Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламенттері



ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АТЫРАУ МҰНАЙ ЖӘНЕ ГАЗ УНИВЕРСИТЕТІ

Экономика, бизнес және ақпараттық технологиялар факультеті
Өндірісті автоматтандыру және ақпараттық технологиялар кафедрасы

Өндірістік тәжірибе бойынша
ЕСЕП

Тәжірибе қоры: Центр обслуживания население (ЦОН) филиал НАО РК правительство для граждан
Тәжірибе мерзімі: 28.05.2018 ж. - 30.06.2018 ж.
Мамандық топ 5В070200 - Автоматтандыру және басқару, АжБ-16 АОБ қб
Студент: Қалмырза А.
Университеттен тәжірибе жетекшісі: аға оқытушы Шагаева А.Б

Атырау-2018
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ...4
1.1 Халыққа қызмет көрсету орталығының тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Электрондық үкімет порталы арқылы заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласын мемлекеттік реттеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламенттері ... ... ..11
2.2 Халыққа қызмет көрсету орталықтарындағы құжат айналымын оңтайландыру жетілдіру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28

КІРІСПЕ

Практикалық тәжірибені Халыққа қызмет көрсету орталығынан өттім. Практика кезінде мен бөлім қызметтерімен, есеп бойынша негізгі құжаттармен, бөлім мамандарының лауазымды және кәсіби қызметтерімен таныстым, ұйымның шаруашылық қызметіне қатыстым, сонымен қатар қызметкерлерге көмек көрсеттім. Осы практикадан алған білім мен мәліметтер есептілікке көрсетілген.
Қазақстан Республикасының Президенті өзінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы Қазақстан халқына Жолдауында алдағы онжылдықтарға басымды мақсаттар мен міндеттер белгілеген 2050 жылға дейінгі ұлттық жаңа саяси бағытын айқындайды.
Өзге де мәселелермен қатар Мемлекет басшысы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруға ерекше назар аударады. Мемлекеттік аппараттың халықпен өзара қарым-қатынастарында біржақты-өктем көзқарастардан арылып, халыққа мемлекеттік қызметтерді тиімді және жедел түрде көрсету негізгі міндеттердің бірі ретінде айқындалды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер адамның тіршілік әрекетінің барлық салаларын және барлық кезеңін қамтиды. Азамат өмірге келген сәттен бастап өмір бойы мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу арқылы мемлекетпен өзара әрекеттеседі.
Осылайша, туу туралы куәлік алу, арнайы әлеуметтік жәрдемақылар алу әр азамат үшін алғашқы мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады; есейген кезде азамат жеке куәлік құжаттарын алады; білім және медициналық қызмет көрсетуді алады; кәсіпкерлік қызмет жүргізу барысында рұқсат және тағы басқа құжаттарын алады.
Осы салаға жоғары қызығушылықтың оң үрдісі оны заңнамалық деңгейде реттеудің табиғи қажеттігіне алып келді. Осылайша, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі 2013 жылғы 15 сәуірде күшіне енген Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы ҚР Заңы мемлекеттік қызметтерді жаңа сапалы деңгейде көрсету арқылы халықтың өмір сүру жағдайларын жақсартуға бағытталған.
Электрондық үкімет тұжырымдамасы билік органдарының ісін неғұрлым жеңілдетіп, азаматтарға пайдалануға ыңғайлы болуы үшін құру қажеттігі туындады. Бұған дейін, әрбір мемлекеттік органның басқа органдармен байланысы болмай, оқшауланып тұрды. Азаматтарға әр түрлі құжаттар, анықтамаларды және озге де қағаздарды жинауы үшін көптеген инстанцияларды өтуге тура келетін. Осы себепті, бір қызметті пайдалану үшін көптеген мекемелерден өту қажет болатын. Қазіргі таңда бүл жағдай электрондық үкімет жобасының арқасында түбегейлі өзгерді.
Электрондық үкімет - дамыған ақпараттық техналогиялардың көмегімен азаматтар мен мемлекет арасындағы, сонымен қатар, мемлекеттік органдардың арасындағы өзара қатынасты қамтамасыз ететін бірыңғай механизм болып табылады. Мемлекеттік органдардағы кезектер қысқарып, анықтама, куәлік және тағы басқа құжаттарды алу үрдісін жеңілдетіп әрі жылдамдатуына да мүмкіндік тудырған осы механизм.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен Халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып тіркелді.
Мемлекеттік корпорация бір терезе қағидаты бойынша жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтер көрсету, жеке және заңды тұлғалардың міндетті мемлекеттік тіркеуіне жатпайтын жылжымалы мүлік кепілін тіркеу, ғимараттарды, құрылыстарды және олардың құрамдастарын техникалық зерттеп-қарау, мемлекеттік жер кадастрын жүргізу, зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру саласында қызметін жүзеге асыратын бірыңғай провайдер болып табылады.

1 Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы

0.1 Халыққа қызмет көрсету орталығының тарихы

Қазіргі заман талабына сай дені сау,жақсы жұмыспен қамтылған,қамсыз тірлікте өмір сүріге қолайлы жағдайлар жасалған қоғамның ажырамас бөлігі мемлекет болып табылады.Азаматтардың қамын ойлайтын және әлеуетін неғұрлым арттыруға мүмкіндік тудыратын да мемлекет.Олардың заңды құқықтарының қорғалуына және сақталып қалуына кепілдік беретін де мемлекет болып табылады.Сондықтан да мемлекет пен қоғам арасындағы қарым-қатынас қарапайым, түсінікті, қолжетімді және азаматтардың қажеттілігіне бағдарланған болуы керек.
Еліміздегі ақпараттық-коммуникативтік технологиялар, осы пікірлерді негізге ала отырып құрылып, әлі де даму үстінде екендігіне кепілдік бере алады.Яғни, азаматтар мен мемлекет арасындағы әрекеттестіктің қарапайым,пайдалануға ыңғайлы және қолжетімді болуы үшін электрондық үкімет тұжырымдамасы әзірленді.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2007 жылы төрешілдік пен әкімшілік кедергілерді жою мақсатында қазақстандықтарға бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету үшін құрылды.
Барлығы үшін тең қолжетімділікті қамтамасыз ету, түрлі органдардың құжаттарын дайындау жөніндегі қызметтерді бір жерде алу мүмкіндігін жасау, сондай-ақ құжаттарды орындаушы мен азаматтардың арасында тікелей байланысты болдырмау ХҚО-ның басты оң қасиеттеріне айналды.
Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының тиімділігін арттыру үшін 2011 жылы оларды электрондық үкіметтің инфрақұрылымымен біріктіру, ал кейін толық жаңғырту жүргізілді, нәтижесінде клиенттерге қызметтер көрсету уақыты қысқарды, қызметкерлердің жұмыс сапасын бағалау жүйесі енгізілді, сондай-ақ орталыққа бару уақытын электрондық үкімет порталы арқылы броньдау мүмкіндігі іске асырылды.Бұдан басқа, ХҚО-ны жаңғырту кезінде мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуы үшін қажетті жағдайлар жасауға баса назар аударылды, әр ХҚО-да оларға арналып құжаттарды қабылдау үшін жеке жұмыс орындары бөлінді, пандустар мен шақыру батырмалары орнатылды.
Елбасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің қалың жұртшылыққа, шалғай елді мекендердің тұрғындарына қолжетімділігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындау аясында барлық облыстарда пилоттық режимде 14 мобильдік ХҚО іске қосылды, ал 2012 жылы 56 баламалы қосымша ХҚО жұмысы ұйымдастырылды. Бүгінгі таңда Қазақстан бойынша қазірдің өзінде 70 мобильдік ХҚО жұмыс жасауда.Халыққа қызмет көрсету орталықтарының жаңа жұмыс нысандарына көшу халыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға, сондай-ақ оларды мониторингілеу мен сапасын бақылау құралдарын жасауға мүмкіндік берді. Осылайша, ХҚО қызметін бақылауды жетілдіру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін Ахуалдық орталығы құрылды, ол on-line режимінде барлық ХҚО қызметіне бейне-мониторингілеу жүргізуде. Осындай орталықты ашу жұмыс барысында орын алатын қателіктерге, оның ішінде қандай да бір көрсетілетін қызметті алу кезінде кезектердің туындауы жағдайында жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік берді.Бүгінде республикада 215 мемлекеттік қызмет көрсететін 271 халыққа қызмет көрсету орталығы жұмыс атқаруда. Айта кетейік, 2011 жылы Қазақстан ХҚО-ларында 59 қызмет, 2012 жылы - 113 қызмет көрсетілген болатын.Бүгінгі күні автокөлік құралдарын тіркейтін және жүргізуші куәлігін беретін Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтары - Алматы, Қарағанды, Тараз, Ақтау, Павлодар, Петропавл, Қызылорда, Талдықорған, Қостанай, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ашылды. Осылайша, Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметін бақылауды жетілдіру және халықпен кері байланысты қамтамасыз ету үшін Ахуалдық орталығы құрылды, ол on-line режимінде барлық Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметіне бейне-мониторингілеу жүргізуде. Осындай орталықты ашу жұмыс барысында орын алатын қателіктерге, оның ішінде қандай да бір көрсетілетін қызметті алу кезінде кезектердің туындауы жағдайында жедел түрде әрекет етуге мүмкіндік берді.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 52 бұйрығымен Халыққа қызмет көрсету орталығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 25 ақпанда "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы болып тіркелді
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясының қызметі қағидалары Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-1-бабының 1-тармақшасына сәйкес әзірленді және Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы коммерциялық емес акционерлік қоғам қызметінің тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік корпорация Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің акттілерімен көзделген өкілеттіктерді және қызметтер түрін жүзеге асырады.
Мемлекеттік корпорация қызметінің тәртібі өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру. Мемлекеттік корпорациямен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі бекітілген Мемлекеттік көрсетілген қызметтер тізілімімен айқындалады.
Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі Заңға сәйкес уәкілетті мемлекеттік органдармен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен айқындалады. Құжаттарды қабылдау және дайын құжаттарды беру электронды кезек тәртібінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызметті Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының тұлғасын сәйкестендіруді Мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтерді көрсетуді қамтамасыз ету мақсатында Мемлекеттік корпорация Ақпараттандыру туралы 2015 жылғы 24 қарашадағы Заңына және Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін қажетті мәліметтерді сақтайтын, ақпараттық жүйелерден мәлеметтер бар болған кезде оларды алады. Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде, егер Заңмен өзгеше көзделмесе, ақпараттық жүйелерде сақталатын, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады. Электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді ұсыну Заңға сәйкес жүзеге асырылады және мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен және регламенттерімен реттеледі.
Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметті электронды нысанда көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының жазбаша рұқсаты негізінде оның электронды құжат нысанындағы сұрануы Мемлекеттік корпорация қызметкерінің оған қызметтік мақсатта пайдалану үшін берілген электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылады. Мемлекеттік корпорация қызметті көрсету, мемлекеттік қызметті алу туралы азаматтарды ақпараттандыру, сондай-ақ мәселелері бойынша азаматтарға кеңес беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын орналастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік корпорция өзіне-өзі қызмет көрсету секторының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, онда электрондық үкіметтің веб-порталы сервистерін пайдалану және электрондық цифрлық қол таңбалы пайдалану мәселелері бойынша консультация беру, сондай-ақ, азаматтарға электрондық үкіметтің веб-порталы арқылы көрсетілетін өзіне-өзі мемлекеттік қызметті алу мүмкіндігі беріледі.
Мемлекеттік корпорация:
- мелекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы көрсетілетін қызметті алушыға қол жетімді нысанда, оның ішінде, көзі және естуі бұзұлған адамдарға қол жетімділікті ескере отырып ақпараттандыруды қамтамасыз етеді;
- Мемлекеттік корпорация қызметкерлерін мүгедектермен икемді тілдесу үшін оқытулар жүргізеді;
- мүгедектердің кедергісіз теңдей мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге қол жеткізу шараларын қабылдайды.
Мемлекеттік корпорация қызметкері көрсетілетін қызмет алушының өтінішін Заңға сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көзделген тізбеге сәйкес Мемлекеттік корпорация қызметкері өтініш беруші мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу үшін жүгінген кезде онда құжаттардың толық пакеті бар болған кезде қабылдайды.
- Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде алдын-ала толықтыру іске асырылған (өтініштің автоматты қалыптастыруы) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді қоспағанда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша өтініштерді, бланктерді толтырудың толықтығын тексерді;
- өтінішке қол қойған тұлғаның жеке басын сәйкестендіреді;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде белгіленген, тиісті міндетті төлемдерді бюджетке енгізгенін растайтын, құжаттардың бар болуын және реквизиттерін тексереді;
- өтініш беруші туралы тиісті ақпаратты және тапсырылған құжаттардың тізімін мемлекеттік ақпараттар жүйесіне енгізеді;
- өтініш берушіден қабылданған құжаттарды тізбесі, өтінішті қабылдаған қызметкердің тегі, аты және әкесінің аты (бар болған кезде), өтініш беру күні мен уақыты, сондай-ақ дайын құжаттарды беру күні көрсетілетін тиісті құжаттарды қабылдау туралы мемлекеттік ақпараттар жүйесінде иеленген штрих-кодымен қолхатты береді;
- көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарымен көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін ұсынған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдауды бас тартады және жоқ құжатты көрсете отырып, қолхат береді;
- қолхатта көрсетілген мерзімде өтініш берушілерге құжаттарды береді;
-Мемлекеттік корпорация басшылығын, Мемлекеттік корпорацияның тиісті филиалдарының аумағында өзіне белгілі болған тәртіп пен заңның барлық бұзушылықтары туралы хабардар етеді;
- Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде уәкілетті органдарға құжаттарды тапсыру, уәкілетті органдардан қабылдау, құжаттарды беру секторына тапсыру және өтініш берушіге құжаттарды беру бойынша іс-қимылдарды (штрих-кодты сканерлеу әдісімен) белгілейді.
Өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру Мемлекеттік корпорация қызметкерлерімен өтініш берушінің ниеті бойынша қазақ және орыс тілдерінде жүзеге асырылады. Алдын ала, құжаттарды тапсырғанға дейін, Мемлекеттік корпорация консультанттары өтініш берушілерге құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді, қызметтерді көрсету талаптарымен таныстырады, қажетті құжаттар топтамасын қалыптастыруға көмек көрсетеді және өтініштердің бланкілердің дұрыс толтырылуын тексереді. Өтініш берушілердің ниеті бойынша Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде көрсетілетін қызметтерді алуға қажетті құжаттардың тізбесі басып шығарылады.
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші бойынша Мемлекеттік корпорация кызметкері көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарынде көзделген жағдайда, ұсыналған құжаттың түпнұсқасы бар құжатты электрондық көшірмесін куәландырады.
Операциялық залдан қабылданған құжаттарды жинауды кестеде белгіленген уақытта жинақтау секторының қызметкері жүзеге асырады. Жинақтау секторына келіп түскен өтініштер бағыттары бойынша қалыптастырылады, қолхаттағы штрих-кодты сканерлеу жолымен Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде белгіленеді. Мемлекеттік корпорация өтініш берушілірдің Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде белгіленген мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын бағалау мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Дайын құжаттарды беруді Мемлекеттік корпорацияның жұмыс кестесіне сәйкес, қолхаттың негізінде алу, белгісі бар жеке басын куәландыратын құжаттарды көрсеткен кезде жүзеге асырылады. Өтініш берушінің өкілі Азаматтық кодекске сәйкес оның өкілеттігін растайтын сенімхатты қосымша ұсынады.
Мемлекеттік корпорация өтініш берушіге қабылданған шешімдер туралы, зейнетақы төлемдері, жәрдемақылар, бір реттік және өзге де төлемдер туралы sms-хабарлар беру арқылы ұялы телефонға хабарлайды. Өтініш беруші жүгінбеуіне байланысты уақтылы берілмеген құжаттар бір ай ішінде Мемлекеттік корпорацияда сақталады, аталған мерзім аяқталған соң зейнетақы төлемдерін, жәрдемақыларды, бір реттік және өзге де төлемдерді, сондай-ақ 18 жасқа толмаған балаларға берілетін мемлекеттік жәрдемақыны, мекенжайлық әлеуметтік көмекті тағайындауға арналған құжаттардан басқа, алынбаған құжат ретінде көрсетілетін қызметті беру қайтарылады.
Мемлекеттік корпорация Қазақстан Республикасы азаматтарының төлқұжаттарын, жеке куәліктерін бір жыл ішінде сақтауды, уақытша куәліктерді мерзімі аяқталғанша дейін сақтауды. Мемлекеттік корпорация кызметкерінің мемлекеттік қызметті көрсетуге өтініштерді қабылдауға және дайын құжаттарды беруге байланысты әрекеттері Мемлекеттік ақпараттар жүйесінде тіркеледі. Көрсетілетін қызмет берушімен іс-қимыл Мемлекеттік ақпараттар жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Қызмет алушының ақпараттық жүйелерден алынатын құжаттарды сұратып алуы рұқсат етілмейді. Мемлекеттік корпорациямен мемлекеттік қызметті көрсету процесінде белгіні болған азаматтардың дербес деректерін Дербес деректер және оны қорғау туралы 2013 жылғы 21 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес үшінші тұлғаларға жария етуге рұксат етілмейді.
Өздерінің функционалдық міндеттерін жүзеге асыру барысында, зейнетақы жинақтары мен әлеуметтік аударымдардың құпиясын кұрайтын мәліметтерге қолжетімділік алған, Мемлекеттік корпорация кызметкерлері зейнетақы жинақтарының және шартты зейнетақы шоттардың құпиясын құрайтын мәліметтерді жария етпейді.
Мемлекеттік корпорация Жарғыға сәйкес мемлекеттік және өзге қызметтерді ақылы түрде көрсете алады. Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде өтініштер мен құжаттарды қабылдау күні мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді. Мемлекеттік корпорацияның уәкілетті органдармен өзара іс-қимылы мемлекеттік қызметті көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Өтініш берушінің Мемлекеттік корпорацияға берген өтінімінің орындалу қозғалысы мен кезеңінің бағытына мониторинг МАЖ көмегімен жүргізіледі. Тиісті уәкілетті органдарға ұсынылатын құжаттардың тізілімі МАЖ-да қалыптасады. Ұсынылатын құжаттардың тізілімі екі данада басылады.
Тізілімнің екі данасымен қалыптастырылған өтініштер кестеге сәйкес курьерлік және пошталық байланыс, және ақпараттық жүйе арқылы уәкілетті органға жіберіледі. Тізілімнің екінші данасы уәкілетті органның қабылдағаны туралы белгісі бар Мемлекеттік корпорацияға кері қайтарылады. Тиісті уәкілетті органға қоса берілген құжаттарымен бірге қабылданған өтініштерді жеткізуді және кері қайтаруды аталған өтініштерді қабылдаған күні екі реттен кем емес жүзеге асырады. Алдын ала, дайын құжаттарды бергенге дейін Мемлекеттік корпорация мен уәкілетті орган берілетін құжаттардың тізілімін құрайды, онда тізімін алғанда берілетін құжаттар туралы толық ақпарат жинақталады.
Тізімнің екі дана қосымшасымен қағазэлектрондық тасығышта ресімделген, беруге дайын құжаттар тиісті уәкілетті органға курьерлік, пошта байланысы және ақпараттық жүйе арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің мерзімі өткенге дейін бір тәуліктер кешіктірмей жеткізіледі. Қолхатқа сәйкес келесі жұмыс күні берілетін құжаттар кешкі поштамен немесе бұрын келеді. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорацияның жауапты қызметкері тиісті уәкілетті органдармен ұсынылатын тізілімге сәйкес құжаттардың толықтығын тексереді. Тізілімнің екінші данасы, тізілімде көрсетілген барлық құжаттардың бар болған жағдайда, ғана алғандығы туралы белгісімен уәкілетті органға қайтарылады. Құжаттар тізімге сәйкес келмеген жағдайда, уәкілетті органға қабылдаудан бас тарту туралы актісі қоса беріліп қайтарылады. Қандай да бір себептер бойынша тиісті мемлекеттік органдар орындаудан бас тартқан көрсетілетін қызметті берушілердің өтініштері Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында көрсетілген мерзімде тиісті тізіліммен кері қайтарылады. Мемлекеттік корпорация филиалдарымен тиісті уәкілетті органдардың аумақтық бөлімшелерімен ай сайынғы негізде көрсетілген мемлекеттік қызмет саны және сапасы бойынша жүргізілген салыстырулар жүргізіледі, олардың нәтижелер бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бөлінісінде есептер жасалады.
Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша есеп тиісті уәкілетті органға есептік айдан кейінгі айдың 3 күніне дейін ұсынылады. Мемлекеттік қызметті көрсету саны мен сапасы бойынша жүргізілген салыстыру нәтижелері бойынша акты есептік айдан кейінгі айдын 15 күніне дейін жасалады. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін орталық атқарушы органдармен салыстыру актілері Мемлекеттік корпорацияның орталық аппаратымен жасалады.
Ақпараттандыру саласындағы уәкiлеттi орган - ақпараттандыру және электрондық үкiмет саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган болып табылады. Бір терезе қағидаты - мемлекеттік қызметті орталықтандырып көрсетудің мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушының құжаттарды жинау мен дайындауға барынша аз қатысуын және оның көрсетілетін қызметті берушілермен тікелей байланысын шектеуді көздейтін нысаны. Көрсетілетін қызметті алушы - орталық мемлекеттік органдарды, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
Көрсетілетін қызметті беруші - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін орталық мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалар. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет - көрсетілетін қызметті алушылардың өтініші бойынша жеке тәртіппен жүзеге асырылатын және олардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін іске асыруға, оларға тиісті материалдық немесе материалдық емес игіліктер беруге бағытталған жекелеген мемлекеттік функцияларды іске асыру нысандарының бірі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті - мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын сақтау жөніндегі талаптарды белгілейтін және көрсетілетін қызметті берушілер қызметінің тәртібін, оның ішінде мемлекеттік қызметтер көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясымен өзара іс-қимыл жасау, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты - мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптарды белгілейтін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінің, нысанының сипаттамаларын, мазмұнын және нәтижесін қамтитын нормативтік құқықтық акт. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі - мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сыныпталған тізбесі[5].
Бiрыңғай байланыс орталығы - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, көрсетiлетiн қызметтi алушыларға мемлекеттiк және өзге де қызметтер көрсету мәселелерi бойынша - ақпарат, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ақпараттық-коммуникациялық қызметтер көрсету мәселелері бойынша ақпарат беру жөнiндегi ақпараттық-анықтамалық қызмет функцияларын орындайтын заңды тұлға. Мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесі - мемлекеттік қызметтер көрсету, оның ішінде Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету процесін автоматтандыруға және мониторингтеуге арналған ақпараттық жүйе. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі - жеке тұлғалардың, коммерциялық емес ұйымдардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының деңгейі туралы ақпаратты жинау, талдау және ұсынымдарды тұжырымдау жөніндегі қызметі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау - көрсетілетін қызметті алушыларды орталық мемлекеттік органдар, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін қолжетімді және сапалы мемлекеттік көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету бойынша шаралардың тиімділігін айқындау жөніндегі қызмет. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау - орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын сақтауын тексеру және оған мониторинг жүргізу жөніндегі қызмет.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган - өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыру - электрондық нысанда мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін көрсетілетін қызметті берушінің әкімшілік процестерін түрлендіру рәсімі. Мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңтайландыру - мемлекеттік қызмет көрсету процесін оңайлатуға, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін, көрсетілетін қызметті алушылар ұсынатын құжаттардың тізбесін, сондай-ақ оны көрсету процесінің буындарын қысқартуға, оның ішінде автоматтандыру арқылы қысқартуға бағытталған іс-шара. Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган - мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық мемлекеттік орган.
1.2 Электрондық үкімет порталы арқылы заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер тізімі


Қызметтер атаулары
Жалпы саны
Онлайн қызметтер саны
Орталық арқылы
1
Бизнесті тіркеу және дамыту, оның ішінде

Бизнесті тіркеу және жою
17
16
1

Заңды тұлғалар, филиладар, өкілдіктер туралы мәліметтер
13
12
1

Бизнесті қолдау
6
2
4

Бизнесті жүргізу
1
-
1
2
Лицензиялау және акредиттеу, оның ішінде:

Лицензиялау
86
81
5

Рұқсат ететін құжаттар
129
116

13

Құқықты тіркеу (акредиттеу) және сертификаттау
53
43
10
3
Салықтар, оның ішінде:

Салықтарды төлеу және қайтару
5
3
2

Салық есептілігі және тіркеу
17
12
5
4
Қаржы және банктік іс, оның ішінде:

Банктік іс
23
18
5

Сақтандыру және зейнетақы қоры
17
15
2
5
Өндіріс, оның ішінде:

Электроэнергетика
3
3
-

Машина жасау және метал өңдеу
4
4
-

Металлургия, жанармай, минералды шикізат
7
7
-

Өндірістің жеңіл химия және басқа түрлері
13
4
9

Атомды энергетика
12
12
-
6
Көлік және коммуникациялар, оның ішінде:

Жер үстімен тасымалдау, автосервис
11
10
1

Азаматтық авиация
24
21
3

Су жолы көлігі
9
7
2

Жолдар, қатынас жолдары
4
3
1

Ақпараттық жүйелер, байланыс
9
6
3
7
Жылжымайтын мүлік, оның ішінде:

Сатып алу, сату, жалдау
15
13
2

Тұрғын үй қатынастары
18
15
3

Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық
4
3
1

Жер қатынастары
21
13
8
8
Интелектуалды меншік, оның ішінде:

Авторлық құқық
4
3
1

Өндірістік меншік
9
6
3

Тауар белгілері
4
3
1
9
Мәдениет, дін, БАҚ, оның ішінде:

Мәдениет
6
5
1

Дін
8
2
6

БАҚ
1
1
-
10
Медицина, оның ішінде:

Фармацевтика
5
5
-

Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
3
3
-

Құқықты тіркеу, акредиттеу және лицензиялау
5
3
2
11
Табиғи ресурстар және экология, оның ішінде:

Экология
14
12
2

Табиғи ресурстар
24
11
13

Орман, аңшылық және балық шаруашылығы
16
11
5
12
Ауыл шаруашылығы, оның ішінде:

Егін шаруашылығы
26
12
14

Мал шаруашылығы
7
6
1

Ветеринарлық бақылау
9
7
2

2 Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет көрсету саласын мемлекеттік реттеу
2.1 Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары және регламенттері
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы - Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, бір терезе қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштер қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін, сондай-ақ электрондық нысанда мемлекеттік қызметтер көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға болып табылады. Электрондық үкіметтің веб-порталы - нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, бүкіл шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерге қол жеткізудің бірыңғай терезесі болатын ақпараттық жүйе.
Мемлекеттік қызметтер мынадай негізгі қағидаттар негізінде көрсетіледі:
- көрсетілетін қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есеп берушілік және ашықтық;
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігі;
- мемлекеттік қызметтер көрсету процесін үнемі жетілдіру;
- мемлекеттік қызметтер көрсету кезіндегі үнемділік және тиімділік.
Көрсетілетін қызметті алушылардың:
- көрсетілетін қызметті берушіден мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәртібі туралы толық және анық ақпаратты қолжетімді нысанда алуға;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға;
- орталық мемлекеттік органның, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органының, қаладағы аудан, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушінің және олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен шағымдануға;
- Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік көрсетілетін қызметті қағаз және электрондық нысанда алуға;
- Заңда көзделген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылауларға қатысуға;
- мемлекеттік қызметтер көрсету саласында бұзылған құқықтарды, бостандықтар мен заңды мүдделерді қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінуге құқығы бар.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді Қазақстан Республикасының азаматтарымен және заңды тұлғаларымен тең жағдайда алады.
Көрсетілетін қызметті берушілер орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне мемлекеттік қызметтер көрсетуге қажетті ақпарат үшін сұрау салумен жүгінуге, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тартуға құқығы бар.
Көрсетілетін қызметті берушілер:
1) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттеріне сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсетуге;
2) мүмкіндігі шектеулі адамдардың мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алуы кезінде оларға қажетті жағдайлар жасауға;
3) көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда толық және анық ақпарат ұсынуға;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, орталық мемлекеттік органдарға, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдеріне, өзге де көрсетілетін қызметті берушілерге, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтерді көрсету, оның ішінде ақпараттық жүйелерді интеграциялау арқылы көрсету үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі өткенге дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етуге;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруға, сондай-ақ мүгедектермен қарым-қатынас жасау дағдыларына үйретуге;
7) көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдарын осы Заңда белгіленген мерзімдерде қарауға және оларды қарау нәтижелері туралы хабардар етуге;
8) көрсетілетін қызметті алушылардың сұрау салуы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтің орындалу сатысы туралы хабардар етуге;
9) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдануға;
10) мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелердің іркіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге;
11) мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етуге;
12) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
Мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде көрсетілетін қызметтерді алушылардан:
1) ақпараттық жүйелерден алуға болатын құжаттарды;
2) Қазақстан Республикасының зейнетақымен және әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін реттейтін заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, көрсетілетін қызметті берушінің салыстырып-тексеруі үшін түпнұсқалары ұсынылған құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелерін талап етуге жол берілмейді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекітеді. Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік қызметтерді іріктеу жөніндегі Ведомствоаралық комиссия туралы ережені және оның құрамын бекітеді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган:
1) өз құзыреті шегінде мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
4) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері туралы ақпарат сұратады;
5) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
6) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөніндегі мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыруды және іске асыруды жүзеге асырады;
8) жеке тұлғаларға және коммерциялық емес ұйымдарға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу жөнінде ақпараттық, консультациялық, әдістемелік қолдау көрсетеді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті орган:
1) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік саясаттың іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін әзірлеуді және жүргізуді жүзеге асырады;
4) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерін әзірлеу жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді;
5) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
6) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын және (немесе) регламенттерін әзірлеу жөніндегі қызметіне мониторинг жүргізеді;
7) мемлекеттік көрсетілетін қызметтің құнын айқындау әдістемесін әзірлейді және бекітеді;
8) орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі қызметі есебінің қалыптастырылу тәртібін, ұсынылу мерзімдерін және үлгі нысанын әзірлеп, бекітеді;
9) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Орталық мемлекеттік органдар арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті орган:
1) Мемлекеттік корпорацияның қызметі қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
2) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілуге жататын мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді іріктеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
3) Мемлекеттік корпорацияның қызметін ұйымдастыруды және бақылауды жүзеге асырады;
4) Мемлекеттік корпорацияның қызметін және оның көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл жасауын үйлестіреді;
5) Мемлекеттік корпорацияның қызметін әдіснамалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады;
6) Мемлекеттік корпорация арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету көзделген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын келісуді жүзеге асырады;
7) Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынылатын мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;
8) Мемлекеттік корпорация көрсететін қызметтерге баға белгілеу тәртібін айқындайды.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілуге жатады. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
- көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтерді;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын;
- көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
- өтініштер қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді жүзеге асыратын ұйымдардың атауын және мемлекеттік қызмет электрондық нысанда көрсетілетін жағдайда электрондық үкіметтің веб-порталына нұсқауды;
- мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
- мемлекеттік қызмет көрсетудің ақылы не тегін екендігін көздейді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қойылатын бірыңғай талаптарды қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдар мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдері көрсететін мемлекеттік қызметтер үшін стандарттарды әзірлейді және бекітеді.
Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік орган көрсететін мемлекеттік қызмет стандарты Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу бойынша бекітіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімі бекітілген немесе оған толықтырулар енгізілген күннен бастап үш ай ішінде әзірленеді және бекітіледі. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасы осы Заңның 15-бабында көзделген тәртіппен жария талқылануға жатады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың күшін жою мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның, мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы уәкілетті органның, ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органның, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандар, аудандық маңызы бар қалалар, кенттер, ауылдар, ауылдық округтер әкімдерінің ұсыныстары негізінде, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасының қоғамдық мониторингі және көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі өтініштерін қарау қорытындылары бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты:
- жалпы ережелерді:
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтің атауын;
- мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік органның атауын;
- көрсетілетін қызметті берушінің атауын;
- мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін:
- мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін;
- мемлекеттік қызмет көрсету нысанын;
- мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін;
- Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда көрсетілетін қызметті алушыдан мемлекеттік қызмет көрсету кезінде алынатын төлемақы мөлшерін және оны алу тәсілдерін;
- көрсетілетін қызметті берушінің жұмыс кестесін;
- мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін;
- мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді;
-орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарының, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерінің, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және оның қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне шағымдану тәртібін;
- мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптарды көздейді.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарының жобаларын жария талқылау мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарында құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделері қозғалатын жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын ескеру мақсатымен жүргізіледі.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын әзірлейтін орталық мемлекеттік орган мемлекеттік көрсетілетін қызметтің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне енгізілген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының жобасын жария талқылау үшін оны электрондық үкіметтің веб-порталында, өзінің интернет-ресурсында және облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттаудың экономикалық мәселелері
Стандарт ұғымы
Стандарт және стандарттау ұғымы
Көрсетілетін қызметті берушілер
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар
Халықаралық стандарт халықар
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалыптасуы
Мемлкеттік билік жүйесі
Қазақстанда нарықтық экономиканы дамыту
Пәндер