Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесі. Педагогика. Дәрістер



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
Лекция тезистері

Лекция-1. Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы

Жоспары:

1.Қазақстандағы ЖОО білім беру жүйесіне сипаттама

2. Қазіргі білім беруде интеграциялық процестер

3. Білім беру жүйесін ақпараттандыру
Мақсаты: Қазақстандағы заманауи білім беру жүйесінің дамуы туралы
түсінік қалыптастыру сипаттама беру

1.Қазақстандағы ЖОО білім беру жүйесіне сипаттама

Білім жалпы білімнің мазмұнындағы негізгі элемент, болмысты тану, табиғат,
қоғам және ой заңдарын ашу нәтижесі, әлеуметтік-тарихи тәжірибе процесінде
адамдардың жинаған тәжірибесі.
Білім мазмұнының түрлері:
• күнделікті болмыс туралы негізгі ұғымдар, терминдер және ғылыми
білімдер;
• көзқарастарды дәлелдеуге керекті күнделікті өмірден және ғылымнан
алынған фактілер;
• болмыстың әртүрлі объектілері және құбылыстары арасындағы
байланыстарды көрсететін ғылымның негізгі заңдары;
• белгілі бір объектілер, олардың арасындағы байланыс туралы ғылыми
білімдер;
• ғылыми іс-әрекет тәсілдері, таным әрекеті және ғылыми білімді алу
тарихы туралы білімдер;
• әртүрлі өмір құбылыстарын бағалау нормалары туралы білімдер.
Сонымен ғылыми білім - болмысты іс жүзінде тану нәтижесі, болмысты
дұрыс түсіну құралы. Білім, дүние дамуымен бірге өзгеріп және жетілдіріліп,
дүниетанымдық және тәрбиелік идеялар бір ұрпақтан екіншіге негізінен
ұйымдастырылған, нақты мақсаты бар оқыту арқылы беріледі.
Болашақ мұғалімдер мен тәрбиешілер сабақта педагог еңбегіне кажетті
арнаулы білім, іскерлік жэне дағдыны менгереді. Бұларды игерту оқу
үрдісінін басты міндеті. Мұғалім осы міндепі іске асыру барысында
оқушылардын. танымдық әрекетін, жаңа білімді белсенді қабылдап, жақсы
істеліуін қамтамасыз ету үшін сабақтың әр кезеңінде оқытудын сан түрлі
әдістерін пайдаланады.
Сабақтын жаңа білімді хабарлау кезеңінде лекция, баяндау, әңгімелеу,
эвристикалык әңгіме, экскурсия, бақылау, эксмеримент, көрнекілік,
тәжірибелік және педагогикалық, психологиялық әдебиеттерді оқу сиякты т.б.
әдістерді қолданады. Мұғалім жаңа такырыпты өту, оқыту әдістерін талдап,
жоспар жасағанда: жаңа мазмұнынын. ерекшелігін, оны кабылдауға оқушылардын
даярлығын, баланың ойы мен есін дамытудағы ыкпалын ескереді.
Мұғалім жаңа білімді хабарлаудан бұрын оқушыларға сабақтың танымдық
міндеттерін айтып, тәжірибелік мәнін ашады. Оқушыларды дербес ойлауға,
өздігінен қорытынды жасауға бағыттайды. Білімді саналы түсініп қабылдау
үшін жаңа такырыпты оқушылардың өздеріне талдату, оны пайдалануға
жаттықтыру. әңгіме, сұрақ-жауап, сонымен қатар білімін тексеру және бағалау
әдістерін де қолданады.
2. Қазіргі білім беруде интеграциялық процестер

Интеграциялық сабақ аралас сабаққа ұқсас. Ерекшелігі жаңа білімді
игеру бір кезеңде ғана көрініс таппайды, бүкіл сабақ барысында жүріп
отырады. Интеграциялық сабақ жаңа материалдарды игеруді, бұрынғы оқып
кеткен тақырыптарды қайталауды да құрамына біріктіреді, жаңа білім
оқушылардың практикалық жұмысынан туындауын қамтамасыз етеді. Материалды
сұрау сабақтың басында емес, бүкіл сабақ бойы жаңа материалды түсіндіру
кезінде, жаттығу, тапсырмаларды орындау, т.б. жұмыстар кезінде де жүріп
отырады.
Жаңа білімді игеру процесі сабақтың белгілі кезеңінде ғана іске
аспайды, сабақтың өн бойыңда іске асады.
Стрезикозин В.П. оқытудың мұндай түрін жаңа білімді бірте-бірте
бөлшектеп игеру, меңгеру, яғни жаңа білімнің әрбір элементі бұрынғы
меңгерген біліміне қосылады, жалғасады, - дейді.

Практикада сабақтың бұл типі жеке-дара аз кездеседі, көбінесе бір-
бірімен араласып кетеді; Сабақ типін белгілеу мұғалімнің терең біліміне
жеке ерекшелігіне шығармашылық қабілетіне байланысты.
Сабақтың қандай түрі таңдалса да,ең негізгісі оқушыларды дербестікке,
белсенділікке, ойшылдыққа іскерлікке үйрету, алған білімі
сеніміне,дүниетанымына айналуын үздіксіз көздеу.Ол үшін мұғалім
классификациясын жақсы біліп пайдалана, іске асыра алуы қажет.
Сабақ классификациясы дегеніміз сабақтарды құрылысы жағынан
топтастыру,түрге бөлу деген сөз Н.Көшекбаев.
Педагогикалық әдістемелік әдебиеттерде сабақтың жіктелуі көп
болғанымен,мына түрі ғана тиімді деп біреуін ғана ұсыну дұрыс емес,қоғам
дамыған сайын оқытудың жүйесі,мазмұны,мақсаты,әдістері, сабақтың түрлері де
жаңа талаптарға сай өзгертетіні белгілі.Олай болса, сабақ классификациясы
да өзгеріп отырады.Атап айтсақ.И.К.Казанцев сабақ классификациясын білім
мазмұнына қарай жіктеп,10 типін түрін көрсеткен
Сабақты бекіту барысында бір-екі логикалык есеп
шығарту, сабақ конспектісін талкылау, сюжетгі - рольді ойынды талдау сиякты
жұмыстар жүргізу пайдаланылады. Өйткені бұндай жұмыстар жаңа білімді
қолдануды қажет етеді.
Кейде мұғалім бекіту жұмысын лекцияның жоспарын жасатау, әңгіме
қүрастыру, сөзтізбек жасату түрінде де өткізеді. Немесе сабақтын. соңында
кинофильмнен үзінді көрсетіп, оны түсіндіріл айтып отыруды оқушыға
тапсырады, көріп, тьшдап болған сон, бәрі талдап, бекітеді:
Бұндай тапсырмалар оқушыдан жаңа білімін пайдалануды қажет етеді, ал
мұғалім оқушынын ой саптауын, жаңа білімді қолдануын бағалайды.
3. Білім беру жүйесін ақпараттандыру
Бүкіл дүниежүзілік білім әлеміне кіру мақсатында қазіргі кезде
Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда. Бұл үрдіс педагогика теориясы
мен оқу-тәрбие үрдісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар жүргізіледі.
Елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру қызметіне
жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды,
жастардың шығармашылық әлеуетін дамытудың, мұғалім іс-әрекетін жаңаша
тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Тәуелсіз ел болып, өз алдына дербес
мемлекет алғанымыз - үлкен жетістік. Ендігі жерде жас мемлекетіміздің әлем
кеңістігінде өркениентті ел ретінде танымал болып, экономиканы өркендетіп,
халықтың әлеуметтік жағдайын, білімі мен ғылымы, өнері мен мәдениеті
өркендеп, халықтың әлеуметтік жағдайы дүние жүзі мемлекеттерімен теңесуі
үшін ел мүддесі жолында аянбай тер төгіп, мағыналы да, маңызды жұмыстар
атқару – Республикамыздың әр азаматының парызы. Сондықтан бүгінгі таңда
өмірдің жалғастырушысы – ертеңгі болашағымыз ел мен жердің иесі – жас
ұрпақты лайықты тәрбиелеп өсіріп, сапалы білім беру қажеттілігі туындайды
Сондықтан келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде
мұғалімдердің инновациялық іс-әрекетінің ғылыми-педагогикалық негіздерін
меңгеруі - маңызды мәселелердің бірі. Жаңа рухани, эстетикалық және
тәжірибелік құндылықтардың пайда болуын танымдық эволюция анықтайды.
Ақпараттылық әлемді қоғаммен шынайы байланыс сапасын толықтыруды қолдану,
әлеуеттіұштастыру жүйесін кеңейтеді, тұлға – қоғам жүйесінің дамуын
көрсетеді. Бұл жоспарда Ю.А.Левада әлеуметтік ақпаратты көрсету жорығында
үлкен құндылық танытқан. Оның анықтауынша, қоғамдағы жеке бастың қабылдау
белгілерін 3 түрге бөлуге болады, құрылымдық ақпаратты, іргелілік ақпараты,
амалды ақпарат болып бөлінеді.

“Ақпарат құралдарды пайдалану дағдысын меңгеру және СМИ – дің
тарихтағы дамуы туралы қажетті білімнің құны және қоғамдағы өмірде оның
рөлі,” сонымен қатар кәсіби дайындық университеттер мен арнайы колледжде
оқыту нәтижесінде мынадай курстар оқытылатын, компьютерлік білім,
бұқаралық қатынас саласындағы немесе курстар, ақпарат мәселесіне арналған.
Қоғамдық пікірді, құруда, ақпараттық бұқаралық, сөзсіз түрде шешуші рөл
атқарады, солай болғандықтан, олар бұқаралық аудитория. Министерлік берген
ақпарат бойынша, мәдениет және қоғамдық келісім, қазақстандықтар күнделікті
теледидардан 80,1% хабар алады, мерзімдік басылымнан оқу 40,6 % Бұқаралық
ақпаратты құралдардан басқа, медиа білім құралы өзекті жүйе интернет болып
табылады. Интернет осы уақытта республика тұрғынының 2,9 ғана пайдаланады,
ғалымдар интернетті бұқаралық ақпарат құралы деп қарайды.
Медиабілім – бұқаралық ақпарат құралдарынан және өзекті интернеттен
этнокөркемдік мәдениет саласын қабылдау және шығармашылық амалдық ақпаратты
өңдеу бағыты. Жеке адамдық дәлелдеу бірлігіндегі өзіне тән ұлттық өзіндік
сана бөліктері бар, бүтіндік жеке адамның мазмұнды және амалдық бөліктерді
жекелей алғы шарттарын қалыптастыру. Осы уақыттағы рухани дағдарыс
қоғамдағы өзекті ақпараттылықты туғызады деп бақыланған, гумманитарлық
кәсіптегі мамандар даярлағанда, басты көңіл бөлетін мәселе, білімдік
әлеуетті ұлттық дәстүрлік мәдениетте, жас ұрпақ тәрбиесіне акпараттылық
білім жағдайына қажетті тұрде пайдалану
Әдебиеттер:
1 Елбасының Қазақстан халқына Жолдауы арнайы шығарылым (14 желтоқсан, 2012
жыл) Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев
2.Бекхожин Х. Айқап журналы және оқу-ағарту мәселелері. Қазақстан
мектебі, 1964, № 8.
3.Жарықбаев Қ. Психология ғылымы, оның Қазақстандағы даму перспективалары.
Қазақстан мектебі, 1975, № 8.
4.Жарықбаев Қ., Шабельников В. Психология. Қазақ ССР. Қысқаша энциклопедия.
Том 3. Алматы, 1989, 409-411 б.
5.Мәдин И. Қазақстандағы педагогикалық ғылыми еңбектер. Халық мұғалімі,
1959, №12.
6.Мусин С. Қазақ мектебінің оқу-тәрбие жұмысы тарихынан (1920-1930)
Қазақстан мектебі, 1960, № 5.
7.Жұмабаев М. Таңдамалы шығармалары. Алматы, Ғылым 1992.
8.Құдайбердиев Ш. Шығармалары, Алматы, Жазушы 1988.

Лекция-2. Педагогика ғылымының жалпы мәселлері.
Жоспары:
1. Педагогика ғылымының зерттеу объектісі, пәні оның негізгі
компоненттері
2. Педагогика ғылым жүйесі және оның басқа ғылымдармен байланысы
Лекция мақсаты: Педагогика ғылымының негізгі ұғымдарын меңгеру.
Педагогиканың басты ерекшеліктерін, міндеттерін ашып көрсету,
методологиялық негізін анықтау арқылы, педагогиканың басқа ғылымдармен
байланысын дәлелдеу.
Негізгі ұғымдар: Педагогика, жеке адамның дамуы. Тәрбиелеу, білім алу,
оқыту. Педагогикадағы пәнаралық байланыс. Педагогиканың метологиялық
негіздері. Ғылыми педагогикалық зерттеу әдістері.

Пәнаралық байланыс: Тарих, этнопедагогика, жалпы психология т.б.
Лекцияда пайдаланылатын көрнекі құралдар: Педагогика ғылымының салалары
және оның басқа ғылымдармен байланысын көрсететін №1 кесте.

1.Педагогика ғылымының зерттеу объектісі, пәні оның негізгі компоненттері
Педагогика ғылымының алдында тұрған міндеттердің күрделілігі біздің
қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан қайта құру процесінен
туындайды.Қоғамның экономика мен саяси жүйесіндегі жаңаша ойлау, халықтың
рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетілдіру мәселелері үздіксіз
білім берудің біріңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен байланысты
шешіледі.
Педагогика ғылымы алдындағы басты міндеттердің бірі – үздіксіз білім
берудің біріңғай жүйесін жасау.
Педагогика ғылымындағы негізгі бағыттар халық ағарту жүйесін, оқу-тәрбие
процесін интеграциялау, гуманитарландыру, интелектуалдандыру,
индивидуализациялау және демократияландырудың ғылыми теориялық принциптерін
ашу.
Қоғам өміріндегі тәрбиенің рөлі мен жеке адамның қалыптасуы туралы
теориялық мәселелерді анықтау педагогиканың негізгі міндеттерінің бірі.
Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы политехникалық және
кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау, оқу-тәрбие процесін
оптималдандырудың тиімді әдістерін ашу, ғылыми практикалық мәнін көрсету.
Сондай-ақ маңызды міндеттердің қатарына қоғамдағы мұғалімнің әлеуметтік
орнын және оқу-тәрбие процесіндегі ұстаздық рөлі мен маңызын көрсету және
еліміздегі үздіксіз педагогикалық білім берудің мазмұнын жасау, өздігінен
білім алудың ғылыми практикалық негізін айқындау жатады.
Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, рөлін көрсету
және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.
Педагогика термині гректің екі сөзінен : пайс-балара және егейн-
баланы басқару, тәрбиелеу, бағу ұғымдарынан шыққан.
Адам бүкіл өзінің өмірі бойында тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді.
Педагогика оқулығында, зерттеу еңбектерінде, анықтамалар мен
энциклопедиялық сөздіктерінде педагогика ғылымына берген әртүрлі
анықтамаларды кездестіреміз. Ең көп кездесетіні: педагогика тәрбие туралы
ғылым деген анықтамалар. Ал педагогика пәніне берілген анықтамалар да
әртүрлі. Педагогика пәні адамды адам етіп тәрбиелейді, педагогика пәні –
тәрбиелік іс-әрекет, педагогика пәні- арнайы ұйымдастырылған әлеуметтік
сала.
Ең негізгісі педагогика тәрбие туралы ғылым. Әрбір ғылымның өзіне тән
зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар. Мысалы, философияда болмыс,
материя, қозғалыс, саяси экономикада – қоғамның өндіргіш күштері мен
өндірістік қатынастары, ал педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту
ұғымдары жатады.
2.Педагогика ғылым жүйесі және оның басқа ғылымдармен байланысы
Педагогика ғылымы ұзақ тарихи даму жолынан өтті. Алғашқы педагогикалық
ой-пікірлер ертедегі шығыс елдерінің (Египет, Вавилония, Үнді; Қытай)
философиялық жүйесінде дамыды, кейін біртіндеп өз алдына жеке ғылым болып
дами бастады.
Ежелгі дүние философиясы ертедегі шығыс елдерінің жинастырған білім
мұрасын ілгері дамытқан еді. Саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам
тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны және ерекшелігі сияқты педагогикалық
проблемаларды қарастырады. (Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит).
Феодалдық қоғам тұсында тәрбиеге деген көзқарас мүлдем өзгерді. Ерте дүние
педагогтары ұсынған адамның рухани және дене күштерінің қатар дамуы
көзқарастарының орнына о дүниелік өмірге дайындауды ұсынған пікірлер
қалыптасты. (Монастрлық, мұсылман мектебі).
XV-XVI ғасыр педагогикасы орта ғасыр педагогикасын сынады. Адамның жеке
басынаң тәрбиесі, оның дамуы ойшылдарды толғандырды. Сондықтан бұл кездегі
мәдениет пен педагогикалық бағыт гуманизм деп аталады. (Ф.Ром, Т.Мор).
Гуманистер жаңа дәуір үшін жаңа адам қажет деді.
педагогика және балалар психологиясы пәндерін оқытумен тығыз байланыста
жүргізіледі.
Педагогикалық пәндерді_оқыту әдістемесі_курсының мақсаты:
- Болашақ мамандарды педагогикалық қолледжілердің, мектепке дейінгі
мекемелердің сан-салалы жұмыстарымен, оқу-тәрбие істерімен таныстыру.
Педагогика қажетті дағды мен іскерлікті, кәсіптік мінез-құлықты
қалыптастыру.
- Болашақ мамандарды мектепке дейінгі мекемелер мен педагогикалық
қолледжілердің оқу жоспарымен, білім мазмұнымен, бағдарламаларымен,
оқулықтарымен таныстыру.
- Мектепке дейінгі педагогика мен Балалар психологиясынан оқу ісін
ұйымдастырудың негізгі қалпы - сабақпен, оның типтерімен, түрлерімен, әдіс-
тәсілдерімен, сабақтағы дербес жұмыстармен каруландыру.
- жаңашыл педагогтардың оқыту әдістерін шығармашылықпен пайдалану
арқылы оқыту процесін жетілдіру.
- педагогикалық тәжірибенің мазмұнымен, тәжірибе кезінде жүргізілетін
жұмыстың әдіс-тәсілдерімен, ғылыми-әдістемелік жұмыстармен қаруландыру
аркылы болашақ мамандарды жан-жақты даярлау
Курстың міндеттері: 1Болашақ мамаңдарды педагогикалық;
қолледжілердегі, балабақшалардағы оқу-тәрбие жұмыстары, олардың
ерекшеліктерін таныту; 2Тәрбиеші мен мұғалімнің жеке басына қойылатын
талаптарды игерту;
3 Оқу, тәрбие жұмыстарының мазмұнын, әдіс-тәсілдерін жаңартып
отыру;
4 Өздігінен, дербес білімін жетілдірудің жүйесін меңгерту; 5 Мұғалім,
тәрбиеші туралы жазылған кітаптарды: Ы.Алтынсариннің,
А.Қүнанбаевтың, А.Байтүрсыновтың, Ж.Аймауытовтың, М.Жұмабаевтың,
.Кебеевтің, Ш.Айтматовтың, А.С.Макаренконың, Н.К.Крупскаяның,
Ф.Н.Гоноболиннің, Н.И.Болдыревтің, РЛембергтің,
Т.Сабировтың, В.А.Сластениннің, Э.Шыныбекованың және жаңашьш-
педагогтардың еңбектерін окып үйренуге, талдауға бағдар беру; 6 Оқу
процесінің мазмұнына ерекше мән бере отырып, оқу жоспарын,
бағдарламаны, оқулықты талдау, педагогикалық, психологиялык,
әдістемелік негізгі түсініктерді, заңдылыктарды игертіп, болашақ
мамандардың дүниетанымын, ғылыми көз-қарасқа калыптастыру.
Әдебиеттер:

1. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан - 2030. Алматы, Үкімет жаршысы, 1998ж.
2. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан халқының әл- ауқатын арттыру- мемлекеттік
саясаттың басты мақсаты. Егемен Қазақстан, 2008ж, 7 ақпан
3. Назарбаев Н.Ә. Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан, Астана, Мирас, 2007ж.
4. Тілеуова С.С., Әліпбек А.З. Педагогика. Шымкент, 2006ж..
5. Тілеуова С. Жоғары мектеп педагогикасы. Шымкент, 2004ж.

Лекция-3. ЖОО дидактикасының жалпы негіздері
Жоспар:
1. Дидактика туралы жалпы түсінік
2. Оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері
3. Оқытудың принциптері
4. ЖОО – дағы оқытудын әдістері
Мақсаты:ЖОО дидактикасының жалпы негіздері және дидактиканың
қалыптасуы әсер етуші күш пен қағидаға тоқталу
1.Дидактика туралы жалпы түсінік
Дидактика мұғалімге жалпы жол-жобакөрсетіп, жетекшілік етеді... сыннан
өткен
тиімді деген жолдарды ғана нұсқайды. (Жүсіпбек
Аймауытов)
Оқыту теориясы педагогиканың негізгі бөлімі болып есептеледі. Сондықтан бұл
бөлімді оқыту теориясы деп атайды. Дидактика - гректің дидактикос деген
сөзінен шыққан, білім беру мен оқытудың теориясы деген мағынаны білдіреді.
Ол педагогиканың бір саласы ретінде көрінетін оқыту мен білім берудің
мәселелерін шешуші жүйе болып табылады. Бірінші болып бұл сөзді неміс
педагогы Вольфранга Ратке (1571-1635) , білім берудің мәні мен мағынасында
өз еңбектерінде қолданған. Сонымен қатар дидактика мағынасын Я.А. Коменский
барлық білім беру әмбебап өнерінің бір жүйесі ретінде қолданылған.
Қазақ сахарасындағы ғұлама ғалым - Әл-Фараби балаларды жүйелі оқытуды
ұсына отырып, ең алдымен тіл мен логиканы, поэтика мен арифметиканы білу
абзал, бұлар адамның ақыл - парасатына, мінез - құлқына игі әсер етеді деп
білім мазмұнына көңіл бөлді. Әл-Фарабидің "Ғылымдар энциютопедиясы" атты
трактаты шығыс пен батыс елдерінде кеңінен мәлім болып, 500 жыл бойы
мектептерде ғылым бастамалары жөнінен негізгі бағдарлармалық жетекші құрал
ретіндегі дидактикалық шығарма болды.
Қазақ даласындағы озық педагогикалық ойды жалғастырушылардың бірі -
Ыбырай Алтынсарин еді. Ол К.Д. Ушинскийдің, Л.Н. Толстойдың, И.И.
Паульсонкың педагогикалық көзқарастарын зерттеді. Ы. Алтынсариннің орыс
тілі мен қазақ тілін жеке пен ретінде оқыту, белгілі жүйемен сабақ.
жүргізу, оқу мазмұнын анықтау, түсініп оқу, оқу мазмұнын анықтауда баланың
білім дәрежесін ескеру туралы пікірлері әлі күнге дейін бағалы.
Қазақтың ұлы ойшыл ақыны Абай Құнанбаев оқыту ісінде жас ұрпақка
жүйелі білім беру, ақыл - ойын дамыту, ана тілінде ғылыми білім беру, содан
кейін ғана шет тілдерін оқытуға көшуді ұсынған, оқытуда құрғақ жаттау
әдісіне қарсы болған, ол жастарды тәрбиелеу отбасында, мектепте және
әдебиет арқылы іске асуы керек деп көрсеткен.
Білім таратудың тиімді жолдарын іздеп, ғылыми әдістемелік мақалалар
жазған ағартушы Ахмет Байтұрсынұлы болды. Ол еңбектерінде қазақ тілін
оқытудың әдістемесі, оқыту ісіне керекті құралдар, оқу кітаптары,
бағдарлама, бастауыш мектепте қазақ тілінде оқыту, содан кейін ғана орыс
тілінде оқыту сияқты келелі мәселелерді көтеріп, тамаша пікірлер айтқан.
Жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу саласында педагог Жүсіпбек Аймауытов
"Тәрбиешіге жетекші" еңбегінде бала оқытудың ережелерін, заңдарын, оқыту
жүйесін көрсететін дидактика екенін, дидактиқаның оқытудың заңдары мен
жолдарын қарастыратынын, ал әдістеменің жеке пәндерді оқытудын, әдістерін
қарастыратынын және әдістердің үнемі дамып, жетіліп отыратынын атап
көрсеткен.
Дидактика саласын қарастырып педагогика оқулығын жазған ұстаз - Мағжан
Жұмабаев еді. Ол жалпы педагогика, әдістеме, мектенті басқару, педагогика
тарихының басты - басты мәселелерін қарастырған.
Бүгінгі таңда дидактика теориясының негізін құрайтын М.Д.Даниловтың,
М.Н.Скаткиннің, И.Я.Лернердің, И.Г.Огорбдниковтың, Л.Р.Занковтың,
Д.Б.Элкониннің, Т.А.Ильинаның, Р.Г.Лембергтың, Т.С.Сабировтың,
М.И.Махмудовтын, Ю.К.Бабанскийдің, И.Чередовтың, С.Ивановтың, В.Шаталовтың
т.б. жаңашыл педагогтардың зерттеулері. Оқу ісінің аталған құрамды
бөліктерінің бірі оқытуды жетілдіру міндеттерін шешуге бағытталған.
Оқыту - таным әрекетінің ерекше түрі және білім берудің негізгі жолы.
Дидактика философиямен, социологиямен, логикамен, физиологиямен,
психологиямен, жеке пәндерді оқыту әдістемесімен, кибернетикамен,
математикамен т.б. ғылым салаларымен байланысты. Философияның бір саласы -
таным теориясы. Таным теориясы бізді қоршаған дүниені танып білудің негізгі
зандылықтары мен әдістерін, формаларын зерттейді. Дүниені тануда екі түрлі:
материалистік және идеалистік көзқарас өзара күресуде. Ғылым дүниені дұрыс
бейнелейтін материалистік дүниетаным теориясы екенін дәлелдеді.
2.Оқытудың мәні, құрылымы және қозғаушы күштері
Оқыту - екі жақты процесс. Сабақ беру мұғалімнің әрекеті, үйрену
оқушының әрекеті.
Саба беру - оқушылардың таным әрекетіне және тәжірибелік әрекетіне
басшылық ету. Үйрету - білімді, іскерлікті, дағдыларды меңгерту процесі.
Оқыту процесінде оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыларды меңгерту,
дүниетанымы қалыптасады, танымдық қабілеті дамиды, дербес жұмыс істеуге
жаттығады, үйренеді.
Оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны меңгеру ісі-қабылдау, ойлап
түсіну, жинақтау, есінде сақтау, қайта жаңғырту, тәжірибеде қолдану сияқты
оқу - процесінің буындарынан тұрады, бұлар бір-бірімен байланысты, белгілі
дәрежеде таным жолдарын байқатады.
Сабақтың құрылысы алдына қойған мақсатына, оқу жадығатының мазмұнына,
оқытудың типіне, әдіс - тәсілдеріне, оқушылардың жас ерекшелігіне
байланысты. Сабақтың құрылысына мұғалім жұмысының шығармашылық сипаты да
әсер етеді.
Сабақ құрылысының негізгі элементтері:
1 Ұйымдастыру кезеңі;
2 Мақсатын белгілеу;
3 Үй жұмысын тексеру және оқушылардың білімін бағалау;
4 Жаңа материалды беру және оқушылардың дербес жұмысы;
5 Жаңа материалды бекіту;
6 Үй тапсырмасын түсіндіру;
7 Сабақтың қорытындысы.
Мұғалім сабақ құрылысының сан алуан екенін үнемі есте сақтап, оны
анықтауда негізгі дидактикалық міндеттер мен оқушылардың ақыл - ой әрекетін
дамытуды ескереді. Бұл жөнінде белгілі дидактар М.Н.Скаткин, Р.Я.Лемберг,
И.Т.Огородников, И.Я.Лернер, Н.Көшекбаев, Т.С.Сабиров т.б. сабақтың
құрылысы оқушылардың белсенді іс-әрекетін дамытуға бағытталуы тиіс деп
көрсеткен.
3.Оқытудың принциптері
Принцип - латын сөзі, қазақша негіз деген сөз. Оқыту принциптері -
мұғалім мен оқушылардың жұмысын реттеп отыратын ережелер. Сондықтан ол
барлық пәндерді оқытқанда қолданылады. Оқыту принциптеріне сәйкес оқытуға
қойылатын талаптар тұжырымдалады. Оларды орындаған мұғалім өз еңбегінде
жақсы табыстарға жетеді.
Оқыту принциптерінің жүйесін тұңғыш ұсынған Я.А.Каменский. Ол адам
табиғаттың бір бөлігі болғандықтан, оқыту да табиғат пен адам тәуелді
болатын заңдарға байланысты екенін дәлелдейді. Сондықтан оның пікірінше,
оқытудың ең басты принципі - табиғатқа сай болу принципі. И.Г.Песталоции
оқытудың көрнекілік принципін ерекше бағалап, оны логикалық ойлауды
дамытатын маңызды құрал деп санаған. К.Д.Ушинский оқытудың халықтық
сипатына баса назар аударып, оқытудың принциптерін психологиялық тұрғыдан
қараған. Ы.Алтынсарин оқыту ережелерін қазақ мектептеріндегі білім берудің
ерекшеліктеріне байланысты қолдану керектігін айтқан.
1927 жылғы педагогикалық энциклопедияда педагогика ғылымы мен мектептің
жетістіктері жинақталып, "принцип" сөзіне анықтама берілді: мақсаты,
құралды таңдауға негіз болатын ой.
А.П.Пинкевич ұсынған принциптер: оқытудың өмірмен және қоғамдық
еңбекпен байланысы;
Қазіргі оқытуда саналылық, белсенділік, көрнекілік, жүйелілік,
бірізділік, беріктік, түсініктілік, ғылымилық, теория мен тәжірибе бірлігі
сияқты принциптер кең қолданылады. Принциптердің талаптары мұғалімнің түрлі
ережелерді қолдануы арқылы орындалады.
Ережелерде мұғалімге нақты нұсқаулар беріледі. Оларды ғылым жетістіктеріне,
өмір талабына сай толықтыруға және түзетуге болады. Принциптер
педагогикалық процесті реттеп отырады. Олардың талаптары ережелер арқылы
жүзеге асады.
4.ЖОО – дағы оқытудын әдістері
Оқыту әдістері туралы анықтамаларға тоқталып өтейік:
Оқыту әдістері дегеніміз оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеуі әдісі, оның
арқасында білім, іскерлік дағды қалыптасып, оқушылардың дүние танымдылығы
мен қабілеттілігі артады.
Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің
барысында білім алу
жолдары.
Оқыту әдістері дегеніміз-мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Дегенмен осындай анықтамалардың көптігіне қарамастан олардың арасында
принциптік қарама-қайшылық жоқ.
Ал, соңғы оқыту әдісіне берілген анықтамада мұғалім мен оқушы арасындағы
қарым-қатынас көрсетілмейді. Сондықтан оқыту әдісінің субьективті -
субьективтілік ішкі заңдылық негізі ашылмаған. Бұл жағдайда оқыту процесі
барысында оқушы пассивті позицияда қалады. Ал, оқушының оқыту процесінде
белсенді ролі болу үшін мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас
субьектілік негізінде құрылуы керек.
Сонымен қазіргі педагогикада оқыту әдісі оқушылардың білімді меңгеру және
олардың дамуы мен тәрбиесіне бағытталған оқушы және мұғалім арасындағы
бірлесіп жүргізілетін іс-әрекеттің субьектілік қарым-қатынас құралдары
ретінде анықталды.
Оқытушы оқыту әдістерінің жіктелуіне түрлі жол таба білуі керек. Ғылыми
әдебиеттерінде жіктелудің жиырмадан астам түрі бар.
Осылардың ішіндегі ең кең тараған – И.Т.Огородников, Н.А.Сорокин,
Ю.К.Бабанский, Р:Г.Лемберг, т.б. ұсынған оқыту әдісінің жүйеленуі. Олар
оқыту әдістерін үш топқа бөлген.
Ауызша. Әңгіме жұмыстар, әңгіме кеңестер жұмыстар, лекция, кітаппен жұмыс.
Көрнекілік. Суретпен сипаттау, демонстрация.
Практикалық. Лабораториялық, практикалық.

Әдебиеттер:

1 ҚР-ның 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. -Алматы,
2010 ж.-45б.
2. Оқыту технологиясының негіздері., Т.Сабыров. Алматы-1993 жыл 96-бет.
3.Педагогика., Р.М.Қоянбаев, Ж.Б.Қоянбаев. Алматы-2002 жыл.
4.Жалпы бастауыш білім беру педагогикасы., Р.М.Қоянбаев.,
Қ.Т.Ыбыраймжанов. Түркістан-2005 жыл.
5.Жоғарғы мектеп педагогикасы., С.Тілеуова Шымкент-2004 жыл.

Лекция -4. Педагогикалық әрекеттің құрылымы
Жоспары:
1. Педагогикалық әрекет мазмұны
2. Педагогктың өзіндік санасы және педагогикалық әрекеттің құрылымы
3. ЖОО оқытушысының қабілеттері мен шеберліктері
Мақсаты: Педагогикалық әрекеттің құрылымы мен педагогтың өзіндік санасын
қалыптастыру
1.Педагогикалық әрекет мазмұны
Курстың мазмұны: педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі курсының
бағдарламасьш йгеру барысында болашақ мамандар төмендегі педагогикалық
дағдылар мен іскерліктерді меңгереді:
- Оқу жоспарына сай педагогикалық пәндерден күнтізбелік жоспар жасау;
- Күнделікті сабақ жоспарын жасап, конспект жазу;
- Педагогикалық пәндерді оқыту процесін ұйымдастыру;
- Өткізілетін такырыбына лайықты көрнекі құралдарды дайындау, оны тиімді
қолдана білу;
- Ата-аналармен жүргізілетін жұмыстың түрлерін игеру;
- Педагогикалық, психологиялық апталықтар өткізу;
- Жұртшылық алдында озат тәжірибені ортаға салу. педагогикалық насихат
жұмысын жүргізу;
- Әдістемелік мәжілістерге қатысу, баяндамалар жасау, мақала жазу;
- Ғылыми-әдістемелік жұмыстарды ұйымдастыру;
- Оұу бағдарламалары мен оқулықтардың мазмұнын талдау;
- Оқытудың тиімді әдістерін игеру;
- Жаңашыл педагогтардың әдіс-тәсілдерімен танысу, оқуды өз сабақтарында
шығармашылыкпен пайдалана білуге дағдылану;
- Іскерлік ойындарын, ынтымақтастық педагогикасын ұйымдастыра білу;
- Негізгі іс-қағаздарды толтыра алу, жүргізе білу;
- Оқу процесіңде тәлім-тәрбие жұмысын жүргізе білу;
Педагогикалық пәңдерді оқыту әдістемесі курсы балабақша мен
педқолледжілерде өткізілетін практикамен тығыз байланысты. Практика
кезінде студенттер әрі мұғалімнін, әрі сынып жетекшісінің қызметін
аткарады. Сол себептен де олар сабақты және кластан тыс тәрбие жұмысын
ұйымдастырудың әдіс-тәсілдерін теориялық жағынан саналы игеріп, оны
практикада түсініп қолдана білуге машыктануы тиіс.
Студенттер педпрактикада теорияиялық білімдерін тәжірибе :жүзінде іске
асырып, педагогика, психология ғылымдарындағы зерттеу жұмыстарының жада
мәліметтерін, жетістіктерін сабақта, кластан тыс тәрбие жұмыстарын
жүргізгенде пайдалана білуі қажет.
2.Педагогктың өзіндік санасы және педагогикалық әрекеттің құрылымы
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі атты курсын болашақ мамандар
жүйелі, бірізді, жоспарлы бағдарламаға сай окып үйренеді.
Маман кадрларды даярлауды жақсарту жөніндегі 1987 ж. қаулы оқу процесін
өндіріс базаларымен байланыстырып жүргізу арқылы болашақ мамаңдарды сапалы
даярлауға болатынын атап өткен. Осы талапқа орай жоғарғы оқу орындары
мектепке дейінгі педқолледжілермен байланыста болашақ кадрларды даярлауға
ат салысуға тиіс. Бұл оқу орындарының бірлесіп жасаған оқу жоспары бойынша
педагогикалық кеңесішілер, мәжілістер, ғылыми, тәжірибелік алқалы жиындар,
ссминарлар өткізіп, қажетті әдістемелік құралдар жазыл ұсынуды, бірлесіп
шығармашылықпен еңбек етуді көздейді.
Педагогикалық пәңдерді оқыту әдістемесі курсын оқып үйренуде жалпы және
мектеп педагогикасын, мектепке дейінгі педагогика, психология пәндерімен
байланыстырады, өйткені олар жалпы педагогиқаның, психологияның
зандылыктарына, негіздеріне сүйенеді. Педагогикалық қолледжілерде класс-
сабақ жүйесі орын алған. Оқу процесінце дидактикалың негізін, исихологияны,
жалпы жеке мектепке дейінгі жастағы балалар педагогикасы мен психологиясын
терең біліп шығады.
Педагогика - жас ұрпақты оқыту, тәрбиелеу, білім беру туралы ғылым
болса, дидактика - оқыту теориясы туралы ғылым. Тәрбие теориясының
негіздері, оқушылар мен мұғалімдер ұжымы теориясы, сынып жетекші жұмысының
әдістемесі, жаңашыл педагогтардың тәжірибесі, әдістері болашақ педагогтарды
даярлаудың теориялық негізі.
3.ЖОО оқытушысының қабілеттері мен шеберліктері Педагог мамандығы -
қадірлі, құрметті, өміршең де қажетті мамандық. Сондықтан ол биік ие
беделді, білімді, дарын мен шеберліктің иесі болуды талап етеді. жақсы
ұстаз өз мамаңдығын, білімін табанды түрде жетілдіре алуымен ерекшеленеді.
Педагогикалық білім мен дағдыны, іскерлікті үйрену - өте күрделі
процесс.
Педагогика мен психологияны және осы пәндерді оқытудың әдістерін игеру
өздігінен білім алу, педагогикалық оқудың логикасын дамытуды, алдыңғы
қатарлы тәжірибені оқып, үйреніп, оны шығармашылықпен пайдалануды талап
ететін іс. Бүгінгі таңда өздігінен жұмыыс істеудің ролі арта түсуде, себебі
білімнің тереңдігі аталған курсты жүйелі түрде өздігінеи окып үйренуге
байланысты. Өйткені жоғары мектепті қайта құрудың негізгі талабы да -
болашақ мамандарды дербестікке баулу.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі де өзге ғылымдар сиякты күн
сайын дамып жетіле түсуде. Студент коғамдағы, ғылым мен техникадағы,
экономикадағы, эқологиядағы, идеологиядағы, өнердегі бар жаңалыкты бойына
сіңіре отып, барлық әдістемелік пікір таластарынының кайнаған ортасында
болуға тиіс. Ол үшін арнаулы журналдарды, жаңа әдебиеттерді, алдыңғы
қатарлы тәжірибені, ғылым жетістіктерін, жаңашыл педагогтарды оқып
конспект, тезис, жоспар, аннотация жазып үйренуге, өзін-өзі жетілдіруге
ынталы болуы қажет.
Педагог мамандығы - қадірлі, құрметгі, өміршең де қажетгі мамандық.
Сондықтан ол биік те беделді, білімді, дарын мен шеберліктің иесі болуды
талап етеді, жақсы ұстаз өз мамандығын, білімін табанды түрде жегілдіре
алуымен ерекшеленеді.
Педагогикалық білім мен дағдыны, іскерлікті үйрену - өте күрделі
процесс.
Педагогика мен психологияны және осы пәндерді оқытудын әдістерін игеру
өздігінен білім алу, педагогикалық оқудын логикасын дамытуды, алдыңғы
қатарлы тәжірибені окып, үйреніп, оны шығармашылықпен пайдалануды талап
ететін іс. Бүгінгі таңда өздігінен жұмыс істеудін ролі арта түсуде, ссбебі
білімнің тереңдігі аталған курсты жүйелі түрде өздігінен оқып үйренуге
байланысты. Өйткені жоғары мектепті қайта құрудың негізгі талабы да -
болашақ мамандарды дербестікке баулу.
Педагогикалық пәндерді оқыту әдістемесі де өзге ғылымдар сиякты күн
сайын дами, жетіле түсуде. Студент коғамдағы, ғылым мен техникадағы,
экономикадағы, эқологиядағы, идеологиядағы, өнерде бойына сіңіре отып,
барлық әдістемелік пікір таластарының қайнаған ортасында болуға тиіс. Ол
үшін арнаулы журналдарды, жаңа әдебиеттерді, алдыңғы қатарлы тәжірибені,
ғылым жегістіктерін, жаңашыл педагогтарды оқып конспект, тезис, жоспар,
аннотация жазып үйренуге, өзін-өзі жетйідіруге ынталы болуы қажет.

Әдебиеттер:

1. Журнал Қазақстан мектебі Алматы 2005
2. А.Қ. Құсайынов Заман талабы Астана, Елорда 2001
3. К.Ж. Жолтаева Тұлғаның дамуындағы жалпы заңдылықтар
Алматы, Қазақ университеті 2003
4. О. Нұсқабаев Жалпы білім беретін мектеп өскелең ұрпақты
әлеуметтендіру институты Алматы, Рауан 1994
5. Жұмақан Ысқақов, Жәнібек Ысқақов Педагогика Шымкент 2004
6. Қ. Бөлеев Болашақ мұғалімді оқушыларға ұлттық тәрбие беруге кәсіби
дайындау Алматы, Нұрлы әлем 2004
7. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев Педагогика Алматы 2000

Лекция-5. ЖОО – дағы оқу процесін ұйымдастыру формалары
Жоспары:
1. ЖОО – дағы лекция
2. ЖОО – дағы семинар және практикалық сабақтар
Мақсаты: ЖОО – дағы оқу процесін ұйымдастыру формалары туралы мағлұмат
беру
1. ЖОО – дағы лекция Жоғары оқу орындарында, орта және арнаулы оқу
орындарында жүргізілетін оқу процесінің негізінің бірі – лекция
сабақтары.Лекция сабақтарының жүргізілу ережелеріне орай бұл сабақ түріне
дайындық кезіндегі психологиялық ерекшеліктер негізінен сабақ түріне
байланысты болады.
Лекция сабақтары жүргізілуден бұрын дайындық әрекеттері орындалуы шарт.
Жүргізілетін лекция сабағы ең алдымен студенттің психологиялық
ерекшеліктерін есепке ала отырып өтілуін естен шығармаған жөн.Студенттің
лекция сабағына дайындығы, яғни психологиялық дайындығының ескерілуіне
тікелей лектор жауапты болады.Ең алдымен лекцияның оқу процесіндегі рөлі,
лекция сабағының жүргізілу ерекшеліктері, лекция стилі жайында егжей-
тегжейлі тоқталайық. Лекция – негізінен жоғары оқу орындарында оқылуға
тиісті.Мұның негізгі материалдары оқу дидактикасында болады.Болашақ лектор
ең алдымен дидактикалық оқу сынынан өтуі керек, практикалық тәжірибелер
жинау керек. Лектор өз студенттеріне лекцияның функциясының негізінде
информация арқылы және іздену жолдарын көрсетеді. Ал егер қиын болған
жағдайда лектор өз көмегін беруге тиісті. Студенттер қауымы үшін лектордан
лекция жөнінде сұрауға қолайлы жер – аудитория. Лекцияға арналған
аудиторияларда лекция оқу және өту өте қолайлы болып келеді. Аудиторияның
лекция сабағын өту үшін қолайлы, яғни лекциялық аудитория болса онда оқу
процесі үшін де ең бір тиімді жайлардың бірі болып есептелінеді. Лекциялық
аудиториялар студенттер үшін ең бір жайлы орындардың бірі екенін ұмытпаған
жөн. Сабақ тыңдауға және студенттер санына байланысты арнайы аудиторияның
болуы жоғары оқу орындары үшін ескерілетін жағдайлардың бірі болуы керек.
Лекция – студенттің білімін дамыта түсу арқылы ғылыммен байланыстырып, ары
қарай ізденуге ынталандырады.Студенттің негізгі материалы лекция болғанымен
әр түрлі болып келеді.Мысалы сұрақ болып келуі де ықтимал. Қазіргі заманға
сай ғылыми техникалық материалдар көп. Егер студент кітапты өзі аударатын
болса, ол ең алдымен білімі дами түседі және екіншіден бірнеше жылға дейін
ізденісте болады. Негізінен лекция оқу программасы арқылы жүргізілуге тиіс.
Лекциялар негізінен әртүрлі болып келеді.Лекциялар ғылыми практикалардан
өтіп және әртүрлі жалпы тарихи көріністерді ескере отырып, ғылыми баға беру
арқылы практикада жүргізіледі Лекция оқитын лектор материалдық шығармалар
жинап, өз мамандығына сай тәжірибелі болуға тиісті.Лекция – бұл жәй
кітаптардың бұйрығы емес. Лекция оқу кітаптағы нәрселерді көшіріп айту
деген сөз емес. Лекция оқу әр пән ерекшелігіне байланысты ғылыми
материалдарды, түсініктерді берумен қатар, студенттерді үлкен өмірге
дайындау, яғни тәрбиелеу екенін де ескеріп отыру керек. Нағыз лектор лекция
беру арқылы өз тәжірибесін жинайды және мазмұндамалық фундамент жүйесін
қалыптастырады. Әр жылдағы лекциялардың бір-бірінен өзгешеліктері болуы
керек. Алдыңғы уақыттағы лекциясымен салыстырғанда алға жылжу, салыстырмалы
түрде прогресс көрініс табуы шарт. Лекцияға дайындалар алдындағы ең бірінші
талап әуелі тақырыпқа байланысты толық Болашақ мамандарды даярлау көбінесе
арнаулы пәндерді оқытуға және білім берудің тиімді әдістерін тандап ала
білуге байланысты. Өйткені олар бағдарлама бойынша педагогикалық пәндерден
сапалы кәсіптік білім алу негізінде мамандығының қызықты, білімді екенін,
сабақтың сан түрлі, дамымалы және тәрбиелік сипатта екенін түсінеді. Бұл
білімдер оқушылардың өмірлік байлығына айналады.
2.ЖОО – дағы семинар және практикалық сабақтар
Семинар – басқарушы тапсырмасымен оқушылардың жеке сұрақтарды, мәселелерді,
баяндама түрінде кейін талқылау үшін айқындалған материалды, рефератты және
оны бірлесе талқылауға өз бетімен зерттеуге құрылған оқу барысының формасы.

Семинар сабақтары, негізінен, жоғары мектепте гуманитарлық пәндерді оқытуды
ұйымдастырудың формасы болып табылады. Студент семинар сабағына дайындалу
барысында өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеп, дайындалады (талдау
жасау, пефераттар жазу, баяндамаларға дайындалу, т.с.с).
Семинар сабақтары – студенттердің шығармашылық іс-әрекетін дамытудың бірден-
бір жолы.
Семинар латынның seminarium деген сөзінен шыққан. Семинар ертедегі грек,
рим мектептерінде диспут, комментарий, қорытынды түрінде өтілген.
Семинар сабақтарының маман даярлауда маңызы зор, себебі әртүрлі, күрделі
міндеттерді шешуге мүмкіндік туғызады, студенттердің шығармашылықпен жұмыс
істеу қабілетін дамытады. Семинар сабағында студенттер ғылыми ақпаратты
меңгереді, ғылыми жұмыстарды жазу, өңдеу дағдысы мен іскерлігін дамытады,
материалды ауызша немесе жазбаша түрде айтып, жазып беру өнерін игереді.
Семинар сабағының бірден-бір мақсаты лекцияда алған білімді терең ұғыну,
проблемаларды шешу, проблемалық ситуациялар мен есептер ойластырып, талдау,
өз позицияларын айқындап, анықтау.
Семинар сабағына дайындықтың бастауы -әдебиетпен жұмыс істеу, талқыланатын
мәселелер мен сұрақтарға дайындалу. Семинар сабағы өзінің әдістемесімен
ерекшеленеді, яғни әдістемесінің әртүрлі, көпқырлылығымен.
Семинардың жоспары, қарастырылатын сұрақтар алдын-ала белгілі болады,
онымен студенттер алдын-ала танысады. Сол бойынша барлығы дайындалады.
Келесі бір әдісі – белгілі бір тақырыпқа, белгілі бір студенттер арнайы
дайындалды. Бұл жағдайда оқытушы студент баяндамасының өз бетінше
шығармашылықпен, жауапкершілікпен жұмыс істеу деңгейін бағалайды. Қалған
студенттер тек тыңдаушылық қана ролін орындамау үшін топтың белсенділігін
(сабақ үстіңдегі) арттыру үшін оқытушы тақырыпқа байланысты, мүмкіндігінше,
көптеген қосымша сұрақтар дайындауы керек.
Семинарға дайындалу үшін оқытушы негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімін
береді.
.

Әдебиеттер:
1.С.Тілеуова. Жоғарғы мектеп педагогикасы. Шымкент, 2004
2.Қазақстанмектебі.2006.№10.

3. Қазақстан мектебі. 2007. №1

Лекция -6 ЖОО-дағы оқу процесін ұйымдастыру формалары
Жоспары:
1.ЖОО-дағы СӨЖ бен ОБСӨЖ ұйымдастыру
2.ЖОО-дағы лабораториялық сабақтар
3. ЖОО-дағы бағалау ережесі
1.ЖОО-дағы СӨЖ бен ОБСӨЖ ұйымдастыру
Магистранттың өзіндік жұмысының мазмұны мен міндеттері. Магистранттың
өзіндік жұмысы деген не? Бұл туралы педагогикалық және методикалық
әдебиеттерде әр түрлі анықтамалар кездеседі.
Кейбір авторлар өзіндік жұмысты оқыту әдісінің бірі деп қараса, екіншілері
оны оқыту принциптерінің бірі деп есептейді. Бұл дұрыс пікір емес,
магистранттың өзіндік жұмысы жеке өз алдына оқыту әдісі бола алмайды. Оның
себебі: мұндай жұмыстардың өзі әр түрлі әдістер арқылы іске асырылады,
мысалы, жаттығу, кітаппен жұмыс істеу, бақылау, есеп шығару, эксперимент
жүргізу т.б.
Әрбір оқыту әдісі магистранттың өзіндік жұмысын қамтиды, оқыту әдісінің
міндеті - магистранттың дербестігін арттыру, өздігінен жұмыс істей білуге
баулу. Өзіндік жұмыстың өз алдына оқыту принципі бола алмайтынының тағы бір
себебі оның өзі басқа принциптерге тәуелді: дәлірек айтқанда, білім алудағы
магистранттың белсенділігі мен саналылығы атты принцип, ең алдымен,
окушылардың дербестігін, өздігінен оқу, білім алу дағдысын қалыптастыруды
талап етеді. Сондықтан олардың өзіндік жұмысы оқу әрекетінің бір түрі ғана.

Магистранттың оқудағы белсенділігі дегеніміз - оқуға қажетті білім мен
дағдыны меңгеру және оларды өмірде, практикада пайдалана білуге, үйренуге
магистранттың істейтін саналы әрекеті. Мысалы, лектордың баяндап тұрған
материалын түсіну үшін, магистранттың оны зейін қойып тыңдауы, ал оған
білімін кеңейтіп толықтыру үшін, өздігінен кітап оқуы, бақылау, тэжірибе
жасау, жазу-сызу сияқты жұмыстар істеу керек. Өйткені өтілген материалды
саналы қайталауда, жаңадан білім алу да, оның жолдары мен дағдыларын үйрену
де белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни магистрдің белсенділігі ауызша, жазбаша
жұмыстарда, бақылау, эксперименттер жүргізу жұмыстарында, бір сөзбен
айтқанда, оқу процесінің барлық кезеңінде кажет
2.ЖОО-дағы лабораториялық сабақтар
№ _1_ Лабораториялық жұмыс

Лабораториялық жұмыстың аты: Дене тәрбиесі курсының негізгі категориялары,
пәні, міндеттері.

Лабораториялық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар:
1.Педагогикалық сөздік
2.Оқулық
3.Слайд
Жұмыстың мақсаты: Дене тәрбиесі курсының негізгі категориялары, пәні,
міндеттері туралы мағлұмат беріп талдау.

Зерттеу тақырыбының қажеттілігі: Ұғымдарды білу және талдау
Пререквизитер: философия, балалар психологиясы, жалпы педагогика,
педагогика тарихы, психология, этнопедагогика, этнопсихология, жас
ерекшеліктер физологиясы.

Постреквизиттер: Педагогика (педагогикалық үрдіс,өзіндік білім алу,оқу-
тәрбие процесі) педагогика тарихы (тарихи деректер), психология (жеке
тұлға, іс-әрекет, психологиялық үрдіс, сөйлеу, қарым-қатынас), жас
ерекшеліктер физологиясы (тұлғаның дамуы, тұлғаның қалыптасуы)

Студенттің алдын-ала меңгеріп келуге тиісті дағдылары:
1._ Дене тәрбиесі курсының негізгі категорияларын

2.____ Пәнін _________________________________
3.__Міндеттерін____________________ ____________

Студенттің алдын-ала біліп келуге тиісті мәліметтері:
1.____Ұғымдар______________________ _________________
2._____Бағдарлама__________________ __________________
3._____Дене тәрбиесінің міндеттерін____________________

Жұмысты орындау реті:
1. Глосарий жазу
2. 5 Тест құрастыру
3. Суретке байланысты жас ерекшелігін, іс-әрекетін анықтау
Қысқаша теориялық мағлұмат:
Дене тәрбиесінің теориясы дене тәрбиесінің жүйесінің мақсатын
міндеттерін, принциптерін зерттейді, тәрбиенің басқа түрлерімен – ақыл-ой,
адамгершілік, эстетикалық және еңбек тәрбиесімен дене тәрбиесінің заңды
байланысын ашып көрсетеді. Дене тәрбиесі құралдарын оқып білуге, дене
жаттығуларын үйрету принциптерімен әдістерін ашып көрсетуге, қозғалыс
дағдыларын қалыптастыруға және дене қасиеттерін дамытуға, спорттық
жаттығулардың жалпы негіздерін, денені жаттықтыру сабақтарының әр түрлі
формаларын (дене тәрбиесі сабақтары, ертеңгі гимнастика, қозғалысты ойындар
т.б.) сондай-ақ дене тәрбиесі жөніндегі жұмысты жоспарлауға және есепке
алуға көп көңіл бөлінеді. Осымен бірге мектеп жасына дейінгі, мектеп
жасындағы балалардың, жастардың, ересек және жасы ұлғайған адамдардың дене
тәрбиесінің өзіндік ерекшеліктері анықталады.
Дене тәрбиесі теориясында әр түрлі ұғымдар қолданылады: дене дамуы, дене
әзірлігі, дене жетілуі, дене тәрбиесі, дене машықтығы, дене тәрбиесі
білімі, дене жаттығулары, спорт, дене тәрбиесі мәдениеті және т.б. әр үрлі
құбылыстарды көрсете отырып, олар бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген ұғымдар қоғамның тарихи дамуының әр
дәуірінде пайда болған. Олардың мазмұны дене тәрбиесі жөніндегі ғылымның
және оның практика жүзінде жүзеге асырылуының дамуына қарай тереңдеп,
нақтыланып келеді.
Дене тәрбиесінің теориясы мен методикасы курсын оқып үйренуге кірсуге
мүмкіндік болмайтын негізгі ұғымдар ғана қарастырылады, басқа ұғымдардың
анықтамасы тиісті тақырыптарды әңгімелеу кезінде беріледі.

Бақылау сұрақтары:

1. Дене тәрбиесі жүйесінің қалыптасуы.

2. Дене тәрбиесі ғылыми -әдістемелік негіздерінің қалыптасу кезеңдері.

3. Жылдық жоспар құру.

Әдебиеттер:
1. www.google
2. www.traktat.ru
Негізгі:
1. Қазакстан Республикасы мемлекеггiк бастауыш бiлiм стандарты. Алматы,
1998. Бастауыш бiлiм беру бағдарламасы (1-4 сынып). Алматы, 1997.
2. Матвеев А.И. Мелников С.Б. Методика физического воспитания с основами
юрии М. Просвещение 1991.
3. Ә.К.Әбділдаев, Ж.К.Оңалбек Дене мәдениетінің ілімі және
әдістемесі.Түркістан –2004ж
Лабораториялық сабақтың Әдістемелік нұсқауы Жалпы педагогика және
этнопедагогика кафедрасының ____ ___________ 20 ж. мәжілісінде
талқыланды және №_1_ хаттамамен бекітілді.

Кафедра меңгерушісі ____А.Рысбекова п.ғ.к._________________
аты-жөні, ғылыми атағы

Құрастырған кафедра оқытушысы __М.Б.Жаздықбаева__________

аты-жөні, ғылыми атағы

3. ЖОО-дағы бағалау ережесі
Әр семестр ұзақтығы 15 апта, оның 1-ші сабағы кіріспе түрінде, ал
соңғы 15-ші сабақ қорытынды түрінде өтіледі деп есептесек, сонда семестр
ішінде студенттің білімі тек 13 сабақта ғана бағаланады.
Семестрдегі сабақ саны өзгеше де болуы мүмкін, мысалы 30 болса да,
осы принцип сақталады, яғни 30 сабақтың 28–де студент білімі бағаланады
деп санаймыз. Қазіргі оқу процесін ұйымдастыру принциптеріне сәйкес
сабақтар интенсивті, интерактивті түрде ұйымдастырылатындықтан, студент
білімі әр сабақ сайын бағаланады.
Жоғарыда алынған мәліметтерді пайдаланып аудиториялық сабақ кезінде
студенттің белсенділігі үшін берілетін бал шамасын семестрдегі сабақ
санына байланысты есептейік. Семестрде сабақ 15 немесе 30 рет болатын
жағдайды қарастырайық және студенттің әр сабақ кезінде ие болатын балының
шамасын мына кесте ендірейік. Кестедегі балдың мәні кафедра шешіміне
байланысты өзгеруі мүмкін.

Студент Семестрге бөлінген Семестрдегі әр сабақ үшін
белсенділігінің барлық бал шамасы сәйкес бал шамасы
түрлері
15 сабақ 30 сабақ 15 сабақ 30 сабақ
Аудиториялық сабақтағы 2413=1,8 2428=0,9
тапсырмаларды орындау 24 24 3=1,2 3=0,5
белсенділігі үшін 4=1,6 4=0,8
Б1 5=1,8 5=0,9

Студентің ғылыми, кафедралық үйірмелердегі, т.б. жұмыстардағы
белсенділігі үшін марапаттау балын беру тәртібін кафедра тағайындау тиіс.
Пән ерекшелігін ескер отырып, кафедра мәжілісінде рейтинг балын бөлудің
мұнан басқа жолдарын пайдалануға болады, тек ескеретін жайт ол туралы
студенттерге күні бұрын хабарлау қажет.
Университетте кредиттік оқу жүйесі бойынша оқитын магистрант топтарда
білімі мен біліктілігін бақылау және бағалау рейтингтік жүйе аркылы жүзеге
асырылады. Рейтингтік балл екі бөліктен құралады: біріншісі - рейтингтік
балдың 40 % үлесін құрайды, ол магистранттардың күнделікті аудиториялык,
бақылау және МӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балдарының қосындысы,
екіншісі — 60 %, емтихан балы болып табылады. Магистрант қажетті балды алу
үшін не істейді?
• Күнделікті сабаққа қатысу белсенділігі мен үй,
аудиториялық тапсырмаларды орындағаны үшін қойылатын бағалар - Б1;
• Бақылау және МӨЖ тапсырмаларын орындағаны үшін алатын балы ~Б2;
• Магистранттардың окытушы басшылығымен орындайтын жүмыстары үшін
алатын балы - БЗ;
• Қорытынды бақылау емтихан балы - БЕ; Осы
балдардың қосындысы магистранттардың рейтингтік көрсеткіші болып саналады:
К = (Б1+Б2+БЗ) х 0,4 + БЕ х 0,6

Лекция -7. Оқу процесін педагогикалық жобалау және педагогикалық
технологиялар
Жоспары:
1. Педагогикалық жобалаудың формалары мен этаптары
2. ЖОО – дағы оқыту технологияларын жіктеу
Мақсаты:Оқу процесін педагогикалық жобалау және педагогикалық технологиялар
жайлы ақпарат беру
1. Педагогикалық жобалаудың формалары мен этаптары
Оқыту әдісін жетілдіруде В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесінің орны.
Оқыту әдісін жетілдіруде жаңашыл педагогтардың іс-тәжиребесі мен оқыту
әдістері педқолледждерде пайдалану болашақ мамандарды шығармашылык тұрғыда
қалыптастыруға тиімді ықпал етеді. Жаңашыл педагогтардың ҚАйтқалиев,
К.Бітібаева, В.Шаталов, С.И.Лысенкова, И.Л.Волков, А.Ыскаков,
В.Кубраков, Л.Иванов, А.Б.Речник, С.Н.Ильин, Т.И.Гончарова, А.А.Дубровский
т.б. ішінен, әсіресе, В.Ф.Шаталовтың тірек сигналдары бар плакаттарды,
тірек конспектілерді, тірек схемаларды, карточкаларды, таблицалар мен
сызбаларды мектепке дейінгі педагогика мен исихологияны оқытуда қолдану,
оны жетілдіруге, сабақты жаңаандырынған мұғалім мен оқушылардың. ізгі қарым-
қатынасын реттеуге, жаңа жаңалықты қызыға тыңдап, саналы түсінуге, есінде
сақтауға ықпап етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жоғары мектеп педагогикасының зерттеу әдістері
ЗАМАНАУИ ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУ ПЛАТФОРМАЛАРЫ
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
Тараз мемлекеттік педагогикалық институты
Кредиттік оқыту және қашықтықтан оқыту
Туризм саласындағы мамандарды даярлаудың теориялық аспектасы
Интерактивті тақтаны орнату
Қазақстан Республикасының туристік кластерін дамытудағы кадр мәселесі
Экскурсия әдістемелердің байланысы
Педагогиканы оқыту әдістемесі Оқу құралы
Пәндер