Кәсіпорынның инвестициялық жобасынын қаржыландыру тәуекелін арттыру жолдары мен болашақтағы дамуы



Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 Кәсіпорынның инвестициялық жобасы және оны қаржыландырудың
теориялық негіздері
1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы 6
1.2 Кәсіпорындағы инвестициялық қаржыландырудағы бизнес жоспардың 12
басқарылуы
1.3 Қазақстан аймақтарындағы кәсіпорындардың инвестициялық жобасын 28
қаржыландырудың салыстырмалы бағасы

2 Кәсіпорынның инвестициялық жобасының тәуекелдігін талдау (Есеп
және Аудит-97ЖШС мысалында)
2.1 Есеп және Аудит-97 ЖШС-ң қалыптасуы мен қаржылық сипаты 35
2.2 Есеп және Аудит-97 ЖШС-нің полипропиленді қап өндіру қызметінің 47
инвестициялық жобасын сандық талдау

3 Кәсіпорынның инвестициялық жобасынын қаржыландыру тәуекелін арттыру
жолдары мен болашақтағы дамуы
3.1 Кәсіорынның инвестициялық жобасынын қаржыландыру белсенділігін 54
арттыру жолдары
3.2 Елдегі шағын кәсіпкерлік жобасының инвестициялық қаржыландырудың 57
тәуекелдігін басқару жолдары мен бағдарламасы

Қорытынды 64

Пайдаланылған әдебиеттер көздері 67



Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Қазақстан өзінің дамуының
жаңа кезеңінде бүкіл әлемдік қаржылық тоқырауды бастан кешіріп отыр.
Қазақстанның нарықтағы басшылыққа алатын бағытарының бірі экономикалық
реформаларды іске асыра отырып, жоғарғы қарқынды экономикалық өсім мен
экономикалық тиімділікке қол жеткізу мақсатында мемлекеттің инвестициялық
саясатын жүзеге асыру болып табылады.
Сондықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбының маңыздылығы мен өзектілігі
кәсіпорындардағы инвестицияларды басқарудың маңызды орны мен оны дамытудың
жолдарын қарастыруда жатыр.
Инвестиция дегеніміз (күрделі салым) – негізгі қорды, ұдайы өндірісті,
кәсіпорынды, ауыл шаруашылығының барлық саласын ұлғайтуға бағыталған
материалдық, ақшалық және еңбектік ресурстар шығындарының жиынтығы.
Мемлекеттік реттеу қазіргі заман қоғамының экономикалық құрылымының
дамуы мен құрылуында анықтайтын және алғы рөлді ұстанатын экономикалық
саясаттың аясында жүзеге асырылуында басты орын алады.
Мемлекетке экономикалық және әлеуметтік реттеуді жүзеге асыруға
мүмкіндік беретін, оның басты құрылымы мемлекеттік бюджет болатын
механизмдердің ішіндегі ең маңыздысы қаржылық механизм, яғни қоғамның
қаржылық механизмі болып табылады. Осы қаржылық жүйенің арқасында мемлекет
орталықтандырылған қорларды құрып, қаржылық құралдардың орталықтандырылған
емес қорларын құруына ықпал етеді, сонымен қатар мемлекеттік органдар
жауапты функцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар 90-шы
жылдардан келе жатқан Қазақстанның экономикалық және саяси реформалары
мемлекеттің қаржы аясына әсерін тигізеді, оның ішінде ең алдымен бюджеттік
жүйеге көп ықпалын тигізеді. Мемлекеттік ресурстарды мобилизациялау мен
таратуының маңызды құралы болып табылып мемлекеттік бюджет саяси үкіметке,
экономикаға шынайы ықпал етуіне мүмкіндік береді. Бюджет - өндірістік
процесті жүзеге асыратын маңызды құрал. Оның арқасында әлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайлар жасалынады, қоршаған
ортаны қорғауын қамтамасыз етеді, ғылыми – техникалық прогресті
ынталандырады, қорғаныс мүмкіндігін қамтамассыз етеді және де мемлекеттің
басқа да функцияларын жүзеге асыруға болады. Соған қарамастан қазіргі
кезде казақстандық инвестициялық саясат ұлттық экономиканы басқарудың ең
маңызды құралына айналып отыр.
Экономикалық реформаларды жүзеге асыру экономикаға, әлеуметтік сфераға
және инфрақұрылымның дамуына мол қаржының салынуын талап етеді. Осы
реформалардың негізгі ауыртпашылығы ішкі және сыртқы инвестициялық
қаржыларды тарту, оларды жоспарлы да жүйелі түрде жұмсай білу маңызды
мәселеге айналып отыр.
Өйткені ол экономикаға, әлеуметтік қорғауға, білім беруге, ғылым,
мәдениет, өнер, денсаулық сақтау, қорғаныс және басқару сияқты қоғам
өмірінің барлық сфераларын қамтитын экономикалық реформаны жүзеге асыру
үшін мемлекеттің барлық ішкі және сыртқы ресурстарын ынталандыра отырып
шоғырландырыла алады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның инвестициялық жобасын
қаржыландыру іскерлігін тиімді пайдаланудың түрлі жолдары мен олардың
тәуекелділігін талдау және бағалау болып табылады.
кәсіпорынның инвестициялық жобасын қаржыландыру іскерлігін тиімді
пайдаланудың түрлі жолдары мен олардың тәуекелділігін талдау және бағалау
мәселелерін Қазақстан республикасында көптеген ғалымдар мен экономистер
қарстырп зерттеп жүр, мысалыға, олар Абдушев Б. М., Абулгазин Д., Баишев
Б., Балахматова Г., Джаналеева А., Калдияров Д. , Сулейменов Д., Тургулова
А. К және т.б. атап айтуға болады
Осы жоғарыдағы айтылған ойлар мен тұжырымдар жиынтығы дипломдық
жұмыстың мақсаты мен міндеттерін анықтап берді.
Осы мақсатқа жету үшін мынандай міндеттер қарастырылған:
– кәсіпорындағы инвестицияның мәні мен мазмұнын қарастыру және ашу;
– отандық кәсіпорындардағы инвестициялық қаржыландырудың алатын орны
мен рөлі;
– кәсіпорындағы инвестициялық тартымдылықтың жалпы еліміздің
әлеуметтік-экономикалық әл-ауқатына әсер ету еркшеліктерін көрсету;
– Қазақстан мен оның аймақтарындағы кәсіпорындарға инвестициялық
салымдарды салыстырмалы түрде бағалауды жүзеге асыру;
– орындалған жұмыстар мен зерттелген материалдардың нәтижесін
тұжырымдау және ұсыныстарды құрастыру;
– кәсіпорынға инвестициялардың тартылуындағы басқарудың мәселерін
анықтап, оларды шешудің жолдарын көрсету.
Дипломдық жұмыстың зертеу объектісі. Есеп және Аудит-97 ЖШС.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш негізгі бөлімнен,
қорытынды, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
Кріспеде дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі көрсетілген, мақсаты
мен міндеттері құрастырылған, жаңалықтың мәні ашылып, зерттеудің пәні
көрсетілген.
Бірінші бөлімде инвестицияның мағынасы мен жалпы түсінігі туралы
әдебиеттік шолулар жасалынды. Қазақстандағы әртүрлі меншік жүйесіндегі
аймақтық инвестициялар жағдайларына сипатамалар жасалынды.
Екінші бөлімде Есеп және Аудит-97 ЖШС-нің инвестициялық жобасын
қаржыландыру іскерлігін тиімді пайдаланудың түрлі жолдары мен олардың
тәуекелділігін талдау және бағалауына талдау жасалды.
Үшінші бөлімде инвестициялық қызметерді басқарудың мәселелері
анықталып, оларды келешекте еліміздің экономикасына тиімді әсер етуінің
жолдары қарастырылды.
Зерттеу дәрежесінің нәтижесінде дипломдық жұмыстың қарастырып отырған
қәсіпорындардағы инвестициялардың қазіргі кезеңдегі мәселелерін анықтайтын
және олардың келешектегі дамыту үшін қажетті шешуші жолдарын себеп-
ссалдарлар мен мүмкіншіліктер жиынтықтары белгіленіп, оны орныдаудың
ұсыныстары мен тұжырымдары жасалынды.
Жалпы дипломдық жұмыстың орындалуы мен оны зерттеудің негізгі
мақсаттары мен міндеттерінің орындалуы туралы тұжырымдамалар мен ұсыныстар
қорытындыда толығымен түсіндіріліп көрсетілген.

1 Кәсіпорынның инвестициялық жобасы және оны қаржыландырудың
теориялық негіздері

1.1 Инвестиция түсінігі және экономикалық мағынасы

Инвестиция - Қазақстан экономикасының нарықтық экономикаға өтуі
кезінде пайда болған жаңа термин. Орталықтандырылған жоспарлау жүйесінің
шеңберінде жалпы капиталдық салынымдар деген түсінік қолданылатын, осы
түсінік бойынша жаңа құрылыс пен қайта өңдеуге, шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындарының кеңеюі мен техникалық қайта қамтамасыздандыруына
(өндірістік капиталдық салымдар), тұрғын үй мен тұрмыстық-мәдени құрылысқа
(өндірістік емес капиталдық салынымдар) жұмсалатын барлық қаржылық құралдар
түсіндірілетін.
Инвестициялар ақша құралдары, мақсатты банкілік салымдар, пайлар,
акциялар және де басқа құнды қағаздар, технологиялар, машиналар,
қондырғылар, лицензиялар, соның ішінде тауар белгісіне, пайда табу
мақсатында кәсіпкерлік қызмет объектісіне салынатын интеллектуалды
бағалықтар, несиелер, кез келген мүлік немесе мүліктік құқықтар ретінде
анықталады және осының бәрі - пайда табу мен әлеуметтік жақсы өсерлерге
жету мақсатында. Осы тұрғыда инвестиция түсінігі нарықтық тәсілге едәуір
жақын келеді.
Келтірілген анықтамалар нарықтық және жоспарлық жүйелерде
инвестицияның мәнін түсінудегі айырмашылықты көрсетеді. Ресурстардың
бөлінуі әкімшілік жүйесі жағдайында меншіктің бір түрімен жүзеге
асатындықтан, инвестицияландырудың қаржылық және басқа түрлерінің бар
екендігін отандық экономикалық ғылым қарастырмады. Жоспарлық экономика
жағдайында инвестициялар ағымдағы шығындардан тек бір уақыттық сипатымен
ғана айырықшаланатын залал түрінде көрінді. Экономика ғылымы мен тәжірибесі
дәлелдеп отырғандай, капиталдық салынымдар инвестицияның синонимі болып
табылмайды, берілген терминдер ұқсас емес. Капиталдық салынымға қарағанда
инвестиция түсінігі әлдеқайда кең. Батыс әдебиеттерінде қор нарығын
қарастыруға баса назар аударады, себебі нарықтық экономикасы дамыған
елдерде (АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Жапония) инвестицияландыру бағалы
қағаздар арқылы іске асады. Қазіргі таңда отандық тәжірибеде екі термин де
қолданылады [1,45 бет].
Инвестиция термині латынның investire - жұмылдыру сөзінен алынған.
Бұл термин ғылыми және публицистикалық әдебиеттерде кеңінен қолданылады.
Ғылыми әдебиеттерде инвестицияны анықтаудың әр түрлі тәсілдері бар. Пол
Самуэльсон инвестицияландыру туралы былай жазады: Біз қоғамның нақты
капиталының таза өсімін білдіретін нәрселерді (ғимараттар, қондырғылар
өндіріс-материалдық запастар және т.б.) таза инвестицияландыру немесе
капитал қалыптасуы. Тұрғындар үшін жерді, қолданыста жүрген құнды
қағаздарды немесе меншіктің кез келген түрін сатып алу инвестицияландыру
болып табылады. Экономистер үшін бұл тек таза трансферттік операциялар.
Яғни біреуі инвестицияландырса, басқа біреуі дезинвестицияландырады. Таза
инвестицияландыру тек жаңа нақты капитал қалыптасқан кезде ғана орын алады.
У. Шарп инвестицияны былайша анықтайды: Нақты инвестицияларға әдетте
қандай да бір материалдық-көрнекті активтер түріне инвестициялау кіреді,
мысалы, жер, қондырғылар, зауыттар сияқты. Қаржылық инвестициялар қағазда
жазылған келісім-шарттарды, мысалы, кәдімгі акциялар мен облигациялар
сияқтыны білдіреді.
Қарапайым экономикаларда инвестициялардың негізгі бөлігі нақтыға
жатқызылса, қазіргі дәуірдің экономикасында инвестициялардың үлкен бөлігі
қаржылық инвестициялар болып табылады. Қаржылық инвестицияландыру
институттарының жоғары дамуы нақты инвестицияның өсуіне едәуір дәрежеде
ықпал етеді.
Әдетте, бұл екі форма бәсекелес емес, бір-бірін толықтырушы болып
табылады. В.Бочаров инвестицияны табыстың тұтынуға жұмсала алмайтын бөлігі
деп түсінеді. Инвестициялық ресурстар инвестициялық іскерліктің капиталдық
құнның табыс немесе әлеуметтік әсер түріндегі өсімі алынатын нақты
объектілеріне трансфермацияланады.
Экономиқалық және қаржылық тұрғыдан инвестицияландыру экономикалық
ресурстарды болашақта таза пайдаға жету және бұл пайданы бастапқы салынған
капиталдан асырып түсіру мақсатымен ұзақ мерзімді салу деп анықталады.
Капиталдық салым процесінің жалпы анықтамасы: инвестицияландыру дегеніміз
бүгінгі қажеттіліктерін қанағаттандыруды оны келешекте инвестициялық
игіліктердің көмегімен қанағаттандыру үмітіне айырбастауды білдіреді.
Инвестиция - бұл ақшаны, оның сақталуына немесе құнының артуына және
табыстың оң шамасын қамтамасыз етуге үміт арта отырып, орналастыруға
болатын кез келген құрал. Бос ақша құралдары инвестиция болып табылмайды,
себебі қолма-қол ақшаның құнын инфляция жеп қоюы мүмкін және ол ешқандай да
табыс әкелмейді. Капиталды орналастырудың түрлі факторлармен айрықшаланатын
әр түрлі нысандары бар:
құнды қағаздар мен жылжымайтын мүлікке;
қарыздық міндеттемелерге;
опциондар мен акцияларға;
шағын немесе үлкен тәуекелмен;
қысқа немесе ұзақ мерзімге;
тікелей және жанама [2, 54 бет].

Инвестициялардың экономикалық табиғатын оны жіктеу толығырақ
түсіндіреді, жіктеу негізіне түрлі белгілер салынған. Белгілер ретінде
мыналар қолданылады:

-инвестициялардың түрлері;
-ақша құралдарын салу объектілері;
-инвестицияландыруға қатысу сипаты;
инвестицияландыру кезеңі;
-меншік түрлері;
-инвестордың қатысу түрлері;
- тәуекел дәрежесі; ұдайы өндіріс түрлері.
1. Инвестициялардың түрлерін былайша топтайды:
ақша құралдары, салымдар, пайлар, акциялар және басқа да құнды қағаздар;
жылжымайтын және жылжымалы мүлік; авторлық құқықпен, тәжірибемен және
басқа да интеллектуалды құндылықтармен байланысты мүліктік
құқықтар; жерді, суды, ресурстарды, үйлерді пайдалану құқығы және басқа да
мүліктік құқықтар; қандай да бір өндірісті (бірақ патенттелген ноу-хау
емес) ұйымдастыруға қажетті техникалық құжат, дағды, өндірістік тәжірибе
ретінде рәсімделген техникалық, технологиялық, коммерциялық
сауаттылық.
2. Құралдардың салыну объектілері бойынша инвестициялар былайша
бөлінеді: нақты инвестициялар немесе құралдардың материалды активтерге
салынуы, яғни нақты инвестициялар - кәсіпорынның негізгі және айналыс
капиталын қалыптастыратын материалды және материалды емес активтерге
салынатын салым. Материалды активтер - ғимараттарға, станоктарға, қосымша
материалдық бұйымдарға, дайын өнімдерге айналдырылған құралдар; материалды
емес активтер - лицензиялардың, патенттердің, тауар белгісінің құны,
жарнамаға және кадрларды дайындауға кеткен шығындар; қаржылық
инвестициялар немесе түрлі қаржылық құралдарға ақша құралдарының
салынуы - депозиттер, құнды қағаздар, банктік салынымдар.
3. Инвестициялық процестерге қатысу сипаты бойынша инвестициялар
келесі түрлерге бөлінеді: тікелей инвестициялар, мұнда инвестицияландыру
және ақша құралдарын салу объектісін таңдауда инвестордың тікелей қатысуы
қажет етіледі. Сонымен қатар инвестор инвестициялық циклдердің барлық
кезеңдеріне тартылады, оның ішінде алдын ала жүретін инвестициялық
зерттеулерге, инвестициялау объектілерін жобалау мен тұрғызуға, дайын өнім
өндірісіне; жанама, бұл ақша құралдарын өз қалауынша, неғұрлым тиімді
орналастыратын және аккумуляцияланатын түрлі қаржылық делдалдар арқылы
(инвестициялық қорлар және компаниялар) жүзеге асады. Мұндай делдалдар
инвестициялау объектілерін басқаруға қатысады, ал алатын табыстарын
клиенттері арасында бөледі. Тұтас басқарылатын құнды қағаздарға
салынатын салымдарды портфельдік деп те атайды.
4. Инвестициялаудың кезеңдері бойынша инвестицияларды мына түрлерге
бөледі: қысқа мерзімді, ұзақтылығы бір жылдан аспайды (қысқа мерзімді
депозиттік салымдар, жинақ сертификаттар); ұзақ мерзімді, бұның ұзақтылығы
бір жылдан көп.
5. Меншік түрлері бойынша инвестициялар мыналарға бөлінеді:
азаматтардың, мемлекеттік емес меншік нысанындағы кәсіпорындардың,
өкіметтік емес ұйымдардың жеке ақша құралдары; мемлекеттік, ол түрлі
деңгейдегі кәсіпорындар мен мекемелердің бюджет көздерінен
қаржыландырылады.
6. Инвестордың қатысу түріне байланысты: қайта құрылып жатқан
кәсіпорындарға жартылай қатысу немесе шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың бір бөлігін иелену (шектеулі меншік қоғамына үлестік
қатынас); инвестор толық иеленетін кәсіпорындарды құру немесе шаруашылық
жүргізіп жатқан кәсіпорындарды өз меншігіне алу; жылжымалы немесе
жылжымайтын мүлікті акция, облигациялар арқылы немесе басқа да құнды
қағаздар түрінде алу; табиғат ресурстарын пайдалануға, жерді пайдалану
құқығына, басқа да мүліктік құқықтарға концессия алу.
7. Тәуекел дорежесі бойынша инвестициялар келесі түрлерге бөлінеді:
тәуекелсіз инвестициялар. Мысалы, бірқатар мемлекеттерде қысқа мерзімді
мемлекеттік облигацияларға салымдар салу қауіпсіз деп саналады, ал олар
бойынша алынған табыс қауіпсіз қойылымды анықтайды, бұл қауіпсіз
қойылым инвестициялық тәуекел нүктесін санау ретіндегі салымдарды бағалау
ретінде қолданылады; тәуекелді инвестициялар. Инвестициялармен байланысты
тәуекел немесе белгісіздік дәрежесі, мысалы, уақыт, салыным объектісі
сияқты факторларға тәуелді. Инвестицияландыру аяқталғаннан кейінгі
кәсіпорынның жұмыс істеу нәтижесінің өзгеруі инвестицияландырудың мерзіміне
және жобаның масштабы мен оның мақсаттарына тәуелді, сондықтан
қауіптіліктің дәрежесі нарықтың мүмкін болатын әрекетін шеше алмау болып
табылады (жаңа өнім түрін құру, өндіріс шығындарын төмендету, сату көлемін
кеңейту, мемлекеттік тапсырыстарды орындау және т.б.). Дәрежені бағалау
критерийлері мыналар болуы мүмкін:
- барлық пайда сомасын жоғалту мүмкіндігі. Тәуекелдің орын алуы мүмкін,
жоба іске асқаннан кейін пайданы ғана емес, жалпы есептемелік табысты
жоғалту мүмкіндігі. Тәуекел дағдарысты болып табылады;
- барлық активтерді жоғалту мүмкіндігі және инвестордың банкротқа
ұшырауы немесе апаттық тәуекел.
8. Ұдайы өндіріс инвестицияның келесі түрлерінің бірінде жүзеге асуы
мүмкін: жаңа алаңдарда және бастапқыда бекітілген жоба бойынша іске
асып жатқан жаңа құрылыстар немесе кәсіпорындардың, ғимараттардың
салынуы; шаруашылық жүргізіп отырған кәсіпорындардың кеңеюі - өндіріс
қуаттылығын арттыру мақсатымен шаруашылық жүргізіп отырған
кәсіпорындардың екінші және келесі кезектерін, қосымша өндіріс
кешендерін және өндірістерді, жаңа кәсіпорындарды салу немесе
қызмет етіп жүрген кәсіпорындарды кеңейту; шаруашылық жүргізіп жүрген
кәсіпорынды қайта құру - моральды тұрып қалған және физикалық жағынан
тозған қондырғыларды ауыстыру арқылы жаңа өнімнің шығарылуының профилін
өзгерту мақсатымен өндірісті толық немесе жартылай қайта жабдықтауды ортақ
жоба бойынша жүзеге асыру; техникалық қайта қамтамасыздандыру - жекелеген
цехтардың, өндірістердің, учаскелердің өндірісінің техникалық-экономикалық
деңгейлерін арттыруға бағытталған шара кешендерін жүргізу [3, 154
бет].
Инвестицияның ұсынылған жіктелуі қазіргі заманның инвестициялық
жобалау концепцияларын толығырақ түсіну үшін, жүріп жатқан процестерді жан-
жақты бағалау үшін қажет. Ол үшін кәсіпорынның, оның ішінде акционерлік
қоғамдардың инвестициялық стратегиясы және инвестициялық қызметін қарастыру
қажет.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі - бұл кәсіпорынның шаруашылық
қызметінде маңызды роль атқаратын және өзіне тән заңдылықтарымен дамып
отыратын, өзіндік логикаға ие объективті процесс, себебі инвестициялар
өзінің экономикалық табиғаты жағынан болашақта табысқа жету үшін ағымдағы
тұтынудан бас тартуды білдіреді. Сол себептен инвестициялық процесс
кәсіпорынның инвестициялық жоспарын анықтаудан басталады, оны таңдау
төмендегілерге байланысты: кәсіпорынның өмір сүру циклының сатылары; жалпы
даму стратегиялары; инвестициялық ресурстардың ішкі және сыртқы нарықтар
жағдайы; құралдардың салу объектісі ретінде кәсіпорынның инвестициялық
тартымдылығы [4, 58 бет].

Кесте 1
Белгілі бір кезең ішіндегі байланыстылық пен үйлесімділік

СтратегияПайда болуы Сатылары Ескіруі Пайда
сы болуы
Өсуі Жетілуі
Жаппы Нарыкка еніп, Нарық Іс-әрекеттің Пайда нормасын
бекітілу сегмен- сала- сақтау және
процесінде тінің лық диверсифика- іс-әрекеттің
өмір сүру кеңеюі, циясы, пайданың бағыты мен
іс-әрекет қол жеткен нысандарының бір
ди- нормасыиа қолдау уақыттық
версификацияжасау жаңалануының
- қаржылық
сы мен тұрақтылығы,
пайда- дәстүрлі
ның жоғары іскерліктің
карқынмен масштабтарын
өсуін сақтау
қамтама-
сыз ету
ИнвестициБастапқы Өндірістің Өндірістің Жана құрылыс пен
ялық нақты инвести- және нақты техникалық қайта өндірістің қайта
цияның қаржылық қамтамасыздан- құрылуына нақтылы
жеткілікті инвестиция дырылуы жене кең масштабты
көлемін масштабтары-масштабты инвести-
қамтамасыз ету нын қеңеюі қаржылық инвес- цияландыру
тицияландыру

Сонымен, егер бастапқыда инвестицияны жүзеге асыру жетекшілері өз
бетінше инвестицияға қатысты шешім қабылдай алатын кәсіпорынның жұмысы
болып көрінсе, онда мұндай жағдайда ең әуелі шешімнің зардаптарын бағалауды
үйрену керек, өйткені инвестициялардың жүзеге асырылмауы да өзінше бір
стратегия. Инвестициялық стратегиясы деп ұзақ мерзімді мақсаттар кешені
және оларға жетудің анағұрлым тиімді жолдарын таңдау түсініледі.
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясы ұзақ мерзімді мақсаттарға
бағытталуы қажет және сәйкес инвестициялық жобалар мен бағдарламаларды
іріктеп алу арқылы ағымдағы шаруашылық қызмет процесінде жүзеге асырылуы
тиіс.
Инвестициялық жоспардың қалыптасуы күрделі шығармашылық процесті
білдіреді, ол кейбір жағдайлар мен инвестициялық нарықтың жалпы және
жекелеген сегменттер аралығындағы конъюнктурасын болжауға негізделген.
Бұл стратегия әрқашанда экономикалық дамудың жалпы стратегиясы
шеңберінде қалыптасып, онымен мақсаты, кезеңдері, жүзеге асу мерзімі
бойынша үйлеседі. 1-кестеде белгілі бір кезең ішіндегі осындай өзара
байланыстылық пен үйлесімділіктің мысалы келтірілген.
Кәсіпорынның әр түрлі кезеңдердегі нақтыланған ұзақ мерзімді
мақсаттары ретінде мыналар болуы мүмкін: белгіленген нормаларға және пайда
көлеміне жету, нарыққа бақылау жүргізудің үлесін және сауда айналымын
ұлғайту арқылы масштабты өсіру, жаңа өнім өндіру, өндіріс шығындарын
төмендету үшін тозған қондырғыларды ауыстыру, қоршаған ортаны қорғау және
т.б.
Кәсіпорынның инвестициялық қызметке қатысты шешім қабылдауы бәсекелік
ортада дамудың балама нұсқаларын таңдау проблемасына тіреледі және бұл
бәсекелік орта бір немесе басқа да салаларға тиісті әр түрлі экономикалық,
құқықтық және басқа да факторлардың ықпалында болады.
Инвестициялық қызмет атқарылмаған жағдайда уақыт ете келе өндірістік
аппараттардың моральдық және физикалық тозуы және өндірісті ұйымдастырудың
төмендеуі салдарынан салынған құралдардың табыстылығы азаяды, бұл
нәтижесінде мұндай кәсіпорындардың болашағына күмән келтіреді.
Кәсіпорынның тұрақты деңгейін ұстап түру үшін қолданылатын пассивті
инвестициялау орташа салалық деңгейден қалып қоюға әкеледі және неғұрлым
ұзақ мерзімде де осы сияқты зардаптарға ие болады.
Ал табыстылықтың салымның орташа салалық деңгейіне дейін өсуін
қамтамасыз ететін активті инвестициялық стратегия инновациялық жобалардың
іріктеліп, жүзеге асуын, нарықта белсенді әрекет етуді көздейді.
Тиімді немесе озу стратегиясы жаңа технологиялық шешім қабылдауменен
іске асатын және мұндай салымдардың тәуекелділік дәрежесімен айрықшаланатын
инновациялармен байланысты [6, 98 бет].
Кәсіпорынның инвестициялық стратегиясын қалыптастыру кәсіпорынның да,
потенциалды стратегиялық инвестордың да ортақ мүдделерінің қиылысуы кезінде
жүзеге асады. Ал инвестиция болса нарықта айналысы бар тауарды білдіреді.
Сондықтан оны осы немесе басқа түрде алу мүмкіндігі серіктестердің
түсінушілігі мен ортақ мүдделерін есепке алуға және инвестициялық объектіні
стратегиялық инвестор тұрғысынан көре алуы мен оның инвестициялық
тартымдылығын бағалай алуына байланысты.

1.2 Кәсіпорындағы инвестициялық қаржыландырудағы бизнес
жоспардың басқарылуы

Бүгінгі қазақстандық инвестиция тәжірибесінде мынадай жағдай
қалыптасып отыр: бұрын қолданылған түсініктер мен терминдер өздерін
тасушылармен нарықтық экономика қатарына еніп, іске кедергі келтіруде.
Техникалық-экономикалық дәлелдеме дәстүрлі түсінігі де осындай жағдайда,
оны көп жағдайда инвестициялық жобаға немесе бизнес-жоспарға теңестіруде.
Бұның неге әкеліп соғатыны шетелдік инвесторлармен байланысқа түскен кезде
белгілі болады. Несиені алуға кедергі келтіретін бөгеттердің бірі
кәсіпорындардың көп бөлігі ТМД-ді, біріншіден, жобалардың экономикалық
тиімділігінің, өтелімділігінің есептеулері жоқ сызбалардың жиынтығы деп
түсінеді. Жоба халықаралық нормаларға сай болуы тиіс. Инвестициялық жоба
және бизнес-жоспар түсініктері көбінесе синонимдер ретінде қолданылады,
бірақ олардың арасында, әсіресе, жобалық талдау тұрғысынан едәуір
айырмашылықтар бар.
Әрине, көп жағдайда барлық нәрсе бір немесе бірнеше адамдар ойлап
табатын бизнес-идеялардан (ойлардан) басталады, дегенмен бизнес-идеядан
бастап жобаның жүзеге асуына және оны пайдалану кезеңдеріне дейінгі барлық
жағдайда көптеген кедергілерден өту қажет. Оларды қалай жеңуге болады? Бұл
жерде тиянақты дайындалған бизнес-жоспар көмектеседі [8, 254 бет].
Бизнес-жоспар термині біздің тәжірибемізде тоқсаныншы жылдардың
басында қолданыла басталды, ол кезде еліміз экономиканың кайта құрылу
дәуіріне енді және заманның өзі нарықтық жағдайлардағы кәсіпорындарды
басқару қағидаларын өзгертуді талап етті. Жекелей алсақ, материалдық
өндіріс салаларына капитал салымдарын дәстүрлі бюджет құралдары есебінен
қаржыландыру іс жүзінде тоқтатылды жөне кәсіпорындардың көп бөлігінің
алдында инвестицияға жету қиындығы тұрды да, оның қайтарылуы талап етілді.
Дүниежүзілік тәжірибе бойынша, инвестициялау процесінде бизнес-жоспар
маңызды элементтің бірі болып табылады. Бұл ағылшын тілінен сөзбе-сөз
аударғанда кәсіпкерлік іскерліктің жоспары дегенді білдіреді және осы
құжаттың мәнінің жоғары болғаны соншалық, Батыс Еуропа елдерінің көбінің
басқару органдарында жаңа кәсіпорыңдарды тіркеу үшін тиісті құжаттармен
қатар бизнес-жоспар міндетті түрде көрсетілуі тиіс.
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпкерлік іскерлікпен байланысты басқарушылық
шешімдерді кешенді, жүйелі түрде түсіндіретін, алдына қоятын мақсаттарды
және одан шығатын міндеттерді анық көрсететін, сыртқы және ішкі жағдайларды
объективті тұрғыда бағалайтын, мақсаттарға жету үшін қажетті ресурстарды
анықтайтын, осының бәрін сандармен сипаттап, берілген шешімнің тиімділігін
бизнеске тартылған барлық қатысушыларға (тұтынушылар мен оған ақша
салушылардан бастап, одан жақсы нәтижелерді күтуге құқылы қоғамға дейін)
дәлелдей алатын құжат.
Бизнес-жоспар барлық мүдделі тұлғалар мен ұйымдарға іскерлік
ақпараттарды жеткізуге арналған: бизнестің потенциалды қатынасушылары мен
көмекшілеріне, жергілікті әкімшілігіне, мүмкін болатын инвесторларға,
эксперттерге.
Бизнес-жоспарды құжат ретінде түсіну ондағы ақпараттардың құпиялылығын
білдіреді, әрине, бұл туралы арнайы жазбалар болуы керек.
Бизнес-жоспардың мазмұны кешенді және жүйелі болуы керек, бұл онда
сақталған ақпараттардың толық екендігін (маркетингтік, қаржылық, құқықтық,
экономикалық, техникалық, тарихи) білдіреді. Бизнес-жоспар және ұзақ
мерзімді инвестициялық шешімдерді қабылдау бұл заманның талабы болып
табылады.
Бизнес-жоспар жаңа өндірістік қуат құру арқылы немесе өндірісті
жаңарту, оны техникалық қайта қамтамасыздандыру негізінде жаңа өнім
шығаруды іске асыру үшін сырттан қаржы көздерін тартумен байланысты ұзақ
мерзімді инвестициялық шешімдерді негіздеуде қолданылады.
Кәсіпорынның капиталды активтеріне ресурстарды салғаннан кейін олар
байланысты болып қалады да, кәсіпорынның осы мүлік түріне салынған
қаржылық ресурстардың сипаты өзгереді, шығындардың капиталдығы олардың
өндірістік процеске қатысатын басқа шығындардың түрлерінен айырмашылығын,
үлкен ақша сомасының ұзақ мерзімге оқшаулануын білдіреді.
Бұл капиталдық салыным сатып алынған активтерді қолданудың бүкіл
кезеңінде табыс әкелуі тиіс, инвестор салынған капиталынан күтетін
табысының нормасы оның басқа бір салаға салынған салымының табыстылығынан
кем түспеуіне үміттенуге құқылы.
Жұмыс істеу кезеңінің соңында активтер белгілі бір жойылу құнына ие
болады немесе ешбір жойылу құнын иеленбейді. Капиталдық активтерге
жұмсалатын ақша құралдары шикізатқа, материалдарға, еңбек ақысына кеткен
шығындардан ерекшеленеді. Бұл мыналармен байланысты: өнімді өндіруге және
өткізуге кеткен ағымдық шығындарды, құралдардың айналыс процесіндегі ұзақ
үзіліске жол бермей, өнімді өткізгеннен түсірілген пайдадан жүйелі түрде
жабу керек; капиталдық салымдар, кәсіпорынға ұзақ мерзім бойы табыс
әкелетін негізгі құралдар түріне айналады, сондықтан осындай шығындардың
толық ақталуы инвестиция айналысының бұдан да ұзақ мерзімде толық циклды
іске асуын білдіреді [9, 356 бет].
Осыған байланысты қабылданған шешімдер ұзақ мерзімді сипатқа ие және
ақша ағымдарын болжаумен байланысты - бұл күрделі жұмыс, өйткені көптеген
факторлардың өзгеруіне байланысты инвестициялау нәтижелерінің де тербелісі
болуы мүмкін екенін есепке алу керек, Жоғарыда айтылғандардан мыналар
шығады: барлық инвестициялық шешімдер стратегиялық болын табылады, өйткені
көп жағдайларда кәсіпорынның ағымдағы шығындарын алдын ала анықтайды.
Инвестициялық шешімдер - ұзақ мерзімді шешімдер, оларды болжау сипаты
кәсіпорынның қызметінің барлық аспектілерін сыртқы және ішкі факторларды
есепке ала отырып, мұқият қайта өңдеуді талап етеді; инвестициялық шешімдер
белгісіздікпен және тәуекелмен байланысты, сондықтан міндетті түрде
арнайы құралдарды қолдануды керек етеді (тәуекелдерді талдау);
инвестициялық шешімдердің белгісіздігі мен тәуекелдерінің минимизациялануы
жоғары деңгейде дайындалған ақпараттық базаға негізделуі керек (шынайы және
кешендік). Инвестициялық шешімдерді дұрыс қабылдау үшін бизнес-жоспардың
құрылымы мен мазмұнын дұрыс түсіну керек.
Бизнес-жоспарды жасаушылардың алдында тұрған негізгі міндет
инвесторларды тарту болып табылады. Іс жүзінде қаржылық құрылымның
(потенциалды инвестор) әрбіреуінде қарыз алушыны несиелендіру мақсатында
құжаттарды дайындауында өз стандарттары (форматтары) бар, бірақ қандай
жағдайда да мақсат бір - жобаның қаржылық тиімділігін дәлелдеу керек,
басқаша айтқанда - жобаға салынған ақшалар күтілетін пайданы алып
келетіндігін дәлелдеу керек.
Ол үшін алдымен жобаның табыс әкелетін бөлігін (өнім, баға, нарық,
сату), одан кейін шығындық бөлігін (қондырғыны, шикізаттарды, материалдарды
алуға, еңбек ақы төлеуге кеткен шығындар) қалыптастырады, мұнда бизнес пен
қаржыландыру схемасының мүмкін болатын ұйымдастырушылық-құқықтық қамтамасыз
ету варианттарын есепке алады, осыдан кейін кейде зерттеу мен тәуекелді
есептеу әдістерін қолдана отырып, тиімділікті есептеу мен оны талдауға
көшеді.
Мүмкін болатын варианттардың ішінде жаңа өнім өндірісінің бизнес-
жоспарының келесі құрылымын қарастыруға болады:
-Өндірілетін өнімнің сипаты;
-өнімді өткізу нарығы; бәсекелестері;
-маркетингтің жоспары;
-өндіріс жоспары;
-өндірісті ұйымдастыру;
-заңдық жоспары;
-қаржылық жоспары;
-қаржыландыру жоспары;
-резюме; қосымша.
Бизнес-жоспарға қосымша ретінде заңдық сипаттағы құжаттар келтіріледі
(жарғылық құжаттар, ресурстарды иелену мен қолдану құқығы және т.с.с).
Басқа көбірек бөлшектенген және іске асып жатқан өндірістің кеңеюімен
байланысты бизнес-жоспар құрылымының мысалы: Кіріспе, кәсіпкерлік қызметтің
мақсаты, кәсіпорынның мінездемесі мен потенциалы, кәсіпкерлік қызмет
түрінің сипаттамасы, өнімнің сипаттамасы, өнімді өткізу нарығының бағасы,
бәсекелестердің сипаттамасы мен бағасы, өнімді өткізу болжамы, маркетинг
стратегиясы, маркетинг жоспары, өндіріс жоспары, ұйымдастыру құрылымы мен
менеджмент, персоналы, өнімнің табыстылығын талдау; қаржы стратегиясы;
қаржы жоспары, қосымша [10, 78 бет].
Өнімнің (немесе қызмет көрсетудің), нарықтың, бәсекелестердің сипаты,
маркетингтік жоспар жайлы бөлімдер аса маңызды, өйткені қандай дәрежеде
нарыққа сәттілікпен ену мүмкіндігінен фирманың сәттілігі тәуелді.
Бизнес-жоспар - жаңа бизнестің мақсатын немесе қызмет етіп жүрген
бизнестің дамуын, оны басқару және ұйымдастыру міндеттерін анықтаушы,
сонымен қатар қойылған мақсаттарына жету жолдары мен әдістерін туындайтын
қиыншылықтарды талдау негізінде белгілеуші жоспарлық сипаттағы құжат.
Бизнес-жоспарды кәсіпкерлік саласындағы жаңа іскерлік түрін негіздеуде
емес, басқа да бірқатар жағдайлар кезінде де жасауға болады:
-сыртқы нарыққа жаңа немесе бұрыннан шығарып жүрген өніммен шыққанда;
-инвесторларды тарту қажеттілігі туындағанда;
-несие алғанда;
-қаржылық іскерліктің жоспарын құрғанда; өнім өндірісінің көлемі
өскенде.
Бүгінгі Қазақстан жағдайында бизнес-жоспар құру - үлкен мәнге ие
болатын процедура, себебі ол кәсіпорынның потенциалын анықтауға, жаңа
мақсаттар мен тапсырмаларды қоюға, жаңа рационалды шешімдерді өндеуге,
бөлімшелердің іс-әрекеттерін үйлестіруге, кадрлардың және бүкіл
кәсіпорынның әлсіз және күшті жақтарын тануға мүмкіндік береді. Жалпы
алғанда бизнес-жоспар жасау жаңа істі бағалау және оның құлдырау
тәуекелдігін азайтуға мүмкіндік береді. Ол үшін бизнес-жоспардың мазмұнын
ашу керек [11, 87 бет].
Бизнес-жоспар жасауда төмендегі сұрақтарға баса назар аударылғаны жөн:
Бизнес-жоспардың мынадай бөлімдері болуы керек:
1. Қысқаша сипаттамасы. Бұл бөлім екі беттен аспайды, онда бизнес-
жоспардың қысқаша мазмұны берілу керек: бизнестің сипаттамасы; басқару;
негізгі қаржылық көрсеткіштері; инвестицияның қажеттілігі.
2. Компания. Бұл бөлім осы шақтағы компанияның қызметінің толық
сипаттамасын, оның тарихы мен стратегиясын көрсету керек: компанияның
тарихы; ағымдағы іскерлік; іс жүргізу стратегиясы.
3. Істің саласы. Саланың шолуы нарықтың өлшемі жайында
ақпараттарды, осы өнеркәсіптік сала нарығының негізгі қатысушыларын, осы
саланың даму тенденциясын қамту керек. Компанияның жетекшілері осы саланы
және компанияның дамуына ықпал ететін сыртқы факторларын жете түсіну керек:
өнеркәсібі; жетістікке жетудің сыни факторлары; басқа факторларын бағалау.
4. Өнім немесе қызмет көрсету. Компанияның өнімін немесе қызметтерін
сипаттау. Компанияның ұсынатын өнімдердің немесе қызметтердің арасындағы
айырмашылығына және бәсекелестер ұсынатын баламаларына ерекше көңіл бөлу:
өнімдер немесе қызметтер; өнімді немесе қызметті салыстыру.
5. Маркетинг. Бұл бөлімде бизнестің нарықтық мүмкіндіктерін анықтап,
бағалау: өнімге деген қазіргі және потенциалды сұранысты анықтау,
кәсіпорынның күшті және әлсіз жақтарына және бәсекелестерге нақты және
шынайы баға беру қарастырылады. Дұрыс болжамдарға сүйене отырып, өнім бен
қызметке деген потенциалды қажеттіліктер бағаланады.
Есеп нарықтық тетіктерге сезімталдықты және сыртқы ортадағы
өзгерістердің бизнеске әсерін көрсету керек. Талдау жүргізу барысында
мүмкіндігінше нарықты зерттеуге сүйенген жөн болады.
6. Өндірістік іскерлік. Бұл бөлімде материалдық-техникалық
құралдарды, орналасатын жерге және қондырғыларға деген қажеттілікті және
компанияның мақсатына жетудегі керекті еңбек ресурстары сипатталуы
керек. Техникалық сұрақтардан аулақ болыңыз: мүлік пен қондырғы; өндіру
немесе қызмет көрсету.
7. Басқару. Кәсіпорынның басқарушы құрамы мен жұмыс істейтін негізгі
адамдардың тапқырлықпен ерекшеленетінін және бизнесті сәттілікпен
жүргізе алатынын көрсету: негізгі жетекшілері; ұйымның құрылымы мен
бақылауы.
8. Инвестицияға деген қажеттілік. Бұл бөлімде компанияның алдында
тұрған мақсаттарына жету үшін керекті қосымша қаржылар бағаланады. Барлық
есептеулер мен болжамдалған сомалар мұқият құжатталып, Қаржы бөлімінде
келтірілген мәліметтеріне сәйкес болуы керек. Егер инвестициялар қажет
болса, онда осы жерде жариялауға болады.
Инвестициялардың қажеттігі. Мүмкін болса, келесі сұрақтарға жауап беру
үшін қаржылық болжауларды қолдануға болады. Сырттан қаржыландырудың көлемі,
компанияның басқару персоналының жеке қаржылық міндеттемелері, үлестік
қатысу мен несиемен қаржыландырудың керекті қатынасы, инвестициялар қалай
қолданылады және т.б.
9. Қаржы. Бұл бөлімде бүкіл бизнес-жоспардың дәлелденуі жүргізілу
керек. Жорамалдаудың негізіндегі қаржылық болжамдардың керектігі
болжамдардың өзінен кем түспейді. Мөлшерлеп өз болжауларыңызды керекті
құжаттармен келістіру керек. Барлық қаржылық құжаттар теңге және сол сияқты
доллар түрінде келтірілуі қажеттігіне көңіл бөлінуі тиісті.
Болжамдаған айырбас курсын әр кезең бойынша көрсету: алдыңғы кезең бойынша
қаржылық құжаттар; болжамдалған қаржылық құжаттар; болжамдау.
Халықаралық тәжірибеде кәсіпорынның даму жоспары бизнес-жоспар ретінде
көрсетіледі, ол негізінен кәсіпорынның даму жоспарының құрылымдастырылған
сипаты болып табылады. Егер жоба инвестицияны тартумен байланысты болса,
онда ол ол инвестициялық жоба деп аталады. Әдетте кәсіпорынның кез келген
жобасы, қалай болса да, инвестицияның тартуымен байланысты болады.
Жалпы түсінігі бойынша жоба - бұл белгілі бір мақсатқа жетелейтін
кәсіпорынның іскерлігін өзгерту жайлы арнайы ұсыныс.
Жобаларды әдет бойынша тактикалық және стратегиялық деп ажыратады.
Соңғысының қатарына меншік түрінің өзгерісін (арендалық кәсіпорынды,
акционерлік қоғамды, жеке кәсіпорынды, біріккен кәсіпорындарды және т.с.с.
құру) немесе өндіріс сипатының түбегейлі (жаңа өнім өндірісі, толық
автоматтандырылған өндіріске көшу т.с.с.) өзгерісін қарастыратын жобаларды
жатқызады. Тактикалық жобалар, әдетте, шығарылатын өнім көлемінің
өзгеруімен, өнім сапасын жоғарлату мен қондырғыларды жаңартумен байланысты
болады [12, 244 бет].
Отандық тәжірибеде жоба түсінігі жаңа түсінік емес. Бұрынғы уақытта
оның айырмашылығы кәсіпорынның дамуының негізгі бағыттарын заң бойынша осы
кәсіпорыннан жоғары деңгейде тұрған экономикалық саланың анықтайтыны болып
табылатын. Жаңа экономикалық жағдайларда кәсіпорын, яғни оның иелері және
жоғары басқару құрамы өз келешектерін, барлық стратегиялық және тактикалық
мәселелерін өз бетінше шешеді. Мұндай іскерлік инвестициялық жобалау
тұрғысынан ерекше ұйымдастырылуы тиіс.
Кәсіпорынның нақты бір жобаға қатысты инвестициялық іскерлігінің жалпы
реттелуі жобалық цикл түрінде қалыптасады және ол циклдың келесі кезеңдерге
ие [13, 54 бет].
1. Жобаның тұжырымдалуы (кей уақытта идентификациялау термині
қолданылады). Бұл кезеңде кәсіпорын жетекшілерінің жоғары құрамы
кәсіпорынның ағымдағы жағдайына талдау жасап, кәсіпорынның ары қарай
дамуының пайдалы бағыттарын анықтайды. Талдау нәтижесі бизнес идеясы
түрінде рәсімделіп, кәсіпорынның неғұрлым маңызды міңдеттерін шешуге
бағытталады. Бұл кезеңде идеяны жүзеге асыруға қатысты едәуір дәлелді
аргументациялар болуы қажет. Кәсіпорынның одан әрі дамуы жөнінде бірнеше
идея пайда болуы мүмкін. Егер олардың барлығы бірдей дәрежеде пайдалы және
іске асырымды болса, онда даярлаудың соңғы кезеңінде олардың ішінен
неғұрлым тиімдірегін қабылдау үшін бір мезгілде бірнеше инвестициялық
жобалар әзірленеді.
2. Жобаны дайындау. Жобаның бизнес-идеясы бірінші тексерілімнен
өткеннен кейін, оң немесе теріс деген тиянақты шешім қабылдауға болғанға
дейін оны (яғни бизнес-идеяны) ары қарай дамыту керек. Бұл кезеңде жоба
жоспарының барлық бағыттарында - коммерциялық, техникалық, қаржылық,
экономикалық, институционалдық және т.б. - оны бірте-бірте нақтылау мен
жетілдіру талап етіледі. Бұл кезеңде жобаның жекелеген міндеттерін шешу
үшін бастапқы ақпараттарды іздеу немесе жинақтау аса маңызды болып
табылады. Жобаның сәтті іске асуы жобаны талдау процесінде пайда болатын
мәліметтерді дұрыс өңдей алуга және бастапқы ақпараттардың шынайылығына
тәуелді екенін түсіну керек.
3. Жобаны сараптау. Жобаның жүзеге асыру алдында оның білікті
сараптамасы - жобаның өмірлік циклына аса қажетті саты жүргізілу керек.
Егер жоба негізінен стратегиялық инвестор есебінен қаржыландырылатын
(несиелік немесе тікелей) болса, онда инвестордың өзі сараптама
жүргізеді,
мысалы, болашақта жобаны іске асыру процесінде ақшасының көп бөлігін
жоғалтудан гөрі, бұл кезеңде беделді бір консалтингтік фирмаға
ақшасының кейбір бөлігін жұмсауды қалауы мүмкін. Егер кәсіпорын
инвестициялық жобаны негізінен өз ақша құралдарының көмегімен іске асыруды
жоспарласа, онда жобаның негізгі жағдайларының дұрыстығын
тексеру үшін де сараптама қажет.
4. Жобаны іске асыру. Бұл кезең бизнес-идеяның дамуынан бастап
жобаның іске қосылу мезетіне дейін толық қамтиды. Мұнда қызметтің барлық
түрінің орындалуын қадағалау және мемлекеттің ішіндегі реттеуші органдар
мен шетелдік немесе отандық инвесторларының бақылауы кіреді. Берілген кезең
жобаның іске асуының негізгі бөлігін де қамтиды, ал оның мақсаты - бастапқы
инвестицияны жабу үшін жоба өндіретін ақша ағымдарының жеткіліктігін
тексеру және инвесторлардың салған ақшаларынан күтетін кайтарымдығын
қамтамасыздандыру.
5. Нәтижелерді бағалау. Бұл жобаның соңында, сондай-ақ жобаны орындау
процесі кезінде жүргізіледі. Бұл қызмет түрінің негізгі мақсаты жобаға
салынған идеялар мен олардың іс жүзіндегі орындалу дәрежесі арасындағы
нақты кері байланысты алу болып табылады. Мұндай салыстырулардың
нәтижесінде жобаны құрастырушылар аса құнды тәжірибе жинақтайды. Бұл
тәжірибені басқа жобаларды іске асырғанда да қолдануға мүмкіндік береді
[14, 74 бет].
Жобалық талдау тәжірибесі жобаларды әзірлеу тәжірибесін жалпылауға
және типтік жобаларды атап айтуға мүмкіндік береді. Шетелдік тәжірибеде
кездесетін инвестициялық жобалардың негізгі түрлері төменде келтірілген.
1. Тұрақты масштабтағы бизнестің табиғи жалғасуы ретінде ескірген
қондырғыларды ауыстыру. Әдетте осыған ұқсас жобалар ұзақ және күрделі
дәлелдемелерді, шешім қабылдауды талап етпейді. Ұқсас қондырғылардың
бірнеше түрі бар болса және олардың ішінен біреуінің басымдылығын
дәлелдеу керек болса, көп баламалылық пайда болуы мүмкін.
Ағымдағы өндірістік шығындарды азайту мақсатында қондырғыларды ауыстыру.
Осындай жобалардың мақсаты - жұмыс істеп жатқан қондырғының орнына неғұрлым
жетілгенін қолдану, бірақ онысы моральдық тозған қондырғыға қарағанда
салыстырмалы түрде тиімділігі азырақ болады.
Жобалардың осы түрі әрбір жекелеген жобаны бөлшектеп қажет етеді, өйткені
техникалық мағынада неғұрлым жетілдірілген қондырғы қаржылық жағынан
неғұрлым тиімді бола бермейді.
3. Өнім шығаруды арттыру және қызмет көрсету нарығын кеңейту.
Жобалардың бұл түрі әдетте кәсіпорын басқармасының жоғарғы деңгейі
қабылдайтын жауапты шешімді талап етеді. Жобаның коммерциялық орындалуын
нарықтық ортасының кеңеюінің тиянақты дәлелдемесімен және сату көлемін
арттырудың табыстың өсуіне алып келу-келмеуін анықтай отырып, жобаның
қаржылық тиімділігін тиянақты талдау керек.
Жаңа өнім шығару мақсатында кәсіпорынды кеңейту. Жобалардың бұл түрі жаңа
стратегиялық шешімдердің нәтижесі болып табылады және бизнестің мәнінің
өзгерісін қозғауы мүмкін. Жобаның осы түрі үшін талдаудың барлық кезеңдері
теңдей дәрежеде маңызды болып келеді. Жобалардың осы түрлерін әзірлеген
кезде жіберілген қате кәсіпорынды неғұрлым сәтсіз жағдайларға алып
келетінін атап өткен жөн.
Экологиялық жүгі бар жобалар. Инвестициялық жобалау барысында экологиялық
талдау жасау аса қажетті элемент болып табылады. Экологиялық жүгі бар
жобалар өздерінің табиғаты бойынша қоршаған ортаны ластауымен әрқашан
байланысты болғандықтан, талдаудың осы бөлігі барынша
қиын болып табылады. Шешуді және қаржы критерийлерінің көмегімен
дәлелдеуді қажет ететін негізгі дилемма - жобалардың қай түріне
назар аудару керек: 1) капиталдық шығындарды көбейте отырып, қондырғының
аса жетілген және қымбат түрін қолдану немесе 2) ағымдағы шығындарды
көбейте отырып, аса қымбат емес қондырғыны қолдану.
Шешім қабылдаудағы маңыздылығы аса жоғары емес жобалардың түрі. Мұндай
жобалар жаңа офис салу, жаңа автомобиль сатып алу және т.с.с. қамтиды [16,
35 бет].
Болашақ инвестициялық жобаның бизнес-идеясы тұжырымдалғаннан кейін,
кәсіпорын сол бизнес-идеясын іске асыра ала ма деген сұрақ туады. Бұл
сұраққа жауап беру үшін кәсіпорынның тиісті экономикалық саласының жағдайы
мен сала шеңберіндегі кәсіпорынның салыстырмалы жағдайын талдау керек.
Талдаудың осы түрі инвестициялық жобаны әзірлеу мен оны талдаудың алдын ала
кезеңінің мазмұнын құрайды. Батыстық жобаларды талдау тәжірибесінде әдетте
төмендегі критерийлерді қолданады: саланың пісіп-жетілуі; кәсіпорынның
бәсекеге жарамдылығы (оның нарықтағы жағдайы). Саланың пісіп-жетілуін оны
даму жағдайының төрт түрінің біреуіне жатқызу арқылы талдау қалыптасқан:
эмбрионалдық, өспелілік, пісіп-жетілген немесе ескірген (2-кесте).
Екінші критерийге сәйкес, кәсіпорынның тиісті сала шеңберінде оның
бәсекеге жарамдылығын орнату керек. Басқаша айтқанда, тауар мен қызмет
көрсетудің мақсатты нарығында берілген кәсіпорынның басқа кәсіпорындармен
салыстырмалы жағдайын анықтау. Әдетте кәсіпорынның негізгі алты жағдайын
қолданады: басым, мықты, жағымды, тұрақсыз, әлсіз, өмір сүре алмайтын.
Кәсіпорынның пісіп-жетілу критерийі мен бәсекелік қабілетін салыстыру
арқылы кәсіпорынның өмір сүру циклының матрицасын құруға болады және ол
матрица конструктивті сипатқа ие болады: кәсіпорынның жағдайын
қалыптастырып қана қоймай, ары қарай дамуы бойынша қағидалық кеңестер
береді.
Жобаны талдаудың алдын ала кезеңінің соңғы нәтижесі көрсетілген
критерийлер бойынша нақты бір кәсіпорынның жағдайын белгілеу болып
табылады, яғни берілген кәсіпорынның матрицадағы қандай нақты торға
жататындығын білдіреді.

Кесте 2
Экономика салаларының пісіп-жетілуінің мысалдары

Пісіп-жетілу кезеңі
Эмбрноналдык Өспелілік Пісіп-жетілген Ескірген
Күн Видеокассеталар Сағат өндірісі Кеме жасау
Энергетикасы өндірісі
(Еуропа)
Үй Көмір алу(АҚШ) Велосипед өндірісі
компьютерлері

Талдаудың алдын ала кезеңі уақыт бойынша ұзақ болмауы керек және алдын
ала кезеңінде жасалатын қорытындылар сапалық бағаларға негізделеді. Соған
қарамастан, бұл кезең келесі екі себепке байланысты қажет: стратегиялық
инвестормен ары қарай қатынас жасау барысында саланың пісіп-жетілуі мен
кәсіпорынның бәсекелік жағдайы туралы мәселелер міндетті түрде қозғалады
және бұған алдын ала дайындалу керек; егер кәсіпорынның басқарушылары
(менеджерлері) талдауға назар аудармаса, онда стратегиялық инвестор бұл
жұмысты өзі атқарып, оң нәтижелерге келмеуі мүмкін. Жобаның көптүрлілігіне
қарамастан, оларды талдау әдетте кейбір жалпы сызбаға сәйкес келеді, ол
жобаның коммерциялық, техникалық, қаржылық, экономикалық және
институционалдық орындалуын бағалайтын арнайы бөлімшелерден тұрады.
Стратегиялық инвестордың көзқарасы бойынша, дұрыс жоба тәуекелді талдаумен
аяқталуы керек. Сызбада қолданылатын жоба қабылданбайды резолюциясы
шарттық сипатта болатынын атап өткен жөн. Шындығында да жоба бастапқы
қалпымен қабылданбауы қажет. Сонымен қатар жобаның түрі, мысалы, оның
техникалық орындалмауы жағынан езгеруі мүмкін және жаңартылған жобаны
талдау басынан басталуы керек.
Қағида бойынша, маркетингтік талдаудың мәні екі қарапайым сұрақтың
жауабына байланысты. Жобаны іске асыру нәтижесі болып табылатын өнімді сату
мен инвестициялық жобаны ақтауға жеткілікті көлемде пайда алу .
Соңғы жылдардың статистикалық мәліметтері бойынша, үшінші әлем
елдеріндегі фирмалардың банкротқа ұшырауының дәрежесі 80% құрайды.
Банкротқа ұшыраудың негізгі себебі - маркетингтің жеткілікті болмауында.
Жобалар қолданыстағы нарықта іске асатындықтан, жобаларда олардың
сипаттамасы келтірілуі болу керек. Маркетингтік талдауда да, тұтынушылар
мен бәсекелестерді талдау болуы қажет [18, 65 бет].
Тұтынушыларды талдау тұтынушылардың сұранымын, нарықтың потенциалды
сегменттері мен сатып алу процесінің сипатын анықтауы керек. Ол үшін жобаны
жасаушы нарықты мұқият зерттеп, оған әсер ететін институционалды шектеулер
мен нарық құрылымының шеңберінде негізгі бәсекелестерін талдау керек.
Маркетингтік талдау нәтижесінің негізінде маркетингтік жоспар құрылады. Ол
жоспарда өнімді әзірлеу стратегиясы, баға белгілеу, тауардың нарыққа жылжуы
мен өтуі анықталуы тиіс. Бұл аралас маркетинг элементтері тұтасқа
бірігіп, нарықта өнімге неғұрлым бәсекеге ыңғайлы жағдай жасауы керек.
Маркетингтік жоспар фирманың басқа да шығаратын өнімдерінің бар болуын және
фирма қызметінің ұйымдастырушылық, қаржылық, өндірістік және жабдықтау
аспектілерін есепке алу керек. Маркетингтік жоспар шеңберінде мүмкіндігінше
бәсекелестерінің әрекеттерін және оның осы жоспардың орындалу мүмкіндігіне
тигізетін әсерін болжау керек.
Маркетингтік талдау сұранысты алдын ала болжауды қамтиды.
Инвестициялық жобаны даярлау барысында жобаның дәлдігін қалаулы дәлдікке
жету шығындарымен салыстыра отырып анықтау керек. Шешім қабылдау процесі
белгісіздік жағдайында іске асса да, дұрыс болжау осы белгісіздік дәрежесін
азайтады.
Инвестициялық жобалаудың барлық маркетингтік аспектілерін қарастырудың
мүмкін еместігін түсіне отырып, маркетингтің негізгі мағыналық бөлімдеріне
тоқталайық. Маркетингтің барлық сұрақтарының түйісуі келесі блоктарды атап
көрсетуге мүмкіндік береді: нарықты талдау, бәсекелік ортаны талдау,
өнімнің маркетингтік жоспарын жасау. Аталған бөлімдердің қажетті шарты
қолданылатын ақпараттардың шынайылығы болып табылады. Төменде көрсетілген
блоктардың қысқаша сипаттамасы көрсетілген.
Нарықты зерттеу мақсаты - тұтынушылардың сұранысын анықтау, маркетинг
бойынша шешім қабылдауды жеделдету және сапаны жоғарылату үшін нарық
сегменттері мен сатып алу процесін анықтау. Сұрыныс пен өнімді өткізуді
талдауда келесі сұрақтар қарастырылуы керек: Потенциалды сатып алушы кім;
Өнімді сатып алу себептері қандай; Сатып алу қалай жүргізіледі; Қандай
ақпараттар керек және оларды қалай жинауға болады.
Нарықты құрылымдық зерттеуді мемлекеттік немесе жеке кәсіпорындардың,
жергілікті, ұлттық немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорында капиталдың оңтайлы құрылымын құру мәселелері
Инвестициялық жобаны бизнес жоспарлау және оны басқару
Пәннің оқу-әдістемелік кешені Бизнесті моделдеу туралы ақпарат
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялықаспектілері
Пәннің оқу-әдістемелік кешені «Бизнесті моделдеу»
Қаржы тәуекелін басқарудың теориялық аспектілері
Қаржылық тәуекелді басқарудың әдістері
Қаржы менеджменті. Оқу құралы
Инновациялық гранттардың қаражаттары
Компанияның қаржылық қызметінің жалпы тәуекелі
Пәндер