Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Дипломка Зоологияны оқыту процесінде фаунистик материалды қолдану

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1 Әдеби
шолу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму
тарихы ... ... ... ... ... ...
2. Қостанай облысының фаунасына экологиялық – географиялық шолу ... ..
1.2.1 Омыртқасыздар ерекшеліктерімен танысу
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2.2 Омыртқалылар ерекшеліктерімен
танысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2 Орта білім беріу мектептерінде 7-сыныпта биология курсын ұзақ мерзімді
бағдарламамен оқыту ерекшелігі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1 Биология сабағында жергілікті жердің фаунистік материалымен оқушы-
ларды
таныстыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
3 Экспериментік
бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... .
3.1 Биология сабағында Тірі ағзалардың көптүрлілігі тақырыбында жергі-
лікті жердің фаунистік материалын қолдану әдістемесі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3.2 Биология сабағында фаунистік материалды пайдаланудың нәтижесі ... ... .

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Қазіргі уақытта білім беру жүйесін дамытудың негізгі бағыттары
оқушыларға білім беру мен тәрбиелеуді гуманизациялау және терең білім беру
болып табылады, олар алған білімі, дағдылары мен әдеттерінің практикалық
маңыздылығына ерекше назар аударады. Биологиялық білім - өсіп келе жатқан
ұрпаққа тіршілікті, өмірді аса үлкен, зор құндылық деп түсінуді
қалыптастырады. Биологияны оқу - биосфераны қорғау, адамзаттың тіршілік
етуі ғана емес, бүкіл тіршіліктің сақталуы және дамуы үшін аса қажет жағдай
екенін сезінуге әсерін тигізеді[1].
Қазіргі таңда биология жаратылыстану ғылымдарының көшбасшы- сына
айналып келеді. Тек қана бізде емес, көпшілік мемлекеттер биологиялық
білімге қатты көңіл бөлуде. Мысалы, Америкада биология міндетті пәндер
қатарына кіргізіліп, ал биолог мамандығы компьютер мамандығымен бірдей
басқа барлық мамандықтар арасында рейтингте бірінші орында тұр. Себебі,
биология ғылымының дамуындағы негізгі көкейтесті мәселелердің бірі - қоғам
мен табиға арақатынасындағы проблемалар. Бұл жағдайда Америка не ұтты?
- оқушыларға материалистік көзқарас, дұрыс мәнді ғылыми дүниетаным
қалыптастырды;
- тіршіліктің пайда болуы, дамуы және заңдары негізінде берік,
моральді, өмірдің мәні мен мақсатын дұрыс түсінетін, әртүрлі зиянды
қылықтар мен әрекеттерге төзе алмайтын ұрпақ тәрбиеледі;
- ең бастысы биологиялық сауатты ұрпақ өсіп келе жатыр.
Аймақтық компоненттің мазмұны биологияны зерттеуге қызығушылықты оята
алатын және оқушылардың күрделі әлеуметтік өмірге бейімделуіне көмектесетін
жергілікті материалдармен толықтырылуға тиіс. Жергілікті материалдарды
биология бағдарламаларына енгізу мұғалімді табиғатпен экологиялық білімге
үйретуден бастап, дәстүрлі түрде танысуға мүмкіндік береді[2].
Дипломдық жұмыстың мақсаты: биология
сабағында фаунистік материалымен оқушыларды таныстыру және Тірі
ағзалардың көптүрлілігі тақырыбында жергілікті жердің фаунистік материалын
қолдану әдістемесін зерттеу.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
-жалпы педагогикалық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттердегі және
мектептегі тәжірибеде қазіргі заманғы мектептегі биологиялық білім
берудегі проблемалық білімнің маңыздылығын анықтау;
-оқушылардың жеке бақылауы және биология оқулықтары бойынша таныс
жергілікті материалдарды қолдану, оқушылардың жануарлар әлемі дамуының
күрделі заңдылығын дұрыс қабылдауына көмегін тигізіп, оқушының
диалектикалық - материалдық дүние танымын қалыптастыру; - орта білім
беру мектептерінде 7-сыныпта биология курсын ұзақ мерзімді бағдарламамен
оқыту ерекшелігімен оқушыларды таныстыру;

-биология сабағында Тірі ағзалардың көптүрлілігі тақырыбында
жергілікті жердің фаунистік материалын қолдану әдістемесі жасау;
-биология сабағында фаунистік материалды пайдаланудың нәтижесін
қорытындылу.
Зерттеу мәселелерін шешу үшін келесі әдістер қолданылды:
- теориялық: зерттелетін мәселені талдау, оқушылардың биология
сабақтарында танымдық белсенділігін педагогикалық тәжірибені қорыту,
психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талдау, зерттеу
проблемалары бойынша нормативті құжаттар және оқу-бағдарламалық
құжаттамаларды талдау;
- эксперименталды: бақылау, сауалнама жүргізу, тестілеу, зерттеу
нәтижелерін статистикалық өңдеу. Зерттеу
нысаны: орта білім беру мектебіндегі Жануарлар бөлімінде биология пәні
оқушыларды оқыту процесі.
Зерттеу пәні: мектеп оқушыларына биология сабақтарында жергілікті
жердің фаунистік материалды қолдану
Болжамы: оқушылар биология пәнінде биологиялық білім беру процесінде
тұрақты танымдық қызығушылықтарын және білімдірін тереңдетуді жергілікті
жердің фаунистік материалдарын қолдану арқылы алады.

1 Әдеби шолу

1.1 Зоология жануарлар жайындағы ғылым, онын даму тарихы

Жануарлар туралы мағлұматтар көне дәуірлерден белгілі. Ежелгі Қытай,
Үндістан, т.б. елдерде жануарлар туралы кітаптар шығарылған. Дегенмен,
зоология ғылым ретінде алғаш Ежелгі Грекияда дамыған және ол Аристотель
(б.з.б. 384–322) есімімен тығыз байланысты. Ол өз еңбектерінде тұңғыш рет
жануарлар дүниесін жүйеге келтіріп, оларды қаны бар жануарлар және қаны жоқ
жануарлар деп екі топқа бөлді. Зоологияның дамуына
XVI ғасырдың аяғы – XVII ғасырдың басында ойлап табылған микроскоптың
маңызы зор болды. Оны ойлап тапқан голландия ғалымы А.Левенгук (1632–1723)
алғаш рет жануарлардың қан түйірлері мен қан капиллярларын сипаттап жазды.
Левенгуктың басты жаңалығы – микроскоп арқылы су тамшыларын зерттеп, оның
құрамында қарапайым жәндіктердің тіршілік ететінін ашуы болды[3].
XVII ғасырдың аяғы және XVIII ғасырдың басында жануарлар
жүйесінің негізін ағылшын табиғат зерттеушісі Д.Рей жасады. Ол өзінің
Жануарларға жүйеленімдік шолу (1693) атты кітабында жануарларды сыртқы
белгілеріне қарай жіктеді. Мысалы, сүтқоректілерді ол екі топқа: саусақты
сүтқоректілер және тұяқты жануарлар деп бөлген. Одан кейін швед ғалымы
К.Линней Systema naturae (1735) деген еңбегінде жануарлар мен
өсімдіктерді жүйелеуде түр, туыс, класс деген зоологиялық атаулар ұсынды.
XVIII ғасырдың аяғы–XIX ғасырдың басында француз ғалымы
Ж.Кювье жануарлардың салыстырмалы анатомиясы палеонтологияның негізін
салды. Ал 1825 жылы француз зоологы А.Бленвиль жануарларды жүйелеуне тип
деген ұғымды енгізді. XIX ғасырда
француз ғалымы Ж.Б.Ламарк тірі табиғаттың тарихи дамуын зерттеді. Оның
Зоология философиясы (1809) деген еңбегінде органик. дүние эволюциясының
ғылыми теориясы баяндалды. Зоологияның дамуына XIX
ғасырдың 30-жылдары неміс биологтары М.Шлейден мен Т.Шванн ашқан клеткалық
теорияның үлкен әсері болды. Бұл теория клеткалық деңгейде тірі
организмдердің біртұтас екендігін толық дәлелдеді. Ағылшын табиғат
зерттеушісі Ч.Дарвиннің Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің шығуы немесе
тіршілік үшін күресте қолайлы өскен тұқымдардың сақталып қалуы (1859) атты
белгілі еңбегінен кейін зоология ғылымы дамуының жаңа кезеңі басталды.
XIX ғасырдың 2-жартысында неміс ғалымдары Эрнст
Геккель мен Ф.Мюллер эволюция іліміне сүйене отырып, филогенетткалық
зоологияның негізі – биогенетикалық заңды ашты. Эволюциялық салыстырмалы
эмбрио- логияның дамуы Ресей зоологтары И.И.Мечников, А.О.Ковалевскийдің
еңбек- терімен тығыз байланысты[4].
Қазақстан зоологиясы. Қазақстан жануарлары туралы алғашқы ғылыми жазба
деректер Византия, Рим, Араб халифаты елшілерінің жолжазбалары мен Махмұт
Қашқаридің Түрік тілінің сөздігінде, Кодекс Куманикусте (Қыпшақ
тілінің сөздігі) кездеседі. Қазақстанға XVII ғасырдың
аяғы мен XVIII ғасырдың басында келген географ-саяхатшылардың экспедициялық
зерттеулерінің қорытындысы мен жеке мамандардың еңбектерінде де біздің
өлкедегі жануарлар туралы деректер мол. Мысалы, П.С.Паллас құс пен аңның 41
түріне, Э.А.Эверсман құстың 8 түріне сипаттама берген. Сондай-ақ
Н.А.Северцовтің Түркістан жануарларының таралуы, П.П.Сушкиннің Қырғыз
даласының құстары, Н.А.Зарудныйдың Арал теңізі құстары, т.б. ғылыми
еңбектері аңдар мен құстардың жаңа түрлерін ашып, хайуанаттардың
географиялық таралуы мен биологиясын зерттеп білуде маңызы зор болды.
ғасырдың басында Л.С.Берг Арал теңізі мен Балқаш көлі балықтарын зерттеді.
Алынған ғылыми мәліметтері оның үш томдық КСРО және көрші елдер тұщы су
балықтары (1948–49) деген кітабына енді. Сондай-ақ республикамыздың
жануарлар дүниесін зерттеуде КСРО ғылым академиясының Зоология институты,
Мәскеу мемлекеттік университеті, т.б. жоғары оқу орындарының ғалымдары
(К.И.Скрябин, Д.Н.Кашкаров, А.Л.Бродский, Б.С.Виноградов, В.А.Селевин,
т.б.) үлкен үлес қосты. 20 ғасырдың 20-жылдары Жетісуда көрнекті ғалым
В.Н.Шнитников көптеген коллекциялық материалдар жинады. Соның нәтижесінде
ол Жетісу сүтқоректілері (1936) және Жетісу құстары (1949) атты ғылыми
еңбектерін жариялады[5]. XX
ғасырдың 30-жылдары Е.Н.Павловский, В.А.Догель, Б.Е.Быховский, т.б. белгілі
ғалымдардың басшылығымен жануарлар паразиттері және олар тарататын ауру
түрлерін кеңінен зерттеу қолға алынды. Соның нәтижесінде Арал теңізі
балықтарының паразиттері (1934) және Каспий теңізі балықтарының
паразиттері (1938) сияқты ғылыми еңбектер жарық көрді. 1924 жылы Алматыда
Қазақ өсімдік қорғау стансасы (қазіргі Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу
институты) ашылып, онда ауылшаруашылығы дақылдарына зиянын тигізетін
кеміргіштерді зерттеп, оларға қарсы күрес жолдары анықталды. 1929 жылы
ашылған обадан арылу стансасында (қазіргі Қазақ карантиндік және зооноздық
инфекциялар ғылыми орталық) қауіпті оба ауруын тарататын кеміргіштер мен
олардың паразиттері зерттелді. Республикада жануарлар жөніндегі жүйелі
зерттеулер КСРО ғылым академиясының қазақстандық
базасының құрамында Зоология секторы ашылғаннан кейін (1932) басталды.
Зоология саласындағы іргелі ғылыми-зерттеулер 1943 жылы құрылған Зоология
институтында жүргізілді.
Қазақстанның зоолог-ғалымдарының көп жылдық ғылыми-
зерттеу жұмыстары:
Қазақстанның бауырымен жорғалаушылары (1956);
Қазақстан құстары (1–5 т., 1960–74);
Қазақстан тұяқты жануарларының ішкі паразит құрттары (1–2 т., 1962–63);
Қазақстан
сүтқоректілері (1–4 т., 1969–85);
Қазақстан балықтары (1–5 т., 1986–92);
Қазақстанның қызыл кітабы (1996) сияқты іргелі еңбектерде
қорытындыланған. Қазақстанда сүтқоректілер мен құстардың, бауырымен
жорғалаушылар мен қосмекенділердің түрлері мен жалпы саны анықталды; кейбір
топтарға жататын омыртқасыз жануарлардың фаунасы мен жүйеленімі, жабайы
жануарларды халық шаруашылығынданда пайдаланудың ғылыми негіздері кеңінен
зерттелді. Соңғы жылдары
республикамызда жануарлар дүниесінің әртүрлілігін сақтау, оларды ұдайы
өсіру және ұтымды пайдаланудың ғыл. жолдарын жасау, жануарлар мен адамның
табиғи ошақты және паразиттік ауруларын болдырмау тәсілдерін іздестіру,
жануарлар әлемінің кадастрін жасау жұмыстары Қазақстан ғалымдары
Е.В.Гвоздев, Т.Досжанов, А.Бекенов, Э.И.Гаврилов, А.Ф.Ковшарь, И.Д.Митяев,
Г.Уәлиева, Б.Шайкенов, Л.А.Бурделов, Д.Жатқанбаева, т.басқалардың
басшылығымен жүргізілді. Сондай-ақ зоология проблемалары ҚазҰУ мен
облыс орталығындағы университеттердің биология факультеттерінде, мемлекттік
қорықтар мен зоологиялық қорықшаларда, ұлттық табиғи саябақтарда
зерттеледі[6].

1.2 Қостанай облысының фаунасына экологиялық – географиялық шолу

Қостанай облысының солтүстігінде кездесетін бунақденелілер түрлер
құрамы.Насекомдарды ғылыми түрде зерттеудің XVII ғасырда негізін салушылар:
М.Мальпиги, Я.Сваммердам және француз табиғат зерттеушісі Р.Реомюр. XVIII
ғасырдың басында француз энтомологы Ж.Дюфурдың зерттеу жұмыстары арқасында
насекомдардың салыстырмалы анатомиялық зерттеулері жақсы дамыды. XVIII
ғасырдың екінші жартысында орыс ғалымы П.С. Паллас насекомдар фаунасын
зерттелудің негізін қалады. Қазақстанда насекомдарды алғаш XIX ғасырда П.П.
Семенов-Тянь-Шаньский, Н.А. Северцов, А.П. Фадченко, В.Ф. Ошанин жетекшілік
еткен ғылыми экспедицияларда зерттеулер жүргізілді. Жеке энтомологиялық
зерттеулермен 1921 - жылы құрылған Жетісу энтомологиялық бюросы
айналысты. Ал осы күні Қазақстан Республикасының білім және
ғылым министир лігінің Зоология институтында жалғастырылуда. Қазақстанда
насекомдардың ғылыми зерттелулерін жүргізген: С.Н. Боев, И.Г. Галузо, А.Д.
Долгушин, Т.Н. Досжанов, Б.Шайкенов, И.Д. Митяев, В.Л. Казенас және т.б.
ғалымдар[5,6]. Республиканың әр аймағына тән насекомдар фаунасы
жөніндегі зерттеулер: Қазақстан соналары, Қазақстанның қан сорғыш масалары,
Қазақстан ағашжегі қоңыздары, Орта Азия және Қазақстан бізтұмсық қоңыздары,
Орта Азия және Қазақстан қазғыш аралары, Қазақстанның қан сорғыш шыбындары,
Қазақстанның жапырақжегі қоңыздары және басқада көптеген ғылыми еңбектерде
басылды. Қазақстан 32 насекомдарының жүйесі, фаунасы, экологиясы,
географиясы туралы мәліметтер үнемі жаңартылып, толықтырылып отырылады[7].
Болашақ биолог
мұғалімдердің зерттеушілік іс - әрекетін қалыптас- тыруда аймақтық құрылым
негізінде білім беруге бағытталған, Қазақстан насекомдарының (Insecta)
биологиялық, экологиялық, тіршілік ерекшеліктерін зерттеу және жұмыс
нәтижелерін оқу үрдісінде пайдалану арқылы, оқытудың әдістемелік негіздерін
айқындау жұмыстарын орындауға ұмтылыс жасалды [8].
А.Ф.Каменский Солтүстік Қазақстандағы Наурызым
мемлекеттік қорығындағы жартылай қаттықанаттылардың тізімін (58 түріне)
ұсынды . Батыс Қазақстанның жартылай қаттықанаттыларының зерттелуіне
үлкен үлес қосқан А.Н.Кириченконың жұмыстары Оралдың қандалалар фаунасын
аудандарын қамтиды. Жер шарында
кең тараған 1 млн-дай түрі анықталған (барлығы 1,5 – 2 млн. түрі болуы
мүмкін). Жәндіктер екі класс тармағына бөлінеді: алғашқы қанатсыз жәндіктер
және қанатты жәндіктер. Қазақстанда 2 класс тармағына жататын 28 отряды 550-
ден астам тұқымдасы бар[9]. Қостанай облысының
А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекетік университетінде энтомология
мұражай қоры бар. Қостанай территориясында тіршілік ететін 16 негізгі
отрядтарының өкілдері бар. Олардың ортасында:
Odonata – 6 тұқымдас, 9 туыс;
Blattoptera – 1 тұқымдас, 1 туыс;
Mantoptera – 1 тұқымдас, 1 туыс;
Orthoptera – 7 тұқымдас, 42 туыс;
Dermaptera – 1 тұқымдас, 1 туыс; Homoptera – 13
тұқымдас, 23 туыс; Hemiptera – 11 тұқымдас,
32 туыс; Thysanoptera – 3 тұқымдас, 6 туыс;
Coleoptera – 25 тұқымдас, 148 туыс;
Raphidioptera – 1 тұқымдас, 1 туыс;
Neuroptera – 4 тұқымдас, 5 туыс;
Mecoptera – 1 тұқымдас, 1 туыс;
Trichoptera – 1 тұқымдас, 1 туыс;
Lepidoptera – 17 семейств, 96 родов;
Hymenoptera – 11 тұқымдас, 19 туыс; Diptera
– 14 тұқымдас, 31туыс.
Мұражай экспозициясы- таңдалып жинақталған және белгілі бір жүйеде
таныстыру үшін ұсынылған жәндіктердің коллекциясы. Энтомологиялық мұражай
экспозицияларында тақырыптар 12 бағыт бойынша қалыптас тырылған(еске
салсақ, мұражайда ауыл шаруашылығы бағыты бар).
Зиянкестерді білу өте маңызды, сол себепті олармен күресу жолдарын
да табу керек. Экспонаттық стендтерде ауылшаруашылық зиянкестерінің
Қостанай облысында табылған ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкестер
түрлерінің 42 түрі көрсетілген. Келіп көрушілерге 874 түр, ең жиі
кездесетін 1840 түрлі жәндіктердің үлгілері бар[10].
Бунақденелілер адам өмірінде және табиғатта өте үлкен маңызды рол
атқарады. Бунақденелілер құрлықта, шөлді- шөлейтте, тоған суда және қан
жерде мүмкіндік бар, сонда тіршілік етеді. Көптеген бунақденелілердің
тіршілігі өсімдіктер тіршілігімен тығыз байланысты. Бұл бунақденелілердің
көпшілігі өсімдіктің жапырағымен, тамырымен, сабағымен, және басқа
мүшелерімен, жемістері және тұқымдарымен қоректенеді. Өсімдік қоректі
насекомдар массалық көбею кезеңінде теритториядағы өсімдіктерді зақымдайды
немесе жояды. Мысалы: құмырсқа топырақтың пайда болуын жүзеге асырады,
аралар түктіара, шыбындар, кейбір көбелектің түрлері және қоңыздар гүлді
өсімдіктердің айқас тозаңдануында маңызды роль атқарады.
Заттардың табиғаттағы айналымында да бунақденелілердің маңызы зор.
Олар өсімдіктермен қоректенуімен қатар, олар басқа жануарларға қорек бола
алады (мысалы құстар), өлексе қоңыздар және көң қоңыздарының санитарлық
маңызы өте зор. Бунақденелілердің санының көптігіне және жер бетінде тез
көбеюіне байланысты, жер бетіндегі жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес.
Адам күнделікті өмір тіршілігінде және практикалық іс- әрекетінде әр түрлі
бунақденелілермен кездеседі[11].
Бал арасы және тұт көбелегінің адам өмірінде маңызы зор. Мәдени
өсімдіктерді және бағалы жабайы өсетін өсімдіктерді тозаңдандырушы зиян
келтіретін бунақденелілер аз емес. Олар егістікті орман және бақ ағаштарын
және бағалы өсімдіктерді жейді, және қоректік тағамдарды бұзады.
Бунақденелілер арасында қансорғыштар да кездеседі. Олар: масалар, соналар,
мүйізді ірі қаралардың сүтін азайтады. Адамдардың жұмыс істеуіне және
демалуына кедергі жасайды. Кейбір бунақденелілер ішек ауруларын
туғызады[1].
Қостанай облысының солтүстігінде кездесетін құрттар түрлері.
Азқылтанды құрттар(Оlydochaeta) – буылтық құрттар өкілі. Ғылымға шамамен 35
мыңға жуық түрі белгілі. Көпшілігі тұщы суларда, ылғалы мол топырақта,
кейбір түрлері теңіздерде тіршілік етеді. Азқылтанды құрттардың арасында
ұзындығы бірнеше см-ден 3 м-ге (Мegascolіdes australіs) жететіндері де
кездеседі. Қазақстан да жиі кездесетін өкіілі- жауын құрты.
Ірі түрлері тек тропиктік аймақта тіршілік етеді.
Азқылтанды құрттардың денесі қайталанып отыратын 500 – 600 біркелкі
сақиналардан тұрады. Дене сегменттерін сыртынан тығыз жамылғы (қабықша)
жауып тұрады. Көпшілік түрлерінің терісінде әр түрлі шырындар шығаратын
тері бездері, әр түрлі түс беретін пигменттер бар. Жүйке жүйесі көмегімен
сыртқы дүниені сезіне алады, бірақ көбінің көзі болмайды. Олар топырақ
құнарлылығын арттырады. Ал суда тіршілік ететін түрлерін балықтар қорек
етеді. Қызылша
нематодасы – Hetereodtra schachtii көкөністік, мал азықтық, техникалық және
қант қызылшасының тамырын зақымдайтын паразит. Құрттар, қызылша өсірілетін
аудандарда кең тараған[12]. Аscaridida отряды.
Адамның және сүтқоректілердің ішегінде паразиттік тіршілік ететін түрлер
жатады: адам аскаридасы –Ascfris lumbricoides, жылқы аскаридасы –
Рагаscaris еquorum, шошқа аскаридасы – Аscaris suum т.б. Туғызатын аурулары
– аскаридоз. Адам аскаридасы бүкіл әлемде кең тараған және ең зиянды
құрттардың бірі. Ересек түрлері адамның ащы ішегінде паразиттік тіршілік
етеді. Ұрықтанған жұмыртқалары нәжіс арқылы ішектен сыртқа шығарылып, суға,
топыраққа түседі. Адамға аскариданың жұмыртқасы
лас суды ішкенде немесе көкөністі жумай жегенде жүғады. Адам аузына түскен
инвазиялық жұмыртқа ішекке өтеді. Алдымен ішектегі сөлдердің әсерінен
жұтылған жұмыртқаның қабығы бұзылады да, одан дамып, қалыптасып түрған
личинка шьгғады. Личинка сол жерде қалып, өсіп, дамуының орнына, енді бүкіл
организмді шарлауын бастайды. Бұл микроскопиялық майда личинкалар ішек
қабырғасын бұрғылап қан тамырларына түседі. Қанның ағысымен олар бауырға,
бүйрекке, содан жүрекке, соңынан өкпеге келіп тоқтайды. Бұл кезде олардың
ұзындығы 1 мм шамасында болады. Өкпеде личинкалар қан тамырларын тастап,
альвеолдарға, бронхыларға, одан тыныс жолына түсіп, ауызға қарай жылжиды.
Осы уақытта личинкалар тамақты (тыныс жолын) жыбырлатып, адамның жөтелу
кезінде ауызға тез түседі. Ауыздан сілекей мен ас арқылы личинкалар ішекке
келіп, өзінің дамуын аяқтайды. Дайын аспен қоректене отырып, тез өседі де,
ересек формасына жетеді. Аскарида личинкасының миграциялық даму циклі
иесінің денесінде үш айға созылады.
Охуигіdае түқымдасының өкілі- балалар острицасы – Еnterobius
vermisculfris адамның, көбінесе балалардың тоқ және ащы ішегінде тіршілік
етеді. Аталығының ұзындығы 2-5 мм, денесінің артқы үшы спираль тәрізді
оратылған, аналығының – 9-12мм, артқы ұшы біз тәрізді сүйірленген.
Ұрықтанған аналық острица иесінің аналь тесігіне өтіп, оның қыртыс
аралығына жүмыртқаларын салады. Осы уақытта құрттар белсенді қозғалып,
аналь тесігін жыбырлатып қышытады. Балалар оны қолымен қасыса, кейін
жүмыртқаларын аузы арқылы қайтадан жұтуы мүмкін. Жұмыртқалар сыртқа
шығарылып адамға су арқылы, қолын жумай тамақ ішкенде жұғады. Ішекке түскен
инвазиялық жұмыртқадан личинка шығып, осы жерде өсіп, ересек түріне
айналады. Острицалар ішектің сілекейлі қабатын, сондай- ақ соқыр ішекті
қабындырып, соқыр ішек ауруына себепші болады. Энтеробиозға қарсы
профилактикалық шараларды орындау – денені таза үстау, гигиенаны сақтау
қажет[13].
Қазақстанда кездесетін былқылдақденелілер типінің түрлері.
Былқылдақденелілер-денесі жұмсақ, үш қабатты, екі жақтаулы симмет риялы
көпжаушалы омыртқасыз жәндіктер. Олардың денесі бастан, аяқтан, бақалшақтан
және бақалшақ қалдығынан тұрады. Былқылдақденелілердің 130 мыңнан
астам түрі белгілі. Тип жеті класқа жіктеледі. Ал мектеп бағдарлама сында
бауыраяқтылар, қосжақтаулылар, басаяқтылар класымен таныстырылады.
Бауыраяқтылар класын таныстыр ғанда тоспа ұлуы мысал ретінде қарастырылады.
Олардың өкілдері шалшық ұлуы, жүзім ұлуы. Жүзімнің жапырағына зиян
келтіретін – жүзім ұлуы, бауда өсетін өсімдіктер көпшілігінің жемісі мен
жапырақтарын зақымдайтын – жалаңаш шырыш т.б. жатады. Былқылдақ -денелілер
– кейбіреулері ғана болмаса, көпшілігі бақал шақты, жұмсақ денесі бас,
тұлға, аяққа бөлініп, нағыз суда мекендейтін жәндіктер. Олардың құрлықта
тіршілік ететін де түрлері бар. Денесі буылтықсыз және өте жұмсақ
болғандықтан, бұл топтағы жәндіктер былқылдақденелілер деп аталады.
Қосжақтаулылар класы –Жер шарында кең тараған жәндіктер.Оалрдың өкілі
айқұлақ. Басаяқтылар класының ерекшелігі ауыз төңірегінде 8-10
қармалауыштары болады. Каракатица, кальмар, сегізаяқтылар суы тұзды және
оңтүстіктегі теңіздер мен мұхиттарда мекендейді.[14].
Қазақстанда кездесетін балықтар класының
түрлері. Балық – хордалылар типінің жақтылар тобына жататын омыртқалы су
жануарлары. 20 мыңнан астам түрі белгілі, олардың 97 – 98%-ы сүйекті
балықтарға жатады, қалғандары шеміршекті балықтар. Қазақстанда жүз
сексендей түрі мен түр тармақтары кездеседі.
Уылдырығын судағы өсімдікке, тасқа жабыстырып қоятындары, көміп
тастайтындары, тіпті моллюскілердің денесіне тығып сақтайтындары да
кездеседі. Балық жыл маусымына сәйкес қорегін, қыстауын немесе уылдырық
шашатын жерін іздеп, кейде мыңдаған киллометрге дейін өрістейді. Балық –
адам үшін қажетті белокқа бай тағам көзі. Оның еті, уылдырығы, ал кейбір
түрінің терісі де пайдаланылады, олардан балық майы алынады. Ішінде улы
түрлері де кездеседі. Балық аулау шаруашылығы ертеден белгілі, дегенмен
оның шарықтау биігі 20 ғасырдың 70-жылдарына тура келеді. Осыған байланысты
кейбір кәсіптік маңызы зор балықтың санын азайтпау үшін, олардың табиғи
көбеюіне қосымша әр түрлі қолдан өсіру әдістері жасалады. Саны өте
азайып кеткен, айрықша қорғауға алынған балық түрлері мен түр тармақтары
халықаралық және ұлттық Қызыл кітапқа енгізілген (мысалы, ақ балық,
нельма, Арал албырты, Арал бекіресі, Каспий албырты, көкбас, т.б.). Ғылыми
мақсат үшін кейбір балықты лабораторияда өсіреді. Балықты аквариумда өсіру
кең өріс алуда. Балық туралы ғылым ихтиология деп аталады.
Бекірелер — Қазақстанда бұл отрядтың 7
өкілі: қортпа, сүйрік балық, бекіре, сібір бекіресі, шоқыр, мекіре,
тасбекіре тіршілік етеді. Бекірелер сүйекті-шеміршекті балықтар, басқа
балықтардан сыртқы пішіні және құрылысымен ерекшеленеді. Денесі ұзынша
ұршық тәрізді, бес қатар сүйекті өсінділермен жабылған (бір қатары
арқасында, екеуі екі бүйірінде және екеуі құрсағында), осы қатарлардың
ортасында ұсақ сүйекті түйіршектер мен тақтайшалар бар. Басы конус тәрізді
созылған және тұмсығы күрек тәрізді. Төменгі жақта тісі жоқ. Бекірелер ұзақ
өмір сүретін, кеш жетілетін балықтар, әр түрлі түрінің аталықтары 5-13-тен
8-18 жаста, ал аналықтары 8-12-ден 16-21 жаста жынысты жетіледі[15].
Сонымен қатар, дене пішіндері өте
үлкен болады. Мысалы, қортпаның салмағы 1 тоннаға дейін, ұзындығы 4-4,5
метрге дейін жетеді, 2 тонналық балықты ұстаған жағдайлар да белгілі.
Тасбекіре 40 см-ден артық өспейді. Олар уақытының көбін теңізде өткізеді
(Каспий және Арал теңіздері), ал ұрығын шашу үшін өзенге көтеріледі. Барлық
бекірелерді бағалы, жоғары сапалы еті және қара уылдырығы үшін әрқашанда
көп ауланған. XX ғасырдың аяғында саны азайып кетті,
сондықтан бұл кәсіптің уақытын реттеуге тура келді. Қазіргі кезде бекіре
балығын ұстау үшін арнайы рұқсат керек, кей түрлері Қазақстан Қызыл
кітабына енгізілді (тасбекіре мен мекіре) және ұстауға тиым салынды.
Қазақстанда қортпа, бекіре, шоқыр – Каспий теңізі мен Жайықта; Сібір
бекіресі – Бұқтырма су қоймасы мен Ертісте; сүйрік бекіре – Жайық, Ертіс,
Тобыл өзендерінде; мекіре – Каспий теңізі мен Жайықта, ертеректе ол Арал
теңізінде кездесетін, қазір Балқаш су қоймасында жерсіндірілген, ал
тасбекіре – Сырдария өзені мен оның суармалы каналдарында таралған[16].
Каспий тілтістісі – дөңгелек ауыздылар
класының өкілі. Балықтәрізді жануардың ұзындығы 55 см, салмағы 200 г дейін.
Ауызы түтік тәрізді, көптеген мүйізді тістері болады, оны сорғыш ретінде
пайдаланады. Уақытының көбін Каспий теңізінде тұзды суында өткізеді, ал
уылдырық шашу үшін Жайық өзеніне көтеріледі. Су температурасы 1100-қа
төмендегенде көбею үшін қоныс аудару басталады. Уылдырығын өзеннің құмды,
топырақты таяз жерлеріне шашады. Уылдырық шашудың ауыр жолын игеру үшін,
жолға шығар алдында денесінің 34% май болады. Бұрын бұл жануарларды ұстап,
кептіріп, майын жарық үшін пайдаланатын болған, қазір тамақ үшін
пайдаланады[17].
Құбылмалы форель немесе бахтах – бұл балықтың Отаны – Солтүстік пен Орталық
Америка. Форель албырттарға жатады. Бағалы қызғылт түсті еті үшін адамдар
бұл балықты кең таратуға тырысты. Нәтижесінде бұл балық тоған балық
шаруашылығының нысаны болды, дүние жүзінде көптеген елдерде жерсіндірілді.
Ол Қазақстанда Шелек өзені су қоймасында тіршілік етеді. Бұл – орташа
пішінді (ұзындығы 0,5 метрдей, салмағы 6 кг), арқасы сұр түсті, бүйірінде
жарқыраған теңбілдері мен қызыл (аталықтары уылдырық шашу кезінде) бүйір
жолақтары бар балық. Өзінің “құбылмалы” деген атын кей түрлерінің ашық
боялғандығынан алған. Қоректенуі алуан түрлі – бентос, ұсақ балықтар,
жәндіктер және тағы басқалар. Форельге жақын балық – албырт. Қазақстанда 2
түрше – Каспий және Арал албырттары тіршілік етеді, олар Қазақстан Қызыл
кітабына енгізілген. Майқап – Қазақстандағы
албырттардың бір өкілі. Оңтүстік Алтай өзендері мен Марқакөл көлін
мекендейді. Бұл қарақоңыр жалтыраған жыртқыш балықтың салмағы 2,5 кг.
Бентос, балық немесе суға түскен сүтқоректілермен қоректенеді. 4 жылдан
кейін жынысты жетіледі. Көктемде құмды және ұсақ тасты таяз суларда
уылдырықтарын шашады. Кәсіптік түр. Шортан – солтүстік жарты шарда кең
таралған, бала кезден ертегіден таныс жыртқыш балық. Шортанның денесі
ұзынша жебе тәрізді, ұсақ қабыршақпен қапталған және қоршаған ортасына
байланысты алуан түске боялған. Денесінің астыңғы жағы алға шығыңқыраған,
жалпақ тұмсықты. Аузында тістері көп, олар ұшымен кері бағытталған,
сондықтан аузына түскен жемтігі мұндай қақпаннан қайтып шыға алмайды.
Шортан – жыртқыш, балықты басынан бастап жұтады, 1,5 метрге дейін өседі,
салмағы 30-35 кг. Қазақстанда шортандар ағыны жай өзендер мен су маңы
өсімдіктері жақсы жетілген көлдерде кездеседі. Тек Балқаш-Алакөл ойпаты мен
Талас өзені су қоймасында кездеспейді. Бұл ерте көктемде өсімдікті таяз
суларда уылдырық шашады да, уылдырықтарын өсімдіктерге жабыстырады. Жарып
шыққан шортаншалар біраз уақыт жұмыртқадан қалған, сарыуыз қабығындағы
қоректік заттарды пайдаланады, одан кейін ұсақ шаянтәрізділермен
қоректенеді. Ұзындығы 5 см-ге жеткеннен кейін, олар түгелдей жыртқыштық
жолмен қоректенеді, шабақтарды аулайды. Кәсіптік түр[18].
Торта балық – өте кең таралған, өзгергіш тұщы су балығы. Тортаның
бірнеше түршелері бар, халық оны әртүрлі атпен атап, әрқайсы жеке түр деп
есептейді. Қара теңіз су қоймасында – тыран балық, Каспийде – Каспий
тортасы, Аралда – Арал тортасы, Ыстықкөл мен Сібірде – кергек балық
тіршілік етеді. Көзінің қызыл сары түсті сыртқы мөлдір қабығы жоғарғы
жағындағы қызыл дағымен ерекшеленеді. “Өтпел” түрлер (яғни теңізде тіршілік
етіп, өзендерде уылдырық шашады) – тыран, торта балықтар және де
“тұрғылықты” (яғни уылдырығын тіршілік ететін жерінде шашады) торта
балықтар. Қоректенуі әртүрлі – өсімдік, әрі жануартектес (жәндіктер
дернәсілі, шаянтәрізділер, ұсақ былқылдақденелілер) қоректер. Ірі болып
өспейді, кәсіптік аулауда 18-35 см балықтар басым. Өтпелі түрлердің
кәсіптік маңызы зор, оларды уылдырық шашу немесе қыстар алдындағы жиналған
жерінде аулайды. Бұл балықты жаңа ауланған, тұздалған, қақталған күйінде
жейді. Табан
балық – тұқы балықтар отрядының бағалы кәсіптік балығы. Денесі екі жағынан
жалпақ, ұзындығы 45 см, салмағы 2,5-3 кг. Кішкентай табандар күмісше
жалтыраған сұр түсті, есейе келе алтын сияқты жалтырайды. Табан – түбі құм,
лай, сазды және тыныш, суы жылы өзендер мен шығанақтарда тіршілік етеді.
Қазақстанда әуелден Каспий мен Арал теңіздері су қоймаларында қоныстанған.
Ертіс, Балқаш, Талас су қоймаларында, Солтүстік және Орталық Қазақстан
көлдерінде ойдағыдай жерсіндірілген. Уылдырықты ерте көктемде шашады,
көбіне торта балықпен бір мезгілде, сондықтан осы екі түрдің буданы жақсы
белгілі. 3-6 тәуліктен кейін өсімдікке жабысқан уылдырықтан дернәсілдері
шығады. Олар тағы екі тәулігін өсімдікке жабысып өткізеді. Алғашқы кезде
шабақтар ұсақ су жәндіктерімен, одан кейін су түбі жәндіктерінің
дернәсілімен, өсе келе былқылдақденелілер мен ұсак шаянтәрізділермен
қоректенеді. Табан балықтың жоғары сапалы тамақ ретінде кәсіптік және
әуесқой жолмен аулауда зор маңызы бар. Қабыршақсыз көкбас – тұқы балықтар
өкілі, тау өзені мен көлдеріндегі өмірге бейімделген түр. Қабыршақсыз деп
аталуы, денесін бір-бірінің үстін басып жатпайтын сирек ұсақ қабыршақтар
жауып тұрады. Денесінің бояуы алуан түрлі – қара немесе көк түсті арқасы
мен жалтыраған бүйірі бар балықтар өзенде, ал алтындай қоңыр жалтыраған
түрлері көлде тіршілік етеді. Балқаш, Алакөл, Ертіс, Сырдария су қоймаларын
мекендейді. Негізінен жәндіктер дернәсілі және балдырмен, өсе келе
былқылдақденелілер, ұсақ балықтармен қоректенеді. Өте баяу өседі, денесі 25-
30 см-ден артық болмайды. Кей жерлерде (мысалы, Ыстықкөлде) кәсіптік түр
болып табылады. Қазақстанда қабыршақсыз көкбастан басқа, қабыршақты көкбас
тіршілік етеді, оның денесі түгел қабыршақпен жабылған.
Қара балық немесе шармай – Қазақстанда мекендейтін екі шармайдың
бірі. Шармай – тау өзендері мен Азия көлдеріне бейімделген тұщы су балығы.
Қазақстанда Сырдария, Талас су қоймалары мен Қаратау өзендерін мекендейді.
Денесі ұсақ қабыршақтармен қапталған, бояуы құбылмалы. Сондықтан қоңыр
бояуына түскен ақ дағы бар бұл балықты тау өзендерінен байқау қиын.
Талғаусыз қоректі, 0,5 метрге дейін өседі, салмағы 1,5 кг. Шармай – тау
аңғары мен таулы аймақтардағы әуесқойлық жолмен ауланатын жалғыз түрі,
дегенмен оның уылдырығы мен құрсағында төселген қара жұқа қабығы улы екенін
есте сақтау керек. Қазақстанда бұдан басқа Балқаш шармайы (Балқаш және Іле
түршелері) тіршілік етеді, бұл екі түрше де Қазақстан Қызыл кітабына
енгізілген. Сазан (калантыр) – тұқы балық
тұқымдасының ірі балығы, мәдени тұқының жабайы шыққан тегі. Тығыз жалпақ
денелі, денесі жасыл-сұр, кейде сары түсті, ол тығыз ірі қабыршақпен
қапталған. Тез өседі, екінші жылдың соңында ұзындығы 30 см, салмағы 0,5-0,6
кг-ға жетеді (ең үлкені 2 метрге дейін өсіп, салмағы 20 кг). 30 жылға дейін
өмір сүреді. Қазақстанда барлық жарамды су қоймалары, көлдер және ну
өсімдікті өзен шығанақтарында мекендейді. Қорек талғамайтын балық. Кәсіптік
түр болып табылады, оны кәсіптік деңгейде де, әуесқойлар балықшылар да
аулайды. Адам әуелден қалантырды “үй балығына” айналдырды. Басқа
балықтармен салыстырғанда судағы оттегі құрамын көп талап етпейді, оның
уақытша төмендеуіне шыдай береді, тоғандағы жағдайға тез үйренеді. Көп
ғасырлық сұрыптау нәтижесінде тұқы балықтың бірнеше түрі алынған, солардың
ішіндегі көпке әйгілісі – жалтырауық тұқы. Айна сияқты екі бүйірін жауып
тұратын үлкен қабыршақтары үшін осылай аталған[15].
Балқаш алабұғасы – Балқаш-Алакөл су коймасының эндемигі, өсімдігі мол
өзендер мен көлдерде тіршілік етеді. Уылдырық шашу үшін Балқаштан Ілеге
шығады. Бұл – кішілеу, ұзындығы 0,5 м, салмағы 1,5 кг, тікенекті жүзу
қанаты бар, төменгі жағы алға шығыңқы балық. Ұсақ және талма балықтармен,
кейде өз ұрпақтарымен де қоректенеді. 1961 жылға дейін Балқашта жылына 2300
тонна алабұға аулайтын, бірақ оның саны күрт азайып, қазір Қазақстан Қызыл
кітабына және Халықаралық Қызыл кітапқа енгізіліп отыр. Санының азаюын,
ғалымдар басқа жаңа жыртқыш балықтарды (көксерке, жайын, ақмарқа) кеңінен
жерсіндіру әсері және судың гидрологиялық құрамының бұзылуына байланысты
дейді. Біздің суаттарымызда Балқаш алабұғасынан басқа кәдімгі алабұға да
тіршілік етедіі. Жайын –Қазақстандағы жайынтәрізділер отрядының жалғыз
өкілі, көпке танымал балықтың бірі. Жайынның денесі жоғарыдан төмен қарай
шамалы жалпайған, арқасы қара, құрсағы ақшыл түсті, екі бүйірінде дақтары
бар. Үлкен аузының жоғарғы жағында екі ұзын мұртшасы (осынысы үшін басқа
тілде “мысық балық” дейді) және төменгі жағында 2 қысқа мұртшасы болады.
Бұл қорек талғамайтын балық. Қорегінің көп бөлігін балықтар, бақалар,
былқылдакденелілер құрайды, кейде тіпті суда жүзетін құстарды да ұстайды.
Жайын ыстық күндері терең шұңқыр немесе судағы тарбиған ағаш түбінде
жатқанды ұнатады. Жайын өзіне тән өсімдіктен жасалған таяз жердегі ұясында
уылдырығын салады. Алғашқы кезде, дернәсіл шыққанға дейін, ұяны аталығы
қорғайды. Жайын тез өседі, 3-4 жылдан кейін жынысты жетіледі. ұзындығы 5
метрге, салмағы 300 килограмға дейін жетеді. Бұл балық – әуесқой және
спорттық жолмен ауланатын, бағалы кәсіптік балық[17].
Мөңке балық – тұқы тұқымдастың орта пішінді балығы. Ертеден тоғандарда
өсірілетін көпшілікке белгілі балық, барлық жерде жерсіндірілген, қазір
оның алғашқы таралу аймағы қайда екенін айту қиын. Оның биологиялық
ерекшелігі қызық – табиғатта бір жынысты тобы ғана белгілі, ол аналықтан
ғана тұрады. Көбеюі үшін басқа туыс аталықтары – оңғақ, тұқы және басқалар
жеткілікті, даму кезеңінде тек аналығының белгілерін ғана алады. Сондықтан
тоғандық өсіру кезінде, тек аналықтарынан тұратын тобын пайдаланады. Бұл –
кішілеу, ұзындығы 45 см, салмағы 1 кг (кейде 3 кг) балық, су ұсақ
жәндіктерімен қоректенеді. Қазақстанда Каспий, Ертіс су қоймаларында,
Солтүстік және Орталық Қазақстанның тұйық су жүйелерінде, Сарысу мен
Сырдария өзендерінде мекендейді, көптеген тоғанды шаруашылықтарда да
өсіріледі. Көпке таныс керемет әсем –аквариумдық алтын балық, ол осыдан
1000 жыл бұрын Қытай мөңке балығынан алынған. Ұзақ сұрыптау нәтижесінде
Қытай, Корей және Жапонияда бұл сәндік балықтың бірнеше жүздеген түрі
шығарылды[15]. Қазақ халқы балық
шаруашылығымен, атап айтқанда, оны өсірумен және өңдеумен айналысқан.
Балықтың адам ағзасына тигізер пайдасы, құндылығының жоғары, бірақ
сіңімділігінің тез әрі жылдамдығына байланысты тағамдар арасында жоғарғы
орындарда. Су жағалаған адамдар түрлі құралдармен балық аулап, оны түрлі
тәсілдер арқылы пісірген. Арал теңізі мен Балқаш көлін жағалай қонған халық
балықтарды кептіріп, ыстап ұзақ мерзімге де сақтайды. Батыс қазақстан
бекіре балығын аса қадірлейді, оның уылдырығы аса қымбат әрі тым таңсың
асқа жатады[17]. Қазақстанда кездесетін бауырымен
жорғалаушылар класының түрлері.
Қазақстанда жорғалаушылардың 51 түрі кездеседі:
-тасбақаның – 2;
-кесірткелердің – 30;
-жыланның - 19 түрі тіршілік етеді.
Қазақстанның Қызыл кітабына (1996):
-кесірткенің – 6;
-жыланның - 4 түрі тіркелген.
Кесірткелердің түрлері:
-шұбар батбат;
-зайсандық батбат;
-келес;
-сорлан (сарықүрсақ);
-үлкен көз кесіртке;
-шұбар кесіртке.
Еліміздегі кесірткенің ең үлкен түрі - сүр келес. Ол Қазақстанның
оңтүстігіндегі Қызылқұм өңірінде өте сирек кездеседі. Ал аяқсыз кесіртке
сорлан (сарықүрсақ) өлкеміздің оңтүстік өңірінде ғана таралған. Саны аз әрі
өте пайдалы жануар. Қызыл кітапқа тіркелген, қатаң қорғауды қажет етеді.
Жыландардың түрлері: -жолақ
абжылан,
-қызылжолақ абжылан,
-сарыбауыр абжылан,
-төртжолақты абжылан. Жорғалаушыларға
терісі құрғақ, мүйізденген қабыршақ немесе қалқанша сауытты, салқынқанды,
омыртқалы жануарлар жатады. Өкпе арқылы, көпшілігі кеуде қуысындағы
қабырғалар қозғалысының жәрдемімен тыныс алады. Жүрегі - үш қуысты. Тек
тәмсақта (крокодил) жүрек төрт қуысты болып келеді. Екі қанайналым шеңбері
бар. Вена және артерия қайы жарым-жартылай араласқан. Жорғалаушылар іштей
ұрықтанып, құрғақ қабықты ірі жұмыртқа туады. Ұрпағын тірілей туатын
жорғалаушылар да кездеседі. Бұлар қозғалыс жүрген кезде бауыры жерге тиіп
жүретіндіктен, жорғалаушылар деп аталған.
Тасбақалар отряды (Testudines)[өңдеу]
Батпақ тасбақасы (Emys orbicularis
Дала тасбақасы (Agrionemys horsefieldii)
Кесірткелер отряды (Sauria)[өңдеу]
Шиқылдауық жармасқы (Alsophylax pipiens)
Тарақсаусақты жармасқы (Crossobamon eversmanni)
Каспий жармасқысы (Cyrtopodion caspium)
Сұр жармасқы (Mediodactylus russowii)
Жалтырауық жармасқы (Teratoscincus scincus)
Scincidae тұқымдасы Жалаңкөз
тегі (Ablepharus) Шөл жалаңқөзі
(Ablepharus deserti) Алай жалаңкөзі
(Asymblepharus alaicus) Нағыз кесірткелер
тұқымдасы (Lacertidae) Түрлі түсті кесіртке (Eremias
arguta) Eremias grammica
Eremias intermedia
Eremias lineolata
Үлкен көз кесіртке (Eremias multiocellata)
Eremias nikolskii
Eremias scripta
Eremias velox
Шұбар кесіртке (Eremias vermiculata) Eremias
przewalskii Секіргіш кесіртке
(Lacerta agilis) Орман кесірткесі
Тірі туатын кесіртке (Zootoca vivipara)[18]

Қазақстанда кездесетін қосмекенділер класының түрлері.
Қосмекенділер-алғаш құрлықта өмір сүруге бейімделген төртаяқты омыртқалы
жануарлар. Олар екі ортада: суда да, құрлықта да кездесетін діктен,
қосмекенділер деп аталады. Қосмекенділер суда көбейеді және дернәсілдері
сулы ортада дамиды. Қазіргі кезде қосмекенділердің 4 000-нан астам түрі Жер
шарының тропиктік, субтропиктік және қоңыржай аймақтарында кездеседі.
Қазақстанда қосмекенділердің 12 түрі
таралған. Оның 3 түрі сирек кездесетіндіктен, Қазақстанның Қызыл кітабына
(1996) тіркелген. Құрбақалар тұқымдасынан жасыл құрбақа, кәдімгі құрбақа
және даната құрбақасы Қазақстанда мекендейді. Жасыл құрбақа кеңінен
таралған. Құрбақалардың түсі қоңырқай, тері бұдырлары айқын байқалады. Олар
құрғақ далалық кейде шөлейтті жерлерде де кездеседі. Көбіне ертеңгілік,
кешкілік уақыттарда, түнде белсенді тіршілік етеді. Зиянды
бунақденелілермен қоректеніп, ауыл шаруашылығына көп пайда келтіреді.
Даната құрбақасы Қазақстанның Қызыл кітабына (1996) тіркелген. Ол Зайсан,
Балқаш, Алакөл өңірінде таралған, бірақ саны барлық жерде аз. Бақалар
түқымдасының өкілдері дүние жүзінде кеңінен таралған. Қазақстанда бұл
тұқымдастың 5 түрі мекендейді. Олар: көл бақа, сүйріктұмсық бақа, шөп бақа,
сібірлік бақа, қызылаяқ бақа. Қызылаяқ бақа Балқаш көлінің маңында, Шу
өзенінің аймағында ғана таралған. Саны аз болғандықтан, Қазақстанның Қызыл
кітабына (1996) тіркелген. Олар қорғауды қажет етеді.
Қосмекенділер - ең алғаш құрлыққа шыққан омыртқалы
жануарлар. Бұлар екі ортала: суда және құрлықта өмір сүруге бейімделген.
Дернәсілдері суда - желбезектері және терісі арқылы, ал ересектер! құрлықта
терісі және өкпесі арқылы тыныс алады. Жүрегі - үш қуысты, қантарату жүйесі
- тұйық, қанайналымы екі шеңберлі жолмен жүзеге асады.
Қосмекенділер - салқынқанды, төрт аяқты жануарлар. Олар үш отрядқа
бөлінеді: құйрықты, құйрықсыз және аяқсыз қосмекенділер. Аяқтарымен жүреді
және секіреді. Құйрықты қосмекенділер суда жүзеді. Олар - суда өмір сүруге
екінші рет оралған жануарлар. Қосмекенділердің жұмыртқасы және дернәсілдері
суда болатындықтан, көбеюі суда жүзеге асады. Аяқсыз қосмекенділер ылғалды
және жұмсақ топырақта мекендейді. Олардың аяғы және жамбас белдеуі, сондай-
ақ көзі, теңдестіру мүшесі және ортаңғы қүлағы жоқ. Иіс сезу және сипап
сезу сезімдері жақсы дамыған. Іштей ұрықтанады, уылдырықтарын аналығы
қорғайды[19].
Қазақстанда кездесетін құстар класының түрлері.
Құстар-жылы қанды омыртқалы жануарлар (омыртқасы бар жануарлар).
Терісінде без болмайды, денесіне мүйіз қауырсындар өскен. Жақ сүйектерінде
тістері болмайды. Құстар-хордалы жануарлар арасында ұшуға толық беймделген
тек қана бір класс. Олар артқы екі аяқтарымен жүреді, ал алдыңғң аяқ-
қолдары қанаттарға айналған. Құстардың барлығы жұмыртқа салады. Құстардың
денелері жеңіл болғанымен, мықты және ұшуға ыңғайлы болады. Дегенмен
ұшпайтын құстар да кездеседі. Құстар 2 класс тармағына: бір ғана отряды
бар кесірткеқұйрықтылар (жойылып кеткен) және 34 отрядқа бірігетін 9 мыңдай
түрі (оның 28 отряды осы кезде де кездеседі) желпуішқұйрықтылар немесе
нағыз құстар деп бөлінеді. Құстар Арктикадан Антарктика жағалауларына
дейінгі барлық табиғи белдемдерде таралған. Қазақстанда құстардың 18
отрядқа жататын 489 түрі бар. Оларды мекен ететін орындарына қарай орман,
ашық дала, батпақты-шалшықты және су құстары деп бөледі.
Қазақстанда кездесетін сүтқоректілер класының түрлері.
Соңғы он жылдықта Қазақстанның солтүстік облыстарда еліміздің басқа
аудандарындағыдай маммалиофаунаны зерттеу қарқынды жүріп жатқан жоқ. Соғыс
жырдарынан қазіргі кезеңге дейін Советтер Одағының зоология экспедициясы
және стационарлы маммалог зерттеушілері Солтүстік Қазақстан территорияларын
өте терең зерттемеді Қазіргі уақытқа дейін Солтүстік Қазақстан
облыстарында маммолог зерттеушілердің әлі де зерттемеген жануарлары жоқ
емес[20]. Қазақстан фаунасының омыртқалы
жануарлар бөлімінің белгілі бір бөлімдері толық зерттелмегенген. Мысалы,
Қазақстан фаунасы толық сипат талып жазылған, олар: Қазақстанның
рептиллийлері, 1956; Қазақстан амфибиялары, 1959; Қазақстан құстары,
1960-1974; Қазақстан сүтқоректілері, 1969-1985; Қазақстан балықтары,
1986-1990. Осы есептер негізінде Қазақстан фаунасының генетикалық
инвенталар кітабы құрылды. (1989)[21].
Қазақстан территориясында 835 омыртқалы
жануарлар түрі (Vertebrata) қоректенеді, оның ішінде сүтқоректілердің -
178 түрі белгілі[22]. Егер Қазақстанда сүтқоректілерді зерттеу
қай жылы екенін білу керек болса, орыс ғалымдарының, өлкетанумен
айналысушылар және натуралис- тердің шығарған еңбектерінен білуге болады
Әрине аңдардың ауылшаруашылық маңызын және
оларды тиімді пайдалану әдістері жан-жақты және жоспарлы түрде зерттеу Ұлы
Октябрь революция соғысы аяқталған соң қарқынды жүрді. Осы жылдары
Қазақстан аңдарына арналған әдебиеттер кеңінен жарияланды. Мысалы,
сүтқоректілер туралы совет ғалымдарының монографияларында бағалы мәліметтер
жарыққа шықты.
Олар: С.И.Огневтың Звери СССР и прилежащих стран; Н.В.Насоновтың
Географическое распространение диких баранов Старого света;
Б.С.Виноградовтың Грызуны (анықтама); және Тушканчики;
Б.С.Виноградовтың және А.И.Аргиропулдың Определитель грызунов СССР;
Б.С.Виноградов пен и А.И.Аргиропуло және Б.Г.Гентердің Грузыны Средней
Азии; Н.В.Мининнің Эколого-географический очерк грызунов СреднейАзии
және т.б. [20]. Қазақстан
сүтқоректілері туралы жұмыстар жеткіліксіз. Бірақ көпшілігі статья, аңшылық
журналдарында, арнайы баспаларда жарияланды. Сүтқоректілер туралы
Қазақстанда еңбек жазып зерттеген А.Б.Афанасьев пен А.А Слудскойды
(Материалы по млекоптающим и птицам Центрального Казахстана), В.Н.Беловты
Обзор грызунов Северного Казахстана атап айтуға болады. Қазақстанның
фауналық жұмысынан гөрі кейбір жабайы аңдардың түрлерінің қоректену
ортасына байланысты азырақ зерттелінді. Монографиялар мен очерктер
арасында А.В.Афанасьевтың Очерк экологии степного сурка, В.С.Баженовтың
Современное распространение и история большого суслика, Е.П.Басенконың
Экология и распространение сайги, Е.А.Камбулиннің Материалы по экологии
большой песчанки в Казахстане и меры борьбы с нею еңбектерін атап өтуге
болады. Ал сүтқоректілерге байланысты осыған ұқсас жұмыстарды Қазақстанда
жоқ деп айтуға болады. Соғысқа дейін Қазақ ғылыми Академиясы зоология
секторынан СССР бойынша В.М.Антипиннің жұп тұяқтылар туралы Млекопитающие
Казахстана деп аталатын бір кітабы шықты. Қазіргі кезеңде бұл жұмыс
сирек кездесетін библиографиялық болып саналады, сонымен қатар жұп осы
жұмыста тұяқты-аңдар аз қарастырылған және әжептәуір ескірген.
Бұл жұмыстардан басқа А.М.Беляевтың
(1934) Список грызунов Казахстана және А.А. Слудскойдың ғылыми әйгілі
кітабы Пушные звери Казахстана жарыққа шықты. 1948 жылы А.В.Афанасьевтың
Список млекопитающих Казахстана кітабы жарияланды. Республика
аудандарының географиясы бойынша аңдардың таралуы жайында кесте түрінде
берілді. Бұл кітапта сүтқоректілердің қоректену ортасы мен экономикалық
маңызы туралы мәлімет жоқ болды, сонымен қатар Тізім ескірді.
Ақыр соңында Қазақстанның аңдары туралы Б. А. Кузнецовтың
Млекопитающие Казахстана (1948) монографиясы шықты. Осы жұмыс
Қазақстанның сүтқоректілерін сипаттауға толығынан мүмкіндік туғызды.
Қазіргі уақыт үшін А.В.Афанасьевтің мәліметінде мынадай сипатта малар
бөлімі болды: сүтқоректілер класына сипаттама, отрядтардың анықтамылық
кестесі, Қазақстанда көрсетілген кемірушілер отрядына сипаттама, барлық
егеуқұйрықтар, тышқандар, күзендер, барлық тышқан тәрізділер(ондатрадан
басқа) [22]. . М.И.Королев
Қазақстанның ұшатын сүтқоректілерінің авторы болып саналады және ол
А.А.Слудскоймен қоян туралы, тиін тұқымдасы туралы, ала тышқан,
сарышұнақтар және жер бетіндегі жыртқыштар туралы жаздыды. Негізгі
авторлардан басқа да құм сарышұнағы туралы
М.И.Исмагилов очерк жазды. который написал один очерк посвященный суслику
песчанку. Карты распространения видов зверей составлены авторами
соответствующих разделов и вычерчены Т.Ф.Казарина бөлімдерге байланысты
аңдар түрлерінің таралу картасын құрды[21].

2 Орта білім беріу мектептерінде 7-сыныпта биология курсын ұзақ
мерзімді бағдарламамен оқыту ерекшелігі
2.1 Биология сабағында жергілікті жердің фаунистік материалымен
оқушыларды таныстыру
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы № 205
Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес
білім сапасын арттыру жөніндегі жұмыстың негізгі бағыттары білім беру
процесіне қатысушылардың үздік білім беру ресурстары мен технологияларына
бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету, жылдам өзгермелі әлемде табыстылығын
қамтамасыз ететін білім алуға деген білім алушылардың сұраныстарын
қанағаттандыру, Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы білім беретін
мектептерде интеллектуалдық, рухани және дене бітімі дамуын қалыптастыру
болып табылады.
Бүгінгі күні білім беру жүйесі түбегейлі жаңаша ойлауға негізделген
іргелі реформалар кезеңіне қадам басты.
Дүниежүзілік экономикалық форум XXI ғасырдағы табысты адамның білімі
мен іскерлігінің 16 түрін атап көрсетті. Олар:
-командадағы жұмыс дағдылары;
-көшбасшылық қасиет;
-бастамашылық;
-IT-құзыреттілік (айти-құзыреттілік);
-қаржылық және азаматтық сауаттылық және т.б.
2015 жылы Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Білім
беру саясаты комитеті Білім мен дағдылардың болашағы: Білім беру-2030
атты жаңа жобаны іске асыруды бастады. ЭЫДҰ әлемнің бұрын белгісіз жаһандық
сын-қатерлермен көбірек бетпе-бет келіп отырғанын, барынша тартысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мультимедиялық оқыту технологиясы
Ұшатын жәндіктерді жинау әдістері
Биология сабағында танымдық белсенділікті дамытудың әдістері мен шарттары
Дидактика туралы түсінік
Жұмыстың өзектілігі
Биологияны оқытудағы пәнаралық байланыстар
Биология пәнін оқытуда жергілікті жер материалдарын пайдалану
Биология оқыту әдістемесі
Биогеография пәнінің зерттеу обьектісі
Педагогикалық технологиялардың түрлері, жіктелуі
Пәндер