Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Тұлғаның дамуы мен қалыптасуы.

Мақсаты: жеке тұлға, оның даму факторлары туралы білім жүйесін
қалыптастыру.
Міндеті:
а) жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының өзара байланысының
негізгі ұғымдарын ашу.
ә) жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздерін
сипаттау.
б) жеке тұлғаның дамуына әсер ететін факторларды анықтау.
в) субъектінің іс-әрекеті рөлі жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының
жетекші факторлары ретінде негіздеу.
Жоспар:
1. Жеке тұлға туралы түсінік.
2. Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері.
3. Тәрбие- жеке тұлғаны қалыптастырудың ең маңызды факторы.
Негізгі ұғымдар: жеке тұлға, индивид, даралық, даму, тәрбие,
қалыптастыру.
Басқа пәндермен байланысы: философия, әлеуметтану, психология,
физиология, қозғаушы күштер,қалыптастыру заңдылықтары.
Жеке тұлға туралы түсінік. Тәрбиенің негізгі мақсаты- қалыптасып
келе жатқан жеке тұлғаның әлеуметтік тәжірибені меңгеруі, оның жан жақты
үйлесімді дамуы. Жеке тұлғаның дамуы менқалыптасуы мәселесінің көп ғасырлық
тарихы бар. Ол көп аспектілі және әр түрлі ғалымдардың тоғысында
қарастырылған. Ертедегі грек ғалымдары жеке тұлғаның дамуына табиғи тума
қаьілет, қоршаған орта да ісер етеді деп есептеген. Жеке тұлғаның
қалыптасуының факторлары туралы идеялар келесі дәуірлердің прогресивті
философиялық және психологиялық- педагогикалық пікірлерінде өз жалғасын
тапқан ( Э.Роттердамский, Я.А. Коменский, К.А.Гельвеций, Д.Дидро,
А.Дистервег, К.Д.Ушинский, К.Маркс, Ф.Энгельс, З.Фрейд, Д.Дьюи, Э.Торндайк,
Н.К.Крупская, П.П. Блонский, А.С. Макаренко, Л.С. Выготский, Э.И.
Моносзон, Л.И. Божович, С.Л. Рубинштейн, В.В. Давыдов т.б

Адам- өзіне тән биологиялық құрылысы бар тіршілік иесі, сондықтан
табиғат заңдары оның дамуына да әсер етеді. Қоршаған ортаға бейімделіп,
өз тіршілігі үшін дайын заттарды пайдаланылатын жануарларға қарағанда,
адам өзіне керекті ні өз қолымен жасайды. Адам табиғатының өзгеруі адам
өмірінің әлеуметтік жағдайының әсерінен болады, адамның тектілігі
тек биологиялық жағынан ғана емес, сонымен қатар тарихи дамуы нәтижесінде
пайда болады.
Әлеуметтік мұрагерлік адамның қоғамдық тәжірибеге ие болуы нәтижесінде
орын алады. Сонымен, адамның жалпы дамуына өзара байланысры биологтялық
және әлеуметтік бағыттар әсер ететіндігі байқалады. Адам биологиялық
тіршілік иесі болып туады, алайда өз дамуы барысында ғанғ ол әлеуметтік
тіршілік иесіне айналады.
Психологияда жеке адам деген ұғымның әр түрлі тусіндірмелері бар,
бірақ олардың кәсібі мына түсінікке келіп тіреледі: жеке тұлға дегеніміз
әлеуметтік қатынастар мен саналы іс-әрекеттің субъектісі ретіндегі
индивид. Жеке тұлғаның ең басты белгісі- оның әлеуметтік мәнінің болуы
және оның әлеуметтік функцияларды (қызметтерді) (болмысқа, адамдарға,
өзіне, еңбекке, жалпы қоғамға қатысты) атқару. Жеке тұлға, сондай- ақ,
психологиялық дамудың белгілі бір деңгейіне ие (темперамент, мінез- құлық,
қабілеттілік, ақыл-ой дамуының деңгейі, қажеттілік, мақсат- мүдделер).
Жеке тұлға – бұл интегративті жүйе, әлде бір ыдырамайтын тұтастық.
Алайда, жеке тұлғаны зерттеумен айналысатын ғалымдар бұл тұтастықты өзге
бар деп мойындайды, олар оны Мен – жүйе немесе жай ғана мен деп
белгілейді. Жоғарыда келтірілген жеке тұлға туралы түсінік жалпылама ұғым
болып табылады.
Жеке тұлғаның маңызды белгілері – оның саналылығы, жауапкершілігі,
бостандығы, қадір –қасиеті, даралығы. Жеке тұлғаның маңыздылығы оның
қасиеттері мен іс- әрекеттерінде қоғамдық процестің тенденцияарының,
әлеуметтік белгілері мен қасинттнрдің айқын және өзара тән ерекшелігінің
көрініс табуы, оның іс- әрекетіндегі шығармашылық қасиетінің деңгейі арқылы
анықталады. Бұл орайда адам, жеке тұлға деген ұғымдардың қатары
даралық деген ұғымдардың толықтырылуы қажет.
Даралық бір адамның басқа бір адамнан, бір тұлғаның басқа бір
тұлғадан айырмашылығын, оның ешкімге ұқсамайтынын, өзіне тән ерекшелігі
бар екенін сипаттайды. Даралық, әдетте, адамның мінезі мен темпераментінің
ерекше белгілері (мысалы, салмақты –жігерлі және мақсатты адам),
шығармашылық қызмет -әрекеті мен қабілеттілігінің өзгешелігі арқылы
ерекшеленеді. Осылайша, мұғалімнің даралығы оның терең білімдарлығы,
педагогикалық көзқарастарының ауқымдылығы, балаларға деген ерекше
қатынасы, жұмыстағы шығармашылық ниеті, т.б. арқылы көрінеді. Даралық
ұғымы бір адамнан, бір тұлғаны басқа бір тұлғадан ажыратып, оған өзіне тән
сұлулық пен қайталанбас қасиет беретін ерекшеліктерден тұрады.
Адам қасиетін түсіндіретін тағы бір ұғым- индивид . Бұл сөз
латын тілінен аударған және оның қазақша баламасы – жекелік. Ұғым
ретінде бұл сөз адамзат тұқымының еш қасиеттері ескерілмеген бір өкілін
білдіреді. Бұл орайда әрбір адам индивид болып табылабы. Жеке тұлға
ұғымы мен онымен байланысты бір тектес категориялардың мәні осындай.
Адамның жеке қасиеттері өмір жолында дамып, қалыптасқандықтан жеке
тұлғаның даиуы мен қалыптасуы ұғымдарының мәнін ашу педагогика үшін
маңызды мәселе болып табылады.
Даму табиғатқа, қоғамға және әрбір жеке тұлғаға тән жалпы қасиет
болып табылады. Даму дегеніміз- төменнен жоғарыға, қарапайымнан күрделіге
қарай қозғалыс; сатылай эволюциялық ауысу немесе рнволюциялық секіріс
түрінде жүзеге асатын жоғары сапалы күйге қарай спиральды өрлеу процесі.
Даму барыснда барлық философиялық заңдар жүзеге асады: өзгеру, санның
сапаға ауысуы, бір сапаның басқа сапаға ауысуы (бұлардың кейбіреуі, теріске
шығарылуы мүмкін). Жеке тұлғаның қозғалыс күшіне, яғни қарама –қайшылық
күресінің арқасында бұл қозғалыста өзгеріс жүріп жатыр.
Жеке тұлғаның дамуы дегеніміз, ең алдымен, оның қасиеттері мен
сапасындағы сандық өзгерістер процесі. Адам дүниеге келгеннен соң дене
жағынан үлкейеді, яғни оның кейбір дене мүшелері мен нерв жүиесі өседі.
Оның тілі шығып, сөздік қоры молаяды. Бала көптеген әлеуметтік – тұрмыстық
және моральдық біліктерге, еңбек дағдылары мен әдеттерге ие болады. Алайда,
адамның жеке тұлға ретінде дамуындағы ең басты –оның бойында болып жатқан
сапалық өзгерістер (танымдық, сезім, моральдық- жігерлілік т.б.). Мінез
–құлықтың реактивті формалары белсенді түрде қалытасып келе жатқан іс-
әрекеттілікке айналады, дербестік пен мінез –құлқын билей алу
қабілеттілігі артады. Осы және басқа да өзгерістер адамның жеке тұлға
ретінде даму процесін сипаттайды.
Сондықтан, даму дегенімізді адамның анатомиялық- физиологиялық
жетілуінде, оның жүйке жүйесі мен психикасының дамуындағы, сондай –ақ
танымдық және шығармашылық іс-әрекетіндегі дүниетанымдық, өнегелілік,
қоғамдық-саяси көзқарастар мен сенімдердің кеңеюіндкгі орын алатын және
сапалық өзгерістердің өзара тығыз байланысты процесі деп түсінген дұрыс.
Адамның дамуына ішкі және меңгерілмейтін факторлар әсер етед, олардың
арасында мақсатты тәрбие мен білім беру жетекші рөл атқарады.
Педагогика мен психологияда жеке тұлғаның қалыптасуы термині жиі
қолданылады. Бұл жеке тұланың нәтижесі дгенді және оның пайда болып,
тұтастыққа, бір қалыпты қасиеттерге және сапаларға ие болғанын білдіреді.
Қалыптастыру дегеніміз – бір нәрсеге пішін мен тұтастық беру; толықтық пен
нақты бір түр беру. Бұл арада тұқым қуалашылықтың мәні зор –баланың ата-
анасынан немесе ата- бабасынан қалған биологиялық ерекшеліктердің
жиынтығы. Тұқым қуалаушылық жер бетіндегі тіршіліктің тарихы және белгілі
бір түрдің өмірінің тарихын анықтайды. Ағзаның тектілік негізі немесе
генотипі төмендегі суркттегідей болап (сурет 1). Жеке тұлғаның
қалыптасуына, сонымен қатар, орта: адам және қоғам өміріндегі әлеуметтік-
экономикалық, тарихи қалыптасқан жағдайлар әсер етеді. Орта макро және
микро болып бөлінеді. Маеро –орта бұл – адамға қажетті әлеуметтік-
экеономикалық ықпалдардың мол жиынтығы(өндіргіш күштер мен өндірістік
қатынастар деңгейі, өмірлің қаржы жағдайлары, мәдениеттің даму деңгейі,
бұқаралық ақпараттық құралдары). Микро орта бұл – баланың ең жақын қарым
–қатынас ортасы, ол-адамды әрдайым қоршайтын және оның дамуына әсер ететін
өзара байланысты заттар, құбылыстар мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлга психологиясы
Психологияда тұлға мәселесі
Тұлғаның дамуы және қалыптасуы
Жеке тұлғаның мәдениетінің қалыптасуы – қазіргі педагогиканың негізгі міндеті
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
Тұлғаның дамуы
Жеке тұлғаның қалыптасуының философиялық-әдіснамалық негіздері
ЖЕКЕ ТҰЛҒАНЫҢ ДАМУЫ МЕН ТӘРБИЕСІ
Субъектінің әрекеті - жеке тұлғаның дамуының факторы ретінде
Жеке адамның жалпы қасиеттерінің дамуы
Пәндер