Клиникалық практикада дәлелділік менеджментінің халықаралық тәжірибесі



Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік
Медицина Университеті

Студенттің өзіндік жұмысы

Тақырыбы: Клиникалық практикада дәлелділік менеджментінің халықаралық
тәжірибесі

Кафедра: Биологиялық статистика негіздері және дәлелді медицина

Дисциплина: Биологиялық статистика негіздері және дәлелді медицина

Факультет: Стоматология

Топ: 202

Орындаған: Кушмагамбетов Т.Д

Тексерген: Кенжалина Н.К

Ақтөбе 2018
Жоспары

І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім:
1.Дәлелді медицинаны жалпы практикалық дәрігердің қолдауы
2.Дәлелді медицинаны оқыту әдістері
3.Дәлелді медицинада және медициналық көмектің сапасын жоғарылатудың
болашағы
ІІІ. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I.Кіріспе
Қоғамдық денсаулық сақтауды ұйымдастыру және халықтың денсаулығын нығайту,
сол сияқты белгілі бір жағдайларда медициналық көмек көрсету, оны алдын
алу өз мақсатына жеткен жоқ. Осы қызметтер денсаулық сақтау жүйесінде ең
қажетті бөлімдер болып табылады.
Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту жөніндегі
міндеттерді тиімді шешуге қабілетті және қоғамдық денсаулық сақтау саласы
бойынша ХХI ғасырдың талабына сай болуға қабілетті мамандардың жаңа буынын
дайындау.
Көптеген мемлекеттердің денсаулықты қорғау Денсаулық барлықтары үшін XXI
ғасырда саясаты бойынша ДДҰ қабылдаған әдістемесінде, халық денсаулығын
қалыптастыру.негізгі құрамдас бөлігі болып: материальды-техникалық
базаларды нығайту, салаларды бекіту, біріншілік медико-санитарлық көмекті
халықтың кең қабаттарына жеткізу.

II. Қазақстан Республикасындағы қоғам денсаулығының ахуалын жақсарту
жөніндегі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті,адамзаттардың сауығуына
және қаржыландыру база саласын дамыту, азаматтардың әлеуметтік қорғауын
жоғарылату, психологиялық және адам ресурстарының дамуы мемлекеттің негізгі
басымдылығы болып келеді, сонымен қатар ғасырдың талабына сай болуға
қабілетті мамандардың жаңа буынын дайындау негігі мәселе ретінде білім
беруді жақсарту, оны іске асыру. Ғылыми зерттеулерді жүргізуге қабілетті
және қоғамдық денсаулық сақтау саласы бойынша педагогакалық қызметін ғылыми
превенция негізінде іске асыра алатын мамандарды дайындау, кәсіптік
біліктілікті меңгеруі, қоғамдық денсаулық сақтау саласы мамандарының
теориялық және жеке практикалық дайындығын тереңдету мамандардың толық және
сапалы ғылыми-педагогикалық білім алуы, дайындықтан өткен мамандардың
білімі мен икемділігінің деңгейі қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінде
ғылыми-зерттеу және білім беру бағдарламаларын әзірлеуде және іске асыруда
олардың басым орынды алуына жеткілікті болуы тиіс. Оқыту мен зерттеу
қызметі арасындағы оңтайлы теңгерімді қамтамасыз ету, қоғамдық денсаулық
сақтау саласы бойынша ауқымды ғылыми, білім беру және әдістемелік
дайындықты іске асыру. Оқытушылар мен ғылыми қызметкерлердің академиялық
икемділігін қамтамасыз ету. Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау
жүйесінде денсаулықты нығайту, кадрларды дайындау сұрақтары бойынша
негізгі кілті болып есептеледі.денсаулық сақтау жүйесінде адам
ресурстарының дамыту мемлекеттің негізгі басымшылығы болып табылады.

Қазақстан Республикасында тұрғындарға медициналық қызмет көрсету сапасын
арттыру жөнінде жоспарлы жұмыстар жүргізілуде. Қазақстан Республикасы
Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы №1113 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015
жылдарға арналған Саламатты Қазақстан бағдарламасы аясындағы денсаулық
сақтауды реформалау бойынша іс-шаралар өткізу клиникалық нұсқаулықтар мен
клиникалық хаттамаларды әзірлеу тәртібін белгілеп отыр. Соңғы 20 жылдағы
медициналық қызмет көрсету сапасы ұғымы едәуір өзгеріске ұшырады.
Медициналық көмектің жақсаруы дегенге жалпы көзқарас осы қызметті
көрсететін ұжым деңгейінен адамдар командасы деңгейіне дейін, жалпылық
деңгейінен жалқылық деңгейіне дейінгі қарқынды даму бағытына айналды. Алғаш
рет клиникалық нұсқаулық туралы 2000 жылдың қараша айында ҚР Денсаулық
сақтау министрлігі Сараптамалық кеңесінің мәжілісінде сөз болды. Сол
мәжілісте сарапшылар Қазақстанда да алдыңғы қатарлы елдердің тәжірибелеріне
негізделген клиникалық нұсқаулықтарды да әзірлеу қажеттілігі туралы сөз
қозғады. Дәлелді медицина қағидалары тұрғысында сырқаттарды диагностикалау,
емдеу және сауықтыру бойынша ұзақ мерзімді клиникалық нұсқаулықтарды
қалыптастыруда ішкі ауруларды, балалар ауруларын, акушериялық және
гинекологиялық аурулар, хирургиялық ауруларды қамтыған назологиялар
таңдалды. Дәлелді медицина – әрбір науқасты тексеру мен емдеуде қазіргі
заманғы жетістіктерді қолдана отырып, халықаралық және отандық стандарттар
талаптарын мүлтіксіз орындау. Сондай-ақ қазіргі кезде жан-жақты
ақпараттандыру мен компьютерлік технология дамуының негізінде интеграциялар
жүруде. Осы орайда, Қазақстан Республикасындағы медициналық қызмет сапасын
арттыруда медициналық тәжірибеге дәлелді медицинаны енгізу басым
бағыттардың бірі болып табылады. Бұл бағытта дәрігерлерді, ғылыми
қызметкерлері, жоо оқытушыларын, клиникалық ординаторлар мен студенттерді
дәлелді медицина қағидалары бойынша оқыту жүйелі түрде жүргізілуде. Жалпы
алғанда денсаулық сақтау сапасындағы қордаланған мәселелерді түрлі елдердің
медициналық көмек сапасын басқару жүйесінде қалыптасқан тәжірибені қолданып
шешу халықаралық кеңесшілердің күшімен зерделенуде.

Клиникалық нұсқаулық – тәжірбиелі дәрігерге белгілі клиникалық жағдайларға
медициналық көмек көрсету кезінде шешім қабылдауға жәрдемдесетін жүйелі
түрде әзірленіп отыратын ереже. Нұсқаулық та хаттама секілді алгоритмдерге
негізделеді, бірақ араласулардың әрбір кезеңін толық баяндамайды.
Нұсқаулықты әзірлеуге барынша көп уақыт жұмсалғанымен, ол іргелі зерттеу
болып табылады. Әзірленетін нұсқаулықтардың басты талабы – дерек көздеріне
сілтемелер көрсетілген нақты ұсынымдардың дәлелділік деңгейі. Клиникалық
нұсқаулықтағы әрбір арнайы алынған ұсыным қолда бар сенімді дәлелдерге
негізделуі тиіс. Клиникалық нұсқаулықтарды әзірлеу мақсаты – дәлелді
медицина қағидаларына негізделген медициналық көмек көрсету үдерістерін
стандарттау. Клиникалық нұсқаулықтардың негізгі міндеттері:

• Клиникалық тәжірибелерге қазіргі заманғы ғылыми мәліметтерге негізделген
стандарттарды енгізу;

• Шешім қабылдау барысын жеңілдету;

• Жұмыс сапасы мен кәсібилік деңгейді бағалауға қызмет ететін негіз болу;

• Денсаулық сақтаудағы шығындардың тиімділігін арттыру;

• Клиницистердің күнделікті қызметі денсаулық сақтау органдары басшыларынан
өз қызметіне деген асқан жауапкершілікті талап етеді. Бұл бір жағынан
тұрғындарға жаппай қызмет көрсету сапасын арттырумен қатар, клиникалық
диагноз шешімін қабылдауға да барынша ықпалды.

Клиникалық нұсқаулық пен клиникалық хаттама пациенттерге медициналық көмeк
көрсетуде жалпы танылған әдіснамалық құрал және қазіргі заманғы ең таңдаулы
мәліметтерді пайдалана отырып әзірленеді, содан кейін заңнамалық тәртіпте
бекітіледі. Хаттамалар Денсаулық сақтау министрілігінде талқылаудан өтіп,
бұйрықпен бекемделеді. Біз жоғарыда құжаттардағы ақпараттардың мәліметі
пациенттерді емдеуде тәжірибеленуші дәрігерлерге ең қауіпсіз және шығыны аз
емдеу әдісі болып табылатынын айтқан болатынбыз. Клиникалық хаттама мен
клиникалық нұсқаулық клиникаға жаңа келген жас дәрігердің пациентті
емдеудегі бағасыз құнды көмекшісіне айналды. Сондай-ақ, тәжірибелі
дәрігерлердің де үздіксіз кәсіби білім беруде сенімді ақпарат көзі болады
және қарастыру мен толықтыру қажет болған жағдайларда жаңартылып отырады.
Осы жағдайда нұсқаулық немесе хаттама күнделікті клиникалық тәжірибеден
туындайтын нақты клиникалық сұрақтарға жауап бере алатын ақпарат көзінің
қызметін атқарады. Медициналық көмек көрсетуде қажетті клиникалық
хаттамалар және оның негізінде әзірленген алгоритмдер дәрігерлікке дейінгі
жедел және шұғыл медициналық көмек көрсетудің өмірлік маңызды шешімі екені
анық табылады. Кейде осы құжаттардағы ұсынымдар емдеудің ескіәдістерін
қолдануға үйреніп қалған дәрігерлерге күтпеген соққы болды және олар өз
тәжірибелерінде клиникалық хаттамаларды пайдалануға немқұрайлық танытады.
Алайда, асылында хаттамалар көрсетілетін медициналық көмектің сапасын
жақсартуға қабілетті және пациенттің бөлімшеде болу мерзімін қысқартады.
Сондай-ақ емдеудің ұсынылған әдістерін қолданудағы беделді білім көзі екені
ақиқат. Клиникалық хаттама және клиникалық нұсқаулық медициналық көмек
көрсетуде базалық құжат және дәрігердің қызметі сапасын сараптау, кейбір
даулы мәселелерді шешуде маңызды құрал. Себебі клиникалық хаттамалардағы
ұсынымдар нақты яғни өлшенбес сипатқа ие.
Жанұялық медицина кафедрасы 1996 жылдың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәлелді медицинаның терминологиясы мен құралдары. ДМ зерттеу типтері
Биологиялық ұлпаларға жоғары интенсивті лазерлік сәуле әсерінің механизмі
ДМ-да жалпы практикалық дәрігер болашағы
Медициналық көмек көрсету жаңа әдіс
Дәлелді медицина жүйесінде биостатистика тұжырымдамасы және рөлі, даму тарихы
Дәлелді медицина туралы ұғым
Эпидемиялық үрдіс туралы ұғым
Дәлелді профилактика
Аурулардың синдромдары
Жоғары мектепте шығармашылық орта түзу
Пәндер