Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ
3

1. Көрікті Көкшенің сыршыл ақыны
4-21

1.1. Ақындық бастау
4-11

1.2. Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш
12-21

2. Арқаның арқалы ақыны
22-51

2.1. Елін сүйген ұлы рух
22-33

2.2. Сырғалы гүлтәждерді жырлаған жүрек
33-51

Қорытынды
52-54

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
55

КІРІСПЕ
Топырақтан маздап шыққан жапырақ нілімен бойға сіңген жер нәрі құлын-
тайдай тебіскен жусан емген ерке түлік бойынан құнарын көрсететіні бар емес
пе? Сол сияқты Көкшенің Имантау, Бурабай, Айыртау, Зеренді, Окжетпес,
Жалғызтау сынды киесінің қасиетіне аунап-қунап, аққу құстың сыланып-сипанар
айнасы болған Сексенкөлдің зәмзәмдай тазалығына, сафтылығына шомылып өскен
жан еңсесін бір көтергенде күллі жүұрт елең етіп аузын ашқанда айрандай
ұйып қалатын. Хан Абылай хандық еткен, Кене хан жолдық еткен , Шоқан
шыңдалған, Біржан, Ақан, Сегіз сері ән салған рухты топырақ сан тұлғаның
асқақ жанын қалап берген, заңғарлыққа жетелеген. Елмен етене жақындататын
да жер. Еркеш Ибраһимды да, Смағұл Садуақасовты, Жақан Сыздықұлын, Еркін
Әуелбековты, Төлеген Қажыбаевтарды да көтерген осы жатыр. Әлі талай
толғақтан жан жүрегі қазанша қайнап ойын қасықтап сөйлететін торсық
шекелілер топ етер. Шарана шырылдаса айы күлімсірейтін. Көкшенің жұлдызы
жымиатын.
Осы сұлу табиғат ортасында өскен бала Кәкімбек тез есейді, жасынан сері
де әнші жыр сүйетін ортада өскен ол өзі де бала сатынын өзінен ақ ақын
болып қалыптасты. Өнерлі ортадан шыққан ақын өзіндік ерекшелігімен ерте
танылды. Кенші ақынның өленінде басқаларда кездеспийтін өзіндік ырғақ бар-
ды.
Біз сонын сырына баруды ұйғардық жұмыс өзектілігі олсында.
Жұмысымызда ақынның бар шығармашылығын түгел қамтуға тырысып оның
өзіндік қырын танытатын өлең жырына терендеп барып талдауды мақсат тұтамыз.
        Жұмыстың екі тараудан тұрады Көрікті Көкшенің сыршыл ақыны ақыны
тарауында Кәкімбек Салықовпен ақындық жолынын басталуымен оның туған жерге
деген сағынышы, өзі туған өлкеге ғана емес бүтін қазақ жеріне деген ыстық
лөпіле сөз болады. Арқаның арқалы ақыны атты екінші тарауда оның ақындық
шеберлігі лирикасының тақырыбы, оның жырларындағы табиғат пен адамдардың
бір-біріне жымдаса астасқаның шебер тілімен бере білгендігін аштық.
Кәкімбек ақыиның қиыр жайлап тыс жүрген ғұмыры сары тап сағыныштар мен
ала бөтен ақсаулардан раня тұрғаңдай ма дегі деп қаласың. Өйткені:
Қайтқаи құстар барады, -Еділдетіп Оралмен. Елге жетіп қалар ма ем, Ере
кетіп солармен, - дегея ақын жүрегінің сағыныштар мен аңсаулардан қуралғаи
отты сезімін Шөміл Әбілтаевтың ән тілімен дөп басып, қапысыз танығандыгына
тәнті болмасқа шараң жоқ Ән әуеиінде олең жолдарының барлық бояу бедері
меи ішкі иірімді сырларын .айқьш аңғарған алымдылық, сергек сезінгендік бой
тастап отырады. Сөз беи саз үндестігінің әдемі гармониялық бітім
бірегейлігі сүйсінтеді.Осы тұста Шәмілдің Ұлдарым, Бір ауыз сөз.
Жақсыкелді Сейіловтың Жез киік, Жағыпар Әлімхановтың Сағыныш, Мұратхан
Егінбаевтың Үш арыс деген қалаулы халықтың ән еңшісше аияалып кеткен
сүйкімді сұлу саздарында ақынның жан сырын, көңіл жатқандығын осы жолы тағы
бір айтсак артықтык етпейді.

1. Көрікті Көкшенің сыршыл ақыны
1.1. Ақындық бастау

Топырақтан маздап шыққан жапырақ нілімен бойға сіңген жер нәрі құлын-
тайдай тебіскен жусан емген ерке түлік бойынан құнарын көрсететіні бар емес
пе? Сол сияқты Көкшенің Имантау, Бурабай, Айыртау, Зеренді, Окжетпес,
Жалғызтау сынды киесінің қасиетіне аунап-қунап, аққу құстың сыланып-сипанар
айнасы болған Сексенкөлдің зәмзәмдай тазалығына, сафтылығына шомылып өскен
жан еңсесін бір көтергенде күллі жүұрт елең етіп аузын ашқанда айрандай
ұйып қалатын. Хан Абылай хандық еткен, Кене хан жолдық еткен , Шоқан
шыңдалған, Біржан, Ақан, Сегіз сері ән салған рухты топырақ сан тұлғаның
асқақ жанын қалап берген, заңғарлыққа жетелеген. Елмен етене жақындататын
да жер. Еркеш Ибраһимды да, Смағұл Садуақасовты, Жақан Сыздықұлын, Еркін
Әуелбековты, Төлеген Қажыбаевтарды да көтерген осы жатыр. Әлі талай
толғақтан жан жүрегі қазанша қайнап ойын қасықтап сөйлететін торсық
шекелілер топ етер. Шарана шырылдаса айы күлімсірейтін. Көкшенің жұлдызы
жымиатын. [1.25] Күрсінген күн, томырсыған ай, жылаған жұлдызды қазақ
даласында жыр дастанына жаңа леп естіртер перзент 32-нің саршұнақ қысында,
аштықтың тұсында кіші Еңбек деген қожым шал ауылында дүние есігін ашты.
Ел-жұрт Кәкімбек деп атады. Аспан, жер, тау, тас, көл, теңіз оны кенші
ақын деп күңіренетін еді. Әкеден ерте жетім қалған бүлдіршін
Ыбырай бұлағының дәмі тартып, Бүркітті тауының етегінде Үкілі Ыбырай
туған ауылда өскен. Бүркітті тауы деп отырғанымыз – Жалғызтау. Бір кездері
оны Жалғыз Жамантау деп кетсе керек. Неге десеңіз ну қарағайлы тау
асуынан қорған жақтан кірешілер (көпестер) жәрмеңкелерге асығатын көрінеді.
Сөйтсе бұл жерде қарақшылар мекендегенде тонап кететін көрінеді. Содан
секемденіп үрейлері кеткен (қашқан) көпестердің лақабы көрінеді.
1951 жылы Сырымбет ауылындағы орта мектепті бітіреді де Мәскеудегі
М.И.Калинин атындағы түсті металл және алтын иснтитутына оқуға түсіп, оны
1955 жылы бітіріп шығады. Институтты бітіргеннен кейін маман кен инженөрі
ретінде Жезқазған руднигіне жолдама алады. Мұнда кен мастері, учаске
бастығы, шахта бастығы, Жезқазғанның Қ.И.Сәтпаев атындағы кен-металлургия
комбинатының секретары болып жұмыс атқарады. Көп жылдар Өзбекстан,
Қарақалпақстанда, Мәскеуде жоғары лауазымда қызмет атқарды.
Қазақтың көрнекті лирик ақыны, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген
қайраткері Кәкімбек Салықов 22 қантарда 1932 жылы бұрынғы Көкшетау облысы,
Айыртау ауданы, Еңбек аулында дүниеге келген. 1955 жылы Москваның түсті
және алтын институтын бітірген. Институтты бітіргеннен кейін 1955-1966 жж.
Жезқазған кен металлургия комбинатында кен мастері, учаске бастығы болып
түрлі қызметтер атқарды. Жезқазғанның Қ.И.Сэтбаев атындағы кен металлургия
комбинаты парткомының хатшысы, Қазақстан КП Жезқазған қалалық комитетінің
бірінші хатшысы, Жезқазған облыстық комитетінің екінші хатшысы қызметін
атқарады. Көп жыл бойы КОКП Орталық Комитетінің аппаратында инспектор болып
қызмет істеді. 1984 жылы Өзбекстан КП Орталық Комитетінің бюро мүшесі.
Қарақалпақ облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы болып қызмет
атқарды. 1989 жылдағы СССР Жоғары Кеңесінің Экология жэне табиғи
ресурстарды үлымды пайдалану мәселелері жөніндегі комитетінің басқарушысы.
Кэкімбек Салықовтың өлеңдері баспасөзде 1956 жылдары жариялана бастады.
Алғашқы өлеңдер жинағы Сыр (1977) жарық көрді. Замандастарының жасампаз
еңбегі, табиғат пен адам бірлігінің жарасымдылығын, туған жерге деген
мазаббатын өрнектеген Жез киік (1973), ал (1977) осы өлеңдер жинағы орыс
тіліне аударылып жарияланды. Нүрлы күндер (1976), Жүлдызды жылдар
тынысы (1978), Мәңгі шырық (1979), Парасат сыры (1980), Шын жүректен
(1981) тағы басқа. өлеңдер мен поэмалар жинақтары жарыққа шықты.
Қырғызстанда Нүрлы күндер (1981) атты кітабы қырғыз тілінде, Ғафур Ғұлам
баспасы Жез киік (1983) жинағын өзбек тілінде шығарды. Нұрлы күндер
(1981) атты кітабы қырғыз тілінде, Ғафур Ғұлам баспасы Жез киік (1983)
жинағын өзбек тілінде шығарды. Нүрлы күндер жинағы Мәскеуден шықты. Дала
дастан, Че Гевара, Гэкку, Жез киік, Еңлікгүл, Тәттімбет, Ақың
Тайжан, Қуаныш - жұлдыз жарқылы, Хан - атлас атты поэмалары
оқырмандарға қен танылып, ыстық ықыласқа ие болды.
Сазгер-ақын өлеңдеріне Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев тағы
басқа композиторлар эн шығарды. Жез киік, Сағыныш, Аққу әні, Үш
арыс сынды туындылары халық эніне айналып кетті.
Ақын өлеңінің сонет формасын дамытты да тұңғыш рет сонеттен тізген гүл
тэждерді қазақ поэзиясына тарту етті.
Кәкімбек Салықов В.В.Маяковскийдің В.И.Ленин поэмасын, Я. Коластың,
М. Д. Львовтың өлеңдерін қазақ тіліне аударды. В. Савельевтің Дала сыры
өлеңдер жинағын аударып, жеке кітап етіп бастырып шығарды.
Автордың отызға тарта жыр жинақтары жарық көрді.
Қазақ КСР Жоғары Кеңесіне үш мәрте (IX, X, XI) депутат болып сайланды.
КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. КСРО Жоғарғы Кеңесінің
депутаты. 1984 жылдан Өзбекстан Компартиясы ОК - нің, 1986 жылдан КПСС ОК -
нің мүшесі.
Халыққа сіңірген еңбегі үшін Ленин орденімен, 2 рет Еңбек Қызыл Ту,
Халықтар достығы ордендерімен марапатталған. Көкшетау қаласының Қүрметті
азаматы.
Жетпіс бес жасқа толуына байланысты өмірі мен шығармашылығы туралы
биобиблиографиялық көрсеткіш жарық көрген.
Жақсының үлгісі жанып тұрган шаммен тең
(Кәкімбек Салықовтың туғанына 80 жыл толуына орай шығармашылығына
арналған эдеби кеш)
Өткізу орны: Қалалың'қазақ, кітапханасы, Момышүлы 55
Өткізу уақыты: 27.01.2012. 14-00
Мақсаты: Қазақтың кенші-ақын, жезкиік-ақын атанған көрнекті ақыны,
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Кәкімбек Салықовтың сандаған
өлеңдері мен ел арасына кеңінен таралып кеткен әндерін, жалпы
шығармашылығын, өмір жолын жалпы жү-ртшылығға, оқырман қауымға, сутендет
жастарга жеткізу. Ақыннық эдебиеттегі орыны мен баға жетпес өлең атты
қазынасын насихаттау.
Көрнекілігі: Өлең менің бойтүмарым киелі... тақырыбындындағы кітап
көрмесі, толассыз ақындық иесі, ҚР ецбек сіңірген қайраткері, Қазақстан
Жазушуылар одағының мүшесі Кэкімбек Салықовқа арналған электронды диск
қойылған.
Қатысушылар: Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің
студенттері, қонақтар, оқырмандар.
Жүргізуші: Армысыздар қүрметті эдебиет сүйер қауым, студенттер,
оқырмандар жэне қонақтар! Бүгін Қалалық қазақ кітапханасының
ұйымдастыруымен өткелі отырған Жақсының үлгісі жанып түрған шаммен тең
атты көрнекті қазақ ақыны, мемлекет жэне қоғам қайраткері Кәкімбек
Салықовтың туғанына 80 жыл толуына орай ақынның шығармашылығына арналған
эдеби-шолу кешіне хош келдіңіздер.

... Толқып айтсам
Толғанысты кезімді,
О, туған ел,
Сенсің өшер сезімді!
Әкем үшін бір ісіңді тыңдырып
Анам үшін жырлап өтем өзіңді, - деп жыр жырлаған Кәкімбек
Салықұлы өзінің саналы ғұмырын шынымен де елі мен жерінің өткені мен
келешегін, қызығы мен қуанышын жырлап келеді. Қандай адам болмасын туған
жердің топырағынан қуат алады. Ал сол адам ақын жанды, ерекше сезімтал
болса көкірегіндегі тү_ма бүлағының көзін ашуда сол топырақтың әсері мол.
Кәкімбек Салықов Солтүстік Қазақстан обыліісы, бүгінгі таңдағы Шал ақын
ауданының аумағындағы Еңбек ауылында туғанымен балалық және жасөспірім кезі
Көкше өңірінің келбетті де көрікті таулары, небір аңызға толы айна көлдерді
жалтыраған, кешегі Біржан сал, Ақан сері, Үкілі Ыбырай эуезді эндерін
әуелеткен киелі өңірде өтті. Кэкімбек Салықовтың ел таныған ақын болуы сол
дараларымыз мекен қылған топырақтың киесінен де болар...
Жүргізуші: Кәкімбек ағамыздың шығармашылығымен таныс болу үшін
назарларыңызға Қалалық қазақ кітапханасының қызметкерлері дайындағын Өлең
менің бойтрарым киелі... атты көрмені ұсынамыз. Көрмені аталмыш кітапхана
қызметкері Гүлнар Дүйсенқызы таныстырады.
Жүргізуші:
Ортамызда әдебиет деген әдемі әлемге сандаған жауһар жырлары мен
поэмалар, арнаулар әкеліп, сол әдебиет бетіне өзіндік жыр жазу сонылығымен
келген Кәкімбек ағамыз жайлы, ол кісінің шығармашылығымен өмірі жайлы
сіздермен ой бөліссін деген ниетпен шақырылған қадірменді қонақтарымыз бар.
Ендігі сөз ретін сол кісілерге берсек. Ортаға сазгер, ақын, кешгі Біржан
сал, Ақан сері сынды бабаларымыздың ізін жалғастырушы ағамыз Иран сал
Тасқараүлын шақырамыз.
Жүргізуші: Келесі сөз қаламыздың қүрметті азаматы, Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі Қажыбаев Төлеген ағамызға беріледі.
Жүргізуші: Қазақ тілі жэне мэдениет қоғамының төрағасы Мейрамбек
Қиықұлына беріледі.

Кездесуден қоштасулар қалмайды
Кезектесіп гұмырыңды жалғайды
Кездесуді аңсамаган адамдар,
Бірін бірі өмір бақи алдайды, - деп жырлаған Кәкімбек
ағаның өлеңінен өмірідің өткінші өткел екендігін аңғарамыз. Ақынның осынау
өлең жолдары бар адамзатты кішіпейілділікке, сыйластыққа, достық пен ақыл-
парасаттылыққа шақырып түрғандай. Бүгінгі эдеби кешімізде Кәкімбек
Салықовтың өзі болмасада армызда ақын ағамыздың өлеңдерін жаттап, оқып
келген студенттеріміз бар екен ендігі кезекті сол кісілерге берсек.
Жүргізуші: Ж.Мусин атындағы қазақ педагогикалық колледжінің
студенттері: Қонысбай Гүлфайруз, Нұрмағанбетова Айым, Жұман Айгерім,
Төлеген Айдар өлең оқиды. (Қ.Салықовтың өлеңдері)
Жүргізуші: Сөз кезегі белгілі айтыскер ақын Құдайберлі Мырзабекұлына
беріледі.
Жүргізуші: Келесі сөз кезегі М.Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық
кітапханасының директоры Арман Бердалинга беріледі.
Құрметті қонақтар, қадірлі оқырман қауым Кәкімбек Салықовтың туғанына
80 жыл толуына орай Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің әдістемелік
бөлімінің қызметкерлері ақынның өмірі мен шығармашылығынан хабар берер
электрондщқ диск дайындап шығарған еді, рұқсат етсеңіздер сол дисктің
мазмұнын таныстыра кетсем. Аталмыш диск Кәкімбек Салықовтың өмірбаянынан
бастап, жүріп өткен өмірінің эр жылдарында түскен суреттерін, әр жылдарда
жазылған мақалалары мен жалпы өлеңдерінен қамтиды. Осынау шыған еңбек әр
оқырманға Кәкімбек ағамыз жайлы мэлімет берер көмекші құрал болады деген
үміттеміз.
Жүргізуші: Сөз кезегі Ибраев Бауыржан Қайыркенұлына беріледі.
Кәкімбек Салықов тек қана өнерін өлеңмен өрген ақын ғана емес, сонымен
қатар ел арасына кеңінен таралып кеткен көптеген сұлу да сырлы әндерінің
сөзін жазған сазгер екендігі баршамызға аян. Алпысқа тарта сазгермен 500-
ден астам әнді дүниеге әкелуі, сазгерлердің ақынның өлендеріне ән шығаруға
құштар болатыны ағамыздың жырларының сұлу сазға сұранып тұратынын паш етсе
керек.

Сұлуды адам жаны қимайды екен,
Беймезгіл еске түссе қинайды екен
Жезкиік, сен есіме түскен кезде,
Бір өзім кең далама сыймай кетем, - деп жан толқыта
жырлаған ақынның Жезкиік әнін тыңдау үшін ортаға. Біржан сал атындағы
музыкалық колледж студенті Мақсат Әбзеловты шақырамыз.
Жүргізуші: Қорытынды сөз Қалалық ақпараттық кітапхана жүйесінің
директоры Бауыржан Қарағызұлына беріледі.
Жүргізуші: Құрметті оқырман қауым бүла жырдың иесі, қаламынан сандаған
өлеңдер мен поэмалар, арнаулар туған қазақ елінің арда азаматы, ақын аңамыз
Кәкімбек Салықовтың туғанына 80 жыл толуына орай өткізілген әдеби іс-
шарамыз өз мәресіне жетті. Келгендеріңізге көптен көп рахмет. Әдебиетімізде
Кәкімбек ағамыздай келісті сөзден сұлу да сырлы өлең тудыра білетін
ақындарымыз көп болғай!
Кәкімбек Салықов өлеңді ерте жаза бастаған. Бірақ алғаш рет 60-шы
жылдары баспасөз бетінде көріне бастады. Алғашқы өлеңдер жинағы Сыр
(1970) жылы жарық көрді. Бұдан кейін оның Жезкиік (1973), Нұрлы күндер
(1976) және Жұлдыздлы жылдар тынысы (1978) атты өлеңдер кітаптары шықты.
1977 жылы Жезкиікатты өлең жинағы орыс тіліне аударылып , жарияланды.
1981 жылы Қырғызстан баспасы оның Нұрлы күндер кітабын қырғыз тілінде,
1983 жылы Ғафур Гулям баспасы Жезкиік жинағын өзбек тілінде шығарды,
Кәкімбек Салықов ондаған поэманың авторы. Олардың ішінен Дала – дастаны,
Че Гевара, Гәкку, Қырандар, Ұрпақ сыры т.т. ерекше атап өтуге
болады.
Еліміздің атақты композиторлары Н.Тілендиев, Ә.Бейсеуов, Е.Хасанғалиев
т.т. Кәкімбек өлеңдеріне ән жазды.
Сыр жинағымен поэзия майданыда тұсауын кескен өрен тұлға жұртқа құшақ-
құшақ сезім толы гүл шоқтарын бейнелейтін жыр жолдарын сыйлады. Біреулер
ет пен тері арасындағы қан қызуынан деп ойлауы әбден мүмкін. Жоқ ,олай
емес! Оқыған адам тұшынып ентелеп енгісі келеді. Тұп-тұра ұйқыдағы жанға
суық бір тамшы тамғанда қалай селк етіп ояна кетсе, сол сияқты жырдан
түзілген гүл тәждердің, жапырақтардың иіліп келіп жүрекке тамғанындай
боласың да кетесің. Сыр ақын қаламының ұшын малып-малып қоғам, әлеумет,
табиғат суреттерінің сұлбасын сызар жырының қоймасы, қолжетпес қазына,
орасан байлық. Жер – анадай ақындардың жүрегі демекші шер, мұң қайғының
бәрін де көтеретін сол жүрек. Қара топырақ астында не жатқанын
білмейтініміздей ақын жүрегінде не жатқанын білмейміз. Гүл мен күл, мұз бен
бөз, түн мен күн сонда мекен етеді. Жастық шақ сырын айтып жер бетіне
дейді ақын. Майдан батыр сұрайды, батыр майдан сұрайды Майданды Сырмен
сұраған.
Туған жердің қадірін туғалы түзге шықпаған қайдан біледі жоғарыда
шетке барып қызмет басты болған аз ба жан? Бәрі төлі жер еркесі. Алыста
жатып желмен сәлем жолдап, бұлтқа хат жазбаған жан кемде-кем шығар?
Кәкімбек Мәскеуде жатса да оның жазған Жезкиігі желдей заулап, ақ
моншағын сеуіп елге жеткен. Өн бойында тыныстай мөлдір лиризм құйылған
Жезкиікөлең жинағы 1970 жылы жазылса да Кәкімбек поэзиясыынң бүкіл
болмысын көрсететіндей. Көлемі шағын, алаң аясы тар кішкене өлеңдері де
қаншама сурет, қаншама сыршылдық, қаншама ой жатыр. Қос анам, Аққуға
наз, Аққулардың арманы, Ауыл жатты, Жезкиік, Кеншілік пен ақындық
т.б. жазған ақын:

Жырымда көңіл нұрым бар,
Үңіле қарап ұғыңдар.
Өзімді айтсам өзге де,
Құрбы мен құрдас сырым бар.
Жырымда атқан таңым бар.
Жырымда аппақ арым бар.
Өмірді алдым сыйлыққа
Өлеңмен қайта алындар, [2.30-31]- дейді мұздың
ызғары, ашқылтым тиер тұз, аяқтан өткен сыз, қала, дала, туған ел, ана
бар деп бүкіл жырында бар-жоқты қысқа баяндайды да:

Жырымда жазым-күзім бар,
Өткерген өмір ізім бар.
Осының бәрі жоқ болса,
Мені де жоқ деп сызыңдар. [3.40-45] – деп түйіндейді.
Киікті елде туып өскен ұл болу неткен керемет. Көз сүзіскен аққудың
еркелеп, қалқуын көтерген сұлу су жүрегінен сезімін ұрлап жағасында
шомылған ақын жан жуып тазалап беретін шығар? Жел де қалыспай киіктің
көзіндегі мөлтілді ұрлап әкеліп ақын көкейіне тамызып таңба қалдыратын
шығар. Таза жан мөлдір көкейінен түзілген жыр жолдарын Нұрлы күндер
жинағында оқырманына жаңа нұр сыйлады. Жезкиікті көрсемші, Адамдар
аққуларды атпаңдаршы, Сағыныш деген ғаламат, Киікті елдің үлымьщ,
Ұрпақ сырын жалғаймын, Адамға дос таңдарлық ерік берген, Оқжетпес,
Көкшетау, Есілге, Балқаш таңы, Іініме хат т.б. сияқты шоқтығы биік
өлеңдер туғызды. Әрине кенжелеп қалғандары да бар. Бұл мін емес. Себебі,
үлы Мұхтардан бастап бәрінде мұндай түстар кездесіп жатады.Қасым ақын
Бұндай өлендер нағыз өлеңдерді асырау үшін керекдеген сылтаумен құтылады
екен кезінде.

Киікті елдің үлымын,
Киікті елдің.
Сүлулықты жаныммен сүйіп келдім.
Жөйткіп өткен жүйріктің арын ұғып,
Құпиясын жадыма түйіп келдім, – деп дала ұлы екенін
қалада жүрсе де паш етеді ақын жаны.

Тіршілік таңғажайып көріктенген,
Туған ел ата-ананы теліп берген.
Бәрінен жомарттығың осы екен ғой,
Адамға дос таңдарлық ерік берген, [4.10] – дап адам
баласы үшін жақсы дос таңданарлықтай ерік бергені үшін өте қуанады.
Елге, жерге сағынышын Тыныштық өлеңінде ап-анық көруге болады.
Ақын болған соң лек-легімен өлең тудыруы заңды нәрсе. Толкыннның өзі
кезек-кезегімен барып жартасқа шапқыламай ма? Жоғарыдағы жинақтардан кейін
кезегімен Жұлдызды жылдар тынысы деген атпен өмірінің тынысын бір сәт
болса да үзбей жалғастырғанын паш етеді. Мәңгі шырақ ел қольшдағы емес
жанының қараңғы түкпіріндегі білтені түтатарлық алау үсынған еді. Парасат
сыры жинағы кейін келе Қаныш – жұлдыз жарқылы, Сырғалы сонеттер деген
кітаптары шықты. Сырғалы сонеттер демекші әр шумағы он төрт тармақ болып
келетін өлеңнің осы түрін қазақ поэзиясына етене жақын еткен де осы
Кәкімбек.
Кәкімбектің атын алғаш Сырбай Мәуленовтен естіген Серік Қирабаев: Мен
басшы партия қызметкерінің өлең жазуына елпілдей қоймай, қызмет жайымен
елігіп жүрген ет пен терінің арасындағы желік қой деи ойлап едім. Сөйтіп
жүргенде менің қолыма Кәкімбектің Сыр, Жезкиік жинақгары түсті. Мен
оларды әлгіндей күдікпен бастап оқып, аяғында оның ақындығын мойындадым.,
– деп ағынан жарылады.
Ақындықты кенші болып бастаған Кәкімбектің өлеңдерінде кен маманына тән
психологиялық суреттер көзқарас, ой мен сыр көбірек көрінуі заңды нэрсе. Ол
құдай сыйлаған талантын ұштай жүріп, өзіне таныс өмірді жырлады. Ақындық
пен кеншілікті тұтас қарады.

Ақын – қанат,
Көтерсе не биікке.
Кенші етегім ,
Жүрер жерге тиіпте.
Айнымайды екеуінің мінезі
Менің екіге бөлмей-ақ қой жігіттер.[4.65]
Жаны – ақын, жүрек қалауы – ақындық болғандықтан оны негізгі
мамандығына қоса мэпеледі. Ол күні бүгінге шейін кенші ақын деген атты
мақтан тұтады.
Қандай тақырыпқа жазса да, Кәкімбектің жырлары адам ойын,сезімін үіптап
,оқырман көңілімен тіл табысып жатады. Оның өлеңдеріндегі азаматгық пафос,
адамдық жалын сезімдермен үштасады. Онда адамды сүю, оны сағынып жүру
сияқгы өмірді қуаттайтын күш бар. Оны ақын етіп жүрген де сағыныш сезімі.
Сағыныш деген ғаламат! дейді ол. Оның сағынышы елге,жерге, табиғатқа, ата-
анаға, жарға, балаға, досқа арналады. Жақсының атаулының бәрін ол сағына
күтеді. Бұл – өмірге деген құштарлықгың белгісі. Оның сағынышы өзінен бұрын
жетіп аймалайды.
Кәкімбектің көп жырлаған тақырыбы туған жер болып табылады. Поэзиясында
осы тақырыпта өнімді туынды бере білген талант. Албыртқан жастық шағынан
марқайған егде шағына шейін әр жылдар қалам тербеп ой билеткен ақын туған
жер дегенде жүрегі қақ айырылатын. Туған жер Кәкімбекті арқаласа, жырлары
туған жерді арқалады. Сұлу сыңғырлы сазға бөлеп тербетті. Көңілінде туған
жерге бедерлі сөздерін айшықты жырларын арнады. Қайта-қайта оралды. Бір рет
жырладым болды демеді. Көлге қонған,аққудай қайта-қайта сырғыды,
жылжыды, қалқыды төбесін қар басқан тау етегінде бүрала қаққан бұлақ
аспанға қарап сыланған орман, тынық күні нәзік тербелген гүл, балығы шоп-
шоп еткен өзен, айналасын құс коры жырымен тербеткен көл – бәрі-бәрі
туған жердің тізілген маржаны, Кәкімбек жырларының бір көрінісі. Ауыл, ел,
қала, дала, кенші, аға, ата-ана, ауылын сағынған ерке көңілден шықса туған
жер иісін сездіреді. Ол қазақ жерін жырлады. Еділ,Есіл Сарыарқа, Жалғызтау,
Көкшетау, Алатау, Қарқаралы, Баянауыл, Жезқазған, Оқжетпес деп жырлады.
Жезкиік, аққу, елік, құлагер деп сұлулыққа көз тастады. Ол жыр Алатауының
басына шығып,айналасына үңілді. Туған жердеген өлеңінде сонет тілімен:

Кербез дала кеңдігің-ай пейіліңнің ,
Самал желмен тарайды мейірлі үнің...
...Айтып өтеп тірлікте алғысымды,
Тұңғыш таңым төсінде атқаны үшін, [3,24] – деп
тастады да, тағы Туған жер деген қазақы ерке өлең тілімен :

О,Туған жер!
Нәр берген сенсің жаныма,
Сағыныш деме
Табынсақ ауыл маңына,
Сағынары жоқ
Саңылаусыздан сақтасын...
...Ел деген бір сөз
Жеткізер шабыт бабына...
Көкірегім менің
Жалғасып кеткен сияқты
Қазақстан
Самалы дәуір таңына, [7.123] – деп ағынан жарылады,
сөкпеңдер дейді, жырлаймын дейді. Мұның бәрі менен емес, қайта сенен
берілген құдірет-қуат дейді, сағынарым сен болмағанда қайтер едім дейді. Ол
адамдарды , ауылдастар шахталас достар сендерді, бір көру үшін құлшынам
ауыл маңына деп сағынышын паш етеді. Құс боп ұшқысы, құлагер болып
жүйткігісі келеді.
Жұмақ жел соғар
Тоғайдан бермен сабыла,
Тотылар сайрар
Ақжелең үндер ағыла.
Жұпарлы дала
Жусанның иісі жабыла Сүйсініп сен де,
Сауығып жаным жадыра, [12,156] – деп байыз табады
жаны. Осының бэрінен кейін жүрегінде жыр туса, парызым деп туған жерге
ұсынатын да осы Кәкімбек.
        1.2. Кәкімбек поэзиясындағы туған жерге сағыныш.
Жалпы Кәкімбек Салықов Қазақстанды туған жерім деп жырласа жөні бір
басқа. Көкшенің бір бұрышында туып,сондағы Жалғызтауда өсіп, Ұлытаулы
Жезқазғанда аунап-қунаса, көкмайса Алатаудың бөктерінде гүл терсе,
Баянауылдың аспанында қалықтаған жырын сүзсе, Мәдиден жыр үзімдерін жұтса,
Еділге барып күй атасының аруақты мекенін иіскесе, осының бәрінен кейін
алыс-жақын Мәскеу, Өзбекстан, Қараққалпақстан елдерінде жүрсе, оның елден
ерек бүкіл елдің жырын бір сөзге сыйдырса да сөгіс емес.

Қазақстан,
Ұлыңмын деп келемін.
Бірақ артық сөйлеуден сескенемін.
Байтақ елім бір сөзге сыйып тұрса.
Қазактың ұлы жыры,сыры төгілер , аузын ашса Кәкімбек жүрегінен:

Мен биікпін.
Сен шалқып биік түрсың.
Бейнең" лайық қай сөзге сыйыстырсам, [5.56] – деп
өзінің биіктігін туған жер биіктігінен екенін айтқан ақын,айта білген ақын.
Жыр тұлығынан туған жер мөлдірлігін бөліп алуға болмайды. Бір-біірмен
араласса,біте қайнасыгі, әлем-жәлем болып кетеді. Туған жерсонетінде әр
мекен, әр маңайы шақ болып сүйген жерін суретін бергісі келеді. Ақын: оның
себебі Жер қуатыөлеңінде ашылатын сияқты:

Достасқанмын асқар тау сеніменен,
Барымды алдым сыйлауға еліме кеп.
Жүрегімде ашылса жыр кеніші,
Ұқсап тудым құт мекен жеріме мен.[6,42]

Ақын тіпті туған жерді тәңіріге теңейді де. Ақынның асқақ шабысы кей-
кейде осылай өршеленетіні де бар. Бұл да бір сурет:

Тәңірім сенсің туған жер, Отан – ана,
Себің тиді елгезек ботаңа да...
Жан-жағыма жан щрын сепсем деймін.
Соны үйретті өз басым, шеккен мүңым.
Жақсылыққа басылмас ғашықтығым,
Ақиқаттың құлы боп өтсем деймін. [6.78]

Ол туған жерін еш ұмытқысы келмейді. Сұлуды жырласа да сол себепті
екендігін айтады.

Мұздатқан бойымды сен жылыттың,
Бағы ашылар көктемгі келді үміттің.
Ауыл қызық есіме алғанымда,
Ренжіме. Келмейді елді ұмытқым. [1.23]

Шын ақын тілін жүрегінің соғысына сай сөйлетеді. Жердің мүңы, қайғысы,
қуанышы, жұбанышы. Жер қақыраса шырылдайды. Көк күлдіресе дірілдейді.

О, туған жер сыр осып есімдегі,
Сағынып ең үміт көз елеңдетіп.
Шын көрінсін тұлпардың көсілгені,
Шенді тастап өтейін өлеңдетіп.
Шер-шеменді" ішіме құйып келдім,
Өлең жырды келеді үйіп бергім.
Ауыр дерттен жүрегім емделмеген.
Арасында қону мен көшулердің.
Аршл құрғап,каңсыған шөлдерменен,
Көп киіктің адасқан көшін көрдім, – деп жан дертін, көңіл
күйзелісін айқара етеді. Және тағы да:

Оралмас шарасына Арал қайта,
Қазақгың Орта Азия бірлескенше, – деп бірліктің туған
жердің саф табиғатын сақтауға өте үлкен зэрулік екенін көрсетеді.

Әлденем ауылға бір келгенде,
Айтарым сол өзімсіп сыр тергенге:
Жер куаты – тіршілік шапағаты,- деген ақын өзінің туған
жері Көкше өңірін ерекше сүйіп жырлайды. О,Туған жер! Нәр берген, сенсің
жанымадеп жыр маржанын шашып кеп жібергенде, әрбір түйірі жеке-жеке
тақырып болып алдыңнан жарқ-жұрқ ете қалады. Окжетпестің түбінде,
Абылайдың алаңының дәл қасында түнеген де осы ақын. Ақын нағыз туған жері
Көкше өңірі туралы көп жыр жазған. Жеке өлең арнамаса да, сағынышты
гүлтәжді өлеңдерінің арасынан жылт-жылт етіп көрініп жатады. Арнау
өлеңдері: Жалғызтау, Сарыарқа, Ауыл жатты, Ата қоныс, Тыныштық,
Оқжетпес, Көкшетау, Есілге, Сөкпеші, Сырымбет елестері,
Құлагерге, Ауылға жетсем асығьщ, Ойлы кейпін ұнатам жазғы орманның
т.т.

Ауылым менің – ғарышқа үліар алаңым,
Биік төрден жан-жағыма қарадым.
Алыс жолда таныс болып тамсанып,
Өзің ғана сөз тартуға жарадың.
Жаның бір ғой, ортак бөбек, жыр – сауға.
Өзіңді-өзің тіл бара ма жырлауға?
Өзіне-өзі бола ма адам өкпешіл?
Риза болып бірге өткізген ғұмырға,
Не жазсам да, ортақ сыр деп ұғын да,
Арнау жырлар аз жазды деп сөкпеші, [2.36] – деп ауылынан
кешірім сұрайды ақын. Бірақ жазбай қалды деуге болмайды. Төсегі – көлге,
түндігі – тауға өлең жолдарын арнап жатты. Саумалкөл, Жалғызтаут.т.
Саумалкөл өлеңі айна бейнелі көлді әспеттеп,бір ауыз сөзге сыйдырады.

Саумалкөл баяғыдай мөлтіддейді,
Көңілім неге бір сэт серпілмейді.
Самал жел өзіңдей боп аяласа,
Лүпілі жүрегімнің еркіндейді.

Жалғызтауы – Бүркітті,көпестерді үркітті десек болады. Оның жырлаған
тауы көп жүртқа білінбесе де, өзіне аян. Сол таудың жартастары Үкілі
Ыбырайдың асқақ әуенін қайталап, үн қосатын. Соны жырлайды:

Жалғызтау жер бетінің асылындай
Сүйемін түйір тасын асығындай.
Тебіренем үзім шөбін иіскеп тұрып,
Көзімнен жас тамса да жасырынбай.
Жалғызтау шың ағайын ел паналасқан.
Жалғызбын менде сендей бала жастан.
Қиядан ойлы тұлғаң көрінеді.
Ақынды толғандырған жаңа дастан.
Қылыш көл үнсіз жатпас ән тарамай,
Қосылар сырнайындай балқарағай.
Гәккулі ел аққулы көл осы емес пе,
Мәдиге мектеп болған Қарқарадай.
Мен құттар, әннің кербез тәттірегі,
Үкілі Ыбырайдың Гәккуі еді.
Жалғызтау жарқын көл қайталашы,
Құл болсын нұрлы көңіл ақ тілегім.
Көлде ақку, өрде бұлбұл мың сырнады.
Қандыршы кеп сағынған іңкәрімді.
Көкіректі шабыт кернеп мен кетейін,
Сен сүйсін баптағандай сұңқарыңды.[2.100]
Неткен керемет! Тауды бейнелеу.Жан бітіру.Сөйлету, еңбектетіп күлдіру
қолдан келмес.Бірақ періште қанатты өр өлең өзімен ала үліады. Не тауға, не
бауға қарамаған жан сұлу сезім күшін түсіне алмас. Дала сағымданған
елесімен елітеді. Тауға келгенде, Мағжан, Сәкен, Ақан, Біржан бәрі-бәрі
күңіренеді. Оқжетпестуралы Кәкімбек:

Сұлу шың сұңғақ бойлы,керім кербез.
Өзге тау ондай нэзік сезім бермес.
Тік қарап тілдесуте жаскандырған
Ең алғаш көргендегі өзің теңдес.
Бурабай тау етегін аймалайды.
Екі көз тамашаға байланады.
Оқжетпес суға қарап сыланғанда,
Жан жетпес сені көрем айнадағы.
Жұмбақтас көрсең естен жаңылатын,
Не ғажап сиқыр күш бар табынатын.
Қалғып тұр ұйқылы-ояу мен сияқты,
Түсінде көріп сені сағынатын.
Таулар көп әрбір жерге сүйеу-пана.
Деп айтар біреу батыр, біреу дана.
Қиырсыз Гималайлар шұбап жатыр,
Оқжетпес – жер бетінде біреу ғана, [2.150] – деп сомдайды.
Сұлу қыз арқылы кейіптеп суреттейді. Оқжетпес суға қарап сыланғанда деп
көркемдеу тамаша жыр үлгісі болып табылады. Оқжетпес тау айтылып, Көкшетау
айтылмаса жер түл сыңар емшек боп қалар.

Көкшетау өңге таудың төбесінде.
Қызығып құмартқан қыз әуресіндей.
Көлдегі Оқжетпестің сәулесі -
Сұлудың айнадағы сәулесіндей.
Бурабай тауды айнала жатқан екен.
Жұмбақгас суға белден батқан екен.
Ақ бура шөлі қанып дөң асқанда,
Қай сотқар көзі қиып атқан екен.
Тау сері сексенкөлі етегінде.
Барады сексен сұлу жетегінде.
Қалайша соның бәрін кияр екем,
Соңыра көз жұмылып кетерімде.
Сырымбет тауы ше? Шоқан етегінде өскен сырын сыңғырлаған сері атының
өмілдірігінің қоңырауымен төгіп салар жер. Ақын Сырымбет елестері деген
сонетінде тау бейнесін сомдап шығарады.

Сұлулықпен жер бетінде табысқан.
Аңсап келдім кербез тауды алыстан.
Құрбы-кұрдас қарсы алғандай көрінді,
Қарағай қайыңымен жарысқан.
Жұпарлы жел, алтын арай нұрменен.
Жан жүрекке салды тынбас дүрбелёң.
Тауға тақап қалған кезде селт еттім,
Сең жүгірген шығар ма деп іргеден.
Құбылыс көп жаным қүтгттар не түрлі,
Сен секілді талдары да кекілді,
Балбырап тұр жас махаббат мекені.
Аққулы көл, тыңдап әнші бұлакты,
Сал Сырымбет мың құбылған сияқты.
Бірден мен боп,бірде сен боп кетеді.

Міне тауды осылай пошымдаған ақын өлеңіннің етегіндегі ауыл тақырыбы да
кең жырланды. "Ауылға жетсем асығып" деген өлеңінде :

Ауылға жетсем асығып,
Жүректің шеті сөгілер.
Дос-жаранға жасырып
Жазбаған жырым төгілер.
Деп соны "жыр" туарлық шабыт ойнататынын айтып ағынан жарылды. Ағына –
жарылады да соны паш ету үшін дәлел келтіретіндей төмендегі "Ауыл жатты"
жырын төге жөнеледі.

Ауыл жатты Ай батты
Аспанға көз байлатты.
Ағып тусті бір жұлдыз.
Дым сезбестей сай жатты.
Ақ маңаллы таң атты.[3.112].

Ауылдың ақ таңын еміп өскен, алаулап тақна күнін көріп көзайым болатын
селт етпе жүрек, алыста жүрсе де елең қағып жер десе, ел десе елегізіп
тұратын. Сағынышын басамындеп елегізіп жеткен көңілдің өршеленіп, уыс
сағынышпен қайтатын мекені туралы "Ата қоныс" өлеңінде:

Жылдар жылжып
Келсем кейде ауылға
Ойымд тек блаша асыр салу ма?
Сағынышыта баспақ түгіл, ұлғайтып
Барып қайтам
От боп лаулап жануға, [10,6] – дейді ақын.
Өзі де сағыныш деген ғаламат дейтін еді. Кәкімбек Салықовтың елден
ерекшелігі табан тіреген жерін, бір тоқап суын жұтымдаған маңды еш
ұмытпайды. "Жыр жазады қаламын малып жүрек қанына" кең байтақ елді ,жерді
бөліп жармайды. Бәрін туған елімнің туған жері дейді. Баянауыл дейді,Жетісу
дейді, еділ дейді, Ертіс дейді. Бүкілі оның қиялынан тізілген жыр
монщақтарының, маржандарының сыртылы. Жүрегінен тамған сыр амшыларының
тырсылы. Тас болған жүректі де тесердей ұдайылық бар.
Иә, әуенді Суреттерін Баянауылға бағыштайды. Баянауылды алғаш көргенде
Жанынан сызылған сурет болса да көркем келбеттің әсерінне поэзия тіліне
ауысқан мына жолдарға үңілейік:

Ежелден есіміңе ғашық едім,
Баурады Баянауыл асыл лебің.
Баянауыл жастай ынтық өлкем едің.
Пай,пай,пай
Неткен ғажап көркем едің.
Келіп тұр баурым ерегелегім.
Ақбет тауға қарап тамсанады, Жасыбай көлін тау ішінде бой жазып жатқан
қызға ұқсатады.Қарағайының тасты қаққа айырып шығатынына қайран, Айрық-
Керегетаста кешегі заманның үні бар дейді. Айдынында шалқар көлдің
Сұлтанмахмұт жүзін көрген де, Жасыбай батырды сезінген де, мәрт мінездің
Олжасқа Олжабайдан дарығанын да айтқан Кәкімбек.

"Ақбет" тауын көріп ем,
Баянауыл төсінде.
Таңыркап назар бөлінем
"Бүркітбай"әні есімде.
Кең ұл савлған сақ қыран
Тыңдасып арқар ,сілеусін.
"Бүркітбай" атты шаттық ән,
Келіп тұр сенің тілеушің.[7.143]
Деп бір қайырады да Жасыбай көлін елестетерлік бейне береді. "Ай аспанға
сия ламын көлге түсті" деп қана Жасыбай көлін айшықгы бейнелеп береді.

Бой жазып тау ішінде жатқан қыздай,
Қызықтым Жасыбай көл ғажабына, – дегені қандай бедерлі
сөз, өрнекті ой, оюлы толғам.

Тасқа шыққан тмаша жас қарағай
Желкілдеп тұр бұйра шаш жас баладай.
Еліктірді мейірбан нұрлы жүзі
Еркімді алды күлімде шашқан арай.
Өте алмайсың жанын жалт қарамай.
Бақылап тұр-Баянтау қарныңды
Көкірегі сезеді-ау тың ағынды.
Жас қарағай бар сырын айтқандай боп,
Сыбдыр қақты жел тербеп бұлақ үнді.
Түре бердім еріксіз құлағымды. [7.1122]
"Жас қарағай" өстіп сомдалады. Туған жердің жалғыз ғана деталі сияқы
емес пе?
Ал енді сіз "Жұлдызы сөнбес күллі өлке" өлеңіндегі мына шумаққа көз
тастап көріңіз:

Олжасты Олжабайға ұқсатады
Сойыл жоқ,
Ұшқыр қалам ұстатады.
Қызыққан бала Қаныш – жақсы айтыпты
"Ақбеттің"ақ тотысы Мұстапаны.
Шырқаса Жаяу Мұса ашынғанда,
Еліктеп Майра, Иса тасынған ба?
"Шорманғаз", Мәшһүр Жүсіп, Сұлтанмахмұт
Ұқсайды Алла шүкір шапылғанға. [6.79]

Тауын, суын, ағыны, ағашын, құсын, адмын бәрін жақсы көреді. Санасынан еш
сырт қалмайды.

Құлагердей тұрған өрде тынығып,
Қарапайым көрінеді ұлылық .
Кең даланың қак төсінде тау жатыр.
Атын айтсаң кетер жаның жылынып.
Өр тұлғасы маңғаз,кербез,сымбатты,
Ұларлы жер баба сырын тыңдатты.
Бар қазаққа орда болған ақжолтай,
Жер табылмас Ұлытаудай қымбатты, – деп Ұлытуды да
әспеттеуінің жөні мүлде басқа. Мәскеуде оқу бітірген жас жігіт жұмыс
бабымен Жезқазған кеніне бөлінді. Өмір мектебіне аттағалы тұр. Білмейді,
қандай өлке? Қанат қағып, құлаш серппек орны. Қоян-қолтық жұмысқа араласар
мекені. Өмірдіңғ ендігі жерде ыстық-суығын кешер жер. Бейнеттеніп еңсесінен
ағар тері, тмар да сіңер. Кіндік қаны Көкшеге тамса, ендігі жерде аққан
тері Ұлытауға тамбақ. "Туған жер " сонетінде:

Бетке ұстадым Ұлытау атырабын
Абылай салған алтын жол жарқырады.
Алаш хан басынан тағзым етіп,
Баяғыға бүгіннен қатынадым, – дейді ақын. Ұлытау айтылған
екен Жезқазған мен Балқаш қалыс қалмас:

Жезқазған жез-теңізді айдан көрсең.
Ен байлығы сол деп біл Сарыарқаның...
Сол еді ғой маған де бар керегі.
Қай байлығың Балқашқа пар келеді.
Қоңырат жатқан жамырап өтіп жатыр
Эшалондар кен артқан нар денелі.
Байқоңырдан аттанды ғарышкерлер,
Жібергендей қойлы ауыл құдалыққа.
Кәкімбек Салықов туған жер тақырыбына жазганды өзі Ұлытауда тұрып
ортада, солтүстікке, оңтүстікке, шығыс, батыс деп сөз сарп етті. Керекуім,
Алмаым, Маңғыстауым, Атырауым, Зайсаным, Марқакөлім, Алтайым, Сарыарқам,
Алатауым, Ілем, Шуым, Ақсу, Көксу, Лепсім Дарталым, Бүйенсуым деген де
Кәкімбек емес пе?

Сағыныппын Жетісу таң шұғыласын
Іле мен Шу көріп ем бой тұрғасын.
Ақсу, Көксу, Лепсі Даратал мен
Татып едім Бүйенсу бал тұнбасын.
Жас кенші едім ол кезде жасырмаймын,
Текелінің тентектеу тасындаймын.
Тау беткейде; кең жайлау құшағында,
Күн шыққанша тұрушы ек қсында айдың,
Әдемі түн, бал бұлақ, жуалы сай,
Әлпі алаңы ауаның дуалысы- ай.
Терең сайдан естілер сырнай сарын.
Ақ қайыңға жөні бар жалыныштың,
Ән де туды назындай, сағынышындай.
Толқып жүріп ішінде гүл майсаң, [4.250] – деп жырлаған
алыстан мұнартып көрінер Алатау ілімдерін, бөктерін; бөктеріндегі қала –
Алматыны жырға қосқанда бір шарықтап, бір қалыптап,бір еңкейіп әбден
бапталып барып томағасы тартылған сайып қыран іспетті.
Жарқ етсе,
Қарт Алатау салаланьш
Қалады жан дүниең жаңаланып.
Орнатқан осы араға астанасын,
Қазағым көрінеді даналанып.
Жай ғана емес сепшіл ағайындай.
Тау сәулет қолдан салған саарйындай.
Алатау Алматысыз тұрар еді-ау
Әйгілі Мұхтары жоқ Абайдайын.1.65

Алатауға жыр жазбаған ақын кемде-кем шығар Алматының ак таңын шок
гүлдер арасында отырған. Бұл тау жанды билеп аларлық құдіретке ие шығар.
Ақын "Туған жер", "Алатауға", Тауларға" сияқгы жақсы-жақсы өлеңдері бар.
"Алатауға" өлеңінде сиқырлы күш билеген жүрек іркілісі бар. Көз қырыңды
салғанда Осы -ау дедім Махаббатыма жақтасар.

Алатауым,асқар түлға ажарлы,
Сенсің таулар патшасы,
Ақ басыңа көптеу бүрып назарды,
Көбейді ақын ақ шашы.
Баурайыңда бау-бақшаға қріармын,
Алма беер бұлданбай.
Ай қарайды арасынан бұлттардың,
Ауыл қызы тұрғандай.

Өлеңді оқисың да ұмсынасың. Мүмкін ақын жаны қызыл боп піскен алманың
үлбіреген қыз бетіндей томпиғн дидарынан Тау келбетін, сүлбасын да көре
алатын шығар. Меніңше, бұл Кәкімбектің көкірек көзі сезер құбылыс.
Енді, міне ақын жер бауырлап ұша беретін ақ мойын қарлығаш шағынан
өтіп, егделеген елеуден асып, еңселеген жетпістің ішінде жан-жағына шола
барлауық көзімен қарайтын түн қыраны үкі сияқты тек дөп ілерлің кезінде.
Қыран балапандары қанат қағарлық кезге жетіп топшысы бекігенде, шың басынна
шыңырауға қаарй қулатып жіберетін көрінеді, өмір сүруге кауқары барлар
ылдилап, брып қанат серпеді екен. Сол сияқты төл баласы өлеңдерін де өмір
шыңынан құлатып тексеріп отыратын төрі Алматыда отырып, өлең арнамаса
тұлдырлық.

Алма қыздар шырқаған ән жебеді,
Алма дидар ойлантты элденені.
Жүтқан демнің жүлары үзілместей
Алма-самал адамға эл береді.
Алма-қала Алматым, Алмалы бақ,
Жүгіріп жүр көшеде алма-бүлак.
Арықгарда бау-бақша сэулесі бар,
Асфальт жолға түскендей алма қүлап.
Арулары барады алмаланып,
Алматыда түрады алма-халық.
Гүлі жерге, гүлге-адамға сән береді.
Өлең алмалы Алматыға арналған боп отыр. Алма күзде піседі.Күз сұр бүлтты
болса, Алматы күнде бүлтты. Онда Алматы күзі қандай. Ақын қалам тартқанда
да тақырыпты таңдай біледі. Алматы күзі.
Мен көрдім Алматының тамашасын,
Сары ала, қызыл,жасыл ағаш басын.
Алматы ақ жаулықты қарт анадай,
Отырған жайып тастап алашасын.
Жабылса жердің беті түбіт мамық,
Келеді ағаш басы шыбықганып,
Саңылаудан ақ төсіңде күн түсіп тұр,
Ей, қалқа, мойның бұршы күлім қағып.
Жапырак алтын,күміс, теңбіл тебен
Жарқырап жауын жатыр жерге төмен.
Айтсаңшы алма дидар, қарақат көз
Сен алма терген кезде мен не тергем?
Алматым, құт,береке елге лайық.
Көз тойып шалқып тұрмын көңіл байып.
Шіркін-ай көктем жазың қандай екен
Мың түсті күзің көркем таңғажайып.
Шалқар шабыттың шаттықтан шапшыған толқыны жүрек-жартасты сипап өткендей.
Туған өлке сүлулығын Кәкімбек оның аққуынан, жезкиігінен, ақ маралынан
таниды. Бұлар ол табынған сүлулықтың символдары, ақын бейнелеуінде оны
өмірге ғашық еткен, құштар қылған әсемдік көріністері. Осы сүлулықты
өмірдің эсемдігін сақтау - оның ақындық мұраты. "Сыңар аққу" өлеңінде су
бетінде мұңлы сыңар аққудың сыңсып салған әніне "Қамыс басы қамығып,су
жылайды. Осы эпизодты көркем суретке айналдырған ақын:

Сырғиды аққу айдында, сырғымайды.
Жақын барып хал-жайын кі сұрайды.
Қатар жүрген күндерді сыйлайықшы.
Біреу ерте, біреу кеш ,бір қүлайды.2.45
деп түйіндейді. "Адамдар аққуларды атпандаршы", "Аққуға наз", "Ақ киік", "
Топ киік", "Жез киік", "Аққу жеткен", "Аққулардың арманы", "Қос акқу",
"Жезкиікке", "Жүрегімнің жүйткіп өткен елегі" т.б. өлеңдерінде сұлулық
суреті ғана емес, сүлулық сырын үғуға үмтылған адам арманы да бейнеленеді.
Жұбай аққудан жарастықты, махаббатты таныған ақынға заулап жүрген Жезкиік
арман қуып, өз биігін іздеп жүргендей көрінеді. Ақын да "Жабы болмай,
Жезкиіктей жүйіткіп өтсе"деп армандайды.

Жез қанат күміс буыр киік көрдім
Дәруі солм дерсің күйік шердің.
Жез марал жүреді екен арасында,
Қаптаған Бетпақтағы киіктердің,
Жезкиік біздің жаққа қалай келдің.
Жолымды тіке кесіп жанай бердің.
Адамның көздеріндей екі көзің,
Япырым-ай дәтім шыдап қалай көрдім.
Сұлуды адам жаны қимайды екен.
Мезгілі еске түсіп қинайды екен.
Жезкиік сен аңсаған кездерімде
Бір қөзім кең далаға сыймай кетем.2,14
Туған деп тебіренген ақын жүрегі туған жердің сүлулығынан да өзіне, жнын,
рухына керегін алады. Жырлайды ақын аққуды жырлайды да, Аққудың тағдыры
ақын үшін сыр қайғы да. Өзгелерден сулулыққа тиген оқы бұрып сезіп, күйіп
жанады. Біржан, Сәкен, Мұқағали Дәкімбектер аққудың тағдырына ортақ
жандарымен гәккулеп өтер өмірден.

Бар еді тату күндер, аққуды өпкен
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәкімбек Салықов поэзиясының көркемдік ерекшелігі
Ақын арнауларындағы тұлғалар галлереясы
Сонет жанрының тарихы
КӨКШЕ ӨҢІРІ АҚЫНДАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ КӨРКЕМДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕР
Қазақ әдебиетіндегі төрттаған (рубаи) жанры
Библиографиялау және библиографиялық қызмет көрсету
Табиғат лирикасының қазақ әдебиетіндегі көріністері
Қалибек Деріпсалдиннің өмірбаяны
Қазіргі қазақ поэзиясы
Сегізінші наурыз - қазақ ақыны Төлеген Айбергеновтің туған күні
Пәндер