пайдаланып келеді.
Халықтық педагогика дәуірдің небір қатал сынынан өтіп, жаңарып, шым
болаттай тіршілік тынысы және салт-дәстүрлерімен біте қайнасып, бірге
жасалып келе жатқан қазына.
Қазақ халқының ұлы педагогы, этнографы Ы.Алтынсарин өзінің әдеби
және педагогикалық еңбектерінде қазақтың фольклорын пайдалана білген.
Ы.Алтынсарин барлық еңбектерінде жеке адамның жоғары қасиеттерін
қалыптастыруда еңбек, адамгершілік ақыл-ой тәрбиесінің ерекше орын алатынын
атап көрсетеді. Кемеңгер ұстаз Ы.Алтынсариннің ұлағатты сөздері,
педагогикалық мұралары халық педагогикасында үлкен орын алады. Оларды
қазіргі қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін қайта жаңғырту
кезеңінде кең мағынада насихаттау әрбір педагог-тәрбиешінің басты борышы
болуы қажет.
Қазақтың ағартушы-педагогтары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев,
Ж.Аймауытов, М.Дулатов, Х.Досмұхамедов ұстаздық етуде және тәлім-тәрбиелік
еңбектер жазуда өз ұлттының салт санасын терең зерттеген. Сан ғасырлық
тарихы бар ата-бабаларының халықтық педагогикасына терең ғылыми талдау
жасады. Сөйтіп, олар қазақ халқының ғасырлар бойы қалыптасқан әдеп-ғұрып,
салт-дәстүрімен тәлімдік мұраларын жас ұрпаққа, ұлттық тәрбие беруде
пайдалану жолдарын көрсетті. Сол мақсатта олар қазақ мектептерінің жас
жеткіншектеріне арнап оқулықтар, оқу құралдар және әдеби шығармалар жазды.

А.Байтұрсынов қазақтың халық педагогикасын жан-жақты зерттеп, қазақ
этнопедагогикасының негізін қалады, ұлттық білімнің шамшырағы болды.
Халық педагогикасының арқауы-ауыз әдебиеті мен халықтық салт-
дәстүрлері. Ауыз әдебиеті мен халықтық салт-дәстүрлері-ұлттық тәрбиенің
негізі. Міне, осы тұғырлы-тұжырымды ірі ғалым лингвист, әдебиет зерттеуші
дарынды ақын, аудармашы, қазақ тілі бөлімінің іргетасын қалаушы, қазақ
баспасөз тілінің ұлттық үлгісін жасаған талантты көсем сөз иесі, туған
халқының рухани дүниесін жандандырған ғұлама – А.Байтұрсынов жан-жақты
зерттеп, олардың тәрбиелік мәнін ашып берді. Ол қазақ этнопедагогикасының
негізгі нұсқаларын зерделей зерттеп, талғай тауып, олардың ғылыми теориялық
негіздерін жасады [3].
М.Жұмабаевтың ”Педагогикасы” нағыз ұлттық тәрбиені насихаттауға
бағытталған, жас ұрпақты ұлттық рухта тәрбиелеу мақсатында мектеп
мұғалімдері мен тыңдаушыларға арналып жазылған тұңғыш халық
этнопедагогикалық еңбек деп толық айтуға болады. Өйткені, Мағжан
”Педагогикасының” басты ерекшелігі – оның қазақ топырағымен тығыз
байланыстылығында. Оқулықтың басынан аяғына дейін ұлттық тәрбие басшылыққа
алынып, оған сүйеніп, ұлттық тәрбие беруге тәлімгерлерді даярлау туралы ой-
пікірлерінің айтылуы қазіргі кезде мектепте оқу-тәрбие үрдісіне ұлттық
мазмұн беру қажеттілігімен сипатталады [4].
Ж.Аймауытов – ақын, жазушы, драмматург, сыншы, публист, аудармашы
педагог. Ұстаз жазушы ”Тәрбие жетекшісі” деген педагогикалық еңбек жазып,
қазақ халқының ұлттық тәлім-тәрбиесіндегі елеусіз жағдайларды ашып көрсетті
де, тәрбие ісінде баланы ынталандыру тәсілдерін ұсынды. Баланы шындыққа,
жауапкершілікке тәрбиелеу үшін, оған талап қоя білу, қойған талаптың
орындалуын қадағалау, баланың ішкі дүниесіне терең үңіліп, оны арман-
тілегіне қарай демеуші тәсілдерді қолдау әдісін уағыздайды.
Дарынды зерттеуші 1926 жылы қазақтың ұлттық жан тіршілігін терең
көрсетіп, бүкіл адамзаттық психологияның негізінде оқулық жазып, оны
Психология яғни оны Жан жүйесінің ғылымы деп атады (5(.
Мұхтар Әуезов - қазақ халқының ұлттық мәдени мұраларын жоғары
бағалап, рухани байлығын ұлылықпен ашып көрсете білген, қазақ халқын бүкіл
әлемге танытқан ғұлама жазушы. Ол қазақ этнопедагогикасының бір негізі –
ауыз әдебиетін жан-жақты терең зерттеп, халық педагогикасын қадірін халыққа
таныта білді.
М.Әуезов ең әуелі батырлық жырлар мен ғашықтық жырлардың халықты
тәрбиелейтін қасиеттерін ашып ”Қыз Жібек”, ”Қозы Көрпеш – Баян сұлу” сияқты
ғашықтық жырлардағы қазақтың салт-дәстүрлерінің қайырымды қасиеттерін
толғап, таңдап, мөлдір махаббат пен табанды күрескерлікті жастарға үлгі
етіп көрсетеді. Қазақ халқының ақындық, өнерпаздық қасиеттерін рухани мұра
ретінде ұрпаққа ұлағаттылықпен ұсынды.
Батырлық жырлардың әлемдік әсем нұсқаларын, әсіресе, қырғыз халқының
”Манас” эпосын қазақ эпосымен салыстыра зерттеген ғалым, эпостық ұлы
шығармалардың қазақ ауыз әдебиетінде мол екенін дәлелдеп, қазақ халық
педагогикасының кереге-қабырғасы кең екенін кейінгі зерттеушілерге айқындап
береді.
Халық педагогикасының ауқымды бір саласы – ертегілер. Ұлы ұстаз
ертегілердің тәрбиелік мәнін терең ашып, ”Адамдағы кемдікті, мінді
бадырайтып, ұлғайтып, жиренішті етіп көрсету үшін, хайуанның мінез-құлқын
дәл адамның мінез-құлқындай етіп суреттеу әсерлі болады”- деп көрсетеді.
Педагог жазушы:... ”Ертегілердегі аса мол атаулар, ұғымдар, ақындық,
образдық, стильдік теңеу сөздер қазақ халқының тілін байытады” - дейді.

Торайғыров Сұлтанмахмұт қазақ халық педагогикасының ой-мақсаттарын
өз шығармасы арқылы халық санасына жеткізе білген ұлы ақын. Өз өмірінде
біраз жылдар журналистік, педагогтық қызмет атқарған ақын ұлттық білім,
халықтық тәрбие ісінің келеңсіздік жағдайларын зерделей зерттеп, ұрпақтың
үмітін оздырып, келешегіне кемелді жол сілтеді.
Дарынды жазушы, ”Қамар сұлу” романы мен ”Кім жазықты”, ”Кедей” т.б.
поэмаларында қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріндегі келеңсіз жағдайларды
қатты сынап, дәстүрлердің озықтарын, жаңаша қалыптаса бастаған түрлерін
ұлттық мәдениетке пайдалана білуді ұсынды. Халық педагогикасының негізгі
бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлердегі ”қалың мал” беріп еріксіз
үйлендіру, еріксіз ”аттастыру” т.б. кесір дәстүрлерге жол беру – ұлттық
мәдениетке зардабын тигізетінін ашып айтты.
Ақын ”Мен кіммін” , ”Қала ақыны мен дала ақыны” деген шығармалар
арқылы тұрмыс-салт дәстүрлерінің пайдалы, зиянды жақтарын айқындап айтып,
ұрпақтың келешегін кемелдендіретін ата дәстүрлерді алға тартады. Әсіресе,
халықтың қайырымдылық дәстүрін жоғары бағалап, ”Бишараны шын досқа санар
едім” сол үшін оқ астыма барар едім” деп қайырымдылықтың үлгісін көрсетеді
[6].
Этнопедагогика – белгілі бір халықтың, халықтық тәлім-тәрбиені, оның
тәжірибесін қорытындылап, жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы.
Этнопедагогика ғылымы екі саладан тұрады: халықтың ауыз әдебиеті мен салт-
дәстүрлерінен құралған ауыз әдебиеті және ұлттық тәлім-тәрбиенің жазу
мәдениетіндегі көрінісі.
Этнопедагогиканың зерттеу обьектісі халық педагогикасы. Халық
педагогикасы халықтардың ғасыр бойы ұрпақ тәрбиелеу тәсілдеріне негізделген
тағылымдардың бай тәжірбиесінің эмпирикалық жиынтығы.
Ал этнопедагогика халық педагогикасының ұрпақ тәрбиелеудегі
тағылымдарын ғылыми жүйеге келтіріп зерттейтін, оны тәжірибеде қолданудың
әдіс-тәсілдерін теориялық тұрғыда сөз ететін ғылыми педагогиканың бір
саласы.
Этнопедагогиканың мақсаты – халықтық салт-дәстүрді, өнерді
дәріптейтін, ана тілі мен дінін қадірлейтін, отанын, елін, жерін сүйетін,
жан-жақты жетілген, саналы намысқор, патриот азамат тәрбиелеу.

Этнопедагогика ғылымы орыс, батыс елдерінде ХVІІ – ХVІІІ ғасырлардан
бастап қолға алынған болса, қазақ этнопедагогикасының тарихын 3 кезеңге
бөліп қарастырамыз:
Бірінші ХІХ ғасырдың ІІ жартысында өмір сүріп, қазақтың ұлттық
тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш еңбектер жазған
Шоқан, Ыбырай, Абай сияқты демокрит ағартушылар мен орыс, батыс саяхатшысы,
этнограф ғалымдарының қолжазбалары десек, ІІ жартысы – ХХ ғасырдың алғашқы
20-30 жылдарында бұл істі ғылыми тұрғыда қарастырып сөз еткен Ә.Диваев,
А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхаммедов,
М.Дулатов, Н.Құлжанова, М.Әуезов т.б. болды. Яғни, кезеңді қазақ
этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз.
Үшінші кезең 35-40 жылдық үзілістен кейін қазақ этнопедагогикасының қайта
жанданған, даму дәуірі деп аламыз.
Этнос гректің тайпа халық, ұлт, ұлыс деген сөзден шыққан. Ғылымда
халық терминінің орнына этнос термині қолдана бастады.
Әр ұлттың өзіне тән мінез-құлықтың құрылысы ұрпақтан ұрпаққа көшкен
сайын өзгеріп отырады. Ол этностың үнемі әлеуметтік дамуда болатындығының
айғағы.
Этностар өмір сүру кезеңінде нақтылы тарихи жағдайлардың себебінен
бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Этностар орта есеппен 1200-1500 жыл өмір
сүреді. Бірақ ол түрлі географиялық, экономикалық - әлеуметтік жағдайларға
байланысты бірде ұзақ, бірде қысқа болуы ықтимал.
Әр халықтың тархи өзіне көрші халықпен тығыз байланысты. Тіпті бір-
бірінен алыс жатқан халықтардың да тарихында себеп салдарлық байланыстың
болуы мүмкін.
Иә, қазақ халқы – рухани зор байлықтың мұрагері. Ол өзінің өресі биік,
сан сапалы өскелең мәдениетіне бір күнде, бір ғасырда жеткен жоқ. Осы
қазынаның түп төркіні санау VІІІ-ХІ ғасырлардағы Орхон-Енисей, ежелгі түркі
жазбаларынан басталады [7].

Халықтық педагогиканың мұрасының бірі - дәстүр. Дәстүр – бір
ұрпақтан екінші ұрпаққа ауысып отыратын қоғам. Өмірінің дамуына сәйкес
өзгеріп, кейбіреулері жаңа мазмұн алып, әрмен қарай дамитын халықтың
қоғамдық тарихи өмірінде қалыптасқан құбылыс.

Қазақ халық педагогикасының үлкен бір саласы – қазақ халқының салт-
дәстүрлері болып табылады. Халықтың игі әдеттері дағдылана келе әдет-
ғұрыпқа, әсерлі әдет-ғұрыптар салт-дәстүрлерге, халықтың өмірінде
қалыптасқан салт-дәстүрлер салт-сана болып қалыптасқан. Халықтың салт-
дәстүрлері рәсімдер мен жөн-жоралғылар, рәсімдер, ырымдар мен тыйымдар,
түрлі сенімдер арқылы өмірде қолданыс тауып келеді. Оның бәрі дамып,
толысып, жаңарып отырады. Халықтың игі мәдени дәстүрлері: ізеттілік,
қайырымдылық, мейірімділік, қонақжайлылық, имандылық, иманжүзділік-барлық
мәдени үлгі - өнегелі іс-әрекеттердің көрінісі - әдеп деп аталады.

Қазақ халқының өсіп игі дәстүрлерін айқындап, дәлелдей келе, халықты
рухани тазалығы жағынан алып, қазақ халқын әдепті, яғни қайрымды, мейірімді
халық деп атауға әбден болады.

Бұл – ұлт мәдениетінің ең озық көріністері. Халықтық әдеп-ұрпақ
тәрбиесінің өзекті арқауы.

Игі әдептердің өмір қолданысына айналуы - әдет-ғұрып, оның бір жола
өмір заңдылығына айналуы – салт дәстүр деп аталады. Яғни, дәстүр
–қолданылмалы іс-әрекет. Ол қалыптасқан іс-әрекет ешкімнің ”нұсқауынсыз”
еркін мәжбүрлікпен орындалады. Өмірдің өркениетті дамуы дәстүрлердің
толысып, не жаңарып отыруына себепші болады. Мысалы қыз ұзату, үйлену
тойлары толысып, жаңарды да, ал ”әменгерлеп”, ”атастыру” салты бірте-
бірте өмірге қолданудан қалды.

Қазақ халық педагогикасындағы салт-дәстүрлерінің ұлттық санаға
сіңіп, біржола заңдандырылуы – салт-сана деп аталынады. Ұлттық санаға
сіңіп, қалыптасқан салт-дәстүрлер сол ұлттың ой-санасының дәрежесін
көрсетеді. Ұлттық сананың қозғаушы күші-ұлттық намыс, ұлттық абырой. Ол
жеке тұлғалардың перзенттік борышты өтеу дәрежесіне сай өмірден өз
көріністерін байқатады. Сондықтан әрбір әдет-ғұрыптың, салт-дәстүрдің салт-
санаға әсер ететін тәрбиелік мәні зор.

Халық дәстүрінің танымдылық-тәрбиелік мәні ұланғайыр дүние. Ол
тұтастай алғанда жас ұрпақ үшін ғана адам өмірінің рухани –
адамгершілігінің қуат-қайнары. Оның ішінде тікелей бала тәрбиесіне
бағытталған баланың жан дүниесінің қалыптасуына, рухани марқаюына негіз
болатын мүмкіндіктер көп-ақ.

Ол – халықтың кәсібімен, салт-дәстүрімен, тілімен тарихымен
адамгершілік қасиет-саналарымен сабақтасып, біте қайнасып, тарихи кезеңдер
ерекшелігіне қоғам тану сатыларына қарай жетелеп, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып
отыратын қастерлі мұра.
Бесік жыры, тұсау кесу жыры, санамақ, жаңылтпаш, жұмбақ, мазақтама,
тақпақ, жырлар мен ертегілер, аңыз әңгімелер, бәрі де тілді, ойды дамытып,
тәлім-тәрбие беріп, дүние танытатын этнопедагогикалық ғаламат туындылар.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жинақтаған дәстүрлерінің ішінде
адамгершіліктің жоғары сапаларын тәрбиелеуге ықпал жасаған озық өнегелері
бар. Қазақ халқының дәстүрлерінің ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқаны
оның өміршеңдігіне, тәлім-тәрбие ісінде кең таратылғандығында[8].
Адамның туған күнінен бастап барлық өмір жолын қамтитын әртүрлі
рәсім, дәстүрлер бар.
Қазақтың қазіргі замандағы алуан жүйелі өмір тану жолдары соларға
беру әдістері ертеден қалыптасып, бүтіндей қол үзбеген сыртқы күш қанша
ықпалды болса да халқымыздың дәстүрлері мүлде жойылып кетпеген. Ендігі
мақсат ата-баба дәстүрлерінің озығын жаңарту ұрпақ тәрбиесінде басты рольге
айналдыру қазақтың ата-салтын, қағидасын қазіргі өмір тынысына сай
пайдалану, жаңарту басты міндет.
Дәстүр-адамдардың рухани тұлғасынан бөлінбейтін құбылыс. Дәстүр
қоғамдық сананың барлық формаларынан орын алады. Олар: саясатта, қоғам
өміріндегі дәстүрде, халықтар арасында ынтымақтастық, теңдікте,
бостандықта, өзара көмек дәстүрде, қарым-қатынас дәстүрлерінде, ғылыми
дәстүрде, оқу-білім ғылымындағы дәстүрде, отбасы-жанұялық дәстүрде, еңбек
дәстүрінде.
Сонымен, қай халық болса да ұлттық үрдісі, ілікті қасиетте, өзіндік
әуені, тағлымды дәстүрі мәртебесін биікке бастайтыны сөзсіз. Киелі керемет
дәстүрлері арқылы ғана өзінің ұлттық бояуы мен өзінің болашақ ұрпағының
төл келбетін қалыптастырады. Ұлттық рухымыздағы дәстүр жас ұрпақты
тәрбиелеуде тиімді деп есептейміз.
Ұлы ойшылдардың, арнайы халық мұрасын зерттеушілердің жалпы тәрбие
жөніндегі идеялары, ой-пікірлері жаңа қоғамдық тарихи жағдайларда одан әрі
дамытылып, әр халықтың тәуелсіздік жолындағы күресте рухани, құдіретті
күшке айналып отыр.
Соңғы кезге дейін тәрбиеде халықтық педагогикаға өз деңгейінде мән
берілмей келді.
Халық дәстүрлері мен оның үлгілерінің жоғалуы қоғамның рухани
жағынан жаутаңдыққа ұшырауына, уақыт пен ұрпақ байланысының ыдырауына
әкеліп соғуда. Көптеген адамдар өз тілін, тарихын, мәдениетін, әдебиетін
білмейді, ұлттық әдет-ғұрып, кәсіп халықтың өзіне тән тұрмыстық
көрінісі жоғала бастады.
Сондықтан сан ғасырлар бойы халықтың өзімен бірге жасап, ұрпақтан-
ұрпаққа мұра болып өмір сынынан өкшеленіп өшкен бүгінгі өмірге жеткен әдет-
ғұрып, салт-дәстүрлерді білу әрбір отбасының, тәрбиеші-ұстаздардың абройлы
міндеті.
Жалпы тәрбие үдерісінде қазақ халқының әдет-ғұрып, салт-дәстүрлері
арқылы бола бойында шынайы адамгершілікті, имандылықты, адамдар арасында
парасатта мінез-құлық қасиеттері отбасынан бастап тәрбиелеудің мүмкіндігі
көп.
Халықтың айтқан өсиет сөздерінің, ырымдардың, дүниетанымдық
болжамдарының, өнерінің, салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарының көріністері -
бір тұтас ғылыми педагогикалық-психологияның негізінде, этнокомплекстік
тәлім-тәрбие негізінде жалғасып, қалыптасып отыр.
Этнокомплекстік тәрбие негізінде адамгершілік тәрбиесі жеке басты
жетілдірудің барлық саласын қамтиды. Адамның адамгершілік тәрбиесіндегі
адам өмірінің әр қырынан көрініс табады[9].
Ұлттық салт-сана сол ұлттың мәдени дәрежесін, рухани сапасын
көрсетеді. Этнопедагогиканың негізгі бір саласы – ұлттық салт-дәстүрлер
болса, сол ұлттың салт-санасының қалыптасу заңдылықтары бар, яғни мәдени
өзегі мен өркендеу өрнектері айқын көрінеді. Ұлттық салт-сананың
қалыптасуының бастауы сол ұлттың құрамындағы жеке тұлғалардың игі
әдеттерінен басталады. Игі әдеттер жеке тұлғаларға әсерін тигізіп, ол
көпшіліктің қолданысына айналады да, ол ұлттың мәдени ірге негізі болып
қаланады.
Әрбір ұлттың мәдени ірге негізі - әдеп (этика, этника) ұлттық заңды
қолданысқа айналса, оны дәстүр дейміз. Дәстүр өмірге біржола кіріккенде ол
– салт болады. Сөйтіп мәдени іс-әрекеттің ұлттық қасиетке айналуы салт-сана
деп аталады. Бұл құбылысты этнопедагогикада мәдени сәулет дейміз.
Ұлттық салт-сананың өмірдегі қолданылмалы көріністері рәсімдер,
рәміздер, ырымдар, тыйымдар, жөн-жоралғылар, діни уағыздар, сенімдер арқылы
кісілік, перзенттік парыз, адамгершілік борыш, ұрпақтық міндет арқылы іске
асырылып, салауаттылық, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық сияқты мәдени
көріністерін табады.
Ұлттық мәдениеттің дәстүрдегі бастау көрінісі – сәлемдесу. Сәлем -
әдептіліктің, яғни мәдениеттіліктің белгісі. Сәлемнің сәлемдесу, сәлем
беру, сәлем ету сияқты түрлері өзінің жөн-жоралғылық (мәдени) ерекшеліктері
мен сараланады. Қазақ елінің сәлем ету кезінде инабаттылық көрсетіп,
үлкенге шынайы күлімдеп, жылы шырай көрсетсе, оның мәдениеттілігінің өз
дәрежесі белгілі болады.
Ұлттық мәдениеттіліктің белгілері, әсіресе, отбасындағы сыйласымнан
көрінеді. Әке – отбасының пірі, ана - әулеттің күні деп халық
отбасындағы сыйласым мәдениетін ең әуелі ата-ананы сыйлаудан бастауды
үйретеді, талап етеді. Отбасындағы сыйласымдық дәстүр бойынша ата, әке,
аға, іні, әже, ана, әпке, сіңілі ұғымдарына сәйкес әрбір адамның өзінің
сыйласымдық міндеттері мен борыштары және перзенттік парызы болады.
Халық отбасынан кейінге сыйласым мәдениетін ұлағатты ұстазға инабатты
бола білу деп түйеді. Өйткені ұстаз өнеге көрсетеді, мәдениеттілікті
үйретеді. Сондықтан шәкірт ұстаздан мәдениеттілікті үйрену мен қатар,
ұстазбен мәдениетті түрде қарым-қатынас жасай білуге міндетті. Оның үстіне
ұстаз сегіз қырлы, бір сырлы өзінің мәдениеттілік қасиеттерін шәкіртінің
бойына сіңіріп, жүрегінде нұр жандырады. Ұстазын сыйлай білген шәкірт,
өзінің ата-анасын, халқын да сыйлай білетін мәдениетті азамат болып өседі.
Ұлттық дәстүр бойынша, әдеппен сөйлеу, көпшілік орындарда әдепті болу,
инабатты, иманжүзділікті талап етіледі. Үлкеннің атына сыйласым мен
ізеттілік белгісі ретінде еке деген сыйласымдылық жұрнақ қосылып (Әдеке,
Беке, Ардеке т.б.) айтылса және апашым, апатайым, ағатайым деп атаса,
кішілерге және балаларға сөз айтқанда жаным, күнім, айым, ботам,
құлыным деген инабатты сөздер қосылып айтылып, дәстүрлік мәдени үрдістер
қолданылады.
Қазақтың ұлттық, имандылық, қайырымдылық, мейірімділік, ізеттілік,
инабаттылық дәстүрлері, меймандостық, қонақжайлылық рәсімдері – ұлттық
мәдениеттің айқын белгілері болып саналады. Мысалы, кісі күту дәстүрі
бойынша қонақ қабылдау, қонақасы беру, қонақ кәде жасау ұлттық мәдени
рәсімдер арқылы орындалады.
Халқыңды сүйсең, салтыңды сүй деп халық ұлттық тәрбиеде қасиетті
туған жерді қастерлеу, халықты қастерлеу, текті, ұлтты, жалпы адамзатты
сүюді парыз деп санайды, халық педагогикасының мәдени, рухани кредосы -
әдептілік.
Аталы сөз – бата, өнеге, тілек – ұлттық мәдениеттің мәнді белгілері.
Ұлағатты ұстаздар мен шешендер, хандар, билер, атақты аталар мен дарынды
даналар өздерінің өсиеттерін айтып, өнегелерін көрсетіп, ана тілінің
айшықты сөздерімен тілек, бата беріп, ұрпақты мәдениеттілікке тәрбиелеуді
мақсат тұтқан.
Халықтың ұрпақты әдептілікке (мәдениетке) тәрбиелейтін ұлағатты
ұғымдары мен ырым, тыйым сөздерінің мәдени-тәрбиелік мәні зор.
Салауаттылық, үнмешілдікке, ұқыптылыққа, яғни мәдениеттілік негіздерін
білуге тәрбиелейтін.
Халық ұрпағынан ағайын, жекжат жұратты сылау дәстүрлері арқылы аталас,
ауылдас, құда, нағашы, күйеу, жезде, жиен, дос, таныс, ұжымдас адамдармен
сыйласу мәдениетін талап етеді. Аталастың аты озғанша, ауылдастың тайы
озсын, Құдаңды құдайыңдай сыйла, Шын дос болу – бақыт деп халық адам
сыйлаудың ғажап үлгілерін ұрпағына үнемі үйретіп отырған.
Ер намысы, қыз абыройы – қазақ халқының ұлттық тәрбиедегі мәдени
мұралық белгілерін білдіретін тәрбиелік тіректері. Жақсы жігіт он бесінде
баспын дейді, жаман жігіт отыз бесінде жаспын дейді деп, жеке тұлғаның
мәдениеттілігі жастайынан-ақ белгілі болатынын дәлелдейді. Халық қыздың
абыройлы болуына көбінесе ана жауапты деп қарап, қызды әдепті (мәдениетті)
етіп тәрбиелеу – ұлттық міндет екенін баса көрсетеді.
Әрбір мәдениетті, білімді адам өзінің кәсіптік, дүниетанымдық деңгейін
ұлттық мәдениетпен ұштастыра білуге міндетті. Мәдениетті болу үшін білімді
болу – міндет. Білімді болғанмен ұлттық мәдениетті игермеген болса ондай
тұлға ұлт алдында мәңгүрт, мәдениетсіз болып көрінеді де, халықтың
наразылығына ұшырайды. Кәсіптік – мұрагерлік әдеп (мәдениет) сақталған
жерде дамыған дарынның мәдени жемістері көрінеді.
Мектепке дейінгі мекемелердегі, мектептегі, жоғары оқу орындарындағы
ұжымдық, әдептілік дәстүрлері де этнопедагогиканың мәдениеттаныммен
сабақтастығын көрсетеді. Яғни, этнопедагогика пәні – ұлттық мәдениеттің
бейнесін көрсететін және сол ұлттық мәдениеттің мәнін түсіндіріп, іс-
әрекетте қолданыстарын үйрететін пән.
Ұлттық (этнопедагогикалық) ойлар тарихында Қорқыт ата (VIII-IX ғғ)
өлмейтін өмір кілті өнерде деп, мәдениеттің негізгі саласын мәңгі
дамытып, ұлттық мәдениетті арттыра беруді уағыздап және отбасы
мәдениетіндегі шешуші негіз - әйел ана – дейді.
Әлемнің екінші ұстазы аталған ғұлама Әл-Фараби (870-950 жж) ұлттық
мәдениет жеке адамның мінез-құлқынан басталатынын дәлелдеп, мінез әдеттен
бастау алып, абзал әркет инабатты (мәдениетті) мінез-құлықты
қалыптастыратынын айтады. Білімді адам тәрбиелі (мәдениетті) болу керек
дейді. Тәрбиесіз мәдениетсіз білім адамзаттың қас жауына айналады
дейді. Қайырымды қала мәдениетін арттыратын негізгі мәселелер – білім,
өнер, әдебиет (поэзия), музыка деп көрсетеді.
Нағыз ұстаз аталған Жүсіп Баласағұни (ХІ ғ) адам мәдениетінің
негізгі екі тегі бар бірі – тіл, бірі - діл деп көрсетіп, тіл
мәдениетінің мәні зор екенін, егер ол мәдениетті игере алмасаңыз басқа
пәле - тілден деп көрсетеді. Отбасындағы мәдениет ата-ананы сыйлаудан
басталатынын дәлелдеді. Елді мәдени кемелдендіру үшін ұлттық білім беру
жұмысының мемлекетік дәрежеде жүргізілуі қажет екенін айтады. Білімсіз
адам –мәдениетсіз, ол хайуанмен тең деп көрсетеді. Білім –байлық, азаймас
һәм жоғалмас. Білім жарық нұрын саған ашатын, - дейді.
Ұлы тәлімгер, тарихшы Мұхаммед Дулати (1499-1551 жж) ел басқарушы,
халықтың ойынан шығатын басшы болу үшін кішіпейіл, қарапайым, сөзге шебер,
көргенді, көсем, адал, әділ (яғни мәдениетті) болу керек дейді. Данышпан
ғұлама әрбір адам – нағыз әдепті (мәдениетті) тұлға болу үшін: жеті түрлі
күнәдан (қан төгу, бұтқа табыну, адамды қаралау, ұрлық жасау, нәпсі
құмарлық, ұрыс кезінде бас сауғалау, ата-ананы сыйламау) аулақ болу керек
деп уағыздайды. [10]
Қазақ халқының ұлы педагогы Ы.Алтынсарин ұлттық мәдениетті дамытудың
негізгі құралы – оқу, мектеп ашу (елге білім беру) деп, ауылдық, болыстық
мектептер ашып, қыздар училищелерін, мұғалімдер семинарияларын
ұйымдастырды. Өнер-білім бар жұрттан үлгі-өнеге алуға шақырады.[11]
Абай дана Ғылым таппай, баптанба, өнер таппай мақтанба деп, ұлттық
мәдениетті дамытудың түп негізі – білімде, өнерде деп көрсетті. Ол үшін
өткірдің жүзі, кестенің бізі сала алмаған өрнекті сөзбен өрнектейтін ана
тілін қадірлеу қажет екенін айтып, бес нәрседен (өсек, өтірік,
мақтаншақтық, еріншек бекер мал шашпақ) қашық болуды, бес нәрсеге (талап,
еңбек, терең ой, қанағат рахым) асық болуды уағыздайды. Яғни талап,
қанағат, рахым сияқты мәдениеттілік белгілерін жоғары бағалап, жеке тұлғаға
жеткізе ұсынады[12].
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш.Уалиханов (1835-1865 жж.) үш жүз жыл бойы
бірде бір ғалымның қазақ жұртында болмауы - өнерпаз, қабілетті халықтың
мәдениетіне жасалған қиянат деп көрсетіп, халықтың мәдениетін өркендету
үшін мектептер ашып, ұрпаққа ғылым үйретіп, білім беру қажет екендігін
дәлелдеді.
ХХ ғасырдың басында қазақ халқының рухани көсемі А.Байтұрсынов (1873-
1937 жж.) ұлттық мәдениетті дамыту үшін ұлттық ғылымның негізін қалап,
білім беру жүйесін жасады. Әліп-би (1911ж.), Тіл құралы (1913ж.) Қазақ
грамматикасы оқулықтарын жасады. М.Жұмабаев (1893-1938 жж.) Педагогика
оқулығын, Ж.Аймауытов (1889-1931 жж.) Психология оқулығын жазды.
Ұлттық мәдениеттің болмысы этнопедагогика ғылымында айқын көрінеді.
Этнопедагогика пәнін оқытудың негізгі бір мақсаты – ұлттық мәдени
мұралардың болмысын айқындап көрсетумен қатар, сол ұлттық мәдениетті
дамытудың қозғаушы күштерін дәлелдеп, оның тәрбиелік қолданылмалы
тәсілдерін бағдарлап көрсете білу болып табылады.
Халқымыздың сан ғасырлық ұрпақ тәрбиесі халықтың салт-дәстүрлері мен
ауыз әдебиеті үлгілеріне негізделгенімен, оның да өзіндік мақсат-мүдделері,
негізгі қағидалары, тәрбие әдістері, құралы мен құрамы, өзіндік мазмұны
бар.

Кесте №1.
Қазақ халықтық Мазмұндық қыры Тәрбиелік мәні
педагогикасының
құралдары
1. Халықтың Фольклорлық жанрлардың Халық ауызша
ауызша халықтың сан ғасырлық шығармашылығы бойында өз
шығармашылығы әдептілік тәжірибесін, халқына барынша
оның эстетикалық берілгендік, Отанға
ұғымдары мен мұраттарын сүйіспеншілік, оны
жинақтаған күрделі қорғауға әзірлік,
жүйесі. Халықтың ауызша еңбексүйгіштік, ақыл,
шығармашылығы қазақ дене күші мен
халқының тарихы өмірініңсергектігі, жақсы көру
түрлі оқиғаларын және әдемілікті жасай
бейнелейді. Оған жоғары білу ұштасқан жетік
көркемдік шеберлік тән, адамның жиынтық үлгісін
сан ғасырлар бойы бастанұсынады.
өткеннің бәріне халықтың
бағасын байқатады.
Халықтың ауызша
шығармашылығына мақалдар
мен мәтелдер, айтыс,
ертегілер, аңыздар,
жырлар дастандар,
хикаялар, әндер т.б.
жатады.
2. Дәстүрлер мен Традиция(дәстүр) латынДәстүрлер мен
әдет-ғұрыптар тілінен аударғанда әдет-ғұрыптар өмірді
ауысып беру дегенді философиялық тұрғыдан
білдіреді. Бұл белгілі пайымдауға жәрдемдеседі,
бір қоғамдық қағидалар, сананы қалыптастырады,
мінез-құлық ережелері, алдыңғы ұрпаққа құрметті
құндылықтар, идеялар, қалыптастырады, жалпы
әдет-ғұрыптар, адамзаттық,
жол-жоралар, т.б. Мәденирухани-адамгершілік
мұраның бөлшегі ретінде құндылықтарға жол
олар ұзақ уақыт бойы сілтейді. Олар қоғамдағы
ұрпақтан ұрпаққа мінез-құлықтың әдептілік
беріледі. Қазақтарда ережелерін меңгеруге
мынадай дәстүрлер мен көмектеседі.
жол-жоралар кең тараған:
балаға ат қою,
жасөспірімдер мен
қыздардың кәмелетке
толуы және некелету,
құда түсу, сүйек
жаңғырту, бесік құда,
отбасылық тұрмысқа
байланысты әдет-ғұрыптар
мен дәстүрлер,
жерлеу-еске алу
жол-жоралары, т.б.
3. Халықтық Ұлттық мейрамдар Жеке тұлғаның
мейрамдар мен мұсылман дінінің адамгершілік тазаруы,
серуендер ерекшеліктері болып сезім-жүйке саласының
табылады. Оларға мыналарқалыптасуы.
жатады: Ораза айт, Қайырымдылықтың,
Құрбан айт, Наурыз т.б. жомарттықтың,
Мейрам күндері жаңашырлықтың,
қайырымдылық жасау талаптүсіністіктің
етіледі. Адамдар жан қалыптасуы.
тыныштығын мазалағанның
бәрінен арылып, барлық
туған-туыстары мен
жақындарын еске алуы,
қызғаныш, ашу-ызаны
жүрегінен алыстауы
қажет.
4. Ұлттық ойындарҰлттық ойындар Ойындар арқылы адамның
көшпелілердің дүниетанымдене және ақыл-ой
ерекшеліктерін қабілеттері қалыптасқан.
бейнелеген. Кейде Ерік-жігер сапалары
ойындарда спорт, әскери шыңдалған.
дағдылар, діни ұғымдар,
сиқырлы әрекеттер
тәрізді шынайы өмірді
бейнелейтін құбылыстар
көрініс тапқан. Ойындар
тәрбиелік,
әскери-спорттық,
әдет-ғұрыптық,
сауықтық-эстетикалық
эәне басқа қоғамдық
қызмет атқарған. Ұлттық
ойындар арасынан
тоғызқұмалақты, аламан
бәйгені, сайысты,
аударыспақты, көкпар
тартуды, қазақша
күресті, т.б. атауға
болады.
5. Қазақ халқыныңҚазақ халқының тұрмысы Жеке тұлғаның сапалары:
тұрмысы: тұрғын оның жан дүниесін, ашық-жарқындық,
үй, ыдыс-аяқ жәнетарихын, әдет-ғұрыптары қонақ-жайлық,
үй жарақтары, мен дәстүрлерін еңбексүйгіштік, т.б.
киім-кешек, айнақатесіз бейнелейді.
қазақтың ұлттық Қазақтар тұрмыстық
тағамдары. заттарды, ыдыс-аяқты,
керек-жарақты негізінен
теріден, ағаштан және үй
жануарларының сүйегінен
әзірлеген. Тағамдары
ежелден өзіндік
технологиясымен
ерекшеленген. Қазақ
халқы қонақжайлығымен
әйгілі болған.

Ата-ананың тәлімі, өнегесімен ештеңе теңесе алмайды. Халқымыз
кезінде арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық орындары болмаса да өз
ұрпағын бесікте жатқан кезінен бастап-ақ өлең, жыр, ертегі, асыл сөздері
арқылы тәрбиелілікке баулыған. Қазақ халқы ұрпақ тәлім-тәрбиесінде өз
ұлтына тән, оның ұлттық тектілігін сақтайтын сәтті қағидалар мен ережелерді
дүниеге келтіріп, ұстаған.
Отбасында ұл мен қыздың тәлім-тәрбиесіне терең көңіл бөліп, Әкеге
қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер, - деп әке-шешенің бала тағдырына,
болашағына жауапкершілігін міндеттейді.
Кез келген халық немесе ұлт өзінің тек экономикалық, әлеуметтік даму
дәрежесімен ғана емес, сонымен қатар өмір сүру салтымен, тұрмысымен, тілі,
дәстүрімен, өзінің мәдени байлықтарымен, психологиясымен, мінез-құлық,
сезім, өзіндік сана ерекшеліктерімен дараланады. Соның ішінде ұлттық мінез-
құлықты қалыптастыру мәселесінің негізгі бастауы отбасынан басталады[13].
Қазақ халқының ұлттық мәдениеті – тарихи мәні бар өзіндік ерекшеліктері
бар құбылыс. Этнопедагогика – ұлттың мәдени мұрасы, тәрбие негіздері.
Белгілі ғалым А.Қасымжанов: Мәдени эмперикалық деректер мен айғақтарға
талдау жасай келе және ғылыми ілімдерге сүйене отырып, этномәдени уақыттың
рухани дүниетанымдағы (негізінен қазақ халқының) кезеңдерін (мифологиялық
ауқыт, архетиптік уақыт, өркениеттік уақыт, дәстүрлік уақыт, инновациялық
уақыт) ғылыми түрде айқындап көрсетеді. Ағартушылық – қазақ халқының XIX
ғасырдағы рухани мәдениетінің маңызды бөлігі болып табылады-дейді.
Ұлттық мәдениеттің даму кезеңдерінің қай дәуірін алсақ та, ол халықтың
ұлттық (халықтық) педагогикасымен сабақтасып жатқанын көреміз. Ұлттық
мәдениет ұлттық тәрбие арқылы қалыптасады. Ал, тәрбие дүниетаныммен, өмір
заңдылықтарымен (философиямен) тығыз байланысты.
Қазақтың ұлттық тәрбие негіздері (халық педагогикасы) ең әуелі
дүниетанытуды, содан кейін тәрбиелеуді, ол үшін өмір заңдылықтарын үйретуді
көздейді.
Қазақтың халық педагогикасының үлкен бір саласы ауыз әдебиеті (жалпы
әдебиет) – ұрпақты адамгершілікке, еңбекке, әсемдікті сезуге, тіл
мәдениетіне құштарландыра тәрбиелейтін құдіретті құрал. Оның тәрбиелік
кеңістігі мен қуаттылығы тарихи кезеңдер мен уақыттарға байланысты
өлшенеді.
Мәдениеттің өмірдегі көрінісі – ұлттық тәрбиенің жемісі. Әдебиет –
тәрбиенің (мәдениеттілікке тәрбиелеудің) басты құралы болып табылады. Кез
келген әдеби шығарманың эстетикалық (көркемдік) мәні тәрбиеленушінің
этикасы мен этникасын (әдебін) қалыптастыруға себін тигізеді, әсер беріп,
адамдығын қалыптастырады.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен
несі бар деп, халық кісілік – мәдениеттілікті көрсететінін, кісілікті
нағыз кісіден үйрену керек екендігін мақамдап-мақалдап айтады. Мақал-
мәтелдер мен шешендік сөздер – ұлттық мәдениеттің пешенелі белгілері Мың
шыж-быждан бір сіз-біз артық деп халық сыйласым – ұлттық мәдениеттің
негізгі тірегі екендігін уағыздайды.
Табиғат тамашаларын жырлап, экологиялық тәрбиеге басым көңіл аударатын
тақпақтар (балалар жырлары), әділдікті, әсемдікті жырлайтын ойын өлеңдер,
әріптестердің әдептілігін, мәдени деңгейін көрсететін айтыс өлеңдер,
әдептілікті (адамгершілікті) уағыздайтын термелер ерекше қызық оқиғаларға
құрылып, әдет-ғұрып, салт-санадағы әдепті көрсететін ертегілер, ұлағаттылық
пен ұлылықты, яғни мәдениеттіліктің шығар шыңын көрсететін аңыз әңгімелер,
әдемілікті, әсемдікті бейнелейтін әзілдер бәрі-бәрі ұлттық мәдениеттің
этнопедагогикасымен өзектесіп келе жатқан өз ерекшеліктері, яғни ауыз
әдебиеті (оны көркем әдебиетпен ұштастырып пайдаланамыз) ұлттық мәдениеттің
дамып, қалыптасуына әсер ететін бірден-бір рухани мұрамыз болып табылады.
Ұлттық мінез дегеннің нақты тарихи, экономикалық, мәдени және табиғи
жағдайында белгілі бір әлеуметтік этникалық таптың дамуында оған тән
өзіндік психологиялық белгілерінің жиынтығы.
Шығыстың ұлы ойшылы Әл Фараби: Жақсы мінез-құлық пен ақыл күші болып,
екеуі ғана бақытқа жетіп, адамгершілік қасиетке ие болмақ, - десе Махмуд
Қашғари: Атасынан адал қалса, тентек ұл да түзелер, - деп мінездің өмір
тәжірибесінде қалыптасатыны жайлы үлкен ой тастаған. Қазақ отбасында ұлттық
мінез-құлықты бала бойына дарыту негізінен әдептілікке үйретуден басталып,
әдепті болуды балаға міндет етіп қойған.
Әке-шеше баласын қайырымды, мейірімді, тіл алғыш, елгезек, адал, шыншыл
болуға, ата-анаға үлкенді сыйлауға, құрметтеу, орынсыз сөйлемеу, тіл
тигізбеу, т.б. қасиеттерді бойына сіңіріп өсуіне ерекше мән берген.
Ересек адамдар жеке бастарының өнегесімен балалардың бойына осындай
сезімдерді, азаматтық парызды ұялата білсе, ұнамсыз жайларға бой
алдырмауына жол берілмеуі анық. Өйткені, күнделікті тіршіліктегі кездесетін
кейбір жағымсыз көріністер ықпалы бала бойына мінез болып қалыптасуы да
ықтимал. Сол себепті отбасында әке-шеше өздерінің ұнамды өмірлік
тәжірибелерін ұл-қыздарына ұғындыруы мінез-құлықтың оңды қалыптасуының
негізгі түйіні болмақ.
Артында қызы бардың, көзі бар, ұлы бардың өзі бар, - демекші осындай
асыл ұғымдарды терең зерделей білуіміз керек.
Мінез-құлық адам баласына сай қалыптасатыны – тарихи шындық.
Ұшы-қиырсыз жазира дала тұрғындары өздерінің сан ғасырлар бойы
тарихында жас ұрпаққа тәрбие берудің бай тәжірибесін жинақтап, ұлттың
өзіндік салт-сана мен әдет-ғұрып, дәстүр рәсімдерін туғызды, тәлім-тәрбие
берудің айрықша талап-тілектерін дүниеге әкелді[14].

1.2. Халықтық дәстүрлердің тарихи танымдық сипаты

Бала тәрбиесіндегі ең негізгі тірек бұл халықтық педагогиканың бай
мұрасы деп есептейміз. Осыған орай жас ұрпақтың бойында халықтың
педагогиканың озық дәстүрлері арқылы адамгершілік қасиет саналарды
қалыптастыруда мүмкіндік жасайтынын дәлелделеді.
Балалардың жас ерекшелерін еске алу негізгі қағида болып есептеледі.
Мұнда ең алдымен балалардың адамгершілік сезімі мен адамгершілік дағдысына
ерекше мән бердік.
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшелігін ескере отырып,
балаларға адамгершілік тәрбие беруде негізгі жолы халықтық педагогиканың
озық дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру болып табылады. Осыдан баланың
өзі жолдастары мен құрбыларымен және ересек адамдармен қарым-қатынас
жасауда халықтық дәстүр негізінде әрі әсерлі, балалардың көңіл-күйін
туғызатын қызықты іс-әрекеттерді педагогикалық, психологиялық талаптарға
сай ұйымдастырылуы қажет. Тәрбие үрдісі үнемі білім берушілік негізінде
жүріп отыру керек. Халық дәстүрінің бала ұғымына сай жүйесін іріктеп
оқуға берілген тапсырмалардың орындалуына нақтылы талап қоя білуі қажет.
Бала тәрбиесі қай халықты, қай ғасырда болмасын толғандырған.
Халықтың озық дәстүлері туралы жинақталған материалдарға адамгершілік
саналар тұрғысынан балаларды жағымды іс-әрекеттерге қызықтыратындай жанды
кейіпкерлердің бейнесіне еліктейтіндей, мысалдар мен мазмұндарға
педагогикалық талдау жасалды. Жоғарыдағы талданған материалдарды
балаларға адамгершілік тәрбиесін беруде халықтық педагогиканың озық
дәстүрлерін пайдалануды тиімді жүргізу үшін арнайы педагогикалық бағдарлама
жасалды.
Бағдарлама жасау барысында соңғы жылдарда халыққа білім беру
минситрлігінің бекіткен бірнеше тұжырымдамалары мен бағдарламаларына
сүйенеді.
Сонымен қатар халықтық педагогика мәселесімен арнайы шұғылданып,
зерттеу жұмысын жүргізіп жүрген ғалым педагог, психологтардың еңбектеріне
талдау жасалды. Мәселен, педагогика ғылымының кандидаты С.Қалиев ”Халық
педагогикасының ауыз әдебиетіндегі көрінісі” атты монографиялық еңбегінде
ақыл-ой тәрбиесі, еңбек дене, өнер тәрбиесі адамгершілік тәрбиесінде халық
дәстүрлерінің алатын орнына, оның мазмұнына және кейбір қағидаларға, жүзеге
асырылатын жолдарына ғылыми-әдістемелік тұрғыдан тоқталған.
Халық педагогикасын насихаттауға және оны іс жүзінде ұйытқы болған
Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметова ”Кәусар бұлақ” бағдарламасында
қарастырылды. Бұл бағдарлама негізінен мектеп табалдырығын жаңа аттаған 1
сынып оқушыларынан басталып 11 жыл бойы жүргізілетін жұмыстар жалпы
көрсетілген [15].
Халықтық педагогиканың озық дәстүрлері арқылы мектеп оқушыларын
адамгершілікке тәрбиелеуде адамгершілік саналардың ішінен ең құнды,
құдіретті қасиеттерді адамгершілік бағдарламасына іріктеп ендірді.
Олар мыналар: ақыл-ой сана, еңбек Отанына, халқына, жалпы адамзатқа,
табиғатына сүйіспеншілік, елжандылық, ар-ождан, ізеттілік, ата-анаға,
өзінің жақын туыстарына мейірімділік, бауырмалдық, кеңпейілділік. Жас
ұрпақтың бойында қалыптасатын ең құнды қасиеттерді тәрбиелеуде бәріне
тірек болатын гуманизм (ізгілік) идеясын негізге алды.
Бұл бағдарлама жас ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеуде халықтық
педагогиканы пайдаланудың ғылыми педагогикалық, психологиялық негізі
Р.Төлеубекова ”Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика” еңбегінде
айқындалады[16].

Халқымыз кезінде арнайы бала тәрбиесімен айналысатын қоғамдық
орындары болмаса да, өз ұрпақтарын бесікте жатқаннан бастап ертегі, өлең,
жыр, асыл сөздері арқылы тәрбиелікке баулыған. Өз ұлтына тән тектілігін
сақтайтын сәтті қағидалар мен ережелерді дүниеге келтіріп, ұстанғаны
белгілі.
Отбасындағы ұл мен қыздың тәлім-тәрбиесіне терең көңіл бөліп, ”Әкеге
қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер” деп, әке-шешенің бала тағдырына,
болашағына жауапкершілігін міндеттейді.
Ұлы жазушы М.Әуезовтің ”Ел боламын десең, бесігіңді түзе” деген
кемеңгерлік тұжырымы тәрбиенің негізі отбасында қалыптасатынын тағы бір
дәлелі. Иманды ұл мен инабатты қыз қайдан шығады? Әрине, ұшқан ұясынан,
ата-ана және ұлағатты ұстаз тәрбиесінен қанаттанып ұшады. Қазақта ”Баланы
жастан...? ”, ”Құс ұяда нені көрсе, ұшқанда соны іледі” деген үлгі аларлық
сөздер аз емес. Осы мәйегі мол сөздерден де халық педагогикасының нышаны
аңғарылмай ма?.
Бала қызығуын арттыру үшін сабақты ойын-сайыс түрінде өткізуге
болады. Мұндай сабақ түрлері баланы ата-баба дәстүрін жаңа өмірге
жалғастыруға, тарихымызды тереңірек біліп, оны қастерлеуге үйретеді.
Халқымыздың жақсы қасиеттерінің бірі - қонақжайлылығы. Орыс ғалымы
Левшин. ”Қазақтар үшін меймандостық – қастерлі заң” деп, қазақтың
қонақжайлық дәстүрін мадақтайды.
Тағы бір өз ұлтымызға тән ерекшелік – үлкенді сыйлау құрметтеу. Осы
жайында дат ғалымы Э.С.Вульфсом ”Қазақтар” деген очеркінде: ”Осы халықта
қарттар – үлкен ұстаз” деп дұрыс қорытынды жасайды.
Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың кісіменен
несі бар деп, халық кісілік – мәдениеттілікті көрсететінін, кісілікті
нағыз кісіден үйрену керек екендігін мақамдап-мақалдап айтады. Мақал-
мәтелдер мен шешендік сөздер – ұлттық мәдениеттің пешенелі белгілері Мың
шыж-быждан бір сіз-біз артық деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықтық педагогиканың үздік дәстүрлері арқылы адамгершілік тәрбие беру
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ АУЫЗ ӘДЕБИЕТІНІҢ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕРІНІҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ
Оқушыларға еңбек және дене тәрбиеін беруде халық педагогикасының озық үлгілерін пайдаланудың педагогикалық – психологиялық сипаты
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогика материалдарын пайдалану жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының тілін дамытуда этнопедагогикалық материалдарды пайдалану
Бастауыш мектеп оқушыларының көркемдік талғамын қалыптастырудағы дәстүрлі сәндік-қолданбалы өнердің мәні мен маңызы
Қазақ халық педагогикасының дәстүрлері туралы түсінік
Ана тілі сабақтарында кіші мектеп жасындағы оқушылардың қазіргі тәрбиесіндегі қазақ халық педагогикасының озық дәстүрлерін қолдану
Қазақта Баланы жастан
Тәрбие жөніндегі пед
Пәндер