Сот немесе құқық қорғау органдары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе

1. Мемлекеттік органның түсінігі мен белгілері

2. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі:
2.1. Өкілетті органдар
2.2. Атқару органдары
2.3. Сот немесе құқық қорғау органдары
2.4. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары

3. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік билік органдары жүйесі.

Қортынды.

Пайдаланылған әдебиеттер.

Кіріспе

Мемлекеттік органң – бұл жеткілікті күрделі тақырып және де ол мемлекет механизмің, мемлекет аппаратың деген түсініктермен тығыз байланысты.
Мемлекеттiң сан қилы қызметiн атқаратын механизiмi (аппараты) болады. Мемлекет механизмi – бұл мемлекеттiк органдар жүйесi, бұлар меммлекеттiк жұмыстар мен қызметтерiн атқарады. Мемлекет механизмi – белгiлi түрде ұйымдастырылған, iшкi тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сипатталатын мемлекет органдарының жүйесi.
Мемлекеттiк аппрат – қоғамды басқару үшiн арнаулы құрылған мемлекет органдарының бiртұтас жүйесi.
Мемлекеттiк аппараттың ерекше iшкi құрылысы бар: олардың арасындағы қатынастар бiр жүйеге бiрiктiрiледi. Бұл жүйенiң негiзiн экономика, саяси қарым-қатынастар, сана-сезiм құрады. Осы жүйеде әрбiр органның өзiнiң орыны, бiр-бiрiмен қарым қатынастары, қызметiнiң негiзгi принциптерi көрсетiледi. Дамудың әрбiр кезiнде мемлекеттiк органдардың орындайтын қызмет бабы және істерi өзгерiп отырды. Шығыс мемлекеттерде бүкiл аппаратты бiр орталыққа бағындыратын – патшаның билiгi орнаған Парламенттiк республикада негiзгi функциялар парламенттiң парламенттiң қолында болады. Мемлекеттiң әрбiр типiне мемлекеттiк аппараттың ерекше нышандары сәйкес келедi.
Және де қозғайтын мәселелрдің бірі бұл - билікті бөлу теориясы
(Д. Локк, Ш. Л. Монтескье, Т. Джефферсон және т.б.) негіздеген, бұл теория қазір күннен күнге кеңінен қолданыс табуда. Бүгінде оның ережелері мен принциптерін әлемнің көптеген елдері конституциямен бекітіп берді. Барлық биліктің бір органда немесе бір лауазымды тұлғада шоғырлануына қарсы екендігін айтып, оны мемлекет механизмінін үш тармағының арасында бөлудің пайдасына аргументтерін келтіре отырып, билікті бөлу теориясы:
1) олардың тежемелік әрі тепе-теңдік жүйесін пайдалану арқылы өзара іс-қимыл жасауынын кажеттілігін;
2) бір биліктің басқа билікті функциясын орындау жолымен алмастыруына жол бермеуді;
3) билік құрылым-дарының өзіндік балансын белгілеуді бекітеді.
Қазіргі кезде мемлекет теориялық тұрғыдан жан-жақты, жеткілікті дәрежеде зерттеліп болған десек те, алайда соған қарамастан уақыт өтіп, қоғам дамыған сайын мемлекеттің құрылымы да күрделеніп, үздіксіз дамуын бірде – бір рет тоқтатқан емес.
Міне осы тұрғыдан бағалар болсақ мемлекетке қатысты кез келген мәселе өзінің өзектілігі жоғалтпайды деуге толық болады.
Міне мен өзімнің курстық жұмысымды мемлекеттік органдар мәселелеріне арнап отырмын.
Менім курстық жұмысымның негізгі мақсаты ол-мемлекеттік органдардың түсінігі мен ерекшелігін толығымен және жан-жақты қарастырып мәнін ашу болып табылады.

1. Мемлекеттік органның түсінігі мен белгілері

Мемлекет — мемлекеттік билік органдары жүйесінің болуымен сипатталатын бұқаралық биліктің ұйымы. Мемлекеттік органдар мемлекеттік міндеттерді орындауға тағайындалған және ортақ сипаттарға ие. Мемлекеттік органның айрықша маңызды белгісі биліктік өкілеттіктермен қамтамасыз етілуі болып табылады, демек іс-әрекет міндетті сипатқа, ал бұйрықтар биліктік сипатқа ие. Мемлекеттік органның биліктік өкілеттіктері оның құзыреті шеңберінде жүзеге асырылады. Мемлекеттік органның құзыреті деп оны жүргізу қүралының, қүқықта-ры мен міндеттерінің жиынтығы ұғынылады.
Мемлекеттің органы мемлекет механизмінін алғашкы клеткаларыныңң бірі болып табылады. Мұндай органдардың жиынтығы мемлекет механизмінің басты буынын құрайды. Мемлекеттік органның өзіне тән сипаты мен белгісі анықталған жағдайда ең алдымен оның мемлекеттің құрылымдық компоненті екендігін негізге алу қажет. Сондықтан мемлекеттің жалпы сипаты (егемендігі, өктемдігі, мемлекеттік аумақ шегіндегі қызметінің жалпы сипаты, адамдардың мемлекетке азаматтық тиістілігі негізінде жалпы халыкты қамту) мемлекеттік органдардың сипатына өзінің белгісін түсіреді, олардың әрқайсысында өзгеше ұйғарылады. Тұтас нәрсенің бір бөлігі ретінде (мемлекет және оның механизмі) мемлекеттік органда қандай жағдайда да тұтастық сипаты болады. Оның қандай құқықтары болса да, құзыреті басқа құрылымдардың құзыретінен калай ерекшеленсе де, мемлекеттің атынан, билікті жүзеге асыру құралдарының бірі ретінде қызмет ететіндігі маңызды.
Мемлекеттік органдарды мемлекет функциялары бойынша топтастырудың мүмкін еместігі дұрыс, өйткені олардың көпшілігі бір ғана емес, екі немесе одан көп функцияларды жүзеге асыруға қатысады. Сондықтан мемлекеттік органдарды топтастырудың бірі — өздерінің тікелей қатысы бар билік тармақтары бойынша топтастыру болып табылады. Бұл негіздеме бойынша барлық мемлекеттік органдар:
1) заң шығарушы және өкілді;
2) атқарушы;
3) сот органдары болып бөлінеді.
Мемлекеттік орган — мемлекеттік аппараттың өкімет билігіне окілеттігі бар құрылымдық бөлшегі. Мемлекеттік органның өкімет билігін іске асыруы мемлекеттің мәжбүрлеу күші арқылы қамтамасыз етіледі.
Мемлекеттiк органдар атқаратын қызметiнiң сипатына сәкес бiрнеше түрлерге бөлiнiедi. Айталық мемлекеттiк органдар өкiлiттiгiнiң шеңберiне сай үш түрге бөлiнедi: атқару органдры, өкiлеттi органдар және сот, құқық қорғау органдары. Осы органдар iшiнде Қазақстан Республикасының Президентiнiң ролi мен маңызы өте зор деп айтыға толық негiз бар.Президент билiгi жалпы жоғарыда аталған билiк көзiнiң ешбiрiне де жатқызылмайды, себебi Президент қызметiнiң ең басты қызметi ол мемлекеттiк билiктiң бiр бiрiне қайшы келмей үйлесiмдi қызмет жасауын қадағалау және қажет жағдайда оны реттеп отыру болып табылады.Президент-ол мемлекеттiң басшысы және мемлекеттiң iшкi және сыртық саясатын айқындауға құзретi бар бiрден-бiр жоғарғы мемлекеттiк ең лауазымды адам болып табылады. Менiң өз пiкiрiм бойынша жалпы бiзде мемлекетiмiздiң, яғни Қазақстанның Президентiк басқару нысаннында болғанын орынды деп бағалаймын себебi, егемендi ел болып ендi ғана өз мемелекетiмiздiң iргесiн қалап оны қалыптастырып және нығайтыу кезiнде мемлекеттiк басқарудың орны айрықша маңызды әрi бiздiң жас мемлекет үшiн стратегиялық мәнi айтып жеткiсiздей.

Мемлекеттік органдардың жіктелуі:
1. Мемлекеттік органдарды қалыптастыратын субъектілеріне байланысты:
— өкілдігі бар мемлекеттік органдар (Президент, Парламент);
— мемлекеттік органдардың өздерінін құратын органдары (үкімет, министрліктер).
2. Мемлекеттік органдар құрылымына байланысты:
1) жай; 2) күрделі болып келеді.
Жай органдардың ішкі бөлімдері болмайды, ал күрделі органдардын бірнеше ішкі бөлімшелері болады.
3. Аумақтық қызмет аясына байланысты:
— федералдық;
— республикалык;
— жергілікті.
4. Өкілеттіктерінің сипатына байланысты:
— жалпылама күзыретті органдар (Қазақстан Республикасының Үкіметі);
— арнайы кұзыретті органдар (Бас прокуратурасы)
5. Құзырларының іске асу ретіне байланысты:
— алқалыға жататындары (Үкімет);
— дара басшылыкка жататындары (Президент).
6. Ұйымдык-кұкық қызметтері түріне байланысты:
— биліктері толық болатындары:
— биліктері шектеулі болатындары.
1.Мелекеттiк билiк органдар оған жататындар: Парламент, Президент және жергiлiктi әкiмшiлiк-құқықтық бөлiнiстердегi мәслихаттар.
2.Мемлекеттiк ақару органдары:үкiмет және оған қарасты минстiрлiктер мен ведомостволар, жергiлiктi басқару органдары, әр түрлi денгейдегi әкiмдер жатады.
3.Сот және құқық қорғау органдары да мемлекеттiк аппарат болып табылады. Ендi осы алған мемлекеттiк апаратқа немесе органдарға толықрақ сипаттама берiп кетелiк:

Жоғарғы өкiлеттi орган.

Жоғарғы өкiлеттi органды ең алдымен халық сайлайды және ол заң шығару қызметiн жүзеге асырады.Бiздiң мемлекетiмiзде, яғни Қазақстанда Жоғарғы өкiлеттiк орган болып Қазақстан Республикасының-Праламентi табылады. Оның өкiлеттiгiнiң шегi төр жыл деп Конституцияда көрсетiлген.Парламен тұрақты жұмыс iстейтiн екi Палатадан тұрады.Олар Сенат.
Мәжiлiс. Сенат депутаттары әрбiр облыстан немесе Республикалық мәнi бар қалалардан тиiсiнеше екi адамнан жергiлiктi маслихаттардың сайлауы арқылы жүргiзiледi.Сонымен қатар Парламент Сенатындағы 7 сенаторды Қазақстан Республикасы Президентiнiң өзi тағайындайды.Мәжiлiс депуттатарын сандық көлемi бойынша теңдей болып келетiн әртүрлi әкiмшiлiктерден тiкелей сайлау арқылы жүзеге асырылады және ондағы депутаттарды жалпы саны 67 адам.Парламент заңдар қабылдайды және заңда белгiлiенiп берiлген көлемде өзгеде өзiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асырады.

Атқару билiк.

Атқару билiк жалпы Үкiметтiң қолында жинақталады кiметтiң, яғни атқару билiгiнiң негiзгi мақсаты мемлекет
Үкiмет басқаруды жүзеге асқарады және қабылданған заңдардың орындалуына шаралар белгiлеп оны iс жүзiне асырады.Үкiметiң басшысы болып Қазақстан Республиксының Президентiнiң ұсынуымен және Парламаетiң мақылдауымен тағайыдалған премерь-минстр танылады.Үкметiң құамында түрлi минстiрлiктер мен ведомоствалар болады және оларды минстiрлер басқарады. °рбiр минiстiрлiкке өзiнене тән қызмет пен қоғам және экономика саласын басқару бекiтiлiп берiлген, сондай-ақ олар Үкмет жетекшiсiнiң басшылығымен оны жүзеге асыруға мiндеттi және оның тиiстi орындалуы үшiн жауапты болады. Қазақстан Республиксының Үкiметiнiң құрылымдық сипатына келер болсақ ол 14 минстiрлiктен және 10 мемлекеттiк комитеттен құралған. Бұл аталған құрылымдар өз өкiлеттiгiне сай бұйрықтар мен қаулылар, ережедлер қабылдайды оның орындалуын тиiстi әкiмшiлiктерге, яғни төменгi атқару органдарына жүктеуге құқылы. Үкмет өзiнiң құзретiн тек Конституциялық шекте ғана жүзеге асыруға мiндеттi және басқа билiк салаларына заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Қазақстан Республиксының Президентi қажет жағдайда Үкметтi таратуға, яғни отставкаға жiберуге құзреттi.Мемлекетте атқару билiгi осал болса ол қоғамда, жалпы мемлекетте өте қолайсыз жағдайлардың орын алуына жол берiледi де нәтижесiнде кез-келген мемлекеттiң болашағына және тәуесiздiгiне қауi төндiруi мүмкiн.Бiрақ атқару билiгi қатаң тәртiп орнатамын деп қоғамдағы демократиялық құндылықтарға қиянат жасамауға тиiс. Үкметтiң кез келген мүшесiн қазiргi заңда жаңа белгiленген тәртiпке сәйкес Парламент қарауына, тыңдауға, есеп немесе түсiнеiктеме берудi талап еуге құылы, ал ол минстiрлер үшiн мiндетт болып табылады. Қазақстанда Үкметтiң құқықтық статусын белгiлеiтiн арнайы қабылданған заң бар.

Сот билiгi
Сот билiгi-ол билiктiң жеке бiр тәуелсiз әрi өте маңызды саласы болып табылады. Жалпы сот билiгiнiң шынайы тәуелсiздiгiне және әдiлдiгiнiң өте маңызы бар. Себебi демократиялық қоғам қалыптастырып дамыту үшiн ол басты әрi шешушi роль атқарады. Қазақстан Республиксы Конституциясының 75 бабына сәкес Қазақстан Республиксында сот билiгiн тек сот органдары ған жүзеге асырады.Сот билiгi азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын және Қазақстан Республиксы сот жүйесiн Жоғарғы Сот пен жергiлiктi әкiмшiлiктердегi аудандық, қалалық және облыс орталықтарында орналасқан соттар құрайды.Сотттарды тағайындау арнайы заңдар бойынша жүзеге асырылады және олар бiлiктiлiк емтиханын тапсыруға мiндеттi, ал сот судияларын таңдауды немесе iрктеудi Қазақстан Республиксы Президентiнiң жанындағы Конституциялық Кеңес жүзеге асыруға мiндетттi.Қазақстанда Жоғарғы сот құрамын сот пленумы, азаматтық және қылмыстық iстер жөнiндегi алқа мен әскери алқа құрайды.Сот билiгiнiң төрелiгiн Қазақстан Республикасы Конституциясында белгiленген қағидаларға сәйкес жүзеге асырылуы тиiс болады. Қазақстан Республикасында мемлекеттiк аппараттар жүйесiнде Сот Кеңесiнiң алатын орыны өте зор. Бұрынғы Конституция бойынша ол Конституциялық сот деп аталған.Қзақстандағы сот билiгiнiң денгейiн қазiр қанағаттандырарлық деп бағалауға толық негiз бар.Сот алдында азаматтар да заңды тұлғалар тең және мемлекетке де жеке дара жеңiлдiктер көззделiнбеген.Сот билiгi кез-келген мемелкетт үшiн аса маңызды аппарат болып табылады.Бiздер осымен жалпы билiк салаларына сипаттама берiп өттiк және осы билiктiң құзретiмен құқықтық жағдайына сәкес қарастырдық.Сот билiгiн, яғни сот төрелiгiн тек қана сот органдары ғана ғана жүзеге асырады және соттың ролiн қандайда болмасын басқа мемлекеттiк немесе өзгеда органдар атқара алмайды.

2. Мемлекеттік органдардың түрлері және қызметі

Мемлекеттік органдар бірнеше топқа бөлінеді, олар атқаратын қызметтеріне сәйкес жүйе-жүйеге, сала-салаға жіктеледі. Мемлекеттің органдар өкілеттігінің шеңберіне қарай үш топқа бөлінеді:
1). Мемлекеттік билік органдары: Парламент, Президент жөне Маслихаттар;
2). Мемлекеттік атқару органдары: үкімет, министрліктер, ведомстволар, жергілікті басқару органдары, әкімдер. Мемлекеттік органдарының құрылу тәртібі мен алдына қойылған мақсаттары.
Мемлекеттік органдар үш топқа бөлінеді: өкілетті органдар, атқару органдар және сот немесе құқық қорғау органдары.
Республика Президенті мемлекеттік аппаратта ерекше орын алады, ол үш биліктің біріне де жатпайды. Ол мемлекет билігінің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамасыз етеді. Президент — мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін жоғарғы лауазымды тұлға. Президент халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, Конституцияның мызғымастығының адам және азамат құқықтары мен бостандықгарының нышаны әрі кепілі.

2.1. Өкілетті органдар
Жоғарғы өкілетті органдарды халық сайлайды. Парламент - заң шығару функциясын жүзеге асыратын Республиканың ең жоғарғы өкілді органы. Оның өкілеттік мерзімі — төрт жыл. Парламент тұрақты негізде жұмыс істейтін екі палатадан: Сенат жөне Мәжілістен тұрады. Сенат облыстардан, республикалық маңызы бар қаладан және астанасынан екі адамнан тиісінше барлық өкілді органдары депутаттарының бірлескен отырысында сайланатын депутаттардан тұрады. 7 депутатты Президент тағайындайды. Мәжіліс Республиканың әкімшілік-аумақтық бөлінісі ескеріле отырып құрылатын және сайлаушылар саны шамамен тең бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын 67 депутаттардан тұрады. Парламент кейбір заңдарды қабылдау құқығын Президентке береді, оны делегаттылық заңдылық деп атайды. Қазақстан тарихында екі палаталық парламент 1995 жылғы Конституциясында жарияланған. Қазақстанның сайлау жүйесі мажоритарлық типке жатады, сайлауға көп саяси партиялар қатысады. Бұл палатаға сайланған депутаттар 25 жасқа толуы керек. Қазақстан парламентінің ерекшелігін жоғарғы палатасының құрылуы және оның қызмет бабы көрсетеді. Депутаттардың бір жартысы екі жылға, ал екінші жартысы төрт жылға сайланады. Сенатқа 30 жасқа толған адамдар депутат болып сайланады.
Парламент негізгі заң шығарушы орган. Парламенттің сессиясы оның палаталарының бірлескен және бөлек отырыстары түрінде өткізіледі. Парламенттің үйлестіруші органдары — бюро, жұмыс органдары — тұрақты комитеттері, бірлескен комиссиялары болып табылады. Президент мемлекеттің жоғарғы қызметкерлерін тағайындағанда парламент келісімін береді, олардан есеп алады, соғыс және бітім мәселелерін шешеді, халық референдум тағайыңдау туралы бастама көтереді, конституциялық зандылық туралы жыл сайын жолдауын тындайды, өзінің ішкі сұрақтарын шешеді, және басқа да Конституция жүктеген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Парламенттің әр палатасының бөлек отырысында шешетін құзыреті бар. Сенат тағайындау мәселелерінің көбіне өзі қатысатын болса, Мәжіліс заң қозғау жөне қаржы мәселелерді шешеді. Парламент қабылдаған заңдарға Президент қол қояды да, заңды осыдан кейін жариялайды. Заң шығару жұмысын президенттің өзі де атқара алады. Бұл екі жағдайда бола алады: Парламенттің екі палатасының депутаттары уақытша заң шығару билігін Президентке 203 дауыспен рұқсат берсе (Конституцияның 53 бабы), Президент заң жобалардың қарау басымдылығын белгілейді, Парламент осы жобаны енгізілген күннен бастап бір айдың ішінде қарауы тиіс. Заң шығару жұмысын тікелей халықтың өзі де атқара алады, бұл жағдай референдум деп аталады. Қазақстанның 1995 жылғы Конституциясы осылай алынды.

2.2. Атқару органдары
Атқару билік өкіметтің қолында жиналған. Президенттік республикаларда өкімет саяси және ұйымдық тұрғыдан президент қамтитын атқарушы билік тармағына жатады. Парламенттің қатысуымен Президент басқарады әрі құрады, оның дербес құзыретті алқалы шешуші органы. Кабинет мұшелері бүкіл халық сайлаған Президент алдында дербес жауап береді. Үкіметтің нақты егеменділігі нақты мемлекет басшысының субъективтік пікіріне тікелей тәуелді. Қазақстан Республикасының үкіметі — атқарушы билікті жүзеге асыратын, атқарушы органдардың жүйесін басқаратын және олардың қызметіне басшылық ететін мемлекеттік орган. Президент Үкімет мүшелерін тағайындағанда Конституцияның 64 бабының 1- тармағы бойынша парламенттің келісімін алуға тиіс. Ал үкіметті құру процедурасы өте күрделі және бірнеше кезеңнен тұрады. Сонымен Өкімет атқару билікті жүзеге асырады және бүкіл атқарушы органдардың жүйесіне басшылық жасайды. Қазақстан Республикасының Үкіметін Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Республика Үкіметі аппаратының басшысы, Республика министрлері, мемлекеттік комитеттерінің төрағалары құрайды. Үкімет және нормативтік қаулылар қабылдайды және нұсқаулар береді.
Орталық салалық атқару билік министрліктердің, ведомстволардың, мемлекеттік комиссия және комитеттердің қолына берілген. Олар қарауындағы мемлекеттік басқару салаларындағы істің жайы үшін жауап береді. 1997 жылғы Наурыздың 4-дегі Президенттің жарлығымен Өкіметтің жаңа құрылымы белгіленген: Премьер-Министр, оның орынбасарлары, Үкімет аппаратының басшысы, 14 министрлік және 11 мемлекеттік комитет. Олар өзінің құзыреті бойынша бұйрық және инструкция қабылдайды. Үкімет өзінің бүкіл қызметіне Конституцияда және Республика Президентінің алдында жауапты. Премьер-Министр, оның орынбасарлары және Үкімет аппаратының басшысы Төралқаның құрамына кіреді. Премьер-Министр өзінің өкімімен Төралқа құрамына Үкіметтің басқа да мүшелерін кіргізуге хақылы. Министрлік тиісті мемлекеттік басқару саласына басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шекті-салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика орталық атқарушы органы болып табылады.
Мемлекеттік комитет тиісті мемлекеттік басқару салаларында мемлекеттік саясатты жүргізетін және осы мақсатта заңдарға салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын Республика комитеті, бас басқармасы, комиссиясы, агенттігі және Үкімет құрамына кірмейтін өзге де республикалық мемлекеттік басқару органы. Үкімет құрамында орталық атқарушы орган болып табылады. Министрліктің, мемлекеттік комитеттің жанындағы департамент, агенттік, сондай-ақ Республика министрлігінің, мемлекеттік комитетінің жанындағы өзге де мемлекеттік басқару органы болады. Ол министрлігінің, мемлекеттік комитетінің құзыреті шегінде арнайы атқарушы және бақылау-қадағалау функцияларының, сондай-ақ салааралық үйлестіруді не мемлекеттік басқару саласында дербес басшылықты жұзеге асырады.

2.3. Сот немесе құқық қорғау органдары

Сот билігі. Конституцияның 75-бабына сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Сот билігі азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғайды. Сот ісін жүргізудің азаматтық, қылмыстық және заңмен белгіленген өзге де нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасында сот жүйесін Республиканың Жоғарғы Соты мен Республиканың жергілікті соттары (облыстық және оларға теңестірілген соттары, аудандық (қалалық) құрайды. Республика аумағында ҚР Әскери (әскердің, құрамалардың, гарнизон-дардың) соттары болады.
Жоғарғы Соттың кұрамын пленум, төралқа, азаматгық шаруашылық, қылмыстық, әскери алқалары құрайды. Қандай бір атаумен арнаулы және төтенше соттарды құруға жол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құқық қорғау қызметінің қағидалары
Құқық қорғау органдарының қызметі
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы
ҚР құқық қорғау органдарындағы реформалардың ерекшелігі
Құқық қорғау органдарының жалпы сипаттамасы туралы
Әділет органдары
Құқықты қорғау қызметі
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі және құқық қорғау органдары»
Құқық қорғау қызметі туралы
Құқық қорғау органдары пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер