Математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
І-тарау: Математиканы оқытуда ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін қолдану.
1.1 Математика сабағында информатиканы оқытудың мүмкіндіктері ... ... ... ... .5-22
1.2 Бастауыш мектепте информатика пәнін кірістірілген
оқу ортасы есебінде оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23-35
1.3 Математика сабағында информатикамен кіріктіре оқыту ... ... ... ... ... ... ... 36 -43
ІІ-тарау: Бастауыш мектепте интегралдық оқытудың мүмкіндіктері.
2.1 Интеграциялық оқытуды жүзеге асыру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...44-51
2.2 Информатиканы бастауыш мектептен бастап оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..52-61
2.3 Интеграциялық сабақ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...62-65
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66-68
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..69

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда қазіргі ақпараттық технологияларды қолдана білу қабілетті қоғамның әрбір мүшесі үшін қажетті оқу жазу біліктерімен тепе-тең саналуда. Соған сәйкес жалпы білім беретін мектептердің алдында тұрған өзекті мәселе - бұл оқушылардың ақпараттық мәдениеттіліктерін қалыптастыру, яғни ақпаратты іздеу, талдау, өңдеу, сақтау, тарату дағдыларын қалыптастыра отырып, оны күнделікті өмірде тиімді қолдана білуге үйрету.
Ғылыми жұмысыма материалдар жинақтауда информатика кафедрасының оқушылары Қожабаева С. Абишева Г-ның компьютерлерді пайдалану жолдарын үйренсем, бастауыш сыныпта информатика пәнін оқытудың әдістемесін № 31 В. Терешкова атындағы орта мектептің информатика пәнінің мұғалимасы Р. Маденованың сабақтарына қатысып іс-тәжірибелерін жинақтадым.
Зерттеу әдісі - педагогикалық, әдістемелік әдебиеттерден тақырыпқа сай материалдар сұрыптау, тәжірибелі озат мұғалімдердің сабағына қатысу.
Зерттеу объектісі - бастауыш сынып оқушыларына математиканы, информатиканы оқыту процесі.
Зерттеу мақсаты:
1. математика мен информатиканы интеграциялап оқыту мүмкіндіктерін анықтау.
2. Теориялық материалды меңгеру қабілетіне ие болуға баулу.
3. Оқушылардың қабілетін арттыруға арналған есептерді компьютер арқылы шығару дағдыларын қалыптастыру.
Диплом жұмысының болжамы - бастауыш сыныпта математика мен информатиканы интеграциялау оқыту арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру.

Диплом жұмысының міндеттері:
1. Зерттеу тақырыбына байланысты әдебиеттермен танысып, оларға ғылыми-әдістемелік тұрғыдан шолу жасау;
Бастауыш мектеп мұғалімдерінің озат іс-тәжірибелері мен әдіс-тәсілдерін, олардың түрлерін, шығармашылық жұмыс дағдысының қалыптастыруын жинақтап қорыту.

I - тарау. Математиканы оқытуда жаңа ақпараттық технологиялардың
мүмкіндіктерін қолдану.
0.1. Математика сабағында информатиканы оқытудың мүмкіндіктер

Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім алу үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндік береді. Дәл осы ақпараттық технологиялар мен әрбір оқушының үздік білім алу траекториясын таңдауын жол беретін ашық білім беру жүйесін құруды, оқу бағдарламалануы және өзгермелі бейімделуі есебін оқу үрдісінің бір тұтастығын ақтай отырып оны дараландырута мүмкіндік беретін компьютердің маңызды дидактикалық қасиеті негізінде оқушылардың оқу үрдісінде танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру арқылы жаңа білім алу технологиясын түбегейлі өзгертуді тығыз байланыстырады.
Мектеп оқушысының ақпараттық мәдениетін дамыту көзқарасы тұрғысынан да мұғалімге кез келген пәнді информатика заңдары негізінде түсіндіру мүмкіндігін беру маңызды. Сондықтан да мектепте қазіргі уақытта фундаметталдық пәндерді, соның ішінде математиканы да, оқытуды компьютерлендіру оқу үрдісін ұйымдастырудың негізгі маңызды мәселелерінің бірі болып табылады.
Математика мұғалімі компьютерге оқу үрдісінде өзінің электрондық ассистенті ретінде сенуіне болады. Мұнда тек қандай қызмет түрлерін компьютерге, ал қайсысын мұғалімге беру зертеліп жатқан пәндік облысқа және әрбір жеке мұғалімнің әдістемелік тәсілдер жүйесіне байланысты.
Математиканы оқыту әдістемесі оқушының өзіндік тұлғасын қалыптастыру үшін, оның дүние танымын және интелектін дамытуға, іргелес пәндерді зерттеуге, білімін жалғастыруға және болашақ мамандық қызметі үшін қажетті математикалық білімі мен іскерлігін қалыптастыруға және жүйелендіруге бағытталған. Бірақ көпшілік жағдайды мұғалімге оның әртүрлі бөлімдерінің құрылымдық байланыстарын талқылауға және көрнекі бейнелеуге уақыт жете бермейді. Мұғалімнің назары негізінде белгілі бір типті есептер шығарудың практикалық дағдысын қалыптастыруға жұмсалады.
Математиканы оқытудың дағдылы әдістемесін компьютерлік қолдау арқылы толықтыру жоғарыда айтылған мәселелерді шешуге көмектеседі. Шешуі үшін математикалық үлгілеу әдістерін білуді қажет ететін қолданбалы және зерттеулік мінезді есептерді, бірнеше пән түйісінде пайда болған есептерді қарастыру математикалық білімді жүйелендіруге көп әсер етеді.
Қазіргі уақытта компьютерді математика сабағында тек қана иллюстрация, тестілеу үшін ғана қолдану жеткілікті емес. Компьютер оқу үрдісінің барлық кезеңдерде қолдануы қажет. Жаңа тақырып түсіндіруде, бекітуде, қайталауда, білімді дағдыны іскерлікті тексеруде.
Шығыс Қазақстан облысы Октябрь орта мектебінің жоғары
сыныптарында математика пәнін жүргізуде ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін қолдау әдістемесін қалыптастырудағы жинақталған тәжірибесімен бөлісуді жөн көрдік. Атап айтқанда математика және информатика пәндеріне бірнеше интегралданған сабақтар жүргізілді. Місrоsоft Оffiсе пакетінің құрамындағы МS Ехсеl бағдарламаға ерекше көңіл аударудың негізгі себебі оның төмендегідей ерекшеліктерімен анықталады:
- МS Ехсеl инстументалдық құралдарды ерекше тиімді топтастырылып тақталарға жинақталған және әрқилы қимылдар орындауда мүмкіндік береді;
- қуатты формулалар мен функциялар аппараты бар;
- алғашқы мәліметтердің өзгеруіне байланысты айнымалы шамаларды қайта есептеудің қауырт жұмысын автоматтандыруға, таблицалық шамалар түрінде беруге мүмкіндік береді;
- әртүрлі графиктер мен диаграммалар көмегімен мәліметтерді және олардың өзгерісін көркем, түсінікті түрде кескіндеуте мүмкіндік береді;
- Математика сабақтарында белгілі бір тақырыптарды оқыту барысында практикалық қолдану дағдыларын қалыптастыру оқушылардың танымдық қызығушылығын артыруға, зерттеушілік, тиімді шешім қабылдай алу іскерліктерін қалыптастыруға, осы тақырыптардан білім сапасы мен үлгерімдерінің жоғарылауына әсер етуі оқу жылы барысында және соңында жүргізілген білім мониторингінен көрінді. Бұл тақырыптар:
- Арифметикалық (геометриялық) прогрессиянын n-ші мүшесін және қосындысын табу;
- Квадраттық функциялардың графиктерін тұрғызу және зерттеу;
- N- ші дәрежелі теңдеулерді шешу;
- Сызықтық теңдеулер жүйесін Крамер әдісімен шешу;
- Интегралдарды есептеу.
Сонымен іс-тәжірибеде жүзеге асырған ақпараттық технологиялар мүмкіндіктерін оқу үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін арттыру, ақпараттық мәдениеттерін қалыптастыру және дамыту, оқу үрдісін дараландыру мақсатымен олардың танымдық қызметін тиімді ұйымдастыру үшін келесі тұжырымдарды қайталауға болады.
- оқу үрдісінде компьютерді фрагментті түрде емес, үздіксіз қолдану қажет;
- үлкен көлемді бағдарламалауды қажет ететін және жылдам ескеретін жеке компьютерлік бағдарламалардан кетіп, белгілі математикалық пакеттерді қолдану, тек қана оларды жаңа әдістемелік мазмұнмен жабдықтап отыру кажет;
- белгілі бір шарттарды қанағаттандыратын бағдарламалық-әдістемелік демеудің болуы қажет;
а) компьютерлік практикум барысында мұғалім мен оқушының белсенді ролін қамтамасыз ететін;
ә) инструменталдық ортаның рухани ескеруіне тұрақты;
б) толықтырулар мен өзгерулерге икемді.
Еліміздің заңдарын және Мемлекеттік бағдарламаларын ресми ұйымдарда істейтін қызметкерлер білім мен ғылым қайраткерлері жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасында оқыту үрдісін қазіргі заманғы технологияларға көшіруге мүдделілердің бәрін серіктестікке шақыратын білім беруді ақпараттандыру форумдарын жыл сайын өткізу дәстүрге айналып келеді.
Ақпараттық -- коммуникациялық технологиялар саласындағы алдыңғы қатарлы жетістіктерді пайдаланып, білімнің жаңа деңгейі мен сапасына қол жеткізуге ұмтылатын педагогтың және ғылыми қауымдастықтардың түрлі елдер іскерлік ортасы өкілдерінің басын қосатын үшінші Халықаралық-Қазақстан мен ТМД елдерінің білімді ақпараттандыру форумы өтті. Форум жұмысы білім беруді ақпараттандыру мәселелерін талқылауға жетістіктерді саралауға, ақпараттандыру үрдісін жетілдіру жолдарын болжауға бағытталды.
Қашықтан оқыту-үздіксіз білім формасы: тәжірибе және даму болашағы, оқытуға арналған бағдарламалық құралдар жасау әдіснамасы атты ғылыми секциялар жұмыс жасап, тұңғыш рет білім берудің барлық деңгейлеріне арналған екіжүзден аса электронды оқулық басылымдар ұсынылды.
Қазақстан Республикасында қабылданған білім ақпараттандырудың мемлекеттік бағдарламалары еліміздің біртұтас дүниежүзілік білім кеңістігіне ену мүмкіндіктерімен байланысты білім беру сапасын ақпараттық тұрғыдан қамтамасыз етудің жаңа сатылық жүйесін жасауға бағытталған. Бағдарламаның жүзеге асуы білім мекемелерін компьютерлендіруге ғана емес, білім беруді ақпараттандыруды қамтамасыз ету әдістемесіне, ғылым мен тәжірибенің өзара тәрбиеленуі байланысына да тәуелді. Қазіргі кездегі компьютерлік технологияның даму деңгейі жаңа дәуірдің мультимедиялық, телекоммуникациялық мүмкіндіктері мен артықшылықтарын көрсететін, толыққанды сапалы, нақты алғы шарттар болып табылады. Бұндай мүмкіндіктерді жүзеге асыру үшін білім саласында да, сондай-ақ қазіргі кездегі ақпараттық коммуникациялық технологияны дамыту саласында мамандарды біріктіруте күш салуда.
Бүгінгі таңда мектеп пәндерін компьютер көмегімен оқыту нәтижелілігін зерттеудегі ғылыми проблемаларды шешу ең басты орын алды.
Зерттеу нәтижелері көрсетіп отырғандай, мектеп пәндерін оқыту процесінде компьютерді қолдану мұғалім мен оқушы қарым-қатынасы жүйесін, олардың іс-әрекеттерінің мазмұнына, құрылымына өзгеріс әкеледі, түрлендіреді.
Демек, оқыту процесінде компьютерді колдану білім мен біліктілікке қоятын талаптарды қайта қарап, жетілдіріп жүйелеуді талап етеді.
Қазіргі замандағы ақпараттық технологиялар әрбір оқушының білім беру үрдісінде шығармашылық қабілетін дамытуға айқын мүмкіндіктер береді. Сондай-ақ оқушының танымдық іс-әрекеттері күшейіп, өзіндік

жұмыстарды тез орындау мүмкіндіктері артады. Дыбыстык, графикалық, видео, мультимедия, гипертекстік элементтермен қашықтан компьютерлік оқытудың мүмкіндігі пайда болды. Осылайша оқыту құралдарының бірі -- электрондық оқулық. Ол оқушыларды даралай оқытуда жаңа информацияларды жеткізуге, сондай-ақ игерілген білім мен біліктілерді тестік бақылауға арналған программалык құрал.
Оқу процесінде жаңа информациялық технологияларды енгізу ісі де математикамен тығыз байланысты өткізіледі. Сондықтан математика пәні мұғалімдерді компьютерлік техниканы меңгеріп қана қоймай, оны өз пәндерінде кеңінен қолдануда.
Математикадан сабақ беру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Пән ерекшелігіне қарай математика курсын толығынан компьютерлік негізде ауыстыруға болмайды. Мысалы, аксиома, теорема, оларды дәлелдеулер жолымен оқушылардың абстрактылық ойлау қабілетін дамыту істері бұрынғы тәсілдермен жүргізілуі тиіс. Тек кейбір тақырыптар мен тарауларды оқып үйренуді ғана компьютерлік технологияға жүктеу керек.
Оқушылардың пәнді жақсы игеруінің басты шарты мұғалімнің осы сабаққа деген қызығушылықты тудыра білуінен басталады. Жаңа технологиядар педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол мұғалімді алмастыра алмайды. Сабақты компьютермен сүйемелдеу ісін жүзеге асыру, оны негіздеу осы негізден қарастырылуы тиіс:
- математикада компьютерді пайдалану арқылы оқу сапасының артуы мен оқыту аймағының кеңеюіне байланысты қоғамның әлеуметтік талабын асай болуы;
- компьютерлік технологияның бұрынғы дәстүрлі пәндерге, оның ішінде математикаға араласуы, енгізілуі; оқушылардың әртүрлі компьютерлік техникалық құралдарды игеріп, соларды тұтыну тәсілдерінің қалыптасуы, яғни оларды игеру оқушыларды жаңа білім ортасына жылдам енгізеді;
- математикалық түсініктер мен концеппияларды оқып үйренуге қажет жоғары деңгейдегі ойлау қабілетін қалыптастыру мен дамытуда компьютерлік техниканың тұрақты қолдану мүмкіндіктерінің пайда болуы.
Компьютермен оқытудың өз мақсаты, мазмұны, формасы және ерекше өткізу тәсілі бар екені белгілі.
Осындай сабақтар жасаудың мынадай негізгі кезеңдері:
- оқыту мақсатын анықтау;
- өтетін тақырыптың, бөлімінің материалдарын таңдау, керектісін таңдап алу және оның тиісті құралын жасау;
- оқыту тәсілін таңдау;
- сабақты жобалау ,яғни оның сценарийін құрастыру;
- сабақты жүргізудің программасын жасау (программалау).
Компьютерлік сүйемелдеуі бар сабақтарды алғашқы кезеңі таңдап алынған тақырып бойынша оқыту мақсаттарын анықтаудан басталады.
Білім беру мақсатын жүзеге асыру нәтижесінде оқушылар оқу материалдарының жаңа көлемін игерді, оның сапасын арттырады, деңгейін көтереді:
- оқушыларды білім негіздерімен, нақты фактілерімен, түсініктерімен, заңдармен, теориялармен таныстыру;
- жалпы әлеуметтік пәндік және пәнаралық біліктілікті, соларды игеруді қалыптастыр, яғни алдынғы білімді қолдану тәсілдерін меңгеру;.
Дамыту мақсаттары жеке тұлғаның бойындағы сапалық қасиеттерді дамытудан тұрады. Бұл мақсаттың да үш тобын атап өтуге болады:
- ойлау аймағына жататын іс-әрекеттерді табысты түрде орындау;
- іздеу әрекеттері;
- кейбір интеграциялық әрекеттерді табысты түрде орындау, есте сақтау, пайымдау түрлерін игеру;
Оқу материалының мазмұнын талдау мен таңдап алу кезеңінде, алдымен пән бағдарламасына сәйкес оқушылардың игеруге тиісті теориялық сұрақтарын білімдерін анықтап қарап шығып, оған арналған сағаттар санына да көңіл бөлу керек. Бағдарламаны талдау кезінде пәнаралық байланысты есепке алып отыру ұмытылмауы тиіс. Материалды таңдап алу кезінде сыныптың дайындығы, алдыңғы тақырыптарды игеру нәтижелері есепке алынады.
Бүгінгі ақпараттық қоғамда ақпаратты сақтап, шапшаң өңдеп өткізуге білуі және ақпараттандырудан әрбір адамның хабардар болуы тиіс. Сол себепті де қазіргі таңда мектептердің ақпараттық ағымға бейімделуінен басқа амалы қалмады. Ал ақпараттық техникамен, танысу бейімделудің бір бөлігі ғана. Сондықтан ақпараттық технологияларды, білім беру жүйесінде қолдану, соның ішінде бастауыш білім беру жүйесінің оқу-тәрбие үрдісінде кеңінен пайдалану және бастауыш сынып оқушыларына ақпараттық мәдениет негіздерін қалыптастыруға сұраныс туындап отыр.
Ғалым В.Красильникованың берген анықтамасына сүйенсек, ақпараттық білім беру ортасы (АБО)-танымдық іс-әрекеттерді сүйемелдеуді және ақпараттық ресурстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететін ақпараттық технологиялар негізінде құрылған оқытуға қажетті психологиялық-педагогикалық шарттар қазіргі оқыту технологиялары мен бағдарламалық -әдістемелік құралдар жиынын бере алатын және білім алудың материалдық рухани жағдайларын жасай алатын көп аспектілі, толыққанды, әлеуметтік -психологиялық нақты орта.
Ақпараттық білім беру ортасын құру тек алдын ала дайындаған, тұлтынушының талабына сай бейімделіп жинақталған мәтіндік немесе безендіру материалдары ғана емес, сонымен бірге білім берудің танымдық әрекеттерін жобалауға және сүйемелдеуге мүмкіндік беретін оның технологиялық негізін (әдістемелер, тәсілдер, қазіргі оқыту құралдары) жасау болып табылады, ақпараттық білім беру ортасын үздіксіз өзгеріп отыратын оқушының жеке ерекшеліктерін, оны қызықтыратын нәрселерді ескеретіндей болуы шарт. Сондай-ақ, бұндай орта адамның өзін мәселенің есептің қойылуына назар аударып, оны шешу жолдарын іздеуге талпындыру, адамның кәсібі жалпы оның сауаттылығы тұрғысынан өсуін қалыптастыру керек.
Автордың пайымдауынша, ақпараттық білім ортасын жобалаудағы басты мақсат оқушыны керекті мәліметті өздігінен іздеп табуға талпындыру, яғни, ізденімпаздыққа үйрету. Бұл өз кезегінде білім беру жүйесінің алдына қойылған басты мақсат екендігін ескерсек, бұл мәселенің бастауыш мектепке де қатысты көкейтесті мәселе екендігі анық. Бүгінгі күні бастауыш мектептің оқу-тәрбие үрдісінде бұл мәселе, ең алдымен, информатика пәнінің жеке пән ретінде енгізілуімен шешілуде.
Н.Лейтестің зерттеуінше, бастауыш мектеп кезеңінде балалардың даму деңгейлері басқа кезеңге қарағанда өте жылдам жүреді. Осыған байланысты балалардың ойлау қабілетін дамытатын бірқатар негізгі ақпараттық ұғымдар бастауыш сыныптарда өтілгені тиімді. Қазақтандық белгілі ғалым Ж.Қаратаевтің айтуынша, оқу үрдісінде компьютерді пайдаланылғанда қозғалыстағы денелерді сипаттауға, үрдісті имитациялауға, тіпті оның ағымын математикалық моделдеу арқылы дәл әрі көрнекі сипаттауға болады. Демек компьютерді пайдаланып, оқытудың мазмұнын анықтауға, сондай-ақ дәстүрлі техникалық құралдардың шамасы жетпеген кейбір жетістіктерге қол жеткізуге болады.
Ендеше информатика пәнін бастауыш сыныптардан бастап оқыту керек және оған мынадай басты факторлар себепші болып отыр:
- бастауыш мектептен бастап оқушылардың ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, бүгінгі ақпараттық қоғамға бейімдеу;
- бастауыш мектеп оқушыларын ақпараттық мәдениеттіктерін қалыптастыра отырып, әлемдік ақпараттық білім кеңестігіне еркін енуге даярлау;
Жүргізілген зерттеу жұмысының нәтижесімен өз тәжірибемізге сүйенсек, қазіргі таңда бастауыш мектептердің көпшілігіне білім беруді ақпараттандырудың алғашқы жылдарында орын алған кемшіліктер әлі де қайталануда. Олар:
- бастауыш сыныптарда информатика пәнін окытуда машинасыз вариантты таңдау оқушылардың ақпараттық мәдениеті мен құзырлығын қалыптастыру қиынға соғады. Балалар үшін ең басты ынта құралы -компъютердің жоқтығы олардың танымдық қызығуына информатиканың теориялық негіздерін меңгеруге кері әсерін тигізеді;
- информатика кабинетіндегі жұмыстың көптігіне байланысты бастауыш сынып оқушылары оған өте сирек барады, бұл өз кезегінде оқыту нәтижесінде әсер ететіні сөзсіз. Сонымен қатар информатика кабинетінің бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелігін ескеріп, санитарлық -гигиеналық сай жабдықталмауы да қиындық келтіреді;
- информатика пәні мұғалімнің бастауыш сынып әдістемесін меңгермеуіне және соған сәйкес бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу дайындығының жоқтығына байланысты,көбінесе, психологиялық-
педагикалық және әдістемелік тұрғыдағы мәселелерге тап болады;
- бастауыш мектеп оқушыларын оқытуда ақпараттық - коммуникациялы технологияларды пайдалану әдістемесін меңгермеген бастауыш сынып мұғалімі сабақты дидактикалық мақсатқа жеткізе алмайды;
- санитарлық -- гигиенаға сай бастауыш мектеп оқушысының компьютерде жұмыс істеу нормасы жиі сақталмайды;
- оқушылардың денсаулықтарына зиянды жақтары бар ескірген техникалық құралдар пайдаланады;
- педагогикалық -- бағдарламалық кешендердің бастауыш оқыту әдістемесінің мақсат-міндеттеріне сәйкес келмеуіне және қолдану қиындығына байланысты оған оқушылардың қызығуы төмендейді;
- өз бетімен электронды дидактикалық матириалдарды дайындауда мұғалімдер мен осы жұмысқа жұмылдырылған жоғарғы сынып оқушылары көріп қабылдау заңдылықтары мен бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктері ескерілмейді;
- сабақтан тыс кезде, кейде сабақ кезінде бастауыш сынып оқушыларына, олардың еркінен тыс оқу-тәрбиелік мәні аз, агрессивті сюжетке құрылған ойындар беріледі және олардың оқушылардың белгілі оқу мақсатына жеткізе алмайтынмен қатар оқушылардың психологиялық денсаулығына зияны болатыны тағы бар;
- білім жүйелерінің түрлі деңгейін ақпараттандыру жобасы мен бағдарламаларын дайындауда, көбінесе, басты назар қазіргі ақпараттық технологияларды басқару, информатика курсын оқыту, қаржы мәселесі жан-жақты қарастырылса, ал оқытудың қазіргі техникалық құралдарын сабақта және басқа пәндерді оқытуда пайдалану мәселелері үстірті ғана айтылады;
- мектеп басшылары компьютерді, коммуникациялық құралдарды сатып-алу оны қауіпсіздік -- техникалық жағынан қамтамасыз ету сияқты мәселелерді бірінші орында қарастырумен, бастауыш мектеп оқушыларын оқыту, тәрбиелеуде қазіргі ақпараттық технологияларды пайдалануға қатысты мәселелеріне жеке мән бермейді.
Бастауыш мектепті ақпараттандыру және соған сәйкес ақпараттық білім ортасын құруға катысты теориялық-әдістемелік материялдарды талдау төмендегі мәселелерді шешу негізінде тиімді жүзеге асу мүмкіндігі бар екендігін дәлелдеп берді:
oo бастауыш мектеп мұғалімінің әдістемелік дайындығын жетілдіру;
oo бастауыш мектеп оқушыларын оқытуға электронды оқулықтарды
құрастыру;
oo дәстүрлі сабаққа ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалануға педагогикалық-психологиялық және ұйымдастырушылық бағытта жағдай жасау.
Бұл аталған мәселелер өз кезегінде бастауыш мектептің төмендегі мазмұндағы негізгі мақсаттарын шешу қажеттігін көрсетіп отыр.
1. Коммуникативті, әлеуметтік құзырлығы және шығармашылық
алгоритімдік қабілеттерін дамыта отырып, оқу үрдісінде жұмыс істеу дағдысы мен белсенділіктерін арттыру негізінде бастауыш мектеп оқушысының тұлғалық дамуын қамтамасыз ету, оның ақпараттық мәдениеттілігін қалыптастыру.
2.Бастауыш мектепте оқу-тәрбие үдісінің тиімділігін арттыру. Бастауыш мектеп оқушысының танымдық іс-әрекеттерінің белсенділігінің оқуға ынтасын дамытуда, сонымен қатар бастауыш мектептердегі балалардың физиологиялық, психологиялық жағынан дамуын нығайтуға бағытталған оқу-тәрбие үрдісінің деңгейін арттыруда қазіргі ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін барынша кең пайдалану.
3.Бастауыш мектептің біртұтас ақпаратты оқу кеңестігін құрастыру.
Аталған мақсаттарды жүзеге асыру жаңа ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін орынды пайдалану оқушының жасырын жатқан қабілеттерін дер кезінде көре білуге және шығармашылықпен оны дамытуға жол ашады. Бұл бастауыш мектеп мұғаліміне информатика пәнінің бастауыштағы пропедевтикалық курсының мақсат-міндеттерін, мазмұнымен негізгі бағыттарын кәсіби тұрғыдан жетік меңгеру талабын жүктейді.
Білімді меңгеру үрдісінің маңыздылығы жөнінде көптеген психологтар айтып өткен. Оқушы оқу материялдарын белсенді жұмыс істеп, тиісті дәрежеде өз білімін қолданып көргенде ғана меңгеру мүмкіндігін жүзеге асады
Алайда, осындай оқытуды ұйымдастыруға жол алатын компьютерлер көбінісе тиімді пайдаланыла бермейді. Көп жағдайда олар оқу материалын ұсынудың тағы бір құрамы ретінде жай ғана қолданылады да, оқушы бақылаушы ретінде қалады.
ЭЕМ-ді пайдаланып оқу жұмысының ұйымдастырғанда және белсенді оқуды жүзеге асыратын сәйкес бағдарламаны жасауда оқушылардың мынадай ерекшеліктерін ескеру қажет.
- оқи алушылық, яғни жалпы ақыл-ой қабілеттерінің, сондай-ақ арнайы қабілеттерінің даму деңгейі;
- оқығандық, яғни оқушының жалпы және пәндік оқу ілімдерінің даму деңгейі, ол өз бетінше жұмыс істеуге қабілеттілікпен айқын көрінеді;
- танымдық қызығу (жалпы оқуға ынталылық аясында)
Компьютерліндірілген оқытуда осы ерекшеліктерді ескеру саралап және даралап оқытудың да қажетті шарты болып табылады.
Осы заманғы ЭЕМ мүмкіндіктері бұл ерекшеліктерді компьютерлік диалог кезінде алынған немесе педагог алдын ала енгізген ақпарат негізінде есепке ала алатын арнайы оқу бағдарламаларын жасауға жол ашады.
Оқытуды компьютерлендірудің төмендегідей мәселелерді бөліп айтқымыз келеді;
oo мұғалімдер мен оқушылардың, компьютерлік сауабы айтарлықтай
жақсы болуы;
oo бағдарлама жасағанда оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескеру;
oo қашықтан білім беру мүмкіндігі;
oo педагогикалық бағдарламалық құралдардың (ПБҚ) үнемділігін, тиімділігін және сенімділігін күшейту
oo оқушылардың белсенділігін оятатын ынталандыру факторын көшіру үшін ЭЕМ мүмкіндіктерін оңтайлы пайдалану;
oo компьютерлік оқытудағы озық педагогикалық тәжірибені жинақтау және осы тәжірибені тиімді алмасуды ұйымдастыру;
oo оқу барысы туралы статистикалық деректерді жинау өңдеуге компьютерді тиімді қолдану және олардың оқу үрдісін жақсартуға пайдалану;
oo оқушылардың біліміндегі олқылықтарды анықтау мақсатымен қателерді нактылау және жүктеу.
Әрине, математикалық пәндер жалпы және арнаулы білім берудің барлық жүйесінде өте маңызды рөл атқарады. Ойлау әрекеттінің ауқымдылық (жалпылану), тереңділік жене икемділік, тиімділік, сыншылдық, тағы басқа жақтарының қалыптасуы мен дамуы көбінесе нақ осы математиканың арқасында жүреді, ақыл-ой әрекеттінің осы сапаларының бәрі оқушылардың тек математикадан ғана емес, басқа да барлық пәндердің материалдарын меңгеруі үшін, тұтас алғанда дамуы мен білім алуы үшін қажет. Мұның өзі пәнаралық байланыстарды ұйымдастыру мәселесінде математика басты қызмет арқаратынын білдіреді. Математиканың көмегімен оқушылар өз білімін басқа пәндер бойынша оқу және тәжірибелік тапсырмаларды орындауға тиімді пайдалана алады ғой,ал бұл сол пәндерді меңгеру сапасын жақсарта түседі. Әртүрлі салаларда оқып-үйренетін құбылыстар мен үрдістерді осы заманғы компьютерлер арқылы математикалық модельдеудің бұл тұрғыдағы рөлі үлкен.
Осы айтылғандарды ескере отырып, матаматиканы оқытуды жетілдіру мақсаты оқушыларды жалпы дамыту мәселесін шешуді өте маңызды факторы деуге болады. Бұл жерде оқытуды жетілдірудің көкейкесті мәселерінің бірі, өз кезегінде, оқушылардың білімін, даму деңгейін тиімді әрі шынайы бақылауды ұйымдастыру болып табылады.
Оқушылардың математикалық білім сапасын көтеру математиканы оқытудың дәстүрлі әдістерін жаңартумен және жана әдістерін жасаумен тікелей байланысты. Математиканы окытудың дәстүрлі әдістемесі тиісті математикалық дағдыларды қалыптастыруға бағытталғандықтан, оның аясында ережелерді жаттауға, формаларды үйренуге, алгоритмдерді еске сақтау көп көңіл бөлетіндігі түсінікті. Математиканы оқытудағы жаңа бағыттар қазіргі білім беру жүйесінде қойылған мақсаттарға сай келеді де мыналарды көздеді:
oo оқу материалдарының мән-мағынасына бойлау;
oo оқушылардың математикалық ойлау дағдыларын дамыту;
oo алған білімімен әрекет ету және оларды іс жүзінде қолдану қабілетін қалыптастыру;
Математиканың ерекшелігі осы пәнді оқыту әдістемесің оқушылар білімін бақылау және бағалау тәрізді маңызды элементінде тікелей көрініс табуы тиіс. Таным үрдісінің жалпы құрылымы: оқу ақпаратын алу және
өңдеу, оны меңгеру үрдісін бақылау, сапасын бағалау өзгермейтіндіктен бұл заңды нәрсе.
ЭЕМ көмегімен автоматтандыруды қарастырсақ, математиканың осы тәрізді бақылауға ықпалының бірқатар аспектілерін бөліп алуға болады. Бұл аспектілер оқу материалын ұсынумен, есеп шығару үрдісін және жауаптарды талдаумен, бақылау нәтижелерін өңдеумен байланысты.
Бұл пән материалы көбінесе күрделі көрнекілікпен ұштастыруды талап етеді, мысалы, гиометрияны оқығанда, функцияларды зерттегенде, т.с.с. Мұнда есептермен жаттығулардың осындай көрнекіліктерін жасау мен пайдалануға үлкен мүмкіндіктер береді. Сонымен қоса, аспаптық педагогикалық құралдарды пайдалану арқалы оқу материалына үлкен әрі қиын есептеулерді талап ететін есептерді енгізуге мүмкіндік туады. Есептеу міндетін компьютер атқаратындықтан, бұл есептер оқушылардың уақытын алмайды.
Есеп шығару үрдісінде жауаптарды талдау мәселесін қарастырғанда мынаған тоқталамыз.
Математика есептерінің көпшілігінің шешімі сан болып табылады, ал бұл автоматтандырылған жүйе көмегімен жасалған бақылаушы бағдарламада жауаптардың талдануын елеулі дәрежеде оңайтылады. Соның арқасында, аспаптық педагогикалық құралдарды қолдану бұл жағдайда баска пәндермен салыстырғанда автоматтық бақылауда пайдаланылуы мүмкін есептер шеңберін тарылтпайды.
Басқа пәндердегі есептерден айырмашылығы, бұл пәндегі көптеген есептер кіші есептерге - шешу кезендеріне оңай бөлшектеледі. Автоматтандырылған бақылау жүйесі окушының бақылау тапсырмаларын орындау кезінде әрбір кезеңнен әрбір кіші есепті шешуден өту барысын бақылауға жол ашады. Бұл олардың білім деңгейі туралы мұғалімге кұнды ақпарат бере алады.
Педагогикалық бағдарламалық құралдар мұғалімнің қойған оку мақсаттарына жетуге қызмет етеді, оқушылардың білім, білік, дағдыларының қалыптасуына, шығармашылық қабілеттерінің дамуына жағдай жасайды.
Сондықтан олар, ең алдымен, оқушыларға койылған психологиялық-педагогикалық талаптарды ескере отырып жобалануы және әзірленуі тиіс. Алайда, педагогикалық бағдарламалық құралдарды есептегіш техника көмегімен жүзеге асатындықтан, оларға деген эргономикалық, эстетикалық және құрастыру-техникалық талаптарды елеулі мәнге ие болады.
Педагогикалық бағдарламалық құралдарға қойылатын талаптар әр түрлі (оқыту, бақылау, еліктеу, көрсету т.б.) ерекшеліктеріне қатысты жалпы да, жеке де болуы мүмкін. Нақты бір педагогикалық құралға жалпы және жеке талаптар оны әзірлеудегі техникалық тапсырмаларда беріледі. Олар, бір жағынан, педагогикалық бағдарламалық құралдың жасау мазмұны мен сипатын, оны сынақтан өткізу мен эксперименттік тексеру әдістемесін анықтайды, екінші жағынан, педагогикалық бағдарламалық кұралдар сапасының көрсеткіштерін таңдау мен қалыптастыруға, олардың номенклатурасын қалыптастыруға және оны әзірленген бағдарламалық
құралдардың сапалық деңгейін бағалауға қолдануға мүмкіндік береді.
Бақылаушы педагогикалық бағадарламалық кұралдарға қойылатын жалпы талаптар құрылымы бар. Ал психологиялық-педагогикалық талаптар оқу ақпаратын құрылымдаудың және оны ЭЕМ көмегімен ұсынудың оңтайлы тәртібін қамтамасыз ететін, оқушылардың дербес танымдық-практикалық әрекеттерін дидактикалық ұстанымдардың (оқытудың ғылымшылығы, көрнекілігі, қол жетерлігі, материалды берудің жүйелілігі мен сабақтастығы, оқушылардың өзіндік ерекшеліктері, оқытудың тәрбиелік сипаты, т.с.с.) Негізінде қойылған оқыту мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес диалог режимінде тиімді басқаруды ұйымдастыруды қамтамасыз ететін психологиялық-педагогикалық, дидактикалық және әдістемелік ережелер мен шарттардың жиынтығы.
Бүгінгі әлеуметтік-экономикалық жағдайда қазақстандық білім жүйесінің алдында тұрған міндеттердің бірі-бұл оқушылардың іргелі пәнаралық білім мен әмбебап практикалық бағдарлы іскерліктерді меңгеруі. Бастауыш мектеп оқушыларында әлемнің жүйелі ақпараттық технологиялар туралы алғашқы попедевтикалық білімі мен іскерліктерінің негізін қалыптастыру бүгінгі бастауыш мектептің негізгі басты мақсаттарының бірі болып табылады және ол кіріктіруімен, білімді ақпараттандыру үрдісімен тығыз байланысты . Оқушылардың түрлі пәндік
бір картина болып жинақталуы тиіс. Бірақ қоршаған ортаға баланың бейімделуі мен бағдарлануы үшін қажет ақпараттық өзгеріс жылдамдығы бүгін өте жоғары болғандықтан, бастауыш мектеп оқушылардында олардың білімдерінің жан-жақтылығын қамтамасыз ететін оңтайлы білімдер кешені мен іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру кезек күттірмейтін мәселе болып отырады.
Білімді жаңарту жағдайында бастауыш мектептегі оқыту жүйесінің кешені бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауға жаңа талаптар қоюда. Соған сәйкес болашақ маман өзгермелі ақпараттық кеңестікте еркін бағдар жасай біліп, иновациялық үрдістерді енгізе алатын және ақпараттық технология негізінде оны басқа сабақтарда кеңінен пайдалану арқылы бастауыш мектеп оқушыларының кіріктірілген оқытуын қамтамасыз етуте қабілетті болуы керек.
Ресей ғалымдары А.А. Кузнецовтың, В.К. Белошапканың, С.А. Бешенкованың, Е.Х. Хеннердің, А.В. Могилеваның және тағы басқалардың еңбектерінде атап көрсеткендей, ақпараттық технологиялар әртүрлі пәндерден алатын білімді кіріктіруде, болашақ мұғалімдердің кәсіби іскерліктерді меңгеруін және сондай-ақ бастауыш мектеп оқушыларында тұтас дүние танымдық негіз қалыптастыруда байланыстырушы буын болып табыла алады.Осыған орай,болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің алған академиялық білімдері мен іскерліктерінің кәсіби іс-әрекетке шебер пайдалануға мүмкіндік беретін ақпараттық технологияның, оған үйретудің мазмұнын, әдістерін, оқыту құралдарын анықтау көкейкесті мәселе болып қалуда. Педагогикалық кіріктіру бағытындағы зерттеу қорытындысы бойынша кіріктірудің басты көзі бұл пәнаралық байланыстар және кіріктіруге ыңғайлы білімді, іс-әрекет түрлерін кіріктіруді көздейді.
Практика көрсетіп отырғандай, бастауыш мектеп мұғалімдерін ақпараттық технологияға үйретудің мазмұндық құрамын оқу пәні мазмұндағы кіріктіру бөлігін, кіріктіру деңгейін және кіріктірілген акпараттық көлемін, сондай-ақ кіріктірілетін мазмұндағы есептер кешенін шешуді анықтау негізінде тиімді. Мұнда сонымен қатар кіріктіру потенциялы, кіріктіру акпараты, кіріктіру бөлімі сияқты инвариантты ұғымдарды пайдалану қажет етіледі.
Кіріктіру потенциялы белгілі бір пәннің кіріктіру қызметін орындау барысындағы мүмкіндіктерін анықтайды:
oo өзара байланыс-оқу пәнінің мазмұнын жазуды әртүрлі пәндерден кездейсоқ, үзінді мәліметтер беріледі;
oo пәнаралық байланыс пәннен тыс берілетін материал алдын-ала сарапталып, негізгі мазмұнға қажеттілік, үйлесімділік, шамаға сай келу сияқты талааптарды ескере отырып қосылады;
oo кіріктіру-түрлі ғылымдардың және адами іс-әрекеттердің, ұғымдардың, идеялардың, заңдарын, фактілердің бірлесуін көздейтін курстарды, пәндерді, білімдерді, бағдарламаларды және тағы басқа ұғымдарды қарастырады.
Кіріктіру ақпараты көшірілетін бөліктердің кіріктіру байланысқа түсу қасиеттерін анықтайды. Ал кіріктіру бөлігі бұл онсыз оның болу мүмкіндігі жоқ, тұтас бір заттың құрамдас бөлігі.
Аталған инвариантты ұғымдарға, оқытудағы тәсілдерге сүйене отырып, оқу пәнінің кіріктіру потенциалын жүзеге асыру ретінде анықтауға болады. Ол өз кезегінде, кіріктіру бөлімінің кіріктіру бағытын анықтайтын байланыс кұру негізі мен кіріктіру ақпараты болып қарастырылуын көздейді.
Информатиканы оқыту әдістемесіне қатысты зерттеулерді талдау ақпараттық технологияларды меңгеру курсының мазмұнын құрастыруды кіріктіру көзі болып ақпаратық үрдіс, обьект, модель, тіл, алгоритм, құрылым сияқты пәнаралык оқу элементтері бола алатындығын көрсетіп отыр, ақпараттық технлогияларды меңгеру осы ұғымдарды жан-жақты қарастырып, оларды терең деңгейде меңгерулеріне себепші болады. Пәнаралық оқу әлементтері студенттердің оқылатын пәндердің өзара байланысын және болашақ бастауыш сынып мұғалімдері үшін оқушыларда қоршаған ортаны тұтас қабылдау негізін қалыптастыруға көмектеседі. Бұнда негізгі оқыту обьектісі түрлі табиғи жүйелерде жүретін және кіріктіру бөлігі болып табылатын ақпараттық үрдістер. Бұған қоса пәнаралық оқу элементтері кіріктіру мазмұны, құрастыру көзі болумен қатар кіріктіру ақпаратын да құрайды. Сол себепті де, біздіңше, бастауыш сынып мұғалімдерін кіріктіру тұрғысынан ақпараттық технологияларды меңгеруге үйретуді ұйымдастыру оның мазмұнына негізделген пәнаралық байланыстады кеңінен пайдалануға бағытталуы керек. Бұл кіріктіретін курстарды жоғары үшінші деңгейдегі кіріктіру понециялына лайықтап қарастыруға мүмкіндік береді. Іс-әрекеттер түрлі деңгейдегі кіріктіру, модельдеу, құрылымын кұру, жобалау, болжау,
формальдау, алгоритмдеу сияқты іс-әрекеттердің жалпы ғылыми түрлерін меңгеруді көздейді. Ал олар Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін дайындауда көкестесті болып табылатын пәндер деңгейінде алуан түрлі есептерді шығару, білімдері мен іс-әрекет тәсілдерін жаңа танымдық арнаға бағыттау сияқты мүмкіндіктер бере отырып түрлі пәндерден алған білімдерін кіріктіруге демеуші болады.
Кіріктіру ұғымында қолданылатын пәнаралық оқу элементтері ақпараттық технологияларды меңгеруде практикалық есептер кешенін қалыптастырудың негізі қызметін атқарады. Белгілі жүйемен таңдалған мұндай есептер студенттердің жеке пәндерден алған тиянақсыз білімдерін кіріктіруге, ақпаратты түрлендіру заңдарының бірлігі туралы ұғым қалыптастыруға септігін тигізеді.
Оқу-әдістемелік әдебиеттерді талдау, практик-мұғалімдердің тәжірибесін терең зерттеу болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін кіріктіру тұрғысынан ақпараттық технологияларды меңгеруге үйрету мазмұнын құрастырудың келесі кезеңдерін анықтауға мүмкіндік береді:
oo кіріктіру бөлігін анықтау (түрлі табиғи жүйелердегі ақпараттық үрдістер);
oo кіріктіру ақпараты мазмұнын анықтау және нақты ақпараттық технологияны меңгерудің құрылымдық-логикалық сызбасын құрастыру;
oo оқу пәнінің құрылымдық-логикалық сызбасын талдау және кіріктіру ақпараты көлемін анықтау;
oo түрлі оқу пәндерінен берілетін білімдерді қолдануы қажет ететін практикалық есептер кешенін құрастыру және іс-әрекеттің жалпы ғылыми түрлерін қолдану.
Соған сэйкес практикалық есептер кешенін қалыптастыруда келесі өлшемдерге (критерийлерге) сүйенуге болады:
1. Түрлі пәндерден берілетін білімдердің қолданылуын қажет ететін есептің кіріктірілген мазмұны.
2. Ақпараттық технологияның көмегімен белгілі оку пәнінің берілетін негізгі білім мен іскерлікті терең меңгеруді көздейтін есептік мәндік және кәсіби мазмұндылығының бағыты.
3. Математикалық ақпарат пен компьютерлік модельдеу әдісін қолдану арқылы есептің шешуін автоматтандыру және қолайлы мүмкіндігі.
4. Студенттердің болашақ кәсіби іс-әрекеттерінде практикалық есептердің мәнділігі.
Ішінара мұндай кешендерге ақпараттық технология құралдары көмегімен терең меңгеруге көмектесетін математика, қазақ тілі, дүниетану, және т.б, пәндерде қарастырылатын бастауыш мектеп бағдарламасынан есептер қосу (қозғалысқа, үлеске пайызға берілген мәтінді есептерді шешу, құрастыруға берілген тапсырмалар, андар және өсімдіктер әлемдегі топтау, сөз құрамын талдау және тағы баска) тиімді болып табылады. Шығармашылық тапсырмалар кейін мектепке кіріктірілген сабақтарда пайдалануға болатын компьютерлік сауалнамалар, электронды карточка, электронды бақылау күнделігі, анықтамалар, ребустар, кроссворттар
түріндегі дидактикалық материалдарды құрастыруға бағытталуы мүмкін. Алайда мұнда ерекше көңіл бөлетін мәселе-барлық есептермен тапсырмаларды ақпараттық технологияларды меңгеру күнделігіне, олардың репродуктивті және продуктивті іс-әрекетті шешудегі басымдылығы дәрежесіне қарай реттеу қажеттілігі. Ақпараттық технологияларды дидактикалық бірлік есебінде қарастыру нақты технологияны меңгеру үшін қажетті болып табылатын оның оқу элементтерінің құрамын анықтауға, оқу мазмұнының негізгі компонетті ретінде білімді және іскерлікті қалыптастыруға негіз болады.
Кіріктіру ұғымдарын ескере отырып, жүргізілген құрылымдық-логикалық сызбаны талдау қорытындысын кіріктіру тұрғысындағы оқытуды жүзеге асыруда базалық ақпараттық технология қатарына мәліметтерді сақтау, іздеу және сұрыптау, сондай-ақ электронды таблица көмегімен есептеу технологияларының енуі қолайлы екендігін көрсетеді.
Кез келген технологияны, соның ішінде ақпарттық технологияны меңгеру оның нақты құралдарын меңгерумен және соған сәйкес мақсатқа бағытталған практикалық іс-әрекетті игерумен байланысты. Сондықтан да болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін ақпараттық технологияларды меңгеруге үйретуді қарапайым операциялардан кешенді іс-әрекетке дейін құрып, жобалау аса қажет және міндетті. Бұл кезде ақыл-ой іс-әрекетін қалыптастыру сатылап сыртқы (материалданған) іс-әрекеттің біртіндеп ішкі (ақыл-ой) іс-әрекетіне түрлену негізіде жүреді. Сол себепті де мұндай оқу үрдісін құрастыру студенттердің ақпаратты технологияларды меңгеруге үйретудің логикалық тізбегін сезінуге және бастауыш мектеп оқушыларына үйрету мүмкіндігі бар екеніне көз жеткізу үшін қажет болып табылады.
Ақыл-ой әрекетін сатылап қалыптастыру теориясына сәйкес (П.Я. Гальперин, Н. Ф. Талызина) жаңа іс-әрекетке оқыту тапсырмамен таныстыру, тапсырма туралы алдын ала түсінік қалыптастырудан басталады. Соның ішінде алдын-ала түсінік қалыптастыру ескетпе, кесте, сызба және т.б. түрінде сырттай бейнелене алынады. Бұндай тапсырманың материалданған түрде ұсынылуы жаңа іс-әрекетті меңгеру жылдамдығын күшейтеді. Мұнда ескеретін жай - бұл іс-әрекетті меңгеру тек қарапайым еске түсіру ғана емес, жаңа материал негізінде білу және қайтадан осы материалдан қажетті өнімді ала білу. Бұл үшін жаңа тапсырма үлгіге нұсқау ғана емес, сонымен бірге берілген іс-әрекетті дұрыс орындау үшін шартты белгілермен толықтырылуы керек.
Ақпараттық технология ұғымының геосеологиялық тамырын талдау көрсеткіші бойынша, ол білім беру саласына өнеркәсіп өндірісінен ауысқан. Сол себепті де әрекеттің бағдарлы анықталған негізі ретінде өнеркәсіп технологияларын сипаттау, меңгеру үшін пайдаланылатын бейімделген маршруттық және операциялық карталар қолдану ұсынылады. Ал ақпараттық технологияларды үйрену деңгейінде мұндай маршруттық карта қажетті бағдарламалық және ақпараттық құралдарда көрсетілген бірізділікке сәйкес келетін оқушылардың негізгі әрекеттерінің (операцияларының) тізімін сақтауы қажет. Ал операциялық карталардың бұдан қарапайым әрекеттер
бірізділігі түріндегі әрбір операцияны толық сипаттауы (мысалы,"пернені бас", "тышқанның сол жағын бас"және тағы басқа. Шындығында, операциялық карта -қарапайым әрекеттер тізбегіне сәйкес негізделген нақты операцияларды орындау алгоритміне балама. Операциялық картамен жұмыс студенттердің іс-әрекетін жандандырып, алгоримді ойлауларының қалыптасуына және жиі қолданылатын операцияларды меңгеруі бөлінетін уақытты үнемдейді.
Студенттерді оқытуда маршруттык және операциялық карталарды пайдалану, бір жағынан, ақпараттық технологияларды үйренуге деген жалпы-технологиялық амал тәсілдерді бейнелесе, екінші жағынан, ақыл-ой және практикалық әрекеттерді сатыла қалыптастыруда рөлін атқарады.
Бастауыш сынып мұғалімдерін кіріктіру тұрғысынан ақпараттық технологияларды қолдануға үйрету әдістемесін төмендегі кезеңдер түрінде жүзеге асыруға болады.
1) ұсынылып отырылған ақпараттық технологиялардың қолданылу аясымен, негіз мүмкіндіктерімен және ұғымдарымен таныстыру:
2) меңгерілетін технология шеңберінде қарапайым әрекеттер тізбегін меңгеру:
3) жиі қолданылатын операциялар дағдаларын қалыптастыру үшін әрекеттің бағдарлы анықталған негізі түріндегі маршруттар, операциялық карталарды қолдану негізінде практикалық тапсырмалар кешенін орындау, кіріктілетін білім мен іскерліктерді анықтау:
4) әрекеттің бағдарлы анықталған негізі түрінде тек маршруттық картаны қолдану арқылы практикалық тапсырмалар кешенін орындау және операциялық карталарды студенттердің өз бетімен құрастыруы:
5) маршруттық карта және қажетті негіз кіріктілетін білім мен іскерліктер тізім құрастыру арқылы өз іс-әрекеттерін жобалы негізінде өз бетімен есептерді шығару:
6) жеке, топтық шығармашылық жобаларды көпшілік алдында қорғау және бұнда қолданылған кіріктіретін білім мен іскерліктер көрсету.
Орта мектептің негізінен, оқып үйрену, ойлау және іс-әрекет жасау қабілеттері түріндегі адамдық интелектерді қалыптастырып дамытуы тиіс екендігі белгілі. Ал бұл қабілеттердің үшеуі де ажырамас бірлікте болатыны да дау туғыза қоймас. Мысалы, іс-әрекет жасау қабілеті адам үшін дәл ойлау және сөйлей білу қабілетінің сөйлеу білу және іс-әрекет жасау қабілеттерінсіз қалыптасып дамуы мүмкін емес. Сөйлеу қабілеті туралы да нақ осындай пікір айтса, қателесе қоймаймыз.
Олай болса, қисынды ойлау мен тіл заңдылықтары жөніндегі пәндер -математикамен ленгвистиканың бастауыш мектептің бірінші кластарынан оқытылып, ал осы қисынды ойлау мен сөйлеу ебдейліктерінің нақты көріністері болып табылатын іс-әрекеттер заңдылықтары жөніндегі пән информатиканың орта немесе жоғары кластардан бастап оқылатынын қалай түсіндіруге болады?
Орта мектепте жемісті еңбекке жете алмай, тек білім жаңғыртуға ғана қол жеткізіп жүргеніміз осының салдары емес пе екен? Уақыт өткен сайын информатика пәнін оқытудың төменгі кластарға көшірілу қажеттігінің айқындала түсуін осы мәселелерге қатысты деп ойлаймыз.
Өкінішке орай, қажеттілікті іске асыру барысында бей-берекетсіздікке ұрыну үстіндеміз. Әңгіме мәселенің әр мектепке әр түрлі шешілуінде болып отыр. Кейбір мектептер информатиканы оқытуды бірінші кластардан бастаса, кейбір мектептер 4-5 кластардан, ал кейбірі тіпті 3 сыныптан бастауда. Жалпы нұсқау, бағдарлама болмағандықтан, әр мектеп өз мүмкіндігіне сүйенуде. Бұл информатиканы оқытудың қайтарымын, яғни информатиканы оқытудың баланың тұлғалық дамуына әсерін бірізді қадағалап бақылауға, зерттеуге кері әсерін тигізуде.
Біз информатиканы оқытуды бірінші сыныптан бастау қажеттігіне сенімді бола отырып, тіпті бірінші пәндік сабақ информатика сабағы болса дейміз. Өйткені мақсатты іс-әрекеттер заңдылықтары туралы ғылым информатика тәрбиенің нағыз құралы. Шебер мұғалімнің қолындағы информатиканың әдістері оқушының мүлгіп жатқан қабілеттері мен күш-жігерін оятатын, мұғалім мен оқушының мақсатын, еңбегін асқар биіктерге шарықтататын сиқырлы да шексіз қарулы күш, бұл күш неғұрлым ертерек және толығырақ қолданса, оқушының тұлғалық тұрғыдан қалыптасып дамуына әсері солғұрлым жоғары болмақ.
Қазіргі кезде информатиканы төменгі сыныптарға көшірудегі орын алып отырған өкініш мәселе-нәтиеге тезірек жетуге ұмтылу. Бұл П.Я. Гальпериннің ұғымдары кезеңдерге бөліп қалыптастыру теориясының толығымен ескерілмей қалуына алып келеді. Нақтырақ айтқанда, ұғым қалыптастырудың бағдарлық негіздерінің I кезегіне, яғни материалданған іс-әрекеттер жасауға айтарлықтай көңіл бөлінбейді.
Шындығында, төменгі сыныптарда информатиканы оқытудың бағдарламаларын тексеріп көрсеңіз, олардың қазіргі жоғары кластарда қолданылып жүрген бағдарламалардын дәл көшірмесі екенін байқау киын емес. Ал, біздің мектеп пен институтта жинақтаған ұзақ жылдардағы тәжірибеміз бұл материялдарды меңгерудің жоғары сынып оқушылары мен студенттер үшін де оңай болмайтынын көрсетуде. Олай болса, информатиканы бастауыш сыныптарда оқытуды бағдарлама мен әдістемесі оқушылардың жас және оқулық материалдарды еліктеп игеру ерекшеліктеріне негізделуі шарт. Біз осы мәселелерге қатысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сыныпта информатика пәнінің оқыту ерекшелігі
Бастауыш сыныпта компьютерді қолданып математиканы оқыту нәтижесін бақылау тиімділігін арттыру жолдары
ІІ БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРДА МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРДІ ҚОЛДАНУ
«Бастауыш мектепте информатиканы оқыту теориясы мен технологиясы» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
Оқу үрдісіндегі компьютерлік технология
Бастауыш сыныптарда математиканы оқытуда компьютерді қолдану
Информатиканы оқыту әдістемесі
Ана тілі Математика пәндері
Ағылшын тілі мен пәнаралық байланыстың маңызы
Бастауыш мектепте оқу үдерісінде интеграциялап оқытуды жүзеге асыру
Пәндер