Салыстырмалы психологияның даму тарихы



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Салыстырмалы психологияның даму тарихы

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Жануарлар психикасы мен адам психикасының пайда болуы жөніндегі білімдердің даму тарихы
2. Психика эволюциясының теориялық негіздерін қалау.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Жануарлар психикасы мен адам психикасының пайда болуы жөніндегі білімдердің даму тарихы барлық психологиялық ғылыммен тығыз байланысты, өйткені салыстырмалы психология іргелі психологиялық мәселелерді шешеді: психиканың анықтамасын, оның туындауы және эволюциядағы дамуын, адамның сана-сезімінің пайда болуын. Әлем туралы басқа да білімдер сияқты жануарлар психикасы жөніндегі білімдер екі негізгі көзден тарайды: ол тұрмыс тәжірибесі (ғылыми емес білімдер) және арнайы ұйымдастырылған ғылыми зерттеулер. Білімдердің екі түрінің де өз ерекшеліктері бар, олар бір-бірін толықтырып, әртүрлі кезеңде әртүрлі қатынас пен байланыста болуы мүмкін. Бір жағынан, адамның шаруашылық өмірінде әлемнің қасиеттері туралы әртүрлі сұрақтар туындап, ғылыми білімдердің дамуын ынталандырады. Екінші жағынан, адамның тұрмыстық сана-сезімі ескішіл және шектеулі болады, кейбір жағдайларда ғылыми жаңалықтарды бірден қабылдауға дайын болмауы мүмкін. Қазіргі заманда білімтанудың екі жолының да дамуы байқалады: ғылым тарапынан адамзаттың практикалық тәжірибесіне сыйластық көрсетіліп дұрыс көңіл аударылуда, ал жалпы білім деңгейінің жоғарлауы және адам тәжірибесінің кез келген саласында арнайы білім болуының қажеттілігі ғылыми білімдерге ынталандырады.
Тұрмыстық (ғылыми емес) білімдер адамның шаруашылық тәжірибесі және табиғатта жануарлар тәртібін қадағалау негізінде пайда болды. Бұл білімдердің өте көне тарихы бар. Көне заманда, Homo Sapiens sapiens (150 000 жыл бұрын туындаған саналы адамның тұрпаты) адам жануарлар психикасын зерттей бастады және де сол жануарлармен бірге әрекетті жасау үшін екі негізгі мақсатты (аңшылық, мал шаруашылық) қадағалады. Бірінші мақсат суреттер мен салттық аң аулау рәсімдерінен алынған тәжірибе арқылы жүзеге асырылды. Мұндай аң аулау рәсімдерінің элементтері неандерталдықтарда (қазіргі заман алдындағы Homo Sapiens тұрпаты) кездеседі. Кейін аңшылыққа дайындалған кезде аңшылар өздерін жануарларға ұқсас суреттеп, олардың қимылдарын келтірген. Мұндай іс-әрекеттер адамға жануарлар өмірі мен тәртібін түсінуге мүмкіндік береді. Екінші мақсат (өз психикасын тану) алғашқыда тотемдік ұғымдарда ұсынылған. Адам өзін тотеммен салыстырып, сыртқы келбетін, қимылдарын, дауысын сол жануарға келтіріп, сондай ой-ақыл, ерлік т.б. қасиеттеріне үйренген. Мұндай тәсілдер осы күнге дейін шығыс практикасында адам жаны мен тәнімен жұмыс жасауында кездеседі.
Ғылыми білімдер бас кезінде жалпы философиялық ғылымдармен бірге қаралып, кейін бөлек ғылым болып ресімделді. Салыстырмалы психология ХІХ ғасырдың ортасында ғана бөлек ғылымға айналды. Жануарлар психологиясы мен адам психологиясы екі бағытта жүргізілді: философия (адам психикасының пайда болуы, психика анықтамасын белгілеу) және жаратылыстану (эволюциялық дамудың қозғаушы күштері, адам мен жануарлар тәртібін реттеу, антропогенез). Бүгінгі таңда салыстырмалы психология екі бағыттың синтезі ретінде қаралып, жалпы және жеке мәселелер қойылып, әртүрлі теориялық тәсілдер мен эксперименттік зерттеу әдістері қолдануда.
ХVII - ХІХ ғасырларда философияда
адам және жануарлар психикасы жөнінде түсініктің дамуы.

Бұл кезеңде психология әлі де философия құрамында дамып, жаратылыстану Орта ғасырлар қараңғы заманынан кейін жаңа ғана ояна бастады. Философтар алдына ең басты адамның сана-сезімі мен адам тұрмысы проблемалары тұрды; психиканың пайда болуы мен дамуын олар осы позициядан қарады. Философтар адам психикасын әлем құрылысының жалпы жүйесінде зерттеді, психикалық құбылыстардың туындауын материяның жалпы заңдылықтары негізінде зерттеді. Психика эволюциясын талдау мақсатында ең маңызды ұғымдар Р.Декарт (Франция, 17 ғ.), Б.Спиноза (Голландия, 17ғ.) және Г.В.Ф. Гегельдің (Германия, 18-19ғ.ғ.) еңбектерінде берілген.
Р.Декарт адамның жаны мен тәнін екі бөлек санаған. Адам тәні тек рефлекс арқылы қимылдап, организм сыртқы әсерге осылай жауап береді деп санаған. Жануарлар тәртібі осымен түсіндіріледі. Ал адамның тәнінен басқа жан дүниесі бар. Р.Декарт жануарларды тірі машина ретінде түсінген. Декарт идеялары психология ғылымының адамның сана-сезімі мен тәртібін зерттейтін бөлімдерге бөлінуіне бастама берді.
Адамның жаны мен тәнінің бірлігі жөніндегі тезисті Б.Спиноза ұсынды. Спиноза ұсынған ойлаудың ұғымы психиканың қазіргі ұғымымен түйіседі: жанды тән ойланатын тән болып табылады, адамның сана-сезімі тәннің іс-қимылдарын бағыттап отырады. Адамның ойлауға қабілеті түрлі үш тұрпатта дамиды: сезімталдық, интеллект және интуиция. Спинозаның философиясы мен психологиясы адам психикасы білімдері дамуына және сонымен қатар бірдей заңдылықтарға бағынатын психика механизмдері жөніндегі білімдердің дамуына зор әсерін тигізді.
Психиканың туындауы мен эволюциясы жөніндегі аса маңызды философиялық ұғымдар Г.В.Ф.Гегельдің еңбектерінде көрсетілген. ХХ ғасырдың ортасында марксистік-лениндік философия Гегель ілімінің дамуына кедергі келтіріп, Гегель философиясы Ресейде қабылданбады. Қызмет ұғымын негізгі орталық ұғым ретінде пайдаланып, Гегель психика дамуының философиялық және онтогенетикалық заңдылықтарының бірлігін көрсетті.

ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жаратылыстану
ғылымындағы жануарлар және адам психикасы туралы түсінік.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда жаратылыстануда эволюциялық идеялардың дамуы жануарлардың психикалық ерекшеліктері талдауында негізделді. Француз және ағылшын ғалымдары орталық ұғым ретінде жануарлардың бейімделу тәртібінің пайда болуын қарастырды. ХVІІІ ғ. Ж.Ламетри әртүрлі жануарларды зерттеп, олардың инстинктті іс-әрекеттерінің биологиялық бейімделуі жөнінде және жабайы жануардан адамға дейін күрделі дамуы жөнінде пікірін білдірген. Э.Кондильяк инстинкт пен машықтарды салыстырап, инстинкттер уақыт өткен сайын дағдыға айналуын көрсетті. Ш.Леруа қарама-қарсы көзқарасын білдірді: қайталанатын қимылдар нәтижесінде туындаған инстинкттен адамның ойлау қабілеті аса түседі. Леруа адамның машықтары тұқым қуалау нәтижесінде дағдыланады деген пікірді білдірді.
Ең көп таласпікірлер жануарлардың ойшыл қабілеттері мәселесі бойынша қаралды. Ж.Бюффон жануарларда ойлау қабілеті жоқ, ойлау қабілеті тек қана адамда болуы мүмкін деп санаған. Бюффон еңбектерінде жануарлар психикасын объективті зерттеу негіздері салынған.
18 ғ. аяғы - 19 ғ. басында жануарлардың ойшыл тәртібі мәселесі бойынша эксперимент зерттеулері өткізілді. Бұл мәселе бойынша ғалымдар Ф.Кювье, Ж.Б.Ламарк, Мәскеу университетінің профессоры К.Рулье еңбектенді. К.Рулье инстинкттерді сыртқы орта әсерінен пайда болатын бейімделген реакциясы деп санаған. Инстинкттер жануарлардың алған тәжірибесі нәтижесінде өзгеруі мүмкін және бұл құбылыстар кейінгі тұқымға тапсырылады.
Салыстырмалы психологияның дамуына Ч.Дарвиннің еңбектері көп үлес қосты. Ғалым салыстырмалы-психологиялық зерттеулердің ғылыми нұсқасын Адамдар мен жануарлардың сезімдері жөнінде, Инстинкт және тағы басқа еңбектерінде ұсынды. Бұл еңбектер осы күнге дейін пайдалануда. Дарвин ілімінде инстинкттер мен ойлау қабілеттері адамдарда да , жануарларда да бар, бірақ адамда олар жоғары деңгейде болады - бұл адамның жануарлармен салыстырғанда айрықша қасиеті.
ХІХ ғасырдың ортасынан бастап психология бөлек ғылым ретінде ресімделіп, ең басынан жануарлар психикасы жөніндегі және салыстырмалы-психологиялық зерттеулерге айрықша орын бөлініп, психологиялық ғылымның іргелі бағыттары негізінде қаралатын болды.

ХІХ-ХХ ғ. басында салыстырмалы психологияның қалыптасуы.
ХІХ ғ. аяғы-ХХ ғ. басында жануарлар психикасымен және салыстырмалы психологиямен айналысатын психология ғылымының негізгі бағыттары қалыптасты - эксперименттік психология, бихевиоризм, зоопсихология, салыстырмалы психология. Сонымен қатар салыстырмалы-психологиялық зерттеулер үлгілі психологиялық бағыттардың шеңберінде (гештальпсихология, психоанализ, психофизиология) және басқа ұйқас ғылымдардың жүйесінде (жоғары жүйке қызметінің физиологиясы, зоология, антропология) өткізілді.
ХХ ғ. аяғында психологияда аса назар теориялық түсініктерге аударылды, адам мен жануарлар психикасы жөніндегі өз әдістемелерінде негізделген басты ғылыми бағыттар қалыптасты.
Психиканың негізі мен эволюциясы жөнінде жалпы теориялық түсініктер Г.Спенсер (Англия ХІХ-ХХ ғ. басы) еңбектерінде берілген. Спенсер психиканы эволюцияның жалпы құбылыстары мен заңдылықтары қатарында зерттеген, органикалық емес, органикалық табиғат пен психика дамуының заңдары бірлігін негіздеді. Оның зерттеулерінде бұрыңғы және сол заманның философтары мен жаратылыстанушылардың диалектикалық идеялары талдап қорытылды. Психика эволюциясын ол дара нысаннан күрделі нысанға жақындау қырынан зерттеді. Дара сезімдерді Спенсер психика бірлігі деп санаған.
Адам психикасы жануарлар психикасынан сапалы түрде ерекшеленеді, адам психикасы ойлау қабілеті және жігермен сипатталады. Психиканың негізгі мақсаты - ішкі қатынастардың сыртқы ортаға бейімделуі. Гегель концепциясында негізделген сезімталдықтың пайда болу идеясы орыс физиологы мен психологы И.М.Сеченовтың зерттеулерінде сүйеніш тауып, ал кейін А.Н.Леонтьевтің ілімінде психика эволюциясының негізгі концепциясы болып табылды.
ХІХ ғ. аяғында жануарлар психикасы мәселелерімен У.Джеймс және У.Мак-Дугалл сияқты белгілі психологтар айналысты. Олардың еңбектерінде жануарлардың мінез-құлқы, жүріс-тұрысы жөнінде салыстырмалы деректер бар, инстинкт, импринтинг мәселелері қаралды. Бұл зерттеулер жануарлар психикасының эксперименттік зерттеулерінің дербес бағытқа бөлінуінің басын бастады.
Бас кезінде жануарлар психикасының эксперименттік зерттеуі Англияда
(Э.Л.Торидайк) және Америкада өткізілді (Р.М.Йеркс, Дж.Б.Уотсон, К.С.Лешли). Бұл елдерде мысықтар, иттер, приматтар, сабауқұйрықтар, құстар, балықтар, құрт-құмырсқалар, тіпті дара клеткалы организмдерге салыстырмалы-психологиялық зерттеулер өткізілді. Зерттеулерде нақтылы эксперименттік әдістер ұсынылды: проблемалы клетка, лабиринт, адам тәрізді маймылдардың еңбек құралдарымен пайдалану әдістері қолданды.
ХХ ғ. басында бұл жалпы бағыт екіге бөлінді: біреуі үйрету (дағдыландыру)
процесін объективті зерттеуімен айналысып, кейін бихевиоризмге айналды
(Дж.Б.Уотсон, 1913), ал екіншісі салыстырмалы-психологиялық бағыт ретінде дамыды (Р.М.Йеркс, В.Келер, У.Гамильтон, Г.Харлау).
Э.Торндайктың үйрету теориясын және жануарлар мінез-құлқын объективті зерттеу жөніндегі Дж.Б.Уотсонның прнциптерін негізге алып, бихевиористтер ынта-реакция формуласын пайдаланып, жануарлардың ішкі субъективті әлемін зерттеудің пайдалы еместігін көрсетті. Бұл бағыттың одан арғы дамуы бастапқы парадигманы қайта қарау қажеттілігін тудырды.
Нақтылы салыстырмалы психология зерттеулері Америкада белсенді өткізіліп психика дамуына зор үлесін қосты. Р.М.Йеркстің жоғары саналы маймылдармен өткізген эксперименттері және ол ұйымдастырған бірінші приматологиялық орталық бұл жануарлар интеллектін, олардың онтогенездегі дамуын, әлеуметтік мінез-құлқы мен жүріс-тұрысын зерттеуге көп мүмкіндіктер берді.
Йеркс ғылымда алғашқы рет горилла, шимпанзе және орангутанның ақыл қабілеттерін 20-дан астам көрсеткіштері негізінде салыстырмалы зерттеулерін өткізді. Нью-Йорк қаласының психологтары тобы өткізген жануарлар психикасының жеке даму заңдылықтарының зерттеулері қазіргі психологияда даму психологиясы деп аталатын жүйелі бағыттың қалыптасуына бастама берді.
ХХ ғ. шет елдерде салыстырмалы психологияның дамуы.
Психологиялық бағыт.
Жануарлардың мінез-құлқын зерттеу жұмыстарын жалғастырып, бихевиоризм және оның жаңа бағыттары жануарлардың үйрену дағдыларымен бірге ой қабілеттерін де зерттеді. Жануарлардың көптеген түрлері зерттелді: омыртқасыз жануарлар, сүтқоректілер, құстар, приматтар. Бұл зерттеулердің толық суреттемелері Р.Хайнд, Р.Шовен, Д.Дьюсбери, О.Меннинг, Д.Мак - Фарленд еңбектерінде берілген.
Салыстырмалы-психологиялық зерттеулер Р.М.Йеркс бастаған дәстүрлерді жалғастырып, антропоидтердің жоғары психикалық қабілеттерін зерттеуіне бағытталады. ХХ ғ. бойы бұл зерттеулер маймылды адамға тарту жолымен жүргізілді. В.Келер шимпанзе адам дерлік деп айтса, ал Н.Н.Ладыгина-Котс Шимпанзе адам дерлік емес, ол мүлдем адам емес деп сендірген.
Шетелдік психологтар жоғары маймылдардың күрделі психикалық қабілеттерін анықтауын мақсат етті.
Сондықтан олар бірінші кезекте маймылдардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қытай психологиясы тарихының архитектурасы
Психология табиғи және гуманитарлық ғылым турасында
Қазіргі психологияның міндеттері
Психология ғылымының зерттеу әдістері жайлы
Психология пәні, оның міндеттері, даму тарихы
Қазіргі замандағы психологияның даму жолдары
Психологияның даму тарихы
Әлеуметтік немесе қоғамдық психология
Этнопсихологияның даму тарихы
Даму психологиясы пәні мен міндеттері
Пәндер