Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балаларда қолданылатын логопедиялық түзетушілік жұмыстың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерінің рөлі



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ТЕМИРЕЕВА ЖАНАР САБЫРБЕКОВНА

Диссертацияның тақырыбы:
Тірек-қимыл аппараты
зақымдалған балаларда қолданылатын логопедиялық
түзетушілік жұмыстың дәстүрлі емес әдіс – тәсілдерінің рөлі

6N0105 Дефектология дефектология магистрі академиялық
дәрежесін алуға дайындалған диссертация

Ғылыми жетекші: ӘБ
және ПТ кафедрасының

доценті, м.ғ.к.Тусупбекова Г.А.

ҚАРАҒАНДЫ 2009

Мазмұны
Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
Белгілер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 4
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5

1. Бөлім. Сөйлеу кемістігінің алдын – алуда тыныстың маңыздылығы ... ... ..8
1.1.1Сөйлеудің анатомиялық, физиологиялық
механизмдері ... ... ... ... ... ... ...8
1.1.2. Тірек – қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп оқушы-
лар онтогенезіндегі сөйлеу
тынысы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.1.3. Церебралды сал ауруымен ауыратын балалардағы сөйлеу
кемшілігі.13
1.1.4. Тірек- қимыл аппараты зақымдалған балалардың психологиялық-
педагогикалық
сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .24
1.1.5 Тірек – қимыл аппараты зақымдалған балалардың (ТҚАЗ) клиника-
лық
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 25
6. Тірек – қимыл аппараты зақымдалған балаларда кездесетін тіл
және психиканыњ зақымдану
ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... .34
1. Тірек – қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасын-
дағы балалардың тыныс алу қызметі мен сөйлеу тынысын дәстүрлі
және дәстүрлі емес әдістер бойынша
дамыту ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... 39
1.2.1. Логопедиялық жұмыстағы дәстүрлі
әдістер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39
1.2.2. Тірек – қимыл аппараты зақымдалған балалармен жүргізіле-
тін логопедиялық жұмыстағы дәстүрлі емес
тәсілдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... 44
ІІ Бөлім. Зерттеу объектілері мен
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 52
2.1.Зерттеу
объектісі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...52
2.2. Зерттеу
әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...53
2.2.1.Сөйлеу әрекеті жылдамдығының ерекшеліктерін зерттеу
ІІІ - Бөлім. Тірек – қимыл аппараты зақымдалған бастауыш
мектеп жасындағы оқушылардың сөйлеу тынысының қалыптасу
деңгейін
анықтау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Әдістемелік ұсыныстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .62
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 63

Осы диссертацияда келесі терминдер мен тиісті анықтамалар қолданылды:
Атаксия – қозғалыс координацияларының бұзылуы
Асфиксия - деп баланың тууы кезінде механикалық қысылу әсерінен оның
ќанында оттегініњ жетіспеушілігі мен кµміртегі мµлшерініњ тым артыќ болуы,
тыныс алу жєне ж‰рек ќызметініњ б±зылуымен сипатталатын патологиялыќ
жаѓдай.
Гипотония - дегеніміз (б±лшыќ ет тонусыныњ тµмендеуі) аяќ-ќол еттері
босањсып, к‰штері кемуі.
Гиперкинез – ауыспалы б±лшыќет тонусыныњ салдарынан пайда болѓан еріксіз
зорлыќпен атќарылѓан ќимылдар, жасанды т±рыстар жєне аяќталмаѓан
ќозѓалыстар.
Диплегия немесе параплегия – дегеніміз - аяқтың немесе қолдың жұптасып
зақымдануы.
Логопедия дегеніміз – сөйлеу тілі кемістіктерін, оның бұзылу себептерін
болдырмау жолдарын, сонымен бірге осындай кемістіктерді әртүрлі жолдармен
түзетіп жоюдың тәсілдерін зерртейтін ғылым. Логопедия – логос –
тәрбиелеймін, үйренемін деген грек сөзінің түбірінен алынған.
Мишық дизартриясы – қысқа қайырылатын келте сөздермен, кейде жеке
дыбыстардың шаңқылдап қатты естілуімен сипатталады.
Орталыќ паралич - бас миыныњ ќозѓалтќыш аймаќтарымен ќозѓалтќыш (пирамидті)
жолдары заќымдануыныњ салдарынан ерікті козѓалыстардыњ жоќтыѓын - (сал
болу).
Орталыќ парез –деп . ќимылдың шектелуі.
Сопақша ми джизартриясы дегеніміз – артқы мидың құрамына кіретін сопақша
мидың қабыну немесе ісіну ауруларына шалдыққан кезде байқалады.
Парез – дегеніміз - қозғалыс функциясының жартылай бұзылуы.
Сіреспелік дегеніміз - б±лшыќ еттері тым артыќ к‰шпен жиырылып тетанус
жаѓдайы
Синкинезиялар. - белсенді ќимылдарды с‰йемелдеп ж‰ретін ерікті ынтымаќтасты
ќозѓалыстар.
Тремор – ќол саусаќтарының және тілдіњ дірілдеуі.
Хореоатетоидтар - бұл жоғарғы екі форманың қосарланған түрі.

Белгілер мен қысқартулар.

БЦП – балалардың церебральді параличі
ЕДШ - емдеу- дене шынықтыру
ОЖЖ – орталық жүйке жүйесі.
ТҚАЗ – тірек – қимыл аппаратының зақымдалуы.
ЦСА - церебральді сал ауруы.

Кіріспе
Қазақстан Республикасында кемтар балаларды әлеуметтік және
медициналық–педагогикалық түзеу арқылы қолдау бала туғанынан бастап, ол
кәмелеттік жасқа толғанға дейін, жаппай кешенді медициналық, педагогикалық,
психологиялық және әлеуметтік тексеру мен кәсіби диогностика жүргізу,
оңалтудың жеке бағдарламасын әзірлеу, медициналық, педагогикалық,
психологиялық, әлеуметтік қызметтер көрсету және еңбекке баулу арқылы
жүргізіледі [1].
Қазіргі кезде қимыл-қозғалыс аппараты зақымдалған балаларға
медициналық, психологиялық-педагогикалық және әлеуметтік реабилитация
жасау, ауыр кемістіктің алдын алу мәселесі алға қойылған. Оларды оқыту мен
тәрбиелеудің негізгі міндеті әлеуметтік бейімдеу мен қоғамға интеграциялау,
яғни қоғамға пайдалы еңбекке араластыру [2].
Сондықтан балалардың церебральды сал (БЦС) науқасына шалдыққан
балалардың оқыту мен тәрбиелеу мәселесі дефектология ғылымындағы ғана емес,
жалпы әлеуметтік маңызды мәселелердің ірі болып саналады.
Осы уақытта тыныс алуды жаттықтыру көбінесе толық ашығуға әкелетін кең
ұсынылатын түзеу және емдеу әдістері болып табылады. Табысты түзетушілік
логопедиялық жұмыс тірек–қимыл аппараты зақымдалған (ТҚАЗ) бастауыш мектеп
оқушыларының денсаулық жағдайын нығайтуға арналған дұрыс таңдалған
әдістердің көмегімен ғана іске асады [3].
БЦС шалдыққан балалардың еңбек әрекеттерін зерттеу саласында ең
алдымен оның ұсақ моторикасының жетілуін зерттеп - қарастыру өте маңызды,
себебі, баланың қол икемділіктерін сипаттауда бұл негіз болып табылады [4].

Ғылыми әдебиеттерде балалардың церебральды салы мидың науқасы ретінде
қарастырылып оның клиникалық көрінісі беріледі. Сонымен қатар ондағы
неврологиялық және психикалық бұзылулардың болуы дәлелденеді, түзету және
әлеуметтік–психологиялық реабилитациялық жұмыстар барысында мұны назардан
тыс қалдырмау қажеттілігі ескеріледі [5].
Балалардың церебральды салдығы мәселесін қарастырудың қазіргі
кезеңінде ең бастысы – реабилитациялық бағыт, әлеуметтік – психологиялық
бейімдеу мен әртүрлі даму бұзылуларына дер кезінде коррекция жасау
жұмыстарының нәтижелі болуын қамтамасыз ететін баланы ерте жастан тексеру.
Церебралды сал ауруымен ауыратын балалардағы сөйлеу кемшілігіне жатады:
түрлі дизартриялар оның ішінде көрсетілетін фонетико–фонематикалық
кемшілігі өзінің ерекшелігін білдіретін тілдің лексикалық жүйесін меңгеру
ерекшелігі [6].
Церебралды сал ауруымен ауыратын балалардың тілдің лексикалық жүйесін
қалыптастыру үшін баланың ой - өріс әрекетін белсендіретін барлық
сабақтарда ойын қабылдау арқылы тәжірибелік тапсырмаларды жүргізу қажет.
Сонымен бірге, балаларды пәннің сенсорлы зерттеу түрімен арнайы оқытады.
Бұл зақымдалулар лингвистикалық табиғи ерекшелік сияқты церебралды сал
ауруымен ауыратын балалардың жалпы психикалық ерекшелігіне байланысты
өзіндік емес түрге ие бола алады [7].
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылайтын болсақ, диссертациялық жұмыстың
көкейкестілігі қазіргі уақытта аса маңызға ие ерекше қажеттіліктері бар
бала ағзасының айығу мәселесінен, сонымен қатар балалармен жүргізілетін
түзетушілік логопедиялық жұмыстың дәстүрлі және дәстүрлі емес әдіс-
тәсілдерін іздеу мәселесінен шығып отыр. Сөйлеу тынысы мен қимыл –
қозғалыстардың жалпы бағыттылығын дамытуға арналған дәстүрлі емес тәсілдер
қатары ұсынылып отыр. Олар А.Н.Стрельникова, К.П.Бутейко, Цигун ұсынған
тыныс әдіс – тәсілдері [8].
Диссертациялық жұмыстың мақсаты – тірек–қимыл аппараты зақымдалған
бастауыш мектеп жасындағы балалармен түзетушілік логопедиялық жұмыс кезінде
дәстүрлі емес тәсілдерді қолдану мүмкіндіктерін зерттеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер міндеттелді:
1. Тірек–қимыл аппараты зақымдалған балалардағы сөйлеу
кемшіліктерінің ерекшеліктерімен танысу.
2. Сөйлеу әрекетінің құрылуы мен дамуына әсер ететін дәстүрлі және
дәстүрлі емес тыныс тәсілдерін сараптау.
3. Дәстүрлі емес тыныс тәсілдерін тірек–қимыл аппараты зақымдалған
балаларға түзетушілік–дамытушы құрал ретінде қолданудың
мүмкіндігі мен нәтижелігін бағалау.
4. Тірек-қимыл аппараты зақымдалған балалардың жалпы оқыту
процесіне тыныс жаттығуларын енгізу үшін әдістемелік ұсыныстарды
жасау.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы – тірек–қимыл аппараты зақымдалған
балалардың тыныс қызметі мен сөйлеу тынысын дамытуға арналған арнайы
дәстүрлі емес әдістерді жобалау.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы – тыныс әдістемесін тірек – қимыл
аппараты зақымдалған бастауыш мектеп жасындағы балалардың дыбыс шығарудағы
кемшіліктерін анықтау және түзету.
Зерттеу объектісі ретінде тірек – қимыл аппараты зақымдалған балаларға
арналған мектеп – интернатының 4 сынып оқушылары алынды. Зерттеу әдісі –
балалардың тыныс шығарғанда айтатын сөз санын анықтау; сөйлеудің айту
жағының ерекшеліктерін айқындау: Сөздер саны, сөзді айту дұрыстығы,
Оқу тәсілі , Оқу дұрыстығы.
Диссертациялық жұмыс анықтамалардан, белгілер мен қысқартулардан
кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қосымшалардан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспе бөлімде таңдалған тақырыптың өзектілігі негізделген, мақсаты
белгіленіп, міндеттер айқындалды, жұмыстың теориялық және тәжірибелік
маңыздылығы анықталды, зерттеу объектісі мен тәсілі белгіленді.
Бірінші бөлім әдебиеттерді шолуға арналған, ТҚАЗ бар балалардың сөйлеу
тынысының ауытқуы негізделеді, қазіргі кезде бар дәстүрлі және дәстүрлі
емес тыныс әдістері соның ішінде А.Н.Стрельникова ұсынған тыныс әдісі
сарапталған.
Екінші бөлімде зерттеу объектісі мен тәсілі көрсетілген.
Үшінші бөлімде жасалатын тәжірибенің және оның қорытындысының
нәтижелерінің сараптамасы берілген. Алынған нәтижелер кесте және график
түрінде берілген.
Қорытынды бөлімде жасалған жұмыс туралы нәтижелері қорытындыланған.
Баяу, ұзақ сөйлеу, тынысын шығаруды жақсарту мақсатында тыныс әдістерін
түзеу біліктілігін дамытуға байланысты әдістемелік ұсыныстар берілген.
І – бөлім. Сөйлеу кемістігінің алдын – алуда тыныстың маңыздылығы

1.1.1 Сөйлеудің анатомиялық, физиологиялық механизмдері.

Сөйлеудің айтылу жағының дұрыс дамуында жақсы дамыған сөйлеу тынысы
маңызды рөл атқарады. Себебі ол дұрыс дыбыстық және баяу дыбысталу үшін,
дауыстың жоғары болғанда еркін алмасуы үшін ақырын сөйлеуден қатты сөйлеуге
немесе керісінше қатты сөйлеуден ақырын сөйлеуге көшу үшін жағдай туғызады.
Сөйлеу тынысының бұзылуы (қысқа немесе әлсіз тыныс шығару, тыныс алу
кезіндегі сөйлеу, ауаны үнемсіз пайдалану, дер уақытында жұтпау және т.б.)
сөздерді қажетінше дауыстап айта алмаудың, дауыстың дұрыс емес
модуляциялануына сөйлеу баяулығының бұзылуының себебі болуы мүмкін [9, 10].
Сөйлеу процесіндегі тыныс алу немесе былайша айтқанда, сөйлеу тынысы
тыныштық жағдайындағы физиологиялық тыныспен салыстырғанда сөйлеу кезіндегі
тыныс актісіне қойылатын ерекше талаптармен шартталған біраз
айырмашылықтары бар.
Дұрыс емес және кездейсоқ тыныс алу біздің өмірімізді қысқартады,
өмірлік күшті азайтып, бізді жеңіл ауруларға, жай тұмауға сезімтал етеді.
Осыған байланысты тыныс алуды мөлшерлеу және бақылау қажет.
Адамның психологиялық әрекетінің аранайы көрінісі ретіндегі сөйлеу –
адамдар арасындағы қарым – қатынастың күрделі түрін атқарады. Сөйлеу өз
кезегінде ойлаумен тығыз байланысты, себебі ол өз дамуында бірқатар тілдік
заңдылықтарға сүйенеді.
Сөйлеу қызметтері күрделі генез арқылы ажыратылады. Басқалары сияқты,
яғни жүйке жүйесінің элементар пішіндері сияқты олар туа біткен болып
табылмайды. Керісінше олар шартты – рефлекс заңдары бола дамиды және
баланың миына қоршаған ортадан келіп түсетін дыбыстық қыздырғыштардың
мінезі мен пішініне тәуелді болады [11, 12].
Адамның сөйлеу аппараты шартты түрде бір-бірімен тығыз байланысын екі
бөлімге бөлінуі мүмкін. Бірінші бөлімге бас миында орналасқан орталық
немесе реттеуші бөлім жатады, екіншісі – тыныс мүшелерін дыбыс дыбыс шығару
және дыбысты артикуляциялық мүшесін қамтитын атқарушы бөлім. Осы аталған 3
қызметтің тығыз өзара әсерлестігі адамның анық сөйлеу әрекеті механизмінің
маңызды, құрамдас бөлігінің бірі болып табылады. Алайда, сөйлеу дыбыстарын
шығаратын атқарушы бөлімнің маңызды рөліне қарамастан оның құрылуы дегенмен
жүйке жүйесінің жоғары бөлімдеріне тәуелді болды. Себебі ол атқарушы
аппараттың механизмдерін тиісін өткізуші жолдар арқылы іске қосады. Орталық
бөлімнен кейін түсетін импульстердің әсерінсіз жергілікті сөйлеу
мүшелерінің қозғалысының жүзеге асауы мүмкін болмайды.
Сөйлеу тыныс алумен тығыз байланысты, ал жергілікті сөйлеу мүшелері
сонымен қатар тыныс мүшелері болып табылады. Тыныс аппаратының кейбір
бөліктері иіс сезу (мұрын қуысы) және ас қорыту (тіс, тіл, таңдай,
жұтқыншақ) мүшелеріне жатады.
Сөйлеу актісінде бір – бірімен байланысын 3 қызмет арқылы ажыратылады:
1. ауа ағымының пайда болуы
2. дауыстың пайда болуы (фонация)
3. сөйлеу дыбысының пайда болуы
Сөйлеу дауысы мен дыбыстарын жасау үшін энергия көзі болып табылатын
ауа ағымы тыныс актісі процесінде, яғни тыныс шығару фазасында пайда
болады. Сөйлеу әрекетінде тыныс мүшелері өзінің негізгі биологиялық қызметі
– газ алмасуды жалғастыра отырып, бір уақытта дауысжасаушы және
артикуляциялық қызмет атқарады. Осыған байланысты сөйлеу кезіндегі тыныс
немесе сөйлеу тынысы, қарапайым, яғни анималды тыныстан арасындағы
айырмашылық көрінеді. Бұл сөйлеу әрекеті кезіндегі тыныс актіне қойылатын
ерекше шарттарға байланысты болады [13].
Сөйлеу - тыныс шығару фазасында пайда болады. Толық мағыналары
үзінділерді (сөйлем, синтагма) біркелкі айту үшін ұзақ тыныс шығару қажет;
ал тыныс алу керісінше сөйлем үзіктерінің арасындағы үзілісті азайту үшін
ұзақ тыныс шығару қажет; ал тыныс алу керісінше сөйлем үзіктерінің
арасындағы үзілісті азайту үшін қажетінше қысқа болуы қажет. Сөйлеу
тынысының алғашқы ерекшелігі тыныс шығарудың тыныс алудан ұзақ болуында.
Егер кәдімгі тыныс кезінде тыныс алу мен шығару ұзақтығы бірдей болады деп
айта алсақ, сөйлеу тынысы кезінде тыныс шығару фазасы тыныс алу фазасынан 5-
8 рет ұзағырақ болады. Тыныс шығарудың ұзаруы тыныс циклдың ішінде уақытты
болу есебінен ғана емес (тыныс алу – тыныс шығару), сонымен қатар барлық
циклдың жалпы ұзақтығын арттыру есебінен жүргізіледі. Кәдімгі тыныс
кезіндегі тыныс қимылдарының саны минутына 16-20 рет, яғни бір цикл 3-4
секунд жалғасады; сөйлеу кезінде тыныс жаттығуларының саны екі есе азаяды
(минутына 8-10 рет) және сәйкесінше әрбір тыныс циклына екі есе артық уақыт
бөлінеді (6-8 секунд). Бұл сөйлеу тынысының екінші ерекшелігі тыныс
актісінің осындай қайта құрылуы кезінде сөйлеу үзіктерінің арасындағы
үзілістер шамамен бір секундқа дейін қысқарады, ал сөйлеу үзіктерінің
ұзақтығы кәдімгі тыныс ау кезіндегі 1 ½ 2 секундтың орнына 5-7 секундқа
дейін ұлғаяды.
Аса ұзақ тыныс шығару үшін кәдімгі тынысқа қарағанда көп ауа қоры
қажет. Шығарылған ауа көлемі, сонымен қатар жұтылатын ауа көлемі сөйлеу
кезіндегі кәдімгі тыныстағы 500-600 мл орнына 1800-2000 мл дейін жетеді.
Осылайша, сөйлеу кезінде тыныс алу тек аса қысқа емес, сондай – ақ өте
терең болады. Жылдам және терең тыныс алудың қажеттілігі сөйлеу тынысының
үшінші ерекшелігін шарттайды: ол кәдімгі тыныс алу сияқты мұрын арқылы
емес, ауыз арқылы іске асады, себебі мұрын арқылы ауаның үлкен көлемін
сіңіруге мұрын жолдарының тарлығы кедергі келтіреді.
Сөйлеу тынысының төртінші ерекшелігі – сөйлеу кезіндегі тыныс шығару
тыныс шығару бұлшықеттерінің белсенді көмегі арқылы іске асуы (қарын
қабырғасы және қабырғааралық бұлшықеттер). Бұл біріншіден аса ұзақ және
терең тыныс шығауды қамтамасыз ету үшін және екіншіден онсыз дыбысты сөйлеу
мүмкін болмайтын ауа ағымының қажетті қысымы пайда болуы үшін қажет.
Баланың дұрыс сөйлеу тынысы сөйлеу дағдысының даму процессінде
қалыптасады.

1.1.2. Тірек – қимыл аппараты зақымдалған бастауыш мектеп
оқушылар онтогенезіндегі сөйлеу тынысы

Тыныс алу - адам өмірін қамтудың қызметтерінің бірі. Мөлшерлі
биологиялық тыныс ритмикалық түрде жүреді, тыныс тереңдігі ағзасының
оттегіге деген қажеттілігіне сәйкес болады. Тыныс алу тыныс шығаруға
қарағанда белсендірек фаза болып табылады. Тыныс алу кезінде диафрагма
бұлшықеттері қарын қуысының мүшелерін ішке қарай қысып, қысқарады. Осылайша
ол кеуде қуысының көлемін ұлғайтып, өкпенің ауаға толуын қамтамасыз етеді.
Тыныс шығару кезінде диафрагма бұлшықеті босаңсиды. Кеуде қуысын көтеретін
және түсіретін қабырғааралық бұлшықеттермен бірге диафрагма жоғары қарай
көтеріліп, өкпені қысады. Диафрагма тыныс алуды қамтамасыз ететін басты
қорғаушы күш ретінде тыныс алу процесіне қатысады.
Қалыпты жағдайда сөйлеу алдында тыныштық күйге қарағанда жылдам және
аса терең тыныс алу болады. Қалыпты сөйлеу тыныс алуы қатпарастылық қысым
мен дұрыс дауыс жүргізуді қамтамасыз ете алатын қажетті ауа көлемінің
болуымен сипатталады. Жүйелі ойды дыбыстауда ауа ағымын тиімді шығындау
тәсілі үлкен маңызға ие болады. Тыныс шығару уақыты сөйлем үзіндісін
интонациялы және логопедиялық тұрғыда үзіліссіз айту кезінде дауыстың
дыбысталуын қамтамасыз ететіндей ұзартылады.
Сөйлеу дамуының барысында арнайы сөйлеу тынысының механизмі, және өз
кезегінде арнайы сөйлеу диафрагмасының қозғалыстары пайда болады. Ауызша
сөйлеу процессінде диафрагма жіңішке дифференцияланған тербелісітік
қозғалыстарды шығарады. Олар сөйлеу тынысы мен дыбыс шығару қамтамасыз
етеді.
Дауыстық байланыстардың тербелісі нәтижесінде шығарылып отырған ауа
ағымының үзілуі байқалады – дауыстың байланыстарының үстінен ауа
бөлшектерінің тербелісі пайда болды. Бұл тербелістер орнатылған құбырдың
ішінде тиісінше өзгерістерге ұшырап, қоршаған ортаға беріліп, дауыс
дыбыстары сияқты қабылданады.
Церебральді сал ауруымен ауыратын балаларда тіл мүкістігінің көп
болатыны белгілі. Тіл кемістігі ауру сипатымен белгілінеді, атап айтқанда,
орталық жүйке жүйесінің ағзалық кемшілігі (түрлі дизартриялар, түрлі
этиологиялық дисграфиялар, моторлы және сенсморлы алалиялар, т.б.). Сонымен
бірге, ауру баланыі дамуы мен тәрбиеленуінің ерекшелік жағдайының
салдарынан церебралды сал ауруымен ауыратын балаларда функционалды тіл
кемістігі болуының орны бар. Ереже бойынша, церебралды салмен ауыратын
баланың тіл кемістігінің толық спектрлері байқалады. Мысалы, дисграфия
алалия және дизартриямен үйсесіп келуі мүмкін. Тіл кемістігі церебралды сал
ауруымен ауыратын балалар клиникасында 70 пайыздан 85 пайызға дейін болады
[14, 15].
Анықталған ми жүйесінің зақымдалу қатарында постнаталды онтогенезде
күшейе дамитын, сөйлеу қызметі үшін маңызды, ми бөліктерінің кеш қалыптасуы
бұл балалардың генезіндегі сөйлеу бұзылушылығы қайталама жетіспеушілік
болып саналады. Сөйлеу бұзылушылығы құрылымның ерекшеліктері және олардың
дәреже көрсеткіші біріншіден, ми қабаттарының зақымдалуынан және
локализациядан байланысты.
Баланың сөйлеу дағдысының дыбыс шығарушылық жағы туралы тек онда
сөздердің жеткілікті қоры жинақталған кезде ғана айта аламыз, себебі
дыбыстар және олардың түрлі іс - әрекеттерін балалар тек сөз арқылы ғана
қабылдайды. Өйткені сөз олар үшін ең кіші сөйлеу бірлігі болып табылады.
Балаларда дыбыстардың пайда болу уақыты мен тәртібі түрлі болады. Әдетте
екі жаста бала еріндік дыбыстарды (п, п’, б, б’, м, м’), еріндік – тістік
(ф, ф’, в, в’), тілады (т, т’, д, д’, н, н’, с’, л’), тілартылық (к, к’, г,
г’, х, х’), ысқырғыш (с, з, з’, ц), ысылдағыш (ш, ж, ч, щ) және үнді (р,
р’, л) дыбыстарды игереді, әдетте ол (с - с’, ф’, з – с, в, ц – т, ш – с,
т, ж –с’ д’, ч- т’, щ – т, р - л’, р’ - л’, л - л’) дыбыстарын айтпай
тастап кетеді немесе ауыстырады [16].
Төрт жасында балалардың дыбысты айту дағдысы біршама ерекшеліктермен
сипатталады:
1. Дауыссыз дыбыстар жұмсақ дыбысталады (зенірек - зеңбірек)
2. Ысқырғыш дыбыстар с, з, ц аса анық айтылмайды, тасталып кетіледі
(айсан - зайсан, ағат - сағат), ауыстырылады, с – ф (фауысқан
- сауысқан), з – д (дақым - зақым), ц- т (тирк - цирк).
3. Ысылдаған дыбыстар ш, ж, ч, щ жеткілікті дәрежеде анық айтылмайды,
тасталып кетіледі, (апка - шапка, ат - жат т.б.), ауыстырылады:
ш – с, ф (сапка, фапка - шапка), ж – з, в (зат, ват - жат),
ч – ц, ть (оцки, отьки - очки), щ - с’, т’(сётка, тётка -
щётка)
4. Л және р дыбыстары тасталып кетіледі (ашын - лашын, еніш -
реніш), л дыбысымен ауыстырылады (ляшын - лашын, лэніш - реніш);

5. Бес жастағы балада дыбыстарды қабылдауға және дауыстап айтуға деген
қабілет жетіледі:
дауыссыздарды жұмсартып айту жойылады;
көптеген дыбыстар аса дұрыс және анық айтылады;
ысылдағыш т – дыбысын ысқырғыш д – дыбысымен ауыстыру жойылады;
ысылдағыш ш, ж, ч, щ – дыбыстарын ысқырғыш с, з, ц дыбыстарымен
ауыстыру жойылады [17, 18].
Көптеген балалаларда жекелеген дыбыстарды айту қасиеті әлі
қалыптаспаған болуы мүмкін: ысылдағыш дыбыстар жеткілікті дәрежеде
айтылмайды, балалардың барлығы бірдей л және р дыбыстарын айта алмайды.
Алты жасында балалар басқалардың сөйлеуіндегі ерекшеліктерді байқап,
өздерінің сөйлеу кемшіліктерін анықтай алатын дәрежеге жетеді. Бұл кезеңде
балалар әдетте ана тілінің дыбыстарын қабылдап, дауыстап айта алады. Алайда
жекелеген сөйлеу кемшіліктері де кездеседі. Ысқырғыш дыбыстар әрқашан анық
айтылмайды, р – дыбысын л немесе й-дыбысы ауыстырылады. Дыбыстардың орнын
ауыстырумен қатар балалардың күрделі фонетикалық құрылымы бар сөздердегі
құрылған дыбыстарды тұрақсыз қолдану үрдісі байқалады.
Сөйлеуді дұрыс қабылдау және балаларда органикалық кемшіліктердің
болмау шартында бала алты жасында ана – тілінің барлық дыбыстарын игеріп,
оларды сөйлеу кезінде дұрыс қолданады.
Жеті жастағы балалар үшін ерекше назар ысылдағыш, ысқырғыш дыбыстарды
дұрыс айту дағдысын бекіту (с - ш, з – ж, ц- ч, с) қатаң және ұяң (п- пь, т-
ть, в – вь, с – сь, л – ль, р – рь және т.б.) дыбыстарды л – р (ль - рь)
дыбыстарын айыра білуге бөлінеді. Дыбыстарды айту дағдысын жетілдіруге
бағытталған жұмыс жекелген заттар немесе ойыншықтарды атау кезінде анық
дыбыстау, жаңылтпаштарды қайталау, жұмбақтарды, мақал мәтелдерді,
тақпақтарды және т.б. құрамында белгілі бір дыбыстар тобы бар туындыларды
жаттау арқылы жүзеге асады.
Дыбыстарды дұрыс, анық айту және сөйлеу тыныс дамыту жұмыстары бір
уақытта жүргізіледі.
Осылайша, сөйлеу тынысы ауызша сөйлеуді өндірумен тығыз байланысқан
кездейсоқ психомоторлық реакциялар жүйесі болып табылады. Сөйлеу тынысының
сипаты ішкі сөйлеудің бағдарламаларына және сөздің интонациялық толығуына
тәуелді болады.
Баланың сөйлеу тынысының дамуы сөйлеу дамуымен бір уақытта басталады. 3
– 6 айлық жаста тыныс жүйесінің дауыстық реакцияларды жүзеге асыруға
дайындық басталады, яғни сөйлеу онтогенезінің ерте кезеңінде ауызша
сөйлеудің негізінде жатқан фоноторлық тыныстық механизмдердің
координациясының диффуздық жасалуы жүреді [19, 20].
Екі жасында балаларда дауыс аппараты толық қатаймайды, сөйлеу тыныс
шығаруы өте әлсіз болады, соның нәтижесінде нәрестенің дауысы жеткілікті
дәрежеде қатты шықпайды.
Үш жасында балаларда қысқармалы әлсіз тыныс шығару болады (1,5 – 2
секунд), көбісі жеткіліксіз қатты сөйлейді [21].
Төрт жасында балалардың тыныс шығаруы ұзарады, нәресте а, у, и сияқты
дауысты дыбыстарды 3 – 5 секунд ішінде бір деммен айту жағдайына жетеді.
Бес жасында баланың тыныс шығаруы ұзарады. Дауысты дыбыстарды ол 3 – 7
секунд ішінде айта алу мүмкіндігіне ие болады.
Алты жаста тыныс шығару аса ұзағырақ болады. Сөйтіп балалар бір деммен
и, а, у дауысты дыбыстарын 4 – 8 секунд ішінде айта алады. (еркін жағдайда
4 – 6 секунд ішінде)
Жеті жаста тыныс алудың дамуына балалардың қысқа мақалдар,
жаңылтпаштар, жұмбақтарды бір деммен айтуына ықпал етеді. Ұзын сөйлемдерді
айту кезінде үзілістерді дұрыс қолдануға, дер кезінде ауаны жинауға көңіл
бөлу қажет.
Мектеп жасындағы балаларда сөйлеудің даму процесінде анық сөйлеу және
сөйлеу тынысы қоса қалыптасады. Дені сау балаларда 4 – 6 жасында, сөйлеу
ауытқуы балаларда 5 жасында негізінен кеуде – қарындық тыныс байқалады,
бірақ кейбір жағдайларда (жүгіруден соң, алаңдаудан кейін, ересек адаммен
сөйлеген кезде т.б.) олар шығын көтерместен ,барлық кеуддесімен дем алады.
Қарапайым сөйлеу міндеттері қалыптасқан сөйлеу тынысының көрінісінде
дамиды. Бір сөйлеу тынысы кезінде олар үш немесе төрт жалпы қолданатын
лексикасы бар сөздерден тұратын сөйлемді дауыстап айта алады. Қысқа
жылдардан тұратын тақпақтарды балалар мектепке дейінгі жаста, әдетте сөйлеу
тынысын қолдана отырып айтады.
5 – жастағы балалардың міндетін жаңа лексикасы бар 4 – 5 – 6 сөзден
тұратын сөйлемдерді енгізу арқылы қиындату сөйлеу тынысының бұзылуына әкеп
соқтырады семантикалық және сонымен қатар лексикалық – грамматикалық
тұрғыда айтылатын сөйлемдерді қиындату сөйлу тыныс шығаруын бұзады: қосымша
тыныс алу пайда болады, тынысты ұстап қалу байқалады, яғни сөйлем үзіледі
және интонациялық тұрғыда сақталмай қалады.
10 жастағы балалар қалыпты эмоционалдық күйде сөйлемді бір деммен
айтады, яғни сөйлеу тыныс шығаруы сөйлем ұзақтығына сәйкес созылады.
Осылайша 10 жаста сөйлеу тынысы қалыптасады және ол мәтіндердің
синаматикалық бөлінуіне сәйкес келеді, яғни сөйлеу тынысын қалыптасуы
аяқталады. ПДТ-сы бар балалардың физиологиялық тынысының өзіндік
ерекшеліктері бар. Ол әдетте үстіртін, жоғары қабырғалық типті болады, оның
ритмі тұрақсыз және физикалық сонымен қатар эмоционалдық ауыртпалық
түскенде оңай бұзылады. Мұндай балалардың өкпелерінің көлемі олардың жасына
сәйкес қалыптан біршама төмен болады.
Егер дамуында ауытқу жоқ балалардың сөйлеу тынысы онтогенезде сөйлеу
қызметінің қалыптасуына байланысты қалыптасса, тірек – қимыл аппараты
зақымдалған балаларда ол патологиялық тұрғыда қалыптасады.
Сөйлеу процесінде оларда тыныстың тежелеп, диафрагма мен кеуде қуысының
бұлшықеттерінің қалтырап қысқаруы байқалады.
Тыныс аппаратының бұлшықеттерінде белсенділіктер пайда болу және сөйлеу
тыныс алуының бұзылу мүмкіндігінен басқа мұндай балаларда сөйлеу алдында
шығарылатын ауа көлемінің жеткіліксіз болуы, сонымен қатар қысқартылған
және үнемсіз пайдаланылатын сөйлеу тыныс шығаруы байқалады. Жекелеген
сөздерді айту тыныстың әр түрлі фазаларында жүзеге асады – тыныс алу және
тыныс шығару кезінде.
Осылайша, сөйлеу ауытқуы бар мектеп жасына дейінгі балалар ең алдымен
өкпе көлемін дамытулары қажет, ал орта және жоғары мектепке дейінгі жаста
және бастауыш мектеп жасында кеуде – қарындық тыныс типін қалыптастыру
қажет. Осы көрсеткіштердің қалыпқа жақындауы кейіннен сөйлеу тынысын
дамытуға көшуге мүмкіндік береді, өйткені кеуде – қарындық тыныс типі
сөйлеу тынысы сияқты күделі психофизиологиялық қызметтің қалыптасуына ықпал
ететін база болып табылады.

3. Церебралды сал ауруымен ауыратын балалардағы
сөйлеу кемшілігі

Церебралды сал ауруымен ауыратын балаларда сөйлеу сөйлеу онтогенезінің
зақымдалуы сондай-ақ, олардың әлеуметтік қатынастарының шектелуімен және
заттық – тәжірибелік қызметтерінің жетіспеушілігімен байланысты болып
келеді. Церебралды сал ауруымен ауыратын балалардың зақымдалға сөйлеу және
қозғалыстары өзара тығыз байланысты. Бұл сүйек және сөйлеу бұлшықеттерінің
жалпы бұзылуынан байқалады [22].
Сопақша ми дизартрия симптоматика кезінде дауыс және дыбыс шығару
кемшілігі сақталады. Тілдік бұлшықтардың спастикасында тіл мен еріннің
тонусы жоғарылайды. Тіл қиналып, тілдің ұшы білінбейді, де ерін де қиналып,
тілді жаттықтыру уақытында болатын қозғалыстың шектелуіне әкеледі.
Гипотония кезінде шайнау және бет - әлпет бұлшық етінің солғындығы
білінеді. Балаларда бұл әрекет аз қозғалыста болып, үнемі ауызы жартылай
ашық болады. Дистония уақытында артикуляция бұлшықеті үнемі қысқарып,
гиперкинетикалық құрамдас бөліктері сүйемел жасайды [23]. Церебралды сал
ауруымен ауыратын балаларда гипертония бұлшықеті асимметриялық ауру
белгілерінде байқалады. Патологиялық өсу тонусы тіл мен ерін бұлшықетінде,
қауырт гипертония және гипотонияда, артикуляциялық мүшелерінің еркін
қозғалысы болмауында белсенділік, біріккен қозғалыстар, еркін қолмен
жасалатын моторикада қозғалу белсенділігін қалыптастыруда тежелудің айқын
көрсеткіші сонымен қатар, катарлы түзету рефлексінің пайда болуы болып
табылады [24].
Алты айдан тоғызыншы айға дейінгі кезеңдегі уақытта церебралды сал
ауруымен ауыратын бала анасын басқа адамдардан өте қиындықпен ажыратады,
жаңка көрген адамына кері эмоциялық реакция білдіреді. Қарым – қатынас
танытпайды, үлкендермен араласуға қиындықпен барады. Адамдармен қатынасу,
араласу кезінде ымдауды қолданбайды, мимиканы аз пайдаланады. Былдырлаудың
өзіндік ерекшелігі бар және бұл бірнеше жылға созылуы мүмкін. Бұл кезеңдегі
(6-9 айларда) ерекше маңызды нәрсе сенсорлық және шоғырландыру байланысы
болып табылады. Тізбекті қозғалыс рефлексі қозғалыс актісін ұйымдастыруға
және қозғалысты дамытуға жетекші болады. Бұл көру моторлық тәртібін
белсендіруге жауапты ғана емес, баланың дыбыстық реакциясына да әсер етеді
[25, 26, 27]. Церебралды сал ауруымен ауыратын балаларда ауыз қызметі
рефлексі сөзсіз байқалып тұрады. Тістеу және шайнау өте әлсіз, әсересе
шайнауы қиындыққа түседі. Тіл мен ерін қозғалысы да нашар болады. Тамақ ішу
кезінде қорғаныш рефлекторлы реакция түріндегі псевдобульбарлық
симптоматика бақыланады. Церебралды сал ауруымен ауыратын тоғыз айдан он
екінші айға дейінгі балалардың бесінші кезеңіндегі әлсіз эмоционалды
реакция білінеді. Ол ымдау көмегімен араласуды дұрыс санайды. Ауыр
жағдайларда баланың айналасындағы өмірге деген қызығушылығы төмен болады,
былдырлап сөйлеудің өзі аз болып келеді (бір, екі сөз ғана). Егер сау
баланың былдыры білімі, әдісі және орнына қарай қарастырылғанымен,
церебралды сал ауруымен ауыратын балалардың жылдам сөйлеуге ауысуы екі
жасқа жақындағанда болуы мүмкін, ырғағы өте аз болады, сөздері кем дегенде
екі – үш буыннан тұрады. Осы кезеңде психомоторлық даму (9 – 12 ай)
біріктірілген сенсорлық қызмет түрінде қарастырылады., яғни түзету
реакциясы және қозғалыс бақылауында көрінеді. Ауыз қызметінің қозғалысы
көбінесе қарастырылғанымен, бақыланғанымен, тамақтанған кезде тағам ауыздан
төгіліп, дұрыс қабылданбайды.
Он сегізінші айлан отыз алтыншы айға дейінгі церебралды сал ауруымен
ауыратын балаларда түсінік бұзушылығы сөйлеу деңгейінде сияқты, ым
деңгейіндегі де бақыланады. Тілдегі грамматикалық ақаулардың және
персеверативті эхолалияны қатысуымен сөздері аз, үзік, үзінді болады, иә
сөзі мәнінің түсінігі қалыптаспайды [28, 29].
Тіл дамуының бұзушылығы олардың белсенді және енжар сөздіктерінің
аздығынан, сөз мағынасын жеке қарастырмағандықтан көрінеді, заттың
мағынасын білдіретін сөздерді балалар жиі шатастырады. Сөйлеу қарым –
қатынастың негізгі құралы, қозғалыс және әлеуметтік араласу арқылы дамиды
және оның іргетасы бала өмірінің алғашқы жылдарында – ақ қаланады.
Церебралды сал ауруымен аауыратын балалар сенсомоторлық ортаның бұзылуынан
бейнет көрген жағдайда, бәрінен бұрын тіл грамматикасының үдерісі, дыбыс
шығаруы, ым және бет ымдауын игеруі, кинестетикалық қабылдауы, дем алуын
және қозғалуын бақылауы өзгереді. Айналадағы ортада өзін өз бетімен қарым –
қатынасын жүзеге асыру мүмкіндігі жоғалады. Осының бәрі сөйлеу қызметінің
шектелуіне және толық психикалық дамуына тікелей ықпал жасайды [30, 31].
Церебралды сал ауруымен аауыратын балаларда дыбысталуы бойынша жақын
сөздерді есту арқылы айыру қабілетін жоғалтатын сөйлеу жүйесінің
фонематикалық бұзылуы байқалады. Есту қабілеті төмен жағдайда естігенін
еске сақтау және есту арқылы қабылдау кемшіліктері кездеседі. Бұл
қобалжулардың церебралды сал ауруымен аауыратын балалардың тіл грамматикасы
қалыптасуының бұзылуы мен тежелуіне тура қатысы бар. Сөйлеу дыбысын
қабылдау қиындығын және бір мезгілде сөйлеу бұлшықеті қозғалысының қабілеті
шектелгенін сезінген бала осы патологияға реркше тән тіл грамматикасы
үдерісінде қиындыққа түседі.
Екінші жылға қарай қалыпты даму жағдайында бала қалыптасады. Церебралды
сал ауруымен ауыратын балалар бұл кезде әлі рефлекстер ықпалында болады.
Ауыр түрлерінде өте қарабайыр және ерте болып табылатын асиметриялық мойын
нүктелік рефлекс биік болады [32]. Бұл рефлекс мойын-түзету рефлекстің
пайда болуына және дамуына бөгет жасайды. Спастикалық ауру белгілері бұлшық
еті тонусын күшейтудің иемденеді. Қалыпты қозғалыс кестесі рефлекстік,
бүгілу және созылу синеогиясына ауысып кетеді. Неғұрлым спстика жоғары
болса, солғұрлым спастика жоғары болса, соғырлым динамикалық және
постуралды тоникалық әрекет түрлері қарапайым болып табылады. Церебральды
сал ауруының атетозды түрінде, спастикалық түрдегі сияқты арқасында жатқан
жағдайда жазылу рефлекторлық әрекетінің моделі биік болады. Ішімен жатқан
жағдайда иілу рефлексі биік болады. Бұл әрекеттер қозғалысты күшейту
кезінде үлкен бұзушылықты көрсетеді. Бұдан басқа, айырықша гипотониядан
айрықша гипертонияға ауысатын, өзгертілген бұлшықет тонусы тән, спастикалық
аурумен ауыратын бала бұл қалыпты өте қысқа уақытта сақтай алады. Түзету
жұмыстарын жүргізудің маңыздылығы церебральды сал ауруы мен ауыратын
балаларды кеудедегі балалардың және кішкентай балалардың рефлексінің
қалыпты дамуына жету және потологиялық рефлексті тоқтату үшін кешенді
ыңғай әзірлеу болып табылады. Әртүрлі рефлекстің қалыпты дамуына
жоқтығын жетіспеушілігін және қолда бары зерттеу, тіл грамматикасын
қалыптастыру үдерісіне тікелей қатысты сауықтыру әдісіне сәйкес әзірлеме
үшін мағынасы бар болып ғана қоймай, балалардың церебральды сал ауруын
ерте аңғаруға болады.
Қалыпты жағдайда бала әр түрлі дәрежедегі тамақты қабылдау кезінде,
тамақтану үдерісінде ауыз мүшерелі қызметін дамуының ең жақсы кезеңіне қол
жеткізеді. Бұл кезең тіл қызметін дамытудың маңызды алғышарты болып
табылады. Бала 6-8 айға жақындағында қою немесе қатты тамақ кесектерін
жұта алады. Ол келесі тіл қозғалыстарын қолдана алады. Түзету тарту: 1
жасқа жақындағанда бала ыдыстың ернеуінен іше алады. Кейде білінер-білінбес
тіл болып, түзету-тарту қозғалысы мүлдем болмауы мүмкін. Бала тілдің
көмегімен ауызындағы асты жан-жағына қозғалта алады. Астыңғы ернімен
бағытталған асты алу үшін қызыл иегін және жоғары шыққан тісін пайдалана
алады. 1,5 жаста стакан шетін ұстау жақ сүйегі ыңғайлы жағдайды әдеттенеді.
Үстіңгі ерін стканның ернеуін жауып сұйықты жұтуға ыңғай жасайды. Тіл
қозғалысы қызмет атқармайды. Қажет болған кезде қатты тамақты, ернін жеңіл
қысыңқырап жұтады. Шайнау кезінде ерін жабық болады, әсіресе ауыздан
тамақтың ағып кететін жағдайларының алдын алу болып табылады. 2 жаста
ауызбен алудың тұрақты жағдайлары қалыптасады. Жақ сүйектері жаттығып
бала стакан ернеуін тістеуін қояды, стаканды тісімен ұстау мүмкіндігі де
туады [33]. Бала тілін ерніндегі тамақты тазалау құралы ретінде де
пайдалана алады. Ерін қозғалысы жақтың қозғалысына тәуелсіз бола алады,
тамақты дұрыс және сілекей жұту кезінде тілдің ұщын ақырын көтереді. Әр
түрлі қатты дәреедегі тамақты ептілікпен жей алады. Бала ауыз ортасындағы
тамақты екі ұртына жеңіл ауыстыра алады. Тілдің ұшын көтеріп нақты , дәл
қимылды пайдаланады, шайнау кезінде ернін дәл қозғалтады. Тамақтандыру
және сөйлеу ауыз қызметіне орай, өзара тығыз байланысты, яғни
тамақтандырудың рефлекстері қозғалыс дамуы, ауыз праксисін және дыбыс
шығаруыды қалыптастыруға әкеледі. Сору және жұту бір қалыпта болады,
себебі бұл үдеріссіз бала өмір сүре алмайды, бірақ олар спастикалық және
атетозды ауру белгілері болған жағдайда бұзылуы мүмкін. Жұту рефлексі
дамуының тежелуі ауыз қуысындағы сұйықтықты жұтуда қиындық тудырады.
Церебральды салмен ауыратын балада туғаннан кейін сору рефлексінің
қалыптаспауы жиі кездеседі, себебі мидың зақымдануы бұл рефлекс
бақылауының бұзылуына алып келеді. Церебральды салмен туған баладағы
ерекше қиындықтар алғашқы айларды сору және жұту рефлексі дамуының
жеткіліксіздігінен ғана емес, сонымен бірге ерін, тіл бұлшық еттер
қызметінің нашарлығына, жалпы қозғалыс қызметтерінің бұзылуына байланысты
болады. ЦСА балалар 1-ші айдағы емізу кезінде дұрыс сора алмай, жиі
қақалады бұл алғашқы 4 айға созылады, сүт ауыздан жиі ағып төгіліп отырыды.
Бала ерін бұлшықеттерінің қиналуына байланысты, еміздікті қабылдау үшін,
ерінін алға соза алмайды. Бала жиі қақалып – шашалып сілекей бөлін
жоғарлап, бәсең ғана шағады. Тыныс алуы бұзылыңқы және жеңіл желпі болады.
Жұту, ему, тыныс алу қызметтерінің арасындағы қозғалысты белгілейді.
Тірек – қимыл аппараты зақымдалған бала басын ұстай алмайды,
тамақтандыру үрдісінде ерекше көңіл бөлу керек. ЦСА ауыратын бала ернінен
стаканды ернеуінен шығып, шетіне ғана тиеді. Сол сияқты
құтыдантамақтырғанда да бала тілін сыртқа шығарып дұрыс тамақтана алмайды.
ЦСА ауыратын бала 12 айда да өз бетінше тамақтана алмайды. Ол ыдысты қолмен
ұстағанның, түтікшені сорудың орнына ол оны аузына алып, тістелеп, ыдысты
жоғары ұстап сұйықты аузына төгеді. Осындай кемшіліктердің салдарынан бала
жөтеліп, шашалып, ауа жұтып қақала бастайды. Ауыз моторикасының дамуына әлі
жетілмеген жағдайдағы сенсо моторлық ауыз жүйесі үнемі сақталып тұратын
тағам кесегінің қалыптасуы, шайнау, ЦСА мен ауыратын бала қасықпен бірақ
шайналмайды, жұтқыншаққа кептеліп қалғанда құсу және шашалу пайда болады.
Шайнау және шайнап тастау қызметі ЦСА балалар үшін өте қиын және ауыр,
себебі ерін мен беттің қысылуын және тілдің қозғалуын жақ бұлшық етінің
айналу қозғалуын талап етеді. Осы қозғалыстың механизмі ол балаларда
зақымдалған [6, 34]. Тіл грамматикасына жанама ықпал ететін ауыз
моторикасына көңіл аудару керек. Сондықтан, барлық күшті баланың алғашқы
жылында емуге ынталандыруға бағыттау керек. Бұл келешекте тілдің дамуына
өте маңызды. Мұндағы мақсат, тек баланы тамақтандыру ғана емес, оның
тамақтану барысындағы тәртібін жақсарту, тамақтану – сөйлеуді
жақсартпайды, бірақ тамақ ішу тіл дамыту үрдісі үшін ауыз бұлшық етін
жаттықтыру қызметінің табиғи жолы. Тіл грамматикасымен жұмыс жасау ауыз
моторлық даму үшін қажетті, себебі , сөйлеу және тамақтану түйсігі әртүрлі
болып келеді. ЦСА балалардың тілін бақылауды ұйымдастыру үшін тілдік
координацияны қалпына келтіруге және дұрыс тыныс алуға ауыз моторлық
механизмнің арнайы дайындығы қажет. Ауыз моторлық жүйе әр түрлі ыңғайға
өте дайын тұрады. Бұл ауыз – моторлық қызметтің бұзылуына алып келеді.
Осылай айтуға сөйлеуге қиындық туғызады, себебі сөйлеу жылдамдығы денедегі
басқа қозғалыстардан өте жылдам болады. Тоникалық рефлекстер тіл
аппаратының бұлшық ет тонусына ықпал көрсетеді [35].
Лабиринттік тоникалық рефлекс тіл тамырының бұлшық ет тонусын
жоғарлатады. Симметриялық тоникалық рефлексі арқа. Бұл рефлекстің білінуі
тыныс алуы,дауыстау, қажетті ауызды ашу, тілді қозғау жоғары және төмен
қозғалту қиындықтарын туғызады. Ассимметриялық мойын тоникалық рефлексі
сөйлеу бұлшық еттеріндегі ассиметриялық тонусты жоғарлатады: тонус баланың
басын бұратын жақтың қарсы жағында көп жоғарлайды. Көрсетілген тоникалық
рефлекстің ықпалы ЦСА балалардың тілдік қобалжу ерекшелігін анықтайды. Бала
өмірінің 2 жылында сөйлеудің нақты қызметін қалыптастыру, басқаша айтқанда
артикулярлық, кинестетикалық кинетикалық праксистің және есту, сөйлеу
гнозисі дағдыларын жетілдіру. ЦСАмен ауыратын балаларда праксис бұрмалыңқы
болып қалыптасады, оның дамуы ерін мен тілдің қиналуынан, кинестезияның
нашарлығынан, артикулырлық аппарат бұлшық еттерінің сал болып қалуынан және
порездің бар болуынан күрделене түседі [36, 37]. ЦСАмен ауырғанда әсіресе
ауыр түрінде ауыз маңайында кинестетикалық зақымдалулар болады, олар
рефлекторлы потологоиямен үйлескенде праксис пен артикуляцияны
қалыптастыруға кері әсер етеді. ЦСА ауруы, атап айтсақ тек ғана
психомоторлық бұзылушылық емес, сонымен бірге рефлекстердің бұзылуы болып
табылады. Сондықтан дамудың ерте кезеңінде балаларды кешенді емдеу өте
дұрыс, бұл тілге де қатысты. Лингвистикалық кезеңде көптеген авторлар,
логотерапевтік емдеудегі тіл қызметі мен сөйлеу үдерісіне қатысып ана
қоймай, сонмен бірге жұту, сору, шайнау, тыныс алу кезінде де үлкен роль
атқарушы бұлшықет қызметін қалпына клтіруден бастауды ұсынады. Түзету
жұмыстарын жүргізу барысында баланың сору және басқа да рефлектрлі
қимылының басым болуы қажет, біртіндеп жалпы қимыл қозғалыстан тіл қызметі
қозғалысын тыныс алу қимылын және дыбыстық реакцияларды оқшауландыру керек.
ЦСА ауырған жағдайларда көбінесе тілдің жиі зақымдалуы дизартрия болып
табылады [38].
Дизартрия - сөйлеу аппараты иннервациясының жетіспеушілігіне себепкер
тілдің айтылу жағының бұзылуы. Дизартриядағы жетекші кемшілік жүйке
жүйесінің орталық және перифериялық органикалық зақымдалуымен байланысты,
тілдің дыбысталу және просодикалық ұсақтарының зақымдалуы болып табылады.
Дизартрия- латын тілінің термині, оны аударсақ дыбыс айтылуының бұзылуы
дегенді білдіреді. Көптеген авторлар тіл, дауыс ырғағы қарқын, дыбыс
шығару, тіл қызметі бұзылуы дизартриясына қатыстырып, бұл терминді кеңінен
қолданады [39, 40]. ЦСА кездегі дизартрияның ерекшелігі қаңқалық және
сөйлеу бұлшықетінің бұзылышылық бірлігінде көрінетін кинестетикалық
түйсіктің жетіспеушілігі болып табылады. Бала қимылды тек ғана қиындықпен
және шектеулі көлемде орындап қана қоймайды, сонымен бірге өзінің жағдайын,
аяқ– қол және тіл қызметі мүшелерінің қимылын нашар сезінеді, бұл мақсатқа
бағытталған әрекетті орындауда қиындық тудыртады және дыбыс шығару
бұзылушылығын күшейте түседі. ЦСА кездегі жалпы және сөйлеу моторикасы
бұзылуының өзара байланысы байқалады. Сондай-ақ бұл байланыс тіл қызметі
моторикасы бұзылуының ауыртпалығы әдетте, қол қызметі бұзылуының
ауыртпалығымен өзара байланысты дегенді бідіреді. Қол қозғалысымен тілдің
байланысын 1928 ж. В.М. Бехтерев белгілеген, ол тілді дамытудағы қол
қзғалсының ынталандыру ықпалын көрсетеді. 1973 ж. Кольцева М.М. жүргізілген
арнайы зерттеу негізінде, мынандай болжау айтылады. Қол саусағының қимылы
ОЖЖ ынталандырады және баланың тіл дамытуын жылдамдат дейді. Тіл қызметі
моторикасының ауыр бұзылушылығы, көбінесе, қолы зақымдалған балаларда
көптеп кездеседі. ЦСА ауыратын балалардағы дизартрия кезіндегі тілдің
дыбыс шығару жақтарының бұзылушылық ерекшелігі аяқ-қолдың барлық белсенді
қозғалыстағы бұлшық ет тонусының тіл қызметі бұлшық еті жоғарлатуы
дизартриялық бұзылулар күшеюі болып табылады. Қандай қимыл болмасын күшпен
орындалса жалпы және тіл бұлшығының жоғарлауына әкеліп соқтырады. Сабақ
барысында баладан иектен тыс кушті талап ептеу керек, бұл бұлшық ет
тонусының диффузиялық жоғарлауына және тілдің дыбысшығару жағының күшеюіне
себеп болуы мүмкін [41, 42].
ЦСА кезіндегі тіл қызметі бұзылуы баланың сөзді дұрыс айтуы
қалыптастыруы қиындатып ғана қоймайды, және қайталап фонематикалық
түйсіктің бұзылуына әкеледі. Бұл баланың сөзді дыбыстық талдау және олардың
дыбыстық-буындық құрылымын бұрмалау қиындығын туғызады. Бірақ, барлық
баладағы дыбыс құрамын меңгеру қиындығы, бірдей дәрежесі емес. Кейбір
балалар жеке дыбыстық бөлшектерге сөзді бөлгенде анық қиындықты сезінеді,
ал, басқалары дыбыстық талдаудың жай түрін ғана меңгере алады. Сөздің
дыбыстық талдау қиындығы тек кемістікпен айтылатын дыбыстарда ғана
байқалады және ең соңғысы, кейбір сирек жағдайларда балаларда кемістікпен
айтылатын дыбыстардың өзінде дыбыстық талдау қиындығы байқалмайды. Бұл
балалардағы фонетикалық-фонематикалық бұзылуды түзету кезінде
қарастырылатын ыңғайдың қажеттілігін анықтайды. ЦСА кездегі тіл
кинезтезиясыныңерекше бұзылуы, естуқозғалу кинестетикалық байланыстың
қалыптасуына кедергі келтіреді. Бұл жазу үрдісін де қиындатады. Тірек-қимыл
аппараты зақымдалған және дизартриямен ауыратын барлық балалар
фонематикалық есту, түйсік және талдау тіл қызметі дағдыларын дамытуға
бағытталған, кешенді жүйедегі логопедиялық іс-шараларды қажет етеді. ЦСА
ауыратын балалар үшін тілдің лексикалық жүйесін меңгеруде өзіндік
қиындықтар тән [43].
Н.Н. Молофеев ЦСАмен ауыратын бастауыш сынып оқушыларының етістік пен
зат есім атауларын қолдану жиілігін зерттеген. Ол зат есім, етістік және
қосындысы 90% құрайтын, ал басқа сөз таптарысөздікте өте жеткіліксіз
ұсынылғанын белгілеген. Оған бір сөздің бірнеше рет қайталануы, етістікті
игерудің жеткіліксіздігі. Олардың нақты мағынасын айыра алмауы тән. ЦСА
ауыратын бастауыш сынып оқушыларының лексикалық семантикалық бзылуларын
Л.Б.Халилова зерттеген. Балалардың көптеген сөздің мағынасын білмейтіні
айтылу ұқсатығына қарай бір сөздің мағынасын басқа сөздің мағынасымен
ауыстыратынын айтылған сөздің семантикасын, синомикалық қатынасқа тәуелді
болып тұрған басқа сөздің лексикалық мағынасымен шатастыратынын, кейде
сөздің шынайы мәнін, сөздің тек нақты мағынасымен алмастыратынын
белгілеген. Балалар көп мағыналы сөздің мағынасымен біріктіруарасындағы
қызметті бекітуде қаралады, оларда семантикалық ұсыныс өте шектеулі, тілдік
абстракция мен жинақтылық жеткліксіз. Көлемді зақымдалулар шектеулі сөздік
қорда, оны қалыптастыру кезінде өте баяу түрде көрінеді. ЦСА салмен
акыратын балалардағы лексиканың өзіндік зақымдалуына сал аурудың
ерекшелігі себепші. Қимылдың зақымдалуына байланысты әлеуметтік қатынастың
шектеулі баланы қорщаған ортамен белсенді танымен шектейді. Балалардың
қоршаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балалардың церебральды сал ауруы кезіндегі сөйлеу тілінің ерекшеліктері
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктерін анықтау
Тірек - қозғалыс аппараты бұзылған балалардың ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларды оқыту жағдайлары
МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ БАЛАЛАРМЕН ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ - ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ЖҰМЫСТЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
Логопедия ғылымы
Күрделі кемістігі бар тұлғаларға арнайы білім беру
ҚАЗАҚСТАНДА ЛОГОПЕДИЯЛЫҚ КӨМЕК КӨРСЕТУ
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу процесін ұйымдастыру
Тіл мүкістігі бар балалар
Пәндер