Адамзат тарихындағы исламның орны



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .3
I .Тарау. Ислам туралы жалпы мағлұмат.
1.1 Ислам дінінің пайда
болуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 5
1.2 Дін және
қоғам ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .10
1.3.Кеңес Одағындағы ислам
діні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
13
4. Исламияттың Қиыр Шығыста таралуының алғашқы
кезеңі ... ... ... ... ... ...19

II.Тарау. Адамзат тарихындағы исламның орны.
2.1. Ислам әлемінің халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы күресі.25
2.2. Саяси мәдениет және
дін ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... .29
2.3. Діни экстремизм мен
терроризм ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
32

III. тарау. Ислам Қазақстанда.
3.1. Исламның Қазақстанда таралу
тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...41
3.2. Исламдық діни институттар
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 55

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .65

Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...68

Кіріспе.
Тарихи жадыға тиеселі адамзат тарихының өн бойына көз жүгіртер
болсақ,онда діндарлықтың адамзат тарихын басынан аяғына дейін толық қамтып
жатқандығын көреміз.Қаншама рет діннің ақыры келді деген сөз айтылса да ол
қазірдің өзінде әлемдік өмірдің негізгі қалыптастырушы факторларының бірі
болып табылады. Діннің халықтар өміріндегі алатын өміріндегі алатын орнының
зорлығы соншалықты діндердің негізін түсінбей жатып, сол діндерді
ұстанатын халықтардың мәдениеті туралы толық көзқарас қалыптастыру мүмкін
емес. Дін адамдардың бірлестігін және ұйымдастығын қалыптастырушы
идеологиялық механизм.
Дін - қоғамдық құбылыстардың ішіндегі ең күрделісі.Діннің мән-
мағынасын қаншама ғұламалар ашып көрсетуге талпынған болатын.Дін жөнінде
жазылған мақалалар, ғылыми еңбектер саны некен –саяқ.Дегенмен “діннің
бастауы мен тұңғиық терең мәні ел көзінен тасада қалып қойды”.Қорқыныш-үрей
де, сүйіспеншілік те, ата-бабаларды қастерлеу де және т.с.сда діни сенімнің
өз алдына жеке тұрған бастауы бола алмасы анық. Дінге нақты және бір
мағыналы анықтама берем деу өте қиын.Егер “религия”- (дін) терминіне келер
болсақ, латын тілінен дәлме-дәл аударғанда “байлау”, “екінші қайта оралу”
дегенді білдіретін көрінеді.
Цицерон шығармаларында “религия” сөзі халықтың тұрпайы соқыр сеніміне
қарсы қойылған ұғым ретінде пайдаланылады.Бұдан шығарылатын бірден-бір
тұжырым, дін деп кез-келген сенім түрін айтпайды тек, адамды қасиетті,
мәңгілік,тапжылмас құндылықтармен байланыстыратын сенім түрін айтады.Сенім-
діннің негізін қалаушы фактор, оның субстанциясы.Сенім қарым-қатынас,
байланыс сынды ұғымдармен астарлас жатыр.”Мен құдайға сенемін” деп айту
үшін адам өзін сол құдаймен байланыста сезінуі қажет, оған бүкіл жан-
тәнімен бет бұруы керек.
Адамдар бүкіл адамзат тарихы барысында өмірден тұрақтылық,
өзгерместік, мәңгілік пен қасиетті іздеп келеді.Әртүрлі діндер осы
ізденістердің жауабы деп түсінсек те болғандай.Дін адам Жанынан туындайтын
дүние, ол өзінің мазмұнын көп түрлі нәрседен жинақтайтын болғандықтан өз
ретінде адам өмірінің көптеген салаларын тәртіптеуші нормативті құрылым
болып табылады.
Дін адам жан-дүниесінің талап-талпыныстары мен арман –мақсаттарының
тоғысу нүктесі бейнесінде адам өмірінің толыққандылығын танытатын категория
ретінде де қарастырылады.
Дін деп адамдардың қасиетті байланысты іздеу және табу барысында қол
жеткізетін бірлестігінің тұрақтылығын қамтамасыз ететін методологиялық
механизмді атайды. Діннің негізінде рәсім тұр.Рәсім деп жеке тұлғаның
әлеуметтік іс-әрекетін қатал қадағалаушы ережелер жиынтығын айтады.Дамыған
діндердің ортақ мүддесі- қақтығыссыз, кикілжіңсіз өмір сүру.Бір құдайға
табынушы діндердің алғашқысы- иудаизмнің өзінде қауымдастар арасындағы
жанжалды бүкіл көпшілік алдында ортақтаса шешу принципі қабыл алынған
болатын. Діни бірлестік бұл жерде қауым арасында үйлесімді тіршілік етуді
көздейтін және бейбіт –тыныш өмір сүрудің кепілдігі бола алатын дәрежеде
көрсетілген. “Дін –бейбіт өмірдің субстанциясы. Дін арқылы көпшілік
арасында кең танымал бейбітсүйгіштік идеясы тарайды”
Бастапқыда дін өкіметпен, мемлекетпен тығыз байланыста өмір
сүрді.Мысалы, қола дәуіріндегікөптеген мәдениеттерде саяси және рәсімдік
немесе діни қызметтерді бөліп жару өте қиын болатын.
Ислам мен оның өкімет билігі құрылымдарымен ара қатынасын байыптау
Қазақстандағы дін мен азаматтық қоғам мәселесін қарастырғанда қажет
болады.Қазақстан Республмкасының ата заңы- Конституция бойынша дін
мемлекеттен алшақ бөлінген, ол дегеніміз жоғарыда аталғандардың әрқайсысы
өз алдына өзінің қызметтерін атқарады әрі бір-біріне кедергі етпейді деген
сөз.Біздің республикамыздың азаматтарының қандай дінді ұстанам деуі,яғни,
ар-ождан еріктілігі Қазақстан Республикасының Конституциясына, Азаматтық
Кодексіне,”Қазақстан Республмкасының діни бірлестіктер және дін тұту
еркіндігі туралы” Заңдарына негізделеді.

I .Тарау. Ислам туралы жалпы мағлұмат.
1. 1 Ислам дінінің пайда болуы.
Ерте заманда арабтар исламға дейін әр түрлі құдайға- көкке, ағашқа,
тасқа табынған. Өз балаларының аттарын Күн, Ай деп қойған. Арабтардың
табынатын қасиетті орны Қағба болды.Оның айналасына 360 құдайдың, яғни әр
тайпа құдайының суреті ілінген. Адамдар Қағбаға парызын өтеу үшін
барады.Онда киімдерін шешіп, шаштарын алғызған арабтар Қағбаны 7 рет
айналып, қолдарын тигізіп қасиетті тасты сүйген.Қағбаны айналу кезінде
біреулер киімдерін ауыстырса, кейбіреулер тыржалаңаш күйде болған. Еркектер
күндіз, әйелдер түнде айналған. Айналған кезде олар ысқырып, қол
шапалақтап, шуылдап дыбыс шығарған.Келесі күні Меккенің қасындағы екі
таудың арасында 7 рет жүгіріп өтіп, құдай мүсіндеріне тағзым еткен.Үшінші
күні Арафат тауына көтеріліп, Муздалифа жазығына барып от жағып,құрбандық
шалған.Кейін Меккеге қайтып, қажылыққа арналған киімдерін шешіп,сол жерде
қажылыққа келген адамдарды осы Қағба қасиетті тасын қорғаған курейшит
тайпасы тамақтандырған.
IV ғасырда Византиялық дипломанттар шіркеу адамдарын христиан дінін
қабылдауға шақырды.Арабтарды шоқындырды, христиандық шіркеулер салды.Бірақ
христиан дінінарабтардың бәрі жаппай қабылдады деуге болмайды. Оны жеке
тайпалар мен рулар ғана қабылдады. Осы исламға дейінгі уақытты арабтар
“джахилия”-“надандық” деп аталады.
Арабтардың ең жоғарғы жетістігі- ол б.з.б. IV ғасырда араб жазуының үш
түрін ойлап табуы.Жазудың дамуы және бүкіл араб әлеміне ортақ араб тілінің
пайда болуы мәдениеттің жоғарғы деңгейде болғанын көрсетеді.
Исламды қабылдағаннан кейін яғни VII ғасырда барлық қолдан жасаған
құдайдың мүсіндері құлатылды.
Ислам біздің заманымыздың 622 жылында Арабстанда пайда болды. Ислам
“Алланың, Мұхаммед пайғамбардың сеніп, мойындалған, Аллаға берілген,
тұжырымдалған, іші-сырты таза өзіне -өзі сәйкес”[1] деген ұғымды білдіреді.
Алла тарапынан білдірілген әмір және туындылардың жиынтығын дін деп
атайды.Діннің атын ислам деп Алла қойды. Ислам діні- тек бір қауымға немесе
ұлтқа ғана тән дін емес, бір миллиардтан астам адам мойындаған дін.Сондай-
ақ ең соңғы ақыл, білім, мінез-құлық, бейбітшілік және ереже діні.Жинақтап
айтқанда, ол сенім бойынша өмір сүру діні болып табылады.
Мұсылмандықтың негізі бес парызға негізделген: 1) Иман. 2) Намаз. 3)
Ораза. 4) Зекет. 5) Хаж. Иманда жеті қағида бар: 1) Алланың барлығына
сену, иман келтіру, Хазірет Мұхаммед Алланың құлы, әрі пайғамбары болғанына
көңілмен сеніп, мұны араб (Құран) тілінде айту; 2) Періштелерге сену; 3)
Кітаптарына (Құранға) сену; 4) Пайғамбарларға сену; 5) Ахирет күніне сену;
жақсылық, жамандықтың тағдырын Алладан деп білу; 7) Өлгеннен кейін қайта
тірілуге сену.
Исламда мұсылмандар өмірінің әр түрлі жақтарын реттеп отыратын көптеген
тыйым-шарттар бар.Мұсылмандардың алкогольдіішімдіктер ішуіне, шошқа етін
жеуге, құмар ойынын ойнауына тыйым салынған.Ислам өсімқоршылыққа рұқсат
етпейді.Өмірде және ахиретте шаттыққа, бақытқа жету үшін ахиреттік
міндеттер орындалуы керек.Онда Аллаға және пайғамбарға, өзімізге, отбасымыз
бен жақындарымызға, мемлекет пен халқымызға, адамгершілікке қатысты бірнеше
міндеттер көрсетілген.
Ислам әлеуметтік тәртіптің өте кең жүйесі болып табылады. Мұсылман
өмірінің барлық жақтары дінге қатысты болып келеді. Ер баланы кішкене
кезінде сүндетке отырғызу керек. Сол дәстүр жасалғаннан кейін-ақ мұсылман
саналады.Неке қию некелесушілердің қатысуымен жүргізіліп, сол арқылы
бекітіледі және де Құранның қасиетті сөздерін оқумен аяқталады.Еркек
мұсылман үшін ажырасу онша қиын емес, әйел адам үшін бұл едәуіркүрделі,
бірақ оларға да мүмкіндік беріледі.
Ислам діні екі ірі негізінде құрылған: 1) Алладан басқа құлшылық ететін
тәңірдің жоқтығына сену; 2) Мұхаммедтің Алла тарапынан адамзат баласына
жіберілгеніне (пайғамбар екеніне) сену.Сондықтан ислам діні бұны бір дәстүр
түрінде: “Ля иляһә илла-аллаһ Мұхаммед- ур- Рәсул- аллаһ” деген сөйлемде
жинақтаған.Қасиетті саналатын бұл сөйлемді тілімен айтып, жүрегіне бекіткен
кісі ислам дініне кірген болатын.Бұл сенілді –иман, ал сенушіні –мүмін деп
атайды.
Алланы тану: жер, көкте сансыз нәрселерді жаратқан , жоқтан бар еткен
және оларды жоқ ететін, әуелгісі, ақыры болмаған, үнемі бар болған, біреу
болған, теңдесі, серігі болмаған, жаратылыстардан ешқайсысына ұқсамаған,
бар болуында ешнәрсеге мұқтаж емес Аллаға ғана сену – бұл исламның негізгі
догмасы.Дін жолының жалғаса беруі үшін бұл жинақталған қысқаша сенім
жеткілікті емес, өйткені мұсылманшылық- сену әрі сенім бойынша өмір
сүру.Бұл мына төменгі 6 қағидада анығырақ көрсетілген: 1) Алладан басқа
ешбір тәңір жоқтығына, Мұхаммед Алланың құлы,әрі елшісі болғандығына сену;
2) Алланың періштелеріне сену; 3) Алланың кітаптарына сену; 4) Алланың
бүкіл пайғамбарларына сену; 5) Өлгеннен кейін тірілуге (ахирет күніне)
сену; 6) Жақсылық, жамандық Алланың тағдырымен және жаратуымен
болатындығына сену.Ержеткен әрбір ақыл иесі бұларға міндетті түрде сенуге
тиіс.
Мұхаммед Арабстан тайпалары мен қауымдарының үлкен бөлігін өз дініне
бағындырып, соңына ілестірді.Ол өзінің діні мен саяси ықпалын Түбектен тыс
жерлерге тарату үшін де дайындала бастады, бірақ 632 жылы қайтыс
болды.Мұхаммед істерін халифтер жалғастырды.Олардың ішінде төртеуі
мұсылмандар арасында ерекше құрметке бөленіп, “адал ниетті” деген атқа ие
болды.Олар: Әбу-Бахр, Омар, Осман және Әли. Олардың заманындаИслам діні
әлемдік дінге айналды.
Ислам Арабстанның шегінен шығып кетті.
Тарихта ең тұтқиыл саяси және теориялық мәселелердің бірі- жоғары билік
туралы мәселе еді.Алланың әмірін ғана орындап келді дейтін пайғамбар дүние
салды.Оның орнын басқа халифтер адамдардың құран мен сунна сүрелеріне
сәйкес өмір сүруін қадағалап отыруға тиіс болды. Алайда, халиф болуға
қандай адам лайық деген мәселе жұртты қатты толғандырды.Бұл туралы
мұсылмандар арасында әуел бастан-ақ аяусыз айтыстар өршіді.Үшінші халиф
Османды халиф болуға лайық емес деген қарсыластары оны өлтіріп тынды,
төртінші халиф Әлиді де мұсылмандардың бәрі бірдей мойындамады.Әлиді
жақтаушылардың көбі пайғамбарға туыс болу оған және оның ұрпақтарына-
әлишілерге билік жүргізудің ерекше правосын береді деп есептеді, олардың
пайғамбардан мирас болып қалған құдаймен тілдесу қабілеті бар деп,
сондықтан құдай мен адамдар арасында елші бола алады және қауымның рухани
басшысы, имам болуға, демек саяси көмек болуға да тиіс деп санады.Осылайша
исламның басты ағымдарының бірі – шинизм негізі қаланды.
Исламда суннизм неғұрлым көп тараған ұғым болып келеді.Бұл жолды
қуушылар өздерін охлаз сунна (сунналық адамдармыз) деп санайды.Олар
пайғамбар туыстарының билікке ерекше праволылығын мойындамайды.Кімде-кім
алғашқы төрт халифті заңды деп санаса, заңдастырылған жинақтағы хадистерді
шын деп білсе және олардағы салт-жораларды, төрт мазхабтың түсінігінің
біріндегі тұрмыстық және әлеуметтік ережелерді мойындаса, формальды түрде
сунниттер деп есептеледі. Әлемдегі мұсылмандардың көпшілігі суниттерге
жатады.
Түркілерге ислам дінінің таратылуы арабтардың жаугершілік жорықтарымен
бірге VIII ғасырдың басында басталды. Араб әскерлерінің басшыларын тұңғыш
ислам дінін уағыздаушы деуге болады.Оған қоса мұсылман дінін уағыздаушы
мұсылман саудагерлері мен қолөнершілері өз айналымдарында көптеген түркі
елдерінде осы дінді таратқандар араб әскерлерінің алдыңғы қатарында болды.
Түркілердің арасындағы исламның беделі IX-X ғасырларда шамамен 820
жылдан 1000 жылдарға дейін болған қазіргі Түркістанның мәдени облыстары
Орта Азиядағы Иран Саманид династиясы билік жүргізген кезден басталды;
Амудария өзенінің арғы жағында орналасқан арабтардың бұл облыстарында
Мауереннаһр, Дженд, Хувера, Яникент қалалары пайда болды.
Араб билеушілері дін таратуға өте қатал келді: жергілікті халықтың көне
мәдениеті мен өнерінен жұрнақ қалдырмауға тырысты. Хорезмдік ғалым Әбу
Райхан әл-Буруни (973-1048) X ғасырдың басында жазған “Өткен ұрпақтардың
ескерткіштері” атты кітабында былай деді:”Кутаиба, бин Мүслім әл Белиқи әр
түрлі тәсілмен бұрынғының бәрін таратты, жойды: хорезмдіктердің жазу-
сызуларын, кітаптарын, бумаларын өрттеп, бұрынғы дін қызметкерлерін, аңыз-
әңгімелер білетін адамдарды, ғылым байлықтарын түгел құртты,
хорезмдіктердің исламға дейінгі тарихы түгел көрге көмілді, оны қазір ешкім
де білмейді”[2].
Араб билеушілері жаулап алған жерлерінде өздерінің мемлекеттік тәртібін
орнатты, жергілікті халыққа ислам дінін қабылдатты, араб тілін, араб
әліппесін үйретті, араб мәдениетін таратты.Оқу, білім, өнер, әдебиет – бәрі
де араб тілі, араб мәдениетінің ықпалында болды, сол бағытта дамыды.
Исламды қабылдаған Сатук Богра хан бірінші түркі ханы – Қашқардың
билеушісі болып есептелді. Ол 955-956 жылдары қайтыс болған және оның
бейіті осы күнге дейін Артыш қыстағында тұр.Дегенмен кейбір мәліметтерге
сүйенсек, түркі халқы исламды 960 жылы, сол X ғасырда Сырдарияның төменгі
ағысындағы оғыз халқының бір бөлігі қабылдаған.
Белгілі ғалым Бартольдтың айтуы бойынша, түркі ханы Сатук Богра хан
Абданкерім исламды өз халқымен бірге 955-956 жылы қабылдады.Ол Сатук Богра
хан династиясынан Қарахандықтар династиясына көшті.
Географиялық әдебиеттерде түркілердің арасында исламның таралуы туралы
деректер жоқ: тарихшылардың айтуынша исламның қабылдану уақыты- 960жыл.Бұл
дерек Бағдат жазбасында кездеседі, алайда ол туралы ешқандай нақты құжат
жарияланбаған. Шын мәнісінде мұсылмандықты бірінші Қарахандықтар Қашқарды
билеп тұрды,Самархан мен Бұхараны жаулап алды.Басқа түркі халықтарының
көпшілігі исламды 1043 жылы қабылдады.
Баласағұн 940 жылдан бері мұсылман қаласы болып есептеледі.
Әрине, жекелеген қалаларда сауданың жандануы бұрын мұсылман емес
халықтардың ислам дінін қабылдауына ықпал етті.
XI ғасырда ислам діні Шығыс Түркістанға, Лоп-Норға жетпеді. Себебі
солтүстік жолда шекаралық пункт Куча мен Бугур, ал оңтүстікте Черчен
болды,яғни Қашқардан арғысы тасада қала берді.
Ислам мәдениетінен тысқары Шығыстағы ұйғырлардан ол кезде солтүстік-
батыста көп санды қыпшақ бар еді. Олар Ертіс өзенінен шығысқа қарай
созылып жатқан.
Ислам буддизм мен христианнан кейін келгеніне қарамастан, әлемдік және
нағыз даңқты дінге айналды. Яғни ол бір халықпен шектеліп қалмады.
Манихей діні де әлемдік дін болған жоқ. Буддизм алғашында кең
насихатталғанымен, шығыс азият әлемінен аса алмады. Түркілер арасында
исламның беделі үстем болмай тұрғанда, сондай-ақ мұсылман дінінің
насихатталуы жеткіліксіз жүргізілген жерлерде – Батыстың бір топ халықтары,
Шығыс және Оңтүстік моңғолдар христиан дінін қабылдады. Қазір христиан діні
тек Европалықтардың діні болып саналады.

1.2 Дін және қоғам.
Ислам – Жаратушы ұлы тәңір Аллаһ Тағала иманды және мойынсұнуды
білдіретін нағыз бір тәңірлі тәухид нанымы негізінде пайғамбар Мұхаммед
с.ғ.у. 569-632 тарапынан 609-632 жылдары аралығында адамзатқа
түсіндірілген әлемдік монотеистік дін. Ислам барлық болмыс пен фәни адам
өміріндегі ең маңызды ұғымдардың бірі. Ислами ұғымда бұл дін абсолютті
құдырет иесі жаратушы тарапынан ең алғашқы адамнан ең соңғы адамға дейінгі
барлық адамзатқа және заманға жіберілген дін. Ислам – ақыл иелері мен күллі
махлұқаттың ұлық жаратушының құдыретіне тәсілім болуының, мойынсұнуының
және дүниедегі өмірді белгілі бір тәртіпке келтіретін құдайы жүйенің, яғни
пенде мен Аллаһтың арасындағы байланыстың аты.Ислам сөзінің түбірі
арабшадағы “сәлиме”, “силм” етістігі. Бұлар және осы түбірден жасалған
“сәлм”, “сәлам”, “әслеме” сөздері сөздікте бейбітшілік, тыныштық, амандық,
татулық, келісім, тәсілім болу, берілу, сәлеметтілік, сенімділік дегенді
білдіреді. Қысқаша айтқанда, “сәлиме” етістігі бейбітшілікті қалайтын бір
биік күшке, билікке бағынып, оны құрметпен қабылдай отырып, оған бас июді
және тыныштық һәм амандыққа берілуді және бұл мәртебені жалғастыру үшін
қажетті істерді жүзеге асыруды білдіреді.
Исламның не екенін дұрыс түсіну үшін бұл сөзбен түбірлес сөздердің
мағыналарын әбден біліп алған жөн.Сонда, исламның тек сенім мен этикалық
құндылықтардан ғана құралмағаны, батыс ұғымындағы “религия” сөзінің исламды
түсіндіруде әлсіз болатындығы анық болмақ.Ислам сөзі сенім мен ұжданды да
қамти отырып, бұларға қоса бейбітшілдік пен татулықты, жүгіну мен тепе-
теңдікті,тұтастай өмір сүру салтын білдіреді.
Ислам күллі ғаламдағы барлық махлұқтар мен заттар бағынатын өмір сүру,
тіршілік ету формасы.Сондықтан, барлық субстанциялар мен жәндіктердің
табиғи өмірі ислам халінде болады.Олардың іс-әрекеттері мен тіршілігінде
бас көтерушілік, хаос, асылық байқалмайды.Барлығы да тәңірлік заң
шеңберінде өмір сүреді.Ал ақыл иесі адам баласы өз еркімен исламды
ұстанатын болса, онда оның өмірінде де ислам, яғни бейбітшілік, тепе-теңдік
болады.Енді исламдағы “дін” ұғымының мағынасын анықтайтын болсақ:араб
тіліндегі дін сөзі “дәйн” түбірінен шыққан, үстемдік, егемендік, бас ию,,
қарыздану,тапсырылу, біреудің бұйрықтарын орындау, оның билігін
мойындау,заң, жол, әдет, есепке тарту, жаза беру, сыйлыққа бөлеу, үкім,
мүлік, дағды сияқты көптеген мағыналарды білдіреді.Осы түбірден жасалған
және Аллаһ Тағаланың есімдерінің бірі болып табылатын “Дәййан” абсолютті
құдірет иесі, әр істің бодауын беретін, хикметпен басқаратын, егемен күш
иесі дегенді білдіреді.Ал осы түбірден жасалған “мәдин”-құл; “мәдине”
–қала; “Тәмәддун” –дінді яки қалалық; ”Тәдаййұн” – қарыздану; “дийанат”-дін
және милләт; “мұтәдәййин”- діндар һәм мойынсұнғыш дегенді білдіреді.Демек,
дін дегеніміз- аса биік билік иесіне мойынсұнып, оған бағыну және
оныңбұйрықтарын орындау дегенді білдіреді.
Ислам дініндегі ең маңызды ғибадаттардың бағзылары мыналар: Құран
Кәрімді оқу және түсіну, ғылыммен шұғылдану, намаз оқу, дұға ету, Рамазан
айында ораза ұстау,зекет беру, Меккеге қажылыққа бару, ізгілікті ғамалдар
істеу, адал жолмен ризық табу.
Ислам қоғамының мүшелері ағайындар болып табылады.Адамдардың нәсіл,
тіл, әлеуметтік мәртебе, шыққан тегі жағынан үстемдігі болмайды, барлық
адамдар тең дәрежелі,үстемдік тек имандылықта, рухани қасиеттерде, тақуада,
яғни Аллаһтың бұйрықтарын орындап, тыйғандарынан аулақ болып,кәміл мүмин
болуда.Ислам діні жамағатты, яғни адамдардың ұйымдасып, бірге, бірлікте
болуын уағыздайды. Бұл бірліктерлік құр масса болып бірігу емес, саналы һәм
үйлесімді бірліктелікті білдіреді. Ислам дінінің қағидалары тек дұрыс
ұйымдасқан жамағат болғанда ғана толыққанды жүзеге асырылады.Жамағат болып
ұйымдасқан мұсылмандар бірін-бірі әбден танып, бірін-бірі жақсы көріп,
біріне-бірі көмек беріп ынтымақтастықта болады.Олар бір-бірінің кем-кетігін
түгендеп тұрады. Намаз, қажылық, зекет сияқты көптеген ғибадаттар ылғи да
көпшілікті,жамағатты талап етеді.
Ислам діні барлық қатынастар мен іс-әрекеттерде орта жолды уағыздайтын
дін.Әсіре сілтеушілікті, әбден асуды, ысырапшылықты, шектен шыққан
азғындықты қоштамайды, дүниелікті жексұрын санамайды. Құран Кәрімдегі
көптеген аяттарда мұсылмандардың тек ахиретте ғана емес, сонымен қатар
дүниеде де ізгі нығметтерге бөленетіні білдірілген 2201, 7156, 16122,
1064.Сол себепті ахиреттегі бақытқа ие болу үшін дүниедегі бақытты тәрк
ету талап етілмейді.Мұның айқын нәтижесі ретінде мұсылмандарда қоғамнан тыс
өмір сүретін діни тап қалыптаспаған.
“Саяси айырмашылықтардың пайда болуының басты себебі Ислам дінінің рушылдық
пен нәсілшілдікті шектегеніне қарамастан, саяси биліктен дәмелі кейбір
топтардыңрушылдыққа, ұлтшылдыққа баруы”[3]. Ислам діни 634-750 жылдары
аралығындағы қысқа мерзімде батыстағы Испаниядан шығыстағы Қытайға дейінгі
ұлан-ғайыр аймақта таралған. Аталған мерзімде мұсылман билігіне қосылған
елдердің тұрғындарынан көптеген адамдар ислам дінін қабылдаған.Бұлардың
ішінде исламды іштен бөлу яки өзінің лауазымын,дәулетін сақтап қалу
мақсатымен қабылдағандар да кезігеді.Міне, көпшілігі йаһуди,христиан және
мәжусилікті ұстанған осындай адамдар мұсылмандар арасында өздерінің
нанымдары мен аңыздарын таратып,көптеген зиянды ағымдардың пайда болуына
себеп болған.
Бүгінгі күні Ислам діні жер шарының барлық құрлықтарында азды-көпті
таралған. Мұсылмандардың саны 2 миллиард адам мөлшерінде деп
есептелуде.Әсіресе, батыс халықтарынан Ислам дінін қабылдаушылардың саны
тұрақты түрде өсуде. XX ғасырда мұсылмандардың саны 7 есе көбейген.
Халқының басым көпшілігі мұсылмандардан құралатын мемлекеттердің саны –60
шамасында.Қазақстан халқының да 65-70 пайызы мұсылмандар. Еліміз “Ислам
конференциясы ұйымының” толық мүшесі.

1.3 Кеңес Одағындағы ислам діні.
1991 жылы Кеңес одағы құлағанша коммунистік партия бәрімізді жауынгер
атеизм рухында тәрбиеледі.Дін адамды уландыратын, есінен тандыратын, теріс
жолға түсіретін апиын деген маркстік – лениндік пайымдауға сендік,діннен
бездік, молдаларды қас – жау деп санадық, күлкі еттік.Бұрын қазақ даласында
онсыз да тамырын терең жіберіп,жеткілікті дәрежеде беки алмаған ислам Кеңес
тұсында біржолата жойылып кеткендей болған еді.
Кеңес империясы құлаған соң Қазақстанның көптен армандаған
тәуелсіздікке қолы жетіп, нағыз ұлттық мемлекет ретінде шын бостандық,
еркіндік жолымен алға нық басуы халқымыздың бүкіл өмірін түбірімен өзгерте
бастады.Ұлттық қасиетімізді, әдет – ғұрпымызды, салт – санамызды,
дәстүрімізді қайта түлетіп, бәрін толық қалпына келтіруге тамаша
мүмкіншілік туып отыр. Міне, осыны жедел қолға алу және дұрыс пайдалану –
бүгінде бәрімізге зор тарихи сын.
Сөз жоқ, бұл бағытта орындалып жатқан игі, құптарлық істер баршылық, ал
бірақ дегізетін, қолға алынбай жатқандары қаншама.Ұлтымыздың сан жағынан
көбейіп, сапа жағынан жақсаруына, жоғарғы деңгейге көтерілуіне жұмыс
істейтін шараларды жайбасарлықпен күттіріп қоюға болмайды.Оларды тез, батыл
түрде жүзеге асыру керек. Ұлт тағдыры біздің бағдарламамыздың басында тұруы
қажет.Ол – бәрінен де жоғары тұрған қасиетті асыл арман екенін ұмытпайық.
Ол - саудаға салынатын тауар емес. Ол – қызылкеңірдек дауға түсетін
қылмысты іс те емес.
Қазақтың бүгінгі өміріне, келешегіне өзінің пайдасын тигізетін басты
факторлардың бірі – меңінше, ислам діні, мұсылмандық.Елімізде бейбітшілік,
татулық, тыныштық, бірлік, ынтымақтастық орнатып нығайтуда ол зор рөл
атқаруға тиіс. Діни қызметкерлер, молдалар адамдарды еңбекқорлық, тазалық,
адалдық жолында тәрбиелеуге белсенді қатысулары керек.Қоғамдағы әлеуметтік
– экономикалық, мәдени, саяси және т.б. мәселелердің халық игілігі үшін
дұрыс шешілуіне олардың да өз үлестерін қосқаны қандай жақсы болар еді.
Бірақ орыстар бүкіл ел болып жабылып, Мәскеудің ортасындағы бассейннің
орнына кезінде Сталин қиратқан діни қасиетті орын “Құтқарушы христ храмын”
бітіріп пайдалануға бергенде, өкінішке орай, Алматыдағы астаналық мешіт
ұзақ салынатын құрылысқа айналып, әлі бітпей тұрған еді.
Қазақстанның патшалық Ресейдің отарлық қанауында болған кезінде ислам
діні қатты қысымға түсті.Патша билігі мен оның жергілікті отарлық
әкімшілігі қазақтың жерін тартып алып, оған орыс шаруаларын әкеліп
орналастырды, жер астындағы байлықты тонады, халықта талады, қанады, оның
мәдениетін, тілін, әдет – ғұрпын аяқ асты етті, дінін жойып, орыстандыруға,
шоқындыруға тырсты. Далалық өлке генерал –губернаторыөзінің 1911 жылдың 9
шілдесінде берген бұйрығында (№ 73 ): “Өлкедегі қырғыз жұрты туралы айтар
болсақ, оларға ылғи жасайтын қамқорлығымыз – оларды мүмкіндігінше өлкедегі
орыс жұртына жақындастырып, қосып жіберу.Өлкедегі шаруа және уез бастықтары
бағынышты қырғыз жұртының санасына орыс тілін үйрену қажет екенін қайткенде
де сіңіре берулері керек деп нұсқау жасауды қажет деп санаймын” – деген.[4]
Міне, осы орыстандыру саясатын іске асырудың тиімді жолдарының бірі –
христиан дінін насихаттау, қазақтарды осы дінге көшіру деп саналды. Орыс
миссионерлері басшыларының бірі Н.Остроумов: “Егерде біз қырғыздарды және
басқа азиялық көшпенділерді мәдениеттендіргіміз келсе, оларды христиан
дінімен ағартудан бастауымыз керек...” –деп жазды.Осы орайда священник
В.А.Яковлев былай деген еді:”Біз, орыстар, барлық осы халықтың арасында шын
діни өмір мен еуропалық мәдениет бастамасын орнатуға тиістіміз... Осындағы
бұратаналардың өз игілігі үшін Түркістанда шын христиандық өмір кең дамып
өрістесін”Сонау XIX ғасырдың басынан бастапотаршылдар қазақтарды, әсіресе
қазақ кедейлерін, қайыршыланғандарды алдап – сулап, оларға қамқорлық
жасаған болыпорыс деревняларына кірме қылып енгізді, орыс – казак
сословиесіне көшірді, башқұрт кантондарына мүшелікке жазды, шоқындырды.
Отарлық әкімшілік орындарының басшылары, миссионерлер Қазақстанда
православие дінін кең таратумен қатар ислам дінін сынап, сөгіп айыптады да
миссионерлердің жазбаларында, генерал – губернаторлар мен уез бастықтарының
баяндамаларында, ислам діні жалған, теріс, зиянды деп қаралады.Молдалардың
қызметі қысымға алынды, отарлық әкімшілік орындарының рұқсатынсыз жаңадан
мешіт, медресе ашылмайтын болды.Жұмыс істейтін медреселерде міндетті түрде
орыс тілін оқыту енгізілді. 1912 жылдың қаңтар айында болып өткен Жетісу
аймағындағы басшы шенеуліктердің ерекшк мәжілісінің хаттамасында былай деп
айтылады: “Мұсылман мектебі шынында орыс мемлекетінің мүдделеріне қызмет
етуі үшін оның өмір сүруін ғана ашық ету жеткіліксіз, оны орыс мектебіне
айналдыруға қажет”
Патшалық өкіметтің оның отаршыл әкімшілік орындарының міне осындай
ұлыдержавалық ниеттеріне қарсы іштері қазандай қайнаған молдалар, қазақтың
сауатты, саналы азаматтары іштей наразы болды, бұған қарсылық білдіріп,
өздерінше әрекет жасауға кірісті.Ашық бас көреру қауіпті болғандықтан олар
жасырын түрде әлсін - әлсін бас қосып, құпия мәжілістер өткізді, астыртын
ұйым құрды.Мысалы, 1903 жылдың басында Қызылжарда (Петропавл) сегіз кісіден
тұратын астыртын ұйым құрылады.Оған қаланың бас молдасы Мұхамеджан Бекишев
басшылық еткен.КЕйін мемлекеттік Дума депутаты болған мұғалім – молда
Шәймерден Қосшығұлов, Петербург университеті заң факультетінің студенті
Айдархан Тұрлыбаев осы ұйымға кірген.
Қызылжар ұйымы Петербургте тұрған, сондағы соғыс министрлігінде қызмет
еткен сұлтан Уәлихановпен де байланыс болған сияқты.Ресей астанасында 1901
жылы Уәлиханов “Шығыстану” және “Мұсылмандар” деп аталатын қоғамдарды
құрады.Олардың мүшелері Петербургте оқып жүрген қазақ жастары және онда
қызмет етуші қазақтар болған.Қоғамдардың жұмысына астанаға әртүрлі
себептермен елден келіп – кетіпжүрген қазақтар да қатысқан.Ал Уәлиханов
сұлтанның өзі елге ауық – ауық келгенде Көкшетау мен Қызылжарда болып,
ондағы жағдаймен жете таныс болуға тырысқан.Сондықтан оның Қызылжар
ұйымының жұмысын білмеуі мүмкін емес.Бұлай деп айтуымызға 1902 жылдың 25
қаңтарында Омбы уезі бастығының Ақмола аймағының әскери губернаторына
жазған хатында:”Аймақтағы халық арасында үлкен беделі бар полковник сұлтан
Уәлиханов және мұрагер дворян Гренбер мүше Петербургтегі екі қоғам –
“Шығыстану” және “Мұсылмандар” зиянды ықпал етуі мүмкін.Өйткені Ақмола
аймағындағы Көкшетау уезінің кейбір қырғыздары бұл қоғамдарға
қатысады.Уәлиханов және Гренбер аймақ халқымен байланыста” – деуі негіз
бола алады.
Қызылжар ұйымы мен оның мүшелері туралы бүгінде біздерге жеткен
құжаттар көп нәрсенің бетін ашады.Ұйым мүшелері тек дінді қорғаумен
шектелмей, отаршылдардың елді тонап –талауына, халықты қанауына, оған
жасаған зорлық –зомбылығына, жерді жүгенсіздікпен тартып алуына, қазақты
орыстандыруына, шоқындыруына өздерінің қарсылықтарын білдіріп, тілек –
талаптарын ұсынып отырған.Міне, осы мәселелер төңірегінде аталған ұйымның
белсенді мүшесі Смағұл Балжанов сегіз үндеу – хат жазады.Ол хаттарда
патшалық биліктің отарлық езу саясаты, әсіресе қазақтарды орыстандыру мен
шоқындыру қатты сыналып әшкереленеді.Осы хаттардың мазмұнын, жалпы орыс
отаршылдарының қазақ халқына әкелген қайғы – қасіретін түсіндіріп, халықтың
көзін ашу үшін, оның белсенділігін көтеру үшін, патшаға қазақтардың мұң
–мұқтажын айтып хат жолдауға қажетті қол жинау үшін әр жерге ұйым атынан
үгітшілер жіберіледі.Мысалы,Ақмола уезіне Х.Бекишев пен М.Елубаев келіп,
халық арасында көптеген бас қосулар, жиындар өткізген. Олардың артынан
тыңшылар үзбей бақылау жүргізіп, қайда болғандарын, не істегендерін отарлық
әкімшілікке үзбей хабарлап отырған.Отарлық мекеме шенеуліктерінің
хабарлауына қарағанда Көкшетау уезінде халық арасында Мұхаш Қадыров,
Сексенбай Төленкин, Әбутәлі Бакшин патшалықтың отарлық саясатына қарсы үгіт
жұмысын жүргізген.Аталған ұйым атынан дайындалған үгіт хаттары көбейтіліп,
жан – жаққа елдің беделді деген адамдарының атына жіберілген. Мысалы, 1903
жылдың ақпанында Павлодар уезінің Қызылтау болысының меңгерушісі Ақылбеков
өзіне келген бірнеше хаттарды қыстаудағы қазақтарға оқып берген, сонан соң
оларды халық арасында әулие деп саналған Абдулла хазірет Мамаевқа
жіберген.1903 жылдың наурыз айында осындай хаттарды беделді қазақтар:
Сәдуақас Шорманов (Павлодар), Кенжин (Зайсан уезі), Абай Құнанбаев (Семей
уезі), Ғабдулла Исабеков (Павлодар уезі), Жәңгір Құдаймендин (Ақмола уезі)
алады.
Алайда бұл азаматтар хаттарды алғанымен, ешбір нәтижелі жұмыс істей
алмайды.Өйткені орталық әкімшілік орындары Қызылжар ұйымының жұмысын
ылғибақылауда ұстайды, оның жіберген хаттарының ізіне түсіп, қадағалап
қарап, хаттар келісімен – ақ, сол жерде тінту жүргізіп, оларды тартып алып
отырды
1904 жылдың ақпанында Көкшетау арқылы өтіп бара жатқан орыс әскерлері
жолдарындағы ауылдардың ойранын шығарады, қазақтарды ұрып – соғады,
мүліктерін талайды, малдарын айдап алып кетеді.Бұл жағдай онсыз да күшейіп
отырған ұлттық наразылықты одан әрі үдетіп жібереді.Осыдан соң, Көкшетау
уезіндегі сегіз болыстың молдалары мен басқа да бас көтерер адамдары
жиналып, ұзақ әңгімеден кейін бұлай бола берсе, ел болып көтерілуіміз
керек:” Біздің аталарымыз Кенесары ханның сріктері еді ғой.Біздер шынымен
азғындап кеткеніміз бе, қолымызға қару алып, дініміз үшін шәйт боп өлейік”
– деген ұйғарымға келеді.Дегенмен де әріптестерін қорғауға күш салған
азаматтар да болған.Мысалы Қожа Жанбатыров пен Әбу Тоқжанов деген көзі ашық
жандар Петербургке барып, жоғарыда аталған Қосшығұлов пен Таласовтың ісін
қайта қаратып, 1905 жылдың наурызында олардың елге қайтып оралуына
жәрдемдесті.
Өткен кезеңде атеизм – мемлекеттік саясат және көпшіліктің өмір салты
болып табылатын.Көптеген адамдардың қандай да бір дінге деген қатынасын
көріп, керітартпа, ескі көзқарастардың адамы делінді.Ал дінге сенушілер
үшін атеист дегеніміз, иманы жоқ адам ретінде қабылданды.Қазір мұндай
саясатты ұстанушылар діни наным – сенімді жоққа шығару атеизмді көпшілік
санасына күшпен кіргізген коммунистік партияның іс -әрекеті деп
түсіндіреді.Меңінше, осы тұста В.Н.Коневтің “Әрбір мәдени құбылыстың өзіне
тән уақыт аккумуляторы бар және ол әр кезде жүзеге асқан сайын жаңа
тәжірибені ендіріп, дәл кезінде шешуге мүмкіндік береді.Адам тұрмысы кез
–келген мәдени құбылыстың өмірлік проблемасы.Аталмыш мәдени құбылыс
бүгіннің проблемасын қаншалықты шеше алса, ол соншалықты маңызды” деген
пікірі өте орынды деп ойлаймыз.[5]Демек, атеистік көзқарас та өз уақытында
кеңестік өмір салтының аса қажетті алғы шарттарының бірі болды.Мысалы,
бұрын адамдар дін туралы ашық айтпаса да сескенетін еді.Ал қиын сәттерде
адам өзінің санасынан тыс күшке сыйынып, онысын өзі де аңғармай қалатыны
рас. Өйткені, сенім өзін ішкі табандылықтың, адамгершіліктің, психологиялық
беріктіктін тірегі ретінде танытып, сөз бен іс бірлігінің алғы шарты
ретінде ұғылады. Құндылық – бағдарлық қызметке бірқатар жаңа рең қосады,
діни сана сезім адамның келіспеушілікті шешу мәселесінде күштемеуді,
серіктері мен әріптестері алдында жауапкершілікті оятатыны белгілі.
Діни – моральдық тұрғыдан жазылған “ұрлық”, “ қастандық жасамау”,
“шындықты айту”, “қиын кездерде адамға көмектесу” және т.с.с. талаптары
адамдарды әдеп нормасынан аспауға ықпал етеді. Менінше бұрынғы кезде
адамдар қайырымды, адамгершілігі мол болған сияқты. Яғни, бұрын адамдар
құдай туралы шектен тыс көп айтпайтын және өшпейтін жалпы азаматтық
құндылықтарға көбірек арқа сүйейтін. Ал бүгінде керісінше, шын мәнінде
жалпы азаматтық мәдениет формаларын көрсететін әртүрлі рухани құндылықтарға
қарама -қарсы бағыттарға саналы түрде барады.Яғни, дін туралы көп айтып,
көп жазып жатқан қазіргі кезде іс жүзінде әрбір үшінші адам тіпті соны
әдейі мақсат тұтпаса да ұрпақтан – ұрпаққа ғасырлар бойы беріліп келе
жатқан жалпы азаматтық нормалардан аттайды.Адамдар бір біріне ызалы, ашулы,
мейірімсіз болып кеткен секілді, әркім айналасы мен ісі жоқ, өзімен - өзі
өмір сүруге дағдыланып барады.

1.4 Исламияттың Қиыр Шығыста таралуының алғашқы кезеңі.
Корея - елі мұсылмандар тым ерте уақыттарда барып қоныстанған, өмір
сүріп, мұсылмандықты насихаттаған елдерге жатады.
Арабыстан жеріндегі Мекке шаһарында пайда болған Исламият қалайша осы
жерден он мыңдаған шақырым қашықтықтағы Корея, Қытай елдеріне барды ?
Исламның Қиыр Шығыста таралуы қай ғасырларда болды? Осы елдердегі мұсылман
қоғамдарының ары қарайғы өмірі қалай дамыды? Исламияттың бүгінгі күнгі
жағдайы қалай?
Корея - тарихи бай һәм терең ел.Бес мың жылдан астам уақыт тарихи
деректері жазбаша сақталған, өркениеті дамыған, табиғаты әсем де сұлу,
халқы еңбекқор һәм мағрифатты ел.Кейбір оқымыстылар корей тілін Орал- Алтай
тіл тобына жатқызады.Қазақ тілі мүшесі болып табылатын түркі тілдері де осы
топқа жататынын ескерте кетелік.Әдет – салттарымыздағы, тіліміздегі,
музыкамыздағы, ұлттық тағамдарымыздағы ұқсастықтарға қарағанда корей халқы
мен түркі халықтарының бек көп ортақ қасиеттерін анықтауға болады.Біздің
ортақ қасиеттеріміздің ең маңыздыларынын бірі, мүмкін ең бастысы – Ислам
діні. Корея елінде ғасырлар бойы насихатталған, ұсталған, ғылыми еңбектері
жазылған Ислам дінінің әсерлерін қазір де табуға болады. Ислам дінін осы
елде алғаш таратқан арабтардың,олардан кейін мұсылмандықты үгіттеген
парсылар мен түркілердің көптеген белгілерін бүгін де кездестіруге болады.
Қытайдағы Юан династиясы құлағаннан соң Кореяда билік орнатқан Чосон
әулетінің тұсында мұсылмандар ассимиляцияға ұшыратылғанымен, XX ғасырдың
бас шенінен бастап, әсіресе Корея соғысынан кейін бұл елде Ислам діні
қайтадан жанданып, мұсылмандардың саны күнбе-күн өсуде.
Исламияттың Кореяда таралуын мына тарихи кезеңдерге бөлуге болады:
1. Исламияттың Қиыр Шығыста таралуының алғашқы кезеңі (VII-XIIғғ.)
2. Түрік –мұңғұл билігі кезіндегі таралуы (XIII – XVI ғ.)
3. Османия патшалығының соңғы кезеңіндегі таралуы (XIX ғ. аяғы-XX басы).
4. Корея соғысынан (1950-1953жж.) кейінгі жайылуы.
Бес мың жылдық терең тарихи бар Корея елі соңғы мың жарым жылда қытай,
араб, үнді және түрік- мұңғұл мәдениеттерімен тығыз байланыста болып,
олардың әсеріне ұшырайды. Әсіресе, қытай мәдениетінің әсері күшті болды.
Мұсылмандармен сонау Пайғамбарымыз Әз Мұхаммедтің (с.а.у.) көзі тірі
кезінде байланыс орнатқан қытай ханадандары Ислам мәдениетінің күшті
ықпалына ұшырайды. Ал, көбінесе, Қытайға бағынышты болған Кореяға Ислами
ықпалдар осы патшалықтар тарапынан жеткізілген[6].
Мұсылмандар Қытай және Корея елдеріне алғашында теңіз арқылы сапар
шеккен.Сонау 628 ж. бастап, мұсылман саудагерлері мен халифалық жіберген
ресми елшілер тобы теңіз жолымен Оңтүстік Қытай өлкелеріне, кейінірек Корея
аймақтарына барған еді.Ортағасырлық мұсылман авторлардың көбісі Қытай –
Корея өлкелері жөнінде тамаша деректер қалдырған.Мәселен, IX ғ. орта
шенінде Ибн Хұрдадбих тарапынан жазылған “Китаб әл- Мәмалик уә - л Мәсалик”
атты кітапта Кореяның жағрапиялық ерекшеліктері, ондағы мұсылмандардың хал-
ахуалы және корей халқы жөніндекөптеген соны деректер келтірілген.Осындай
17 мұсылман автордың еңбектерін мысалға келтіруге болады.Бұның өзі
мұсылмандардың Кореямен байланыстарының қаншалықты тығыз болғанын аңғартса
керек.Кейбір қытай тарихшыларының пікірінше мұсылмандар бұл елге тұңғыш рет
628 жылы келген екен. Көпшілік ғұламалар мұсылмандар Қытай жеріне ең алғаш
рет 651 жылы келген дейді.Мәселен, “Ши-юү Чүан” атты еңбекте мынандай дерек
сақталған: “651 жылы Таши (Арабтарды қытайлар осылайша атаған) патшасы хан
сарайына елшілерін жіберді”. Зерттеулер осы елшінің халифа Осман Ғаффанұлы
(573-656) тарапынан жіберілгенін, 651 ж. тамыз айының 25-і күні қытайдың
сол кездегі астанасы Чаң- ан қаласына келіп,император Као- Тсуңмен
кездескенін дәлелдеген. Бұл кездесуде мұсылман елшілер қытай патшасына
Ислам дінін баяндап,мұсылмандықтың шарттары хақында мәлімет берген
екен.Мұсылман тарихшы Лию Чиһ 1721жылы жазған “Әз Мұхаммедтің үлгілі өмірі”
еңбегінде Қытай жеріне алғаш қадам басқан мұсылмандар ретінде 632 жылы
Оңтүстік Қытайдағы Кантон аймағындағы Чуан-Чоу қаласына келген сахабалар
(пайғамбардың жолдастарынан) Сағад Ләбид әл-Хабаши және Йұсұфты атаған. Осы
сахабалар жергілікті халыққа Ислам дінін насихаттап, мешіттер ашып, сонда
қайтыс болған.Исламияттың Шын-Машын өлкелерінде сонау Пайғамбарымыздың
кезінде, яғни сахабалар тарапынан жайылғанын растайтын тағы да көптеген
деректерді келтіруге болады.
Исламияттың Қиыр Шығыс елдерінде таралуы, көбінесе, теңіз жолымен
болғандықтан, тарихи деректерде мұсылман қоғамдарының Шри Ланка (Сейлан),
Шын Машын, Вьетнам, Кантон (Арабша Зәйтүн), Йаң-Чоу, Хаң-Чоу елдерінде
шоғырланғаны жазылады.Осы елдерде орналасып, сауда- саттықпен айналасатұғын
мұсылмандардың саны айтарлықтай көбейген. Мәселен, тарихшы Әбу Зәйдтің
дерегінше, 876 жылы Хуаң-Чао қаласында болған көтерілісте 120 мыңнан астам
мұсылман, йаһұди және христиандар қырылған екен. “Мұсылман жағрапияшылары
ауа райы жақсы болғанда Кантон жағалауына үш күнде баруға болады”[7] деп
жазған. Демек, алғашқы мұсылман топтары Корея елінде аталмыш дәуірлерде-ақ
болған деп болжауға негіз бар.
Халифалық пен Қытай патшалықтарының саяси-экономикалық байланыстары жыл
өткен сайын күшейеді.Қытай деректерінде 651-798 жылдар аралығындағы 147
жылда халифалықтан 37 рет елшілер тобының келгені жазылған.Ал, Сұң ханаданы
дәуірінде (908-1168) халифалықтан келген елшілік топтардың саны 49-ға
жеткен екен.Мұсылмандардың Қытай және Корея халықтарымен байланыстарының
дамуында Талас ғазауытының рөлі ерекше маңызды. 751 жылы қазіргі Қазақстан
жерінде болған Талас соғысының Ислам тарихының, оның ішінде түркі тарихының
ең маңызды сәттерінің бірі деп айтуға болады. Қытайлар мен мұсылман арабтар
арасында болған жалғыз соғыс- осы.Бірақ соғыстың нәтижелері мен ұзақ
мерзімді әсерлері талқыланғанда, үшбу уақиғаның күллі бәшериет үшін
қаншалықты маңызды болғаны аңғарылады.Талас жеңісі арқылы Қытайдың Орта
Азияға қарай кеңею саясаты мен әрекеті тоқтатылады.Олармен мүдделес болған
кейбір бектіктер (мысалы, Бұхара, Кеш, Ұсрұшана) алғашында мұсылмандардың
жеңісі нақтылы емес деп,көтеріліс жасауға ұмтылады.Әбу Мүслім тиісті
шараларды дер кезінде қолданып,бүлікшілерге тойтарыс береді, Орта Азиядағы
мұсылман билігінің түпкілікті екенін тағы да бір рет көрсетеді.
Талас ғазауатынан кейін Орталық Азия халықтары лек-лек болып
мұсылмандықты қабылдайды.Олар өздерін Қытай шапқыншылығынан қорғаған
мұсылмандарға шексіз риза еді, сөйтіп түркілер мен арабтар арасында достық
пайда болды. Мұсылмандар мен ғайримұслимдер арасында оң өзгерістер, жылы
азаматтық байланыстар орнайды.Ал қытайлық авторлар Талас ғазауатының Орта
Азиядан күдер үзген соғыс деп бағалайды.Өйткені олар жеңгенде Орта Азияның
Қытай хакімиятына кірері анық еді.Осының нәтижесінде түрік –соғдылар жаппай
бұддашылықты қабылдауға мәжбүр болар еді.Демек, Талас ғазауаты тек саяси
-әскери тағдырды емес, Орталық Азияның діни тағдырын да шешкен бек маңызды
уақиға.
Талас шайқасы – араб, парсы, түрік, қытай және корей халықтарын
тоғыстырған маңызды оқиға. Соғыста тұтқын болған 20 мың әскердің кейбірі
Ислам дінін қабылдаған. Мұсылмандар Ан Лу Шанның көтерілісінде қытай
императорына көмектеседі.Өзін таққа қайта отырғызған мұсылмандарға опалық
танытқан Су-Тсұң патшаның кезінде, 787 ж. Самарқанд, Бұхара, Қашқар
өңірлерінен көшірілген 4 мың мұсылман жанұя Қытайдың Сианфу өлкесіне
орналастырылады.Бұл өзгеріс мұсылмандықтың ішкі Қытай өлкелеріне түбегейлі
таралуына игі әсер етеді. Таң әулеті тұсында Кантонда салынған “Чилин-Се”
және Хаң-Чоуда салынған “Фең – Хуаң –Се” мешіттері бұл өңірде салынған ең
ескі мешіттер.Сөйтіп, Ислам діні қытай халықтары арасында ешқандай
соғыссыз, бейбіт түрде таралады.
Таң патшалығы тұсында Корея түбегінің солтүстігінде Когурйо, шығысында
Шилла, ал батысында Паекче аталған үш патшалық бар еді. Осылардың ішінен
Шилла патшалығы (668-935) Таң империясының көмегінің арқасында (660-668жж.)
Кореяны бір билікке бағындырады. 676 жылдан бастап, Шилла мемлекеті Таң
империясымен тығыз байланыстар орнатады, қытай мәдениетінің әсері күшейе
түседі.Шилла мемлекеті 535 жылы қабылданған буддизмді ресми дін етіп
жариялайды.Осы тарихтан бастап, жүздеген кореялықтар Қытай, Үндістан,
Орталық Азия елдеріне барып, буддизм ілімдерін үйренеді.Жапонияға буддизмді
таратқан рұһбандар (жрецтер) Паекче патшалығы тарапынан 552 жылы
жіберілген буддашылар еді.
Корея аталмыш ғасырларда табиғатының әсемдігі, ауа-райының қолайлығы,
кеме өндірісінің дамығандығы секілді сипаттарымен атағы шыққан ел
еді.Кореялық саудагерлер Жапониядан бастап Қиыр Шығыс елдеріндегі сауда
–саттықтың айтарлықтай бөлігін қолында ұстаған. Ал араб саудагерлері
мұсылман елдерінде өндірілген көптеген тауарларды Шилла патшалығына
әкелген.Әсіресе, әтірлер мен иіс майлар, тоқымалар мен маталар, хош иісті
ағаштар, асыл тастар, зұмрұд, қауырсын көп сұранысқа ие тауарлардан- ды.
Мұсылмандардың Кореяға баруы жөнінде де деректер баршылық.Бұл деректерде
Шилла жеріне барған мұсылмандардың табиғаты аса көркем осы елде тұрақтанып
қалатыны жөнінде жазылған.Ибн Хұрдадбих: “Шилла елі бай мемлекет.Сонда
барған мұсылмандар бұл елдің әдемілігіне тәнті болып, орналасып қалады.Одан
әрі қандай елдің бар екені бізге беймәлім” деген.Әл-Мәсұди Кореяда
орналасқан мұсылмандардың бірсыпырасының ирактықтар екенін
хабарлайды.Шәмсұддин Димашқи “Нұһабат” еңбегінде:”Шиллаға бара жатқан
жолдағы Аммония аралдарының шығыс жағында алты үлкен арал бар”.
Арабтардың Кореямен байланыстары Исламнан бұрынғы дәуірлерге дейін
барады.Мәселен, 1973 жылы Шилла патшалығының астанасы Кйоң - Чу қаласында
жүргізілген қазба жұмыстарында 115 нөмірлі мазардан арабтар жасаған ыдыстар
табылған.V-VI ғасырларға тән осы мазарлардан табылған заттар араб және иран
тауарларының сол ғасырларда- ақ Кореяда болғанын дәлелдейді.Кейбір ғалымдар
корейліктер пайдаланатын Пи-Па, Коң-һоу (қобыз) және Хо – Чек атты
музыкалық аспаптар Орта Азиядан апарылған деп болжайды.[8]

II.Тарау. Адамзат тарихындағы исламның орны.
2.1 Ислам әлемінің халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолындағы күресі.
1424 жыл хижраша мерзім ішінде ислам бүгінде бір миллиард 200
миллионнан астам мұсылмандардың басын біріктіретін ұлы күшке – үлкен
өркениетке айналды.Осы заманғы американ социологы Самюэль Хантингтон қазір
әлемде негізгі бес өркениет барын, атап айтқанда: батыс, ислам, үнді, қытай
және жапон, сондай-ақ, бұған православие, латынамерикандық және
африкалықтардың қосылатынын айтады.
Ислам елдері әлемдегі ең үлкен өркениеттің біріне ғана емес, адамзат
дамуының рухани және ғылыми жағынан өсу тарихына аса зор ықпал еткен
қуатты күшке айналды.Территория аумақ жағынан 1900 жылы әлем аумағының
3,5 миллион шаршы милі ислам елдерінің үлесіне тиген болса, XX ғасыр
соңында ол 11 миллион шаршы мильге дейін жеткен, ал батыс христиандығының
үлесіндегі жер көлемі жоғарыда аталған мерзім ішінде 20 миллион шаршы
мильден 12,7 миллион мильге дейін азайған.
Халықтың саны жағынан : егер 1900 жылы Батыс христиандығының халқы
әлем халқының 30 пайызын құраса, XX ғасыр соңында бұл көрсеткіш 11 пайызға
дейін төмендеп, ал ислам елдері қазір әлем халқының 22 пайызын құрайды.
XX ғасырдың 50-ші жылдарынан бастап ислам өзінің дәуірлеу кезеңін
бастан кешіруде.Бұл туралы С.Хантингтон: “Ислам дәуірлеуі” мұсылмандардың
өз мақсатына қол жеткізу әрекеті.Бұл бүкіл ислам әлемінде етек жайған кең
көлемді интеллектуалдық, мәдени, әлеуметтік және саяси қозғалыс.Исламның
дәуірлеуі экстремизм емес, негізгі бағыт” деп мойындаған.Оксфорд
энциклопедиясының деректері бойынша бүгінде дүниежүзі бойынша 45
мемлекеттің ресми діні ислам болып табылады.
Ислам пікір алысуға, кешірімділікке уағыздайтын, сөйтіп қандай да бір
түйінді мәселелерді бейбіт келіссөздермен шешуге шақыратын дін.
С.Хантингтон: XXI ғасыр “өркениеттер тоғысуы” емес “өркениеттер
қақтығысы” ғасыры болады, мұсылман және христиан өркениеттері арасындағы
қайшылық тек күшпен шешіледі деп болжады.Ал мұсылмандар батыстықтар секілді
өркениеттердің қақтығысы дегеннен гөрі өркениеттердің үндесуі дегенді
басшылыққа алуда.
2002 жылғы 12-13 ақпанда Стамбулда ислам конференциясы ұйымы мен
еуропалық одақ біріккен форум өткізді, оның аты – “өркениеттер – саяси
өлшемі” деп аталды.Форумға 71 елден өкілдер келді, олардың 44-і сыртқы
істер министрлері болды.Тарихта тұңғыш рет өткізілген бұл кездесуге ислам
конференциясы ұйымының бас хатшысы Абдулвахид Белкезиз, Еуропа кеңесінің
бас хатшысы Вальтер Швинер, Еуропа қауіпсіздігі мен ынтымақтастығы ұйымының
бас хатшысы Ян Кубиш, т.б. қатысты.
Талқыланған басты тақырып - әлемде бейбітшілік пен ынтымақтастықты
нығайту, алдағы мақсат - өркениеттер қақтығысын болдырмау, ал мәдени
ерекшеліктер қақтығыстардың шығуының себебі болуға тиісті емес, - деп атап
көрсетілді.
2002 жылдың маусым айында Алматыда өткен Азиядағы өзара ынтымақтастық
және сенім ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Х–XII ғасырлардағы Қарахандар мемлекетінің мәдени мұрасы
Қоғамның рухани дамуындағы ислам дінінің орны мен ролі
Қазақстандағы ислам жайлы
Қазіргі заман ислам философиясының методологиялық ерекшеліктері
Араб – мұсылман білімі және қазақ қоғамы
Исламдағы діни төзімділік пен толеранттылық мәселесі
Қазақ ойшылдары дін туралы пәні семинар сабақтың әдістемелік нұсқауы
Қожа Ахмет Яссауи туындыларының әдеби-көркемдік қуаты туралы ғылыми-теориялық пікірлер
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Ислам дінінің мәдениет қалыптастырудағы аксиологиялық қызметі
Пәндер