Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму мәселесі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 42 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе

1.Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму
мәселесі.

1.1.Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іскерлігінің теориялық мәселелері.

1.2.Оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуындағы жергілікті жер
материалдарын пайдалану мүмкіндіктері

2.Дүниетану пәнініде жергілікті жер материалдарын тиімді пайдаланудың
әдістемесі

2.1.Бастауыш сынып оқушыларына өлкетану материалын пайдаланудың маңызы

2.2.Дүниетану пәнінде өлкетану материалдарын пайдалану жолдары.

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі: Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы әлеуметтік
өзгерістерге қарамай қоғамдық өмірдің барлық жақтарын жаңалау өте баяу
өтуде.Ал оның өсіп келе жатқан ұрпаққа деген әсері көбіне негативті болып
отыр.Қоғам алдында негізінен мынадай мәселе қойылып тұр:ол оқушылардың
танымдық іскерлігімен тәрбиелеу процесін белсендіру. Сондай-ақ оның жаңа
дәрежесін сапалы ету керек және ықыласын арттыруға шығармашылық, көптеген
адамдық дарындылығын көрсету үшін жағдай жасау керек. Бұл мәселені шешуде
оқушылардың өлкетануының мүмкіндіктері өте үлкен. Балалар саяхаты мектеп
және мектептен тыс мекемелердің өміріндегі ең жарқын бір көрінісі.
Өлкетану іскерлігі дегеніміз – бұл тұлғаны барлық жақтан дамытудағы
комплексті амал. Ол әдістер мен түрлердің әртүрлілігін өзіне қосады және
біріктіреді. Ал ол болса,өсіп келе жатқан тұлғаны қалыптастырады.
Өлкетану іскерлігінің негізгі ерекшелігі табиғи әлемде өзіндік тануға
болысады. Педагогикалық дұрыс орта мен әлеуметтік ортаны тануға және
оқушыларды оны қоршаған ұйымдастырылған өлкетану іскерлігі балаларды
өздерінің туған өлкелерін белсенді түрде тануға бағыттайды. Сондай-ақ сол
өлкенің табиғи байлықтарын, мәдениеті мен тарихын да тануға мүмкіндік
береді.
Біздің қоғамда болып жатқан тұрақты әлеуметтік, экономикалық өзгеріс
кезеңінде педагогикалық мәселелерді дамыту кезіндегі жетістіктер, яғни
өлкетанулық іскерлігінің амалдарымен тұлғаның белсенді түрдегі танымдылығын
дамыту тұрақты танымдық қызығушылықтың және қажеттіліктің тууына
көмектеседі. Ол барлық жақтан дамыған тұлғаның және оқушылардың
шығармашылық танымдығының қалыптасуына әсер етеді. Жоғарыда
айтылғандардың барлығы бастауыш мектептерде дүниетану сабағында жергілікті
жер материалдарын пайдаланудың маңызы атты тақырыпты анықтауға мүмкіндік
береді.

Зерттеудің обьектісі:Оқушылардың өлкетанулық іскерлігі. Бастауыш сынып
оқушыларымен атқарылатын өлкетану жұмысын жүргізу процесі.

Зерттеу пәні:Бастауыш сынып оқушыларына арналған өлкетану жұмысындағы оқу
тәрбие процесі.

Зерттеудің мақсаты:бастауыш сынып оқушылары мен өлкетану жұмысында
орындалатын жұмыстар әдістемесін жетілдіру.

Зерттеудің міндеттері:

1. Өлкетану жұмысы амалдары мен оқушылардың танымдық жолдарын
анықтау.
2. Оқушылардың танымдық белсенділігін дамытудың педагогикалық
психологиялық мәселесін қарастыру.
3. Оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуына өлкетану
материалдарының мүмкіндіктерін анықтау
4. Оқушылардың танымдығын дамытуда әдістемелік жолдарын қарастыру.

Зерттеудің әдістері:

-Зерттеудің негізгі бағытын анықтауда және ғылымдағы мәселелердің
жағдайын айқындау мақсатында психология-педагогикалық әдебиеттердің
талдауларын зерттеу.

-Мектептен тыс мекемелерде, мектептерде орындалған педагогикалық
жұмыстардағы іс-тәжірибиесінің негіздерін және оқушылар ұжымындағы
педагогикалық тәжірибиені ғылыми ұғынудағы мақсатты өткенді шолуға талдау
жасау.

-Сауалнама өткізу, сұрау, жеке сұқбаттасу, берілгендерді статистикалық
өңдеу әдісі, құжаттық қайнарларды зерттеу, педагогикалық бақылау әдістері,
сараптама әдістемесі,теориялық модельдеу және тәжірибие эксперименттік
тексеру.

Зерттеудің әдістемелік негізі болып, тұлғаның әлеуметтік іскерлігінің
маңызы туралы ғылыми дәреженің бірігуі болады. Зерттеудің әдістемелік
негізіне жеке психологиялық артықшылықтар, тұлғаны тәрбиелеудегі табиғат
пен әлеуметтік ортаның ролі және тұлғаны дамытуда оның рухани дамуындағы
процестер белсенді іскерлігі алынады. Бұл өзіміздің зерттеулерімізді
Л.С.Выгодскийдің, С.Л.Рубенштейннің, А.В.Петровскийдің, А.Н.Льеонтеваның,
Л.В.Зинкованың, Л.И.Божовичтің және т.б. психологтардың жұмыстарына
сүйендік. Оқушылардың тұлғасының қажетілігі мен бейімділігіне және
дүниетанымына жан-жақты дамыту үшін өлкетанудың әсерін, оның педагогикалық
әсерін және жалпы білім беру мектептері үшін өлкетанулық іскерлігінің
жүйесін құрастырған А.А. Остап-Свешниокваның жұмыстары біздің
зерттеулеріміздің теория- әдістемелік және әдістемелік негізі болып
есептеледі. А.А.Остап-Свешникова оқушылардың өлкетану методологиясы мен
концепциясын құрастырды. Олар өздерінің Отанындағы әртүрлі өлкелерден
бастап өзінің туған өлкесіне дейінгі қоршаған әлемді меңгеру үшін
комплекстік түсініктемені енгізіп, және де оған мінездеме беріп, оған
өлкетанулық іскерлігінің дәрежелік түсініктемесін берді.
Оқушылардың өлкетану іскерлігіне қатысуы тұлғаның қажеттілігі мен
бейімділігін, танымдық қызығушылығын дамыту үшін қолайлы шарттарды
туғызады. Психологтар адамның фундаментальдық қажеттіліктерінің бірі болып
жаңалыққа деген қажеттілік болып табылады деген пікір айтқан. Сондай-ақ ол
қажеттілікке жаңа әсер, жаңа білімді алуға деген де жатады.Өлкетану
іскерлігі көбіне оқушылардың барлық қажеттілігін қанғаттандырады. Қоғамда
болып жатқан әлеуметтік өзгеріс мектептерді қоғамдық өмірден тыс
қалдырмайды. Экономикалық қатынастардың жаңа түрлеріне өту, пайда болып
жатқан бәсекелестік күрес қоғамның жартысының баюға масаттануы кейде кез-
келген әдісті пайдалануға оқушылардың жартысында эгоистік қызығушылығының
қалыптасуына әсер етеді. Қазіргі кезде кинотеатр экраны, теледидарлар
Отандық және шетелдік фильмдері жақсы емес үлгілерге толы. Ал бұлардың бәрі
балалардың мінез-құлқына кері әсер етеді. Сонымен қатар рухани байлықтарға
қайта оралу, ұлттық мәдениеттің ролі өсіп, өз халқының дәстүрін тану және
біздің қоғамымыздың тарихи өмірін қайта қарау болып жатыр. Көбінесе
өзгеріс халықтық білімде пайда болуда. Жаңа түрдегі ұйымдастырушылық
мекемелер пайда болуда. Олар жекеменшік мектептер, лицейлер, гимназиялар,
колледждер. Бағдарламалар өзгеріп, педагогтың шығармашылығына кеңшілік
беріледі. Қазіргі кезде мәдениетті мінез-құлықтық тұлғаны қалыптастыру
процесін дамыту үшін оқушыларды шынықтыру және қоршаған ортаны таныстырумен
біріктіріп тәрбиелеу керек. Ол үшін өлкетанулық іскерлігіндегі бағдарламада
жаңа моделдерді құрастыру керек. Бұл жердегі басты ролді өлкетанулық
іскерлігі әлемді тану мүмкіндіктеріне қатысты.
Бірақ өлкетану іскерлігінің оқушылардың дамуы мен белсенді танымдығын
ұйымдастыруда үлкен мүмкіндіктеріне қарамай оның потенциалы жеткілікті
кеңдікте қолданылмайды. Бұл өлкетанулық іскерліктегі ғылыми методикалық
әлсіздікпен және танымдық дамудағы мәселелерді педагогикалық тұрғыда
жетілдірілуімен түсіндіріледі. Оқыту процесіндегі шәкірттердің танымдық
дамудағы мәселелері және тәрбиелеуде педагогикалық ғылымдардың жұмыстарында
көп жоспарлы жарықтандыру алды. Олар: К.Д.Ушинский, С.Т.Шацкий,
П.П.Блонский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, И.Я.Лернер, М.А.Данилова,
В.П.Есипова, М.Н.Скаткина, Г.Н.Филонова, Б.Т.Лихочев, В.Н.Кортова және т.б.
С.Т.Шацкий бірінші рет іс-тәжірибесінде өлкетанулық саяхатты комплексті
қолданды. Бұл комплекс танымдық мақсатта ұйымдастырылған. Біздің
зерттеуіміз үшін өлкетанымдық іскерлігімен байланысты жұмыстардың барлығы
үлкен мағыналы болып есептеледі. Біздің зерттеулеріміз үшін А.А. Остап-
Свешниковалардың жұмыстарының маңызы өте зор. Олар методологияны,
концепциялы, өлкетанулық іскерлігінің педагогикалық негізін құрастырады.
Бірақ та жоғарыда аталып өткен зерттеулеріміздің біреуі де, өлкетанулық
әртүрлі түрдегі және циклдағы өлкетанулық іскерлігінің оқушылар үшін әсері
қандай болатынын, зерттеу және танымдықты дамытудағы өздеріне мақсат еткен
жоқ болатын.

Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, екі тараудан (әр бөлімде екі
парагрофтан), қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1-тарау. Өлкетану іскерлігіндегі оқушылардың танымдық белсенділігінің даму
мәселесі

1.1.Бастауыш сынып оқушыларының өлкетану іскерлігінің теориялық мәселелері.

Қазіргі заманғы Өлкетану іскерлігі ұзақ тарихи дамуының өнімі.
Адамзаттың қоршаған ортаны тану процесі географиялық ашылулар мен саяхат
жасауына байланысты болады. Ежелгі заманда айырбас және халықтар арасындағы
сауда байланысының дамуы елдің, ондағы халықтың және олардың саяхат
дәстүрлері туралы дәл анық мәліметтердің болуын талап етеді. Ежелгі
ғалымдар Геродот, Пифей, Старобон, Клавдий, Пталомей және т.б. ұрпақтарына
әртүрлі елдер жайында көптеген мәліметтер қалдырған, сонымен қатар олар
адам баласының қоршаған әлем туралы тану сауатының кеңеюіне үлкен үлес
қосқан. Өздері көрген елдердің, теңіздердің, материктердің, халықтар туралы
толық суреттемелерді орта ғасыр саяхатшылары Афанасий Никитин, Марко Поло
Кристофор Колумб және т.б. қалдырған.
Ұлы географиялық ашылулар саяхатшылардың суреттеулері жер өтушілер,
теңіз жүзушілері әлемді меңгеру мен тануға үлкен әсерін тигізген.
Саяхатшылардың мың жылдық тарихынан, географиялық ашылуынан, жаңа жерлерді
меңгеруден көптеген ғылыми аймақтану материалдары, күнделіктері, есептері
жинақталған. Бұлардың барлығы әртүрлі өмір жолдарында адамзат білімінің
толықтырылуында қосқан үлесі есепсіз. Адамдарда басқа географиялық
аймақтардың табиғатын, басқа елдерді, сол елдегі халықтардың өмірін өз
көзімен көріп танысуға деген талпыныстары туындайды. Осының барлығы саяхат
жасаудың ерекше түрі туризм және экскурсияның пайда болуына себепкер болды.
Ол географтар, тарихшылар, теңіз жүзушілер, зерттеушілер, іскер әлем
өкілдерінің іске асырған саяхаттар және ашылулар негізінде дамыды. Өйткені
олар өздерінің ғылыми ізденістерін, бақылауларын, сипаттамаларын, әдеби,
географиялық және тарихи материалдардан, есептері мен күнделіктерінен
жинақтап және оны қазіргі ұлттардың тарихи мұрасы етті.
Қайта өрлеу дәуірінің адал педагогтары және ойшылдары Хуан Луис Вивес,
Дзигереш Эразм Роттердамский, Томос Мор, Мишель Де Монтеньдер өз
еңбектерінде туристік-аймақтану іскерлігінің ерекше элементтерінің негізін
салған. Алғашқы серуендер таныстыру экскурсиялары, жастардың жасау
сапарлары өткізіле бастады.
Атақты чех педагогы Ян Амос Коменский балалардың бос уақытын
ұйымдастыру және оларды ұтымды пайдалануға көп көңіл бөлген. Оның іс-
әректінің диапазонына балалардың өздерінің қызығушылық танытқан саласына
сабақтар, таныстыру экскурсиясын өткізген. Іс-қимыл ойындары бар сауықтыру
серуендері және гимнастикалық жаттығулар, театрларда шығармашылық сабақтар
және түрлі ролдік ойындар жүргізіп отыру кірген. Я. А. Коменский балалармен
тәрбие, білім беру, сауықтыру жұмыстарын комплекстеудің іргесін қалаған,
бұл жұмыстар туристік аймақтану іскерлігіне тән жұмыстар.
Аймақтану іскерлігін теориялық негіздеу үшін К.Д. Ушинский
еңбектерініңүлкен маңызы болды. Ол бастауыш сыныптарының оқуына арналған
жергілікті элементке елеулі орын бөлген. К.Д. Ушинский мектеп
географиясын жергілікті жерінен бастауды ұсынған.
Осы идеялар арқасында Ресейде аймақтану принципіне негізделген
география оқулықтары шыға бастады. Табиғи экскурсиялардың маңыздылған
ескере отырып, ол былай деді: табиғат логикасы ең тез меңгеріледі және
балалар үшін әрі пайдалы логика.
Ресейдің ең жақсы педагогтары, методистері оқушылармен экскурсия,
аймақтану жұмыстарының сұрақтарымен жұмыс істеді. А.Я. Герд табиғаттану
ғылымы ретінде қаралуының негізін салушы табиғатты үйренуде арнайы
сабақтарға көп көңіл бөлген. Онда олар табиғат объектілерін оқып үйреніп,
табиғатты экскурсияға шығып отыруға байланысты болған. Д.Д. Семенов К.Д.
Ушинский ісін жалғастырушы Географияның бастапқы курсы бастауыш
сыныптарға отанын танудан бастап оқыту керек - деп ойлаған. Бұл дегеніміз
географияны үйренуді балалар өздері тұратын жерінен бастау керек дегені,
сонда олар табиғатты, аймақтарды тек оқып, картадан көріп келсе, өздері
күндклікті көріп, кездескен құбылыстарды бақылау, өздігінен қызығып
зерттеуіненматериалды жақсы меңгереді деген сөз. Осылайща Д.Д. Семенов
қазіргі заманғы аймақтанудың негізін салущшы болған. Орман институтының
профессоры Д.Н. Кайгородов табиғи объектілерді өзара байланысымен мезгілі
бойынша және тнк қана табиғатқа экскурсияға шығу арқылы үйренуді ұсынған.
Танымал орыс ғалымы П.Ф. Капкеров Дидактикалық очерктерінде жазған:
күмәнсіз, оқу серунедері мен білім беру саяхаттары тәрбиелеудің қажетті де
керекті элементі болатын уақыт келеді, сонда адам баласы өзінің отанын жан-
жақты білмесе ол толык сауаты бар адам болып есептелмейді. Болашақта оқу
тәрбиелік тұрғыда жер шарын айналып саяхат жасау жалпы білім берудің
маңызды элементі болады деп қорықпай күмәнсіз ой айта аламыз.
Клубтар, туристер одағы өздерінің іс-әрекеттерінің жан-жақтылығына
қарамстан және көбінесе элитарлы сипатта болғандықтан туризм мен
аймақтанудың оқушылар арасында кең құлаш жаюына үлкенм үлес қосты. Көптеген
мектептерде гимназияларда, коммерцмялық училищелерде, кадеттік корпустарда
экскурсияны білім беру, таныстыру, тәрбиелеу мақсатында пайдаланатын болды.
Бұл қысқаша мәліметтерден аймақтану іскерлігінің революцияға дейінгі
жағдайын көріп, одан сол уақыттағы Ресейдің көрнекті ғалымдары,
педагогтары, методистері оқушылардың аймақтану, экскурсиялық істермен көп
щұғылдануына көп шұғылдануына көп көңіл бөлгенін аңғарамыз. Олар батыс
педагогтарының идеяларын ұстанып оларды дамытып, байытып, оны оқу
тәрбиесіне оқушылардың танысу серуендері, экскурсиялары, сапалары,
табиғатқа саяхаттары сияқты істерімен жүзеге асырған. Бірақ та бұл
аймақтану, экскурсиялық іскерлік жалпыға емес, тек қалталылардың ғана
қолында болып қояды. Халықтың негізгі басым көпшілігіне ол қол жетпес
болды.
Аймақтану іскерлігінің мектен тыс дамуына 20-шы ғасыр басында
Ұлыбританида пайда болған Пласт деген атаққа ие болды. Пласт бұл
Украина жастарын жан-жақты патриоттық тәрбиелеу ұйымы. Бұл атау жеміс мол
берушіқабат- Пласт топырақ, онда еркіндік пен туған елінің тәуелсіздігі
бекіп өсіп шығады деген мағынада қойылған. Запорож казактарында Пластундар
деп шекаралас батпақтард жауларды аңдитын барлаушыларды атаған.
Пласт Уставта, былай делінген – бұл балауса жоспардың өз еркімен
құрған ұйымы. Оның мақсаты жан-жақты дамыған, құдай, халық, отан алдында
жауапты адам тәрбиелеу. Пласт мектептен тыс, жалпылай таралуға
ұмтылмайды, сондықтан ол бір жағынан келемін деушілерге әрқашан есік ашық
болғанамен элитарлы ұйым Скаутингке оқу және тәрбие, ойын, спорт, рухани
байытылуымен іске асырылады. Скауттарды тәрбиелеудің патрульді өзіне өзі
бар болмайды, ол адамдарғ көмек көрсету үшін, яғни күнделікті іс атқару
идеясына айналады. Тәрбиелеу мақсатына скауттардың заңдары, дәстүрлері,
міндеттері кіреді. Скауттар жүйесі өздеріне рухани, физикалық және
патриоттық тәрбиені кіргізеді. Оларға тарихты, дәстүрді, өз халқының
мәдениетін білу, өзінің аймағында саяхат жасау, басқа лагерлерге барып
жорықтар, ойындар өткізу, жолдастық кездесулер және мейрамдар өткізу
кіреді. Скауттарды тәрбиелеу – бұл логикалық реттелген психологиялық,
физикалық және эмоционалдық балаларға әсер ету жүйесі. Бірақ скаутинг өзі –
бұл ойын; қызықты эмоционалдық ойын; жоспарды ересек өмірге даярлайтын
ойын.
Скауттық қозғалыс туыла бастағанда ондағы ерекше орын туризмге, жнңіл
палаткалы лагерлерге, жергілікті орында практикалық сабақтарға берілетін
ориентир алу, от жағу, өзіне баспана соғу – осының бәрін скаут міндетті
түрде білу қажет болатын 20-шы 30-шы жылдары кейде скаутинг балаларға
жазғы лагерлер ұйымдастыратын. өзінің кезегінде 80-щі жылдардың соңында
қайта пайда болған скауттық қозғалыс өз іс-әрекетінде көбінесе – аймақтану
формасы мен жастармен жұмыс істеу әдісіне бағытталған. Лъвовтық Пласта
ұйымының болашақ инструктор – жол көрсеткіштерін кіші ғылыми академия
мүшелерінен таңдаған.

Пластада балалармен жұмыс істеу үшін олар Карпат тауларында көп
километрлік сапарларға шығып, катамарандарда жайсыз, черемуштан жүзіп өту
керек және туристік білімі мен іскерлігін көрсетіп сынаудан өтетін болған.
Осылайша балалармен турситік жұмыс скауттық қозғалыстың көптеген
формалары мен тәсілдерін алып, оларды әрі қрай дамытып скаутизмнің жақсы
идеяларын өзіне алды.
Революцияның бірінші жылынын-ақ оқушылармен өлкетану, экскурсиондық
іскерлік мақсаттарын айқындап қойды: отанын қорғауға дайындау,елдің
халықтық-әлеуметтік және экономикалық өмірін оқып үйрену. Кеңес укіметінің
бірінші жылдарынан бастап өлкетану іскерлігі жалпы әлеуметтік құбылысқа
айнала бастады, бірақ авторитарлық, тотаритарлық режим тарапынан бұл
процесс ұзаққа срзылды. Бірақ 1922 жылды елдің ауып экономикалық жағдайына
байланысты еөптеген станцмялар қысқартылып, соңынан экскурсиялық секциялар
өз тіршіліктерін тоқтатады. Бұл елде оқушылар мен өлкетану экскурсиялық
жұмыс жағынан ауыр соққы болды. Бірақ осының барлығына қарамастан, марксизм-
ленинизм дөрекілігіне қарамай, алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе өсіп
келе жатқан ұрпақтың жан-жақты даму мақсатында өлкнтанудың жаңа үлгілерін
ұсынды.
Өлкетану іскерлігінің комплексті мәнін бағалаған бірінші педагогтардың
бірі С.Т. Шацский болды. В.Н. Шацскаяның естеліктері бойынша Бодрая жизнь
мектеп колониялық өміріндегі көп орын 20-шы жылдары ұзақ экскурсиялардан
құралған. Бұл Шацский тарапынан колонистердің жан-жақты дамуының тәсілі деп
түсіндірілетін. 1921 жылы С.Т. Шацский елдің солтүстігі Архангельск пен
Пинегаға сапар ұйымдастырған. Жол жөнекей колонистер Мәскеуден бастап-ақ
теңізге дейінгі табиғи зоналармен танысқан.
Балалар азамат соғысының қатаңдаығын және жан түршігерлік жайттарын
жолда кездестіріп, сол кезден қалған өшпен іздерден көріп танысты. Сонымен
бірге естен кетпес Солтүстіктің пейзажымен, ақ күндерімен,
Солтүстіктегілердің тұрмыс салттарымен олардың рухани жақсылықтары үлкен
ағарту мәні ғана емес, сонымен қатар балалардың эстетикалық дакмуына үлкен
үлес қосты. Бір жылдан кейін колонистер Кавказдағы Қара теңіз жағалауында
экскурсияларын өткізді. Сондай-ақ колонистер Красная полянаға үш күндік
жаяу таудан сапар жасаған. Отаршылар Сочидегі балалар үйлерінің бірінде
қонқ болып, онда бірігіп экскурсиялардың бірнешеуін жүргізді. Олар жүзу мен
ойындардан жарысты.
Ерекше отаршылдардың есте қалғаны соңғы экскурсия, Шацскийдің
ұйымдастыруымен болған Сергек өмір мектеп-колониясының 10 жылдығына
арналған. Біз Цес мұздағына бардық, әскери-Осетин жолынжаяу шолып шықтық,
қырлы боранда Мамисон асуында түнеп шықтық, Кутансинде болдық, Гигвибули
руднигінде болдық, сол жақтан пойызбен Батумиге келдік. Шацский қатысқан
экскурсиялардан басқа колония мектептерде ұзақ экскурсиялар жүргізілді.
Наркомпрос эксбюроның жолдамаларымен түрлі тақырыптарға арналған мектептегі
жеке пәндерді зерттеу, көркем-өнер, қоғамтану, саяси-идеялар тәрбиелеумен
байланысты. Бұл саяхаттар коллективтв өте белсенділікке шақырады,
балалардың ой-өрісін дамытады.
Қазіргі заманның өлшемдерімен Щацскийдің ұзақ саяхаттары – бұл
өлкетану экспедициялары, біздің елдің шет шетімен таныстырумен байланысты.
Ол саяхаттар қазіргі заманның өлкетану саяхаттарына үлгі болды. 20-шы
жылдардың соңында тәжірибелік жұмыс формасымен қатар оқушылар өкімет
ұжымдардыңтапсырмасы бойынша зерттеу және тәжірибе жұмыстарын дамытады. Бұл
өлкетану саяхаттарының негізіндегі мақсаты туған жердің табиғатын зерттеу
болды, балалардың ой-өрісін дамыту және нығайту.
Бірақ бұның бәрі жоғарыдағылардың нұсқауымен болды, ал жақсы
дайындаған мамандар жойылған немесе революцидан кейін репрессияға ұшыраған.
Ал жаңадан келген ғылыми қызметкерлер дайын емес ді, сөйтіп бұл іскерлік
елімізде іске аспады. 1919-1920жж өлкнтану істері мектептен тыс ұйымдарда
негізделінеді және бірнеше күндік саяхат болып өткізіледі. Бұл экскурсия
көшіп жүру экспедициясы деп аталады. Олардың мақсаты: зерттеу мен білім
тану болды.
Өлкентану жұмыстарына А.В. Луначаркий көп көңіл бөлді. Ол мектептік
өлкетануда өте маңызды деп тапты. Ол біздің еліміздің ғылыми зерттеуіне
мектеп өз үлесін қосады деді. Ол өлкетану жұмыстарын өте жоғары бағалады.
Ғылыми-зерттеу және біліитану оқушылардың белсенділігін көрсетеді.
1930 жылы Бүкіл Одақтық Пролетарлық экскурсия ұжымы құрылды (БОПТЭҰ).
Ұжымда балалар секторы құрылды. БОПТЭҰ-ның бүкіл Одақтық 1-ші съезінде жас
балалармен жұмыс істейтін арнайы резолюцмя қабылданды. Бұл резолюцияда
балалардың негізгі бос уақытын өткізетін ұжым блу керек делінген. Бірақ
маман қызметкерлерінің жоқтығынан, экономика қиыншылықтарына байланысты,
бұл ұран тек қағаз жүзінде қалды. 30-жылдары А.С. Макаренконың өлкентану
жұмысында айтарлықтай үлкен орын алды. А.С. Макаренко балаларды тәбиелеу
үшін және білім алуға саяхатты өте қажет деп есептеді және оған үлкен мән
берді: балалардың жетілуіне білім алуына одан артық тәсілдер жоқ деді.
1941 жылдың басында Бүкіл Ресейлік пионерлер экспедициясы азаматттық
жауынгерлер бағытымен жүргізіледі деп жарияланды. Бұл экспедицияның
жариялануы Бүкіл Одақтық балалар туризмнің дамуына себеп болды, бірақ бұл
экспедицияға соғыс кедергі жасады. Солай, соғысқа дейінгі уақытта балалар
мен жасөспірімдердің саяхатында көптеген өзгерістер болып жатты, мақсатты
тәрбиелеуге, білім алуға және сауықтыру жұмыстарында. Бірақ қиын
экономикалық жағдайларға байланысты, авторитарлық режимнің күшеюінен, Ұлы
Отан соғысының басталуына байланысты экскурсиялар станциясының көбі жабылып
қалды. Өлкетану жұмыстарымен тек жеке педагогтар айналысты. Бүкіл Ресейлік
пионерлер және оқушылар экспедициясы өткізілген соң ғана экскурсия
көпшілік балалар мен жасөспірімдер экскурсиясына айналды. Солай, соғысқа
дейінгі уақытта жеке саяхат пен экскурсиялар мектептерде Бүкіл Одақтық
пионерлер және оқушылар экспедициясы болып қалыптасты. Бұл экспедицияның
мақсаты Ұлы Отан соғысы болған жерлерге саяхат жасау, балалардың іздену,
зерттеу қабілеттерін күшейту түрлі ұжымдардың тапсырмасымен орындалады.
50-60 жж халықтың білім алу жүйесінде көптеген өзгерістер болды.
Мекиептер жаңа бағдарламаға көшті. Мекиеп пен өмірді байланысты нығайтылды.
Географияның жаңа бағдарламасының негізі - өлкетану деп есептелді. Баспада
көптеген статьялар, жинақтар, брошюралар өлкетану темасына жариялана
бастады. Осы кезде мектептерде де өлкетану жұмыстары өткізілді.
Педагогикалық басылымдарда 1-ші рет өлкетанудыңбайланысы көрсетілді.
экскурсия білімтану мен өлкетану үшін үлкен дәрежеде әсер етеді, ал
өлкетану болса экскурсияны өте әйгілі, педагогиканың құнды формасы деп
есептейді. Сонымен, өлкетану мен экскурсияның толық правктикалық бірігуіне
жіне мақсаттарының бірлігі, осы жағдайда жергілікті өлкеде саяхатшылар -
өлкетанушы, ал өлкетанушылар – саяхатшы болып жатты.
1956-1965 жж аралығында пионерлер мен оқушылар арасында төрт Бүкіл
Одақтық экспедицисы өтті. Бұл экспедицияларда шамамен 10 миллиондай
оқушылар қатысты. 60-шы жылдың ортасынан бастап өлкетану жұмысында оқущылар
мен асөспірімдер арасында жаңа форма және жаңа әдісті белсенді іздеу
басталды. Бүкіл Одақ бойынша комсомолдар мен жасөспірімдер арасында
қатысушылардың слеті өткізіле бастады. Олар азамат соғысының, Ұлы Отан
соғысының, тарихии, өндіріс, мәдени орталықтарына саяхат жасады. Саяхаттың
техникалық және ұйымдастыру жағы кеңінен баяндалды: саяхаттардың
дайындалуы, аймақта және жөн табу, пионер лагерінде түрлі жұмыс істеу,
еңбек және демалыс лагерлерінде, мектепте. Балалар ұжымдарында көп жыл
істеген тәжірибемен байланысты басылымдар пайда болды. Олар
жасөспірімдермен жұмыс істеу үшін құнды ұсыныстар берді. Бұл өлкетану
материалдары туристік сауатсыздықтың көзін ашты және саяхаттардың
қауіпсіздігін қамтамасыз етті. Бұл біздің еліміщдегі балалар экскурсиясының
әрі қарай дамуына себеп болды.
Бірақ мектептердің көпщілік тәжірибесінде спорт немесе өлкетану
жұмысына көп көңіл бөлінді. 1976 жылы орталық балалар экскурсиялық
станциясы КСРО-ның білім беру министрлігі бағдарламаның жинағын шығарды. Ол
жерде бұл бағдарлама туристік және өлкетану бағытында жиналған. Бұл
оқушылармен өлкетану жұмыстарының мағыналы және үздіксіз жүргізуіне
мүмкіндік бернді. Бірақ оқушылардың тәрбиелеу жұмысына өте аз көңіл бөлінді
және комплнксті өлкетану жұмыстарына үйірмелер мен клубтардың
ұйымдастыруына да аз көңіл бөлінді. 1977 жылы жас өлкетанушылардың
бағдарламасы шықты. Мұнда бірінші рет туристік және өлкетану жұмыстары
бірікті. Педагогтық әдебиетте айтарлықтай болған оқиға: туризмнен бірінші
рет оқулықтардың пайда болуы: Туризм, мұнда қаралған сұрақтароқушыладың
өлкетану жұмыстары саяхаттарда және экспедицияларда; Туризм және спорттық
бағытта, мұнда туристік-өлкетану жұмыстарының негізгі аспектілері –
денешынынықтыру мамандықтарын дайындау, туризмнің теориялық сұрақтары
қаралады. Бұл әр жастағы адамдардың физзикалық жетілуіне спецификалық
амалдар деп есептеді. Ғылыми әдебиетте балалар мен жасөспірімдер саяхатында
маңызды орынды бірінші монография Мектептегі өлкетану жұмысының
педагогикасы және Оқушылардың саяхаттық қызметі, әдіс және теория
сұрақтары алады. Бұл кітаптарда саяхат пен өлкетанудың тығыз байланысы
анықталады, мектептегі өлкетану жұмыстарының жүйесі көрсетіледі,
оқушылардың туристік белсенділігінің ролі және мағынасы анықталады. Саяхат
төңірегіндегі мамандарға үлкен қызығушылықты Ресей және КСРО-ның
революцияға дейінгі туризм атты монографиясы ұсынды. Бұл монографияда
біздің елімізде ересектер туризмінің тарихының жан-жақты зерттелуі
берілген. Біздің көзқарасымыз бойынша өте бағалы және маңызды оқулықтар
арасында Туризм кітапшасы қатты сынға берілді. Автор тарихи шолуда
ұқыпсыз қателіктер жіберді. Автордың ұсынған педагогикалық бағдарламасы
бастауыш экскурсиялық-өлкетану дайындығына 1-11 сынып оқушыларына күмән
тудырады. Мұнда экскурсияның техникалық жағына үлкен мән берілген, баланың
рухани қалыптасуына және тәрбиесіне мән берілмеген.
Балалар мен жасөспірімдердің дамуына, елдегі өлкетану қозғалысына және
өлкетану концепсиясын шығаруға Бүкіл Одақтық ғылыми-практикалық
конференция, КСРО-ның АПН НИИ ұйымдастырылған тәрбиелеу жалпы мәселесі
маңызды үлесін тигізді. А.С. Макаренконың өлкетану қазіргі заман
мектептерінің жұмысы Н.К. Крупскаяның 120 жылдығына және балалар мен
жасөспірімдердің туризмінің 70 жылдығына арналған конференцияда Жеке
адамның өлкетнау жұмысында дамуы, ғылыми-практикалық конференциялар озат
тәжірибе өлкетану жұмысында, мектептерде және ЖОО-да анықтауына және
қорытындылауына әсер етті.
Жинақтардағы жарияланған материалдар өлкетану жұмысының педагогтық
теориясының дамуына өз үлесін қосты.
70-80-ші жылдары туризм мен өлентану саласында көптеген зерттеулер
жүргізілді.Әсіресе біздің өлкетану зерттеулерге қызықтырарлық болған
жұмыстардың тәрбиелік мәні бар.И.Н. Пилата жасөспірімдердің мектептен тыс
өнегелі тәрбиелеу, Ю.Т. Бородкина экскурсиямен айналысудың география оқулық
пәнінің эмоционалдық-ойлау белсенділігіне тәрбиелейді. А.А. Свешников
өлкетану жұмыстарының маңызы – оқушылардың ой-өрісін қалыптастыру және
балалардың жұмысын циклмен, үздіксіз жүргізу керек екенін көрсетті.
В.В.Кочергин өлкетану жұмыстарының тәрбие жұмыстарымен практикалық
байланысының құндылығын көрсетті; М.Н. Ямницкий өлкетану жұмыстарын
тұрғылықты жерде комплексті тәрбиелеуге педагогикалық мүмкіншілігін
анықтайды; В.Г. Циганов жса туристер таулы жол бағыттарына деген
саяхаттардың өнегелі тәрбиелеуге нәтижелі дамытуын анықтайды.
Біздің зертеу жұмыстарымызға айқын мағына беретін еңбекке баулу
мәселелері. 70-ші ж А.Гробовский өлкетану жұмыстарының балалардың еңбекке
баулудың ерекшелігін анықтады, әртүрлі жұмыстардың интенсивтік бағытта
қалыптасуын бағыттады; С.Д. Бабишин өлкетану жұмыстарының түрлі саласын
анықтады, жасөспірімдердің өнегелі тәрбиесін тығыз байланыстырды; Н.В.
Волков өлкетанудың жазғы еңбек және демалыс лагерлерінде түрлі формаларының
қолдануын айқындады. Бұл жұмыстар бізге өте құнды еді. Экологиялық тәрбиеге
арналған өлкетану жұмыстары жеке жасөспірімдердің табиғатты зерттеуіне
байланыстырды. Олардың ішінде А.П. Сидельскийдің, А.Н. Захлебныйдің, И.Д.
Зверевтің, И.Т. Суравешинаның және т.б. жұмыстарын айтуға болады.
Біздің зерттеуімізде білім алумен, өлкетану-іздену, туризмде
оқушылардың зерттеу жұмыстары өте маңызды болып есептеледі. Экскурсияда
А.А. Бородай туған жердің табиғатын зерттеуге жасөспірімдердің білім алу
қажеттілігін көрсетті; А.А. Гришкина оқушылардың өлкетану материалдарын
дамытуын анықтады; Р.Р. Муниров оқушылардың ізденіс-білім алу жұмысына
дидактикалық мүмкіншіліктің пайдалану жолдарын көрсетті; Ю.В. Локтев
өлкетану жұмыстарының мектептегі тәрбиелеу процесіне қосуының мүмкіншілігін
анықтады; А.Т. Мокаев туған жердің зерттеуінің дамыту жолдарын көрсетті;
В.В. Дранишников оқушылардың білім алу жолдарын және әдістерін өлкетану
жұмыстарында анықтады.
Ғылыми жұмыстардың арасында А.А. Остап-Свешниковалардың өлкетанулвқ
іскерлігіне арналған докторлық зерттеулері маңызды орынды алады. Онда орта
білім беру мектебінің өлкетанулық іскерлігінің жүйесі методикалық өңделген
және теориялық негізделген. Сондай-ақ оқушылардың туризімінің негізгі
тенденциялық дамуы мінезделген; мазмұны анықталған, негізгі түрлері
өлкетанулық іскерліктің түрлері мен әдістері; бастауыш, орта және жоғары
сыныптар үшін өлкетанулық жүйелердің бағдарламалары негізделген; өз
Отанының әртүрлі өлкелерінен туған өлкелеріне дейінгі танымдық спиралін
кеңейтілген және төмендетілген түсінікпен қоршаған әлемді комплекстік тану
туралы да түсінігі енгізілген. Өлкетанулық іскерлікте танымдық
белсенділігін дамытуды маңызды ролді жасөспірімдердің іздеу-зерттеу
жұмыстары алады. Іздеу-зерттеу жұмысының негізінде мектепте жаратылыстану
ғылымдарының негізін өлкетанулық оқу принципі жатыр. Өлкетанулық іскерлікте
іздеу-зерттеу әдістерімен амалдары көбіне өзінің әртүрлілігіне байланысты
оқушылардың қызығушылығын қанағаттандырады және олардың танымдық іскерлігін
белсендіреді. Ондай әдістер мен амалдарға мыналар қатысты: кіші ғылыми
академиясында оқушылар ғылыми қоғамының жұмыстарда қатысуы, геологтар
үйірмесінде, археологтар және т.б. үйірмелерге қатысуы.
60-шы жж педагогикалық ғылымдарда экскурсия мен өлкетанудың үзіліссіз
байланыс принципі қоныстанған еді. Қазіргі массалық сапалардың тәжірибелік
жағдайының талдауын, мектептердің коллективтік экскурсиялық
экспедицияларын, мектептен тыс мекемелер тек қана домалақ жылдық дәрежеде,
балалармен клубта циклдік жұмыс істеу, үйірмелерде, мектептерде мақсатты
түрде бағытталған өлкетанулық жұмыстар жүргізілетінін көрсетіп жатыр.
Массалық өлкетанулық мектептер дәрежесінде, яғни танымдық және іскерлік
анықтама бойынша уақытша, үзбелі мінездеме және сапарды жүргізу мен арнайы
дайындық мезгілінде негізінен тағады.
Өлкетанулық-танымдық іскерлік көбіне мұғалімнің жеке қызығушылығы мен
жұмыс профиліне байланысты болады. Оқушылардың туристік топтар
жетекшілерінің кейбір бөлігі өзінің педагогикалық іскерлігінде іздеу-
өлкетанулық жұмысының танымдық мүмкіндігі
мен ұйымдастырушылығын пайдаланбайды. Жалпы білімдік мектеп пен мектептен
тыс мекемелерде іздеу-өлкетанулық жұмысты жүргізу және зерттеу жұмыстарының
әдістемелік ұйымдастығы жылдық өлкетанулық циклда жоқ болуы мақсатты
бағытталған жұмыстарды жүргізуіне сәйкес келмейді. Өйткені онда өлкетанулық
үйірмелердің көп жылдық комплекстік жұмыстары жоқ. Балалар экскурсиясындағы
мәселелер жайында біздермен жүргізілген аудандық, қалалық, республикалар
арасындағы семинарлық анкеттеу экскурсияның сыныптық дәрежеде жүргізілуі
оның нақты айырмашылығын көрсетті. Сіздер оқушылар алдында танымдық
мінездеме жайында, сапар алдында есеп қоясыздар ма деген сұраққа 93%
үйірмелердің жетекшілерінен, клубтардан сұрағанда қолайлы жауап берді.
Сапардың мұғалімдік-жетекшілердің арасынан тек 54% ғана қолайлы жауап
берді. Былайша айтқанда мектепте мұғалімдерді негізгі жұмыстармен
жүктелгені көрініп түр, ал сондай-ақ оларда проффессионалды өлкетанулық
дайындығы жоқ болып түр.
Сол уақытқа сіздің осы мақсаттарды орындауға қойылған армандарыңыз
ақталады ма деген сұраққа үйірме жетекшілерінің 42% және клуб жетекшілері
қолайлы жауап берді. Ал мектеп мұғалімдерінің ішінен 26% ғана қолайлы жауап
берді. Бұл сапар, экспедиция үлкен білім берулігі және танымдық потенциялы
болғанымен нақты іздеу жұмыстарының бағдарламасының білім берулік
нәтижесінің қайтарымы үлкен емес.
Өлкетанулық іскерліктің дамуында біздермен жүргізілген талдау
мектептен тыс мекемелерде де және сондай-ақ мектептегі оқу тәжірибесіндегі
процесстің кеңеймесіне тенденцияны әшкерледі. Табиғатта жүргізілетін
мектептен тыс, сабақтардың іскерлік сферасы бірте-бірте кеңейе бастады.
Табиғатта сауықтыру және танымдық серуендер мен экскурсиялар,
ұйымдастырушылық сапарлар мен жорықтардың экскурсиялык танымдық және
өлкетанулық-танымдық тематикадағы бөлек бағыттардағы бірліктегі оқу
мекемелеріндегі қоғамдағы массалық қозғалысындағы комплекстік танымдығы
қоршаған әлемді балалардың тануына байланысты. Әр мемлекетте, әр уақытта
алдыңғы қатардағы педагогтар балалардың қоршаған әлемді тануға деген
мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін өлкетанулық мүмкіндіктерін қолданады.
Қазіргі кезде бала-жасөспірім саяхаты бүкіл мемлекеттерге ұқсап қиын
жағдайдан өтіп жатыр. Сапарлар мен экспедицияларға бөлінетін қаржылар
көбіне қысқартылды. Балалар көбіне өздерінің ата-анасының қаражатымен
өлкетанулық сапарлар мен экспедицияларға қатысты. Жаңа шекаралар мен
кедендік кедергілер пайда болып жатыр. Туристік жабдықтарға, азық-
түліктерге деген бағалар өте қатты жоғарылап кетті. Бұл қиындықтар білім
беру жүйесіндегі инерттіліктің қаржысына байланысты туып отыр. Бұрынғы Одақ
пен республиканың министрлік бұйрықтары оқу-тәрбиелік жұмыстарын өздерінің
ескі нұсқауларымен тоқтатып тастады. Әлі де өз күшінде экскурсия мен
өлкетанудағы ескі бағдарламалар қалып отыр. Осы бағдарламаларға қарап
көптеген мұғалімдер, үйірмелердің жетекшілері тұспалданды. Осы барлық
субьективтік және обьективтік қиындықтар бала-жасөспірім экскурсиясын
дамытуда болыса алмайды. Сол уақытта өзінің дамуындағы обьективті
қиындығына қарамай бала-жасөспірім экскурсиясы өзінің романтикалық және
тартымдық күшімен балалар үшін қызықтырғыш болып қала береді. Мектептік
сапарлардың статистикасы көрсеткендей кейбір сапарлардың, экскурсиялардың
қысқаруына қарамастан соңғы кездері оқушылар экскурсиясы мектептен тыс
іскерлігіндегі массалық түрдің бірі болып саналады. Жаяу, сулы, вело, шана
және таулы экскурсиясындағы көптеген жанкүйерлер тобы танымдық
іскерлігіндегі туристік-танымдық, түрлеріне үлкен көңіл бөледі. Олар
баланың тұлғасын қалыптастырудағы өлкетанулық іскерлігінің аспектісін
жақсы бағалай алмайды. Өлкетану
іскерлігін дамыту процесі туристік-танымдық пен өлкетанулык-танымдықтың
комплексті бірігуіндегі мәселені шығарып, оны оқудағы ұйымдастыру,
сауықтыру, тэрбиелеу процесіне айналдыруды көздеп отыр.Осылайша теориялық
және эксперименттік зерттеудегі талдау, өлкетанулық әдебиетті оқып үйрену,
алдыңғы қатарлы және массалық тәжірибені оқу, оқылып жатқан мәселенің
тарихи талдауы өлкетанулық іскерлігінің концептуалды жалпы жүйесінің бар
екенін көрсетті. Ол окушылар экскурсияның негізгі бағытта дамуын анықтайды.
Танымдық активтердің өлкетанулық іскерліктің амалдарымен даму мәселесі
ғылымда өте жай құрастырылған. Жеке сұрақтар бойынша жалпы теориялық
дәрежелер ғана құрастырылған. Жалпы сапарлар берілетін бөлек
публикацияларда тақырып бойынша беріледі. Өлкетанулық іскерліктегі
белсенділік танымдықты дамытуды оқып үйренетін арнайы зерттеулер жоқ.
Оқушылар экскурсиясын дамыту процесіндегі нақты жағдайын оқып үйрену
казіргі кезде экскурсиялық-танымдық және өлкетанулық-танымдық
іскерліктерінің арасындағы бар үзілісті көрсетіп отыр. Нұсқаушы-әдістемелік
құжаттардың талдауы, өлкетанудағы оқу бағдарламасын мектепте және мектептен
тыс мекемелерде туристік топтар, үйірмелер, клубтар, жасөспірімдердің
танымдығын дамыту активіне болысатын жұмыстардың көп жылдык оку
бағдарламасы жоқ екенін көрсетіп отыр. Өлкетану-танымдық іскерлігінің
әдістемесі бір жылдық туристік-өлкетанулық циклдарда да жоқ болып отыр.
Олай болса өлкетану іскерлігінің танымдық және ұйымдастырушылык
мақсаттарында педегогикалық потенциалды толық қолданылмайтыны көрініп отыр.
Берілген мәселені шешу үшін мүмкін варианттардың біріне біздің зерттеу
арналады.

1.2. Оқушылардың танымдық белсенділігінің дамуындағы жергілікті жер
материалдарын пайдалану мүмкіндіктері.

Материяның жалпы қасиеттері және оның әр уақыттағы қозғалысын
детерминизациялайтын белсенді болып табылады. Белсенділік тірі материяның
өмір сүруіне барлық жақтан тән болады. Адамның белсенділігі қарапайым
биологиялық мақсат бойынша және негізгі іскерліктің сферасына қосылады
деген шекарадан тыс шығып отыр. Іскерлік белсенділіктің тәжірибелік жағында
тұрады, оның рухани және заттық-материалдық іске асуы болып табылады.
Белсенділіктің әртүрлі бағыттары болуы мүмкін. Ол қоғамдық және жеке
қажеттіліктердің, шарттылықтардың қызығушылығы. Тұлғаның бағалы бағдаршамы
болады. Мұндай бағыт бұл бағдарлаудың тек қана қосындысы емес, соның қиын
жүйесі. Ол ептілік және динамизмге ие. Адамның іскерлігінің маңызды шамасы
бола тұрып, белсенділік тек қана іскерліктің көлемін ғана емес, сонымен
бірге оның көптеген нәтижесін де анықтайды. Өз кезегінде өзіндік
белсенділіктің дәрежесі сұраныстың күшімен және қызығушылықтарымен
детерминациялайды. Сондай-ақ құнды бағдарлаудың өзгешелігімен,
темпераменттің ерекшелігімен, мінездің рухани және қайраттың дамуымен
детерминацияланады.
Тұлғаны дамытудағы танымдық белсенділіктің рөлі Л.С.Выготскийдің,
Л.И.Божовичтің., Н.С.Лейтесаның., И.С.Конаның., А.М.Матюшканың.,
В.Н.Пушкинның., И.П.Волкованың., Дж.Брунердің., А.Я.Понамарев ғалымдарының
жұмыстарында қаралған. Олар білімге деген позитивтік қарым-қатынас пен
оқушылардың танымдық белсенділігінің арасындағы тікелей байланысты орнатады
және берілген процестің теориялық негіздерін береді.
Психологиялық теорияға сүйене отырып, дидакта-ғалымдар М.А.Данилов.,
Б.П.Есинов., И.Т.Огордников және т.б. білімнің обьектісіне деген тұлғаның
қарым-қатынасын өзгертуші сияқты белсенділігін танымдық түрде қарастырады.
Танымдық белсенділік мұғалімнің педагогикалык шеберлігінің ықпалымен
құрылады.
Баланың тұлғасын қалыптастыру құрылымында танымдық белсендідік маңызды
рөлді ойнайды. Тұлғаның дамуын анықтайтын барлық ішкі факторлар яғни рухани
және мінез-құлқын кұрудағы басқа нышандарға, сондай-ақ мәдениеттік,
эстетикалық, өнегелік құрылудағы танымдық қажеттіліктер мен
қызығушылықтардың тәрбиелік маңызы бұл жерде бірдей. Оқушылардың танымдық
белсенділігінің негізінде тұлғаның фундаментальдік қасиеттері бар, ал ол
оның әлемге деген қарым-қатынасы анықтайды.
Баланың физикалық және рухани дамуында көптеген өзгерістер болып
жатады, ал ол балалық шақтан үлкен шақтарға өтумен байланысты болады.
Баланың бойы, салмағы өседі, тіреуіш-жылжымалы аппараты өзгереді және
жыныстық мүшелері дамиды. Физикалық өзгерістер балалардың танымды түрде
қобалжуына алып келеді. Ол өзін өте күштімін және өзімді нық ұстай аламын
деп есептейді. Олар өзін бала санатқысы келмейді, қайта оның орнына үлкен
болуға талпынады. Бұл пайда болған қажеттілікті тәжірибелік іскерлікте
таныту ол үшін өте қиынға соғады. Жасөспірім ұмтылысының арасындағы
айырмашылық өз мүмкіншіліктерін сезінумен байланысты. Өзін тұлға ретінде
бекіту және үлкендердің еркіне бағынышты болуындағы адамның жағдай Мен-
концепциялар, оның тұрақсыздығын шақырады. Сол уақытта дербестікке деген
ұмтылыс өсе бастайды, ал үлкен жасөспірім жасында үлкендерге және
құрдастарына деген тұлға аралық қатынас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларымен өлкетанулық жұмыс орындалатын әдістемесін жетілдіру
Өлкетану іскерлігінде оқушылардың қолданатын шығармашылық түрлерінің дамуы
Мониторинг – бағалау мен білім сапасын бақылау механизмі
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру
География пәнінде өлкетану жұмыстары негізінде оқушылардың азаматтылықтарын қалыптастыру мүмкіндігі
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық белсенділігін жетілдіру
Өлкетану жұмыстарында қазақ халық педагогикасы құралдары арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
Оқыту үрдісін жетілдірудегі топтық, ұжымдық оқыту түрлетінің маңызы
Кіші мектеп оқушыларында экологиялық тәрбие қалыптастырудың жолдары
Пәндер