Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ зиялылары еңбектерінде



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I Тарау. Ұлттық зиялыларының қалыптасуы мен қызметі

1.1.Зиялылардың қалыптасуы (тарихнамалық
шолу) ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..16

1.2. Ұлттық зиялылар және ұлттық мемлекеттік идеясының қалыптасуы мен
тағдыры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...24

II Тарау. Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалысының мәселелері қазақ
зиялылары еңбектерінде

2.1.1916, 1917 жыл: қазақ интеллегенциясының
көзқарасы ... ... ... ... ... ... .. ... ...32

2.2.Қазақ зиялылары еңбектеріндегі мемлекеттік автономия
мәселесі ... ... ... ...41

ІІІ Тарау. Кеңестік саяси билік және ұлт зиялылары

3.1. Ұлт зиялыларының тәуелсіздік мәселелеріндегі
бағдары ... ... ... ... ... ... ... ..52

3.2.Қазақстанда Кеңес автономиясы жағдайында ұлттық мемлекеттің
қалыптасуы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 56

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...65
Пайдаланған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...68

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: Қазақ халқының Ресейдің отарлық саясатына қарсы
үздіксіз жүргізген ұлт-азаттық күресінің құрамдас бөлігінің бірі- қазақ
зиялыларының қозғалысы. Бұл қозғалыс қоғамдық құбылыс ретінде және өзінің
ішкі сипаты мен мазмұнының күрделілігіне байланысты Отан тарихы ғылымындағы
аса өзекті мәселелердің қатарына жатады. Сонымен бірге, зер сала қарағанда
қазақ зиялылары қозғалысының тарихы мен еліміздің бүгінгі тарихи шындығы
арасында өзара байланыс пен сабақтастық бар екенін аңғаруға болады. Бұл
сабақтастықтың өзегі-ұлттық мемлекеттік мәселесі.
Бүгінгі күні Қазақстан Республикасы ұлттық мемлекеттілікті нығайту
бағытындағы ізденіс үстінде. Мемлекеттің ұлттық негізінің беріктігі-әлемдік
жаһандану үрдісінен туындайтын ұлттық болмысқа қауіп төндіретін кері
әсеріне тосқауыл болудың бірден-бір кепілі болып табылады.
Қазіргі тарихи кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағлымынан
сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш
қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға
тиіспіз. Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі.
Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда шығармашылық мұралары
насихатталуда. Алайда, әлі де болса жан-жақты ғылыми зерттеуді қажет ететін
тұстары да жеткілікті. Сол қажеттілікке зәру мәселелердің қатарына біздің
тақырып яғни ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ ұлттық зиялылар
еңбектеріндегі мемлекеттілік даму мәселесін жатқызуға болады.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында кеңестік әкімшіл-әміршіл жүйе саяси қуғын-
сүргінге ұшыратқан қазақ ұлттық интеллигенциясының есімдері және еңбектері
негізінен еліміз тәуелсіздік алған соңғы кезеңдер де ғана, қоғамға таныла
бастады. Алғаш оларды мемлекеттік деңгейде ақтау процесі басталса, соңынан
олардың еңбектерін қайта басып шығару қолға алынды. Қазақстан тарихшылары
жалпы қоғамымыз тәрізді ұлттық құндылықтарды қастерлеуге бағыт ұстай
бастаған бүгінгі заманда өткен тарихымызға қазақ ұлтының мүддесі тұрғысынан
қараған қазақ ұлттық интеллигенциясының еңбектеріне тарихнамалық талдау
жасаудың маңызы зор. Бұл, біріншіден, бүгінгі ұрпақтың тарихи дүниетанымын
кеңейтеді, тарихи білімді толықтыра түседі. Өйткені қазақ ұлттық
интеллигенциясының еңбектерінде тарихи оқиғаларға, тарихи тұлғаларға
байланысты тың көзқарастар, қызықты тұжырымдар және бүгінгі зерттеушілерді
ойландырарлықтай салиқалы қорытындылар баршылық. Ал бұлар жаңа тарихи
концепциялардың және салыстырмалы ой-пікірлердің өмірге келуіне негіз
болулары немесе ықпал жасаулары әбден мүмкін. Екіншіден, кезінде кеңестік
тоталитарлық жүйе қуғындаған бұл еңбектер бүгінде тарихи ұлттық сананы
қалыптастыруға белсенді қызмет жасай алады. Бұл әсіресе қазақ
интеллигенциясының тарих мәселелеріне байланысты еңбектеріне қатысты.
Тарихи көзқарастары қазақ ұлтының мүддесімен тікелей қабысып жатқан бұл
кісілердің еңбектері шын мәнінде бүгінгі ұлт тарихшыларына үлгі
боларлықтай. Рас, аумалы-төкпелі үрдіс тарихи оқиғалар арнасында саяси
қуғын-сүргінге ұшыраған қазақ интеллигенциясының архив қорларында тапжылмай
отырып жұмыс жасауға, кең көлемде тарихнамалық талдаулармен айналысуға
мүмкіндіктері шектеулі болды. Солай бола тұрса да туған халқына деген
сүйіспеншілік және құрмет сезімі оларды шынайы тарих жасауға итермеледі.
Сондықтан көрсетілген кезеңдегі ұлттық интеллигенция өкілдері
еңбектеріндегі тарихи көзқарастар бүгінгі ұрпақтың ұлттық сезімін оятуда,
оларда ұлттық ойлау жүйесін қалыптастыруда елеулі рөл атқара алады деген
[1,4 б] - Талас Омарбековқа толықтай қосыламыз.
Тағы бір ескеретін мәселе–тәуелсіздігімізді алғалы бері ұлттық
интеллигенция өкілдерінің тарихи мұраларды едәуір зерттелді.
Ә.Бөкейхановтың, А.Байтұрсыновтың, М.Дулатовтың, М.Тынышбаевтың,
Ж.Ақпаевтың, Х.Досмұхамедовтың, кеңестік кезеңдегі Т.Рысқұловтың,
С.Асфендиаровтың және т.б. өмірі мен қызметіне арналған жеке зерттеулер
жазылды немесе диссертациялар қорғалды. Оларда қайраткерлердің өмірі, саяси
немесе тарихи көзқарастары талданды. Алайда Кеңестік жүйеде саяси
қуғындалған ұлттық интеллигенцияның тарихи көзқарастары тарихнамалық
тұрғыдан тарихи – салыстырмалы түрде жалпылама және біртұтас алынып талдана
қойған жоқ. Әрине, ұлттық интеллигенция өкілдерінің тарихи көзқарастарында
өзіндік ерекшеліктері баршылық. Оларда кейбір мәселелерде тіптен қайшы,
қарама-қарсы пікірлер де ұшырасады. Дегенмен де ХХ ғасырдың 30-шы
жылдарында сталиндік таптық көзқарасқа ауытқи бастаған тарихи пікірлерден
басқалары, яғни осы кезеңнің 20-шы жылдарындағы және оған дейінгі
уақыттардағы еңбектер негізінен алғанда қазақ ұлтының мүддесіне қызмет ету
рухында, яғни методологиялық тұрғыдан алғанда ұлттық принциптер мен
құндылықтарды нақты басшылыққа алып жазылды. Мұның өзі бүгінгі тәуелсіз
ұлттық тарихымыздың мүддесі тұрғысынан оларды тарихнамалық тұрғыдан талдау
ісін жеңілдете түседі.
Дегенмен де тарихнамалық талдау мәселесін әңгімелегенде мынаны да
ескергеніміз жөн: ұлттық интеллигенция өкілдері еңбектеріндегі мәселелер
көбіне жүйелі баяндалмаған. Олар шашыраңқы және жеке тақырыптарға арналған,
оларда авторлардың нақты деректерді пайдалануларынан гөрі мәселеге өзіндік
көзқарастарын білдірулері, ел аузындағы аңыздар мен ауызша деректерді
көптеп пайдаланулары, жер-су атауларына байланысты тарихи пайымдаулар мен
болжамдар жасаудалы жиі кездеседі. Солай десекте, олар тарихи тұрғыдан аса
құнды. Осы айтылғандар қазақ ұлттық интеллигенциясының еңбектеріне
тарихнамалық талдаулар жасап, бүгінгі тарих ғылымының методологиялық
принциптері тұрғысынан оларды сараптаудың, бағалаудың аса қажет екендігін
тағы да дәлелдей түседі.
Кеңестік жүйе тұсында Қазақстандағы тарих ғылымының басты бағыттарының
бірі тарихнама ғылымы едәуір кенже қалып келді. Тарихнамалық ой-пікірлер,
тарихнамалық талдаулар жетіспей жатты және осы саладағы оқу құралдары мен
оқулықтар, іргелі еңбектер тіптен аз, негізінен орыс тілінде жазылған.
Мұның өзі тарихнамашы – тарихшы дайындау ісін де едәуір қиындата түсетіні
рас. Осы орайда қазақ ұлттық интеллигенциясы өкілдерінің тарихи көзқарасын
жүйелі түрде топтап талдаудың бүгінгі күні аса қажеттігі тағы да байқалады.
Сондықтан да өзекті болып табылады.
Тақырыптың зерттелуі. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасыр басындағы қазақ
ұлттық зиялылар еңбектеріндегі мемлекеттілік даму мәселесіне қатысты
еңбектер мен зерттеулерді хронологиялық шеңберге сай Патша өкіметі
тұсындағы қазақ зиялыларының өз еңбектері, кеңес өкіметі тұсындағы деп
шартты түрде екіге бөлуге болады. Мұнда қазақ зиялыларының өз еңбектерін
қарастырамыз. Кеңестік дәуірде қазақ зиялыларының еңбектеріне теріс баға
берілсе, кәзіргі Қазақстан зерттеушілері тарихи шындықты қалпына келтіруде.
Бұл жөнінде кәсіпқой ғалымдардың еңбектерінде, арнайы зерттеулерде,
жекелеген зерттеулерде, қорғалған диссертацияларда көрініс тапты. Оларды
тарихнама пәнінің қағидаларын негізге ала отырып шартты түрде бірнеше топқа
бөліп қарастыруға болады:
Бірінші-зерттеулер: Д. Аманжолованың Қазақ автономизмі және Ресей
Алаш қозғалысының тарихы [2] деген монографиясы Тұңғыш монография
сериясының топтамасымен шығарылып, қазіргі ұлттық проблемалардың бастаулары
мен себептеріне, Еуразия халықтары болашағының ортақтығын ұғынуға арналды.
Автор алаш қозғалысы дамуының маңызды кезеңдерінің негізгі мазмұнын
неғұрлым толық қалпына келтіруге, оның сипатын, идеялық-саяси және
әлеуметтік базасын анықтауға, революцияға дейінгі кезеңде, 1917 жылғы және
азамат соғысы жағдайында Ресейдің саяси күштерімен және партияларымен өзара
қатынастарын ашып беруге, Алаш жеңілісінің себептерін және оның қазақ
халқының тарихындағы маңызын көрсетуге ойдағыдай әрекет жасаған. Осы кезге
дейін арнаулы сақтау орындарында шоғырландырылған деректемелердің автор
келтірген кешенді сипатын атап көрсеткен жөн. Зерттеудің басты жаңалығы –
қазақ автономизмі, Алашорданың Комунистермен, Колчактың Уақытша Сібір
үкіметімен, Орынбор, Орал, Сібір және Жетісу казактарының басшылығымен,
алаш құрамаларының тұрақты ақтармен және қазақ бөлімдерімен өзара
қатынастары тарихының өзекті беттерін жүйелі түрде көрсетуі болып табылады.
Алаштың әскери доктринасын, алаш әскери бөлімдерінің құрылуын, олардың
құрамын, санын, соғыс қимылдарына қатысуын, Алашорда басшылығының Түркістан
майданымен келіссөздерінің барысын және мазмұнын, Алаш жетекшілерінің
эволюциясы мен азамат соғысы барысындағы бұқараның Алашордаға көзқарасын
автор тұңғыш рет ашып көрсетеді.
К.Нұрпейісовтің [3] кітабында Алаш қозғалысының бастауларына,
монархия құлатылғаннан кейінгі Қазақстандағы қоғамдық–саяси жағдайдың
өзгерістеріне, Алаш партиясының құрылуына, Алашорда мен Кеңес өкіметінің
өзара қатынастарына баса назар аударылады. Тараулардың бірі деректемелер
мен проблемалар тарихнамасына талдау жасауға арналған. Автор Алаш дамуы
тарихының негізгі проблемаларына: Алаш–Қазақстандағы тұңғыш саяси патрия;
Алаш автономиясы–болашақ мемлекеттіліктің құрылымы; Алашорда – автономияны
басқаратын үкімет деп ерекше көңіл бөледі.
Нақты мәселелерді объективті ұғыну мен түсіндіру Алаш қозғалысының
шын мағынасын ашып көрсетуге жағдай жасайды. Кеңес өкіметінің Алашқа
көзқарасына талдау жасау автордың бірнеше кезеңді: ХХ ғасырдың 20-30-
жылдарындағы большевиктік тұрғыдағы жарияланымдардағы алаш қозғалысы
ұғымы; проблеманы зерттеуге алпыс жыл бойы тыйым салу мен буржуазиялық
ұлтшыл, халық жауы атағын таңу кезеңдерін белгілеуге мүмкіндік берген
1991 жылы Қазақстанның тәуелсіздігі жарияланып, проблеманың тарихнамасында
әділеттілік пен шындық жағына қарай бетбұрыс жасалғаннан кейін ғана ақиқат
кезеңі туғанын айтқан. Сонымен бірге К.Нұрпейісов Алаш қозғалысының мәнін
неғұрлым толық ашып көрсету үшін зерттеушілерден әлі де көп күш-жүгер
жұмсауды керек ететін бірқатар мәселелерді меңзейді. Оларға мыналар
жатқызылады: оның басшыларының тәуелсіздік идеяларының, саяси және
экономиялық көзқарастарының бастаулары; ХХ ғасырдың басындағы Қазақстанның
қоғамдық – саяси өмірінде Алаш қозғалысының атқаратын рөлі мен алатын
орны; 1917 жылғы екі революция аралығындағы кезеңде Алаштың басқа
партиялармен байланыстары мен өзара қатынастары; Алаштың және Алашорданың
Кеңес өкіметімен өзара қатынастары; Алаштың ортаазиялық және Еділ бойындағы
түркі халықтарымен, мұсылмандық саяси партиялармен және қоғамдық
қозғалыстармен ішкі қайшылықтары; Алаш қозғалысы және қазіргі Қазақстан.
Кітапқа қосымшада Алаш қозғалысына қатысты бірсыпыра құжаттар
келтірілген. Ең алдымен, бұлар – Алаш партиясының мүшелері мен олардың
пікірлес адамдарының тізімі, Алаш партиясы бағдарламасының жобасы және
Алаш басшылары көзқарастарының эволюциясы және олардың Кеңес өкіметі
жылдарындағы тағдыры туралы материалдардан тұрады. Сонымен қатар Бүркіт
Аяғанның бас редкторлығымен Кеңес Нұрпейсовтың Тұлғалар [4] кітабында
кейінгі жылдары жазып, кезінде баспасөзде жариаланған материалдары
жинақталған. Есімдері аталмай келген көрнекті қайраткерлердің өмірі мен
қоғамдық қызметі, тәуелсіздік жолындағы күресі, ұлттық мемлекеттік құрлыс
пен Қазақстанның ХХ-ғасыр басындағы жағдайды ұлт-азаттық қозғалыстар тарихы
зерттелген. Атап айтсақ Мыржақыптың Оян қазағы, Халел Досмұхамбетов,
Нәзір Төреқұлов, Тұрар Рысқұлов, Қаныш Сәтпаев, Ыдырыс Көшкінбаев, Мұстафа
Шоқай, Ахмет Байтұрсынов, Ораз Жандосов, Мұхтар Әуезов, Мұхамеджан
Тынышпаев сияқты зиялыларымыздың тәуелсіздікке қосқан үлесі, тарихи
көзқарастарынан тұрады.
М. Қойгелдиевтің [5] монографиясында ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың
басындағы Қазақстанның тарихи дамуына байланысты проблемалардың кең ауқымы
қамтылған. Кітаптың бүкіл арқауы басты мәселе – Алаш қозғалысына
арналған. Патша өкіметінің отаршылдық саясаты, ұлттық езгіге наразылықтың
күшеюі және қазақ зиялыларының 1905-1916 жылдардағы қоғамдық – саяси
қызметі; ұлт зиялыларын қудалау саясаты; Қазақ газеті және 1908-1916
жылдарда тәуелсіздік жолындағы күрес идеологиясының қалыптасуы; бірінші
дүниежүзілік соғыс жылдарындағы және 1916 жылғы ұлт-азаттық күрес
кезеңіндегі қазақтың демократияшыл зиялылары; Ақпан революциясының жеңісі
және ұлт-азаттық қозғалысының жаңа міндеттері; қазақ демократияшыл
зиялыларының Уақытша үкімет жұмысына қатысуы; жалпықазақтық бірінші және
екінші съездер, Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің құрылуы жан-жақты
көрсетіледі. М. Қойгелдиевтің кітабында Алаш қозғалысының тарихнамасы
иланымды берілген. Автордың қазақ зиялыларының қоғамдық – саяси қызметін
зерттеудің тарихнамалық негізін Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев және
басқалар революцияға дейін-ақ қалаған деуімен келісуге болады.
Мұхтар Құл-Мұхаммедтің Алаш қайраткерлері саяси құқықтық
көзқарастарының эволюциясы [6] еңбегінде Қазақстанның Ресейге бодан
болғаннан кейінгі кезеңдегі қазақ өлкесінде отаршыл - құқықтық жүйенің
орнығуы және оған қарсы Алаш қайраткерлерінің саяси күресі олардың қазақ
елінің мемлекеттік құрылысы жөніндегі саяси- құқықтық көзқарасының
эволюциясы негізінде зерттелген. Кітапта Алашорда үкіметінің мүшесі,
қазақтың аса көрнекті заңгер-ғалымы Ж. Ақбаевтың өмірі мен саяси күресі
арқылы оның серіктері болған Алаш жетекшілері Ә. Бөкейханов, А.
Байтұрсынов, Ә. Ермеков, Х. Досмұхамедов тағы да басқа қазақтың азаттық
жолындағы арыстарының қоғамдық-саяси қызметі сараланып, Алаш
бағдарламасының құқықтық негізі талданады.
Ғалымның келесі еңбегінде [7] Алаш партиясының саяси-құқықтық
идеялары, Қазақстанда мемлекеттік өкіметтің жоғары органдарын құру
тұжырымдамасының түпнұсқасы, аударма нұсқалары салыстыра қарастырылған.
Монографияда, сондай- ақ, Алаш партиясының қалыптасу кезеңдері, қазақ
халқы ұлт-азаттық қозғалысының басшылары жасаған бағдарламаның бағалы
қағидалары, атап айтқанда, мемлекеттік өкімет билігінің бөліну принципі,
жалпыға бірдей, демократиялық сайлау жүйесі сияқты мәселелер егжей-
тегжейлі талданған.
Алаш қозғалысын жаңа тұрпатты қазақ мемлекетігінің бастауына балаған
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тарих толқынында [8] - деп аталатын
кітабының тұтас тарауы Алаш Мұрасы деп аталады. Автордың осы тарауында
жиырмасыншы ғасырдың алғашқы отыз жылында қазақ зиялылары тұлға танытып
үлгерді. Оларда ой еңбегімен кәнгігі түрде шұғылдану атадан балаға жұғысты
болып отырған. Бұл жерде автор тарихшы ретінде алаштанушы С. Аққұлы,
Катагойшина И.Т., Әтышев А.Ә., Тұрсынов Х.Т., Қазақстан тарихы, Алаш Орда
деп аталатын құжаттар жинағы осы еңбектерге сүйеніп жазады. Бұл ХХ ғасыр
басындағы Қарқаралы петициясы, Ресей Думасындағы қазақ депутаттары, Айқап
журналы, Қазақ газеті, 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс, Ақпан революциясы,
Алаш партиясы, Алаш Үкіметі қорыта айтқанда жалпы Әлиханнан бастап тарихи
тұлғаларымызды, бірде-біреуін қалдырмай зерттеген. Бұларды Тарих
толқынындағы мәдениетіміздің кіндік тұлғалары деп бағалады.
Тарихтағы ақтаңдақтармен күресуші жерлесіміз академик Манаш Қозыбаев
Алашты зерттеуге жол салып берді. Алаштану салаларын зерттеуді, Алаш
ұғымының тарихи негіздерінің басталуын көрсетті.
Ұлы тұлғаларды білмейінше, бірде-бір дәуірді дұрыстап тану мүмкін
емес. Біз сол себептен де қазақ халқының бір-біріне ұласқан ұлы дәуірді
дұрыстап тану үшін, соңында мол мұра қалдырған Манаш Қозыбаев
еңбектеріндегі тарихи тұлғаларды тілге тиек етеміз. Академик еңбектерінің
хронологиялық көрсеткішін қарап отырсақ 1953-2002 жылдар аралығында 800-ден
аса еңбегі жарияланса, оның 167-і тұлғаға арналған. Оның редакциясымен 118
еңбек баспадан шықса, оның 18-і тұлғаға арналған. Өз мектебін
қалыптастырып, 90-ға жуық ғылым докторлары мен кандидаттарын қорғаттырса,
олардың ішінде 6-ы тұлғаға арналған. Алыс-жақын шетелдерде 182–дей баяндама
мен ғылыми хабарлар жасаса, оның 59-ы тұлғаға арналған. Жалпы баласы Ілияс
Қозыбаев әкесі Манаш Қозыбаевтың еңбектеріндегі тарихи тұлғалар туралы
бұрын жазылып жариаланған еңбектерінен құрастырып Тұлғалар тұғыры [9]
атты кітабінда, Ғұмырнама жанрын зерттеу, Азамат, Қазақ зиялылары
хақында, Бізде ұлттық элита бар мақалар мен баяндамалар жинағы біздің
зерттеу тақырыбымызға арқау болды. Сонымен қатар әр жылдары жарық көрген
еңбектеріндегі қазақ ұлттық зиялылар көтерген мемлекеттік даму мәселелері
туралы мәліметтер беретін кітіптарына қысқаша тоқталуды жөн көрдік.
1994 жылы Жауды шаптым ту байлап [10] деген еңбегі жарық көреді.
Монографияда Абылай хан, Бұқар жырау, Бөкенбай батыр, Шақшақ Жәнібек, Сырым
батыр, Кенесары, Исатай батыр, Махамбет батыр, Әмір Әбдіғапар, Амангелді,
Кейкі, Оспан туралы тың деректер келтіреді. Ахмет Байтұрсынов пен Міржақып
Дулатовқа жабылған Амангелді Имановтың өліміне себепшілер деген жаланың
терістігін баяндайды. Бұл кітап тұтасымен тарихи тұлғаларға арналған атына
заты сай еңбек. Халқымыздың ел бастаған көсемдерін, қол бастаған батырларын
сөз етеді.
1998 жылы Тарих зердесі [11] атты 2-томдық кітабы шықты. Бұл
еңбектері қиын-қыстау күндерде халыққа бағдар нұсқаған, оның тәуелсіздігі,
бостандығы үшін күресте ту ұстаған, өркениетті озық халықтардың қатарына
қосылу жолында ұлттық мүддені мұра етіп, әлем көгіне шырқаған арыстардың
өмір жолына арналған. Атап айтсақ Абылай, Бұқар. Кенесары, Абай,
Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Т. Рысқұлов, С. Сейфуллин, Б.Майлин,
Ә.Жанбосынұлы Т.Кәкішев, Ж.Аймауытов, Тоқтар Бейісқұлов, М.Әуезов, Қ.
Сәтбаев, Ә.Марғұландар туралы зерттеу жүргізген. Сондай-ақ I.Омаров,
М.Ғабдулин, Б.Момышұлы, I. Есенберлин, Ж.Шаяхметов. Н.Оңдасынов, С.Зиманов,
Е.Бекмаханов, А.Нүсіпбеков, Ш.Есенов, Ө.Сұлтанғазин, Х. Наурызбаев,
К.Нұрпейсов, Т.С. Амандосов С.Сартаевтар туралы толғаныстары бар.
2000 жылы шыққан Казахстан на рубеже веков: размышления пойски [12]
деген 2-томдық еңбегі бар. Бұған Абай Құнанбайұлы, Кенесары Қасымұлы, Лев
Гумилев, М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, М. Вяткин және О.Жандосов туралы зерттеулері,
тебіреніске толы ойлары мен сөйлеген сөздері енген.
Тарих ғылымындағы тың көзқарастары өзінің жаңашылдығымен ерекшеленетін
академик Манаш Қозыбаевтың 2001 жылы шыққан Өркениет және ұлт [13] деп
аталатын еңбегі. Бұл еңбек Ақтаңдақгар ақиқаты, Жауды шаптым ту байлап,
Тарих зердесі, Казахстан на рубеже веков: размышления поиски деген
еңбектердің жалғасы. Автор тәуелсіздік заманасында қазақ ұлтының тарихын,
өркениет дала өркениетінің аясында қарайды. Сонымен қатар өркениеттік
тұлғалар туралы да айтады. М.Х. Дулати, Жалаңтөс Баһадүр, Қожаберген жырау,
Абылай, А. Байтұрсыновты қарастырады. Автор алдағы уақытта шешілмеген
мәселелерді жүйелі түрде таразылауымыз керек. Соның кейбіреуіне тоқталайық:
Ғылыми іс жүзінде маңызы бар проблеманың бірі-қазақ интеллигенциясының
қалыптасуы, дамуының тарихы қазақ зиялы қауымының бірнеше толқыны болды.
Шоқан заманындағы зиялы қауымның толқыны - М.С. Бабаджанов, М.Шорманов,
Т.Сейдалин, А.Жантурин. Одан кейінгі Әлихан бастаған толқын А.Байтұрсын,
Шәкәрім, т.б. Міне, осылардың дүниетанымдық көзқарасы салыстырмалы түрде
талданбай келеді.
Қазақ элитасының тарихы-тарихи шежірелік деңгейде жеке жанр болып
қалыптаспай келеді. Қазақстанда бар тарихи әулеттер Уәлихановтар,
Шормановтар, Бөкейхановтар, Кенесариндер шежіреленбей зерттеледі. Олардың
әлеуметтік салттары, дәстүрлері қазақ халқының дамуына қосқан үлестері
тереңнен зерттелсе, XVIII-XX ғасырларда белгілі бір региондарда болған
тарихи оқиғаларды толықтыра түсер еді.
Қазақстан тарихнамасында өткен заманғы көрнекті қайраткерлердің тарихи
портреттері жасалмай келеді. Қазақ хандарының, билерінің, батырларының,
қазақ ғалымдарының, зиялыларының бейнелері өте жұпыны. Жеке бастың,
тұлғаның психологиялық ішкі сыры, кесек қимылдары тарихи шешуші сәттердегі
ұлт мұддесін қорғауға қосқан үлестері жан-жақты ашылмай келеді.
Алаштану мәселесіне үлес қосқан Өмірзақ Озғанбай Ресей Мемлекеттік
Думасы және Қазақстан [14] атты еңбегінде архивтік түп деректер мен жарық
көрген еңбектер негізінде 1905-1917 жылдар аралығындағы Ресейде жүзеге
асқан демократиялық өзгерістерге жасалған бет бұрыс және осы тұстағы қазақ
зиялыларының туған елін бодандықтан құтқарып, отанының тәуелсіздік
жолындағы тарихи күресі жан- жақты баяндалған.
Р.К. Нурмағамбетованың Алаш және Алаш орда қозғалысы мәселенің
тарихнамасы еңбегінде, [15]. ХХ ғасырдың 1920-1990 жылдарындағы уақыт
аралығын қамтиды. Зерттеу үш тарау, тоғыз бөлімнен тұрады. Бірінші тарауда
қазақ халқының ұлт-азаттық қозғалысындағы Алаш қозғалысының ролі, кеңес
үкіметі, зиялылардың тағдыры, тарихының айтыла бастауы. 1920-1930
жылдардағы тарихнамадағы Алаш мәселесі қарастырылған. 40-80 жылдардағы
әдебиеттегі Алаш және Алаш орда тарихнамасы деп аталады. Онда 40-50
жылдардағы идеология уақытындағы алаш мәселесі, Сталиннен кейінгі уақыт,
70-80 жылдардағы зерттеулердегі Алаш мәселесі қарастырылады. Үшінші тарауда
қазіргі уақыттағы Алаш қозғалысының тарихнамасы деп аталады. Мұнда 80-90
жылдардағы зерттеулердегі демократиялық интеленцияның қозғалысы, олар
көтерген ұлттық мемлекеттіліктің даму мәселесі қарастырылған.
Тағы бір тарихнамалық зерттеу әкелі-балалы Т.Ш. Омарбековтардың
Қазақстан тарихына және тарихнамасына ұлттық көзқарас [1] еңбегі өте
құнды болып табылады. Кітап екі бөліктен тұрады. Екінші бөліктің үшінші-
төртінші тарауында қазақ зиялылардың еңбектеріндегі мемлекеттілік даму
мәселесі тарихнамалық тұрғыда талдаған. 1916, 1917 жыл, мемлекеттік
автономия мәселесіне байланысты қазақ интеллигенцияның тарихи көзқарасы
зерттелген. Ұлт зиялылардың еңбектеріндегі тәуелсіздік бағдар мен
А.Байтұрсыновтың саяси ұстанымы тарихнамалық тұрғыда талданып, шынайы баға
берілген.
Саячсаттанушы, ғалым, мемлекеттік қызметкер, Тайыр Мансұровтың [16]
қазақтың тұңғыш өкілетті елшісі Нәзір Төреқұлов тұлғасын шығу тегінен
бастап, өмірің соңына дейінгі кезеңіне дейін қарастырған. Зерттеу
алғысөзден басталып, тоғыз тараудан тұрады. Онда 1916 жылғы қозғалыстағы
қызметі, 1920 жылы түркістан компартиясы Орталық комитетінің жауапты
хатшысы, Түркістан республикасы Орталық Атқару комитетінің төрағасы секілді
жауапты елге қызметін мұрағат деректері арқылы Тұлғаның елшілік қызметін
аша түскен.
Жерлесіміз Айдар Айтмухамбетовтың Казахские служащие Российской
империи: формирование, профессиональная и общественно-политическая
деятельность в ХІХ-начале ХХ вв атты докторлық диссертациясында[17] қазақ
қызметкерлерінің қалыптасуы, олардың кәсіби және қоғамдық-кәсіби іс-әрекеті
талданған. Мұнда Санк-Петербург. Саратов, Томск және Қазандағы студенттер,
олардың саны, аймақтық құрамы, таңдап алған мамандығы, әлеуметтік жағдайы
қарастырылған. Қазақ қызметкерлерінің мұғалімдер, дәрігерлер, фельдшерлер,
ветеринар, заңгерлер деп бөліп, Оладың әкімшілік, басқару органдарындағы,
сот, мәдениет, ғылым-білім салалаларындағы және саяси қайраткерлігі
зерттелген
Ғалым Қожақметовтың Монографиясында [18] автор кеңес автономиясы
жағдайындағы қазақ ұлттық мемлекеттілігінің қалыптасу тарихы мен дамуы
заңдық көзқараспен көрсетілген. Кеңестік Ресей территориясында ұлттық-
мемлекеттілік идея туралы Лениннің, болшевиктердің көзқарастарына анализ
жасап жүзеге асуын қарастырған. Алашорда автономиясын зерттей отырып, оны
ұлттық мемлекеттілікке альтернативалық модель екенін дәлелдеген. Қазақ
АССР басқарудағы комунистік партияның ролі, қазақ жерлерінің біріктірілуі
әртүрлі реформалардың республика дамуындағы теріс ықпалын көрсете білген.
Тұрсын Хазретәлінің [19] іргелі зерттеуінде Түркістан ұлт-азаттық
қозғалысының тарихы отан тарихының құрамды бөлімі ретінде архивтік
құжаттарды кеңінен пайдалана отырып, элиталық көзқараспен тұжырымдалады.
Монография ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі оқиғалар
мен құбылыстарды ұлттық элитаның қалыптасуы мен қызметінің тарихы арқылы
талдауға құрылған. Тәуелсіз ұлттық мемлекет қалыптастырудың бастауындағы
Түркістан ұлттық элитасының қызметі жартылай жасырын, жартылай жағдайда
1924 жылға дейін жұмыс жүргізген Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатының
қызметі ретінде қарастырылады.
Екінші-оқу құралдары: Академиялық баспа Қазақстан тарихы оқулығы,
Қазақстан тарихнамасы бөлімінде қазақ зерттеушілерінің Ресейге қосылу
немесе империя билігін амалсыздан мойындау проблемалары, Казактар отарлауын
зерттеу проблемалары, біз қарастырып отырған уақыттағы қазақ қоғамының
әлеуметтік-экономикалық және демографиялық тарихы проблемаларын зерттеу,
қазақтардың отаршылдық езгіге қарсы ұлт-азаттық күресін зерттеу, 1916-1917
жылдардағы ұлт-азаттық қозғалысынң проблемалары, тақырыптарында қазақ
зиялыларының еңбектеріндегі мемлекеттіліктің даму мәселесі кездеседі. Онда
Әлихан Бөкейхановтың құқұқты мемлекетті жақтайтыны, президенттік басқару,
құқұқтық зайырлы мемлекет туралы идеялары күні бүгінге дейін өз маңызын
сақтап отыр.
Оқулықта сонымен қатар бесінші-алтыншы тарауда Қазақстанның ХХ
ғасырдың басындағы саяси өмірдің жандануы, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1916
жыл, Ақпан революциясы, Қазақстанның мерзімді баспасөзі, әдебиеті, ХІХ
ғасырдың екінші жартысы–ХХ ғасырдың басында қазақ ұлт зиялыларының
қалыптасуы қарастырылған [20].
Жоғарыдағы оқулықтың жалғасы төртінші том [21] 1917 жылдан
Қазақстанның кеңестік кезеңдегі тарихына арналған. Мұнда Кеңестік кезеңдегі
қазақстан тарихнамасында өзекті мәселелер Қазан революциясы және Азамат
соғысы тарихының зерттелуі, қазан революциясы және Азамат соғысы тарихының
зерттелуі, ұлттық мемлекеттік құрылыс тарихы және Қазан Кеңестік
Социалистік Республикасы құрылуының зерттелуі қазақстандық зерттеушілер
қазақ мемлекеттігі қалыптасуы, дамуының тарихи үрдісін көрсете алды. Том
авторлары Қосөкмет, Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы және азамат
соғысы, қазақ автономияшылары қозғалысының тарихының шындығы көрсеткен.
Дүкенбаева З.О. ХХ ғасырдың 20-40 жылдарындағы ұлт зиялылары
[22] оқу құралында 20-40 жылдардағы ұлт зиялыларының ХХ ғасырдың 20-40
жылдарындағы тағдырлары зерттелініп, шығармашылық интеллигенцияның өсу
жолдары мен кәсіби қызметін жеке бөліп осынау хронологиялық шеңберде талдау
отандық тарихнамада алғаш рет қолға алынып отыр. Мақсат – өзіндік
ерекшеліктері мол әдебиет, баспасөз, өнер, ғылым қайраткерлерінің қызметін
мүмкіндігінше жүйелі, объективті, сыншыл тұрғыдан саралау. Оқу құралында
тоталитаризмнің қуғын-сүргініне ұшыраған Кеңестік Қазақстандағы
шығармашылық зиялыларының алғашқы ұрпағының қиын тағдыры нақты деректер
негізінде сипатталады.
Үшінші-энциклопедиялық анықтамалар: Авторлар ұжымы құрастырған
анықтамалықта [23] қазақ зиялыларының өмірбайаны, Алаш қозғалысына.
Партиясына қатысты ұғымдар мен атаулар, сол кезеңнің тарихи-қоғамдық,
мәдени, әдеби дамуын баытатын еңбектер енгізілген. Тұлғалардың тізімі,
өмірі, шығармашылығы және қазақ зиялыларын зерттеп жүрген ғалымдар туралы
да мәліметтер беріледі.
Алаш. Алашорда энциклопедиясында қазақ зиялылары туралы жарық көрген
барша еңбектердің қорытындылары берілген. Мұнда алфавиттік көрсеткішпен
қайраткерлеріміздің қысқаша ғұмырнамасы, ұғымдар мен түсініктер деректерден
тұрады [24].
Төртінші-мерзімді басылымдар мен конференция жинақтары: Тақырыбымызға
қатысты ғылыми мақалалар, конференция жинақтары баршылық. Еліміздің әр
түрлі деңгейдегі газет-журналдарда сан саналы мақалалар жариялануда. Біз
олардың негізгі дегендеріне қысқаша шолу жасайық. Елімізге танымал тарихшы
Хангелді Әбжановтың республикалық Егемен Қазақстан газетінде Ұлт зиялысы
мен зиялылық: тарихи негіздер [25] атты мақаласында қазақ ұлт зиялысын
тарихын әріден бастап тәуелсіздікке дейінгі кезеңдегі тарихын қарастырады.
Сонымен қатар біз негізінен Отан тарихы журналындағы бір топ ғылыми
мақаларға қысқаша шолу жасасақ. К.Нұрпейс Жиырмамасыншы ғасыр басындағы
Қазақстанның қоғамдық-саяси өмірі және ұлттық-демократиялық интелегенция
[26], М.Қозыбаевтың Ахмет Байтұрсынов-ХХ ғасырдың ұлы реформаторы [27],
К.Сағадиевтың Ахмет Байтұрсынов және Алашорда басшыларының экономикалық
көзқарастары [28] атты зерттеулерінде қазақ зиялыларының мемлекет
жөніндегі көзқарастары көрініс тапты А.Ш. Махаеваның Қазақ-қырғыз саяси
элитасы өкілдерінің уақытша үкімет тұсындағы ұлттық мүддені қолдау
әрекеттері [29] Қазақ және қырғыз ұлттық саяси элитасы өкілдерінің ХХ
ғасыр басындағы азаттық қозғалыстағы өзара байланыстары тарихынан[30] атты
мақалаларында тәуелсіздік үшін күрес, мемлекеттік даму мәселесі
қарастырылған. Мұнда Міржақыптың Оян, қазағы! қырғыз жерінде кеңінен
насихатталды. Г.М. Тұрғараева Ахмет Байтұрсыновтың Қазақ әскери
төңкерістік комиетіндегі қызметі (1919-1920) [31] атты мақаласында Ахмет
Байтұрсыновтың қазақ мемлекеттілігінің даму мәселесін күн тәртібіне қойып,
қазақ жерлерін біріктіру, әсіресе Челябі губерниясына еніп кеткен Қостанай
уезін қазақ өлкесіне қайтару жолындағы күресін көрсетілген. Дәл сондай Қ.С.
Алдажұманов пен С.С. Қасымованың Сәкен Сейфуллин және Ақмола-Семей
облыстарының Қазақ Кеңестік Автономиялық Республикасына қайтарлуы
[32] атты мақаласында Сәкеннің өз халқына қызметі, әсіресе қазақ жерінің
тұтастығын қалпына келтіру жолындағы қызметіне арналған. Жерлестеріміз А.
Айтмұханбетов [33], К.Р.Сепиевалардың [34] мақаласында қазақ
интеллегенциясы туралы сөз болады. Айдар Абайұлының ХІХ ғасырдың ІІ
жартысы, ХХ ғасырдың ІІ жартысындағы Ресей империясы құқықтық жүйесіндегі
қазақ заңгерлері А. Сейдалин, Д.Беркінбаев, К.Бірімжанов, А.Балғожин,
Ю.Күшіков, А.Мұхамедияров сынды Қостанай жеріндегі заңгерлердің
қалыптасуын, олардың өзге ұлт ортасындағы жұмысы, қалаға бейімделуі,
құқықтық салада танылуын зерттеген.
М.М. Кадирова [35] А.М. Мұқанова,[36] Б.Сайлан мен М.Д.
Рахымжановалардың [37] мақалаларында ХХ ғасырдың басындағы қазақтың ұлттық
зиялыларының қызметі тарихнамалық тұрғыда зерттелген.
Сонымен қатар біз диссертациямызда Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай
мемлекеттік университетінің Отан тарихы кафедрасы ұйымдастырған академик
М.Қ. Қозыбаевқа арналған М. Қозыбаевтың тарихи мұрасы және қазіргі уақыт
атты ғылыми практикалық конференция материалдарының жинағында[38] Л.Қ.
Мұқатаеваның, А.Е. Ералинаның, А.б. Шалғымбековтың, Г.Ж. Сұлтангазинаның,
М.Ж. Бекмағамбетованың, Б.Н. Нұрсейітовтің мақалалары біздің тақырыбымызға
жақын. Дәл осындай Қазыбек Дүтбаевқа арналған конференция материалында [39]
А.А.Айтмұханбетов, М.Ж. Бекмағамбетовтің, Г.Т. Жақсымбетованың
мақалаларында қазақ зиялыларының қазақ мемлекетін дамытуға қосқан үлесі
айтылған. Осы аталған оқу орындағы Байтұрсынов оқулары т.б. жинақтарда
С.А.Төрежанова мен К.Ж. Жолдыбектің [40,41] бірлесе бірнеше ғылыми мақалары
жариаланды.
Жұмыстың деректік негізі: Ақсақал жазушымыз Ғ.Ахмедов[42] өзінің Алаш
Алаш болғанда атты кітабында Алаш партиясы мен Алашорда үкіметінің
құрылуы, сол кездегі ұлт мәселесі, оқыған қазақ зиялылары бөлімінде қазақ
қайраткерлеріне қысқаша тоқталып өтеді.
Алаштанудың негізін қалаған Ахмет Байтұрсынұлы еді. Академик Рымғали
Нұрғалиевтің құрастырған [43] Ақ жол деген жинақта Ахметтің көзі
тірісінде- ақ шыққан рух беретін сөз, елшілік ұраны, қырық мысал,
маса, әдебиет танытқыш, 23 жоқтау, Ер Сайын және тәржімелер,
публицистикалық мақалалары баяндалады.
Тарихи тұлғалар сериясымен жариаланған кітапта, [44] ХХ ғасырдың
алғашқы ширегіндегі қазақ ұлт-азаттық қозғалысының басшысы, Алаш
партиясының негізін қалаушы, Алашорда үкіметітің төрағасы Әлихан
Бөкейхановтың Қазақ газеті және басқа басылымдарда жарық көрген
еңбектеріндегі мемлекеттілік даму мәселелері дерек ретінде жұмысымызда
қолданылды.
Келесі диссертациямыздың деректік негізін құрайтын, Мәдени мұра
мемлекеттік бағдарламасы аясында Мұстафа Шоқайдың үш томдық таңдамалы
шығармалары шығарылған. Бірінші кітабында Париж қаласында шығыарып тұрған
Жас Түркістан журналында жариаланған мақалалары енгізілген. Онда ХХ
ғасырдың басындағы Совет империясы қыспағында қалған қазақ ұлтының тағдыры,
тарихы, әлеуметтік өмірі суреттерген[45]. Екінші кітабында Түркістан
халықтарының ұлт-азаттық қозғалысының тарихына ишолу жасалынып, түрік
жұртының орны мен келешегі жөнінде болжамы Англия, Қытай, Жапония, Түркия,
Кавказ, Польша, Ресей, Франция елдердегі саяси ахуалдар жөніндегі
мақалалардан тұрады [46]. Үшінші кітап, Түркістан автономиясмының құрылу
тарихына апрналған 1917 жылғы естеліктері, Советтер қол астындағы
Түркістан атты еңбектері, әйелі Мәрия Шоқайдың естелігі, хаттарынан тұрады
[47].
Алаш мұрасы сериясы шеңберінде шығарылған Мыржақып Дулатовтың алты
томдық шығармалар жинағының біз екінші-үшінші томын дерек ретінде
пайдаландық. Екінші томда [48] М. Дулатұлының 1907-1917 жылдар аралығындағы
мерзімді баспасөзде жарық көрген мақалаларынан тұрады. Онда сол заманның
куәгері, сол кездің тарихи бейнесін көз алдыңа елестететін еңбектері біздің
диссертациямызға арқау болды. Үшінші кітабында М.Дулатұлының 1920-1929
жылдар аралығындағы Кедей сөзі, Ақ жол, газеттері мен Қызыл Қазақстан
журналына жарық көрген еңбектері, жараланбаған зерттеулері енгізілген[49].
Дәл осы серияда Смағұл Садуақасұлының [50] екі томдық шығармалар
жинағы да жатады. Екінші томында көрнекті қайраткердің танымдық еңбектері,
жасаған баяндамалары, мақалалары, хаттары мен ресми жазбаларынан тұрады.
Алаш мұрасы сериясымен шыққан құжаттар мен материалдар жинағында
[51] Алаш-Орда үкіметінің мақсаты-Қазақ автономиясын құру жолындағы
қиындықтар туралы әңгімелейді. Ақтар қозғалысының өкілдері арасынан
одақтастар іздеу, Уақытша сібір үкіметімен, құрылтай жиналысы мүшелерінің
комитетімен, Түркістан автономиясымен, башқұрт ұлтшылдарымен, Орал әскери
үкіметімен әскери-саяси одақ жасау-алашордашыларды қандастарын өлімге қиған
азамат соғысына қатысуға итермеледі. Болшевизмнің идеологиялық
артықшылықтарын бекітіп берген Қызыл әскер жеңісі оларды Қазақ өлкесін
басқару жөніндегі Төңкеріс кимитетімен одақтасуға мәжбүр етті, бұның өзі
кеңес үкіметімен одақтасу болатын. Осы аталған мәселер жөніндегі құжаттар
1917 ж. 1 желтоқсаны мен 1920 ж. 7 мамыры аралығына қатысты құжаттар
Қазақстан мен Ресей мемлекеттік мұрағаттарынан алынды. Жинаққа 216 құжаттар
мен материалдар, оның ішінде еш жерде жариаланбаған 105 мұрағаттық құжаттар
мен 75 газет матералдары іріктеліп алынып жараланды.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасыр басындағы қазақ ұлттық зиялылар еңбектеріндегі мемлекеттілік даму
мәселесін, зиялылардың өз еңбектерін деректік негізге алып, басылым көрген
материалдарды тарихта қалыптасқан тұжырымдарды талдап зерттеу.
Қойылған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешуге ұмтылыс
жасалды:
-Зиялылардың қалыптасуын (тарихнамалық шолу) зерттеу;
-Ұлттық зиялылар және ұлттық мемлекеттік идеясының қалыптасуы мен тағдырына
сипаттама беру;
-1916, 1917 жыл: қазақ интеллегенциясының көзқарасын талдау;
-Қазақ зиялылары еңбектеріндегі мемлекеттік автономия мәселесін қарастыру;
-Ұлт зиялыларының тәуелсіздік мәселелеріндегі бағдарын анықтау;
-Қазақстанда Кеңес автономиясы жағдайында ұлттық мемлекеттің қалыптасуын
көрсету.
Диссертациялық зерттеудің нысаны ретінде ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ
ғасыр басындағы қазақ ұлттық зиялылар еңбектеріндегі мемлекеттілік даму
мәселесі алынды. Ал зиялылар еңбектеріндегі тұжырымдар зерттеу жұмысынң
пәні болып табылады.
Жұмыстың зерттеу әдістеріне диссертацияқ жұмысты жазу барысында жүйелі
және салыстырмалы талдау жасау, қарастыратын құбылыстарға обьективті баға
беру, қайшылықты деректерді ақиқатты тарихи тұрғыдан қарастыру, гуманистік
өркениеттілік әдістері негізге алынды. Сонымен қатар жұмыстың
методологиялық негізін жалпы және арнайы ғылыми зерттеу принціптері құрады.
Историзм принципі, нақтылау әдісі, ареалды әдіс және санақ әдісі
қолданылды.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
-Зиялылардың қалыптасуын тарихнамалық тұрғыда зерттеп, олардың қалыптасу
жолы, көрсетілді;
-Ұлттық зиялылардың ағартушылық жолды таңдап алып, бірлесе ел үшін жұмыс
істеп, саяси оқиғаларда шындалып ұлттық мемлекеттік идеясының қалыптасуы
мен тағдырына сипаттама беріледі;
-Бірінші дүниежүзілік соғыс, әскер қатарына шақыру, 1916 жылғы ұлт азаттық
қозғалыс, 1917 жылдағы ақпан және қазан төңкерістері туралы кезіндегі
уақиғалардың бел ортасында жүрген қазақ интеллегенциясының көзқарасы
талданды;
- Патша үкіметі құлағаннан кейінгі уақытта қазақ зиялылары өз еңбектерінде
мемлекеттік автономия, мемкеттің даму мәселесін көтерді;
-Қазақстанда Кеңес автономиясы жағдайында ұлттық мемлекеттің қалыптасуы
қазақ жерлерінің біріктірілуі жолындағы қазақ зиялыларының қызметі
көрсетілді.
Зерттеудің ғылыми-практикалық маңыздылығы. Магистрлық диссертацияны
жазу барысында жасалған тұжырымдар мен қорытындыларды Қазақстан тарихы
тұлғатану саласында, Қазақстан тарихнамасында зиялыларға қатысты
зерттеулерді жүргізу барысында, жоғарғы оқу орындарының студенттері үшін
арнайы курстар дайындағанда және өлкетану сабақтарында пайдалануға болады.
Жұмыста келтірілген тарихи мәліметтерді қазақ ұлттық зиялылардың
мемлекетті басқару, даму мәселелері туралы ұсыныстарын парламент
депутаттары, саяси партиялар көтерсе жақсы болар еді.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу жұмысының тақырыбы бойынша
негізгі мәселелер, қорытындылары аймақтық, республикалық және халықаралық
конференциялар материалдарында баяндалды.
Диссертациялық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш тарау,
алты бөлім, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Тарау. ҰЛТТЫҚ ЗИЯЛЫЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ҚЫЗМЕТІ
1.1.Зиялылардың қалыптасуы (тарихнамалық шолу)

Қазақ зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінің тарихын зерттеуді
олардың өздері бастап берген болатын. Бұл ретте Ә.Бөкейхановтың
М.Дулатовтың, М.Тынышпаевтың және Е.Омаровтың өз замандастырының өмірі мен
қызметіне байланысты түрлі басылымдарда жарияланған еңбектерін айтқан жөн.
Қазақ зиялылары кім туралы жазбасын уақыт рухына сай қайраткердің ұстанған
айқындамасы мен атқарған еңбегін бірінші кезекке қойды.
Кеңес үкіметі тұсында қазақ зиялыларының тарихын жасау ісі ресми
саясатқа тікелей тәуелді болды, соған сай өзгеріп отырды. Мұндай саясаттың
астары түсінікті болатын. Қазақ бұқарасының санасын өзіне қаратып алуды
көздеген большевиктер өзінің негізгі қарсыласы ұлттық тәуелсіздік
тұғырнамасында тұрған қазақ демократиялық интеллегенциясын күрес аренасынан
біржола ығыстыруды алдына мақсат етіп қойған еді. 1922 жылдан бастап жоғары
билікте жүрген Алаш қайраткерлері ығыстырыла бастайды.
Қазақтың демократиялық интеллегенциясының қоғамдық саяси қызметін
бағалау алғашқы кезде екіге жарылып, кейін жағарыдан берілген нұсқаумен
біржақты зиянды жағынан көрсететін еңбектер шыға бастады. 1937-1938
жылдардағы интеллегенцияға қарсы жүргізілген жаппай жазалау саясаты бұл
мәселені 1980 жылдарға дейін жауып қойды.
Қазақ зиялылары өмірі совет дәуірінде халқымыздың тарихында аракідік
зерттелді. Көбіне ол революцияларға, шаруалар көтерілісіне, Қазан
төңкерісінен кейінгі қайраткерлерге бағышталды. (Козыбаев М. Алиби
Жангелдин-первый военный комиссар Степного края. Кустанай 1957, Жангелдин
Т. Сакен Сейфуллин. Революционная и обшественно-государственная
деятелность. А., 1965; Сулейменов Р. Темирбек Жургенов.А., 1968; Герой
Социалистического Труда-казахстанцы. А., 1969; Зиманов С.З. Ленин и
советская национальная государственность в Казахстане. Алма-Ата, 1970;
Амангельды Иманов: статьи, документы, материалы(сос. М.К. Козыбаев,
П.М.Пахмурный). Под. ред. С.Б. Бейсенбаева. Алма-Ата, 1974;)Бейсембаев С.,
Кулбаев С. Турар Рыскулов.А., 1974; Сулеименов Б.С. Революционное движение
в Казахстане в 1905-1907 гг. Алма-Ата, 1977; т.б.) Бірақ мұндай зерттемелер
марксизм-ленинизм аясынан шыға алмады.
Академик Манаш Қозыбаев ұлттық зиялы қауымның тарихы қалыптасып,
ғылыми арнаға салынбасының тағы бір себебі – коммунистік методологиядағы
интернационализм принципін большевизимнің өз пайдасына, таптық мүддесіне
ғана бағындыруда [9, 5 б].
Марксизм-ленинизм методологиясын басшылыққа алған зерттеушілердің бір
бөлігі Қазан төңкерісіне дейін қазақта ұлттық интелегенция қалыптасып
үлгермеді деген тезисті тұжырымдады. С.Асфендияров қазақ зиялылары үш
топтан тұрады деп санады: Біріншісі – ол қызметкер зиялы қауым: негізінен
қазақтың феодалдық аристократтарының (сұлтандар-төрелер) ортасынан шыққан
чиновниктер мен офицерлер; екіншісі – бұл арада феодалдық аристократтар мен
байлардың ортасынан шыққан әр түрлі мамандар: дәрігерлер, инженерлер т.б.;
үшіншісі – бұл демократиялық қауым, басым көпшілігі мұғалімдер, жазушылар
және басқалары [9, 6 б]. Қазан төңкерісінде белсенділік көрсеткен
зиялылардың демократиялық қанаты демократиялық қауым (интеллегенция) болып
қалыптасты,-деп санады Санжар Жағыпарұлы. Зиялылардың бұқараның азаттық
қозғалысымен қосылуы, ащы шындықты айтсақ,-деп көрсетті С.Ж. Асфендияров-,
1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың, ақпан буржуазия-демократиялық
революциясының, ақпаннан Қазанға көші барысындағы тәжірибенің негізінде
болды, сөйтіп Қазан социалистік революциясы кезеңінде аяқталды. Міне,
осылай зиялы қауым тарихы совет заманасымен шектелді. Ол ол ма, зиялы қауым
жұмысшы табы мен совет шаруаларының арасын қосатын дәнекер топ ретінде
қаралады. Қорытып айтқанда, марксизм-ленинизм методологиясының щеңберінде
ұлттық зиялы қауымның ғылыми тарихын жасау мүмкін емес еді [9, 6 б].
1980 жылдардың соңы қоғамды қайта құру, қуғындалған зиялылар ақталысымен,
еліміз тәуелсіздігін алуымен қазақ зиялыларының тарихы туралы тарихнамалық
еңбектер шыға бастады. Олардың тарихтағы орны анықталып, тұғырына қондыра
бастадық. Енді біз кеңінен қарастырып, тарихнамалық шолу жасасақ.
Алаш, Түркістан ұлт-азаттық қозғалысы және ондағы ұлттық зиялының
қалыптасуы мен қызметіне қатысты зерттеулерге әдіснамалық негіз қалаған К.
Нұрпейістің [3], М. Қойгелдиев [5], пен Д. Аманжолованың [2], және
Ө.Өзғанбайдың [14] іргелі зерттеу еңбектерінің маңызын атап көрсетуіміз
керек. К. Нұрпейіс зерттеу еңбегінде алғашқы болып Түркістанда қызмет
жасаған Алаш қозғалысының Оңтүстік қанаты туралы идеяны тұжырымдады. Бұл
тұжырым зерттеу жұмысымызда Алаш қозғалысының Оңтүстік қанатына топтасқан
ұлттық зиялы өкілдерінің алаштық идеядан бас тартпай жартылай жасырын,
жартылай жария жағдайда 1924 жылға дейін қызмет жасағандығы туралы
концепцияны негіздеуімізге жол сілтеді. М.Қойгелдиевтің Түркістан
Мұхтарияты мен Алашорда үкіметін бір-бірімен сабақтас ұлттық мемлекеттік
құрылымдар ретінде қарастыруы [5], Түркістан тарихына Отан тарихының
құрамды бөлігі ретінде маңыз беруге негіз қалады. Оның Түркістан
қозғалысының көсемі М. Шоқайға қатысты зерттеулері тақырып бойынша таным
аясын кеңітті. Сол сияқты партиялық-мемлекеттік номенклатураның жоғарғы
эшелонына көтерілген Т. Рысқұлов, С. Қожанов, С. Сәдуақасовтардың элиталық
қызметіне ұлттық мүдде тұрғысында барынша әділ баға берілді [52, 3-9 б.].
Д. Аманжолованың еңбегі мәселеге қатысты құжаттық деректерге талдау жасай
отырып, ұлт-азаттық қозғалыстың шынайы мазмұнын қалпына келтіріп, сипатын
айқындау және ұлттық зиялының жеке құрамының қызметіне баға берудегі
объективтілігімен ерекшеленеді.
Ғалымның ... Ресейдің, әсіресе Орталық Азия аумағының мұсылмандары
ішіндегі отырықшы және жартылай отырықшы Қазақстан ауылдарында ислам
дінінің әсері идеология мен саясатта емес, тұрмыс-тіршілікте, салт-дәстүрде
көбірек білінді. 1905-1920 жж. ол айқын байқалды деген тұжырымдары
Түркістандағы этносаяси және конфессиялық ахуалға айқындық береді.
Ресейдің орталығында кең өріс алған мұсылмандық қозғалысқа қазақ
элитасының кейбір өкілдері ғана белсене қатысты. Атап айтқанда
Ж.Досмұхамедов пен У.Танашев Бүкілресейлік мұсылмандар съездеріне қатысса,
М.Шоқай ІV Мемлекеттік думаның мұсылмандар фракциясы бюросының хатшысы
болып қызметке араласты. Бірақ, бұл жердегі мұсылмандық атауы ислам дінін
ұстанатын халықтардың жиынтық атауы ғана екендігі есте болуы керек. Ал,
Сералы Лапиннің діни бағытты ұстанған Шурои - Улема қоғамдық-саяси
қозғалысының саяси серкесі болуы да қазақ этноэлитасының арасында діни
ағымның басымдығын танытпайтын еді.
Түркістан ұлт-азаттық қозғалысын Алаш қозғалысымен саяси бірлікте
қарастырған Д. Аманжолова былай дейді: Ислам ықпалының әлсіздігі революция
мен азаматтық соғыс кезінде дәл қазақ зиялыларының бүкіл Орталық Азияның
саяси аренасының қақ ортасына шығуға әсер еткен бірден бір себеп. 1920
жылдардың басына шейін Түркістанның кеңестік басшылығында қазақтардың орны
сақталды. 1924 жылға дейін большевик-қазақтар Орталық Компартияны және
Түркістан АССР-нің үкіметін басқарды [19, 60б]. Ал Ө.Өзғанбайдың еңбегінде
Ресей Мемлекеттік Думасына Дала облыстары және Түркістан өлкесінен
депутаттыққа сайланған ұлттық элита өкілдерінің қызметі жаңа көзқарас
тұрғысында алғаш рет жан-жақты қарастырылды.
Түркістандағы этносаяси үдерістерді соңғы жылдары отандық зерттеушілер
түрлі аспектілерде қарастыруда. Тақырыпқа қатысты да бірқатар
диссертациялық зерттеулер жүргізіліп, монографиялық еңбектер жарық көрді
[19,60 б].
Тақырып тарихнамасының едәуір бөлігін шетелдік (эмиграциялық)
әдебиеттер құрайды. Ұлттық зиялы өкілдерінің саяси, тарихи көзқарасы таптық
иделогияның қасаң қағидаларына балама өршіл ұлттық рухымен ерекшеленеді.
Атап айтқанда М.Шоқай, З.В.Тоған, Б.Хайт, Х.Оралтай еңбектерінде көрініс
тапқан. Отарлық езгіге қарсы күресте қазақ қайраткерлерімен тығыз
байланыста болған А.З. Валиди Тоғанның естеліктеріне М.Шоқай естеліктері
жақын. Мәселен, А.З Валиди Тоғанның шет елге кетер алдында В.И. Ленинге
жолдаған хаты кеңес үкіметінің ұлттық мәселеде патшалық империя
дәстүрлерінен қол үзе алмаған билік екенін айғақтайтын құжат есебінде
қарастыруға болады [5, 18-19 б]. Алаш қайраткерлерінің тарихын, әсіресе шет
елдерде қоныс аударуға мәжбүр болған зиялылардың өмірі мен қызметін Х.
Оралтай қарастырған. Алаш партиясының 1905 жылдың өзінде-ақ құрылғаны
және оның 1917 жылға дейінгі құпия қызметі туралы айтқан көзқарасына
О.Әбдіманов қосылса, М. Қойгелдиев келіспейді. Бұл жерде Қазақ
газетімен бірге Айқап, Қазақстан басылымдарының Алаш партиясының
органына жатқызуға келісу қиын дейді [5, 18-19 б].
Еліміздік қоғамдық ғылымында элиталық концепция соңғы жылдары ғана
қалыптасқандықтан кеңестік тарихнамада осы саладағы арнайы зерттеулер
кездеспейді. Тақырыпқа қатысты әрі оның мақсаты мен міндеттеріне барынша
жақын келетін ұлттық интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметі туралы
зерттеулер ХХ ғ. 60-70 жылдары жүргізіле бастады. Ой еңбегімен кәсіби
тұрғыда шұғылданатын, шығармашылық қызметінің нәтижесінде материалдық және
рухани игіліктер жасайтын адамдардың қоғамдық құрылымы интеллигенция
атауымен әлеуметтік құбылыс ретінде ХХ ғ. 60-жылдардан бастап шұғыл
зерттеле бастады. Таптық қағиданы басшылыққа алған әдіснамалық негізде
тақырыпты батыл игеруге тосқауыл болғанымен ХХ ғ. басындағы Ресей
интеллигенциясының тарихын саяси билікке қатысына қарай зерттеу қолға
алынды. Осы саладағы іргелі еңбектердің бірі Л.К.Ерманның [19, 61 б]
монографиясында интеллигенцияның қалыптасуы және оның зиялыға тән қоғамдық-
саяси қызметі алғаш рет жан-жақты қарастырылды. Осы зерттеудің ізін ала 70-
80 жылдары ХІХ-ХХ ғ. басындағы орыс интеллигенциясының тарихын әр қырынан
зерттеген П.С.Гусятников, А.В.Ушаков, В.Р.Лейкина-Свирская, С.А. Федюкин,
В.Л. Соскин сияқты ғалымдардың еңбектері жарық көрді [19, б]. Таптық
көзқараспен жүргізілген бұл зерттеу еңбектеріндегі интеллигенцияның
қалыптасуы мен қызметіне қатысты ұстанған концепциялар мен жасалған
тұжырымдардың қазіргі заманғы ғылыми ой талабына сай келмейтін тұстары жоқ
емес. Әйтсе де, бұл еңбектердің деректік маңызы үлкен екендігін есте
ұстауымыз керек.
Кеңес қоғамындағы дәстүрге сай орталықта жүргізілген бұндай зерттеулер
Орта Азия мен Қазақстанда осы тақырыптағы зерттеулерге концептуалдық,
мазмұндық және тақырыптық тұрғыда үлгіге алынды.
Тақырып тарихнамасының алғашқы тобын құраған Ж.Карагусов, А.К.Валиев,
Т.Дурдиев, Ш.Тастановтардың еңбектерінде [19, 62б] ұлттық интеллигенцияның
қалыптасуы мен қызметінің жетістіктерін бірыңғай Кеңес үкіметінің ұлт
саясатымен байланыстырған жалаң идеологиялық баяндауларға негіздегендігіне
қарамастан, тың деректік құжаттардың дәйектеріне сүйеніп, ұлттық
интеллигенция жайлы ғылыми ой-пікірлер қалыптасты. Осы жерде атап өтерлік
мәселе ұлттық интеллигенция тақырыбының тарихнамасы 20-30 жылдардан бастап
қолға алына бастаған болатын. Түркістан элитасының көрнекті өкілі
Т.Рысқұлов өз еңбектерінде қазақ интеллигенциясының тарихына көп көңіл
бөліп, оның пайда болуы мен қалыптасуы ХІХ ғ. соңында басталды деп тұжырым
жасайды. Ол ұлттық интеллигенцияның қызметін саяси, әлеуметтік және ұлттық
бағдарды басшылыққа алып қарастырудың негізділігін алға тартады.
Түркістандағы ұлттық элитаның келесі өкілі С.Ж.Асфендияров та ұлттық
интеллигенцияның қалыптасу кезеңін ХІХ ғ. ортасынан бастауды ұсынады.
Тақырыпты игеруге қызығушылықтың артуымен 70 жылдары ұлттық
интеллигенцияның қалыптасуы мен қызметін идеологиялық қондырғының
қағидалары аясында барынша ауқымды талдап, мүмкіндігінше объективті
бағалауға бағдар ұстаған Ә.К.Қанапин, А.Д.Яндаров, Р.Б.Сүлейменов,
Х.И.Бисеновтердің еңбектері жарық көрді [19, 62б]. Осы кезеңдегі
зерттеулердің арасынан Р.Б.Сүлейменовтің Қазақстанның Қазан төңкерісіне
дейінгі мәдени мұраларына баса мән беріп, Ресейдің шет аймақтарындағы
ұлттық интеллигенцияның тағдырына талдау жасаған еңбектерінің маңызын атап
өтуге болады. Р.Б.Сүлейменов Қазан төңкерісіне дейін Қазақстанда 22 ғана
қазақ жоғары білімді болса, ал Орта Азияда бірде-бір жоғары білімді
жергілікті ұлт өкілі болмаған деген кеңестік тарихнамадағы орныққан
тұжырымның қате екенін айтқан болатын [35, 163-167 б.].
Отандық тарих ғылымының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Алаш партиясының бағдарламалық жобасының маңызы
ХІХ ғасырдың ІІ жартысы – ХХ ғасыр басындағы қазақ интеллигенциясы: тарихы мен тарихнамасы
Қоғамдық-саяси ой-пікірлерінің қалыптасуы
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Сералин Мұхамеджан шығармашылығы
Алаш партиясы программасының жобасы
XX-шы ғасырдың басындағы Қазақ зиялылары
ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХғасырдың басындағы қазақ ұлт - зиялыларының қалыптасуы
ХХ ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының еңбектеріндегі тəуелсіздік идеясы
Пәндер