Мұғалім бойындағы негізгі қасиеттері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Мен үшін жақсы мұғалім бәрінен де артық, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі, -деп ХІХ ғасырда өмір сүрген ағартушы педагог Ыбырай Алтынсарин айтқандай, шындығында мұғалімдік қаншалықты маңызды екендігін түсінесің. Кейде, мұғалім болу кез-келгеннің қолынан келетін оңай мамандық тәрізді көрінеді. Білім саласы бойынша берілген стандарттарды орындап, оқу жоспарымен жұмыс жүргізу, берілген тапсырмаларды жүзеге асыру, алдына келген оқушыға білім беру - бұл әрбір мұғалім өміріндегі күнделікті процесс. Қазіргі таңда оқушы бойына қалыптастыратын дағдылар- тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым бойынша қаншама жұмыстар атқарылып жатыр, заман талабынан қалыспай мұғалім де күннен - күнге жетіліп, біліктіліктерін арттырып, дәрежелерін көтеруде. Сөз жоқ, заман ағымына ілесу, бәсекелестікке төтеп беру жолында еңбек ету біздің басты міндеттеріміздің бірі болып табылады. Себебі, мұғалімдер қауымы еліміздің болашағын жасап, көзі ашық, сапалы да, саналы ұрпақты тәрбиелеу жолында көп ізденістер жасауда. Десек те, оқытып, тәрбиелеп отырмыз деген үрдіс бойынша айтылып, кейде байқап жүргеніміздей, үлгі болар ұлы тұлға ұстаздарымыз қағазбастылықтың құрбанына айналып, алдына келген баланың бетіне қарауға мұршасы жоқ күй кешіп жүргендей. Яғни, бізде біржақты іс-әрекет іске асып жатқан тәрізді. Тәрбие жағы оқытудың көлеңкесінде, жабық күйінде қалып бара жатыр.
Әрбір адам мұғалімдік мамандығына келерде , сол мамандыққа лайықтымын ба?,- деген сұрақты өз-өзіне қойғаны жөн. Ол өзінің білімімен бірге үлкен жүрегінің барын сезінуі керек.
Бүгінгі таңда мұғалімнің неге қадір-қасиеті төмендеп барады?,- деп ойланып қоямыз. Содан мынадай ой келеді, балаға иландырып айтар бір ауыз ақыл сөзі жоқ, дәлелді ойы жоқ, өзін оқушыға сыйлата білетін қасиеті жоқ, мұғалімдікке тек табыс табудың көзі ретінде біржақты қарайтын мұғалімдеріміз көбейді. Біліктілік санатына алатын ақшасы үшін көтеретіндер аз емес. Ал санат деген мұғалімнің өз тәжірибесіндегі ар- абырой дәрежесінің көрсеткіші емес пе?
Мұғалім ең жауапты міндет орындайды, ол адамды қалыптастырады деген Калининнің сөзімен толықтай келісуге болады. Расында, оқушы мұғалімнің айнасы іспеттес. Біз нені ексек, соны орамыз. Біздің қандай да бір қателігіміз болса, оны оқушының бейнесінен көреміз. Яғни олардың кемшілігі болса, кінәні өзімізден іздеуге тиіспіз. Мұғалім философ, психолог, данышпан, көреген және тілі бай, сөзге шешен болуға міндетті. Нағыз мұғалімнің бойында біріншіден осы қасиеттер болу керек. Алдыңдағы әрбір оқушыны танып, зерттеп, көзқарасынан не ойлап отырғанын ұғынып отыру, сөз саптау шеберлігі арқылы оқушыны баурап алу мұғалімнің бойына тән қасиет. Тіл- қару демекші, мәнді сөз айтып баланың жүрегіне жету өз қолымызда. Оқытушы әлеуметтік әділеттіктің , адамгершіліктің жаршысы болуға тиіс деп көрсеткен жазушы С.Көбеев. Мұғалімнің бойында әділеттік, адалдық айқын көрініс тапқаны абзал. Барлық бала біз үшін бірдей, себебі әр баланың өзіндік артықшылығы мен кемшілігі бар. Бала адалдықты, ақ пен қараны тек мұғалімнің айтуымен қабылдайды. Оқушы бала болса да, әр мұғалімге сыни көзқараспен қарап, кімнің қандай мұғалім екенін біліп отырады. А.П. Чеховтың мынадай сөзі бар екен Өзіңді қарапайым жылы лебізіңмен сыйлата білмесең, құр қаталдықтан түк те шықпайды деген. Ал, ғұлама Абай атамыз Адамның адамгершілігі жақсы ұстаздан болады деп айтып кеткен екен.
Зерттеу жұмысының объектісі - Мұғалімнің кәсіби және тұлғалық-іскерлік қасиеттерін айқындау және де оған қойылатын талаптар.
Зерттеу жұмысының пәні - мұғалімнің жетекші қадір-қасиеттерін қалыптастыру.
Мақсаты: Мұғалімнің жетекші қадір-қасиеттерін тәрбиелеуде қолданатын әдіс-тәсілдері, қасиеттердің маңыздылығын талдау.
Міндеттері:
oo Білім беру мекемелеріндегі педагогтар ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық үйлесімділікке атсалысу;
oo Мұғалімдердің интеллектуалдық және тұлғалық дамуына әсер ету.
oo Өзін-өзі тәрбиелеудегі негізгі мәселелерді анықтап, олардың шығу ошақтарын айқындау және шешу жолдары мен әдістерін айқындау.
Tақыpыптың зepттелy деңгейi. Жүргізілген зерттеулер үш кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең - зерттеу мәселелерін қарастыру мен қойылым қою; зерттелетін тақырып бойынша мұғалімнің тұлғалық қасиеттерін сипаттау және жіктеу; зерттеудің тұжырымдамасын айқындау.
Зерттеудің бірінші кезеңінде педогогикалық зерттеудің келесі әдістері қолданылған: тарихи және логикалық талдау әдісі, тарихи және дерек көздерінің теоретикалық талдауы; отандық және шет елдік зерттеу жұмыстарының және заманауй мерзімді басылымдардың материалдары.
Екінші кезең - мұғалімдердің жетекші қадір-қасиеттерін теориялық негізін құрау: алынған фактілерді талдау, интерпретациялау; зерттеу нәтижелерін нақтылау.
Үшінші кезең - мұғалімдердің өзін-өзі тәрбиелеу жолдарын анықтау, қойылатын міндеттерді қарастыру, нақты мәліметтердің салыстырмалы талдау; қорытындыларды тұжырымдау және зерттеу жұмысын рәсімдеу.
Зерттеу жұмысының деректік негізі.
1) Салыстырмалы педогогика бойынша ғалымдар мен мамандардың жұмыстары (Коджаспирова Г.М., Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д., Елканов С.Б. және басқалары);
2) Заңнамалық, құқықтық-нормативтік құжаттар (жарлықтар, заңдар, қаулылар, бұйрықтар, нормативтік актілер мен ережелер, білім беруді дамыту тұжырымдамасы, білім беруді дамытудың стратегиялық бағдарламасы, білім беру стандарттары) және халықаралық ұйымдардың құжаттары (БҰҰ, ЮНЕСКО, ЮНИСЕФ);
3) Зерттелетін мәселе бойынша тарихи-педогогикалық зертеулері (А.Сухомлинский, Грехнев В.С., Зязюн Г.М., Синица И.Е. және басқалары);
4) Ресей және Қазақстан зерттеушілерінің ғылыми-педогогикалық еңбектері (Ж.Б. Амерханова, Р.Б. Ахмедова, К.Б. Бержанов, А.К. Богенбаева, Г.К. Задорожный, А.К. Игибаева, К.К. Кунантаева, О.Д. Мукаева, К.В. Романенчук, А.И. Сембаев, Т.Т. Тажибаев, Г.М. Храпченков, В.Г. Храпченков, И.Н. Шевченко және басқалары);
5) Отандық және Ресейлік мерзімді басылымдар (Педагогика", "Альма Матер", "Народное образование", "Қазақстанның Педагогикалық хабаршысы", "Средняя школа Казахстана", "Ашық мектеп", "Шығармашылық педагогика", "Білім", "Столичное образование", "Іздеу", "Евразия" және т.б.);
6) Қазақстан және Ресейдің педагогика туралы жыл сайынғы есебінің статистикалық жинағы;
7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік web-сайттары: Қазақстан Республикасының ғылым және білім министрлігінің сайты, - www.edu.gov.kz, Қазақстан Республикасы Президентінің ресми сайты, - www.akorda.kz, Сорос - Қазақстан қоры - www.bilim.kz, білім беруді ақпараттандыру бойынша республикалық ғылыми-әдістемелік орталық - www.unesco.kz, білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары Ұлттық орталығы - www.testcenter.kz, Дарын республикалық дарынды балалар мектебі - www.daryn.kz, Болашақ президенттік бағдарламасы - www.bolashak.kz;
8) Оқу-әдістемелік және бағдарламалық құжаттамалар ( оқу жоспарлары, бағдарламалар, оқулықтар).
Зерттеу жұмысының әдіснамалық негізі. Диссертациялық жұмысымыздың идеялық мазмұнын толық ашу үшін өз елімізбен қатар басқа да өркениетті елдердің еңбектерінен қысқаша түйінді мәліметтер келтірдік. Зерттеудің әдістемелік негізіне әдістемелік және салыстырмалы педогогика тарихының еңбектері жатады (А.Сухомлинский, Грехнев В.С., Зязюн Г.М., Синица И.Е. және басқалары); жүйелі тәсіл, оның ерекшелігіне салыстырмалы педогогикадағы мұғалімге тікелей әсер ететін басқа әлеуметтік жүйелерге байланысты кез келген фактілер мен оқиғалайды зерттеу жатады (Коджаспирова Г.М., Кан-Калик В.А., Никандаров Н.Д.); мұғалімдердің жетекші қасиеттерін тәрбиелеуде қолданылатын әдіс тәсілдер, түрлері және бағыттарын айқындау (Г.Жусанбаева., Ұ.Қалилаханова, М.Жанбөбекова, К.Төребаева); өркениеттік тәсіл, педогогикалық процестерді тарихи дамуы мен сабақтастығы арқылы қарастыруға мүмкіндік береді (Елеусізова С., Мұқанов М., Е.В.Бондарева).
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Білім беру ұйымдарында басшылықты іріктеу жүйесінің шетелдік тәжірибелермен салыстыра тиімділігін көтеру.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығы.
1. Мұғалімнің жеке сапалары анықталды.
2. Мұғалім тұлғалық қасиеті анықталды.
3. Оқушылардың тәрбиесіне қаншалықты ықпал ететіні қарстырылды.
4. Мұғалімнің жетекші қадір-қасиеттерін тәрбиелеу жолдары сипатталды.
5. Педагогикалық эксперимент қою арқылы сабақтар өткізу кезінде, тәрбиелік шара өткізу сәттерін сынақтан өткізілді.
Зерттеу жұмысының ғылыми-тәжipибелiк маңызы. Мұғалімнің біртұтас оқу-тәрбие жүйесіндегі орны айқындалды, мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің мақсаты мен құндылықтары анықталады, оқушылар, ата-аналар, педагогтарға қатысты позициясы нақтыланды. Мұғалім қызметінің мазмұны, міндеттері, әдістері және ұйымдастыру формаларына сәйкес жетекші қасиеттерін тәрбиелеу моделі ұсынылды.
Tақыpыптың xpонологиялық шегi. Зерттеу жұмысының хронологиялық шегі ежелгі дәуірден және ҚР тәуелсіздік алғаннан бастап қазіргі дейінгі кезеңді қамтиды.
Қopғаyға ұcынылған нeгiзгi тұжыpымдap:
oo Мұғалім ұғымына өзіндік тұрғыдан берілген анықтама;
oo Мұғалім қызметінің теориялық моделі;
oo Өзін-өзі тәрбиелеуге қол жеткізудің педагогикалық шарттары.
Тақырыптың территориялық ауқымы. Зерттеу жұмысының территориялық ауқымы оның тақырыбына қатысты болып отырғанындай, негізінен Қазақстан Республикасының барлық ауылдық аумағын қамтиды.
Зерттеу жұмысының сыннан өтуі. Зерттеу негізгі нәтижелері студенттердің ғылыми-практикалық конференцияларында баяндалды.
Зерттеу жұмысының құрылымы белгілеулер мен қысқартулар, кіріспе, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І. МҰҒАЛІМ ЖӘНЕ ОНЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПРОЦЕСТІ ҰЙЫМДАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

5.1 Мұғалім мамандығының маңыздылығы

Еңбек бөлінісі әлі орын алмаған, бағзы заманда, қауымдастық немесе тайпаның барлық мүшелері - үлкендері мен балалары осынау алыс уақытта өмірдің негізгі мәні болған, тамақ табуда, барлығы бірдей атсалысқан. Ата-бабалардан жинақталған тәжірибиенің қауымдастықтың келер ұрпақтарына еңбекке баулу арқылы жеткізілген. Балалар жастайынан қызметтің бұл түрінің әдістері туралы білімді меңгеріп (аң аулау, жиналыстар т.б.), түрлі дағдылар мен қабілеттерді бойына сіңірген. Тек асты көбірек табуға мүмкіндік беретін еңбек құралдарының жетілдірілуі арқылы, қауымдастықтың жасы үлкендері мен ауырып жатқандарын аңшылықтан босатты. Олардың міндеттеріне оттың сақшылығы мен балаларға бас-көз болу кірді. Соңырақ, еңбектің дағдылары мен қабілеттерін арнайы жеткізуді талап ететін, еңбек құралдарын саналы түрде дайындау процестері қиындаған сәтте, ең беделді және тәжірибиесі мол тайпа қариялары - қазіргі тілмен айтқанда алғашқы әлеуметтік адамдар тобын - тәрбиешілерді құрды. Олардың негізгі және жалғыз міндетіне тәжірибиемен бөлісу, өскелең ұрпақтың рухани байлығының өсуін қадағалау, олардың адамгершілігін және өмірге дайындығын қамтамасыз ету кірді. Осылайша тәрбиелеу адамның санасы мен қызмет саласына айналды.
Сондықтан да педогогикалық кәсіптің пайда болуының объективті негіздері бар. Егер алдыңғы ұрпақтың орнына келген жас ұрпақ, мирастықпен қалған тәжірибиені пайдаланбай және оны шығармашылық түрде меңгерместен барлығын басынан бастаған болса, қоғамның өмір сүруі мен дамуы мүмкін болмас еді.
Қоғамдық өндіріс процестерінің күрделене бастауымен, таным әдістерінің дамуы және ғылыми білімнің қарқынды өсуі қоғамда білімді, дағдылар мен біліктілікті арнайы жеткізетін қажеттіліктерді туындатты. Міне осылайша, педогогикалық кәсіптегі таза тәрбиеден, оқытатын, яғни білім беретін дербес қызмет бөлініп шықты. Тәрбиелеу қызметі басқа адамдарға жүктеле бастады.
Пайда болу тарихы
Мұғалім мамандығы байырғы кәсіптердің бірі болып табылады. Дәл осы арнайы ұйымдастырылған педогогикалық қызметтің көмегімен басқа кәсіптің мамандары даярланады. Жинақталған қоғамдық тәжірибиені жаңа ұрпаққа өткізу қажеттілігі, оларды өмірге және еңбекке дайындау білім беру мен тәрбиелеуді дербес қоғамдық қызмет ретінде бөлінуіне алып келді. Алғашқы мектептер құлдық қоғамның қалыптасуы кезеңінде Ежелгі Шығыс елдерінде пайда болған. Ежелгі Шумер, Вавилон, Мысыр, Ассирия, Финикия елдерінде мұғалімдер ерекшеленген кастаның өкілдері, негізінен абыздар болған. Олар білімді ата-анасынан балаларына жеткізетін болған, бірақ ірі қалалар мен ғибадатханаларда абыздарға арналған мектептер де болған. Мұғалімнің әлеуметтік статусы өте жоғары болған.

Ежелгі дәуірдегі мұғалім

Тәрбиелеу тәжірибиесінің түп-тамыры адамзат өркениетінің терең қатпарларынан нәр алады. Ол ұғым алғашқы адамдармен қатар пайда болған. Балаларды ешбір педагогикасыз-ақ тәрбиелеген, тіпті оның бар екені туралы күдіктенбеген.
Барлық ғылыми салалардың пайда болуының алғышарты - өмір қажеттіліктері екені белгілі. Білім беру адамдардың өмірінде маңызды рөл атқаратын уақытқа жетті. Қоғам прогрессиясының жылдам немесе баяу жүруі өскелең ұрпақтың тәрбиесі қалай жүргізілетініне байланысты екені анықталды. Жастарды өмірге дайындау үшін арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелерін құруда тәрбиелеу тәжірибиесін ортақ ету қажеттілігі туындады.
Ежелгі әлемнің Қытай, Үндістан, Мысыр, Греция сияқты айтарлықтай дамыған елдерінде теориялық бастамаларды бөлу, тәрбиелеу тәжірибиесін жалпылауға елеулі әрекеттер жасалған болатын. Табиғат, адам, қоғам туралы барлық білімдер ол кезде философияда жинақталған. Дәл осыдан алғашқы педогогикалық жалпылаулар басталған болатын.
Әрдайым адамдардың рухани және физикалық дамуында шешуші рөл ойнаған халықтық педогогика болған. Халық адамгершілікті еңбекке тәрбиелеудің өзіндік және таңқаларлық тұрақты жүйесін құрған.
Өте ертеде, әлі адамдар құрған кішігірім қауымдастықтарда адамдар ішер астарын аңшылықпен және жиын-теріммен тапқан. Аяғына енді тұрып, тәй-тәй басқан балаларда осы үрдіске қосылып, үлкендерден көргенін жасай жүріп, өз тәжірибиелерін жинақтаған. Жаппай аңшылықтан жер бөлінісіне өту және рулар мен тайпалардың тамақпен қамтамасыз етілуіне байланысты қарт адамдар ішер ас жинаудан қолдары босағаннан кейін айтарлықтай еркін бола бастады, алайда соның арқасында олар - алғашқы ұстаздардың бірі болды. Бос уақыттың болуы мен өмірлік бай тәжірибие олардың дәрежесін айқындадаы. Сонымен қатар, олардың балаларды мақсатты түрде оқытуы, еңбектерінің жемісін берді.
Қазіргі таңда Орталық Африка, Амазонка, Микронезия аралдарының тайпалары балалардың оқуын дәл осылай жүргізуде.
Әрине, педогогиканың осындай қарапайым деңгейінде білім суреттердің көмегімен ауызша жеткізіліп отырды, осылайша мәдениет пен дәстүр қалыптаса бастады. Ежелгі жазбалар пайда болған, тайпаның аға мүшелері - тайпа басшысы, ақсақалдар, абыздар болған. Білім жинақталып, сақталып ұрпақтан ұрпаққа жеткізіліп отырған.
Мысыр, Месопатамия, Үндістан, Қытай және т.б. ежелгі патшалықтар пайда болған. Негізгі ұстаздар мен білімді сақтаушылар ретінде абыздар тағайындалған. Білімді адамдардың қатары көп болмаған, негізінен олардың қатарын атақтылар толықтырған. Ал қалған касталар кәсіби қағида бойынша білім алған, яғни белгілі бір кәсіпті меңгеру мақсатында білім алған. Соған қарамастан алғашқы мектептер мен мұғалімдер қатары қалыптаса бастады.
Пайғамбарлық миссия туралы да ұмытпаған дұрыс - дүние мен оның Жаратушысы туралы білімді өз халқына жеткізуде барлық пайғамбарлар белгілі бір деңгейде ұстаздық еткен. Бұл тұрғыдан Жүсіп пайғамбардың іс-әрекеттері жақсы мысал бола алады. Ежелгі Мысырға ол құл ретінде түсті, бірақ өзінің Жаратушы берген пайғамбарлық дарынының арқасында фараонның ұстазы және оның экономикалық және саяси мәселелер бойынша кеңесшісі болды.
Уақыттар өте берді. Греция және Римнің ұлы өркениеттері бірінен соң бірі келді. Бұл уақытта білім мен ұстаздың құндылығы айқындалған болатын. Аталған өркениеттерде мектептер пайда болып, талқылаулар жүргізілді. Атап айтқанда, Грецияда алғашқы университеттердің бірі - афиндық Афинейонның (жалпы жоғары білім берудің жоғары оқу орны) негізі қаланды, сонымен қатар афиндік философиялық және риторикалық жоғары мектептері бой көтерді. Оларда ережеге сәйкес, білімді, дарынды және ерікті азаматтар сабақ берді: педономдар, педотрибтер, дидаскалдар мен педогогтар. Педогогика сөзінің өзі ежелгі гректің бала алып жүру, яғни бала тәрбиелеу, оларды ересек өмірге дайындау сөзінен шыққан. Ғылымның бұл бағыты б.з.д. 5-4 ғасырларда пайда болған.
Ежелгі Римде ұстаздыққа ғылымды жақсы меңгерген, ең бастысы - көп саяхаттаған, сәйкесінше көпті көрген, елдердің тілдерін, мәдениеті мен әдет-ғұрыптарын білетін мемлекеттік шенеуніктер императордың атымен тағайындалған. Римдіктер Атенейді қалыптастыра отырып, гректерден университеттерде білім берудің тәжірибиесін қолданған. Римде алғашқы Атенейдің негізі б.з. 135 жылы Адриан императорымен қаланған. Адрианның мақсаты жоғары білім беруге ресми дәреже беріп, бақылауға алу және осы арқылы білімді адамдар мен мемлекеттік билік арасындағы кикілжіңді жоймақ болды. Одан әрі Атенейлер Галияда ашыла бастады.
Бүгінгі күнге дейін жеткен ежелгі қытай деректерінде б.э.д. ХХ ғасырда халықты сауаттандыру ісімен айналысатын, қоғамның данагөй өкілдерін мұғалім лауазымына тағайындайтын министрліктің болғаны жайында айтылған.
Еуропадағы алғашқы жоғары білім беру мекемесі б.з. 425 жылы римдік Атенейдің үлгісінде Феодосии ІІ императорымен құрылған Констонтинопольдық университет болған, ал бұл білім беру мекемесі университет дәрежесін 848 жылы алды. 1453 жылы Константинопольдың құлауынан кейін аталған университет өз жұмысын басқа атаумен жалғастырған.
Алайда, қазіргі таңда әлемдегі ең көне және бүгінгі күнге дейін жұмысын жүргізіп келе жатқан жоғары оқу орны Марокконың Фес қаласындағы - Аль-Карауйн университеті болып табылады. Дәл осы ІХ ғасырда 1861 жылға дейін жұмыс жасаған Салерно университеті пайда болған, сонымен қатар болгарлық патша Борис І негізін қалаған Ұлы-Преславе мен Охриде әдебиет мектептеріде бар. Даңқты Аль-Ахзар университеті кейіннен пайда болған.
Әрине, аталған барлық білім беру мекемелеріне ұстаздар қажет болған, және олар - лекция оқуды және жай ғана Мұғалімтерге сабақ беруді құрмет тұтып, жинақталған білімді жас ұрпаққа жеткізу ісінде өздерінің тікелей қатыстылықтарын сезінген білікті дәрігерлер, дінтанушылар, заңгерлер, экономисттер болды.
Ортағасырлардың басындағы қараңғы ғасырлар өздерінің ізін қалдырмай қоймады. Бұл уақытта білім беру деңгейі өте төмен болды. Білімнің шамы монастырьлар мен ғибадатханалардың қабырғасында ғана әлсін-әлсін жанып тұрды.
Алайда осы сәтте танымның жаңа лебі Арабиядан бастау алды. Исламның пайда болуы бұл әлемге жарық әкелді және ең бастысы жинақталған білімді сақтау мен оның көкжиегін кеңейту міндеті болды. Әрбір адам өмірінің соңына дейін оқып, білім іздеуі қажет деген хадистер өте көп.
Ислам мемлекеттерінің өркендеу кезеңі ондағы ұстаздық немесе педогогикалық ойлардың өркендеуімен сәйкес келеді. Медреселердің, бастапқы және орта мектептердің, университеттердің (олардың көбісі әлі күнге дейін жұмыс жасауда) ашылулары көптеп орын алды. Арабтардың кітаптары еуропаның барлық тілдеріне аударылып (Ренессансқа дейін ешбір аналогы болмаған), еуропалықтар білім алуға Шығысқа аттанды.
Тек содан кейін ғана еуропалық университеттер мен мектептер ашыла бастады. Оларды ең көнелері: Шотландиядағы қасиетті Андреа университеті; 1088 жылғы Италияның Болонье қаласындағы алғашқы еуропалық университет; 1167 жыл - Оксфорд; 1218 жыл - Саламанка; 1222 жыл - Падуя; 1224 жыл - Неаполитандық университет; 1253 жыл - Сорбонна; 1284 жыл - Кембридж...
Көбінесе дін өкілдері ұстаздық етті. Тек Ренессансқа жақын уақытта ғана университеттер еркін ойлаудың ошақтарына айналып, бірте-бірте мұғалімдердің жеке кастасы - кәсіби профессура бөліне бастады. Дегенмен педогогика сынды ғылым әлі күнге дейін ұмытылуда, мектептерге арналған кәсіби мұғалімдер жоқ.
Шын мәнінде заманауй мектептегі білім беруге бастама болған чехтың Ян Амос Коменский деген педогог-гуманист болған. Ол 17 ғасырдың басында алған шқылардың бірі болып педогогиканы теориялық білімнің дербес саласы ретінде дамыта бастады. Көптеген сабақ, сынып, демалыс сияқты жалпы ортақ қолданылатын сөздерді енгізді.
Оның бастамаларын 17 ғасырдың аяғында Швейцарияда Иоганн Генрих Пастолцци дарынды түрде жалғастырды.
Ресейде мектептер мен мұғалімдер жүйесінің жылдам дамуы Петр І есімімен байланысты. Ол Еуропадан мұғалімдерді шақыра отырып, көптеген мектептер ашты және жастардың көп бөлігін қосымша білім алуға қайта еуропаға жіберіп отырды.
Ең танымал орыс педогогы - Еонстантин Дмитриевич Ушинский болды, оны орыс мұғалімдерінің атасы деп атап кеткен. 19 ғасырдағы Ресей үшін оның пайда болуы үлкен олжа болды. Өйткені, дәл осы К.Д.Ушинский жалпыға бірдей білім беруді, ауылдық және қалалық жерлерде мектептер ашу туралы (шаруалар мен жұмысшылардың балалары үшін), соның ішінде әйелдер мектебінің ашылуын талап еткен болатын.
20 ғасырда өз еңбектерімен А.С.Макаренко көзге түсті. Ол ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында білім беруде шын мәнінде ревалюционды тәсілді іске асыра алды, сонымен қатар оның іс жүзінде орындалуын дәлелдеді.
Әрине, атақты немесе атақты емес мұғалімдер өте көп болған. Көптеген мұғалімдер өз өмірлерін балаларды оқытуға арнады.
Шынайы шәкірт пен шынайы ұстаздың жүрегі көрінбейтін жіппен байланысқан - деп, Арабтар бекер айтпаған. Шындығында, бұл жіп - ұрпақтарды байланыстырады.
Өткеннің ұлы педагогтары
Көрнекті мұғалімдер кез келген елде және уақыттың әр кезеңінде де болған. Қытайлықтар Конфуциді ұлы ұстаз деп атаған (б.з.д. VI - Vғғ).
Чехтың педагог-гуманисты Я.А. Коменский өз халқына бір жерге жинақталған әлемнің даналығын беруді армандаған. Ол мектептерге ондаған оқулықтар мен 260 педагогикалық шығармалар жазған. Ол ұстаздарды бақшасындағы өсімдігін сүйіспеншілікпен баптайтын бағбанға, адамзат болмысының әр бұрышын мейірімге толы біліммен құрастыратын архитекторға, адамдардың жаны мен ақылын мұқият тазалайтын және жылтырататын мүсіншіге теңеген.
Ағылшынның филлософ және педагогы Джон Локк Я.А. Коменскиге қарағанда тәрбиелеу теориясына көбірек мән берген.
Тағы да бір швейцарлық ұлы ұстаздардың бірі И.Г.Пестолоцци өз жиған-тергеніне балалар үйлерін ашқан. Ол өзінің өмірін балалық шақты бақыт мектебіне және шығармашылық еңбекке айналдыруға тырысып жетімдерге арнаған. Оның моласындағы ескерткіште барлығы өзгелер үшін, өзім үшін - ештеңе деген жазу жазылған.
И.Ф. Гербарт - педагогиканың тарихындағы басты қайшылықты тұлға. Психология саласындағы оқыту мен дидактиканың айтарлықтай теориялық жалпылауларынан бөлек, білім берудегі кең көлемді еңбек етушілердің дикриминациялық шектеулеріне үшін теориялық базаға айналған еңбектерімен танымал.
В.А.Сухомлинскидің педагогикалық қызметінің гуманистік мәні - баланың бағы үшін тәрбиелеу. Орыс педагогикасына әлемдік даңқты К.Д.Ушинский әперді. Ол еңбекті толыққанды тәрбие құралы қылуды ұсынды.
А.С.Макаренко педагогикалық ұжымды қалыптастыруға үлкен мән берді. Ол, Тәрбиелеушілер ұжымы болуы қажет, ал тәрбиешілер бір ұжымға біріктірілмеген жерде және біыңғай жұмыс жоспары, бірыңғай дауысы, балаға деген дәл біыңғай әдісі жоқ ұжымда ешқандайда тәрбиелеу процесі жүрмейді деп жазған.
Педагогикалық кәсіпті қазіргі қоғамда дамыту
Жоғары оқу орындары мен педагогикалық оқу орындары болашақ ұстаздарды түрлі мамандықтар бойынша дайындайды. Одан бөлек, жоғары оқу орындары әрбір мамандық аясында бірнеше мамандандырулар ашуы мүмкін. Мысалы, педагогикалық мамандықтар білім беру кәсіби тобына біріктірілген. Педагогикалық мамандықтардың бөлінуінің негізіне білім саласының әр түрлі пәндері жатады. Екінші негізге ерекшеленетін, соның ішінде педагогтың баламен қарым-қатынасының айқын спецификасы тұлға дамуының жастық кезеңдері жатады. Педагогикалық профильдің мамандық бөлінісінің үшінші негізіне балалар дамуының бұзылуы жатады.

1.2 Педагогикалық шеберлік және шығармашылық

Педагогикалық шеберлік үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін. Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік меңгерген маман иесі.
Ұстаз шеберлігі - талантты қажет ететін ерекше бір өнер емес, бірақ, ол басқа да мамандарды шеберлікке үйретуде қажет болатын мамандық. Жас ұрпақ тәрбиесіне бүкіл ғұмыры мен қажыр-қайратын және бойындағы асыл сезімдерін бағыттаған мұғалімдерді айтуға болады.
Шеберлік - кәсіби немесе әуесқойлық білімдердің каңдай да болсын түрінде істі терең танушылықпен, дамыған іскерлікпен үйлестіріп тиімді әрекеттерді жүзеге асырушылық.
· жұмысқа, іс-әрекетке байланысты: белгілі бір көзқарас бойынша жұмыс пен қойылатын талап сапалары; іс-әрекеттің еркіндік деңгейі, жұмыс қалай іске асып жатыр екенін бақылау; оны зерттеуге жұмсалатын уақыт; тәжірибе мен білім деңгейі;
· адамға қатысты: білім барысында және тәжірибе іс-әрекетінде ашылатын адамның қабілеттілігі;
· әлеуметтік құрылыс: әдеттер мен тәжірибе, кәсіподақтар келіссөзі, енбекті Реттеуге байланысты енбектің немесе жұмысбастылықтың кейбір түрлеріне басылатын таңба. Мұның бәрі ақы мен статустың жіктелген нормаларын шақырады. Әдетте істің ресми біліктілігінде бейнеленеді: білікті, жартылай білікті, төмен білікті;
· кең әлеуметтік мағынада: әлеуметтік факторлардың ең жалпы кабілеттіліктері мен кұзіреттілігі, яғни әлеуметтік өмірге араласу әрқашан білікті орындау болып табылады [2].
Педагогикалық шеберлік - үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтің қолы жетуі мүмкін.Педагог - өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз пәнін терең меңгерген, ғылым мен өнердің тиісті салаларынан хабардар, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, оқыту мен тәрбиенің әдістемесін жетік игерген маман.
Мұғалімнің кәсіби дайындығы,білім мен біліктері оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады. Шығармашылық біліктер төмендегідей мүмкіндіктер қамтиды.
:: мұғалім өз бетімен педагогикалық міндеттерді шеше білуі;
:: өзінің кәсіби қабілеттерін дамыта алуы;
:: оқыту мен тәрбиелеуді жүзеге асыруда оқытудың әдістерін кеңнен пайдалануы [3].
Мұндағы мұғалімнің педагогикалық міндеттерді өз бетімен шеше білу қабілеті оның берілген нұсқауларға жалтақтамай, өзіндік тәжірибесіне сүйене отырып, кез-келген қиын жағдайлардан жол таба алумен байланысты. Сонымен қатар өзіндік білімін жетілдіру, ұдайы ізденісте болу - мұғалім кәсібінің бір бөлігі.
Білім нәрін жас ұрпақтың бойына сіңіру-ұстаздардың басты борышы,ұстаздардың қастерлі жұмысы.қашанда ата-ана үшін баланың орны бөлек, өмірдің сәні де,нәрі де-балада.Ата-анасы бала үшін бас ұстазы болса,ал ұстазы-екінші ата-анасы.Ендеше ұрпақ тәрбиесінің кілті-ұстазда.білім марапатқа жету үшін емес,парасатқа жету үшін қажет.
Қазіргі қоғам адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті,жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені адамның қоғамдағы алатын орны,атқаратын қызметі сол қоғамның дамуымен тікелей байланысты.Қоғамда орындаушыадамнан гөрі кәсіби шебер адамға деген сұраныстың көп екенін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.Кәсіби білімді мұғалім қоғам талаптарына сәйкес болу үшін өзінің білімін жетілдіре,мінез-құлқын тәрбиелей, шығармашылық даму шараларын жүзеге асыра білуі керек.Нағыз мұғалім - өзін-өзі дамытып отыратын тұлға.Мұғалімнің кәсіби дайындығы,білім мен біліктері,оқу үрдісінің дұрыс бағытта жүруі тек шығармашылық қызмет арқылы жүзеге асады.
Егер мұғалім өң бойына, өз ісіне, шәкіртіне деген сүйіспеншілікті жинақтаса, ол - нағыз ұстаз деген екен Л.Толстой.
Осы бір қасиетті мамандық иесінің ұрпақ тәрбиесіндегі алар орны ерекше. Демек, білім сапасын көтерудің негізгі тетігі - ұстаз, сондай-ақ оның теориялық білімі мен кәсіби шеберлігі, шығармашылық қызметі.Жаңа қоғам кеңістігінде жас ұрпаққа жаңаша білім беру жолында түбегейлі өзгерістер жүріп жатыр. XXI ғасыр ғылым мен білімнің қарыштап дамыған ғасыры деп аталатыны мәлім. Сондықтан қазіргі ұстаз шәкіртіне ғылым негіздерінен мәліметтер беріп қана қоймай, оны дүниежүзілік білім, ақпарат, қатаң бәсеке жағдайында өмір сүріп, жаңа дәуір жаңалықтарымен суарылып отыруға тиісті. Бұл істе нәтижеге қол жеткізу үшін, мұғалім - қоғамдағы болып жатқан тез өзгеріп тұратын әлеуметтік - экономикалық, педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш, жаңаша ойлау жүйесін меңгерген, жан - жақты білімдарлығы, тұтас дүниетанымы болуы қажет. өз пәнінің шеңберінде қалып қойған мұғалім балаға білім, тәрбие берудегі биік мақсаттарға жете алмайтыны анық. Қазақстанның бүгіні мен ертеңі жас ұрпақтың еншісінде. Ал жас ұрпақты жан - жақты, терең білімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары етіп қалыптастырудың бірден-бір жолы - оқушыға білімді терең игертудің тиімді әдіс-тәсілдерін іздестіру, шығармашылыққа жетелеу. Нарық жағдайының қалыптасуына қарай әрбір мұғалім кәсіби шеберлігін жетілдіруде өзінің стратегиясын құра білуі қажет. Нарық жағдайындағы мұғалімдерге қойылатын талаптар:
:: мұғалімдердің бәсекеге қабілеттілігі
:: білім беру жүйесінің сапалылығы
:: мұғалімнің кәсіби шеберлігі
Мұғалімнің кәсіби шеберлігі - бұл оның кәсіби және жекелік сапаларының жоғары деңгейін көрсететін жалпылама сипаттама.
Оның құрамына:
- мұғалімнің мәдениет адамының өкілі ретіндегі жоғарғы жеке сапалары;
- кәсіби-педагогикалық құзырлылығы;
- педагогикалық ықпал етудің және қазіргі оқытудың технологияларын білуі;
- өзін-өзі шығармашылықпен дамыта, іске қоса алуы;
Педагогикалық әрекеттің шыңына апаратын баспалдақ - кәсібилік. Қоғамның жаңаруы мен дамуы барлық саладағы оның азаматтарының кәсібилілігіне байланысты. Осы мәселені терең зерттеген А. К. Маркова мұғалімнің кәсіби деңгейге көтерілуінің мына төмендегі психологиялық критерийлерін анықтаған:
1. Объективті критерийлерге: мұғалімнің өз мамандығына сәйкестігі, сан және сападағы жоғарғы еңбек көрсеткіші;
2. Субъективті критерийлерге: адамның мамандығы қаншалықты оның табиғатына, қабілеттері мен қызығушылықтарына сәйкес;
3. Нәтижелі критерийлер: мұғалім өз ісінде қоғам талап етіп отырған нәтижелерге қол жеткізіп отыр ма деген мәселе тұрғысынан қарастырылады;
4. Шығармашылықтың критерийлеріне: мұғалімнің өз кәсібінің шекарасынан шыға алу, сол арқылы өз тәжірибесін, еңбегіне өзгерте алуы жатады [4].
Біліктілікті арттыру - өз қызметін нәтижелі атқару үшін және кәсібилік пен құзырлылық деңгейін көтеру мақсатында арнайы білімдік бағдармалар арқылы оқыту, кәсіби дамыту, іс-шараларына қатыстыру және оның өз білімін көтеруі болып табылады.Мұғалімдік мамандықты биікке көтеретін күш - оның кәсіби құзырлылығы. Құзырлылық ұғымы соңғы жылдары педагогика саласында тұлға субьектілік тәжірбиесіне ерекше көңіл аудару нәтижесінде ендіріліп отырған ұғым. Құзырлылық - белгілі сала бойынша жан-жақты хабардар, білгір деген мағынаны қарастыра отырып, қандай да бір сұрақтар тӛңірегінде беделді түрде үкім шығара алу дегенді білдіреді.Мұғалімнің педагогикалық құзырлығы деп, педагогикалық қызметті жүзеге асырудағы теориялық және практикалық дайындықтың бірлігін айтады.
М.А. Чошанов құзырлылықты маманның төмендегі белгілерін ажыратып көрсетеді:
:: тұлғаралық және еңбектегі байланыс мәдениеті
:: қызметтің экономикалық, әлеуметтік, құқықтық, адамгершілік, психологиялық аспектілерін меңгеруі
:: қызметті жаңа жағдайға бейімдеудегі, басқару шешімін қабылдаудағы дайындығы
:: практикалық кәсіби тапсырмаларды орындаудағы дайындық әлеуеті
:: нақты жағдайларға байланысты қандай да бір әдістерді пайдалану біліктілігі
:: тиімді шишам кобыла қабілеті.
Құзырлылық тәсілдері : нақты болып жатқан құбылыстарды түсіндірудегі танып білудегі, жаңа техника мен технологияларды меңгерудегі адамдар арасындағы байланыста өз қылықтарын бағалау өмірдегі отбасы мүшесі, қоғам мүшесі құқықтық нормадағы және әкімшілік құрылымдағы жағдаяттарды шешудегі біліктілік. Құзырлықтың негізгі қасиеттері: әлеуметтік көзқарасы тәжірбиесі, интеллектісі,тектілігі. Құзырлықтың сапа белгілері: дүниетанымы, адамгершілігі, еңбекқорлығы, көлемі, жаңалылығы, қабылдауы, есте сақтауы, дарыны.
Белгілі ғалымдар С.Е.Шишов пен В.А. Кальнейдің өскелең ұрпақтың бойына білім мекемелері мынадай құзырлықты қалыптастыруы тиіс деп есептейді:
1. Саяси және әлеуметтік құзырлықтар. Олар адамның өзіне жауапкершілік ала алуында.
2. Көп мәдениетті қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Ұлтаралық келісім, басқа мәдениет, дін өкілдерін құрметтеу.
3. Жазбаша және ауызша қарым - қатынас жасай алу құзырлылығы. Бұл әрбір адам үшін аса маңызды мәселе, бұған сонымен қатар бірнеше тілді білу де жатқызылады
4. Ақпараттық қоғамда өмір сүре алуға байланысты құзырлықтар. Бұл жаңа технологияларды білу, ақпараттар ағынынан қажеттісін таба білу, оған сыни баға беру білу деген мағынаны береді.
5. Тұлғаның жеке және қоғамдық өмірінің негізі болып табылатын - өмір бойы білім алуға қабілеттілік.
Артистизм оқытуға келмейді. Бірақ, педагогикалық процесте оның көріністерін үйреніп білуге, сезінуге және өз деңгейінде бағалаудың маңыздылығы жоғары. Артистизммен тікелей байланысты тұлғалық қасиеттерді дамытуға болады(қалыпты ойлау, зеректік, қиял, сөйлеу мәнері, пластикалық мәдениет). Дарынды шығармашыл адам, егер қаласа, табиғи талантын танып, одан әрі ұштауға мүмкіндігі жетеді.
Болашақ педагог қазіргі және алдағы уақытта тәрбиелеу процесіндегі технологиялық процедуралар адамдықтан сауатсыздыққа апармас үшін өз іс-әрекетіне қатаң талап қоя білу керек. Шығармашылықты сезінуді қалыптастыратын әдістер, өз іс-әрекеттеріне қатаң талап қоюды үйрету тәрбиесі және де тағы басқа секілді педагог үшін мақсат емес, керісінше, рухани қуатын қалыптастыратын және қолдайтын құрал.
Біздің қазіргі қиын-қыстау уақытымызда мектептердің білім кемесі деген атауын білім нарығы деген атаққа өзгеру қауіпі жоғары. Ал, педагогпен меңгерілген әртістік педагогиканың элементтері жай ғана тауардың сыртқы бейнесі болмаса игі. Бұлардың біреуі де болмас үшінактерлік және режисерлік тәсілдердің негізінде тұлғаның бағалы ішкі жан-дүниесі, тұтастығы мен табиғилығын есте сақтауымыз керек. Актерлік талант педагог секілді терең ойлап және сезініп, жетілдіру қабілетімен ұштасатын болса, мұғалімнің жұмысында көмек бола алады.
Педагогикалық шығармашылықтың негізінде сол саладағы амал тәсілдерді қолдану, алайда тұлғаның шығармашылық потенциалын ұштайтын педагогикалық тапсырмалар бейнелеу логикасының қолданысын көрсетеді. Педагогқа қойылатын заманауи талаптарды терең түсіну, кәсіби шығармашылыққа дайындық кезеңінің ерекшеліктері, өзінің индивидуалды шығармашылығын тануы және оның жолдарын анықтау, сонымен қатар, театр мен педагогика өнерінде екі жақтама тиімді, параллельді тактиканы қолдану қажет.
Артистизм - бұл жаңаны ойлап табатын ерекше қалыпты - эмоционалды тіл, өзгемен диалог құру және оны түсінуге негізделген оқушы мен педагог арасындағы біртұтастанған шығармашыл стилі, дос-доминанттық; терең біріккен шығармашылық стилі, осында және қазір негізінде туындайтын таза әрі және табиғи сезімді бейнелеу, мәні мен мағынасын аңғарту. Артистизм - тек сыртқы факторлар ғана емес(ым, қимылдар, интонация), сонымен қатар, олар оқу атмосферасын қалыптастыр үшін өте маңызды. Артистизм - бұл бір сәттен келесі сәтке жылдам ауысу, жаңа образдарды сомдау, шын көңілмен оқушыларға үйретудегі идеямен өмір сүру. Ол дегеніміз тұлғалық көріністің асылдығы, мәселелердің қалыпты орнатулары мен шешімдері, қиял ойыны, ішкі бостандықты сезіну.
Ш. А. Амонашвилидің пікірінше, балалар мұғаліммен сөйлескенде өзін тең дәрежеде сезінуге мүмкіндік беруге, яғни, балалар педагог өмірінде маңызды орын алатынын сезіндіру керек деп ойлайды. Сондықтан да педагогтың басты міндеті - өзін тексеру арқылы балаларды сабақта болып жатқан оқиғаларды шындық екеніне ұғындыру қажет.
Егер мен партада отырған балалардың маған қарап, менен үміт күткенін және мектептің әр күніне шын жүректен қуанғанын, оқып, тәрбиеленіп жатқан сәттерін энтузиаммен бойына сіңіргенін қаласам, онда мен сол іскерлік қарым-қатынасымыздың беріктігі мен үздіксіздігін қамтамасыз етуім керек. Мен бойымдағы бар күш-жүгерімді жинап қайталанбас педагог-актер рөлін ойнауым өажет. Бұл рөлдің негізгі мақсаты - мен және балалар арасындағы іскерлік қарым-қатынас оқушылардың сабақ барысындағы өз шығармашылықтарына еркін араласып, таңдау құқықтарынан айырмайтын шыншылдықты талап етеді.
Біздің ойымызша педагогтың артистизмінің мағызын шығару деген, оның ұзақ уақыт бойы мұғалімдердің тәжірибесі мен жұмысын зерттеуде олардың артистизмі зерттеушілердің назарынан тыс қалуынан туындаған. Ол туралы мәліметтер болған жағдайда да артистизм белгілі бір педагогикалық тартуының феномені ретінде ңана ұарастырылады.
Артистизм мен актерлік, педагогикалық шеберлік пен педагогикалық техниканың ара-қатынасын ашу үшін терминологиялық дәлдік қажет болады. Егер әңгіме нағыз артистизм туралы болса, онда ойында тәрбиешінің педагогикалық талпынысы мен психологиялық әр түрлілігін реттейтін шеберлік элементі болады. Ал актерлікке келетін болсақ, оны балалар оңай танып қояды.
Темперамент болуы керек, бірақ өте әртісшіл болмау керек.
Жалпы Артист деген - өз ісінің шебері, виртуаз, кірпияз адам. Ал артистизм деген - бұл өнер деңгейіне дейін көтерілген шығармашылық. Педагогтың жұмысының жоғарғы деңгейге жетіп, сабақтардың деңгейі қалаулы рухани биіктікке көтерілуі.
Педагогикалық артистизм құрылымын екіге бөліп қарадық.
1. Ішкі артистизм - педагог мәдениеті, туралығы мен еркіндігі, әсерлігі, эмоционалдығы, қиялы, айқындылығы, қойылым қоюдың өзіндік ерекшеліктері мен мәселелерді шешуі, ассоциативті көзқарасы, сабақтың сценарийне күтпеген өзгерістер (алғашқы минуттарында) енгізуі, шығармашылыққа деген ішкі күйі, көпшіліктің алдында өзін ұстауы және де тағы басқа секілді.
2. Сыртқы, сыныпқа деген ашық артизмі - ойната білуі, яғни ойын техникасы, материалға деген көз-қарасын ерекше түрде жеткізу, өзін таныстырудың жолдарын меңгеруге, оқушыларды ойын деңгейіне көтеру, сабақтың тиімді режиссурасы.
Педагогикалық артистизмнің құрам бөліктерін толығырақ қарастырамыз.
Театрлық өнердің ең бір таңқаларлық қасиеті, ол - реинкарнация(образға енуі). Б.Л. Пастернак былай деп жазған сахна актердан оқуды емес, жан тәсілім етуді талап етеді деген. Мұғалім ше? Ол да жан тәсілім етуі керек пе, әлде профессионалды жоғары сапалы ойынымен, әдістер комплексінен сақтанып, өз жаны тыныштықта бола тұрып, өзгелерді толғандыруы қажет пе? Бұл жерде тағы да артистизм мен актерліктің арақатынасын анықтау керек. Нағыз артистизм былайша айтқанда жан тәсілім еткенді ғана талап етіп қоймай, мұндай құрбандықсыз өнермен ұштасқан мұндай шындықты жеткізу мүмкін болмайды. Ал актерлік белгілі бір деңгейде рөл мен орындаушының арасындағы қатынасын анықтауға қабілетті. Ол негізгі ішкі жағдайда жасырын бетпердеге ұқсас болып келеді. Басқаша сөзбен толық деңгейде болу емес, ұқсауға келеді. Образға ену өзіңмен өзің бола отырып актерлік қабілеттерді пайдаланып, көлге кіріп басқа адамды сомдау. Бірақ педагогикалық артистизм туралы айтқанда, бірінші жартысында айтылған басқа біреу болуға көбірек назар аударылады. Расында ол өте тиімді, бірақ ең соңғы әрі жағымсыз- жалғандыққа байланысып кетеді. Жалғандық - өтіріктің шегі, фальш, шынайы емес, сыртқы бейненің қисаюы. Мұғалім тек өзімен өзі бола отырып қана қоймай, кез келген бетпердені уақытша кие алады. Соның арқасында ол өзіндік тұлғасын жасырмайды, керісінше педагогтың тұлғасы айқын көрініс табады. Сол себепті артистизм біреуді сомдайтын ойын ғана емес, ол ең алдымен бола алтын жанның күйі. Оны оқу мүмкін емес, образға ену тереңірек, табиғи және органикалық болып табылады. Педагогикалық қарым-қатынас барысында педагогтың артистизмі келесі функцияларды атқарады.
1. Мотивациялық. Бұл функция сабаққа дайындық және шығармашылық кезінде ғана емес, оқушы үшін педагогтың артистизмі маңызды рөл ойнап, оның оқуға деген танымдық ынтасын көтеруде, алған білімін эмоционалды қабылдауда және әлем бейнесін жалпы қалыпты бірізділікке салуда маңызы зор. Бұл функция педагогтың профессионалды дайындығы барысында өнер тану санатына талдау кезінде жоғарғы оқу орындарында маман даярлауда педагогикалық процестердің әртүрлі байланыстарын қоса алғанда тиімді стратегиялық құрал ретінде маңыздылығы жоғары. Мұғалімтің шығармашылық қызметіне деген бағытында оқитын негізгі арнайы пәндері мен театрлық педагогиканы оқуда оны ынталандыру жақсы әсер береді.
2. Мобилизационды. Бұл функция сыныппен қарым-қатынасқа түсер алдында жүзеге асады. Педагог өзінің бойын тазартып, қисындарынан арылып, стресстерін жеңіп, жағымды психологиялық доминанттылыққа реттеліп, мұғалімнің сергек түрі оқушыларды оның іскерлік қызметіне сендіру.
3. Аттрактивті(тартымды). Мұғалім өзінің артистизмі арқылы тұлғалық қасиеттері мен іс-әркеттерін қоғамдық психологиялық механизмге еркін әсер етуіне көмектеседі. Мұғалім өзін таныстырғанда оқушыларға қолында билік бар қызметкер немесе өзінің басымдылығын көрсетпеуі қажет. Мұғалім туралы бірінші әсер оны жақсы немесе жағымсыз адам ретінде көрсетіп, балалардың одан кейінгі оған деген ойының қалыптасуы жүреді. Педагогтың айқын тұлғалық қасиеттері, рухтылығы мен пластикасы бала көзін қуантады.
4. Фасилитаторлық. Педагогикалық артистизм мұғалім мен оқушылар арасындағы қарым-қатынасты жеңілдетіп, бірін-бірі түсінуге, қабылдауға, өзге ұлттың мәдениетіне толеранттылық танытуға, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ғылыми басылымдарда әлеуметтік— адамның даму кезеңі
Ұстаз бен шәкірттер арасындағы қатынас
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Оқушылардың санасын меннен бізге дейін
Адамдар арасындағы қарым-қатынас
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
Тәрбие процесі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Жеке адамның қалыптасуына әсер ететін факторлар
Пәндер