Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Көкше академиясы

Қорғауға жіберілді
_______________кафедра
меңгерушісі ___________т.ғ.д. С.Д. Дильманов

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Шоқан Уәлиханов этнограф - тарихшы

Мамандығы 050114 – Тарих

Орындаған
С. Махамбетова

Ғылыми жетекшісі
т. ғ. д
С.Д. Дильманов

Көкшетау 2011
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Көкше академиясы

Махамбетова Сабина

Шоқан Уәлиханов этногораф - тарихшы

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Мамандығы 050114 – Тарих

Көкшетау 2011
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
4

1 Ш.Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ
АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Шоқан Уәлихановтың туып-өскен ортасы және оның кадет корпусында
оқыған кезі
8
1.2 Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі
18
1.3 Шоқан Уәлиханов саяхатшы,әдебиетші, тарихшы, этнограф
29

2 Ш.Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ САЯХАТТАРЫМЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ
2.1 Шоқан Уәлихановтың ғылыми және ағартушылық істері
37
2.2 Ш.Ш. Уәлихановтың жүргізген ғылыми зерттеулері
50
2.3 Шоқан Уәлихановтың саяси–әлеуметтік, философиялық
көзқарастары
56

ҚОРЫТЫНДЫ
76
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
80
ҚОСЫМШАЛАР
83

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13 КІРІСПЕ

14 Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Президентіміз Н.Назарбаев өзінің 2003
жылы шыққан Cындарлы он жыл кітабында Орталық Азияның арғы-
бергі тарихына қазіргі кезеңдегі маңызына жіті назар аударады.
Шоқан Уәлиханов Орталық Азияны зерттеуші ретінде оның геосаяси
маңызын сол заманның өзінде болжап кеткен еді. Көптеген зерттеу
еңбектерінде мәселенің бұл жағына аз көңіл бөлінді.

Ш.Уәлиханов XIX ғасырдың ортасында Ресей империясы Шығысқа бағытталған
үш экспедициясының бірін басқарып,оны өте сәтті нәтижелермен аяқтап шыққан
болатын.Сол себепті де Ш.Уәлихановтың қызметі Ресей ғылымы қауымына ғана
емес сол кездегі Британия мен Францияның саяси-ғылымы қауымының назарына
түскен болатын. Оның өмір жолы, қызметі дүниеден озуы жайлы мәселелер әлі
де жұмбақ ,белгісіз жайттарға толы. Сондықтан да зерттеушілердің әрбір жаңа
ұрпағы осы тақырыпқа қайта айналып соғатын болады [1].
Тақырыптың негізгі өзекті мәселесі ол қазақтың тұнғыш ғалымы,
шығыстанушысы Ш.Ш. Уәлихановтың өмірі мен қызметінің ақтандақтық тұстары,
оның ғалым –азамат болып қалыптасуындағы негізгі кезендерінің әлі де болса
аз қарастырылған жақтары отандық тарихта маңызды өзектілікке ие.
Қазақстанның тәуелсіздік кезеңінде ғалымның өмірі мен шығармашылығын
зерттеудегі түрлі субьективті жағдайлардың жойылуы,бұл бағытта мол
мүмкіндіктер тудыруда. Осы тұрғыдан алғанда қазіргі тарихнамада Шоқан
тұлғасының бірегей түрде зерттеу аса маңызды тақырып болып табылады.Бүкіл
әлемге әйгілі Шоқан Уәлихановтың ғылыми еңбектері қазіргі күнде де өзінің
құнын жойған жоқ, сонымен бірге оның өмірі мен творчествасын көптеген
жылдар бойы зерттеліп келеді. Сондай-ақ Ш.Ш.Уәлихановтың заманы мен қызмет
еткен ортасын зерттеу өзекті мәселелерінің бірі болып табылады.
Ғалымның көзқарастары мен ғылыми мұраларын зерттеу, осы күндері заман
талабы.Кеңес дәуіріне дейінгі және одан кейінгі кезеңдердегі деректерге
сүйене отырып, тұлға болып қалыптасуы және оның жан-жақты шығармашылығы
арқылы оның кең ауқымды ғылыми көзқарастарына талдау жасау [2].
Тақырыптың зерттеу өзектілігінің ғылыми – танымдық және ғылыми
қолданбалы тұрғыдан қажеттілігі мыналарда.
-Біріншіден ,Шоқан Уәлихановтың өскен ортасы мен тұлғалық қалыптасуы.
-Екіншіден Ш.Уәлихановтың әр түрлі ғылым саласындағы көзқарастарын
ғылыми тұрғыдан зерттеу.
-Үшіншіден, Шоқанның жасаған саяхаттары,мен еңбектерінің құндылығы.
-Төртіншіден, Ш.Уәлихановтың – тарихшы ,шығыстанушы ретіндегі ғылыми
қызметі мен шығармашылығы.
-Бесіншіден ,Ш.Уәлихановтың өмір баянының кейбір ақтаңдақ тұстарына
назар аудару,оны зерттеу.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың негізгі
мақсаты – XIX ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақ халқының
ғалымы, ағартушы – демократы, саяхатшысы, географы, этнографы, суретшісі,
әдебиетшісі, тарихшысы – Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін ғылыми түрде
жан-жақты концептуалді зерттеу. Жұмыста нақты материалдар арқылы ғалым
Шоқан Уәлихановтың туып-өскен ортасын, білім алған мектептері, қоғамдық
және әдеби қызметі, Шоқанның ғылыми және ағартушылық істерін және
көзқарастарын көрсету.
Шоқан Уәлихановтың тұлға болып қалыптасуы, қызметте өсу жылдары;
алғашқы қызмет барысындағы ғылыми зерттеулік жұмыстары; ғылыми еңбектері;
саяси және әлеуметтік көзқарастарыоның тарихта және ғылымдағы ерекше орны
сияқты маңызды жағдайларды терең зерттеу. Шоқан Шыңғысұлының өмірлік жолы
мен ғылыми мұрасы зерттеудің негізі болып табылады. Ш.Ш. Уәлихановтың
тарихшы, этнограф және ғылыми қызметін жан – жақты толық түрде зерттеу.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы. Жұмыстың ғылыми жаңалығы мынада XIX
ғасырдағы өзінің ғылыми еңбектерімен дүр сілкіндірген ғалым Шоқан
Уәлихановтың өмір жолдары, әскери - ғылыми зерттеулері, көзқарастары,
қоғамдық және әдеби қызметі және ағартушылық істері. Жұмыстың басты ғылыми
жаңалықтары :біріншіден, жарық көрген еңбектердің толық тарихи-тарихнамалық
талдаудан өткізілуі. Екіншіден, Шоқан Уәлихановтың ғалым тұрғысынан жүйелі
түрде зерттелуі. Үшіншіден, ғалымның қоғамдық көзқарастарының дәлелденуі.
Төртіншіден, Шоқанның тұлға ғалым ретінде танылуы. Бесіншіден, зерттеу
тақырыбының тарихнамалық әдістемелік желісінде жаңаша көзқарас ,шынайы
ғылыми пікір қалыптастыруға ұмтылыс жасалынды. Міне, осы айтылғандардың
барлығын зерттеу жұмысымыздың жаңалығы деп түсінген абзал.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Ш.Уәлихановтың ғылыми еңбектерінің баспа
бетіне шығуын және ғалымның ғылыми қоғамдағы еңбегін паш етуін жатқыза
аламыз. Бұл тұста Шоқанның Орыс географиялық қоғамда өзінің құнды ғылыми
еңбектерін жоғары мінбеден айтуы және осы қоғамның құрметті ғылыми мүшесі
атануы тарихнамада айқын көрсетілген.
Шоқан Уәлихановтың еңбектерінің құндылығы жайлы сол заманның
ғалымдарының бағалауынан көруге болады. Олар: Н.И. Веселовский,Г.Н.
Потанин, П.П. Семенов Тянь-Шанский. А.К. Гейнс, Ф.М. Достоевский,
Н.М.Ядринцев, Н.А.Аристов және тағы басқалар. Сонымен қатар Әлкей
Марғұланның зерттеген еңбектерін атап өтуге болады. Абуев К.К. Кокшетау.
Исторический очерк еңбектеріндегі Ш.Уәлиханов туралы,оның туған жері
Сырымбетте болғандығы оның өмірі мен қызметін жаңаша көзқараспен кейбір
кезендерін анықтады.
Қазіргі уақытта – ол туралы 1000 - нан астам еңбектер бар деп айтуға
болады. Ол жайында жазылған әдебиеттер тізіміне арнайы өлеңдер, газет-
журналдық мақалалар, пьесалар,кітапшалар,ғылыми монографиялар, ғылыми
еңбектер, көркем фильмдер, томнан томға ұласқан шығармалар кіреді. Шоқан
еңбектері әрқашан да өзекті және заман өзгерісіне ұшырамайтын асыл ғылыми
туынды.
Жұмыста Шоқан Уәлихановтың жай ғана демократ емес, халқының осы өмірін
сол заманда армандап көре білген ,жүрегі қазақ халқы деп соққан ,елінің
егемендігі мен тәуелсіздігін орнатып ,бейбіт өмірін қорғай және сақтай
алатын, жан- тәнімен қызмет ететін ,барлық ғылымды игерген ғалымы екендігі
айқын көрсетілген. Шоқан Уәлихановтың 30-жылдық қысқа,бірақ ұлағатты өмірі
, яғни балалық шағы;Омск қаласында Кадет корпусын бітіріп әскери ғылым
жолына түскен кезеңі ;поручик Шоқанның әскери қызметі ,әскери - ғылыми
экспедициялары ;туған туыстары мен жолдастары,қызметтестері жайында;
Қытайға әскери іссапары;ғылыми еңбектері ;ғалым жайлы замандастарының
жазған естеліктері және ғылыми бағалары; Ресей мемлекеті мен шет
мемлекеттері ғалымдарының Шоқан Уәлихановқа берген атақтары мен марапаттары
толық қамтылып зерттеліп көрсетілген.
Ғылыми жұмыстың деректік негізі. Жұмыста қарастырылып отырған кезеңдегі
мәліметтер және қазіргі таңдағы ғылыми жұмыстар ,мақалалар, монографиялар,
зерттеулер, еңбектер, баспасөз жарияланымдары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Шоқан Уәлихановтың ғылыми мұрасы
мына бағыттарда зертелген ғалым-ағартушы ,қазақ халқының болашағын ойлаған
демократ, географ, суретші, тарихшы, шығыстанушы, этнограф, әдебиетші. Осы
тақырыптар маңында орасан зор еңбектер жазылды , бірақ әлі де ғылыми
зерттеулер жүргізу артық етпейді.
Дипломдық жұмыстың зерттелу пәні. Шоқан Уәлихановтың ғылыми
мұрасы жан-жақты және сан қырлы болғандықтан, ғалымның өмірі мен ғылыми
еңбектерін тарихшылар, филологтар, әдебиеттанушылар, географтар,
экономистер, қоғамтанушылар, өлкетанушылар ,биологтар, суретшілер,әскери
адамдар және тағы да басқалар зерттеуде.
Зерттеу жұмысының нысаны. ХІХ ғасырдың ұлы тұлғасы, қазақтың ғалымы –
Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметін зерттеу жұмысының нысанасы ретінде
қойылып отыр.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі. Шоқан Уәлиханов
қамшының сабындай қысқа ғұмырында артына тарих, әдебиет, археология,
этнография, эстетика, ориенталистика, философия, экономика, құқық жағрафия,
геодезия, әдебиет теориясы, музыка, т.б. ғылымдар саласында елеулі-елеулі
біртуар ғалым. Шоқанның ұстаздары мен достары олар: көрнекті қоғам
қайраткерлері мен ақын жазушылар: Н.А.Некрасов, С.Т.Аксаков,
Ф.М.Достаевский, С.Ф. Дуров, Л.Н.Майков т.б. озық ойлы ғалым профессорлар:
В.В.Григорьев, В.В. Вельямин-Зернов, Е,П,Ковалевский, А.Н.Пыпин,
А.Н.Бекотов, П.П.Семенов-Тяншанский, Д.И.Менделеев т.б. басқа революционер
- демократтар: Н.Г.Чернышевский, Н.А.Добралюбовтар болатын. Шоқанның бұл
сияқты жаңа қауымға араласуы оның өмірінде жаңа кезеңнен бастап, санасын
арттыра түсті. Болашақ ғалымның ақыл-ойы, парасаты күннен-күнге шарықтай
берді.Кейінгі ұрпаққа баға жетпес мұра етіп қалдырған тарихи зерттеулерінде
ол халықтың тарихын, оның әдет-ғұрпы, салты мен санасы, нанымдарын терең
талдап береді.
Жұмыстың барысында нақты кезеңді қарастыру жағдайында диалектикалық
әдістемемен тарихи шындық негізге алынды. Қоғамдық тарихи процестердің
диалектикалық даму заңдылықтарын , тарихи құбылыстарды обьективті тұрғыда
қарастыру бағыты көзделді. Бұл орайда нақты талдау, салыстырмалық,
көпқырлылық, жүйелік ұстанымдары кеңінен қолданылды.Жоғарыда көрсетілген
әдістердің жиынтығымен қоса зерттеу жұмысында мәселеге қатысты ғалымдардың
жаңа тарихи көзқарас тұрғысында жазылған еңбектері басшылыққа алынды.
Әдістемелік бағыттың дұрыс анықталуы қол жеткен ғылыми нәтижелердің дұрыс
қортындылануына өз ықпалын тигізді [3, 273 б].
Жұмыстың хронологиялық ауқымы. Зерттеудің хронологиялық шеңбері 1835
жылдан 1865 жылдар аралығын қамтиды. Шоқан Уәлиханов (дұрыс есімі -Мұхаммед-
Қанапия, ал Шоқан анасының еркелетіп койған аты ) 1835 жылы ноябрь айында
туған.
- 1847 жыл – Шоқан Уәлихановтың Кадет корпусына оқуға түскен жылы .
- 1847-1853 жылдары –Кадет корпусындағы оқу жылдары .
- 1853 жыл желтоқсан айы – Шоқан Уәлиханов Сібір қазақ әскерінің 6-шы
кавалерлік полк афицері.
- 1854 жыл қазан айы –Шоқан Уәлиханов Батыс сібір және Қазақстанның
солтүстік – шығыс аудандарының генерал –губернаторы Г.Х. Гасфорттың
адьютанты және өлкенің бас басқармасы бойынша ерекше тапсырмаларды
орындайтын офицерлік лауазымдағы офицер.
- 1856 жыл 25 наурыз – Корнет Уәлихановтың кезекті – поручик шенін
алуы;
- 1856 жыл –Офицер М.М. Хоментовский басшылық еткен ғылыми –әскери
экспедицияға қатысуы.
- 1856 жыл –Қытайдың Құлжа қаласына ресми іссапары.
- 1856-1857 жылдар – Ыстықкөлге және Орталық Тянь-Шаньға әскери
іссапары.
- 1858-1859 жылдар атақты Қашқарияға әскери іссапары .
- 1860 жыл 7-сәуір –Штабс –ротмистр шенін алуы және 4-ші дәрежелі
Әулие Владимир орденімен марапатталуы.
- 1865 жылдың сәуір айында ғалымның қайтыс болуы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Зерттеу жұмысы алдына қойған
мақсат, міндеттері негізінде белгілі бір логикалық жүйеде құрылған.
Ұсынылып отырған ғылыми жұмыс кіріспеден,2 тараудан, қорытындыдан,
қосымшалардан тұрады. Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттер тізімі
көрсетілген.

1. Ш.Ш. УӘЛИХАНОВТЫҢ ШЫҚҚАН ТЕГІ ӨСКЕН ОРТАСЫ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ТҰЛҒАСЫНЫҢ
ҚАЛЫПТАСУЫ

1. Шоқан Уәлихановтың туып – өскен ортасы және оның кадет корпусында
оқыған кезі

Қазақ елінің Россияға қосылу процесі XVIII ғасырдың отызыншы жылдарында
басталып, жүз жылдан астам уақытқа созылды. Ф. Энгельс; XIX ғасырдың
отызыншы жылдарына дейін Россия үш орданы, яғни қырғыз тайпаларын тек
билеп отыр деген атағына ие болып келді ,-деп жазды. Патша өкіметінің
реакцияшыл отаршылдық саясатына қарамастан Қазақстанның Россияға өз еркімен
қосылуының үлкен прогрестімәні бар еді. Алдыңғы қатарлы орыс
мәдениетімолғылымы қазақтың демократиялық мәдениетінің дамуына игі ықпалын
тигізді.Орыстың прогресшіл ақыл-ойының Қазақстанда өріс алуы қазақтыңхалық
бұқараларының сана- сезіміне терең өзгерістер енгізіп, оларды орыс
мәдениетіне ынталандырып ,білім алуға құлшындырды. Хан билігі жойылып,
жаңа әкімшілік тәртіп орнатылғаннан кейін бұл құштарлық арта түсті.
1822 жылы Қазақстанның солтүстік – шығыс аудандарында тұнғыш рет Сібір
қазақтары жөнінде Устав енгізілді.Бұл заңның авторы М.М. Сперанский
Уставты дайындай отырып, қазақтардың тұрмыс жағдайларына лайықтап өз алдына
бөлек ережелер жасап шығарды.
Уставты қабылдағаннан кейін Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарында
сібір қазақтарының Шекаралық басқармасы құрылып, қазіргі Қарағанды,
Көкшетау, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Семей, Шығыс Қазақстан облыстары
мен Қостанай обылысының кейбір өңірлеріндегі қазақтар осы басқармаға
бағындырылды. Омбы қаласы осынау ұлан-байтақ өлкенің әкімшілік орталығы
болып белгіленді. Шекаралық басқарманың ұйымдастырылуымен бірге қазақ
сахарасында бірте-бірте округтік приказдар , яғни жергілікті әкімшілік
орталықтары құрыла бастады , аға сұлтандар – қазақтың феодалдық бай-
шонжарларының өкілдері басқарды. Бұл округтік приказдардың көпшілігі
(Ақмола, Көкшетау, Қарқаралы, Аягөз және басқалары) кейіннен мәдени және
сауда орталықтарына айналды [4].
1854 жылы солтүстік-шығыс қазақтарының жергілікті өзін өзі басқару
орындары жойылып, сахаралық округтер орасан зор екі облысқа бөлінді: бірі
-Сібір қазақтарының облысы ретінде құрылып, оның орталығы Омбы қаласы болды
да, Семей облысы деп аталған екшші облыстың орталығы — Семей қаласы болып
белгіленді.
Шоқан Уәлихановтың қоғамдық-тарихи майданда көріне бастаған дәуірі
қазақ халқының тарихындағы маңызды кезең, қазақ халқының ұлы орыс халқымен
және оның алдыңғы қатарлы демократияшыл мәдениетімен жақындасу дәуірі еді.
Бұл жақындасу қазақ халқының экономикасы мен мәдениетінің дамуына даңғыл
жол ашты.Шоқан Уәлиханов сияқты жан-жақты және терең білімді, алдыңғы
қатарлы адамның тарихи майданға шығуы тек осы екі халықтың арасындағы
экономикалық және мәдени қарым-қатынастардың нәтижесінде ғана мүмкін еді.
Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановтың ата-бабалары ескі сұлталдар әулетінен
шыққан. Оның арғы атасы, Орта жүздің ханы Абылай Россиямен сауда және саяси
байланыс жасап отырған (Сурет 1).
Уәлихановтардың семьясында сақталған аңызәңгімелерге сүйене отырып, ХІХ
ғасырдың екінші жартысында жазып алған өзінің жазбасындаГ. Н. Потанинбылай
дейді: Уәлиханның екі қыстауы болған: бірі-Көкшетаудың шығыс жағындағы Хан
көлінде, екіншісі – Сырымбетте.
Хан билігі жойылып, Сібір қазақтары жөніндегі Устав қабылданғаннан
кейін Уәлиханның бұрынғы мұрагерлік жерлері (ата ме-кендері) балаларына
бөлініп берілді. Оның негізгі қара шаңырағы Қызылағаш үлкен баласы
Гұбайдолланың және соның ұрпақтарына көшті де, ал Сырымбет Уәлидің кіші
әйелі Айғанымның балаларының еншісіне тиді.
Шоқанның әкесі Шыңғыс Уәлиев 1811жылы Қызылағашта туған.Уәли қайтыс
болғапда шыңғыс жеті жаста екен. Сөйтіп семьяға Уәлидің жесірі, Шоқан
Уәлихановтың әжесі Айғаным (1783- 1853 жылдарда өмір сүрген) өзі бас болады
(Сурет 2).
Ол Шыңғыстың бірнеше тілдерін білген, орыс мәдениетіне мейлінше ден
қойып, Сыртқы істер министрлігінің азиялық департаментімен және
Петербугтегі Сібір комитетімен хат жазысып байланысып отырған. Айғаным
қазақ халқы мен орыс халқының арасындағы достық қарым- қатынастарды нығайту
мақсатын көздейді.Айғаным Сырымбеттегі ата мекенінде қайтыс болған. Шоқан
Уәлихановтың, архивіндегі өз қолымен жазған естелігінде былай делінген:
1853 жылы 19 ноябрьде, бейсенбі күні, екінді намазы кезінде қырғыз-қайсақ
Орта жүзінің ханы марқұм Уәлидің жесірі, Сарғалдақ қызы Айғаным, 70 жасында
дүние салды. Тоғыз ұл тапқан, оның екеуі бала кездерінде және екеуі жиырма
жасында қайтыс болған. Айғаным орысша оқып, білім алудың маңызын терең
түсінген.1827 жылы ол өзінің баласы Шыңғысты - Шоқанның әкесін Сібірдің
линиялық қазақтарының әскери училишесіне оқуға түсіреді.
Әскери училищені бітіргеннен кейін Шыңғыс 23 жасында жуырда ғана
құрылған Аманқарағай округіне аға сұлтан болып тағайындалады да , оған
майор шені, бертін келе полковник шені де беріледі. Әскери училещені
бітірген жылы Шыңғыс Аманқарағайға көшіп келгеннен кейін жастайынан
атастырып қойған өзінің қалындығы Зейнеп Шорман қызына үйленеді.
1835 жылы Аманқарағай округінің орталығы Құсмұрынға көшірілді де, содан
былай ол Құсмұрын округі деп аталды. Бұл кезде Құсмұрын бекінісінің
құрылысы, оидағы тұрғын үйлер мен түрлі шаруашылық және әскери гарнизонға
арналған жатақ үй құрылыстары да аяқталған еді. Уәлихановтың семьясы осы
бекініске келіп қоныстанады.
Шыңғыс Құсмұрында жиырма жыл тұрды. Оның жеті ұлы мен бес қызының
ішінде тек қана Сақыпкерей (Қозыке) мен Апия және ең кіші ұлы Нұрмұхаммед
(Көкіш) Сырымбетте туған, ал енді үлкен балаларының бәрі де Аманқарағай
мен Құсмұрында туған.
Шыңғыс Сырымбетте қысты күндері ғана тұрып, жазды ылғи жайлауда
өткізген. Кейде Шоқанмен Г. Н. Потанин де жазғы демалысқа келген кездерінде
Шыңғыспен бірге көшіп жүрген. XIX ғасырдың50-60 жылдарында Шыңғыстың жазғы
жайлаулары Сырымбеттен алыс, Есіл өзенінің жоғарғы жағында, қазіргі
Атбасар атырабында болган. Г. Н. Потаниннің суреттемесіне қарағанда
Шыңғыстың белгілі жайлауларыҚұлайғыр, Тоқты, Қалмақкөл және "Салқынкөл"
маңы. Бертін келе жайлауөрісі тарыла түседі де, Шыңғыс жаз мезгілін
Сырымбетке жақындау жерлерде, Қазан ауданындағы Саумакөл (Айыртау ),
Күйгенкөл , Ақжар жайлауларында өткізеді. XIX ғасырдың аяғында
Уәлихановтардың семьясы жайлауға көшуді тоқтатып, Сырымбет өңірінен әрі
шықпайтын болған. Сырымбетте Шоқанның есіміне байланысты есте қалған жерлер
өте көп. ӘсіресеСырымбет тауының басындағы биік жартас ел аузында көп
айтылады. Шоқан сол төңіректегі тау көріністері мен ормандардың, өзінің
туған ауылының суреттерін әдетте осы жартастың үстінде отырып бейнелейді
екен .Сырымбетте болған кездерінде ол туған жерінің табиғат сәулетін : тау
төскейлерін қаптай өскен қарағайлы ормандар мен шоқ-шоқ қайың ағаштарын ,
айнадай жарқыраған ғажайып сұлу көл айдындарын қызықтайды . Уәлихановтардың
айтуынша Шоқан өзінің ата мекенін көгалдандыру , ағаштың жаңа түрлерін
өсірумен көп айналысқан [5].
Шоқанның ұстазы Н. Ф. Костылецкий профессор И. Н. Березинге жолдаған
бір хатында (1852 жылы): Сізді Орта жүздің соңғы ханы Уәлидің баласы,
Құсмұрын приказының аға сұлтаны Шыңғыстың ел аузынан жазып алып, менің,
бүгінде қайтыс болған жақын таныстарымның біріне табыс еткен Қозы Көрпеш -
Баян сұлу атты халық, дастанының мазнұнымен таныстырғым келеді-деп
жазған.Шоқанның әкесі және ғылым мен ағарту ісінің қазақ еліндегі
қамқоршысы ретінде Шыңғыс Москва мен Петербургке, әсіресе географиялық
және, антропологиялық қоғамдарға белгілі болған адам.
Шыңғыс Уәлихановтың орысша оқып білім алған баласы жалғыз Шоқан емес,
тағы да бірнеше баласы болды. Шоқанның тағы бір інісі Мақы (Мақажан
Уәлиханов (1844-1923 жылдары) суретші болды. Ол Петербургтегі керең-
мылқаулар мектебінде оқып, білім алғаннан кейін түрлі ғылыми мекемелер мен
кітап-ханаларда суретші больш қызмет істейді. Болашақ ғалым және ағартушы
Шоқан Уәлихановтың туып-өскеп ортасы, міне осындай еді.
Шоқан Уәлиханов (дұрыс есімі -Мұхаммед-Қанапия, ал Шоқан -анасының
еркелетіп койған аты) 1835 жылы ноябрь айында Құсмұрын бекінісінде туған .
Бұл деректің растығынСССР Сыртқы істер министрлігінің, архивындағы Шоқан
Уәлихановтың қызметі жөніндегі формулярлық тізім дәлелдейді.
Нақосыдерекбасқа ресми документтерде де кездеседі Мысалы, Шоқан Уәлнхановты
Орыстың географиялыц қоғамының толық мүшесі етіп сайларда толтырылган
анкеталық мәліметтерде 1835 жылы туған деп көрсетілген.Шоқан балалық шағын
әуелі Құсмұрында, содан кейін өзінің ата мекені -Сырымбетте өткізген.
Сырымбет Солтүстік Қазақстандағы тарихи аңызға айналган ғажайып сұлу өңір.
Бала Шоқанның сана-сезімі ерте оянып, рухани өсіп, жетіле беруіне әжесі
Айғаным үлкенәсер еткен. Тумысынан сезімтал, дарынды балаға әжесі халық
даналығының сарқылмас білім бұлағы болған. Ол Шоқанға қазақтың ескі
аңыздары мен хикаяларын қызықты етіп әңгімелеп, күні кеше өзі басы-қасында
болған оқиғаларды еске альш отырған.Шоқан әуелі Құсмұрындағы қазақ
мсктебінде оқиды. Мұнда ол араб жазуының негіздерін меңгереді және
қарындашпен сурет салып үйренеді. Бұл схоластикалық мектепте тек шағатай
тіліндегі орта ғасырлық әдебиетмұраларын оқумен, араб және парсы тілдерінде
сөйлеп жаттығу және шығыс ақындарының өлеңдерін тақпақтап жатқа айтумен
ғана айналысқан.Дәстүр бойынша сұлтанның, балаларына бірнеше шығыс тілдерін
үйрену, яғни жеті жұрттың тілін білу парыз болған. Бұл дәстүр ол кезде
әлі ескірген жоқ еді, сондықтан Шоқан архив мәліметтерінің көрсетуіне
қарағанда шығыс тілдерін оқып, әуелі араб тілін, кейін ұйғыр тілін де жақсы
меңгерген. Шоқанның бала кезіндегі қатты құмартқан өнерінің, бірі сурет
салу еді. Бұл өнерді ол Құсмұрын бекінісіндегі Уәлихановтардың үйінде ұзақ
тұрған орыстың суретші-топографтары мен геодезистерінен үйренді. Оның
үстіне Уәлихановтардың аулына жиі-жиі қонаққа келіп жүрген орыс ғалымдары,
инженерлер мен білімді офицерлер де қабілетті баланы көркемөнер мен
әдебиетке құштарландыра түседі (Сурет 3).
Шоқан Уәлиханов қазақтың халық поэзиясына ерте жастан құмартып, оның
классвкалық үлгілерін жазып алып, өзінің ата-анасына дауыстап оқып жүреді.
Қозы Көрпеш - Баянсұлу және Еркөкше атты халық дастандарын ол тіпті
бала кезінде жазып алып,кейін өзінің ұстаэы Н.Ф. Костылецкийге берген.Қазақ
әншілері мен жыршыларының Шыңғыстың үйіне жиі келіп жүргепдігі де Шоқанның
халық поэзиясына қастерлеу сезімінің ерте оянуына елеулі әсер еткен.Бірақ
Шоқанның білімге құштарлығы барған сайын күшейе түседі. Ол үлкен қалада
оқуды армандайды . Шыңғыс та оған терең білім беру үшін көрнекті оқу
орнына кіргенін қалайды .Уәлихановтың кадет корпусында оқыған кезі.
1847 жылдың күзінде он екі жасар Шоқан туған елінен тұнғыш ұзақ сапар
шегіп, әкесімен бірге Омбыға оқуға келеді. Шыңғыс өзінің орыс достарының
көмегімен баласын Сібірдің сол кездегі ең жақсы оқу орны деп санаған Сібір
кадет корпусына оқуға түсіреді. Үлкен қала , байтақ өлкенің орталығы
ауылдан жаңада ғана келген зерделі балаға күшті әсер етеді. Шоқан Омбының
әсем көріністеріне қатты қызығып, солардың суретін сала бастайды. Омбы
кадет корпусында аса көрнекті саяхатшы және Сібір, Қазақстан, Монғолия мен
Орта Азияны зерттеуші Г.Н. Потанин оқыды. Қазақстан мен Сібір халықтарының
тарихын зерттеуші, орыс қоғамы ойшылдарының өткен ғасырдағы өкілдерінің
бірі, публицист Н.М. Ядринцевтің есімі де Сібір кадет корпусымен тікелей
байланысты.
Сібір кадет корпусының аса көрнекті тәрбиеленушілерінің қатарына Шоқан
Уәлиханов пен Г.Н. Потаниннің досы , ақырында атақты ғалым – статистик және
публицист Н.Ф. Аненский де жатады.Корпустағы оқу оның көптеген
шәкірттеріне, соның ішінде шоқан Уәлихановқа үлкен ықпал етті.
Кадет корпусы жан-жақты және терең білім беретін оқу орны болды.
Корпустың оқу программасында әскери пәндермен бірге жалпы география ,
Россия географиясы, жалпы тарих пен Россия тарихы. орыс және Батыс Европа
әдебиеттері, философия негіздері , физика , арифметика , алгебра,
геометрия, тригонометрия пәндері де қамтылған және сонымен қатар сызу мен
сурет салу сабақтары да жүргізіліп , орыс, француз тілдері де оқытылған
.Шоқан кадет корпусына келгенде орыс тілін білмейтін , бірақ сирек
кездесетін қабілетінің арқасында осы қиыншылықты тез жежеңіп шықты .Ол
үздік оқыды , тіпті өз құрдастарының алдына түсті.Шоқан тез кемелденді ,-
деп еске алды оның мектептес досы Г.Н. Потпнин - -өзінің орыс жолдастарын
басып озды . Екінші курстан бастап Шоқан мен оның ұстаздарының арасында
жақындық және достық қатынастар орнайды [6].
1852 жылы Н.Ф. Костлецкий арқылы Шоқан мен И.Н. Березиннің арасында
достық байланыс орнайды. И. Н. Березіннің еңбектері Шоқанды ертедегі жазба
ескерткіштерін зерттеу ісіне құлшындырады және ол өзінің алғашқы ғылыми
еңбектерін осы хан жаңалықтарын талдау мәселесіне арнайды. Осының бәріне
себепкер болған адам -жас Уәлихановтың тез жетіліп, кемелдене беруіне
үздіксіз жемқорлық жасап отырған Н. Ф. Костыледкий еді.Костылецкий өз
заманының ең алдыңғы қатарлы идеяларын жақтап, Белинскийдің
еңбектеріннасихаттап отырған.Костылецкий,-деп жазады Г. Н. Потанин,— өр
мінезді әрі өткір тілді, сөзшең адам, еді. Ол Белинскийдіңидеяларына
табынып, Гогольді ардақтап, қадір тұтты, өзінің тіл және әдебиет тарихында
ол Белялскийдің мақалаларын басшылыққа алып, соларға сүйенгені үшін
корпусты тексерген генерал-инспектордьщ бірінен сөгіс алды.Г.Н.Потанин
Шоқанның кемелденуіне және өз басының ересен дарындылығы және кадет
корпусындағы қазақ халқының сол кездегі жалғыз ғана өкілі ретінде оған
ерекше назар аударылуы себеп болды дейді. Шоқанға тек корпустың оқытушылары
ғана емес, сонымеп қатар Омбы интеллигенциясының кейбір көрнекті өкілдері
де зейін қойды.Әдетте де мерекелерде оны Уәлихановтардың семьясымен достық
қатынастары бар осындай адамдардың бірі үйіне шақырушы еді.
Алғашқы оқу жылдарында Шоқан шығысты зерттеуші Сотпиковтың, кейін сурет
пәнінің оқытушысы Померанцевтың үйлеріне барып журді. Корпуста болуының
соңғы жылдарында білімді офицер К. К.Гутковскийдің семьясында жиі қонақ
болды. Осы байланыстарының арқасында Шоқанның кемелденуі құрбы-құрдастарына
қарағанда жедел болды,өйткені оның таныстық шеңбері әдетте кадет корпусынан
әрі аспайтын еді. Уәлихановтың ой-өрісі кеңейіп, дүниеге көзқарасының
қалыптасуына тарих пәнінің оқытушысы, ғылыми қызметке дайындалып
жүргенаса білімді адам -Гонсевскиймен етене жақын болуының үлкен маңызы бар
еді, Гонсевский корпуста қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде лекция оқыды
жәнеоның лекцияларының біздер үшін үлкен маңызы болды- дейді Г. Н.
Потанин.
Шоқанды туғанбаласындай көрген Гонсевский оны өзінің пәтеріне жиі-жиі
шақырьш, оған бейнебір қамқор адамындай баскөз болып жүреді. Осындай терең
білімді оқытушысымен үнемі бірге болып, одан естіген әңгімелеріШоқан
Уәлихановқа күшті әсер етеді, рухани өміріне өшпес із қалдырады .Гонсевский
оған әр түрлі елдердің тарихы мен сонау ескі замандардан бастап XIX ғасырға
дейінгі Европа мсн Россняда болған қоғамдық қозғалыстар тарихы жөнінде
талай-талай әңгімелер айтады.Гоневскийдің әңгімелері сол кездің өзінде-ақ
оны (Шоқан Уәлихановты ) саяси көзқарастарымен таныстырды, ал енді оның
жолдастары үшін бұл көзқарастар ол кезде әлі беті ашылмай жатқан жабық
кітап болатын,-деп жазды Г.Н. Потанин. Корпустың осындай маңдай алды
оқытушылары жас Шоқанды білімге, ғылымға талпындырып,оның демократиялық
көзқарастарының қалыптасуына көмектескен, озбырлық пенәділетсіздікке қарсы
өшпенділік рухын көтеріп, кітапқа, ғылымиәдебиет пен көркем әдебиетке
құштарлығын күшейте түскен.
Жас Шоқан буржуазиялық қоғамды шыншылдықпен бейнелегенфилософиялық
трактаттар мен әлеуметтік романдарды терең зерттеп оқиды. Белинский мен
Герценнің әшкерелеуші мақалалары мен Гогольдің зәрлі сықағы Шоқанның
көңілінен шығады және ол қоғамдық кеселдермен, өмірдегі ұят арсыздықтармен
бетпе-бет келгенде әрдайым соларға жүгінеді. Шоқан негізінен орыстың ұлы
ойшылдары Белинскийдің, Герценнің, кейінірек Чернышевский мен Добролюбовтың
шығармаларынан өзінің философиялық танымдарын қальштастырды.Уәлиханов
Карлейльдің әлеуметтік-философиялық трактаттарымен танысады. Шоқан өз
мақалалары мен жазбаларында кейде соларға суйенеді.
Пушкин меп Лермонтовтың поэзиясы Шоқанға зор әсер етті. Ол бұлардың
көптеген өлеңдерін жатқа білді. Шоқан Батыс Европа жазушыларынан Руссоның
,Диккенстің, Теккерейдің , кейінірек материалист-фплософтардың еңбектерін
зор зейін қойып оқыды.Рас, Шоқанға өзін қызықтыратын кітаптарды тауып алу
сәті түсе бермеді. Корпус бастықтары кәдеттердің прогресшіл бағыттағы
әдобиетті, әсіресе, Белинскийдің, Герценнің шығармалары және Батыс
Европаның материалистерінің еңбектерін оқуға тыйым салды. Сөйткенмен де
Шоқан корпуста оқьш жүрген кезінде тыйым салынғанәдебиеттің көбін оқуға
мүмкіндік тапты.Жазғы демалыс кездерінде Шоқан Уәлихапов сахарадағы өзінің
ауылы -Сырымбетке баратын. Бұл сапарлары оған үлкен ләззат алуымен қатар
өзінің туған еңбекқор халқының өмірін жақыннан көріп, оның өлең-жырларын,
аңыз-ертегілеріп жазып альш, халық тұрмысының көріністерін суретке салып
бейнелеуіне мүмкіндік беретін.
Қырағы да зейінді Шоқанға сурет салу өнері сол кездің өзінде-ақ халық
өмірін бейнелеудің тамаша бір құралы болып табылады. Ол өзінің аулында,
туғандары мен достарының арасында жүріп, Сырымбеттің, жазғы жайлаулар мен
мекен-қоныстардың сурсттерін салумен шұғылданады. 1847-1852 жылдарда салған
сурттерін Шоқан корпустан елге, отпускге барғанда язмыш суреттер, яғни
корпустанелгедемалысқа бәрған кезде салған суреттер,-деп атайды.Демалыс
кездеріндегі Шоқанның қызықтайтыны сол баяғы құс салып, аң аулау болады.
Алайда Шоқан сұңқармен аң аулауға енді басқа көзбен қарайтын болды. Бұл іс
ол үшін спорттың тек тартымдытүрі ғана емес, сонымен қатар зерттеу
объектісі де болды [7].
Корпусқа қайтқаннан кейін Шоқан өзінің көрген-білгендерін Г.Л.
Потанинге бастан-аяқ әңгімелеп, айтып жүреді. Кадеткорпусының соңғы
курстарында оқып жүрген кезімде қырғыз даласыныңгеографиясы мен
этнографиясын зерттеу менің сүйікті кәсібіме айналды және Шоқан өзінің
әңгімелерімен менің дәптерлерімді толтыруыма көмектесіп жүрді. Біз
қазақтардың сұңқар салып, саяттық құру салтын дәптерге толық жазып алдық.
Шоқан қырғыздардың қызық көретін бұл салтымен бала кезінен-ақ шұғылданған
болуы керек, өйткені ол сұңқарды қалай баптап күтудің әдісін және де
қырғыздардың жалпы аңшылық, кәсібінөтежақсы білетін. Ол айтып отыратын да
мен жазып отыратынмын, содан кейін ол сұңқардың томағасы мен тұғырының,
дауылпаз бен оқ-дәрі салатын құтының, мылтық пен тағы басқаларының
суреттерін салып, менің жазбамды толықтыра түсетін,- деп жазады Г. Н.
Потанин.
Қазақ этнографиясы жөніндегі Шоқан екеуінің жас шағындағы еңбектерін
еске ала отырып, Г. Н. Потанин:- Сол кезден бастап біз дос болдық та
соданбылай ойлаған ойымыз, көздеген мақсатымыз бөлек боп көрген емес,
екеуміздің де ықыласымыз түсіп, көңіл аударғанымыз бір мәселе болды-ол
қырғыз сахарасы мен Орта Азия еді,-дөп жазды. Өзінің туған елі менШығыс
елдерінзерттеу, тіпті кадет корпусында оқып жүргеп кезінде-ақ Шоқанның
ойында болады. Ол зерттелмеген Азияда үлксн ғылыми-зерттеу жұмыстарын
жүргізуді арман етеді. Корпустың оқытушылары Шоқанды болашақ зерттеуші,
тіпті, ғалым болуы да ықтимал деп жүрген кезде, Шоқан небәрі он төрт - он
бес жаста ғана болатып -дейді Г. Н. Потанин. Шоқан тарихи-географиялық
адебиетке беріліп, өте көп оқиды; бірақ, ондай әдебиеттің Омбыдан табыла
қоюы қиын еді. Бастықтардың Шоқанға іргелі кітапханадан кітаптар алуға
рұқсат еткені,- деп жазады Г. Н. Потанин,- маған үлкен қуаныш болды.
Әйтсе де Шоқан Уалиханов корпуста жүріп-ақ көп кітап оқып үлгереді.
С. Ф.Дуров,Г.Н.Потанин,Н.М.Ядринцев Уәлихановтың көп білетіндігін,
әсіресе шығыс әдебиетінен көп мағлұматы бар екенін жоғары бағалаған.
Провинциялық Омбы даласында тұрран кезінде Шоқан шығыс мәдениеті, география
мен тарих және философия жөнінде жазылғап кітаптарды арнайы жинап, өте бай
кітапхана құрап алады. Шоқанның, Омбыдағы пәтерінде болған (1856) Семенов-
Тяншанский Уәлихановтыңөз кітапханасына таңдап, сұрыптап жинаған кітаптары
оған үлкен абырой әпереді деп санаған.
Шоқан Уәлихановтың ағартушылық идеялары мен демократиялық көзқарастары
кадет корпусында оқып жүрген кезінде-ақ қалыптаса бастайды. Шоқан корпустан
жан-жақты тереңбілім алып, өзінің замандастарынан өpeci анағұрлым биік
адам болып шығады.Ол қаусаған кәрі қоғамның принциптеріне сенбейді де,
одан теріс айналып, ғылым жолына түседі. Шоқан кадет корпусын 1853 жылы он
сегіз жасында бітіріп, apмиялық атты әскерлердің корнет деген офицерлік
атақ алып шығады.
Шоқан Уәлиханов бала кезінің өзінде-ақ аса қабілеттілігімен,
зеректігімен көзге түседі. Сәбит Мұқановтың айтуынша, сол кездегі Құсмұрын
округінің аға сұлтаны болып тұрған әкесінің татар тілінде жүргізілетін іс
қағаздарына көмектесуге Шоқан кішкентай күнінде-ақ жараған. Бұл пікірлердің
дұрыстығын ғалымның өз сөзі де дәлелдейді. “Едіге “ жырының бір түрін
сұлтан Шыңғыс Уәлихан күрлеуіт қыпшақ Жұмағұл ақыннан жазып алған, соны
әркімдердің ауызында жүрген нұсқалармен салыстырып, екінші түрін жасаған,
үшінші түрін Арыстанбай ақынның аузынан жазып алған. Осы үш түрді 1842 жылы
әкем, Ахмет Жантөрин және мен үшеуіміз салыстырып отырып, қазіргі нұсқасын
жасадық”-дейді Шоқан.Ол жасында жақсы тәрбие, жан-жақты білім алады. Халық
ауыз әдебиетінің тамаша үлгілерін естіп біледі, музыкалық өнеріміздің
байлығына, оның мазмұндылығына қанығады. Төл әдебиетіміздің інжу-
маржандарын біртіндеп бойына сіңіре береді. Қобызшы Құрымбай Қанғожин мен
әнші Көке Алжановтың, Шөженің, Жыршы Қарке мен атақты Тулақ қөобызшының
баласы музыкант Төлепбергеннің өнерлерін көруден, естуден бір сәт те
жалықпайды. Олар жоқта әжесі Айғанымға алуан түрлі ертегі, жыр, өміріндегі
кейбір елеулі жайларды айтқыздыртады.
Шоқан Уәлихнов жайлы Ә.Марғұланның зерттеулерінде атап көрсетілгендей,
Шоқанның әжесі Айғаным (1783-1853) көптеген шығыс халықтарының тілдерін
білген, олардың бай ауыз әдебиеті үлгілерінің бірталайын жатқа айта алған,
орыс мәдениетінің маңызын қазақ әйелдері ішінде бірінші болып түсініп,
баласы Шыңғысты 1827 жылы Сібірдегі әскери училищеге оқуға берген, орыс-
қазақ достығын жақтап, ауылына клген орыс зерттеушілерінен қолайлы
жағдайлар туғызып отырған, жас Шоқанның оларға еліктеуіне, сөйтіп, өнер
жолын қууына ешбір шектеу жасамаған, қайта баланы ойшылдыққа баулыған,
алдыңғы қатарлы мәдениет пен ғылымды жоғары бағылап, немересі Шоқанның
рухани өсуіне үлкен ықпал жасаған .Кішкентай Шоқан Ақмола мен Баянауылдың
әсем табиғатымен танысып өсті. Сұлу Көкшенің тік шыңдарына тамашалай
қарады, қазақтың қызғылықты аңшылық кәсібіне бой ұрды. Халқымыздың қыз
ұзату, шілдеханаға бару, ас беру салтын, ақындар айтысын өз көзімен көріп,
олардан рухани нәр алды. Мұндай жайлар жас Шоқанның өзі өскен ортасын жіті
тануына, айналасына ойлы көзбен қарауына халқына деген сүйіспеншілігінің
ерте оятты.
Әкесі Шыңғыс сол кездегі, одан бұрынғы қазақ өмірін, экономикасын,
жетік білген ол халық поэзиясын, қазақтың музыкалық фольклорын зерттеп
жинауда да көп жұмыстар істеген және өзі музыкалық аспаптарда (сыбызғы,
домбыра, тағы басқа) ойнай білген. Баласы Шоқанның тыңдауы мен қағаз бетіне
жазып алуы үшін ең таңдаулы деген ақындар мен жыршыларды үйіне жиі шақыртып
алып отырған. Бұлардың ішінде атақты Шөже, Орынбай, Арыстанбай және ақын
қыз Ажар тағы басқалар үнемі келіп, өнер жарыстыратын.
Шоқан әке төңірегінде дала өнерпаздарының өз ауыздарынан қоғамдық
қайшылықтар мен үстем тап озбырлығын, теңсіздік пен қараңғылықты естіп
білді, сондай-ақ халықтың рухани байлығын ерте сезінді.Ол жастайынан
халықтың мұң-мүддесін түсініп өсті, кейін оның белсенді қорғаушысы болды.
Әнші, жыршылардың сезім толқытар толғаулары, билердің сөз шарпысу
көсемдігі, шешендік мектебі, күйшілердің жан тебірентер сарыны – бәрі алғыр
Шоқанның қиялын самғатты. Халқымыздың елдік салты, ерлік дәстүрі, өнер
саңлақтарының жұмбақ тұспалдауы, өскен ортаның қыр-сыры балғын жасты терең
ойға батырды. Көре түссем, біле берсем деген ғажап құштарлық болашақ
ғалымды мазалай түсті.
Шоқан Уәлиханов әуелде Құсмұрындағы қазақ мектебінде арабша хат таныды.
Шағатай тіліндегі орта ғасыр әдебиеті ескерткіштерімен танысып, араб, парсы
тілінде сөйлеуге жаттықты. Шығыс ақындарының өлеңдерін жаттады. Шығыс
тілдері мен олардың бай мұраларына, араб, түркі жазуларына қатты көңіл
бөлді [8].
Араб, орыс алфавитінің жазылуын тез меңгеріп кеткен дарынды Шоқанға
Шыңғыс қазақтың халық поэзиясын, аңыздары мен жырларын, әңгімелері мен
ертегілерін көшірте бастайды. Соған орай ол “Қозы Көрпеш-Баян сұлу”, “Ер
Көкше”, “Ер Қосай” жырларының бірнеше нұсқасын қағаз бетіне түсіреді, кейін
оларды кадет корпусындағы оқытушысы Н.Ф.Костылецкийге тапсырады.
Костылецкий – әдебиетші–ориенталист (Шығыс зеттеуші), Шоқанға көп ықпал
еткен адам. Оның атына қазақтың көптеген фольклорлық материалдарды жер-
жерден жіберіліп тұрған. Мысалға, сол кездегі бір топ оқыған азаматтар
Халиолла Өскенбаев (Абайдың ағасы), Мұстафа Бүркітбаев (Баянауылдан),
Сәдуақас Анаев (Көкшетау округінен), ағайынды Ханғожиндер (Аягөзден)
Костылецкийге халық ауыз әдебиеті үлгілерінің тамаша нұсқаларын жинап беріп
отырған. Шоқан Уәлиханов халықтың осынау мәдени байлығын сүйсіне тыңдаушы,
тебірене жинаушы болды, кейін білімі толысқан соң, оның нағыз зерттеушісіне
айналды. Өз халқының бай мұрасын жетік білуі болашақ ғалымның дүниетанымына
игі әсер етті. Оның демократтық көзқарасының қалыптасуына көмектесті.
Шоқанның биікке көтерілуіне сол кездегі ғалымның дамуы мен саяси
ағымның ықпалы күшті әсер етті. Шыңғыс ауылына келіп, зерттеу жұмыстарымен
шұғылдана бастаған орыстың оқыған азаматтары мен офицерлері, кейін кодет
корпусындағы прогресшіл оқытушылар мен ондағы бай кітапхана, Пушкин,
Гоголь, Диккене еңбектері мен Герцен, Белинский идеялары талантты жастың
әлеуметтік мәселелерге батыл араласуына жәрдем тигізді. Шоқанның кадет
корпусында оқуының елеулі маңызы болды. Корпустың оқу бағдарламасында
әскери тәртіп, жалпы география, Россия географиясы, Жалпы тарих, Россия
тарихы, орыс және БатысЕвропа әдебиеті, философия негіздері, сызу, сурет,
орыс және француз тілдері бар еді. Сонымен бірге корпуста шығыс тілі класы
болды. Онда француз тіліне қоса түркі тілдері де оқытылатын. Аса дарынды
Шоқан осы пәндердің қай-қайсысынан болса да жақсы білім алып шықты, әмбебап
ғалым болуына корпуста жүргенде-ақ негіз қалады. Ол француз тілін жақсы
білуі нәтижесінде Батыс Европа әдебиетіне терең бойлай алды.
Ауылда ауыз әдебиетін құмарта тыңдап өскен Шоқан демалысқа келгенде,
елдегі аңыз, әңгімелер мен жырларды үздіксіз жазып алып отырған. Шоқанның
бұл дәстүрі саяхатта болған кездерінде одан әрі дами түсті.Қырғыз еліне
барғанда “Манасты” жазып алуы, Құлжада ұйғыр тілін үйреніп, әдебиетімен
танысуы, Қашқарда көптеген әдеби кітаптарды қолға түсіруі, ақыры Шоқанның
Петербург университетінің шығыс факультетіне тыңдаушы болып қабылдануы
ғалымның филология мәселелерімен кең шұғылданғанын көрсетеді.Шоқан қазақтың
ауыз әдебиеті туралы жазған және жинаған материалдарым дейді Потанин. “Егер
қазақ халқының арасында Шоқанды оқи алатын орта болса, ол өз халқының
кемеңгері, өз елі әдебиетінің қайта өркендеуінің басы болар еді”.
Ғалымның қоғамдық-әлеуметтік қызметі кадет корпусын бітірген соң бірден
басталды. Дарынды ойшыл халық творчествосы туралы құнды-құнды зерттеулер
жазды. Атақты “Жоңғар үлкен бірнеше папка деуші еді. Оның біразын мен өз
көзіммен көргенмін, очерктері” дүниеге келді. Ол әдебиетті өзі ғана сүйіп,
зерттеп қоймай, басқа да дос-жарандарын оны қастерлей білуге шақырды,
інілеріне де елеулі ықпал етті. Шоқан елге келген сайын ақыл-ойының
толысып, кемелдене түскенін аңғартатын, сөйлегенінде ғылыми сөздерді жиі
қосып, тың пікірлер айтатын. Ондайда кең маңдайы, жарықшақсыз үні, тізілген
аппақ меруерттей таза тістері, езуінде мысқыл ойнаған жұқа еріндері мен
ажарлы келбеті тыңдаушысына ерекше әсер қалдыратын.
Адамды бірден өзіне тартып, баурап әкететін ұтымды, ұтқыр шешендігі,
қоғамдағы әділетсіздікті шенейтін әңгімелері, әсіресе, талантты інілеріне
қатты ұнайтын, олар барынша ағасына ұқсап бағуға тырысатын, еліктейтін.
Шоқан осы бір шоқтай үйірілген, білуге ынтық жастардың қаулап өсіп келе
жатқанына ризалық білдіретін, әттең орысша-қазақша мектеп ашып, бұларды да
озық идеялармен сусындатар ма еді, деп армандайтын.
Әкесі Шыңғыстың парасаттылығы мен әжесі Айғанымның шежіресі, әрі
білімділігі, орыстың оқыған азаматтарының игі әсері, кітап құмарлық,
ізденгіштік Шоқан Уәлихановтың ғылымға деген, әдебиетке, өнерге деген
сүйіспеншілігін қалыптастыруға, ағартушылық, гуманистік, адамгершілік
қасиетін дамытуға басты негіз болды.
Шоқан халықтың ауыз әдебиетін өзіндік беті бар құнды мұра деп жоғары
бағалаған.Қазақтың аңыздары мен жырларының, күйлерінің пайда болуына,
олардың тарихи кезеңге, оқиғаға байланысты екеніне назар аударды.
Фольклорлық материалдар Шоқанға қазақ халқының мәдениет байлығын зерттеп
білуге басты негіз болды. Өзінің он жылдық творчестволық еңбегінде, өткен
ғасырдың 50-жылдарының ортасы мен 60-жылдарының ортасында, Шоқан фольклоршы
ретінде қыруар еңбек етті.
Жасынан халық ауыз әдебиетін сүйіп тыңдап, құмарта жазып жүрген Шоқан
осынау мол мұраның–өз халқының ғасырлар бойы жасаған гуманизмге толы бай
ауыз әдебиетінің–алғашқы төрешісі де өзі болды. Рас, Уәлихановтан бұрын да
қазақ ауыз әдебиетін жинап зерттеушілер, оны там-тұмдап болса да, баспа
орнына беруші Шығыстану ғылымымен шұғылданған адамдар өмір сүрді.Бірақ
олардың көпшілігі жол жөнекей жазған күнделіктерінде, белгілі бір
саяхатнамалары мен хаттарында, арнайы құжаттық есептерінде, мемлекеттік
елшіліктер кезіндегі толтырылған “журналдарында” халықтың өзіндік
ерекшеліктеріне тоқтала келіп, олардың тіл байлығын, әдет-салтын, мақал-
мәтелдеп сөйлеуге шеберлігін, суырып салма ақындардың айтыс өнеріне
бейімділігін, дала тұрғындарының ән, күйге, жырға құмарлығын және басқа да
байқағандарын қысқаша баяндаумен шектелген. Шоқан өмір сүрген замандағы
кейбір әдебиетшілер халықтарды түрлі топқа бөліп, олардың көбін өзіндік
мұрасы жоқ, сондықтан, басқа “мәдениет” халықтардан сюжет ауыстырып алу
арқылы әдебиеттік мұра қалдырды, деп кінә тағуға дейін барды, яғни, жеке
халықтардың мәдени мұрасын жоққа шығаруды көздеген түрлі ағымдар пайда
болды [9].
Халық мәдениеті мен ақыл-ойының көрсеткіші есебінде танылатын халық
творчествосын талмай зерттеген оқымысты оны басқа ел ауыз әдебиетімен
салыстыра қарады. “Жоңғар очерктерінде” қырғыздар мен қазақтардың көптеген
ертектерін, мифтарын, эпос жырларын және аңыздарын жинап жүріп, олардың
Европа халықтарының, әсіресе, славяндардың, сол сияқты шығармаларының
сарынына ұқсастығына таң қалған.Әдебиет – халықтың жаны, құлақ-күйі, ар
ожданы, зор байлығы, елдігінің белгісі деп білген, одан “халықтың рух,
ұғым, әдет, өмірлік кейіп” көрінеді деген ғалым басқа да ғылыми жұмыстармен
бірге әдеби көне мұраларды жан-жақты зерттеуге құлшына кіріседі. Ол бұл
жауапты сапарда білімін де, қажыр-қайратын да, қажет болған кезде
денсаулығын да аяған жоқ. Азаматтық перзенттік қасиетті парыз, өткен
дәуірлердегі тылсым тірліктің мәнін, өте ертедегі мәдени қазынаның қайнар
көзін, терең тамырларын білуге құштарлық оны түпсіз тұңғиыққа құлаш
серметті, озық идеяның ұшқыны, халқының тағдыры болашаққа қанат қақтырды.

2. Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі

Шоқан Уәлихановтың қоғамдық және әдеби қызметі оқуды бітіріп шықсымен-
ақ бірден басталады. Ресми жағынан Сібірдің қазак әскерлерінің, алтыншы
атты аскер полкының, офицері больш тағайындалғанымен, шынында, Шоқан Батыс
Ciбip генерал-губернаторының, жанында қалдырылады да, арада бip жыл
өткеннен кейін Батыс Ciбip мен Қазақстанның солтүстік-шығыс аудандарын
басқарып отырған генерал Гасфорттың адъютанты болып тағайындалады. Сонымен
қатар өлкенің Бас басқармасы бойынша Шоқан Уәлихановқа төтенше
тапсырмаларды орындайтын офицер кызметі де жүктеледі. Қызметке
орналасысымен-ақ Шоқан Уәлиханов бірден офицерлер мен чиновниктер ортасына,
яғни корпустағы өзіне мәлім оқымысты әрі алдынғы қатарлы прогресивті
адамдарға мүлдем қарама-қарсы ортаға тап болды. Бұл ортаның көпшілігі
царизмнің отаршылдық аппаратын билеп-төстеп отырған реакцияшыл офицерлер
мен чиновниктер еді. Олардың басында генерал Гасфорт пен Сібірлік қырғыздар
облысын басқарған оның көмекшісі фон Фридрихс тұрды. Бұл генералдар кімдер
және қазақтарды қалай басдарғаны туралы Ф. М. Достоевскийдің досы Врангель
мен Батыс Ciбipде ұзақ қызмет еткен және Шоқанды жақсы білетін Бас штабтың
офицері И. Ф. Бабковтың кітаптарында өте айқын көрсетілген.
Бұл офицерлер мен чиновниктерді Батыс Ciбip мен Қазақстанға қандай ой
жетектеп келді? Бұл сұраққа: тек қана оңай олжа табу ниеті , Шоқанның
Достоевскийге жолдаған хатында жазғанындай тәуелсіз Татарияның кең
жазирасында аздап байып алу, қырғыздарды тонап, олардың, ақшасына
өздерінің әйелдеріне жібек ленталы атлас кейлек тіктіру ниеті ғана
жетектеп әкелген деуден басқа жауаптың бip де бipi дөп келмейді. Оңай
олжа құмарлар үшін Батыс Сібір мен Қазақстан әртүрлі қулық сұмдық ,
озбырлық және алдау арқылы тез баюға болатын орынға айналды. Шоқанның досы
С. Я. Капустин өзінің Шоқан туралы естеліктерінде: Мұнда астаналардан,
Орталық, Россиядан, оның Финляндия, Польша патшалығы, Қырым, Кавказ сияқты
шет аймақтарынан жұрт ұдайы келіп жатты. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шоқан Уалиханов тұңғыш қазақ ғалымы, этнограф, демократ
Шоқан Уалихановтың ағартушылық идеялары
Қазақ халқының салт-дәстүрлері туралы отандық ғалымдар еңбектерінің аннотациясы
ХІХ ғ. екінші жартысындағы Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлер
Ш.Уәлихановтың өмірі, қызметі, саяхаттары, ғылыми еңбектері
Шоқанның Құлжаға сапары ғылыми ерлікпен барабар
Шоқан (Мұхаммед-Ханафия) Уәлиханұлы
Уәлиханов Шоқан Шыңғысұлы туралы
Қазақтың тұңғыш ғалымы Ш. Уәлихановтың қазақ тарихын зерттеудегі зор мұрасының бүгінгі күндегі маңыздылығы
XVIII ғ. – ХIХ ғ. соңы аралығындағы қазақ мәдениеті
Пәндер