Орман өсу жағдайы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 50 бет
Таңдаулыға:   
Нормативтік сілтемелер

МЕСТ 18486-87 Орманшылық. Терминдер мен анықтамалар
МЕСТ 17.8.1.01-86 Табиғат қорғау. Ландшафттар. Терминдер мен анықтамалар
МЕСТ 17.6.1.01-83 Табиғат қорғау. Ормандарды қорғау және күзету. Терминдер мен анықтамалар
МЕСТ 58004-2017 Орманды қалпына келтіру. Техникалық жағдайлар
МЕСТ 19S4-93 Итмұрын жемістері. Техникалық жағдайлар
МЕСТ 21450 75 Қара қарақат жемістері
МЕСТ Р 50246-92 Марал оты шөбі. Техникалық жағдайлар

Анықтамалар

Ағаш - діңі анық ажыратылатын, бүйір бұтақтары мен төбе өркені тар-мақталған көп жылдық өсімдік. Бұтақтарының бүкіл жүйесі мен діңінің тармақтары бірлесіп желекті құрайды.
Ағаш отырғызу - бір немесе бірнеше сүрек тұқымдарының ормандық екпе материалдарын орман екпелерін өсіру мақсатында отырғызу.
Ағаш өсіруге жарамды топырақ - сортаңдану белгілері жоқ, күшті кар-бонатты қабаттары жоқ, тамыр өтпейтін топырақ қабаты 2 м-ден көп тереңдікте жатқан, эрозияға ұшырамаған немесе шамалы ұшыраған топырақ.
Ағаш тұқымы - 1) ағаш өсімдіктерінің түрі, тұқымы, тұқымдасы, шаруа-шылық тобы - басты тұқымдар, ілеспелі тұқымдар, қылқан жапырақты тұқым-дар, жапырақты тұқымдар және т.с.с. 2) шаруашылық немесе биологиялық белгілері ұқсас ағаш-бұталы өсімдіктер түрлерінің (сұрыптарының) жиынтығы: ұрықтық, сүйекті, жаңғақ жемісті, субтропикалық және т.с.с.
Ағаштар мен бұталардың биологиялық төзімділігі - ағаштар мен бұта-лардың ортаның төтенше факторларына (топырақ және әуе құрғақшылығы, топырақтың сортаңдануы, нормадан ауытқыған температуралық режим, өнер-кәсіптің зиянды қалдықтары және т.б.) ықпалына қарсы тұру мүмкіндігі.
Таралу аймағы - жануарлар мен өсімдіктердің белгілі бір түрлерінің кездесетін жер беті бөлігі.
Вегетациялық кезең (латынша vegetatio - қозу) - өсімдіктер белсенді өсіп, дамитын кезең. Белгілі бір жердің өсімдіктері үшін В.к. - бұл өсімдік-тердің белсенді өсіп-өнуі метеорологиялық жағдайлар бойынша мүмкін бола-тын жылдың бір кезеңі.
Гидрофиттер - топыраққа бекітіліп, суға төмен жағымен бататын жоғарғы су өсімдіктері. Бұлар жағалауларды толқындардың әсерінен бұзылудан қорғап бекіту мақсатында қолданылады.
Деградация (латынша degradatio - бұзылу) - зиянды табиғи-антропоген-дік процестердің әсерімен қандай да бір ресурстың әлеуетінің жойылуы.
Екпе ағаштар - қолдан егілген ағаш және бұталы өсімдіктер учаскесі.
Жел эрозиясы - тау жыныстарының және топырақтың желдің әсерімен бұзылуы. Желдің қиратушы күші әр түрлі топырақ үшін оның дефляцияға қарсы төзімділігіне байланысты, ал топырақтың дефляцияға қарсы төзімділігі бірнеше факторлармен, ең алдымен топырақ бөлшектерінің механикалық құрамымен және олардың бір-бірімен тұтасу күшімен анықталады.
Жер асты сулары - жер бетінен төменірек орналасқан, жер қыртысының жоғарғы қабатында жатады.
Жерсіндіру - организмдердің (адамның, жануарлардың, өсімдіктердің) тіршілік етуіне қажетті өзгерген географиялық (көбінесе климаттық) жағдайларға бейімделуі.
Инсектицидтер - зиянкес жәндіктермен күресуге арналған.
Ксеромезофиттер - құрғақтан бастап орташа дымқыл жағдайға дейінгі аралық жағдайда өсетін өсімдіктер. Мысалы, қарағай, емен, аласа қияқ және т.б.
Ксерофиттер - қуаңшылық жағдайында өсетін өсімдіктер. Бұлар склеро-фиттер (бетеге және т.б.) мен суккуленттер (кактустар, сүттігендер, алоэ, молодило және т.б.) болып бөлінеді.
Қарағайлы орман-жақсы құрғатылған құмды және құмайт топырақта өсетін қарағайлы орманның атауы.
Қарашірік - бірқалыпты қанған және топырақтың минералды бөлігімен тығыз байланысты гумификацияланған органикалық затты бір жерге шоғыр-лайтын қабаттар. Бұлар сұр, қара сұр, қызыл қоңыр және қоңыр түстерге боялған. Көбінесе борпылдақ және құрылымы жақсы болып келеді.
Қатар аралық - қорғаныш орман екпелеріндегі ағаштар мен бұталардың қатарлары арасындағы аралық.
Құрғақшылық - вегетациялық кезең ішінде, әдетте, ауаның жоғары тем-пературасы мен төмен дымқылдығы кезінде орын алатын, топырақтағы ылғал қорының төмендеуіне және соның салдары ретінде өсімдіктердің нашар өсуіне, кейде қурауына әкелетін жауын-шашынның ұзақ уақыт бойы және біраз уақыт болмауы.
Қылқан жапырақ кеміргіш зиянкестері - қылқан немесе жапырақты ағаштарды жаппай жоятын зиянкестер.
Қылқанды ормандар - сүрек діңдерінде көбінесе бір немесе бірнеше қылқанды тұқымдылар белең алатын ормандар.
Ландшафт (немісше lаnd - жер, schaft - өзара байланысты, өзара тәуелділікті білдіретін жұрнақ) - берік бір жүйені түзе отырып компоненттері (рельеф, климат, сулар, топырақ, өсімдік және жануарлар әлемі) өзара күрделі іс-әрекеттестікте жатқан табиғи географиялық кешен. Өзара іс-әрекеттесетін
Мезотрофты өсімдіктер - құнарлылығы жағынан эвтрофты және олиго-трофты өсімдіктердің арасындағы аралық орынды алып жатқан өсімдіктер (мысалы, шырша және т.б.).
Мемлекеттік маңызы бар ормандар - оларға мемлекеттікорман шаруа-шылығы мекемелері қарауындағы орманда, қала ормандары, бекітілген орман-дармен қорық ормандар жатады.
Орман бонитеті - орманның өсіп тұрған жерінің құнарлылығына байла-нысты өнімділігінің көрсеткіші.
Орман желілері - орман қорының орман өсіруге арналған орманды және ормансыз жерлері.
Орман жолағы - орман мелиорациялары функцияларын орындау үшін қолдан отырғызылған, жолақ түріндегі қорғаныш орман екпе ағаштары.
Орман - өздерінің даму барысындағы биологиялық жағынан өзара байланысты, бір-біріне және сыртқы ортаға әсер етуде басымдылығы алатын ағаштардың, бұталардың, топырақ жамылғыларының, жануар мен микроорга-низмдердің жиынтығынан тұратын жағырапиялық жер бедерінің элементі.
Орман өсіру плантациясы - ағаш және бұталы тұқымдардың көшеттерін (ірі көлемді отырғызу материалын) немесе арнайы мақсаттағы екпе ағаштарды өсіруге арналған жер учаскесі.
Орман шаруашылығы - орманды зерделеу мен есепке алу және зерттеу, оларды ұлғайта өсіру, өрттен зиянкестер мен аурудан қорғау, орман пайда-лануды реттеу, орман ресурстарын пайдалануды бақылау міндеттерін атқара-тын халық шаруашылығының саласы.
Орман шаруашылығын қорғау - орман зиянкестерін немесе аурулардың зақымдануына мүмкіндік бермейтін немесе оны кемітетін орман шаруашылық жұмыстарының көмегімен қорғау.
Орманды қорғау - (мемлекеттік орман күзеті) - мемлекеттік орман шаруашылығы мекемелер жүйесіндегі арнаулы қызмет.
Ормандылық - қандай да бір аумақтағы орман алаңының аумақтың жалпы алаңына қатынасымен анықталатын аумақтың ағаш өсу дәрежесі.
Өркен - сабақтан, оның бойында орналасатын бүршіктерден және жапы-рақтардан (қылқан) тұратын өсімдіктердің негізгі органдарының бірі. Мелиора-циялық тұрғыдан бағалы ағаш және бұталы тұқымдар мен олардың форма-ларының вегетациялық көбеюі кезінде қорғаныш орман өсіруде қолданылады.
Өсімдіктер карантині - карантинденген және басқада қауіп келтіретін бунақденелердің, зиянкестердің, өсімдіктер ауруын қоздырғыштардың және зиянды арамшөптердің таралуынан ел аумағын қорғайты, олардың жойылып кетуінен сақтандыру жөніндегі, сондай-ақ карантин түрлерінің ошақтарын анықтау, таратпау және жою жөніндегі мемлекеттік шаралардың жүйесі.
Пар - белгілі бір вегетациялық кезең аралығында ауыл шаруашылығы дақылдарынан босаған, топырақтың жоғарғы қабатының физикалық күйін жақсарту, арамшөптерді жою мақсатымен өңделетін егіс танабы. Таза және ауыл шаруашылығы дақылдары егілген парлар болып бөлінеді.
Сүрек - сүректі өсімдіктердің діңдерінде, бұтақтарында және тамырла-рында, қабығы мен өзегі арасында орналасқан өткізгіш, механикалық және қор жиюшы ұлпаларының жиынтығы.
Сүрек зиянкестері - сүректің техникалық қасиетін төмендететін зиянкес-тер.
Табиғи жағдайлар - адамзат қоғамының өміріне және қызметіне елеулі маңызы бар факторлардың, күштердің, организмдердің, заттардың, құбылыс-тардың, табиғи орта ерекшеліктерінің жиынтығы.
Таксациялық көрсеткіштер - жекелеген ағаштар мен орман екпе ағашта-рының статистикадағы және динамикадағы биоматематикалық көрсеткіштері мен сипаттамаларының жиынтығы.
Фотосинтез - жасыл өсімдіктердің хлорофилмен сіңірілетін күн жарығы энергиясының көмегімен көмірқышқыл газдан және судан органикалық заттар-ды синтездеуі.
Эталондық қорғаныш орман екпе ағаштары - өсіп шығатын белгілі бір жер жағдайларында барынша мүмкін болатын мелиорациялық және экономикалық тиімділігімен, төзімділігімен және ұзақ өмір сүргіштігімен байқалатын екпе ағаштар.

Белгілеулер мен қысқартулар

ЖШС - жауапкершілігі шектеулі серіктестік
ҚР - Қазақстан Республикасы
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы
КСРО - Кеңестік Соцалистік Республикалар Одағы
ОШММ - орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі
ӨББ - өрт бақылау бекеті
ӨХС - орт химиялық станция
РМҚК - Республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
ТЖ - төтенше жағдайлар
ППН - плуг плантажный навесной
ПЛ - плуг лесной
ЭТЦ - экскаватор траншейный цепной
м - метр;
м2 - шаршы метр;
м3 - текше метр;
см - сантиметр;
га - гектар;
кг - килограмм;
г - грамм

Кіріспе

Алматы облысына қарасты Ұйғыр орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесі территориясында ағаш діңінен басқа да шикізат қоры көп (дәрілік өсімдіктер, жабайы алма, жеміс-жидектер, техникалық өсімдіктер). Оның ішінде шабындық пен жайлымдар да көп жерлерді алып жатыр. Осы жер байлықтарын табиғатқа зиян келтірмей аздап пайдалануға болады. Оларды мөлшермен азайтпай, керісінше көбейту жағдайларын жоспарлап пайдаланса тек қана табиғатқа пайдасы тиетіні түсінікті. Және пайдаланғанда, жалпы қордың әр жерінен ғана алып 4-5 жыл аралықта қайталай отырса табиғатқа зиян келтірмейтіні хақ. Мысалы, бал шаруашылығын неге ұстамасқа, одан тек пайда түсер еді.
Осы көрсетілген орман қорынан түсетін қаржыны туризмді дамыту жұмысына жатқызуға болар еді. Бұған әрине бүгінгі күні үкіметтен қаржы бөлінбейді деуге болады. Шетелдерде туризмнен түсетін қаржы басқадай пайдалардың көзінен не құрылым көп, ал ол бізде тіпті басталмай жатқан сала. Біздің дипломдық жоба осы мәселеге байланысты, оның тек аздаған сұрақтарына жауап ретінде істелген жұмыс. Келешекте туризм дами бастағанда екеуін бірге қарастырып жобалау жұмыстарын бірге жүргізу жағын қарастырмақпыз. Бұл жағынан табиғи бақта жүргізіле бастаған бастама жұмыстарда жоқ емес.
Сирек кездесетін және жойылу қаупі бар өсімдік түрлерін, олардың жеке түрлерін қорғау биологиялық алуан түрлілікті сақтау жағдайында ерекше маңызды болып саналады. Қазақстан флорасында жоғары сатыдағы 5700-ге жуық түрлері бар, олардың 500-ден астам түрлері қорғау шараларын қажет етеді. Оңтүстікте, әсіресе таулы өңірлерде неғұрлым көп кездесетін, әрі өзіндік ерекшелігі бар өсімдіктерге адамдардың іс-әрекеті қолайсыз әсер етеді. Жылма-жыл көптеген құнды өсімдіктерді дайындау көлемі ұлғайып отыр, мұның өзі ғылыми, шаруашылық және мәдени эстетикалық зор мәні бар түрлерінің жойылуына қауіп төндіреді.
Республиканың мемлекеттік орман қорының жерін жанама пайдалануға мал жаю, шөбін шабу, саңырауқұлақтарды жинау, жабайы өскен жемістерін жинап алу, қылқанды және жапырақты ағаш тұқымдарының шырынын ағызып алу, қо-зықұйрық және жидек жинау, дәрі-дәрмектік, техникалық шөптерді теру, қамыс, қоға дайындау, аң аулау, бал арасын өсіру, құм, тас шым дайындау жатады.
Қазақстан Республикасы өзінің аумақтық-географиялық жағдайының ерекшеліктеріне орай өсімдік шикізатынан алынатын дәрі-дәрмек өндірі үшін болашағы мол база болып табылады. Әр түрлі климаттық аймақтардың, табиғи жасыл әлемінің үлкен алаңдарының астасып жатуы Қазақстанда өсетін 6000-дай өсімдіктің кең ауқымды пайдалануына мүмкіндік береді. Жабайы өсімдік шикізатының 80 пайыздан астамы Қазақстан мен Орта Азияда дайындалады. Қазақстан Республикасында жылына Қаздәріөнеркәсіп бірлестігі 500-600 тонна, орман және аң шаруашылығы кәсіпорындары 50-60 тонна, ботаника және фитоинтродукция иниституты-10 тоннаға дейін, табиғи ресурстары және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің ұйымдары 5-7 тонна дәрілік өсімдік жинайды, олардың атауы 100-ге жетеді. Алайда, Қазақстан кәсіпорындарында тек 20 тонна ғана дайындайды, бұл жалпы жинаған мөлшерінің 3- пайызынан да аз [1]. Қалғандары жартылай өңделген немесе өңделмеген түрде экспортқа шығарылады. Және шығарылып жатыр.

1 Орман шаруашылығының ауданы, орналасқан жері. Табиғи-климаттық жағдайы

1.1 Орман шаруашылығының орналасқан жері мен ауданы

Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі Солтүстіктен Оңтүстікке 88 км, Шығыстан Батысқа 125 км жер көлемін алып жатыр. Бұл территорияда негізінен бір-біріне 10-35 шақырым аралығында елді мекендер орналасқан.
Бірінші аймақ Іле өзенінің жағалауы жазық бір тектес орман орналасқан. Екінші таулы аймақ негізінен оңтүстігінде орналасқан. Үшінші аймақ табиғи орман негізінен Шаған орманы алып жатыр. Бұл аймақ табиғат ескерткіші болып саналады [1].

Сурет 1. Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің ғимараты

Чарын Шаған орман саяжайы орман және аң шаруашылығының өндірістік бірлестігінің Солтүстігінде Іле өзенімен, Оңтүстігінде Алматы облысы Райымбек аудынымен, батысында Еңбекшіқазақ ауданының орман және аң шаруашылығы көлемімен, Шығысында Қытай Халық Республикасының мемлекеттік шекарасымен шектеседі.
Ұйғыр ауданының орман және аң шаруашылығы негізінен үш орманшылыққа бөлінеді. Олар:
1. Шарын орманшылығы
2. Ақсу орманшылығы
3.Кетмен орманшылығы

Сурет 2. Ұйғыр орман шаруашылығы мемлекеттік мекемесінің картасы

Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесі дала жұмыстарын 1996-1997 жылдары негізінен Қазақтың орман құру мекемесімен арадағы 1996 жылыдың 1 сәуірінде №2 келісім шарт бойынша жүзеге асырып отырады.
Орман құру жобасынан түсініктеме қол хаттардың көлемін біраз қысқарту және кейбір шешілмей жүрген мәселелерді терең талдау жасауда Қазақстанда орман құру мекемесі 1996 жылы Алматы облысында орман шаруашылығын ұйымдастыру және өркендету жөнінде негізгі іс-шаралары туралы жоспар жасап оны Алматы облысы Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінде техкеңесінде қаралып Қазақстан Республикасының Экология және Биоресурс Министірлігімен Орман Шаруашылық Комитетінде бекітілді [1].

1.2 Орман өсу жағдайы. Табиғи климаттық жағдайы

Ұйғыр орман шаруашылығы мекемесінде мемлекет орман өсу жағдайын 1972 жылы Қазақ Мемлекеттік Ауыл Шаруашылық Институтының мамандары Медведев, Гуриков аудандастырған. Сол кісілердің жасаған жобасы бойынша Ұйғыр ауданының орман аң шаруашылығының таулы жағына Ақсу және Кетмен орманшылығы кіреді. Бұл жерте Солтүстік Шығыс Тянь-ШаньныңКетменжоталардындағы шыршалы ормандар жатады [1].
Тоғайлы орман бұған Іле жазығына жататын жер көлемі кіреді. Бұл екі орман аралығында сексеуілді орман бар. Негізінен сексеуілді және басқа ормандар Чарын орманшылығына жатады. Сондықтан Ұйғыр орман шаруашылық мемлекеттік мекемесінің жер көлемі таулы, сазды, жазықты және шөлейт жерлерден тұрғандықтан табиғат жағдайы бір-бірінен өзгеше болады.
Таулы аймақтың климат жағдайлары қыркүйек айының басында қар түсіп мамыр айының аяғына дейін жатады. Қар қалын түседі (1-1,5 м). Кетмен жоталарының ең жоғарғы шыңдарында қойылған метеостанциялар осы күні істен шыққан [1].

Сурет 3. Ұйғыр орман шаруашылығы мекемесі Кетпен орманшылығы аумағымен танысу
Төменгі аймақтарда табиғат жағдайын зерттеу Ұғыр ауданның Добын аймағында орналасқан метеостанция арқылы тексеріліп қағазға түсіріліп отырады.
Шөлді және шөлейт жерлерге табиғи құбылыс: жаз айларында өте жоғарғы температура, құрғақшылық, желдің жоғарғы жылдамдығы және көп уақыт қардың болмауы.
Аязсыз күндердің ұзақтығы 178 күн. Алғашқы суық 16 қазанда басталып, соңғы суық 20 сәуірге дейін созылады. Осы аралықта кейбір күндері батыстан шығысқа қарай соққан желдің жылдамдығы сонша қою-шаңды боранға ұласады.
Іле өзенінің ең ерте қатуы қараша айының аяғыныда. Ал ең кеш қатуы қаңтар айының басында. Орта есеппен 15 наурыз аралығында Іле өзені қайта ериді.
Соңғы 7-8 жыл аралығында Ұйғыр ауданында негізінен құрғақшылық болып тұрады. Ылғалдылық аз түсуінен ауданның жоғарғы температурада болуынан, бұл аудан территориясында орманды өсуі төмен. Ал қолмен отырызылған ағаштарды өзін өсіру қиынға соғады. Бұған дәлел Сартоғай, Арасан, Қарадала аймақтарында отырғызылған сексеуіл ағаштарының өсіп-өнуі неше жылдан бері желісімен бермей отыр. Бұл аймақтар қара сексеуіл, тораңғы, тал, жиде өседі, ал бұталы ағаштардан Теріскен, қарабарақ, Жыңғылы, талдыбұталары өседі[1].
Жазақ біртектес аймақ Чарын өзен бойындағы Шаған орманы. Бұл орман дүние жүзінде көп кездесе бермегендіктен, ежелден келе жатқан табиғи орман болғандықтан мемлекет қарамағына алынған.

Кесте 1. Добын метеостанциясының табиғи климатының көрсеткіші

Көрсеткіштер
Маңызы
Мерзімі
1
2
3
Ауаның температурасы градус

Орташа жылдық
7,8

Абсолютті максимум
+41,9

Абсолютті минимум
-42,6

Жауын-шашын бір жылдық мөлшері, мм
119,6

Вегетация кезеңінің ұзақтығы, күн
210

Көктемдегі соңғы үсік

20 сәуір
Күздегі бірінші үсік

16 қзан
Өзендердің қатуының орташа мерзімі

Қараша ай соңы
Орта есеппен өзеннің еруі

15 наурыз
Қардың қалыңдығы, см
10

Қардың түсу мерзімі Орманға аңға шығу уақыты

30 желтоқсан
1 наурыз

Кесте 2. Барахудзир метеостанциясының табиғи климаттық көрсет-кіштері

Көрсеткіштер
Маңызы
Мерзімі
1
2
3
Ауаның температурасы градус

Орташа жылдық
9,2

Абсолютті максимум
-----

Абсолютті минимум
-----

Жауын-шашын бір жылдық мөлшері, мм
131

Вегетация кезеңінің ұзақтығы, күн
210

Көктемдегі соңғы үсік

20 сәуір
Күздегі бірінші үсік

Қазан айының ортасы
Өзендердің қатуының орташа мерзімі

Қараша айының соңы
Орта есеппен өзеннің еруі

1 наурыз
Қардың қалыңдығы, см
41

Қардың түсу мерзімі

30 желтоқсан
Ауаның ылғалдылығы, %
44

1.3 Жер бедері және топырағы

Қылқынды және жалпақ жапырақты ағаштардың ұшар басының астыңғы вертикальды зональдықты есепке ала отырып, таулы орман топырағының тастылығы, дымқылдығы, саздылығы жағынан әр басқа түрлер қалыптасқан. Орманның жоғарғы шекарасында және альпі жайылымдар зонасында орналасқан таулы шалғынды-орманды, қара түсті топырақ өте аз сапасымен ерекшеленеді және әр түрлі тасты қиыршықты жерлерге ұласады. Өсімдіктердің өсіп өнуі қасиетіне байланысты топырақ айырмашылықтарының толық сипаттамасы негізгі ережелерде көрсетілген. Табиғи жағдайларда эррозия процесстері, сел тасқыны болған жерлерде болуы ықтимал.
Шаруашылық іс жағдайында жергілікті эррозия процесстері және қатты жауын кезде дұрыс жүргізілмеген сүйреткілер кесірінен болады, бірақ кәсіпорын жағдайында ондай процесстер көп тарала қоймаған және бұзылған жерлер жоқ.
Шаруашылықтың таулы аудандарының түрлері келесі топтарға бөлінеді:
Таудың қара топырағы құнарлығы жоғары
Таудың күңгірт түсті топырақты аймағы
Орманның қара топырақты аймағы
Орманда субальпалі таудың топырақты аймағы
Орманды альпілі аймақ
Таулы-далалы аймақ

Сурет 4. Мемлекеттік мекеменің картасымен танысу

Таудың қара топырағы әртүрлі жабайы өсімдіктерден түзүледі 1080-2000 м теңіз деңгейінен жоғары. Солтүстік батыс және Солтүстік шығыс беткейлерінде қара топырақтың құнарлығы жоғары және орташа құнарлықта болады. Топырқтың құрамы құнарлығы 5% және одан жоғары. Бұл жерлер негізінен жайылым ретінде қолданылады. Таудың күнгірт түсті топырақты аймағы теңіз денгейінен 2000-2800 м биіктікте шырша ормандарының астында Солтүстік шығыс және Солтүстік батыс беткейлерде құнарлығы 4-5% болады. Топырақ бетін орман төсегіштері алып жатыр. Солтүстік беткейлерде шірітінді қабаты өте жоғары (10-15 см), ал Оңтүстікте азырақ (5-10 см). Жоғарғы аймақтағы топырақ құнарлығы 10-15% [2].
Казгипролесхоздың зертеулері бойынша топырақтың 8 түрлі типін анықтады. Олардың барлығы орман өсуге қолайлы. Субальпілі орман топырақты аймақ теңіз деңгейінен 2800-3000м биік аймақта құрылған. Бұл топырақта субальпілі көгалды жайылымдар, бұталы өсімдіктер өседі. Таулы даласы топырақ биіктік беткейлер еңістігі 25º болатын беткейлерге арша астында түзілген.
Субальпілі аймақта арша астында торфты көгалды дала топырағы қалыптасқан. Себебі олар тік беткейлерде ұсақ тас, шебін ретінде түзілген. Топырақ өсімдіктердің өсуіне өте қолайсыз. Эрозиялық процесстерді болдырмаудың, алдың алудың ең үлкен роль атқаратын бұтағы өсімдіктер.
Таулы ормандарда ағаш бұталы өсімдіктер биік беткейлер мен жолдарда өседі. Олардың тамырлары топырақтың ағуынан, селден, көшуден сақтайды. Сол себепті ағаш кескенде эррозияны болдырмау жағдайын ескерген жөн.
Ұйғыр ОШММ көлді-жазық аймақтарында теңіз деңгейінен 500-600 м биіктікте құмды, тасты топырақ түзілген. Ол жерлерде сексеуіл мен жыңғыл өседі.
Іле өзенінің аңғарында, салаларында сазды топырақ болады. Көгалды аллювиалды топырақтарды тал, қарқат, шеңгелдер өседі.
Шаруашылықтың шөлейт аймақтарының эррозиясықауыпы күшті. Эррозиялық процесстерге байланысты орман орналастыру мәселесі төмен.
Топырақтың тоңазу тереңдігі 70 см орташа 54 см, Іле өзеннің ең ерте қатауы қараша айының аяғында. Ал ең кеш қатуы қаңтар айының басында. Орта есеппен 15 наурыз аралығында негізінен құрғақшылық болып тұр. Ылғалдың аз түсуінен ауаның жоғары температурада болуынан, бұл аудан территориясында орманның табиғи өсуі өте төмен. Ал қолмен отырғызылған ағаштардың өзін өсіру қиынға соғады. Бұған дәлел Сартоғай, Арсан, Қарадала аймақтарында отырғызылған сексеуіл ағаштарының өсіп өнуі немесе көп жылда бері жемісін бермей отыр. Бұл аймақта қара сексеуіл, тораңғы, тал, жиде. Бұталы ағаштардан теріскен, қарабарақ, жыңғыл, тал бұталары [3].
Жазық біртектес аймақ. Чарын өзен бойындағы Шаған орманы бұл орман дүние-жүзінде көп кездесе бермегендіктен ежелден келе жатқан табиғи орман болғандықтан мемлекет қорғауына алынған.

1.4 Гидрология және гидрография

Кәсіпорын аймығында дамыған өзендік жүйелер бар. Барлық өзендер таулы болып есептелінеді және аралас көректену (қарлы, мұзды, жаңбырлы және жер асты сулары) түріне жатады.
Кәсіпорын аймағындағы кейбір өзендер Іле өзенніне барып құятын Шарын өзенінің ағысы болып саналады.
Барлық тау өзендерінің еңістігі үлкен, ағысы тез, эррозиялық әрекеттері едәуір селге ұшырау қауіпі анық, яғни таудағы кез келген қатты жауыннан соң тез көтерулуге жайын турады.
Кәсіпорын аумағындағы барлық өзендер терең еңістігінен ағуы жылдам болғанымен терең еңістігінен, ағу жылдамдығы болғанмен су көлігі немесе сүректі ағызуға жарамайды.
Барлық аталған өзендер ауыз су көзі болып табылады, тауға дейінгі зонадағы қолдан суландырылатын жерлердің қажетін өтеді. Сондай-ақ мал суғарғанда қолданылады. Таудың негізгі жұмсақ үйінділер жатқан жерінде жер астысулары болады. Олардың орналасу тереңдігі 0,5 тен бірнеше ондаған метрге дейін жетеді
Шаруашылықтағы тау өзендері Кетмен Жоталарының сай салаларынан ағып өтеді. Ол өзендер мыналар: Бөдетісай, Қалжат, Санат, Дулатсай, кіші Кетмен, үлкен Кетмен, аралық сай, дардаматы және т.б. бұл өзендердің барлығы Тянь-Шань суларының құрамына жатады.
Орманды пайдалану заңына байланысты орман өзендері бойында орналасқан ормандар қорғаныш және ылғал сақтағыш қызметтерін атқарады, шаруашылық бойынша ондай өзендер мыналар: Үлкен Ақсу, Шошанай, Бөдетті сай, дардамты, Кетмен және т.б. Бұдан басқа шаруашылықта Іле өзені су құрылымына жататындар: Темірлік, Қырғысай, Сүмбе, Кіші Ақсу, Үкен Ақсу, Ават. Жоғарғы жақты өзен ағысы қатты 1-3 мсек. Аудан бойынша ірілігі жағынан екінші орынды алатын өзен, ол Шарын бастауын Кетмен жотасының шығыс бөлігіндегі Шәлкөде судан бастайды. Ақтоғай жазығын және каньеонды басып Шарын өзені атанады. Өзеннің жылдамдығы 1,5мсек, ені 20-30. Көктемде су тасқыны болған кезде, күшті тасиды, алдында кездескен орман жолақтарын шайып кетеді. Каньеннан өтіп Сартоғайға жеткенде 3 бөлікке бөлінеді: Іле өзеніне барып құяды. Оң жақтағы бөлігі - ең ірісі Тас-Қара-Су, ортаңғысы Қара - Ерен және сол жақ бөлігі Шарын [3].

1.5 Өсімдіктер жамылғысы

Кезінде жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша Күнгей Алатауының өсімдіктер мен жануарлар әлемі, топырағы, жер бедері биіктік белдеулеріне байланысты өзгеріп, жаңарып отыратынын көрсетті. Күнгей Алатауының, Іле Алатауымен топырақ және өсімдіктер әлемі өте ұқсас, тек айырмашылығы Күнгей Алатауының ауа-райы салқын болып келуіне байланысты мұнда жемісті жапырақты ағаштар белдеуі кездеспейді және әрбір биіктік белдеулері теңіз деңгейінен 200-300 метрге жоғарылап кетеді. Күнгей Алатауы биік әрі ұшар басын мұздақтар алатын биік-биік шыңдар көп.
Аудандағы өсімдіктер жамылғысы мен топырақ қабаты тау беткейлерінің етегінен бастап, жоғары көтерілген сайын айқын өзгерістерге ұшырап отырады. Тау беткейіне лайық топырақ құрылымы мен өсімдіктер дүниесі кездеседі. Жүргізілген зерттеулер нәтижесі бойынша Күнгей Алатауында 2000-ға жуық өсімдік түрлері өседі. Күнгей Алатауының биіктік белдеуіне байланысты құ-рылған топырақ және өсімдіктер жамылғысының бөлінуі әрқилы болады. Облыстың топырақ және өсімдік жамылғылары вертикаль белдемдікке байла-нысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Онда жусан, өлеңшөп, жүзгін, сораң, сексеуіл, көктемде эфемер өсімдіктер басым тараған. Мұндай жерлерде (биікт. 600-1300 м) астық тұқымдас өсімдіктері басым жусанды, бетегелі-боз далаға ауысады. Таулы бөлігінің бұдан жоғары жағында көктерек, қайың, алма ағашы, ал одан да жоғарырақта Тянь-Шань шыршасы, кейде биік таудың шалғыны өседі. Биік таудың альпілік шалғынында өлең шөп, алтай, қоғажайы, тастесер т.б. өсім-діктер басым. Бұл өңір -- облыс малшыларының жазғы жайлауы. Облыстың топырақ және өсімдік жа-мылғылары вертикаль белдемдікке байланысты қалыптасқан. Жазық бөлігінде шөлдің де, даланың да қоңыр топырағы тараған. Тауалды өңірінің жоғары бө-лігін солтүстікте 1600 - 2100 м, таулы аудандардың оңтүстік беткейлерінде 2200 метрге дейін шөлейт алады. Бозғылт сұр топырақта жусанды-селеулі-сораңды өсімдік топтары өседі. Таулы ауданның солтүстік беткейлерін 1000 - 1200 метрден 2500 - 2600 метрге дейін, шығыс Тянь-Шаньның оңтүстік беткейлерін 1800 метрден 3000 м биіктікке дейінгі аралықтағы қызғылт қоңыр және қоңыр топырақтаастық тұқымдастүрлі шөптесін дала өсімдіктері өседі (селеу,бетеге,өлең). Орман тұтас белдеу құрамайды, солтүстік беткейлерде дала және шалғын алқаптарымен кезектесіп келеді. Төменгі өңірде орманның сұр топырағында жабайы жеміс ағаштары мен ұсақ жапырақты ағаштар өседі. Оңтүстік-батыс таулы аудандарда шоқ-шоқ болып өскенжаңғақ,жемісормандары таралған. 2000 мтерден жоғарыда қылқан жапырақты ормандар (шырша, майқарағай) өседі. Субальпі және альпі шалғындары негізінен 3000 - 3200 метрден жоғары солтүстік беткейлерді қамтиды. Орталық таулы аудандарда сырттарын суық шөл алып жатыр. 3600 - 3800 м биіктікте гляциалды-нивальды (мұзды-қарлы) белдеу басталады. Жоғарғы биіктіктегі ішкі тұйық қазаншұңқырларға тастақты шөл, шөлейт және құрғақ дала ландшафты сипатты [4].


1.6 Орманшылық орналасқан ауданның экономикалық жағдайы

Кәсіп орманы жергілікті жерде ағаш сүрегіне деген қажетті өтеуде негізгі роль атқарады. Сүректің орташа жылдық жіберілуі соңғы екі жылда 2,2 мың м3-ті құрайды. Таулы бедер жағдайында ормандар суды сақтауда және топырақты қорғауда өте маңызы зор. Кәсіпорынның жалпы 264014 га көлемінен ұзақ мерзімге пайдалануға 61757 га беріліп келген кезінде. Аудан балансындағы жайлымдар өндірістегі мал шаруашылығы үшін үлкен роль атқарады.
Экономикалық тоқырауға байланысты кәсіп орын жеке қосалқы шаруашылықпен айланысады. Онда бірнеше жүздеген қой және бірнеше ондаған ірі қара бар.
Кәсіпорын аудандағы сүректерді дайындайтын және өңдейтін негізгі мекеме болып саналады. Олардың өндіргіш және халық қажетін өтейтін өнімдердің көп түрлері шығарылады. Шаруашылықтағы қосымша пайдаланудың нақты толық мәліметтері туралы көрсеткіштер арнайы тарауларда көрсетіледі. 1993 жылы шаруашылықты орман аңшылық өндіріс кәсіпорны болып қайта құрылуына байланысты кәсіпорын ормандарын мекендеуші аңшылық фаунасы аса маңызды лицензиялық аңшылыққа ие болады, әсіресе шетел туристері үшін ерекше. Туризмді дамытуда Шарын өзенінің жағасындағы саяжайлардың мәні зор. Жалпы алғанда аудан экономикасында кәсіпорын маңызды роль атқарады. Кәсіпорын орманының кадастрлық бағаналары және ауыл шаруашылық жерлерін бонитеттеу сұрақтарымен айналысады.

1.7 Орманды қорғау

Өткен тексеру мерзімі кезінде мекеме аймағында өрт болған жоқ. Тек 1991-жылы 2,0 га алаңшадағы арша өсінділері арасында өрт болды.Себебі анықталмады. Орманда іс жүзінде өрт болмаса да, орманда өрт қаупі әрқашан жоғары. Орманда өрт шығуының ең негізгі себебі ормандағы малшы,орман жұмысшылары,жеміс және саңырауқұлақ және туристердің отты дұрыс пайда-ланбауынан болады. Өткен орман орналастыру мәліметтер бойынша Алматы облысы ормандарға керек-жарақтарының өртке қарсы жоспары. Кетпен және Ақсу орманшылықтары (1971-1972ж) мекеменің14886 га жалпы көлемінен орманды жердегі қорғау зонасына 87477 га(59,0%), авиациялық қорғау зонасына 60789 га деген жоспардағы көрсеткіштерге негізделген. Мекеме аймағы 01.01.15 ж жағдайға қарай барлық аймақтық өзгерістерді есепке ала отырып, 10 шеберлік алаңшаларға және 58 айналмаға бөлінген.Осыны есепке ала отырып өткен орман орналастыру кезінде келесі тексеру кезеңіне арнап өртке қарсы шаралардың кең жоспары жобаланды.Бірақ қаржының жетіспеуіне байланысты шаралардың көп бөлігі, әсіресе құрылыс салу бөліміне және техникаларды алуда,орындалмай қалып отырды [1].
Аудан бойынша жыл сайын жергілікті өкімет органдары орман өрттерін шұғыл сөндіру жоспарын бекітіп,оны орман қорына жақын аумақта орналасқан барлық шаруашылықтарға мәлімдеп отырды. 2013-жылы жүргізілген сапалы ескерту шаралары:300 адам қатысқан 150-баяндама,1200 адам қатысқан 600 әңгіме және орман қорғаудың басшы қызметкерлері радиодан сөйледі, жергілікті баспасөзде 7 мақала басылды.
Өрт қаупі күшті мезгілде орманда демалуға арналған бір реттік өткізу рұқсатымен іске асырылады,бұған қоса ормандағы өрт қауіпсіздігі туралы ескертпе қағаз беріледі.
Барлық малшылар мен аңшылармен және мектеп оқушылармен ормандағы өрт қауіпсіздігі туралы ережелер бойынша нұсқау беріледі. Мемлекеттік ме-кемеде Шонжы ауылында орналасқан ӨХС-ІІ типті екі станция бар,олар екі ГАЗ-66 маркалы өрт сөндіргіш машиналарында жинақталған,бұлар қазіргі ор-ман орналастыру уақытында ескірген болып шықты,жүруге жарамсыз және ауыстыруды талап етеді. ӨХС-ІІ типтегі станцияның қамтамасыз етуі жеткілік-сіз. Келесі жабдықтар бар: шартылдақтар-100 дана, сыпырғылар-100 дана, про-тивогаздар-100 дана, күректер-15 дана, бензинді аралар-2 дана, бүріккіштер-45 дана [1].
Өрт қаупі жоғары мерзімде 01.04 бастап 01.10 дейін барлық орманшылық-тарда 6 адамнан тұратын өрт күзетшілері жалданады.Аттармен күзету орман қорғауда өздеріне арнайы бекітіліп берілген жылқыларымен іске асырылады.
Өткен тексеру мерзімінде мекемеде заңсыз ағаш кесу және басқа орман ережелерін бұзу әрекеттері байқалды,олардың саны соңғы 2жылда өсіп кетті. Бұның нәтижесі жалпы экономикалық жағдайдың нашарлауымен, отын тапшы-лығының күшеюімен және азаматтардың сапалық деңгейінің төмендеуімен тығыз байланысты. Орманды бүлдірудің барлық әрекеттері актіленеді және сот органдарына беріледі, бірақ талаптардың қанағаттандырылуы 30-40% аспайды.
Мекеме орындарында әлі де бұрынғыша жоғары өрт қаупі сақталады,сон-дықтан ескірген өрт автомашиналарын ауыстыруға және басқа өртке қарсы құрал-жабдықтарға және өрт сөндіру құралдарына қосымша қаржы бөлу керек.Орман қорғау ісі қанағаттанарлық деңгейде.

1.8 Мәдени-сауықтыру мақсатында орманды пайдалану

Ұйғыр ауданының орталығында жақын орналасқан орман массиві жоқ және тау арасындағы кең алқапты жоғары орында орналасқандықтан, үнемі жел өтінде болады. Емдеу, демалу, туризм зоналарын ұйымдастыру үшін қалдырыл-ған аймақтың онша үлкен емес аумағы (Ақсу орманшылығы 1-3, 8-10, 86 кв.) аудан орталығынан алыс орналасқан, онда тек Ұйғыр ауылының тұрғындары барады.
Ормандық жұмыстар мерзімінде сүректік емес шикізаттарды есепке алуға - ағашпен сирек қамтылған аумақтарда және толымдылығы төмен алқа ағаштар-дың астарындағы дәрілік шикізат және жемістер қорын анықтауға - көп көңіл бөлінді. Бір бөліктің ішінде екі немесе одан да көп дәрілік шөптердің түрі өсуіне байланысты олардың аумағы түріне қарай бөлек көрсетілген. Осының барлығы жер категориясына қарай аумақтардың қорытындысын анықтау қажеттілігін жояды.
Бұл орманда жабайы жеміс пен жидектен басқа техникалық, дәрілік, тағам-дық өсімдіктер: шәйқурай, киік оты, уқорғасын, тамырдәрі, атқұлақ, тасшөп, қалақай, мыңжапырақ, түйе жапырақ, жусан, жалбыз, қылша, арша өседі. Олар-ды дәрі-дәрмек жасауға пайдаланады. Жусан дүние жүзінде ең ащы өсімдік, сондықтан халық оны барлық ащы нәрсенің теңдеуіне қолданылады. Дәрі жасау үшін жусанның гүл шығаратын сабақ ұштары мен жапырақтарын жинайды. Жусанның дәрілік түрлерінен дәріге жарамайтын түрлерін оп-оңай ажыратуға болады. Дәріге жарамайтын жапырақтардың астыңғы беті күмістей жалтырап тұрады да, үсті қоңыр жасыл болады. Жусан көбінесе шалфей, жалбыз шөптері мен күнбағыс жапырақтарына араластырылып, адам ұстамалы қызба ауруына душар болған кезде пайдаланады. Атқұлақтың дәріге тамырын пайдаланады. Оны күзге жақын жинайды. Іш тоқтату үшін қолданады. Адамзат қоғамы дамуы-ның ең алғашқы дәуірлері кезінде адам баласының негізгі қорегі өсімдік болған. Алуан түрлі жемістерді, өсімдік тамырларын, түрлі-түрлі гүлдерді, шөптерді жинай жүріп, адам тамағын тойғызып қана қоймай, сонымен қатар әртүрлі аурулар азабынан құтылу жолдарын да іздестіре бастаған. Дәрілік шикізаттың әр түрін есепке алу пайызы 5 пайыздық градация, ал жемісті бұталар дана есебімен, 50 данага-дан бастап, әрі қарай әр он дана сайын есепке алынды [3].

1.9 Ауыл шаруашылық жерлерді және қосымшаресурстарды пайдалану

Ауыл шаруашылық жерлердің басым көпшілігі аудан жеке қожалықтары ұзақ уақыт пайдаланады.
Қазіргі қалыптасқан экономикалық ауыр жағдайды есептегенде де жобалық жоспарда да қаржыландыру мәселесін жақсартуды мақсат ететін шабындық жерлерді жақсарту мәселесін қою қажет. Ауданның мал өсірушілік жағдайында бұл мәселе ең өзекті болып табылады. Шабындық жерлердің жақсартылуы, түбірлі жақсарту ұғымына жататын, жер қыртысын қопсытып, оған шөп себу арқылы жобаланады (кесте 3).

Кесте 3. Ауыл шаруашылық жерлерін пайдалану

Жерлер

Аумағы,
га
Соның ішінде пайдаланатындар

Қосалқы шаруашылыққа

Жергілікті үкімет органдары

Қызмет үлесі

Шабындықтар

Жайылымдар
1171

22905

436

22905

-

-

735

-

1.10 Орман шаруашылық және басқа жұмыстардың орындалуы және сапалануы

Бұдан бұрынғы орман орналастыру жобасында жол салу 75 км жол жөндеу 100 км көлемінде жоспарланған.
Тексеру мерзімінде барлық жол салу жұмыстары 108,1 км мөлшерінде, жолды жөндеу 91,5км көлемінде орындалды.
Жалпы алғанда жобадағы ұсыныстар асыра орындалды. Орман шаруашы-лығының жолдарын салудың өртке қарсы маңызы зор. Мекеменің жылдық есе-біндегі оқиғалар қатарында олар шаруашылық істің жеке түрінде,кейде ком-плекстік түрінде көрінеді.Басқа орман шаруашылық жұмыстары (жасыл зона-дағы орманды жақсарту,орман паркін,топырақты өңдеу,тұрғын үйлер маңын көркейту,автотұрақтарды жабдықтау,тағы басқа) жобаланбады және мекемеде істелінбеді. Бұған қоса жасыл зонаның ормандары мекеме құрамынан түгел шығарылған.Өртке қарсы және орман шаруашылығының жолдарын салудың сапасы өте төмен.Қажетті инженерлік жабдықтарсыз жасалған жолдар көктемгі қар еруден,жазғы нөсер суынан соң тез істен шығып отыр. Бұндай жолдарды үнемі жөндеп отыру керек.

2 Әдеби шолу

Жанама пайдалану - бұл сүректен басқа орманның табиғи өнімдерін пай-далану. Орманның қосымша өнімдерін пайдалану өте ертеден, тіпті ағашқа адамдардың жабайы өсетін жемістерді тамаққа және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін жинаған кездерден басталған. Орманды қосымша пайдала-ну туралы көзқарас біртіндеп өзгеріп отырды. Бұған өмір мен күнделікті тұрмыс итермеледі. Осыларды тарихи тұрғыдан бақылау қызықты.
Жанама пайдалануға Н.С.Шафранов мыналарды жатқызады: өсімдіктердің тамырларын қазып алу, ағаш жапырақтарын, жемістерін, сөлдерін, шөптерін (жайылым, шабындық) пайдалану, далаға өсімдіктер себу (ауыл шаруашылыққа пайдалану), шым тезек өндіру, ормандағы шаруашылығы, аңшылық және балық аулау.
Г.Нестеров сүрек дайындауды қоспағанда барлық орман шикізаттарын дайындауды, ағаштан басқа өсімдіктерді пайдалануды, ара шаруашылығын; аң-дарға, құстарға аңшылықты; балық аулауды, ормандарда қазба байлықтары емес заттарды дайындайды, шөп шабу мен мал жаюды, орман жемістерін, жабайы көшеттерді, дәрілік өсімдіктер, мүк дайындауды, орман төсеніштерін жинауды орманды жанама пайдалану деп атаған.
А.А.Байтин және басқа да орман орналастырушылар орман қоры жерлері-нен алынатын, сүрекке байланысты емес қосымша өнімдердің барлық түрлерін пайдалануды орманда жанама пайдалану деп атайды.
Г.П.Мотовилов жанама пайдалануды мамандырылған шаруашылықтар мен ағызуға біріктіре отырып, мұны жанама пайдалану деп атайды.
Д.А.Телищевскийдің жазуында, жанама пайдалануды орман қоры жерлерін ұзақ уақыт бойы жоспарлы өнеркәсіп және ауыл шаруашылығына пайдалануға байланысты емес пайдаланудың сүрек емес өнімдеріне бірінші кезекте жатқызылатыны, орман шаруашылығы экономикасында елерліктей маңызы бар немесе болатын өзінің жаратылысында өсімдік немесе мал өнімдеріне бөлінетін өнімдер жатады. Өсімдік өнімдеріне мынадай пайдалану түрлері жатады: саңырауқұлақ-тарды, жидектерді, жемістерді, дәрілік өсімдіктерді, шөп, қайың сөлін жинау және дайындау [4].
Орманды жанама пайдаланудың Үлкен Кеңес Энциклопедиясындағы анықтамасын келтірейік: орманды жанама пайдалану - бұл сүректерді дайындау және өңдеуден басқа орманның табиғи байлықтарын пайдалану. Жанама пай-даланудың түрлері: ормандарда шөп шабу және мал жаю, шымтезек және жалпы таралған қазба байлықтарын өндіру, орман бал аралар ұяларын орналастыру, аңшылық, орман көлдерінде балық аулау, жабайы өсетін жаңғақтар, жидектер, саңырауқұлақтар, дәрілік шөптер жинау.
Н.А.Обозов орманды жанама жанама пайдаланудың санына мыналарды да қосады: әнші құстарды аулау, емен жібек құртын тамақтандыру; тағамдық өсім-діктерді, гүлдерді, жемшөптік шөптердің тұқымдарын жинау, жабайы ағаштар-дың жемістерін, құмырсқа жұмыртқаларын, жібек құрттарын, жылан уын және тағы басқаларды дайындау.
Орман пайдаланудың барлық түрлерінің шаруашылықтан (өндірістен) айырмашылығы - олар шындығында кездейсоқтық факторларға тәуелді болған. Мысалы, түсімділіктің әр кезеңде әр қилы болатынын еске ала отырып, алда тұрған аңшылықтың немесе саңырауқұлақ пен жидектерге шығудың орман учаскелеріндегі екпе ағаштар жемістерінің түсімділігі сияқты сәттілік дәрежесін ерте біліп отыру өте қиынға соққан.
Біздің орманымыз кең байтақ алқаптарды алып жатыр және жабайы өсетін өсімдіктердің кездейсоқ түсімі әртүрлі аудандарда да әртүрлі болғанымен еліміз бойында тұрақты. Демек, пайдаланудың бір белгісін демалдырып М.К.Турский жақсы суреттейді. Сондықтан да саңырауқұлақ жинауды орман пайдаланудың кәдімгі бір белгісі деп санайды, өйткені, орман жоғалса, оны пайдалану да жоға-лады. Бұдан әрі де айтарымыз, саңырауқұлақтар ағаш тұқымдарымен бірлесе отырып өседі. Саңырауқұлақ алқаптарын пайдалану - орман шаруашылығының бір саласы.
М.К.Турскийдің көзқарасы бойынша, орман ішіндегі шөпті шабу кірістің ерекше бір тобын құрайды.
Көп уақыт бойы дәрілік шикізат туралы ғылым өзіне кең білім аясын кірістірген, кешірек олар бір қатар дербес фармацептикалық ғылымға бөлінген. Жергілікті джераны теріп, ертедегі елдер өзіне көптеген жағымды өсімдіктерді, оның ішінде шипалы қасиеті бар, тапқан жағымды өсімдіктерді тапқан.
Әлемде бірде-бір мемлекет жоқ осындай ТМД-дай жабайы өсетін өнімнің әртүрлілігі мен қоры бар. Өйткені, біздің отанымызда өсетін көптеген жабайы өсімдіктер жоғарғы сұранысқа ие болады.
Қазіргі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұрын орман өспеген аумақта орман өсіру
Қазақстан Республикасында орман шаруашылығын басқару
Өтпелі ағаш кесу
Аймақтың оптимальді ормандылығы
Қара сексеуілді мәдени өсімдікке енгізу
Орманды қорғау және көбейту
Шалдай орман шарушылығына сипаттама
Жерді пайдалану мен иеленуді тіркеу, жерді есепке алу
Жерді есепке алу
Жасыл ағаш екпелерді күту жұмыстары
Пәндер