Жобалау әдісі



I. Кіріспе 2.3

II. Негізгі бөлім

2.1. Теориялық бөлім

А) Жалпы алғанда «жоба» термині 4.6

Б) Білім саласындағы «жобалау» 7.8

III. Қорытынды

Уақыт талабы дәлелдеген жобалау әдісінің қажеттілігі 10

Қолданылған әдебиеттер тізімі 13
Жұмыстың өзектілігі:
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шетел тілді оқытып, шетел тілін оқытуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып табылады.
Бүгінде бүкіл елде орын алып отырған мектепте бейінді оқыту пәнді тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп қана отырған жоқ. Ең алдымен ол оқыту мазмұнының елеулі мөлшерінде саралау, жеке білім беру бағдарламаларын құру үшін жағдай жасауды көздейді, кәсіптік білім алуға анағұрлым тиімді және мақсатты дайындықпен келуді қамтамсыз етеді, оқушылардың қабілетін, бейімділігін және нені қалайтынын ескеруді мүмкін етеді, жоғары сынып оқушыларының көпшілігінің білім алудағы және өмірлік мақсаттарының құрылымына сай келеді, оларды әлеуметтендіру мүмкіндіктерін кеңейтеді. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып, ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрды. Шынында да оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі, еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан, мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару сапалы білім беру нәтижеге жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған, үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс [1].
Қазақстан республикасының “Білім туралы” заңы, Қазақстан республикасында 2005-2010 ж.ж білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы және Қазақстан республикасы үкіметінің 2006 жылғы 19-шілдедегі №681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық орта жалпы білім беруге көшуге арналған іс-шараларының жоспарында оқушылардың жобалық, ғылыми зерттеу іс-әрекетін ұйымдастыру әдістемесі қаралған [2].
Харри Ларсен мен Патрисиа Ларсеннің “Халықаралық шеберхана” деген ғылыми еңбектерін оқып, осы әдістер арқылы оқушылардың ағылшын тілінде қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырдым. Негізгі жобалау әдісі Жапонияда 1990 жылдары жобалау бизнесінің «Мекеменің стратегиялық даму анализі» атты жобамен жүзеге асырылған[3]. Осы жоба арқылы Жапония өз экономикасын дамытуға және ілгері басуға үлкен мүмкіндік алған, кейін 2000 жылдары жоба әдісі Америкада, Калифорнияда, Англияда, Малайзияда қолданылып, әрқайсысы өз саласында үлкен жетістікке жетті. Жобалау жұмысы жүйелі, тиімді әдіс ретінде танылды.
Біздің мектепте ағылшын тілін меңгеру тереңдетіп оқыту бағдарламасы бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылар 8 -11 сыныптарда оқу жылының аяғында ағылшын тілінде жоба қорғайды. Жыл бойы сол жұмысты атқаруға дайдық өткізіледі және сабақта мини-жобалар қорғалады. Жоба қорғау әдісі оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің ойын ағылшын тілінде еркін айтуға үйретеді. Оқушы өз
1 ҚР білім беру дамыту 2015 ж. тұжырымдамасы.
2 ҚР «Білім беру туралы заңы» 2007 жыл 27 шілде.
Қазақстан республикасында 2005-2010 ж.ж білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы.
Қазақстан республикасы үкіметінің 2006 жылғы 19-шілдедегі №681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық орта жалпы білім беруге көшуге арналған іс-шараларының жоспары.
3 Жайтапова А.Ә.
Нәметқұлова Ф.Ж.
«TQM негізінде білім сапасын басқару»
4 ҚР білім беру орталығы 2010 ж. бағдарлама.
5 Поливанова К.Н.
«Проектная деятельность школьников»
6 Туркина Н.В.
«Работа над проектом при обучений английскому языку»
«Иностраннный язык» №3,2002 г.
7 Макаревич И.Г.
«Проектные работы»
«Иностранные языки в школе» №6,2002 г.
8 Маслыко Е.А.
«Настольная книга преподавателя иностранного языка» Минск,2004 г.
9 Жайтапова А.Ә.
Нәметқұлова Ф.Ж.
«TQM негізінде білім сапасын басқару»
«Creating positive attitudes towards English as a Foreign language»
10 Поливанова К.Н.
«Проектная деятельность школьников»
11 Peter Brandt
«Laser B2»
«Creating positive attitudes towards English as a Foreign language»

Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
I. Кіріспе
2-3

II. Негізгі бөлім

2.1. Теориялық бөлім

А) Жалпы алғанда жоба термині
4-6

Б) Білім саласындағы жобалау
7-8

III. Қорытынды

Уақыт талабы дәлелдеген жобалау әдісінің қажеттілігі 10

Қолданылған әдебиеттер тізімі
13

Кіріспе
Жұмыстың өзектілігі:
Қазақстандағы жалпы білім беретін мектепті жаңарту ауқымындағы ең бір
елеулі инновациялық шешімдерінің бірі оның ерте жастан шетел тілді оқытып,
шетел тілін оқытуда шетелдік оқу әдістемелік кешендерін енгізу болып
табылады.
Бүгінде бүкіл елде орын алып отырған мектепте бейінді оқыту пәнді
тереңдетіп оқытуды қамтамасыз етуді мақсат етіп қана отырған жоқ. Ең
алдымен ол оқыту мазмұнының елеулі мөлшерінде саралау, жеке білім беру
бағдарламаларын құру үшін жағдай жасауды көздейді, кәсіптік білім алуға
анағұрлым тиімді және мақсатты дайындықпен келуді қамтамсыз етеді,
оқушылардың қабілетін, бейімділігін және нені қалайтынын ескеруді мүмкін
етеді, жоғары сынып оқушыларының көпшілігінің білім алудағы және өмірлік
мақсаттарының құрылымына сай келеді, оларды әлеуметтендіру мүмкіндіктерін
кеңейтеді. Қай елде болсын, балаға білім беру ісі елеулі орын алып,
ұрпағының білімділігі мен біліктілігін шыңдауға бет бұрды. Шынында да
оқушылардың жалпы білімін көтеру үлкен мәселе екені сөзсіз. Себебі,
еліміздің мәртебесінің биік болуы қоғам мүшелерінің келешек ел қожасы – жас
ұрпақтың белсенділігі мен іскерлігіне тікелей байланысты болмақ. Қазіргі
таңда еліміздің келешегін өз елін сүйетін, әдет-ғұрпын, салт-санасын
қастерлейтін ұрпақты оқып тәрбиелеу–біздің басты борышымыз. Сондықтан,
мектептің мәселесі дұрыс таңдалып мектеп басқару сапалы білім беру нәтижеге
жету үшін әрбір атқарылған істің жан-жақты ойластырылған, нақтыланған,
үйлестірілген, стратегиялық жұмыс жоспары жасалуы тиіс [1].
Қазақстан республикасының “Білім туралы” заңы, Қазақстан
республикасында 2005-2010 ж.ж білім беруді дамытудың Мемлекеттік
бағдарламасы және Қазақстан республикасы үкіметінің 2006 жылғы 19-шілдедегі
№681 қаулысымен бекітілген 12 жылдық орта жалпы білім беруге көшуге
арналған іс-шараларының жоспарында оқушылардың жобалық, ғылыми зерттеу іс-
әрекетін ұйымдастыру әдістемесі қаралған [2].
Харри Ларсен мен Патрисиа Ларсеннің “Халықаралық шеберхана” деген
ғылыми еңбектерін оқып, осы әдістер арқылы оқушылардың ағылшын тілінде
қызығушылығын арттыру жолдарын қарастырдым. Негізгі жобалау әдісі Жапонияда
1990 жылдары жобалау бизнесінің Мекеменің стратегиялық даму анализі атты
жобамен жүзеге асырылған[3]. Осы жоба арқылы Жапония өз экономикасын
дамытуға және ілгері басуға үлкен мүмкіндік алған, кейін 2000 жылдары жоба
әдісі Америкада, Калифорнияда, Англияда, Малайзияда қолданылып, әрқайсысы
өз саласында үлкен жетістікке жетті. Жобалау жұмысы жүйелі, тиімді әдіс
ретінде танылды.
Біздің мектепте ағылшын тілін меңгеру тереңдетіп оқыту бағдарламасы
бойынша жүзеге асырылады. Сондықтан оқушылар 8 -11 сыныптарда оқу жылының
аяғында ағылшын тілінде жоба қорғайды. Жыл бойы сол жұмысты атқаруға
дайдық өткізіледі және сабақта мини-жобалар қорғалады. Жоба қорғау әдісі
оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, өзінің ойын ағылшын тілінде
еркін айтуға үйретеді. Оқушы өз қызығушылығына орай тақырып таңдайды,
зерттейді, әдебиет оқып, талдайды, жоспар құрады, жоспар арқылы жобаны
жүзеге асырады. Оқушы мектеп қабырғасында ғылыми жұмыспен шұғылданып,
зерттей білуге үйренеді. Сонымен қатар, оқушыда шыдамдылық, жүйелі жұмыс
дағдысы пайда болып, өмірге деген көзқарасы өзгереді. Теориялық алған
білімді оқушы практикалық жүзінде өмірде қолдана біледі. Жоба қорғау әдісі
арқылы оқушы сөйлеу қабілеті мен сауаттылығын арттырады.
Әрбір жеке тұлғаның болашағы мектебінде шыңдалады. Ертең осы елге ие
болып, тәуелсіз еліміздің тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп
оқушылары. “Халықты халықпен, адамды адаммен теңестіретін – білім”, деп
ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов айтқандай, елімізді өркениетке апарар жолдың
бастауында мектеп тұрады. Мектептегі білім барша әлем тыныс тіршілігінің
алғашқы іргетасы.
Тәуелсіз еліміз қанатын кең жайып, ел экономикасы өркендеген бүгінгі
таңда мемлекетіміздің алдында тұрған мәселенің бірі – білімді де, іскер,
ғылымға қабілеті бар, заман талабына сай буын қалыптастыру. Бүгінде
әлемдегі қауымдастықтан тәуелсіздіктің тұлғасы биіктеп, ғылыми-техникалық
прогресс қарыштап, дамыған тұста біздің еліміз үшін сапалы білім, саналы
тәрбиемен қатар, жан-жақтылық, ғылымның бар саласынан хабардар болудың
маңызы зор[4]. Сондықтан, оқушылардың жобалау әдісін ағылшын тілі
сабағында кеңінен қолданып, жоба қорғауы – заман талабы. Бұндай жұмыстар
оқушылардың пәнге деген қызығушылын арттырып, олардың ғылыми жұмыспен
шұғылдануға алғашқы қадамы болып табылады[5]. Негізгі жасөспірім ғылыми-
техникалық прогресс өкілдері ретінде, әртүрлі инновациялық өзгерістерді
тез қабылдайды және шығармашылықпен қолдана біледі. Оның дәлелі TIPD
халықаралық жоба бойынша Ұлыбританиядан келген әріптестеріміз біздің
мектеп оқушыларымыздың білімге деген құштарлығын, өз елдеріне деген
сүйіспеншілігін, нағыз патриот азаматтары тәрбиеленіп жатқандарын анық
айтты. Оқушылардың ағылшын тілінде өз ойларын еркін айтқандарына шетел
қонақтарымыз риза болды. Ағылшын лигасының пікірсайысында оқушылар ауызекі
сөйлеу дағдысының қалыптасуын жақсы көрсете алды, өз ойларын анық айтып
дәлелдей білді – бұл олардың үлкен жетістігі. Атап айтқанда, мектеп
оқушылары қалалық пікір-сайыстарда (2005-2009 ж.ж.) I, II, III жүлделі
орындарға ие болып, 15 оқушы ағылшын лигасы бойынша “үздік спикер”
аталған. 2009-жылы Түркия мемлекетінде Анталия қаласында өткен I
халықаралық олипиадада мектеп оқушылары командалық I орынды жеңіп алып,
бір – I орын, бір – II орын, екі – III орынға иеленді.
Бүгінгі күн талабы екенін ескере отырып , менің таңдаған
тақырыбым: “Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану”. Мақсаты-
оқушының қызығушылығын арттыру арқылы шығармашылыққа баулу және тұлғалық
тұрғыдан өзін-өзі дамыту мүмкіндіктерін ашу. Міндеттері:
▪ Оқушылардың бойында жаңа қасиеттер мен іскерліктерді қалыптастыру;

▪ Әртүрлі проблемаларды ағылшын тілінде талдау және оларды шеше білу
қабілетін дамыту арқылы жоба қорғау әдістерін үйрету;

▪ Ақпаратпен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтиже: Ағылшын тілін жақсы меңгерген, өз бетімен тиімді еңбек
ете алатын және алған білімін өмірде қолдану мүмкіндігін толық пайдалана
алатын шығармашыл тұлға тәрбиелеу.

Теориялық бөлім
Бұл жұмыстың мақсаты ағылшын тілі пәнінің мұғалімдере жобалау әдісін
меңгеруге көмек беру.
Ең біріншіден жоба терминіне тоқталып өтейік.Жоба деген терминнің
шығу тарихы әлі де жазылмаған, бірақ бұл туралы жалпы ойымызды айта
кетейік. Назар аударатын бірінші жәйт ол- ХХ ғ. әлеуметтік практиканың
өзгеруі. Бұрын қандай да өзгерістер өзімен-өзі пайда болатын болса, ал ХХ
ғ. біз көп өзгерістерге тап болдық. Өмір жылдамдай бастады, адамдар соған
бейімделуге мәжбүр болды. Ал екінші жәйт-өзгерістерді басқару. Бұрын олар
бірінің ізін бірі басып жай өзгегеретін болса, қазіргі таңда олар алдын ала
жобаланып іске асатын болды. Мысалы, кәсіпкерліктің ғылымға араласуы-
практикада қолдану үшін ірі корпорациялардың ғылыми жұмыстарды
қаржыландыруы.
Осы өзгерістер әлеуметтік практиканың жаңадан пайда болған 2 нысанын
бөліп көрсетті:
- әрбір жұмыста уақыт факторын негізге алу;
- әрбір жұмыстың құрамына өзгерістерді басқару нысандырының кіруі;
Сонымен жоба- уақытты негізге ала отырып өзгерістерді басқару мақсаты.
Жобалаудың негізіне белгілі бір мәселенің шешілуі мен нәтижесі кіреді.
Мысалы, ғимарат- бұл мәселенің шешілу мақсаты мен нәтижесі ғимараттың өзі
емес, ал сол ғимаратта тұратын адамдардың өмір сүру жағдайының өзгеруі. Ең
біріншіден белгілі бір мәселені шешудегі нақты мақсаты қойылады, соған
байланысты жоба да құрылады[6].
Жобалау мен шығармашылық. Жобалауды шығармашылықпен байланыстыратындар
көп, олар жобалауды жаңа шығармашылық мүмкіндіктерді ашу деп түсінеді.
Алайда бұл түсінік дұрыс емес. Шығармашылық бұл- жаңаның пайда болуы. Бұл
жерде жобалаумен байланысы бар, бірақ шығармашылықтың жобалауға айналуы
үшін уақыт факторы негізге алынып, нақты нәтижені елестету керек. Алайда
шығармашылықты нақтылықпен байланыстыру мүмкін месе.
Жобалау мен басқару. Практиканың қандай бір түрінде өзгерістерді
жобалап, іске асырып, оларды басқарғанда ғана біздің жұмысымыз алға басады.
Қазіргі кезде менеджмент сөзі пайда болды, ол басқару дегенді білдіреді.
Білімде де менеджмент сөзі қолданылады. Қазіргі таңда білім алу түрлері де
көбейді, ол территория мен уақытқа қарай бөлінеді. Осыған орай өзінің білім
алу процесін басқару, білім алғандағы нәтижені жобалау міндетті түоде қажет
болды. Сонымен практика нысанында пайда болған жобалау үлкен әлеуметтік
контекстке шығады. Осының бәрі әлеуметтік ғылымдардың басты мәселесіне
жобалаудың білімдегі орнын жатқызады.
Жобалау мен даму. Жобалау теориясында белгілі бір мәселенің дамуына
әкелетін өзгерістер айтылған, яғни біз тек мәселенің өзгеруіне әкелетін
жобаларды қолдануымыз керек. Бірақ бұл тек теорияда қолданылады, яғни біз
жасаған жұмысымыз оның нәтижесіне тең емес. Мысалы, гүл отырғызу мақсаты,
отырғызатын орны, жасалған жұмыстар мен гүлдердің өзі жобалау болып
табылады. Алайда жобалаудың теориялық тұрғысынан бұл жерде жобалаудың
негіздері жоқ, ең біріншіден мәселенің анализі, яғни гүлдер отырғызылған
жағдайда өзгеретін жәйт. Гүлдер отырғызылған жағдайда не өзгереді? Біз
өзгерткіміз келген заттың жұмыс істеу системасы қалай өзгереді? Нәтижесін
қайдан көреміз? Теория тұрғысынан осындай сұрақтарға міндетті түрде жауап
беруіміз керек.
Жобалаудың құрылымы:
- нақты нәтиже шығару жобасы
- нақты мәселенің анализі
- нақты уақыт белгілеу
- жұмыс жүргізу жобасы
- нәтиже шығару
Жобалаудың ең негізі- мәселенің анализі болып табылады. Мәселе шешудегі
нәтиже белгіленіп, оған жету үшін жасалатын қадамдар жобасы жасалады.
Мәселе анализі неғұрлым нақты жасалатын болса, жоба да соғұрлым жақсы
болады.
Жоба мен ғылыми жұмыс. Бұл жерде мысал ретінде ғылыми жұмысты
қарастырғанымыз жөн. Жазылып, қорғалған диссертация диссертантты жаңа
сатыға көтере отырып, практикалық жұмысын ұлғайтады- жаңа мамандық,
адамдардық құрметі мен жаңа айлыққа иеленеді; яғни диссертанттың әлеуметтік
жоба негізін мәселенің нәтижесі ретінде ғылыми жұмыс қарастырылады.
Ғылыми жұмыс пен жоба ұқсас келеді. Ғылыми жұмыс жобаның негізін құрай
алады. Сонымен қатар кейбір жобалар ғылыми ізденіс тудырып, ғылыми жұмысқа
айналуы мүмкін.
Жоба мен қабілет. Жобалауды жүзеге асыру үшін тұлға қандай қабілетке ие
болу керектігін айтамыз. Ең біріншіден тұлға продуктивті ойлау қабілетіне
ие болуы керек.
Продуктивті ойлаудың негізгі сатылары:
- мәселенің анализі, тақырыптың пайда болуы;
- мәселені шешудегі жұмыстар жобасын құру;
- мәселе шешудегі ойларын іске асыру;
Продуктивті ойлаудың екінші сатысы- мәселені түсіну, яғни анализ жасау.
Назар аударарлық тағы бір жәйт мәселе шешудегі шешім қабылдау.
Мәселені шешу сатылары:
- мәселенің негізі, яғни қандай жұмыс жасау керектігін ұғу;
- мәселе құрамын бағалау, яғни мәлімен іздеу және іріктеу; Мәселе
шешудегі нақты қадамдарды анықтап, іске асыру.
- мәселе шешудегі нәтижеге жету жолдарын іздестіру;
- мәселені шешу;
Қорытынды саты- шешім қабылдау. Шешім қабылдау өте қиын процесс. Шешім
қабылдау 9 элементтен тұрады[7]:
1. Таңдау. Бұл тұлғаның өзінен немесе қоғаммен жасалған таңдау болуы
мүмкін.
2. Ұғыну. Мәселе шешу және шешім қабылдау тұлғаның сол мәселе
шешудегі ролін ұғынуы керек.
3. Креативтілік. Мәселе шешудегі креативтілік, яғни стандартқа сай
емес шешімдерді іздеу.
4. Компромисс. Мәселе шешуде компромисс іздеу, яғни мәселеге қатысты
барлық тұлғалардың жағдайын ойлау.
5. Алдын-ала ойлау. Мәселені шешкеннен кейін нәтижесінің қандай
болатыны ойлау, ұғыну.
6. Шешімнің дұрыстығы- шешім қабылдау сатысының ең қиын бөлігі.
7. Мәліметтердің нақтылығын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика сабағында жобалау әдісін қолдану тиімділігі мен жолдары
Қазақ тілін оқытуда жобалау әдісінің маңызы
VIII-IX сыныптарда жобалау әдісін сыныптан тыс ағылшын сабақтарында қолданудың теориялық негіздері
Бастауыш мектептегі оқушылар мен мұғалімдердің жобалық әрекеттері
Мектептік биология курсының белгілі бір тақырыптарын оқытуда жобалар әдісін пайдалану: өткені, бүгіні мен болашағы
Педагогикалық әрекеттерді жобалау технологиясы
Ағылшын тілі сабағында жобалау әдісін қолдану
Ағылшын тілінен сыныптан тыс сабақтарда жобалау әдісін қолдану әдістемесі
Әлеуметтік жобалау және болжау ғылыми таным әдісінің методологиялық аспектілері
Баланы ойлауға үйрету
Пәндер