Көркем шығарма арқылы оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3-
5

І.Әдебиет методикасының
қалыптуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
1.1 Әдебиет методикасының ғылым ретінде қалыптасуы 6-27
1.2 Әдеби шығармаларды талдаудың әдістемелік жолдары 27-33

ІІ.Көркем шығарма арқылы оқушылардың құзіреттілігін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 33
2.1. Оқушыны ой еңбегіне қалыптастырудың тиімді жолдары 33-51
2.2. Көркем шығарманы оқытудың маңызы 51-74

ҚОРЫТЫНДЫ 75-78

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 79-80

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі: Бір адамның білімін екінші адамға меншіктелуіне
психологияның қажеттігі сезіледі. Сол себепті оқыту деген терминді тек
педагогика нысанасынан іздемей, психология тұрғысында анықтасақ, мынадай
анықтама шығады: Оқыту – қоғамдық-тарихи жиналған тәжірибелерді
мақсаттылықпен қабылдау үрдісі. Бұның өзі тек педагогика аспектісінде ғана
емес, қабылдаушының жас ерекшелігі мен нейропсихологиясы және
патопсихология, оқу еңбегінің психологиясына қатыстылығын ескерген жөн.
Мұнымен бірге қабылдаушының қабілеті мен ыңғай, бейім, іскерлігінің
деңгейліктері мен оны ұйымдастыра білетін шеберліктеріне бағыныштылығы
деген сөз. Ең бастысы – Дамудың жақын алаңы, анықтап айтсақ, белгілі
көркем шығарманың мұратын ашатын автор көздеген көзқарас, парадигма,
ұстаным. Міне, осыны қабылдаушы аудармай ұғынуына құлшыныспен ынталанады
деп түсінеміз. Қабылдаудың кезеңдері нысананың күрделілігімен үңдестікте
келуіне болжамдар құрылады. Мұның өзінен субъектінің алған бағытына қарай
үдемелеп отыратынын аңғаруға болады[1]
Оқу, оқыту деген термин – білім жиюдың әдістеріне қатысты оқу
еңбегінің жетекші категориясы. Осының бәрі дерлік сөз сапасы мен сөйлеу
шеберлігінің ойға тікелей бағыныштылығының көрінісі. Сол секілді
дидактиканың оқыту сапасына қаңдай қатысы бар деген заңды сұрақ туады.
Бұған жауап ретінде гректің didakticos – үлгі беру деген анықтамасын
ұсынамыз. Әлемдік иерархияның таңбасы деп те осыны айтамыз. Міне, бүгінгі
заманға дейін дидактика терминін тек педагогтар қолданып жүрген жоқ,
мұнымен бірге ол әдебиеттің объектісіне де еніп кеткен. Мәселен, Бұхар
жыраудың дидактикалық жырлары, Шал Құлекеұлының дидактикалық өлеңдері
т.б. бұл сөзге әдебиет, өнер саласындағы әлеуметтің құлағы үйренгелі қай
заман. Бірақ, дидактика терминінің әдеби арнаның пәлсапалық мүмкіндігіне
жасап келген қысастығы да жоқ емес. Нақтылап айтсақ, дидактиканың ой-
түйіндерін өзінің шығармашылығына арқау еткен бірқатар жырау, ақын-
жазушыларымызды дидактиканың бұғауынан шығармай келеміз. Сол себепті
әдебиетті оқыту үрдісінде дидактиканың атқарар орны деген мәнге көңіл бөлу
көзделеді. Бұл ұғым – әдебиеттің көзі мен нысанасы емес, оқытушының білім
беру сәтіндегі жеке басының ізгілігі мен көлеңкелі тұстарына қарай
жіктелуі. Кейбір жағдайларда жырау, ақын-жазушылар бағытының саяси
ағымдарға ойыса отырып, құбылып, басқа өңге айналып кетуінің өзі де осының
айғағы.
Біз зерттеуімізде осы оқытудың әдіс тәсілдерін, көркем шығармаларды
талдаудың жолдарын қарастырдық. Бұл бағытта көптеген әдіскер-ғалымдар мен
ұлағатты ұстаздардың еңбектерін зерттеп, өзімізге керек сөз маржанын теріп
алдық. Әрі оны тек теріп алып қоймай, өз іс-тәжірибемізге енгізіп, сынақтап
тиімді жақтарын ашып көрсеттік. Міне, осындай жұмыстар диплом жұмысының
өзектілігін арттырады.
Зерттеудің мақсаты: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуын,
қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуын жан-жақты қарастыра келіп,
әдебиеттің негізгі арқауы көркем шығармаларды талдаудың жолдарын көрсету;
Әдебиетті оқыту саласында қызмет етіп, еңбек жазып жатқан әдіскер-ғалымдар
мен ұлағатты ұстаздардың көркем шығарманы талдаудағы әдіс-тәсілдерін
зерттеп, қажеттісін сұрыптап алу.
Зерттеу пәні: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуы, қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуы, көркем шығармаларды талдаудың
жолдары, иллюстрациялық талдау әдістері, жаңашыл әдіс-тәсілдер.
Зерттеу нысаны: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуын,
қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуын, көркем шығармаларды
талдаудың жолдарын теориялық тұрғыдан зерттеу.
Зерттеу әдістері: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде қалыптасуын,
қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің дамуын, көркем шығармалардың әдіс-
тәсілдерін қарастыру.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Көркем шығарманы талдауда ұлағатты ұстаз
Т.Жұрынқызының қолданған әдіс-тәсілдерін, әдіскер-ғалымдар Қ.Бітібаева,
Қ.Айтжановлардың көркем туындыны талдау барысында амал тәсілдерін зерттеп,
зерделеуде үлкен еңбек атқарғанымыз сөзсіз. Көркем шығарманы талдауда біз
қарастырған әдіс-тәсілдер алдағы ұстаздық өмірімізге пайдасын тигізері
сөзсіз.
Зерттеудің міндеттері: Әдебиет әдістемесінің ғылым ретінде
қалыптасуын жан-жақты зерттеу.
–Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің қалыптасуын, дамуын анықтау.
–Көркем шығармаларды талдаудың жолдары зерттеу, қолдану аясын көрсету.
– Иллюстрациялық талдау әдістері мен жаңашыл әдіс-тәсілдерді
тәжірибеде пайдалану жолдарын көрсету.
Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі: Әдебиет әдістемесінің ғылым
ретінде қалыптасуы, көркем шығармаларды талдаудың жолдары жайындағы
ғылыми кітаптар, мақалалар, баспасөз материалдары, ғылыми зерттеулер.
Зерттеудің құрылымы: дипломдық жұмыс кіріспеден, екі тараудан және әп
тару екі тараушадан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Әдебиет методикасының ғылым ретінде қалыптасуы тақырыбында сонау
көне заманнан бастап әдебиет методикасының ғылым ретінде қалыптасуы жайлы
толық ақпарат берілді.
Әдеби шығармаларды талдаудың әдістемелік жолдары тақырыбында әдіскер-
ғалымдардың әдеби шығарманы талдаудың көрсеткен жолдарын зерттей келе,
нақты мысалдармен дәлелдей отырып, өз ойымызды білдірдік. Ұстаздардың
ұстазы Т.Жұрынқызының әдебиет сабақтарында қолданған әдіс-тәсілдері жайлы
мәлімет берілді.
Оқушыны ой еңбегіне қалыптастырудың тиімді жолдары тақырыбында түрлі
әдіс-тәсілдер арқылы оқушыны ой еңбегіне қайлыптастырудың тиімді де ұтымды
жолдары көрсетілді.
Көркем шығарманы оқытудың маңызы тақырыбында көркем
шығарманы талдаудың маңыздылығына, көркем шығармаларды талдауда
қолданылатын көрнекіліктер жайлы сөз қозғадық.
Қорытынды бөлімде болжамды дәлелдейтін зерттеудің негізгі нәтижелері
мен тұжырымдары мазмұндалып, ғылыми-әдістемелік ұсыныстар берілді.

І.Әдебиет методикасының қалыптуы
1.1.Әдебиет методикасының ғылым ретінде қалыптасуы
Әдебиетті оқыту әдістеменің ғылыми пән ретіндегі мазмұнының негіздерін
анықтау аса қажетті емес. Басқа пәндерді оқыту әдістемелері сияқты қазақ
әдебиетін оқыту әдістемесі де белгілі бір жүйеге негізделіп дамиды. Осы
орайда, әдістеменің бай мазмұны мен оның сан түйрлілігін ашатын пікірлердің
де әр алуан екендігін айту қажеттігі туындайды. Әдебиет әдістемесі –
педагогикалық ғылымдардың саласына жататын ғылыми пән. Мұның қамтитын
объектісі, қарастыратын мәселелері педагогикалық процесс, яғни мектепте
әдебиетті оқыту сабақтары  кезінде мұғалім мен оқушылардың оқу-тәрбие
процесіндегі өзара қарым-қатынасы болып табылады, ол педагогика ғылыми
теориясының жалпы қағида ережелеріне сүйенеді. Бірақ әдебиет әдістемесі
педагогика сияқты мектеп, оқу-тәрбие мәселелерін тұтас алып қарастырмай,
тек көркем әдебиетті оқып үйрену негізінде оқушыларға берілетін білім мен
тәрбие мәселелерін ғана өз шеңберінде алып баяндайды, - деп жазды көрнекті
әдіскер-ғалым А.Көшімбаев [2.25.] Бұдан әдебиет әдістемесі ғылымы мен жалпы
педагогика ғылымының өзара байланыста болатынын көреміз. Әдістеменің
қолданбалы ғылым екендігін және ол жалпы дидактиканы негізге ала отырып,
алуан түрге ене алатынын көрнекті педагог Ж.Аймауытұлы айқындап айтқан.
Ж.Аймауытұлы жалпы дидактика барлық пәндерге тиісті оқытудың жалпы
заңдары, жолдары, оқытуға қатысты мәселелер туралы  сөз ететіні, ал жеке
әдістеме дидактикасының жалпы ережелерін тек пәндерді оқытқанда, қалай
жинастыру, қандай әдіс қолдану туралы баяндайтынын айтады. Ж.Аймауытұлы
сабақ беру үйреншікті жай шеберлік еместігін, ол үнемі жетілдіруді қажет
етенін үнемі жаңалық табатын өнер, - деп бағалайды [3.6.]
Қазақ тілін мен әдебиетін оқыту әдістемесі ғылымының тарихында Ахмет
Байтұрсынұлының көшбасшы болғаны белгілі. А.Байтұрсынұлының оқудың негізі
білімді өз бетінше алу екенін айтқан пікірлері әлі күнге дейін өзінің
мәнін  жойған жоқ. Ол педагогиканың өзекті мәселесі болып отырған оқушының
өз әрекетіндегі  субъектілік қызметін арттыру  міндетіне сай келеді. Ғалым
өзінің 1928 жылы Қызылорда қаласында басылып шығарған Тіл жұмсар атты
әдістемелік еңбегінде: Бала білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу керек.
Мұғалімнің қызметі - өздігінен алатын ... білімнің ұзақ жолы үшін ...
балаға жұмысты әліне шағындап беру мен бетін белгіленген мақсатқа  қарай
түзеп отыру, - деп жазған А.Байтұрсынұлының [4.221.] бұл ойы бүгінгі қазақ
әдебиеті әдістемесінің де негізіне жатады деуге болады. Баланың білімді
өздігінен алатын жолдарын анықтау – әдістеменің басты міндеті мен қызметі
екені сөзсіз. Бұл мәселелер А.Байтұрсынұлының Баяншы, Әлиф-ба астары
сияқты жекеленген әдістемелік еңбектерінде де айтылған. Әдіскер ғалым
ретінде А.Байтұрсынұлы бастаған істі әрі қарай дамытушылардың бірі  Мағжан
Жұмабаев баланы әдебиетпен таныстыруға аса үлкен мән берген. Ол жұмыстың
жүзеге асырылуын  бастауыш мектептен бастап мұқият дайындау керек деп
танып, өзінің Бастауыш мектептегі ана тілі атты белгілі әдістемелік
еңбегін жазды. Онда М.Жұмабаев әдіскер-ғалым ретінде  төрт жылдық  бастауыш
мектептің  әр жылына сәйкес ана тілі бойынша бала тілін дамыту  үшін
жаттығулар жүйесін жасап ұсынған.
Аса көрнекті әдіскер-ғалым М.А.Рыбникова  Әдістеме дегеніміз –
уақытты үнемдей білу. Оқушы үшін жігерін ақылмен жұмсау,  оқу материалынан
негізгі және басты мәселелерді таба білу, сыныптың еңбегін ұйымдастыру
шеберлігі,  оқушылардың әр түрлі жеке әрекеттеріне  ықпал етуді алдын-ала
ұйымдастыру, – деп [5.7.] әдістеме ғылымына  анықтама береді. Әдістеменің
жалпы құрылымы жайында В.В.Голубков  былай дейді: Қай пән бойынша болмасын
барлық әдістеме  оқытушы жұмысының ұсынымдарын, материалдарын және
әдістерін құрастырумен өзара ұқсас, сондай-ақ олар не үшін, нені және қалай
деген үш негізгі сұрақтарға жауап береді. Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің  қамтитын аймағы  мектептегі әдебиет  пәні сабақтары мен
әдебиетке байланысты сыныптан тыс, мектептен тыс жұмыстар және базистік оқу
жоспарының  инвариантты бөлігінен берілетін таңдау курстарында
жүргізілетін  әдебиет сабақтарында мұғалім мен оқушының  оқу-тәрбие ісінде
өзара қарым-қатынасы болып табылады. Сөз өнерін, көркем әдебиеттің  өзін
әдебиет тарихы мен әдебиеттану ғылымында белгілі дәрежеде  оқып үйрену
негізінде оқушыларға әдеби білім, адамгершілік, ізгілік, имандылық, тәрбие
беруде білім, білік, дағдылары қалыптас-тыру  заңдылықтарын ашу– оның
қарастыратын басты мәселесі. Әдебиет пәні жеке тұлғаның, адамның  рухани
әлемін, оның адамгершілігін, ойлауын, көңіл-күй сезімін, тілін,
шығармашылық әрекет-бастауларын қалыптастыруда ерекше орын алады.
Әдістеменің даму тарихында, қалыптасу үрдісінде әдеби білім беру
негізгі  қағида болып табылатын  оқу бағдарламалары мен оқулықтар жасау
мәселелері, әдебиет сабағын оқытуды жетілдіру сияқты мәселелер  әдебиет
пәні құрылымын құрайды.[6.8]
Әдебиет пәні оқушы бойында биік эстетикалық талғам дамытуды, өнер
туындысындағы, табиғаттағы, адамдар қарым-қатынасындағы үйлесім мен
әсемдікті танып ұға білуге, дұрыс бағалауға, әсерленуге, терең  пайымдауға
үйретеді, сонымен бірге ол көркем әдебиетке деген сүйіспеншілікті, ынта-
ықыласты оята отырып, оқырман  мәдениетін қалыптастырады.
Әдебиет пәні  оқушыны  өнер туындысын тануда қажетті біліммен,
біліктілік дағдыларымен қаруландырып, онда көркем бейнені қабылдауға
қажетті сезім сергектігін, шығарманы мазмұны мен түр бірлігінде, көркемдік
тұтастықта қабылдай білуді; шығармада кескінделген мінездер сырын, шығарма
идеясын, жазушы позициясын шығарма арқауына сүйене отырып ашуды; өзіндік ой
толғамында дербестік, идеялық-көркемдік құндылығы жоғары туындыларды ғана
қалайтын талғампаздықты, көркем туындыларды салыстыра отырып,
қарастыра  алу біліктерін қалыптастыруды көздейді.
Осы негізде мектептегі  қазақ әдебиеті пәні жеке тұлғаның үйлесімді дамуына
қызмет атқаратын негізгі эстетикалық пән деген тұжырымға келеміз.
Қоғамның  және  мәдениеттің  даму өзгерістеріне сай әдебиет пәнінің
бағдарламалары, оқулықтарымен қатар оны оқыту әдістемесі де жетілдіріліп
отырады және ол қалыптасқан отандық әрі  әлемдік тәжірибеге негізделеді.
Әдістеме ең алдымен мұғалімнің  шығармашылық әрекетінің  жүйелі болуына
қызмет ететіндіктен, ол  әдебиетші мұғалімге жоғары талаптар да қояды.
Әдебиетші мұғалім ең алдымен көркем сөз сипатын ашатын
заңдылықтарды  білуі керек. Сондай-ақ көркем туындыны  талдаудың
ғылыми  әдістемелерін жетік  меңгеруі қажет. Әдеби шығармаларды талдауда
мұғалім мен оқушы арасында  бірлескен еңбек, бірлескен шығармашылық,
өнерпаздық орын алуға тиіс, – дейді белгілі әдіскер мұғалім Қ.Бітібаева
[7.10.]
Сонымен оқытушы және оқушының   оқу әрекетіндегі  бірлестіктер мен
дербестік сипаттарын, ұйымдастыру жолдарын қарастыруға әдістеме ғылымы
қолда бар бай тәжірибеге сүйенеді және оның таяу болашақтағы даму
бағыттарын айқындайды.
Ол бағыттары:
– әдеби білімді саралауды жүзеге асыру, бағдарламаларды қайта қарап,
тұжырымдама негізінде батыл жаңарту; V-ІХ сыныптарды негізгі базалық
біліммен қамтамасыз ететін базалық білім бағдарламаларын, оқушының  жеке
сұранысы мен мүддесіне, қызығушылығы мен бейімділігіне қарай  екі жылдық
бағдарламада сараланған толық орта білім деңгейлерін қамтамасыз ететін
жарыспалы бағдарламалар жасау;
– әдебиетті оқытудың гуманистік, адамгершілік-эстетикалық сарынын
күшейту, сабақ үрдісінде  жазушы көтерген ізгілікті тағылымды, өнегені
ашуды, ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді танытуды, сол арқылы оқушының
ұлттық рухани санасын қалыптастыруды нысана тұту;
– оқушының көркемдік-ассоциациялық, образдық ойлануына, әдебиетті
өнер табиғатына сай оқи білуіне, шығарманың идеялық-эстетикалық мән-
мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауына, кейіпкер тағдырына
ортақтасуына жағдай жасап, стандартқа  сай білім, біліктілікпен
қаруландырып, оқырман ретіндегі мәдениетін көрсету;
– оқытудың шығармашылық сипатын көтеру, оқушылардың оқу еңбегіндегі ой
дербестігін, оқу-танымдық қабілеттерін дамытуды  қамтамасыз ету, сабақ
тиімділігін арттыру нәтижелігіне қол жеткізу;
– оқытуды демократияландыру, сабақта мұғалім мен оқушы арасында
бірлескен мақсатты қарым-қатынас, субъект-субъект дәрежесіндегі еркін
диалог ахуалын туғызу, нақтылы сынып жағдайында әдеби  білім нәтижелігін
қамтамасыз ете алатын мұғалім ізденісін жетілдіру;
– әдебиет пәнінің басқа да пәндермен, білім салаларымен пәнаралық,
пәнішілік байланысын тиімді пайдалану, тіл мәдениеті, шешендік өнер, тіл
дамыту бойынша тіл мен әдебиетке ортақ бағдарлама жасау;
– әдебиет оқулықтарының, оқу кітаптарының мазмұны, ғылыми-дидактикалық
негіздерін түбегейлі жақсарту, оқулықтарға білім  берудің жаңа
технологиясын енгізу.[8.10.]
Бұл бағыттар – жалпы білім беретін қазақ мектебіндегі әдеби-білім
тұжырымдамасының негізгі ұстанымдары. Қазақ әдебиетін оқыту
әдістемесінің  бұл тұжырымдамасында көрсетілген негізгі бағыттары әлемдік
тәжірибеге сай келеді деуге болады.
Әдебиетті оқыту әдістемесінің таяу болашақтағы  дамуы оқу-тәрбие
үрдісін ізгілендіру, оқытуды саралау, пәндердің сондай-ақ жеке
әдістемелердің интеграциялануы, оқыту деңгейінің қазіргі ғылым, мәдениеттің
даму деңгейіне жақын келуі, вариантивті  бағдарламалардың, сабақ берудің
жаңа технологияларын жасау, әдебиетті оқыту әдістерінің жаңа түрлерін
іздестіру болып табылады.[9.21.]
Отандық әдістемеліктің даму бағыттарының әлемдік тәжірибенің даму
бағыттарымен үндес келуі егеменді еліміздің білім дамуының әлемдік білім
кеңістігімен үйлесімде болу тенденциясын басшылыққа алады.
Көркем шығармаларды оқушыларға танытудағы алғашқы тәжірибелері
(1879-1940). Ғылым атаулының қайсысының болсын өзіне тән дүниеге келу, даму
жолдары болады. Қазақ әдебиеті пәні де сондай жолдардан өтіп өзінің
қалыптасу дәуірін басынан кешірді. Қазақ әдебиеті пәнін орта мектепте оқыту
мәселелерінің мерзімді баспасөзде, педагогикалық және әдістемелік
басылымдарда сөз болуы, іргелі зерттеу жұмысының арқауын құрауы сияқты
күрделі мәселенің тарихына арналған еңбектер осы күнге дейін жазылған жоқ.
Осыған орай, қазақ әдебиеті  пәнінің ғылым ретінде қалыптасуына атсалысқан
ғалым-әдіскерлеріміздің  ой-пікірле ріне әділ баға беру қажеттігі туындайды.
Қазақ әдебиеті пәнінің орта мектептерде оқытылуы тарихының жасалуы оның әр
кезеңдері арасындағы заңды байланыстарды ашып,  әдістемелік ойдың бірте-
бірте тереңдей, кемелдене түскенін айқындап береді. Ұлттық әдебиетті оқыту
пәні ретінде мектеп бағдарламасына енгізу, әдеби білімнің мазмұнын
айқыңдау, қазақ әдебиетін шәкірттерге меңгертудің тиімді жолдарын ғылыми
түрде негіздеп беру мәселелері бір айдың немесе бір жылдың жемісі емес.
Қазақ әдебиетінің пән болып оқытылуының жағдайын зерттеп, оның білім
мазмұнын айқыңдау, оқулықтар мен бағдарламалар жасау сияқты міндеттер алға
қойылды, сол себепті ғылыми экспедициялар құрылды. ВКП(б) Орталық
Комитетінің 1932 жылғы 25 тамызда қабылданған Бастауыш және орта
мектептердің оқу программасы мен жұмыс режимі туралы қаулысы осыған сәйкес
Қазақ АССР Орталық Атқару комитеті мен Халық Комиссарлар Советі қабылдаған
қаулы, ВКП (б) Орталық Камитетінің 1933 жылы қабылданған Бастауыш және
орта мектептердің оқулықтары туралы қаулысы республикада халық ағарту
ісінің жаңдана түсуіне игі ықпалын тигізді. Партиялық және мемлекеттік
құжаттар ғылыми негізделген тұрақты бағдарламалар мен оқулықтар жасау,
оқушылардың материалистік көзқарасын қалыптастыратын білімдер жүйесін, яғни
пән құрамы мен мазмұнын айқындау міндетін қойды. Алайда қазақ әдебиеті пәні
бойынша бағдарламалар мен оқулықтар жазу, әдеби білім құрылымы мен мазмұнын
белгілеу оңайға түскен жоқ.
Қазақ  әдебиетінің пән ретіндегі жолы 1930 жылдардан басталады десек,
одан бергі ғылыми  жарты ғасырдан астам уақытта қаншама күрделі
мәселелердің шешілгенін айқын пайымдаймыз. Бағдарламалар  мен оқулықтар
жасаудағы тәжірибенің болмауы, әдебиетті, оның  теориясы мен оқыту
әдістемесін жақсы білетін мамандардың аздығы осы бағыттағы жұмыста көптеген
қиындықтар туғызды. 1939-1940 жылдар кезеңін қазақ әдебиетінің пән
ретінде  қалыптасқан мерзімі деп санаймыз. Ойымызды тұжырымдай
келе  айтарымыз, Ыбырай Алтынсарин ашқан қазақ мектептерінен бастап оқытыла
бастаған әдебиет пәні 1927 жылға дейін жеке пән болып саналмады, ол
қоғамтану пәнінің құрамына еніп отырды.
Тарихи деректерге сүйене отырып қазақ әдебиеті пәнінің  мектепте пән
болып қалыптасуы мектеп тарихымен бүтіндей сабақтас мәселе екендігіне
көз  жеткізуге болады. Пәннің бастапқы қалыптасу кезеңінде мектеп сұраныс
көзі қызметін атқарды. Қазақстанда  он сегізінші ғасырдың аяғында қазақ
балалары үшін мемлекет құзырына  қарасты мектептер пайда бола бастады. Атап
айтқанда, 1789 жылы Орынборда мешіт жанынан мектеп ашылса, келесі қадам
1825 жылы Орынбор қаласында Неплюев кадет корпусы, 1825 жылы Омск кадет
корпусы, 1841 жылы Ішкі Бөкей Ордасында Жәңгір хан ашқан  қазақ
мектебі  ашылып, оларда қазақ балалары қабылданатын болды.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында 1861 жылдан бастап орыс-қазақ мектептері
Троицкіде, Торғайда, Ырғызда, Қазанда, Перовскіде ұйымдастырылды. 1876 жылы
Қазақ мұғалімдер семинариясының директоры Н.И.Ильминский идеясы бойынша
қазақтарды орыс алфавиті көмегімен оқыту қолға алынып, бұл жұмысқа Торғай
облысы мектептерінің  инспекторы болып тағайындалған Ы.Алтынсарин тартылды.
Ы.Алтынсарин орыс тілінде сауатын ашатын бірнеше ауылдық мектептер
ашты.
Жалпы ХІХ ғасырдың екінші жартысында, ХХ ғасырдың бас
кезінде  Қазақстанда  мектептерінің білім беру жүйесі мынадай еді:
1. Орта оқу мекемелері – ерлер мен әйелдер гимназиялары, жылдық
училищелер, мұғылімдер семинариялары.
2. Бастауыш оқу мектептері – қалалық училищелер, орыс-қазақ және
орыс-туземдік мектептер мен училищелер, ауылдық-болыстық мектептер,
бастапқы сауаттылық беретін мектептер.
3. Кәсіби оқу мекемелері – мұғалімдер семинариялары мен мұғалімдер
мектептері, ауыл шаруашылығы мектебі, фельдшерлік мектеп және қолөнер
мектебі.[10.12]
Бұл мектептердің саны, әрине көп емес еді. 1898 жылға қарай 730
бас-тауыш мектеп, оның ішінде 262 діни мектеп болған. Оларда  бүкіл
Қазақстан территориясындағы мектеп жасындағы балалардың барлық санының
93,9%-ы қамтылған, ал оның ішінде қазақ ұлты балаларын атап көрсетсе, бұл
көрсеткіш ұлғая түседі, – дейді әдіскер-ғалым Т.Тәжібаев.
Т.Тәжібаевтың монографиялық  зерттеуінен бұл деректерді келтіру
себебіміз, біріншіден, қазақ балаларының саны ол мектептерде өте аз
болғанын, екіншіден, аталған мектептерде оқу орыс тілінде (негізінен)
жүргізілгеніне және қазақ балаларын орысша бастапқы сауаттылыққа яғни
тілмаштық іске жарайтын деңгейде бағытталып жүргізілгеніне  көңіл аудару
еді. Оларда жалпы білім беру, соның ішінде математика, табиғаттану ілімдері
қарастырылған.
Бұл мектептерде орыс тілінде оқып жазу, арифметика дағдылары,
діни оқу сияқты  пәндер оқытылған, оның оқу-материалдық базасы нашар,
қаржыландыруы өте қанағаттанғысыз жағдайда болған, ол оқыту
деңгейінің  тіптен нашарлығын 1882 жылы Түркістан өлкесіне  халық
училищелерінің бас инспекторы Забелиннің  Басқа ұлттарға білім беру ісінің
дамуы мен нәтижесі шектен тыс төмендегі сатыда тұрғанына менің көзім
жетті, – деп жазғанымен сипаттауға болады. Ал ішкі Орда халық
училищелерінің инспекторы Н.Леванов мектептерде оқу құралдарының жоқтығын
жаза келіп, балалар орысша оқып, жазуды өте нашар меңгергенін  және
толық  сауаттылықты, белгілі дәрежеде  дамыту туралы бұл мектептерде сөз
қозғау  да мүмкін еместігін айтады. Міне, отар елдердегі халыққа білім
берудің  осындай жағдайында, бодандық шектеушіліктің соншалықты саяси және
рухани төзгісіз жағдайында қазақ балалары үшін қазақ тілінде алғашқы оқулық
Қырғыз хрестоматиясын (Қазақ хрестоматиясын) 1876 жылы жазып, 1879 жылы
Орынбор баспадан бастырып шығарып, оны мектеп  тәжірибесіне енгізуі
Ы.Алтынсарин тарапынан тарихи бастама болды, бұл қазақ әдебиеті үлгілерін
мектепте  оқытудың алғашқы қадамы еді. Ы.Алтынсарин тұңғыш қазақ оқулығын
неге хрестоматия түрінде жазуды таңдап алған деген сұрақ тууы мүмкін.
ХІХ ғасырдың екінші жартысында Ресей педагогтары арасында пәнді
оқытудың негізгі мақсаты – мектептен алып шығатын ақпараттар беру емес,
жалпы іскерлікті қалыптастыру, атап айтқанда, ойлау, сөйлеу, жұмыс
қабілеті, тәртіптілік дағдыларын бірінші кезекке машықтандыру деген пікір
үстем болды. Ол пікірді ұстанушылардың ой-ниеті кейін тез ұмытылады немесе
өмірде тіптен пайдаланылмайды, ал логикалық ойлау, жаңа жағдайларға тез
бейімдей білу, сөйлеу және  жазу, жұмыс істей білу іскерліктері барлық
жерлерде керек болады, олар  әрқашан ұмыт болмайды, – деп түсінген. Сол
себептен де мектепте  жалпы дағдаларға айрықша мән беріліп, оқу құралдары
негізінен хрестоматиялық сипатта жасалынған болатын.
ХХ ғасырдың бас кезінде бастауыш училищелері (мектептері) үшін
құрастырылған әдеби оқулықтардың хрестоматиялық түрде болғанын осындай
үстем педагогикалық идеяның ықпалы деп түсінуге болады. Сонымен қатар бұл
оқулық бастауыш оқу сатысына арналған еді.
Ы.Алтынсарин Торғай, Ырғыз, Ақтөбе, Николаев уездерінде уездік екі
сыныптық мектептер ашады, бұлардың кейінгі екеуінде тек қазақ
балалары  оқыды, кейін Бөрте, Қарабұға, Обаған, Жетіқара, Қаратоғай
болыстарында да осындай мектептер, 1881 жылы Омбы қаласынан қазақтың тұңғыш
оқытушылар мектебі ашылған. Ы.Алтынсарин өзі ашқан жаңа мектептердің
жұмысына дұрыс бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отыратын рухани басшысы да
болды. Өзінің бір хатында оларға (мектеп жастарына) адамгершілік жағынан
әсер етуге де бар күшімді салып отырмын,- деп жазды Ы.Алтынсарин.
Ы.Алтынсарин өзінің ағартушылық идеяларын халыққа кеңінен
жеткізу мақсатымен жаңа мектептерді қаншама көп ашқанымен, бүкіл қазақ
балаларын толық  қамти алмайтынына көзі жетіп, жаңа оқулықсыз бұл
мектептерде де күткен нәтижелерге қол жетпейтінін байқады. Олар үшін
ендігі  жерде оқулық жасауға кірісіп, 1876-1879 жылдары бұл мақсатына да
жетіп, 1879 жылы Орынборда Қырғыз (қазақ) хрестоматиясы атты оқулық
жазып, баспадан шығарады.
Қазақтың алғашқы оқулығы шығу қарсаңда Қазақстанда қазақ
тілінде  оқулықтың болмағанын Ы.Алтынсарин хабардар етеді.
Қазақ халқының сауатсыздығынан, қазақ тілінде басылған бірде-бір
кітаптың жоқтығынан оқу орындарының мұғалімдері қазақ балаларын оқытқанда,
амалсыздан қазақ тілінің орнына татар тілін пайдаланып жүр. Сондықтан
шәкірттерге амалсыздан татар тілінен ешқандай кемдігі жоқ ана тілін тастап,
татар тілін үйренуге тура келеді.
Екінші жағынан, татардың кітап тілі араб, парсы сөздеріне толған, сол
себепті ол сауатсыз қазақтарға түсініксіз. Бұл тілде басылып шыққан
кітаптардың бәрі де тек дін туралы жазылған кітаптар, сондықтан олар осы
жағынан алып қарағанда, дүниедегі мақсаттарды көздейтін орыс-қазақ
мектептерінде пайдалану үшін қолайсыз, - деп жазды ол.
Ұлы ағартушының халқының сауатсыздығы үшін күйзеле отырып перзенттік
сезімінен туған, үлкен өкінішпен айтылған бұл сөз, оның оқулық жазуына
түрткі болған еді.
Мұндағы мақсаты туралы ол тағы да былай деп жазды:
Бұл кітапты құрастырғанда мен біріншіден, осы біздің  ана тілімізде тұңғыш
рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде
тәрбиеленіп  жүрген қазақ балаларына оқу кітабы болу жағын, сонымен қатар
жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап болу жағын көздедім.
Хрестоматия орыс әрпімен басылып шықты. Ол туралы: бұл шығарған кітабымыз
көздеген мақсатпен сәйкес болып, орыстың ғылыми кітаптарын пайдалана білуге
тікелей жол салып беру үшін  және сол орыс кітаптарына мағынасы жағынан да,
әрпі жағынан да қайшы келмеуін көздеп, орыс әрпімен бастырғанды қолайлы деп
таптық, – деп жазды автордың өзі.
Ы.Алтынсариннің қазақ әдебиеті  үлгілерін енгізіп алғаш жазған
қазақ  оқулығының дүниеге келу себебінің өзі біріншіден, қазақ балалары
үшін оның өзі ашып ұйымдастырған мектептердің қажеттігінен, сұранысынан
туған еді.
Ы.Алтынсаринге дейін әдеби мазмұндағы қазақ оқулығы былай тұрсын,
таза қазақ тілінде оқытатын мектептің де болмағанын жоғарыда келтірген
едік. Ондағы мақсат қазақша әдеби оқулық жазуға  қоғамдық сұраныстың
болмағанын дәйектеу еді. Ендігі жерде Ы.Алтынсарин екі бірдей маңызды,
қажетті тарихи бастама жасады:
а) қазақ тіліндегі оқулықты қажет еткен таза қазақ мектептерін ашты;
ә) ашылған қазақ мектептерінің сұранысын қанағаттандырды, алғашқы
оқулық жасап шығарды.
Ы.Алтынсарин өзі бастаған ұлы істің жалғасы үзілмеуін қалады және
солай болатынына сенгендіктен де оның тарихи маңызына өте зор мән берген
болатын.
Мазмұны балалардың білімін көтеретін, тақырыбы оларды
қызықтыратын кітаптарды асықпай, бірақ алған бағыттан қайтпай, қазақ өз
тілінде шығара беру керек, – деп жазды Ы.Алтынсарин.
Қазақ хрестоматиясы қазақ әдебиеті пәнінің атасы,  әдебиет оқулығын
жасаудағы алғашқы тәжірибе деп бағаланады. Басталған іс үзіліп қалмай,
Ыбырай оқулығы үлгісінде қазақ тілінде әдеби мазмұндағы оқулықтардың шығып,
бүгінгі кәсіби педагогикалық сападағы әдебиет пәніне ұлғасуымен ұштасты.
Қазақ хрестоматиясы кейін біраз қысқартылып 1889, 1896,
1899  жылдары Махтуба деген атпен, араб алфавитімен басылды.
Махтуба арабша  хаттар деген мағынада 1906 жылы А.Васильев
редакциясымен едәуір толықтырылып, орыс алфавитімен  қайта жарияланды.
Кітаптың құрылымы жөнінде Сөз басында Ы.Алтынсарин былай деп жазды:
Бұл басылып отырған бірінші кітаптағы мақалалар мынадай тақырыптарға
бөлінеді:
1. Балалар өмірінен алынған әңгімелер. Бұлар түрлі орыс
хрестоматия-ларынан, көбінесе, М.Паульсонның хрестоматиясынан алынды.
2. Әр түрлі жинақтардағы адамдар өмірінен алынған әңгімелер.
3. Қазақ ақындарының ең жақсы өлең-жырларынан үзінді.
4. Қазақтың мақал-мәтелдері.
Ы.Алтынсарин оқулығында балаларды қазақтың әдеби мұраларымен ғана
таныстыруды мақсат етпеген, ол кітапты басқа әдебиет үлгілерімен де
қамтамасыз еткен.
Ол адамзаттың игілікті озық құндылықтарының  қазақ қауымының да рухани
игілігіне айналуын армандаған, әлемдік қауымдастықты аңсауды кемеңгерлікпен
мәдени инетеграцияны сезіне білген.
Ы.Алтынсарин аударған, Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, И.Паульсон т.б.
педагогтардың шығармашылық тәжірибесінде бар құбылыстың кейбірі Қазақ
хрестоматиясының басылымдарына енгізіліп отырады. Атап айтқанда, әйгілі
Азбуканың авторы Л.Н.Толстой оқулық құрастырғанда таза дидактикалық
мақсатта балаларға арнап әлем әдебиетінің үлгілерін сұрыптап өңдеген.
Ә.Дербісалин зерттеуі бойынша Қазақ хрестоматиясына енген шығармалардың
отыздан астамының түпнұсқасы табылған.
Ы.Алтынсарин жасөспірімдерге адамгершілік рухта тәрбие бере алатын
еңбектерді ғана аударды және осы аудармалары арқылы оның қандай нақтылы
тәрбие мәселелеріне көңіл бөлгендігін де біле аламыз. Ағартушы
аудармаларының негізгі тақырыптары еңбек, адамды сүйе білу, кішіпейілдік,
қарапайымдылық, үлкенді сыйлау, жолдасты қадірлеу т.б. болды. Бұл мәселелер
Ы.Алтынсариннің педагогикалық идеяларының озық сипатын танытады, – деген
Ә.Дербісалиннің пікірін Ы.Алтынсариннің ұлттық талғам мен адамзаттық
құндылықтарды үйлестіре білген, жоғары мәдениетті, аса білімді педагог
болғанын аңғарамыз.
Ы.Алтынсариннің өзі бұл істе көп еңбектенгенін айтады. Бұл кітапта
келтірген әңгімелердің қазақтар үшін ұнамды болуы жағын көздедім. Сондықтан
бұл кітапқа енгізілетін әңгімелерді тергенде көп қиыншылықтарға кездестім,
әрбір мақаланы әр жағынан ойлап барып қосу керек болды, – дейді. Алайда
Ы.Алтынсарин орыс тіліндегі мәтіндерді жөнсіз қазақыландыра бермеген,
олардың түпнұсқадағы стильдік ерекшеліктері мен оқиға тартысына байланысты
барлық қасиеттерін толық сақтай отырып аударған.
Ы.Алтынсарин Қазақ хрестоматиясында халқының әдебиетін мәдени мұра
ретінде тани білді, оны жинап бастыруға талаптанып Қазақ хрестоматиясының
екінші кітабында қазақтың төл әңгіме, аңыздарына кеңірек орын беруді
ойластырған.
Ы.Алтынсарин Қазақ хрстоматиясына енгізген ауыз әдебиеті үлгілерін
төрт түрге бөліп қарауға болады: аңыз әңгімелер – Лұқпан әкім, Таза
бұлақ, Жиренше шешен т.б; ертегілер – Қара батыр, Тазша бала т.б;
эпостық шығармалар – Қобыланды және басқа да жырлардан үзінділер,
мақалдар мен мәтелдер, жалпы саны – 69.
Осыларға қоса сол кездегі қазақ әншілері мен  жыршылары шығарған
кейбір өлең, айтыстарды да кездестіруге болады.
Ы.Алтынсариннің  оқулығында өзі жазған қысқа да өнегелі әңгіме,
өлеңдер бар: Кел, балалар, оқылық!, Өнер-білім бар жұрттар сияқты
өлеңдерінде оқу-өнерге шақырса, Қыпшақ Сейітқұл, Киіз үй мен ағаш үй
әңгімелерінде отырықшылық мәдениетті көркем уағыздайды.
Ы.Алтынсариннің әңгіме, өлең сияқты шағын көлемді туындыларға көбірек
көңіл аударып жазғандағы мақсаты сол кездегі жаппай сауатсыздық жағдайында
білім есігін жаңа ашқан қазақ балаларының оқып меңгеруіне дидактикалық
тұрғыдан ұсынған жеңілдік еді. Оның әңгімелері, өлеңдері шын мәнінде өз
заманында оқулық дәрежесінде қызмет етті.
Ы.Алтынсарин Қазақ хрестоматиясында және  басқа да мақалалары мен
хаттарында қазақ мектебі тәжірибесінде оқу әдістемесін тұңғыш рет енгізді.
Әдістемелік жүйесі 4 буыннан тұрады:
1) материалдарды оқуға балалардың жас ерекшеліктеріне, педагогикалық
прогресшіл талаптарға сай сұрыптап енгізу;
2) материалдың орналасу, берілу тәртібі оның тәрбиелік-өнегелік
мәндерінен тууы керек және ол оқушыларға оқыту әдістемесін алғашқы болып
сөз етеді.
3) оқушының материалды меңгеруде көңіл аударатын мәселелері;
4) оқытушының әрекеттері.
Әрине, Ы.Алтынсарин әдістеме туралы айтқанда белгілі  бір
оқу  бағдарламасына сүйенді деп айта алмаймыз. Ол кезде оқулық мазмұны мен
оқытудың мақсат-мазмұнын айқындайтын бағдарлама жоқ еді. Ы.Алтынсарин
мәселені бағдарлама жасаудан емес, хрестоматия құраудан бастады және оның
хрестоматиясы ауыз әдебиетінің, белгілі ақындар өлеңдерінің әлемдік әдебиет
үлгілерінен құрастырылған, сонымен бірге өзіне дейінгі хрестоматия жасаудың
классикалық тәжірибесін меңгеріп барып құрастырылған оқу құралы болды,
қазақ педагогикасы, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесінің, қазақ оқулығының
бастапқы тәжірибесі болды.
Ы.Алтынсариннен басталған қазақ педагогикасының желісіндегі  ірі тұлға
– ұлы Абай еді.
Абайдың ағартушылық ойлары туралы Т.Тәжібаев: Ол не туралы жазса да,
әрдайым халық ағарту жөнінде, халыққа өнегелі тәрбие беру жөнінде айтады,
– деп тұжырымдаса, ал көрнекті педагог Ә.Сембаев Абай қара сөздері арнайы
педагогикалық еңбек болғанымен, онда дидактикалық үрдістер негіздері бар
екендігіне назар аударады.
Абай оқу үрдісін ұйымдастырудың тиімді дидактикалық принциптерін
ұсынды. Онда өтілетін материалды біртіндеп күрделендіру, белгілі нәрседен
белгісізге көшу, көрнекті құралдарды және құрғақ жаттау емес, өздігімен
ойлануға, түсінуге септігі тиетін нанымды дәлелдерді пайдалану сияқты
күрделі ұсыныстары бар, – деп жазды.
Оқу пәндерінің жетекші пәндік критерийлерінің бірі оның білім
мазмұнының  тәрбиелік, өнегелік мәні болса, қазақ әдебиеті пәнінің  білім
мазмұнының негізгі құрамдас бөлігі ауыз әдебиеті өзінің тәрбиелік, өнегелік
мазмұнымен пәндік сипаттаудың осы негізгі элементтерін бойына сіңірген. Бұл
тұрғыдан алғанда пәндік бастаудың бір саласы ауыз әдебиеті отаншылдық,
перзенттік сезімге үндеуімен, дүниетанымдық мазмұнымен, ғасырлар
бойында  ұрпақтан-ұрпаққа рухани қазынаны жеткізген тарихи-шежірелік
білімімен ауызекі мектеп қызметін атқарып келді. Бүгінгі ғылым оны халық
педагогикасы деп атап, дербес ғылым саласы ретінде дәйекті зерттеп,
(Қ.Жарықбаев, С.Калиев т.б.) ауыз әдебиетінің ұлттық педагогиканың бір
құралы болғанын танып отыр.
Міне, сол әдебиет халықтық ауызекі сөйлеу мектебінен, Ы.Алтынсариннің
Қазақ хрестоматиясынан бастап оқулық түрінде заттанып, білім мазмұнының
құрамдас бөлігі ретінде мектептердегі көркем әдебиет туындыларына, аударма
еңбектерге енгізіле бастады.
Бұл үрдіс ХХ ғасырдың бас кезінде  Қазақстанда демократиялық-
ағартушылық қозғалыстың даму қарсаңында біршама  қарқынды жүрді.
Сол кездегі баспадан шыққан оқулықтардың екі бағытта болғаны байқалады.
Бірінші бағыттағысы төтенше оқу мектептеріне арналған оқулықтар еді:
Н.Нұрбайұлы Қазақша әліппе (1910 ж.,Уфа), Е.Закарияұлы Қазақ әліппесі,
(1910 ж., Қазан), М.Малдыбаев Қазақша жаңа әліппе, (Уфа, 1912 ж.), бұл
оқулықтар мұсылмандық-имандылық сипатта болды.
Екінші бағыттағысы Ы.Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясы үлгісін
ұстанған оқулықтар еді: С.Көбеев Үлгілі тәржіме, 1910 ж. (Крылов
мысалдарының қазақша аудармасы), О.Алмасов, Т.Мендешев, К.Бейсембаев
ауылдық мектептерге арнап орыс мектептері хрестоматияларын аударып
бастырады. Соның ішінде М.Ронгинскийдің  жинаған әдеби материалдарының
қазақша аудармасы да болған.
Н.И.Ильминскийдің жүйесі бойынша қабылданған 1870 жылғы  Халық ағарту
министрлігінің ұлттық мектептер туралы бірінші заңы бойынша барлық ұлттық
мектептер орыс емес ұлт балаларының орыс тілін меңгеру дәрежесіне қарай 3
категорияға бөлінеді. Бірінші категория мектептерінде орыс тілін
меңгергенше алғашқы жылы орыс әрпімен  басылған оқулықтар бойынша
ана  тілінде оқуға рұқсат етілді. Екінші  категория мектептерінде оқу орыс
тілінде жүргізілді. Алайда ондағы мұғалімдер жергілікті ұлттардың тілін
білуге  міндетті болды.
Ана тілін орыс тілін меңгергенге дейін ауызекі түсіндіру үшін ғана
қолдануға рұқсат етілді.
Үшінші категориядағы мектептерде оқу тек  орыс  тілінде ғана
жүргізілді, ана тілін қолдануға рұқсат етілмеді. Ұлттық мектептерді
орыстандыру саясаты үздіксіз күшейтіліп отырылды. Бұрынғы ережедегі ауылдық
бастауыш мектептердің алғашқы екі жылында ғана  ана  тіліндегі оқулық
бойынша оқытуға немесе оны ауызша түсіндіруге  ғана қолдануға рұқсат
етілді.
Төңкеріске дейінгі орыс-қазақ мектептері әр түрлі типті болды және олардағы
оқу мерзімдері де бөлекше болды. Әр округқа (Астрахань губерниясы,Далалық
генерал-губернаторлық, Түркістан генерал-губернаторлық т.б. округтер) орыс-
қазақ мектептері үшін әр түрлі өзіндік ерекше  ережелер болды.
Орыс-қазақ мектептерінде тек Ресейдегі баспадан шыққан  оқулықтарды ғана
пайдалануға болатын еді. Олардың ішінде негізінен әдеби материалдар орыс
әдебиетінен аударылған аудармалар және қазақ әдеби мұраларының үлгілерінен
құрастырылған оқулықтар болды. Мысалы: Ы.Алтынсариннің  Қырғыздарды
(қазақтарды) орыс тіліне үйретудегі бастапқы жетекші құрал Қазақ
хрестоматиясы қазақ тілінде басылды; орыс тілінде (материалды жергілікті
ұлт тіліне аударып оқыту міндеттелді) А.С.Алекторовтың Русско-киргизская
азбукасы, В.Васильевтің Букварь для киргизов деп аталатын оқулықтары
пайдаланылды, кейбір мектептер К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстойдың,
Н.А.Бобровжиковтың, А.П.Вахтеровтың, Д.И.Тихомировтың осы тектес оқу
құралдары дара көреді. Онда негізінен әдеби материалдар жинақталған.
Сонымен бірге  ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда қазақ балалары үшін 2-3
жылдық ауылдық мектептер, 1 сыныптық 4 жыл оқитын орыс-қазақ мектептері, 6
жыл оқитын екі сыныптық орыс-қазақ  училищелері ашылды.
Ал оларды оқулықтар мен және оқушылармен қамтамасыз ету де қиындай түседі.
Осы кезде мектеп инспекторлығы жұмысында екі ғана  қазақ болды. Олар:
Ы.Алтынсарин (1876) мен Ғ.Балғынбаевтар (1906) жылы болды.
Дәстүрлі мұсылман мектептерінен басқа ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда
татар жазушысы И.Гаспринскийдің  негізін салған үлгідегі жәдит мектептері
ашыла бастады.
Түркістан, Ақтөбе, Жаркент, Верный, Қазан т.б. қалалардағы  бұл
мектептердің  дәстүрлі ескі тәсілдік мұсылман мектебінен айырмасы – мұнда
мұсылман ілімімен бірге жалпы білім беру көзделді.  Мәселен, Мамановтар мен
Тұрысбековтердің жаңа әдістік мектебінің оқу жоспарында  дін сабақтарының
бес түрі, жалпы білім беретін пәндердің 8 түрі болған. Оның ішінде ана
тілін яғни қазақ тілін барлық бес жыл бойында үздіксіз оқу көрсетілген. Бұл
жоспар аздаған өзгешеліктері болмаса,  сол кездегі басқа да жаңа тәсілдік
мектептерге тән болған.  Жаңа тәсілдік мектептің тез тарауы жаңа оқу
құралдарын жасауды қажет етті.
Сөйтіп ХІХ ғасырдың аяғы мен ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстан
мектептерінің қажетін өтеу мақсатында оқу материалы ретінде орыс әдебиеті
шығармаларынан аудармалар қазақ әдеби мұралары үлгісіндегі хрестоматиялық
оқулықтар  түрінде беріле бастайды. Бұлар әлі ғылыми-педагогикалық жүйеден
алыс болса да, сөз жоқ әдебиет пәні оқулығының алғашқы ізденістерінен туған
үлгі нұсқалары еді, олар кейінде пайда болған әдебиеттік оқулықтар жасау
жолындағы тәжірибе ретінде де маңызды болып табылған әдеби
білімнің  мазмұнын құрудың бастамасы болды.
Қазақ әдебиеті пәнінің әдеби – білім негіздері, әдістемелік ой-санасы
ХХ ғасырдың бас кезіндегі қазақ баспасөз беттерінде тарихи-
әлеуметтік  қажеттіліктің тілі негізінде қоғамдық пікірде көрініп құрылып
жатты.
Айқап журналы, Қазақ газеттері ағартушылық идеялардың көрігі
болды. Мәселен, Айқап журналы оқулықтар, өлең кітаптары қазақ тілінің
тазалығы, басылып шыққан халық ауыз әдебиеті жинақтары туралы рецензия, сын
мақалаларды көптеп жариялады, бұның өзі әдеби-теориялық ой-пікір
қалыптастыруда жетекші ұстаным болды.
Журналдың айрықша көңіл аударған мәселелерінің бірі – қазақ тіліндегі
оқулықтарға талап-тілектің күшейтілуі еді. ХХ ғасырдың бас кезінде қазақ
тілінде жарық көрген М.Нұрбаевтың Қазақша әліппе, Ғалия медресесі
шәкірттері шығарған Әліпп яки төте оқу, Қ.Қожықовтың  Әліппе,
А.Байтұрсыновтың Оқу құралы, М.Малдыбаевтың Қазақша ең жаңа әліппе атты
оқулықтары жан-жақты талқыланды. Оқулықтардың педагогикалық сипаты
балаларға түсінікті жазылу тұрғысынан бағаланды, таза қазақ тілінде талап
етілді. Ы.Алтынсариннің Қазақ хрестоматиясын үлгіге ұсына отырып, олар
прогресшіл озық-әлемдік сыншылдық-ғылымдық ой-пікірмен сабақтасып жатты.
Жалпы қазақ мәдениетінің даму тарихындағы сияқты қазақ
әдебиеті  әдістемесінің бастауларының  қалыптасуына ХХ ғасырдың бас
кезінде  елеулі қызмет атқарған ағайынды Каримов баспаханасында, осыған
үндес оқу құралдары жарық көрді. Мәселен, 1913-1914 жылдары сол Қазан
қаласындағы  ағайынды Каримов баспаханасынан көптеген педагогика-
лық  жарияланымдар шыққан. Соның ішінде Омар Қарашеевтің Бала тұлпар,
Аға тұлпар; Иманғали Бейсенұлының Әдебиет өрнегі, Тайыр Жомартбаев
Балаларға жеміс, Кенжеғали Абдоллаұлы Сырғалиннің Қазақ балаларына
жәрдем, Ахмет Байтұрсыновтың Әліппе т.б. жазған оқулықтар болған.
ХХ ғасырдың 20-30 жылдарында  Қазақстанда Совет үкіметін орнату, орнығу
үрдісінің күрделілігі, соған байланысты халық ағарту жүйесіндегі
қиындықтар, әдеби және мәдени мұраларға, ұлттық рухани қазынаға түбірімен
басқа да көзқарас салдарынан туған әдебиет тарихын сұрыптау ,әдеби өнімдер
беру ісіндегі өлшемдер құбылмалылығы сияқты саяси-экономикалық, әлеуметтік
дағдарыс-күйзелістері әсерінен әдебиет пәнінің пән ретінде қалыптасу кезеңі
де кешеңдеді. Мектептегі сабақтар аты белгілі, таптық позициясын
әкімшіліктер анық деп тапқан аздаған ақындардың жекелеген өлеңдерін
оқытумен шектелді.  Бұл әңгімеге көңіл аударып отырғанымыз – тарихи
жолымызды ғайбаттау немесе айыптау емес, зерттеу мәселесі қазақ әдебиеті
пәнінің қалыптасу процесінің тарихи негізін айқындау ниетінен туып отыр. Ал
тарихты ешкім де мойындамай, елемей өте алмайды, керісінше тарих – алдағы
дамудың ілгерілеу бағытында бағдар болып тұратын темірқазық  болып
табылады. 1920 жылғы 26 тамызда Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитеті мен
РСФСР Халық Комиссарлары Советінің РСФСО құрамында Қазақ Автономиялық
Советтікке Социалистік  Республикасын құру туралы қаулысы
қабылданды.  Ендігі жерде  Қазақстандағы Халық ағарту ісі де, мектептердегі
оқу-тәрбие ісі  Советтік саясаттан туындап отырды. Мектеп коммунистік
идеологияны ұрпақ санасына егу институтына айналды.
 Қазақстандағы халық ағарту ісі де қайта қаралып, 1918 жылғы 1
қазаннан бастап барлық бастауыш және жоғары бастауыш училищелер, діни
мектептер мен медрселер, төменгі және орта дәрежелі оқу орындары бірыңғай
Кеңес еңбек мектебі болып қайта құрылды. Олардың бәрі Халық Ағарту
Комиссариаты қарамағына берілді.
1917-1918 жылдары Қазақстанның мектептерінде балалар ескі оқулықтар,
оқу жоспары мен ескі бағдарлама бойынша оқытылады, жаңа оқу жоспары
болғандықтан оларды жасап алу жер жердің өз еркіне берілді, тіпті қазақ
мектептерінде қазақша сауат ашу әліппелері де болмады. Солай болса да
қазақ  мектептерін ашу ісі өрістей берді. 1914-1915 оқу жылында қазақ
оқушылары барлық оқушылар қатарында 7,5% болса,  1920-1921 оқу жылында
21,7%-ке жетті. 1-5 сыныптардағы қазақ оқушыларының пайызы үш есе дерлік
көбейді.
        1924 жылы ғана Қазақстанның Халық Ағарту Комиссариатының білім
Орталығы қазақтың төрт жылдық мектептері үшін уақытша бағдарлама жасады.
Пәндік жүйемен құрылған бұл алғашқы Қазақстандық бағдарлама қазақ
тілінің ауқымына ауызекі сөйлеу тілін дамыту, кітап оқу жазу және граматика
еңгізілді, сонымен бірге бұларды ана тілінің барлық сабақтарында төрт жыл
бойы өту тиіс болды. Сөйтіп 1925-1930 жылдарға дейін қазақ мектептері ана
тіліндегі оқулықтарсыз, оқу құралдарсыз жұмыс істеді.
1925 жылы Н.К.Крупскаяның басқаруымен Мемлекеттік Ғылыми Кеңес ұсынған
комплексті бағдарламалар шығуы қазақ мектептерінде әдебиет пәнінің  жеке
оқу пәні болып қалыптасуын біраз жылдарға шегеріп тастады. Россия
мектептерінде де дербес пән болып оқытылатын әдебиет пәні даралық сипатынан
айырылып қалды. Әдебиет қала, деревня, капитализм және жұмысшы табы
т.б. сол сияқты қоғам танытушы кешенді тақырыптарға дәйектеме,
иллюстрациялық құралдарға айналдырылды.
1928 жылдары ғана Қазақстанға жеткен бұл комплексті бағдарламалар
бойынша оқыған балалар сауат ашу дәрежесінен аса алмады, елдегі қоғамдық
өзгерістер туралы әңгіме – негізгі нысана болды. 1929 жылы қаңтардан бастап
латын алфавитіне көшу қосымша проблемалар тудырды, атап айтқанда, қазақ
мектептері ана тіліндегі оқулықтарсыз, оқу құралдарынсыз жұмыс істеді,
қазақ мектептерінің оқушыларына екі бірдей әліппені (орыс, латын) үйренуге
тура келді.
        Латын әліппесін қолдану ана тілін үйретуге де ешқандай жеңілдік
келтірмеді.
Әдебиет пәні үшін Одақ көлемінде алпыс жыл тұрақты  болған
түбегейлі бетбұрыс  1933 жылы қабылданған бағдарламаларға  көшу болды. Ол
әдебиет пәнінің өз дербестігіне толық ие болып, оның қалыптасу үрдісінің
біршама тездеуіне игі ықпал етті.
Одақ көлемінде ұйымдастыру формасы қалыпқа келген, даму бағыттары
мен білім мазмұны айқындалған мектептердің бұдан кейінгі дамуы Қазақстанда
да 1940 жылға дейін қазақ әдебиеті пәнінің  құрылымдық толықтығын шешіп,
пән ретінде қалыптасу кезеңінің аяқталуына жағдай туды. Ол іс те 1932-1933
жылдарға созылыңқырап барып, 1932 жылы бастауыш оқу бағдарламасының
нұсқасы, 1934 жылы орыс мектептерінің  орыс әдебиеті бағдарламалары
үлгісінде қазақ әдебиетінің оқу бағдарламаларына көшуі, 1938 жылдары
мектептегі айқындалған әдебиетті оқыту курсының үш буындық  жүйесінің: ана
тілін бастауыш сатыдағы әдебиеттік оқу (V-VІІ сыныптары), әдебиет тарихын
оқу (VІІ-Х сыныптарда), әдебиет пәнінің қалыптасуына маңызды белестер
болды. Оқулықтар мен  оқу-әдістемелік құралдарға ашық  сұраныс күшейді,
қазақ әдебиетінің  жүйеге түскен тарихын жасау, жас ұрпақты оқыту
мәселелері бойынша қоғамдық ой-пікірлер өрістеді. Солай болса да 1932
жылдан қазақ әдебиеті дербес оқу пәні болып оқытыла бастағанымен,
оның  қалыптасу кезеңі бұл қарсаңда тиянақталмаған еді.
Өйткені оқу пәнінің  пәндік құрылымының басты компоненттері болып
табылатын оқу бағдарламасы мен оқулықтар жүйесін жасау, бір қалыпқа келтіру
1938-1940 жылдарға дейін жүріп жатты. Оның үстіне қазақ  мектптерінің
сыныптық құрылымдары әлі толық айқындалмай, сабақ жүйесі біртұтас болмады.
Сабақтың курстық толықтығы болмаса, оқу пәні де толық пән дәрежесіне
жетпейді. Қазақстанда қазақ мектептерін тек 1940 жылдары ғана оқу пәнінің
толық пән ретінде жүзеге асуына жақын келді.
1935 жылы барлық қазақ мектептерінде екі ғана сынып, әрі кетсе үш қана
сыныптар болған. Ал жеті  жылдық болып құрылған барлық 212 қазақ мектебінің
1936-1937 оқу жылында тек 79 мектебінде ғана жетінші сыныптар болған, 17
қазақ орта мектебі бар деп есептелсе де, оныншы сынып тек оның
біреуінде  ғана ашылған (Алматы қаласы, №12 мектеп) . Тек 1939-1940 оқу
жылына  қарай қазақ мектептерінің сыныптары мен ондағы балалар саны толыса
бастаған.
1935жылдан барып Қазақстанда мектепке алудың  тәртібі оқушылардың оқу
үлгерімін бағалаудың бес дәрежесі, оқу мезгілдері, сабақ уақытының
ұзақтығы, оқу жоспарының міндетті  орындалуы бір жүйеге түсті. 1937-1938
оқу жылына арналып  қазақ мектептері үшін жасалған  оқу жоспары осыны
дәлелдей түседі.  Онда барлығы 19 оқу пәні апталық сағаттарымен
көрсетілген. Оның ішінде қазақ әдебиеті пәні жеке  пән ретінде аптасына бір
сағат  көлемде V-Х сыныптардың әрқайсысында берілген. Оқу жоспарындағы
апталық сағаттың әр сыныпқа өте аз бөлінуі әлі де болса оның
пәндік  мәртебесін қамтамасыз ете алатын білім мазмұны, әдебиет теориясының
жүйеленуі, әдеби мұраны сұрыптау, әдеби зерттеулер мен
әдістемелік  құралдар айқындала қоймағанын меңзейді.
Филология ғылымдарының докторы, академик С.С.Қирабаев: Қазақ
әдебиетінің  арнаулы курс есебінде мектепте оқытылуы  – біраз  кешеңдікпен
басталған іс.  Ол кезде қалыптасып бір жүйеге түскен әдебиетіміздің
тарихы  жоқ болатын, ретке келтірген  бағдарламалар мен оқулықтарға  қазақ
мектептерінің  қолы тек  отызыншы жылдардың аяқ кезінде ғана жетті,- деп
жазды.[11.12]
Профессор Ә.Сембаев бұл пікірді өзінің Қазақ Совет мектебінің тарихы
еңбегінде 1939-1940 оқу жылына қарай қазақ мектептерінің  барлық сыныптары
үшін қазақ тілі мен әдебиеті  бойынша жасалған бағдарлама толық
мақұлданды.  Бұл бағдарламалардың бәрі де жеткілікті тиражбен басылды,-
деп дәйектей түседі.
1940 жылы қазақ жазуының орыс графикасына көшірілуі  ғылым , мәдениет,
баспасөз, ағарту ісінде айтулы серпін туғызды. Ол қазақ әдебиеті
пәнінің  біртұтас  дербес пән ретінде жаңа даму кезеңінің басталуы
еді.Қазақ әдебиетін пән ретінде қарастырғанда, жалпы оқу
пәнінің  құрылымдық жағынан түгел қалыптасқандығын айтамыз. Себебі оқу
жоспары, оқу бағдарламалары, оқулықтар, сабақтардың ұйымдастырылу
формасының айқын жүйесі құрылды.
Әдебиет –  араб сөзі, көркем сөз, сөз асылы деген мағынада.
Көркем әдебиеттің өзіне тән ерекшелігі - өмірдің, өмір құбылысының бейнесін
көркем сөз арқылы суреттеу, сөз арқылы адам образын жасау.
Қазақ әдебиетінің оқу жоспарына еніп дербес пән ретінде оқытыла
бастауы 1930 жылдардан басталады.Осы кезден бастап күні бүгінге дейін қазақ
әдебиеті оқушыларға әдеби білім беретін мектепте оқытылатын негізгі оқу
пәндерінің бірі болып келеді.
Жалпы білім беретін орта мектепте қазақ әдебиеті пәнінің тарихи
бастау көздері ретінде Ы.Алтынсарин, А.Байтұрсынұлы, М.Жұмабайұлы,
Ж.Аймауытұлы, М.Дулатұлы, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлин, Т.Шонанов,
М.Әуезов, С.Мұқанов, Ғ.Мүсірепов, т.б. сынды қайраткерлердің еңбектеріне
тоқталмасақ болмайды.
Себебі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғалымның Қазақ тілі методикасы
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілінен құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдары
Дамыта оқыту арқылы оқушылардың шығармашылығын дамыту
Пәнаралық байланыс пен бағыттылық
Көркем еңбек сабақтарында ұлттық қолөнер арқылы оқушылардың технологиялық құзыреттілігін қалыптастыру
Мәдениетаралық қарым –қатынас және аутенттік мәтіндер
Оқушылардың креативтік құзыреттіліктерін сыныптан тыс дамыту
«Сыни тұрғыдан ойлауды дамыту» жобасы
Дебат технологиясының негізгі түсінігі
Дәстүрлі және дамыта оқыту жүйелерінің негізгі белгілерінің салыстырмалы сипаттамасы
Пәндер