ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 71 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4
1 ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ КӨРІНУІ
7
1.1 Ақын лирикасындағы туған ел бейнесі
7
1.2 Ақын лирикасындағы өнер адамдары
21
2 Т.ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАРДЫҢ СОМДАЛУЫ
37
2.1 Ақын поэзиясындағы тарихи тұлғалар
37
2.2 Т.Қажыбаев шығармаларының көркемдігі
56
ҚОРЫТЫНДЫ
65
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
67
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
69

КІРІСПЕ

Бұл күндері есімі бүтін елімізге мәшһүр қарымды қаламгер Төлеген
Қажыбайды, оның шығармашылығын білмейтін адам кем де кем-ақ шығар. Біз де
өз жұмысымызды осы үлкен қаламгер, сан қырлы жазушы шығармашылығына арнап
отырмыз. Өйткені өзінің сезім толғар лирикаларында болсын, өткір
проблемаларды қозғайтын толғақты мақалаларында болсын, драматургиясы мен
прозасында болсын туған жердің тағдырына толғанатын үлкен жүректі тұлға
шығармашылығы әрқашанда қызықтыратын.
Бүгінгі таңдағы Көкше қаламгерлерінің жетекші ұстазына айналған Төлеген
Қажыбаев әркез ең өзекті мәселелерге бірінші болып барады. Ол сонысымен де
қымбат. Сондай-ақ жазушылық еңбек жылдарында елуге таман кітап шығарған,
айтулы ақын, шебер драматург, қарымды жазушы, ұшқыр публицист-журналист
Төлеген Қажыбаевтің әр туындысын қызыға оқып, қаламгердің өнер жолындағы
қол жеткен табыстарына қуанып, өз арамыздағы дарын иесін ардақ тұтып,
есімін мақтаныш тұтамыз.
Бүгінде Көкше өңірі қаламгерлерінің ақсақалы болып отырған Төлеген
Қажыбаев қазақ поэзиясына үлкен үлес қосқан айтулы қаламгерлердің бірі.
Оның шығармашылығының негізі – Көкше өңірі, оның сұлу табиғаты, елін
ардақтаған, өлкенің атын шығарған айтулы тұлғалары, туған елінің мұң-
мұқтажы. Сол жолында ол талай жылдары еңбек етіп, олары кейде марапатталып,
кейде датталып жатты. Оның өнер жолындағы өрелі істеріне біреу сүйсінді,
біреу қызғанды; соған қарамастан жазушылық өмірде елу жылдан астам еңбек
еткен ол ел марапатына да бөленді. Қазақстан жазушылар одағы мүшесі,
Қазақстанның мәдениетіне еңбегі сіңген қайраткер, Ахмет Байтұрсынов
атындағы сыйлықтың иегері, Құрмет пен Парасат ордендерінің иесі,
Көкшетау қаласының құрметті азаматы сияқты марапаттар қаламгер еңбегінің
ескерілуі, ол біздің көңілге медеу.
Күнделікті баспасөз беттерінен жұрт қызығарлық туындыларын сүйсіне
оқитындықтан осы жұмысымызды жазып отырмыз. Әрі жазушы ден қоятын туған жер
және оны елге танытқан айтулы тұлғалар туралы еңбектері негізінде жазуды
жөн көрдік те оның осы тұрғыдағы шығармаларына көңіл бөлдік.
Зерттеудің өзектілігі. Жазушы Т.Қажыбаев Көкше өңірінің тарихи
тұлғаларына, өнер адамдары мен батырларына, хандары мен билеріне, еңбек
ерлеріне көптеген шығармаларын арнады. Көкшетау өңірінің мұң-мұқтажы, қайғы-
қуанышына ортақтасып, елінің қиындығын да қызығын да бөлісті. Сол туралы
жазған шығармашылығының дені болып табылатын ондаған еңбектерің зерттеп
жұртқа танытуды мақсат тұттық. Ол туралы арнайы зерттеу бола қоймағандықтан
біз өз жұмысымызда қаламгер шығармашылығына тереңдеп барып, оны, әсіресе,
жас ұрпаққа танытуға тырыстық.
Бұл күндері қаламы ұшталып әдебиеттің бар жанрында бірдей көрініп
жүрген ақын, жазушы, драматург, журналист Қажыбаев Төлегеннің есімі
өлкемізге кеңінен танылғанымен әлі күнге арнайы зерттеу объектісіне
айналған жоқ. Сондықтан да болар елуге таяу кітабы шыққан қаламгер
шығармашылығы мектеп, жоғары мектеп бағдарламасына енген жоқ. Жанайдар
Мусин атындағы Көкшетау педагогикалық колледжінде арнайы бірлестік жұмыс
істейді және Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінде
филология факультетінің қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы студенттеріне
дәрістер жүргізіледі. Сол еңбектері ескеріліп оған Көкшетау мемлекеттік
университетінің құрметті профессоры атағы берілген. Алайда бүгіндері жетпіс
жылдың асқарына шыққан айтулы өнер иесіне бұл өте аздық етеді. Біз
сондықтан да қаламгер шығармашылығын кеңінен насихаттап, аз дегенде облыс
көлемінде танылғанын қалап осы еңбекті жаздық. Мектеп оқушылары мен жоғары
мектеп студенттері үшін ақын шығармашылығынан дерек беретіндіктен
жұмысымызды өзекті деп есептейміз.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Көкше өңірінен шыққан өнер адамдары
және еселі еңбегімен, ел қорғаған батырлығымен көзге түскен абзал жандар,
елді ұйыстырып бірлікке шақырған дана тұлғалар, ел қамқоры болып тарихта
аты қалған тарихи тұлғалар туралы қаламгер шығармашылығын кеңінен таныту
мақсатында жазушы қаламынан шыққан шығармаларды (лирикалық толғаулар,
балладалар, жүректен төгіліп құйылған өлең-жырлар, кесек публицистикалық
мақалалар, драмалық шығармалар, жеке прозалық туындылар және естеліктер)
зерттеп, олардың сындарлы болмысын жазушы шеберлігін таныта көпке паш етуді
жөн көрдік.
Зерттеуде қаламгердің Сексен көл сылдыры, Жеті желі, Хан Кененің
қазасы[1-3] және басқа жыр жинақтарындағы жергілікті өнер адамдары мен ел
ардақтаған батыр тұлғалары туралы жазған мөлтек ойлары мен сырларына көңіл
аударып, солардың негізінде ой толғамақпыз:
-ақын Т.Қажыбаев шығармаларындағы көрікті Көкше өңірі бейнесінің
ашылуын таныту;
-ақын лирикасындағы өлкемізден шыққан өнер адамдарына арналған
жырларына тоқтала отырып талдау;
-қаламгер Т.Қажыбаев шығармаларында көрінетін өлкеміздің тарихи
тұлғаларына арналған туындыларына тоқтау;
-ақын Т.Қажыбаев шығармаларының көркемдік ерекшелігін ашу.
Зерттеу нысаны ретінде ақынның өлең жинақтары мен прозалық
шығармаларын, драмаларын, публицистикалық мақалаларын қарастыра отырып,
жұмысымызға ақын шығармашылығындағы туған жер туралы жырлары мен оның ұлы
тұлғалар туралы толғауларын, азаттықтың ақ туын көтерген Кенесары хан мен
оның серіктері туралы жазғандарын, өнер адамдары – ақындар, әнші жыршылар,
сал-серілер, сазгерлер мен басқа да өнер сүйер жандар туралы толғаныстарын
негіздеп алдық.
Зерттеудің пәні. Төлеген Қажыбаев шығармашылығына арналған
факультативтік сабақтар мен арнайы курстарға, жергілікті ақын-жазушылардың
шығармашылығы атты арнайы курсқа көмекші құрал ретінде пайдалануға болады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Зерттеу барысында жергілікті Көкшелік
қаламгерлердің жетекшісі, бір өзі елудей кітаптар жазып талай келелі
мәселелер көтерген, ел ардақтыларын асқақтатқан өнер иесінің жергілікті
өнер иелері мен халық құрмет тұтқан батырларына арнаған жырларын жеке алып
талдай отырып, қаламгер шығармашылығын көпке танытып, жас ұрпақ назарына
ұсыну болып табылады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері. Жұмысымызды орта
мектеп пен жоғары оқу орындары шәкірттеріне қаламгер Т.Қажыбаев
шығармашылығынан дерек берерлік арнайы курстар мен факультативтерде дәріс
беруге қажетті қосымша құрал болады деп білеміз.
Т.Қажыбаевтың шығармашылығын замандас ақындарымен, қаламдас
публицистермен, драматургтермен және басқа да өнер адамдарымен қатар алып
шығармашылық өреде көрсетуге тырыстық. Сол орайда бүгінгі теориялық ұғымдар
мен шығармашылық өредегі жетістіктерді негізге ала отырып талдау жасауға
күш салдық.
Ғылыми жаңашылдығы мен практикалық құндылығы. Белгілі қаламгер
Т.Қажыбаев шығармашылығы мектеп оқулықтары мен жоғары оқу орындарында
арнайы өтілмейтіндіктен зерттеу нәтижесі қаламгер шығармашылығын көпшілікке
танытуда әбден қажет деп білеміз. Жазушы мұрасын танып-білуде зерттеу
жұмысы практикалық қолдануда өте қажет деп есептейміз.
Жұмыстың практикалық негізі. Жергілікті ақын-жазушылар шығармашылығын
оқып-білуде, сондай-ақ өлкенің өткен тарихы мен табиғатын тануға, жер
шоқтығы атанған жерімізді қорғауға еселі үлес қосқан қаламгер
шығармашылығын тануда зерттеу жұмысының практикалық маңызы мол болар деп
білеміз.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан және қорытындыдан
тұрады.
Кіріспеде жұмыстың өзектілігі, нысаны, мақсаты мен міндеті, ғылыми
жаңалығы мен зерттеу әдісі, ғылыми практикалық мәні айтылады.
Алғашқы тарауда Т.Қажыбаев шығармаларындағы туған ел бейнесін, оның
лирикасындағы өнер адамдарына арналған жырлары, қаламгер туындыларындағы
Көкше өлкесінен шыққан тарихи тұлғаларына арналған жүрекжарлы шығармалары
жеке тараушаларға алынып қарастырылады:
Келесі тарауда ақын шығармаларының көркемдігі сөз етіледі.
Қорытындыда жұмыстың ақын шығармаларын оқырманға жеткізу жолдары сөз
болады.
Пайдаланған әдебиеттер тізімі жұмыс соңында көрсетіледі де ақын
суреттері мен кітаптары қосымша арқылы беріледі.

1. ТӨЛЕГЕН ҚАЖЫБАЕВ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ӨНЕР АДАМДАРЫНЫҢ КӨРІНУІ

1. Ақын лирикасындағы туған ел бейнесі

Төлеген Қажыбай сонау алпысыншы жылдардың бас кездерінен бастап ақ
өзіндік үн-өрнекпен, өзіндік бет, қолтаңбасымен көрінген талант. Оның
ақындығы айқайлап-арындап, кеуде соғып, алқынып өңмендеген ақындық емес,
сабырмен сырғып, жайымен жылжыған, еңісі енді, жайылым-жазығы кең, өрісті
өзенді елестетер еді. Мұның айғағы, оны еселей үстеген шабыт та тасыта
алмаған, көңілге кірбең салған реніш да жасыта алмаған. Өзінің күнделікті
өмір-тұрмыстағы сабырлы қалпы қандай болса, поэзиядағы шығармашылық салты
да содан таймаған. Оны әр жылдардағы өлең-жырларынан анық аңғарасыз. Ол
алғашқы Жол басынан басталатын Жанымның жапырақтары, Жырлайды жүрек,
[4-6] Сексен көл сылдыры [1] секілді жыр жинақтарын, сондай-ақ Атыңнан
айналайын, Құлан қырғыны, Махаббат әні, Қанкешу, [7-10] Жеті желі
[2], Хан Кененің қазасы [3] сияқты драмалар мен дастандарын, прозалық
шығармаларын да жеке-жеке кітап қып шығарған. Мұның бәрі талмай іздену,
аянбай тер төгіп еңбектену, шеберлік шыңдау, соныдан соқпақ салып, өзіндік
жол таппаққа талпынған жемісті жылдардағы айтары мол арқалы ақын, дарынды
драматург, арналы да шебер жазушы екендігін айғақтайды. Ақынды өмір өріне
де, өнер төріне де -жетелеген, әрине, оның табиғи дарыны.
Міне, біз сөз етіп отырған жазушы Көкше өңірін әнімен тербеп, ел еркесі
балғандықтан Үкілі Ыбырай атанған атақты ақын, әнші, сал-сері Ыбырай
Сандыбаевтың сүйікті шәкірттерінің бірі Қажыбай Сыздықовтың отбасында 1942
жылы желтоқсан айының 12-ші жұлдызында өмірге Төлеген есімді нәресте келді,
соңында ақын Төлеген өзінің Қайран әке деген өлеңінде:
Менің дағы бар шығар деп
шалқар тойым алдымда,
Мінбей кеткен пырағыңды
ұстап келем бабында.
Сен түспеген ұлан-ғасыр
дүбірі мол жарыстан
Шет қалуым намыс қой
шаңқай түстің шағында, деп абзал әкенің өмірінің
жалғасы екенін, осы бір ардақты атқа кір келтірмей, оның ісін
жалғастыратынына әке алдында ант еткендей. Төлегеннің тырнақалды өлендері
мектеп қабырғасында оқып жүрген кезінен–ақ басталған–ды. Әрине, талант
дарыған адам болса да бір-ақ күнде ақын не жазушы болып шықпайды ғой. Бәрі
де мектепте оқып жүрген кездегі туған тырнақалдыдан басталып, үлкен
туындыға ұласады. Тырнақ алдыны зәулім үйдің алғашқы кірпіші десек, Төлеген
өзінің жетпісті алқымдаған шағында сол үйдің қабырғасын тұрғызып, шатырын
жауып, өнер сарайын айқара ашып, сыншыларды, оқырман қауымды өзі тұрғызған
жыр күмбезіне шақырады.
Бұдан қырық жеті жыл бұрын Төлегеннің жыр сапарының тырнақалдысы – Жол
басы жинағы қолдарына тиген оқырман қауым жыр асылдарына кенеліп, қуанған-
ды. Бұл тұңғыш жинағына өлеңдерімен қатар акынның Сырлы қобыз поэмасы
енген болатын. Жинақтың алғашқы парағын ашқанда... Жолдар аты өлеңінде
ақын өмір жолындағы күндерін, күндегі жүріп жүрген жолдарын домбыраның қос
шегіндей сыр шертіп, былай жырлайды:
Жолдар, жолдар...
жолдар өшіп қалмаған,
Өйткені ол,
сан ғасырды жалғаған.
Бабалардың жүріп өткен
іздері,
Сол іздердің
жалғасы деп ұғайық
Асфальты мен
темір жолды біздегі... [4.5-б.]
Тілге жеңіл, жүрекке жылы тиер өлең жолдары кімді елеңдетпесін!
Әсем әуен дала кезіп барады,
Ару балқып, жігіт төмен қарады.
Селт етерлік сезім кетті
сел болып
Домбыраның күй шерткенде шанағы...
Атышулы әнші композитор Алтынбек Қоразбаевты осы жыр жолдары тербеп,
бір әсем ән - Әгугәй домбыра[6,19-б] туды. Оны біз радио, теледидар
арқылы жиі естиміз.
Төлеген шығармаларының тақырыбы сан алуан. Ана, әке, бала, махаббат,
туған жер, табиғат қорғау, тіршілік күйбеңдері поэзияда сан қилы, сырлы
әуезді лирикалары мен Алуа, Даланың ұлы поэмалары, прозада Қорқаудың
ақыры, Махаббат әні, Аңсаған жүрек әні еді, Аран, Қан кешу
повестері және ондаған драмалық шығармалары оқырманды өзінің өміршеңдігімен
баурап алады.
Төлеген Қажыбаевтың өлеңдері хақында алдымен ой толғағандардың бірі -
Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, белгілі ақын Мұзафар Әлімбаев
еді. Төлеген өлеңдеріне талдау жасай келіп, белгілі ақын, сындарлы сыншы
Төлеген өлеңдері туралы пікірін былай қорытындылайды: Көркем хұсни дүние
өзін көпке іздеттіреді. Іздеттірсе ізгі, игі өнер деңіз. Талантты ақын
Төлеген Қажыбаев шығармашылығы жұрт іздейтін, жұрт ілтипатына татитын
деңгейге жеткен.[11]
Қазір мәдениеттің өзіне өгейси қарап, осқырынып жүргенде әдебиет пен
өнерге деген пиғыл-пейілдің онша еместігіне екінің бірінің көзі жетуде. Сол
екінің бірі дегеніміздің де қалталары қалың, ақшаларын оңды-солды шашып,
жоқтан өзгеге жұмсап мәз боп күліп, талтаңдап жүргендер емес, бірде тоқ,
бірде қоңторғай күй кешудегі қоныр көпшілік. Қалай десең олай де, тұрмысты
сана билейді дегенді жүз Лихачев айтса да (кәдімгі атақты академик
Д.Лихачевтің солай деп жазғаны бар), бәрібір тұрмыс билейді сананы. Әуелі
қарынды бір жайлы етпей, іші шұрылдап жүргеннің кітапқа қарап, театр,
сауықтарға бармақ түгілі бастарының қайда қалғандарын білмейтіндерін
естігенбіз де, енді көрудеміз. Бірақ санасының саңылауы барлардың мұны
ойламайтындары аз. Ондайлар іштей назаланады, қынжылады, ренжиді, кіжінеді
де. Япыр-ау, күні кеше ғана емес пе еді, кітап іздеп сабылып, дүкеннен
дүкен қоймай аяқ тоздырып, таныс-тамырларына қиылып, қолқалап, дамыл
таппайтындары... Ол күндер енді келмеске кеткен.
Төлеген ақындығын көпке танытқан Жыр ғұмыр жинағы туралы, белгілі
қаламгер, жерлес жазушы, Мәмбетәлі романының авторы марқұм Нөгербек
Мағзұмов былай деген екен:
Әлем-жәлем мұқабалары көз қарытатын көршілес Ресейден шығып жатқан мән-
мағынасы да ала-бажақ кітаптар толып жатыр... Бұрыш-бұрыштан
кездестіресің... Ал, қазақ кітаптары қайда? Қазақстан деп аталатын мемлекет
әуелі қазақтікі емес пе. Мемлекеттік тілі де қазақ тілі. Бірақ сол тілдегі
кітаптар жоқ, бар болса некен-саяқ. Соларының өзін сатып алатын қазақ
байғұстар аз. Не керек, бұл тарапта жетіспейтіндер, жоқтар, жығылғанға
жұдырық толып жатқан түрлі келеңсіздіктер жетерлік. Ақын Төлеген
Қажыбаевтың өткен жылы жарық көрген Жыр-ғұмыр[12] өлеңдер мен балладалар
жинағы қолыма тигенде осындай көңілсіз күй кештім.
Төлеген Кажыбаев сонау алпысыншы жылдардың бас кездерінен бастап-ақ
өзіндік үн-өрнекпен, өзіндік бет, қолтаңбасымен көрінген талант. Оның
ақындығы айқайлап-арындап, кеуде соғып, алқынып өңмендеген ақындық емес,
сабырмен сырғып, жайымен жылжыған, еңісі енді, жайылым-жазығы кең, өрісті
өзенді елестетер еді. Мұның айғағы, оны еселей үстеген шабыт та тасыта
алмаған, көңілге кірбең салған реніш да жасыта алмаған. Өзінің күнделікті
өмір-тұрмыстағы сабырлы қалпы қандай болса, поэзиядағы шығармашылық салты
да содан таймаған. Оны әр жылдардағы өлең-жырларынан анық аңғарасыз. Ол
дарынды драматург, арналы да шебер жазушы алғашқы Жол басынан басталатын
Жанымның жапырақтары, Жырлайды жүрек, Сексен көл сылдыры секілді жыр
жинақтарын, сондай-ақ Айналайын атыңнан, Құлан қырғыны, Махаббат
әні, Қан кешу Алдияр, Хан Кене, Жеті желі сияқты драмалар мен
дастандарын, прозалық шығармаларын да жеке-жеке кітап қып шығарған. Мұның
бәрі талмай іздену, аянбай тер төгіп еңбектену, шеберлік шыңдау, соныдан
соқпақ салып, өзіндік жол таппаққа талпынған жемісті жылдардағы айтары мол
арқалы ақын екендігін айғақтайды. Ақынды өмір өріне де, өнер төріне
жетелеген, әрине, оның табиғи дарыны.
Ақындық азап–ләззәтті азап, тәтті бейнет, сонымен қатар жаныңды биікке,
жоғарыға ұшыратын қиял-қанат еркіндік. Дүниедегінің бәрін ұмытып, өмірдің
күйкі күйбең күдігін тәрк еткен азат, мағжаншылағанда көкте-күн көпке нұр
шашатын, көңілге алса ғарышқа да асатын; өзі-патша, өзі-қазы, өзі-би;
мейірленсе сегіз жұмақ қасында, қаһарланса-тамұқ даяр жолында. Жоқ жақыны
жасағандай жалғыз, иілмейтін өлсіз адам ұлына... өзі-тәңірі, өзіне-өзі
табынған шабытты шақта туғызған, ешкімнің бет-жүзіне қарамай турасын айтар
кесімді өткір семсер сөз?! Халық мүддесін қорғайтын қырағы көз, құлағы сақ,
тілі өткір шыншыл ақындар ғана табан тірер тайсалмас жырды тудырар.
Таңдайға татыр тұшымды сондай түйіндер Төлеген өлеңдерінен де жиі
ұшырасатыны қуантады. Ол сонау 63-інші жылы жазған Жастық әуені өлеңінде
айтқан:
Жығылсам биіктерден жығылармын,
Жығылармын, сан сырды ұғынармын,
Өмірімнің үйреткен шындығы сол,
Шындығы сол - жығылмай шынығар кім?[12.31-б] - десе, жыр
сапарындағы уәделі сертіндей ұстанған сол сөзінде тұра білген арынды ақын
жұртына жақын. Соғыс сұмдығынан сор кешіп, әке алақанынан аластатқан сол
сұрапылға сүзіле отырып сыр шерткен, әке рухына бағышталған ақкөңіл аңсау
өлеңінде де жырдың тайғақ, тар кешуіндегі соқпақты жолды мұрат еткен
мақсатты бағыттан танбағаны, ой тоқтатқан одан кейінгі жылдарындағы
салиқалы шақтарында да өсу, шеберлік шыңдау кездеріндегі азаматтық асқақ
үні сындарлы да мәнді. Сол тұстардағы (60-шы ж.) жазған мына бір шумақтар:
...Қара шал күй сазымен теңселеді,
(Бір-ақ уыс, бір кезде еңселі еді).
Қобыз үні қылқынып шықпай қалар,
Ел азасы есіне келсе тегі... - деп толғанса, мүнысы Ілияс
Жансүгіровті көз алдыңа келтірер. Ал, Махамбеттің монологындағы:
...Сұңғыла сүңгі, ақ балта,
Қаруым болды асынған.
Қорегім болып көк малта,
Бөрідей жорттым ашынған...
Азаттық билеп еркімді,
Теңдігін көптің тіледім.
Менсінбей өтсем хан тағын –
Мәрттігім болар тегінде.
Атқызбай жүріп жау таңын,
Шарт сынуым тегін бе? - десе, есімі әйгілі Махамбеттей
екпіндейді.
Жүрегіңді сыздатқан мына суреттер ше?
Суды сызған сұқсыр құстың бауыры,
Жас арудың жанарындай жарқ етті.
Солқ етті де қара жердің сауыры,
Қамыс басын шайқаған үн саңқ етті.
Жалғыз оқпен бір ғұмырды тауысып,
Әккі мерген суды кешіп барады.
Сыңқылдаған сұқсыр құстың дауысы,
Жүрегімді жаншып өтті жаралы.
Осыны оқып отырған сенің де жүрегің жеміріліп, жаның жабырқап жүдеп,
жаншылып қаласың. Әне осындай күйге түсірген күш сезім-түйсігіңді баурап
алған қуатты жырдың қарымы екенінде дау жоқ. Бұл ақынның қаламынан туған
туындыларды жинақтап, қаламгер өнерінің сан сырлы қырларын ашқан Жыр
ғұмыр атты жинағындағы татымды жырдың бірі.
Жинақ Жол басы, Жанымның жапырақтары, Жырлайды жүрек, Сексен көл
сылдыры, Жыр арнау деген бөлімдерден құралған. Олардың басым көпшілігі
жоғарыда аталған жыр жинақтарына енген шығармалар.
Көкшетау кестелері айдарынан түзілген өлеңдер ақынның ел, туған өңір,
табиғат, адамдары жайлы, көрікті өлкенің өрен өнер саңлақтары – ел ардағы
абзалдары, еркелері – сал-серілері туралы көркем сурет, кестелі ой, нәзік
сезім, сырлы ауан, келісті келбет кейіптеген келелі керім иірімдер...
Бұлардың қайсысын оқысаң да жаныңды жадырата жебеген, сонысымен әсем
әдемілікке енгізген, көңіл көкжиегіңді кеңейтіп, жан жылуын шуақтатқан
әсерлі дүниелер. Сондай-ақ:
Теңіздер қанша жағасын жатқан тепкілеп,
Заңғарлар қанша тағандап жатқан көк тіреп (Алтын
босаға),
Жамылып мүктен түкті ішік,
Бүлкілдер бұлақ таңдайы.
Бусанып жатыр бүк түсіп,
Тершіген тастың маңдайы, немесе:
Қосылып желмен ән құрар,
Қынама белді жас шілік,
Жапырақ болып қалтырар,
Үзілмей қалған тіршілік...
Арудың сүйер тамағын,
Тыншыған жаздың самалы,
Жел көтеріп барады,
Боз тұманның балағын (Күз өрнектері) - секілді айшықты
бояулар табиғат күйін тербетеді. Мұндай көркем көріністер жыл мерзімдері,
түрленген табиғат тынысы тоғыстырған басқа өлендерінде де баршылық.
Сүйсінтіп сүйінетін сондай сері сезім, суретті-сазды әсерлі сөзін жинақтағы
Жартас, аққу, күміс көл, Құс үні, Көне диірмен, Ала өгіз жайлы жыр,
Әке белгісі, Бұлбүл құсым, Сыйластық, Гильза қоңырау, Анаға хат,
Сыр перне, Қоңыр өлең – сырлы әлем, Қараша қаз, Шоқан ізі сияқты
өлеңдеріндегі шуақты шумақтар да аз емес. Осы аталғандардың ішінен Ала
өгіз жайлы жырдағы:
Мөңкіп кеткен ала өгіздің үстінен,
Қала бердім қыр басында домалап.
Елемедім күлген көптің назарын,
Жығып кетті деп несіне қорынам.
Қала бердім, балалықтың базарын,
Ала қашқан ала өгіздің соңынан, - деген жыр жолдары бір
кездегі аяулы Еркештің Қолшана деген өлеңін еске түсіреді. Онда Еркеш
Ибраһим:
Кенет шанам асау тайдай бұлт етіп,
Төрт-бес аунап кеткенімді білемін.
Содан бері мен сырғанақ теппедім,
Шанамды да іле қуып жетпедім.
Балдан тәтті балалықтың базары,
Білмей қаппын сол шанада кеткенін![12.21-б] - деп
өкінген... Еркеш ағасымен құптарлық үндестігін Көне диван өлеңіндегі
шумақтар да дәйектей түседі.
Тойымсыз, тажал тоғышарлықтан тайраңдап терлігін дымдап, жымқырып
шайқап, шалқақтап жүрген жүгенсіз жортақ ашкөздер туралы да дәл айтқан.
Тоқтық пен жоқтық десек те әмен егескен,
Күн кешу қиын алдамшы жалған елеспен.
Құлқынның құлы қоғамға қауіп қашанда,
Өмірді мынау өлшеген қызыл өңешпен. Өткен тарихымызға,
сондағы мүлт кеткен сүрініс-қабыныстарымызға, өкініш-опыныстарымызға атаққа
таудай, беделге бекем қарамай ақындық айбар, турашыл кесім-үкіммен тіке
діттеген жаныңа ауыр, ауыр да болса ақиқат мына пікірді Алатаудай асқар
қазақтың асыл арысы Ағыбай батырдың өзі де сөзсіз мойындар:
Ағыбай батыр бұл қалай,
Өз қолыңнан көмбедің,
Көме алмасаң көме алма,
Науанмен ноқта қосақта
Неге де бірге өлмедің?..
Осы бір ащы шындықты зерделі ер, асыл сүйек Ағыбай батырдың өзі де
ойлап баз кешпегеніне кім кепіл?...
Алайда мынаны айту парыз: ойыңды қозғап, жайбарақаттық жайлаған жосықсыз
жайдақ, арсалаң қылыққа саналыда сенім жоқ екенін ашып айтқан ақындық пайым-
позиция аталмыш кітаптың өн бойынан байқалады. Бәрін бірдей атап-тізіп
жатпай-ақ ақын туындыларын елге, елін сүйген ерге, өмірге, қоғамға, тарихқа
деген азаматтық позициясын айқындай түскен таза жүректің лүпілі, сүйініш-
күйінішін егілте төккен көңілдің ақ пейіл ыстық ынтығы десек, жаза
баспаспыз. Мақтау, марапаттау сөз ұйқастырған екінің бірінің қолынан
келеді. Ақын әуелі заманының сыншы-қазысы, уақытынан озық тұратын әулиедей
барлаушы, батыл ойлы білгірі. Қазіргідей құрғақ уәде, сылдыр суайт бос
сөзден мезі халықтың жанына шипа ем іздеген рухани арқа сүйенер жанашыры-
жақтасы... - Танымал ақын, сөз салмағын түсінер қалам иесінің бұл ойын
жазушының Жыр-ғұмыр атты өлеңдер жинағы туралы айтқан жерлес жазушы,
үлкен қоғам қайраткері Мәмбетәлі Сердалин туралы тәлімі мол роман жазған
марқұм Нөгербек Мағзұмовтың осылай деген сөздері толықтыра түседі. Әрі бұл
пікір жазушының барша шығармашылығына ортақ. Төлеген Қажыбаевтың Жыр-
ғұмыр жинағын оқығаннан түйгеніміз осы. Жұртына ғұмырлы жыр ұсынған
ақынның бұл кітабы 500 таралыммен ғана шыққандықтан қөпшілік оқырман қолына
жете алмады.
Осы жинақтағы ақын жырларының ең айшықтылары туған өлкесі – Көкшетау
табиғатына арналған, сол ортаны жастайынан тани білетін ақын Көкшенің
көркін аша түсетін айшықты жыр жолдарын таба білген.
Ақын өлеңдерінен көз алдыңа алыстан мұңартқан тауларды, олардың етегін
жайлап өскен қалың қарағай мен сәнді қайыңдарды елестетесің. Қыранның
салған әніне бар төңірек тына құлақ түріп, табиғат бір тыныштық кұшағына
еніп, ән ырғағына бейімделіп, үйлесімді қозғалыс жасағандай сияқты:
Қарағайлар қолын созып заңғарға,
Жел оралып қайың, терек, талдарға,
Қыран үнін тыңдар еді-ау толықсып,
Талмау шақта адам түгіл аңдар да
Жан жадырар жаны бөлек сазды ұғып,
Тыңдар еді-ау жапан дала, жазғы бұлт.
Егілетін Қалдырған боп қарт жүрек
Гәкку болып егілетін назды үміт.
Жалғызтаудан жамыраған бұлақ та
Әнге елтіп жүгіретін жыраққа.
Қоскөл тұстан көтерілген аққу-үн
Күні бүгін күмбір-күмбір құлақта.[2,32-б]
Өлең жолдарының әсемдігі мен көңілге қонымдылығы соншалықты оқырман
Гәкку мен Қалдырғанды Ыбырайдың өз аузынан естігендей күйге кешіп,
тәнті болады.
Иә, даңқ пен қуаныштың жанында бүркеніп сатқындық пен көре
алмаушылықтың жүретіні сөзсіз. Қарапайым халық арасындағы аштық пен
зобалаңды, үкіметтің солақай саясатын, асыра сілтеушілікті бүкпей айтқан
қарт ақынымыздың кейінгі өмір азабын ақын былай баяндайды:
Қыран үшты Жалғызтауға қона алмай,
Сол ұшқаннан кете барды оралмай, - деп халық батырын
іздейді.
Іздейді де, мәрттіктің түбі оны мерт еткенін, ел мұраты жолында опат
болғанын жүрегі езіліп, қабырғасы қайыса, қайғысы қара бұлттай болып жырына
қосады. Ақынның басқалардан ерекшелігі мен артықшылығы да осында ма дейсің.
Мұхтар ағамен мұңдасу атты жырында ұлы Мұхаңның мынау жалғанда көп
көрген азабын, теңсіздіктің тозабын сілкіп тастаймын деген алпарысын
көрсетуді мақсат тұтқан, Алашым деп атқа мінген көп асылдардың бірі-қалың
елін, қазағын жетелеп, асу бермес ұлан белге өрлеп бет алғанын әдемі
шумақтармен өріп, дестелей жырға қосады. Жұртын тектілермен теңестіремін
деген арпалысын ақ қағаз бетіне сурет етіп түсіреді. Абай болып күңіреніп,
маңайына шуақ нұрын төккен абзал жанды жағадан алып, етектен тартқан
төменгілерді сынап, мінейді. Ақыннан әкімі көп ел болашағының бұлдыр,
көмескі екенін ескертеді, абайлатады; ғұлама көкейін тескен мұңын шағады,
құсалығын білдіреді. Бара - бара мыңмен жалғыз арпалысқан Абайды көзге
елестетеді.
Мен де өзімді жани - жани жұқардым,
Бықсыдым да от боп қайта тұтандым.
Ел аманда саудаға сап Семейді,
Қорықсақ етті аруағынан Мұхаңның.
Қорықпадың қорқа алмадың ұлыдан
Сезім қалды ескі жұртта ұлыған.
Кешір, Мұха, келте пішкен ұрпақты;
Көкірегімде селт етпейді - сулық ән, - дейді акын.
Т.Қажыбаевтың бауырынан балапандай боп өрбіген жылы да шуақты жырлары
елінің заңғар, біртуар өнерлі, есіл ерлер мен өрі мен кыры бірдей ер
азаматтарын әспеттеуге арналған. Мысалы: Ән-Шәмшісі, Күй Қаршыға т.б.
Республика көлеміне танымал жазушы, ақын, драматург, публицист, майталман
журналист Т.Қажыбаевтың жиырма бірінші ғасырдың өрінде шығарған кітабы
Жеті желі. Жеті желі – жеті арна; жеті соқпақ делінген автор ойын
аңдатады. Бұл кітаптағы автордың толғаулар мен дастандар желісі Қанай
дастанмен ашылады. Ту баста Абылайды хан көтерген, қамқоры қарауылдың
шешен Қанай, -деп атақты Мағжан жырлаған бидің 300 жылдығы аталып өткенде
жазылған бұл дастан айтулы бабамыздың кім екенін оқырман қауымға танытып,
білдіріп тұр.
Хан көлі толғауы да көңіл тояттатып, толғантатын шығарма. Көкшетау
қаласының оңтүстігіне қарай 50-60 шақырым жерде Абылай хан ауылы мен бір
кездері аққу ұшып, қаз қонған айдын көл кездеседі. Оның Хан көлі деп
аталатынын көпшілік жүрттың біле бермеуі де мүмкін. Төлеген Қажыбаевтың
арқасында осы көл өмірге қайта келгендей. Әттең оның бұрынғы халі, жыртылып
айрылатын үйрек - қаздары көзден бұлбұл ұшқан. Аңдары қойдай өрген өңірде
саршұнақ пен тараққұйрық қана анда - санда бастарын қылтың еткізіп қалады.
Ну бетеге, көкқұрақ ырымға жоқ. Осының бәрі ақынға ой салмай қоймады.
Кене хан кеңес шақырып,
Наурызбай садақ иген жер.
Серілер таңды атырып,
Сұлуды құшып сүйген жер.
Сабалы жыры сарқылмас,
Жыраулар зарын төккен жер.
Батыры жаудан тайынбас,
Қанына қалмақ бөккен жер, - деген жыр жолдары көл
жағасында бір кезде Абылай атының су ішкені, оның ұрпақтарының осы жерде
өсіп - өнгенін баяндап түр.
Кітаптің келесі желісі - Жыр арнау. Ол қазақтың текті, уакытты өкпек
дауылына төтеп берген, шарболат ұлдарына арналған. Тектілік Ілияс
Есенберлиннің, Көкшенің ұлы - Еркін Әуелбековтің, Аза сөзі, халық ақыны
Көкен Шәкеевтің рухтарына, Жез киік К.Салықов, ал Дарабоз халық
жазушысы Сәкен Сері Жүнісовке арналыпты.
Бүгінге дейін елу шақты жинақтың авторы атанып, үлкенді - кішілі
оқырмандарын өмірдің күнгейі мен көлеңкелі тұсының тылсым сырына үңілдіріп,
жақсылығы мен жампоздығын бойға дарытуға ұмтылушылықты ұғындырып жүрген
озық қаламгерлердің бірі-ақын Төлеген, жазушы Төлеген! Ақындық, жазушылық,
драматургтік тәрізді қасиетті де киелі өнердің тізгінінен тең ұстаған,
дертпен тең сөз өнерінің ауыр азабын арымай-талмай арқалап, қазақ әдебиеті
деп аталатын қордалы, телегейлі ортақ мұраға толағай күшпен үлес қосып,
алуан жүйріктердің қатарында сұлу сөзбен сәулетті сурет салып, адам жанына
нәр беруді азаматтық борышым деп ұққан Төлеген талай - талай тарихи
пәлсапаға толы, дерекке сүйенген дауыл жыр, дастандар туғызды. Хан Кененің
қазасы, Алдияр атты төрт көріністі тарихи трагедиялық драмаларын ұсынды.
Алғашқысы жырмен өрілген поэтикалық толғанысты, тасқындай қуатты дүние.
Екіншісі қара сөзбен десек те, Хан Кене мен оның сағы сынбас сардарларының
өр рухты тілінде төгілген кесек шығарма. Бұларда қанды кек, өшпес реңк,
батырлық мәрттік, туған ел мен жерге деген, өшпес сүйіспеншілік бар. Оқыған
жанды жайбарақат қалдырмайтын бұл туындылар да әлдебір режиссердің
кеудесіне шоқ салары, сөйтіп сахна сәніне айналары сөзсіз. Әдеби
көркемдігі, тілінің құнарлығы, оқиғасының шиеленістілігіне қоса бұл
шығармалар тарихи тұлғалар өмірінен алынған деректі хикаялар ғой. Ұлттық
батырларымызды жаңа қырынан сыйпаттаған құнды дүниелер.
Жалпы Төлегеннің жырлайтын тақырыбы–туған халқы, кіндік кескен
жері, оның тамылжыған табиғаты, тау - тасы, тіпті дауылдата екпіндете
соққан желі мен қарлы бораны, қасиетті адамдары мен дос - жарандары.
Туған ауыл қоңыр әнін,
Қоңырлатып саласың.
Көкірегімнің қоңырауын,
Күмбір - күмбір қағасың, - деуі соның айғағы.
Ел мұратын, халықтың біртұтастығын ойлап, сол жолда тынымсыз еңбек
ететін Т. Қажыбаев өзінің туған халқының ру - руға, жүзге бөлініп,
бір–бірін жау санап өзін-өзі қажауын сынайды. Шендестіру тәсілін шегіне
жеткізе білген автор шешен сөйлейді. Жүйріктің өз тұяғынан ұшқан тозаңды,
оның алдына түсіп қайыру–қандай қарқын, қандай шабыс! Сақара баласының
саңлақтығы керек болса керек, жырға мынандай ұтымды шыбықтар-өрімдер табу
үшін!
Шала орнаған социализм шаңырағымыздағы қимас қымбаттарымыздан айырып,
қазақтығымыздан қожыратып, мәрттігімізді божыратып бағыпты-ау...
Жылдардан иіні жаншылып,
Еңсесі кеткен бүгіліп,
Жаңбырда қалса малшынып,
Кетер ме дерсің үгіліп?!
Бұл ата - ананың ізі, көненің көзі кәдімгі үй, баланың өзі туған үйі
туралы өлең. Уақыт уатқан, жылдар жұлмалаған үй... Совет өкіметі сілікпесін
шығарған ежелгі ауыл сиқы...
Шаң сілкіп, тоң айырған сан тұяқтың,
Астында жер жылаған, жасын сығып.
Мұнда айқын-ашық бояулы сурет бар. Мұның аты - мимырт күнкөріс емес,
дуылдаған тірлік! Шаңды сілкілеуіне қайран қалмасаң да, тоңды айырған
түяққа таң тамаша боларсың-ақ! Өнерге мадақ атты өлеңінде Төлеген
өлеңінің төркіні басқаша күйге көшеді:
Айтуға да болмайтын,
Айтпауға да болмайтын,
Ебіл-себіл күйдемін.
Болмаған соң, сөйтесін
Күйшіде-сын, күйде - мін.
Құтырынған қу тақтай,
Сұңқылыңнан күйгенмін.
Сөйте-тұра, үніңді
Өліп - өшіп сүйгенмін.
Күй тартқанда буырқанып.
Теңселеді бар ғалам.
Еркелікті көтермейтін,
Мынау ессіз заманда
Серілігіңе таң қалам - деп Сәкен Серінің дарабоздығын
жырына арқау еткен. Ал, Драмалар атты желідегі Ұмытпа мені Гәккуімді
бұдан бірнеше жыл бұрын театр сахнасының төрінен көріп, тамашалау құрметіне
ие болғанбыз-ды. Трагедиялық шығармада атақты әнші, талантты халық
композиторы Үкілі Ыбырайдың және онымен бірге ит жеккенге айдалып кеткен
Молдахмет, Сақай, Сағидің бастан кешкен жантүршігерлік оқиғаларын көріп,
жүртшылық жағаларын ұстаған және сол кездің солақай саясатына лағнеттерін
жаудырған. Ел еркесі Ыбыкеңе Халық жауы деген жала жабылып, неліктен
айыпталғанын ешкім білмеген. Жапон агенті деген кім? Ол қандай кісі?
Неліктен ол ел аралап Кеңеске қарсы жау ұйымдастырады? Өйтсе, ол адам да,
хайуан да емес, әншейін алыстағы бір ел болып шығады. Болған оқиға осы. Ал,
автордың шыгармашылық шеберлігінің арқасында ол драма болып, сахна төріне
шықты. Сөйтіп, ел еркесі Ыбекең халқымен "қайтадан, бұл жолы мәңгілікке
табысады. Бірақ оның, 70-тен асқан қарияның нақақтан төгілген қаны кімге
жүктеледі, кім көтереді оны? Бұл шығарманың тақырыбы, шындығында
көнермейтін, мұқалмайтын дүние, кейіпкерлері көрерменді, оқырманды бейжай
қалдырмастай сомдалған бейнелер. Олардың әр лебізі өз ішкі болмысынан,
көңіл күйлерінен хабар беріп отырады, ал қым-қуыт тағдыр талайы тартысты
ғұмырға телімді. Сөйтіп, Қазақ даласын әндерімен, сәндерімен тербеп
өткендей құбылыс болып туа салған Ақан сері мен Біржан сал, болмаса Үкілі
Ыбырай туралы толғаныстарды оқысаң, Төлеген Қажыбаев солардың жолын қал-
қадірінше жалғастырып жүрген ұрпақтарының бірі-ау деп ойлайсың.
Менің туған өлкемде,:
Көк жебелі сезім боп,
Әлсін-әлі түйредің.
Табан асты бақсы боп,
Күйік күйге егедің ...
Отты сезім, жебедей өткір сезім. Лепті тебіреніс. Ата-бабаның күйшілік
өнерін көкке көтере ардақтауы асқақ мақтанышпен суреттеледі. Тағы да өзгеде
жоқ өз өнерімізге табыну бар. Туа қалған тың дүниенің тілге тиек болып,
бөлек аталуы–сол автордың шығармашылығында мұндайдың кездеспеуінен өмес,
жалпы сол ұлттың әдебиетінде ұшыраспаған үлгі дәрежесіне көтерілгендігінен.
Абыз-қобыз атты жырында да автор өткен заманнан бізге, бүгінгі қазақ
жастарына мирас болып бұйырған музыкаға–далалық симфонияға мұсылмандыққа
мүлгіп ұйыған діндардан бетер табынады:
Боз інгеннің бас терісін қаптаған,
Шанақ шетін күміс шекіп, қақтаған.
Иір мойын иіп тастап боздаса,
Иіп салар аруанаң да ақтабан.
Жұп-жұмыр жыр. Иір мойын иіп тастап боздаса! деп отырғаны тірі аруана
емес, - кәдімгі қобыз... Ендеше қобыз аруанаға айналып тұр! Дарын
дәрменділігі дегеніміз міне, осы!
Өз замандастарының бәріне ортақ тағдыр тауқыметін Төлеген ақын табан
аудартпай танып, өлеңімен оқырмандарға да танытады:
Төрден орын тебе алмай,
Иек астын көре алмай,
Бұлың-бұлың күн кештім,
Сен дегенде сене алмай.
Төлеген Қажыбайдың О, тоба атты өлеңі Сырбай Мәуленовтің соғыс
даласында снаряд жарықшағынан өлген биеден туған жас-төл туралы шығарған
Құлын атты мадақты жырымен өзектес. Бұнда да тіршілік жалғастығы тамаша
өрнектелген.
Ақынның жыр жолдарынан өзіндік сөз қолданыстарын, қазақ тілінің
суреткерлік қырын ұштай, тереңдете түскен сәтті жолдарын молынан кездестіре
аламыз:
Теңіздер қанша жағасын жатқан тепкілеп,
Заңғарлар қанша тағандап жатқан көк тіреп
(Алтын босаға)
Жамылып мүктен түкті ішік,
Бүлкілдер бұлақ таңдайы.
Бусанып жатыр бүк түсіп,
Тершіген тастың маңдайы, немесе:
Қосылып желмен ән құрар,
Қынама белді жас шілік,
Жапырақ болып қалтырар,
Үзілмей қалған тіршілік...
Арудың сүйер тамағын,
Тыншыған жаздың самалы.
Жел көтеріп барады,
Боз тұманның балағын
(Күз өрнектері)-айшықты бояулар табиғат күйін тербетеді. Мұндай
көркем көріністер; жыл мерзімдері, түрленген табиғат тынысы тоғыстырған
басқа өлеңдерінде де баршылық.
Азаматтық құлшынысты жадынан шығармау кісілік екенін ақын Төлеген
Қажыбай төрт жолдық жырмен де иландыра уәждейді:
Бойыма қарама сен қаршығадай,
Жарысқа қосылман тер тамшыламай.
Желбуаз жабыларға қоспа, жаным,
Жортақтар жолға шықпас қамшыламай...
Азамат өзіне-өзі баға бермей, өресіне безбен салмай, өрге тартпайды,
өспейді.
Болмадым көлеңкесі биіктердің,
Болмадым күйіктісі сүйікті елдің.
Тағдырға разы көңіл, шүкірана,
Демейді: Не берсең де, үйіп бергін!
Қанағат пен ынсап та – азаматтықтың бір нышаны.
Төлегеннің тегеуірінді жырларында ылғи да ұлттық мінез, қазақи қылық
жатады... Қадым замандардан бері қалыптасқан, жинақталған, сұрапталған
дәстүр мен салтты қаршадайыннан көріп, қанына сіңдірмесең, қолыңа қалам
алғанмен, тіліңе оралмайды. Қазіргі; қазақтар соны елемей, Е, қойшы, онда
не тұр, дейсің?, - деп балаларына кішкентай кездерінен үлгі-өнеге жасап
көрсетпей, өздеріне жасатпай, немқұрайды қарайды. Ұлттық мінезде ұсақ-түйек
жоқ, кері тартпа кесір де жоқ. Ерте замандікінің бәрін ескірді деп,
немқұрайды қарап келгеніміздің бәрі-ойлап барып безбенге салсаң мәңгі
тозбас мәнді тағылым екен ғой!
Өзіміздің өнегелімізге өзгенің көзімен қарап, баға береміз деп, ұлы
ағамызға ұнамайды-ау деп ұлағаттығымызды жасырып, істемегенді істеп
бақтық... Содан не таптық?! Жас бала жалпы халық тірлігіндегі әрбір әдет-
ғұрыпты, тұрмыс үрдістерін көріп, қолымен ұстап өссе игі..
Малмаға түскен қайыстай бауры жайылып,
Жосылар жүйрік тозаңды алдан қайырып.
Ентелеп қалған есірік сезім қамшылап,
Тапырақтай топай торы да таңын айырып.
Көп түстің-ау қатал тағдыр тезіне.
Тектілігің, тайғақ тұста байқалсын.
Құз түбіне батып барып қайтарсың.
Ұлылардың Отаны едің, Көкшетау,
Шаңырағың неге ғана шайқалсын!
Шамырқандым шабыт-қанат күйгесін,
Ұраным сол – уақыт алға сүйресін!
Тектілердің тірегі едің, Көкшетау,
Аппақ ордаң неге ғана күйресін![13]
Жазушы Төлеген Қажыбай туған ел табиғатын суреттеу арқылы адамның ішкі
дүние сезімін, елдің әлеуметтік өмірін, ізгі дәстүрлерін, қазақ халқының
ұлағатты тарихын тамаша өрнектей алған. Туған ел табиғатының келісті
келбетін, соған деген өзінің сүйіспеншілігін, туған жерінің өз перзентіне
деген мейірімін суреткерлік танымы тұрғысынан бейнелеген.
Тау келеді Шалқар көлді иықтап,
Түн серпілді жатқан марғау ұйықтап.
Сақ-сақ күліп самғай ұшты шағала,
Ақ толқынды ақ қанаты сүйіп қап, - деген Шалқар көлі
өлеңінде табиғаттың, болмыстың бір мезеттегі, бір сәттегі қалпын дөп басар
ұтымды суреттер ізін салған. Ұйқыдан серпілген түн мен самғай ұшқан шағала
кейпін әсем бейнелеген ақын өлеңнің соңғы шумағында толқын тербелісінен
қайраты қайтпас өр мінездің екпінін танытқандай сөз өрнегін көсіле тартады:
Шалқар жатыр, әлсін- әлі толқыны
Қасарысқан қара тасты соқты іреп.
Енді бірде тулаған толқынның екпінін тасып, табиғаттың тылсым күшіне
нәзіктік сипат еңгізгендей әсерлендіреді, бойыңды ыстық сезімге бөлейді:
Толқының жұмсақ алақан,
Сипайды тастың жарасын.
Төлеген Қажыбай шынайы суреткер ретінде өз тіршілігіне, арпалысына үн
қоспай, қатынаспай, араласпай қалмақ емес. Өмір шындығын селқос суреттемей,
өз көзқарасын, жан-сезім толғанысын сол шығарма өрнегіне төгеді. Жетімектің
күйін кешкен туған табигат пен сілікпесі шыққан туған топырағының ащы зары
ақынның жүрек лүпілінде... Ой-сезім толғанысы табиғатпен үндескен ақынның
жүрек жарды өлеңдері ақынды табиғатпен бірге елжіретеді, табиғатпен бірге
күрсіндіреді.
Бурабай өлеңінде контрастық жайларды қолданған ақын бірде табиғат
тамашасын тарту етсе, енді бірде табиғат тозығын үйлестіре, суреттейді.
Тыңдар еді-ау жапан дала, жазғы бұлт.
Егілетін Қалдырған боп қарт жүрек.
Гәкку болып егілетін назды үміт.
Жалғызтаудан жамыраған бұлақ та
Әнге елтіп жүгіретін жыраққа.
Қоскөл түстан көтерілген аққу-үн
Күні бүгін күмбір-күмбір құлақта.
Өлең жолдарының әсемдігі мен көңілге қонымдылығы оқырманға Гәкку мен
Қалдырғанды Ыбырайдың өз аузынан естігендей әсер етеді. Иә, даңқ пен
қуаныштың жанында бүркеніп сатқындық пен көре алмаушылықтың жүретіні
сөзсіз. Қарапайым халық арасындағы аштық пен зобалаңды, үкіметтің солақай
саясатын, асыра сілтеушілікті бүкпей айтқан қарт ақынымыздың кейінгі өмір
азабын ақын былай баяндайды:
Қыран үшты Жалғызтауға қона алмай,
Сол ұшқаннан кете барды оралмай.
Бауыр басқан мекенінен бездірген,
Қандай ғана безбүйрек жан, ой, аллай,
Қыран кетті Жалғызтауын қия алмай,
Көздің жасын төгіп өтті-ау тия алмай,
Артта қалған карт қыранның әніне
Кей пенделер косылып жүр ұялмай.
Солақай саясаттың шеңгеліне легіп, нақақтан-нақақ құрбаны болған
аяулы азаматын жоқтаған Жалғызтау жетімсіреп, жүдеп, кыранын іздеп
күңіренгендей. Ал, кезінде Ыбырайдың әсем әуеніне сусындаған ел ендігі
жерде үкіметтің ұзын құрығынан қорқып, қарт әншінің атын атап, өлеңін
айтуды үрей көрді. Тек Жалғызтау ғана қарт қыранын аңсағандай:
Осы қайғы бар қайғының ауыры,
Бастан көшті дімкәс дүние дауылы.
Әлі күнге қарт қыранын жоқтайды,
Жапан дала Жалғызтаудың бауыры.
Желпіп самал Жалғызтаудың мұнарын,
Іздер, күнде зау биіктен қыранын.
Шынында да, жылдар өтіп, заман өзгергенде, ақиқат пен шындық оралғанда
асылдың жасырынып қалмасы сөзсіз. Төлеген ағасы – қарт ақынның арманын,
қалдырған мүрасының талай ұрпаққа жетерін, тыңдаушысын әлі талай
сүйсіндірерін тамаша шеберлікпен көркемдей түскен:
От күйіктен өртенер де мұздамақ.
Өлгенімнің орны толар күні ертең,
Жалғызтауға ұя салса мұзбалақ.
Ел сенімін тал бесіктей тербетіп,
Өссін қыран еркіндікте ержетіп.
Жайдың оты түсті де
Жайрап қалды анасы,
Саулады сүт үрпіден,
Дертіп жатты-ау шамасы.
Тоя еміп саумалды,
Құлыншағы–баласы.
Шыға берді ойнақтап,
Көңілде жоқ наласы.
Жатты бие төбеде
Бар тірліктен шет қалып.
Көкшіл аспан, жасыл маң
Жанарынан кетті ағып.
Қарға, құзғын қияда,
Қасап шақты жүр бағып.
Құлын-тірлік құйғытты,
Сар жазықты бетке алып.
Қарт шәулінің үзіп кеткен әуенін,
Қамсақтыдай сапырсын бір селдетіп.
Дейді халық орнында бар оңалар,
Жас түлек құс Жалғызтауға қона алар.
Сол қыранның қанатына ілесіп,
Көкшетауға ән-керуен оралар.[13,20-б]
Осылайша Төлеген Қажыбай өз шығармашылығында табиғат тылсымына толы өлке
Көкшеде туған жандардың жарқын бейңесін тебірене жырлайды, өмірді,
махаббатты, адамгершіліктің нұрлы сипаттарын, туған табиғаттың сұлу
суреттерін жырлайды. Халқымыздың ұлы перзенттері Абылай, Кенесары,
Наурызбай, Абай, Шоқан, Біржан, Ақан, Үкілі Ыбырай, Сәкен, Мағжан, Ғабит,
Мәлік, Ғафу сияқты тұлғалар жайлы ой толғайды.
Ерлік пен ездік, ар-ұят пен
Құз түбіне батып барып қайтарсың.
Ұлылардың Отаны едің, Көкшетау,
Шаңырағың неге ғана шайқалсын!
Шамырқандым шабыт-қанат күйгесін,
Ұраным сол – уақыт алға сүйресін!
Тектілердің тірегі едің, Көкшетау,
Аппақ ордаң неге ғана күйресін![14,3-б]

1.2 Ақын лирикасындағы өнер адамдары.

Сезімнің сыртқа шықпас түрі бар ма? Оны жасар адамның күні бар
ма?[15] –деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай, ақын үшін адам
психологизмі, яғни, рухани жан-дүниесі өзгеше бір әлем, тірлігі бар жанды
планета тәрізді. Иә, поэзия – арудай жұмбақ әлем, жаны – тұнған әсемдік пен
құштарлық. Міне, осы құштарлық пен әсемдік әлемі – лириканың басты шыңы
емес пе?! Лирикаға жан беретін де осы сезімнің отты нәзіктігі.
Адамның жан сезімін, көңіл-күйін тікелей, лирикаға тән ерекше
сыршылдықпен айтып жеткізудің ұтымдылығы өмір құбылыстарын сезімталдықпен
қабылдаудан, сезім-әсер байлығынан туады. Осы сезім сырын психологиялық
мотивировка жағынан шебер суреттеуге әдебиет тарландары алдарына жан
салмайды. Осындай сыршыл сезімге толы өлеңдерін өмірлік серік етіп жүрген
жерлес ақынымыз Төлеген Қажыбаев поэзиялық қуаты мол шығармаларымен өзіндік
үнін танытуда.
Ақын көркемдік шығарманы поэзиялық биікке көтеретін өмір шындығына қоса
оқырман көңілін аялап, сезімге шомылдырып, еріксіз ойға батыратын, мөлдір
сағынышқа бөлейтін лирикалық нәзік сезім иірімдерімен оқырман көңілінен
шығуда.
Төлеген Қажыбайдың сезім лирикасы тақырыбындағы айшықты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төлеген Қажыбаевтың драмаларындағы мінез
Төлеген Қажыбаевтың шығармашаларындағы троптар
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Жақан Сыздықов поэмаларындағы ақын шеберлігі және тіл көркемдігі
Естай Мырзахметов шығармашылығының қазақ әдебиетіндегі орны
1930-1950 ж.ж. Қазақстандағы музыкалық–мәдени мұраның ЖОО-да оқу–тәрбие үдерісінде пайдаланылуы
Жамбыл және оның ақындық ортасы
Т. Әлімқұлов шығармашылығындағы ұлттық психологизм
Сүйемелмен орындалатын шығармаға аннотация жазу
Жұмағали Тілеулин – ХХ ғ. көрнекті қайраткері
Пәндер