Шешендік өнер және риторика



Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып 1. Шешендік өнер және риторика

Лекция жоспары:

1.1. Шешендік өнер және риторика

1.2. Қысқаша риториканың негізгі ережелері

1.1. Шешендік өнер және риторика

Риторика – ежелгі өнердің бір түрі. Ол б.э. бұрын V ғасырда қоғамның
практикалық қажеттілігіне орай пайда болған. Бұл қоғамда практикалық
сұрақтар Халық мәжілісінде шешілген, жария түрінде көптеген халық алдында
сот жүргізілген. Риторика әрбір адамға қажет болған. Оның негізін қалаған
Платон мен Аристотель болған; олардың алдыңғы жол салушылары, риторикадан
алғашқы еңбек жасаушылар: Лисий, Георгий. Сол кезеңдегі ең атақты шешендері
- Демосфен, Сократ, Перикл болды.
Классикалық риторика келесі мәселелерді қамтиды: мәселенің маңызын
табу, материлдың орналасуы, сөзді әсерлеу, неориториканың қазіргі
теориясына ұқсас. Классикалық риторика мен неориториканың негізгі
мәселелерініңарақатынасын анықтауға арналған Сот риторикасы курсы келесі
түрде беріледі:

Классикалық риторика Неориторика
1. Істі, шығарманы, үйретуші және 1. Мағлұмат іздеу
нандырарлық айғақтарды ойлап табу 2. Композиция
2. Орналасу орны 3. Ауызша әрлеу
3. Мәнері туралы 4. Сөзді орындау (жеткізу)
4. Шешеннің жеткізуі (дыбыстауы) 5. Сөзді есте сақтау
5. Ақыл-ес туралы

Классикалық риторикадағы Істі ойлап табу... бірінші сұраққа жауап
бергенде, саяси, академиялық (оқу), рухани (дін), тұрмыстық және соттық
ділмарлықтарды (шешендік) айрықша атап өтетін болған. Сонымен қатар
ділмарлықтың әрбір түрі (кейбір кезеңдерде тұрмыстық ділмарлықтан басқа)
тілдің мазмұны мен формасын анықтайтын ерекшіліктерге ие. Оларға мыналар
жатады:
1) тілдің функциональдық бағыты (әрбір сөздің (тіл) тыңдарманға әсер
етуі, оларды нандыру, кейбір қимыл-іске шақыру үшін айтылады);
2) тілдің саяси бағыты пәлсапалық аспектісімен (бұл ерекшелік саяси
сөз ділмарлықтың (шешендіктің) әрбір жанрлық түрінде ашық көрсетілген);
3) тілдің тарихи сипаты (әрбір тарихи дәуір өзіне тән шешендік
бейнесін ұсынады. Егер қазіргі заманғы қорғаушы сот мәжілісінде XIX
ғасырдың белгілі сот шешені Ф.Н. Плеваконың тілімен сөйлесе, онда арзан
экзальтациядай әсер қалдырар еді.
Қазіргі кезеңге дейін саяси шешендіктің мынадай түрлері сақталған:
саяси сөздер, саяси шолу, әскери-патриоттық сөздер, митинг сөздері,
үгіттеуші сөздері. Саяси шешендіктің негізін ақпараттық маңыздылық,
тапсырмалардың берілуі және олардың шешу жолдары құрайды. Академиялық
шешендік, кейбір кездерде оқу ретінде мынадай түрлерде беріледі:лекция,
баяндамалар, ғылыми шолулар, ғылыми деректер және ақпараттар.
Діни-символикалық көзқарасты дамытушы діни шешендігі дидактикалық
жанрларда (уағыз, ғибратнама), сондай-ақ мадақ түрінде (сөз) де шешендік
әдістерінің тәлімгерлік және біртүрлігімен ерекшеленеді. Тұрмыстық
шешендікке торқалы және мадақтау сөздері, отырыс сөздері жатады.
Риторика қазіргі таңда да қажет. Оның ролін саясатта, коммерцияда
және күнделікті күнде қайта бағалау мүмкін емес. Табысқа жету үшін адамның
негізгі міндеттерінің бірі - бұл өзінің жағына көптеген адамдарды тарта
білу.
Ең бастысы - тыңдарманға шешеннің айтқаны емес. Олар өмір жолында
өздерін қолдайтын қуат алғысы келеді. Сондықтан шешен аудитория алдындағы
сөйлеп жатқан ойына сенімді болуы қажет. Шешен әртіс болуы қажет, сонымен
қатар әрбір әртіс білетін Станиславский жүйесін білуі қажет.
Біріншіден, шешен сөзге шығу үшін өзінің жеңіп шығуға көмектесетін
міндеттерді айқындау қажет. Міндеттерді айқындап болғаннан кейін бейне
жасау қажет (сол бейнемен аудитория алдына шығу үшін): сөз мәнері,
қимылдар,сипат (мінез). Сөзге шығудың (орындау) басталуы мінберге шықпастан
бұрын және одан кеткеннен кейін аяқталуы қажет.
Сөзге шығу үш бөлімнен тұрады: кіріспе, айғақтау (дәлелдеу) және
қорытынды. Кіріспе екінші бөлімде дұрыс дәлелденетін ойдың қысқаша
мазмұнынан тұрады. Кіріспенің алуан түрлері болады. Оны таңдау шешен сөзге
шыққан аудиторияға және міндетке байланысты.
Орындаудың негізгі бөлімі – дәлелдеу. Егер шешен аудиторияға ойдың
дұрыстығын логикалық (қисынды) түрде дәлелдесе, онда ол логикалық болып
есептеледі. Ақпараттық дәлелдер нақты және анықтамалық мағлұматтарға
сүйенеді. Эмоциялық дәлелдер шешеннен көп күш салуды және әртістік
шеберлікті қажет етеді.
Шешен қорытынды сөзінде тұжырым жасайды, өз сөзінің негізгі пікірлерін
(ойларын) қысқаша қайталайды, басты ойды мазмұндайды, оны іске асыру үшін
тыңдармандарды нақты іс-қимылдар қабылдауға шақырады. Көпшілік алдына
сөзге шыққанда кезінде алдын-ала дайындалған тезистерге, қысқаша
сөйлемдерге сөздің мазмұнын баяндаудағы логикалық бетбұрыстарды белгілеу
кезінде сүйенуге болады.
Көпшілік алдында сөйлеу кезінде үндік (дауыстық) акустиканы да ұмытуға
болмайды: аудиторияға дейінгі қашықтықтағы вертикальды жазықтықтағы
дыбыстық ағымның өрбуі, үш мөлшерлі кеңістіктегі вектор динамикасы
(әмбебап сегіздік). Егер шешен мінберден сөйлесе, онда ол вектор
өрбуіндегі оның биіктігін есептеуі қажет. "Мортира эффектісі" жайлы да
ұмытуға болмайды – тыңдарманның субъективті түйсігінде, оның артында
шешенге ниеттес адамдардың болуы. Үннің (дауыстың) де маңызы зор.
Шешен сөзі бір сарынды болмауы керек. Фразалар әр түрлі интонацияларда
айтылуы тиіс. Кідірістер әр мағыналық ауысуларда жасалынады, эмоционалдық
эффект үшін, сонымен қатар өткен және келесі фразалардың маңыздылығын
көрсету үшін. Тілдегі әрбір сөзге көп күш – жігер жұмсау керек.
Барлық жария қорғау кезінде шешен қарсыластар алдында өзінің
көзқарасын сақтауы қажет. Сол кезде ақталмау керек, керісінше айыптау
қажет; түсіндірмеу керек, жария (мәлімдеу) қажет; қарсыласты өзіне тиімді
етіп тыңдау қажет. Барлық пікірталас кезінде талқандалған қарсыласты
қысымға алу қажет.
Бөтен ойды жоққа шығаруда қысқаша сөйлеу қажет, интонациялық гамманы
ұмытпау қажет. Тыңдарманның санасында қатталып қалу үшін өзінің ойын
бірнеше рет қайталау керек.
Жоғарыда шешендік өнер мен риториканың негізгі ойлары айтылды. Жария
қорғау жеке тәжірибесі таптырмас нәрсе. Сонда ғана адам өзінің істерін
жасауға және ерекше ойларын шығара алады. Аудиторияны сезіну қажет және
өзінің сөздерін түзетуді үйрену керек. Шешен көптеген сұрақтар бойынша
білімі кең болуы керек, қалаған тақырыпта пікірталас өткізе білуі қажет.

1.2. Қысқаша риториканың негізгі ережелері

Тіл (сөз) дегеніміз – бұл белгілі бір ретпен орналасқан біздің
ойларымыз мен сезімдеріміздің ауызша айтылуы. Рет пен байланыс жасанды
сөздің тілден айырмашылығын көрсетеді. Тіл сөзінің кең мағынасында тілдің
барлық ережелерін түсіну керек, әсіресе үш ғылымды құраушы ретінде: логика
немесе диалектика, дұрыс, байланысты және түпкілікті ойлауға, байымдауға
және қорытынды шығаруға үйретеді; грамматика, сөздердің мағынасы, қолдануы
мен байланысын көрсетеді. Риторика – ойды жүйелі әрі нақты баяндайды, сөз
таптары прозалық шығармалардың әрбір ерекше түрімен үйлесе отырып,
орналасады.
Риторика, сөзшеңдіктің (ділмарлық) барлық теориясын қамтиды. Сөз
ділмарлығы әдеттегідей бұл өз ойларымыз бен сезімдерімізді жазу немесе сөз
арқылы дұрыс және анық жеткізу білу қабілетіміз. Ежелгілер сөз ділмарлығы
дегенді тек қана – шешендік өнерді, риторика дегенде – қызмет етушілер
және шешендердің қалыптасуын түсінген. Басқа да прозалық шығармалардың
теориясы диалектика мен грамматикаға жатқан.
Риториканың мақсаты басқа да барлық прозалық шығармалардың теориясы
сияқты тек қана сендіру мен дәлелдерден тұрмайды. Ежелгі және кейбір
қазіргі тәлімгерлерге қарсы реттебіз сол сөзді ғылымдағы санамызды
қалыптастыратын, үйрететін немесе жүрекке және ерік-жігерімізге әсер етеді
деп түсінеміз. Сонымен, ол үйрететін, әсер ететін, орын алатын, дәлелдейтін
бұл әрбір прозалық жазушының құрайтын пәні.
Мағына, бұл сезім, және оларды жеткізу сөздің маңызын құрайды, ол жан
мен тән сияқты байланыста болуы қажет. Сол және басқалары да материя мен
форма секілді риторика пәніне жатады, олар өздерінің зерттеулерін сөздеріне
және ойларына дейін жоймайды, оны оны логика мен грамматикаға қалдырады. Ол
шығарманың әдемілігіне және түзулігіне қарайды, сол сияқты ол дұрыс
ойланған және грамматиканың ережелеріне сәйкес сөзшеңдіктің әрбір түріндегі
ойларды оқиды. Кейбіреулер сөзшеңдікті өлеңдер және проза деп түсінсе,
біреулер тек қана проза деп бөледі, сол себепті оны екі түрге: прозалық
және өлеңдік өнер деп атауға болады. Бұл тек сыртқы пішініне қарап бөлу
емес; оны шешен мен ақынның алдарына қойған мақсаттың айырмашылығынан
білуге болады; біреуі-оқытуға, екіншісі – қанағаттануға мақсат тұтады.
Табиғи шешендігімен ерекшелінетін адамдар бар; олар риторика ережесін
оқымаған, сонда да таза ой, тілі жеңіл және өз қабілетімен мақсаттарына
сәйкес өз ойлары мен сезімдерін жеткізе білген.
Әрбір жазушыдан талап етілетін нәрсе ол өзінің айтатын сөзін жан-жақты
білуі қажет, ол өзін барлық уақытта ұстай білуі, басқаларға ұсынатын
себептеріне және дәлелдеріне сенімді болуы керек, сондай-ақ оқырманның
жүрегіне жеткізуі қажет.
Сөз ділмарлығының пайдасын, егер кімде кім оның мәні мен мақсатына
назар аударса ғана біледі. Басқа ешқандай да ғылым біздің жан-дүниемізге
олай әсер ете алмайды, өте әдемі сөз ділмарлығы біздің жүрегімізді жаулап
алады. Соның көмегімен бізден ғасырлар бойы жат адамдардың ойлары мен сана-
сезімдерінен бөлек сезімдері, қабілеттеріне дейін біздікі және қазіргі
заманғы болады. Ол бізді заттарды таңдауға, оларды дұрыс және бір-біріне
байланыстырып суреттеуге үйретеді; ол шындыққа сенімді күш береді; ол
біздің адамгершілік қасиеттерімізді қалыптастырады.
Шешеннің қалыптасуына риториканың ережелері жеткіліксіз. Сол себепті
ежелгі және қазіргі заманғы шығармалармен танысу қажет. Тыңғылықты зерттеу
бұл біздің еліктеуімізге алып келеді; сөз ділмарлығын зерттеудің арқасында
әдемілілік пен жақсылықтан күш аламыз, жамандықты тез айыра білеміз.

1 тақырып бойынша өзін-өзі тексеруге арналған тест сұрақтары

1. Тіл (сөз) дегеніміз:
а) біздің ойларымыз және сезімдеріміздің ауызша берілуі
ә) келіссөздерді дұрыс жүргізу өнері
б) қарым-қатынас өнері
в) дұрыс жауабы жоқ

2. Риториканың мақсаты барлық прозалық шығармалардың теориясы ретінде:
а) сендіру және дәлелдермен шектелмейді
ә) сендіру және дәлелдермен шектеледі
б) сендірумен шектеледі
в) дәлелдермен шектеледі

3. Сөз ділмарлығының өнерде қарайтыны:
а) керек емес және қатер тудыратынды (қауіпті);
ә) шындықты және жақсылық жасаушы
б) адасу және бұзушылар
в) құртушы және еліктіруші

4. Риториканы құрастырушылар::
а) Платон мен Аристотель;
ә) Платон
б) Аристотель
в) Станиславский

5. Риторика нені қамтиды:
а) сөз ділмарлығының толық теориясын
ә) диалектиканы
б) грамматиканы
в) өз сезімдерін жеткізу қабілеті

6. Сөз ділмарлығы дегеніміз:

а) өз ойлары мен сезімдерін жазбаша және ауызша жеткізу қабілеті
ә) шешен өнері
б) өз ойларын жеткізу қабілеті
в) өз сезімдерін жеткізу қабілеті

7. Сол кезеңдегі атақты шешендер:
а) Демосфен, Сократ, Перикл
ә) Демосфен
б) Сократ
в) Перикл

8. Сөзге шығу мыналардан тұрады:

а) кіріспе сөз, дәлелдер (айғақтар) және қорытынды
ә) кіріспе сөз және қорытынды
б) дәлелдер (айғақтар) және қорытынды
в) кіріспе сөз және дәлелдер (айғақтар)

9. Сөзге шығудың негізгі бөлімі:
а) дәлелдемелер (айғақтар)
ә) қорытынды
б) кіріспе сөз
в) кіріспе сөз және қорытынды

10. Дәлелдемелер (айғақтау) мыналарға сүйенеді:
а) нақты және анықтамалық мағлұматтар
ә) нақты мағлұматтар
б) анықтамалық мағлұматтар
в) қосымша мағлұматтар

Тақырып 2. Риториканың ғылым ретіндегі сипаты, мазмұны және құрылысы

Лекция жоспары:

2.1.Риторика ұғымы және оның тіл құрылымы жүйесіндегі орны
2.2. Ғылым ретінде риториканың нысаны, пәні және оның құрылысы
2.3. Риторикалық талдау және сөздің риторикалық эскизі
2.4. Бейне риторикасы

3.1. Риторика ұғымы және оның тіл құрылысы жүйесіндегі орны

Тіл құрылымы жүйесінде риторика грамматикаға қарайды. Бірінші
грамматиканы зерттеп, одан кейін риторикаға өтеді. Грамматика мен риторика
арасында маңызды әдістанымдық айырмашылық бар. Грамматика немесе
лингвистика барлық адамдар қандай тілді қолданса да оның бірдей екенін
біледі. Риторика теріс тезисті қолданады: әрбір сөзді құраушы басқаларға
ұқсамайтын жеке болуы қажет, жаңалық айтуы тиіс, осыдан келіп риториканың
негізгі талабы шығады: хабарламада жаңалықтың болмауына тыйым салу.
Грамматика және риторика стилистика арқылы байланысады. Стилистика
сөздің дұрыстығымен қатар тартымдылығын да көрсетеді. Әрбір ғылым секілді
риторика да негізгі категорияларға сүйенеді, олар келесі екі кесінділермен
көрсетілген:
1. Квинтилиан кесіндісі:
1. Жаңалық ашу;
2. Орналасуы;
3. Орындалуы;
Бұл кесінді сөзді ауызша дайындау және оның айтылу әдістемесі.
Берілген кесінді сөздің мазмұнына тиісті емес. Аристотель кесіндісі:
1. Эпос;
2. Пафос;
3. Логос.
Бұл жерде шындық қаралады, сөз қоғамдық өмірдің процесіне айналады.
Ереже: Эпос дегенде антикалық дәстүр бойынша шешенге шындықты айтуы
керек жағдайлар мен келісімдер ұғынылады. Бұл жағдайларды сөзді алушы сөзді
құраушыға жасайды. Бұл жағдайлар уақытқа, іс-қимылға, мерзімге, сөзді
болжауға, сөз қарқынына байланысты.
Ереже: Пафос дегенде сөз ойы (пиғыл) түсіндіріледі, сол себепті пафос
сөзге жаңалық енгізуді жобалайды, сөздің не үшін құралатынын көрсетеді.
Ереже: Логос дегенде сөздің ауызша толықтырылуы, ойлардың сөз жүзінде
іске асуы, сондай-ақ эмоциялар ұғынылады.
Сөз тиімділігі. Сөз тиімді болу үшін ол жаңалаық беруші, орынды және
дұрыс болуы қажет.
Әлеуметтік тоқырау – сөздің құлдырауы.

3.2. Риториканың ғылым ретіндегі пәні, нысаны және оның құрылысы.
Риториканың негізгі заңдары мен ережелері

Қазіргі риториканың нысанына тек қана ауызша сөз емес, сондай-ақ
барлық сөздердің түрлері де жатады. Бұл сөздердің түрлерін риторика
стилистикадан алады, ал стилистиканың негізгі бөлімі ауызша сөз теориясы
деп есептеледі.
 Риторика құрылысы: риторика жалпы, жеке, тақырыптық болып бөлінеді.
Ол эпосты, пафосты, логосты зерттейді. Стилистикамен қосыла осы сөз
түрлерінің бір түрін зерттейді (жеке ауызша сөз).
Тақырыптық риторика бір тақырып төңірегінде араласқан ауызша сөз
түрлерінің ережелерін зерттейді (Америка үшін).
Одан басқа риториканы теориялық және қолданбалы деп бөлуге болады.
Теориялық – сөз заңдарын дедуктивті әдіспен зерттейді, кейін олар
тарих фактілерімен риторикалық тәжірибемен сендіріледі (түсіндіріледі).
Тәжірибелілік – сөздің көмегі туралы ережесін зерттейді: тәжірибеде
қабылданатын және мақұлданатын ережелер.
Мыс. 1. Егер диалог ауызша сөз түрінің бірінде жүргізілсе және тақырып
бірнеше адамдардың қатысуымен және ұзақ уақытқа созылса, онда бос сөз
болғаны (энтропия).
Мыс. 2. Егер диалог ауызша сөздің бірнеше түрінде жүргізілсе және
тақырып түрлендірілсе, онда мазмұны толықтырылады.
Мыс. 3. Әдістемелік шығармалардағы мағына қабаттары белгілі тәртіппен
орналасады -– автор бейнесі, сөздің жалпы мазмұны, сөздің бейнелі мазмұны,
сөздің эмоциялық мазмұны, логикалық мазмұны, композициялық, немесе
стилистикалық мазмұнмен құрылысы басқа мазмұнды сөз құрауға болмайды.
Гемилектика ережесі: Егер сөз автор бейнесі атынан айтылса немесе
керісінше болса ғана, мәтінді толық түсінуге болады.
Риторика ережесі: риторика заңдарын жеке пайдалану, сөйлеушінің
мақсатына байланысты.
1. Диалектика – сөздің негізгі мақсаты – шындықты іздеу (Сократ).
2. Эристика – шындыққа қарамастан қоғамда өз позициясын бекіту.
3. Софистика – сөз мақсаты – диалектиканың ережелерін қолдануымен өз
позициясын бекіту немесе тиімді көзқараспен шындықты қамтымау.

3.3. Риторикалық талдау және сөздің риторикалық эскизі (нобайы)

Риторикалық талдау – дайын сөздің қалай құрылғанын түсінуге
көмектеседі, ойдан сөзге дейінгі жолды көрсетеді. Ол үшін риторикалық ереже
(канон) деген түсінік қолданылады.
Классикалық риторикалық канон кезеңдері:
1. Инвенция – жаңалық ашу (жасаушы) (айтылатын нәрсені табу) .
2. Диспозиция – жаңалықтың орналасуы
3. Элокуция – ойдың ауызша көркемделуі
4. Меморио – есте сақтау
5. Actio hypocrisis – сөздің айтылуы (орындалуы)
Инвенция сөздің мағынасын түсінуді жобалайды, оларды бірнеше
тақырыпшаларға бөлуді көздейді. Бірінші кезеңде (инвенцияның) ойдың болуы
мен байлығы есепке алынады. Ол үшін жалпы орындар деп аталатындар бар.
(топ – сөзді дамытудағы мағыналық моделдер).
Топ – түсініктер жүйесі, кез келген сөз туралы ойлар әдісін жобалайды.
Диспозиция идеяларды қайта топтау және олардың сөздің негізгі
міндетін орындайтын тәртіпте орналастыру. Сөз келесі құрылымға ие:
1. кіріспе;
2. сөйлем;
3. мазмұндау (баяндау);
4. растау;
5. теріске шығару;
6. қорытынды.
Элокуция – бұл сөзді ауызша көркемдеу кезеңі. Сөздер мен сөз
тіркестерін таңдау өте маңызды; сөздерді мағыналық, семантикалық,
стилистикалық, дыбыстық таңдау. Осы жерде троптар мен сөз фигураларын
таңдау қажет.
Actio hypocrisis – көпшілік алдында сөзге шығу бұл сөз техникасы мен
дағдыларын (машықтарын) білу қабілеттерінің бар екенін көрсетеді (дауыс,
интонация, қимылдар).
Инвенция – идеялар іздеу, болашақ сөздің мазмұны, мағынасы.
Ломоносов бойынша идеялар құрылысына қарай жай және күрделі болып
бөлінеді.

Мағыналық модель: топ, түр
Топ, сөйлеу мен ойлаудың, пайымдай білудің, жалпыдан жалқыға өтудің
(дедукция), жалқыдан жалпыға өтудің (индукция) әмбебап заңын білдіреді.
Мағыналық моделі: Сөз мәнін жуық тектік және түрлік айырмашылықтар
арқылы анықтауға болады.
Классикалық риторикалық дәстүр бойынша сөзді анықтау (дефиниция,
экспликация) кіріспеден кейін жүреді.
I тәсіл – жалпы түсінікке апару.
II тәсіл – қарама-қайшылық арқылы сөз мәнін анықтау.
III тәсіл – метонимияны қолдана отырып – заттардың араласуы арқылы.
IV тәсіл – қасиеттерді жүйелі атап шығу арқылы

Троп: бүтін, бөлік
Анықтау үшін қолданылады:
1. Сөз мәні бүтіннің бөлігі ретінде қаралады және ол туралы бүтін түрінде
айтылады;
2. Сөз мәнінің элементтері қаралады және олар туралы жеке айтылады –талдау;
және қайтадан бүтінге жаңа таныммен қайта оралады – синтез.
Заттың функционалды маңызы бар бөліктері ғана ерекшеленеді немесе атап
көрсетіледі. Ең көрнекті белгілері және қасиеттері.

Классикалық риторикалық ереженің (канон) екінші кезеңі - диспозиция.
Диспозиция (Ломоносов бойынша) – идеялардың бір тәртіппен орналасуы.

Риторикалық ереже (канон) сөз идеяларының орналасуы арқылы европалық
сөз мәдениетін көрсетеді. Дәстүрге сүйене отырып қазіргі заманғы ұсыныстар
шешенге ештеңе жүктемейді, тек қана белгілі үлгілерді ұсынады.
Ескі (көне) риториканың ұсыныстары:
Ломоносов бойынша топтардың орналасу тәртібі келесідей:
1. жансыз заттарды сипаттау:
– заттың сипаттамасы беріледі, тек - түрдің мағыналық моделі қолданылады;

– бүтін-бөлік мағыналық моделі;
– сыртқы қасиеттері (формасы, дерек, мағлұмат);
– зат кездесетін орын;
– заттың қызмет ету аясы (функция);
– куәлік (дәйектемелерге сілтеу жасау, басқа авторлар осы зат жайлы не
айтады.
2. жаны бар заттарды (жануарларды) сипаттау сызбасы:
– сипаты, қолданылуы, топ, тек, түр;
– қасиеттері, сыртқы көрінісі;
– іс-қимылдары, өмір сүру салты;
– ішкі қасиеттері: мінез-құлқы, адамгершілігі;
– көмегі;
3. техникалық затты сипаттаудағы талаптар (инструкция);
– Сипаттау түсінікті, толық, дәл болуы қажет.
Затты шығармашылық сипаттау үшін сипаттама үш бөлімге бөліну керек –
басы, ортасы, соңы.
Басы: 1) сипатталатын затқа арналғанқаратпа сөз (Адамдар!); 2) күннің
немесе жылдың уақыты туралы айту 3) заттың қай жерде екендігін немесе қайда
кездесетінін айту.
Ортасы: 1) егер зат қимылсыз болса (өзен, дала), сыртқы жағдайларға
байланысты болып жатқан өзгерістер сипатталады (уақыт, ауа-райы); 2) жансыз
физикалық заттар, бөлімдерден тұрса - әрбір бөлім сипатталады; 3)
адамгершілілік (ар-ождан, кеңпейілдік) – топ, түр, текке жүгіну,
әртүрлілігі, сол секілді қарама-қайшылығы.
4) қозғалыстағы жек тұлға (киноактер) – қасиеттері сипатталады.
Ортасы, соңының орналасу ережелері бар: а) ең қызық жері сипаттаманың
соңына жақын орналасады; б) артық деталдаудан қашу керек (ең керекті,
негізгілерін алу керек); қайталаудан қашқақтау қажет.
Соңы: 1) сөз затына эмоциялы түрде арнау, өз сезімдерін, тілектерін
білдіру; адамгершілік идеяларын, моралдық ойларын білдіру.
Әңгімені қалай айту керек:
Әңгіме жүргізудің әртүрлі стратегиясы бар.
Ұсыныстар:
1. Мазмұндаудың басы:
а) тиісті адамға арнау (назар аудару);
б) әңгіменің негізгі ойы, мазмұндау;
в) жалпы бекітілген шындық беріледі, афористік түрде айтылады;
г) оқиға болып жатқан жердің орны, уақыты, жеке тұлғасы (бейнесі ).
2. Мазмұндаудың ортасы:
а) кульминацияға жақындап оқиғаның табиғи қалпын сақтау.
3. Мазмұндаудың соңы: а) әңгіменің шешімі, соңы, қорытынды; осы кезде
әңгімені айта отырып нені, кімге, не мақсатпен айтқанды есте сақтау
қажет.
Қызық әңгіме құрастырудың принциптері:
1. Қарапайымдылық, түсініктілік, қысқалық.
2. Шындық түрінде.
3. Біртіндеп қызығушылықтың артуы.
Пайымдау (хрия) – сөздің классикалық үлгісі
Ереже. Хрия – сөз немесе пайымдау және ойға салу, қандай да бір
тезисті түсіндіреді немесе дәлелдейді.
Хрияда біз тек бір ойды (сөйлемді, тезисті) ғана аламыз, соны шындық
ретінде немесе өтірікті теріске шығаруын дәлелдеуіміз қажет.
Қатал (классикалық) немесе тік хриидің құрылымы
Қатал хрия талабы бойынша, тезистің негізгі жобасы осы тезистан келіп
шығатын мүмкін болатын қарытынды мен жеке салдардан болу керек: тезис –
дәлелдемелер.

Құрылыс 8 бөлімнен тұрады:
1. Сөз басы – сөздің басы назар аудару мақсатында (мақтау немесе
суреттеу).
2. Парафразис – тақырыпты түсіндіру, экспликация.
3. Себеп– тезисті дәлелдеу (бұл тезис дұрыс, өйткені ...).
4. Қарсы – егер болмаса, онда...
5. Сол секілді – осы құбылысты ұқсас салалармен салыстыру
6. Мысал.
7. Куәлік (беделге сілтеме жасау)
8. Қорытынды (тақырыпқа деген қарым-қатынасың).
Қатал емес (тәуелсіз) хрияның құрылымы.
Дәлелдемелер – тезис.
Ереже. Бұл пайымдаудың мынадай түрі, басында жеке дәлелдер жиналады,
кейін тезистің өзі қалыптастырылады, индуктивті (сократов бойынша) деп
аталады.
Құрылыс 5 бөлімнен тұрады:
1. Сөз басы
2. Дәлел немесе негіз.
3. Байланыс – жасанды байланыстың немесе логикалық көпірдің көмегімен
тиісті адамдысендіру үшін, сол ойға жетелейді.
4. Тезистің қалпы (негізгі ойдың).
5. Қорытынды.

3. Классикалық риторикалық ереженің кезеңі – иллокуция
Ереже. Иллокуция дискурс гармониясын құру үшін белгілі сөздік жағдайға
байланысты тілдер мен сөздер құралдарын дұрыс таңдауды жобалайды.
Дискурс гармониясы троптар мен сөз фигураларын қолдану арқылы пайда
болады.
Ереже. Троп – бұл сөз оралымы, сөздердің ауыспалы мағынада қолданылуы.
Сол себепті айтушы мен тыңдаушыда екі мағына пайда болады: тура және
ауыспалы.
Троптарға жататындар: метафора, метонимия, синекдоха, катахреза,
оксюморон, аллегория және басқалар.
Ереже. Сөз фигуралары – синтаксистік құрылымдардың ерекше формалары,
сол арқылы сөз мәнерлі әрі экспрессивті қалыпқа ие болады
Сөз фигураларына мыналар жатады: антитеза, парадокс, парафраз,
градация, риторикалық мәселе.
  Мәтінді риторикалық талдау.
Ол 3 аспектіде жүргізіледі: 1) мағыналық құрылыс аспектісімен 2) осы
идеялардың орналасу аспектісімен 3) риторикалық форма (троптар мен
фигуралар) арқылы.

3.4. Образ риторикасы

Ереже. Троп – бұл сөз оралымы, сөздердің ауыспалы түрде қолдануы.
Риторика үшін қос мағыналығын жоғалтпаған, ауыспалы мағынада
қолданатын сөздер қызығушылық тудырады.
Троптардың негізгі ерекшеліктері мен олардың мағыналары.
1. Риторикалық троптар адамның танымдық қызмет тәртібін көрсетеді.
Қоршаған ортаға қарай адам одан мыналарды көреді:
– ұқсас жағдайлар мен заттар, сөйтіп оларды бір сөзбен біріктіреді
(метафора солай пайда болады)
– жағдайларды жақындығына, бір-бірімен араласуына қарай топтайды
(метонимия солай пайда болады)
– көзге көрінбейтін жағдайларды байқайды (сезімдер әлемі, интеллектуальды
әлем)
1. Троптар өмірге деген субъективті көзқарасты көрсетеді, оның
эмоцияларын, көңіл-күйін, бағасын көрсетеді.
2. Риторикалық троп мағыналық өлшемге ие, соның көмегімен күрделі
мазмұнды қысқаша жеткізеді.
3. Образды оралым көрнекті, есте жақсы сақталады, жақсы қабылданады.
4. Риторикалық троптар мәтіннен қанағат алуға мүмкіндік береді және
тыңдаушыны шығармашылық процесіне қосады.

Метафора, оның құрылысы және риторикалық қызметтері (функциялары)
Ереже. Метафора – осы заттардың қасиеттеріне қарай атаулардың бір
заттан екіншісіне ауысуы.

Метафора құрылысы.
Метафора – жасырын теңеу, сондай, сол секілді деген сөздермен
айтылады.
Заттың екі түрлі теңеуі бар:
– объект және субъект
– үшінші белгі, соның көмегімен заттар теңеледі.
Ережелер:
1. Теңеу элементтері әртүрлі болуы керек – пропорцияға негізделген ереже.
Парадокс шебері – Гераклит.
2. Теңеу термині кез-келген белгіні емес, теңеу кезіндегі маңызы бар
белгіні табу керек.
3. Сөз мәнінің бағасы теңеуге байланысты болады
– метафораны жақсарту үшін теңеу іздегенде;
– метафораны нашарлату үшін теңеу іздегенде.
1. Жаңа метафора алу үшін ерекше теңеулерді пайдалануға болады.
2. Метафоралар қысқартылған және кеңейтілген болу мүмкін.
Қысқартылған метафора – сөздер жаңа түсінікте теңеледі, сол секілді
оралымы жоғалады.
Кеңейтілген метафора – метафора ішіндегі фраза. Зат құрылысын
қиындаттырады, мәтін қабырғасына айналады.

Метонимия және оны риторикалық мақсаттарда пайдалануы

Ереже. Метонимия – (қайта атау) араласуына және жақындығына байланысты
зат атауының бірінен келесісіне ауысуы. Метонимияның көмегімен көбіне
мыналар аталады:
1. заттың жасалған материалы бойынша
2. қасиетіне қарай
3. шығарушыға, авторына қарай
4. зат затына қарай аталады
5. затына немесе жағдайға қарай уақыт айтылады, осы уақытты сипаттайды
(өлгенше жақсы көру)
6. метонимияның жекелей бір жағдайы - синекдоха
o зат бөлігінің аты затқа бүтіндей ауысады
o көпше түр жекеше түрмен ауысады
1. метонимияны дамыту үшін риторикалық қабылдау перифраз құрылады, мұнда
зат аты оның белгілерін сипаттаумен ауысқан кезде.

Басқа да троптар және сөз фигуралары, олардың мәтінде қолдануы

1. Жандандыру (олицетворение) – жансыз заттарды адамның белгілері мен
қасиеттерімен көрсету (көбінесе табиғатты суреттеу кезінде
қолданылады).
2. Аллегория (басқаша айту – “емеурін”) – нақты көркем образдарда
тармақты ұғымдарды білдіру, мысал, әпсана, ертегілерде қолданылады.
3. Антономасия (қайта атау) – белгілі бір жалқы есімді жалпы есім мәнінде
қолдану
4. Эпитет – затты немесе іс-қимылды образды анықтау.
5. Гипербола – мөлшерді, күшін, әдемілілікті асырып жіберу.
6. Литота (қарапайымдылық) – кері гипербола, мөлшерді, күшін,
әдемілілікті әдейі кішірейтуші.
7. Мейозис (литота секілді) – сөз фигурасы, бір нәрсенің қасиеттерін,
дәрежесін кішірейтуші.
8. Парафраза (әңгімелеу) – суреттеу оралымы, қандай да бір сөз, сөз
затының орнына қолданылады.
9. Дисфемизм – троп, нормативті, табиғи сөздің дөрекі, анайы сөзге
айналуы.
10. Эвфемизм – бір нәрсені әдепті, сыпайы атау.
11. Катахреза – троп, оларға жатпайтын мағынада айтылатын сөздерді
қолдануымен байланысты, көбінесе гиперболалық (әсірелеу) метафора
түрінде қолданылады.
12. Каламбур (сөз ойыны) – бір сөздің әр түрлі мағынада қолдануы немесе
екі бірдей айтылатын (дыбысталатын) сөздердің қолдануы.
13. Оксюморон – бұл сөз фигурасы, екі антонимнің бірігуінен құралады
(мағынасы жағынан қарама-қарсы сөздер), содан мағынасы біріккен жаңа
сөз тіркесі пайда болады (тірі өлік).
14. Анафора – сөз фигурасы, әр сөйлемнің басындағы сөздің қайталануынан
тұрады.
o анафора лексикалық
o анафора синтаксистік

Ирония және парадокс риторикалық құралдар ретінде
Қалай тапқыр болу керек?
Анық. Тәлкек – риторикалық троп, ол метафора, метономия секілді айтушы
мен тыңдаушы санасында екі мағына ұсынады: тура және ауыспалы. Осы екі
мағынаның ойыны (қосындысы) әзілді тудырады.
o әзіл
o юмор
o ой өткірлігі
o сарказм – келемеждеу
Күлкілінің түрлері:
1. Күлкілі нәрсе абстракты түсініктен шындыққа өткен кезде пайда болады.

2. Дұрыс түсінбеген жағдайларда.
3. Ой өткірлігі жағдайды ұтады, трагедияда комедияның көрінуі.
4. Қасақана күлкілі ету - әзіл
– егер әзіл түбі шындық болса – тәлкек;
– егер шындық түбі әзіл болса - юмор;
– өзін-өзі тәлкек ету.
Тәлкек түрлері мен құралдары:
1. антифраз – әлдебір сөз қарсы мағынада жұмсалады
2. парадокс – алғаш қарағанда дұрыс пікірге қарсы келеді, соңында терең
мән жатады.
3. гипаллаг – сөздерді тұрақты сөз тіркестеріне келтіру
4. антомакласис – көп мағыналы сөздерге негізделген троптар тобы, сандық
нәтижеге әкелу
5. каламбур – жаңа сөздің ескісінде көрініс табуы, мағыналардың қайта
берілуі:
– полисемия – көп мағыналы сөздер;
– омонимия – мағынасы жуық сөздер;
– омофония – сөздердіңдыбыстық ұқсастығы.

Сөзге шығуға дайындық
Сөзге шығу – бұл мәтіннің қарапайым, шапшаң бірлігі.
Сөйлеуші (айтушы) сөзге шыққан кезде сөз мәдениетіне көңіл бөлмейді,
оның барлық ойы мазмұнында болады, ал сана тәжірибеге сүйеніп ең керекті
лексикалық вариантты береді
Ауызша сөйлегенде сөздердің санын қысқартатын шектеу болады.
Үйреншікті жағдайда сөз автоматты, бақылауға бағынбайтын болып шығады.
Егер жағдай қиындаса, онда сөзде бағдарламалық деңгей қолданылады.
Сөзде ойлау механизмі өте қиын. Айтылатын сөзді қалыптастыру процесі
сөздік қарым-қатынас жағдайына байланысты.
Сөзге шығудың келесі мақсаттары былай бөлінеді:
1. Ассертивтік – фактіні көрсету (айқындау), қандай да мағлұматты
хабарлау.
2. Коммесивтік – бір нәрсені орындауға міндеттеме беру.
3. Директивтік– бір нәрсені орындауға көндіру.
4. Декларативтік– ниетін білдіру
5. Аксиологиялық – бір нәрсеге баға беру.

Сөз ойлау механизмінің сызбасы
1. Мотивация – әрбір сөздің басында себеп (мотив) жатады, осы кезеңде
айтушыда әрекеттер қорытындысы пайда болады, бірақ әрекеттер жоспары
жоқ.
2. Ішкі бағдарлаудың кезеңі – оның белгілі жағдайы тілдік негізде екінші
көрермендік бейненің пайда болуы.
3. Лексико-грамматикалық кезең – бұл жерде ішкі сөздердің лексико-
грамматикалық тарқалуына өту іске асырылады.
Ауызша сөзге шығудың келесі кезеңдері бөлінеді:
1. Докоммутативтік– аудиторияға шығудың алдында.
2. Коммутативтік– жұртшылық алдында шешеннің өзін-өзі ұстауы.
3. Посткоммутативтік – сөзге шыққанын талдау және оның кемшіліктерін
есепке алу:
o ойлардың іске асуының толығуы
o баяндаудың логикасы

Сөздік қарым- қатынас жағдайларын талдау
Сөзге шығуға дайындық тақырыпты таңдаудан басталады, ұсынылған,
тапсырылған болуы да мүмкін. Барлық уақытта да айтатын нәрсе болған кезде
ғана сөзге шығу керек, негізгі риторикалық ережеге сүйену қажет. Тақырып
көкейкесті, нақты және қабылдауға түсінікті болуы қажет. Тақырыптың аты
тартымды болуы қажет.
Бағытына қарай ауызша сөз сөйлеу екі түрге бөлінеді:
o үгіттеу
o насихаттау
Үгіттеу сөздердің мақсаты – аудиторияға тез әсер ету, эмоционалды
түрде тыңдаушыларды қандай да бір шешім қабылдауға шақыру.
Насихаттау сөздердің мақсаты – қандай да бір факті, мағлұматтарды
ағартушылық жолмен беру.
Сөзге шығудың түріне, тақырыбына және оның бағытына байланысты,
шешендердің сөзге шығуы бірнеше түрлерге бөлінеді.
1. Эмоциялық шабыттанған шешен
Ол сөзге тек қана ойларын ғана емес, сондай-ақ сезімдерін де қосады,
аудиторияны қанаттандырады, өзіне тартады, әсер етеді, көбінесе эмоциямен
сөйлейді.
Ерекшеліктері және оған тән кемшіліктері:
1. Көбінесе шешен жалған тон, жалған пафосқа түседі. Олар жиі басқа
шешендердің шешендік іс-қимылдарын (приемы) алады.
2. Олардың сөзі сенімсіз болып көрінуі мүмкін. Бұл аудиторияға
байланысты.
3. Олар шындықтан жиі жалтарады (бас тартады), өйткені оның өзгеруі
фактілерді әсірелейді. ( бағалаудағы субъективизм).
4. Осы түрдегі шешендер көбіне сөздің нақты емес қимылдарына (приемам
речи) жүгінеді, аудиторияның көңілін аударуға талпынады.
1. Объективті-шындық типіндегі шешен (эрудит шешен)
Ерекшіліктері және ұсыныстары:
1. Жаңа әдебиеттермен танысуға міндетті, мағлұматтарды жаңалау.
2. Қажетсіз сілтемелер мен дәйектемелерден қашу керек.
3. Қолдан келмейтін тақырыптарды қозғамау керек.
4. Жалпы мазмұндағы бос сөздерден қашу керек.
5. Көпсөздікке түспеу керек.
6. Синтездеуді, мағлұматтарды жинақтауды, негізгі ойды анықтауды білу
керек.

3) Салауатты ой шешені
Шешендердің бұл түрі сөз ділмарлығының жалтырағынсыз және
тыңдаушыларды сілтемесіз-ақ сендіретін, тек қана ойдың туралығына,
мағынасына және жалпыға таныс фактілерге сүйеніп. Салауатты ойға және
жалпыға танымал фактілерге сүйенен отырып, сөз ділмарлығын көрсетпей-ақ
және жұртшылықтың көзін жеткізбей-ақ пайымдай білетін шешен типі.

1. Дауыстап ойлайтын шешен (Сократ типі).
Бұл шешен дайын ақиқаттарды хабарламайды, бір нәрсенің соңынан ілесуге
шақырмайды, көпшілікпен бірге барлық дәлелдерді жақтау немесе қарсы
болу ретінде келтіре отырып, мәселені шешуге ұмтылады.
Ерекшеліктері және кемшіліктері:
1. Шешен ойын жиі жоғалтады.
2. Ең күшті сөзі (адвокаттық).

Шешендік сөзге шығудың ойлау стиліне тәуелділігі.
Ойлау үш стилге бөлінеді:
1. дискурсивті
2. интуитивті
3. ассоциативті
Дискурсивті – логика заңдарына негізделген, жүйелі, ешқандай секірусіз
және ескерусіз. Шешен түсінікті, нақты, жүйелі сөйлейді, кейде керексіз
нақтылыққа түседі, мезі қылады, зеріктіреді.
Интуитивті (оймен) – нақыл сөздермен, қысқа, бірақ тыңдаушыға барлық
уақытта түсінікті емес, өйткені шешен силлогизмнің қысқа формасын жиі
қолданады соның нәтижесінде біржақты түсіндірілмеген, дұрыс қабылданбаған.

Силлогизм өзіне тезисті, пайымдауды, ой тұжырымын енгізеді. Орыс
философтарына тән.
Ассоциативті – субъективті, ассоциативті байланыстың заңдары, ой
пікірі тек қана сөйлеушіге түсінікті. Суретшілер, ақындарға тән.

Сөздің коммуникативті дәлділігі.
Дәлдіктің екі түрі бар: ұғымдылық және пәндік.
Егер автордың ойы көрсетілген шындыққа тура келсе, онда ол тура, нақты
(мәтін-шындық, нақтылық).
Егер осы ой сөздерде адекват (парапар) болса, онда ұғымдық нақтылық
(шындық) сақталған (мәтін-ой).
Тәжірибеде басқа да түсініктер қолданылады: Нақты (іс жүзіндегі)
дәлдік, Коммуникативті дәлдік.
Дұрыс емес мағынада берілген дәлдікке алып келмейтін сөздер үнемі
қолданбайды, бұл тек қана кейде мәтіннің, фразаның мәнерлілігі.
Сөздің коммуникативті дәлдігін бұзатын қателер түрі.
Сөздер араласқан кезде:
– мағынасы жағынан ұқсас;
– айтылуы жағынан ұқсас;
– мағынасы және айтылуы жағынан ұқсас;
– мағынасы және айтылуы жағынан ұқсас емес, бірақ бір синтаксистік жүйеге,
бір пәндік салаға жатады.

Шешендік қызметтің стратегиялық кезеңі
Ауызша сөзге шығуды дайындау
1. Фактілер мен теориялық мағлұматтармен жұмыс істеу:
– фактілерді қалай іріктеп алу керек;
– деректермен жұмыс істеу.
2. Мәтінді редакциялау. Логика (ойлау), сөздердің композициялық бірлігі,
оның бүтіндігі, шолушылық, гармониялығы.
3. Сөзге шығудың тәсілдері. Сөзге шығуға дайындық.
   
1. Фактілер және теориялық мағлұматтармен жұмыс
Алдын-ала сөзге шығудың жоспары түзіледі, кейін сөз фактілермен
толықтырылады.
Фактілерді сұрыптаудағы талаптар:
– олар анық және кесімді, нақты болуы қажет;
– сөзге шығудың жалпы инеясына бағынышты болуы керек;
– негізгі және маңызды фактілерді сұрыптау қажет;
– фактілерге әсершіл, жеке қатынас маңызды болуы қажет;
– фактілерді сауатты түсіндіру қажет.
Деректермен жұмыс. Ауызша араласу, теориялық деректермен жұмыс істеу:
құжаттармен, монографиялармен:
– әдебиетпен алғаш танысқан кезде мәтінді жалған сенімсіз, сынсыз оқу
қажет;
– әдебиетті бағалай отырып барынша пайдалы түрде оқу қажет;
– міндетті түрде жазбаша түрде жүргізу қажет;
– көп оқу қажет, осы тақырып бойынша резервті білім алу үшін;
– Дәйексөздерді (цитата) орынды қолдана білу қажет. Ашық дәйексөздер
сөздің біркелкілігінен және зеріктіруден айырады Дәйексөздерді
қолданғанда оны бұрмалаудан қашу қажет, түсінікті және нақты
дәйексөздерді қолдану қажет, дәйексөздердің орындылығын ұмытпау қажет.
1. Мәтінді редакциялау.
Мәтінді жазу тәсілдері:
– сөзге шығудың толық мәтіні жазылады;
– сөзді толық логикалық жоспар түрінде жазу;
– қысқаша жоспар жазылады.
Мәтінді редакциялау мәтіннің логико-композициялық құрылысымен танысуға
алып келеді. Мазмұндық байланыстың белгілерін елемеу ақпаратты мазмұндау
логикасының бұзылуына алып келеді.
Мәтіннің қалыптастыру қасиеттерінің көрсеткіштері:
– дискреттік – мәтіннің мазмұндық блоктарға бөлінуі, олардың саны
тыңдаушының есте сақтау қабілетінің көлемімен анықталады;
– мәтіннің бірізділігі – оның компонентерін уақыт ішінде қарап жүйелі
баяндау;
– байланыстылығы – жеке сөздердің жалпы мазмұнға қосылуы.
Мәтіннің логико-композициялық құрастырудағы кемшіліктері:
– композициялық жұмсақтық – төмен ақпарат, төмен мағыналық мазмұнның
концентрациясы;
– өте үлкен мәселелерді қамтуға ұмтылу, ол мазмұндауды үстірт жүргізуге
алып келеді;
– берілген уақытты пайдалана алмау;
– жағдайды, мақсатты, аудиторияны ескере отырып мағлұматтарды ұйымдастыра
алмау;
– мазмұндаудың жеткіліксіз жүйеленуі, логикалық көпірлердің болмауы.
1. Сөзге шығудың тәсілдері.
– сөз мәтінінің оқылымы;
– мәтінді есте сақтаған күйде жаңғырту, бірақ жеке фрагментерді оқумен;
– жинақтап импровизациялау.
Мәтіннен ауытқуға болмайтын сөздер оқылады: дипломатиялық сөздер,
салтанатты құттықтаулар, ресми мазмұндағы баяндамалар.
Сөзге шығу мәтінін ұмытсаңыз не істеу керек:
– соңғы сөйлемнің соңғы сөзін келесі сөйлемнің басына қою керек;
– негізгі мағыналық блоктың негізгі сөздерінен тұратын мнемоникалық сөйлем
құрастыру керек;
– мәтінді есте сақтау үшін есте сақтаудың 3 заңына сүйену қажет: әсер,
қайталау, ассоциация.
Әсер алу – оқыған мәтіннен күшті әсер қалдыру, қайталау – жаңа
мағлұматты (тақырыпты) есте сақтағаннан 8 сағаттан кейін қайталау,
ассоциация – бізге жақын деген ассоциациялармен байланыстыру.

Сөзге шығудың режиссурасы
1. Сөз техникасы: фонациялық тыныс, дауыс, дикция, интонация.
2. Фонетикалық мәдениет.
3. Қарым-қатынастың невербалды амалдары: мимика, ым-ишарат, тұрыс, қалып.
Шешендік сөзге шығудың стилдері.
4. Шешеннің психофизикалық дайындығы. Шешен қорқыныштылығы. Стресспен
күресудің амалдары және оның сөздегі салдары. Жария жалғыздықтың
түсінігі. Образды құрастырудағы Станиславский және Брехт жүйесі.
5. Шешеннің этикалық образы және имиджпен жұмыс істеу: эмоционалды жай-
күйі, демалысы, тамақтануы, киім-кешегі.
6. Сөзге шығу режиссурасының басқа да ұсыныстары және аудиторияда
атмосфераны құрау.
Ұсынылатын сөзге шығу жылдамдығы минутына 100-200 сөз. Сол себепті
сөз техникасы келесі әдеттерді енгізеді: сөйлеу тынысы, дауыс жүргізу,
дикциялар, интонациялар. Осы дағдыларды шебер пайдалана білу сөйлеу
аппаратына қысымға алмайды, шаршаудан құтұарады, тыңдаушылармен барынша
тығыз байланыс орнатуға және сөз екпінінің жоғары сапалы болуына
көмектеседі.
Сөз техникасы мыналарды қамтиды:
– дауысқа күш беретін фонациялық тыныс
– қатты шығатын, күші, мәнерлілігі бар дауыс
– дикция – әрбір дыбыстың және дыбыс тіркестерінің анық айтылуы
– интонация – сөздің ырғақ - әуендік және логикалық мүшеленуі

Интонация:
– тон жоғарылығы
– дауыс күші
– сөйлем ішіндегі кідірістер
– темп
– тембр – дауыстың эстетикалық реңі.
Интонацияны жаттықтыруға енгізіледі:
– тыныс белгілерінің интонация бойынша қойылуы
– қарқынмен (темп) және сөз стилімен жұмыс істеу работа
– кідірістердің түрі: физиологиялық, грамматикалық, мағына ажыратушы,
психолингвистикалық, мәтінге эмоциялық қатынасын білдіретін.
– дауыспен жұмыс істеу.
Фонетикалық мәдениет.
– сөздердің дұрыс айтылуы;
– сөздерге екпіннің дұрыс қойылуы.

Қарым-қатынастың невербалды тәсілдері.
Мәтінге эмоциональды қарым-қатынас невербалды қатынастың тәсілдерін
көрсетеді: мимка, тұрыс, қалып, ым-ишарат. Бұл көмекші тәсілдер. Бұлар
мәтінді жандандырады, сөздерді үнемдейді, айтылмағандарды жеткізеді
Ым-ишарат: мәнді, суреттелген, көрсетуші, еліктеуші, мылқаулардың
тілі, – анықталмаған ым-ишарат.
Шешен мінез-құлығының екі стратегиясы бар: сығылған жұдырығы және
созылған қолы.
Шешендік сөзге шығудың үш стилі бар: тиімділік - талдау, эмоциялық-
экспрессивтік, синтетикалық.
Шешен қорқынышының табиғаты мен себебі: сәтсіздікті сезіну, аудитория
жағынан негативті (дұрыс түсінбеу) баға.
Стресс (есеңгіреу) – бейімделу механизмімен байланысты физиологиялық
және психологиялық реакциялардың жиынтығы, құтқаруға арналған барлық
қасиеттерді жандандыру және мобилизациялау.
Есеңгіреу жағдайымен күрес: Қорқынышты айыра білу қажет – жәбірлілік
пен толқуға байланысты негативті эмоциялар – пайдалы, позитивті эмоциялар.

Қорқыныш не тудырады: сөйлеушінің тәжірибесіздігін, жеке мінез-құлқын,
күтпеген жағдайлар, аудитория жағынан негативті қарым-қатынас, жеткіліксіз,
нашар дайындық.
Күрес әдістері:
- өзіндік бақылау;
- аутотренинг;
- бір қалыпты жүру;
- терең тыныс алу және шығару;
- өзіндік дұрыс баға беруді қалыптастыру;
- істен нәтижелі шығу үшін жағдай жасау;
- өз эмоцияларымен шын ниетпен бөлісу тілегі;
- бұның үлкен қуаныш екеніне өзін сендіру;
- ойын ситуациясын қалыптастыру.
Керекті эмоциялық жағдайды жасаудың екі жүйесі бар: Станиславский
жүйесі – образға кіру, Брехт жүйесі - образдан бөлектену.
Шешеннің этикалық образы: демалыс, тамақтануы, киімі.
Ұсыныстар:
1. аудиторияны топтау
2. аудитория алдында көп отыруға болмайды
3. сөзге шығу уақытын есепке алу керек
4. алаңдататын кезеңдерді жою.

2 тақырып бойынша өзін - өзі тексеруге арналған тест сұрақтары

1. Көне дәстүрдегі эпос дегеніміз:

а) шешенге шындықты айту үшін жасалатын жағдайлар мен келісімдер (дұрыс)
ә) сөз ойы (пиғылы)
б) сөздің ауызша толықтырылуы
в) сөз тиімділігі

2. Риториканы келесі түрде бөлуге болады:

а) теориялық және қолданбалы (дұрыс)
ә) теориялық және тиімді
б) қолданбалы және прозалық
в) теориялық және диалектикалық

3. Инвенция болжайды:

а) сөз мазмұнын түсіну, оны бірнеше тақырыпшаларға бөлу (дұрыс)
ә) ойды сөзбен көркемдеу
б) сөзді айту (орындау)
в) жаңалықты орналастыру

4. Қызықты әңгіме құру қағидасына не кірмейді:

а) сөз мазмұнын түсіну (дұрыс)
ә) қарапайымдылық, түсініктілік, қысқалық
б) шындыққа жанасатын
в) қызығушылықтың біртіндеп артуы

5. Ауызша сөзге шығу бағытына қарай екіге бөлінеді:

а) үгітшілік және насихатшылық (дұрыс)
ә) үгітшілік және рухтанушылық
б) эмоциональды- рухтанушылық
в) ағартушылық және насихатшылық

6.Насихатшылық сөздердің мақсаты:

а) қандай да бір фактілер, ақпараттардың берілуі (дұрыс)
ә) аудиторияға тез әсер етуі
б) қандай да бір шешім қабылдауға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шешендік өнерінің негіздері
Шешендік өнердің тарихы
Шешендік өнердің зерттелуі
Қазақтың шешендік сөздері арқылы студенттерді тапқырлыққа тәрбиелеу
Ресейдегі шешендік өнер теориясының дамуы
Риторика және сөйлеу мәдениеті
Шешен сөйлеу сыры
Шешендік өнер туралы
Шешендік сөздердің жанрлық ерекшелігі
Шешендік - қазақ елінің көнеден келе жатқан дәстүрлі тіл өнері
Пәндер