Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:   
КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ
гуманитарлық техникалық институты

“ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ ” КАФЕДРАСЫ

Қорғауға жіберілді ____ __________ 2008ж.

Кафедра меңгерушісі: _________________ А.Е.Жүсіпов

Алтыншаш Асқарқызы Сыздықова

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы:

“Сабақтың түрлері және ұйымдастыру жолдары ”

Ғылыми жетекші:

п.ғ.к. Г.К. Камиева

Көкшетау - 2008 жыл

МАЗМҰНЫ

БЕТІ
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I. Сабақ түрлеріің ғылыми-теориялық негіздері
1.1.Сабақ түрлерінің
зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...8
1.2 Сабақтың педагогика-психология
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...13
II.Сабақ түрлерінің құрылысы және ұйымдастыру әдістемесі
2.1Сабақтың түрлері және дидактикалық
құрылысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .27
2.2 Сабақ түрлерінің ұйымдастыру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .77ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..80
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...82

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған
мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне
ерекше назар аударғым келеді.
Халықаралық тәжірибелерге сүйене отырып, қазақ тілін оқытудың қазіргі
заманғы озық бағдарламалары мен әдістерін әзірлеп, енгізу қажет.
Мемлекеттік тілді тиімді меңгерудің ең үздік, инновациялық-әдістемелік,
тәжірибелік оқу құралдарын, аудио-бейнематериалдарды әзірлеу керек.
(Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан
халқына Жолдауынан).
Қазақ тілін оқыту сапасын арттыру үшін тақырыбына, мақсатына орай
сабақ түрлерін нақты білу керек. Диплом жұмысын Сабақтың түрлері және
ұйымдастыру жолдары тақырыбына ала отырып, оны жан-жақты зерттеуді
мақста еттім. Интерактивтівтік тақтаны пайдалану толық ашылып болды деп
айта алмаймыз,ол - болашақтың еншісі. Біздің жұмысымыздың өзі де осы
болашаққа деген мақсаттарды іске асыру жолында аздаған септігін тигізе
алса, зерттеудің өзектілігі болып табылмақ.
Зерттеудің нысаны. Зерттеудің нысаны ретінде сабақ түрлері туралы
жазылған ғылыми еңбектер, атап айтқанда, М. Махмұтов, Ж.Қоянбаев,
Ж.. Әбиев еңбектері алынды. Сабақтың түрлерін ұйымдастыру туралы әр
жылдары жазылған мерзімді басылымдарда жарияланған еңбектер іріктелді.
Зерттеудің мақсаты:
- сабақ туралы еңбектерді жинақтау, бір ізге түсіру;
- жиналған материалдарды сұрыптау, сараптау, тақырыпқа бөлу;
- ғалымдардар еңбектеріндегі пікірін, көзқарастарын таныту;
- диплом жұмысы барысында материалдың өзектілігіне, мезгілдік тұрғыда
жаңалығына мән беру;
- сабақ ұйымдастыру жолдарын мұғалімдерге, студенттерге таныстыру.
Зерттеудің әдіснамалық негіздері. Зерттеудің әдіснамалық негіздері
әдістеме ғылымының әдіснамалық зерттеу әдістеріне сүйенілді. Атап айтқанда,
талдау, саралау, өзіндік ой-пікір түйіндеу, педагогикалық-психологиялық
тұрғыда автордың айтайын деген ойының мәніне барлау жасау сияқты жұмыстар
жүргізілді.
Зерттеу әдістері. Жұмыста баяндау, сипаттау, салыстыру, ой-пікірлерді
жинақтау, қорыту, сараптау т.б. зерттеу әдістері тиісінше қолданылды.
Зерттеудің теориялық маңызы. Зерттеу жұмысының теориялық маңызы
ретінде сабақ түрлеріне байланысты еңбектерді талдап зерттеу жасалынғаны
жұмыстың теориялық маңызды болып табылады.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Сабақ түрлері туралы көп айтылғанымен,
диплом жұмысының өзегі ретінде әдістеме ғылыми тұрғысында алынған емес.
Аталған жұмыс осы салада дипломдық жұмысы болуымен және де сабақ
құрылысына, ұйымдастастыруына, уақыт өзгеруіне орай сабақ тақырыбын ең
үздік, инновациялық-әдістемелік, тәжірибелік жаңа түрін белгілі ғалымдар
ғылыми ойларын осы еңбекте біршама топталуы жас ұрпақты оқыту тәрбиелеуде
пайдалануына оңтайлы жағдай тууы ғылыми жаңалық бола алады.
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындан, қосымшамадан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, жұмыстың мақсаты мен міндеттері, ғылыми
жаңалығы берілген.
Бірінші тарауСабақтың түрлерінің ғылыми-теориялық негіздері деп
аталады. Бұл тарауда академик М. Махмұтовтың сабақтарға жүйелеген, атақты
ғалым Ә. Қоныратбаевтың және халық мұғалімі К. Айтқалиевтің ой- пікірлері
беріледі.
Екінші тарау Сабақ түрлері және ұйымдастыру әдістемесі деп аталады.
Дәстүрлі және дәстүрлі емес сабақ түрлерінің ұйымдастыру жолдары жасалған.
Диплом жұмысы қорытынды бөлімінде жалпы жұмыс мазмұны тиянақталып,
ондағы негізгі ой-пікірлер дәлеленеді.

Қазіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі мәселелерінің
бірі – оның түрлері.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту
жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан
зор. Сол себептен әрбір мұғалім сабақ классификациясын ойдағыдай білуі
шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі) – сабақтарды құрылысы жөнінен
топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға
айрықша маңыз береді. Бұл мәселе турасында педагогикалық ғылыми
еңбектерінде ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу
жүйесінің қайта құрылатындығы және соған орай оқытудың мазмұны, әдіс
тәсілдердің де өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Осы кезде сабақтың 20-дан астам типтері бар. Бірақ, олар бірыңғай
жүйеге келтірілмейді. Соңғы жылдары В.О. Онищуктің , Г.Д. Кирилованың, М.И.
Махмұтовтың кітаптарында кейбір құнды пікірлер сұрақтар түрінде айтылған:
Сабақтың қандай элементтері өзгермейді? Сабақты құрудың негізі болу керек
пе? Әрине, бұл сұрақтарға бір мағыналы жауап беру мүмкін емес. Өйткені бұл
мәселелер терең теориялық зерттеуді талап етеді. Ал жоғарыда көрсетілген
еңбектерде де сабақтың бірыңғай типологиясы жөнінде нақты пікірлер
айтылмаған.
Қазіргі сабақ деген түсінікті біртұтас теориялық жүйелілікте
қарастырылады. Сабақта оның білімділік, дамытушылық, тәрбиелік мақсатынан
бастап, оның түрі, құрылысы, сабаққа дайындық, оны жүргізу және оған талдау
жасау әдістемелерін қамтитын біртұтас кең ұғым деп таниды.
Бүгінгі заманның сабақтың негізі бағыты – сабақ үстінде оқушының өз
бетімен істейтін жұмысының салмағын арттыру. Шығарма жазуға үйрететін
сабақты келтірсек, оқушы өз ойын тек ауызша емес, жазбаша де жеткізе
міндетті. Сабақтың бұл түрі оқушының өз ойын, көзқарасын жазбаша сауатты
жеткізе білуге баулиды. Академик М.Махмұтов сабақтардың 5 түрін көрсетеді,
ал атақты ғалым Ә. Қоңыратпаев бір пәнді алсақ – қазақ әдебиет сабақтарының
4 түрін атап көрсетеді.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайтыны белгілі. Бір
сарынмен өтетін сабақтар оқушыны аса қызықтырмайды. Әр сабақты мүмкіндігіне
қарай түрлендіре жүргізу бүгінгі сабақ, бүгінгі оқытудың де басты белгілері
болып табылады.
Сабақ типіне қарай дәстүрлі және дәстүрлі емес деген үлкен 2 топқа
бөлінеді. Дәстүрлі емес сабақтың 25 түрлерін атап, олардың барлығы міндетті
сабақ түрлері деуден аулақпыз. Ең бастысы – ұстаздардың сабақты түрлендіріп
өткізуде біршама алға басуы, ізденісін көрсету үшін, бірлесіп отыр. Сабақ
түрлерінің әрқайсысының өткізудің жағдайы, талаптары, әдіс –тәсілдері
оларға қысқаша сипаттама берілді.
Сабақтың педагогика негіздері оқыту процесінің заңдылықтары
принциптеріне бастапқы белгілі жүйесін оқыту процесінің бірнеше
принциптеріне баяндау жасалынды.
Сабақ арқылы шәкірт біртіндеп білім, дағды, икемділікті тиісті ғылыми
ұғымдарды меңгереді, мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес, ойлау, қиял),
эмоция, ерік – жігер т.б. процестері дами түседі.
Сабақтың психологиялық негізі – шәкірттің оқуға талпыны мен ынтасын
қалыптасу жолдарын, оның түрлі білім, дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп
отыратындығын, әр түрлі мазмұндағы материалды ұғыну ерекшелігін т.б. осы
іспеттес мәселелерді қарастырылды.
Білім берудің қай түрі болса да, негізінен, сабақ арқылы іске асады,
сондықтан, сабақты дұрыс ұйымдастырып, жүйелі жүргізу жағына мән берулі.
Бұл істе мұғалімдер тобы жаңаша ізденеді, әрқашан жаңалық күтеді. Қазақ
тілін оқытудағы сабақ түрлері, оны жүргізу жүйесі мен барысы әлі де назар
аударуға қажет етеді. Осы мәселеге дипломдық жұмыста көңіл бөлінген.
Қоғамдағы өзгерістерге байланысты бүгінгі білім беру жүйесінде оқытудың
жаңа әдістеріне көшу қажеттілігі туып отырғаны белгілі. Оқу процесінде жаңа
оқу технологияларын, яғни Интернетті, дөңғелек үстел басындағы жарыс
сөздерді, СД-дисклерін, электронды оқулықтарды, проектік сабақтарды т.б.
пайдаланудың дәстүрлі сабақтардан гөрі берері мол. Бұндай оқыту түрлері
білімгерлерді шығармашылық, ізденіске дағдылануды, ұжымда жұмыс істеуді
үйретеді. Білімгерлер дәстүрлі өткізілетін сабақтардан ғөрі, оқытудың жаңа
технологиясын пайдаланған сабақтарға көбірек қызығып, белсене қатысады.
Оқыту әдістерін жаңа түрінің бірі болып саналатын проектік сабақ туралы
сөз айтылған.

I. САБАҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 САБАҚ ТҮРЛЕРІНІҢ ЗЕРТТЕЛУІ
Академик М.Махмұтов Современный урок атты еңбегінде сабақтарды
былайша жүйелеген.
1. Жаңа оқу материалын оқып-үйрену сабағы. Бұған лекция, баяндау,
әңгіме түрінде өтетін сабақтар, кино, диафильмдер көрсету арқылы
оқушылардың өз бетімен ізденуі негізінде өткізілетін сабақ түрлері
жаткызылады.
2. Білім, іскерлік пен дағдыны жетілдіру сабағы. Сабақтың бұл түріне
ауызша, жазбаша жаттығу, окушылардың өз бетімен ізденуі, лабораториялық
жұмыс түрлері жатады.
3. Білімді жүйелеу, жинақтау сабағы. Бұл сабақтар негізінен өтілген
материалдарды өзара іштей байланыстыру, қайталау, жүйелеу, қорытындылау
мақсатымен жүргізілетін әңгіме, семинар сабақ түрінде өткізіледі.
4. Аралас сабақ. Сабақтың бұл түрі жоғарыда аталған сабақ түрлерінің
бәрімен тығыз байланыста өткізіледі.
5. Білім іскерлік пен дағдыны бағалау, бақылау сабақтары. Бұл сабақтар
сұрау-жауап тәсілінде негізделеді.
М. Махмұтов сабақтың әдістемелік құрылысы тұрақты емес, сабақта алға
қойылған мақсатқа жету үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер әрқашан да ауыспалы
сипатта болатындығын айтады. Қазіргі сабақ деген түсінікті біртұтас
теориялык жүйелілікте қарастырады. Сабақта оның білімділік, дамытушылық,
тәрбиелік мақсатынан бастап, оның түрі, құрылысы, сабаққа қойылатын
талаптар, сабаққа дайындық, оны жүргізу және оған талдау жасау
әдістемелерін қамтитын біртұтас кең ұғым деп таниды.
Қазақ тілі сабақтарында тақырыптық есептен басқа практикум сабақтарда
өткізіліп жүр. Практикум сабақтардың негізгі мақсаты - оқушының өздігінен
жұмыс істеуі, тапсырманы жеке және топ болып орындауы, оқушы білімін,
икемділігін мұғалімнін тексеруі, бағалауы окушылардың өзін-өзі, өзара, яғни
бірін-бірі тексеруімен ұштастырылып отырылуы.
КСРО халық мұғалімі Қ. Айтқалиев өз тәжірибесінде қазақ тілінен
практикум сабағын кеңінен қолданады. Практикум сабақтар теория мен
практиканы ұштастыру, орфографиялык, пунктуациялық сауаттылығын,
грамматикалық талдауды қалай меңгеретіндігін анықтау, оған үйрету,
жетілдіру жұмыстарын қамтитын сабақ түрі болып табылады.
Б.Т.Панов Орыс тілі сабақтарының типтері мен құрылысы атты еңбегінде
(Типы и структура уроков русского языка М., Просвещение, 1986) сабақ
типтерін төмендегіше топтастырды. Бірінші топқа оқу материалдарын меңгерту
барысыңдағы психологиялық, педагогикалық кезендерге сай өткізілетін сабақ
түрлерін, жаңа материалды өту сабағы, білім, іскерлік пен дағдыны бекіту
сабағын, қайталау, өтілген материалды жүйелеу сабактарын аралас сабақ
түрлерін жатқызады. Келесі топқа оқушылардың жазбаша жұмыстарын талдау,
бақылау, тексеру сабақтарын жатқызады.
Әрі сабактың құрылысы алдымен меңгерілетін, үйретілетін оқу
материалдарының ішкі логикалық жүйесіне сүйену арқылы ғана анықталады.
Екіншіден, қазіргі сабақтың негізгі бағыты - сабақ үстінде окушының өз
бетімен істейтін жұмысынын салмағын арттыру.
САБАҚ ТҮРЛЕРІ
1. Кіріктірілінген сабақтар
2. Дәстүрлі емес сабақтар
3. Аралас сабақ
4. Қайталау сабағы
5. Бекіту сабағы
6. Жаңа тақырыпты таныстыру сабағы
7. Білімді қортындылау
8. Білімді тексеру
9. Тексеру және бағалау
ІО. Жүйеге келтіру сабағы.
Жоғарыда келтірілген сабақ түрлері әдебиет сабағында сөздік
қорымызды, тілімізді байытумен тығыз байланысты. Бірақ ол дидактикалық
мақсатқа негізделген әдебиет, өнер материалдарына сүйенген арнайы сабақтар
да болуы қажет. Осы типке жататын сабақ түрлеріне сипаттама беретін болсақ:
Өмірден, көркем шығармадан, өнерден алған әсерлері бойынша
шығармашылық жұмыс сабақтары. Осындай сабақтарды құрылымының негізінде
материалды таңдау, шығарманың тілі және композициясы бойынша жұмыстар
жатады.
Оқушылар мұндай сабақтарда өздік жұмыс істеуге, топпен жұмыс
істеуге үйренеді. Ортаңғы, әсіресе, жоғары сынып оқушыларына мұндай
сабақтардың үстінде оқылған кітаптар немесе көрген фильмдері туралы ой-
пікірлерін әңгімелеуге немесе жаздыртуға болады.
Ауызша әңгімелеуге немесе ауызша баяндама жасауға үйрететін
сабақтар. Сабақтың осы түрі оқушылардың алға қойылған міндетін ұғыну;
қажетті материалды тез арада таңдап алып, оның ішінен ең керекті жерлерін
белгілеу; әңгіме, баяндама жоспарын құрып, өз түсінігі бойынша сөйлеу
іскерлігін дамытуды көздейді – делінген. Мұндай сабақтар ауызша сауатты,
еркін сөйлеуге дағдылануға бағытталған.
Шығарма жазуға үйрететін сабақтар. Оқушы өз ойын еркін тек ауызша
емес, жазбаша да жеткізуге міндетті. Сабақтың бұл түрі оқушының өз ойын,
көзқарасын жазбаша сауатты жеткізе білуге баулиды.
Мұхтарова Э. осындай сабақтардың маңыздылығы туралы келесідей ойды
білдіреді: Шығарма жазуға үйрету – оқушыны адамгершілікке, ізгілікке
баулитын құралы, ол – оқушының анализ-синтез, жүйелік, салыстыру,
нақтыландыру мен жинақтауды жүзеге асыру, еркін де сыни көзқарасты
қалыптастыру, өзіндік позициясы мен жігері мол тұлғаны жан-жақты дамытуда
үлкен рөл атқаратын күрделі жұмыстың бірі. (16.12(
Аталып кеткен сабақ түрі оқушылардың тіл мәдениетін дамытады,
сөздік қорын молайтады. Өйткені, шығарма – оқушының творчестволық жұмысы.
Мұнда оқушы оқыған шығармаға баға береді. Ал сапалы шығарма терең ойлану
нәтижесінде жазылады.
Шығарманы талдау сабақтары арқылы ұстаз шәкірттерінің қалайша
тақырыпты меңгергендігін, ойын жазбаша жеткізе білетінін байқайды. Осы
сабақтарды оқушылар өз кемшіліктерін көріп, келесіде ондап қателіктерді
жібермеуге тырысады. Мұғалім мұндай сабақтарда жақсы жазылған шығармаларды
оқып, басқаларға үлгі етеді және қандай кемшіліктері болмауы тиіс екендігін
ескертіп отырады. Ал, нашар жазылған шығармаларды сыныпта оқу дұрыс
болмайды. Бұл іс-әрекет баланы ұялдыртып, ыңғайсыз жағдайға қойып,
психикасына әсер етуі мүмкін.
Аталған сабақ түрлері сабақтың мақсатына, мазмұнына сай
қолданылатын әдіс-тәсілдеріне сай көптеген варианттары болуы ықтимал.
Жалпы, бұл ұсынылған жіктеуді әдебиет сабағындағы негізгі бағыттарының
барлығы да көрініс тауып, жүйелі түрде орналасқан деуге болады. Осы жіктеу
сөз өнері пәнінің өзіндік ерекшелігіне байланысты деп жоғарыда айтып кеткен
болатынбыз.
Бірақ бұл жіктеуде тек қана сабақтың мақсаты мен мазмұнын негізге
алынып, сабақтағы оқушы мен мұғалім әрекетінің сипаты, сабақты ұйымдастыру
түрі ескерілмейді. Осы топтамадағы кейбір сабақтың түрлері іс жүзінде
сабақтағы компонент ( әдебиет теориясы, ауызша жауап беру және ауызша
баяндамалар жасауға үйрету, тарихи-әдеби материал бойынша курс) қызметін
атқарады. Яғни бір сабақ үстінде бір-бірін толықтыратын элементтер
функциясында келеді.
Атақты ғалымдарымыздың бірі - Ә. Қоңыратпаев қазақ әдебиеті
сабақтарының мынадай түрлерін атап көрсетеді:
- кіріспе сабақтары;
- көркем мәтін бойынша жұмыс істеу сабақтары;
- талдау сабақтары;
- қайталау, қорыту сабақтары.
Бұл сабақ жіктелуі белгілі бір шығарманы талдау негізінде жүйелі түрде
орналасқан. Осындай жүйемен өткізілген сабақтарда оқушылар көркем мәтінді
жан-жақты талдап, оқу материалын терең меңгереді.

1.2 САБАҚТЫҢ ПЕДАГОГИКА – ПСИХОЛОГИЯ НЕГІЗДЕРІ

Принцип (латын сөзі) - басшылыққа алатын идея, негіз талап, қағида.
Дидактикалық принциптер - оқытудың мазмұнын, ұйымдастыру түрлерін,
әдістерін оқытудың мақсаты мен заңдылықтарына сай анықтайтын қағидалар
жүйесі. Оқыту принциптері дидактиканың категорияларына жатады. Олар оқыту
заңдарын және заңдылықтарын пайдалану әдістерін сипаттайды.
Дидактика тарихыңда зерттеушілер оқыту принциптерін, негізгі
қағидаларды белгілеуге көп күш салды.
Дидактикалық принциптер нақтылы тарихи-әлеуметтік жағдайларға
байланысты. Қоғамның оқытуга қойылатын талаптары өзгеріп отырғандықтан,
кейбір принциптер ескіріп (табиғатқа сәйкестік, партиялылық), кейбіреулері
жаңадан пайда болады (кіріктіру, ізгілендіру). Кейбір авторлар оқыту
принциптерінің санын қысқартуды ұсынса, басқалары, керісінше, кеңейтуді
ұсынып келеді. Заманауи принциптер оқу процесінің барлық құрамдас
бөліктеріне (логикасына, мақсатына, міндеттеріне, мазмұнын
қалыптастыруға, түрлері мен әдістерін таңдауға, ынталандыруға, нәтижелерді
жоспарлау мен талдауға) өз талаптарын ұсынады.
Оқыту процесінде кез келген мұғалім дидактиканың принциптерін
басшылыққа ала отырып оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін және ұйымдастыру
формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижелерге жеткізуі шарт. Мұғалім
дидактикалық принциптерді дұрыс таңдаса, оқытуды дұрыс ұйымдастырса, сабақ
тиімді және нәтижелі болары даусыз.
Дидактикалық принциптердің қызметі: олардың негізінде оқушыларда
оқытудың мақсатына сәйкес берілетін білім мазмұнын жүйелі, саналылықпен
белсенді түрде меңгеруге деген қызығушылықтар пайда болады. Дидактика
принциптері оқыту процесінің негізгі буыны ретінде бірімен-бірі логикалық
өзара байланыста болады. Сонымен, ең негізгі, ғасырлар бойы педагогтар
қауымы мойыңдаған дидактикалық принциптер жүйесі:
- ғылымилық,
- саналық пен белсенділік,
- көрнекілік,
- жүйелілік пен бірізділік,
- беріктілік,
- тиімділік,
- теория мен тәжірибенің байланыстылығы.
Осы принциптерді талдаудан алдын принциптер мен ежелер байланысына
тоқталайық. Педагогикалық ереже жалпы приңциптерге негізделген белгілі
жағдайдағы белгілі мақсаттағы педагогтық қызметің бейнеленуі. Ережелер
оқыту принциптерін қолданудың тәжірибелік жақтарын көрсетеді, теориядан
тәжірибеге көшу жолдарын айқындайды. Заңдылықтармен, принциптермен
салыстырғанда ережелер мұғалімге нақты педагогтық жағдайда қандай нақты
шараларды пайдалану қажеттілігін ұсынады.
Осы жерде айта кететін жай: ережелерді қатаң, мүлтіксіз орындау
ұстаздың қолын байлап қояды; ережелерге немқұрайлы қарау оқыту сапасын
төмендетеді. Сондықтан, әрбір мұғалім дидактикалық ережелерді типтік,
стандарттық жағдайларда тиімді пайдаланса, күрделі педагогтық жағдайларда
дидактикалық принциптерге сүйеніп шығармашылық танытса қойылған мақсатына
жетері сөзсіз. Ережелер принциптерге сүйенеді, принциптер ережелер арқылы
жүзеге асады. Ережелер педагогтық тәжірибенің қорытындысы ретінде дидактика
принциптерін қолдану құралы болады. Сонымен, педагогтар оқытудың
принциптеріне сай қалыптасқан белгілі ережелерге сүйеніп мақсат-міндеттерін
іске асырады.
Ғылымилық принцип.
Оқытудың ғылымилық принципіне орай оқушыларға ғылыми білімдер мен ғылыми
әдістерді меңгерту керек. Бұл принциптің астарында жатқан заңдылықтар:
дүниені танып білуге болады, адам өмірінде ғылымның ролі күннен күнге
өсуде, оқытудың ғылымилығы оқытудың мазмұны және мұғалімнің іс-әрекеті
арқылы жүзеге асады. Мысалы, педагог ғылым жаңалықтарын адам үшін қызмет
ететінін түсіндіре отырып, оқушыларда дүниеге диалектикалық, ғылыми-
материалистік көзқарас қалыптастырады.
Аталмыш принципті іске асыру үшін педагог орындайтын негізгі талаптар:
- Білім мазмұнын педагогика, психология ғылымдарының қазіргі даму
дәрежесіне сәйкестеңдіру, жаңа әдістемелер мен жаңашыл ұстаздардың
тәжірибесін қолдану.
- Оқушылардың ғылыми диалектикалық ойлау қабілетін дамыту, бастауыш
мектептің өзіңде тек иңдукциялық ғана емес, дедукциялық оқытуды енгізу.
-Шәкірттерге жаңа ғылыми ұғымдарды түсіндіру, жүйелі түрде қайталау,
пайдалану, қолдану, іске асыру.
- Оқыту әдістері арқылы оқушыларды ғылыми әдістермен таныстыру,
оларды ізденушілікке, шығармашылыққа баулу, зерттеу тәсілдерін пайдалану
үшін кітаппен, анықтамалармен жұмыс істеуге ынталандыру.
- Әрбір ғылымның ашқан жаңалықтарын оқушылар санасына жүйелі түрде
қарапайым ұғымдармен берік түрде жеткізу мұғалімнің негізгі міңдеті.
- Ғылымдағы жаңалықтардың жан-жақты байланыстарын көрсетіп оқушылардың
білім деңгейімен ұштастыру, жаңа пән сөздерді қолдану.
- Белгілі ғалымдардың өмірбаянымен, олардың қосқан үлесімен
оқушыларды таныстыру.
Жүйелілік пен бірізділік принципі.
Бұл принциптің өзекті негіздері: адам миында сыртқы дүниені бейнелейтін
өзара байланысты түсініктер жүйесі қалыптасқанда ғана, оның білімі толық
және шынайы болады; оқылатын оқу материалын белгілі реттілікпен оқушыларға
жеткізгенде, олардың санасында ғылыми білімдер жүйесі қамтамасыз
етіледі; ғылыми білімдер жүйесі оқу материалының ішкі логикасына және
оқушының таным мүмкіндіктеріне бағынышты; окушыларды логикалық ойлауға
үйрету, дағдыларын жүйелі түрде шынықтыру, олардың тұлғасын үзіліссіз,
кедергісіз дамыту. Бұл принцип оқытудың ғылымилығы принципімен тығыз
байланыста болғандықтан, ғылыми білімдер негізін оқушылардың жүйелі түрде
және реттілікпен ұғынуы сабақтардың мазмұнының негізгі өзегі болуы тиіс.
Әрбір мұғалім сабаққа әзірлену барысында не сабақ барысында
жүйелілік пен бірізділік принципін жүзеге асыру үшін келесі ережелерді
назарға алуға тиісті.
- Оқу міндеттерін оқушылар түсініп, оқу материалын логикалық тұрғыда жүйелі
қабылдауы мақсатында кесте, сызба, жоспарларды қолдану.
- Оқу мазмұны мен әдістерінің жүйелілігін сақтау, бастауыш пен орта, орта
мен жоғары сыныптардағы оқу мазмұны мен әдістерінің бірізділігін
қамтамасыз ету.
- Оқу пәні – ғылымның көшірмесі болғандықтан оқушыларға ғылымның жүйесін
көрсетіп, пәнаралық байланыстарды пайдалану.
- Бұрын ұғындырған білімді жиі қайталау және жетілдіру, қысқа
қорытындылауды сабақтың басыңда, барысында және аяғында өткізу.
- Тек тіл мұғалімдері емес, барлық педагогтар барлық сабақтарда
оқушылардың ой білдіру әдістері мен түрлерін бақылау; үнемі оларды өз
қателерін тауып, талдауға үйрету, тақырып, бөлім, тарау пән аяқталғанда
қорытындылау және жүйелеу сабақтарын өткізу.
- Табиғатына байланысты, шәкірттер бірнеше сабақта меңгеретін материалды
бір сабақта "айлақорлықпен" ұғымдырмау.
- Оқушылардан әр тарау мен бүкіл бағдарлама бойынша білім, дағды, білік
жүйесін меңгеруін талап ету.
Сонымен, жоғарыда сөз болган принцип Я. А. Коменскийдің
"бүгінгі оқыту кешегіні бекітіп, ертеңгіге жол салады" өсиетін нақтылай
түседі.
Теория мен тәжірибенің байланыстылығы принципі.
Бұл принцип философияның "тәжірибе - танымның ілкі бұлағы" қағидасына
негізденген. Оның түбінде көптеген заңдылықтар жатыр: оқытудың сапасы мен
тиімділігін тәжірибе көрсетеді, тексереді, анықтайды; тәжірибе - ақиқаттың
көрсеткіші; тәрбие өмірмен, тәжірибемен тығыз байланысты; теория мен
тәжірибе байланысы оқу мазмұнын, әдістеріне, түрлеріне тәуелді; оқушыларды
мамандыққа бағдарлау сапасы жоғары болса, олар заманауи өндіріске тез
икемделеді.
Осыған орай мұғалім орындайтын ережелерді атап өтейік.
- Оқу - өмір қажеттілігі екенін оқушыға түсіндіру, сездіру.
-Үнемі теория мен тәжірибе байланысын көрсету, адамзат тарихындағы
ғылыми білімдердің маңызын ашу.
- Оқытуда оқушылар жалаң теориялық білім алып қана қоймай, сол алған
білімдерін өмірде колдана білуін қамтамасыз ету.
- Шәкірттерге өз білімдерін тәжірибеде қолдануды үйрету.
- Оқушыға проблемалық, ізденіс, зерттеу тапсырмаларын орындатып
теория мен тәжірибе бірлігін дәлелдеу, өзіндік жұмысты орындауға және өз
бетімен білім алуды үйрету.
- Әр сабақта окушыларға политехникалық білім беру, туған жердің
шаруашылығына лайықты мамаңдықтарға дайындау.
- Оқушының қоғамдык еңбегі тәлім-тәрбие, оқу мақсаттарына сай болуы
керек.
- Тәжірибелік сабақтардың көмегімен оқушылар теориялық қағидаларды,
заңдар мен ережелерді іс жүзінде тексеріп ғылыми білімдерді меңгеруге
мүмкіншіліктерін жасау.
- Оқушылардың тәжірибелік әрекеттері тек мектеп, сынып шеңберінде
қалып қоймай, мектептен тыс өмірмен, еңбекпен ұштасып отыруы шарт.
Саналылық пен белсенділік припципі.
Бұл принципке негіз болатын зандылықтар: тек өз ақылымен қабылдаған
сапалы да, саналы білім адам білімінің шынайы өзегі болады; оқушылардың
білімді саналы түрде меңгеруі таным әрекетінің белсенділігі мен оқуға
ынталануына, мұғалім қолданатын әдістерге тәуелді, ғылыми білімдерді
меңгеруде саналылық, әрі белсенділік танытқан оқушылар ғана оны терең және
арына берік тоқулары сөзсіз.
Саналылық пен белсенділік принципін жүзеге асыру мұғалім оқыту
процесіңде төмендегі оқыту ережелерін басшылыққа алады.
Оқушы алдында тұрған мақсат пен міңдеттерді анық түсінуі саналы
оқытудың шарты боларын назарға алу. Оқушылардың оқу материалын тек жаттап
қана алмай, олардың мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету.
Әрбір сөздің, сөйлемнің, ұғымның, мәнін түсіндіру үшін оқушылардың
білімі мен тәжірибесін негізге алу.
Оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттыратындай
тиімді әдістерді үнемі колдану, бүгінгі белсенді шәкірт ертеңгі белсенді
қоғам мүшесі екенін ұмытпау.
Оқу материалын саналы түрде меңгерту үшін әлі бейтаныс мағлұматтарды
бұрыннан белгілі ақпаратпен таныстыра білу.
Өз бетімен оқуды үйрету, таным әрекетінің тиімді істерімен таныстыру.
Бас және қосалқы оқу материалын ажыратуды үйрету, назарларына негізгі
ойларды алу.
Оқушыларды ойлауға үйретіп, "неге" сұрағын жиі қоюға дағдыландыру.
Әрбір оқушы тұлғасына қамқорлық жасау, оны оқу пәнін игеретін субъект
ретінде қалыптастыру.
Оқушы білімдерін тәжірибеде қолдануына көмектесу.
Көрнекілік принципі.
Оқыту жүйесінде Я.А.Коменский көрнекілік принципін оқу материалын
меңгеру құралы ретінде қарастырып, дидактиканың алтын ережесі деп атаған.
(Оқушылардың дүниетанымы негізінен көрнекілік арқылы жүзеге асырылады: олар
заттардың өзін немесе бейнесін, көлемін тікелей көріп, байқап таниды. Бұл
принципті соңғы ғылыми жетістіктер де дәлелдеді. Мысалы, көру органдары
миға есту органдарымен салыстырғанда 5 есе, сипалау органдарымен
салыстырғанда 13 есе көп ақпарат өткізеді екен. Көз арқылы алған
мәліметтерді адам жеңіл, тез, берік есте сақтайды.
Көрнекілік принципін жүзеге асырып, оқушылардың білім көлемін
тереңдету, қызығушылығын арттырып және есте сақтау қабілетін шыңдау үшін
мұғалім өз ойын оқушыларға нақтылы жеткізуі үшін қолданатын ережелерді атап
өтейік.
- "Алтын ереже" көруге болатынды - көрсету, есте қалатынды -
естірту, сезіне алатынның бәрін - оқушылардың сезім мүшелеріне сездірту,
түйсік туғызу.
- Оқушылар заттың немесе құбылыстар мен оқиғалардың бейнелерін,
көлемін, түр-түстерін сөзбен емес көру арқылы әрі жеңіл, әрі тез есте
сақтайтынын қамтамасыз ету.
- Қолданылатын көрнекі құралдардың өмірмен байланысын
қамтамасыз ету.
- Оқушылар тікелей түйсіну, көру, есту мүшелері арқылы әртүрлі
заттардың формасын, түсін, көлемін, бейнесін көріп, дыбысын естуі негізінде
оларда ой пайда болады.
- Көрнекілік - көрсету мақсатында емес, логикалық ойлауды дамыту
құралы ретінде пайдаланылады.
- Оқушылар заттарды қолымен ұстап, көлемін, түр-түсін байқап, көзімен
көруге және әр түрлі дыбысын естуге жағдай туғызу.
- Көрнекілік заттар мен құбылыстардың өзін тікелей көрсетуге
мүмкіндік болмаған жағдайда да қолданылады.
- Көрнекіліктер оқушының құбылыстарды байқауға, қабылдауға деген
ынтасын оятып, ізденіс дағдыларын қалыптастырады.
- Көрнекілік бақылай білуге, салыстыру, қатар қоя білуге, абстракты
ұғымдарды дамытып, жетілдіруге жол ашады.
- Көрнекілікгі оқытудың белгілі мақсатына сай қолдану.
- Көрнекілік құралдарын қолдану барысында алғаш оны бүтіндей, кейін
бас және қосалқы бөлшектерін, соңында тағы бүтіндей көрсету керек.
- Көрнекілікті оқушылармен бірігіп жасау.
-Көрнекі құралдарын оқу пәндерінде нақтылы өз орнында оқушылардың жас,
таным ерекшелікгерін ескере отыра пайдалану.
- Көрнекіліктерді қолдануда сан емес сапасына көңіл аудару.
Беріктік принципі.
Оқытудың тиімділігін, сапасын жақсарту үшін оқушылардың білімдерінің
берік болуы даусыз. Бұл принцип көптеген тәжірибелік және теориялық
заңдылықтарға сүйенеді: оқушылардың білім мазмұнын меңгеруі мен
танымдық дамуы, оқу процесінің өзара байланысты екі жағы; білім беріктігі
оқушының мұғалімге, оқу пәніне, жалпы оқуға деген субъективті қатынасына
тәуелді; оқушылардың білім беріктігі оқытудың ұйымдастырылуы, түрі,
әдістері, уақыты арқылы қамтамасыз етіледі; қызықты және маңызды материал
ұзақ әрі берік есте сақталады.
Осы принципті іске асыру үшін мұғалім бірнеше ережелерді орындауы
қажет.
Оқушылар білімдерін сабақтар барысында тақырып, тарауды оқыту
аяқталған жағдайда; тоқсан мен оқу жылы басында, соңында қайталауды үнемі
ұйымдастыру.
Қазіргі мектеп жаттаудан ойлауға көшуіне байланысты оқушылардың жадын
зорламай, білімді санасы мен сезімдерімен қабылдауды үйрету.
Жақсы түсінбегенді оқушының есінде сақтауына жол бермей, тек саналы
білімді жадында сақтату.
Басты, негізгі идеялар мен ұғымдарды есте сақтауды қамтамасыз ету үшін
оқушыларды анықтамалармен, энциклопедиялармен жұмыс істеуге машықтандыру.
Оқыту жүйесінде түрлі (ауызша, жазбаша, лабораториялық-практикалық
жұмыстары) жаттығу жұмыстарын ұйымдастыру.
Оқуға, білімге ынта-ықылас, қызығушылық, мұғалімнің өзіне сенімі
болса, оқушылардың оқу-таным әрекеті ерікті, қуанышты болып, білімдері ұзақ
уақытқа дейін сақталады.
Білімнің беріктілігіне кедергі жасайтын сабаққа кешігу, келмеу, сабақ
кезінде бос не басқа нәрселермен шұғылданып отыру, жалқаулыққа жол бермеу.
Логикалық түрде берілген, алынған, қайталанған білімдер мен біліктер
байланыссыз ақпаратпен салыстырғанда берік екенін ұмытпау.
Оқушылардың ерікті және еріксіз зейінін тиімді пайдалану: тікелей
ұсыныстың орнына қызықты тапсырма, тәртіпке шақыру орнына мысал, мақал-
мәтелдерді қолдану.
- Оқушылардың алған білімдерінің беріктілігін нығайтудың әр түрлі
әдіс-тәсілдерін (сезімге толы әңгіме, заманауи көрнекіліктер, техникалық
құралдар, оқу ойындары, пікір таластар) іске асыру.
- Жаттығуларды орындаған кезінде оқушылар шаршауының алдын-
алу.
- Жаңа оқу материалын ескі, таныс ақпаратпен байланыстыру.
- Оқушыларды өз білімін алу мен тексеруте бейімдеу.
Оқытуды аталмыш ережелерге бағындыру - оқушылар білімінің ұзақ уақыт
бойы есте сақталуын, сол білімді өз өмірінде пайдалануын камтамасыз ету.
Сәйкестік принципі.
Бұл принцип ғасырлар бойы жинақталған педагогтық тәжірибеге
негізделіп, оқушыларға жеке-дара қарауды талап етеді.
Демек, бұл оқушының бойында бар білім, білік, дағдылар деңгейіне сай
жаңа ақпаратты ғана меңгере алады. Сәйкестік принципін дәлелдейтін
заңдылықтар: оқыту жас және дара ерекшеліктерге, оқу процесінің
ұйымдастырылуы мен әдістеріне тәуелді; ақыл-ой дамуы мен алғашқы білімдері
жетік оқушы жаңа материалды тез меңгереді, оқудағы қиыншылықтарды жою
баланың мінез-құлқына, қабілеттерінің қалыптасуына, білімінің сапасы мен
нәтижелігіне оң дұрыс ықпал етеді.
Сәйкестік принципін жүзеге асыру үшін орындалатын ережелер:
- Оңайдан қиынға, таныстан бейтанысқа, жеңілден күрделіге көшіп
оқыту.
- Білім беруде оқушы әрқашан дара, өзінше ерекше екенін ұмытпау.
- Балалардың ақыл-ойы, қабілеттері мен мүмкіндіктері әртүрлілігін
ескере оқыту.
Оқуда барлық оқушылар табысқа бірдей жетуін талап етпеу, алдыңғы
дайындық деңгейіне сүйену.
Оқушының жас ерекшеліктеріне сәйкес әдістерді.
Оқушылардан мүмкін еместі талап етпеу, тапсырма өте жеңіл де, өте қиын
да болмауын ойластыру.
Оқыту жылдамдығы озат оқушыны тоқтатпай, әлсіз оқушыны ілгері тарту
мақсатын көздеу.
Жаңа күрделі материалды өткенде озат оқушыға, қайталағанда орташа және
нашар оқушыға сүйеніп оқыту.
Ең күрделі, білімді игерту үшін аналогия, салыстыру, теңдестіру,
қарсы қоюды пайдаланып оқушы ойын коздыру.
Жалпы зандар мен заңдылықтарды түсіндіру қиын болғандықтан, әртүрлі
пәнаралық байланыстар арқылы сол зандылықтардың көрінісін айқындау,
методологиялық білімдерді сіңірту.
Баяу асығыңыздар! Қажетсіз оқытуды тездетуге болмайды, оқыту
жылдамдығы жас және дара қасиеттерге сай болуын ұдайы қамтамасыз ету.
Сәйкестік мұғалімнің әңгімелеу, сөйлеу, тіл анықтылығына
тәуелділігін ұмытпау.
Сәйкестік - жеңілдік емес, оқушы еңбегін жеңілдету мақсат емес, бірақ
оқушыға өздігінен білім табуға, қабылдауға, меңгеруге көмектесу
қажеттілігін қамтамасыз ету.
Сәйкестік еңбекқорлықпен байланысты, еңбекқорлық күшейген сайын оқу
сәйкестігі кедергісі төмендейтінін ұмытпау.
Әрбір мұғалім оқыту процесіне байланысты білім беру, тәрбиелеу және
дамыту қызметінде үнемі дидактикалық принциптерді басшылыққа алуы шарт.
Окыту психологиясы.
Оқыту – шәкірт пен ұстаздың өзара бірлесіп, ынтымақтасып жасайтын ортақ іс-
әрекеті. Оқыту - мұғалімнің тәлім-тәрбие берудегі басты әрекеті болса, оку
- шәкірттің дүниені танып-білуге бағытталған өзіндік әрекеті.
Қысқаша айтсақ, оқу-еңбек әрекетін орындауға қажетті білім, дағды,
икемділіктер жүйесін игеру процесі.
Сөйтіп, оқу мен оқыту, бір медалдің екі жағындай бір-бірімен тығыз
байланысқан күрделі әрекет. Оқу да, оқытуда қалай болса солай
жүргізілмейді, олар белгілі мақсат көздеп, жоспармен жүйелі түрде
ұйымдастырылып, жүзеге асады, олардың өзіне тән әдістері (тіпті әр пәнді
оқып-үйренудің жеке-дара әдіс-тәсілдері болады) мен сабақ жүргізу
формалары, сондай-ак әр түрлі нәтижелері болады. Оқу арқылы шәкірт
біртіндеп білім, дағды, икемділіктерді, тиісті ғылыми ұғымдарды меңгереді,
мұның нәтижесінде оның жан қуаттары (ес, ойлау, киял), эмоция, ерік-жігер
т.б. процестері дами түседі.
Оқыту процесінің әртүрлі қырларын педагогиканыдң дидактика, сондай-ак
жекелеген пән методикалары қарастырады. Дидактиканың осы мәселеде зерттеуге
орай ерекше сүйенетін тірек ғылымы — психология. Соңғысының басты саласының
бірі-оқыту психологиясы, ол оқу процесінің екінші жағын, яғни шәкірттердің
оқу мазмұңдарын ұғынып, әр түрлі тапсырмаларды қалайша орындай алу
мүмкіндіктерін зерттейді. Шәкірттің оқуға талпынысы мен ынтасының қалыптасу
жолдарын, оның түрлі білім, дағды, әдеттерді қалайша меңгеріп
отыратындығын, әр түрлі мазмұндағы материалды ұғыну ерекшелігін т.б. осы
іспеттес мәселелерді қарасгыру -оқыту психологиясының зерттеу объектісі.
Оқу материалдары адам психологиясына зор талап қоятыны белгілі,
өйткені, шындықтағы құбылыстардың сыр-сипатын, мән жайын ұғыну — өте
күрделі әрекет. Мұның өзі бірнеше кезеңдерден тұратыны қазірде ғылымға
белгілі болды. Мәселен, сабақта материалды ұғынудың алғашқы кезеңінде
(таныстыру кезеңі) шәкірт нені қалай оқу керектігі жайлы жалпы мағлұмат
алады. Бұдан соңғы кезеңде, ол мұны тәжірибеде байқап көреді, үшінші
кезеңде, ұғынғанын сөзбен тұжырымдайды. Төртінші кезенде, оларын ойына
ұстап тұрады да, бесінші кезенде, шәкіртте зат пен құбылыс туралы белгілі
ұғым қалыптасатын болады. Ақыл-ой амалдарын меңгеру аркылы оқушы шындықтағы
заттардың байланыс-қатынастарын меңгереді, бір затты екіншісімен
салыстырып, дәлелдей алуға, олардың айырмашылық, ұқсастықтарын айыра білуді
үйренеді, мұндағы себеп пен нәтиженің, яғни заттардың себеп-салдары занды
байланысын түсінетін болады. Мәселен, жас баланың өзі де от жақса, түтін
шығады дегенде, оттың жануы-түтіннің шығуына себеп болып тұрғанын
аңғарады. Ұғыну дегеніміздің өзі де нәрседе себеппен қатар нәтиже
болатындығына шәкірттің көзінің жетуі, соған жете түсінуі. Оқу
материалдарының мәнісіне тереңдеп баралмай, оларды жәй жаттап алу, ез
бетінше пікір айтуға шорқақтық, оқушыда талдау (анализ), жинақтау (синтез)
тәсілдерінің әлде де оншама дамымағанын көрсетеді. Мұғалім шәкірт
ойлануындағы талдау тәсілінің қалыптасуына жеткіліксіз көңіл бөлетін болса,
ондайда оқушы материалдың бір-бірімен байланысының жеке жақтарын ғана
меңгереді, әр ұғымның мәнін, өзіндік ерекшелігін жете түсінбей қалады.
Сондай-ақ, мұғалім сабақ беруде жинактау тәсілін ойдағыдай пайдалана
алмаса, онда берілетін мағлұмат бұрынғы материалмен дұрыс байланыспай
қалады, бұл берілген мағлұматгың практикалык мәнінің төмендеуіне әкеліп
соғады. Кейбір мұғалімдер оқушыда белсенді ойлау процесін дамытудың орнына
олардың ес, жаттау қабілетін өсіруге ғана ерекше мән береді. Әрине, бұдан
баланың есін дамыту онша мәнді нәрсе емес деген қорытынды шықпайды.
Шәкіртке ойлаттырып, әр нәрсені бір-бірімен салыстырғызып, талдатып-
жинақтатып, дәлелдеткізіп үйретсе ғана олардың танымы мазмұнды болады. Ал,
материалды өз күйінше жаттап алу, онын ішкі мәніне бара бермеу, балада
жаттампаздық, яғни оны құрғақ жаттап алуға әуес болуға жетелейді.
Орыс психологы П. Я. Гальперин (1902-1988) өзінің Ақыл-ой әрекетін
жоспармен, сатылап қалыптастыру дейтін тұжырымдамасында оқушы қандай да
болмасын бір мәселені шешу үшін алдымен сыртқы материалдық әрекеттерді
пайдаланады да, кейіннен оның бейнесін миында елестетеді, содан соң барып
дауыстап, кейін іштей айта алатын болады, сөйтіп сыртқы заттық іс-әрекет
(экстериоризация) біртіндеп ішкі ой әрекетіне (интериоризация) айналады
дейді. Ақыл-ой әрекетінің қалыптасуының әр кезеңінде екі бөлім: бағдарлау
мен орындау болады. Бағдарлау - оқытудың қалай жүргізілетініндігіне
байланысты. Шәкірт өзіне берілген оқу материалын ұғынуда бұрыннан өзі
білетін жалпы ережелерді, негізгі заңдарды пайдаланса, онда бағдарлау
анағұрлым өнімді болады. Бағдарлау — шешілуге тиісті нақты мәселенің
шарттары мен мәліметтерін саралау, құбылыстың негізгі және мәнді белгілерін
ажыратуға ұмтылу. Ал, орындау бөлімінде шәкірт амалдың іріктелген ережелері
мен әдістерін, нақты бір мәселені шешуге пайдаланады. Ақыл-ой әрекетінің
негізгі көрсеткіші оның бірінші бөлігі, өйткені мұнда мәселенің тұрпатын
танып білу, оны шешу, қажетті әдістерді таңдап алу жағдайлары
қарастырылады.
Шәкірттің білім меңгеруі, мұғалімнің сабақ оқытуы, екеуі де инемен
құдық қазғандай қиын нәрсе. Мәселен, мұғалім оқушыға бұрыннан таныс
нәрсені ығыр қылып айта берсе, осы жағдай онда ақыл-ой керенаулығын, кейде
тіпті оқудан жиренушілікті туғызуы мүмкін. Сондықтан ұстаз әркез шәкірттің
рухани тілектерін, таным белсенділігін шеліркетпей, оны ұдайы
қанағаттандырып, оның табиғатты, өмірді, адамдар еңбегін білуге құштарлығын
түртпектеп дамытуы қажет. Тіпті бала бақшасындағыларда бәрін білуге
құштарлықтан туындайтын тамаша қасиет бар. Мәселен, олар Артқы ұзын аяқтар
қоянға неге керек?, Ақ тиін неге ағаш басында тіршілік етеді? Бөлмеде
сымға жабысып шалқалап тұрған шыбындар неге құлап кетпейді? т.б. осы
іспеттес көптеген шытырман сұрақтар қоюға әуес келеді. Кейбір ата-аналар,
кейде мұғалімдер де балалардың осындай айналаны білсем, танысам екен деген
табиғи талпыныстарына жауап бере бермейді. Көбінде олар сен мұны бәрібір
түсіне алмайсын , кейін мектепке барғанда оқисың ғой деп, ұзын арқан,
кең тұсауға салып жүре береді. Әрине, сұрақ біткеннің бәріне жауап қайтара
берудің де қажеті жоқ, өйткені мұндай сауалдардың кейбіреулері осы жастағы
балалардың интеллект мүмкіндігін көтермейді де. Бірақ, мына жағдай әркез
есте болуы тиіс. Егер жас баланың потенциалдық мүмкіндіктері жете
бағаланбаса, яғни оның рухани тілектері қанағаттандырылмаса, бұл жағдай
оның айналаны танып-білуге құштарлығының біртіндеп сөнуіне, самарқаулыққа
салынуына себеп болуы ықтимал. Шәкірт ақыл-ойын жүйелілікпен дамыту үшін
оқытуды тым жеңілдетуден де қажеті жоқ. Шәкірттің ақыл-ойына жеткілікті
азық беретін оқу ғана қарқынды дамытуға септігін тигізе алады. Міне,
оқушының ойлау белсенділігінің осылайша дамуынан білім мен дағдыға, икемге
қанығудың негізі қаланады. Оқыту процесін психологиялык жағынан
қарастыратын
П. Я. Гальперин теориясынан басқа да әртүрлі тұжырымдамалар бар. Солардың
бірі — проблемалап оқыту. Бұл ұстаз бен шәкіртке ортақ танымдағы белсенді
ой тәсілдері мен ізденіс әрекеттерінің заңдылықтарын (проблемалық ситуация,
танымдық қызығу, қажетсіну, т.б.) ескере отырып жасалған, оқытудың бұрыннан
мәлім тәсілдерін қолдану ережелерінің жаңа жүйесі. Бұл — шәкірттерді дамыта
оқытуға, яғни ғылыми ұғымдары мен ғылыми дүниетанымы әр жақты дамыған жеке
адамды, оның ақыл-ой белсенділігін қалыптастыруға бағытталған оқыту
әдісінің өзіндік жүйесі. Шәкірттердің ойлау қабілетін дамытуға оқытудың
проблемалы сипатта болуы ерекше әсер етеді. Проблемалық оку-оқушыға беретін
білімнің бәрін мұғалімнің өзі баяндап бермей, олардың алдына сұрау салып,
мәселе қойып, соны өздерінше шешуге бағыттау.

II. САБАҚТЫҢ ТҮРЛЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ӘДІСТЕМЕСІ
2.1 Сабақтың түрлері және оның дидактикалық құрылысы.
Казіргі кездегі сабақты жетілдіру жұмыстарының ішіндегі мәселелерінің
бірі – оның түрлері мен құрылымы.
Мектеп тәжірибесінде бір типті сабақтар болмайды. Сондықтан, оқыту
жұмысын жүйелі әрі нәтижелі жүргізу үшін, оны топтастырудың мәні орасан
зор. Сол себептен әрбір мұғалімнің сабақ классификациясын ойдағыдай білуі
шарт.
Сабақ классификациясы (жіктелуі – сабақтарды құрылысы жөнінен
топтастыру, түрге бөлу. Дидактикада сабақ классификациясын анықтауға
айрықша маңыз береді. Бұл мәселе жөнінде педагогикалық ғылыми еңбектерде
ортақ пікірлер әлі де қалыптаспаған. Қоғам дамыған сайын оқу жүйесінің
қайта құрылатындығы және соған орай оқытудын мазмұны, әдіс- тәсілдердің де
өзгеріп, жаңарып отыруы сөзсіз.
Сонымен қатар, сабақты жіктеу әрбр пәннің ерекшеліктеріне, оқушылардың
жас және таным ерекшеліктеріне де байланысты болып келеді.
Мысалы, И.Н. Казанцев сабақты жіктеуді оқу материалының мазмұны мен
дидактикалық мақсатына және өткзу әдісіне қарай белгілесе, С.В. Иванов
оқыту процесінің ерекшеліктеріне қарай анықтайды. Ал, Данилов пен Есипов
сабақтың дидактикалық мақсаттарына қарай құрады. Бұлардың сабақ түрлері
топтастыру ұстанымдары әр түрлі болғанымен де, ішкі мазмұндары бір-біріне
өте ұқсас келеді.
И.Н. Казанцев бойынша:
1. Алғашқы сабақ - әр пәннен оқұ жылының басында өтетін сабақтар.
2. Кіріспе сабақ – бағдарламаның күрделі тараулары мен тақырыптарынан
өтетен бірінші сабақ.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы - жаңа оқу материалы өтетін сабақ.
4. Пысықтау сабағы - өткен оқу материалын пысықтау сабағы.
5. Жаттығу сабағы – оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Тәжірибелі сабақ – оқушылардың алған білімін өмірде қолдану жолдарын
көрсететін сабақтар.
7. Қайталау-қорыту сабағы - өткен күрделі тараулар мен тақырыптарды
қайталау-қорыту сабақтары.
8. Тексеру сабағы – оқушылардың білімін тексеретін сабақтар.
9. Білім сапасын бағалау сабағы – оқушылардың алған білімін бағалау
сабақтары.
10. Қорытынды сабақ – оқу жылының ақырында әр пәннің жылдық курсын қорыту
сабақтары.
С.В. Иванов бойынша:
1. Кіріспе сабақтар.
2. Оқу материалымен алғашқы рет танысу сабағы.
3. Жаңа білімді меңгеру сабағы.
4. Меңгерген білімді тәжірибеде қолдану сабағы.
5. Дағдылану сабағы.
6. Қайталау, пысықтау және қорыту сабақтары.
7. Бақылау сабақтары.
Б.П. Есипов бойынша:
1. Аралас сабақтар.
2. Жаңа оқу материалымен танысу сабағы
3. Пысықтау сабағы.
4. Қайталап жинақтау, қорыту сабағы.
5. Оқушылардың білімі мен дағдысын жаттықтыру сабағы.
6. Білім сынау сабағы.
Сол секілді шет елдер тәжірибесінен, атап айтсақ, Чехословакия
мектептерінен мысал келтірсек, ондағы сабақты жіктеген біздің тәжірибемізге
ұқсастығын байқаймыз.
1. Жаңа оқу материалын мазмұндау сабағы.
2. Жаттығу сабағы.
3. Қорыту сабағы.
4. Қайталау, білім сынау сабағы.
5. Аралас сабақ.
Қорыта айтқанда, қазіргі мектеп тәжірибесінде көптеп қолданылатын сабақ
түрлеріне мыналарды жатқызуға болады:
1. Кіріспе сабағы.
2. Жаңа білімді хабарлау сабағы.
3. Білімді, білікті және дағдыны бекіту сабағы.
4. Жаттығу және тәжірибе сабақтары.
5. Зертханалық сабақ.
6. Қайталау-қорыту сабағы.
7. Оқушылардың білімдерін, біліктері мен дағдыларын тексеру және бақылау
сабағы.
8. Аралас сабақ.
9. Өздігінен білім алу сабағы.
Сабақты бұлай жіктеу кездейсоқ емес, оның бұлай қалыптасуында
белгілі бір заңдылықтар бар. Атап айтсақ, сабақтың мақсатына байланысты
мұғалім оқушыларға жаңа білім беруде көздесе, осыған орай Жаңа білімді
хабарлау сабағы деп аталса, сабақта оқушылардың қабылдаған жаңа білімін
іс жүзінде пайдалана білу жолын қарастырса, онда ол Жаттығу немесе
практикалық сабақ деп аталады.
Сол секілді мұғалім өткен оқу материалын оқушылардың есіне салу,
қайталау мақсатын көздесе, ол Қайталау-қорыту сабағы деп аталады.
Қазіргі кезде сабақтың 20-дан астам типтері бар. Бірақ, олар
бірыңғай жүйеге келтірілмейді. Соңғы жылдары В.О.Онищуктің (1976),
Г.Д.Кирилованың (1980), М.И.Махмутовтың (198І) кітаптарында кейбір құнды
пікірлер сұрақтар түрінде айтылған: Сабақтың қандай элементтері өзгермейді?
Сабақты құрудың негізі болу керек пе? Әрине, бұл сұрақтарға бір мағыналы
жауап беру мүмкін емес. Өйткені, бұл мәселелер терең теориялық зерттеуді
талап етеді. Ал жоғарыда көрсетілген еңбектерде де сабақтың бірыңғай
типологиясы жөнінде нақты пікірлер айтылмаған. Бірсыпыра зерттеушілердің
айтуы бойынша жіктеу негізінде сабақтың ұйымдастыру мақсатын қою, ал,
типтерін, оқыту әдістерін іске асыру формалары негізінде түрлерге бөлу.
Мысалы: әңгіме - сабағы, өз бетінше жұмыс істеу - сабағы т.б.
Осыған сәйкес сабақтарды былай бөлуге болады:
1. Жаңа білім беру сабағы (лекция сабағы, әңгіме сабағы, киносабақ, ЭВМ
және басқа техникалық құралдарды қолдану сабағы).
2. Білімді, іскерлікті және дағдыны жетілдіру сабақтары (өз бетінше жұмыс
сабағы, лабораториялық және практикалық жұмыстар, семинар т.б.).
3. Жинақтау және жүйелеу сабақтары (әңгіме сабағы, семинар сабағы т.б.)
4. Аралас сабақ барлық типтер функциясын орындайды. Бұл сабақта танымдық
іс-әрекетінің барлық кезеңдері жүзеге асырылады.
5. Бақылау сабағы (барлық бақылау, сұрау-қайталау, сынақ, өзара және өзін-
өзі бақылау жұмыстары т.б.).
Соңғы жылдары, әсіресе 1990 жылдан бастап қазақ мектептерінде көптеген
сабақтың жаңа түрлерін тәжірибелі мұғалімдер қолданып келеді. Қазіргі сабақ
түрлері сан алуан. Олар: интегралдық және ойын сабақтары, конференция және
лекция сабақтары, сайыс және семинар сабақтары, индекс және жарыс
сабақтары, лабораториялық зерттеу сабағы, жарнама сабағы т.б. Әрине, әр
түрлі сабақты ғылыми-әдістемелік негізінде қазақ халқының ұлттық
ерекшеліктерін, мәдениеті мен тарихын және шаруашылық салаларын еске алып,
тиімді өткізудің танымдық және тәрбиелік маңызы өте зор.
Тәжірибелі мұғалімдердің осы талаптарға сай әр түрлі сабақ түрлерін
өткізудегі жаңалықтарын іс-тәжірибесін байқауға болады. Өйткені, олардың
оқыту жұмысының нәтижесі, асқан педагогикалық шеберлігі көзге түсіп
бүкіл мұғалім жұртшылығына болымды әсер етуде.
Тәжірибелі ұстаздардың сабақ беру әдістері көптеген баспа беттерінде,
әсіресе "Қазақстан мектебі" журналында жазылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың тиімділігі
Шағын жинақталған бастауыш мектепте оқытудың қиыншылығы
Озат тәжірибені тарату әдіс - тәсілдері, түрлері
Бейнелеу өнерінің оқу курсы
Сабақ оқытудың негізгі түрі, қазіргі сабақтың құрылымы
Педагогикалық технологиялар және оқыту технологиялары жөніндегі түсінік
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері туралы
Оқытушының сабаққа дайындығы
Еңбекке баулу сабағында өзіне - өзі қызмет ету еңбегінің ерекшелігі
Пәндер