Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуы



Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-5

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

І Бөлім. Ислам діні және фикх мазхабтары

1.1. Ислам діні және оның пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..6-8
1.2. Фикх мазхабтарының пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .9-28

ІІ Бөлім. Мазхабтарға байланысты үкімдер

2.1. Фикх мазхабтарының негізгі дерек
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28-43
2.2. Фикх мазхабтарындағы үкім етудің
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... .44-61

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..62-63

СІЛТЕМЕЛЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .64-65

ПАЙАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 66-67

КІРІСПЕ

Тақырыпты зерттеудің өзектілігі. Ислам дiнi VII ғасырда пайда
болғаннан бастап күні бүгінге дейін өзiнiң ақиқи бейнесiн еш жоғалтпаған.
Оның үкімi қиямет күніне дейiн жалғаса бермек. Ислам дiнi әлемдiк дiн
болғандықтан ұстанушыларының саны да көп. Негiзiн Арабия түбегінен бастау
алып, барша әлемге жайылған бұл дінді әр түрлі ұлттар мен халықтар
ұстанады. Солардың бірі де қазақ халқы. Халқымыз сонау көнеден бері осы
дінге сеніп, оның наным-жоралғыларын ұстанып келеді.
Қазіргі таңда Қазақстанда да көптеген Ислам мәзһабтары жайылуда.
Кейбір мұсылмандар бұл мәзһабтарды айыра алмай, қайсысы дұрыс, қайсысы
бұрыс екеніне күмәнмен қарауда. Бұл мәзһабтар тек Қазақстан жерінде ғана
жайылмады. Олардың бастауы бұдан бірнеше ғасырға созылып жатыр.
Мен бұл жұмысымда Ислам дініндегі мәзһабтардың шығуына түрткі болған
жайттарға тоқтала отырып, мұның нәтижесінде пайда болған басты мәзһабтарды
қолға алдым. Ислам дінінің берген ой еркіндігінің арқасында және дінді
құлату үшін іріткі салған надандардың әрекетінің және де дұрыс
түсінбеушіліктің салдарынан пайда болған саяси, итиқади (сенімге
байланысты) және фиқһи мәзһабтарға тоқталдым. Бұл мәзһабтардың шығу
себептеріне, маңыздылығына және осылардың ішіндегі бастыларына қысқаша
тоқтала отырып, фиқһ ғылымы мен фиқһ мазхабтарына ерекше орын бердім.
Исламдағы саяси және сенім мәзһабтарының көпшілігі үмбеттің
ауызбіршілігін бұзып, арасына жік салуда. Ал фиқһ мәзһабтары болса
мұсылмандардың арасын айыруға емес, керісінше әр түрлі мәдениет пен
аймақтарда өмір сүрген мұсылмандардың арасын жақындатуға тырысады.
Фиқһ ғылымынсыз Ислам дінін түсіну мүмкін емес. Ислам дініндегі бүкіл
өмірге қажетті заңдылықтар мен ережелерді бізге түсіндіріп беретін де осы
фиқһ. Ғибадатты, құқықты, ахлақты, әлеуметтік және қоғамдық қарым-
қатынастарды реттеп отыратын бірден-бір сала осы - фиқһ саласы. Фиқһ,
әртүрлі ұлттардан құралған Ислам үмметін бір-біріне қосып біріктіретін әрі
өзгелерден арашалап, оқшауландыратын қағидалардың бір-бүтіні. Жалпы
айтқанда фиқһ - Ислам үмметінің салауатты өмір сүру заңдылығының жиынтығы
десек те болады. Фиқһтың қайнар-көзі Құран, Сүннет және екеуіне сүйеніп
шығарылған ижтиһад. Фиқһ бүкіл Ислам үмбетіне бірдей үкім қояды. Яғни
түріне, түсіне, ұлтына қарамастан барлық үмбетті бір бүтін алады.
Сондықтанда Исламдағы фиқһ немесе Ислам құқығы, басқа ешқандайда халықта
яки басқа бір пайғамбар алып келген діннің қағидаларына ұқсамайды.
Ислам дінін фикһ саласында да көптеген мәзһабтар шыққан. Бірақ
барлығының ұстанған жолы, мақсаты, сүйенетін дәлелдері бір. Пайғамбарымыз
өмір сүрген дәуірде бір мәселе туындай қалса оны дереу Пайғамбарымыз шешіп
беретін.
Пайғамбар дүниеден өткеннен кейінгі жылдарда Ислам мемлекетінің аумағы
ұлғайып, әр түрлі халық, әр түрлі ұлттар Ислам жамағатына қосылды.
Әрбірінің әдет-ғұрпының, салт-дәстүрінің түрлі-түрлі болуы туындаған
мәселелерді шешуде де түрлі жолдарға жетеледі. Бұған қоса фиқһ ғалымдарының
көзқарысы мен түсінігінің әр түрлі болуы, олардың қолына жеткен дәлелдердің
шектеулі болуы да фиқһ мәзһабтарының туындауына жол ашты.
Міне осылардың нәтижесінде көптеген фиқһ мәзһабтары дүниеге келді.
Бұлардың көпшілігі ұстанушылары болмай тарихтан біржолата өшіп кетті.
Қазіргі таңда мұсылман әлемінде Ханафи, Малики, Шафий, Ханбали сияқты басты
фиқһ мазхабтары тараған.
Диплом жұмысының мақсаты. Мен бұл жұмысымда осы мәзһабтардың
бастыларын қолға алдым. Қазіргі таңда дінге берілген еркіндіктің әсерінен
және жастардың шетелдерде дін оқып келуінің салдарынан Қазақстанда өзге де
фиқһ мәзһабтары етек алуда. Осы мәселе халық арасында түсініспеушілікке жол
ашуда. Осындай түсініспеушіліктердің алдын алу үшін басты фиқһ мәзһабтарына
тоқталып, олардың шығу тарихынан бастап, Ислам әлеміне жайылуына дейін және
ол мәзһабтардың құрушыларының ұстанған методтарына кеңінен тоқталдым.
Мұндағы мақсатым бұл басты фиқһ мәзһабтарының арасында бөлінушілікке
итермелейтін себептердің жоқ екендігін ашып көрсету. Олардың барлығының
ұстанған жолының, бағытының, сенім жүйелерінің бір екендігін дәлелдеу.
Диплом жұмысының міндеті. Мен осы ізденістің арқасында ұлы фиқһ
имамдарының пәтуа беріп, үкім шығару жолдарын, олардың сүйенген дәлелдерін
және араларында айтарлықтай айырмашылық жоқ екендігіне көз жеткіздім. Бұл
жұмыстың міндеті қазіргі таңда мемлекетімізде Ханафи мазхабынан өзге әхли
сунна уәл-жамағат болып саналатын фиқһ мәзһабтарын адасқан немесе қате
мәзһабтар деп түсініп жүргендердің жаңылыс пікірде екендіктерін көрсету.
Сондай-ақ фикһ мәзһабтары, оның ішінде Имам Ағзам әбу Ханифа мәзһабын
көтеру.
Жұмыстың ғылыми жаңалылығы.
1. Фиқһ ғылымына кең түрде талдау жасалынып, фиқһтың мұсылмандардың
жалпы өмірін қамтитындығы, фиқһсыз діннің де болмайтындығы айтылды.
Ғибадат, құқұқ, ахлақ, экономикалық және әлеуметтік қарым-қатынасты
қамтитын фиқһ ғылымының – түрлі ұлттарды құрайтын Ислам үмбетінің басын
қосып, біріктіретін ғылым екендігі, басқаша айтқанда бүкіл үмбеттің өмірі
екендігі, фиқһсыз мұсылман үмбетінің өмір сүре алмайтындығы дәлелдерімен
көрсетілді.
2. Әхли сунна уәл жамағатқа кіретін басты төрт фиқһ мәзһабтарының бір
бастаудан нәр алатындығы, олардың арасында сенім тұрғысынан ешқандай қайшы
сенімдер жоқ екендігі және олардың барлығы Ислам үмбетінің басын
біріктіретін мәзһабтар екендігі және де ата-бабамыз бұрыннан ұстанып келе
жатқан Имам Ағзам абу Ханифа мәзһабын көтеруі көрсетілді.
Диплом жұмысның маңыздылығы. Бұл ғылыми зерттеу жұмысы негізінен
қазақ, орыс және түрік тілдеріндегі әдебиеттерден пайдаланылып жазылды.
Сонымен қатар, бұл дипломдық жұмыс – жалпы дінтанушылар үшін, сонымен
қатар, кез-келген дінін сүйетін отандастарымыз үшін айтарлықтай пайдалы әрі
құнды еңбек болады деген үміттемін. Сондай-ақ бұл еңбек Қазақстанда Ислам
дінінің рөлі мен келешегі үшін пайдалы болады деген сенімдемін.
Диплом жұмысының құрылымы. Бұл дипломдық жұмысым: кіріспе бөлімінен,
кейін басты екі тараудан, екі тарауы екі бөлімнен тұрады, соңында
қорытынды, сілтеме және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І Бөлім. Ислам діні және фикх мазхабтары

1. Ислам діні және оның пайда болуы

Ислам арабтың бейбітшілік, құлақ асу,бағыну, мұйын ұсыну,
жамандықтардан аулақ болу т.б. мағыналарды беретін сөзі.
Терминдік мағынасы Ислам - пайғамбарымыз Хазіреті Мұхаммедтің
(с.а.у.) Аллаһ тарпынан әкеліп баяндаған нәрселерін қабылдау, мойындау,
Аллаһ Тағалаға және пайғамбарға мойынсұна отырып бұларды қабылдағанын
көрсету – дегенді білдіреді.
Алла Тағаланың Жәбірейіл періште арқылы сүйікті және соңғы пайғамбары
Мұхаммедке (с.а.с.) жіберген діні Ислам деп аталады. Ислам – адамдардың осы
дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір сүрулерін,ақыретте мәңгілік бақытқа
қауышуларын қамтамасыз ететін қағидалар жиынтығы. Ескі діндердегі барлық
жақсы қасиеттерді Ислам өз бойына жинаған. Барлық бақыт пен жақсылық та
сонда. Ислам саналы адам баласы сөзсіз қабыл ететін негіздер мен рухани
құндылықтардан тұрады [1; 10].
Жаратылысында пәктік болған жандар Исламға дұшпан болмайды. Исламның
ішінде ешбір зияндылық жоқ. Сыртында да ешбір пайда жоқ.
Ислам адамдарды бір-бірін жақсы көруге, бір-біріне жәрдемдесіп,
бауырларша өмір сүруге шақырады. Мемлекеттерді дамытуды, адамдардың рух,тән
және пікірлеу тұрғысынан еркін өмір сүруін қалайды. Алла Тағаланың
бұйрықтарын құрметтеуді, бүкіл тірі жанға мейірімді болуды бұйырады. Ислам
жанды-жансыз әрбір жаратылғанға деген жауапкершілікті жүктенген. Сонымен
қатар,адам нәпсісінің хайуани және шахуани ластықтардан тазаруын қамтамасыз
етуде. Жаман әдеттерден аулақ болып, нәпсіні тәрбиелеуге шақырады.
Жалқаулыққа,уақытты бос өткізуге тыйым
салып,ғылымға,техникаға,өнеркәсіпке ,саудаға,егіншілікке,өнерге үлкен мән
береді. Діні,отаны,сенімі басқа болған адамдарға күш көрсетуге тыйым
салады. Жек адамның,жанұяның және ұлттардың құқықтары міндеттерін
көрсетеді. Тірілерге,өлгендерге, туылатындарға, баршаға өзіне тән құқықтық
және жауапкершілік жүктеуде. Ислам діні адамзаттың осы дүние мен ақыретте
бақытты болуын көздейді [2; 7].
Басқа діндердің негізі өзгертіліп, діни үкімдердің орнына адамдар
ойлап шығарған пікірлер үгіттеледі.
Алла Тағаланың адамдардың бұл дүниеде тыныштық пен еркіндікте өмір
сүруін , ақыретте шексіз бақытқа кенелуін қалайды. Сол үшін бақытқа
жеткізетін пайдалы нәрселерді жасауды бұйырады. Зиянды нәрселерге тыйым
салады. Дінге сенсін-сенбесін, кез-келген адам біле тұра немесе білместен
Алла Тағаланың бұйрықтарына мойынсұнса, дүниеде рахат өмір сүреді. Қазірде
дінсіз адамдар мен ұлттардың бірқатар істерде жетістікке қол жеткізуі Ислам
дініне сай әрекет жасауларына байланысты болып отыр. Ал,ақыретте бақытқа
жету үшін Ислам дініне сеніп,иман келтіруі де қажет.
Илаһи діндердің хақ діндер екендігі және аталмыш дін алғаш мәрте
адамзаттың атасы, сонымен қатар, алғашқы пайғамбар хазіреті Адам тарапынан
тәблиғ етілгендігі баршамызға белгілі. Заман өткен сайын адамдар өздеріне
жіберілген діннің негіздернен ауытқыса, Аллаһ тағы да пайғамбарлар жіберу
арқылы бастапқы тәухид дінді жаңалап отырды және адамдардың
өзгерткендерін пайғамбарлар арқылы түзеп отырды. Илаһи діндердің
негіздерінде айырмашылық болмаған, алайда, дәуір мен оның шарттарына қарай
өзгеріп отыратын амалдарға байланысты үкімдер болуы мүмкін.
Міне, осы тізбек бойынша соңғы пайғамбар хазіреті Мүхаммед Аллаһтың
өзіне уахи еткен ислам дінін тәблиғ еткен.
Хазіреті Мұхаммед соңғы пайғамбар болғаны сияқты оның алып келген
ислам дінін де соңғы дін болып табылады. Адам пайғамбардан бастау алған
және Аллаһтың бір екендігін үздіксіз насихаттайтын тәухид діні заман өткен
сайын дами отырып, онымен бірге ислам дініде кемелдене түсті. Әр нәрсенің
кейінгісі бастапқысынан қарағанда анағұрлым дамытылған күйде болатыны
қалыпты жағдайдағы құбылыс. Ислам діні де өзіне дейінгі илаһи діндердің
кеңейтіп, дамытылған түрі деп айтуға болады. Сондықтан Аллаһ Тағала соңғы
дін – исламды бүкіл адамзат баласына арнаған және осы дінді қабылдаған
адамға Аллаһтың рақымы мол болатыны діни қайнарларда баяндалады. Осы
турасында Құран Кәрімде: Аллаһтың қасында дін шүбәсіз ислам діні (Ал-и
Имран-19), кім исламнан басқа дінді іздесе, біліп қойсын, олар әсте
қабылданбайды және ол ахиретте өзіне заяндық жасан болады (Ал-и Имран-85),
Бүгін діндеріңді кемелдендірдім, нығметімді тамамдадым және сендерге дін
ретінде иламға разы болдым (Маиде-3) [3; 77].
Ислам дінінің өзгермейтін біршма негіздері бар. Олар итиқад, амал және
ахлаққа қатысты үкімдер болып үш топқа бөлінеді
А) Итиқадпен байланысты негіздер:
Итиқад бір нәрсеге сену деген мағынаны береді. Ислам итиқадын құрайтын
және бүкіл илаһи діндерде кездесетін негізгі осы үкімдер мыналар: Аллаһқа,
періштелерге, пайғамбарларға, кітаптарға, ахирет күніне қаза мен қадерге
сену.
Ә) Амалмен байланысты негіздер:
Исламның амалға қатысты негіздеріне адамдардың іс-әрекетімен
байланысты үкімдер, әмірлер мен тыйымдар жатады. Олардың ішінде Аллаһ пен
оның құлы арасындағы байланыстарға қатысты болатындары ғибадат деп
аталады.
Б) Ахлақпен байланысты негіздер:
Исламның ахлақпен байланысты негіздері мінез-құлықтың жұмсаруын,
рухтың тәрбиеленуін және рухани жоғарғы дәрежеге көтерілуін мақсат етеді.
Ислам діні соңғы дін болумен қатар, бүкіл адамзат баласының ортақ
діні. Ислам дінінінің қасиетіне, дәрежесіне тең келетін жер бетінен бір
дінді табу мүмкін емес. Мәселен, Тәуратта яһуди (иудей) дінінің әлемдік
дәрежедегі дін екендігін дәріптейтін дәлел кездеспейді. Керісінше, яһудилік
тек Исраил ұлдарына, яғни еврейлерге тән дін екендігі баяндалған. Христиан
діні де әлемдік дәрежедегі дін емес. Себебі, хазіреті Иса өзіне дейінгі
пайғамбарлар сияқты белгілі бір қауымға пайғамбар ретінде жіберілумен
шектелген. Сонымен қатар ол өзінен кейін келетін пайғамбарды сүйіншілеу
міндетіне тағайындалған.
Ислам дініне келер болсақ, оны тәблиғ еткен хазіреті Мұхаммед – соңғы
пайғамбар. Ол өзіне дейінгі пайғамбарлар сияқты бір қауымға немесе бір
халыққа емес, бүкіл адамзат баласына жіберілген. Бұл турасында Құран
Кәрімде: Ей Мұхаммед әй адамдар турасы мен Аллаһтың барлығыңыз үшін
жіберген пайғамбарымын, - де (Араф – 158), Ей Мұхаммед ! Біз сені бүкіл
адамдарға тек сүйіншілеуші және ескертуші ретінде жібергенбіз, бірақ
адамдардың көпшілігі білмейді (Сәбә - 28), Ей Мұхаммед ! Біз сені тек
әлемге рахымдылық ретінде жібердік (Әнбия-107).
Хазіреті Мұхыммед бүкіл адамзат баласына жіберілген соңғы пайғамбар
болса, оның тәблиғ еткен діні де бүкіл адамзаттың діні болуы керек.

1.2. Фикх мазхабтарының пайда болуы

Мужтәһид имамдар кезеңі. Тақырыпқа бастамас бұрын мәзһәбтардың пайда
болуына ықпал еткен мужтәһид имамдар (әбаъу-т тәбиъин) кезеңі (120-350738-
960) мен ерекшеліктерін атап өткеннің пайдасы бар. Бұл кезеңде де алдыңғы
кезеңдегі сияқты ижтиһад еркіндігі басым болған кезең. Білімі жеткен әрбір
мұсылманға ижтиһад есігі ашық. Білім күші ижтиһад үшін жеткілікті
болмағандар үшін, қалаған мужтәһидтен пайдалану, сұрау соның жолын ұстауға
құқығы бар.

Қазы да муфти де белгілі бір заң яки мәзһәбты ұстанбайтын. Арыз бен
мәселелерді ижтиһад жасап шешетін. Бұл кезеңде әр орталықта бірнеше ғалым
және мужтәһидтер бар еді. Сұрақтарға жауап беріп, арыздармен айналысатын.
Бірақ бұларға қосылған мәзһәбтар жоқ.
Тағы бұл кезеңде Фикх ғылымы шыңына жетіп, кемеңгер фақиһтер жетіліп,
Фикх ұстанымдарына сай мәзһәбтар құрыла бастады. Хадис және хадис
методикасы ғалымдары жетіліп, Фикх пен Фикх методикасы ғалымдары
жинақталып, білім ретінде Фикх жеке бөлініп шықты. Бұдан басқа бұл кезеңде
Фикхтың екінші дерек көзі болып саналатын сүннет толықтай жинақталған
болатын. Фикхта атқарылған әрекеттердің нәтижесі себепті бұл кезеңге, Ислам
Фикхының алтын шағы, мужтәһидтар ғасыры, мәзһәбтардың пайда болу кезеңі деп
те аталады. Мәзһәбтардың пайда болуына кірмей тұрып алдымен мәзһәб ұғымына
тоқталсақ.

Мәзһәб ұғымы. Мәзһәб сөз араб тілінде з-һ-б түбірін исми заман, исми
мәкән, масдары мими сиғасынан тараған сөз ретінде баратын жер, жол,
баратын уақыт, бару сияқты мағыналарға келеді. Терминдік мағынасы: Бір
мужтәһидтің ижтиһад және түсінігінен пайда болған итиқади және фықһи жол .
Айрықша ұғым, ғылыми әдебиеттерде термин ретінде діннің түсінілуі және
танылуы, діни бөлектенбей пайда болған көзқарастар және топтарды
білдіретіндігі айтылады. Яғни таңдалған адамдардың әсіресе ғалымдардың өз
түсінігі, көзқарас, жорамал мен ижтиһадтарына сай ұстанған жол мәзһәб деп
аталады [4; 9].

Мәзһәбтардың пайда болуы. Барлығымыз білетіндей Хз. Пайғамбар (с.а.у.)
кезеңінде мұсылмандардың қай қайсы болмасын бір қиындық туындаған жағдайда,
діннің үкімін түсінбеген кезде Хз. Пайғамбардан сұрап үйренетін. Хз.
Пайғамбарымыз (с.а.у.) өмірден өткеннен кейін сахаба мен табиғун
кезеңдерінде де алдыңғы қатарлы ғалымдар, мұсылмандардың түсіне
алмағандарын немесе шешімін таппаған мәселелерін Хз. Пайғамбарымыздан
(с.а.у.) үйренгендері сияқты Құран мен сүннетке жүгіне отырып түсіндіретін.

Жеңістердің нәтижесінде Ислам жағрафиясының кеңеюімен діннің үкімдерін
жақсы білетін ғалымдардың айналасында көпшілік жинала бастады. Бұл барған
сайын бір мәзһәбқа (мектеп) айналды. Осылайша Фикх ұстанымдарына сай
мәзһәбтар пайда болды. Әлбетте мұның басқа да себептері айтылған.
Мәзһәбтардың пайда болуына ықпал еткен басқа қозғаушы күштер:
а) Басында мужтәһидтер керекті мәселелерде ғана ижтиһад жасаған болса,
бұл кезеңдегі мужтәһидтер Фикхтың барлық мәселелерін ижтиһад тұрғысынан
баға беруі. Бұл нәрсе еріксіз көзқарастардың бөлінуіне себеп болды.
ә) Бұл ижтиһадтардың жинақталып кітаптарға жазылуы және осы арқылы бір
мужтәһидтің түрлі мәселелердегі ижтиһадтарын үйренуіне мүмкіндіктің тууы.
б) Фикх мектептерінің (рәй, хадис медреселері) пайда болуы және осы
мектептің құрамындағылардың өзара ауызша, жазбаша пікірсайыстары.
в) Бұл пікірсайыстардың мужтәһидтерге тән тәсіл мен қағидалардың, яғни
Фикх методикасының пайда болуына, жазылуына себепкер болуы.
Міне осы секілді қозғаушы күштер мәзһәбтардың, яғни мужтәһидтерге
қатысты дербес ижтиһад методикасы мен жолдарының және осы жолдар арқылы қол
жеткізілген үкімдер кітабының шығуын қамтамасыз етті. Фықһи мәзһәбтар
арасындағы ихтиләф діннің тармағы (діннің жүзеге асыруға қатысты үкімдері)
бөлімінде, негізгі мәселелерде емес [5; 15].

Мәзһәбтардың пікірталас себептері. Әрбір мужтәһид Құран мен сүннет
аясында ой жүгіртіп, ижтиһад жасаған. Негізгі мәселелерде барлығы бір
тұжырымда бірігіп, Фикхтың тармақты мәселелерінде әр түрлі шешім мен
көзқарастарды алға тартқан. Міне осы жоғарыда айтқанымыздай мәзһәбтардың
пайда болуының негізін қалады. Енді мәзһәбтардың кейбір мәселелерде ихтиләф
себептерін үйренейік:

1. Құранды түсінуде пайда болған пікірталастар
Білетініміздей Құрандағы аяттардың бір бөлігі мухкәм (тікелей мағыналы),
бір бөлігі мутәшәбиһ (астарлы мағыналы) болып бөлінеді. Мутәшәбиһ аяттардың
тәпсірі мен талдануы жалпы Аллаһқа қалдырылады. Мухкәм аяттарды талдауға,
тәпсір жасауға болады. Мухкәм аяттардан бір бөлігі мәнсух, бір бөлігі
нәсих, бір бөлігі ъамм, бір бөлігі хасс т.б. міне осы секілді жағдайлардың
себебімен фақиһтардың көзқарас айырмашылықтары бар және түрлі тұжырымға
барған. Мысалы: Құранда кездесетін ләмс (ұстау) сөзін шафиъилар ақиқат,
ханафилар мәжәз мағынасында түсінген. Сол себепті шафиъилар дәрет әйелге
тиген жағдайда, ханафилар жыныстық қатынас арқылы бұзылады деген үкім
шығарған.
2. Хадис сүннетпен қатысты пікірталастар
Білетініміздей хадистер алғашқы кезеңдерде әрі ауызша әрі жазбаша риуаят
етілетін. Сол себепті хадистердің аз бөлігі мужтәһидтердің назарынан тыс
қалды. Осылайша сол хадистен хабарсыз мужтәһид, хадиске қол жеткізген
мужтәһидтен басқаша ижтиһад жасайды. Бұл жағдай табиғи болса да көзқарастың
бөлінуіне себеп болатын.
Ендігі бір жағынан хадистердің бір бөлігі субуту қатъи (нақты), бір
бөлігі субуту занни (нақты емес). Сондықтан әр мәзһәб нақты дәлелмен
болғандармен амал жасаған болса, нақты еместермен амал жасауда шарттар
қосқан. Және де шарт қосқан хадистерімен амал жасаған. Осы сияқты
хадистердің мағынаға дәлел болуы жөнінен сөздері Құранда да болғаны секілді
ихтиләфқа себеп болды.
3. Сахаба сөзі мен пәтуасына байланысты пікірталастар
Мужтәһидтердің бір бөлігі сахаба сөздерін абсолюттік ретінде дәлел деп
қабыл етсе, енді бірілері басқа пікірлер алға тартқан. Мысалы: ханафилар,
маликилар және ханбалилер сахаба сөзін дәлел ретінде қабыл етсе, шафиъилар
сахаба сөзімен амал жасауда ерікті.
4. Салт-дәстүрлерге байланысты ихтиләфтар
Бұған мысал маликилар, ахад хадистің орнына Мәдина халқының салт-
дәстүрлерін мықты ұстанады. Басқа мәзһәбтар болса Мәдина халқының және
қажет болса өз өлкелерінің салт-дәстүрлерін белгілі шарттармен дәлел
ретінде қабыл еткен.
5. Жаңа оқиғалар, өмірдің қажеттіліктері мен шарттарының алдында
ғалымдардың пікір және бөлінуі [6; 27].

Ислам құқық мәзһәбтары (мектептері) және методтары. Жоғарыда айтып өткен
мәселелермен қатар Ислам әлемінде біршама атақты құқықшылар тарапынан
мәзһәбтар, құқық мектептері құрылып оларға байланыстырылып ханафи, шафиъи,
малики және ханбали сияқты аттармен мәзһәбтар пайда болды.

Һижри төртінші ғасырдан алдын халықтың білетін төрт мәзһәбтан
ажырамағандығы белгілі. Бірақ Фикх мәзһәбтары төртеу ғана емес. Солардың
арасында әл-Хасану-л Басри, Әбу Ханифа, әл-Әузаъи, Суфиян әс-Сәури, әл-Ләйс
б. Сағд, Малик, Суфиян б. Уәйнә, Шафиъи және тағы басқа Ысхақ б. Рахауәйх,
Әбу Сәур, Ахмад б. Ханбал, Дауыд әз-Заһири, Ибн Жәрир әт-Табари
секілділерінің мәзһәбтары танымал. Бұлардың әр бірінің түрлі ижтиһад жүйесі
мен методикасы, осылар арқылы қол жеткізген көзқарастары, түрлі
мемлекеттерге тараған ұстанушылары бар. Бұл мәзһәбтардың кейбіреулері
өздерінің қорғаушылары және жаюшылары болмағандықтан, ұстанушыларының аз
болуы салдарынан және сыртқы себептерге, енді біреулері заһириларда болғаны
сияқты ішкі себептерге байланысты яғни настардың сыртқы көрінісіне шектен
тыс кетіп, қиясты қабыл етпей, қажеттіліктерге жауап бере алмаулары және
басқа мәзһәбтарға деген қатаң болуының салдарынан уақыт өте келе тарих
сахнасынан жойылды. Сол кезеңдегі ғалымдар өздеріне белгілі бір мәзһәбты
ұстану керек деп санамайтын. Бір мәзһәбты ұстанушылар да басқа мәзһәбтардан
пайдалана алатын. Бұлардың арасында төртеуі танымал болып қазіргі таңға
дейін жалғасып келе жатыр.
Жоғарыда айтқанымыздай қазіргі таңға дейін жалғасып келе жатқан төрт
мәзһәбқа тоқталайық.
Әбу Ханифа мазхабы. Хазіреті Пайғамбарымыз (са.у.) қайтыс болғаннан
кейін қоғамдық өмірде, саяси қатынастарда, діни қажеттіліктерде маңызды
өзгерістер ортаға шықты. Қоғамдық өзгерістерден туындаған діни мәселелерді
шешу үшін фикхшылар әртүрлі әдіс-тәсілдер қолданды және бір-бірінен өзгеше
әртүрлі нәтижелерге қол жеткізді. Тақырыптарға тереңдей түскен және шешімін
табуға тырысқан фикхшылар мазхаб құру мақсатында пайда болған жоқ. Бірақ
көзқарастары қоғамдық мұқтаждықтарға жауап бергендігі үшін халық тарапынан
ұстанылды. Осылайша алғашқы кезеңдерде Исламды түсінуге және ұстануға
бағытталған бір-бірінен өзгеше фикхтық жүйелер қалыптасты. Фикхшылардың
атымен байланыстырылған көптеген фикх мазхабы қалыптасты. Әрбір фикх ғалымы
өзінің көзқарастарын еркін ортаға қоя білді. Кейінірек бұл көзқарастарды
ұстанушылар көбейе түсіп, мазхабқа айналды. Бұлардың бір бөлігі, қоғамдық
негізінен осы күнге дейін жетті. Кейбіреулері болса, мазхаб имамы болып
қабылданған адамдардың өлімінен кейін-ақ немесе бірнеше ғасырдан кейін
ізсіз жоғалып кетті. Сүннетті қолданатын топтарда болса қазіргі таңға дейін
жеткен фикх топтардан хадисшілер мен рей (ой-пікір) жақтастары болып
табылады. Ой-пікір (рай) жақтастары ханафилер, хадисшілер болса маликилер,
шафиғилер және ханбалилер тарапынан ұстанды. Үш мазхабтың құрушы да
хадисшілердің бастаушысы болып саналды. Біріншілері болса, мәселелерді
шешуде ақылға және ақылмен шешу жолдарына көбірек мән берді. Ал екіншілері
болса, мәжбүр болмайынша ақылға салып шешуді қолданудан ұзақ тұрды. Ақылға
салып шешуді хадис немесе жазулы мәтін ретінде қолдануды жоғары бағалады.
Осы секілді жағдайлар шиалар арасында да болды. Шиалық жағфарилер арасында
да ақылға сүйенген шешімдер шығаратын әдістер және имамдардан келген
риуаяттарға сүйенген шешімдерді үйрететін ахбарилер пайда болды.

Ханафилік Куфадағы ақыл-ой (рай) мектебінің бастаушыларының бірі болып
табылатын Имам Ағзам Әбу Ханифаға байланыстырылады және ахли сүннет
шеңберінде алғашқы жүйеге келген фикхтық мазхаб.

Ханафия не болмаса ханафилік болып аталған мазхабтың есімі мектептің
әдісшісі, әрі негізгі көзқарастарының қалыптасуына маңызды үлес қосқан Әбу
Ханифаның есімімен тығыз байланысты. Әбу Ханифа және шәкірттері сенім және
фикхтық тақырыптарда мәселелердің шешімін табуда ақыл мен ойды көбірек
қолдануларына байланысты қарсыластары оларды ақыл мен ой жақтастары, иман
тақырыбындағы көзқарастарына байланысты Куфа мүржиясы немесе фукаһа
мүржиясы деп те атаған. Мазхабтың негізін қалаған Әбу Ханифа Нұғман ибн
Сабит (150767) сахаба және табиғин нәсілінен көптеген ғалымдар қызмет
еткен білім орталықтарының бірі болған Куфа қаласында өсіп жетілген. Ол
ұстазы Хаммад ибн Әби Сүлеймен (120737) арқылы Ибраһим ән-Наһаий (92710),
Шағби (105724), Әлхама ибн Қайыс, Қади Шурайх және Әсауттың білім мұрасын,
әрі олардың жәрдемімен де Абдулла ибн Масғуд, Хазіреті Али және Хазіреті
Омар секілді сахабалардың дін мен білімге қатысты түсініктері жайлы өте кең
ауқымды түрде үйренді. Осындай ғылыми орта оның ақайд, жәдәл (тартысу),
фикх және хадис ілімінде тереңдей түсінуіне әрі атақты ғалым болып
қалыптасуына жол ашты. Әбу Ханифа ұстазы Хаммад қайтыс болғанынан кейін
оның білім беру мұрасын жалғастырып, дәріс беруді өз қолына алды.
Шәкірттеріне жүйелі түрде фикх сабақтарын беру және халық арасында кең
таралған сұрақтарға жауап беру, яғни пәтуалар беру оның ең көп айналысқан
екі негізгі жұмыстары болатын. Әбу Ханифа дәріс сағаттарында мәселелерді
жеке-жеке талқылап, шәкірттерінің көзқарастарын білгеннен кейін,әрі
тақырыптың сипатына қарай пікірталастар ұзаққа созылатын. Күн тәртібінде
орын алған сұрақ жайында барынша көп ізденістер мен зерттеулерді
орындағандардың ойлары мен пікірлері ортаға салғаннан кейін ғанапікірталас
және ақылдасу тоқтатылатын. Әбу Ханифа осы сәттерде мәселені қайта
қарастырып, кейін өз дәлелдерін және бұған байланысты ой-пікірін, пәтуасын
түсіндіретін. Бұл үдерісте қателік жіберілген болса дұрысталып мәжілісте
шығарылған шешім жинақталып жазылатын. Зерттеулерге негізделген ғылыми
түсінік мен еркін ойлаудың символы болған пікірталас мәжілістерінде ортаға
салынған бұл соңғы сөйлемдер кейінірек фикхтық қағидаларға айналып,
мазхабтың ғылыми дәстүрінің орнығуына үлес қосты.

Әбу Ханифа фикхтық тақырыптарда маңызды орынға ие болғандығы секілді,
сенімдік тақырыптарда да маңызды болып табылатын қайнар көз бола білді.
Оған негізделіп жазылған сенімге байланысты тақырыптарды қолға алған
қазіргі таңға дейін жеткен кітаптары сахихтық дәрежесіне қарай Рисала ила
Осман әл-Баттий, Китабул алим уал-мутааллим, Әл-фикх ул –Абсад, Әл-фикх ул-
Акбар және Әл-Уасая деп аталады. Әбу Ханифаның ғылыми қызметіне орталық
ретінде таңдаған Куфа қаласы, Ислам мен басқа да көптеген діндердің топтары
мен дүниетанымдық жүйелері орналасқан орталық болып табылатын. Бұл мәселе
әртүрлі сенімдермен байланысты қызу қанды тартысулардың әрі қалалыққа
негізделіудің өзімен бірге әкелген жағдайлары күн тәртібіне шығып отырады.
Әбу Ханифа мен шәкірттері ой-пікір және ақылды алға әдістерімен қоғамда
ортаға шыққан мәселелерге шешім тауып отырды. Осы іскерліктерінің
нәтижесінде мазхаб құрыла бастады. Әбу Ханифа Әмауи және Аббаси дәуірлеріне
куә болумен қатар, аһли бәйтке деген жақындығына байланысты сабақтарында
саяси терминдік сөздерге де орын беріп ашықтап айтып өткен. Халық алдындағы
абыройына байланысты жоғарғы билік иелерінің назарын өзіне аудара білген
Әмауилер кезеңінде Уәли ибн Хубайра, Аббаси кезеңінде халифа Әбу Жағфар
Мансур оған қазылық қызметін ұсынған. Әбу Ханифа болса бұл екі ұсынысты да
қабыл етпеген. Ғылым саласындағы абыройы, халық арасындағы беделі мен
мемлекет адамдары арасындағы орнына қарамастан Имам Әбу Ханифаның мазхаб
құру ниетінің болмағандығы және ғылыми мектебі ол дүниеден өткеннен кейін,
негізгі қағидалар қалыптасқаннан кейін құрылғандығы белгілі.

Ханафи мазхабының құрылуы. Ханафи мазхабының құрылуы, жайылуы және
мазхаб фикхының жинақталуы барысында мазхаб имамы шәкірттерінің үлесі мен
мазхаб ғалымдарының қазылық қызметтерінде жүзеге асырған әдіс-тәсілдерінің
алар орны зор болды. Әбу Ханифаның таңдаулы шәкірттері Әбу Юсуф (187798),
Зуфар ибн Хузайл (158774) және Имам Мұхаммед (189804) ханафия мазхабының
жүйеге түсуі мен жайылуына үлес қосқан ең маңызды кісілер болып табылады.
Әсіресе Харун Рашид (193809) кезеңінде бас қазылық қызметіне тағайындалып
ұзақ жылдар бойы осы қызметті жүргізген Әбу Юсуф, ханафиліктің ресми
мазхабқа айналуына және тәжірибе жүзінде қолданылуына көп үлес қосты. Ол
салық және мемлекет құқықығына қатысты Китабул Хараж атты кітабымен
мектептің мемлекет құзырында күшке қол жеткізуіне, тағайындаған ханафи
қазылары дәнекерлігімен бұл мазхабтың кең ауқатты түрде жайылуына және
ханафи мазхабына деген қызығушылықтың артуы үшін барынша белсенді рөл
атқарды. Әбу Юсуфпен бірге мазхабтың алғашқы мужтаһидтері Хорезм, Батыс
Түркістан, Хорасан мен Мауреннахрға барып, жаңадан мұсылман болған
халықтарға Әбу Ханифаның көзқарастарын үйретіп, әрі оны ұстануды қамтамасыз
ететін ортаны қалыптастырды. Әбу Ханифаның көптеген шәкірттерінің қазылық,
бас қазылық пен муфтилік секілді ресми қызметтерінің арқасында оның сенімге
байланысты және фикхтық көзқарастары Куфа мен Бағдадтан кейін Хорасанда
–Бәлх, Рей, Мәру, Нисабур, Жузжам, Журжан, Саракс және Гератта;
Мауреннахрда болса Термез, Бұқара, Нәсәф және Самарқанд қалаларында жайыла
бастаған болатын (Кутлу, 2001, 217-296). Әбу Ханифаның дәрістерінде
қалыптасқан ғибадат, қарым –қатынас (муамалат) және жазаларға (укубат)
байланысты үкімдер, пәтуалар және ижтихаттар қайта қаралып, тақырыптарына
қарай бөлімдерге бөлініп және жинақталып жазылды. Осы жинақталып жазылуы
негізінде Әбу Ханифаның көптеген шәкірттерінің қызмет еткендігі риуаят
етілген. Бұл жинақтау әрекетінің ең маңызды жемісі Мұхаммед ибн Хасан әш-
Шайбани (189805) тарапынан қаламға алынған Заһирур -Риуая атты туынды
болып табылады. Бұл кітапта ол Әбу Ханифа, Әбу Юсуф пен Имам Мұхаммедтің
көзқарастарын жинақтаған. Ханафи мазхабының негіздерін қалыптастырғандығы
үшін оған Масаили –методика деп те ат берілген. Алты кітаптан тұратын
Заһирур-Риуая кітаптары мектептің көзқарасы мен түсінігін кейінгі
ғалымдарға яғни буындарға жеткізген. Бұл кітаптармен оларда жазылған
фикхтық қағидалар Ислам құқығының бірден бір қайнар көзі болды. Осы себепті
бұл кітаптарға байланысты қазіргі таңға дейін көптеген түсіндірмелер
жазылды. Ханафи мазхабаның методикасы мен фикхының қалыптасуында алғашқы
ғалымдардың, яғни мутақаддимин болып танылған Әбу Ханифа және шәкірттерінің
зор үлесі болғандығы анық. Мазхабтың ішінде топқа бөлінушіліктер болса
шейхтардың немесе кейінгі дәуір ғалымдарының кезеңінде қалыптаса бастады.
Осы кезеңде алдыңғы кезеңге қарағанда көптеген кітаптардың жазылғандығы
назар аудартады. Әсіресе жазалау құқығы, қорлар, айлалар, шарттар және
кітапшалар секілді кейінгі сатыдағы әрі жүзеге асыруға бағытталған
тақырыптарда кітаптар жазылды. Бұл кезеңде үлес қосқан ханафи ғұламаларының
арасында бағдадтық фикх ғалымы Хассаф (261875), Мысыр қазысы Баққар ибн
Кутайба (270884), Шам, Бағдад және Куфада қазылық қызметте болған Әбу
Қазим әл-Қадидің (292905) алар орны ерекше. Ханафи фикхын ашықтаған кейбір
кітаптар да шейхтар кезеңінің екінші жартысында жазылған. Мәселен бұлардың
арасында Тахауйдің (321933) Әл-Мухтасафы, Хаким аш-Шахид әл-Маруазидің
(334945) Әл-Кафиі және Керхидің (240952) Әл-Мухтасаф атты кітаптарын
айта аламыз. Мазхаб фикхын, методикасын және фикхын жинақтауға, нығайтуға
бағытталған бұл кітаптар ханафи мазхабының дамуына маңызды үлес қоса білді
(Бардакоглы, 1997, 16, 9-10). ХI және XII ғасырларда болса мазхабтың
жайылуының кең ауқымды түрде орнығып мешіт, кітапхана және медресе секілді
ұйымдарда мазхабтың көзқарастары жайлы білім беріліп, үйретіле бастады. Әрі
мазхабтар арасы ғылыми тартысулардың құрылуы, кітап жазып шығару
жұмыстарының ілгерлеп, мазхаб жүйесінің орныққан және мазхаб мәдениетінің
кеңінен жайылған кезең болып табылады. Қудури (4281037), Халуани, Фахрул
исләм әл-Паздауи осы кезеңнің назар аудартар ханафи ғұламалары болатын. Осы
дәуірден бастап ханафи мазхабының көз қөзқарастарын кеңінен талқыланып,
ашықтайтын және дамуын қамтамасыз еткен көптеген кітаптар жазылды. Атап
айтар болсақ Әс-Сарахсидың Әл-Мабсуты, Әл –Хасанидің (5871191) Бадаюс
–Санай фи-тартибиш –ширайы атты кітабы, Әл-Марғинанидің (5931197) Әл-
Хидая атты кітаптары бұлардың тек бірнешеуі ғана. Кейінгі кезеңдерде бұл
кітаптарға жазылған түсініктемелердің жазылуы назар аудартарлық. Османылар
кезеңінде болса Молла Хусреудің (8851480) Әд-Дурары, Әл-Халабидің
(9561549) Әл-Мухтақал-әбхур, Тимурташидің (10041595) Тануйрул -Абсары
жазылған. Ретке келтіру кезеңінде Ахмед Жевдет Паша басшылығындағы
комиссиялық топ тарапынан дайындалған Мәжаллаһ атты кітап та азаматтық
құқық саласы бойынша маңызды еңбек болатын Хорезм шах кезеңінде де
ханафилік мемлекеттің ресми мазхабы болды. Ханафилікті алғашқы кезеңдерде
тек қана суннилер ғана емес, муғтазила өкілдері де ұстанды. Тіпті,
Бағдаттағы муғтазила пікірін ұстанушылар ханафи фикхына маңызды қолғабыстар
жасады. Тағы басқа да Табаристан зәйдиялары фикхта белгілі бір мерзімге
дейін ханафилікті ұстанды. Африкада көп жайылмаған ханафиліктің Сицилияда
белсенділігі анық байқалады. Осман мемлекетінің құрылуымен бірге мазхаб
қайтадан өздерін жаңалай түсіп, күшті әрі белсенді дәрежеге дейін
жоғарылады. Мемлекеттің заңдары мен патуаларына байланысты істерде бұл
мазхабтың әдісі мен көзқарастары негізге алынды. Императорлықтың орталығы
Стамбулдан ханафи әкімдерінің өзге қалаларға тағайындалуы мазхабтың ресми
дәрежеге жетуіне және айрықша айтар болсақ түріктердің арасында кеңінен
жайылуына себеп болды. Үлкен дәрежеге жеткендігі соншалықты Осман басшылығы
қармағындағы мемлекеттерде өмір сүріп жатқан язидилер, дурзиялер және
нусайрилер муамалатқа байланысты тақырыптарда ханафи мазхабының
көзқарастарына мойынсұнуды таңдады. Ханафилік қазіргі таңда Түркия,
Ауғанстан, Пәкістан, Ирак, түркі мемлекеттері, Албания және Сарай Босния
секілді Балқан өлкелерінде кең таралған. Мұнымен бірге Болгария, Румыния,
Қытай, Манчжурия, Жапония, Хижаз, Сирия және Иемендегі мұсылмандардың
көпшілігі ханафи мазхабын ұстанушылар болып табылады.Ханафи мазхабы Куфада
дүниге келіп, астанасы Бағдадта дамыды. Аббасилер дәуірінде қазылардың
көпшілігі ханафи мазхабын ұстанған кісілер болғанына байланысты ең көп
қолданыстағы фикхтық мазхаб һәліне келген болатын. Мазхабтың көзқарастары
шығысқа қарай жайыла түсуі, айрықша айтар болсақ Хорасан мен Мауренахрда
кең жайылып, дамуы назар аудартады. Ханафи мазхабын ұстанатын көптеген
ғалымдар осы өлкелерде жетіліп шығып, ғылыми еңбектерін жазып шығарды. Бұл
жағдай мазхабтың жайылу алаңының кеңейуіне көп әсері болды. Аббасилер
дәуіренен бастап Хорасан мен Мауренахрда маңыздылығы өте зор ханафи
мазхабының мәдени ошақтары құрылды. Ханафилердің арасында бұлардың
көзқарасатрына Бәлх ғалымдары, Бұхара ғалымдары, Самарқант ғалымдары және
Ферғана ғалымдары болуы назар аудартады. Қарахандықтар мен селчуктылар
кезеңінде Орта Азияда қоғамдық әрі діни өмір осы екі бірдей мемлекеттің
ресми мазхабы болып табылатын ханафи фикхына қарай басқарылатын. ХI-XIV
ғасырларда көптеген ханафи ғалымдары жетіліп шығып, әр бірі маңыздылығ өте
зор кітаптар жазып қалдырды. Ханафилік Матуруди ақидасымен бірлесіп, жаңа
бір кезеңді бастады. Матурудилік пен ханафилік ет пен сүйек секілді
ажырамас бір бүтін хәліне келді. Мұның нәтижесінде бұл екі мазхаб түркі
халықтарының ұстанатын бірі фикхта, келесісі итиқадта ұлттық мазхабы
дәрежесіне жеткен болатын. Хорезм шах кезеңінде де ханафи мазхабы
мемлекеттің ресми мазхабы сипатына ие болатын. Ханафи мазхабын алғашқы
кезеңдерде тек қана суннилер тарапынан емес, муғтазилалықтар да ұстанды.
Тіпті Бағдадтағы муғтазилалықтар ханафи фикхына маңызды бір үлестерін
қосты. Мұнымен бірге айтар болсақ Табаристан зәйдиялары фикхта белгілі бір
кезеңге дейін ханафилікті иемденді. Африакада көп жайылмаған ханафилік,
Сижилияда ықпалдылығы бар екендігі байқалады. Османлы дәулетінің құрылуымен
бірге мазхаб жаңадан күшті әрі ықпалдылығы мол дәрежесіне жетті.
Мемлекеттің жарғылары мен пәтуаларына байланысты істерде осы мазхабтың дәсі-
тәсілі және көзқарастары негізге алынды. Османлы дәулетінің орталығы болған
Стамбул қаласынан ханафи әкімдерді өзге қалаларға тағайындалуы мазхабтың
ресми хәлге жетуіне, әрі айрықша айтар болсақ түркі халықтарының арасында
кеңінен жайылуына себеп болды. Тіпті Османлы билігінің қол астындағы
өлкелерде өмір сүріп жатқан дурзилер, язидилер және нусайрилер қарым-
қатынасқа байланысты кейбір тақырыптарда ханафи мазхабының көзқарастарын
ұстанды. Ханафи мазхабы қазіргі таңда Түркия, Ауғанстан, Пәкістан, Ирак,
түркі мемлекеттері және Түркістан секілді Орта Азия мемлекеттерінде;
Албания және Босния-Герсогиния секілді Балкан мемлекеттерінде барынша кең
жайылған. Мұнымен бірге Балгария және Румыния мұсылмандары, Қытай, Манчурия
және Жапония мұсылмандары, Хижаз, Сирия және Йемендегі кейбір мұсылмандар
да ханафи мазхабын ұстанады. Ханафи мазхабы мәселелерді шешуде және
ижтихатта қолданған әдіс, мәселелердің үкімдерін Құран, сүннет, сахаба
сөзі, ижма, қияс, истихсан және әдет-ғұрып дәлелдерінің біріне
байланыстырады деп қорытындылай аламыз. Әбу Ханифа фикхты Кісінің жақсы
мен жаманды білуі деп анықтама берген. Осы шеңберде фикхтың бір мәселе ең
алдымен Құран аяттарымен салыстырылады. Аяттың мәтініне, ишарат еткен
мағынаға немесе дәлел бола алатындығы сай түрде шешімі табылатын. Құранда
шешімі табылмаса, сүннетке жүгініледі. Бірақ ханафилер сүннеттің Хазіреті
Пайғамбарға (с.а.у.) негізделген өздеріне тән әдіс-тәсілдері бар болатын.
Мазхабтың негізгі алға қойған прициптері бойынша мутауатир және мәшһүр
хадистер тысында қалған хабар-и уахид пен мурсал хадистер айрықша зерттеуге
алынады. Әбу Ханифа тек бір рауи риуаят еткен мағынасына келетін хабари
уахидті қабыл ету үшін рауидің сенімді, факих, әділетті болуы және риуаят
еткен хадисімен амал еткен болуы керек деген шарт қояды. Әбу Ханифаның аз
хадис білгендігі, хадиске маңыз бермегендігі және хадистерге қарсы
әрекеттерде болғандығы жайлы айтқандар да болды. Бұған қарсы ханафи
мазхабының өкілдері кітап, сүннет және сахабалардың үкімдері секілді
сөздердің қайнар көздерін өте мұқияттылықпен ұстанғандығын айтқан. Реті
келгенде айтып өту керек, Әбу Ханифаның ижтиһад мәселесінде өзіне жәрдемші
болған хадис хафыздарының болғандығы айтылған. Оның кейбір хаистердің қабыл
етпеуінің себебі жайлы айтар болсақ хадистің сенімділігі үшін алға қойған
шарттарына сай келмегендігіне байланысты қабыл етпеген. Ижтиһадтарында қияс
және истихсанға айрықша маңыз бергендігі белгілі. Қияс әдебиетте, Құран мен
сүннетте үкімі табылмаған бір мәселенің үкімін араларында ортақ себеп
немесе ол жайында дәлел бар болған мәселенің үкімімен байланыстыру
мағынасына келеді. Бұл әдіс-тәсіл Әбу Ханифаның алдындағы кейбір мужтаһид
имамдар тарапынан қолданылған. Бірақ Әбу Ханифа қиясты принципке негіздей
отырып дамыта түсті әрі ортаға шықпаған мәселелерді де қияс жолымен
қарастырған. Әбу Ханифа мәселелерді болған секілді қарай отырып болуы
мүмкін болған фикх үкімдерін шығарды. Әдет-ғұрыпты көп қолданып, сауда-
саттық келісіміндеріне алғашқы болып үкімдер шығарды. Оның ең маңызды
ерекшеліктерінің бірі жеке тұлғаның құқығы мен бас бостандығын қорғаштауы
болып табылады. Әрқандайда бір кісінің жеке бас-бостандығына ешкімнің қол
сұға алмайтындығын қорғаштай отырып, фикх ілімінде ерекше орын алатын өте
үлкен реформа жасай білді. Әбу Ханифа басқарушылардың зорлық-зомдылықтарына
қарсы шығып, жеке тұлғаның бас-бостандығын қорғаштауымен бірге діннің ашық
түрде дамуында алғашқы рет осындай жүйелі түрде фикхты ортаға қоя білді.
Қияс сай келмейтін жерлерде болса Әбу Ханифа истихсанға жүгінген. Истихсан
мужтаһидтің бұдан да қуатты деп тапқан бір жағдайға байланысты, мәселеде
ұқсастарының үкімінен басқа бір үкімге жүгінуі мағынасына келеді. Бұл әдіс-
тәсіл әртүрлі мазхабтар тарапынан да әртүрлі түсініктер қосыла отырып
қолданылған. Ханафилер, қарсыластары жағынан истихсанды жаңылыс
түсінгендіктеріне байланысты кінәланған. Қияспен байланысты болғаны үшін
әрбір қияс қолданғанның истихсан істеуі әбден мүмкін. Өйткені кейбір
жағдайларда шарииғи бір дәлелмен қарама-қайшы келген қиястың орнына
истихсан әдісі қолданылады. Ханафилердің қолданған мағынадағы истихсан не
насқа, не қиясқа, не ижмаға немесе заруретке сүйенілген әдіс-тәсіл болып
табылады. Бұл дәлелдермен бірге сахаба сөздері мен әдет-ғұрып та мазхабтың
қолданған дәлелдеріне жатады.

Итиқади тақырыптарда мүржияның көзқарастары әсер еткен ханафи
өкілдері, кейінірек итиқадта матуридилікті ұстанды. Ханафи-матуридилік,
ортаға қойған көзқарастары мен шешім шығаруда ақылға салу көзқарасын
негізге алады. Ханафилік ақылмен қойылған дәлелдерге, әдет-ғұрыпқа,
мемлекеттік істердің пайдасына, ақыл ой еркіндігіне, жеке тұлғаның құқығы
мен бостандығына және өзара түсіністікке сүйенген дін түсінігімен
құрылғандықтан мұсылман әлемінде ең таңдалған мазхабқа айналды. Мұнымен
бірге тарих барысында көптеген мұсылман мемлекетінің ресми мазхабы болуы,
ғылыми іргетасының және кадрларының өте күшті болуы мазхабты осы күнге
жеткізген ең маңызды себептер болып табылады.

Ханафи мазхабының Фикх кітаптары. Ханафи мәзһәбының көзқарастарын
ортаға салу үшін жазылған еңбектерден ең маңыздылары жоғарыда аты аталған
заһиру-р риуая атты мәшһүр алты кітап. Имам Мұхаммед бұл кітаптарда Әбу
Ханифа, Әбу Юсуф өз көзқарастарын жинақтаған. Заһиру-л мәзһәб және зәһиру-р
риуая дегенде осы үш имамды меңзеледі. Ханафи мәзһәбының басқа да маңызды
Фикх кітаптары мыналар: 1) Қасани, Бәдаиу-с Сәнаъи, 2) Мәрғинәни, әл-Һидая,
3) Дәбуси, К. Әл-Әсрар, 4) Кәмаләддин Ибну-л Хумам, Фәтху-л қадир, 5) әз-
Зәйләғи, Тәбиину-л Хақаиқ, 6) Ибн Нужәйм, әл-Бахру-р Раиқ, 7) Ибн Абидин,
Радду-л Мухтар [8; 67].

Малики мазхәбы. Маликилік Хижаз тұрғыны және хадисшілердің
жетекшілерінің бірі Малик ибн Әнәсқа негізделіп, фикхта мәдиналықтардың
сүннетті түсіну мен амал етуде ықпалы көп болған фикхтық мазхабқа атаған.
Мазхаб атауы құрушысы болып табылатын Имам Маликтен алған.Мәдинада дүниеге
келген Имам Малик (179795) осы қаланың таңдаулы ғалымдары Рабиятур-Рай,
Абдурахман ибн Хурмуз (117755), Шиһаб әз-Зуһри (124741), Әбу Зинад
(130747), Яхия ибн Сайд әл-Әнсари (143760) және Хазіреті Омардың (р.а.)
азат еткен құлы Насри ибн Әбу Нуғаймнан хадис және фикх дәрістерін алып,
белгілі дәрежеге жеткеннен кейін Пайғамбарымыздың мешітінде сабақ бере
бастады (Ибн Халликан, 1978, IV, 135). Имам Маликтің дәріс сабақтары хадис
және туындаған мәселелердің шешімін табу төңірегінде болды. Бұл дәріс әрбір
қала мен өлкелерден келген адамдардың қатысуымен жандана түсті. Имам
Маликтің Мәдинада ғылыми жұмыстарын жүргізуі әрі өмір бойы ол жерден
айрылмауы ойлау түйсігінің және фикхының қаладағы діни, ғылыми және мәдени
ортадан өте қатты әсерленуіне себеп болды. Хадисдің бесігі мен сүннетпен
амал етудің орталығы болған Мәдина қаласы Сайд ибн Мусаяб (93711), Урва
ибн Зубайр (99717), Қаим ибн Мухаммад, Хариса ибн Зуба, Әбу Бәкір ибн
Убайд, Сүлеймен ибн Ясар және Убайдуллаһ ибн Абдуллаһтан құралған жеті
құқықшымен атақты болды. Имам Малик, ұстаздарының көмегімен осы
ғалымдардан фикхтың әдіс-тәсілдерін үйреніп, әрі олардың ғылыми
ұстанымдарынан пайдаланды. Ол, мұнымен бірге сол кезеңнің діни
қажеттіліктеріне жауап беру үшін ең маңызды деген қалаларда құрылған
фикхтық мектептерден де хабардар болды. Осы орайда Ибн Мәсғудтің
риуаяттарына сүйенген және пікір –ой (рей) қолдаушылары болып табылатын
Куфа мектебінің жетекшілері Әбу Ханифа, Әбу Юсуф, Мұхаммед ибн Хасан әш-
Шәйбанимен кездескен. Мұнымен қоса сахабалардың сөздері мен табиғиндардың
патуаларына сүйенген түсінік үстем болған және Дузағи (157773) басшылық
еткен Шам мектебінің көзқарасында оқып шықты. Осылайша Имам Малик, жеке
фикх мазхабының негізін қалады. Имам Маликтен сабақ алып, әдіс-тәсілін
үйренген шәкірттерінің әртүрлі қалалар мен елдерге баруының арқасында оның
көзқарастары кең таралып, мазхаб қалыптаса бастады. Имам Маликтің
шәкірттері Мысыр мен Испаниядан бастап көптеген қалаларда ғылыми
жұмыстармен айналысты жане мазхабтың көзқарастарын жайды. Оның Мысырда
жайылуына себеп болған шәкірттері: Абударахман ибн әл-Қасым (191807),
Абдуллаһ ибн Уәһб ибн Муслим (197812), Әшһәб ибн Абдулазиз әл-Қайси
(204819), Әбу Мұхаммед Абдуллаһ ибн Абдилһаким (214829), Асбағ ибн Фараж
(225840), Мұхаммед ибн Абдиллаһ ибн Абдилһакам (268881), Мұхаммед ибн
Ибраһим әл-Искандари ибн Зияд (269882). Испанияда қызмет етіп, мазхабтың
жайылуына септігін тигізген шәкірттері болса мыналар: Әбу Хасан Али ибн
Зияд әт-Тунуси (183799), Әбу Абдиллаһ Зияд ибн Абдурахман әл Куртуби
(193809), Иса ибн Динар әл-Куртуби әл-Әндулуси (212827), Әсәд ибн әл-
Фурат ибн Синан әт-Тунуси (213828), Саһнун ибн Абдиссәлам ибн Сайд
(240854), Яхия ибн Яхия ибн Кәсир әл-Ләйси (234848), Абдулмәлик ибн Хабиб
ибн Сүлеймен әл-Сәләми (238852.

Мәлики мазхабының негізгі қайнар көз кітаптарының басында Имам
Маликтің сабақтарына қатысқан көптеген шәкірттері жазып қалдыр әл-
Мудаууана, Утбия, әл-Уадиха және әл Маууазия атты кітаптары болып табылады.
Бұлардың ішінде фикхтық тақырыптарға қарай реттелген әл-Мудаууана ең атақты
негізгі кітап ретінде кабыл етіліп, Солтүстік Африкада кең таралған. Бұл
кітапта Имам Маликтен риуаят етілген пәтуалары мен сөздері, ұстанушыларының
оның әдіс-тәсіліне қарай еткен ижтиһадтары, фикхқа байланысты хадистер және
көптеген маликия ғалымдарының көзқарастары жазылған. Имам Маликтің әдіс-
тәсілінің негізгі іргетасын көрсететін Муатта атты кітабында Мәдинадағы іс-
тәжірибесі, сахабалар мен табиғиндардың пәтуалары және имам Маликтің жеке
ижтиһадтары орын алған. Бірақ фикхтық мәселелер көп емес. Мәзхабтың кейінгі
кезеңде малики ұстанымы тарапынан қабыл етілген екі маңызды кітабы Абдуллаһ
ибн Әбу әл-Қайрауанидің (386996) ән-Нәуадир уаззиядат әлән -Науадирі
және Хамил бин Исхақтың (7761374) әл-Мухтасар атты кітаптары болып
табылады. Кейінгі кезеңдерде маликия мәзхабының ғалымдары, фикхпен қатар
философия саласында да маңызды жетістіктерге жете білді. Солардың бірі Ибн
Рушд ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислам дініндегі мәзһабтардың тағдыр түсінігі
Ислам теологиясы
Сабуни іліміндегі таным және оның маңызы мен мәні
Ислам жайлы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ РАДИКАЛДЫ ИСЛАМ АҒЫМДАРЫ
Матуриди мәзхабының ерекшелігі мен әшария мазхабынан айырмашылы
Ислам дінінің қалыптасып, араб тайпаларының бірігуі
Исламдағы құқықтық мектептердің қалыптасуы
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Әлемдік монотеистік діндердегі адам еркіндігі мәселесі
Пәндер