Халықтық педагогика және оқу - тәрбие жұмыстары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

І.1. Халықтық педагогиканың мәні
зор ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

ІІ. Негізгі бөлім

ІІ.1. Халықтық педагогика -даналық
педагогика ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .6
ІІ.2. Халықтық педагогика - тәрбие
өзегі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .8
ІІ.3. Сабақта грамматикалық ұғымдарды халықтық педагогика
негізінде
оқыту ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... 12
ІІ.4. Халықтық педагогикаға негізделген көрнекіліктер мен
таблицалар ... ... ..16
ІІ.5. Сабақта ұлттық ойындарды
пайдалану ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...21
ІІ.6.Халықтық педагогика және оқу- тәрбие
жұмыстары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..24

ІІІ Қорытынды
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .28

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... .30

І.1. Халықтық педагогиканың мәні зор

Қоғамның қазіргі даму кезеңінде болып жатқан әлеуметтік, саяси
және жаңа технологиялық өзгерістерден, ұрпақ тәрбиесіндегі бетбұрыстардан
білім мен тәрбие беру жүйелерінің ісін жаңа сатыға көтеру қажеттілігі
туындап отырғаны мәлім. Осыған орай, бүгінгі таңда қоғамның ұлттық мәдени
тұрғыдан кемелденуі жас ұрпақты өз халкының рухани қазынасымен, ұлттық
тәрбиенің озық, өнегелі дәстүрлерімен тереңірек таныстыру, соның негізінде
жеке тұлғаны қалыптастырып, оның шығармашылык, рухани мүмкіндіктерін дамыту
көзделеді. Өйткені, егемен еліміздің болашағы, оның материалдык және рухани
дамуы жас ұрпақтың білімі мен тәрбиесінің деңгейіне байланысты.
Әр жасөспірімнің қалыптасып дамуында өзі күнбе-күн өмірден сезінетін,
еститін, көретін заттары мен құбылыстары, оқиғалары үлкен орын алады. Соның
ең негізгісі - қазақтың халықтық педагогикасы.
Қазақ халкының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық
мұрасы, салт-дәстүр, әдет-ғұрып, аңыз-ертегілері, жұмбақ, мақал-мәтел, өлең-
жырлары, ұлттық ойындары ерекше төрбиелік мәні бар баға жетпес асыл қазына.
Мектепте бірқатар пәндерді оқытуға байланысты бұл мәселе жан-жақты
талданған. Кейбір пәндерде—математика, әдебиет, биология, еңбек
сабақтарында халықтық педагогика: ұлттық әдет-ғұрып, салт-дәстүр тиімді
пайдаланылуда. Математиканы оқыту саласындағы зерттеулердің бірі ретінде
педагогика ғылымының докторы, профессор А.Әбілқасымованың ғылыми
жетекшілігімен жүргізіліп жатқан Бастауыш мектептегі математиканы оқыту
үрдісінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын пайдалану арнайы
курсының оқу бағдарламасын атауға болады. Бағдарламада болашақ бастауыш
сынып мұғалімдеріне қазақ этнопедагогикасын математика сабағында колдануды
меңгерту және сол алған білімдерін мектсп қабырғасында колдануға дайындау
көзделген. Бұл математиканы оқыту үрдісінің нәтижелі болатындығының кепілі.
Ал химия пәні бойынша ұлттық төл оқулықтардың болмауына байланысты бұл
мәселс осы кезге дейін қолға алынбады. Мектепте химия пәнін осы кезге дейін
одақтық бағдарлама бойынша аударма оқулыктар арқылы оқытып келгендіктен,
ұлттық педагогикамен байланыстыру назардан тыс қалды.
Халықтық педагогика мәселесіне байланысты ой қозғағанда Қорқыттың
ұлттық педагогикаға байланысты қағидаларын, Абайдың дана сөздерін,
Ы.Алтынсарин мен А.Байтұрсынұлының педагогикалық идеяларына сүйенбей өте
алмаймыз. Жұмабаев Мағжанның Педагогика оқулығында оқытудың білімдік жене
тәрбиелік мақсатын ұлттық тәрбиеге негіздегенде ғана оның сапалы білім
берін, жастардың санасын көтеруге жәрдемі тиетіндігі айтысады. Ахмет
Байтұрсынұлы Әдебиет танытқыш еңбегінде, кемеңгер де ойшыл ақын
Құдайбердиев Шәкәрімнің шығармаларында халықтың бай дәстүрі жете
сипатталады. Д.Әшімхановтың Бес арыс еңбегінде шолу жасағаңда кемеңгер
ойшылдарымыздың қай қайсысы да балаға тәрбие беруде олардың білімін
кеңейтіп көзқарасын қалыптастыруда ұлттық тәлім тәрбиенің әдет-ғұрыптың
алатын орнын баса көрсеткен.
Бұл ғалымдар қазақ халқының болашағы жастарды жан жақты дамыту үшін
нені оқыту, қалай оқыту керектігін айта келіп берілетін білімді ұлттық
педагогикаға негіздеу арқылы орлардың бойында сіңіруге болатынын
дәйектейді. Біз осы бағыт-бағдары барысында халықтық педагогиканы кеңінен
пайдалануды көздейміз.
Халықтық педагогика элементтерін химия сабағында пайдалану жолдарына
орай салаларға жіктедік. Ол сызбанұсқа төмендегідей:
Халықтық педагогиканың әрбір саласы химияның әр бөлімін оқыту
барысында мәтін мазмұнына сәйкес қолданылады. Мәселсн, техникалык, химия
курсын оқытқанда, көбіне, алғашқы химиялық құбылыстарды игеру жайында халық
шығармашылығы туралы материалдар пайдаланылады. Ал жеңіл өнеркәсіп химиясы
мен тұрмыстық химия бөлімін оқыту барысында халық кәсіби, оның ерекшелігі
және қазіргі тың талаптарына сәйкес келетін тұстары туралы мағлұматтар
беріледі.
Қыш, шыны, металдар өңдіру және басқа өнеркәсіптермен байланысты
сарамаңдық жұмыс техникалық химия деп аталады. Мұның алхимиядан айырмасы
сол, тәжірибелік істермен шұғылданған білімді адамдар өндірісте жүзеге
асатын үрдістерді мұқият зерттеп, көпшілікке түсінікті тілмен ұғындыра
білді. Мәселен, Италияның инженері Ваниочо Бирипгучо (1480-1539) — металл
құю, тиын ақша жасау, соғыс техникасын шығарумен шұғылданды. Тәжірибелік
химия түсініктеріне негізделген 10 кітаптан тұратын Пиротехника (пир -
грекше от деген сөз) деген еңбек жазды. Мұнда сол кезде от арқылы жүзеге
асырылатын техникалық үрдістер нақтылы баяндалды.
Дәрігерлік бөлімінде ертеден халық арасында қолданылып келген дәрілік
өсімдіктер, жануарлар, минералдар жайындағы материалдар берілген.
XIV ғасырдан кейін алхимияның беделі түсе бастады. Оған қарсы
шығушылардың және химияның алдына нақты мақсат қоюшылардың саны артты.
Осындай медицина, химия және жаратылыстанудың жалпы мәселелері саласында
өткенге батыл қарсы шығушылардың бірі - Парацельс. Парацельс дәрігерлік
химияның (иатрохимияның) негізін калады. Ол химияның мақсаты алтын алу
емес, дәрі-дәрмек жасау деп жариялады. Парацельстің теориялық пайымдауынша,
денелердің, сонымен бірге адам ағзасынын құрамына күкірт, сынап және тұз
элементері белгілі бір қатынаста кіреді. Осы қатынас бұзылса, адам ауруға
шалдығады. Ағзада күкірттің молаюынан оба ауруы, сынаптың артуынан сал
ауруы пайда болады. Ол Сырқатты емдеу дегеніміз — агзаның бұзылған
химиялық құрамын қалпына келтіру деген ғылыми болжам ұсынды.
Қазақ дәрігерлік ілімі тарихының өзіне тән ерекшеліктері бар.
Ұлтымыздың өз алдына емшілік ғылым жүйесінде аурудың себеп-сипаттары
жөніндегі тәлімі, дәрігерлік өнері мен әдіс-амалдары мол.
Қазақ хадқынан шыққан ұлы бабамыз Өтейбойдақ Тілеуқабылұлы бұдан V
ғасыр бұрын Шипагерлік баян еңбегін жазды. Ол жан-жақты энциклопедиялық
туынды. Бұл еңбек қазақ халқының тарихы, ертедегі қазақ халқының саз өнері,
сөз құрауы, дүниетанымы, астрономиясы, философиясы, этнографиясы, өсімдік,
жануарлар дүниелері, ең негізгісі емшілік шипагерлік ұғымы туралы ұланғайыр
мағлұмат береді.
Адамзат қоғамы бұдан мындаған жылдар бұрын химияны қолданып, кейбір
табиғи шикізаттарды мұқтажына сай өңдеп, қажетіне пайдалана білген. Бірақ
ол кезде химияның сырлары әлі құпия болатын, ол өз алдына ғылым болып
қалыптаспаған еді. Бүгінде химия халық шаруашылығының барлық салаларыңда,
күнделікті тұрмысымызға кеңінен еніп отыр. Соңғы кезде жедел қарқынмен дами
бастаған өндіріс салаларының бірі - тұрмыс химиясы. Тұрмыс химиясының
негізгі мақсаты: үй-ішін, жиһаздарды, көрпе-төсекті, киім-кешекті,
қабырғаларды тазалайтын, жуатын құралдар, косметикалық препараттар дайындап
шығару.
Қазақ халқы ерте кезден-ақ күнкөріс тіршілігінде жеңіл өнеркөсіп
химиясын, яғни тамақтар, сусындар дайындау, тері бояу өндірісін қолданған.
Егер күнделікті өмірімізге зер салып пайымдай карасақ, талдап-таразылап
байқасақ, өмірдің әрбір сәтінде химия ғылымының негіздерімен байланысып
жатамыз. Әдетте біз бұған дұрыстап мән беріп, назар аудара бермейміз.
Сонымен күнделікті өмірде кездесетін химияны бұрынғы ата-бабаларымыз
қолданған химиямен байланыстыру оқушының білімін тереңдетіп, химия ғылымына
деген оң көзқарас қалыптастырады.
Халыктық педагогика элементтерін сабақта және сабақтан тыс жұмыстарда
жұйелі түрде оқытудың дәстүрлі емес жаңа әдіс-тәсілдерімен ұштастыра
пайдалану химияны оқытудың тиімділігін арттырып, оқушылардың химиялық
білімді игеруін қамтамасыз етеді және олардың тіл байлығының, ойлау
қабілетінің дамуына, адамгершілік, ұлтжандылық, ұлттық мәдениетті дәріптеу
дағдыларының жетіле түсуіне жол ашады. Ең бастысы, оқушыны жеке тұлға
ретінде қалыптастыруға септігін тигізеді. Демек, халықтық педагогика
элементтерін пайдалану - мазмұндык тұрғыдан білім көздерінің бірі.
Сондықтан ол ғылыми негізде жасалған оқытудың құралын және мектептердің іс-
тәжірибесінде сыналған әдістемені қажет етеді.

ІІ Негізгі бөлім.

ІІ.1. Халықтық педагогика - даналық педагогика

Терең ой, түзу тәжірибесі бар адам ғайыптан хабар береді. Әулие деген
сол болса керек" деген екен Шәкәрім Құдайбердіұлы. Сол сияқты әрбір ұстазды
шәкірті сезінсе, ол үлкен жемісі болып табылады.
Мектеп қабырғасындағы балаларға адамгершілік, имандылық тәрбиесін беру
біздің оқыту процесіміздің ең басты бөлігі болуы тиіс. Тәрбиенің бұл түрін
қалыптастыру үшін тілге тиек етіп, орыс педагогтары Сухомлинский,
Макаренко, грузин педагогы Амонашвили еңбектеріндегі даналық -сездерін
пайдаланып келдік. Ал, өзіміз ізденіп, ұлтымыздың ойлы ағартушылары -
Абайдың, Ахмет Байтұрсыновтың, Ыбырай Алтынсариннің ертегілері мен мысал
әңгімелерін пайдалансақ, мұның өзі бір бүтін педагогика емес пе?
Ойдағыдай, айтулы мақсаттарға жету үшін күнделікті сабақтарымызда:
1. Халқымыздың тарихын, географиялық орнын білдіруге,
таныстыруға;
2. Халық педагогикасын зерттеп, сабақта пайдалануға;
3. Орыс тілімен шұбарланған атаулардың баламаларын, қазақша
нұсқаларын зерттеп, ұғындыруға;
4. Халықтың ұлттық ерекшелігін зерттеп, әдебиетін дамытуға,
мәдениетін кеңшен насихаттауға;
5. Ұлттық әдет-ғұрыпты, салт-дәстүрді қалыптастыруға күш
жұмсауымыз керек.
Өз тәжірибемде халықтық педагогиканың озық үлгілерін қолданамын. Халық
педагогакасының озық үлгілері бұл күнде оқу-тәрбие ісін ізгілендіру және
демократияландыру, түбірдес пәндердің мазмұнын интеграциялап оқыту, ғылым
негіздерін игерту, жаңа-ақпарат технологиясын қолдану, саралап және даралап
оқыту сияқты жаңа талаптармен ұштасып, білім мазмұнына, әдістемелік жүйеге,
оқу жоспарларына, ғылыми зертеулерге жаңа леп, соны ойлар әкелуде. Өз
сабақтарымда халықтық педагика негіздерін үнемі басшылыққа алып отырамын.
Осы мақсатта Жаңа сөз айдары мен Алтын қақпа лингвистикалық ойынын
өткізуді үрдіске айналдырдым. Мысалы: қазақтың 3 санына байланысты ұғымдар
мен 7 киелі санына байланысты атаулар сөз болып отырады. Бұл әрбір оқушының
тіліне, ұлтына, салт-дәстүріне деген махаббатын арттырады.
Қазіргі кезде халқымыздың ұлтық санасы оянып, рухан дамуының жандануы
жан-жақта сипат алып келеді.. Қай кезде, қай уақытта болмасын, ұрпақ
тәрбиесіне үлкен мән беріліп келеді. Қазақ халқының өте әрідегі ата-
бабаларының өмір сүрген -кезінен бастау алып, күні бүгінге дейін кәдесіне
жарап келе жатқан рухани мұраның бірі- халықтық педагогика.
Халықтық педагогика дегеніміз не?
Халық педагогикасы - қазақ халқының сан ғасырдан бергі ата-бабадан
қалған, ұрпақтан-ұрпаққа өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие
жөніндегі, баланы бағып-қағып өсіріп, азамат етіп шығару мәселесі туралы
жинақталған іс-тәжірибесі. Терең мағынасында, ол - адамды зерттеу, жан-
жақты білу, адамдық болмысын анықтау. Халық педагогакасының қағидалары бір
ұрпақтан екінішсіне жалғаса отырып, бірте-бірте сұрыпталып, өңделіп,
қорланып, бай тәжірибемен кемелденіп, (халық айтса, қалт айтпайды) дегендей
дәрежеге жетіп, үнемі дамып отырады.
Халқымыз дәрежеге емес, дәстүрге бағынған. Мәртебесін төрі деп білген,
ізеттілігін келінінен таныған, татулығын абысынынан тапқан, қызын - арға,
ұлын - нарға балаған, дархандығын даласымен өлшеген, еткірлігін - қылышқа,
намысын найзаға теңеген. Балалардың рухани өсіп отыруы назардан тыс
қалмаған.
Өз тәжірибемде бастау алған Ата балаға сыншы дегендей - әкелер
тәрбиесі, Баланы - жастан, келінді – бастан дегендей - әжелер тәрбиесі
сияқты ғасырлар сынынан мүдірмей өткен халықтың тәрбие этикасы замандар
бойы өз жемісін беріп, өмір көшіне ілесіп келеді.
Халқымыздың өткені бүгінге үлгі болсын деген ниетпен жыл сайын
мектебімізде Наурыз мерекесінің қарсаңында ата-аналарды қатыстырып, Аппақ
менің ақ әжем, Әке көрген оқжонар, Қазақтың келіндері-ай, Жігітке
жеті өнерде аз сайыстарын еткізіп отырамын. Осы сайыстар арқылы балалардың
рухани өсіп-отыруына назар аударамын.
Біріншіден, тәрбие басы алдымен әдептілікке үйретуді көздейді.
Екіншіден, олар балаларды қайырымдылыққа, иманды болуға тәрбиелейді.
Үшіншіден, тіл алғыш, елгезек болуға баулиды. Төртіншіден, тазалыққа
жастайынан қалыптастырады. Осы тәрбие түрлерін үнемі пайдаланып отырамын.
Бала тәрбиелеу әрбір ұлағатты ұстаздың іс-тәжірибесіндегі негізгі ұстаным
деп айта аламын. Олар мыналар:
1. Тән мен тазалық тәрбиесі;
2. Еңбек пен өнер тәрбиесі;
3. Ақыл-ой тәрбиесі;
4. Ізгілік пен адамгершілік тәрбиесі;
5. Сыр мен сымбат тәрбиесі.
Менің тәрбием - өз тәжірибем деген айқын ұстанымды әр күнгі
тәрбиемнің негізі етіп аламын. Жақсыдан - үйрен, жаманнан - жирен
дегендей, өз әріптестерімнің, ұлағатты ұстаздардың іс-тәжірибесінен әрқашан
үлгі-өнеге алып бтырамын. Бала тәрбиесі - үлкен еңбек дегенді мектепте
балалармен жұмыс жасайтын адам ғана түсіне, сезіне біледі.

ІІ.2. Халықтық педагогика - тәрбие өзегі.

Қай заманда болса да, адамзат алдында тұратын басты міндеттердің бірі
- есті де еңбек сүйгіш, қайырымды бала тәрбиелеу. Әр халық өз ұрпағының
адал, үлкенді құрметтейтін, әділ, ержүрек, ізгі ниетті, ар-ожданды болып
өсуін калайды. Бұл мәселені өзінің тұрмыс-салтына байланысты шешіп отырған.
Ол үшін ғасырлар бойы қолданылып, сұрыпталып, сыннан өткен салт-дәстүрлерді
педагогикалық әдіс-тәсіл ретінде пайдаланып келген. Қай ұлттың болса да
халықтық педагогикасына үңіліп, осыны көруге болады.
Қазақ халқының да бала тәрбиесі жөнінде атам заманнан жиып-терген мол
тәжірибесі, зандылықтары бар. Халық өз бойындағы ең жақсы қасиеттерін
жеткіншек ұрпаққа күнделікті тұрмыста үйретіп, оның бойына сіңіріп отырады.
Тәрбие тек мектеп қабырғасында ғана болмайтыны анық. Ананың бесік жырынан
бастап о дүниеге жөнелгенше адам өмірі үйренумен өтетіндігінде дау жоқ.
Ежелгі 622 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін мұсылман халықтарының
тәрбиесіне басшылық етіп келген қағидалы да ұлағатты сөздері халықтық
педагогиканың негізін қалаған, түпкі нұсқасы болған. Мұхаммед Пайғамбардың
сөздері, өнегелі істері туралы баяндалып, таңдаулы хадистері өмірмен
ұштастырыла, халықтық педагогиканың нұскалары жасалды. Бұл педагогика -
өмір тәжірибесінен өткен, тұндырылған жұйелі түрде реттелген тәлімдік
тәрбие нұсқасы. Барлық тәрбие негізі Ислам дінімен тікелей байланысты
болды. Бұл бағыт - ғасырлар бойғы тәрбиенің тазартылған тұнығы.
Х-ХІІ ғасырда бүкіл адамзаттың мәдениеті мен әдебиетіне жаңа үн беріп,
түрлендіріп байытушы біртуар алып тұлғалар дүниеге келді. Омар Хайам, Әл-
Фараби, Махмұд Қашкари, Қожа Ахмет Иассауи, Жүсіп Баласағұн сияқты
ғалымдардың ғылыми еңбектері әр түрлі қырынан танылып, әлем жұртшылығына
мәлім бола бастады. Батыстың педагог ғалымдары бала тәрбиесіне, оның мінез-
кұлық, этика мәселелеріне қаншалықты көңіл белсе, шығыс ғалымдары да бала
тәрбиесіне соншалықты үлкен мән беріп отырған. Бұл аты аталған ғалымдар
тәрбиенің қай кезден, қандай ортадан басталатынын қадағалап, ұрпаққа
берілетін тәрбие тек ата-аналар мен ұстаздар қауымына ғана міндетті емес,
ол - бүкілхалықтық іс екенін айқындаған.
Қазақ халқының тұңғыш ағартушысы Ыбырай Алтынсарин де осы ұлгіден
тысқары шыққан жоқ. Оның көптеген шығармаларынан шығыстық тәрбие үлгісі
айқын сезіліп тұрады. Ғалымдар торбиенің қай саласын сөз етсе де, дінді
одан алшақтанады. Өнерге де тыйым салмады. Олар жалпыға пәрменді тәрбие
үшін Алланың бірлігіне, пайғамбардың хақтығына көз жеткізіп, иландырып
алуды басты мақсат тұтты.
Әрбір жан иесі – адам ер болсын, әйел болсын, өз туған халқының дінін,
тілін, ата мирасын, салт-санасын, дәстүрін, мұрасын, тәртіп-тазалығын,
елінін бүгінгісі мен келешегінін бүтіндігін, халқының арманы мен мүддесін
қорғауға, оны дамытып жетілдіруге адал ниет, ақ пейілмен қызмет етіп, елін,
жерін жаны мен қорғауға тиісті ден білмек керек. Әрбір адам қай кезде
болсын, кімге болсын жақсылық істеуді жадынан шығармағаны дұрыс. Жақсылықты
жалпы халыққа жасаған абзал Әркім әрқашан өзіне абай болмақ керек.
Керісінше сөйлемей, теріс ой ойламау кажет. Біреудің істеген енбегін зая
кетірмей, еңбегіне қарай бағасын беру керек. Жақсылықты ең алдымен өз
жақынына істе. Қарт-қарияларды ізет-құрмет көрсетіп сыйлай біл.
Білмегеніңді үйренуден намыстанба, үйрене білсең, өкініштен аулақ боларсың.
Халықтың жақсы-жаман істері мен мінез-кұлқына көз қырын салып, олардың
пайдалы және зиянды істерінің қандай нәтиже беретінін бақылап, ой елегінен
өткізу керек.
Кім де кім өнерсіз болса, ол өнегесіз. Оның ешкімге пайдасы тимейді.
Ондайлар бұтасы бар да, көлеңкесі жоқ, сиықсыз ағаш тәрізді. Өзіне де,
өзгеге де пайдасыз болады. Сол үшін де өнерге ұмтылып, оны таңдай білу
керек.
Адам өзін-өзі билеп, өнер-білім үйренген жағдайда ғана баянды бақытқа
қолы жетеді. Жалпы, білім мен өнердің негізгі арқауы-әдеп, қанағат, ұят,
пәктік, ұстамдылық, мейірімділік, иман екен.
Қазақтың халықтық педагогикасы бұл - ұлан-ғайыр, шалқып жатқан мұхит
сияқты кең дүние.
Халықтық педагогиканың негізгі мақсаты - жастардың бойына көргенділік,
еңбек-сүйгіштік, карапайымдылық сияқты жақсы қасиеттерді дарыту, болашақта
еліміздің тізгінін ұстайтын жастарды тәрбиелеу.
Әлем әдебиетінің алтын қорына сарқылмас үлес косқан алып Абайдың
педагогикалық көзқарасы, бала тәрбиесі жайлы нақыл сөздері - ұлкен қазына
болса, Абайдың поэзия саласындағы қатарласы - Мағжан Жұмабаев тек ұлы ақын
ғана емес, сонымен қатар қазақтың ұлы педагогінің бірі. Оған дәлел -оның
педагогика саласындағы дәрістері мен еңбектері.
1922 жылы өзінің осы Педагогика еңбегі жайлы ол: шамам келгенше
қазақ жанына қабыстыруға тырыстым, – деп жазады. Тек қазақ педагогикасымен
шектелмей, сол кездегі алдыңғы қатарлы әлем, орыс, Ертеде Рим, грек
ғалымдарының еңбектерімен етене таныс болған. Әсіресе, мұғалімдерге аса
қамқор болуға, оны сыйлауға, үлкен құрмет көрсетуге шақырады. Баланы өмірге
келген бірінші минутынан бастап оқытпайды, тәрбиелейді, бала өмірі
тәрбиеден басталады. Сондықтан да болар баланы жастан деп қазақ тегін
айтпаса керек.
Тәрбиені 4 түрге бөледі: дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық
тәрбиесі, құлық тәрбиесі. Егер де адам баласына осы төрт тәрбие тегіс
берілсе, оның тәрбиесі тұгел болғаны, - дейді.
Әлемдік педагогиканы меңзей отырып, Мағжан халықтық педагогиканы
есінен бір сәт шығармайды. Оны жалпы педагогиканың ең негізі етіп қояды.
Бала тәрбиесінде ұлттық педагогиканың алатын орны ерекше екенін мысалдар
келтіре отырып дәлелдейді. Ұлттық педагогиканың құнды жақтарын пайымдап аша
отырып, оның кем-кетіктерін, жаман жақтарынан безуге шақырады.
Әр елдің ұлттық мектебі, педагогикасы, ұлттық тәрбие, оқуы болуы
керек. Халықтық тәрбиесіз бүгінгі жас жеткін-шектерді өз елін, халқын,
тарихын, мәдениетін сүюге тәрбиелеу мүмкін емес.
Мағжан тіл туралы ерекше тоқталып, үлкен сезіммен жазған: Тілсіз ұлт,
тілінен айырылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт
кұрымақ.Ұлтының ұлт болуы үшін бірінші шарт - тіл болуы. Ұлттың тілі кеми
бастауы ұлттың құри бастағанын көрсетеді...
Адам шын ізгі адам боламын десе, халык ісі, халық пайдасы жолында
құрбан бола білсін деген өсиет айтады. Тұрмыста түйінді мәселелерді тез
шеше білетіп, тұрмыстың тұнғиық теңізін қалың қайратпен кеше білетін,
адамзат дүниесінің керек бір мүшесі бола алатын төрт жағы түгел кісі қылып
шығару, баланы мұндай адам қыла алу үшін тәрбиеші бар күшін, бар күшін
жұмсап, жалықпай, шаршамай үйрете білу керек, - деп жазды ақын, педагог
М.Жұмабаев.
Көрнекті ақын М.Әлімбаев ұзақ жылдық тәлімгерлік ой-пікірлердің
жиынтығы ретінде Халық - ғажап тәлімгер атты педагогикалық ой түйіні
туралы еңбегі жарық көрді. Бұл еңбегінде ақын қазақ халқының мақал-
мәтелдері мен қара өлеңдеріндегі халықтық педагогика мен Абай поэзиясындағы
азаматтық тағылым хақында сөз қозғаған.
Халық тағылымдарының фольклорлық шығармалардан, этнографиялық
материалдардан, ұлттық салт-дәстүр мен ойын түрлерінен өзекті орын алу
себебін аша келіп, оны халықтың күнделікті тұрмыс-тіршілігімен
байланысты өрбіп, бала тәрбиелеудегі педагогикалық мақсат-мүддесінен
туындайтынын жақсы ашып керсеткен.
Ұл он беске келгенде қолға ұстаған қобызың,
Ұл он бестен асқан соң, тіл алмаса, доңызың деген мақал-мәтелдерді
талдай отырып, бала тәрбиесіне ата-ананың байланысты екенін, дұрыс тәрбие
бере білген ата-ана оны бабына келтіріп, колға ұстаған музыкалық аспаптай
сайрата білетінін, ал дұрыс тәрбие бермесе, баланы бұзып, алып, кейін оның
жейтінін ескертеді. Бұл пікір ойшыл педагогтардың ...тәрбиеде үлкен мән-
мағына жатыр, баланы елін сүйер нағыз ер ету де, қолынан ештеңе келмейтін
ез ету де тәрбиеге байланысты деген ұлағатты өсиеттерімен ұштасып жатыр.
Қазақ халқының ежелден үл тәрбиесі мен кыз тәрбиесі бөліп қарауы, бала
тәрбиесіндегі отбасының, жолдас-жораның рөлі де автор назарынан тыс
қалмаған.
Өкінішке орай, бүгінгі күнге дейін отбасы үлкендерінің баланы 40-ка
келгенше, бала деп өбектей қарап, шырылдап бөйек болатыны немесе айттым
бітті, кестім үзілді деп өктем сөйлеп, өз сөзін үкім ретінде қолданатын
ата-аналардың да бар екені белгілі.
Ақын бұл жерде бала тәрбиесі бақ ағашын күтуші бағбан ісімен пара-пар
екенін айта келе, халқымыздың балаңа бес жасқа дейін падишаңдай қара, он
бес жасқа дейін көмекшіңдей қара, он бестен асқан соң ақылшы досым деп
сана деген өсиетін естен шығармау керек екенін орынды еске салады.
Тәрбие тілден басталатыны, білім мен өнердің оқу, тоқу, талаптану
арқылы келетінінің айта келіп Білімсіз бұлдіреді, ата-анасын күйдіреді,
Білімдіге өміріңді байла деген халық қағидаларын ұстанады. Білім мен
тәрбие ордасы - мектеп, ал білімгер ұлы тұлға – ұстаз бойынан білімділік,
әділділік, талап қойғыштық, ұстамдылық сияқты қасиеттердің үнемі көрінуін
қалайтынын жазады.
Елім деп еңіреген ұлдың алдына халықтың қояр талабын таңдап бере
білген. Ар, намыс ерліктің жүректегі отын тұтатар оттығы екенін жақсы
талдаған.
Таланттың тәрбиемен жетілетіні, мақсатқа жету үшін, таланттың жемісін
көру үшін үздіксіз ізденістің, еңбектенудің қажет екенін жастардың есіне
салады. Алып та халықтан үйренеді деп парасатты ой пайымдайды.
Халық педагогикасы, ұлттық сана - сезімнің өсуі өз халқының тарихына,
өның мәдени қазыналарына, дәстүріне деген ықыласты оятты.
Халық ұғымында адамгершілік қасиеттің өзекті мәселесі – қайырымдылық
пен қайырымсыздық, жақсылық пен жамандық, ерлік пен өздік-адамдық
қасиеттердің бір-біріне қарама-қарсы сипаттары.
Халық даналығы жақсы мен жаманды салыстыра суреттеп, жақсының
жақсылығын халқына тигізер пайдасына қарай бағалайды.
Есте жоқ ескі заманнан бері халқымыз жыл мезгілінің, күн тәулігінін
қай кезінде болсын құдайы қонақпын деп келген адамды танысын-танымасын
құрақ ұшып қарсы алып, барын беруді бұлжымас дәстүр етіп ұстантан. Бұл
қазақтың меймандостық дархандығын ғана емес, жанының жайсаң, адамдық
рухының биіктігіне дәлел.
Ата-бабалардың тәрбиелік дәрісін кұндақта жатқан күнінен естіп өскен
есті ұрпақ ержүрек, мәрт мінез, ақкөңіл, дархан мінезді халқына лайық болып
өсетіні анық. Кешегі Ұлы Отан соғысында жауға күйрете соққы берген Бауыржан
Момышұлы, Төлеген Тоқтаров, Мәлік Ғабдуллин, Нүркен Әбдіров, Мәншүк
Мәметова, Әлия Молдағұлова сияқты батыр ұл-қыздарының ерлік істері - мұның
айқын айғағы. Қиын-қыстау, тар жол, тайғақ кешулерде оларды алға жетелеген
асыл мұраттардың қайнар көзі - алтын бесігіне дарыған тәрбиесінде,
адамгершілікті марапаттайтын бесік жырының әдемі әуенінде, уызына жарып
ескен құдіретті ана тілінде еді.
Бүгінгі күнгі басты мақсат-халқымыздың ізгі адамгершілік қасиеттерін
бойына сіңіріп, оқушылардың имандылық мінез-құлқын қалыптастыру,
ізеттілікке тәрбиелеу.

ІІ.3. Сабақта грамматикалық ұғымдарды халықтық педагогика негізінде
оқыту

Ұрпақтардың ұлттық сана-сезімін тәрбиелеп, ұлттық дүниетанымын байыту
оқу пәндерін оқытудың негізгі ажырамас міндеттерінің бірі болуы тиіс. Өмір
мен қоғам жас ұрпақты өз халқын, елін, жерін, әдеби-мәдени мұраларын сүюге,
отаншылдыққа тәрбиелеу халқымыздың салт-дәстүрлерін, даналығын, тұрмыс-
тіршілігін танытуды дұрыс жолға қоюды қажет етеді.
К.Ушинский Халықтық тәрбиенің тәжірибелерінен тыс жерде педагогика да
жоқ, педагог та жоқ деген еді.
Кез келген халықтың тәлім-терлік тәжірибесі тарихи-әлеуметтік, мәдени
этнографиялық құбылыстардың ықпалымен қалыптасады.
Ұлттық сана-сезімді, дүниетанымды, тәлімгерлік тәжірибелерді ерте
дәуірден дуниетанымдық ұғым-түсініктермен диалектикалық байланыста
қарастырғанда ғана оның тәрбиелік мәні ашыла түспек.
Грамматикалық ұғымдарды таныту, олар жөнінде оқушылардың білім-
дағдыларын қалыптастыру барысында ұлттық тәлім-тәрбиелік, дүниетанымдық
нақыл сөздер, бата сөздер, шешендік сөздердің үлгілерін де тиімді
пайдалануға көңіл бөлінгені дұрыс.
Мына нақыл сөздердің мәні тым тереңде жатқаны мәлім.
1. Үш қуат: ақыл, жүрек, тіл.
2. Үш даусыз: мінез, кәрілік, ажал.
3. Үш арсыз: ұйқы, тамақ, күлкі.
4. Үш алыс: кәрі мен жас, жақсы мен жаман, биік пен төмен.
5. Үш тәтті: жан, мал, жар.
6. Үш мұрат: жол мұраты – жету, дау мұраты – біту, қыз мүраты - кету.
7. Үш тоқтам: ақыл – арқан, ой – еріс, адам – қазық.
8. Бес асыл: талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым.
9. Бес дұшпан: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ.
10. Жеті ата: әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.
11. Жеті жоқ: жерде өлшеуіш жоқ, аспанда тіреуіш жоқ, таста тамыр жоқ,
тасбақада талақ жоқ, Аллада бауыр жоқ, жылқыда өт жоқ, аққуда сүт
жоқ.
12. Жеті ғалам: күншығыс, күнбатыс, түстік, терістік, аспан (жоғарғы
ғалам), жер (орта ғалам), жер асты (төменгі ғалам).
13. Жеті жұт: құрғақшылық, аштық, өрт, оба, соғыс, топан су, зілзала.
14. Жеті қазына: ер жігіт, сұлу әйел, ақыл-білім, жүйрік ат, қыран
бүркіт, берен мылтық, жүйрік тазы.
Тыйым сөздер – халықтың тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге, ақыл-кеңес берудегі
тәрбие құралдарының бірі. Кез келген саналы адам қоғамы тыйымсыз болмайды.
Өйткені, салт-дәстүр, наным-сенім, моралдық-этикалық және құқықтық қалыптар
сияқты тыйым да әрбір әлеуметтік ортаны реттеп отыруға, адамдарды белгілі
бір мақсатқа жұмылдыруға, сол арқылы қоғамдық жарасымдылық орнығуына қызмет
етеді.
Тыйымсыз елдің жастары дуана деп айтылатын қазақ мәтелінің астарында
қоғамдық тәжірибеден туындаған ой-тұжырым жатыр.
Қарапайым тыйымның өзі этикалық қалыптан туындап жатады. Тыйым,
негізінен, балаларға арналып, өзара жаман әдет, жат пиғыл, ерсі қимыл,
әдепсіз істерден сақтандыруда өте үлкен қызмет атқарады.
Тыйым сөздердің мән-мағынасына қарай бірнеше түрге жіктеуге болады.
1. Адамгершілікке тәрбиелеу (имандылық ишараты). Оның
көрсеткіштері: адамдық, қайырымдылық, үлкенді құрметтеу,
сыйлау, көргенсіздікті тыю, өтірік айтпау, т.б.
Оған байланысты тыйымдар. Біреуді алдама! Кісі ақысын жеме! Үлкен
кісінің жолын кеспе! Сәлем бер! Адамға қарап күлме! Үйге сыртыңмен кірме!
Бір қолыңмен нан үзбе! Нан ұнтағын тастама! Үйіңе келгенге үйдей дауынды
айтпа!
2. Экологиялық тәрбиеге байланысты тыйым сөздер: жан-
жануарға, өсімдіктер дүниесіне, табиғатқа қатысты
айтылады. Олар: малды теппе, көкті жұлма, құстың ұясын
бұзба, жұлдызды санама, т.б. М.Әлімбаевтың балаларға
арнап жазған өлең шумақтарын да сабақта тыйым сөз
ретінде қолдануға болады.
Ұнасын, ұнамасын,
Шаршасаң сәл-пәл аялда,
Бірақ та жерді таянба.
Жақтыр, мейлі жақтырма,
Нанды жерге лақтырма.
Құр беталды ермекке,
Құр бесікті тербетпе.
Адамдарды санама,
Түнде айнаға қарама.
Қазақ халқының ұлттық мәдени игіліктерінің ішінде, елдің рухани
қазынасында бата сөздердің мән-мағынасы, қадір-қасиеті айрықша бағалы.
Өйткені, ол - санамызға сіңісті, жанымызға жұғымды, ой-санамызға нұрлы шуақ
сыйлап, сілкіндіріп серпілтетін, марқайтып, қанаттандыратын ақыл, нақыл
сөздердің бастау бұлағы.
Аталардың қасиетті өсиеті – замандар мен ғасырлар бойы мысқылдап
жинақталған, ақыл елегінен өткізіліп тексерілген өмір тәжірибесінің, тарихи
санасының даналық қорытындысы, адамгершіліктің ереже-қағидасы тәрізді.
Халықтың тілек-бата сөздері жеткіншек жас ұрпақты әдепті, сабырлы,
зерделі, арлы болып өсуге баулиды.
Белгілі бір этикалық, эстетикалық, педагогикалық жүйемен құралған
тілек-бата сөздер – халықтың өзімен бірге жасасып келе жатқан ежелгі
мұрасы.
Сондықтан да, бата сөздерді пайдалана отырып та грамматикалық ұғымдар
жөнінде мәлімет беру, грамматикалық талдаулар жасаудың танымдық та,
тәрбиелік те мәні мол.
Сондай-ақ, халық ауыз әдебиеті үлгілеріндегі танымдық тәрбиелік мәнді
сөйлемдер, мақал-мәтелдерді грамматикалық ұғымдарды танытуда қолданудың
мәні зор. Мәселен, бастауыш сыныптарда сөз таптарын қайталауда мына тәрізді
мақал-мәтелдерді талдауға болады.
Жақсы ай мен күндей,
Әлемге бірдей.
Жақсылардың үлгісі,
Жанып тұрған шамдай.
Шешендердің сөздері,
Ағып тұрған балдай.
Жаманға жалынба,
Адамға табынба.
Жақсымен жүрсең,
Жақсымен жақсы боларсың.
Жаманмен жүрсең,
Жын ұрып, бақсы боларсың.
Халық даналылығын бейнелейтін осындай тәлім-тәрбиелік сөз өрнегінің
мән-мағынасын оқушыларға түсіндіре отырып, тиісті грамматикалық ұғымдардың
негізгі белгілерін таныту, грамматикалық талдау, тіл дамыту жұмыстарын
жүргізудің білімдік те, тәлімгерлік те мәні зор.
Халқымыз рухани асыл қазынасының алуан түрлерін салтында, ғұрпында
сақтаған. Сондықтан одан үйрену, үлгі алу - бүгінгі ұрпақ үшін кезек
күттірмес жауапты іс. Ал бұл тұрғыда мектеп өміріңде мұғалімдер жүйелі
түрде жұмысқа кірісуі керек. Әр сабақ, әр тәрбиелік шара ата салтымыздың
неше түрлі қорларын ашуға, жоғалуға айналып бара хатқан жақтарын еске
түсіруге, оларды насихаттауға үлес қосатындай ұйымдастырылуы керек.
Өзімнің осы бағытта жұмыс жүргізгеніме 2-3 жыл болды. Алғашқы кезде
қиындығы кездескенімен, қазір еңбегімнің бос кетпегенін көре
бастағандаймын.
Әр сабақ көрнекілік түрінде болсын, сөйлем талдауға, белгілі бір
тапсырмалар орындату үшін алынған шағын мәтіндер түрінде болсын үнемі
халықтық педагогикаға негізделеді. Енді сондай сабақтарымнан кейбір
үзіңділерді келтірейін.
6-сыныпта қазақ тілінен Сөз тұлғасы тақырыбын өткенде тақтаға мына
мәтін ілінді.
Қымыз - халқымыздың бірнеше ғасырлар бойы үідіксіз пайдаланып келе
жатқан ұлттық тағамы. Ол тек тағам емес, сонымен қатар халықтың қасиетін,
дәулетін, салтанатын, байлығын, мырзалығын, дастархан берекесін білдіретін
ырыс белгісі. Басқа тағамдарға қарағанда қымызды дайындаудың тәсілдері,салт-
дәстүрлері, ырымдары мен кәдежоралары көп.
Сұрақ: Қымыз неден жасалады?
Жауап: Қымыз жылқы сүтінен жасалады.
Сұрақ: Сүт алынатын жылқының түрі қалай аталады?
Жауап: Сүт биеден алынады.
Сұрақ: Қымыз тек тағам ретінде ғана пайдаланыла ма, оны тағы қандай
мақсатта қолданады?
Жауап: Қымыздың емдік қасиеті мол. Ол - шипалы сусын, әлсізге әл
береді.
Осы мәтін бойынша тапсырмалар
1) Жұрнақ арқылы жасалған сөздерді табындар (байлық, мырзалық, т.б.)
2) Қосарланған сөздерді табындар (салт-дәстүр, кәде-жоралар, т.б.)

"Алпамыс батыр" жырында "Біреу мосыға шай қайнатып отыр" деген жолдар
бар.
Қазақ халқында мосы көп пайдаланылган. Мосы - тұрмыстық заттың бір
түрі. Көшіп-қонып жүрген ата-бабаларымыз кез-келген жерде бел шешіп,
даладан тамақтанып, шайсу қайнатып ішіп, сапарларын әрі қарай жалғастырып
отырған. Осы кезде мосы тиімді болған. Мосы - ыдысты іліп отқа қоятын,
темірден жасалған үш аяқты мүлік.
Тағы да осы жырда "Құйрық жеп, бетке ұн жағу осылардан қалған, ірге
басып, қалыңдық ойнау да солардан қалған" делінген. Бұған байланысты
мынадай түсіндіру мәтінін алып келуге болады.
Құдаласу үстіндегі ең жауапты сәттің бірі - құйрық-бауыр асату. Қыз
әкесі құйрық пен бауырды ұсақтап тұрап, алдымен құдаларына асатып, содан
соң өздері асайды. Бұл екі жақ енді бауыр-туыс болады деген сөз. Құйрық-
бауыр асатысқан соң дәстур бойынша ешқашан уәдені бұзуға болмайды.
Осы тойдың, құдалықтың қызған сәтінде "Қуаныштарың құтты болсын!" деп
бір топ әйел кіріп келіп, шашуды сылтау етіп, құдаларға үлкенді-кішілі
құрттарды жаудырады. Шашу үстінде басы жарылып, көзі іссе де ешкім
ренжімеуге тиіс. Әйелдер шашудан соң қонақтарга жеке-жеке талап қойып,
біріне ән салдырса, екіишісіне күй тартқызып, жаңылтпаш айттырады. Талапты
орындай алмағандары тиесілі жазаларын алады. Бірінің үстіне суық су құйып,
бетіне күйе, ұн, балшық жағады. Қаншама қиын талап қойылса да, құдалар
мойын ұсынып, артын өзілге бұрып, тапқырлық көрсетулері керек.
Жырды мәнерлеп оқу кезінде осындай сөздер кездессе түсінік беруді
міндетті түрде жүргізіп отырған дұрыс. Әрине әдебиет сабағында тақырыпқа
сай келетін мақал-мәтел жинақтап келу, салт-дәстүр, әдет-ғұрыпқа байланысты
шығармалар жазу - жиі кездесетін жұмыстар. Олар арқылы да баланың өз ұлты
туралы танымы молаятыны түсінікті.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруда халықтық педагогика идеяларын пайдаланудың педагогикалық шарттары
Болашақ мұғалімдердің этнопедагогикалық мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық негіздері
Студенттердің қарым-қатынас мәдениетін қалыптастырудың пеагогикалық негізін анықтап, қазіргі жоғары мектеп оқу-тәрбие процесінде пайдалану жөнінде әдістемелік ұсыныстар жасау
Ұлт мәдениетінің жеке тұлғаның дамуына тигізер әсері
Болашақ бастауыш сынып мүғалімдерін этнопедагогикалық дайындау жүйесі
Жоғары оқу орындарындағы әскери кафедрада оқитын студенттердің тұлғасын қалыптастыруда халықтық педагогика элементтерін пайдалану
Халықтық педагогиканың тәрбиелік құралдарын отбасылық және биология сабақтарында қолдану жағдайларын зерттеу
Болашақ мұғалімдерді даярлауда қазақ халық этнопедагогикалық білім берудің мазмұны
Этнопедагогикалық білім беру жайлы
Кәсіптік білім беруде қазіргі заман талаптарына сай халықтық педагогика элементтері мүмкіндіктерін қолданудың теориялық негіздері
Пәндер