Несие беру



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе 2

I. Қазақстан Республикасындағы банктердің пайыздық саясат жүргізу мәселелері 5
1.1 Қазақстандағы банктік реформалар 5
1.2 Орталық банктің ақша-несие саясаты 11
1.3 Несие мазмұны мен принциптері 14

Қортынды 24
Пайдаланылѓан әдебиеттер тізімі 25

Кіріспе
Қазақстан егемендік алғаннан кейін мемлекеттік тілдің қоғам дамуының әр түрлі саларында ─ сыртқы дипломатиялық, ішкі әлеуметтік-экономикалық, педагогикалық және басқа көптеген бағыттарда білікті мамандарды даярлау ісінде кеңінен қолдану және тереңдете меңгерудің алғы шарттарын іргелі түрде жүргізу бүгінгі таңда кезек күттірмес мәселелердің бірі. Ақша, несие, банктер ─ қазіргі өркениеттіліктің өзінен ажырағысыз белгілері. Олардың қызметтері қоғамдық өнімді өндіруді, бөлуді, айырбастауды және тұтынуды бір-бірінен бөлінбейтін үздіксіз процеске айналдырады. Оларды пайдаланбай ешбір шаруашылық субъектісінің ісі тынбайды, ал кез-келген адам үнемі немесе анда-санда банк қызметін пайдаланады. Банктер уақытша қолданылмаған ақша қаражатан жинақтап, оларды салалар мен аймақтар, кәсіпорындар мен халықтар арасында қайта бөлумен қатар, экономиканы қосымша капиталмен қамтамасыз етіп, сайып келгенде қоғамдық байлықты көбейтуге негіз қалайды.
Банк туралы түсінік, оның түрлері, қызметтері
Несие жүйесінің негізгі буынын ─ банктер. Себебі масштабы және маңызы жөнінен несие қатынастарының басым көпшілігі банктер арқылы өтеді. Банктер мемлекет пен кәсіпорындардың, акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серістіктердің, мектеп пен ауруханалардың және халықтың уақытша бос ақшаларын шоғырландырып, оларды іс-жүзіндегі капиталға айналдырады. Сонымен қатар, банк төлем, есептеу, несие беру, сақтандыру және т.б. көптеген сан алуан операцияларды жүргізеді.
Банк деген ұғым не, ол қалай пайда болды деген сұраққа жауап іздестірейік. Банк деген ұғымы италиян сөзі bank ─ орындық, айырбас орындығы ─ айырбас орны дегенді білдіреді.
Банктің атқаратын қызметерін негізінен төмендегідей топтастыруға болады:
· Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру;
· Кәсіпорынға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу;
· Ақша айналымын ретеу. Банк ─ әртүрлі шаруашылық субъектілердің төлемайналымы жүретін орталық. Банк өзінің есеп айырысу жүйесі арқылы клиенттеріне айырбас, капитал және ақша айналымын жүргізуге мүмкіндік туғызады;
· Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қана қоймай, сонымен қатар депозиттік чектерді, вексельдерді шығарумен де несиелейді;
· Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айырықша қызметтеріне байланыты банктер эмиссиялық және эмиссиялық емес болып екіге бөлінеді.
Эмиссиялық банк ─ ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқығы бар, әдетте, орталық банк. Мемлекеттің Орталық банкінің негізгі мақсаты ─ айналысқа ақша бірлігін шығару, банктерге ерекше тауар ─ ақша белгіін сату және банк жүйесінің несие-есеп, эмиссиялық жұмысын басқару. Ол ─ елдің екі деңгейлі банк жүйесінің ─ жоғары деңгейіндегі банк.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша бірліктерін шығаруға құқы жоқ эмиссиялық емес банктер. Олар коммерциялық, инвестициялық, инновациялық, ипотекалық және т.с.с. банктер. Коммерциялық банктер клиенттерге көрсететін қызмет түрлерін үнемі ұлғайтып тұратын әмбебап үлгідегі банк. Ал басқа банктер бір-екі қызмет түріне маманданған банктер.
Инвестициялық және инновациялық банктердің екі түрі де ұзақ уақытқа ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша тартып, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ал инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны игеруге несиелейді.
Ипотекалық банктер ─ жерді және жылжымайтын мүліктерді кепілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату арқылы ақша жинақтайды.
Қазақстан респбликасының қазіргі банк жүйесінің құрылуы 1990 жылы желтоқсанында ҚазКСР-ның Жоғары Кеңесі қабылдаған Банктер және банк қызметі туралы Заңынан бастау алады. Заңға сәкес республикада екі деңгейлі банк жүйесі құрылды:жоғары (бірінші) деңгейдегі банк ─ ҚазКСР-ның Мемлекеттік банкі және төменгі (екінші) деңгейдегі банк ─ коммерциялық банктер жүйесі.
Мемлекеттің несие жүйесінде коммерциялық банктердің алатын орны өте зор. Олардың міндеті ақша айналымы мен капитал айналымының үздіксіз қозғалысын қамтамасыз ету, өнеркәсіп мекемелерін, мемлекет пен халықты несиелеу, халық шаруашылығына қор жинау үшін жағдай жасау болып табылады.
Коммерциялық банктердің негізгі атқаратын қызметтері:
· Ақша қаражаттарын шоғырландыру және тарту;
· Несие беру;
· Шаруашылықтармен есеп және төлем жұмыстарын жүргізу;
· Төлем құралдарын шығару,
· Бағалы қағаздарды шығаруды және орналастыруды ұйымдастыру;
· Сенімхат бойынша клиенттердің мүлкін басқару ( яғни траст операциясын жүргізу);
· Клиенттерге кеңес беру.
Банктердің экономикадағы маңызын олардың олардың атқаратын операциялары анықтайды. Коммерциялық банктердің операциялары негізінен мына топтарға бөлінеді: пассив (қаражат тарту); актив (қаражатты орналастыру); комиссиялық-делдалдық (клиенттің тапсырысы бойынша комиссиялық ақылы) және сенімді операциялар.
Соңғы кездері коммерциялық банктермен басқа несие мекемелерінің арасындағы бәсеке күшейе түсуде. Бәсеке банктердің жаңа қызмет түрлерін іздестіруге, клиенттерге ұсынатын қызмет түрлерін өсіруге және қызмет көрсету сапасын жақсартуға ынталандырады. Сондықтан қызмет нарығындағы өз орнын нығайту үшін олар банктерге тән емес операцияларды батыл меңгеріп, қаржылық кәсіпкерлікте кең қолдануда. Сайып келгенде банктердің экономикадағы ролі артуда. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі
Қазақстан Республикасының Орталық банкі еліміз тәуелсіздік алған соң КСРО Мембанктің Республикалық Кеңесінің негізінде 1990 жылдың желтоқсанында алғашқыда Қазақстанның мемлекеттік банкі ретінде құрылып, ал 1995 жылдың наурызынан Қазақстан Ұлттық банкі деп аталады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып табылады, Қазақстан Республикасының банк жүйесінің жоғары деңгейін білдіреді жәнеөз қызметін Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 30 наурыздағы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар Жарлығы бойынша жүргізеді және осы жарлыққа сай Президентке есеп береді. Сонымен қатар Ұлттық банк өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын және басқа заңдарды , халықаралық шарттар мен келісімдерді басшылыққа алады.
Қазақстан Ұлттық банкі басқа елдердің Орталық банктерімен және тағы басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-несие ұйымдарында Қазақстан Республикасының мүддесін білдіреді. Ұлттық банк пен оның бөлімшелері салықтың, алымның және баждың, соның ішінде кеден бажының барлық түрлерін төлеуден босатылады.
Қазақстан Ұлттық банкі заңды тұлға болып табылады, оның дербес балансы болады және өз қарамағындағы бөлімшелермен бірге біртұтас құрылым құрайды.
Ол республиканың кез-келген жерінде және одан тыс жерлерде өзінің басқармасын және басқа да бөлімшелерін ашуға құқығы бар. Өз жұмысын үкіметпен келісіп, үнемі кеңесіп жүргізеді.
Қазақстанның Ұлттық банкінің негізгі міндеті Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрлаулылығын қамтамасызету болып табылады.

I. Қазақстан Республикасындағы банктердің пайыздық саясат жүргізу мәселелері
1.1 Қазақстандағы банктік реформалар
Қазақстандағы қайта құру тұсындағы банк жүйесінің дамуы, КСРО-да соңғы рет жүргізілген банктік реформа (1987-1888жж.) сай келедәі. Банктік реформа нәтижесінде : КСРО-ны Мемлекуеттік банкі және Құрылыс банктерінің Агроөнеркәсіп банкі және КСРО Тұрғын үй- әлеуметтік банкі құрылды. Сол сияқты, кезінде КСРО-ның Мемлекеттік банкі құрамында келген жинақ кассалары негізінде - КСРО Сыртқы экономиакалық банк құрылды. Сол уақыттан бастап, Мемлекеттік банк кәсіпорындар мен ұйымдарға кассалық және несиелік есеп айырысу қызметін көрсетуді тоқтатты.Сөйтіп,КСРО-ның Орталық банкісіне айналды.
Қазақстанда жоғарыда аталған мамандандандырылған банктердің республикалық кеңселері(филиалдары) ашылып КСРО-ның Өнеркәсіп-құрылыс банкісіне несиелік саясатты жүргізу, негізгі қызметі ретінде несиелеу жүйесінің тиімділігін арттыру, капитал жұмсалымын қаржыландыру мен несиелеу, сондай-ақ өнеркәсіпте, құрылыста, көлік пен байланыста, мемлекеттік қамсыздандыру жүйесінде есеп айырысу жұмыстарын ұйымдастыру қызметтері бекітіліп берілді. Сонымен қатар, бұл банк осы шаруашылық салаларындағы кәсіпорындар мен бірлестіктердің есеп айырысу , ссудалық және басқа шоттарды жүргізеді.Осындай несиелік есеп айырысу қызметтерінің түрлерін ауыл шаруашылық кешені кәсіпорындарда Агроөнеркәсіп банкі,әлеуметтік аумақтағы және сауда саласының кәсіпорындары мен ұйымдарда Тұрғын үй әлеуметтік банкі, халыққа қызмет көрсетуге бағытталған Жинақ банкі жүргізеді.
Сыртқы эканомикалық банк, экспорттық және импорттық операциялар бойынша есеп айырысуды ұйымдастырады. Мамандырылған банктер құрылымы әкімшіл-аумақтық қағидаға сай құрылады. Республикалық банктер одақтас республикаларда және банктің басқармалары саласында ұйымдастырылады. Аудан немесе қала деңгейінде бұл банктер өздерінің мекемелерін ашты.
Әр мамандандырылған банктің бір мекемесі әр аудандағы өзіне тиісті клиенттерге ғана қызмет көрсетті. Жинақ банкісінің мекемелері аудандармен қоса ұжымшар және кеңшараларда жұмыс жасады. Жинақ банкісінен басқа мамандандырылған банктердің төменгі буындары мамандандырылуына қарамай-ақ, сол аудандардың барлық клиенттеріне бірдей қызмет көрсетті. Шындап келгенде, мамандандыру тек банктің жоғарғы басқару деңгейіне ғана жүргізілді, ал төменгі денгейдегі мекемелер әмбебап мекемелерге айналған болатын.
Мамандандырылған банктер санына байланысты оларда төрт несиелік жоспар болған. Бұл банк клиенттерінің әр түрлі болып келуі несиелік ресурстарды құруға байланысты бірқатар мәселелерді тудырды. Банктен банкке өзара аймақаралық есеп айырысу жүйесі арқылы құйылатын қаражаттардың бақылаусыздығы арта түсті. Әр банк өз ресурстар көлемінде жұмыс жасауы үшін, оларға Мемлекеттік банкте ашылатын корреспонденттік шоттар бойынша банкаралық есеп айырысуға өту қажет болды.
Мемлекеттің ықпалымен бөлінген коммерциялық банктердің де мамандандырылған банктер сияқты, әр банктің белгілі бір саласында (өнеркәсіп, құрылыс,ауыл шаруашылық, сыртқы сауда) өзіндік монополиясы болды. Олар өз кәсіпорындарын өте төменгі пайызбен қаржыландырылып және несиелеп отырады, яғни, мұнда, бұл кәсіпорындардың өміршеңдігі және пайдалылығы есепке алынбайды. Мұндай банктердің активтерінде мемлекеттік зиян шегіп отырған кәсіпорындардың уақыты өткен, төленбеген, яғни, сапасыз ссудалар қатары арта түсті. Жалпы банктерді мамандандыру идеясы банк жүйесінің жұмысын тығырыққа әкеліп, ол монополияландырудан құтылмады және несиелік механизмге түпкілікті өзгеріс енгізе алған жоқ. Сонымен қатар, КСРО Мемлекеттік банктің ролі біршама ешқандай әсер ете алмады. Мұндай жағдайда, банк реформасын батыс үлгілерінде қалыптасқан екі денгейдегі банктік жүйеде жүзеге асыруға ғана қол жеткізілді.
1987 жылғы реформаға дейінгі банктік жүйенің мынадай кемшіліктері болды:
Вексель айналысының болмауы ;
Кәсіпорындардың қарыздарын кешіру, әсіресе ауыл шаруашылығына қатысты;
Шаруашылықтың барлық аяларында артық несиелеу операцияларының байқалуы;
Банк мамандарының жойылуы;
Кәсіпорындағы басқа да несие көздерінің болмауынан туындаған монополизмнің орын алуы;
Пайыз мөлшерлемесінің төменгі денгейде болуы;
Экономиканың әр саласының қызметіне қойылатын (несие базасында ) банк бақылауының әлсіздігі;
Бақылауға жатпайтын несиелік және банктік ақшалардың басып шығарылуы.
1987 жылғы банктік жүйені қайта ұйымдастыру бұрынғыша әкімшілік сипатқа ие болып қала берді, тек қана бұл жерде үш банктің монополиясын ауыстырды.1987 жылғы банк жүйесінің қайта ұйымдастырудың оң жағынан теріс жақтары басымырақ болды, атап айтсақ:
Банктер бұрынғы меншік формасында, яғни мемлекеттік болып қала берді;
Олардың монополизімі толық сақталып, монополистердің саны өсті;
Реформа жаңа эконокмикалық механизмдердің жоқтығына қарамай - ақ жүргізілді;
Кәсіпорындар белгілі бір банктерге бекітілгендіктен, олардың несие алу барысында банктердің таңдау мүмкіндігі болмады;
Клиенттер арасында несиелік ресурстарды бөлу тігінен жалғаса берді;
Ақша нарығы және несиелік ресурстар, саудаға түсетін орындар құрылмады;
Банк аппаратын ұстауға жұмсалатын шығындар артып кетті;
Ағымдық және ссудалық шоттарды бөлу барысында² банктік соғыс² шыға бастады.
Қайта ұйымдастыруда несиені қайтарудың басты көздері ретінде сақтандыру мекемелерінің қызметтері жайлы қозғалыс болмады.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде ҚР банк жүйесі маңызды рөль атқарды. Қазіргі уақытта қалыптасқан екі деңгейлі банктік жүйенің қызмет етуіне байланысты жасалған талдауда , олардың көрсетіп отырғандай, кемшіліктердің басым бөлігі банктер қызметін реттейтін нормативтік базаны жасаудағы артта қалушылық және оның іске асырылуына іс жүзінде бақылау жасау механизмдеріндегі кемшіліктермен сипатталады.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасындағы жұмыс жасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөледі:
I кезең. 1988-1991.(КСРО-ның тұсында )- мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикадағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер құру ; КСРО Мемлекеттік банкіне орталық банктің жекеленген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
II кезең. 1992 жылдың аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық нормативтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
III кезең.1993 жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі , яғни айналысқа Ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша- несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджетжәне банктермен қарым - қатынас орнатудың классикалық қағидаларыыын енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіреді.
1995 жылғы банктік реформалауға дейінгі жұмыс жасаған банктік жүйенің басты кемшіліктеріне мыналарды жатқызуға болады:
а) Ұлттық (орталық) банк қызметіне байланысты:
Мемлекеттің қаржы саясатын жүргізу барысындағы Ұлттық банк пен Қаржы министірлігі қызметтерінің жеткіліксіз шоғырлануы;
Коммерциялық банктердің өтімділігін толық қолдау механизімінің жеткіліксіздігі;
Екінші деңгейдегі банктер қызметін қадағалау және реттеу жүйесінің баяу құрылуы;
Валюталық реттеу және бақылау жүйесінің қалыптасуындағы артта қалушылық;
Макроэкономикалық процестерді жедел түрде талдау, оларды болжау және шешім қабылдауда пайдалану денгейінің төмендігі;
Осы уақытқа дейін пайдаланып келген Ұлттық банк пен екінші денгейдегі банктердің бухгалтерлік есеп жүйесінің халықаралық стандартқа және нарықтық экономика талаптарына сай келмеуі ;
Ұлттық банк жүйесіндегі еңбек ақының төмендігінен кадрлардың кету денгейінің жоғарылығы;
ә)Екінші денгейдегі банктерге байланысты:
Ұлттық банктер тарапынан белгіленген экономикалық нормативтер мен банк клиенттерінің құқықтарын тікелей бұзған банктердің нарықта қызмет ете беруі;
Қаржы ресурстарын жинақтаудың іс жүзіндегі механизмдерінің әлсіздігі;
Шаруашылық субъектілерінің несиелеу барысында жобаларды бағалау денгейінің және банк үшін несие беруден туындайтын тәуекелді бағалау дәрежесінің, сондай-ақ несиенің қайтарылуына жасалатын бақылаудың қанағаттанарлықсыз денгейде болуы;
Орта және ұзақ мерзімде ірі жобаларды дербес түрде қаржыландыруды іске асыруға мүмкіндік беретін, банктердің капиталдану денгейінің жеткіліксіздігі;
Прогрессивті қаржы құралдарын және технологияларды пайдаланып, игерудің баяулығы;
Банк қызметкерлерін кәсіби жағынан даярлаудың жалпы төмен денгейде болуы.
Сонымен бұрынғы салалық мамандандырылған банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралыр 1994 ж. Орта кезеңінен басталып, 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Кабинет Министірдің Қаулысына сай арнайы құрылған комиссия Қазагроөнеркәсіп банкіне санация процесін жүргізіп, ондағы орталықтандырылған несиелерге байланысты мерзімі өтен қарыздарды Қазагроөнеркәсіп банктің балансынан Қаржы Министірлігінің қармағында құрылған ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шараларын іске асырды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық - импорттық банкке және әмбебап акционерлік ӘлемБанкке бөлу шаралары жүзеге асты.Сөйтіп, ол уақыттағы ӘлемБанктің жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі - 35 %құрады. Бұл бір жағынан , ӘлемБанктегі мемлекеттің қаржысы мен мемлекеттік емес акционерлер қаржыларын өзара бөлуге мүмкіндік берсе, екінші жағынан Әлем банктегі монополияны жоюға мүмкіндік жасады.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді.Түрлендіру мынадай үш кезеңді қамти:
Бірінші кезеңде мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100%мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01.01.1992ж жағдайға байланысты халық салымдарын индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.
Екінші кезеңде Халық банкіне пластикалықдебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қолданылу ауқымын кеңейту міндеті жүктелді.
Үшінші кезеңде Халық банкісінің алдында Ұлттық банк белгілеген пруденциалдық нормативтерге сай 01.01.1998ж. бастап салымдарды мемлекеттің толық сақтандыру жүйесіне өтуге дайындық жасап және жекешелендірудің бірінші кезеңін бастау міндеті тұрды.
Төртінші кезеңде әмбебап банк - Тұран банктегі мемлекеттің үлесі анықталып, ондағы негізгі боышқор-кәсіпорындардың бір бөлігі 1995 жылы жаңадан құрылатын Медетші банкке берілетін болды.
Бесінші кезеңде әмбебап банк- Кредсоцбанктегі мемлекеттің үлесі -40,3%мөлшерінде анықталды. 1995 жылдың қаңтар айының аяғына таман оның жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесін сату бағдарламасын Ұлттық банк даярлауға тиіс болды. Коммерциялық банктер үшін нақты секторды қысқа мерзімді несиелеу тиімсіз болып табылғандықтан , орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктерді құру қажеттігі туды.
Банк ісі - қарыз капиталын жинақтаумен және оны бөлумен шұғылданатын кәсіпкерліктің ерекше түрі. Қазіргі кезде банктер көптеген рперациялар жүргізді. Олар айналымымен несие қатынастарын ұйымдастырумен ғана шұғылданып қоймай, сонымен қатар банктер арқылы халық шаруашылығын қаржыландыру, сақтандыру операциялары, бағалы қағаздарды сатып алу сату, ал кейбір жағдайларда делдалдық келісімдер және мүлікті басқару операциялары жүргізілді.
Уақытша бос ақша қаражатын тарту, жинақтау және оны қарыз капиталына айналдыру. Кәсіпорындарға, мемлекетке, жеке адамдарға несие беру, бағалы қағаздармен операция жүргізу.
Ақша айналымын реттеу. Банк - әртүрлі шаруашылық субьектілерінің төлем айналымы жүретін орталық.
Айналымға несие құралдарын шығару. Банк клиентін тек жинаған уақытша бос ақша қаражатымен несиелеп қоймай, сонымен қатар депозиток чектерді, вексельдерді шығаруменде несиеленді.
Экономикалық және қаржылық кеңес беру.
Орындайтын айрықша қызметтеріне байланысты банктер: эмиссиялық және эмиссиялық емес болып бөлінеді.
Эмиссиялық банк - ол айналысқа ақша белгілерін эмиссиялауға (шығаруға) құқы бар, әдетте, орталық банк. Әр мемлекеттерде орталық банк әр түрлі аталады. Мыс: бұрынғы КСРО да ол мемлекеттік деп., ал қазіргі Қазақстанда - Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі деп. аталады.
Мемлекеттегі басқа банктердің барлығының да ақша белгілерін шығаруға құқығы жоқ эмиссиялық емес бантер. Олар коммерциялық, ипотекалық және т.с.с. банктер.
Инвестициялық және иновациялық банктердің 2 түрі де ұзақ уақытта ақша қаражатын шоғырландырумен маманданады, яғни олар облигация, акция және басқа бағалы қағаздар шығару арқылы ақша қаражатын, кейін ұзақ мерзімге қарызға береді. Инвестициялық банктер кәсіпкерлерге қарыз берсе, ол инновациялық банктер технологиялық жаңалықтарды өңдеуді және оны несиелеуді игереді.
Ипотекалық банктер - жерді және жылжымайтын мүліктерді капілдікке алып, ұзақ мерзімге несие береді. Олар ипотекалық облигация, акция және басқа бағалы қағаздарды сату, арқылы ақша жинақтайды.
2 Орталық банктерді ұйымдастырудың жолдары.
Тарихи Орталық банктер капиталды меншіктеу жөнінен үш түрге бөлінеді: мемлекеттік орталық банктер; яғни олардың капиталы түгелінен мемлекет меншігінде (мыс. Англия, ГФР, Франция, Канада, Ресей):
Акционерлік қоғамдар (мыс; АҚШ, Италия) Аралас акционерлік қоғам, капиталының бір бөлігі мемлекет меншігінде (Жапония, Бельгия)
Кейбір орталық банктер бірден мемлекеттік (Германияда, Ресейде) кейбіреулері акционерлік қоғам болып ұйымдасып, кейін ұлттық банк болып қайта құрылды (Ұлыбританияда, Францияда).
Кез-келген орталық банктер міндеті - ұлттық ақша өлшемінің төлемі қабілеттілігі мен валюталық курсының тұрақтылығын қамтамасыз ету, банк жүйесінің өтімділігі мен тұрақтылығын, төлем жүйесінің тиімділігі мен сенімділігін қамтамасыз ету. Осы міндеттерді атқару үшін орталық банк негізінен мынадай қызметтерді атқарады:
Банкноттарды монополиялы түрде эмиссиялау; ақша несиелік қатынастарды реттеу; сыртқы экономиканың қатынастарды жүргізу; банктердің банкісі болу және үкімет банкісі қызметі .
Орталық банктің ең алғашқы қызметі - ежелден қалыптасқан мемлекеттің өкілі ретінде заңды түрде - банкнота шығару. Орталық банктің банкнота және монета шығару қызметі тарихи біраз өзгерістерге дүшар болды. Мысалы, ақшаның алтын стандарты кезінде орталық банктің банкноталары коомерциялық вексельдермен және алтынмен қамтамасыз етілсе, қазіргі кезде несие ақшаларын айналысқа шығару көбінесе үкімет облигацияларымен қамтамасыз етідің. Сондықтан , банкноталарды шығарудың тауар айналымын тікелей байланысы айтарлықтай азайды, ал оны алтынмен қамтамасыз ету, типті мүлдем жйылды.
Орталық банктің басты клиенті - коммерциялық банктер, ал олар орталық банк пен экономика салалары арасында делдал ретінде қызмет атқарады. Орталық банктің сыртқы экономикалық қызметі - ол орталық банктің мемлекеттің валюталық саясатын жүргізетін және валюталық бақылау органы болды. Ол - ұлттық валютаның айырбастау курсын анықтау және оны реттеу; елдің ресми алтын валюта резервтік басқару жөнінде операциялар жүргізу; халықаралық есеп айырысу; төлем баланысын реттеу; елдегі және одан тыс жерлердегі валюталық құндылықтардың қозғалысын қадағалау; болжамдарды жасауға қатысу және төлем балансын құрастыруды ұйымдастыру жұмыстарын жүргізу.
Орталық банктің банк ісі қызметі - ол орталық банктің кәсіпорындарға және халыққа тура қызмет көрсетпеуі яғни орталық банктің негізгі клиенті коммерциялық банктер болды. Бұл оның коммерциялық банктерден айырмашылығы. Орталық банк коммерциялық банктердің кассалық қорларын жинақтау және сақтау қызметін атқарады. Бұл қорлар банктік міндетті резерв қорлары деп аталады.
1.2 Орталық банктің ақша-несие саясаты
Орталық банктің ақша несие саясаты деп оның айналымдағы ақша массасын, несие көлемін, проценттік мөлшер деңгейі мен ақша айналымындағы және қарыз капиталы нарығындағы басқа көрсеткіштерді өзгертуге бағытталған іс-шараларының жиынтығын айтады. Ол саясаттың мақсаты-ақша айналымымен несие жағдайына әсер ету арқылы шаруашылық конъюктурасын реттеу. Ақша-несие саясаты ия несиеге және ақша эмиссиясына жағдай жасауға, ия оларды реттеуге және шектеуге (несиелік рестрикция) бағытталады.
Орталық банктің ақша-несие саясатының әдістері сан алуан, олардың ең көп тарағаны төмендегідей:
Коммерциялық банктерге берілетін несиеге проценттік төлем мөлшерін өзгертуге (ресми есеп мөлшерін, қайтадан қаржыландыру мөлшерін, ломбардтың мөлшерін);
Банктердің міндеті қорларының мөлшерін өзгерту;
Ашық нарықтағы операциялар, яғни вексельдерді, мемлекеттік облигацияларды және басқа бағалы қағаздарды сатып алу-сату операциялары;
Валюта курсының саясаты немесе курстық саясат.
Бұл айтылған ақша несиелік реттеу әдістері барлық коммерциялық банктердің операцияларына және толық қарыз капиталының нарығына әсер ететіндіктен жалпы реттеу әдісі деп аталады.
Ал іріктеп тексеру әдісі (селективный метод) кейбір несие түрлерін (мыс: тұтыну несиесін) немесе кейбір шаруашылық салаларын (мыс: үй құрылысын, експорт саудасын) реттеуге қолданылуы мүмкін.
Іріктеп тексеру әдісіне мыналар жатады:
Кейбір банктерде банк тік несиенің мөлшерін немесе қарызды тікелей шектеу (несиенің шегіне жету деп. аталатын);
Несиенің белгілі бір түрінің берілуіне тәртіп белгілеу, атап айтқанда, маржа мөлшерін белгілеу, (яғни берілуге тиіс сома мен берілген несиенің арасындағы айырма), депозиттер мөлшері мен несие мөлшерінің арасындағы айырма (маржа - французша өзгешелік шама шегі деген сөз).
Процент мөлшерін жоғарлату еге қысқа мерзімді шетел капиталын тартуға әкеп соғады. Сонамен қатар ол төлем балансы мен валюта курсының деңгейіне де әсер етеді. Қарытындысына төлем баланс актив теліп және шетел валютасын ұсынушы көбейіп, демен шетел валютасының курсы төмендеп, ол ұлттық валютаның курсы жоғарлайды.
Орталық банктің процент мөлшерін төмендету әдісі. Яғни несиені кеңейту саясаты - несиелік экспанция деп. аталады.
Коммерциялық банктердің резервтерін, демен олардың қарыз беру мүмкіндіктері - не міндетті резерв нормасын өзгертудің елеулі әсері бар.
Бағалы қағаздар нарығы дамыған мемлекттерде ақша - несиелік реттеудің көп тараған әдісі - ашық нарықтағы операциялар. Ақша - несие саясатының келесі маңызды әдісінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Несие операцияларының сипаты
Активті несиелік операциялар банк қарыз алушыға ссуда берген кезде
Банктің несиелік жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары
Несие берудің қазіргі жүйесінің ерекшеліктері
Ұзақ мерзімді несие
Ипотекалық несие беру
Тұтыну мақсатына берілетін несиелер
Банктік несиенің экономикалық мәні
Банктің несие саясатының түрлері
Банктің несие саясаты
Пәндер