Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3

1
ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

8
1.1
Қонақжайлылықтың даму тарихы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ..
8
1.2
Қонақ үй индустриясының даму жағдайлары және факторлары...
12
1.3
Қонақжайлылық индустриясындағы үдерістер ... ... ... ... ... ... .. ... ...
15

2
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

18
2.1
Әлемдегі қонақ үй дамуының негізгі кезеңдері ... ... ... ... ... ... .. ... ...
18
2.2
Халықаралық қонақ үй бизнесі, оның қазіргі мазмұны мен ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

22
2.3
Дамыған елдердегі қонақ үй индустриясының даму тарихы мен оның экономикадағы рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

26

3
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ ДАМУЫНА ШЕТ ЕЛДІК ТӘЖІРИБЕНІҢ ӘСЕРІ ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

30
3.1

Қазақстан Республикасындағы қонақ үй шаруашылығының қазіргі даму бағыттары және қонақ үйінің сипаттамасы ... ... ... ... ..

30
3.2
Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылық индустриясының қазіргі кездегі дамуы ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

36
3.3
Қазақстан Республикасы аумағындағы қонақ үйлік желілерге жалпы сипаттама мен еліміздегі даму кезеңдеріне шолу ... ... ... ... .

41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
79

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ..
82

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі: қонақжайлық қазақ халқының ертеден келе жатқан қасиеттерінің бірі. Бұл сөздің растылығы XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор фон Герн былай деп жазған дерегінен байқалады: Жалпы алғанда, қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғалдырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен керемет асыл қасиет. Сонымен қатар, XIX ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальдта былай деп жазды: Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей, алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады [1].
Қазақ елінің әр отбасына тән ерекше қасиеттердің бірі - ежелден бері келе жатқан қонақжайлылық. Қонақ болып келу үшін оның таныс болуы, діндес, теңдес болуы шарт емес. Әрбір жолшыбай өтіп бара жатқан жолаушы, кез-келген қазақ үйінде қонақасыны бөлінбеген еншім деп талап етуге еркі болған. Қонақ асыны бөлінбеген енші деу қазақ халқының арасында дәстүрге айналып қалыптасқан халық жорасы екендігінің дәлелі. Осындай қазірге дейін жалғасып келе жатқан дәстүрдің шығу тегін сонау аңыз Алашқа апарып тірейді. Алаш қартайған кезінде қолындағы бар малды төртке бөліп, үш бөлікті үш баласына - Ұлы, Орта және Кіші жүзге берген екен. Ал өзінде қалған төртінші бөлікті қонақ сыбағасы болсын деп, үшеуінің ортақ меншігіне қосыпты. Сол себепті, аңыз бойынша әр қазақ үйінің есігін қағып кірген жолаушыға, қандай қазақ болсын ыстық тамағын, жылы орынның, төрін, тағы да басқа ізгі қамқорлықтарын жасап тұруға міндетті болса керек.
Қонақжайлылық индустриясы қонақтарды күту және оларға қызмет көрсетуге қатысты қызмет нарығында мамандандырылған кәсіпкерліктің әр түрлі нысанындары үшін жинақталмалы түсінік болып табылады. Осы саладағы қызметтің барлық түрлерін қамтитын біртекті тізім жоқ. Алайда, негізгі бағыттарды айқындап көрсетуге болады, олардың қатарына қоғамдық тамақтандыру, қонақтарды орналастыру, тасымалдау және демалысын ұйымдастыруды жатқызуға болады. Оларды зерттеу қонақжайлылық индустриясы туралы жалпы түсінік алуға мүмкіндік береді. Қызмет көрсету саласының осы негізгі төрт бағыты Қазақстан Республикасының қонақжайлылық индустриясының негізі болатыны сөзсіз. Бұл ретте қонақжайлылық принципі жалпы детерминанты болып, аталған салаларды біріктіреді [2].
Жалпы Қазақстанда туризмнің жан жақты даму мүмкіншілігі бола тұра, бұл мүмкіншіліктер толық дәрежеде қолданылмайтынын атап өту керек. Барлық көрсеткіштердің өсу тенденциясына қарамастан, олардың үлесі азғантай. Туризмді дамытуға жағдай жасау үшін оған кешенді ыңғай қажет. Біздің елімізде қонақ үй қызметін арттыру мәселесі үлкен маңызға ие. Қонақжайлылық индустриясында қонақ үй саласында қызметкердің имиджін құру, квалификациялы білікті жұмыскерлерді дайындау - халықаралық қатынас пен байланыстағы, республика аумағындағы өзекті мәселелердің ең маңыздыларының бірі болып табылады. Қазақстан деңгейін жоғары деңгейге көтеру үшін- қонақ үйлік туристік индустриясын дамытуға бағытталған барлық мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру керек.
Бүгінгі таңда қонақжайлылық индустриясы экономикамыздың дамуының әлеуетті және болашағы зор салаларының бірі болып танылып отыр. Қонақ үй бизнесі туризмнің маңызды құраушысы ретінде жүреді. Ал туризм болса, әлеуметтік - тұрмыстық инфрақұрылымның сала аралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді ала отырып, әлемдік ұлттық өнімнің 110 бөлігін қамтамасыз етеді. Дүниежүзілік туризм ұйымының мәліметтеріне сүйенсек қазіргі кезде әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті пайызы, салық түсімдерінің бес пайызы, тұтынушы шығындарының он бір пайызы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине, туризм индустриясының, оның ішінде қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелей экономикалық тиімділікпен сипатталады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен қатар мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізіп, халықтың танымдық деңгейін көтереді. Халықаралық туризмде қонақжайлылық индустриясы негізгі орынды алады. Туристiк ағымдар туризм индустриясының осы секторының көлеміне және ұсынылатын орындар сапасына тікелей байланысты. Қонақ үй шаруашылығының мәселелерi (басқару, қаржыландыру, дизайн) туризмге экономикалық талдау жасаудың негiзi болып табылады [3].
Зерттеу нысаны: Қазақстандағы шет елдік қонақ үй желілері, олардың құрлымы мен даму жағдайлары.
Зерттеу пәні: шет елдік тәжірибенің Қазақстандағы қонақ үй желілері мен қонақжайлылығына әсер етуі.
Жұмыстың мақсаты: қазіргі кездегі қонақ үй бизнесінде кездесетін мәселелерді анықтап, оларды ұтымды шешу жолдарын табу арқылы қонақ үй кәсіпорындарын дамытудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұсыну.
Зерттеу міндеттері: қонақ үй бизнесін дамытуға келесі міндеттер туындайды:
* қонақ үй шаруашылығының қарқынды индустрияға айналдыру тәсілдерін қарастыру;
* дамыған елдердегі және жақын шет елдердегі қонақ үй шаруашылығының индустрия ретінде негізделуін сараптау;
* экономика саласы ретінде қонақ үй бизнесінің мәні мен ерекшеліктерін анықтау;
* қонақ үй кәсіпорнының ұйымдастыру және басқару құрылымдарын талдау;
* қонақ үй кәсіпорындарында ұсынатын қызмет жиынтығының ерекшеліктерін зерттеу;
* ұтымды тәсілдерді қолдана отырып қонақ үй кәсіпорындарының бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру жолдары.
Қонақ үй бизнесі Қазақстанда нарықтық қатынастарды қалыптастыруда жетекші салалардың біріне айналып отыр. Экономикалық қызметтің сферасы ретінде қонақ үй бизнесі қаржылық ауытқуларға шалдығуда. Қонақ үй кәсіпорындары қазіргі кезде қонақ үй қызметтеріне қалыптасқан өзгерістерді жете түсіну үшін бұл ауытқуларды ескеруі қажет.
Зерттеу әдістері: дипломдық жұмысты қорғауда әзірлеген уақытта келесідей әдіс-тәсілдердің түрлерін қолданылды: мәліметтер жинау (әдебиет көздері, ғылыми мақалалар, күнделікті баспасөз беттерінде жарық көріп отыратын мағұлматтар, энциклопедиялық баспалар, ғаламтор беттер), жинақалған ақпараттарды сараптау және талдау, сонымен бірге қонақ үйлерге бақылау, салытыру және тәсілдер пайдалану [4].
Зерттеу әдістемесі: жұмыстың негізгі дерек көздері ретінде бүгінгі таңға дейін қонақ үй бизнесін басқарудағы шетелдік, отандық тәжірибелердің көрсеткіштеріне негізделген түрлі әдістемелік нұсқаулар, қонақ үй әкімшілігінің құжаттары, оқулықтар, газет-журналдар, басқа да мәліметтік ақпараттар алынды.
Жұмыстың теориялық маңыздылығы: туристiк қызметтер нарығының дамуымен анықталады, бүгiнгi күнi оған тән сипаттама интерұлттық, интеграция және аймақтану, туристiк сұраныс пен ұсыныстың динамикалық өзгерiсi болып табылады. Қазiргi заманғы нарықтың осы шарттарында жоғары деңгейлi сервистi ұйымдастырудың рөлi мен алатын орны үздiксiз ұлғаюда. Сервистiң деңгейiн және қонақ үй қызметiнiң сапасын жоғарылату шаралары мен олардың отандық қонақ үй кәсiпорындарында пайдаланылу ерешелiктерiн терең зерттеу талап етiледi.
Жұмыстың тәжірибелік маңыздылығы: қазіргі таңда қонақ үй секторлары бизнесте өз үлесін алуға талпынады және ол үшін туристерді ақшасын өздерінің қызметтерін тұтынуға, жұмсауға көндіруге тырысады. Шет ел қонақтары көбінесе ірі қонақ үй желілерінің қонақ үйлеріне тоқтайды. Қазақстандағы қонақжайлылықтың дамуы жүйелі түрде өсіп келеді [5].
Жұмыстың ғылыми құрылымы мен көлемі: зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлімде, қонақжайлылықтың шығу тарихы, жағдайлары, факторлары мен қонақжайлылық индустриясының үдерістерін қарастырамыз.
Екінші бөлімде, халықаралық қонақ үй бизнесінің негізгі кезеңдері, ерекшеліктері мен қазіргі экономикадағы рөліне тоқталып өтеміз.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасындағы қонақжайлылықтың дамуына шет елдік тәжірибенің әсері мен ел аумағындағы қонақ үй желілерінің қонақ үйлерін қарастырамыз.

1 ҚОНАҚЖАЙЛЫЛЫҚТЫҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ МЕН ДАМУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

0.1 Қонақжайлылықтың даму тарихы

Азиядағы қонақжайлылықтың даму тарихы. Қонақжайлылық түсінігі адамзат өркениеті сияқты ежелгі түсінік. Қонақ үйдің ең алғаш пайда болуы, адамдарға қызмет көрсету кәсібімен, түнгі жатар жеріне тоқтау себебтерімен тікелей байланысты. Қонақ үйлер әдетте бір орыннан басқа орынға баратын басты жолдардың бойында орналасады. Сонымен бірге, жолаушыларды күтумен қатар, қонақ үйлерде үкімет қызметкерлері мен өкілдері саяси жұмыстарын жүргізеді. Қонақ үйлерде адамдарға түнеу, баспана болу, сол жерде тамақтандыру, аттарын ауыстыру қызметтерін ұсынады. Уақыт өте тегін қонақжайлылық кіріс табуға есептелінген мекемелерге айнала бастады. Алғашқы қонақ үйлер бастамасы Таяу шығыс, Орталық Азия және Кавказия елдерінде орын алды. Шөл далалар мен таулы үстірттерде саудагерлер тауар керуендерімен жолаушылап, түнеп шығатын болды. Олар әдетте шатырларда, кей кездері керуен сарайларда, әр түрлі қонақжай кешендерінде, адамдардың арнайы түнеу орындарына жайғасып, түнеп шықты. Сауда байланысының дамуы Азиядағы қонақжайлық шаруашылығының біршама өсуіне әкеліп соқтырды. Мысалы, XIV ғасырда 150-ге жуық қонақ үйі орын алды. Дегенмен, сол кезеңдердегі қонақжайлылық шаруашылығы ең төменгі сатыда еді. Қонақ үйлерде ешқандай жағдай болмады, тазалық деңгейі өте төменгі жағдайда болды. XVIII-XIX ғасырлардағы мемлекетаралық экономикалық және саяси байланыстардың өркендеуі, Азия қалаларындағы қонақ үй шаруашылығының тез дамуына ықпал етті. Қонақ үй шаруашылығы үлкен табыс әкелетін маңызды салалардың біріне айнала бастады [1].
XIX ғасырдағы өндірістердің дамуы қонақжайлылықтың, туризмнің дамуымен байланысты. Теңіз жағалауларында, минералды су көздері жағасында, табиғаты керемет орындарда ірі және ұсақ қонақ үйлер құрылыстары бой көтере бастады. Олардың уақыт өте келе, заман талабына сай техникалық жабдықталуы, қонақтарға арналып өте ыңғайлы жағдай жасалынуы, қызмет көрсету әдістері және түрлері өзгерді. Экономиканың осындай облысында компаниялар, акционерлік қоғамдар, корпорациялар және синдикаттар пайда бола бастады. Осындай біріккен ірі мекемелер өз еліндегі қонақ үй шаруашылықтарын басқара отырып, сонымен қатар, басқа мемлекеттерде де қонақ үй тұрғызумен айналысты. 1906 жылы халықаралық қонақ үй иелерінің одағы құрылып, әр түрлі әлем елдерінің 1700 қонақ үй иегерлерін біріктіруді жүзеге асыра бастады. Қонақ үй шаруашылығының жылдам қарқынмен дами бастауы XX ғасырда басталды. Бұл жағдайға себеп, автомашиналардың сапалы және сандық бағытта тез өркендеуі, әуе және темір жол транспорты, мемлекет аралық сауданың, мәдениеттің, ғылыми-техникалық және спорттық байланыстардың өріс алуы болып табылады [2].
Қазіргі қонақжайлылық индустриясы дегеніміз - қонақ үйлер, мейрамханалар, барлар, курорттар, ойын-сауық үйлері, казино, сауықтыру кешендерін құрайды.
Еуропадағы қонақжайлылықтың даму тарихы. XX ғасырдың басындағы Еуропалық қонақжайлылық индустриясындағы өзгерістер қоғамдағы өзгерістермен тығыз байланысты: өмір ритмінің жылдамдауы, қоғамның демократизация жаққа қарай қайта құрылысы өтеді. Бұлардың барлығы стандартты қызмет көрсетуге деген сұранысқа әкеледі: ыңғайлы және қол жетімді. Қонақжайлылық саласында өз елінде ғана емес, сондай-ақ бөгде елдердегі қонақ үй құрылысымен және қонақ үй шаруашылығымен басқаратын компаниялар, корпорациялар мен синдикаттар пайда болады. Бұл ұйымдар- қонақ үйлік нөмерлерге деген бағаларды орналастырған, қонақ үй бизнесінің кадрларын дайындаған, туризмнің жалпы дамуына үлес қосқан. 1906 жылыәртүрлі елдердегі 17000 қонақ үйдің қожайындарын біріктірген халықаралық қонақ үй иелерінің одағы құрылды [3].
Еуропаның қонақ үй шаруашылығы кәсіпорындары үшін жаңа тарихтың бастамасы болып - алтын эра басталды. Ол XX ғасырдың 60 жылдарының басынан бастап 80 жылдардың аяғына дейін жалғасты. Бұл әрине, орналастыру құралдарының көлемді құрылысының эпохасы болды. 1960 жылдан бастап Жерорта теңізіндегі курорттардағы қонақ үй шаруашылығының жаңа кәсіпорындарының құрылысы басталды. 1970 жылдан бастап скандинав елдерінде бизнес-қонақ үйлердің белсенді құрылысы басталды. Қонақ үй және туристік кешендердегі қызмет көрсету нарығының қалыптасуының кез-келген халықаралық деңгейдегі қонақ үйінде қызметші өз деңгейінде қонақтарды қабылдауда немесе қызмет көрсетуде басты маңызды рөл атқаратын тұлға. Қазіргі таңдағы техника саласының жаңа үрдісте даму кезеңінде, қонақ үй қызметкерлеріне қойылатын талаптар да өте жоғары деңгейде болады. Оған қойылатын негізгі талаптар: кәсіби шеберлігі жоғары, түр тұлғасы жинақы, сыпайылықты сақтайтын, қызмет этикасы, шет тілін меңгергеруі және де тағы басқа деңгейде жоғарғы санаттан көрінуі қажет. Қонақ үй кәсіпорындары қазіргі таңда деңгейі жоғары бәсекелестік бағытында дамуда. Әрине, жоғары дәрежелі қонақ үйлердің қызмет көрсету деңгейі, кез-келген мемлекеттік экономикалық деңгейін әбден көрсетуі мүмкін [4].
Қонақ үй шаруашылығында қызмет көрсету сапасы, туристерді қабылдауда немесе туристердің санын арттыруда тиімді үлес қосатындығы басты маңызға ие. Қазіргі таңда, қонақ үй шаруашылығының дамуы немесе қызмет көрсетуі олардың категорияларға бөлінуі, бұл әлемдік, яғни, халықаралық туристік қызмет сапасының артуынан туындайтын жағдай. Нарықта қонақ үй бизнесі саласында жұмыс істейтін кәсіпорындар көрсететін қызметтер туралы ақпараттары жеткіліксіз, ал сатып алушылар саны одан әлдеқайда артығырақ.
Ең алғаш рет қонақ үй шаруашылығы түсінігі антика заманында қолданыла бастады. Антика дәуірі - тарихи ғасыр ретінде белгілі. Бұл мәдениет дәуірі және қайталанбас тағдырымен ерекшеленетін және жекелігімен тарихи ортада өмір сүрген адамдар әлемі. Адамдар осыған дейін түрлі антикалық заманда өмір сүріп келген және шығу тарихы, әлеуметтік жағдайы, білімі, ерекшеліктері жөнінен теңдей болған емес. Антика заманының алтын шынжыр мұрасы ғасырлар мен халықты бір жерде тоғыстырады [3].
Еуропалық қонақжайлылықтың дамуы антикалық негізде құрылған. Жерорта теңізі аумағы, Таяу Шығыс, Атлант мұхитынан Қара теңізге дейінгі еуропа жерлері, Британиядан Италияға дейінгі кең алқаптар антикалық стильде біраз ғасырлар бойы дамып келеді. Антикалық заман әлемге және адам қауымына саяси және әлеуметтік формалар енгізді. Демократия да Ежелгі Грекияда пайда болған термин. Рим республикалық қатардың тәсілін берді, сонымен бірге, көптеген халықтың, тілдердің, діндердің және жерлердің дамуына ықпал жасады. Антика заманында көптеген ғылымдардың негізі жатыр.Антика заманына маңызды құндылықтарды гректер мен римдіктер қалдырып кетті. Ең алғаш рет қонақ үй шаруашылығы туралы ескі манускриптерде - Вавилонның патшасы Хаммурапидің кодексінде таверналардың қожайындарына билік жөнінде әңгімелерді жеткізіп отыруын жүктеген. Келушілердің құрамы бірнеше түрлі болған. Кейбіреулері қонақжайлылық сөзі ескі француз сөзі ospis - біртүрлі қабылдау деп жобаласа, енді біреулері латын сөзі hospitalis дегенді, яғни қонақжайлылық дегенді білдіреді деген. Қонақжайлар деп - осылай антика заманында өз үйінде, отбасымен қоса күтетін адамдарды атаған. Қонақжайлармен шетелдік мемлекеттер қарсылықты көмек, достық және қорғаныс жөнінде келісімге келген.

0.2 Қонақ үй индустриясының даму жағдайлары және факторлары

Егер кез-келген қонақ үй қызметінің мақсаты пайданы (табыс) алу болса, онда бұл мақсаттың құралы тауар мен қызметті өндіру болып табылады. Туристік өнімді өндіру, жаңа тұтынушылық бағаны құру немесе барды күрделендіру, жақсарту, жаңарту үдерісі жатады. Қызметші өндірісті ұйымдастырушы ретінде мұндай өндірісті қалай ұйымдастыру керектігін білу қажет, және де оны ұйымдастыру жағдайында болуы тиіс. Алайда, оны тур-өнімді немесе қызметтерді өніруді ұйымдастыру үшін осы ұйымдастыру мүмкін болу үшін белгілі бір жағдайлар қажет. Туристік өнімді өндіру біріншілік қорларды керек етеді, яғни қонақ үй қызмет жағдайында, ол экономикалық теорияда өндіріс факторлары деп аталынады. Экономикалық ғылым өндіріс факторларына дәстүрлі еңбекті, капиталды және де орынды жатқызады [5].
Қонақ үйде қызметтерді өндіруде жер маңызды фактор болып есептелінеді. Себебі, табиғи және әлеуметтік-мәдени жағдайлар демалу орынның негізгі себебі болып табылады. Ауылшаруашылықтағы сияқты жер өндірістің маңызды факторларының бірі бола тұра, табыстың басым бөлігін анықтайды, сол секілді, қонақ үйдің рекреациялық қорларды бағалауы технологиялық үдерісті тек туристік табиғи қолдану формалары мен тәртібін анықтау үшін ғана емес, сондай-ақ туристік рентаны анықтау үшін құрайды - туристік табиғи қолдану сипатына тәуелді оның рекреациялық игілігінің дамуы мен қалпына келтіруге берілетін табыстың міндетті бөлігі болып табылады. Заманауи жағдайда экономикалық белсенділіктің арнайы формасы ретінде қонақ үй қызметі өндіріс факторларының кең ауқымды жиынтығын қажет етеді. Туризмде қонақ үй қызметі - бұл экономикалық дамуды қамтамасыз ететін факторлардың пайдалы қиылыстарын жүзеге асыру болып саналады. Қонақ үй бизнесінде, әсіресе жаңа ойларды пайдалану маңызды және оларды жүзеге асыру еркіндігі, тек факторлар жиынтығының бар болуы ғана емес.
Қазіргі кезде қонақжайлылық индустриясында қонақ үй бизнесін мемлекеттік қолдауы мақсатты түрде бюджеттік инвестицияларды мүлдем қарастырмайды, алайда ҚР Президенті Н.А. Назарбаев былай деген: Елдің аман болашағы - бүгіннен басталады, республикалық белсенділік мүшелеріне назар аударып, кез-келген инвестициялық жоба жұмыс орнының өсуіне қызмет ету керек: Үкімет және жергілікті билік туризмге бағытталу тиіс - мұнда мүмкіндіктер үлкен, ең алдымен, жаңа жұмыс орны жағынан - деп атап өтті. Қонақ үй қызметінің белсенділігі саласында жұмыс орындарын жасағанда қонақ үй кадры мәселені шешеді, саяхаттау уақытында туристерге қызмет көрсету мен турөнімді өндіру үдерісін сапалы әрі кәсіби қамтамасыз ете алуын қарастырғаны жөн. Сондықтан, қонақжайлылық индустриясында қонақ үй қызметінің бесінші жағдайы кадр болып табылады, онсыз әрбір қызмет мүмкін болмайды [4].
Қонақжайлылық индустриясының дамуы мақсатына негізделген арнайы мамандығы және белгілі бір идеялогияға сүйеніп дайындалған кәсіпқой маман қолайлы әлеуметтік қызметтерімен ғана саяхатты ұйымдастыра алады. Осыған орай, қоғам назарында да, туристердің назарында да мемлекеттік органдар қонақ үй қызметіне тек кәсіби дайындалған мамандарды өткізуі тиіс, ал қонақ үй - өзінің қызметкерлеріне квалификациялық талаптарды көтеру мен үнемі өсуге талпындыруы тиіс. Қонақжайлылық индустриясы әлемдік экономикадағы және мәдениеттегі орны тұрақты әрі жылдам өсуде, ал осымен қонақ үй менеджерлерінің кәсіби орны да өз кезегінде өсуін көрсетеді. Сондықтан, мамандарды кәсіби дайындау туризмнің әлеуметтік және экономикалық өсуіне байланысты тұрақты дамыту қажет. Турөнімді өткізу үшін және оның туристік қызметтер нарығында орын алуы үшін қызметкер тұтынушыларға ең қызықты экзотикалық турларды жасап ұсынуға ұмтылуы қажет. Осыған орай, қонақ үй мамандары жоғары сапалы қызмет көрсетумен қатар турларды экзотикалық элементтермен құрастыру дағдылары болуы тиіс.
Қонақ үйлік кызметтің негізгі жайғдайлары мен факторларын жүзеге асырудың сараптамасын қорыта айтсақ: туризм саласында қонақ үй қызметін жүзеге асыру үдерісі туристік қызмет пен өнімді өндірудің міндетті бес қажетті жағдайы мен факторларын қарастырып өтеді: кәсіпкерлік ойды; ойды жүзеге асыру технологиясын; белгілі бір технологияны пайдалануға мүмкіндік беретін өндіру құралдарын; капитал; кадр. Тиімді қызметтің белсенділігін іске асырудың негізгі жағдайы туристік тауарлар мен қызметтерді өндіруде жетістіктерге жетудің өндірістік факторларын қосудың қолайлы формасын таңдау қажеттілігі. Қонақжайлылық индустриясында ұйымда ақпараттандыру жүйесін қалыптастыру үшін информация көлемі мен құрамын дұрыс анықтау; оны алу уақытын, мезгілін және периодтылығын анықтау; жаңа хабарларды орындаушыларға жеткізу әдістері; ақпараттарды қызметшілерден жетекшілікке беру формасы болып табылады [5].
Қонақжайлылық индустриясында қонақ үйлердің жетекшілігі жиі қызметшілерден ақпарат алуға және олардың (бөлімшелер) арасында ақпартты бөлісуіне көңіл бөлмейді. Ал бұл дұрыс емес, себебі мұндай ақпаратты білу жетекшіліктің ұйым ішінде болып жатқан жағдайларды үнемі біліп отыруды, бағынушылардың көз-қарастары мен көңіл-күйін, олардың түсінушілігі мен компания өміріне қызығушылығын ұстап тұруды береді. Туристік ұйымдардың жетекшілігі арасында осындай байланыстарды қою үшін түрлі әдістерді қолданады. Қонақжайлылық индустриясында қонақ үйлердің ақпараттық жүйесінде қиынға түсетін жері компания қызметшілердің (бөлімшелер) бір-бірімен ақпарат алмасуы болып табылады. Бұл aқпараттану бағыты ұйымның арнаулығына, функциялану мақсаттарына, оның көлеміне, қызметіне тікелей байланысты. Өйткені, ұйымның қызметшілері (бөлімшелер) бір-бірімен ақпараттармен алмасуы бaсқаруда негізгі рөл атқарады, әрбір қызметкермен қаралатын сұрақтарды көрсететін бaрлық бизнес-процесстердің нақты сараптамасы керек, ол сұрақтарға: кім және кімнен ақпарат алады, кімге береді, қандай мерзімге және қалай, кімнен және қандай ақпарат жетіспейді және басқалар жатады. Берілгендердің сaраптамасы ақпарат ағымын толтыруға және оларды беру әдістерін береді [6].
Қонaқжайлылық индусриясында қонақ үйлік бизнес ортаны қалыптастыру - басқару үдерісі деп саналады. Осы үдеріспен басқару әдісі, алайда, тек әкімшіліктік немесе нұсқаулық сипатта болмaуы мүмкін. Олардың негізінде кәсіпкерлік қызметтің субъектілеріне әсер етумен бaйланысты шаралар емес, кәсіпкерліктің пайда болуы мен жылдам қалыптасуы үшін қолайлы жағдай жасау жатыр, ол республиканың туристік ауқымын зерттеуге, туристік индустриясын құруғa және қонақ үйде қызметкердің имиджін көтеруге көмектеседі.

0.3 Қонақжайлылық индустриясындағы үдерістер

Қонақжайлылық кәсіпорындарының мамандануының тереңденуі халықaрaлық тізбектердің қажетті тенденцияларымен өзара байланыста және олар жоғары қызмет ету стандартын жылжытуда және өңдеуде үлкен маңызды рөл атқарады.
Тізбектер туралы айтқанда, әдетте ұжымдық бизнесті жүзеге асыратын және басқарманың тікелей бақылауындағы топ кәсіпорындарды айтады. Тізбектерде жеке ғимараты болады немесе жалға алады. Тізбектер басқарамасы түскен пайданы бөлуде артықшылығы бар, бірақ барлық пайданың жоғалуында үлкен жауапкершілік алады. Қонақ үй тізбегі түсінігінің астында мыналар жатыр, бұл қонақ үйлер тобы (ең азы екі, ең көбі мың), ол бизнесті жүзеге асырады және тізбектің жетекшілерінің бақылыуында болады. Кез-келген кірістен түсімдерді тізбек жетекшілігі алады, алайда ол барлық операциондық жоғалтуларға жауапты. Қонақ үйлік тізбектердің пайда болып қалыптасуы нарыққа қонақ үйлік қызметтердің (тек қана жергілікті, аймақтық емес), қызмет көрсетулердің жоғарғы стандартының алға жылжуын әдістемелейді [7].
Қонақ үй бизнесі туризмнің ең маңызды құраушысы ретінде белгілі. Ал туризм болса, әлеуметтік-тұрмыстық инфрақұрылымның сала аралық кешені ретінде әлемдік экономикада басты рөлді алады, әлемдік ұлттық өнімнің 1\10 бөлігін қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда әрбір он бесінші қызметкер қонақ үй бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне әлемдік капиталдың шамамен жеті пайызы, салық түсімдерінің бес пайызы, тұтынушы шығындарының он бір пайызы келеді. Бұл көрсеткіштер, әрине туризм индустриясының, оның ішінде, қонақ үй саласының жұмыс істеуіне тікелейбайланысты экономикалық тиімділікпен сипатталынады. Туризм тек қана экономикалық мағынаға ғана емес, сонымен қатар мемлекетаралық байланыстардың әлеуметтік және мәдени дамуына ықпалын тигізеді, халықтың танымдық деңгейін көтереді.
Қонақ үй индустриясы қонақ үйлік кәсіпорындардың әр түрлі түрімен танылған орналастыру құралдарының секторынан тарихи бастау алды. Қазіргі заманғы қонақ үйлік кәсіпорын тұтынушыларға тек тұру және тамақтану қызметін ғана ұсынып қоймай, сонымен қатар, көлік, байланыс, ойын-сауық, экскурсиялық қызмет көрсету, мединциналық, спорттық қызмет, сән салондары және тағы да басқа қызметтердің кең ауқымын қамтиды. Туризмде қонақ үйлік кәсіпорындар негізгі функцияларды жүзеге асырады, өйткені олар туризмнің маңызды элементтері мен барлық секторларын құрайтын және дамытатын кешенді қонақ үйлік өнімді тұтынушыларға ұсынады [8].
Халықаралық қонақ үй шаруашылығы бүгінгі күні - өз ауқымы бойынша жаһандық, интеграцияланған және қызмет көрсету сферасының динамикалық саласы, ол нарықтық экономика, халықаралық еңбек бөлінісінің объективті заңдылықтары, өндіріс интернализациясы принциптеріне негізделеді. Нарықтың барлық мүмкіндіктерін пайдалану нәтижесінде қонақ үй желілерінің әлем бойынша пайда бола бастауы, олардың арасында бәсекелестікті туғызады, негізінен, көбінесе жарнамаға көп көңіл бөлуге, тұтынушыны ақпараттандырудың жаңа жолдарын іздеуге итермелейді. Бүгінгі таңда сіз жер шарының кез-келген нүктесінде орналасқан қонақ үй туралы жүйелік каталогтар, пресс-релиздер немесе ғаламтор арқылы ақпарат ала аласыздар.
Ғылыми-техникалық үдеріс қазіргі заманғы қонақ үйлік индустрияда өз орнын қалдырды. Мысалы, көліктік құралдардың дамуы қонақ үйлердің және ғаламның барлық нүктесіндегі басқа орналастыру құралдарының дамуына ықпалын тигізді. Көлік - қонақ үй шаруашылығы кәсіпорнының орналасуына ықпал ететін негізгі фактор болудан мүлдем қалды. Орналастыру құралдарының техникалық және технологиялық қамсыздануында үлкен ілгерілеушілік байқалады. Бұл өз кезегінде қызмет көрсету деңгейін жоғарылатуға, сәйкесінше, табыс деңгейін өсіруге бағытталады: саяхатшыны жолдағы кеңсені қамтамасыз ету, басқару үрдісін қонақ үйлік шаруашылықтағы есепті жеңілдету мен жетілдіру. Мұндай техникалық қол жеткізулерге компьютерлік брондау, әр нөмірге және барлық қонақ үй табысына есеп жүргізу бағдарламалары, бүкіл қонақтар туралы ақпараттың сақталуы болып табылады [6].
Қонақ үйлік шаруашылық - орналастыру құралдарында, орналастыру қызметін ұсынатын кәсіпорындарда, уақытша тұруға мамандандырылған қызмет көрсету саласының секторы. Мұндай кәсіпорындар қонақ үйлер, мотель, кемпинг, турбаза, пансионат, санатория, сауықтыру орны және тағы да басқа болуы мүмкін. Қонақ үй шаруашылығы немесе қонақ үйлік индустрия қонақжайлылық саласының ең маңызды салалас бөлігі болып табылады. Қонақ үйлік бизнесі - Қазақстандық нарыққа үлкен потенциал және барлық деңгейдегі бюджетке тұрақты табыс әкелетін жүйеліжәне қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі болып есептеледі. Сол себепті де, жылдан жылға жер шарында қонақ үйлер саны өсіп келеді.

2 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚОНАҚ ҮЙ БИЗНЕСІНІҢ ҚАЗІРГІ ӨЗГЕШЕЛІКТЕРІ

0.1 Әлемдегі қонақ үй дамуының негізгі кезеңдері

Қазіргі дүниежүзілік экономикада халықаралық қонақ үй бизнесі маңызды орын алады. Соңғы он жылдықтарда ол экономикалық қызметтің ең үдемелі және ең табысты түрі болып табылады. Халықаралық қонақ үй бизнесі - қонақ үй индустриясының, интерұлттық капиталдың жоғары дәрежесімен, сонымен қатар, бүкіл әлемдегі қонақ үй бизнесі салаларының сапасын қонақ үй корпорация қарайтын халықаралық сипаттағы операциялармен сипатталады. Ұлттық қонақ үй шаруашылығын дамыту, әсіресе оны халықаралық қонақ үй бизнесі арқылы қосу әлемнің көптеген елдерінде үлкен маңызға ие, өйткені бұл шаруашылық жергілікті халықты жұмыспен қамтуда, басқада ұлттық экономика секторларында маңызды рөл атқарып, оң ықпалын көрсетуде. Бірқатар елдерде халықаралық қонақ үй бизнесі мемлекеттік бюджетке маңызды валюталық түсімдер көзі болып табылады (егер жалғыз болмаса). Сонымен қатар, оның белсенділігібөлек бір елдегі әлемдік экономикадағы халықаралық инвестициялық капиталға және терең интеграцияға көмектеседі [8].
Алтын жұмыртқа табатын сала деп қонақжайлылық, немесе қонақ үй және мейрамханалық бизнес өрісін атайды. Олай деп аталуының себебін мынамен түсіндіріледі, қонақжайлылық өрісі туризмнің базалық және жетекші ықпалы саласы болып табылады, және соның ішіне халықаралық туризмде кіреді. Қазіргі таңды туризм саласы - бұл әлемде ең пайдалы бизнес түрінің бірі.
Біздің еліміз ежелгі мәдениетке және бірегей табиғат көріністері мен ресурстарына ие, шетелдік және ішкі туризмді дамытып, жағары дәрежеге көтеруге орасан туристік қарым - қатынас бар, алайда бүгінге кіретін туризм үлесі айтарлықтай төмен. Мұндай жағдайдың орын алуының негізгі себептерінің бірі, халықаралық деңгейдегі шетелдік туристерді қабылдауға қабілеті бар қонақ үйлік базаның жоқтығы. Көптеген қонақ үйлер және басқа да түнеп шығу орындары, бұрын 1950-1960 жылдар аралығында салынып, ескірген, нөмерлердің қолайлылық деңгейі төменгі көрсеткішпен мінезделеді, технологиялық артта қалу және келушілерге ұсынылатын қызмет түрлерінің тым аздығы. Қазақстан Республикасында қонақ үй шаруашылығында халықаралық стандарттар бойынша бес жұлдызды қонақ үйлерге сәйкес келетін қонақ үйлерқызмет етіуде және де әлемдік стандарттарға сәйкес келетін қонақ үйлер салынуда. Сондықтан да, бәсекеге қабілетті болу үшін, біздің еліміздегі қонақ үйлер техникалық өзгертулерді басынан өткізіп, тұтынушыларға қызмет көрсету интерьерлеріне жаңашылықтар енгізуде [9].
Қонақжайлылық шаруашылығының дамуына көптеген факторлар ықпалын тигізеді. Саяхатқа шығу, туризмнің дамуы, тұтынушылардың төлеу қабілеттерінің өсуі, бәсекелестік, табыс алуына ұмтылыс.
Туризмнің қазіргі уақыттағы мәні мен рөлі үшін мемлекеттердің экономикасын дамыту, жеке адамның сұрауларын қанағаттандыру, елдер арасындағы әлеуметтік байланыстарды өзара байытуды бағалау мүмкін емес. Туризм индустриясы көптеген елдердің экономикасында маңызды орын алады. Оның дамуы нарықта көптеген жұмыс орынын ұсынады [10].
Әлемдік тәжірибеде қонақжайлылықтың төрт үлгісі бар: американдық, еуропалық, азиаттық және шығыс-еуропалық. Американдық үлгінің халықаралық қонақ үй бизнесінің ішкі және шетелгі нарықта ілгері басуға әкелетін сауда маркаларын маркетингтік құрал ретінде пайдаланады. Алғашқы қонақ үй жүйелерінің дамуы әр түрлі басқару құрылымдардың пайда болуына себепкер болғандықтан, және де банктерден, сақтандыру компаниясынан, сауда-саттық корпорациясынан қонақ үй бизнесіне инвестициялау көбейе түсті. Американдық үлгімен салыстырғанда еуропалық үлгі стандарттарга сай келеді. Еуропалық үлгі арнаулы шеңберде қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, еуропалық қонақ үйдің қызметтері, бұл жергілікті қызмет көрсететін елдердің ұлттық және мәдениетік ерекшеліктерін ескере жұмыс жасау арқылы халықаралық деңгейдегі қонақ үй бизнесі болып танылады. Еуропада франчайзинг жүйесі бір және екі жұлдызды қонақ үй секторларында дамиды. Қонақ үй тізбесінің саясатына бастапқы құны 270 мыңнан бастап 540 мың долларға алынатын франзайзиді жатқызуға болады. Еуропалық үлгіге екінші резиденция дамып келеді, аталмыш резиденция саяхатшылардың меншігінде, бірақ олардың тұрақты тұрғылықты жеріне жатпайды, және де жалпы қолайлы екінші резиденциялар бар. Бұл үлгі Францияда және Испанияда, көбіне тау және теңіз жағаларында орналасқан шипажайлар орналасқан [8].
Азиаттық брендтер, Dusit, Taj, mandarin Oriental, Shangri-La өз отандарында азиаттық нарықта жақсы жұмыс істейді. Сонымен қатар, олар жаймен Азияның шекарасынан шығып келеді. Азиаттық ойыншылар халықаралық деңдейде жұмыс жасайтын стратегияларын шығарған жоқ. Алайда азиаттық тізбегі ең бастысы Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбританияға бағдарланып отыр. Жалпы, азиаттық қонақ үй бизнесі еуропалық жобамен дамып келеді, және сол стандарттарға сай. Азия елдеріндегі қонақ үй жүйелерінің басым бөлігі еуропалық бірлестікке жатады. Азиаттық нысандар қонақ үй бизнесінде өзінің икемділігімен және сырқы нарықта әлі түбегейлі дамымағанымен көге түседі. Тек Азияда ғана ең биік (Шанхай), ең сиымды (Бангкок) және ең қымбат (Дубай) қонақ үйлер бар. Егер Еуропада қонақ үйдің сыйымдалығы теріс пропорционалды болса, Азияда керісінше. Шығыс-еуропалық үлідегі қонақжайлылық еуропалық үлгіден айырмашылығы, бұл қонақ үй индустриясында посткеңестік мекемелер, және америкалық үлгідегідей қонақ үйлермен көршілес, еуропалық және азиаттық үлгіге сай.
Қонақ үй бизнесі индустриясы сияқты қонақ үйлер мен ұйымдардан тұрады, олар өздерінің тауарларын және қызметтерін ұсынады, сонымен қатар қонақ үй бизнесімен тығыз байланысты. Қонақ үй бизнесінің индустриялық айырмашылығы ұлттық экономиканың нәтижелі дамуына, қонақ үй бизенісінң дамуы арқылы мемлекеттік бюджеттің көбеюіне әкеледі; халықтың жұмыспен қамтылуы көбейеді; халықтық кәсіпті дамытуға жаңа түркі болады; готель-господарлық өнімдерді дамытуға арналған, басқа да салалар ашылады; әлеуметтік және инфрақұрылым дамиды.
Қонақ үй жұмыстарының тарихының тамыры бұрынғы заманнан басталған. Қазіргі қонақ үйлердің түп бейнесі бұрынғы таверналар мен керуен сарайларынан келген. Солай, Ежелгі Рим әскерлерін Империяның әр бұрышына дейін тез жету мақсатында ұйымдастырылған керемет жол жүйесімен қамтылған. Жолдар жиҺангерлерге де, атты жолаушыларға да арналған, және де жолаушыларға дем алу үшін таверналар мен керуен сарайлары орналасқан. Орта ғасырда қажылыққа және жорыққа шыққан кезде, қазіргі қонақ үйдің міндеттерін монастырлар орындаған, ол жерде жолаушылар түнеген, ақысыз нан тілімі мен су берілген. Керуен сарайлары да қызмет көрсеткен. Орталығында әдеттегідей, жылқылардың қашасы және де кезбе әртістер үшін сахна болған. Жоғарғы қабаттар саяхатшылардың демалу орны болған. Орта ғасырда орналастыру міндеттерін бекініс сарайлары да атқарған. Ортағасырлық бекіністер ақсүйектердің резиденциясы болып саналған, бұл жер демалу үшін және аңшылыққа шығу үшін пайдаланылған [9].
Қонақ үй құрылысының басталуына түрткі болған Жаңа заман. Өнеркәсіп революциясы паровоздардың, теплоходтардың шығуына байланысты, жаппай туризмнің дәуірін ашты. Еуропада шипажай жұмысының дамуы Жерорта теңізінің жағалауында көптеген қонақ үйлердің ашылуына себепкер болды. Әлем астаналарында салтанатты қонақ үйлердің құрылысы жүргізіле бастады. Адамдардың туризмге деген және қонақ үй жұмысының дамуына құлшынысын көрген кәсіпкерлер, кәсіпқойлар және энтузиасттар пайда бола бастады. Сол кездегі Цезарь Ритца швейцарын, Эллсворт Статлер американын, Генри Негреско ынталы румынын, швейцардық дәрігер Артур Рикли есімдерін еске түсірсен ғана жарайды. Қонақ үй бизнесінің дамуына қатарлас мейрамхана бизнесі қатарлас дамып келді. Ең алғаш қонақ үй жанындағы мейрамхана революциясын ашқан атақты Жорж Огюст Эскофье - өз дәірінің аса зор аспазы. Оның атымен Париждегі және де басқа қалалардағы атақты Савой, Ритц атты қонақ үйлер ашылған [10].
ХХ жүз жылдықтың алғашқы жылдары қонақ үй құрылысы саудагерлер мен бизнесмендердің бастапқы уақыты болып саналады. Осындай қонақ үйдің бірі 1908 жылы ашылған Буффало Статлер деп аталған. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін қонақ үй жұмысының айналасындағы шу Конрад Хилтонның есімімен байланыстырады. Сол заманғы ең ірі қонақ үйдің бірі Конрад Хилтон деп аталған. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ортада айтарлықтай өзгерістер болған, бұл жағдай орналастыру амалдарына әсер еткен. Осы кезеңге автокөлікті саяхатшыларға арналған алғашқы мотельдер, әуежайлық отелдердің құрылысы, отбасылық демалысқа арналған қонақ үйдің құрылыстары басталған. Біртіндеп қонақ үйлік база қызметтік және ойын-сауық индустрисымен бірлесіп келген. Қонақ үй, казино, ойын-сауық үйлері бірлесті. Әуежай компаниялар қонақ үйлердің құрылысына белсенді қатыса бастаған. Солай, алғашқы Интер-Континенталь қонақ үйлердің бірі Пан Американ әуежай компаниясымен құрылған.

2.2 Халықаралық қонақ үй бизнесі, оның қазіргі мазмұны мен ерекшеліктері

Халықаралық қонақ үй бизнесі - қонақ үй индустриясының ерекше сегменті, капиталды интерұлттандыруды бейнелейді, және де өзінің опреацияларының халықаралық бейнесін, әлемдік деңгейін көрестеді.
Халықаралық қонақ үй бизнесінің айрықша бейнесі, бұл халықаралық қызметтерінің әр түрлі уақыты, жылдам бейнелігі және де әлемдік деңгейінің жалпы ішкі өнім 5% құрайды. Сонымен қатар қонақ үй компаниялары халықаралық транспорт және байланыстың, туристикалық агенстволардың және туроператорлардың, қаржы делдалдардың, сақтандыру компаниялардың, құрылыс, сауда-саттық, мәдениет және ойын-сауық ұйымдарының және тағы басқа қызметтерін пайдаланады [11].
Халықаралық қонақ үй ұйымдары. Халықаралық туристік нарықта қонақ үй бизнесінің ең тәжірибелі де нәтижелі өкілдерін біріктіруді мақсат тұтатын бірлестіктер бар. Мысалы, 1928 жылдан бері әлемнің ең озық үлгідегі қонақ үйлерін анықтайтын Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері (The Leading Hotels of the World) деп аталатын халықаралық корпорация қызмет атқаруда. Ол жыл сайын ең жақсы кәсіпорындар туралы мәліметтер жинақтап, әлемге жария етеді. Бұл ұйымның мүшелігіне ену үшін қонақ үй барлық жағынан қатаң стандарттарға сәйкес келуі тиіс. Мүшелікке тапсырыс беретін қонақ үйлер міндетті түрде қатаң тіркеуден және тексеруден өткізіледі. Мүшелікке енуге ұсыныс білдірген әрбір қонақ үйдің бекітілген талаптарға сәйкестілігі кезең-кезеңмен инспекцияланып отырады. Осы ұйымға Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің төрт қонақ үй мүше: Балчуг Кемпински (Мәскеу), Гранд-отель Еуропа және Астория (Санкт-Петербург) және Риксос-Астана отелі (Астана) [12].
Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері - бұл әлемдегі жүздеген ең керемет қонақ үйлерді біріктіретін қонақ үй мекемесі. Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері мекемесінің құрамына кіретін әрбір қонақ үй қызмет көрсету сапасы, қонақ үй беделі, орналасу орны мен сапасы жай ғана керемет болмай, ол эксклюзивті көрсетуі керек. Бүгінгі таңда Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері мекесінің құрамына бүкіл әлемдегі 80 мемлекеттің 450 ең керемет қонақ үйлері кіреді. Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері мекемесіне кіретін қонақ үйлердің барлығы 5 жұлдызды. Бастапқыды Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері мекемесі 38 қонақ үйді ғана қарастырды. Олар жай ғана қонақ үйлер емес, олар аңызға сыйымды қонақ үйлер. Ең алғашқылардың бірі болып танымал қонақ үй Ниццедегі "Негроско" және Иерусалимдегі "Царь Давид" кірді. Мекеме ауқымы Еуропа елдеріндегі қонақ үйлерді қамтыды. Содан кейін, 1970 жылы жер шарының барлық мемлекеттерін қамтуды қолға алды. 1980 жылдың аяғында Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері мекемесі Америка Құрама Штаттары, Үндістан, Австралия және Оңтүстік Америкадағы 235 қонақ үйді қамтыды. Айта кетерлігі, бұл компания қонақ үйлерге мүшелік етуге ұсыныс тастамайды. Қонақ үйлер қожайындары Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері мекемесіне ұсыныс тастап, қонақ үйлер қаншалықты бұл мекменің стандарттарына сәйкес келетінін бағалайды. Бүгінгі таңда, Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері - бұл жай ғана мекеме емес, бұл тұтынушыларға жоғары дәрежелі қызмет көрсететін бренд. Әлемнің алдыңғы қатарлы қонақ үйлері мекемесі қонақ үй стандарттарына Әлемнің алдыңғы қатарлы спа-қонақ үйлері (Leading Spas), Әлемнің алдыңғы қатарлы кіші қонақ үйлері (The Leading Small Hotels of the World) және Әлемнің алдыңғы қатарлы көгалдандырылған қонақ үйлері (Leading Green). Мекеме офистері әлемнің 25 қаласында орналасқан.
1968 жылдан бастап Әлемнің ең тыныш қонaқ үйлері халықаралық қонақ үй ассоциациясы қызмет атқарып келеді. Ассоциация штаб-пәтері Парижде орналасқан. Бұл ассоциацияның құрамына ену үшін қонақ үйлер үш критерий бойынша бағаланады: табиғи және жағымды қоршаған орта, қонақжайлылық, керемет асхана [13].
Халықаралық қонақ үй операциялары - халықаралық тасымалдардың өсуіне және қонақ үй индустриясының дамуына байланысты, жай дамыған елдерде халықаралық қонақ үй операциялары өсіп келеді. Бұл бір елде орналасқан барлық қонақ үйге қатысты. Осындай қонақ үйдің екі негізгі үлгісін белгілеуге болады. Біріншісі ұлттық компания, бұлардың бас кеңселері деректі жерде орналасқан және осындай қонақ үйлер сол елдің және өзге елдердік қонақ үй операцияларын иемделген. Ал екінші түрі - көпұлтты компаниялар, әуежай компаниялармен немесе басқа компаниялармен ұйымдасқан, олар қонақ үй операцияларын басқа елде жүргізеді, сонымен қатар бас кеңселерін қажет етпейді.
Ұлыбританияға қатысты қонақ үй группасы Forte Hotels (Granada Group), бас кеңсесі Лондонда орналасқан, бұл бірінші үлгідегі қонақ үй. Тағы да басқа британдық компания Bass Hotels and ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дүниежүзілік қонақжайлылық және туризм индустриясындағы жаһандандыру процестері
Қазақстандағы туристік кәсіпорындарды дамытудың негізгі маркетингтік тәсілдері және бәсекеге қабілеттілікті арттыру
Қазақстан Республикасындағы қонақ үй бизнесінің дамуын талдау
Қазақстан Республикасындағы шет елдер инвестициясы
Қонақжайлылық индустриясының қалыптасуы
Қазақ салт - дәстүрлерінің тәрбиелік мәнін ашу
Дәстүр тарихы
Майбалық демалыс үйі негізінде туристік кәсіпорын жұмысының нәтижелілігін жоғарлату
Туристік қызмет нарығын дамытуды мемлекеттік қолдау шаралары
ЗЕЙНЕТАҚЫ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕТІКТЕРІ
Пәндер