Оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеуін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ПСИХОЛОГИЯ кафедрасы

Қорғауға жіберілген күні: ----- ----------- 2008 ж.

Кафедра меңгерушісі : -------------- Р.Р.Бирюшев.

ШАЙКЕНОВА БОТАГӨЗ ЖАБАЙҚЫЗЫ

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Оқушылардың өзін-өзі дамыту мен тәрбиелеуін қалыптастыру

Ғылыми жетекші:
аға оқытушы Болатбекова.Н.Ж

Көкшетау 2008

Мазмұны

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 3

І. Оқушыны өмірлік даярлауда тәрбиенің рөлі.
1.1. Тәрбие негізі туралы пікірлер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.2.Тәрбие берудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы
... ... ... ... 15
1.3. Отбасындағы тәрбиенің кейбір мәселелері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
1.4. Өзін-өзі адамгершілікке тәрбиелеу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 36

ІІ.Оқушыларды өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету түсінігі және мәні

2.1.Оқушыны өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету түсінігі және оның қызметі
мен өзін-өзі
тәрбиелеудегі негізгі әдістер мен құралдар
... ... ... ... ... ... ... ... 39
2.2. Өзін-өзі тәрбиелеу процесінің мазмұны
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48

2.3.Өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету кезінде оқушыға тұлғалық бағыт беру
... .. 51
2.4. Оқушының ұжымдағы мінез-құлқын өзін-өзі тәрбиелеуі
... ... ... ... ... ... 53

Бастауыш метептің өзін - өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу жолдары бойынша
іс – тәжірибелік жұмыстар
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 56

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 70

Қолданылған әдебиеттер
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..73

Кіріспе
Өзектілігі.Тәрбие түсінігі, мағыналық жағынан кең ауқымды категория.
Тәрбиені өcin келе жатқан әулетті тұрмысқа дайындау деп анықтаймыз. Ал, бұл
дайындықты арнайы ұйымдастырылған тәрбие қызметінің барысында icкe асыруға
болады, сонымен бipre ол балалардың күнделікті үлкендермен араласа жүріп,
тұрмыстық ic-әрекетке үйренумен де орындалуы мүмкін. Бipaқ аталған екі
жағдайдағы тәрбиелік әрекеттер әpтүрлi мағынаға ие болатыны cөзciз.
Қоршаған орта тәрбиеледі, Отбасының тәрбие жемісі, Мектеп тәрбиесі
адам қылды, әрине, Өзін-өзі тәрбиеледі деп нақтылап айтатын болсақ, онда
бұл бip мақсатты сияқты әрекеттердің өзара теңгерілмейтінін байқаймыз.
Қоршаган орта тәрбиеледі немесе Отбасы тұрмысы тәрбиеледі, Өзін-өзі
тәрбиеледі деумен жеке адам дамуы мен қалыптасуына әлеуметтік-экономикалық
және тұрмыстық жағдайлардың күнделікті жоспарсыз, мақсатты бағдары болмаған
ықпалын тyciнeміз. Ал енді Мектеп тәрбиесі десек, әңгіме басқаша, бұл
ретте арнайы ұйымдастырылған және саналы icкe асырылатын тәрбиелік
қызметті білеміз.
Мұғалімнің тәрбиелеу жетістіктерін бала өзін-өзі тәрбиелеуге
үйренгенде көре аламыз. Бұл тәрбиелеудің ең биік шыңдарының біоі болып
табылады, өйткені бала отбасының, мектептің тәрбиесін ала отыра, өзін өзі
тәрбиелеуге тырысады, барлық тәрбие түрінен бұл ең саналы және баланың өз
еркімен жүргізілетін тәрбие нысаны.
Мұғалімнің тәрбиесі әрі қарай мектептен тыс уақытта, мектеп
бітіргеннен кейінгі уақытта баланың өзін-өзі тәрбиелеуімен жалғасу керек,
сонда ғана балаға берген тәрбие толық жүзеге асады деп айтуға болады.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу үшін оларға бағыт беретін, үйрететін
мұғалімнің қолынан келетін нәрсе көп және ол оқушының тәрбиелі болуына
өзінің толық үлесін қосу керек, соның ішінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.
Жұмыстың мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету кезіндегі
мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын білу
Қазақстан Республикасы қоғамының тарихи дамуында өркениеттілікке бағыт
алу кезеңінде тұр. Елімізде болып жатқан әлеуметтік экономикалық, рухани,
мәдени өзгерістер тәрбие, білім беру саласындағы мемлекеттік саясатпен
тығыз байланысты.
Мұнда тәрбие, білім беру негізіне әлемдік және отандық тәрбие, білім
беру тәжірибесі, сонымен қатар ұлттық және жалпыадамзаттық өркениеттік
қазыналарды алу көзделініп отыр.
Осыған орай бүгінгі таңда жас ұрпақты жеке тұлға етіп дамытуда жаңаша
көзқараспен қарау, оған әлемдік ғылым мен прогресс деңгейіне сәйкес білім
мен тәрбие беру басты нысанаға айналуда.
Нарық экономикасының талабына сай, өркениетті қоғамның ерікті, өз бас
бостандығын бағалайтын, білімді, рухани байлығы мен мәдениеттілігі жоғары,
адамгершілік, жаңаша ойлау қабілеті бар, дені сау, өз елінің болашағына
жауапты ғасыр тұлғасын тәрбиелеу – тәуелсіздікке ие болған Қазақстан
Республикасының дәуірлік міндеті. Қазіргі кезеңде жаңа қоғам адамын
тәрбиелеудегі басты нысана – адамның адами тұлғалық қасиетін сақтап қалу.
Бұл педагогика ғылымының адамгершілік идеясы болуы керек деп есептейміз.
Демек, жаңа тұлғаны тәрбиелеуде, ең алдымен, әрбір жеке адамның дамуы
үшін оның өзіндік табиғи табиғатын танып білу, сонымен қатар барлық
интеллектуалдық мүмкіндіктерін дамыту негізгі қағида болуы тиіс.
Қазіргі жағдайда адамға қажетті білім көлемі күрт артып отыр Сондықтан
оқушыны өзініңбелсенді оқу әрекеті арқылы өз білімін үздіксіз толықтырып
отыруға үйрету аса маңызды Толыққанды өзіндік оқу әрекетін қалыптастыру
үшін мектепте оқушының өзіндік білім алуды қажетсінуін ояту және таным
әдістерімен таныстыру керек
Оқушыларды өзіндік бақылауға бейімдеу мәселесі Білім заңында
көрсетілгендей,Қазақстан Республикасының егемендігі жағдайындағы білім беру
үрдісінің жаңартылуы тұрғысынан көкейкестіленіп отырЗаңда осы заманғы
білім беру жүйесінің басымдық міндеттері тұлғаның рухани және физикалық
мүмкіндіктерінашу,адамгершіліктің берік негіздерімен салауатты өмір салтын
қалыптастыру,жеке даму үшін жағдай туғызу арқылы интеллектіні байыту жатады
деп көрсетілген
Ежелден адамзат мәдениетінің тарихи дамуында адамды адамдық деңгейге
көтеру(Әбунасыр әл Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұд Қашқари, Қадырғали
Жалайыри, Қожа Ахмет Яссауи, Мұхамед Хайдар Дулати т. б.) қазақ
ғұламаларының тәлім – тәрбиелік идеяларынан басты орын алған.
Мәселен, Әбунасыр әл Фараби өзінің Әлеуметтік- этикалық
трактаттары, Философиялық трактаттары, Бақытқа баратын жолды көрсету
атты т.б. трактаттарында. Адам баласы жаратылыстың бүкіл жан иесі атауының
биік шоқтығы, сондықтан да оны құрметтеу, қастерлеу керек деп адамды оқып
үйренуге, тынымсыз ізденуге, өзін - өзі жетілдіруге шақырады - деген.
Сондай – ақ ой алабы Абай өзінің барлық еңбектерінде адамның адамдық
қасиеті, толымды адам, адам бол концепциясын ұсынған. Адам бойында
қалыптасатын ең құнды адамдық қасиеттерді талаптылық, еңбексүйгіштік, терең
ойлылық, адамға деген сүйіспеншілік, мейірімділік, адалдық, ұлттылық,
әділділік , имандылық, табандылық, сенімділік , ұлтжандылық, әдептілік т.
б. дәріптеген. Бұл қасиеттер- ғасырлар бойы дәріптеліп келе жатқан адамның
тұтастық тұлғасының негізі. Осыған орай еліміздің жаңа мыңжылдық
табалдырығында тұрған кезеңінде адамзаттың асыл адамдық мұраларын жас ұрпақ
бойына дарыту басты міндет болып саналады.
Адамның тұлғалық қалыптасуы әлеутеттік жағдайларға тәуелділігі ертеден
– ақ дәлелденген. Бұл туралы психолог, педагог ғалым Л. С. Выготский өзінің
зерттеулерінде ерекше мән берген. Ол адам- әлеуметтік ортаның негізгі бір
құрамды бөлігі деп есептейді. Өз тарапынан орта мүлде өзгермейтін, қатып
қалған, еш нәрсе әсер етпейтін дүние емес, ол үнемі адамдық ойлы қарым –
қатынаста болатындығын айта келіп, орта адам үшін әлеуметтік орта болып
есептеледі де, адамға әлеуметтік тәжірибесімен табиғи ықпал жасайды деген
пікірді ұсынады. Л. С. Выготский әлеуметтік ортаны шартты түрде адамдар
қарым – қатынасының жиынтығы деп есептей келе, әлеуметтік ортаның ерекше
өзгерлігі жаңа мазмұны, түрлері тәрбиенің өте икемді, қажетті құралы бола
алатындығын дәлелдейді.
Сонымен Л С. Выготский әлеуметтік орта көптеген әр түрлі қырларымен,
құрамды бөліктерімен үнемі үздіксіз диалектикалық тұрғыда дамып отыратын
динамикалық прогресс деп тұжырымдайды. Бұл пайымдаудан адамның ортамен
қарым – қатынасы жай ғана қарым – қатынас емес, белсенді іс - әрекетті
сипатта болатындығын. Сонымен қатар әлеуметтік орта үнемі адамның дамуына
үйлесімді бола бермей, қарама қайшылықтарда да өмір сүретіндігін аңғаруға
болады.
Әлеуметтік - мәдени ортаның болашақ ұрпақтың тәрбиесіндегі маңызы
туралы әлемдік деңгейдегі көптеген ғалым- педагогтар, соның ішінде 20 – 30
жылдардағы қазақтың ұлы зиялылары Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М.
Жұмабаев, Ш. Құдайбердиев, М. Дулатов, кеңестік дәуірдегі көрнекті ғалымдар
Н. К. Крупская, С. Т. Шацкий , А. С. Макаренко т. б. сөз етіп, жеке
тұлғаның қалыптасында ортаның ықпалына зор мән берген. С. Т. Шацкий педагог
пен ортаның өзара байланысы туралы былай дейді: Педагогикалық еңбек
қоршаған ортамен байланысты болады. Сондықтан бала мектепте оқығанда екі
ортада, екі бағытта тәрбие алады. Бір жағынан, орта да оған ықпал жасайды.
Ал екі ортаның мүддесі, бағыты бала тәрбиесінде көп жағдай сай келмейді.
Мектеп бір бағытта үйретіп жатса, ал орта оған қарама – қайшы бағытта ықпал
етеді. Сондықтан сол ортада не болып жатқанын біліп, араласып отыру керек.
Жас ұрпақ бойында жалпыадамзаттық, адамгершілік құндылықтарды
қалыптастыруда отбасы, мектеп, ауыл- аймақ, кітапхана, жоғары оқу орны,
театр, кино, ғылыми көпшілік ұйымдар, теле, радио хабарлары, туристік –
спорттық мекемелер, көше, достары, құрбы- құрдастары әсер етеді және әрбір
жеке адам үшін оны қоршаған басқа адамдар әлеуметтік орта болып есептеледі.
Бұлардың бәрі қосылып, жас ұрпаққа ықпал жасайтын әлеуметтік – мәдени орта
әрбір жасөспірімнің балалық кезеңінен бастап тұтас тұлғалық бейнесінің
болуына, өмірлік көзқарасына, дүниетанымына, адамгершілік қасиеттерінің
қалыптасуына ықпал етеді.
Мұғалімнің тәрбиесі әрі қарай мектептен тыс уақытта, мектеп
бітіргеннен кейінгі уақытта баланың өзін-өзі тәрбиелеуімен жалғасу керек,
сонда ғана балаға берген тәрбие толық жүзеге асады деп айтуға болады.
Оқушылар өзін-өзі тәрбиелеу үшін оларға бағыт беретін, үйрететін
мұғалімнің қолынан келетін нәрсе көп және ол оқушының тәрбиелі болуына
өзінің толық үлесін қосу керек, соның ішінде өзін-өзі тәрбиелеуге үйрету.
Жұмыстың мақсаты – оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуді үйрету кезіндегі
мәселелерді анықтау, оларды шешу жолдарын білу.
Тақырыбы: Оқушылардың өзін өзі дамыту мен тәрбиелеуін қалыптастыру
Зерттеу мақсаты: Оқыту, тәрбиелеу әрекеттестік жасауындағы өзін- өзі
бағалауының қажеттілігінің маңызын көрсету.
Зерттеу міндеттері: 1. Жеке тұлғаның дамуында өзін-өзі тәрбиелеуі туралы
  ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
2. Балалардың ұжымдағы және отбасындағы     оқушының
өзіндік орны.
3. Жеке тұлғаның қоғамдағы орны
                                              қызығушылықтары.
4. Өзін - өзі тәрбиелеуінің ерекшеліктерін анықтау
    үшін тестерді, сауалнамалар қолдану.
Зерттеу обьектісі: Бастауыш сынып оқушысының өзін- өзі тәрбиелеуінің
психикалық – педагогикалық ерекшеліктері.
Зерттеу кешені: Шучье ауданы Кенесары ауылы Қаныш Сатпаев атындағы орта
мектеп
Зерттеу пәні: Оқушының дамуындағы өзін -өзі тәрбиелеудің жолдары, әсер
ететін жағдайлар.
Ғылыми болжам: Өзін- өзі тәрбиелеу оқушының өзінің табыстары мен
сәттіліктерін, оқу мақсатына қарай дамыту сипатын бағалауға мүмкіндік
береді.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, сауалнамалар.

І. Оқушыны өмірлік даярлауда тәрбиенің рөлі.
1.1. Тәрбие негізі туралы пікірлер
Қазақ халқы өзінің сан ғасырлық тарихының даму барысында жан-жақты
дамыған адамгершілікті тұлға тәрбиелеуге ерте кезден-ақ зор мән берген.
Мәселен, бала дүниеге келген кезден бастап айтылатын: бесік жыры, тұсау
кесер, атқа мінер, санамақ, мақал-мәтел, жұмбақ-жаңылтпаштар, ертегілер
т.с.с. Халықтық-педагогика арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуге
байланысты біршама теориялық-практикалық тәжірибе жинақтау қажет. Ол үшін
бастауыш сынып мұғалімдері тәрбиенің басты ұстанымдарын-жалпы адамзаттың
құндылықтарды және тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін,
тілін, салт-дәстүрін, тарихын, өнерін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі
мен мәдениетіне салт дәстүріне құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам
қалыптастыруы тиіс. Міне, осы ұстанымдарды жүзеге асыру "Бастауыш мектеп"
тағы да басқа журналдар мен газеттерде қарастырылып, жүргені баршамызға
аян.
Тәрбие туарлы сөз қылғанда бұдан бұрын өмір сүрген атақты
ағартушылардың педагогтардың тәрбие жөніндегі пікірлерін еске түсірсек
дұрыс болар. Атақты ойшыл шетел педагогтары тәрбие туралы былай деген.
Джон Локк адамның көзқарастары мен адамгершілік қасиеттерін
қалыптастырудағы тәрбиенің шешуші рөлін мойындай келіп, адам тәрбие арқылы
жетіледі деген сыңар жақ қортытындыға келді. Локк бойынша, бала жаны
табиғаттынан – ақ тақта сияқты тап-таза болды, сондықтан тәрбиеші нені
қажет деп тапса, соны сол таза ақ тақтаға жазуы тиіс.
Платон былай деген: "Адамдық талаптардың биік мақсаты жоғары
адамгершілік мінез болып табылады"
"Тәрбиелеушінің өзі-ақылдың, үлкен ұстамдылықтың, мейірімділіктің, биік
адамгершілік көзқарастың иесі болуға тиіс" деген М.П.Драгоманов.
Белгілі орыс педагогтары тәрбие әдістерін жасау үшін 40-жылдардың
соңында 50-жылдардың басында көп күш салды. Тәрбие әдістері проблемасын
шешуде зор үлес қосқан педагогтар Н.К. Гончаров, Т.Е.
Конникова, И.Т. Огордников, Н.И. Болдырев, И.С. Марченко, Г.И.
Щукина, В.А. Сластенин т.б.
И.С. Марьенконың анықтамасы бойынша, тәрбие әдісі-бұл жеке адамға
тікелей және жанама түрде ықпал жасау. А.С. Макаренко "Балаға адам сияқты
қаруды үйрену керек, мейлі әлі әлсіз, көмек қорғауды керек ететін болсын,
мейлі әлі күрескер, жасаушы болуға дәрменсіз-ақ болсын, әйткенмен ол адам,
оның үстіне болашақтың адамы. К.Д. Ушинский ескерткен болатын. Оқу
еңбегінің күрделілігі, оның нәтижесі бірден айқындалмауында, оқушыларға
әрдайым көріне бермеуінде.
Атақты ойшыл ағартушымыз Абай Құнанбаев отбасынан бастап дұрыс жолға
тәрбиелеу керек екенін ескертті. Сол үшін толып жатқан тәлім-тәрбие
дәстүрлерін ұсынып, жақсылыққа жеткізерлік ақылдар айтты. Өз өмірімен
адалдыққа, адамгершілікке, әдептілікке тәрбиелеу үлгісін көрсетіп отырды.
"Адамға үш алуан адамнан мінез жұғады. Ата – анадан, ұстаздан,
құрбысынан, әсіресе, солардың қайсысын жақсы көрсе, содан көп жұғады"
деген.
ХХ ғасырдың басындағы жарық жұлдыздардың бірі Мағжан Жұмабаев келер
ұрпақтың қамын ойлап былай деген "Әрбір тәрбиешінің қолданатын жолы-ұлт
тәрбиесі. Әрбір ұлттың балаға тәрбие беру туарлы ескіден келе жатқан жеке
жеке жолы бар. Ұлт тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолдынып келе
жатқан тақты жол болғандықтан, әрбір тәрбиеші сөз жоқ, ұлт тәрбиесімен
таныс болуға тиісті".
Жүсіп Баласағұнның "Болса тәртіп, бала өседі сомдалып, қатаң ұста, бос
жүрмесін сандалып" дегені, есі кіріп тілі шыққанан кейін баланы тым
шолжаңдатбай, адамгершілігі мол, әдепті, байсалды, ұғымтал, тілалғыш етіп
тәрбиеле деп айтқанын түсінуге болады.
Қазақтың тұңғыш ағартушысы Ы.Алтынсаринның шығармаларында көтерілген
өзекті мәселе – жастарды түрлі жақсы қасиеттерге баулу, жаман істерден
жирендіру. Оның еңбектерінің бірінші беттерінен-ақ балаларды
адамгершілікке, әдептілікке, ұқыптылыққа, тазалыққа, әділдікке,
тапқырлыққа, мейірімділікке, оқуға шақырған әңгімелер мен өлеңдер жиі
кездеседі.
Психологтер мынаны анықтады: бастауыш мектеп жасындағы балалар сыртқы
ықпалды өте қабылдағыш, үйреткеннің, айтқанның бәрінің шындығына,
адамгершілік нормалардың сөзсіздігі мен қажеттігіне сенгіш келді, бұл
жастағылар өзгелерге қойылатын адамгершілік талаптар жөнінде
ымырсаздығымен, мінез-құлықтары еркіндігімен ерекшеленеді. Бұл ерекшеліктер
бастауыш кластағы мектеп оқушыларының оқып, тәрбиелетендігінің кепілі болып
табылады. Балаларды жүйелі және дәйекті түрде адамгершілікке тәрбиелеу үшін
нақ осы жастарда зор мүмкіндіктер туады.
Ұрпағымыз адамгершілік тәрбиеге зәру адам.
Әдептілік-мәдениеттілік пен имандылықтың белгісі
Адам баласы қоғамда өзінің адамгершілік қасиеттерімен, әдептілігімен,
қайырымдылығымен, адалдылығымен ардақталады. Қазақ халқы ерте кезден - ақ
әдептілікті жоғары бағалай білген. Отбасында жастарды кішіпейілділікке;
ізеттілікке; имандылыққа; инбатттылыққа тәрбиелеуді мақсат етіп қойған.
Халқымыз өз ұрпағын:
Әдептілік, ар-ұят
Адамдықтың белгісі.
Тұрпайы мінез тағы жат-
Надандықтың белгісі, немесе
Әдепті бала арлы бала-
Әдепсіз бала - сорлы бала; - деп әр жастың
әдепті, сыпайы, инабатты болуын қалаған. Әдеп сақтау - адамдар арасындағы
қарым-қатынас ережелерін орындап жүру, яғни әулет, әлеумет, қоғам мүшелерін
қалыптасқан әдептілікті бұзбауға міндеттейді. Қазақ тәлімінде әдептілікті
бұзған адамға рудың, әулеттің атынан сол әулеттің өкілі өз пікірін айтып
тіпті тиым салуға да ерікті болған. Өйткені әдеп сақтау - әулеттік дәстүр.
Әдеп сақтау халықтық рәсімге, жол - жоралыға, тәртіпке құлдық етіп, амалсыз
бағыну емес, сол заңдылықтарды құрметтеу, қастерлеу.
Күні бүгінге дейін ауыл сыртында әңгіме дүкен құрып отырған қарияларға
өз шаруасымен кетіп бара жатқан адамдар аттан түсіп, арнайы сәлем береді.
Көшеде жасы үлкен кісі кездессе, оны таныса да, танымаса да амандасады,
олармен тілдеседі. Қазақта Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы қария
келіп сәлем береді деген де аталы сөз бар. Мұндайда жасы үлкен кісі келген
адамнан ел-жұрт амандығын сұрасып, жасының үлкендігін бұлдамай, өзінің
кішіпейілдігін көрсетеді. Кішіпейіл болғаннан кішірейіп кетпейсің
дегендей, мұның да үлкен тәрбиелік мәні бар. Сәлемдесу, амандасу адамның
әрбір жан иелерінің бір-біріне ізет, сый-құрметін көрсетеді.
Отбасының, қоғам тәрбиесі аналарға байланысты екеніне ерекше мән
берген халқымыз қыздың көркіне ақыл-ойы мен мінез-құлқының сай болуын
қадағалаған.
Қыз қылығымен сүйкімді,
Қыз өссе - елдің көркі, Мейірімділікті анадан үйрен, әдептілікті
данадан үйрен деу арқылы, инабатты, ізетті қыздарды бүкіл ауыл-аймақ болып
тәрбиелеуді меңзейді. Сәлемдесумен қатар ертеден келе жатқан асыл
дәстүріміздің бірі - үлкенді сыйлау адамгершілік борышты өтеу болып
табылады, әдептілік - ізеттік, кішіпейілділік, көпшілдік деген сөз.
Сайф Саран: Жасында әдеп үйренбеген кісіден өскен соң қайран жоқ,
деп ұрпағын жастайынан ата-баба дәстүрімен сусындап, нәр алуына мән берген.
Әдептіліктің белгісі - иіліп сәлем бергені дейді халық. Әдеп, адамшылық -
амандасудан басталады. Адам баласының рухани тарихында қолы жеткен зор
игілігі - сәлемдесу. Халқымыз осы рәсімге ерекше мән берген. Расында да,
қазіргі кезде жөн - жосығымен сәлемдесе білу - үлкен өнер, бұл - адамның
кісілік қасиетін бір - бірімен сәлемдескенде мал жаның аман ба? деседі.
Осы салт қазір қала тұрмысында, ел арасында әлі күнге дейін сақталған.
Өйткені, мал-жан амандығын сұрасу қазақ этносының негізгі тыныс
тіршілігінен туындаған мәселе. Жан амандығы тікелей мал басының амандығына
қатысты екенін көшпелі ғасырлар бойы өзінің өмір сүру тәжірибесінен жақсы
білген. Сонымен қатар сәлемдесу әдеп салты да уақыт өте келе азды - көпті
өзгеріске ұшырап отырған, ол заңды да. Әдепті елдің баласы алыстан сәлем
береді деген аталы сөз бар. Өйткені сәлемдесу - кісіліктің белгісі.
Білім беру жүйесінің ажырамас бөлігі - оқушылармен жүйелі түрде
сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмысын жүргізу. Бұл жұмыстарды пән
мүғалімдері, ата-аналар жүргізеді. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың өз
қалауымен, олардың белгілі бір өнер түріне бейімділігін ескере отырып
қйымдастырылады.
1. Адамнан үлкен емессің (пікір алысу)
2. Сен деме (өлең жолдары арқылы сыпайлыққа тәрбиелеу)
3. Әдептілік - әлемдік айдарынан мақал - мәтелдер, нақыл
сөзден (жарыс өткізу)
Балалар елдің баласы сәнінен емес, Сәлемінен танимын деген екен
қариялар олай болса, сендерге сәлемдесу, амандасу жолдары туралы айтып
берейін.
¥лтына жанашыр азамат осыны нысана етуі тиіс. Әдетте бізді қазіргі
оқушылардың тіпті көпшілік жерде өзін - өзі дұрыс ұстауды қойып, дұрыс
амандаса да білмеуі.
¥лдар үшін.
1. Үйге үлкен адам келгенде орынан тұр.
2. Одан кейін қос қолыңды ұсынып Ассалаумағалеикум аға немесе ата
деп алдынан шық.
3. Келген адам жасы кіші болса кішісі ұмтылып қос қолын ұсынып
амандасады. Әрине Ағалейкум салам - деп жауап беруі тиіс.
Қыз балалар үшін.
Әдепте, қазіргі кезде қыз балаға қойылар сын көп Қызға қырық үйден
тыю дегендей қыз баланың тәрбиесіне ата-бабамыз көп мән берген. Қыз өссе
елдің көркі деп тегін айтпаған. Ал қыздар мұндайда сәл ғана басын изейді.
Жастар өздерінен үлкен адамдармен амандасқан кезде олардан гөрі төменірек
иілгені жөн. Көпшілік орындарында сәлемдесу кезінде даурығу, орынсыз дауыс
көтеру, өзімсініп сөйлеу жұрт үшін кері әсер ететінін ұмытпау керек.
Сәлемдескен кездерде орынан тұрып, ізет білдіру - сыпайлықтың белгісі. Жас
жігіттер жандарынан өтіп бара жатқан әйелмен не өздерінен үлкен кісімен
амандасқанда, орнынан тұрып ізет білдіреді. Ал жас қыздар қастарынан адам
амандасып өткен кезде ғана орынан сәл түрегеліп, әдеп танытады. Қыздар мен
келіншектер де бөлмеге өздерінен үлкен әйел кіргенде орындарынан тұрады. Ал
ер адам бөлмеге кірген кезде, егер ол кісі болмаса, қыздардың орынан тұруы
қажет емес.
Халқымыздың дәстүрлерінде қол алысып амандасуға ерекше көңіл бөлінген.
Қыз тәрбиесі - ұлт тәрбиесі.
Біз қазақ атаны, ананы пір тұтқан хылықпыз. Сондықтан да тегімізді
атадан, тілімізді анадан санған халықпыз. Қорқыт ата кітабында Атасыз ұл
ақылға жарымас, анасыз қыз жасауға жарымас немесе Қыз ақылды ескермес ана
үлгісін көрмесе, ұл жарылқап ас бермес әке үлгісін көрмесе деп текке
айтылмаған.
¥лттық салт - дәстүрімізді білу, оның астарын түсініп, атадан балаға
мирас ету қазіргі таңда әсіресе қазақ қыздары үшін ауадай қажет. Қыз
тәрбиелей отырып - ұлтты тәрбиелейміз деген қанатты сөздің өзі қыз бала
тәрбиесінің қаншалықты маңызды екенін білдіреді. Қыз баланың нәзік те
қайратты, албырт та алғырт, ширақ та байсалды, сабырлы да төзімді болуына
оның өте күрделі тәрбиесі ғана бағыт береді. Қызым -үйде, қылығы түзде
дейді екен бұрынғылар. Қыз баланың бойына асыл қасиеттерді дарыту тек
құлаққа құюмен, ақыл айтумен не болмаса Қызды қырық үйден тыюмен
шектелмейді, мәселе қай кезде, қандай жағдайда орынды ақыл ұсынып, белгілі
бір кезеңді пайдалана білуде. Ата - ана қыз баланың бойындағы дара
ерекшеліктерін жіті бақылап, ұлттық санасын оятып, ар-намысын қадірлеуге
үйретуі міндетті. Қыздың бойындағы ізеттілік, көргенділік нәресте кезінен
ана сүтімен бойына сіңуі. Қатты күлмеу, айқайлап сөйлемеу, үлкеннің жолын
кеспеу, ыдыс-аяқты салдырлатпау, алдымен кіріп алдымен шығу, есікті теуіп
ашпау, босағаны керіп тұрмау, ұсынған кесені төмен қарап беру, үлкендерден
жоғары отырмау т.б. тіпті қыз баланың отырысына, жүрісіне, аяқ басысына,
киім-киісіне, қимыл - қозғалысына, дауыс ырғағына дейін мән беріледі. Қыз
жат жұрттық! Қыз - болашақ ана. Қыз бала оң жақта отырғанда - ақ келін
болып түскенде атқаратын ауыр да ардақты міндеттерді, аттап өтеуге
болмайтын әдеп инабаттылық талаптары жайында жақсы хабарлар болуы тиіс.
Әсіресе қыз атасы, апа - жеңгелері үй шаруасына икемділік, іскерлік, жүріс
- тұрыс сыпайлығы мен ширақтығы, әсемдігі жинақтылық пен тазалықты, өз
бойын күту мен ашық қабақтылық, күйеуіне ілтипаттық пен қамқорлық, барған
жерінің үлкендеріне ізеттілік, құрбыларымен татулық, сыйластық ықылас
тәрізді келін инабаттылығының нәзік иірімдері туралы айтып қана қоймай,
оларды білдіруге, меңгертуге күш салулары қажет. Киім тігу, дәмді тамақ
пісіру, түйме қадап, жыртықты жамай білу сипатты істер келген жер үшін
келіннің, күйеуі үшін - әйелдің қадірін асырады. Бұларды ұсақ - түйекке
санаған адам қатты қателеседі. Өйткені отбасылық өмірдің сәнін кіргізіп,
жылуын, қызығын молайтатын, мән - мәнісін арттыратын нақ осылар. Мұның ең
маңыздысы - келешекте өзінің де ұл - қызын іске, өнерге үйрете алатын, өзі
үлгі - өнеге көрсете алатын болуы.
Иә, әйел - отбасының ұйытқысы, бекересі, мейірі, шапағат көзі. Әйелдің
еріне қарымқатынасы балалардың әкеге көзқарасының сипатын анықтайтыны берік
есте болуы тиіс. Мұның өзі, бір жағынан үй ішіндегі әдептің бастау алатын
көзі екені анық. Демек, балалар үшін әке беделі аналарының сөзі, іс-қимылы,
қас қабағы арқылы қалыптасады. Бүгінгі бойжеткен - ертеңгі асыл жар, аяулы
ана. Қыз баланың ең құрметті борышы ана болу, бала тәрбиелеу. Баланың
әдептілікке үйренуі алғаш оның ананы сыйлауынан, ана тілін алуынан
көрінеді. Анасын сыйламаған бала халқын да сыйламайды, ол безбүйрек,
қаныпезер, қайырымсыз болып өседі. Сондықтан, бұл тақырыпта от басында,
балалар бақшасында, мектепте көп әңгіме болады, әсерлі тәрбие жұмыстары
жүргізіледі. Мектепте әдептілік (этика) туралы кеш жоспарлы түрде, арнайы
дайындықпен өтеді.
Адамның бойына жақсы адамгершілік қасиеттердің сіңісуі, өнер -білімді
игеруі тәрбиеге, өскен ортаға, үлгі - өнеге берер ұстазға байланысты. Осыны
жақсы түсінген халқымыз Ұстазы жақсының - ұстамы жақсы, Тәрбиесін тапса
адам болар, оқуын тапса білім қонар деп ұл ағатты ұстаздың еңбегінің текке
кетпейтінін өсиет еткен. Өнер иесі күйшілер мен әшекей заттарды жасауды
ұста - зергерлердің бәрі ұстазына еліктеп, өнер жолын қуған жандардан
шыққан. Өз ұрпағының өнегелі, абзал азамат болуын өсуін армандаған ата-
аналар балалары мен қолынан жетектеп тігінші, әнші,

1.2.Тәрбие берудегі отбасымен мектептің өзара байланыстылығы

¥яда не көрсе, ұшқанда соны іледі
Бүгінгі таңда жалпы білім беретін және кәсіптік мектеп реформасының
Негізгі бағыттарын жүзеге асыруда мектеп пен отбасы қарым-қатынасы ерекше
маңызға ие болды. Отбасы мен мектеп тәрбиесі талаптарының ұштасуы,
мұғалімдер мен ата-ананың сөз бен іс бірлігі тәрбие процесінде әрқашанда
жақсы нәтижеге жеткізді. Дегенмен де қазіргі кезеңдегі жас ұрпақ
тәрбиесінде отбасы мен мектеп іс-әрекетінде сәйкессіздіктер бар. Семья мен
қоғамдық тәрбие қарым-қатынасы да әр түрлі көрініс береді.
Бала тәрбиесі процесінде окушылар, мұғалімдер, тәрбиешілер және ата-
аналар біртұтас ұжым құрайды. Мұндай тәрбие ұжымының ортақ мақсаты қоғамға
лайық ұлттық сана сезімі оянған, интернационалист, пат-риот, қоғамға
пайдалы еңбеккер, рухани жан-жақты дамыған адам тәрбиелеу.
Обасының үздіксіз өсу үстіндегі материалдық және мәдени мүмкін-
діктерін балаларында адамға тән ең жақсы қасиеттер қалыптастыруға шебер
пайдаланып, жауапкершілікпен дұрыс талап коя білетін ата-аналар - үлкен
құрметке лайық адамдар.
Өкінішке орай мінез-құлқымен және ісімен балаларында тоғышарлық психология:
өзімшілдік, дүниекорлық, мансапқорлық қалыптастыратын отбасылар да
кездеседі.
Мүндай отбасында тәрбие алған балалар өсе келе басқалардан дүние-мүлік
артықшылығына жетуге ұмтылып, кейде моральға жат іс-әрекеттерге ұрынады.
Біздің қоғамымыздың моральдық кодексін, адамгершілік принципте-рін
біле тұра, оның үстемдігі үшін күреспейтін, тоғышарлыкка бой ұрған ата-
аналар туралы не айтуға болады? Олар өздерінің бейсаясаттығымен,
идеясыздығымен баланың адамгершілік тәрбиесіне орасан зор кесір келтіреді.
Әкелер ролі туралы
Ал кейбір отбасында баланың барлык тауқыметін анаға жүктеп, өзін ұрпақ
тәрбиесінен аулақ ұстайтын әкелер бар. Олардың отбасындағы тәр-биеге ықпалы
болмағандықтан балалар үшін беделі де болмайды. Мұндай отбасында ана әкенің
де, шешенің де орнын толтыруға тырысады. Сөйтіп, жүйкесі шаршаған ана ашу-
ызасын айналасындағылардың бәрінен бұрын баласына төгеді. Егер мұндай
отбасында әжесі болатын болса, ата-ана ролі мүлдем бұлыңғыр күйде болады:
әжесі ананың міндетін аткарып, анасы әкенің жүгін өзіне алады, ал әке ролі
белгісіз күйде болады. Осылайша ер адам ыкпалының орасан зор жетімсіздігіне
ұшыраған бала толығынанс отбасындағы әйелдер ыкпалында өседі. Әрине бұл
жақсы емес. Жас өспірім-дердің тәртіп бұзушылығы әкелері тәрбиеге
араласпайтын отбасыларда жиі кездеседі.
Қазіргі кезде әйелдер өздерінің мүмкіндіктерін қоғамдық ортада да,
отбасында даа толық көрсете алады. Азаматтар мен азаматшалардың қоғамнан
алатын орны, атқаратын міндеттері теңелуі тұсында әйелдердің бейімділігі
мен икемділігі көбірек байқалуда. Өзі, әйелі, балалары үшін жауапкершілік
жүгін арқалап келген ерлер енді азаматтык міндеттерін моральдық,
материалдық жағынан да әйелдермен бөлісуде. Ал кейбір отбасыларда
әйелдерден көп кейін қалуда. Осының салдарынан ұрпақ тәрбиесінде олардың
ролі төмендеп, отбасында өсіп келе жатқан балаға ықпалының жетімсіздігі
актуальды мәселеге айналды. Тек үйде және бала-бақшаларда ғана емес
мектептерде де әйелдер ықпалы басым. Сыныптағы оқушылардың жақсы оқитындары
да, белсенділері де, көбінесе, қыздар болып келеді.
Әрине, мектепте ер мұғалімдер де болуы тиіс. Олар мектеп өміріндегі
карым-катынасқа игі әсер етеді, кеңпейілділік, кешірімділік атмос-ферасының
(ахуалының) орнығып, эмоциялық қақтығысты азайтуға көмектеседі.
Көптеген жағдайларда әке тәрбиеші ретінде әлдеқайда сабырлы, табанды.
Сондықтан да мектептердің педагогикалық ұжымдары алдында әкелерді тәрбие
жұмысына кеңінен тарту және олардың педагогикалық біліктілігін арттыру
міндеті тұр.
Отбасы педагогикасы—өте күрделі. Сондықтан да ата-аналарға педаго-
гикалық даярлық қажет. Түрлі конференциялар, лекциялар, пікір алысулар т.
б. оларға педагогикалык білім берудің-сәтті формалары. Өзіміз өткізген
осындай конференцияның бірі Бала тәрбиесіндегі әкенің ролі тақырыбына
арналды. Онда оқушылардың алдын-ала таратылған анкета сұрактарына жауаптары
мен Менің әкем тақырыбына жазған шығармалары талқыланды.
Қазіргі кезеңде жас ұрпақтың адамгершілж тәрбиесінің актуалдылығы
мейлінше өсуде, соған орай бала тәрбиесінде әке ролінің артуы өмірлік
кажеттілік. Отбасында да, қызметінде де беделді, ісі мен сөзінде кайшылық
жоқ, өзіне де, өзгеге де қатаң талап коятын, тәрбие ісінде табанды әкелер
балаларын адамгершілікке, өмірлік дұрыс көзқарасқа тәрбиелеуде, айтарлықтай
нәтижеге жетеді.
Адамгершілік тәрбиесі және әкелер ролі туралы әңгіме козғағанда ата-
аналар мен ұстаздар пікірі, көзқарасы тоғыса бермейтін, сол себепті тәрбие
мәселелерін бірлесіп дұрыс бағытта шешуде көп киындық келтіретін кейбір
сұрақтарға тоқталмай кету мүмкін емес. Мәселен мынадай:
. Ата-аналардың педагогикалық біліктілігі жеткілікті ме?
2. Ата-аналардың іс-әрекет педагогикасы,ұустаздар педагогикасына қайшы емес
пе?
3 Қазіргі муғалімдердің бәрін педагог деуге бола ма?
4. Баланыц жақсы адам болып өсуіне не кедергі жасайды?
Осы сұрақтарға жауап беру үшін мен өзім қатарластардың өмірін, көргенін,
өмірден түйгенін, өнегелі істерің ой елегінен тағы бір өткіздім.
1. Ата-аналардың педагогикалық біліктілігі жеткілікті ме?
Отбасы коғамның структуралық кұрылымдарының бірі. Онда адам өмірінің
тұрмыстық іс-әрекетінің үлкен бөлігі өтеді. Бала үшін жанұя алғашқы
коғамдық орта, оның дүние тануы негізі осында қалыптасады. Ол еліміздегі
және шетелдердегі саяси-экономикалық жағдайлар туралы алғашқы пікірді
отбасы үлкендерінен естиді, Табиғат құбылыстарының құпиясы, адам санасы
туралы әңгімені де обасындағы талқылаудан естиді. Баланың жүрегінде және
ақыл-есінде ата-анасы мен үлкендердің қалдыратын ізі туралы ерекше айтып
жатудың қажеті жоқ сияқты. Бар игі жаксылықтың үлгісін бала, ең бірінші
кезекте ата-анасынан көруі тиіс.
Егер ата-ана іс жүзінде ізгілік идеяларымыздың тазалығы үшін
күресіп, азаматтық пен патриотизм үлгісін көрсетсе, қоғам ісіне беріле
еңбек етсе, бала тәрбиесінде күткендей жақсы нәтижелерге жетеді. К. Маркс
тәрбиешінің өзі, ең алдымен, тәрбиелі болуын айтқан еді. Ал ұлы жазушы Л.
Н. Толстой Баланы қалай тәрбиелеуге болады? дегенге Өздеріңізді
тәрбиелеңіздер деп жауап берген. Әрине, бұл өте дұрыс айтылған.
Тәрбиешінің өзі дөрекі, мейірімсіз, парықсыз бола тұрып, қалайша
мейірімділікке тәрбиелейді?
Біздер, ата-аналар, балаларымыздың мінез-құлқында қатыгездік пен
немқұрайдылық орын алмауы үшін тірі атаулы мен әсемдікке қамқорлық,
сүйіспеншілік сезімін қалыптастыруымыз керек. Егер жеткіншек жамандыққа
бір рет катты ашынса - деп, жазады В. А. Сухомлинский, - ол өмірде он рет
қайырымдылык жасап, өз ісімен өмірде жаксылықтың үстем болуына күресуі
керек. Егер бұл қағида ұмытылар болса, онда ол жақсылык үшін жаны
ауырмайтын мылжың, демагог адам болып өсуі мүмкін.
Ата-анасы балалары үшін ең жақсы, ең қымбат адамдар, адамгершілік
идеалы. Ата-анаға шексіз құрмет сезімі олардың жүрегінде мәңгі сақталады.
Сондықтан жастайынан балаларымыздың бізбен сырласуға, ой-пікірлерін
бөлісуге ынталы болуы үшін күресуіміз керек.
Баланың ата-анадан көңілі қалып, олардан рухани қызығарлык ештеңе
таппаса, онда ондай адамды басқа жақтан іздей бастайды.
Бала тәрбиесінде ата-ананың адамгершілік беделінің ролі ерекше
маңызды. Кейбір ата-аналар педагогикалық сауатсыздығынан өздеріне жалған
бедел жасап, соны пайдаланғысы келсе, ал кейбіреулері бала тәрбиесінің
өскелең талаптарын орындауға шамасы жетпей, оны ата, әжелеріне немесе
балабақша мен мектепке, қоғамға жүктегісі келеді.
Ата-ана жалған беделді қалай жасайды және оны қалай пайдаланады. Ұлы
педагог А. С. Макаренко мұны былай түсіндіреді:
- Әкесі не шешесі балалары тәртіп нормаларынан сәл ауыткыса, жаза
қолданады.
- Әке-шешесі саналы түрде балаларымен өте жақын қарым-катынаста болмай,
оларға тапсырманы ата-әжелері арқылы береді.
- Ата-ана өзін таныстарымен, кызметтестерімен тәкаппар ұстайды, оны
балалары үйренеді.
- Әке не шеше балаларына орынсыз бәйек болып, жөнді-жөнсіз ұзақ
ақыл айтып, оның орындалуын қадағаламайды,
- баласын асыра мақтайды,
- баласына тіл алдыру үшін, үлгірімін жаксарту үшін сыйлық береді.
Балаларының жас ерекшелігіне қарамай оларды өздерімен тең ұстауға
тырысады. Осылайша кейбір ата-аналар балаларының алдында шектен тыс қатал
немесе мейірімді, қолы ашық адам болып көрінуге ұмтылып, ақылгөйлікке
салынып, балаларын өзімен тең ұстауды ерекшелікке санап, ал өзі
қатарластармен тәкаппар мінез керсетіп, ұл-қызы алдында жалған мінез-
құлықпен беделді болуға күш салады. Жалған бедел жасаумен педагоги-калық
білімнен мүлдем хабарсыз ата-аналар ғана айналысады. Себебі оларды бұған еш
жерде оқытпайды. Ал білген жағдайда да жалған бедел жинауды әдетке
айналдыратындар аз емес.
2. Ата-аналардың іс-әрекет педагогикасы мұғалімдер педагогикасына
қайшы ма?
Отбасындағы микроахуал-жан тыныштығының, дұрыс тынығудың демек жақсы
көңіл-күйдің, еқбекке зор ынтаның кеиіпі. Отбасындағы қарым-қатынас адам
жан дүниесінін, барлық күйі өтетін ата-ананың да,баланың да көңілін қалпына
келтіруге көмектесетін, бейнелі сөзбен айтсақ, фильтр (сүзгі) іспетті.
Кейбір отбасылардағы мұндай сүзгінің ақауы бар. Сондықтан да отбасындағы
қарым-қатынас адамды кажытады, тұрмыс қуанышын сезінуге, өмірдегі
қиыншылықтарды женуге кедергі болады. Отбасындағы жиі қақтығыс, ерлі-
зайыптылардын. Көңілсіз қарым-қатынасы адам бақытының бастауын тұйықтап,
басып-жаншьш тастайды. Ерлі-зайыптылар тату- тәтті болып, балалар олардың
ыстық ықылас сезіміне бөленсе, отбасында жоғары беделді әке ұл-қызының
тұрмыстық қажеттіліктерін ғана емес, онын, жан-дүниесін де терең білуге
ұмтылса, тәрбие ісін өз мін-деттерінің біріне санаса, мұндай отбасында
еңбекқор, шыншыл, адам-гершілігі биік азамат өсетініне толық негіз бар.
Заводтарда, өңдірістерде, т. б. еңбек коллективтерінде әкеден бала тәлім
алып, кәсіп жолын лайықты жалғастырып жүрген еңбек әулеттері аз емес. Әке
жолын, отбасы дәстүрін жалғастырушы мұндай жастар қандай мақтауға да
лайықты.
Ата-анасының қоғамға жат қылықтары мен пасық істерін көріп, соған
үйреніп өсетін балалары бар отбасылары да кездеседі. Мұндай отбасының
өзіндік кәсіптері болады. Солардың бірі мысалы-алып-сатарлық. Өзіне пайда
түсіруді ғана ойлайтындар өз ұрпағына да осындай психологияны сіңіруге
тырысады. Бұл жас ұрпақты рухани таяздыққа бастайды.
Сондай-ақ ата-ана сөзі мен ісі екі бөлек отбасында балалар екі
сөзділікке үйренеді. Бұл ата-ананын, іс-әрекет педагогикасының мұғалімдер
педагогикасына кейде қайшы болатынының тағы бір мысалы. Бұдан біздер, ата-
аналар, тиісті қорытынды шығаруымыз керек.
Кейде кейбір балалардың не істерге білмей көшеде жүргенін көрсек, ал
кейбірінің түрлі лекциялар, үйірмелер мен ата-ана тапсырмасын, сабағын
дайындаудан қолы босамайтынын байқаймыз. Бұл оқушының мектептен тыс уақытын
дұрыс Ұйымдастыруға ата-ананың қамқорлығы аз екенін көрсетеді. Ата-ана
балаларының мектептегі қоғамдық жұмыстары мен үй шаруасына байланысты
міндеттерін дұрыс ұйымдастырып, режиммен тынығуына, сабағын дайындауына
көңіл бөлгені жөн.
3. Қазіргі мұғалімдердің бәрін педагог деуге бола ма?
Әр баланың тәлім-тәрбие алатын екінші ұясы—мектеп. Сондықтан да
мұғалімдерге қойылатын талап жоғары. Олар ең бастысы, өздері уа-ғыздайтын
жақсылық атаулыға қандай жағдайда болсын адалдық сақтауы тиіс.
Балалар ата-анасының ғана емес мұғалімдерінің де істерін байқайды.
Мұғалімдер шәкірттерін зерттесе, олар ұстаздарын зерттейді. Кейбір
мұғалімдердің де сөзі мен ісінде алшактық байқалады. Мәселен, шәкіртінің
ата-анасымен жең ұшынан жалғасып олардың балаларының жаманын жасырып,
жақсысын асыратын мұғалімдер де кездесіп қалады. Оқушылар осының бәрін
зердесіне тоқиды. Бұл әрине, ұстаз беделін түсіреді.
Тіл байлығы кем, теориялық білімі таяз, сабақ беру методикасы нашар,
санитарлық мәдениеті төмен мұғалімдер де кездесіп қалады. Жанжалқойлар да
бар. Мұндай мұғалімдер оқушылардың саяси идеялык сенімін, адамгершілік
қасиеттерін калыптастыруға басшы бола алмайды. Мектеп реформасында
мұғалімдерге қойылатын талаптар өте жақсы сараланған.
4. Баланың жақсы адам болып өсуіне не кедергі?
Балалар әр түрлі сотбасында тәрбиеленеді. Олардың ата-анасы бір-бірі-
не қалай ұқсамаса, балалар да бір-біріне сондай ұқсамайды. Балалардың дұрыс
тәрбиеленуіне, көп жағдайда, семьядағы жанжал кедергі жасайды. Мұндай
семьяда әке бала тәрбиесімен айналыспайды. Бала әке тәрбиесінің,
қамқорлығының жоқтығынан жетімдік көреді. Анасының әкесін женге салу үшін
айтатын неше түрлі сөздері мен іс-әрекеттерін көріп, біліп өседі. Өздерімен
өздері әуре болып жүрген ата-аналар балаларының оғаш іс-әре-кетіне,
мінезіне таң қалып, мұны қайдан үйренген деп, аң-таң болады. Балаға не
болғанын түсіну қиын емес. Ол отбасындағы жанжалды көтере алмай невроз
(жүйке ауруы) немесе психикалық ауыр сырқатқа ұшырауы мүмкін.
Қазіргі кезде баланың жанжалды отбасында немесе ата-анасының бірі жок
жарты отбасында ескенінің қайсысы дұрыс деген сұрақ төңірегінде пікір
таластырушылар бар. Әрине екеуі де жақсы емес. Балаға әке мен шеше бірдей
қажет.
Ал іс насырға шапқан жағдайда ше? Әке мен шеше екі жаққа бөлінсе ше?
Мұндайда баланы кіммен қалдыру керек? Ана да, әке де балаларынан
айырылғылары келмейді. Бірақ бала анасымен қалдырылады. Отбасынан әкенің
кетуіне 5-7 жастағылар, әсіресе, ұл балалар қатты күйзеледі. Дәл осы жаста
әкенің ұлына ықпалы күшті болады. Себебі осы кезеңде қыз ананың, ұл әкенің
ролін таңдайды. Даму заңдылығының бұл ерекшелігін барлық ата-ана білуі
керек. Жарты отбасылардағы балалар әкелерінің жоқтығынан ғана емес,
анасының, мінез-құлығынан да азап шегуі мүмкін. Табиғат жеке адамның табиғи
заңдылықтарға қайшы тұрмысы үшін денсаулығына, жұмыс істеу қабілетіне,
психикасына әсер ету арқылы қатал жазалайды. К. Маркс те, В.И.Ленин де
адамның жалғыздықтан кажитынын, жан дүниесі мен мүмкіндіктерінің толық
ашылуына кері әсері болатынын айтқан болатын. Бұл дүниедегі ең жақын екі
адамының бірінен тірідей айырылуы бала үшін рухани жазылмас жара.
Ерлі-заиыптылар ажырасқаннан кейін де, бірі әке, бірі ана болып қала
береді. Мұндайда әкенің бала тәрбиесіне араласуы қиындай түседі. Жаны
жарақаттанған жас адам тәрбиесіне алыстан ықпал етуіне тура келеді. Менің
түсінуімше, мұндай әкелерді бала тәрбиесіне көзқарасына карай үш топқа
бөлуге болады.
1. Баланы тәрбиелегісі келеді және тәрбиелей алады.
2. Тәрбиелей алады, бірақ тәрбиелегісі келмейді.
3. Тәрбиелегісі келеді, бірақ тәрбиелей алмайды.
Бірінші топтағы әкелер бала тәрбиесіне жауапкершілігін терең се-
зінеді, ал анасы онын, бұл пейіліне бөгет жасамай, әке мен баланың карым-
қатынасының қажет екенін түсінеді. Олар ортак балаларына сүйіспеишілігін,
екеуара бір-біріне ілтипатын сақтап, ұл-қыздарына тәрбие беруде өз
міндеттерін адал атқарады.
Тәрбиелей алса да, тәрбиелегісі келмейтіндер жайында әңгіме қоз-ғаудың
қажеті жоқ шығар. Ал тәрбиелегісі келетін, бірақ тәрбиеге араласуға
мүмкіндігі жоқтар туралы айту керек.
Шешенің баланы әкесіне көрсетуге қарсы әрекетінен жас ұлан өл-шеусіз
азап шегеді. Ата-ана ұшы-қиырсыз азапқа түседі. Рухани азаптыс көтере алмай
ата-ана да түрлі ауруға ұшырауы мүмкін. Өзара ен жақын адамдар бірін бірі
осылай қинауы дүрыс па? Бұл, әсіресе, жас ұланға аяусыз жаза екенін неге
үмытамыз?
Болашақ ұрпақты дұрыс тәрбиелеу-қоғамдық міндет. Бұл үшін үнемі
окуымыз керек, ата-ана мектебінен өтуіміз керек. Мектеп реформасы
отбасындағы тәрбиеге үлкен жауапкершілік жүктейді. Оны терең зер сала окып,
түсініп, өмірде басшылыққа алуымыз керек.
1.3. Отбасындағы тәрбиенің кейбір мәселелері

Жаңа қоғамның күрделі міндеттерін шешуге қабілетті адамгершілігі
жоғары азаматын қалыптастыру проблемасы күн тәртібіне қазақ елінің бүкіл
даму тарихында қойылып келеді. Адамның мерейін тасытып, мәртебесін өсіруге
келгенде, оның белсенді өмірлік позициясына, қоғамдық парызға саналы
көзқарасына еш нәрсе тең келе алмайды, мұндайда сөз бен істің бірлігі
күнделікті мінез-құлық нормасына айналады. Осындай позицияны қалыптастыру —
адамгершілік тәрбие беру ісінің міндеті.
Бөбектің жан сезімі бүкіл қоғамдық қатынастардың сапырылысы, әсіресе оның
өмірі мен іс-әрекеттеріне тікелей жанасымды нақтылы қатынастар жүйесінің
ықпалында қалыптасады.
Әлеуметтік қалыптасудын, көрінісі болып отырған отбасы-барлық қоғамдық
қатынастардың қайнар көзі. Бүкіл қоғамның мұндай бастауыш коллективінде
балалар адам қатынасының амалдарын алғаш сезінеді.
Отбасындағы қарым-қатынас саласы - ең күрделі қатынастардың бірі.
Онда қоғам мен жеке бастың, ұжым пен біреудің, биологиялық пен
әлеуметтіктік, психологиялық пен ұлттық қатынас табиғи тоғысып жатады. Бұл
отбасында шоғырланып жататын әр түрлі қатынастардың бірлігі бала өсетін
ортада біреу мен біреудің өзара байланысының күрделі жүйесін құрайды.
Отбасындағы қатынас- қіші жастағы мектеп оқушыларының адамгершілігін
белсенді қалыптастыратын күрделі фактор.
Балалардың адамгершілігі дамуының дәрежесі I класта оқи бастағанда, яғни
олардың тәлім-тәрбиесі отбасы шырқында болғандағыдан онша емес. Бірақ
біздің зерттеулеріміз көрсеткеніндей, олардың жартысынан астамы үлкендерге,
жолдастарына, туған табиғатқа, қоғамдық пайдалы еңбекке және тағы
басқаларға даралап қызыға қарамайтындықтарын, яғни белсенділіктерінің онша
еместігін көрсетті.
Мұндай балалар өздерінің жүріс-тұрысымен ешкімді мазаламайды, ата-
аналарының, мұғалімдердің көзіне түсіп, көңілін де беле қоймайды. Мұндай
тіршілік олардың адамгершілігінің қалыпты дамуына онша болмайды, өмір
керсетіп отырғандай, тәрбиеші тарапынан ондайларға арнайы көңіл бөлініп
отырмаса, адамгершілігінің даму дәрежесі төмен танылатын тәрбиелеуі қиын
балалар болып шығады. Мұның себебі әлгіндей оқушыларда моральдық ықпалдарға
бейжай қарау, өз еріктерінің әлсіз болуынан. Сондықтан ондайларға ата-ана
да, мұғалімдер де өте сергек қарап, тәрбиелік ықпалды мектеп пен семья
бірлесе жүргізіп, олардың адамгершілік ұнамды іс-әрекеттерін белсендіре
бағыттап отыруы, адамдар арасындағы әр түрлі қатынастарға тікелей
араластырып, ұнамдыларын ұқтырып, өз басынан өткерердей дәрежеге жеткізуі
қажет.
Бұл міндетті шешу бірінші класс оқушыларының отбасы жағдайын жан-жақты
жете зерттеуді, мектептің семья тәрбиесіне белсене ықпал жасауын керек
етеді. Біздің зерттеулеріміз көрсеткендей, отбасы тәрбиесінде балалардың
адамгершілік дәрежесіне басты әсер ететін маңызды факторлар:
-отбасындағы қарым-қатынас салты;
-ата-аналардың моральдық дәрежесі, оның әлеуметтік бағыты;
-бала тұрғысынан қарағанда беделі;
-ата-ана және отбасындағы басқа да тәрбиешілердің өмірде, іс-әрекеттің
басқа да салаларында балалармен араласуы;
-отбасындағы еңбек салты; ата-аналардың педагогикалық мәдениеті; семья
дәстүрлерінін салты, үй тұрмысынын, мәдениеті; отбасының тынығу, серуен
салты;
-отбасы ұжымының ұйымдасу дәрежесі;
-ата-аналардың кәсіби және білім дәрежесі;
-ата-аналардың жас дәрежесі;
-отбасының материалдық жағдайы, оның құрамы.
Отбасы шырқындағы аталған факторлар оның тәрбиелік ықпал жасау
жүйесінің салалары бола отырып, отбасы ұжымымының өзін де қалыптастыратын
және әркімнің адамгершілігін аяғынан тұрғызатын компоненттер. Бұл
компоненттер отбасындағы адамгершілік сипаттың белгілері, оның тәрбиелік
аясы. Бұлардың ара қатынасын зерттеп, тәрбиелік ықпалдарын
қарастырғанымызда, алдыңғы жетеуі ықпал жасаудың тікелей қатынасының
компоненттері болып шықты да, отбасы тәрбиесінің алғашқы әсерлі құрал
екенін көрсетті.Отбасы аясындағы қалған факторлар жанамалы әсерлі жанұяның
тәрбиелік ықпалының екінші жүйесі болып шықты.
Отбасы ықпалының жалпы жүйесінде тікелей қатынастың маңызы ерекше. Ол
әсерін балаға (жанұяның барлық мүшелеріне де) ұдайы, күн саңын тигізді, ал
екінші жүйесі - кездейсоқ, белгілі бір шартты жағдайларда ғана- тікелей
қатынастын, қарымдылығына қарай, жанұя мен жеке басқа жанамалы ықпал
жасайды.
Тікелей қатынас пен жанамалы қатынастың арасында тығыз байланыс бар.
Кіші жастағы балаларға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үдерісі
Қайта тәрбиелеу және өзін-өзі тәрбиелеудің әдісі мен мәні
Жеке тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуі мен өзін жетілдіру мәселесі
Оқушыларды жан-жақты тәрбиелеу
Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру
Тәрбие іс – әрекетінің және қарым – қатынастың шешуші ролі
Өзін-өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу
Оқытудың жаңа технологиясын пайдаланып, оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру
Мектепте оқушылардың өзін - өзі тәрбиелеу мен өздігінен білім алуды ұйымдастыру жолдары
Білім берудегі тәрбиенің мазмұны
Пәндер