Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
Кіріспе
Негізгі бөлім
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері
1.Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің мазмұны
2.Тәрбие сабақтарында қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбиесін берудің формасы мен әдістері
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру біздің негізгі мақсатымыз.Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді. Соның салдарынан жастарымыз жағымсыз қылықтарға бой алдырып, имандылық дегеннің не екенін білмей өсуіне әкеліп соғуда. Ендеше рухани-адами салауаттылық жолын қалыптастыру уақыты жеткен тәрізді.
Еліміздің президенті Н.Назарбаев: "21 ғасырда білімін дамыта алмаған елдің тығырыққа тірелері анық. Қазақстан жоғары оқу орнының міндеті әлемдік стандарттар деңгейінде білім беру" - деген өзінің жолдауында еліміздің дамыуна, дамыған елдермен теңесуіне мүмкіндік беретін білім екендігін айтып өтеді.
Жас ұрпақты адамгершілікке, әдептілікке, имандылыққа тәрбиелеуде ұлттық сана-сезімнің қайнар бұлағы салт-дәстүрлер, мақал-мәтелдер, құнды әдеби мұралар, нақыл сөздер болып табылады.
Адамның жарық дүниеге келуі, өсуі, ержетуі, тіршілік етуі, қартаюы, ата мен баланың қарым-қатынасы, үлкендік пен кішілік, сыйласты, әдептілік пен арлылық, инабаттылық тәрізді маңызды мәселелер имандылықтың маңызды құрамдас бөлігі ретінде ешқашан да нзардан тыс қалмаған. Жастардың үлкендерге құрмет көрсетуі, үлкендердің кішілерге ізет білдіруі өмір сүру салтына айналған. Қоғамда берік қалыптасқан осындай көрегенділікпен өмір кешу дағдылары жинала келіп, барша адамгершілік қағидалардың, имандылықтың жазылмаған кодекстерінің қалыптасуына негіз болған. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты „көргенді" деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін әрдайым жақсылық жолын ойлатын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды „иманды" деп атаған. Мұсылмандық дүниетаным бойынша имандылық иманнан пайда болған. Ал иман - жүректегі нұр, нұрдың сыртқы болмысы, яғни, имандылық - Алла тағалаға иман еткен адамға бітетін көркем мінез. Алла жіберген әрбір пайғамбарының міндеті - иман мен имандылыққа уағыздау деп саналған. Ең соңғы пайғамбар Мұхаммед (ғ.с.): „Мен ең ғажайып көркем мінезді толықтыру үшін жіберілдім", - деу арқылы әлемдегі тәлім-тәрбие мен имандылықтың қаншалықты маңызды екенін көрсеткен, имандылыққа өзі бірінші үлгі болған делінеді. Алла тағала адамды иман мен имандылық үшін жаратқан, сондықтан: „Алланың мінезінен үлгі-өнеге алыңдар", - деп уағыздалады. Имандылықтың негізінен мұсылмандар Құранда деп біледі. Құран Кәрімнің ең көп үлгі алған Мұхаммед пайғамбардың (ғ.с.) мінезі жайлы Хазіреті Айша: „Оның мінезі - Құран", - деп жауап берген. Құранда: „Негізінен иман етіп ізгі іс жасағандар, намазды толық орындап, зекет бергендерге Раббыларының жанында сыйлық бар", - делінген. Қазіргі зайырлы қоғамда да имандылық аса қастерлі, биік адамшылық қасиет ретінде ұғынылады имандылыққа қарама-қарсы жағымсыз сипат - имансыздық.
Академик Волков Г.Н.. ...батыстан келген бұл рухани апаттан жастарды аман алып қалудың жолын қарастыруымыз керек. Ол әр халықтың ғасырлар бойы ұрпақ тәрбиесінде қалыптасқан, түрлі сыннан сүрінбей өткен халықтың бай тәжірибесіне сүйенген халықтық педагогика болмақ - деп жазады. [4.20].
Қазақ халқында ешқандай қағазға жазылмаса да, бала тәрбиелеудің белгілі бір жүйесі болған. Ол ғасырдан-ғасырға, ата-анадан балаға, баладан оның ұрпақтарына жалғасып келе жатқан ұлттық дәстүр, әдет-ғұрыптар мен салт-саналар. Олар халық педагогикасының басты тарауларының бірі.
Халық тәрбиесі - сол халықтың ой-арманымен, тіршілік тынысымен, шаруашылық кәсібімен, отбасылық, қоғамдық, ұлттық тәлім-тәрбие дәстүрімен тығыз байланыста туып, өсіп-өркендеп, дамып жеткен тарихи және мәдени мұрасы.
Өскін ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, олардың жан дүниесін дамыту жайында ұлы орыс педагогы К.Д. Ушинский "әрбір халық пен ұлт өз ана тілі мен салт-дәстүрін қастерлеп, тарихи даму жағдайына орай білім алып, тәрбиелеу керек" деген өзінің ұлағатты ойын "Родная речь" атты еңбегінде ерекше атап айтады. Халқымыздың ұлы перзенті Ы.Алтынсарин өзінің еңбектерін ана тілінде жазып, "бала тәрбиесі оның табиғи ортасы мен халқының салт-дәстүрі рухында тәрбиеленетін болса, оның сана сезімінің дамып жетілуі де ұлты мен халқына қызмет ететін көкірегі ояу, салауатты азаматтар болып өседі" - деген ой түйген болатын.
Ал, Шәкәрім Құдайбердиев: Адамның жақсы өмір сүруіне үш сапа негіз бола алады, олар барлығынан басым болатын адал еңбек, мінсіз ақыл, таза жүрек. Бұл сапалар адамды дүниеге келген күнінен бастап тәрбиелейді, -деп жазады.
Шынында да, құнды қасиеттерге ие рухани адамды қалыптастыру бүгінгі күннің өзекті мәселесі.
Адамның Адам болып қалыптасуында ата-аналармен қатар тәрбиеші мен мұғалімнің ролі зор. Яғни, білім жүйесінің қызметкерлеріне болашақ ұрпақты тәрбиелеуде үлкен жауапкершілік жүктелген. Сондықтан бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қалыптағыдай қатып қалғн, ескірген тәсіл қолданылмауы тиіс.
Қазақ халқының этностық ерекшеліктерін байыптасақ, бұл халық ұрпақ сабақтастығын сақтап, алысты жақындатып, аразды татуластырған, ізетті келіннен таныған, татулықты абысыннан тапқан, дарқандықты даласынан, даналықты бабасынан, пәктікті баласынан алған халық. Қазақ адамгершіліктің басы әділдікті ту етіп, әділдіктің басы болған адалдықты анасынан алған. Аналар ұрпақты ұлағаттыққа баулып, дауға-дәру, жауға-қару, араздыққа-араша, татулыққа-тамыр, тазалыққа-нәр, пәктікке-пәрмен, дәстүрге-дәрмен, өнерге-тұлпар, көкте-сұңқар етіп тәрбиелеген.
Адам бойындағы бар игі қасиет мектеп қабырғасында қаланады. Сондықтан еліміздің ертеңгі ұлт тізгінін ұстар жастарымыздың тәрбиесіне аса мән беру - біздің негізгі мақсатымыз. Осыған орай мектептегі тәрбие үрдісін ұлттық қағидалармен толықтыру өте қажеттілікті талап етеді. Бүгінгі таңдағы мектептер балаларға жекеленген ғылыми пәндерді терең оқытуға тырысса да, адамгершілік құндылықтар арқылы тәрбиелеуге мән бермей келеді.
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің мазмұны, формасы және әдіс-тәсілдері.
1. Қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану арқылы оқушыларға имандылық тәрбие берудің мазмұнын зерттеу

Мектептегі оқу-тәрбие процесінде қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану қандай деңгейде жүзеге асырылып жатқандығын білу мақсатында, біз Түркістан қаласының көптеген мектептерінің мұғалімдерінен сауалнама алдық. Оның нәтижесі мынадай болды. Сұралған 100% мұғалімдердің 80% сұрақтарға толық жауап берсе, қалған 20% толық жауап бермеген.
Ал, сол мектептердің оқушыларынан алған сауалнаманың қорытындысы бойынша сұралѓан 100% оқушылардың 70 % толық қазақ салт-дәстүрлерін қолдайтынын айтса, 30% қазақ салт -- дәстүрлері оларды онша қызықтырмайтынын атап өткен.
Жас ұрпақты өнер сүйгіштікке, адамгершілік қасиеттерге баули отырып, елді қорғау, ар-намыс үшін күресе білуге, өзінің дінін, салтын сақтауға тәрбиелеу - біздің бірініші кезектегі міндетіміз.
"Адам ұрпағымен мың жасайды", - дейді қазақ мәтелі. Ұрпақ жалғасытығымен адамзат баласы мың емес, миллиондаған жылдар жасап келеді және ол өлі жалғастық емес, сәт сайын өзгеріп, өрлей дамыған саналы тірлік. Адамзат еншісіне ғана тиісті сол тірлік дамыуының бағбаншысы - тәрбие. Демек, ұрпақ тәрбиесі қай заманның болмасын көкейтесті мәселесі болып келгендігі дәлелдеуді қажет етпейті нәрсе.
Қазақтың өзіндік салтындағы "Той бастар" айтқан жігіт, алтыбақан тепкен қыз-бозбала, ... - бәрі-бәрі көкейіндегі ойын-сырын, мұңын тыңдаушысына ән әуезімен әрлендіріп, тас жүректің өзін елжірететіндей етіп жеткізген.
Қазіргі таңда қазақ салт-дәстүрлерінің оқу-тәрбие процесіне енгізілуі негізге алынып отыр. Оқушыларға отбасынан басқа ұлттық тәлім-тәрбие беруде мектептің алатын орны ерекше. Үйде бала ата-анасына еркелесе, мектепте балаларға мұғалімнің айтқаны заң, олар ұстазының айтқанын бұлжытпай орындауға тырысады. Сондықтан да оқу-тәрбие процесінде қазақтың салт-дәстүрлерін пайдаланудың рөлі ерекше.
Білім беру жүйксіндегі ұлттық және адамзаттық қазыналар мыналар:
oo жеке адамның рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін ашу, адамгершілік пен имандылық өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, әрбір адамды дамыту үшін жағдайлар жасау;
oo қоғамның және мемлекеттің алдындағы және құқықтары мен міндеттерін түсіндіруді, сондай-ақ республиканың мәдени, қоғамдық, экономикалық және саяси өміріне қатысуы.
Қазақ халқының зиялы азаматының бірі - Мағжан Жұмабаев қазақтың ұлттық мектебінің моелін ұсынған болатын. Онда „Әрбір ұлттың баласы өз ұлтының арасында өз ұлты үшін қызмет қылатын болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбие қылуға міндетті десе, Міржақып Дулатов мектептің мақсаты туралы „...Жалғыз құрғақ білім үйрету емес, біліммен бірге жақсы тәрбиені қоса беру..." деп тамаша айтқан.
Оқыту - тәрбиеден бір елі де бөлінбейтін біртұтас процесс. Сондықтан тәрбиені оқытудан бөліп алып, сынып сағатына ысыра салуға болмайды. Әл-Фарабидің: „..Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі", - деген сөзі сабақты ұйымдастырудағы басты мақсат - оқушының
Жалпы азаматтық тәрбие - ұлттық ерекшеліктерден бас тарту емес, қайта оларды анығырақ тану, зерттеу, олардағы алдыңғы қатарлы элементтерін барынша пайдалану арқылы жүзеге асыруға болады.
Ұлттық салт-дәстүрлерді зерттеу төмендегі міндеттерді шешуге бағытталуы қажет:
1. Салт-дәстүрлерді түсіндіру - мазмұнын анықтау, топтау, бағыттау;
2. Оқу-тәрбие процесінде ұлттық салт-дәстүрлерді пайдалану жолдары, оны ұйымдастыру жұмыстарын, түрлерін қарастыру.
Бұл мәселені шешу үшін салт-дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану әдістемесіне талдау жасалу қажет:
А) салт-дәстүрлерді оқу-тәрбие процесінде пайдалану арқылы қол жеткізе алатын жетістіктерді анықтау, оны дамыту жолдарын қарастыру;
Ә) сан алуан әдістемелік жолдарын қарастыру;
Б) практикалық жаттығулар, яғни салт-дәстүрлерді іс-жүзінде пайдалану, қолдану;
В) салт-дәстүрді әдетке айналдыру, яғни мінез-құлық көрінісіне жеткізу.
Олай болса, халқымыздың ұлдарымыз бен қыздарымыздың санасына сіңіріп, салт-дәстүрін сақтауға, әдет-ғұрпын кеңінен қолдануға үйрету үшін әр сабақта тиісті жерінде пайдалана отырып қалыптастыруымыз керек.
Осы мақсатты жүзеге асыру үшін әр пәнді өту барысында қазақ салт-дәстүрлерінің материалдарын қолдану қажет.
Мысалы, сыныптың қазақ тілі сабағында "Мақал-мәтел" тақырыбында оқушыларға төрт түлік малға, достыққа, бірлікке, еңбекке байланысты мақал-мәтелдерден білетінін айтқызып, олардың мағынасын түсіндіру қажет.
Оқушыларды екі топқа бөліп төрт түлік туралы өлең-жырлар, мақал-мәтелдерді көп айтқан топтың жеңімпаз болатындығы ескеріліп, ол малдардың бізге қандай пайдасының барын, олар туралы жұмбақтарын жасыртып, шешуін шешкізу қажет.
Сабақта қазақ халқының шашуды қай кезде шашатынын сұралып, білмейтіндеріне шашуды қай кезде, қалай шашатындығы туралы түсіндіріледі. Шашудың құдаларға, жаңа түскен келінге шашылатыны айтылады.
Арнаулы "Білім мен салт-дәстүр сыны" атты жасалған қалталардан оқушылардың өз қалауы бойынша карточкалар алынып, берілген сұрақтарға жауап алынады. Бірі - сабақтың негізгі тақырыбына байланысты сұрақ та, екіншісі - халықтық дәстүрге байланысты сұрақ.
9-сыныптың қазақ тілінен сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлеріне байланысты оқушылардың ойлау қабілеті мен тіл байлығын әрі ұлттық ойынның түрін меңгерту негізінде "Көкпар тарту" ойынын жүргізуге болады. Онда оқушылардың сабақтас құрмалас сөйлемнің түрлерінен алған білімін қорыту, тексеру арқылы сөйлемнің бағыныңқы немесе басыңқы компоненттері тапқызылады.
Оқушыларды екі топқа бөліп, әр топ өздерінің қалауы бойынша "Мұрагер" және "Шаңырақ" деген сияқты ат қояды. Әр топ өзінің білімін, тапқырлығын, жылдамдығын, шешендігін берілген тапсырмаларды орындау арқылы көкпар сайысына түсіп, жеңген топ өзінің көкпарын және бәйгесін алады.
Оған қосымша, оқушылардың білімі мен дәстүр сайысына байланысты "Хан талапай" ойынын ойнатуға болады. Бұл жерде оқушылар біріншіден, ұлттық ойынды үйренсе, екіншіден, өздерінің білімін сынаққа салады.
"Хан талапай" ойынында оқушылар дөңгелене отырады, ал ойын жүргізуші қолындағы асықтарды ортаға қарай шашады. Ойын кезінде кім аз асық жинап алса, сол жеңілген болып есептеледі. Ойынның мақсаты - балалардың жылдамдығын күшейту, жұлын-жүйкелерін шыңдау, тілін дамытып, ойда сақтау қабілетін жетілдіру.
Бесінші сыныптың қазақ тілінен фонетика мен зат есімге байланысты саяхат сабақ өткізіледі. Дауысты, дауыссыз дыбыстарға байланысты Қожанасыр мен Алдар көсе,Төле би, Бөгенбай батырлардың ауылына жол тартып, сол жерлердегі сынақтардан өткізіледі. Сол сыннан өтсе билер мен батырлар ауылына жіберіледі.
Даусты, дауыссыз дыбыстар мен зат есімдердің тәуелденуі мен септелуіне байланысты "Сақина салу", "Теңге алу", "Аңға шығу" ойындарын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеудің әдіс-тәсілдері
Дене тәрбиесіне байланысты салт - дәстүрлер
Қазақ-салт дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу туралы ақпарат
Оқушыларды имандылыққа қазақ салт-дәстүрлері арқылы тәрбиелеудің теориялық негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу. Оқушыларға имандылық тәрбиесін беру педагогикалық проблема
Қазақ салт-дәстүрінің тәрбиелік негіздері
Қазақ салт-дәстүрлері арқылы оқушыларды имандылыққа тәрбиелеу
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
Ұлттық салт-дәстүрлер негізінде бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеудегі әдістемелік нұсқау
Мектептегі оқу тәрбие үрдісінде оқушыларды рухани адамгершілікке тәрбиелеу
Пәндер