ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ



Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3
1
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
11
1.1
Жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық негіздері

11
1.2
Ерлік дәстүрлерін пайдалану арқылы жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың сипаттамасы
31
2
ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
40
2.1
Ерлік дәстүрлері арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жолдары

40
2.2
Тәжірибелік-педагогикалық жұмыс нәтижелері
46

ҚОРЫТЫНДЫ
60

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
64

ҚОСЫМШАЛАР
70

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміздің жыл санап қарыштап дамып, алдыңғы қатарлы мемлекеттердің тобына қосылуы білім саласына көптеген міндеттер жүктейді. Экономикасы озық елдердің білім жүйесіне үңілетін болсақ ұлттық тарихының, салт-дәстүрінің іздерін анық байқауға болады.
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2017 жылдың 31-наурыздағы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік атты Қазақстан халқына Жолдауындағы,Төртінші басымдық - адами капитал сапасын жақсарту бөлімінде білім беру саласында ұлтжандылықты дамытуға баса көңіл бөлу керек екенін ескертіп айтып өтті, ұрпақ тәрбиесіне басымдық берді. Президентөскелең ұрпақты рухани-адамгершілік рухында тәрбиелеу үшін қосымша қадамдар жасау қажеттігін ескертті [1].
Бүгінгі таңда ХХІ ғасыр табалдырығын еркін аттаған азат ұрпаққа тəлім-тəрбие мен адамгершілік құндылықтарға тəрбиелеуде білім берудің айқын жолдарын жетілдірудегі басым бағыттарын айқындауда, ұлттық санамен адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру көкейкесті мəселелердің бірі болып отырғаны анық. Сондықтан келешек ұрпақты ұлттық, халықтық тұрғыдан тəрбиелеу қажет. Жас ұрпаққа ұлттық тəрбие берудің негізгі бағдарлы идеялары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ" атты Жолдауында: Толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз мəдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн, - деген талапты білдіреді [2].
Олай болса, басты мақсат - жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, тəрбиелеу керектігі күн өткен сайын маңызды болып отыр. Ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге адамзат өркениетіне ұлттық тарихымызбен, рухани-мəдени мұралар сабақтастығын сақтай отырып, жас ұрпақты ұлттық игіліктер мен адамзаттық құндылықтар негізінде қабілетті тұлға тəрбиелеу керек. Сонымен қатар, ұлттық құндылықтарымызды əлемдік деңгейге шығару үшін: ана тілі мен дінін, тарихын, салт-дəстүрін, жас ұрпақ бойында жанашырлық, сенімділік, намысшылдық тəрізді ұлттық мінездерін қалыптастыру бағытында ғана басты мақсатқа жетеміз. Ұлттық тəрбие алған ұрпақ білімді, ақылды, ұлтжанды, еңбекқор, сыпайы, кішіпейіл болып өседі. Сондықтан да ұлттық тəрбие - ел болашағы. Қазақ халқының ғасырлар тұңғиығынан бері біте қайнасып келе жатқан ұрпақ тəрбиелеудегі тəжірибелері бізге сол рухани мəдениет, этикалық, эстетикалық құндылықтарын құрайтын ұлттық əдет-ғұрып, салт-дəстүрлер, əдеби, музыкалық, кəсіби, тұрмыстық фольклорлар, ерлік дәстүрлері мазмұны арқылы жетіп отыр [3].
Сонымен бірге ұрпақ тəрбиесіне, жалпы халықтың рухани дамуына байланысты тəлім-тəрбиелік ой-пікірлерді: Қорқыт Ата, əл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати, Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашқари, Асанқайғы, Шəкəрім жəне т.б., қазақ ақын-жырауларының мұраларынан, билер мен шешендердің тəлімдік сөздерінен көреміз [4,5,6,7,8,9,10,11].
Əр адам өзінің ұлттық тамырын, əдет-ғұрпын, мəдениетін түсіне алады. Өз халқына деген сүйіспеншілігі, өзінің туған жеріне, өз халқы өмір сүретін ортаға деген сезіммен ұласып жатуы керек. Халықтық əдет-ғұрып, салт-санасының байлығы, азаматтық ұстаным, патриоттық сезім Отанға деген сүйіспеншілігін қалыптастырады.Ендеше білім беру саласының басты міндеті - өскелең ұрпақты ерлік рухында ұлтжандылыққа тәрбиелеу екені айқын.
Патриотизм - туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілік. Оның негізгі элементтері: туған жер, ана тілі, елдің әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрі, ерлік дәстүрлері және оларды құрмет тұту [12 ].
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі - Отан. Патриоттық тәрбиенің негізгі мазмұны: туған жердің табиғаты, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар болып табылады.
Патриоттық тәрбие - қоғамдық дамудың әрқилы кезеңдерін бастан өткізіп келе жатқан тарихи құбылыс. Ол қазақ халқымен бірге жасалып жатқан сезім болып табылады. Отаншылдық сезім - адамда жүре пайда болатын жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс [13].
Өсіп келе жатқан жас ұрпақтың патриоттық тәрбиесі ең алдымен отбасы мен мектептегі білім мен тәрбиеге байланысты болса, екіншіден балаға жақын ұлттық ерлік дәстүрлердібілу арқылы қалыптасады. Яғни, патриоттық тәрбиені бастауыш сыныптан бастап, жоғары сыныпқа дейін жүзеге асырудың маңызы зор. Сондай-ақ, жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбиені ерлік дәстүрлері арқылы жүзеге асыруға болады. Ерлік дәстүрлері арқылы жеке тұлғаның рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін ең алдымен жоғары сынып оқушыларының ерлік дәстүрлеріне деген қызығушылықтарын оятып, оны әсерлі оқи, тыңдай білуге баулу қажет [14].
Ұрпақ тәрбиесінде ерлік дәстүрлері баланы елжандылыққа тәрбиелеу құралы екені сөзсіз. Ерлік дәстүрлерді оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану және ерлік дәстүрлері негізінде оқушыларды тәрбиелеу мәселесі бірнеше ғылыми-педагогикалық ебектерде көрсетілгені зерттеу барысында анықталды.
Патриоттық тәрбие мәселесін көптеген философ, психолог, педагог ғалымдар әрқырынан зерттеп, негіздегені айқындалды.
Ерлік дәстүрлердің тәрбиелік мәнін, білімдік маңызын орта ғасыр ойшылдары: Қорқыт [4], әл-Фараби [5], алдыңғы қатарлы ағартушылар Ш.Уәлиханов [15], А.Құнанбаев [16], Ы.Алтынсарин [17] жан-жақты қарастырып, өздерінің өмірден тоқыған пайымдауларынан ауқымды ой жүйесін құрған.
А.Құнанбаев шығармалары өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттыққа баулып, ар-намысын, адамгершілік үшін күресуге тәрбиелеп, қайрат, ақыл, жүректілік сияқты адам бойындағы қасиеттерді, азаматтық ұстанымды қалыптастырады [16].
Белгілі қазақ ойшылдары А.Байтұрсынов [18], М.Дулатов [19], Ж.Аймауытов [20], М.Жұмабаев [21], Ш,Құдайбердиев [11] т.б. өз еңбектерінде ұлтымыздың салт-дәстүрлеріне, оның ішінде отансүйгіштік және ерлік дәстүріне ерекше мән беріп, ерлік дәстүрлері негізінде патриоттық тәрбие беру туралы құнды пікірлер айтып көрсеткен.
Этнопедагогиканың мазмұнын, құралдарын, формалары мен әдістерін шешуде, оларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану жолдарын қарастыру мәселесі бойынша қазақстандық ғалымдар: Қ.Жарықбаев [22], С.Қалиев [23], С.Ұзақбаева [24], Ж.Наурызбай [25], К.Қожахметова [26] т.б. ерекше үлес қосты.
Қазіргі жағдайда философиялық тұрғыдан патриоттық тәрбиенің мән-мазмұнын зерттеген В.Г.Афанасьев [27], Л.П.Буева [28], В.В.Журавлев [29], В.А.Медведев [30], Г.Л.Смирнов [31], А.Г.Спиркин [32], Г.Н.Федосеев [33] т.б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде патриоттық тәрбиеге құнды пікірлер айтылған.
Сонымен бірге, қазақстандық философия ғылымының зерттеушілері Ж.Алтаев [36], Ж.Әбділдин [37], Ә.Нысанбаев [38], Қ.Шүленбаев [39], А.Қасабеков [40], Д.Кішібеков [41] және т.б. еңбектерінде халық мәдениеті мен өсіп келе жатқан жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде ерлік дәстүрлерінің рөлі, маңызы ерекше сипатталады.
Мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктері мен олардың даму заңдылықтарын зерттеген ғалымдар А.А.Давыдов [34], Н.В.Занков [35], А.Н.Леонтьев [36], В.С.Мухина [37], С.Рубиенштейн [38], А.Люблинская [39] т.б., республикамызда белгілі психолог ғалымдарымыз Т.Тәжібаев [48], М.Мұқанов [40], Қ.Жарықбаев [22], Ә.Алдамұратов [41], Х.Шерьязданова [42] т.б. қарастырған.
Зерттеліп отырған мәселенің теориялық және практикалық тұрғдан зерттеген қазақстандық педагог-ғалымдар: Т.Сабыров [43], Қ.Бержанов [44], С.Мусин [45], А.Сембаев [46], Ж.Б.Қоянбаев [47], Р.М.Қоянбаев [47], Е.Сағындықов [48], М.Жанпейісова [49] т.б. Сондай-ақ Ресей педагог-психолог ғалымдары: В.Сухомлинский [50], И.С.Марьенко [51], Е.И.Моносзон [52], Ю.К.Бабанский [53], И.Ф.Харламов [54], И.П.Подласый [55], П.И.Пидкасистый [56], Б.Лихачев [57], В.Сластенин [58], А.М.Столяренко [59], Т.А.Ильина [60], Н.В.Савин [61] т.б. еңбектерінде осы мәселе жан-жақты қарастырылған.
Оқушыларға патриоттық тәрбие беру мәселесі Ж.Г.Кондзе (Ресей) , Н.А.Асипова және А.Э.Измайлов (Қырғызстан), А.Ф.Фаткуллина (Башқұртстан , Л.Я.Градулис (Латвия) және т.б. ғалымдардың зерттеу пәні болған. Олардың ішінде Ж.Г.Кондзе мен И.И.Насыров еңбектерінде халық және ерлік дәстүрлері негізінде тәрбиелеудің жолдары реінде қарастырады.
Қазақстан Республикасы көлемінде К.Құнантаева, К.Н.Меңлібаев, В.Г.Храпченков, Қ.К.Жампеисова, А.Р.Жұмаханов, А.Муким, С.Ешімханов, С.Т.Иманбаева, С.Б.Омарова, Н.И.Қойшыбаева, Ж.А.Макатова, Д.С.Құсайынова, А.К.Кеңесбаева, А.К.Қалимолдаева т.б. патриоттық тәрбиеге байланысты елеулі зерттеулер жүргізді.
Патриоттық тәрбие мәселесі саласында жарық көрген еңбектерде де көптеген құнды пікірлер айтылған. Мысалы, С.Иманбаеваның Ерлік тағылымы [62] оқу құралында ұлттық жауынгерлік дәстүрдің тәлімдік мүмкіндіктері мен оларды оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында пайдалану мәселесі көзделеді.
Сондай-ақ жас ұрпақты ерлікке тәрбиелеудегі ақын-жыраулар шығармасының тәлімдік маңызын: Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жасаған асыл мұралары - шешендік өнері, мәдениеті, имандылық тұжырымдары халықтық педагогика негізінде жастарды тәрбиелеуде қайталанбас қазына болып табылады - деп көрсетеді.
Егеменді елімізде болып жатқан саяси-әлеуметтік, мәдени өзгерістер өсіп келе жатқан жас ұрпақты патриоттық сезімге, елжанылыққа тәрбиелеуге жаңаша тұрғыда қарауға қажет етеді.
Жоғары сынып оқушыларының ерлік дәстүрлерді жетік білуі, оларға патриоттық тәрбие беретіні сөзсіз. Бірақ жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беріп, азаматты ұстанымдарын қалыптастыруды ерлік дәстүрлері арқылы жүзеге асырудың ғылыми-педагогикалық негізін айқындау - әлі де болса, өз шешімін таппай келе жатқан мәселелердің бірі.
Солай бола тұра ерлік дәстүрлерінің педагогикалық мүмкіндіктері мен оларды жоағры сыныптардың оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың қазіргі жағдайы арасында; бүгінгі қоғам салабына сай ерлік дәстүрлері арқылы жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беріп, азаматтық ұстанымдарын қалыптастырудың өзектілігі мен оны пайдаланудың ғылыми-педагогикалық тұрғыда негізделген әдістеменің жоқтығы арасында қайшылықтартуындап отыр.
Сол себептен, бұл қайшылықтардың шешімін табуда біздің ғылыми зерттеу жұмысымыздың мәселесіерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың ғылыми-теориялық және әдістемелік жолдарын қарастыру болып табылады.
Аталған мәселенің бүгінгі күнге дейін ғылыми-теориялық және әдістемелік тұрғыда өз деңгейінде қарастырылмауы ғылыми зерттеу жұмысымыздың тақырыбын Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру,- деп таңдауымызға себеп болды.
Зерттеу мақсаты: Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудыңтеориялық және әдістемелік негізін жасау.
Зерттеу нысаны:Жоғары сыныптағы оқу-тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер
oo Ерлік дәстүрлеріжоғары сыныптардың әрбір пән мазмұнына енгізіліп, оқушылардың даму ерекшеліктеріне сәйкес сұрыпталса;
oo жоғары сынып оқушыларына ерлік дәстүрлерді меңгерту тиімді әдіс-тәсілдер арқылы жүзеге асырылса;
oo ерлік дәстүрлерді оқу үдерісінде пайдалану оқу-әдістемелік кешендермен оқу құралдарымен қамтамасыз етілсе, онда жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие мен азаматтық ұстанымды қалыптастыру жоғары деңгейде беруге негіз болар еді.
Зерттеудің міндеттері:
oo ерлік дәстүрлері негізіндежоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беру мен азаматтық ұстанымды қалыптастырудың ғылыми-теориялық негізін анықтау;
oo ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың педагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықтау;
oo ерлік дәстүрлері негізіндежоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік шарттарын айқындау;
oo жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие үдерісіндеерлік дәстүрлерді пайдаланудың әдістемесін құру, оның тиімділігін тәжірибеде айқындау, әдістемелік нұсқау беру.
Зерттеудің жетекші идеясы: жоғары сыныптардың оқу-тәрбие үдерісіндеерлік дәстүрлерді жүйелі түрде, ғылыми-әдістемелік тұрғыда пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие беруге, азаматтық ұстанымдарын қалыптастыруға мүмкіндік туады.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектерге талдау жасалды; тақырып бойынша ерлік дәстүрлері туралы материалдар жинақталды; жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің жағдайы анықталды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды.
Екіншікезеңде зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған материалдарды талдау жұмысы жалғастырылды; жоғары сынып оқушыларыныңерлік дәстүрлері негізінде азаматтық ұстанымын қалыптастыру мәселесінің қазіргі жағдайы анықталды; тәжірибелік-эксперимент жұмысы жүргізілді; ерлік дәстүрлерінегізіндежоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың әдістемесі құрылды.
Үшінші кезеңде жүргізілген тәжірибе жұмысының қорытындылары шығарылып, нәтижелері анықталды, ғылыми-әдістемелік қорытынды жасалды. Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, нақты тұжырымдар мен ұсыныстар дайындалды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
oo Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудыңғылыми-теориялық негізі айқындалды;
oo Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудыңпедагогикалық мүмкіндіктері мен қазіргі жағдайын анықталды;
oo Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің моделі, өлшемдері мен деңгейлері және мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік шарттары айқындалды;
oo Жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында оқу-тәрбие үдерісіндеерлік дәстүрлерді пайдаланудың әдістемесі құрылды, оның тиімділігі тәжірибеде дәлелденіп, әдістемелік нұсқау берілді.
Зерттеудің базасы: Алматы қаласындағы №104 жалпы білім беретін мектеп.
Диплом жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кіріспеде зерттеу жұмысының көкейтестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттеррі, жетекші идеясы айтылады. Жұмыста пайдаланылған зерттеу әдістерінің ерекшеліктері ашылып, зертеудің әдіснамалық және теориялық негіздері, деректі көздері, зерттеу кезеңдері мен базасы, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық және практикалық мәні сипатталып, қорғауға ұсынылған негізгі қағидалары, зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі, негізділігі, сынақтан өткізілуі мен дипломдық жұмыс құрылымы қамтылған.
Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру теориялық-әдіснамалық негіздері атты бірінші бөлімінде зерттеліп отырған мәселеге байланысты философиялық, психологиялық, педагогикалық еңбектер мен көзқарастарға талдау жасалып, негізгі тұжырымдары басшылыққа алынып, теориялық негізі анықталды. Жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастырудың құралы ретінде ерлік дәстүрлердің мазмұны, мәні қаратырылды. Ерлік дәстүрлерге теориялық сипаттама беріліп, оның педагогикалық мүмкіндіктері қарастырылды.
Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру тәжірибесі атты екінші бөлімінде ерлік дәстүрлерді оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың тиімді әдіс-тәсілдері айқындалып, жолдары көрсетілді. Ерлік дәстүрлері негізінде жоғары сынып оқушыларының азаматтық ұстанымын қалыптастыру бойынша жүргізілген тәжірибелік-эксперимент жұмыстарының қорытындысы көрсетілді.
Қорытындыда теориялық және тәжіриелік-педагогикалық зерттеулердің нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ғылыми-әдістемелік ұсыныстар нақты түрде көрсетілді.

1 ЕРЛІК ДӘСТҮРЛЕРІ НЕГІЗІНДЕ ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ АЗАМАТТЫҚ ҰСТАНЫМЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

0.1 Жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің психологиялық-педагогикалық негіздері

Кез келген педагогикалық проблеманың бүгінгі жайын сөз ету үшін оның бұрынғы зерттелу жағдайын көрсету қажет. Сондықтан патриоттық тәрбиеніңбүгінгі өзекті мәселелерін сөз етуде оның зерттелу тарихын анықтап алған дұрыс. Қазақстанда патриоттық тәрбиенің зерттелуін екі кезеңге байланысты қарастырылу керек деп ойлаймыз. Біріншісі - Кеңестік кезеңдегі патриоттық тәрбие, екіншісі - егемендік кезеңдегі патриоттық тәрбие. Кеңестік кезеңде патриоттық тәрбие жеке тұлғаның бойына советтік патриотизмді сіңіру мақсатында жүзеге асырылды.
Мектеп оқушыларына Кеңестік кезеңде патриоттық тәрбие беру бойынша Қазақстанда бірнеше еңбектер жарық көрген. Ол, К.Құнантаева оқушыларға патриоттық тәрбие революциялық күрес және еңбек дәстүрлеріне оқушыларды тәрбиелеуде 1917 жылдағы Қазан төңкерісі мен Отан соғысы жылдарындағы патриоттық тәрбиенінегізге алып тәрбиелеу, ол үшін сыныптан тыс тәрбие жұмыстары мен сағаттарында көркем әдебиеттегі батырлар бейнесі арқылы тәрбиелеудегі және әскери-даңқ музейлерінің тәрбиелік мәніне тоқталған [63].
Ә.Р.Жұмаханов еңбектеріндеотбасында интернациональдық тәрбие беру, мектепте патриоттық және интернациональдық тәрбие берудің Кеңестік мектеп тарихында, оның міндеттері, оқушыларды тәрбиелеудің психологиялық алғышарттары, оқу жұмысында социалистік патриотизм мен интернационализмді тәрбиелеу, оқудан тыс уақытта патриоттық және интернациональдық тәрбие беру, патриоттық-интернациональдық тәрбиені адамгершілік, саяси-идеялық тәрбиелермен кешенді жүргізу, ерлік және еңбек дәстүрлері арқылы жоғары сынып оқушыларының патриоттық сезімін жетілдіру, дамыту мәселелері қарастырылған [64].
А.В.Щербаков еңбегінде мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беруді пән сабақтары мен оқудан тыс жұмыстарда жүргізу бойынша Республика мектептеріндегі іс-тәжірибелерді жинақтау арқылы, оларды талдап көрсеткен [65], ал Ш.А.Әмірәлиев оқушыларға патриоттық тәрбие беру - болашақтың адамын тәрбиелеу деп, ол үшін оларды советтік птариотизм рухында тәрбелеу қажеттігіне тоқтатылған [66].
Ә.Айтоқов еңбегінде қазақ халқының Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы ерлік істерін негізге ала отырып, оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдіс-тәсілдерін қарастырған. Сол мақсатта қазақ ауыз әдебиетіндегі ерлік тағылымдарын, екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ерлік дәстүрлерімен сабақтастырады. Ол үшін қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарын және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын бірлікте ұстай отырып, жүргізу тәжірибесін ортаға салған [67].
Б.М.Бекмұхамедов оқушыларға патриоттық және интернационалдық мақсаттағы тәрбиені қазақ мектептеріндегі музыка пәні сабақтарында жүргізу, ол үшін патриоттық және интернационалдық мазмұндағы музыкалық шығармаларды пайдалану қажеттігі туралы әдістемелік нұсқаулар ұсынған [68].
Мектепте патриоттық тәрбие берудің бір түрі әскери-патриоттық тәрбие беру. Бұл мәселеде И.М.Куликовтың Оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беру және К.С.Серікбаевтың Бүкіл халықтың ісі атты еңбектерін атауға болады.
И.М.Куликовтың еңбегінде оқушыларға гуманитарлық және жаратылыстану пәндерін оқытуда, сондай-ақ сыныптан тыс уақытта әскери-патриоттық тәрбие беру іс-тәжәрибесі қысқаша баяндалған [69]. Ал К.С.Серікбаевтың кітапшасында әскери-патриоттық тәрбие - коммунистік тәрбиенің құрамдас бөлігі, оның сенімді тірегі - маркстік-лениндік ілім, әскери-патриоттық тәрбиенің ұйымдастырушы мен жетекшісі - Коммунистік партия, әскери - патриоттық жұмыстың негізгі түрлері және осы салада партия саясатын жүргізушілер, оқушы жастар арасында әскери-патриоттық тәрбие берудің кейбір ерекшеліктері республика мектептерінің іс-тәжірибесі арқылы көрсетілген [70].
Сонымен, Қазақстанда шыққан патриоттық тәрбие бойынша еңбектерді талдау жасау арқылыКеңестік кезеңде патриоттық және интернационалдық тәрбиелер революциялық күрес және еңбек дәстүрлері, бейбітшілік кездегі патриоттық бастамалар негізінде адамгершілік, саяси-идеялық тәрбиелермен байланыстырылып кешенді жүргізілгені, ол үшін мектепте оқытылатын пәндердің мазмұны және түрлі сыныптан тыс жұмыс формаларының пайдаланылғаны көрініп тұр.
Қазақстандағы патриоттық тәрбиенің екінші кезеңі - еліміздің егемендік алуымен сипатталынады және ерекшеленеді. Тәуелсіз және егемен Қазақ еліне Елбасы Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей патриотизм - елімізді құрудың іргетасы болатындай патриоттық тәрбие беру мәселесі бүгінгі қоғамдық-әлеуметтік даму үрдісіне байланысты болғандықтан, қазақ ғалым-педагогтары соңғы 25 жылда іргелі зерттеулер жүргізіп, патриоттық тәрбие беру бойынша көптеген еңбектерін жарыққа шығарды.
Республикалық Ұлттық ғылыми кітапхананың қорында егемендік кезеңде жас ұрпаққа, жастарға және студент жастарға патриоттық тәрбие беру бойынша 35 диссертациялық (оның 3 докторлық) жұмыс бар екенін анықтадық. Жұмыстардың 9 жеке тарихи тұлғалардың патриоттық мұраларына, 4 патриоттық тәрбие тарихына, 20 қазақтың халықтық педагогикасы арқылы патриоттық тәрбие беруге, 2 болашақ мамандарды оқушыларға патриоттық тәрбиеге дайындау проблемаларына арналған. Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде 18 жеке еңбек, оның ішінде 4 монография, 9 оқу құралы, 3 әдістемелік құрал, 2 әдістемелік нұсқау жарық көріпті.
С.Ж. Пірәлиев, Л.К. Керимов, К.Н.Нәрібаев, Ж.Ж. Молдабеков Ұ.М.Әбдіғапбарова, С.С. Нүркееваның Ұлттық тәрбиенің патриоттық мазмұны атты оқуқұралы кіріспе, төрт тараудан тұратын қазақхалқының сан ғасырлық басынан өткентарихи жағдайларға байланысты патриотизмінің пайда болу, даму және қалыптасу кезеңдерін толық жан-жақты қамтыған, патриотизм ұғымын тілдік, әдеби, тарихи, мәдени, саяси, философиялық, психологиялықжәне педагогикалық тұрғыда негіздеген, патриоттық тәрбиенің бүгінгі таңда егемен қазақ елі үшін өзектілігін көп жылдар бойы зерттеген қазақ ғалымдарының жемісті еңбегі деуге болады. Еңбек ұлттық тәрбиенің патриоттық мазмұны ашылып көрсетілген, тұңғыш ғылыми жұмыс [71].Оқу құралының бірінші тарауы Патриотизм ұғымы және құндылықтары деп аталып, онда патриотизм ұғымы және ұстанымы, патриоттық сана-сезім, патриот қасиеттері және құндылықтары, патриоттық тәрбиенің түрлері мен тәсілдері; екінші Ұлттық тәрбиедегі патриоттық дәстүрлері атты тарауда Еуразия даласындағы алғашқы қауымдық тәрбие арналары, Сақ, Ғұн дәуірлеріндегі жауынгерлік тәлім-тәрбие,ежелгі түркі жыр-дастандарындағы қаһармандық ойлар, Орхон-Енисей, Қорқыт ата, әл-Фараби шығармаларындағы отансүйгіштік идеялар, түркі ғұлама-ойшылдарының мұраларындағы патриоттық идеялар, патриоттық рухтың көркемдік мазмұндалуы, соғыс және патриоттық рух, қазақ елінің қазіргі патриоттары туралы мәселелер кеңінен сөз болған.Үшінші Ұлттық тәрбиенің патриоттық бағыттары атты тарауда отаншылдықтың отбасынан басталатыны, атамекен, атакәсіп,ататекті қастерлеу - қазақ патриотизмінің үрдістері екені, ана тілін құрметтеу - ұлт мәртебесі, қазақ халқының қолөнеріндегі патриотизм көріністері және қазақтың жас ұрпағын жетімсіретпеу дәстүрінің патриоттық мәні ашылған. Ал Ұлттың патриоттық рухы және елдік мұраты атты төртінші тарауда халық төзімділігінің ұрпақтың өлшемдері, Алаш қайраткерлерінің елдік мұраты, Желтоқсан ұлт-азаматтық қозғалысындағы патриоттық бейнелері, тәуелсіздік тұтқасы - рухани тәрбие екені, егемендіелдің патриоттық дәстүрлері, ұлттық рухтың қазақтанымдық тәлімі, ұлттық тәрбиенің қазақтытанудағы маңызы мазмұндалған.
С.Иманбаеваның Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие берудің теориясы мен практикасы атты монографиясы кіріспеден, төрт бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады [62].Бірінші Қазақстан Республикасының әлеуметтік даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық-әдіснамалық негіздері атты бөлімінде қазақстандық патриотизм - әлеуметтік-педагогикалық мәселе, патриоттық тәрбиеөзегі патриотизмнің қалыптасуының тарихи алғышарттары және XXІ әлемдік жаһандану ғасырында Қазақстанда ұлттық идея тұрғысында патриоттық тәрбие берудің әдіснамалық тұғырлары анықталған.
Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық және психологиялық негіздері атты екінші бөлімінде отандық білім беру жүйесінде патриоттық тәрбиенің зерттелу жайы, алыс және жақын шетелдердегі патриоттық тәрбиенің даму ерекшеліктері және мектеп оқушыларына тұтас педагогикалық үрдісте патриоттық тәрбие берудің жүйесі жасалынған.
Үшінші Қоғамның әлеуметтік даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің тұжырымдамалық негіздері атты бөлімінде оқушыларға патриоттық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық шарттары, тұтас педагогикалық үдерісте оқушыларға патриоттық тәрбие берудің жағдайлары және олардың патриоттық құндылықтарын қалыптастыруға негізделген білім мен тәрбие мазмұны жасалынған.
Оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістемесі және эксперименттік тәжірибелік жұмыстың нәтижелері атты төртінші бөлімінде жаңа әлеуметтік даму жағдайында оқушыларға патриоттық тәрбие берудің әдістемесі, оларға патриоттық тәрбие берудің эксперимент барысында дәлелденуі және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың нәтижелері ұсынылған.
Р.А.Джанабаеваның Халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің негіздері атты оқу құралы кіріспеден, үш бөлімнен пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады [72].
Бірінші Патриоттық-ерлік тәрбиесінің теориялық-әдіснамалық негіздері атты бөлімінде патриотизм, ұлттық патриотизм, Қазақстандық патриотизм, ерлік ұғымдарының мәні және олардың өзара байланысы, патриоттық тәрбие және оның сипаты, патриоттық-ерлік тәрбиесінің мазмұнын айқындаудағы кешенді тәсіл ұстанымдары, қазақ ойшылдары мен жыршы-жырауларының патриоттық тәрбие туралы педагогикалық ой-пікірлері және қазақ ғұлама-ағартушыларының патриоттық-ерлік тәрбиесін дамытудағы рөлі анықталған.
Екінші Қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің жүйесі атты бөлімінде қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесінің мазмұны, құралдары, формалары мен әдістері, қазақ халық педагогикасының патриоттық-ерлік тәрбиесі нәтижесінің ұлт-азаттық қозғалыстардағы, Ұлы Отан соғысы жылдарындағы, Желтоқсан көтерілісіндегі көріністері сипатталған.
Қазақ халық педагогикасының патриоттық-ерлік тәрбиесі дәстүрлерін бүгінгі білім беру жүйесінде пайдалану атты үшінші бөлімінде қоғамның қазіргі таңдағы даму ерекшеліктері және оның патриоттық тәрбиеге ықпалы, қазақ халық педагогикасындағы патриоттық-ерлік тәрбиесі дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде пайдалану тұжырымдамасы, оларды жоғары оқу орны студенттеріне меңгерту жолдары, мектептің оқу-тәрбие үдерісінде пайдалану формалары мен әдістері және пайдалану бағдарлары анықталған.
А.Қ.Дүйсенбаевтың Ерлік дәстүрлері арқылы оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеудің педагогикалық негіздері оқу құралында орта мектептің оқу-тәрбие үрдісінде халықтың ерлік дәстүрлері арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттері тәрбиесін қалыптастыруды негіздеген [73]. Бірінші бөлім Оқушыларды қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеудің теориялық негіздері деп аталып, онда патриоттық тәрбие ұғымының даму генезисі - оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін жетілдірудің тарихи-педагогикалық кезеңдері екендігі, қазақ этнопедагогикасындағы ерлік дәстүрінің педагогикалық негіздері, қазақтың көркем әдебиеті мен тарихында сомдалған батырлардың ерлік өнегесі оқу-тәрбие үрдісіндегі тәрбие құралы ретінде екендігі және қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру үрдісінің теориялық моделі жасалынған.Екінші Қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы оқушылардың отансүйгіштік тәрбиесін қалыптастырудағы әдістемелік жұмыстар атты тарауда оқу үрдісінде қазақ батырларының ерлік дәстүрлері арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастырудың педагогикалық құралы ретінде және мектептің тәрбие үрдісінде қазақ батырларының ерлік дәстүрі арқылы оқушылардың отансүйгіштік қасиеттерін қалыптастыру мәселелері қарастырылған.
Н.Сманованың Ғабит Мүсірепов шығармалары арқылы оқу - шы - ларға патриотты тәрбие беру атты оқу-әдістемелік құралында Ғ.Мүсіреповтың педагогикалық көзқарастарының қалыптасуы мен оның мән-маңызы, Ғ.Мүсірепов мұраларындағы тәлім-тәрбиелік ойлар, оның шығармаларын оқу-тәрбие үрдісінде пайдалану жолдарын анықтап, оқушыларға патриоттық тәрбие беру арқылы оларға отан - сүйгіштік, ұлтжандылық тәрбие беруге болатыны дәлелденген [74].
Р.А.Джанабаева Ә.Нұршайықов шығармаларының оқушыларға патриоттық тәрбие берудегі мәні атты оқу құралында Ә.Нұршайықов шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбиені беру мәселелері қарастырылған [75]. Құралда патриоттық тәрбие ұғымдарының мәні, Ә.Нұршайықовтың патриоттық көзқарасының қалыптасуына ықпал еткен факторлар, оның шығармаларындағы патриоттық-ерлік идеялар, оларды оқушыларға патриоттық тәрбие беруде пайдалану және Б.Момышұлының ұлағатты сөздерінің тәрбиелік мәні ашылып, көрсетілген.
Е.Жұматаеваның Қазақстан майдангер жазушыларының шығармалары арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие атты монографиясында Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан майдангер жазушылар Б.Момышұлы, Ә.Шәріпов, Қ.Қайсенов,Б.Бұлқышев, М.Ғабдуллиннің шығармаларындағы патриоттық тәрбие берудің мүмкіндіктерін халықтық педагогика тұрғысынан талдап, олардың ерлік істері мен еңбектерін бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде падалану жолдарын көрсеткен [76].
ҚарМТУ әзірлеген және тәрбие үдерісіне енгізілген Патриоттық тәрбие беру моделін іске асыруға қажетті патриоттық тәрбиенің теориялық негіздері А.М.Ғазалиев, Ғ.Есім, С.И.Ферхо, К.Н.Бұрханов, Л.Т.Матвеенкованың Қазақстандағы патриотизмді қалыптастыру: теория және практика атты ұжымдық монографияда ғылыми-философиялық және психологиялық-педагогикалық тұрғыда жасалынған [77]. Кіріспеде елімізде патриоттық тәрбие берудің бүгінгі таңда өзектілігі, оның әлеуметтік-гуманитарлық білімнің түрлі салалары шеңберінде әлемдік қоғамдық ойдың бүкіл тарихы бойында қарастырылғаны, патриотизмді, кеңестік патриотизм, патриоттық тәрбие мәселелерінің қазақстандық ғалымдар еңбектеріндегі бейнеленуі айтылған.
Монографияның бірінші тарауында патриотизм-әлеуметтік өмір құбылысы екендігі; екінші - қазақстандық патриотизмді қалыптастыру ерекшеліктері; үшінші - студент жастарды патриоттық тәрбиелеу түрлері мен тәсілдері; төртінші тарауда Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде студенттермен патриоттық тәрбие ұйымдастырудың ұстанымдары мен түрлері, оларды жүзеге асыру тәжірибесі баяндалған.Әдістемелік құралдың бірінші тарау Ел Президенті Н.Ә.Назарбаев және қазақстандық жас жеткіншектердің патриоттық тәрбиесі деп аталып, онда Н.Ә.Назарбаевтың өмірі мен қызметі - нағыз азаматтың және шын патриоттылықтың үлгісі екендігі, оның тәуелсіз Қазақстанды құрудағы және дамытудағы айрықша үлгісі, патриотизм сөзінің қазіргі түсінігі, Қазақстандық жастардың өзОтанына мақтанышы, Қазақстан - дүниежүзімемлекеттерініңеңүздігі болатыны; Жастардыңреспубликалық қоғамдық ұйымдарының қызметі атты тараудаЖас Отан, Нұр Отан, Қазақстанжастарының Конгресі, Жасыл ел, Қазақстан ауыл жастарының Одағы, Жас қыран, Жас ұлан, Жас қыран әскери-патриоттық бірлестіктерінің даму Орталығы, студенттік құрылысотрядтарының қызметтерінің жастарға патриоттық патриоттық тәрбие беру мәселелері; үшінші Жастармен патриоттық тәрбие жұмысының негізгі бағыттары тарауында Ұлы Отан Соғысы ардагерлерінің, Ауған соғысы ардагерлерінің, археологиялық экспедицияларға және музей ісіне жастардың тарихи орындарға туристік сапары, мемлекеттің тілдік саясатының, діни экстремизмнің жастар арасында кірудің алдын алу, қазақстандық патриоттың бейнесі, Астана - халық мақтанышы және ел тәуелсіздігінің символі екендігі, Қазақстан - тәуелсіздік жолындағы бағыттары арқылы жастарға патриоттық тәрбие беру түрлері түрлі іс-шаралар негізінде баяндалған. Төртіншітарауда жастардың қоғамдық ұйымдарын қалай құруға болатынына әдістемелік ұсыныстар мен кеңестер берілген.
Бүгінгі күнде Қазақстанхалқына, әсіресе жас ұрпаққа және жастарға патриоттық тәрбие беруде Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың халыққа жылма-жылғы Жолдауларын, Қазақстан Республикасы Білім Министрлігінің Үздіксіз тәлім тәрбие тұжырымдамасын, Қазақстан Республикасы азаматтарын патриоттық тәрбиелеу жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын, сондай-ақ, қазақ ғалымдарының егемендік кезеңдегі зерттеу жұмыстары мен жарық көрген еңбектерін, түрлі оқу орындарының патриоттық тәрбие беру жөніндегі озық тәжірибелерін басшылыққа алып жүргізу керек.
Патриотизм ұғымы ҚСЭ-ның тоғызыншы томында: Патриотизм (грек сөзі Patriotes - отандас, Patris - отан, туған жер) - Отанға деген сүйіспешілік, бойындағы күш қуаты мен білімін Отан игілігі мен мүддесіне жұмсау. Туған жер, ана тілін, елдіңғ әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін құрмет тұту сияқты патриотизм элементтері ерте заманнан бастап-ақ қалыптаса бастайды, [78] - деп көрсетілген өзінің ізгілікті мәнін сақтайды.
Патриоттық сезімнің нысаны мен қайнар көзі - Отан десек, оның мазмұны: туған жер, табиғат, оның байлықтары, тіл, дәстүр, тарихи ескерткіштер, туған өлкедегі тамаша киелі орындар. Олардың адам көкірегіне жылылық, жақындық, туысқандық сезімдерді ұялатып, ізгі де ерлік істердің қайнар көзіне айналуы патриотизмге тәрбиелеудің арқауы.
Елжандылық идея - отаншылдық сезім - адамда жүре пайда болатын, жеке тұлғаның саналы өмірімен қабаттас қалыптасатын психологиялық, әлеуметтік құбылыс.
Отаншылдық сезім жалпы адам баласына тән адами түйсік қасиет, оның еліне, туған жеріне, өз тілі мен мәдениетіне, ұлттық құндылықтарына жеке қатынасын, өзіндік бағасын, түйсінуін, қуаттып қолдауын пайымдайтын сезім көрсеткіші.
Қазақстандық патриотизм - ұғымы осы түсінікті байыта түседі. Ол көздің қарашығындай сақтап келген туған жерін қорғау, елінің сат-дәстүрі мен әдет-ғұрпын сыйлай, ана тіліне деген сый-құрмет, елі мен жерінің өркендеіне үлес қосу, Қазақстанда мекендейтін өзге ұлт өкілдерінің мүддесімен санасу сияқты құндылықтардан тұрады.
Патриотизмді адамгершілік қағидаларынан, азаматтық ұстанымнан бөліп қарауға болмайды. Өйткені, Отан абстрактылы ұғым емес. Отан - тірісі бар, өлісі бар, тіпті тумағандары бар - бүкіл рулар мен ұрпақтардың рухани байланысы, - дейді Д.Мережковский [79].
В.А.Макаров: Патриотизм - кез-келген саяси, әлеуметтік, этникалық топтардың ғасырлар бойғы тұтастығын қамтитын құбылыс, - деп тұжырымдайды [80]. Ал Н.И.Губанов былай деп ой түйеді: Шын мәніндегі патриотизм кім-кімнің болса да өз Отанына шексіз берілгендігі, сонымен бірге өзге халық мақтанышына құрмет қарау болмақ. Ал мұндай қасиет іс-әрекет пен идеяның, ықыластың бірлігінің айғағы іспетті [81].
Осы айтылғандардың барлығы патриотзм қоғамдық сананың бір формасы, тарихи және классикалық категория екенін, яғни ол да қоғам дамымен бірге дамып, жаңа мазмұнмен толыға түсетінін білдіреді.
Отан - бұл халық. Халық - бұл адам. Адам сүю, оған жақсылық жасау, жанашыр болу - адамгершіліктің белгісі. Отаншылдық көз жетпейтін көне ғасырлардан келе жатқан құндылық. Қай ғасырда болмасын тәрбие мәселесі назардан тыс қалып көрген емес. Бала тәрбиесі - мемлекеттің маңызды міндеті [82], - деген сөзді Платонның өзі де бекер айтпаған болар.
Көп ұлтты Қазақстан үшін отансүйгіштік сезімінің рухани саладағы тату-тәтті тірлік, азаматтық келісімге ғана емес, мемлекеттің материалдық негізін нығайтуға да тікелей ықпалы бар.
Отансүйгіштік рух - қазақ елінің әлемдік өркениетті елдер көшіне қосылып, дүниежүзілік қауымдастықтан лайықты орын алуына мүмкіндік беретін бірден-бір күш.
Патриотизм идеясының дамуы Аристотель, Цицерон, Платон [83] есімдерімен тығыз байланысты. Патриотизм идеясының дамуына француз материалисттерінің де (ХVIII ғ.), неміс философтарының да, орыс революционер-демократтарының да В.М.Белинский, Н.А.Добролюбов, Н.Г.Чернышевский, т.б. қосқан үлесі мол.
Патриотизм туралы идеяларды кезінде өздерінің шығармларында қазақ даласының ойшылдары да, атап айтсақ, Әл-Фараби [5], Ж. Баласағұн [8], М.Қашқари [9]; жыршы-жыраулары да: Асан Қайғы [10], Доспамбет [84], Шалкиіз [85], Бұқар жырау [86], Махамбет [87], т.б. айтқан болатын.
Батырдың рухын көтеру, олары жігерлендіру халыққа кеңінен танымал болған ақын-жырауларымыздың дәстүі болған. Солардың бірі - Ақтамберді жырау. Бабамыздың жыр толғаулары елді бірлікке топтасуға үндейді. Оның Отансүйгіштікке бағытталған жыр жолдарын естіген қай жауынгер болмасын алдаспанын жауға сілтемей қалмасы анық еді. Сондай жырлардың бірінде Ақтамберді жырау:
Жауға шықтым ту байлап,
Шепті бұздым айғайлап.
Дұшпаннан көрген қорлықтан,
Жалынды жүрек қан қайнап
Ел-жұртыңды қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап, [88] - деген
жыр жолдарында халықты батылдық пен батырлыққа шақырады.
Халқымыздың ежелденсөз өнерін құндай білген. Рухани күш беретін жыр мен намысты оятатын өлеңнің қуаты бүтіндей бір елді әулетті іс-әрекетке бастай білген. Оған дәлел ретінде Махамбеттің мына өлеңін мысалға келтіруге болады:
Бекініп садақ асынбай,
Біртіндеп жауды қашырмай,
Белтеліге дөп салмай,
Қорамсаққа қол салмай,
Қозы жаурын оқ салмай,
Атқан оғы жоғалмай
Балдағы алтын құрыш болат
Балдағын қанға боямай
Қасарысқан жауына
Қанды көбік жұтқызбай,
Халыққа тентек атанбай,
Ерлердің ісі бітер ме? [87]
Мұндай әлеуметтік саяси мазмұны терең осы өлең жолдарындағы ерлік, батырлық қуаты кім-кімді де бей-жай қалдырмағаны анық. Ал мұндай жыр жолдары еоім деп еңіреген, қолына қару алып, қамал алар жігіттерді жорыққа бастайтын әрбір азамат деген шексіз сүйіспеншілік сезімін қалыптастыратын құралға айналған.
XVII ғасырдағы нидерланд философы Б.Спиноза: Адамдар да азамат болып тумайды, өсе келе тәрбиеленеді,- деген екен. Әр ұрпаққа дайын азамат болып тумайды, өмір тәжірибесі мен тәрбие арқылы азамат болып жетіледі [89].
Қазақ халқының табиғи түрдегі патриоттық тәлімінің басқа да халықтық дәстүрі мен байлықтарының дами түсуін, тіпті кейбір уақыттарда патриот деген сөздің лексикалық құрамынан алынып қалмауын қазақ жеріндегі жиі-жиі болып тұрған тарихи оқиғалардың қыр-сырынан іздеген жөн. Мәселен, академик М.Қозыбаевтың [90] дерегі бойынша қазақ жеріндегі ХVII ғасырдың аяғынан 1916 жылға дейін 300-ге жуық ұлт-азаттық көтерілістер өрбіді. Мұндай көтерілістер қазақтың ұлан-байтақ жеріне, сарқылмас қазынасына көз алартушыларға қарсылық ретінде туып отырды. Туған жерді, елді қорғауға қазақтың халықтық педагогикасынан нәр алған, ата дәстүрінен сусындаған ақылды да парасатты халық перзенттері - Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би, Абылай хан, Бөгенбай батыр, Наурызбай батыр, Қабанбай батыр, Райымбектер шықты.
Қазақтың ұлан-байтақ даласын біздің ата-бабаларымыз сан ғасыр Найзаның ұшымен, білектің күшімен, Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай аман сақтап келді. Олардың құрып кету қаупі төніп тұрған кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, жауға қарсы тұруы нағыз шынайы Отансүйгіштік қасиет деп түсінеміз.
Қазақстандық патриотизм халықтық болмыстан бойға дарып, ой сананы жетілдіретін құбылыс. Елжандылық, Отансүйгіштік қасиетті сақтай білу, қазақ мемлекеттігін нығайту жолындағы үрдіс пен оны үйлестіруге үлес қосу әрбір алаш азаматының, әрбір Қазақстан азаматының парызына айналуы тиіс.
Қазақстанның тәуелсіздік алуымен бірге патриотизм ұғымына байланысты жаңа ұғымдар мен жаңа түсініктер ене бастады. Бұл туралы ғалым Р.Әбсаттаров: Қазақстан халқының этносаяси қауымдастық ретінде қалыптасуы мен орайлас отандық мақтаныш.. деген ұғымдар тілдік қорымызға еніп, ол жаңа мазмұнмен, мәнмен толыға түсуде, [91] - деп көрсетті.
Зерттеуші ғалым Ә.Қалмырзаев: Патриотизм отаншылдық сезім априорлық құбылыс емес, ананың құрсағынан даритын биологиялық құбылыс емес, бұл психологиялық саяси-әлеуметтік құбылыс [92]. Қазақстандық патриотизмге келсек, ол тек қазақтардың ғана өз Отанына сүйіспеншілігі емес, онда мекендеген бүкіл ұлт пен ұлыс өкілдерінің бәріне қатысты дүние .
Өз ұлтына деген патриоттық сезімді қазақ ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев; Алаш Орда қайраткерлері: М.Дулатов, М.Жұмабаев, А.Байтұрсынов және тағы басқалардың нақтылы іс-әрекеттері мен шығармаларынан да байқауға болады.
Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші ғалым Шоқан Уәлиханов отансүйгіштік сезімініңқалыптасуы туралы: Менің патриоттық сезімім ірбітсандығындай(бір сандықтың ішінде бір сандық, оның ішінде тағы бір сандық) мен ең алдымен өз отбасымды, туған туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртмды, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстарын, Ресей жұртын қадірлеймін, - деген екен [93, 94, 95, 96].
Ыбырай Алтынсарин алғаш халық мұрасына, салт-дәстүріне, ұлттық ерлік және жауынгершілік тәрбиесіне мән бере отырып, өзінің Қазақ хрестоматиясы атты оқулығында [17] Қобыланды батыржырынан Қобыланды және Тайбурыл деген атпен үзінді енгізген. Осыдан келіп қазақ халқы тек батырларын ғана құрметтеп қоймаған, сонымен қатар батырлардың серігі, астына мінген аттарының қасиеттерін жақсы суреттегенін білеміз.
Қазақтың классик ақыны Абай тікелей жауынгерлік және ерлік тәрбиесіне арнап еңбек жазбағанымен де, өзінің поэмаларында, қара сөздерінде отансүйгіштікті қалыптастыратын ұлттық сана, намыс, парыз секілді қасиеттерді жан-жақты қамтыды. Абайдың Біраз сөз қазақтың түбі қайдан шыққаны туралы пайымдаулары халқымыздың тарихын ғылыми негізге келтірген алғашқы қадамдардың бірі. Абай шығармалары туған елінің, жерінің тарихынзерттеп, оны жете түсінуді уағыздайды. [16].
Данышпан ғалым өзінің отыз тоғызыншы қара сөзінде: Рас бұрынғы біздің ата-бабаларымыздың бұл замандағылардан білімі, күтімі, сыпайылығы, тазалығы төмен болған, бірақ бұл замандағылардан артық екі мінезі бар екен. Ол екі мінезі қайсы десең - әуелі - ол заманда ел басы, топ басы деген кісілер болады екен. Көші-қонды болса, дау-жанжалды болса,билік соларда болады екен. Екіншісі - намысқор келеді екен. Ат аталып, аруақ шақырлған жерге ағайынға өкпе, араздыққа қарамайды екен, жанын салысыды екен. Кәнеки, енді осы екі мінез қайда? Бұлар да арлылық, намыстық, табандылықтан келеді [16], - деп жазды. Абайдың бұл қара сөзінде - арлылық, намыстық, табандылық - тәрбиенің жемісі дейді. Адамның ең ұлы сезімін азаматтық парызын орындау үшін жоғарыда аталған мінезді игеру керек екенін Абай атап көрсетеді. Абай шығармаларынан қазақ халқының өзіндік қасиет бітімін көреміз.
Абай шығармаларын зерделеп қарайтын болсақ, өсіп келе жатқан жас ұрпақты ерлік рухта, отансүйгіштікке баулып, ар-намысын, ождан, адамгершілік қасиет үшін күресуге, оны бірте-біртежастар бойына сіңірудегі халықтық педагогиканың негізгі қағидаларымен кездесеміз.
Абай ұлы ақын ойшыл ретінде қазақтар үшін идеал болды және бола да береді. Ол халқының шын ұлы, абай барлық уақытта қазақтардың кешегісі мен бүгінгісн, болашағы мен олардың мінез-құлқын, салт-дәстүрі мен мәдениетін, оқу-білімін жас ұрпаққа тәрбие тұрғысынан ойлай білді. Абай халықтың патриот ұлы ретінде өзінің өлеңдерінде дүниетанымның мәнін шындықты нақ суреттей отырып, иабиғат, адам, қоғамды үйлестіре білді. Ұлы ақынның өлеңдері мен қара сөздерінің тәрбиелік мәні ерекше. Ол шығармалары арқылы жағымсыз мінез-құлықтан сақтандырып, жағымды мінез-құлықты шеберлікті, іскерлікті, халқымыздың салт-дәстүрінің озығын дәріптеп, балаларды өнер-білімге, ғылымға, елін, жерін сүюге, оны қорғауға, адамгершілікке шақырады. Қорыта келгенде, Абай шығармаларын оқыту арқылы жоғары сынып оқушыларының дүниетанымдық көзқарасын қалыптастыруға толық мүмкіндік бар деп тұжырымдаймыз. Себебі: ақын өлеңдері мен қар сөздерінің туған жер, оның табиғаты, онда мекендейтін адамдардың және жан-жануарлардың іс-әрекеттерін суреттеп сипаттау арқылы табиғат пен адамның, қоғамның өзара байланысын көрсете келіп, еліне, жеріне сүйіспеншілік сезімді тәрбиелеуге мүмкіндік туғызады.
Абай Құнанбаев шығармаларының негізгі түйіні адам бойындағы негізгі қасиеттер: ерік-жігер, қайрат, ақыл, жүректіліктің бір-біріне қатынасы, байланысы арқылы толық адамды қалыптастыру.
Мағжан Жұмабаев өзінің Педагогика атты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отан қорғаушының жеке басын дамыту
Әдеби туындыны бастауыш мектептің оқу - тәрбие процесінде пайдалану арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің теориялық және әдістемелік негізін жасау
Оқушыларды қазақ батырларының қаһармандық бейнесі арқылы отансүйгіштікке тәрбиелеу
Оқушылар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастыру
Көркем шығарма арқылы оқушыларға патриоттық тәрбие берудің педагогикалық мүмкіндіктері
МҰРАЖАЙ АРҚЫЛЫ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бастауыш сынып оқушыларының көркем шығарма арқылы патриотизмін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беру үлгісі
М. Дулатов шығармаларындағы елдік рух
Мектеп оқушыларына патриоттық тәрбие беру процесі
Пәндер