XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және мәдениетіндегі ескерткіштер



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ.

Кіріспе
1-тарау: XVIl―XVIII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті даму тарихы.
1.1. XVII ғасыр аяғы XVIII ғасыр басындағы қазақ жеріндегі мәдениеттің
дамуы.
1.2. Халықтың әдет-ғұрпы , салттары мен дәстүрлері.
1.3. Діни нанымдар- ислам дінінің таралуы.

2-тарау: XVIII ғасырдағы қазақ халқының әлеуметтік өмірі және
мәдениетіндегі ескерткіштер.
2.1. XVIII ғасырлардағы қазақ халқы мәдениетінің ескерткіштері.
2.2. XVIII ғасырдағы қазақ халқының мәдениетіндегі және әлеуметтік
өміріндегі өзгешеліктер.
2.3. Ұлттық мәдениеттің қалыптасып дамуы.

Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе.
Қазақ халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет, қазақ
халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани
мәдениеті де дамып, жетіліп отырды. Материалдық мәдениет ескерткіштері
Қазақстанның байтақ жеріндегі экономика мен мәдени дамудың біркелкі
болмағандығын аңғарып отыр. Қазақстанның оңтүстік аудандарында
отырықшылық егіншілік шаруашылық үлкен рөл атқарды. Отырықшы және
жартылай отырықшы халықтар Сырдария бойымен Қаратауда орын тепті.
Қолөнер кәсібі мен сауда орталықтары Сығанақ, Сауран, Түркістан
қалаларында болды. Олар көршілес Орта Азия халықтарымен үздіксіз
байланыс жасап отырды.
XVII―XVIII ғасырларды қазақ халқы мәдениетінің өркендеп, дамуына
феодалдық соғыстар кедергі болды. Бұл феодалдық талас-тартыстар мен
соғыстар кесірінен қалалар мен егіншілік алқаптар талқандалып, іске
жарамсыз болып қалды. Бұл жағдайлар мәдени дамудың да біршама
бәсеңдеуіне әкелді. Әсіресе XVII―XVIII ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы
қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізген болатын.
XVII—XVIII ғасырларда қазақ мәдениетінде тақырыбы мен жанры жағынан да
алуан түрлі қазақ ауыз әдебиеті кең өрістеді. Қазақ халқының ауыз
әдебиетінің осы қазыналарын дүниеге әкеліп, ғасырдан ғасырға, ұрпақтан
ұрпаққа жеткізген халық арасынан шыққан талантты ақындар мен жыраулар
болды. Таңғажайып ертегілер, аңыздар, мақал-мәтелдер, қара өлең, айтыс,
төрт түлік мал туралы өліңдер, жар-жар, беташар, қоштасу, жоқтау,
жарапазан, шариғат өлеңдер т.б. сол ақындар мен жыраулардың айтуымен ел
арасында кең таралып, сақталып дамып келді. Ауыз әдебиеті көшпелі ел
тұрмысынан, олардың көзқарастарын, ұғымдарын, өмір тәжірибелерін
бейнелейді. Діни нанымдар мен әдет-ғұрыптарға байланыстыда көптеген
өлең жырлар пайда болды.
XVII ғасырларда қазақ ауыз әдебиетінің асыл қазыналарын жасаған халық
арасынан шыққан талантты адамдар, ақындар мен сал-серілер болғаны
белгілі. Қазақтардың XVIII—XIXғасырлардағы материалдық мәдениетінің жай
күйі қоғамның экономикалық дамуы деңгейімен анықталады. Оның дамуы
барысында көшпелі қазақтар экономикасының дамуындағы басты фактор
ретінде көшпелі мал шарушылығы әсер етті. Бұл жағынан алғанда
егіншілік, сауда дамуының, көрші халықтардың прогресті ықпалының да
маңызы аз болған жоқ. Материалдық мәдениеттің маңызды элементтерінің
бірі мал шаруашылығы мен егіншілікпен үй кәсіпшілігімен, қолөнерімен
байланысты еңбек құралдары болып табылады. Көшпелі мал шарушылығына
күрделі еңбек құралдары керек болған жоқ. Қазақстан аумағында суармалы
және тәлімді егіншіліктің ежелгі ошақтары ертеден болып келген еді.
Адамзат тарихында мәдениетінің алатын орны ерекше. Өйткені, бұл кезең
тарихи оқиғаларға, қан төгіс соғыстарға, сан-қилы дағдарыстарға толы
сындарлы заман. мәдениетінің мазмұнын ашып көрсету де екі басты
мәселеге назар аударылады.
Оның біріншісі: мәдениеті дамуының басты ьағыттары түрлі мәдени
концепциялары көрініс табуы және мәселелері.
Екіншісі, мәдениеттің жалпы адамзаттық және ұлттық сипаты жалпы адамзат
мәдениеті қалыптасуының басты себептері және оның құндылықтары жалпы
адамзаттық және ұлттық диалектика және т.б. Қазақ елінің ұлттық
мәдениеті-өнерді, адамның шығармашылық, көркемдік эстетикалық, этикалық
қадамдарын қалыптастырып дамытатын рухани өмірдің барлығын қамтып,
ғұмыр нәрінің бұлағына жетелейді. Қазақ халқының мәдениеті ұлттық
мәдениетіміздің тарихының өнімді өзегі, құрамдас бөлігі.
Халқымыздың мәдениеті идентификациялаудың ең маңызды саласы.Сондықтан
оны игеру, өз алдына ғылым ретінде танып, оқып үйрену дейтін әрбір
адамның адамзаттық парызы, қасиетті борышы, тұрмыс-тіршілігінің
таусылмас талабы, қажеттілігі. Қазақ халқының дәстүрлі мәдениеті,
ғасырлар қойнауынан бастау алады, осыған орай бүгінгі таңда мәдениеттің
тарихи қозғалысын, заңдылық ерекшеліктерін танып білудің маңызы артып
отыр.

1-тарау XVIl―XVIII ғасырлардағы Қазақстанның мәдениеті даму тарихы.

1.1. XVII ғасыр аяғы XVIII ғасыр басындағы қазақ жеріндегі мәдениеттің
даму кезеңі.
XVII ―XVIII ғасырлардағы қазақ халқының мәдениеті – қазақ жерінде өмір
сүріп, қазақ ұлтын құрған тайпалар мен рулардың материалдық мәдениетімен
рухани мәдениетінің заңды жалғасы. Ол жаңа заманға сай дамып отырды. Қазақ
халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет. Қазақ халқының
қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материлдық және рухани мәдениеті де
дамып, жетіліп отырды. Материалдық мәдениет ескерткіштері Қазақстанның
байтақ жеріндегі экономика мен мәдени дамудың біркелкі болмағандығын
аңғартып отыр. Қазақстанның оңтүстік аудандарында отырықшылық егіншілік
шаруашылық үлкен рөл атқарды. Отырықшы және жартылай отырықшы халықтар
Сырдария бойымен Қаратауда орын тепті. Қолөнер кәсібі мен сауда орталықтары
Сығанақ, Сауран, Түркістан қалаларында болды. Олар көршілес Орта Азия
елдерімен үздіксіз байланыс жасап отырды. XVII―XVIII ғасырларды қазақ
мәдениетінің өркендеп, дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Бұл
феодалдық талас-тартыстар мен соғыс кесірінен қалалар мен егіншілік
алқаптар талқандалып, іске жарамсыз болып қалды. Бұл жағдайлар мәдени
дамудың да біршама бәсеңдеуіне әкелді. Әсіресе жоңғар шапқыншылығы қазақ
халқының мәденитіне ауыр зардабын тигізді. Көшіп қонып жүрген қазақтар
жұлдызыдың аспанға бақылау жасауда көп тәжірибе жинақтады. Аспан сырларын
ұғып, көңілге түю шексіз-шетсіз далада адаспай, жан-жағын тез бағдарлауға,
жайылымды, құдықты, көздеген жері таба білуге үйретті. Осы кезде көшпелі
шаруашылық уақыт есебін қажет етті. XVII- XVIII ғасырларда арасында
қазақтар уақыт есебімен шұғылданатын, ауа райын зерттейтін тәжірибелі,
білгір кісілер шыққан. Бұл есепшілер маусымдық өзгерістерді дәл ажыратып,
қыстаудан жайлауға шығу, одан қайту мезгілдеріндегі ауа райын болжап
отырды. Олар халық күнтізбесін жасаушылар еді. Қазақтар жұлдызды әуе
картасын жатқа білді. Темірқазықты күндегі жүріс бағытын бағдарлауға
пайдаланды. Жетіқарақшы, Ақбозат, Көкбозат жұлдыздарын жақсы білді.
Жетіқарақшы қазақтар үшін астрономиялық сағат болды. Күзде күн ұзарған
кезде қой күзетушілер аспандағы Жетіқарақшыға қарап кезектің
ауыстырғандығын білген. Қазақтар ресми түрде ислам дінін ұстанды. Ислам
дінін қазақтар арасында таратушылар Түркістан, Бұхара және Астранның
дінбасылары болды. Қазақ халқының хандары мен сұлтандары ислам дінін қабыл
алып, құран оқып, намазға жығылды. Балаларын медреселерге берді. Ислам
дінін бұқара арасында баяу тарады. Олар ислам дінінде тәңірге табынуға
негізделген нанымды көбірек ұстанды. Қазақтар өмірінде отқа табыну үлкен
рөл атқарды. От үйдің қамқоршысы болды деп саналды. Отпен аластату-тазарту
ырым сақталды. Қазақтың жерлеу дәстүрінде де ислам діні ментәңірге табыну
ықпалы қатар жүріп отырды. Ислам діні өлген адамды арулап жуып, жаназа
шығарып, бетін Меккеге қарап жерлеуді талап етті. Өлік жатқан үйге күзет
қойылды, ол қыстақтың маңында жерленді.
Зират құрылысыда қайтыс болған кісінің жағдайын байқайтын еді. Байлар
күйдірілген кірпіштен өрнектеліп қаланған мазарларға жерленді. Ері өлген
әйел жыл бойы қара жамылып жүрді. Жыл өткен соң өліктің басына ескерткіш
қойылып, ас берілетін болды.
XVII ғасырдың ортасы – XVIII ғасырдың бірінші ширегінің аралығы одан да
неғұрлым елеулі кезең болды. Самарқандта, Хисарда, Ташкентте, Құндызда
шығарылған мыс теңгелер Отырардан және

Мәдениеттану 2002 жыл .Күнқожаева. Ғабитов.
Оңтүстік Қазақстанның басқа да қалалық орталықтарынан табылды.
Келесі XVII ғасырдың орта шеніне дейінгі кезеңце Отырардың ақша айна-
лымында Түркістанда, Ташкентте соғылған мыс теңгелер басым болды. Бұлар -
сапасыз соғылған мыс теңгелер. Қазақ хандығының тарихымен байланысты бұл
кезең (XVI-XVIII ғғ.) теңгелердің сапасыздығы, оларда ақпараттың аз
сақталуы себепті әзірше мейлінше нашар зерттелген. XVIII ғасырдың екінші
жартысындағы кезең үшін Оңтүстік Қазақстанның қалалар рыногына Алексей
Михайлович патшаның есімі бар, 1655—1663 жылдары соғылған мыс теңгелердің
ену фактісі ден қоярлық.
XVIII ғасырлардағы қазақтардың материалдық мәдениетін палеоэт-нографиялық
жағынан зерттеу нәтижелі болды.
Жалпы алғанда Оңтүстік Қазақстанда отырықшы-егіншілік және қала мәдениеті
дәстүрлерінің үзақ уақыт сақталуын атап өту керек. Қазір жаңа деректердің
арқасында, қазақ тұрғын үйі жоспарлануының кептеген элементтерінің, оның
интерьер бөліктерінің тандырмен немесе түтін тарта-тын мұржасы бар пешпен
жылыту жүйесінің, азық-түлікті шұңқырларда, ұраларда, шикі кірпіштен,
балшықтан, тастан жасалған жәшіктерде сақтаудың түп қазығы және одан да
ерте кездегі қалалық үй құрылысында жатқанын сеніммен атап айтуға болады.
Қазақтардың материалдық мәдениетінің негізі орта ғасырлар кезінің көптеген
мәдени жетістіктерінен құралған. Қазақ халқының этногенезіне Оңтүстік
Қазақстанның қала халқы да қатысқан.
Қазақстанның ортағасырлық археологиясындағы екінші бағыт XVIII
ғасырлардағы көшпелілер өркениетін, тиісінше қыпшақтардың,

монғолдардың, қазақтардың ескерткіштері - молалар, қабір құрылыстарын, діни
сәулет өнерін зерттеумен байланысты. Қазақстан ескерткіштерінің Саян-
Алтай мен Батыс Сібірден бастап Дунайға дейінгі Евразияның далалық өңірінің
мәдениетімен, әсіресе, заттай құрал саймандар саласында өлке
ескерткіштерімен ортақ бірқатар элементтері бар, бұған монғолдардың жаулап
алуы, соған байланысты тайпалардың Монгол империясы, ал кейіннен оның
ұлыстары шегінде кешіп-қонып, араласуы әсер етті. Бұл өлке түрғындарының,
соның ішінде Қазақстанның далалық және егіншілік аудандарында
отырықшыланған монғолдардың да жаппай қыпшақтану кезеңі болатын.
Негізінен қорымдар мен жекелеген қабірлерді қазған кезде алынған
археологиялық материалдар арқылы мәлім материалдық мәдениетті
біркелкілендіріп жібергеңдей еді. Егер Орталық және Шығыс Қазақстанның
оңтүстігінде қыпшақ қорғандары әзірше бірен саран болса, Батыс
Қазақстанда көптеген қорымдар табылып, зерттелді. Оларды зерттеушілер Алтын
Орданың саяси және экономикалық иелігінің ортасына енген Батыс Қазақстанда
мемлекет шекарасының тұрақтануы, сондай ақ далалык аудандардың ылғаддануына
байланысты қолайлы экология жағдайларында көшпелі халық көбейіп, соның
салдарынан көптеген қабірлер пайда болған деп санайды. Алайда Казақстанньщ
қалған аудандарында XVII ғасырлардағы қорымдар санының әзірше аз болуын
түсіңціретін негізгі себеп ең алдымен оның соңғы орта ғасырлар көшпелілері
мәдениетін зерттеу жағынан археологиялық ізденістердің нашарлығы болып
табылады.
Соңғы орта ғасырлардағы көшпелілердің материалдарын зерттеуге алғашқылардың
бірі болып А. Н. Бернштам көңіл аударды. Ол
Жетісудан кездейсоқ табылған олжалар тобын кайта жариялап, сипаттап берді,
олардың ішінде дөңес тұтқалы, өсімдік сияқты ернекпен әсемделген тостаған
және күміс қаңылтырлар бар, олар тегінде қабірлерден алынған болса керек.
Зерттеуші бұл материалдарды қазақтар мен қырғыздардың этногенезі
мәселелерін шешу үшін пайдаланған.

1.2. ХАЛЫҚТЫҢ ӘДЕТ-ҒҰРПЫ, САЛТТАРЫ МЕН ДӘСТҮРЛЕРІ
XVIII ғасырлардағы қазақтардың рухани өмірі біздің кезімізге дейін жеткен
ертедегі халықтың әдет-ғұрпы, салтсанасы дәстүрлерін керсетеді. Олар
түгелдей алғанда сол кезде қазақтарда үстем болған патриархаттық-феодалдық
қатынастарға негізделген. Қазақтардың көптеген әдет-ғұрпы олардың әдеттегі
құкығының ертедегі нормаларымен байланысты болды, олардың негізі атақты
қазақ хандары Қасым (Қасым ханның қасқа жолы) мен Есімнің (Есім ханның
ескі жолы) құқықтық ережелерінде салынған болатын, ал XVII ғасырдың
аяғында, Тәуке хан билік құрған кезде қазақтың үш жүзінен шыққан көптеген
қазақ билерінің, соның ішінде халық зердесінде қалған атақты Төле бидің,
Қаздауысты Қазыбек би мен Әйтеке бидің қатысуымен Тәуке ханның Жеті жарғы
деп аталатын зандары жүйеге түсіріліп, кұрастырылды.
Қазақтың халықтық әдет-ғұрпы мен дәстүрлері көбінесе көшпелі малшылардың
күнделікті шаруашылық қызметінде атқарылатын әр түрлі салт-жорасынан
көрінеді. Мәселен, көктемде қыстаудан көшкенде қыстау мен малды отпен
тазарту салты міндетті түрде сақталған. Бұл үшін қыстаудың маңынан екі
жерден от жағып, барлық малды солардың арасынан айдап өткен, мұның өзі
мұсылман дініне дейінгі от киесіне деген нанымға байланысты еді. Жазда
қоныс аударған кезде әрбір ауыл көш керуенінің салтанатты безендірілуіне
ерекше көңіл белген. Бұл үшін алдыңғы түйеге қырғауылдың ұзын қауырсынынан
төрт басты қарқара орнатқан. Мүндай көш халық арасында қарқаралы көш деп
аталады. Қарқаралы түйені ауылдың ең құрметті әйелі немесе ең жас келіні
жетекке алған.

Қазақ тарихы журналы №2.№6. 2002ж.
Халықтың түсінігі бойынша, қырғауылдың әдемі қауырсыны көзі түскендердің
назарын өзіне аударып, көш керуенін көз тиюден және жолженекей әр түрлі
қолайсыз жағдайлардан сақтайтын болған.
Жазғы жайылымдар (жайлау) арасында суатгары бар көшіп жүретін жолдар болды
және бұл жерлер әдетте, ешкімге тиесілі емес, яғни барлық көшіп қонушыларға
ортақ саналды, сондықтан олар алғаш барып қону құқығымен пайдаланылды. Бұл
үшін суат басына жайылымның бос еместігін көрсететін айқын із қалдыру
жеткілікті болды.
Көктемде күн күркіремейінше, казақтар өсімдік жемістерін жеуге рұқсат
етпеген. Ал күн күркірегеннен кейін тау жуасын және басқа да жеуге жарамды
жемістерді жинауға рұқсат етілген. Халықтың түсінігі бойынша, күннің
күркіреуі сауын малы сүтінің көбеюіне жәрдемдесетін бүкіл өсімдіктер
дүниесінің пісіп-жетілуінің жаршысы болған. Сондықтан күн күркіреген кезде
қымыз құйатын ағаш ожаумен киіз үй керегесін сырткы жағынан абайлап соққан,
бұл халық ішінде ожау қағу деп аталған. Бұл ретте міндетті түрде Сүт көп
болсын, көмір аз болсын деп дауыстап отырған. Халықтың космогониялық
түсініктері бойынша, бұл наным сүт өнімдері молшылығына септігің тигізген.
Жаз басталар басталмастан, жазғы жайылымдарға (жайлауға) жеткен соң
қазақтар қымыз ашытуға бие саууды ұйымдастыру үшін құлын байлайтын еді.
Осыған байланысты ауыл шеңберінде қазық майлау немесе бие мұрындық деп
аталатын шағын тойтомалақ еткізілген. Бұл салт-дәстүрдің мән-мақсаты
кұлындар мен биелердің аман, қымыздың мол болуы еді. Жиналған ауылдастарына
қымыз беріп, ет тартқаннан кейін жолжора құлын байланатын желіге май
жағумен аяқталатын. Бұл орайда ақса-қалдар жол жораны ұйымдастырушыларға
ізгі тілек білдіріп, батаның неше түрін беретін болған.
Мұсылман дініне дейінгі ырымдарға сәйкес көшпелі тұрмыстың кейбір еңбек
қүралдары мен заттары киелі деп саналған. Мысалы, жылқы ұстайтын құрық,
құлын байланатын желі, қозы көгендейтін көген, жүген, ноқта,
шаңырақ көтеретін бақан және т. б. сондай киелі болған, олардан әсіресе
әйелдерге аттап өтуге немесе оларды басуға қатаң тиым салынған.
Халықтық әдет-ғұрып қазақтардың отбасы неке қатынастарында сақталатын әр
түрлі салт-жораларда мейлінше толық ашылды, оларда ертедегі көптеген
институттардын, — топтық некенің (левират және сорорат), туыстық
экзогамияның, полигамияның көп некеліктің, патриархаттык үлкен от-басының,
қалыңмал мен жасау берудің және т. б. сарқыншақ белгілері жақсы сақталды.
Қазақтар некенің әр алуан түрлерін білген, бірак некенің ең көп таралған
және негізгі түрі құда түсу және келінді қалыңмал беріп алу жолымен
үйлендіру болды. Құда түсу салтын жастардың ата-аналары нрмесе жасы үлкен
туыстары жүзеге асыратын еді. Құда түсу туралы келіссөз жүргізуден бұрын
күйеу баланың ата-аналары жорамалданып отырған құда түсер үйдің жақсылы-
жаманды оң немесе теріс жақтарын дәлелдейтін барлық мән-жайларды біліп
алатын. Осындай кұпия барлаудан кейін ғана күйеудің әкесі ресми ұсыныс
жасау үшін қыздың әкесіне өзінің сенім білдірген адамын жаушы етіп
жіберетін. Егер қыздың ата-анасы ұсынысты қабылдаса, күйеу жағынан
құдалардың келу мерзімін белгілеп, жаушыға шеге шапан деп аталатын шапан
жапқан. Сонан соң күйеудің әкесі белгіленген мерзімде құдалар жіберіп, олар
қалыңмалдың көлемі туралы, тойға жұмсалатын шығындар туралы, жасау-
жабдықтар туралы, қалыңмал телеудің алдын ала белгіленген мерзімдері және
тойды өткізетін уақыттың өзі туралы ресми келіссөз жүргізген.
Құдалық туралы екі жақтың келісімі антпен бекітілген, бұл үшін кұрбандыққа
шалынған қойдың бауыздағандағы қанын ағаш тостағанға (аякка) толтыра құйып,
екі жақтың да бас құдасына апаратын, олар оған он қолынын саусақтарын
малып, ал неғұрлым ерте кезде оған найзасының немесе жебесінің ұшын салып,
сонымен бірге кұдалық уағданы бұзбау туралы ант берген сөздер айтатын
болған. Ант беру рәсімі жасалғаннан кейін ақсақалдар қан толтырылған
тостағанға қарап отырып аят оқу арқылы уағдаластыққа бата берген, бұл
қазақтарда бата аяқ деп атадды. Осы жол жораның кұрметіне күйеу жағынан
келген бас құда қалындыққа тарту таралғыны және қалыңдыққа қарғыбау
немесе үкітағар (ен салу) деп аталатын сыйлықты атаған, бұл сыйлық қыздың
осыдан бастап айттырылғанын білдірген. Осыдан кейін уағдала сушы жақтар
заңды құда деп саналып, оларға жаңа пісірілген құйрық май мен бауырдан
арнаулы құйрық-бауыр деген тағам тартылған. Құдалардың оны бір-біріне
асатуы екі жақтың туыстық қатынастарының ұзақ жылдарға орнатылғанын
бейнелеген. Құдаларға аттанар алдында сый ретінде киіт кигізілген.
Күйеудің әкесі келісілген қалыңмалдың негізгі белігін бергеннен кейін күйеу
калындықкд өзінің алғашқы ресми сапарын жасаған, ол бұрын бару деп
аталады. Осы сапар кезінде болашақ ерлі зайыптылар, әдетте, бірінші рет
кездесетін, сондықтан олардың бұдан кейінгі тағдырында ұрын барудың зор
мәні болды, олар бірін-бірі біліп, ұнатып кетуі мүмкін еді. Кейде бұл
кездесу тең емес некені болғызбай тастайтын. Демек қазақтың ұрын термині
түріктің ертедегі игип (тығылу, бауырына басу) деген сөзінен шыққан болуы
мүмкін. Түріктің ертедегі (Егер ізгілік көрсең, қабыл ал) деген казір де
бар бейнелі сөзі осындай жорамалдың растығын айқын дәлелдейді.
Күйеу мен қалындықтың ата-аналары алғашқы кездесуді өткізуге мұқият
дайындалатын.

Қазақ тарихы журналы №3.№5. 2001ж.
Қалындықтың туған-туысқандарына алуан түрлі көп тартутаралғы беріп,
күйеуге тәжірибелі жігіт (күйеу жолдас) бастаған 5—6 адамнан тұратын
қошеметшілері еріп барған. Күйеудің қасына ерген адамдары үшін қалындықтың
ауылында арнайы үй тігіліп, ұрын той жасалған. Қалыңдықтың жақын туысының
үйінде келесі күні дәстүрлі қыз қашар кеші өткізілген. Кештің аяғына
қарай қалындық кұрбыларының қарсылығына қарамастан, жеңгелері оны арнайы
отау үйіне апарады, онда алдын ала төсек салынып қойылады. Жас жеңгелер
күйеуді сонда шақырады, ал басқа әйелдер күйеудің аяғының астына бақан
(киіз үйдің шаңырағын көтеруге арналған сырғауыл) тастап, оның алдынан
желі (құлын байлайтын арқан) тартады. Халықтың нанымы бойынша, бұлар —
қасиетті заттар, олардан аттап өтуге болмайды, ал бұл жағдайда одан ақы
төлеп айналып ету керек. Сондықтан күйеу бала жеңгелерге ақы (кәде) төлейді
де, олар күйеу бала-ның жолынан кедергіні алып тастайды.
Отау үйінің есігін ашқан егде әйел кызметі үшін арнайы тарту алады
(есікашар). Күйеуді үйдің өзінде қалындықтың анасы карсы алады. Ол күйеудің
ошаққа аздап май құюына көмектеседі (отқа май құю), сонан соң жалпы ақ
деп аталатын сүттен жасалған әлдебір сусын құйылған тостаған ұсынады.
Сонан соң қалындықты ертіп келген жас жеңгелері күйеуден шымылдық ашқаны
(шымылдық ашар), төсек салғаны (төсек салар), күйеудің қалындық қолын
ұстатқаны (қол ұстатар) немесе оның шашын сипатқаны (шаш сипатар) үшін сый-
тартуын алып, жастарды оңаша қалдырады. Бұл түні күйеу мен қалыңдықтың таң
атқанша сыбырласып сөйлесіп отыруына, тіпті бірге жатуына да болады, бірақ
олардың одан әрі жақындасуына болмайтын еді.Таң атар атпастан, атасы мен
енесі оянғанға дейін, күйеу өз үйіне кетуге тиіс болды. Осылайша дәстүр
бойынша алғашқы некелік түн өткізген сияқты болғаннан кейін күйеу
қалыңдықпен тура той болғанға дейін жасырын кездесіп жүре алатын (қалындық
ойнау).
Күйеудің қалындыққа ресми сапары — ұрын бару аяқталғаннан кейің
қалыңдықтың әкесі күйеу балаға ер-тұрманымен (ер-тоқым) қоса салт мінетін
жақсы ат мінгізіп, жаңадан тігілген әдемі сыртқы киім кигізген. ғұрып
бойынша, қалындықты әкетерде атасының ауылдағы қыз ұзату тойына күйеу осы
мінгізілген атпен, сол ер тұрманды ерттеп, сол киіммен келуге тиіс болатын.
Ұрын тойдан кейін екі жақ та жастарды үйлендіруге қызу дайындала бастайды.
Күйеудің әкесі қалынмалды толық төлеп, үйлену тойы үшін мал (той малы), әр
түрлі тарту таралғалар және т. б. дайындайды. Қалындықтың әкесі қызына
арнап жасау, тойға арналған киіз үй (отау) және тойда киетін бас киім
(сәукеле) әзірлейді.
Қалындықтың ауылындағы тойға барушыларды көбінесе күйеу баланың анасы
бастап апарған. Олар қалындықгың туған туысқаңдарына көптеген тарту
таралғымен барады. Олардың ішіндегі ең елеулісі әкесінің ошағы құрметіне
(отқа салар), анасының қызын тәрбиелеп өсіріп жеткізген еңбегіне (сүт ақы)
арналған тартулар және қалындықтың туған аға-інілеріне арналған тартулар
болған. Сыйға түйе, жарамды ат, аңға салатын құс, ер, кілемдер және т. б.
тартуға болатын еді.
Қасына ерген адамдарымен күйеу бала келісімен, қалындықтың ауылында дереу
тойға арналған киіз үй (отау) тігіліп, оған жас жұбайларға арналған неке
төсегі салынған. Бір күннен кейін түн ортасына қарай отауда жас жұбайлардың
кездесуі ұйымдастырылған. Шынына келгенде, бұл кездесу олардың ерлі-
зайыптылық өмірінің басы, яғни алғашқы неке түні болатын. Егер қалыңдық
пәк болмай шықса, күйеу одан бас тарта алатын. XVII ғасырларда мұндай
жағдайларда алғашқы сапары кезінде-ақ күйеу баланың достары атасы мінгізген
аттың ішін жарып, ерді киратып, күйеу баланың киімін жыртып тастайтын, бұл
тойдан үзілд кесілді бас тартқандықты білдіретін, қарабет болған кыз әкесі
қызын да, оның абыройын төккен адамды да өлім жазасына кесе алатын еді.
Егер қалындық арлы болып шықса, екі жақ та шын жүректен қуанып, үйлену
тойын өткізуге кіріседі. Үйлену тойында әр түрлі ойындар: бәйге, күрес,
сайыс, көкпар, айтыс және т. б. ұйымдастырылған. Әдетте үйлену тойының
аяғында болатын атжарыстан кейін ілешала салт бойынша қосылып жар-жар
айтылған. Суырып салма ақын жігіт достарымен бірге калындықты кұттықтап
жұбатады, тағдырының дегеніне көнуге құрбыларының қосылуымен туған үйінен,
туған жерінен және туған-туыскдндарынан кетіп бара жатқанына өкініш
білдіреді. Кетер алдында қалындық құрбыларымен, сіңлілерімен және
жеңгелерімен бірге өзінің барлықтуыскдндарын аралап (қыз танысу), олардың
отбасыларымен қоштасып, ескерткіш сыйлықгар алады. Мұндай жағдайларда оны
бір үйден екінші үйге кілемге салып апарған реттер аз болмаған. Қалындық,
ұзатылатын күні құдаларға жасау көрсетіліп, отау жығылған, той керуені
жолға шығуға дайындалып, құдаларға, күйеуге және қалындыққа тарту
таралғылар жасалады. Сонан соң жеке үйде қалыңдыққа келіншек киімін, тойға
арналған баскиім (сәукеле) кигізіп, желек жабады, ол күйеудің ауылына
соларды киіп баруға тиіс. Қалыңдықтың көшін шағын топты туысқандарын ертіп,
қыздың шешесі басқарып барады. Той ісөшін жас келіншектер, қыздар қарсы
алып, келінді күйеудің ауылына жаяулатып, бұл орайда оны күйеудің үлкен
туыстары көріп қоймауы үшін шымылдыкден апарады.

Қазақ мәдениеті .Х.Маданов.17-20беттер
Үйлену тойы басталғанға дейін күйеудің ауылында келінді күйеудің ту-ған-
туысқандарымен салтанатты түрде таныстыру — беташар болады. Бұл үшін
ауылдың ең құрметті адамдары жиналған күйеу әкесінің үйіне келінді толықтой
киімімен әкеледі, ал енесі оның ошаққа май құйюына көмектеседі (отка май
құю). Осы рәсімнен кейін суырып салма ақын жігіт дәстүрлі тұрмыстық жыр
беташарды (келіннің бетін ашу) бастайды. Жырдың басында келін
таныстырылады, сонан соң келінге ақыл айтылады, сөйтіп ол күйеудін үйде
отырған туған-туысқандарын таныстырумен аяқталады.
Әдет ғүрыпқа сәйкес, жас келіннің алғашқы баласын туғанға дейін немесе
ұзатылғанға жыл толғанға дейін өзінің ата-анасына баруға құқығы болмаған.
Ал бала туғаннан кейін ол өзінің тұңғышымен бірге ата-анасына барып
(төркіндеу), ерекше үлес (енші) алуға міндетті еді. Құда түсу жолымен
некеге тұруға байланысты барлық ғұрып пен жолжора осы сапармен аяқталған.
Топтық некенің сарқаншақтары ретінде қазақтарда әмеңгерлік (левират) пен
балдыз алу (сорорат) орын алды. Топтық неке институты алғашқы қауымдық
құрылыс кезінен жаңа уақытқа дейін қоғамдық қатынастардағы терең жаңарулар
салдарынан өзгерістерге ұшырап, ертедегі құкықтың сырт бейнесін ғана сақтап
қалды. Мәселен, таптық қоғамға дейін басқа рудың апалы сіңлілі қыздарына
топтық неке қүқығы ортодоксалдық неке негіздерінің бірі болса, кейініректе
левират пен сорорат қалындықгы қалыңмалға сатып алумен және мүлікті мұраға
алумен тығыз байланысты болды, яғни бұл дәстүрлер оның барлық экономикалық
құрылысымен тығыз астасып кетті.
Мәселен, левираттық құқық бойынша, қазақтарда жесір күйеуінің жылын
өткізгеннен кейін марқұм күйеуінің аға-інісіне немесе басқа бір жақын
туысына қосылуға тиіс болған. Оның өзімен бірге балалары мен мүлкі де
мұрагерлік бойынша жаңа күйеуіне көшкен. Егер жесір бұған келіспесе, күштеп
қосатын, ең жақсы дегенде ол балалары мен мүлкін тастап, өзінің ата анасына
кететін. Қазақтарда левираттық құкық жесірлерге ғана емес, сонымен қатар
күйеу бала қайтыс болған жағдайда айттырылған қалындыққа да қолданылды.
Әйелі немесе калындығы қайтыс болған жағдайда тұл қалған еркектің не-месе
күйеудің ғұрып бойынша марқұмның туған сіңлісіне үйленуге құқығы болды,
бірақ левираттық қүқыкпен салыстырғанда, сорораттық құкықтың (балдыз алу)
сақталуы барлық жағдайда міндетті болған жоқ.
Сорорат пен левираттың генезисі алыста қалған ерте дүниеде жатқанымен,
сірә, қазіргі кезге дейін сорорат неғұрлым әлсіреп, өзін-өзі сарыққан түрде
жеткен болса керек. Мәселен, әйелі кайтыс болған жағдайда күйеуі марқұм
әйелінің айттырылмаған туған сіңлісіне (балдызына) ғана үйленуге тілек
білдіре алатын, ал қайын атасы еш киналмастан, күйеу баласының өтінішінен
бас тарта алатын. Егер левираггық қүқық ағайындылардың үлкендерінің
жесірлері мен кішілерінің жесірлеріне колданылған болса, сорораттық құқық
қайтыс болған әйелдің апаларына емес, тек сіңлілеріне ғана қолданылды.
Сондықтан да қазақтарда сорорат балдыз алу (әйелінің сіңлісіне қосьшу)
деп аталады. Егер қалыңмалы толық төленіп қойған қалыңдық әкесінің үйінде
өлсе, сорораттык қүқық міндетті деп саналған.
Қазақтарда ертедегі туыстық экзогамия институтының калдықтары ежелден өмір
сүріп келді. Экзогамиялық тыйым салу қазақтарда еркек тұқымы бойынша ортақ
ата бабаның жеті ұрпағы шегінде қатаң сақталды. Бұл — қазақтарда қандас
туыстық байланыстар жеті атаға дейін сақталып, ал сегізінші ұрпақтан бастап
кәдімгі (құдандалык) байланыстар басталады деген сөз.

Қазақ мәдениеті .Х.Маданов.21-24 беттер
Ортақ ата бабадан сегізінші және одан кейінгі ұрпақтардан бастап некеге
тұру тұрақты болуы үшін ақсақалдар жиынға жиналып, құрбандыққа боз бие
шалған, мінәжат етіп, ортақ атадан тарайтын 8—9-ұрпактың жас адамдарының
бір жұбының некелесуіне бата берген.
Үйленген ұлдарына әкесі енші беріп, оларды отау етіп шығарған. Әкелері
қайтыс болғаннан кейін оның барлық шаруашылығы, үйі минорат дәстүрі бойынша
бөлініп шықпаған кенже үлына тиесілі болған. Оның отбасы үлкен үй немесе
қара шаңырақ ретінде құрметтеліп, барлық туыстарының құрметіне бөленген.
Әке шаңырағының иесіне дәстүрлі тарту (сыбаға) үнемі беріліп отырған. Бұл
арқылы, біріншіден, ата-бабалардың аруағына құрмет сезімі білдірілсе,
екіншіден, одан күні өткен патриархаттық қатынастарды белгілі бір дәрежеде
сақтау тілегі аңғарылады.
Қазақтар арасында үлкенді сыйлау рәсімі орын алды, оны бұзғандар айып
салынып жазаланатын. Қазақ әйелі күйеуінің жасы үлкен туыстарын сыйлады. Ол
жұбайының әкесіне және ағаларына көрінбеу салтын қатаң сақтайтын, олардың
өз есімдерін атамайтын. Келін тарапынан күйеуінің туысқанда-рын құрметтеу
мен сыйлау ат тергеу ғұрпы бойынша оның күйеуінің туыс-қандарын тіпті өз
есімдерімен атай алмауға дейін жетіп, оларды тапқырлықпен қойылған жаңа,
бірегей атпен атап, әсіресе жасы кішілеріне қалжың ат коюға тиіс болды,
мүның езі қоғамның моральдық-этикалык, талаптарына әбден сай келетін еді.
Дала өңірінде қонақ жайлық дәстүрлі болатын. Жолаушының, кез келген
адамның, тіпті танымайтын адамның да үйге қонып шығуға құқығы болды.
Мейманға тамақ беру мен әр түрлі қызмет көрсету ешбір риясыз көңілмен
жасалатын. Тіпті мейман өзін жақсы күтуді талап етуге де хақылы болды. Егер
қожайын мейманды жақсылап қарсы алмаса, ол билер сотына жүгінуге хақылы
еді. Әдет бойынша мейман өзі кеткенше үй иесінің толық қорғауында болды.
Бұл құқық мейман үй иесінің жауы болған жағдайда да қолданылатын. Үй иесі
мейманнан ол өз үйінде болған кезінде өшін ала алмайтын. Керісінше, қожайын
өз мейманын оның басқа жауларынан қорғауға міндетті болды.
Қазақтар арасында дос бауыр болу (тамыр болу) дәстүрі ежелден кең таралды.
Түрлі адамдар арасында, олардын жас шамасына карамастан, мұндай берік
достық әр түрлі жағдайларда қалыптасқан. Олардың біреуін — ата-аналары,
екіншілерін олардың ортақ жауға қарсы күрестегі мүдделерінің ортақтығы
қосса, үшінші біреулері әр түрлі тұрмыстық қам-қарекет нәтижесінде — айтар
болсақ, бір-бірінің жақсы атын, қыран құсын, тазысын және т. б. ұнату
(қалау) арқылы табысатын. Тамыр болу куәлар алдында өте салтанатты жағдайда
жасалды, қылышты немесе канжарды сүйіп тұрып, өмірбақи адал болуға ант
берісетін. Қазақтардың өмір шындығында анттан таю өте сирек кездесетін
құбылыс болған. Ал антты бұзу қазақтар арасында әдеттегі кұқық
нормаларымен қатаң жазаланатын.
Туысқандар арасында өзара кемек кеңінен таралды. Мұндай көмек онын
мөлшеріне қарай жылу, немеурін және үме деп аталды. Өзара көмектін ең
ертедегі түрі жылу болды. Туыстардың өзара көмек көрсету ғұрпынын
тамырлары алыста қалған ерте заманда, адамдардың коғамдық жағдайы тен
болған рулық құрылыс дәуірінде жатыр. Уақыт өте келе, жеке меншік пен
таптардың пайда болуына байланысты туыстық қатынастар мен өзара көмек
таптық сипат алды.
Қазақтарда адамды жерлеу еске алу салты да кеп болған. Марқұммен нақ елер
алдында жақын туыстарының қоштасып жүздесу (арыздасу) дәстүрі мүмкін
болғанынша міндетті түрде сақталған. Бұл жүздесулердің ең басты мағынасы
мынада: екі жақәдетте бір-бірінен белгілі бір реніштері үшін кешірім
сүрайды, ал өлім алдында жатқан адам өлерінен бүрын ауызша өсиет айтады,
мүны барлық мүрагерлері марқұмның соңғы сөзі ретінде сөзсіз орындайды.
Халық адамның өлгені туралы жақын туыскдндарына хабарлау — естірту
дәстүріне зор мән берген. Халыкта естіртудің шешендік өнер негізінде
құрастырылған көптеген үлгілері бар. Жақын адамның қайтыс болуы жөнінде жа-
қын туыстарын жұбату — көңіл айту шеберлігіне де зор мән берілді, онда
жұбату, шыдамдылыкқа шақыру, оларға денсаулық пен бақыт тілеу болады.
Ертедегі діни нанымдарға байланысты ғүрып бойынша, әйелдер өлген адамға
ұзақ уақыт бойы, ең кемі бір жыл бойы жоқтау айтқан, қайғысын білдіру
белгісі ретінде жесір өзінің бетін тырнаған (бет жырту), еркектер өлген
адам жатқан үйге жақындаған кезде атының басын жіберіп, ер үстінде онды-
солды теңселіп, ой, бауырым деп барынша дауыс салған, сол арқылы қайғының
қабырғасына қатты батқанын білдірген. Өлген адамға қайтыс болғанынан кейін
жетінші күні (жетісі), қырқыншы күні (қырқы) және бір жыл толғанда (жылы
немесе асы) бата оқытылған. Жесір елген күйеуін жыл бойы аза тұтқан.
Қазақгар 22-наурыздағы көктемгі күн мен түннің теңесуіне сәйкес келетін
Жаңа жыл — Наурызды ежелден бері жыл сайын шат көңілді мереке етіп атап
өткен. Бұл кезге қарай әдетте қатулы қыс бітіп, табиғат ояна бастайды,
көктем туып, мал төлдеп болады, егіншілердің егіске дайындығы басталады.
Бұл күні еркектер көршілерін құттықтап барып, әйелдер салтқа сәйкес
дәстүрлі тағам — наурыз көже пісіреді, келген адамдардың бәріне соны
ішкізеді. Наурыз көже құрамы жөнінен кұрама болған, яғни міндетті түрде 7
компоненттен (су, түз, ет, сүт, пияз, бидай және ақталған тары) тұрған.
Еттен міндетгі түрде қойдың басы немесе ірі қара малдың шекесі және қысқы
соғымның сыбағасы асылған.

История Казахского народа. А-А1993.
Наурыз мерекеленетін күн халықта Ұлыстың ұлы күні деп аталды. Бұл күні
жасына, жынысына және әлеуметтік жағдайына қарамастан, кыдыруға қатысатын
адамдардын, бәрі тең саналады. Наурызға катысушылардың бәрі мерекеге лайық
жасанып, мүмкіндігіне қарай ұлттық жаңа киім киінген, әсіресе әйелдер мен
жастарға ешқандай шек қойылмаған.
Жаңа жыл — Наурыздың келуіне байланысты үлкендер жағы жан тәнімен куанып,
бүкіл мәз майрам жүртқа ізгі тілектерді аямайтын. Наурыз күні халықтың
жаппай келісімі туған, тіпті жауласушы жақтар арасында да Наурыз кезінде
татулық орнаған. Ұлы мерекенің құрметіне адамдар бір-біріне ең ауыр деген
ренішін де кешірген.
Қазақтар арасында діни сипатта кұрбан шалатын ертедегі ғұрып құрбандық
шалу кеңінен колданылды. Мұндай құрбандықтар әр түрлі жағдайларда:
соғыстың аяқталуына, байланысты, қуаңшылық
жағдайына, еркек тұқымы бойынша ортақ ата-бабадан тарайтын 8-ұрпаққа
экзогамиялық тыйым салудын күші жойылуына және т. б. байланысты шалынатын
еді. Құрбандыққа үй жануарлары — қой, өгіз, ат, бие және түйе сойылған.
Құрбандық шалған кез келген жағдайда көп адам тіпті көрші ауылдардың да
адамдары шақырылған. Құрбандық шалуға ауыл ақсақалдары мен мұсылман
дінбасыларының өкілдері басшылық еткен.
Сонымен, көптеген әдет-ғұрып, салт-дәстүрлер казақ халқының материалдық
және рухани өмірінің әр алуан жақтарын көрсетті.

Ақиқат журналы .2000 жыл 13-15 бет.
1.3. Діни нанымдар ислам дінінің таралуы.
XVIII ғасырларда қазакгардың Орта Азия халықгарымен экономикалық және
мәдени байланыстарының дамуы Қазақстанда ислам дінінің жедел-дете таралып,
ықпалы күшеюіне себепші болады. Қаралып отырған кезенде ислам дінін
таратушылар ең алдымен Түркістан мен Мауараннахрдан, Қажы-Тархан мен
Дербештен, Хорезмнен, Хиуадан, Астрабадтан, Хорасан мен Иран-нан шыққан
ортаазиялық миссионерлер болды. Өз кезегінде қазақ көпестері мұсылман
елдеріне барып, ислам діні іліміне тартылды. Жазбаша деректемелерден
келтірген сансыз мысалдар қазақтардың ислам дініне жаппай қосылғанын
дәлелдейді. Бұл кезеңде қазақгар құран оқып, намазға жығылған, ораза ұстап,
неке қиюдың мұсылмандық ғұрпын жасаған, өз балаларын мүсылман мекгептерінде
оқытқан. Ислам діні Қазақстаңда, әсіресе оның оңтүстік аудандарында бірте-
бірте қазақ қоғамында үстемдік етуші дінге айналады. Көшпелі тұрмыс салты
құдайға құлшылык, ететін арнаулы кұрылыстар, тұрақгы жұмыс істейтін діни
мекемелер салу мен тұрақты дінбасыларын қалыптастыруды қиындатты. Намаз кез
келген жерде оқыла беретін болды, ал халық көпшілігінің құран мен араб
тіліндегі кітаптарға қол жеткізе алмағандықтан қазақгар молданың әрбір
сөзін айнытпай қайталап, оның басшылығымен діни ғұрыптарды орындап отырды,
ислам діні ілімінін, қашдаларын жаттап алды.
Әрине, XVI—XVII ғасырларда қазактарда мәжусилік дәстүрлер әлі де күшті
болатын. Жазбаша деректемелерге карағанда, қазақтар сонымен бірге пүт пен
күнге табынып, оған қоса намаз кезінде мінәжат етіп отырған. Осындай
қылықтар мен іс-әрекеттері салдарынан олар, мұсылман авторларының
пайымдауынша, екінің бірінде діннен безгендер деп саналған. Бірақ уақыт өте
келе, ислам діні ілімі мен ғұрыптарына қазақ қоғамының қалың қауымы барған
сайын қол жеткізе алатын болды. Сейфидің көрсеткеніндей, Қырғыздардың
көршілері қазақгар; олар 200 отбасы; Имам Изам (Абу Халифа) ағымын
ұстанатын мұсылмандар. Орталық Азияда 1558-1560 жылдары болған ағылшын
саяхатшысы А. Дженкинсон қазақтарды Мұхаммед дініне сенетін халық ретінде
атап өтеді.
Орта Азияның ірі діни орталықтары — Бұхарамен, Ташкентпен, Хиуамен қатар
қазақтар арасында ислам дінін таратуда суфистік миссионерлер елеулі рел
атқарды. Ислам дінін орталық Азияның көшпелілері арасында таратумен және
орнықтырумен суфистік қайраткерлердің көптеген ұрпақгары айналысты.
Накшбанди қожа ордені тармақтарының ішіндегі қаратаулықкожалар тармағының
негізін салушы, Орта Азияның белгілі шейхы Қожа Ыскак Уәли (1598 ж. өлген)
белсенді миссионерлік қызмет жүргізді. Қожа Ысқақ Уәли Шығыс Түркістанның
мәжуси халықтарын ислам дініне кіргізген деп саналатын. Қожа Ыскакты оның
әкесінің шәкірті және мирасқоры Лутфулла Чусти (1571 ж. өлген) тәрбиеледі,
аңыздарда ол ислам дінін Орта Азия көшпелілері арасында тарату жайын
ойластырған пірәдар және ғажайып адам ретінде мәлім. Қожа Ысқак Уәли мен
оның бауыры Мұхаммед Әмин (Ишан-и Калан) арасында ездерінің бүкіл накшбанди-
кожа тармағының шейх-муршиді болған әкелерінің мүридтеріне басшылық ету
құкьіғы үшін күрес жүргізілді. Осы күрестің салдарынан орден ішінде екі топ
Ишани Қалан басқарған ақгаулык және Қожа Ысқақ басқарған каратаулық
топтар пайда болды. Ишани Каланның ізбасарлары — ишкиа, ал Қожа Ыскақтың
ізбасарлары исакиа деп аталды және бөріктерінің түсімен ерекшеленді:
ақтаулықтар — ақ, ал олардың қарсыластары (қаратаулықгар) қара берік киіп
жүрді, бүл партиялардың атаулары да осыған байланысты. Құрылған партиялар
ілімінің мәні жөнінен ғана емес, сонымен бірге оларды басқарып отырған
адамдардын, мінез-құлқы мен қасиеттері женінен де ерекше болатын. Осы шын
мәнінде діни-саяси партиялардың рухани камқоршы-пірлерінің арасында
ақсүйектік билік жолында күрес жүрді. Бұл топтардың тайталасы Орта Азияны
ғана емес, қазақ және кырғыз далаларын да камтыды. Бұл партиялар XIX
ғасырдың екінші жарты-сында да өмір сүруін жалғастыра берді.
Қожа Ысқақ Уәлиге арналған агиографиялық шығармаларда Қожа Ысқақ мәжусилер
арасында ұзак уақыт тұрды, қырғыздар мен қалмақтардың он сегіз
ғибадатханасын қиратып, он сегіз мың дінсізді ислам дініне кіргізді
делінген. Әңгімелердің бірінде жүз жиырма ұлымен және сұлтандарымен бірге
Тәуекел ханның Қожа Ысқақ мұриттері қатарына қосылғаны хабарланады.
Тәуекелдің кеп кешікпей шайқаста жеңіліп, қаза табуын ханды каратаулық
ілімнен тайып, сайып келгенде Қожа Ысқакка опасыз-дық жасағаны үшін Қожа
Ысқақтың қарғысына ұшырағанынан болған делінеді. Қожа Ысқақ Уәли ірі
идеологиялық және саяси қайраткер болған, Қазақстанда суфизмнің таралу
тарихы едәуір дәрежеде соның есімімен байланысты. Түрлі уақыттарда Ысқак
Уәли сияқты қайраткерлер көп болды. Жорамал бойынша Тәуекел ханның Орталық
Азиянын, дінбасыларымен байланысы өзінің әкесі Шығаймен бірге Абдаллах
ханның қоластында жүрген кезінде қалыптаскан. Қазақтардың ақсүйек
шонжарлары беделді суфылық шейхтардың қолдауына мүдделі болды. 1512 жылы
Бабыр мен кызылбашылардан қашқан атақты джуйбар шейхы Исламның қазақ ханы
Қасымнан пана табуы кездейсоқ емес.
Қазақстанда суфизмнің түркі дәстүрінің атасы, йасауийа (султанийа)
орденінің негізін салған Қожа Ахмет Йассауидің есімі кеңінен мәлім,
йасауийадан әр түрлі тармақ дамып шықты.

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.5 томдық.1-2томдар.
Алматы,1997,1998.
Йасауийа конгрегациясы түрік халықтарын, соның ішінде қазақтарды да ислам
дініне кіргізуде маңызды рөл атқарды.
Йасауийа іліміне тән белгі оның дербес тармақтары мен түрақгы коныстары
болмаған кезбелердің ілімі екендігі еді, онда түріктердін, ежелгі дініне
жақын діни практика елеулі рөл атқарды. Мәселен, йасауийа ілімінде зікір
(джахр) салу дамытылды.
Қожа Ахметгің рухани үстазы түрік шейхтарының бірі Арыстан баб (Арыстан
баба) болған деп саналады. Қожа Ахмет Бұхарада Қожа Жүсіп әл-Хамаданның
басшылығымен рухани жетілудің күрделі жолынан өтті. Ол тірі кезінің өзінде-
ақ өзінін. такуалығы, сопылығы үшін және өзі танымның шырқау шыңына жеткен
суфизмдегі жоғары ерлігі үшін кеңінен мәлім болды. Ахмет Йассауи түрік
тілінде жазылған суфистік өлендердің белгілі жинағы Хикматгың (Даналық)
авторы болып табылады. Ол хижра бойынша 562 (1166— 67) жылы қайтыс болған.
Жылдар өткеннен кейін әмір Темірдің (1338—1405) әмірімен Қожа Ахмет Йассауи
қабірінін, үстінен мешіт салына басталды (хижра бойынша 8011398 жылы
аяқталған). Қазіргі кезде орта ғасырлардағы Отырар қаласының қама-лына
жақын жерде, ашық далада Арыстан баб әулиенің кесенесі бар. Бұл ескерткіш
мейлінше кейінгі кезде салынған, ал Темір салтазған ертедегі мешіт жер
сілкінісінен қирап қалған.
Қожа Ахмет Йассауи әулиелігі даңкының жайылуы Түркістанды кеңінен мәлім
етгі, ол маңайында жатқан кыстақтармен бірге көп ұзамай аса ірі діни
орталыққа айналды. Оның ықпал өрісі Орта Азияның көптеген аудандарын
қамтып, тіпті Сібірге дейін жетті.
Орта Азияның атақгы суфылық қайраткері Махдуми Азамның шебересі, Шығыс
Түркістан суфиі Хазірет Ишанның немесе Хидайаталлах (Әппақ)-Кожаның (XVII
ғ.) ұрпақтарын Қазақстаннан қазіргі кезде де кездестіруге болады. Ол Шығыс
Түркістанда накшбанди қожа ишкийа орденінің ақтаулық сектасының басшысы
болған. Қашғарияның халықтық дәстүрі оған... ұлттық батыр және қорғаушы
касиеттерін берді. Онын, мазары Қашғарияда ең соңғы уақытқа дейін барынша
белгілі болды. Әппақ кожа 1694 жылдың (хижра бойынша 1105 ж.) қайтыс
болған.
Жаулап алынған елдерде орныққан ислам діні жаңа діни көзқарас ежелгі
діндерге қарсы күрес жағдайында пайғамбарлардьщ, ертедегі ислам
кайраткерлерінің есімдерін кеңінен пайдаланды, ал оларға сыйыну исламға
дейінгі бұрынғы құдайларға сыйынуды ығыстырып шығаруға тиіс болатын. Ислам
діні дәстүрлі таралған басқа аймақтардағы сияқты, Орта Азия мен Қазақстанда
да Мұхаммедтің ең жақын серіктері — Әбубәкірдің, Омардың, Османның, Әлидің
есімдері кеңінен таралды. Сансыз көп аңыздарға айналған олардың есімдері
халық тұрмысына терең тамыр жайды. Халиф Әли Хауланың ұлы Мүхаммед әл-
Ханафийа жерленгенміс делінетін қабір Созақ селосының төңірегінде осы кезге
дейін жолаушының назарын аударады. Жергілікті қасиетті орындар арасында
Баба ата (Ысқақ баба) әулие ерекше орын алады, аңызға қарағанда, ол
Мұхаммед Хана-фийаның жетінші ұрпағы болып табылады.
Ислам дінінің таралу дәуірімен байланысты киелі есімдер аз емес. Әулие-ата
әулиенің бейнесі Қараханилер әулетінің негізін салушы, ислам дінінің
таралуына жәрдемдескен Қара ханның есімімен байланысты, ол езінің есімімен
аталған Әулиеата (кдзір Тараз) қаласында жерленген. Әулие-ата кесенесі,
жаңадан салынған, казіргі күндерге дейін бар.
Жергілікті әулиелер шеңберінде бейне бір дін жолында қаза тапқан киелі
жауынгерлер елеулі топ кұрайды (Жалаңаяқ Әзер әулие, Жылтырақ баба әулие,
Ұқашата және басқалар).
Ең алдымен суфизм түрінде жүргізілген, Кдзақстанды ислам дініне кіргізу
әулиелердің жергілікті бейнелерін калыптастыруға мұсылман мистицизмінің
елеулі ықпал жасағанын дәлелдейді. Мысалы, қаңлы руы қазақтарының пірі
Хазірет Ысмайыл-ата әулиенің бейнесі осындай. Сан-сыз көп киелі объектілер,
арасында қазақтарда Қожа Ахмет Йассауидің киелі кесенесі ерекше орын алады,
ол Түркістан қаласына Кіші Мек-ке атағын алып берген атақты әулиенің
есімімен байланысты тұтас бір киелі орындар кешенінен түратын орталық киелі
орын болып табылады. Бұрын аталып өткеніндей, Отырар қаласының жұртына
жакын жерде аңыздарға карағанда, Ахмет Йассауидің рухани ұстазы болған
әулие Арыстан бабтың кесенесі бар. Бұл киелі орындар Қазақстанда мейлінше
қастерлі.
Ислам дініне кіргізу барысысында исламға дейінгі жергілікті қамқоршы
құдайлардың жаңа атпен аталуы сирек кездеспейді, олардың құрметтелу
себептерін түсіндіретін аңыздар сол аттармен байланыстырылған. Суфизмді
осылайша тарату қой малының пірі Шопан-ата Қожа Ахмет Йассауи шәкірттерінің
бірі болуына әкеп соққан. Ол кереметтің күшімен Маңғыстауға келген атақты
әулиенің таяғын іздеп тауып алыпты мыс. Сол жерге Шопан-ата есімін сақтап
қалған зират тұрғызылған. Сиыр малының пірі Зеңгі-баба Қожа Ахмет
Йассауидің ізбасарларының бірі — Хакім-атаның шәкірті, әйгілі түрік
шейхының есіміне, дәлірек айтқанда, лақап атына ие болған. Түйе малы
пірінің аты Ойсылқара — өте әйгілі тұлға, ертедегі ислам қайраткері Уайс әл-
Каранидін, бүрмаланған есімі, бұл түлғаның тарихи анықтығы күмән
келтіргенімен, олтуралы аңыздар барлықмүсылман елдеріне мәлім. Кейбір
зертгеушілер Уайс әл-Караниді суфизммен байланыстырады. Мұхаммедтің кызы
Фатиманың есімі исламға дейінгі жергілікті нанымдармен тығыз байланысты
болып шыққан. Фатима әйелдер мен балалардың қамқорына айналды.

Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.5 томдық.1-2томдар.
Алматы,1997,1998.
Басқа да кептеген халықтардағы сияқты, қазақтарда әулиелерге сыйыну исламға
дейінгі дәстүрлі сыйынуға байланысты көне ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәдениет морфологиясы туралы
XVII-XVIII ҒАСЫРДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ РУХАНИ МӘДЕНИЕТІ МЕН ӘЛЕУМЕТТІК ӨМІРІ
Ұлттық ұстаным және Қазақстандағы ұлтаралық қарым-қатынас
Тарихи деректерді жіктеу
Қазақстан жеріндегі тұрғын үйлер мен баспаналардың даму тарихы
Алтын Орда дәуіріндегі Сыр бойы қалаларының қалыптасу тарих
Қазақстанның ұлттық мәдени орталықтары
Ортағасырлық қалалық мәдениеттің қалыптасуы
Қазақстанның ежелдегі мәдениеті
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ҚОРЫТЫНДЫ АТТЕСТАТТАУҒА ДАЙЫНДАЛУҒА АРНАЛҒАН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛ
Пәндер