VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
1 VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Әл-Фараби ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2 Жүсiп Баласағұнның ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8
1.3 Ибн Сина ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
2 XV ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНАН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНА ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.1 Шоқан Уəлиханов ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Ыбырай Алтынсарин ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15
2.3 Абай Құнанбаев ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 9
2.4 Ахмет Байтұрсынов ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.5 Жүсiпбек Аймауытов ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24
2.6 Мағжан Жұмабаев ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .26
3 XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНАН БҮГІНГІ КҮНГЕ ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27
3.1 Тəжiбаев Төлеген ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..27
3.2 Сембаев Iбнияұлы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..28
3.3 Раиса Лемберг ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29
3.4 Қартбай Бержанов ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
3.5 Григорий Уманов ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
3.6 Жарықбаев Құбығұл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .34
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..38

КІРІСПЕ

Педагогика - бізге белгілі ілімдердің арасындағы ең ежелгілерінің бірі және қоғам дамуының ажырамас бөлігі болып табылатын адамды тәрбиелеу мен оқыту туралы ғылым. Педагогикалық білім ұғымы ұрпақты білімге дайындаумен және тәрбиелеумен байланысты адам әрекетінің ерекше аймағына кіреді.
Тарихы мол қазақ елінің өткені мен бүгінін, ардақты адамдары мен олардың еңбектерін саралап, тарихи кезеңдік есептеу заңдылықтарын қолдана отырып, еліміздегі педагогикалық ой-пікірлер мен еңбектердің дамуын шартты түрде үш кезеңге бөліп қарастырдық:
+ I кезең -- VI-ХV ғасырлар аралығы, педагогикалык ойлар дамуының бастапқы, формальді түрде қалыптасу кезеңі;
+ II кезең -- XV ғасырдың алғашқы жартысынан XX ғасырдың басына дейін, қазақи педагогиканың дамып, елді білімге шақырған кезең;
+ III кезең -- XX ғасырдың басынан бүгінгі күнге дейінгі аралық, қазақ педагогикасының шарықтау кезеңі.
Алғашқы кезеңнің ерекшелігі халықтың бала тәрбиесіне, адамның жетіліп, қалыптасуына қатысты ескерткіштерде, таңбалы тастарда ойылып қалдырылып отырғанан ойлар өсиеттер, пікірлер, тұжырымдар ІХ-Х ғасырларда бірқатар психологиялык-педагогикалық көзқарастар жүйесімен алмасып, жаңаша мазмұнға, жаңаша бейнеге ие болды. Бұл кезеңнің қайраткерлерінің қатарына әлемнің екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фарабиді жатқызуға болады. Оның көзкарастары Бақытқа барар жолды көрсету, Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы атты трактаттарында қалдырылған.
Педагогикалық ойлардың калыптасуының II кезеңі XV ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ хандығының пайда болуымен басталып, патша бодандығындағы жылдармен байланыстырылып, кеңестік дәуірмен аяқталады. Бұл кезеңнің бір ерекшелігі -- адам тәрбиесіне, өмір сүру жағдайларын ұйымдастыруға қатысты ойлар көбінесе ойшылдар, ағартушылар шығармаларында жинақталып, беріліп отырған. Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Жамбыл Жабаев еңбектерінде адам тәрбиесінің барлық аспектілеріне қатысты ойлар айтылған.
Қазак халқының педагогикалық ойларының жаңа бір белең алған кезі - III кезең, ол 1917 жылдан, ақпан, қазан революциялары болып жатқан шым-шытырықзаманнан басталып, еліміздің егемендік алған қазіргі уақытына дейінгі аралықты қамтиды. Бұл кезеңде қазақтың халықтық педагогикасында ерекше маңызды құбылыстар байқалды. Қазақ халқын оқуға, білімге, өнерге, бостандыққа, теңдікке шақырған Ахмет Байтұрсынов бұл істердің барлығы да ана тілінде жүргізілу қажеттілігін баса айтып, тіл ерекшеліктерін зерттеуге ерекше мән берген. Ұмыт болудың алдында қалған қазақ тілі қазақтың өзі тәрізді жаңаша бейнеге еніп, қайта асқақтаған. Осы кезеңде педагогика пәнінің мәнін, адам өміріндегі тәрбиенің маңызын ашатын қазақ халқының ұлттық ерекшелігіне сәйкес, алғашқы Педагогика оқулығын Мағжан Жұмабаев жазды. Одан кейін де қазақ ұлттық педагогикасын дамытуға Қ.Жарықбаев, Т.Тәжібаев, Қ.Біржанов тәрізді белгілі, халқына еңбегі сіңген педагог-ғалымдар өз үлестерін қосты.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан педагогтарының еңбектерімен ой-пікірлерінің қалыптасуы және дамуы жөнінде мәлімет бере отырып, олардың әдіс-тәсілдерінің, педагогикалық көзқарастарының мән мағынасын ашу. Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылды:
+ Қазақстандық педагогтартармен және олардыңеңбектерімен танысу арқылы олардың маңызына теориялық шолу жасау;
+ Педагогтардың ой-тұжырымдары мен олардың осы саладағы алға тартқан әдіс-тәсілдеріне сүйене отырып, оқушыларға сабақ түсіндірудің тиімдірек жолдарын қарастыру;
+ Білім ордаларында ғалымдар мен ағартушылардың пайдаланғанәдіс-тәсілдерінің негізінде сабақтар өткізіп, оқушылар пікірімен танысу;
+ Тарихи кезеңдердегі педагогика ғылымының дамуы мен жетілуін салыстыру;
Ұлттық педагогикалық ойлардың пайда болуы мен дамуы ерекшеліктерін зерттеу классикалық педагогика ғылымының негіздерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Курстық жұмыстың әдіс-тәсілдері: жүйелеу, салыстыру, талдау, тарихи әдіс.
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерден тұрады. Соңында қолданылған әдебиеттер тізімі орын алған.

1 VI-ХV ҒАСЫРЛАР АРАЛЫҒЫНДАҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫК ОЙЛАРДЫҢ ДАМУЫНЫҢ БАСТАПҚЫ КЕЗЕҢІ
0.1 ӘЛ-ФАРАБИ

Əбу Насыр Мухаммед ибн Узлағ Тархан əл-Фараби - ойшыл, философ, əлеуметтанушы, математик, физик, астроном, ботаник, лингвист. Қазiргi Шымкент облысының жерiндегi көне Фараби қаласында туған.
Әл-Фараби Аристотельдiң ғылыми мұраларын жан-жақты зерттеп, өзiнiң ғылыми еңбектерiнде адамның ақыл-ойының дүние танудағы құдiреттiлiгiн дəрiптейдi. Қайырлы қала тұрғындарының көзқарасы, Бақытқа жету тәрізді даналыққа толы шығармаларында ғылымды меңгерудi бұл дүниедегi бақыт, кемел табудың қажеттi шарты деп санайды. Бақытқа жету атты еңбегiндеөскелең жас ұрпақтың, отбасындағы баланың, қоғамда тұлға атанатын жеке адамның, жас жұбайлардың тəрбиелері жайлыжазып кеткен жан-жақты ұлағатты ұғымдары, трактаттары, өсиеттері, өнегелi сөздері, үлгiлi пiкiрлері бiздiң заманымызға дейiн сақталып, ол ұрпақтан ұрпаққа берiлiп, халықтық педагогиканың қазынасына айналды.
Əл-Фараби тəрбие процесiнде қатты əдiс пен жұмсақ əдiстi ұштастыруды талап етедi. Ол оқыту мен тəрбиелеудiң мақсаттарын жеке-жеке анықтайды. Қазiргi тəрбие процесi тұрғысынан қарағанда, қатты əдiс деп отырғаны жазалау да, жұмсақ əдiсдеп отырғаны мадақтау болса керек. Фараби педагогикалық ықпал ету əдiстерiн алғаш ұсынған, оның тиiмдiлiгiн қолдану жолдарын дəлелдеп кеткен дана ғалым. Аристотельден кейiнгi дүниежүзiлiк бiлiм мен мəдениеттiң екiншi ұстазы болған əл-Фараби Аристотельдiң шығармалары жайында көптеген трактаттар мен түсiндiрмелер жазды. Фараби еңбектерiн негiзiндегі білім - философиядағы бүкiл танымның даму процесiнде қалыптасқан адамзат мəдениетiнiң, рухани қазынасының жиынтығы.

1.2 ЖҮСIП БАЛАСАҒҰН

Көне дəуiрдегi түркi халықтары мəдениетiмен бізді таныстыратын аты ХІ ғасырдың əлемге əйгiлi ақыны, философы, қоғам қайраткерi Жүсіп Баласағұн Шу мен Iле өзенi аралығында ұлан байтақ өлкеде дүниеге келген.
Баласағұнның бiзге жеткен ең iрi туындысы - түркi тiлiнде жазылған,он үш мың жолдан тұратын Ғибрат өнеге поэмасы. Құтты бiлiк 1069 жылы жазылған. Баласағұн - философ ретiнде жəне тəрбиелiк тағылымға толы педагог ретiнде артына өшпес мұра, тəрбиелiк дəстүр, өнеге қалдырған адам. Оның үйретуiнше, адамның жетiлiп қалыптасуы, оның iшiнде жастар тəрбиесi қоғамдық жағдайлардың, қоршаған ортаның ықпалымен, оң əсерiмен, тəрбие арқылы жəне адам табиғатынның тумысымен, дүниеге келуімен бiрге болатын қасиеттер арқылы қалыптасады.
Баласағұнның тəрбиенің бастауы болатын пiкiрлерінің бірі: Тəрбиенiң барлық ұждағаттылығы, саласы мен түрi өзара ұйымдасқан, ұйымшыл тату да тəттi адамдар құрамының, тобының жетелi адамдар тобының, зерделi адамдар құрамын толықтыратындай биiкке көтерiлуi қажет. Тəрбие өз кезегiнде, əсерi мен ықпалында мирасқорлы, пайдалы еңбектiң көзi болуы шарт. Бүгiнгi педагогикалық тұрғыдан алғанда үлкен ұжым тəрбиелейтiн, педагогиканың бала тəрбиесiндегi басты мақсаты мен мiндетiн айқындайтын əдiс еңбек тəрбиесiн ұйымдастырудың негiзгi десе де болады.
Баласағұн рубаиларының тəрбиелiк тағылымын негiзiнен үш сатыға бөліп қарастырады.
1-кесте
1-кесте
Құтты бiлiк дастанында үйленудiң, ұл-қыз өсiрудiң қиыншылығы көркем суреттелген. Автордың ойынша егер ұл-қызың жаман болса төрдегi басыңды көрге сүйрейдi. Ал өзiңе ұқсап туған жетелi бала сенiң түрiңдi, бет-бейнеңдi жоғалтпаумен қатар, туған тiлiңдi де болашаққа жоғалтпай апарады:
Егер, ұл-қыз жақсы болса, зерделi,
Айтқаныңнан айнымай дəл келгенi.
Егер жаман болса, сенi ұлытар,
Өзiң өлсең - тəрк етер де ұмытар.
Жүсiп Баласағұн өз дастанында əке тəрбиесiне аса көңiл бөлген:
Бейбастақ қып өсiрсе ұлдың қылығын,
Кiнəлi əке, жазығы жоқ ұлының, -деп ақын ұл бала үшiн Əке тəрбиесiнiң орнын ешкiм толтыра алмайтындығын айтады. Əке əрқашанда балаға бағыт-бағдар, үлгi-өнеге болып, ұлға, ерлерге тəн мiнез-құлық қалыптастырады.
Ж. Баласағұнның:
Ұл өсiргiң келсе дана жүректi
Қатты ұстап: үйрет бiлiм, iзеттi.
Кiм ұл-қызын шолжаңдатса бетiмен,
Тартар күйiк, ет кескендей етiнен'',-деген ой-тұжырымдары бүгiнгi педагогика ғылымының негiзгi шарттарына сəйкес келiп жатыр.
Ақынның ойынша жақсы əке болу қиынның қиыны. Əке неғұрлым күштi, батыл, кiшiпейiл, жұбайына адал, балаларына мейiрiмдi болса, соғырлым үй iшiнде, ауыл-аймағында беделдi болады.
Егер ана табиғи ерекшелiктерiне байланысты үйдегi тəрбие жұмысында көбiнесе сезiмге, эмоцияға жүгiнсе, ер кiсi бала тəрбиесiн ақылға салып, салқынқандылық танытып, сезiмге бой алдырмай өмiрiмен байланыстыра жүргiзедi. Əкелiк сезiмнiң ең негiзгiсi - жауапкершiлiк сезiмi.
Осы сезiмдi болашақ үй иесi болатын ұл баланың да қалыптастыруының мəнi үлкен. Сонымен қатар ұл бала ағайын-туыстарға, ата-анаға, iнi-қарындастарға көмектесуге үйретiп, оның бойына ерлiк, батылдық, тəуекелшiлдiк сияқты нағыз ер адамдарға тəн қасиеттердi сiңiруі керек.
Жүсiп Баласағұн жетесiз ұлдан жетелi құл артық, пайдасыз ұл жаудан жаман дей келiп, ата-аналарға мынадай кеңес бередi:
Ұл-қызыңа үйрет бiлген бiлiмдi
Қолына ұстат кеудеңдегi күнiңдi.
Сонда ұл-қызың адамдықтан таймайды
Көңiлi таза, көзi шоқтай жайнайды''.
Сонымен қатар тəрбиенiң күшiне шүбəсiз сенген ақын:
Балам бiлiм жолын қусын десеңiз,
Бесiгiңде ақ iлiм шоғын көсеңiз.
Бiлiм үйрет сəбиiңе сарыла,
Уыздай ұйыт, сүттей сiңiр қанына!
Сəбиiңде көкiрекке түйгенi
Өлгенiнше санасында жүредi!, - деп педагогикалық ой түйедi. Оқу-тəрбие iсiнде балғын жастық табиғатын түсiнуге жетелейдi. Баланың ақыл-есiнiң, мiнез-құлқының ерекшелiктерiн еске алмайтын, олардың бəрiн бiр қалыпқа сыйғызу тəжiрибесiнен аулақ болуға шақырады.
Ұлы ойшылдың салиқалы педагогикалық пайымдаулары ұрпақ тəрбиелеуде əркез есте ұстайтын тағылымдар екендiгi сөзсiз.

1.3 ИБН СИНА

Ибн Сина - ұлы гуманист. Ол еңбекке, еңбек етуге, еңбек тəрбиесiне гуманистiк, қоғамдық тұрғыда қарайды. Ол өзiнiң тәжірибелік iсiне ақылдылық пен ұстаздық тұрғысынан қарап, сол тұрғыда еңбек туралы былай деп тұжырым жасайды: Егер қоғамдағы жұмысқа жарамды барлық адам түгелiмен пайдалы еңбек етсе, онда тiптi жұмысқа жарамсыз адамдарды түгелдей асырап бағуға, болады. Ол тек еңбектiң тазалығы мен халықтығын талап етедi, - деген. Ол өзi өмiр сүрген кезең үшiн қоғамдық пайдалы еңбек пен еңбек адамдарының өзара қайырымдылығы мен мейiрiмдiлiгiн ұдайы ұштастырып отыратын еңбектiң тəсiлi мен бөлiнiсi болуын уағыздады.
Ибн-Синаның мемлекетке, жалпы адамзатқа арналған, жеке адамдар санасын, бiлiмiн, оқып үйрену, тəрбие алу үшiн арнаулы қаржы қор бөлуге тиiс деген тұжырым жасаған. Бұл қаржы халықтан алынатын алым-салықтан, мемлекеттiк меншiктерден, мекемелерден түсетiн өнiмнен жиналуы керек, - деп, сол орта ғасырлық дəуiрдің өзінде үлкен ұстаз екенiн көрсете бiлдi. Ортада жиналған қаржылар жұмысқа жарамайтын мүгедектерге, қарттарға, ауруларға жəрдем ретiнде берiлсе, ел қорғаушы, тəртiп сақтаушы, жауынгерлерге жастарды тəрбиелеушi ұстаздарға, үйретушi адамдарға жалақы ретiнде төленуi тиiс, - деген Ибн Синаның бұл ойы, оның халық қамын жейтін үлкен экономист, теңдесіз саясаткер екенiн дəлелдейдi. Оның жеке адам туралы тағылымдары адамның бойына адамгершiлiк, еңбек, тəрбиелiк қасиеттерi оны ұлағатты ғалым, ұстаз тəрбиешi қатарына қосады. Дəлiрек айтсақ, мемлекеттiк қор Жалпы халық игiлiгiне айналсын, соларға жұмсалсын - деген пiкiр жалпы халыққа бiрдей бiлiм берiлсiн, барлығы бiрдей тең оқысын деген пiкiрлермен ұштасады. Бұл да оның ағартушылық көзқарасынбайқатады.

Адалдық, ақылдылық, адамшылық,
Қайырымдық, мейiрiмдi, жанашырлық.
Тəрбие, оқу, сана-бiлiмдарлық,
Үшеуi ұлғатқа жол ашарлық.
Мiне, Ибн-Сина бiр адамның бойынан осыншама қасиеттiң табылуын еңбек, оқу, тəрбиеден iздейдi. Нақыл, ұстаздық, ұлғаттық өсиеттерi осы жоғарыдағы даналықтан туындатады.
Ибн-Сина Əл-Фарабидi ұстаз тұтқан. Фарабидi еске алу шағын жəне ұстаздық пен тəлiмгерлiк туралы, ол былай деген: Тəлiмгер табиғатына өзiмшiлдiк, қара басының қамын ойлау жат. Нағыз тəлiмгер өзiне даңқ, атақ iздемейдi, керiсiнше, өз шəкiрттерiнiң болашақта ұлы еңбекқор, ойшыл, ғалым болғанын жан-жақ тəнiмен қалап, сол үшiн бар өмiрiн сарп етуге даяр тұрады. Тəлiмге жұтаңдық адамзат баласына жат, бiлiм тiршiлiк - өмiр бұлағы, - деген екен. Еңбек туралы айта келiп, ол. Еңбек - адамзат тiршiлiгiнiң, əрбiр жеке адамының, жеке тұлғаның рахаты, көретiн қызығы, тыныс тiршiлiк қоры, - деген. Көріп отырғанымыздай, сан ғасыр өтсе де Ибн-Сина айтқан тəлiмгерлiк, ғұламалық iлiмi мен үлгiлi ойы - бүгiнгi ғана емес, болашақ ұрпаққа да берiлген ақ батасы, таптырмас тəлiмгерлiк тағылымы. Ол айтқан тəлiмгерлер - бүгiнгi оқытушы, мұғалiм, тəрбиешiлер. Ендеше, осылардың тəрбиелiк, еңбектiк, ұстаздық жолының жемiсiн, кең даңғылының арнасын ашып көрсеткен - Орта Азияның дана ғалымы Ибн-Сина, ақыл-ойдың құдiреттi күшiне кəмiл сенген ғалым.
Бiз Х ғасырларда өмiр сүрген Ибн Сина еңбек пен еңбектiң маңызын, бiлiм мен тəрбиелiк тағылымды ерен биiкке көтергенiн көремiз.

2 XV ҒАСЫРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАРТЫСЫНАН XX ҒАСЫРДЫҢ БАСЫНА ДЕЙІНГІ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ОЙ-ПІКІРЛЕР
2.1 ШОҚАН УƏЛИХАНОВ

Шоқан Уәлиханов - белгілі тарихшы, публицист, лингвист, географ, музыка зерттеушiсi, археолог, этнограф, саяхатшы, ағартушы-демократ. Құсмұрын бекiнiсiнде (Көкшетау облысы) дүниеге келге.Қазақтың белгілі хандарының бірі Абылайханның немересi, аққан жұлдыздай жарқ етіп, әлемге қазақты танытқанбір туар Шоқан Уəлихановтардың отбасында дүниеге келген.
Шоқан Уəлиханов мұсылман дiн басшылары халық ағарту iсiн өз қолына алғанын, мектептер мен медреселер құнды білімнің қадіріне жете алмай, оқушыларға оларды құрғақ жаттататынын, оның маңызын түсiнбейтiнiн, сол кезең үшiн, оның ешбiр пайдасыз екенiн қатты сынады. Қазақтардың бiлiм сипатының, оның мəндiлiгi мен маңызын, сол кезең үшiн гумандық, халықтық деп түсiнген Шоқан, бiлiм мен оқу ғана қазақтарды əлеуметтiк əдiлеттi күреске жұмылдырады, тек бiлiм мен оқу ғана көшпендiлердi қоғамдық прогресс пен еркiн дамуға жол көрсетедi деген үлкен гуманистiк ой-пiкiрде болды.
Шоқан Уалиханов ағарту мәселесінде орыстың революциялық-демократиялық педагогикасының бағытына жақын болды. Шоқан Уалиханов Халықтың жетіліп дамуы үшін бостандық пен білім қажет. Демек, оларды ең алдымен оқыту қажет, - дейді.
Оның ойынша, мектептер ұйымдастыруда тәрбие мен білімнің халықтығы принциптеріне сүйенуі қажет. Шоқан Уалиханов қазақтар арасында орыс білімін, оның ғылымы мен өнерін таратудың тиімді шаралары үшін күресті. Ол Қазақстанда нағыз шынайы білімдер ұясы болатындай мектеп түрлерін ұйымдастыруды талап етті. Тек ақиқат білім ғана күдіктерден құтылуға жәрдем етіп, өмірмен материалдық әл-ауқатты бағалауға үйретеді,- деді ол.
Халықтық тәрбиенің жаңа жүйесін ойластыра отыра, Ш.Уалиханов ең алдымен жасөспірімдерді ғылым мен техниканың табыстарымен, дүние жүзі мәдениетінің бай қазынасымен таныстыра алатындай діннен бөлінген дүниелік білімдерді енгізуді жақтады. Қазақтар мен Орта Азия халықтарының артта қалуының басты себебі, Ш.Уалихановтың пікірінше, монархиялық тәптіп пен ислам діні. Сондықтан да ол ислам дінін қатал сынға алды. Діннен келетін ешбір пайда жоқ, адамдарды аздыра түседі, ой мен сезімнің дамуына кеселін тигізеді, - деп жазды ол. Шоқан діннің халықтарымыздың бірлігіне қауіп туғызатынын атап көрсетті. Ол қазақ халқының болашағы цивилизация мен оқу-ағартудың табыстарына байланысты деп білді.
Шоқан еңбегінің тағы бір өзіндік ерекшелігі - өз елін орыс жұртшылығына таныстырып, екі халықты жақындастыруға тырысты. Сол халықтардың достығының, бауырластығының және өзара толық түсінушілігінің дамуына жағдай жасауды ойлады.
Қазақ халқын ол білімге құмар, бейбіт өмірді тілейтін, еңбек сүйгіш, момын халық деп сипаттады. Біздің халқымыздың көркемдігі жағынан қалыспайтын өскелең әдебиеті бар. Оның үстіне, біз орыстармен тарихи жағынан да және, тіпті қан араласу жағынан да тығыз байланыстымыз, - деп жазды ол.
Шоқан - қазақ халқының мәдениеті мен ағартуы тарихынан көрнекті орын алатын қайраткер, халқымыздың мақтанышы, демократ-ағартушы, тұңғыш педагог, ақын жазушы.

2.2 ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН

Ыбырай Алтынсарин - қазақпедагогикасының негiзiн салушы, педагог-ағартушы, ақын жəне прозаик, публицист, балалар жазушысы, орыс графикасы негiзiнде қазақ алфавитiнiң негiзiн қалаушы. Алтынсарин мектеп пен тəрбие өз халқының тұрмысы мен өмiрiнiң тарихи ұлттық ерекшелiгiне сəйкес келу идеясын ұсынды. Оқу ана тiлiнде жүргiзiлуi тиiс деген қағиданы ұсынды.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқына бiлiм беру тек бастауыш мектеппен ғана шектеледi деген пiкiрден аулақ болды. Ол орта мектептер құру туралы ойларын халқына жеткiздi жəне қазақ балаларының университеттерде оқуын қалады. Ол Торғайда қолөнер училищесiн ашудың жоспарын жасады жəне оны ашуды қолға алды.Ыбырай Алтынсаринның табандылығымен Орынборда 1886 жылы мұғалiм даярлайтын қырғыз мектебi ашылды. Бұл орыс-қазақ мектептерiне мұғалiм даярлаудың орталығына айналды.
Ұлы ағартушы-педагог тек мектеп ашумен шектелiп қалуға болмайтынын, бұған лайықты оқу-əдiстемелiк құрал-жабдықтар керек екенiн жақсы түсiндi. Сондықтан Ы. Алтынсарин Ушинский, Паульсон, Водовозов, Бунаков тəрiздi педагогтардың əлiппе, оқулықтарын негiзге ала отырып, қазақ балаларына арнап Оқу құралын жазды. Сондай-ақ ол əдiстемелiк мəнi бар Семья мен мектеп, Халық мектебi журналдары мен қолөнерi үшiн қажеттi Гестерманның техникалық коллекциясын, физика, химия кабинеттерi үшiн құрал-жабдықтар алдыруға 600 сом жинағанын айтады. Сондай-ақ аса қажеттi кiтаптар мен журналдарды орталық мектептерге топтап жинау арқылы сондағы кiтапханаларды байытуды көздедi, оқимын деген жастар мен мұғалiмдердiң өз бiлiмiн көтеруiне қолдан келгенше жағдай жасады.
Ыбырай жастарды оқу-бiлiм, өнерге үндегенде, құрғақ насихатқа ұрынбайды, қайта өз ойын нақтылықпен дəлелдеуге ұмтылады. Айтпақ пiкiрдi оқушы зердесiне еркiн сiңiру үшiн əр алуан ұстаздық амал-тəсiл қолданады. Бұл тұста ол, ең алдымен, шешендiк қайталауларды ұтымды пайдаланады. Ақын əр шумақ сайын:
Бiр Құдайға сыйынып,
Кел, балалар, оқылық,
Оқығанды көңiлге
Ықыласпен тоқылық!- деген жолдарды əдейi қайталай отырып, оқу-бiлiмнiң пайдасын айтуда бала жүрегiне жол таба бiлген. Сол хрестоматияға сөз басы ретiнде берiлген Бiр Құдайға сыйынып, кел, балалар, оқылық атты өлеңде, ақын оқушы түсiнiгiне жеңiл қарама-қарсы ұғымдарды əдейi шендестiрiп қолданады. Мəселен, ол бiлiмдiлiк пен надандықтың аражiгiн ашып көрсету талабында жарық пен қараңғылықты қатар, жарыстыра алып сипаттайды. Осы орайда алдымен оқудың пайдасын жарыққа балап:
Оқысаңыз, балалар
Шамнан шырақ жағылар.
Тiлегенiң алдыңнан
Iздемей-ақ табылар , -
десе, надандықтың мəн-жайын:
Оқымаған жүредi,
Қараңғыны қармалап, - дейдi.
Автор өзi үндеп отырған оқу-бiлiмнiң тек iзденiс, еңбекпен табылатынына үлкен мəн бередi. Ол үшiн инемен құдық қазғандай ыждаүат, сабырлылық қажет екенiн айтады. Сондықтан ол өз ойын қорытқанда да оқу-бiлiмiнiң өмiрдегi орнын, қажеттiлiгiн баса көтередi.
Жазушы балаларды əдеп пен əдiлдiкке, қанағатшылдық пен жомарттыққа, сақилық пен тазалыққа, iзеттiлiк пен бауырмалдыққа шақыратын əңгiмелерi көп. Бұлардың iшiнде жан-жануарлар тiршiлiгiнен алып жазылғандары да аз емес. Мысалы, Түлкi мен ешкi, Қарға мен құрт, Сауысқан мен қарға т. б. Сонымен қоса Жан-жануарлардың дауласқаны, Байұлы, Сəтемiр хан, Жəнiбек батыр, Оқудағы балалардың үйiне жазған хаттары тəрiздi топтамаларында тапқырлық, шешендiкке баулуды мақсат етедi. Ыбырай өз əңгiмелерiн де шешендiк, нақыл, аталы сөздердi жиi қолданып отырады.
Айталық, ол Əке мен бала əңгiмесiнде ақыл-насихатқа толы: Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың. Азға қанағат ете бiлмесең, көптен де құр қаларсың секiлдi жолдарды ұсынды.
Ыбырай Алтынсарин мектепте оқушыларға білім беруді негізінен ана тілінде жүргізді. Ол оқыту әдістерін жаңа бағытта оқуға деген баланың ынтасы мен қызығушылығын арттыруды көздей отыра әртүрлі жүйелер құрды.

2-кесте
Ыбырайдың арманындағы мектептің бейнесі:
+ жаңа мектеп жаңа өмір үшін күресшілерді дайындауы керек, оған діннің ешқандай ықпалы болмауы тиіс;
+ мектеп халық үшін орыс мәдениетін, білімі мен ғылымын оқып үйренудің ошағы болуға тиіс;
+ қазақ халқы арасына жаңа мәдениет, жаңа әдет пен тәртіп, тазалық, қолөнер мен көркем өнерді тарататын мәдени ошақ болуға тиіс;
+ мектептің арнайы учаскесі, тәжірибе жүргізетін бау-бақша, гүл алаңы болуға тиіс. Мектеп жанында сол маңдағы халықтың сауатты бөлігіне қызмет ете алатын ыңғайлы жабдықталған кітапханасы болуы керек;
+ алдыңғы қатарлы орыс мектебінің теориясы мен практикасының қол жеткен табыстарын пайдалана отырып, оқу процесін үлгілі ұйымдастыруға тиіс;
+ қазақ мектебіндегі ғылым негіздерін жүйелі түрде тинақты оқытылып, ол сапалы оқу құралдарымен жабдықталуы керек;
+ мұғалім ұстаз әрі тәрбиеші ретінде мектепте барлық істің тетігін шешеді. Жұмыстың табысты болуы оның өз ісін сүйе білуіне, соған деген ынтасы мен ықыласына байланысты.
Қазақстан үшін бастауыш мектептердің негізгі түрі ретінде ауылдық жерлерде 5 болыстық мектеп ашты.
Ы.Алтынсарин орыс-қазақ мектептеріндегі оқу үшін ана тілінің өмірлік мәнді екендігіне, ал қазақ жазуының орыс алфавитіне негізделуі тиіс екендігіне барынша сенді. Оның ойынша, қазақ жастары ана тілін де, орыс тілін де білуі қажет және орыс тілімен бірге қазақ тілі де оқытылуы керек деп тапты.
Өз жүйесінде Ыбырай Алтынсарин орыс тіліне үйретудің аударма әдісі дегенді қолданды. Бұл әдіс бойынша, шәкірт оқуда ана тілінде де, орыс тілінде де еркін ойлау міндеттерін шешіп отырады, сабақты міндетті оқу құралы ретінде әр түрлі сөздіктер қолданылады.
Атақты педагог мұның үстіне өзінің Қазақтарға орыс тілін үйретудің бастауыш құралы деген еңбегінде қазақ балаларына бастауыш білім берудің методикасын жасады. Бұл кітапта қазақтарды орыс тілінде оқытудың толық жүйесі жасалып, орыс граматикасын оқытудың бағалы методикалық нұсқаулары баяндалған.
Демек, осы тұрғыдан алып қарасақ Ыбырай ақын, тұңғыш педагог, ұстаз, ғалым. Оның мұрасы тарихқа да əдебиетке де тəн, ұстаздық тəрбиелiк ой-пiкiрiлерi қазақтың таусылмас қазынасы.
2.3 АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ

Абай Құнанбаев - ақын,ағартушы,жазба қазақ әдебиетінің,қазақ әдеби тілініңнегізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер. Оның маңдай алды ақын екенi, таңдаулы туындылары дүние жүзi поэзиясының озық лидерлерінің шығармаларымен деңгейлес тұрғаны - әрбір қазақтың баласы үшін ғана емес, шетелдіктер үшін де айқын шындық. Сан ғасырлық бай поэзиясы, ел қамын жоқтаған жүздеген өрен жүйрiк жырау, жыршы, ақындары бар қазақ əдебиетiнде Абайдың орнының ерекше болуы тегiн емес.
Абай халықтың түбегейлi мүддесiне, арман-тiлектерiне жетудің кілтіоқу-бiлiмді қаншалықты терең ұғып-түсiнiп, қандай ойшылдық деңгейде, қандай көркемдiк қуаттылықпен айтып, жеткiзе алғандығында екендігін айтудан ешқашан жалықпаған. Ақыннның айтуынша: адам үлкен өнерлі де өнегелі тұлға болып қалыптасып, жетiлiп, кемелiне келуi үшiн тиiстi қоғамдық жағдай, аса зор дарын мен даналық, үздiксiз еңбек, iзденiс, бiлiм, осының барлығының түйiсiп келуi шарт.
Абайдың педагогикалық мұраларының негiзгi идеяларының бiрi - адамдардың өзара қарым-қатынасы, əсiресе, жастарды еңбекке баулу. Ақын, ойшыл, ұлы ұстаз, Абай, халықтың əл-ауқатының деңгейi, санасы, мəдениетi, адамдардың өзара қарым-қатынасы, бiр-бiрiне мейiрбандығы мен парасаттылығы, ұлттың ерекшелiгi, салт-дəстүрiнiң дамуы сол халықтың еңбек сүйгiштiгiне, еңбек ету дəрежесiне тiкелей байланысты екенiн даналықпен болжады. Еңбектi Абай, басқада қазақ ағартушылары сияқты байлықтың, молшылықтың көзi - деп санады. Жастарды еңбекке шақырды. Оған 1886 жылы жазған мына бiр шумақ өлеңiн келтiруге болады.
Қартайдық, қайғы ойладың ұлғайды арман,
Шошимын кейiнгi жас балалардан,
Терiн сатпай, телмiрiп көзiн сатып,
Теп-тегiс жұрттың бəрi болды аларман, - деп өз кезiндегi еңбек етпейтiн жастардың осындай жағымсыз мiнездерiн сынады.
Еңбек тəрбиесi оқу мен бiлiм алудың негiзi, - деп түсiнген Абай жас ұрпақтың барлық тəрбиесiнiң көзiн, бұлағын еңбектен iздедi. Ол еңбек пен қоғамдық еңбектiң тұтастығын, бiрлiгiн парасаттылық пен инабаттылықтың, бiлiмдiлiктiң, тұлғалықтың, iсiне талғамын өмiрде, тiршiлiкте жеке тұлғаның қалыптасуын қамтамасыз ететiнiн аса көрегендiкпен дəлелдедi, оған өлең жолдарын, ғақлияларын арнады. Ең бастысы: еңбек пен адамгершiлiк сапасын қалыптастырады, адамды, жастарды эстетикалық рухта тəрбиелеп, оларды əдемiлікке, көрнектiлiкке жеткiзедi, оларды жарқын болашаққа шақырады, материалдық игiлiкке жол ашады. Ақынның пiкiрiнше, еңбек - адамды жан-жақты дамыған, ғұламалыққа көтередi, баулиды, жетелейдi. Абай арманы еңбекке, адамгершiлiкке, ақыл-ойға, парасаттылық пен инабаттылыққа негiзделген, үлкен мəдениеттiлiктiң қайнар бұлағына айналған. Абай тағылымы - даналықтың, ғұламалықтың, құдiреттiлiктiң, имандылықтың кəусар тамшысы, ағынды тасқыны, дария көлi, мұхиты.
Абай шығармаларында алдымен мейiлiнше мол, əр қырынан көрiнетiн - əрине, ақынның өз бейнесi, өз тұлғасы. Лирик ақын қоғам өмiрiнiң шындығын өз көңiл-күйiн бiлдiру арқылы, өз сезiм толғаныстары, ой-толғамдары арқылы танытады. Ақынның өз тұлға-бейнесi оны тебiренткен ой-сезiмдерде айтылып, баяндалып отырған өмiрдегi алуан түрлi жағдайларға, қоғамдық мəселелерге, əртүрлi адамдардың iс-əрекеттерiне оның қатынасынан, берген бағасынанда айқындала түсiп, жан-жақты толық көрiнiсiн табады. Абай өзiн ұстаз ретiнде де көрсете алады.
Абай жастарды тəрбиелеудiң əртүрлi жолдарын, ең алдымен отбасында, мектепте жəне əдебиет арқылы тəрбиелеудi ұсынды. Балалардың дүниеге көзқарасын жəне мiнезiн қалыптастыруда отбасының рөлiнiң ерекше зор екенiн көрсеттi. Абай əлемiнiң кең өрiс алуы оның поэзиясы мен əлеуметтiк, оқу-тəрбиелiк, ағартушылық көзқарасының əлеуметтiк сипат алуында болды.
2.4 АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВ

Ахмет Байтұрсынов - қазақ мəдениетiнiң тарихында үлкен бiр дəуiрдi алып жатқан алып тұлға. Оның тарихи тағылымы мол. Ахмет - тəрбиетуралы өзiне тəн прогрессивтiк ой-пiкiрi бар ұлы ғалым. Қазақ философиясының тiл бiлiмi жəне əдебиет тану негiзiн салушы педагог-ағартушысы, мəдениет жəне қоғам қайраткерi.
Ахмет Байтұрсынов - алғашқы қазақ тiлi жазуының авторы. Сол кездiң өзiнде ол жүзеге асырған қазақ жазуы Жаңа емле ережесiсол заманның ортасында өзінің тиiстi жоғары бағасын алды. Оған прогрессивтiк зиялы қауым ерекше назар аударады. Ал 1924 жылы, ол жаңа қазақ алфавитi ретiнде қабылданып, оған ғалымның құрметiнеБайтұрсынов аты берiлдi. Ол алфавит өз заманында барлық түркi тiлдес халықтардың ең жақсы үлгiсi ретiнде қабылданды. Сондай-ақ, бiздiң шетелдiк отандастар күнi бүгiнге дейiн Байтұрсынов графикасын пайдаланады. Байтұрсыновтың əдiстемелiк еңбектерi қазiргi кездiң өзiнде үлкен беделмен қолданылады. Оның қазақтың тiл бiлiмi жəне қазақ тiлiн оқыту методикасы өзiнiң сапалылығымен жəне ана тiлiмiздiң ерекшелiгiн жинақтайтын оқулық негiзi ретiнде үлкен табыспен мектептер мен жоғары оқу орындарында оқытылып, қолданылмалы қазақ тiлiнiң қолтума оқулығына айналып отыр.
Ол өмiрiнiң алғашқы жылдарын бала оқытудан бастайды. Ол жөнiнде былай деп жырлайды:
Адамдық диқаншысы - қырғашықтым,
Көлi жоқ, көгалы жоқ-құрға шықтым.
Тұқымын, адамдықтың шаштым, ектiм,
Көңiлiн көтеруге бұл халықтың, - деп бейқам жатқан халқын сауаттандырып, өнер-бiлiмге, мəдениетке ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану
Қазақ философиясының тарихи ерекшеліктері
Оқу процесінің мəн-мағынлары
Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту
Қазақ педагогикасының тарихы
Ортағасырлар дәуірі кезеңіндегі Арыс өзені бойындағы қалалық мәдениеттердің дамуы мен генезисі
Н.Ә.Назарбаевтың Менің арманым да, мұратым да Қазақстан халқын бақытқа жеткізу
Батыс европа елдеріндегі ғылыми білімнің жинақталуы
Пәндер