Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу



Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Психология - адамның жеке бірлік ретіндегі психикасын, өзінің сан-
алуан сезім, аффективтік, интеллектуалды, басқа да туа біткен
функцияларымен бірге сыртқы ортамен өзара әрекетін зерттейтін ғылым, кей-
кезде адам мінез-құлығын зерттеу деп те анықталады. Психологияның негізгі
мақсаты - психиканы cубьективтік құрылымының, сыртқы ортаны пайымдаумен,
елестетумен жұптасқан айырықша іс-әрекеттің негізі ретінде зерттеу болса,
мектепке дейінгі жасқа арналған психология-балдырғандардың психикалық даму
факторлары мен заңдылықтарын: оның іс-әрекетінің дамуын, психикалық
процестерінің және сапалдарының дамуын, оның жеке басының қалыптасуын
зерттейді. М.Жұмабаев: Психология адамның жанын, жан тұрмысын, жан
көрністерін, жан күштерін, ақыл, қайратын, көңілдің жайын баяндайтын пән -
деп атап көрсеткен болатын. Аталған жұмыста мектепке дейінгі жастағы
баланың жан көрністері мен дене көрністерімен қатар, осы жастағы негізгі
іс- әрекеттің түрі ойын барысындағы баланың психикалық дамуы барысына
тоқталамыз. Жұмыста мектепке дейінгі жастағы балалар психологиясында
қалыптасқан психолог ғалымдар: Л.Н.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Н.Леонтьев,
А.В.Запорожец, Ж.Пиаже, Д.Б.Элконин, Давыдов, В.С.Мухина, Г.А.Урунтаева
т.б. және отандық психолог ғалымдар: Аймауытов Ж., Алдамұратов Ә.,
Жарықбаев Қ., Елеусізова С., Мұқанов М., Тәжібаев Т., Шериязданова Х. т.б
еңбектерінің теориясы басшылыққа алынды.
Жұмыста балалар психологиясының жалпы мәселелері: мектепке
дейінгі жастағы балалар психологиясы және баланың психикалық даму
ерекшеліктері туралы, балалар психологиясының әдістері мен психикалық
дамудың негізгі заңдылықтары қарастырылды. Ерте балалық шақтағы бала
дамуының психологиялық ерешеліктері, баланың өмірге келген алғашқы
жылдарындағы психикалық дамуы, ерте балалық шақтың сипаттамасы және
жас ерекшелік сипаттамасы ұсынылды. Баланың психикалық процестерінің

дамуы: мектепке дейінгі жастағы баланың қабылдауы, түйсігі, зейіні,
есте сақтауы, ойлауы және қиялының дамуы қамтылды. Баланың ақыл-ойын
дамыту, мектепке дейінгі жастағы баланың тілін дамыту, сенсорлық дамуы
мен баланың сезімдерін дамыту,баланың ерік жігерін тәрбиелеу және
мінез-құлық мотивтерін қалыптастыру мәселесіне басты назар аударылды.

Зерттеудің мақсаты: Ерте балалық шақ жасындағы балаға сипаттама
жасап, психологиялық даму ерекшеліктерін зерттеу.
Зерттеу мақсатына сай міндеттер анықталды
- Ерте балалық шақтағы дамудың теориялық негіздеріне шолу жасау;
- Ерте балалық шақтағы баланың психикалық мінез құлықтарының
ерекшеліктерін зерттеу;
- Баланың психологиялық даму түрлеріне анықтама беру;
Зерттеу объектісі – ерте балалық шақ жасындағы баланың тұлғалық
ерекшеліктері. .
Зерттеу пәні – ерте балалық шақ жасындағы психологиялық құбылыстар.

1.Ерте балалық шақ жасындағы баланың дамуының ғылыми-теориялық
негіздері

1.1 Ерте жастағы баланың дамуының ғылыми-психологиялық негіздері

Білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – тұлғаны оқыту, тәрбиелеу,
дамыту. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі
болады. Баланы өмірге дайындау үшін дамытудың маңызы ерекше. Даму
барысы:
1. Зердесін дамыту .
2. Эмоциясы мен сезімдерін дамыту.
3. Күрт қиыншылықтарға төтеп бере алуын дамыту.
4. Өзіне-өзінің сенімділігін, өзін-өзі қабылдау, жақсы көруді дамыту .
5. Танымдық үрдісін дамыту.
6. Өзін-өзі алып жүре алуын, дербестігін дамыту .
7. Өзін-өзі көрсете алуына, өзін-өзі жетілдіруге ынтасын дамыту
.
А. Едігенова бойынша баланың бүкіл өмір бойында оның даму үрдісі
жүреді. Даму үрдісінде баланың таным белсенділігі арта түседі. 6
жастағы балалар заттарды түсіне, түріне, көлеміне қарап ажырата бастап,
олардың құрылысын, пайдалану тәсілдерін білгісі келеді. Күнделікті өмір
барысында бала шындық дүниенің құбылыстары мен заттарын анықтай білуге,
адам баласының жинақтаған бай тәжірибесін үйренуге талаптанады.
Балалардың бір нәрсені құмартып білуге талаптануын таным ынтасы дейді.
Балалар өте байқағыш, еліктегіш, әр нәрсеге үңіле қарайды, көп нәрселер
оларды ойлантады.
Балалар әдетте өзіне түсініксіз оқиғалардың, құбылыстардың
сырын білуге құмартады. Күн сайын олардың алдында жаңа сұрақтар туады.
Сол сұрақтың жауабын олар ересектерден күтеді, өйткені, олардың
түсінігінше, ересектердің білмейтіні болмайды. Мұндай ерекше сұрақтар
балалардың ақыл-ой еңбегімен шұғылданудағы ниетін, ықыласын сипаттайды.
Сондықтан ересек адамдар бала сұрағын жауапсыз қалдырмауға тырысқан
жөн. Себебі сұрағына жауап ала алмаған бала келешекте сұрақ қоюдан
жасқаншақтайды және бұл баланы дүниені тануына кері әсер етуі әбден
мүмкін.
В.С. Мухина бойынша мектеп жасына дейiнгi және бастауыш мектеп
жасындағы балаларда мiнез-құлық мотивациясы: мiнез-құлықтың саналы
регуляциясы күшейедi, мотивтер мен қажеттiлiктер көлемi ұлғаяды, рухани
және материалды қажеттiлiктер сферасы кеңейедi, қарым-қатынасқа деген
қажеттiлiк, жетiстiкке жету, басқарушылыққа қажеттiлiк сияқты
әлеуметтiк қажеттiлiктер нығая түседi. Көп бiлу, басқалардан жоғары
болу, өзi жасай алу
сияқты қарапайым қажеттiлiктер пайда болады.
Т. Рибоның айтуынша, баланың шығармашылық қабілеті
тәжірибелілігіне байланысты дамиды деп тұжырымдайды. Мектеп жасына
дейінгі кезең – қиялдың тез дамитын уақыты. Сондықтан қиялдың дамуын
төрт ерекше кезеңдерге бөлуге болады (2 жастан 6-7 жасқа дейінгі
аралықта):
1. Бірінші кезең баланың қабылдауының ерекшелігіне байланысты (бір
заттан басқа бір затты көре бастауы).
2.Екінші кезең – қиялдың ойыншықтарды жандандыру құдіретінің байқалуы.
3. Үшінші кезең – ойындағы рөлдерге байланысты өзгеруі.
4. Төртінші кезең – бала қиялында өзіндік көркемдік шығармашылықтың
басталуы (бейнелерді қайта құруы, жасауы).
О.М. Дьяченко мен А.И. Кирилованың тәжірибелік зерттеулерінде бала
дамуында қиялдың екі түрі (сезімдік және танымдық) жүзеге асады.
Танымдық қиялдың басты міндеті – ақиқат өмірдің белгілі бір түрде
бейнеленуі. Сезімдік қиял, белгілі бір жағдайға байланысты қайшылық
болғанда, баланың өзіндік Мені қалыптасқанда және оның құрастырудағы
бір механизм болады. Е.Е. Кравцованың зерттеуінде қиялдың даму
қызметінде үш түрлі компонентті бөліп көрсетті:
1. Көрнекілікке сүйену;
2. Өткен тәжірибесін қолдану;
3. Ерекше ішкі позицияны қолдану;
Осы үш компоненттің қолдануында халық ертегісінің айрықша орнын
анықтап, зерттеуге мән берілді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде қиял – қоғамдық тәжірибені меңгерудегі
алғышарттары болып келеді, өйткені балалар қоршаған ортаны,
адамгершілікті, эстетикалық идеяларды өзіндік көзқараспен қабылдайды.
Баланың қиялы ересектерге қарағанда әлсіз. Л.С. Выготскийдің тұжырымына
сүйенсек, Бала қиялының дамуы біртіндеп, шамасына қарай қабылдауынан
басталады. Қиялда болатын барлық образдар, қаншама таңғажайып болып
көрінгенмен де, баланың өмірден көрген-білгенінен негізделеді. Кейде
бала өмірде кездескен кейбір жағдайларды өзіндік қабылдаумен
түсіндіргенде, бізге үлкендерге күтпеген таңқаларлықтай болып
естіледі.
С.Л. Рубинштейннің айтуынша Қиял – бұл образдық форманы іске
асыру, өзгеріске енгізу деп түсіндіреді. Л.С. Выготский мен А.Н.
Леонтьев қиялдың ерекшелігіне қарай оған арнайы психикалық процесс деп
қарауға мән береді.
Атақты психолог Л.С. Выготский баланың қиялы біртіндеп өмір
тәжірибесінің молаюына байланысты қалыптасады деген қорытындыға келеді.

Қазіргі кездегі психологтар мен педагогтар баланың жеке
басының дамуындағы қиялдың маңыздылығының ең тиімді жолы шығармашылық
жұмыста көрсету, үйрету, көркемдік әдебиетте нақтылау, өз бетінше жұмыс
жасауына жағдай жасау, яғни, еркіндік беру керектігін айтады. Сонымен
қиялдың дамуы төмендегідей үш компоненттен тұрады:
Бірінші дәрежеде қиял қоршаған болмыспен байланысты, дайын нәтижені
ойластыруға мүмкіндік береді.
Екінші дәрежеде баланың өткен тәжірибесімен байланысты, бірақ сонда да
заттық байланыстың рөлі бар.
Үшінші дәрежеде қиялдың дамуы балаға ақиқаттан қиялдың қозғалысының
жоғарғы формасы – ой-пікірден оның іске асуына байланысты.
Сонымен, қорыта айтқанда, біздің тәжірибемізге негіз болған 5-6 жастағы
балалардың құрастырған ертегілері мен қызықты әңгімелері ұйымдасқан
түрде мағыналы, жүйелі, өз бетінше еркін жүргізілген жұмыс, қиялдың
дұрыс дамуына апаратын көп жолдың бірі болды деп есептейміз. 6 жасар
бала өз қиялында алуан түрлі жағдайлар құра алады және баланың өзі
сонда әртүрлі жағынан көрінеді. Ойын барысында қалыптаса отырып, қиял
басқа да іс-әрекет түрінде өте алады. Тілі және қиялы жақсы дамыған
бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың
үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және
игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
В.С. Мухина теориясы бойынша, өзінің бастамалары жағынан
баланың қиялы сәбилік шақтың соңында пайда бола бастайтын сананың
белгілер функциясымен байланысты. Белгілер функциясын дамытудың бір
желісі заттарды басқа баламалармен және олардың бейнелеулерімен
алмастырудан тілдік, математикалық және басқа белгілерді пайдалануға,
ойлаудың логикалық формаларын меңгеруге әкеледі. Екінші желі нақтылы
бұйымдарды, оқиғаларды қиял арқылы толықтыру мен алмастыру
мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюіне, жинақталған түсініктердің
материалынан жаңа бейнелер құруға жетелейді.
Баланың қиялдауы ойын үстінде қалыптасады. Алғашқы кезде қиял
заттарды қабылдаудан және ойын іс-әрекеттерін орындауынан
ажыратылмайтындай. Ойын үстінде қалыптасқан қиял мектепке дейінгі бала
іс-әрекеттерінің түрлеріне де ауысады. Бала сурет салғанда, ертегілер
мен тақпақтарды ойлап шығарғанда қиял неғұрлым айқын байқалады.
Сондай-ақ,мектепке дейінгі шақта зейіннің, естің, қиялдың
дамуында ұқсастықтар бар. Егер сәбилік шақта өзінде қабылдау мен ойлау
іс-әрекеттері ретінде анықтауға болатын бағдарлау іс-әрекеттерінің
ерекше формалары ретінде бөлінсе, мектепке дейінгі кезеңде мұндай іс-
әрекеттер үздіксіз күрделене және жетіле түседі, ал зейін, ес, қиял
ұзақ уақыт жеке сипат ала алмайды. Бала бірдеңеге назар аударарлықтай,
көргені мен естігенін жадында сақтарлықтай, бұрын қабылдағанының
аумағынан шығарлықтай арнайы іс-әрекеттерді игере білмейді. Мұндай іс-
әрекеттер тек мектепке дейінгі кезеңде қалыптаса бастайды.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі бала әрекетінің жаңа
түрлерін, үлкендердің оған қойған жаңа талаптарын игерудің ықпалымен
баланың алдында бір нәрсеге зейінін шоғырландыру және оған зейін қою,
материалды есте ұстау және оны жаңғырту, ойынның, суреттің т.б ой
желісін құру сияқты жаңа ерекше міндеттер пайда болғанда ғана бетбұрыс
жасалады. Осы міндеттерді шеше білу үшін бала үлкендерден үйренген
тәсілдердің қандай да біреуін пайдаланады. Міне, сонда ғана зейіннің,
естің, қиялдың арнайы іс-әрекеттері қалыптаса бастайды.
Мектепке дейінгі кезеңде баланың зейіні төңіректегі заттарға және
осылар арқылы орындалатын іс-әрекеттерге қатысты ынтамен сипатталынады.
Бала бір нәрсеге ынтасы өшпей тұрған кезде ғана зейінін шоғырлайды.
Жаңа бір нәрсе пайда болысымен-ақ баланың зейіні лезде соған ауады.
Сондықтан балалардың ұзақ уақыт бір іспен шұғылдануы сирек болады.
Д.Б. Эльконин пікірінше, мектепке дейінгі кезеңде балалар іс-
әрекетінің күрделенуіне жалпы ақыл-ой дамуының ілгеруіне байланысты
зейін күшті шоғырланып, тұрақтылыққа ие болады. Мысалы, мектепке
дейінгі кезеңдегі кішкентайлар бір ойынды 30-50 минут ойнайтын болса, 5-
6 жасқа жеткенде ойынның ұзақтығы 1,5 сағатқа дейін созылады. Мұны
ойында адамдардың күрделірек іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының
бейнеленуімен және ойынға үнемі енгізілетін жаңа ахуалдардың қолдау
табуымен түсіндіруге болады. Балалар суреттерді көргенде, әңгіме,
ертегі тыңдағанда зейін тұрақтылығы арта түседі. Мысалы, мектепке
дейінгі шақтың соңында суретті көру ұзақтығы екі есе артады, мектепке
дейінгі кішкентайға қарағанда алты жасар бала суретті жақсырақ
түсінеді, оның өзіне қызықты жақтары мен егжей-тегжейлерін бөліп алады.

Бірақ мектепке дейінгі кезеңде зейіннің негізгі өзгеруі баланың алғаш
рет өз зейінін меңгере білуінде, оны саналы түрде белгілі заттарға
құбылыстарға бағыттай білуінде және кейбір тәсілдерді пайдалана отырып,
соларға зейін қоя білуінде. Мектепке дейінгі шақ ішінде өз зейінін
ұйымдастыру үшін сөзді пайдалану күрт өседі. Мұны, атап айтқанда,
мектепке дейінгі ересектер үлкеннің нұсқауы бойынша тапсырманы
орындағанда мектепке дейінгі кішкентайларға қарағанда нұсқауды 10-12
рет жиі қайталады. Сонымен, баланың мінез-құлқын реттеуде сөздің
маңызының жалпы өсуіне байланысты мектепке дейінгі шақта ықтиярлық
зейін қалыптасады.
В.С. Мухина мектепке дейінгі шақта балалар ықтиярлы зейінді
меңгере бастаса да, бүкіл мектепке дейінгі балалық шақта ықтиярсыз
зейін басым болып қала береді. Балаларға өздері үшін бір текті әрі
тартымы шамалы іс-әрекетке зейін қою қиынға түседі,сонымен бірге ойын
процесінде немесе әсерлі сезімге бөлерліктей тапсырмаларды шешерде олар
едәуір ұзақ уақыт бойы ықыласты болып жүреді. Мектеп жасына дейінгі
бала зейінінің ерекшелігі мектепке дейін оқыту ықтиярлы зейінге үнемі
күш салуды талап ететін тапсырмалар бойынша құрылуы мүмкін емес
себептердің бірі болып саналады. Сабақтарда пайдаланылатын ойын
элементтері, іс-әрекеттің нәтижелі түрлері, іс-әрекет формаларын жиі
өзгерту балалардың зейінін айтарлықтай жоғары деңгейде ұстауға
мүмкіндік береді.
Сенсорлық даму, бала заттардың түсін, пішінін, мөлшерін және
олардың кеңістіктегі орналасуын айырып қана қоймай, оларды мөлшеріне
қарай сәйкестендіріп (үлкен, кіші, аз, көп) анықтай алады.
Зейін тікелей қызығушылықпен байланысты (ырықсыз зейін), өйткені
қызықты іске бала көңілі тез ауады. Егер 6 жасар бала ойынмен
айналысқан болса, ол алаңдамай 2, тіпті 3 сағат ойнай береді. Алайда,
бұлай зейінді шоғырландыру – баланың айналысқан нәрсесіне
қызығушылығынан туындайды. Балаға зейінін тәрбиелеуде көмектесу қажет.
Үлкендер сөз нұсқаулары арқылы баланың зейінін ұйымдастыра алады.
Оларға біркелкі жалықтыратын және тартымдылығы аз іс-әрекетпен айналысу
өте қиын. Зейіннің бұл ерекшелігі сабақтарда ойын элементтерін енгізуге
және іс-әрекет түрлерін жеткілікті ауыстырып отыруға негізгі себеп
болып табылады.
К.Д. Ушинский Балаға оқуды қызықты ете білу керек және
сонымен қатар, оларды қызықтыра қоймайтын тапсырмаларды да бұлжытпай
орындауды талап ету керек, бұл жұмысты орындағанда бір жағын басым етіп
жібермей, екі жағын теңестіру арқылы еріксіз зейінді тудырып отырумен
қатар, балада белсенді зейін шамалы болғанына қарамастан оны
жаттықтырып отыру керек, - деп көрсетеді. Оқушылардың зейінін дұрыс
қалыптастыруға мұғалімнің жеке басының үлгі-өнегесінің маңызы да зор.
В.С. Мухина бойынша мектепке дейінгі шақ есте сақтау мен еске
түсіру қабілеттілігінің пәрменді дамуымен сипатталады. Адамдар,
оқиғалар есте сақталатын кезең мектепке дейінгі шақта анықталмаған
мерзімге ығысады. Шындығында, бізге сәбилік шақтағы оқиғалардан
бірдеңені еске түсіру қиын немесе мүлде дерлік мүмкін болмаса, мектепке
дейінгі балалық шақ көптеген әсерлі сәттерді есте қалдырады. Бұл
әсіресе мектепке дейінгі ересектерге тән. Мектеп жасына дейінгі баланың
есі негізінен ықтиярсыз сипатта болады. Бұл бала көбіне өзінің алдына
бір нәрсені есінде қалдыру үшін саналы мақсаттарды қоймайтындығын
көрсетеді. Есте сақтау мен еске түсіру баланың еркі мен санасына
байланысты өтеді. Бұл екеуі де іс-әрекет арқылы жүзеге асады әрі іс-
әрекеттің сипатына байланысты болады. Бала іс-әрекетте неге зейін
қойса, оған не әсер етсе, не қызық болса, соны ғана есінде сақтайды.
Заттарды, картиналарды, сөздерді ықтиярсыз есте сақтаудың
сапасы, баланың осыларға қаншалықты әсерлі іс-әрекет істеуіне іс-әрекет
процесінде оларды егжей-тегжейлі қабылдау, ойластыру, топтастыру қандай
дәрежеде өтетіндігіне байланысты. Мысалы, суреттерді жай ғана қарап
шыққанда оларды баланың есінде сақтау анағұрлым нашар балады, ал осы
суреттерді, өз орындарына, мысалы, бақшаға, ас үйге, балалар бөлмесіне,
қораға дәл келетін жеке заттарды қою ұсынылғанда бала оларды есінде
жақсы сақтайды. Ықтиярсыз есте сақтау баланың орындайтын қабылдау және
іс-әрекеттерінің жанама қосымша нәтижесі болып табылады.
Мектепке дейінгі жастағылардың ықтиярсыз есте сақтауы мен ықтиярсыз
еске түсіруі – ес жұмысының бірден-бір түрі. Бала бірдеңені есте сақтау
немесе еске түсіру жөнінде алдына әлі мақсат қояды, ал бұл үшін арнаулы
тәсілдерді қолдануды білмейді. Мысалы, үш жастағы балаларға суреттер
тобының біреуін сұрағанда балалардың басым көпшілігі өзін мүлде бірдей
ұстады. Суретке көз жүгіртіп өткеннен кейін бала оны шетке ығыстырып
қойып, үлкен адамнан басқа суретті көрсетуді сұрады. Кейбір балалар
бейнеленген заттар жөнінде әңгімелеп беруге тырысты, суретке байланысты
өткен тәжірибенің жағдайларын еске түсірді (Көзілдірікті көзге киеді.
Мынау- көбелек, құрт деп аталады. Қарбыз. Мен, анам және әкем-
үшеуіміз үлкен қарбыз сатып алғанбыз, алқоры одан әлдеқайда кіші, тағы
осындайлар). Әйтсе де есте сақтауға бағытталған балалардың ешбір іс-
әрекеттері байқалмады.
В.С. Мухинаның пікірінше есте сақтау мен еске түсірудің ықтиярлы
формалары мектепке дейінгі естияр шақта қалыптаса бастайды және
мектепке дейінгі ересектерде жетіледі. Ықтиярлы есте сақтау мен еске
түсіруді меңгерудің неғұрлым қолайлы шарттары ойын үстінде жасалады,
бала өзіне алған рольді жақсы орындап шығу есте сақтау шарты болған
кезде жасалады. Мысалы, сатып алушының ролін алған бала дүкеннен
белгілі заттарды сатып алу жөніндегі тапсырманы орындаушы ретіндегі
баланың есте сақтайтын сөздерінің саны үлкен адамның тікелей талабы
бойынша есінде сақтауға тиісті сөздерден көп болып шығады.
Естің ықтиярлы формаларын меңгеру бірнеше кезеңнен тұрады.
Олардың біріншісінде әлі қажетті тәсілдерді меңгере алмай тұрып бала
есте сақтау мен еске түсіру міндетінің өзін бөле бастайды. Мұнда еске
түсіру міндеті бұрын бөлінеді, өйткені бала алдымен дәл еске түсіруді,
елестетуді қажет ететін ахуалдарға кездеседі. Бұған дейін ол нені
қабылдап, жасағанын көрсететін іс-әрекетті білуі керек. Есте сақтау
міндеті еске түсіру тәжірибесінің нәтижесінде пайда болады.
В.С. Мухинаның айтуынша, есте сақтау мен еске түсірудің
жолдарын бала өз ойынан шығара алмайды. Ондай жолдарды белгілі түрде
баланың есіне үлкендер салады. Мысалы, үлкен адам балаға тапсырма
бергенде оған осы арада дәл оны қайталап беруді талап етеді. Үлкен адам
баладан бір нәрсе сұрағанда, оның еске түсіруіне бағыт береді: Сосын
не болады?, Жылқыға ұқсас сен тағы қандай жануарларды көрдің? Тағы
сол сияқты. Бала біртіндеп қайталай білуге, түсіне білуге, материалды
есте сақтау мақсатында байланыстыра білуге, еске түсіргенде
байланыстарды пайдалана білуге үйренеді.
Мектеп жасына дейінгі балалардың кейбіреулерінде эйдетикалық ес деп
аталатын көру есінің ерекше түрі байқалады.Өзінің айқындығы мен дәлдігі
жағынан эйдетикалық естің бейнелеріне жуықтайды: бұрын қабылданған бір
нәрсені есіне түсірген бала соны көз алдына қайтадан көріп тұрғандай
болады. Эйдетикалық ес – жас шағының құбылысы. Мектепке дейінгі жаста
осындай есі бар бала, кейінірек, мектепке оқыту кезеңінде, әдетте
өзінің бұл қабілеттілігін жоғалтады.
Мектепке дейінгі жас – естің қарқынды даму жасы. Ес – бала үшін
маңызды оқиғалар мен мәліметтерді жаданда қалдырады және сақтайды.
Сондай-ақ мектепке дейінгі балалардың ойлау үрдісіне
тоқталсақ, ойлау – тіл дамуы және ғылыми ұғымдарды меңгеру бірлігінде
дамиды. Баланың сау психикасының ерекшелігі – танымдық белсенділігі.
Ойлау – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының байланыс қатынастарының
адам миында жалпылай және жанама түрде сөз арқылы бейнеленуі. Ақыл-ой
жағынан бала қаншалықты пәрменді болса, ол сонша көп сұрақтар қояды
және оның сұрақтары соншалықты алуан түрлі болады. Бала заттың бейнесін
ғана емес, оның қимыл-қозғалыстары туралы да ойлайды. Бейнелі ойлау – 6
жасар бала ойлауының негізгі түрі. Әрине, ол жекелеген жағдайларға
логикалық ойлауды да орындай алады, бірақ та бұл жаста көрнекілікке
сүйенген оқыту басымырақ болады. Мұның өзі осы жастағы балалардың
естері еріксіз жақсы дамиды. Ерікті естері жаңа ғана қалыптасады.
Сондықтан жақсы қабылдап алған заттардың түсін есінде жақсы сақтайды.
Көру және есту елестері көрген нәрселердің мазмұнымен байланысты
болады.
Мектепке түсу балалардың логикалық есін дамытуда үлкен роль
атқарады. Оқушылардың есін тәрбиелеуде де мұғалім олардың жас және дара
ерекшеліктерін ескере отырып, жұмыс жүргізеді. Кіші мектеп жасындағы
балаларды оқу тәсілін өз бетімен таңдап ала алмайтындықтан мұғалім үйге
тапсырма бергенде, материалды қалай оқу керектігін балаларға ұдайы
ескертуі керек. Бұл жөнінде оқулықтардың бәрінде мәтінді қалай оқу,
тапсырманы қалай орындау керектігі айтылған. Бірақ баланың назары кейде
бұған жөнді түсе қоймайды. Мұғалім мұны қатты ескерген жөн.
Мектепке дейінгі балалық шақта заттардың, құбылыстардың, іс-
әрекеттердің арасындағы байланыстар мен қатынастарды бөлу мен
пайдалануды талап ететін күрделі де сан алуан міндеттерді баланың
шешуіне тура келеді. Ойында, сурет салуда, құрастыруда , жапсыруда, оқу
және еңбек тапсырмаларын орындауда бала үйреніп алған іс-әрекеттерді
жай ғана пайдаланып қана қоймайды, жаңа нәтижелер ала отырып олардың
тұрақты түрін өзгертеді. Мектеп жасына дейінгі балалар өздерін
қызықтырған мәселелерді түсіну үшін өзіндік эксперименттер жасауға
кіріседі, құбылыстарды бақылайды, оларды талқыға салып, қорытындылар
жасайды. Мектепке дейінгі балалық шақтың соңында кейбір механикалық
физикалық және басқа байланыстар мен қатынастарды түсінуді, осы
байланыстар мен қатынастар туралы білімді жаңа жағдайларда қолдана
білуді талап етеді. Осы жастағы балалардың жылдың соңына дейін
абстрактылы логикалық ойлауы жақсы дами түседі. Бірақ тәжірибе түрінде,
бала затты көрмей тұрса, берген сұраққа толық жауап бере алмайды. Бала
ойлаудың барлық операцияларын жақсы қабылдауға тиіс.
Балалардың ойлауын дамытуда мектептегі оқу-тәрбие процесі шешуші роль
атқарады. Бала ойлауын дамыту үшін мұғалім тиісті жұмыстар жүргізіп
отыруы тиіс. Ой тәрбиесі адамның психологиясын жан-жақты етіп
тәрбиелеумен ұштасып жатады.
Таным әрекетінің бірі - қабылдау. Тілдік мәліметтерді және
жазылымдағы қатысымдық тұлғаларды ұғыну қабылдаудан басталады. Тілді
меңгеру барысында тіл үйренуші есту, көру, сезу арқылы дыбыстарды,
сөздерді, сөйлемді қабылдауға үйренеді. Бала қоршаған ортаны жақсы
қабылдауға тиіс.
Д.Б. Эльконин бойынша кіші мектеп жасындағы балаладың танымдық
үрдістердің дамуына келсек, олардың оқу ісіндегі қабылдауы – формамен
түстерді тану және атауға келіп тіреледі. Мысалы, түрлі түсті құмыра
салу үшін, олар форма, көлем жағынан әртүрлі болып келеді. Төменгі
сыныптарда оқитын балалардаң қабылдауында төмендегідей ерекшеліктер
болады. Олар әлде де болса құбылыстарды тұтас зат күйінде жөндеп
қабылдай алмайды. Мәселен, ол заттың өзіне ұнағанын, олардың көзге
бірден көрінетін сыртқы белгілерін қабылдауға ұмтылады. Мұндай
қабылдауда белсенділік жағы аз болады. Үшінші сыныптан бастап
балалардың қабылдау саласындағы қателер азая бастайды. Оқушы заттың
негізгі белгілерін байқай алатын болады. Қабылдауда анализ бен синтез
қатар жүреді. Бала әр заттың өзіндік белгісін ұққысы келеді, оның
мәніне ішкі,сыртқы құрылысына, жасалу принципіне зе сала бастайды.
Қабылдау процесінің күрделене түсуі балаларда байқай алу қабілетінің
көрінуімен ұштасады. Алайда, байқаудың қарапайым элементі бірінші сынып
оқушыларында да бар. Байқау – белсенді ой-әрекетінің балада дамып келе
жатқандығының көрінісі.
Мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын педагогтар мен
тәрбиешілер, ата-аналар балалармен жылдың қай мезгілінде болмасын
далаға шығып, серуендегенде, әртүрлі ойын ойнағанда осы ойланту әдісіне
баса көңіл бөлуі қажет. Бала бойына ерекше әсер етіп түрткі болатын
айналадағы өлі және тірі табиғаттардың сан түрлі құбылыстары.
К.Д. Ушинский – баланы табиғатпен жастай таныстыра дамыту,
оның өзіндік логикалық ойын, сөз қорының, санасының жетілуіне әсері мол
екенін көрсеткен. Логикалық ойдың, пікірдің дамуы баланың келешекте
рухының жоғары болуына, батыл пікір, нақты шешім айтуына және оны
дәлелдеп беруге жетелейді. Сондай-ақ, кімде-кім баланың тіл қабілетін
дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой қабілетін дамытуы тиіс, - деп
көрсетеді.
Онтегенездің бастапқы кезеңдерінде қарым-қатынас бала өмірінде аса
маңызды функция атқарады. Бала мен ересектің қарым-қатынасы білім,
іскерлік, дағдыны біреудің жай қасында емес, өзара әсерлесу
нәтижесінде, өзара баю мен өзгерудің күрделі процесі.
Бала өзіне берілетін басқаның тәжірибесін белсенді түрде ой
елегінен өткізіп, өңдеп пайдаланады. Психолог ғалым Б. Спок ересек
адамның жанұяда және бейтаныс адамдармен қарым-қатынас тиімді құра
алуы, мектепке дейінгі кезеңде басқа балалармен жасаған қарым-
қатынастың тиімділігімен анықталатынын тұжырымдаған. Ол бала басқа
балалармен қарым-қатынас барысында өз құқығын қорғауға т.б жатқызады.
Қарым-қатынас жасаудың адам өміріндегі қоғамдық-әлеуметтік және
психологиялық негізі ең алдымен адамның күнделікті тіршілік
қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатымен байланысты екендігі айқын.
Мектепке дейінгі балалар әдетте ойынды, сурет салғанды жақсы көреді,
ересектермен және өзі қатарлы балалармен лезде тіл табысып кетеді.
Мектепке дейінгі шақтың әсіресе, алғашқы үш жылы психологияда қауіпті
кезең аталып, өзіне зерттеушілердің үлкен зейінін аударуда. П. Бадалян
...осы уақытта сәби арнайы үйрету мен тәрбие көрмесе, кейін ол өте
қиынға түсіп, тіпті кеш болуы да мүмкін деген. Дер кезінде тәрбие мен
үйрету көрген бала бес жасында еш қиындықсыз таза сөйлей білуі тиіс.
Сонымен мектепке дейінгі жас - ерте онтогенез кезеңіндегі ең
ұзақ және күрделі психикалық даму көрінісі болып табылады. Мұның өзі
психологиялық зерттеулердің объекті ретінде қосылды және ол ғылыми
әдебиеттерде оқиғалардың әр алуандығылығы ретінде көрсетіледі.
Жас баланың өмірді тануы, еңбекке қатынасы, психологиялық ерекшеліктері
осы ойын үстінде қалыптасады. Л.С. Выготский пікірінше, ойын мектеп
жасына дейінгі баланың жеке басының дамуына ықпал ететін жетекші, басты
құбылыстың бірі деуге болады. Бала ойын арқылы өзінің күш-жігерін
жаттықтырып, қоршаған орта мен құбылыстардың ақиқат сырын ұғынып үйрене
бастайды. Ойын кезіндегі баланың психологиялық ерекшелігі мынада: олар
ойнайды, эмоциялық әсері ұшқындайды, белсенділігі артады, ерік қасиеті,
қиял елестері мен таным үрдістері дамиды, мұның бәрі баланың
шығарымпаздық қабілеті мен дарынын ұштайды.
Атақты психолог ғалымдары Л.С. Выготский, А.И. Леонтьев, А.С.
Запорожец, Л.Д. Венгер, Д.Б. Эльконин, Е.И. Игнатьева, Ю.К. Бабанский,
И.Я. Лернер т.б. зерттеушілердің еңбектерінде мектеп жасына дейінгі
балалардың жеке басының қалыптасуына әсер ететін әртүрлі іс-
әрекеттердің ішіндегі ең маңыздысы шығармашылық белсенділіктің
сапалығына назар аударады. Алайда мектепке бару қарсаңында баланың
психологиялық даму деңгейінде жекелей өзгешеліктер өсе түседі. Бұл
өзгешеліктер мынадан көрінеді: балалар бір-бірінен ақыл-ой,
адамгершілік және жекелей дамымен ажыратылады. Олай болатын болса,
балаларға психологиялық қолдау жасау бiлiм беру мекемелерiнiң
(балабақша, мектеп) ең негiзгi мiндетi болып табылады.

2. Нәрестелік және ерте сәбилік шақтағы баланың психологиялық даму
ерекшеліктері
2.1 Ерте балалық шақтың сипаттамасы және психологиялық ерекшеліктері

Мектепке дейінгі жастағы қабылдаудың дамуы
Қабылдауда заттар мен құбылыстардың түсі, дыбысы, дәмі,
иісі, формасы т.б. қасиеттері тұтас күйінде бейнеленеді.
Қабылдау процесінде адамның өткендегі тәжірибесі ерекше маңыз
алады. Сыртқы ортадан адамға дамылсыз ақпарат келіп отырады.
Қабылдау – ми қабығының күрделі анализдік және синтездік
қызметінің нәтижесі. Қабылдаудың физиологиялық негізіне бірнеше
тітіркендіргіштердің жиынтығы мен олардың қарым-қатынасында пайда
болатын уақытша байланыстары жатады. Мұны И.П.Павлов қатынас рефлексі
деп атаған.
Қабылдаудың негізгі ерекшеліктерін қарастырайық.
Қабылдаудың объектісі кейбір жеке қасиеттерден, жеке бөліктерден
тұрғанымен, біз оларды бүтіндей, тұтастай қабылдаймыз.
Қабылаудың константтылығы балаларда 2 мен 4 жастың арасында
қалыптасып болады. Қабылдаудың константтылығы адамның өткен
тәжірибесіне де байланысты. Бейнені тұрақты түрге келтіруге, оны сол
қалпында сақтауға мүмкіндік туғызатын ең жоғары психикалық функция –
сөз. Әрбір заттың түсінігі сөзбен байланысты, сөз ғана затты бір
тұрақты түрге енгізеді.
Мектепке дейінгі жастағы баланың түйсігі
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының жеке қасиеттерінің, сезім
мүшелеріне тікелей әсер етуінен пайда болған мидағы бейнелерді түйсік
деп атайды.
Түйсік арқылы заттардың түсін, иісін, дәмін, қатты-жұмсақтығын,
кедір-бұдырлығын т.б. осы сияқты қасиеттері ажыратылады. Сондай-ақ
түйсік денеде болып жататын түрлі өзгерістер жөнінде де, яғни дененің
қозғалысы мен оның кеңістікке орналасуын, жеке бөліктерінің жұмысы
жайлы хабарлайды. Сыртқы дүниені танып-білу түйсіктен басталады.
Балада түйсіктер дүниеге келген күнен бастап дамиды. Мәселен,
туғаннан кейін бірнеше күннен соң бала қант қосқан судан сүтті айыра
алады. Ол балада дәм түйсігінің ерте көрінетіндігін байқатады. Баланың
есту түйсігі біртіндеп дамиды. Алғашқы күндері оның құлақ түтігі суға
толы болады да ештеңені есітпейді. Бірер аптадан кейін ғана бала
дыбысқа біртіндеп реакция көрсетеді. Егер бала үш аптадан кейін дыбысқа
елеңдемесе оның саңылау болып қалуы ықтимал. Мұндайда анасы баласын
дәрігерге апарып көрсеткені дұрыс. Үш айлық бала анасының еркелеткен
даусын естіп көңілденеді. 2-3 айдан былай қарай бала көзін жарық
түсіріп тұрған затқа бұра бастайды, қозғалмалы заттарға көзін тоқтатуға
тырысады. Жарықты түйсіну тіпті жаңа туған нәрістелерден де байқалады.
Мәселен, шала туған баланың өзі де бірнеше күннен кейін жарық пен
қараңғыға түрлеше реакция білдіреді. Заттың түсін айыру кейінірек
дамиды. Мәселен, 5айлық бала алдымен заттың түріне, біртіндеп оның
көлеміне, содан соң барып бояуына көңіл аударатын болады.
Мектепке түскенге дейін түйсіктердің негізгі түрлері (көру, есту, сипай
сезу, қозғалыс т.б.) біршама қалыптасып үлгіреді. Түйсіктердің қайсысын
болса да қалағанымызша жетілдіруге болады.
Мектепке дейінгі жастағы баланың зейіні
Зейін - адамның психикалық әрекетінің белгілі бір нәрсеге
бағытталып шоғырлануы. Адам өмірінде зейіннің алатын орны зор. Әсіресе,
таным процесінде, білім алу ісінде маңызы ерекше. Шәкірттің сабақты
түсіне қоймауы, есінде дұрыс сақтай алмауы, тапсырманы орындауда қате
жіберуі оған дұрыстап зейін қоймаудан болады.
Зейін - адам санасының белгілі бір затқа бағыттала тұрақталуын
көрсететін құбылыс. Дәлірек айтқанда, зейін дегеніміз айналадағы
объектілердің ішінен керектісін бөліп алып, соған психикалық
әрекетімізді тұрақтата алу. Ол адамның сезіп, таныған, көріп, естіген,
біліп, байқаған құбылыстарын, заттарын анық та ашық тануы, жан
қуаттарының оларға бет алып, бағытталып, жинақталуы үшін қажет. Егер де
адамның зейіні болмаса, ағзаның сыртқы ортамен байланысқа түсуі
дәрменсіз болып қалады да, ойы мен дене еңбегінің іс-қимылы еш
нәтижесіз аяқталады. Адамның таным, түйсік процесінде, білім, ғылымды
меңгеруінде зейіннің мән – маңызы өте жоғары. Бала психикасының белгілі
бір объектіге бағыт алып және сонда азды-көпті тұрақтап отырғанын
көруге болады. Тән әрекеттің кез келген түрінде зейін орын алмаса, оның
нәтижелі болуы киын.
Зейінді тәрбиелеу түрлі жолдармен жүзеге асады.
Өмір заңы: адам зейіні жақсы болса, ісі де табысты болады. Зейінділік –
жоғары жетістікке жетудің басты шарты. Психолог мамандар жақсы зейінді
болуды адамның қай нәрсеге де жан-жақты қызығуынан, тұрақты түрде назар
аударуынан қалыптасатындығын айтады. Психолог Б.М.Тепловтың айтуынша,
Ырықсыз зейін іске тікелей қызығудан болады, ал ырықты зейін әрекет
нәтижесіне дәнекерлі жанама қызығуға байланысты, ал ештеңеге әуестеніп
қызықпайтын адам Хлестаков (Ревизор) зейінінің дәрежесінен аса алмақ
емес.
Екінші, зейін дамыту үшін адам әруақытта қандай нәрсеге болса да
зейін тұрақтата алуға өзін дағдыландыра білу қажет. Зейін өзінің
дегеніне көнетін құралың болсын. Адамның иесі зейін емес. Зейіннің иесі
адам болу керек.
Зейінді тәрбиелеудің үшінші жолы - өзіңді жағымсыз жағдайда да жұмыс
істеуге дағдыландыру. Көңілді алаң қылатын бөгде тітіркендіргіштермен
күресуге әдеттенудің арқасында адам өзінің зейінін шынықтырып, оны
мықты және шыдамды етеді.
Төртінші шарт, ешуақытта зейін салмай жұмыс істеу керек емес.
Абайсыз, байқаусыз істейтін адам алаңғасар болып кетеді.
Ең ақырында, соңғы шарт – адам өз зейінінің өзгешеліктерін, оның мықты
және нашар жақтарын мүмкіндігінше жақсы білсін. Зейіннің кемістіктерін
толық жою үшін адам өзімен-өзі көп жұмыс істеуі керек. Бірақ, әуелі ол
кемістіктерді тауып алмай, бұл жұмысқа кірісуге болмайды.
Мектепке дейінгі жастағы баланың есте сақтауы
Ол – күрделі психикалық әрекет. Ес айналамыздағы бізге әсер ететін
дүниені, ондағы заттар мен құбылыстарды жүйкемізде сәулелендірудің бір
түрі. Қоршаған ортаның әсерімен мида пайда болған бейнелер із-түссіз
жоғалып кетпейді, көпке дейін сақталып тұрады. Негізінен, талантты
адамдардың бейнелі есі мен эмоциялық есі күшті дамыған болып келеді.
Әсіресе, суретшілердің, композитор-лардың бейнелі есі өте жоғары. Ал,
эмоциялық ес адамның рухани өсуінің өте қажетті шарты.
Адамның есін жақсы, жаман деп бөлмейді. Өйткені, адамдардың әр нәрсені
есте сақтауы әркелкі болады.
Адамның есі мынандай сапалық белгілері бойынша сипатталады.
1. Есте қалдырудың тездігі. Біреу бір ақпаратты, материалды есінде
сақтау үшін ұзақ еңбектенсе, екінші біреу оны оп-оңай есінде қалдыра
алатын қасиетке ие.
2. Есте сақтаудың беріктігі. Біреу бір нәрсені жатқа біліп, ұзақ уақыт
ұмытпайды, басқа біреу тез ұмытып кетеді (қысқа ес).
3. Естің дәлдігі. Бұл ақпаратты, материалды, көріністі сол қалпында,
ешқандай қоспасыз есте сақтау. 4. Естің даярлығы. Адамның өз есінің
қорынан керегін қажет кезінде тауып ала білуі.
Ғұламалардың есте сақтау туралы пікірлеріне ой жүгіртейік.
Әл-Фараби: Құрғақ жаттап алғаннан гөрі ұғынып алу жақсы, өйткені
жаттап алу көптеген сөздермен, сондай-ақ адамдармен (есімдерімен)
байланысты, бұлар (өз кезегіне) ұсақ-түйегіне дейін еске сақтауды талап
етеді және мұның өзі үнемі солай болады да, бұлардан еш пайда жоқ.
Жаттап жадына сақтап қалуға ұмтылған (адам) мақсатына жете алмайды,
мұнысы босқа кеткен еңбек болады да қояды. Ал ұғынып алу оның мәнін
және заңдарды тұжырымдаулармен (анықтаумен) байланысты (Әл-Фараби,
Сауалдар және олардың жауаптары трактатынан).
Абай: Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап,
татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені,
көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін
ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады.
Естіген нәрсені ұмытпастыққа төрт түрлі себеп бар: әуелі көкірегі
байлаулы берік болмақ керек; екінші – сол нәрсені естігенде, я көргенде
ғибратлану керек, көңілденіп, тұщынып, ынтамен ұғу керек; үшінші – сол
нәрсені ішінен бірнеше уақыт қайтарып ойланып, көңілге бекіту керек;
төртінші – ой кеселді нәрселерден қашық болу керек; Егер кез болып
қалса, салынбау керек. Ой кеселдері: уайымсыз, салғыртты, ойыншы –
күлкішілдік, я бір қайғыға салыну, я бір нәрсеге құмарлық пайда болу.
Бұл төрт нәрсе – ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
6-7 жасар балалардың психикалық даму ерекшеліктері
Жас ерекшеліктері туралы педагогикалық ой-пікірлер
Балалардың дербес және жас ерекшелік кезеңдері
Мектеп жасына дейінгі кезеңнің психологиялық ерекшеліктері
Оқу-тәрбие процесінде балалардың жас ерекшеліктері және оны есепке алу
Жас ұрпақты қоғамдық өмірге және еңбекке араласуға дайындау
Балалық шақ кезеңіндегі балалардың психологиялық дағдарыс мәселелері
Балалардың жас ерекшеліктерінің сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балалардың жас ерекшеліктері
Бала психикасының дамуын стратегиялық зерттеу
Пәндер