Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 77 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ТАРАУ 1. КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕПЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 5
1.1. Кәсіпкерліктің мәні және ұйымдастырушылық-құқықтық түрлері ... ... .5
1.2. Кәсіпкерліктің қаржылық іс-әрекетінің
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
1.3. Кәсіпкерлікті несиелеу
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..22
1.4. Қазақстан Республикасының кәсіпкерліктіктің мемлекеттік реттеуші
заңдарының
аяққатұруы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 27
1.5. Кәсіпкерліктің қызметті мемлекет тарапынан баскару туралы шетелдік
тәжірибе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ..29

ТАРАУ 2. КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ДАМУЫ МЕН ҚАЗІРП
ЖАҒДАЙЫН
ТАЛДАУ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 35
2.1 Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуының ———
тенденцияларын
талдау ... ... ... ... ... ..., ... . ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..
... ...35
2.2. Оңтүстік Қазақстан облысындағы кәсіпкерліктің дамуын талдау ... ..44
2.3. Кәсіпкерлікті қаржыландыруды және несие ресурстарының қайтарымдылығын
талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.54

ТАРАУ 3. КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ІС-ӘРЕКЕТШЩ
ТИІМДІЛІПН ЖОҒАРЫЛАТУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 66
3.1. Кәсіпкерлікті несиелендіру жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... .66
3.2. Кәсіпкерлік іс-әрекетте мемлекеттік қаржыларды пайдалану тиімділігін
жоғарылату ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .70

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .75
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... .76

КІРІСПЕ

Қазақстанда тұрақтанып келе жатқан"~ әкімшіліктік-бюрократиялық
модельдің орнына келген шаруашылықтың нарықтық жүйесі мемлекет қолында
реттеу функцияларының сақталуы аркылы әрекет ететін әкономикалық жүйенің
кәсіпкерлік типіне негізделеді.
Философиялық көзқарастан кәсіпкерлікті адам жанының ерекше күйі,
іскерлік романтика формасы, адамға тән қабілеттіліктерді іске асыру құралы
ретінде сипаттауға болады. Кәсіби мағынада кәсіпкерлік өз бизнесін
үйымдастыра алу, сонымен байланысты функцияларды табысты жүзеге асыру деп
қарастырылады.
Қазақстандағы кәсіпкерліктің қазіргі кезде қайта жандануы болып өтуде.
1917 жылға дейін елде кәсіпкерлік орын алған, бірақ өндіргіш күштердің
дамуының әлсіз деңгейінің салдарынан ол кезде айтарлықтай тарамады.
Кеңес үкіметінің жылдарында кәсіпкерлік түсінігі әкономиклық сөздіктен
мүлдем шығарылып тастаған, ал кәсіпкерлік термины теріс қабылданантын. Енді
біз бүрыңғыдай кәсіпкерлік, іскерлік деген терминдерді басты
қолданамыз.
Нарықтық әкономиканың дамуы кәсіпкерлікті колдануды және кәсіпкерді
тәрбиелеуді қарастырады. Айтарлықтай күрделі қиындықтар мен психологиялык
кедергілерді жеңумен байланысты болатын бүл міндетті шешу оңай емес.
Қазақстанда жүргізіліп жатқан әкономикалык реформа кәсіпкерліктің дамуына
жаңа перспективалар ашты. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-әкономикалық
маңыздылығының өсуінің себептері - ол нарықтық әкономикаға икемділік
береді, халықтың қаржылық және өндірістік ресурстарын қатыстыруға себепші
болады, ол өзінде монополияға қарсы күш алып келеді, жүмыс бастылық және
басқа да нарықтық шаруашылық мәселелерін шешеді.
Қазіргі кезде республикамызда кәсіпкерлік әкономиканың жаңа сфералары
мен әлеуметті топтарын қамтып, күш алуда. Кәсіпкерлік динамикасы мен
әкономикалық нәтижелері көбінесе соған сәйкес келесі алғы шарттармен
анықталады: институционалдык кәсіпкерлік ортасының қалыптасуымен, заңдылық
базасымен, кәсіпкерлік құрылымдарды мемлекеттік қолдаудың деңгейімен және
т.б.
Республикамызда кәсіпкерліктің дамуы үшін түракты әкономикалык негізін
құрайтын меншіктің жекешелендірілуі бойынша үлкен жүмыс жүрпзілуде. 90-шы
жылдардың басында Қазақстан Республикасында кәсіпкерлік іс-әрекеттің
заңдылық тү_рақтандыру және дамыту мәселелерін реттеуге бағытталған заңдар,
заңдылық және басқа нормативтік-қүқықтық актілер қабылданып, әрекет етуде.
Сонымен қатар, республикада кәсіпкерлікті, әсіресе шағын және орта
бизнесті мемлекеттік қолдау жөнінде кең көлемді шаралар қабылданып жатыр.
Қазақстан Республикасы Президнтінің Шағын және орта кәсіпкерлікті
мемлекеттік қолдау мен жандандырудьг күшейту жөніндегі шаралар туралы
Үкіміне сәйкес шағын кәсіпкерлікті колдау және дамытуды мемлекеттік
әкономикалық саясаттың басты саласы деп санау қарастырылады.
Дегенмен, отандық кәсіпкерлікті дамыту жолындағы барлық кедергілер
толық жойылған деп айтуға болмайды. Олардың негізгілері - несиелеу
мәселесі, салық салу мәселесі және т.б. Дамыған елдер әкономикасында ірі,
орта және шағын кәсіпорындар іс-әрекеті бір уақытта жүргізіледі. Қазіргі
әкономика монополиялық құрылымдарға икем - ірі өндіріс пен көптеген
факторлар есебінен қалыптасатын шағын кәсіпорындарды күрделі
комбинациялаумен сипатталады.
Бір жағынан, ғылыми-техникалық прогрестің түрақты тенденциясы ретінде
өндірісті шоғырландыру болып табылады. Сондықтан ірі кәсіпорындар көп
мөлшерде материалдық, қаржылық, еңбек ресурстарына және білікті мамандарға
ие. Ірі кәсіпорындар күрделі масштабта ғылыми-техникалық жұмыстар жүргізуге
қабілетті және олар негізгі технологиялық өзгерістерді анықтайды.
Екінші жағынан, соңғы кездері көп мөлшерде күрделі қаражаттарды,
жабдықтарды, жүмысшыларды қажет етпейтін сфераларда шағын және орта
кәсіпкерліктің пайда болуы және қарқынды дамуы байқалады.
Шағын кәсіпорындардың тиімділігі: жергілікті нарыққа жақын орналасуы
және осыған байланысты клиенттер сүранысына бейімделуі, бәсекелестікті
дамыту, өнім сапасын және сервистік қызмет көрсету деңгейін* жоғарылатады,
басқарушылық сатылардың аз болуы, нарықты тауарлар мен кызметтерге толтыру,
әкспорттың потенциалын жоғарылатуға әкеледі және т.б. Шағын кәсіпкерлік
көптеген елдердің әкономикасын дамытуда маңызды рөл атқарады. Еуропалық
Қауымдастық елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда жүмыспен қамтылған адамдар санының
50%-і шағын кәсіпорындарда еңбек етеді, ал оның Жалпы Ішкі Өнімдегі үлесі
50% қүрайды, шағын кәсіпорындардың жалпы кәсіпорындар санындағы үлесі 50-
60% қүрайды.
Дамыған елдердегі кәсіпкерліктің нәтижелеріне жету максатында Қазақстан
республикасының Президенті елдің әкономикасының басымды бағыты ретінде және
орташа кластың негізгі буыны ретінде шағын кәсіпкерлікке барынша
мемлекеттік қолдау көрсету кажеттігін айтты. Қазақстан республикасын
инновациялық-индустриялық дамыту бағдарламасында да шағын кәсіпкерліктің
дамуы қарастырылған.
Елімізде кәсіпкерлікті әкономиканың барлық салаларында түрақты дамыту
үшін каржыландыру мәселесі өзекті болып отыр.
Дипломдық жүмыстың негізгі мәселесі - Қазақстан Республикасындағы
кәсіпкерлікті бағдарламаға сәйкес дамыту үшін қаржылық-несиелік қолдаудың
тиімділігін жоғарылату жолдарын үсыну болып табылады.

ТАРАУ 1 КӘСІПКЕРЛІК ІС-ӘРЕКЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

1.1 Кәсіпкерліктің мәні және ұйымдастырушылық-құқықтық
түрлері

Нарықтық әкономикаға бет бұрып, мемлекет пен қоғам меншік формалары мен
қатынастарын қайта қүруға тиісті болады. Нарықтық механизмді қалыптасқан
базистік қатынастарға - меншік қатынастарына араласусыз жүргізу
әкономикалық түрғыдан аңғырт болып көрінеді. Нарық -бү_л көп түрлі, өз
әкономикалық қүқықтарын іске асырудағы тең меншік иелерінің өзара
әрекеттесуі. Нарық дамыған қатынастар мен меншік формаларының әр түрлі
болуынсыз мүмкін емес, себебі:
- біріншіден, нарықта ең алдымен капитал, өндіріс қүралдары, мүлік,
жүмыс күші, ақпараттық өнім меншігінің иелері арасындағы қатынастар дамиды;
- екіншіден, меншік қатынастары әр бір меншік иесі іс-әрекетінің жоғары
әкономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық жүргізу нәтижелерінде
шын мәнінде ынталы болу принципінде жатыр;
- үшіншіден, әкономиканың дамуына өсіңкілік беретін әкономикалық
механизм кажет. Өзара бәсекелесетін меншік иелері мен меншік формаларының
көп түрлілігі бар жерде туындайтын бәсеке осындай механизм болып табылады.
Меншік механизмның әрекеті ең алдымен меншік субъектілерінің ынталылығы
арқылы айқындалады. Нарықтық әкономика жағдайында меншік субъектісі өз
меншігін тауар ретінде нарықта үсынуға мәжбүр болады. Тауарларды өткізу
кепілдемесінің жоқтығына байланысты ол сатылатын меншік объектісінің
қүнының көлемінде ақша сомасымен тәуекелге барады. Бірақ, басқа жағынан,
табысты болған жағдайда ол өз меншігін калдық пайда көлеміне арттыру
мүмкіндігін алады. Осы жағдайда ол өз меншігін калдық пайда көлеміне
арттыру мүмкіндігін алады. Осы жағдайда әкономикалық өмір сүруге
қызығушылық пайда болады.
Меншік иесінің тәуекелінің деңгейі және оның табысының көлемі меншік
объектісінің қалыптасуына қосқан үлесіне пропорционалды болады. Меншік иесі
өзінің бар мүлкімен тәуекел ететін жеке басты мүлік жағдайында ынталандыру
деңгейі жоғары болады, ал бірлескен меншікке қатысу ынталандыру деңгейін
төмендетеді. Бірақ, белгілі бір, бүрыннан анық нөлдік емес ынта бар
екендігі негізінде маңызды болып табылады.
Меншік объектісінің егесі бола тұрып, меншік иесі осы объектіден жақын
арада мүмкін болатынның барлығын алуға ғана ынталы болмайды. Нағыз меншік
иесі мезгілдік мүдделерді басшылыққа алмайды, ол объект болашақта оныкі
болса, оның перспективасы жайлы ойлану керектігін жақсы түсінеді.
Перспективаға деген ынталылық - меншік объектісі, оның бүкіл өмірлік
циклының бойында тиімді іс-әрекетін ұйымдастыру жайлы қамқорлығының стимулы
және ең әсерлі ынталандырушы себеп. Мүндай ынтаның болмауы
ұқыпсыздыққа, немқұрайдылыққа, қүндылықтардың тозуына, үлкен шығындарға
алып келеді. '""
Нарықтық қатынастарға өтуді адамдарда қожа сезімдерін қайта
жандандырумен, меншік иелік мүддені ынталандырумен нығайтпаған жағдайда
әкономиканы тиімді шаруашылық жүргізу жолына шығару мүмкіндіктері аз
болады. Біз мемлекеттік басқарудың тиімділігі мен сапасын бір сатыға
көтеріп, жаңа әлемдік әкономикалық парадигмаға сәйкес болу үшін жеке сектор
мен үлттық капиталдың белсенділігіне көмектесіп, ынталандырып,
толықтыруымыз
тиіс. [1]
Батыс елдерінде қазіргі кәсіпкерлік негізінде жаңа мүмкіндіктерді
әрдайым іздестіру, инновацияларға бейімделу, қойылған міндеттерді шешу үшін
әр түрлі көздерден ресурстарды қатыстыру және қолдана білу іскерлігі жатқан
шаруашылық жүргізудің ерекше, жаңашыл стилі. Американдық ғалым
Р.С.Ронстадтың пікірі бойынша, кәсіпкерлік - бүл байлықты өсірудің
өсіңкілік процессі. Байлық өз ақшасын, мүлкін, карьерасын ең көп тәуекел
ететін, өз ісін құруға уақытты аямайтын, сатып алушыларға жаңа тауар немесе
қызмет көрсетуді ұсынатындармен қүралады.
Қазақстан Республикасының 04.07.1992ж. №1543-ХІІ "Жеке кәсіпкерлікті
қорғау және қолдау туралы" Заңына сәйкес жеке кәсігікерлік - бүл
азаматтардың немесе мемлекеттік емес заңды түлғалардың өз меншігіне
негізделген және азаматтар мен мемлекеттік емес заңды түлгалардың атына,
солардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігімен іске сырылатын, табыс
алуға бағытталған азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың ынталы
іс-әрекеті.
Қазіргі кезде әрекеттегі Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес
кәсіпкерлік субъектілерінің келесі ұйымдастыру-қүқықтық формалары бар:
1) Жеке басты кәсіпкер Қазақстан Республикасының "Жеке басты
кәсіпкерлік туралы" Заңына сәйкес жеке басты кәсіпкерлік дегеніміз
азаматтардың өз меншігіне негізделген және азаматтардың атынан заңды тулға
құрусыз, солардың тәуекелі мен мүліктік жауапкершілігімен іске асырылатын,
тауар, қызмет көрсету мен жұмыстарды сату арқылы табыс алуға бағытталған
азаматтардың ынталы іс-әрекеті. Жеке басты кәсіпкерліктің екі түрі болады:
отбасылық кәсіпкерлік шаруа қожалығының немесе жекешелендірілген үйдің
бірлескен ортақ меншігінің негізінде; жәй серіктестік - ортақ үлестік
меншік негізінде.
2) Шаруа (фермерлік) қожалығы. "Шаруа (фермерлік) қожалық туралы" заң
1998ж. 31 наурызында (№214-1) қабылданған. Әрекеттегі заңға сәйкес шаруа
(фермерлік) қожалығы болып жеке басты кәсіпкерлікті іске асыру ауыл
шаруашылық өнім өндірісі үшін ауыл шаруашылық жерлерін пайдаланумен, онымең
катар осы өнімді өңдеумен және өткізумен байланысты болатын тұлғалардың
еңбектік бірлестігі.
Шаруа (фермерлік) кожалықтың субъектілері ретінде заңды түлға шаған
және заңды тулға белгілірі жоқ болып кәсіпкерлік іс-әрекетпен аиналысатын
физикалық тұлғалар болады. Шаруа (фермерлік) қожалықтың мүшелері болып
жүбайлар, балалары, ата-анасы және басқа бірлесіп ортақ
шаруашылық жүргізетін жақын туыстар.
3) Шаруашылық серіктестіктер. Қазақстан Республикасы азаматтық
кодексінің №58 бабына сәйкес шаруашылық серіктестік деп заңды тұлға болып
табылатын, негізгі мақсаты ретінде пайдашылардың салымдарының (үлестерінің)
есебінен қүрылатын коммерциялық үйым танылады. Шаруашылық серіктестіктер
толық серіктестік, коссандиттік серіктестік, жауапкершілігі шектеулі
серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам
формасында құрылуы мүмкін.
4) Өндірістік кооператив. Қазақстан Республикасы Президентінің
05.10.1995 ж. №2486 "Өндірістік кооператив туралы" Жарлығына сәйкес
өндірістік кооператив деп жеке еңбектік қатысу мен мүшелерінің мүліктік
жарналарын біріктіру негізделетін бірлескен кәсіпкерлік іс-әрекет үшін
мүшелік негізіндегі азаматтардың ерікті бірлестігі танылады.
Нарықтық қатынастарға өту мезгілінен бастап Қазақстан Республикасындағы
шағын кәсіпкерлік қарқынды дами бастады. Шағын кәсіпкерліктің салыстырмалы
түрдегі жылдам дамуы көптеген жағдайда олардың сүраныстың, ресурстық
базаның өзгеруіне кең үйрену мүмкіндіктерімен түсіндіріледі. Ең жылдам
қарқынмен шағын кәсіпкерлік саудалык-делдалдык, автокөлік жөндеу, түрмыстык
техника жөндеу, әкспорттық- импорттық, қүрылыс, қызмет көрсету сияқты
салаларда дамыған.
Дамыған мемлекеттердің әкономикаларында бір мезгілде ірі, орта көлемді
және шағын кәсіпорындар қызмет атқарады. Кәсіпорындардын көлемі көптеген
факторларға байланысты: салалардың мамандануы, технологиялық ерекшеліктері,
масштаб әффектісі. Кейбір салаларда тек ірі көлемді капитал мен өнімнің кең
ауқымдылығы әрекет ете алады, ал кейбір салаларда, керісінше, кіші
кәсіпорындар әлдеқайда тиімді болады.
Қазіргі заманғы әкономикаға масштабтары бойынша әртүрлі өндірістік
комбинациялар қүрылуы тән: монополия қүруға бейім ірі кәсіпорындар мен
көптеген факторларға тәуелді шағын кәсіпорындар.
Бір жағынан, ғылыми-техникалық прогресс нәтижесінде өндірістің
шоғырлану процесі жүріп жатыр. Нақ ірі фирмалар үлкен көлемді материалдык,
қаржылық, еңбек ресурстарын, мамандандырылған кадрларды иеленеді. Олар өте
маңызды технологиялық өзгерістерді анықтайтын ірі көлемді ғылыми-техникалық
зерттеулерді жасауға, әкономика үшін негіз болатын үлкен жобаларды іске
асыруға мүмкіншіліктері бар.
Екінші жағынан, соңғы уақытта қомақты қапиталды, ірі көлемді қүрал-
жабдықтарды, көптеген жұмысшыларды талап етпейтін сфераларда көптеген орта
және кіші кәсіпорындар ашылып жатыр. Осы орта және шағын кәсіпорындар
ғылыми сыйымдылығы жоғары өндіріс салаларында, тұтынушы тауарлары мен
қызметтерін өндірумен байланысты салаларда әсіресе көп.
Өндірістің кіші формаларының тиімді әрекет етуі ірі өндіріспен
салыстырғанда бірнеше артықшылықтарымен сипатталады: жергілікті нарықтарға
жақындығы; түтынушылар талаптарына бейімделуі, икемділігі; басқарудың артық
сатыларының болмауы т.б. Сонымен бірге кіші өндіріске өндірістік және жеке
түтыну сферасындағы сүраныстың өзгермешілдігі мен
жекелігі тиімді болады.
Кәсіпкерліктің дамуы әкономиканың жақсаруына оң ықпал етеді, өйткені
бәсекелік орта дамиды, қосымша жұмыс орындары ашылады, құрылымдық өзгеріс
жылдамдығы артады; тұтынушылық сектор өрісі кеңейеді. Сонымен бірге,
кәсіпкерліктің дамуы нарықтың тауарлар мен қызметтермен толығуына,
әкспорттық потенциалдың өсуіне, жергілікті шикізат ресурстарының тиімдірек
пайдаланылуына әкеледі.
Барлық орта және шағын кәсіпорындарды шартты түрде екі топқа бөлуге
болады. Бірінші топқа ірі бизнеспен тікелей және жанама байланысқан
кәсіпорындар кіреді. Қүқытық тұрғыдан тәуелсіз болғанмен, о.лар ірі
кәсіпорындармен келісім-шарт жасау арқылы әрекет етеді. Кәсіпорындардың бүл
тобына мына ерекшеліктер тән: тетіктер мен байланыстардың шектелген тобын
өндіруге мамандану (осы арқылы ірі кәсіпорындар осбі жабдықтарды өз
цехтарында өндіруден босайды, демек өндіріс процесін жеңілдетеді); бүлардың
өндіріс шығындары төменірек болуы арқылы ірі кәсіпорындарға өз қаржыларын
үнемдеуге мүмкіндік беріледі; өндірістің тез қайта мамандануына, жаңа
модельдерді жылдамдатып өндіріске енгізуге мүмкіндік беретін икемділік.
Сонымен қатар, шағын кәсіпорындар ғылыми-техникалық прогрестің жаңа сатысы
жағдайында ірі фирмалар үшін әксперимент жасаушы немесе ірі компаниялар
жасаған жаңа тауарларға қызмет көрсетуші болуы мүмкін.
Екінші топқа нарықта ірі кәсіпорындармен және бір-бірімен бәсекеге
түсетін шағын кәсіпорындар жатады. Олардың жедел дамуларының алғы шарттары:
нарық талаптарына және тауарлар мен қызметтерге деген жана қалыптасқан
сүранысты қанағаттандыруға бейімділігі; ірі кәсіпорындармен салыстырғанда
көлемі шағын бастауыш капитал; ірі кәсіпорындарға белгілі бір себептерге
байланысты тиімсіз болатын нарық бөлімдерін толтыруы; ірі фирамалардың
нарықта жоғары баға қою мәжбүрлігі.
Бизнес көптеген елдердің әкономикаларында маңызды рөл аткарады. Еуро
Одақ елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда кіші және орта бизнесте 50% жүмыс
бастылар әрекет етеді. Олардың жалпы ішкі өнімде (ЖІӨ) үлесі 50%-тен асады
(1 кесте).
1-ші кестеден көріп түрғанымыздай, Қазақстан республикасында шағын
бизнес көрсеткіштері дамыған елдердегіден қалып түрғанмен, Ресей
Федерациясынан асып тү_р. Ең маңызды макроәкономикалық көрсеткіш - ЖІӨ
кұрамында Қазақстан шағын бизнес өкілдерінің үлесі 16-17% болып отыр, ал
шетелдің дамыған елдерінде кемінде 50-55%) қүрап отыр.
Кесте 1
Шағын кәсіпкерліктің Қазақстанда, Ресей Федерациясында және дамыған
елдердегі даму масштабтары
Елдер Шағын және орта Жұмыс Шағын және орта
фирмалар саны бастылар фирмалар үлесі, %
саны, млн.
мың мың тұрғ. адам Жұмыс ЖІӨ
бірлік шаққанда бастылар
санындағы
Ұлыбритания 2930 46 13,6 49 50-53
Германия 2290 37 18,5 46 50-54
Италия 3920 68 16,8 73 57-60
Франция 1980 35 15,2 54 55-62
ЕО елдері 15777 45 68 82 63-67
АҚШ 19300 74,2 70,2 54 50-52
Жапония 6450 49,6 39,5 78 • 52-55
Ресей 836,6 5,65 8,1 9,6 10-11
Қазақстан 360 24 6,8 21 16-17

Қазақстан республикасы әкономикасында шағын бизнестің үлесі үнемі өсіп
келеді. 1997 жылы шағын бизнестің ЖІӨ-гі үлесі 7% болса, қазір 17%-тен асып
отыр және өсуге тенденциясы байқалып отыр.
Келтірілген мәліметтерден көріп отырғанымыздай, шағын кәсіпкерліктің
үлесі дамыған елдерге қарағанда төмен, сондықтан өсуге бейімділігі жоғары.
Шаруашылық жүргізудің бүл сферасына Қазақстан Республикасының Үкіметі үлкен
назар аударып отыр.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы үшін белгілі бір шарттар орындалуы керек:
әкономикалық, әлеуметтік, қүқықтық т.б.
Әкономикалық шарттар: ең алдымен тауарлардың ұсынылуы мен оларға деген
сұраныс; түлынушылар сатып алуға дайын тауарлар түрлері; осы сатып алуларға
жүмсалуы мүмкін қаржы қүралдарының мөлшерлері; жүмысшылардың жалақысына,
сонымен қатар олардың сатып алу қабілетіне әсер ететін жұмыс орындары мен
жұмыс күштерінің артықшылығы немесе жетіспеушілігі.
Әкономикалық жағдайға жоғарыда аталғанмен қатар мына факторлар ықпал
етеді: ақша ресурстарының болуы мен қол жеткізу жеңілдігі, салынған
капиталға шаққандағы табыс деңгейі, өзінің бизнес-жоспарларын қаржыландару
үшін кәсіпкерлерге қажет қарыз қүралдарының көлемі.
Осы жұмыстармен көптеген1 ұйымдар айналысады. Бүлар нарық
инфрақүрылымын қалыптастырады, мұнда кәсіпкерлер іскер қарым-қатынастарын
орнатады және коммерциялық операцияларды жүргізеді. Мұндай
уйымдарға қаржылық қызметтерді ұсынатын банктер; шикізатпен,
материалдармен, жартылай фабрикаттармен, —•жабдықтаушы қүралдармен,
әнергиямен, машиналармен, қүрал-жабдықтармен, тетіктермен қамтамасыз ететін
жеткізушілер; тауарды түтынушыларға жеткізу қызметімен айналысатын көтерме
және бөлшек саудагерлер; кәсіби қүқықтық, бухгалтерлік, делдалдық
қызметтерді ұсынатын мамандандырылған фирмалар; жүмысқа орналастырумен
айналысатын агенттіктер; жұмысшыларды және маман-қызметкерлерді оқытумен
айналысатын оку орындары; жарнамалық, көліктік, сақтандыру агенттіктері;
байланыс және мәлімет жеткізу қүралдары жатады. Кәсіпкерлік процесінің
әлементтері 2 кестеде көрсетілген.
Кесте 2
Кәсіпкерлік процесінің әлементтері
Бизнес Бизнес-жоспарды Ресурстарға Кәсіпорынды
мүмкіндіктерін жобалау қажеттілікті басқару
анықтау және анықтау
бағалау
Бизнестің I Бөлім Қажет БаСқару стилін
ұзақтығы Кіріспе ресурстарды жобалау
Бизнесті сипаттау анықтау
Бизнестің іске Жоспардың қүрамы Басқару жүйесін
асыру нарығы Бар енгізу
II Бөлім ресурстарды
Бәсекені анықтау 1 .Кәсіпорынды анықтау ¥йымдастыру-
Нарық және сипаттау (резюме) шылық
кәсіпорын үшін 2.Саланы талдау Ресурстарға процедураларды
бизнес бағалығы З.Өндіріс жоспары қажеттілікті жобалау
4.Маркетинг анықтау
Бизнесте болатын жоспары SWOT-
тәуекел мен 5.Қаржылык жоспар Қажет талдауды
пайда 6.¥йымдасты- ресурстарды әрдайым
рушылық жоспар жеткізуші- жүргізу
Кәсіпкер білімі, 7.Операциялық лерді анықтау
бейімділігі, жоспар Жетістік
армандар 8. Қорытынды Жеткізуші- факторларын
лерге анықтау
қатынасуды
жобалау

Әкономикалық шарттармен қатар кәсіпкерлікті қалыптастырудың әлеуметтік
шарттары жүреді. Бүл ең алдымен сәнге және белгілі талғамға сай келетін
тауарларды сатып алушылардың сатып алуға бейімділігі. Түтынудың әр
әтаптарындд қажеттіліктер өзгеруі мүмкін. Әлеуметтік-мәдени ортада тәуелді
діни және мәдени нормалар үлкен рөл атқарады. Олар түлынушылардың
өміріне тікелей және сол арқылы тауарларға -деген сұранысқа жанама әсер
етеді. Әлеуметтік шарттар жеке индивидуумның жұмысқа деген қатынасына әсер
етіп, бұл өз алдына оның еңбекақы мөлшеріне, еңбек ету жағдайларына
қатынасын анықтайды.
Кәсіпкерлік іс-әрекеттен кәсіпкер ләззат алуы керек. Ол өз
жүмысшыларына қатысты әлеуметтік мәселелерді шешуге қатысады: денсаулығын
сақтау, жұмыс орындарын сақтау т.б.
Кәсіпкерліктің қалыптасуына кәсіпкерлерді дайындау, қайта дайындау,
мамандығын жоғарылату маңызды рөл атқарады. Мұнда кәсіпкерлікті жүргізудің
жаңа тәсілдеріне үйрету, кадрларды оқыту және қайта оқыту, шетелде
тәжірибеден өту, косалтинг орталықтары жүйесін дамыту маңызды болып
табылады.
Кез-келген кәсіпкерлік іс-әрекет сәйкес күқықтық ортада жүмыс жасайды.
Сондықтан, қажет қүқықтық шарттарды жасау үлкен маңызға ие болады. Бұл, ең
алдымен, кәсіпкерлік іс-әрекетті реттейтін, оның жылдам дамуына ең қолайлы
жағдайларды жасайтын заңдарды қабылдау. Құқықтық нормалар мыналарды
қамтамасыз етуі қажет: кәсіпорындарды ашу және тіркеудің жеңілдетілген және
жылдамдатылған процедураларын; кәсіпкерлерді мемлекеттік бюрократизмнен
қорғау, кәсіпкерлердің өндірістің іс-әрекетін ынталандыру мақсатымен салық
заңнамасын жетілдіру.
Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу қажеттілігін дәлелдей отырып, Ф.Котлер
заңдардың пайда болуының үш негізгі себебін атайды:
• Фирмаларды бір-бірінен қорғау қажеттілігі. Кәсіпкерлер бірауыздан
бәсекені колдағанмен, өз қызығушылықтарына қауіп төнген кезде оны жоюға
тырысады. Осыған байланысты бәсекені қорғау заңдары қабылданды.
• Түлынушыларды адал емес іскерлік әрекеттен қорғау қажеттілігі; Кейбір
кәсіпкерлер сапасыз тауар шығаруы, жарнама арқылы алдауы,
орауы мен бағасы арқылы алдауы мүмкін.
• Қоғамның басты игіліктерін кәсіпкерлердің тойымсыздығынан қорғау.
Кейбір кезде кәсіпкерлік коғамға қауіп төндіретін іс-әрекет жасауы
мүмкін. Қазақстан республикасында кәсіпкерлік енді калыптасып жатқан
соң, оны реттейтін заңдар жүйесі де қалыптасып біткен жоқ.
Нарықтық әкономика барлық артықшылықтарына қарамастан, әкономиканы
қоғамның және жеке азаматтардың қызығушылықтарын корғау үшін барлық
әкономикалық және әлеуметтік процестерді реттей алмайды.
Нарықтық әкономика табыстың әлеуметтік қайта бөлінуін, еңбек етуге
құқықты, әлеуметтік нашар қорғалған халық топтарын қажет деңгейде
қамтамасыз ете алмайды. Ол сонымен қатар да көптеген мәселелерді шеше
алмайды.
Бұл мәселелердің барлығын мемлекет шешуі керек. Басқа мемлекеттер
ондаған жылдар жұмсаған жұмыстардьг жасауға Қазақстан әлдеқайда аз уақыт
жұмсауы керек.
Қазақстан республикасы Азаматтық Кодексіне сәйкес азаматтар заңды түлға
қүрмай-ақ кәсіпкерлік қызметпен айналыса алады.
Заңды түлға дегеніміз - пайда алуды өзінің басты мақсаты деп қызмет
атқаратын үйым. Коммерциялық үйым тек мемлекеттік кәсіпорын, шаруашылық
серіктестік, акционерлік коғам және өндірістік кооператив түрінде қүрылуы
мүмкін. Шағын кәсіпорын дегеніміз- өндірген тауарларын (орындалған
жұмыстар, көрсетілген қызметтер) өткізуден түскен табыс сомасы әр квартал
бойынша заңмен белгіленген сомадан аспайтын кәсіпорын. Шағын бизнесте және
жеке кәсіпкерлікте қызмет ету саласына қарай қызметкерлер санына шектеу
салынады:
- Өндіріс сферасында және құрылыс салуда - 50 адам;
- Ауыл шаруашылығында және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеуде -
50 адам;
- Көлікте және байланыста - 25 адам;
Шаруашылық серіктестік - бұл қатысушылар үлестеріне бөлінген жарғылық
капиталы бар коммерциялық ұйым. [2] Қатысушылар салымдары арқылы және
шаруашылык серіктестік өз қызметін жүргізу кезінде өндірген және сатып
алынған мүлік серіктестікке иелену негізінде тиісті болады. Шаруашылық
серіктестікті жеке азамат құрып, оның жалғыз қатысушысы болады. Шаруашылық
серіктестік толық серіктестік, командитті серіктестік, жауапкершілігі
шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік түрінде бола
алады. Толық серіктестік кезінде серіктестік міндеттемелері бойынша
серіктестіктің мүлкі жетпеген жағдайда қатысушылар өз иеліктеріндегі бар
мүлкімен жауап береді. Командитті серіктестік кезде қатысушылардың кейбірі
серіктестіктің міндеттемелері бойынша серіктестік мүлкі жетпеген жағдайда
өз иелігіндегі бар мүлкімен жауап берсе, қалғандары тек жарғылық
капиталдағы үлестері мөлшерінде міндеттемеге ие болады. Жауапкершілігі
шектеулі серіктестік дегеніміз - бір немесе бірнеше қатысушылар қүрып, оның
міндеттемелері бойынша тек өздері қосқан үлестер мөлшерінде ғана
міндеттемеге ие болатын ұйым. Егер жауапкершілігі шектеулі серіктестік
қатысушылары өз үлестерін қосып үлгермеген болса, басқа қатысушылармен
қатар қоспаған үлестері көлемін бе төлеуге міндетті болып табылады.
Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жалғыз қатысушысы ретінде жалғыз
қатысушы тұлғасы бар шаруашылық серіктестік бола алмайды. Қосымша
жауапкершілікті серіктестікте қатысушылар оның міндеттемелері бойынша
жарғылық қордағы үлестерімен, ол жетпеген жағдайда қосқан үлестеріне
пропорционал белгілі мөлшерде жеке иелігіндегі мүлкімен жауап береді.
Қатысушылардың қосымша жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көрсетіледі.
Акционерлік қоғам дегеніміз - өз іс-әрекетін жүргізу үшін қосымша сома
тарту үшін акция шығару қүқы бар заңды тұлға. [3] Акционерлік қоғамның
қатысушылары оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және коғамның іс-
әрекетімен байланысты шығындар тәуекелін тек өз акциялары құны мөлшерінде
ғана шегеді. Акционерлік қоғам өз міндеттемелері бойынша тек өз мүлік
мөлшерінде жауап беріп, өз қатысушыларының міндетемелерінің орнын
толтырмайды. Акционерлік қоғамда жәй, артықшылыққа ие және алтын акциялар
болуы мүмкін. Жәй акциялар бойынша дивиденд жыл соңындағы
нәтжеге сәйкес есептеліп, төленеді. Егер жыл соңында теріс пайда орын
алса, жәй акциялар бойынша дивиденд төленбейді. Артықшылыққа ие акциялар
бойынша дивиденд мөлшері алдын-ала белгіленіп, жыл соңындағы нәтижеге
байланыссыз төленеді. Алтын акцияға мемлекет иелік етеді. Бүл акционерлік
қоғамда шешім қабылдауға мемлекет монополиясын білдіреді. Артықшылығы бар
акциялар акционерлік қоғамда басшылық жасауға мүмкіншілік бермейді.
Өндірістік кооперативте азаматтар бірлескен кәсіпкерлік қызмет жүргізу
үшін өз еркімен бірігіп, өздері еңбек етіп қатысады және қатысушылары
мүліктік салымдарын біріктіреді. [4] Кооперативтің қатысушылары кемінде екі
адам болуы керек. Кооперативтің таза табысы оның қатысушылары арасында
олардың еңбектік қатысу мөлшеріне қатысты үлестіріледі. Өндірістік
кооператив жойылуы немесе оның бір қатысушысы шығу жағдайында өз үлесін
бөліп алу құқы бар.

1.2 Кәсіпкерліктің қаржылық іс-әрекетінің мәні

Нарықтық әкономика жағдайында шағын кәсіпорынды басқару өнерінде
кәсіпорынның ішкі қорларын пайдалану мен қабылданған басқарушылық
шешімдердің әкономикалық негізділігінің рөлі артып, өз алдына қаржылық
басқарудың тәсілдері мен жолдарын кемелдендіруді талап етеді.
Бизнестің қаржыларын баскару процесінің мақсаты кәсіпорынның қаржылық
жағдайын жақсарту мен белгілі бір қаржылық нәтижелерге қол жеткізу болып
табылады.
Кез-келген кәсіпорын әкономикалық жүйенің әлементі болып табылады және
бизнес бойынша әріптестерімен, түрлі деңгейлі бюджеттермен, капитал иелері
мен басқа да субъектілермен әрекеттеседі. [5] Кәсіпорын қаржылық ресурстары
қалыптасуы мен пайдаланылуы кезінде нарықтың басқа да субъектілерімен
қатынасқа түседі. Міне, осы қатынастар кәсіпорынның каржыларының мәні болып
табылады. Сонымен, кәсіпорынның қаржылары дегеніміз - кәсіпорынның қаржылық
ресурстарының қалыптасуы мен үлестірілуімен байланысты және өндірістік-
шаруашылық іс-әрекеті процесі кезінде қалыптасатын ақшалай қатынастар болып
табылады.
Кәсіпорын араласатын барлық қаржылық қатынастары төмендегі бағыттар
бойынша топталады:
- шикізатты, материалдарды, жанармайды, жабдықтарды жеткізу, дайын
өнімді жеткізу, жаңа ғимараттарды, цехтарды, қоймаларды, тұрғын-жайды салу,
жүктерді жеткізуге қатысты басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен болатын
қатынастар. Бүл қатынастар тобы негізгі болып табылады, өйткені, оған
кәсіпорын іс-әрекетінің қаржылық нәтижесі тәуелді;
- шығындарды қаржыландыру, алынған пайданы үлестіруге қатысуға
байланысты кәсіпорын ішінде цехтар мең бригадалармен байланыс;
- жалақыны, акциялар дивидендтерін төлеу, салықтарды үстап қалуға
қатысты кәсіпорын жүмысшыларымен байланыс;
- несиені алу және жабуда, банк қызметтерін алу кезде банк жүйесімен
қатынасу. Бүл жәй ғана есептесу мен несиелеу жүйесі емес, қатынастардың
жаңа да түрлері: факторинг, траст, кепіл т.б.;
- салықтарды және түрлі деңгейлі бюджеттерге түрлі төлемдер төлеу кезде
мемлекеттің қаржы жүйесімен қатынасу;
- мүлікті, жүмысшылардың жеке категорияларын, коммерциялық және
қаржылық тәуекелдерді сақтандьіру бойынша сақтандыру компанияларымен және
үйымдарымен әрекеттесу;
- өндірістік және қаржылық активтермен операциялар бойынша тауарлык,
шикізаттық және қор биржаларымен қатынасу;
- инвестицияларды тарту мен жекешелендіру бойынша түрлі инвестициялық
институттармен (инвестициялық қорлар, компаниялар) әрекеттесу;
- еңбек коллективінің мүшелері болып табылмайтын акционерлермен
қатынасу;

1 сурет. Кәсіпорынның қаржылық қатынастарының іріленген топтары мен
олармен қатар жүретін ақшалай қорлар
Барлық аталған қаржылық қатынастар ортақ болып табылатыны, олар:
— қаржылай түрде сипатталады және ақшалай қүралдардың жылжуы болып
көрінеді;
- екіжақтылыгымен сипатталады және кәсіпорынның нарықтағы басқа
қатысушылармен белгілі шаруашылық операциялар жүргізу нәтижесі болады;
- қаржылық қатынастарға қызмет көрсететін ақша құралдары қимылы
процесінде кәсіпорынның түрлі қызмет атқаратын ақшалай қорлары
калыптасады.
Кез-келген шағын кәсіпорынның қаржылық іс-әрекетінің басты бағыты -бұл
ақша қорларын қалыптастыру және пайдалану, осы арқылы кәсіпорынның
өндірістік-шаруашылық іс-әрекеті ақшамен қамсыздандырылса, жәй және ұдай
өндіріс іске асырылады. [6]
Кәсіпорында ақша қорының бірнешеуін ажыратады:
• Жарғылық капитал - кәсіпорынның өз қаржыларының бірінші және негізгі
көзі. Оның мөлшері жарғыда көрсетіліп, заңда белгіленген тәртіппен
тіркеуден өтеді. Жарғылық капиталдан негізгі және айналмалы капиталдар
қалыптасып, сәйкесінше негізгі және айналмалы қүралдарды сатып алуға
жұмсалады.
• Қосымша капитал - төмендегі арналар бойынша ағымдағы жыл бойы түсетін
кәсіпорынның өз қүралдарының ақшалай қоры:
а) негізгі қорлардың қайта бағалануы нәтижесінде құнының өсуі;
б) акцияларды әмиссиялық қүнынан жоғары сатудан түскен табыс;
в) өндірістік мақсаттарға қайтымсыз алынған ақшалай және материалдық
құндылықтар;
• Қосымша капитал жарғылық капиталды көбейтуге немесе шығындардың орнын
жабуға жүмсалуы мүмкін.
• Резервтік капитал - кәсіпорынның қаржылық жағдайын үнемі тепе-
теңдікте үстау үшін қалыптасатын капитал. Оның мөлшерін заң актілерімен
белгілейді. Пайда болмау жағдайында шығындарды жабуға немесе дивидендтерді
төлеуге жұмсалады.
• Жинақталу қоры өндірісті өрістетуге арналған. Кәсіпорынның жыл
соңындағы таза пайдадан қалыптасады. Осы қордан кәсіпорынның айналмалы
қорлары толықтырылады және капиталды салымдар қаржыландырылады. Бүл да өз
алдына жарғылық капиталдың өсуіне әкеледі.
• Тұтыну қоры таза пайдадан калыптасып, кәсіпорын жұмысшыларының
материалдық игіліктерді сатып алуға, өндірістік емес саланы каржыландыруға,
компенсацияларды төлеуге жұмсалады.
• Валюталық қор тек өнімді әкспорттап валюта алатын немесе импорттық
операциялар үшін валютаны сатып алатын кәсіпорындарда қалыптасады.
Қаржылық қатынастарға түсу үшін шаруашылық жүргізуші субъектте қаржылық
ресурстар болуы керек. Бірақ, кез-келген шағын кәсіпорынның барлық
ресурстары, соның ішінде қаржы ресурстары, пайдалану мүмкіндігіне қатысты
шектеулі болады. Сондықтан, қаржыны басқаруда шағын кәсіпорынның қаржылық
қажеттіліктерін қамтамасыз ету өте маңызды болып табылады. Шағын
кәсіпорынның қаржы ресурстары қаншалықты тиімді пайдаланылуына оның
қаржылық орнықтылығы, иелері мен жүмысшыларының тұрмысы соншалықты тәуелді.
Қаржылық ресурстар дегеніміз - қаржылық міндеттемелерді орындау мен
енейтілген үдайы өндірісті қамтамасыз ету бойынша шығыстарды жасауға
арналған табыстар мен сырттан түстімдер түріндегі ақша қаражаттарының
жиынтығы. [7]
Қаржылық ресурстар қалыптасатын көздерді ішкі және сыртқы деп бөлуге
болады. Ішкі көздер өз және оған теңдестірілген қүралдар есебінен
калыптасады және шаруашылық нәтижесімен байланысты. Сыртқы түсімдер
кәсіпорыннан тыс ортада қалыптасады.
Ішкі көздер - өз құралдардан қалыптасатындар (негізгі әрекеттен түсетін
пайда, орындалатын ғылыми-зерттеу жүмыстарынан түсетін пайда, сатудан тыс
табыстар) және оларға теңдестірілген қүралдар (амортизациялық төлемдер,
шығарылған мүлікті сату табысы, түрақты пассивтер, үлестірілмеген пайданың
шоғырлануы, мақсаттық түсімдер, резервтік қор, еңбек үжымының салымдары)
болып бөлінеді. Сыртқы көздер қаржы нарығында қалыптасатын (өз бағалы
қағаздарын сату табыстары, несиелік инвестициялар) және қайта бөлу ретінде
түсетін (тәуекелдер бойынша сақтандыру төлемдері, сақтандыру полистерін
және кепілдеме куәліктерін сату, бағалы қағаздар бойынша төленген
дивидендтер мен проценттер, салалық одақтар, ассоциациялар, қүрылымдардан
келген қүралдар, бюджеттік несиелер, субсидиялар, субвенциялар) болып
топтасады.
Кәсіпорынның қаржы ресурстарының ішкі көздерінде пайда мен
амортизациялық төлемдер өте маңызды болып табылады. Пайда кәсіпорынның
шаруашылық қызметінің нәтижесінде қалыптасады және оның шекті мақсаты болып
табылады. Бәсеке жағдайында үжым пайданың өсуіне қызықты, өйткені, ол
өндірістің өсуіне және жұмысшылар әл-ауқатының артуына кепіл. Бірақ алынған
пайдадан әлі салық төленеді де қалғаны таза пайда болады. Таза пайдадан
қорлану, түтыну және резервтік қор қалыптасады.
Амортизациялық төлемдер - бүл негізгі өндіріс қорлары мен материалдыкқ
емес активтердің тозуы болып табылады. Амортизациялык төлемдер өнімнің
өзіндік кұнына қосылады және өнімді сатудан түскен табыс түрінде
кәсіпорынның есеп шотына аударылып, қорлану қорының қалыптасуына негіз
болады. Амортизациялық төлемдер мына елдерде ұдайы өндірістің
қаржыландырылуында мына үлесті алып отырды: Жапонияда 50%, Германияда 64%,
АҚШ-та 70%.
Нарықтық әкономика жағдайында қаржы ресурстарының сыртқы көздері маңызы
артып келеді. Қаржы нарығында қалыптасатын ресурстар түрлі мерзімді банк
несиелері, облигациялық займдар, вексельдер түрінде болып, кәсіпорынға
төлемділік және қайтарымдылық негізінде беріледі. [8] Қаржы нарығында
тартуға мүмкін көздердің көбісі шағын кәспорындар үшін жабық, оның бірнеше
себебі бар:
- акция, облигация әмиссиясын жасаудың мүмкіншілігінің аздығы;
- Банктік және коммерциялық неиселердің қымбаттығы;
- Несиелік тарихтың қысқалығы; '
Соңғы кезде сақтандыру төлемдері кеңінен қолданылып келеді, сақтандыру
компанияларының маңызы да артуда. Ал, тоқсаныншы жылдардың басында
басымдыққа ие болып келген бюджеттік несиелендіру казіргі күні
тарылып келеді. _
Қазақстан республикасында нарықтық әкономика тереңдеп, өндіріс, капитал
және еңбек ресурстары нарығының дамуы нәтижесінде шаруашылық жүргізуші
субъектілердің қаржыларын басқару механизмі де өзгеріп келеді.
Шағын кәсіпкерлік қүқықтық-нормативтік және ақпараттық қамсыздандыру
аясында әрекет етеді. [9] Заңдар, Президенттің жарлықтары, үкімет қаулылары
қүқықтық-нормативтік қамсыздандыруды қалыптастырады. Ақпараттық
қамсыздандыру негізінде қаржылық сипаттағы кез-келген ақпарат жатыр. Оған
кіретіндер:
- Бухгалтерлік есеп берулер;
- Қаржы органдарының хабарламалары;
- Банк жүйесінің ақпараттары;
- Нарық конъюнктурасы туралы ақпарат;
- Басқа да хабарламалар;
Қаржылық менеджментті алға қойылған мақсатқа қол жеткізу мақсатымен
кәсіпорынның қаржы ресурстарының ағынын рационалды басқару жүйесі ретінде
сипаттауға болады. Басқаша айтсақ, ол иелердің максималды табыс алу
мақсатымен кәсіпорынның қаржы ресурстарын оптимизациялаумен байланысты.
Кез-келген басқару жүйесі сияқты қаржы менеджменті екі жүйеден түрады:
басқарушы (басқару субъектісі) мен басқарылушы (баскару объектісі) және
оған әсер ететін сыртқы орта.
Қаржылық менеджментте баскару объектісі ақша түсімдері мен төлемдердің
үнемі ағысы болып сипатталатын шаруашылық жүргізуші субъекттің акша
айналымы түріндегі қаржылық ресурстар болып табылады. Ақша қорларының әр
шығындалу бағытына белгілі бір көздер сәйкес келеді. Кәсіпорында көздерге
өндіріске салынатын және активтер сипатына ие болатын өз қаражаттары мен
пассивтерін жатқызуға болады.
Шаруашылық қызмет жүргізіп жатқан кәсіпорынның ақша айналымының басталу
мен аяқталу нүктесін анықтау мүмкін емес. Кәсіпорында бар ақша
қаражаттарының мөлшері (Суреттің ортасы) уақыт өткен сайын өзгеріп, өзгеріс
процесінің мінездемесіне, сатулар көлеміне, дебиторлық қарыздың жабылуына
тәуелді болады.
Ақша айналымын басқару процесі әжептеуір мөлшерде ақша қаражаттары
қозғалысының ұзақ мерзімге болжаудан және оның кәсіпорынның қаржылық
жағдайына әсерін бағалаудан құралады. Ақша айналымын басқару дегеніміз -
кәсіпорынның ақша қимылын, барлып капиталдың айналымын, қаржы қүралдарының
қимылын, кәсіпорынның әкономикалык процестің басқа қатысушыларымен қаржылық
қатынасын талдау негізінде жақын мерзімге және болашаққа ақша қаражаттары
ағымы көлемі мен интенсивтілігін дұрыс анықтау.

2 сурет. Қаржы қүралдарының үнемі қозғалу процесі
Нарықтық әкономика жағдайларында кез-келген шаруашылық жүргізуші
түлғалар қаржыларын басқару процесі кезінде субъект қаржы нарықтарында
бірнеше рөлдерді атқарады: инвестор, бағалы қағаздар әмитенті, қарыз алушы
және беруші; Бүл кезде қалыптасатын барлық қатынастар үш топқа бөлінетін
түрлі қаржылық қүралдар көмегімен ұйымдастырылады:
- Қаржы кұралдары (кассадағы және есеп-шоттардағы ақша қүралдаръ\\,
- Несиелік қүралдар (облигациялар, келісім-шарттар, форвардтік
шарттар);
- Кәсіпорынның жарғылық қорына қатысудың түрлі тәсілдері (акциялар,
салымдар, үлестер); "
Басқару объектісіне әсер ету көптеген тәсілдер мен жолдар арқылы
жасалады. Негізгі топты мемлекет әкономиканы орталықтан басқару тәсілдері
құрайды. Бүл тәсілдер жалпы әкономикалық сипатқа ие. Бүған салық салу,
несиелеу, амортизациялық төлемдер, кассалық және есептік операциялар,
сактандыру, баға қалыптастыру жүйелері кіреді.
Күрделі жүйелер мен процестерді талдау мен біріктірудің қазіргі заманғы
тәсілдерін қолдануға қаржылық және салықтық жоспарлау, коммерциялық ұйымның
іс-әрекетін болжау негізделеді. Бұл тәсілдер математикалық модельдердегі
нақты нарықтық процестердің негізгі сипаттамалары мен тенденцияларын әділ
көрсете алады. Қазір персоналды компьютерсіз және бағдарламалық
қамсыздандырусыз қаржылық менеджерді көзге елестету мүмкін емес. Басқару
субъектісі болып алынған пайданы алу және тиімді пайдалану арқылы кәсіпорын
ликвидтілігі мен төлем қабілеттілігін жоғарылату максатымен қаржылық
менеджмент стратегиясы мен тактикасын дайындап іске асыратын қаржылық
қызмет табылады.
Қаржылық қызметтің нақты құрылымы кәсіпорынның
ұйымдастырушылық-құқықтык түріне, персонал санына, іс-әрекет түріне
және баскарма қойған тапсырмаларға байланысты. Көп кәсіпорындарда
басқарушылық функциялар арнайы бөлінбей, фирманың басшысы мен бухгалтері
қаржылық қызметті атқарады. Алайда, кәсіпорында қаржылық менеджердің
атқаратын міндеттері маңызды және рөлі зор.
Кәсіпорынның қаржылық менеджері - қаржы, бухгалтерлік есеп, несие
мен ақша айналымы, баға қалыптастыру, салық салу заңдылығы, банктік
және
биржалық іс-әрекет салаларында білімге ие жоғары маманданған түлға.
Оньщ
алдында айналым капиталын басқару, оның қажет мөлшері мен құрылымын
анықтау, тәуекелдерді есепке ала отырып инвестициялық жобалар
тиімділігін
бағалау, дебиторлық және несиелік қарызды басқару, қаржыландырудың
мүмкін көздерін ашу, қаржылық жоспарлау, шаруашылық іс-әрекетпен және
қаржылық бақылауды талдаумен байланысты көптеген тапсырмалар түр. Өз
жұмысында бұл маман салық салу, валюталык, қаржы-несиелік сфераларға
қатысты заңдылыққа негізделіп, елдегі және әлемдік қаржы нарықтағы
әкономикалық жағдайды талдайды. Қаржылык менеджер қаржылық мәселені
талдау сапасына, коммерциялық ұйымдар басшылығына жасалған
ұсыныстарға, қабылдаған шешімдерге жауапкершілікке ие болады. Оның
санаттық міндеттеріне келесі мәселелер қосылған:
- шаруашылық жүрігізуші субъектінің қаржылық жұмысын ұйымдастыру;
- болашаққа арналған және ағымдағы қаржылық жоспарларды жобалау және
олардың орындалуына бақылау орнату;
- несиелік саясатты іске асыру;
- валюталық саясатты жүргізу;
- қаржылық іс-кағаздарды қалыптастыру (банктік, статистикалық және
т.б.);
- шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық жағдайы мен қаржылық
ресурстарды тиімді пайдалануды талдау;
Кәсіпорындағы қаржыларды тиімдГ басқару тек барлық қаржы ағындарын
жоспарлау кезінде ғана мүмкін. Сондықтан, жоспарлау қаржыларды басқару
жүйесінде маңызды орын алады. Нақ осы жоспарлау кезде жеке кәсіпкер өз
қаржыларының жағдайын жан-жақты бағалайды, каржы ресурстарын көбейту
мүмкіндіктерін, тиімді пайдалану жолдарын анықтайды.
Қаржыларды жоспарлау алдыңғы жылдары да қолданған. Әкімшілік-әміршілік
әкономика кезде бесжылдық қаржылық жоспары салалық министрлік тапсырмасымен
анықталды, ал жылдық қаржылық жоспарлар сандарын жоғарыдағы үйымдар
белгілеп отырды. Мүнда сатылатын өнім көлемі, шығарылатын өнім
номенклатурасы, пайда сомасы, рентабельділік көрсеткіші, бюджеттерге төлем
сомасы алдын-ала белгіленіп отырды. Қаржылық қызмет кәсіпорындағы орын
алған сандарды белгіленген сандарға дейін келтірумен
шектелді.
Нарықтық әкономикада сапалық жағынан әлдеқайда басқа қаржылық
жоспарлауды талап етеді, өйткені, жоспардағы жіберілген кателіктерге
кәсіпорын өз жағдайының қиындауымен жауап береді.
Шағын кәсіпкерлік үшін қаржылық жоспарлау маңызы төмендегіде:
- алға қойылған мақсаттарды нақты қаржылық көрсеткіштерге айналдырады;
- өндірістік жоспарда қарастырылған дамудың әкономикалық пропорцияларын
қаржылық ресурстармен қамтамасыз етеді;
- бәсекелестік жағдайында кәсіпорын жобасының өміршеңдігін анықтауға
мүмкіндік береді;
- сыртқы инвесторлардан қаржылық колдауды алу құралы болады; Жоспарлау,
бір жағынан, қаржылар облысында кате іс-әрекеттердің
алдын-алуымен байланысты болса, екінші жағынан,пайдаланылмаған
мүмкіндіктердің санын азайтады.
Кәсіпорында қаржылық жоспарлаудың негізгі тапсырмалары мыналар:
1) өндірістік, инвестициялық, қаржылық іс-әрекетті қажет қаржылық
ресурстармен қамтамасыз ету;
2) капиталды тиімді салу жолдарын анықтау, оны тиімді қолдану дәрежесін
бағалау;
3) ақша қаражаттарын үнемді пайдалану есебінен пайданы жоғарылатудың
ішкі шаруашылык қорларын анықтау;
4) бюджетпен, банктермен, контрагенттермен тиімді қаржы қатынастарын
орнату;
5) акционерлердің және басқа да инвесторлардың қызығушылықтарын қорғау;
6) кәсіпорынның қаржылық жағдайын, төлем қабілеттілігін, несие
қабілеттілігін бақылау;
Қаржылық жоспарлау тәжірибесінде төмендегідей тәсілдер қолданылады:
нормативтік, баланстық есептер, ақша қаражаттарының әкономикалық талдануы,
көпнұсқалық тәсілі, әкономикалық-математикалық модельдеу.
Қаржылық жоспарлауды перспективалық, ағымдық (жылдық) және оперативті
деп бөледі. Перспективалық жоспарлауда кеңейтілген ұдайы өндірістің ең
маңызды көрсеткіштері, пропорциялары, екпіні анықталып, кәсіпорын
мақсаттарына қол жеткізудің басты жолы болып табылады. Бүл бір жылдан үш
жылға дейінгі мерзімге есептеледі. Бірақ, бүл шартты болып табылады,
өйткені, қаржы ресурстарының әкономикалық түрақтылығына,
мөлшерлерін және пайдалану - жолдарын болжауға тәуелді. Перспективалық
жоспарлауда кәсіпорынның қаржылық стратегиясы мен қаржылық іс-әрекетін
болжау орын алады.
Дайындалған қаржылық стратегия кәсіпорынның дамуы ортақ стратегиясына
сәйкес келіп, оның бір бөлігі болады. Қаржылық нарықта өзгерістер болса,
қаржылық стратегия түзеліп, артынша ортақ стратегия да түзеледі. Қаржылык
стратегия кезде альтернативалық нұсқалар жедел ізделіп, оның ішіндегі ең
тиімдісі таңдалып алынады, соның негізінде кәсіпорын дамуының стратегиясы
құрастырылады. Қаржылық стратегияда қаржылық іс-әрекеттің үзақ мерзімді
мақсаттары анықталынады және оларға жетудің ең тиімді жолдары табылады. Бүл
кезде тәуекел факторларын есепке алу маңызды.
Перспективалық жоспарлаудың негізін болжау құрайды. Болжау кәсіпорынның
үзақ мерзімге мүмкін қаржылық жағдайын зерттейді. Жоспарлаудан айырмашылығы
- болжау кезде жобаланған болжаулар іске асырылмайды, тек мүмкін
өзгерістерді көруге тырысады.
Болжау көрсеткіштері болашак жоспардың көрсеткіштернен елеулі түрде
өзгеше болуы әбден мүмкін. Болжауда қолда бар мәліметтер жинастырылып,
талданады, кейіннен жағдайлардың даму нұсқалары түзіледі. Болжау тәсілдері
мен жолдары өзгерістерді уакытында есепке алу үшін үлкен динамикаға ие
болуы керек. Перспективалық қаржылық жоспарлау нәтижесінде үш негізгі
қаржылық қүжат жасалады:
- пайда мен шығын туралы болжам-есеп;
- ақша қаражаттарының қозғалысын болжау;
- бухгалтерлік балансты болжау;
Бүл құжаттардың негізгі мақсаты болып период соңындағы кәсіпорынның
қаржылық жағдайын бағалау табылады. Шағын кәсіпорынның шаруашылық іс-
әрекетінің ағымдағы жоспарлануы үш негізгі каржылық қүжаттарды жасаудан
құралады: акша қаражаттарының қозғалыс жоспары, пайда мен шығын туралы
жоспар-есеп, бухгалтерлік баланс жоспары.
Ағымдағы жоспарлау бір жылға есептеледі, бүның себебі бір жыл ішінде
нарық конъюнктурасының мезгілдік толқулары негізінен реттеледі.
Есеп-шотқа нақты түсімнің түсуін және қолда бар қаржы ресурстарын
шығындауды бақылау мақсатымен шағын кәсіпорында оперативті жоспарлау
жүргізіледі. Бүл кәсіпорынның қаржылық жетістікке жетуіне кепілдік болады.
Оперативті жоспарлауда төлем күнтізбесі, кассалық жоспар құрылып,
орындалады, қысқа мерзімді несиеге қажеттілік есептеледі. Төлем күнтізбесі
кварталға және жеке-жеке айларға бөлінеді. Ол нақты жағдайды сипаттауы үшін
өндіріс пен өткізуге, қорлар жағдайына, дебиторлық қарызға бақылау орнату
керек. Төлем күнтізбесінде ақша қаражаттарының кіруі мен шығуы
сәйкестендірілуі керек. Дұрыс жасалған күнтізбе қаржылық қателерді,
каражаттардың жетіспеуін анықтайды ж^не оларды жою жолдарын белгілеуге
мүмкщдік береді. Төлем күнтізбесі кәсіпорынның ақша қаражаттары туралы
нақты ақпараттың негізінде құрылады. Төлем күнтізбесінің ақпарат негізі
бұлар -" кәсшорьнда құрылған жоспарлар (өнімді өткізу жоспары, өндіріске
шығыстар етасы, капиталды салымдар жоспары), кәсіпорын есептері бойынша
жазбалар
мен қосымшалар, қаржылық міндеттемелер үшщ белгіленген төлем
мерзімдері, келісім-шарттар, есеп-фактуралар, еңбекақыны төлеу графиктері,
ішкі бұйрықтар;
Көптеген кәсіпорындарда төлем күнтізбесімен қатар салық күнтізбесі
құрылуы мүмкін, бүл өз алдына айыппүл мен төлемақы мерзімдерін жіберіп
алмауға мүмкіндік туғызады. Кәсіпорында кассалық жоспар да қүрылуы қажет:
мұнда кассаға қаражаттардың кіруі мен шығуы көрсетілетін ақша
қаражаттарының айналым жоспары жасалады. Кәсіпорынның ақша каражаттармен өз
мерзімінде қамтамасыз етілуі оның төлем қабілеттілігін сипаттайды. Кассалық
жоспар кәсіпорындағы ақша қаражаттарының түсуі мен шығуына бақылау орнату
мүмкіндігін береді. Кассалык жоспар құрылуға қажет акпараттар: еңбекақы
қоры бойынша жоспарланған төлемдер, материалдық ресурстарды және өнімді
жүмысшыларға сату туралы ақпарат, басқа да түсімдер мен қолма-қол ақша
қаражаттарымен төлем туралы мәлімет. Кәсіпорын есеп айырысуларының
көпшілігін аудару аркылы жасағанмен, кассалық жоспар кәсіпорынның
жүмысшылар алдында жалақы бойынша міндеттемелер мен басқа да міндеттемелер
көлемін анықтап береді.

1.3 Кәсіпкерлікті несиелеу жүйесі

Кәсіпкерлікті дамыту банктерін жасау банк жүйесі мен капитал нарығының
дамуына елеулі үлес косады, өйткені, олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы екінші деңгейлі банктердің шағын кәсіпкерлікті дамыту үшін қаржылық қолдау көрсету
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары
Шағын кәсіпкерлікті қалыптастырудың теориялық негіздері және оны несиелеу қажеттігі
Қазақстан Республикасында шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіруді ұйымдастыру
Шағын кәсіпкерлікті қолдау қоры АҚ-ның кәсіпкерлік фирмаларды несиелеу механизмдерін жетілдірудің негізгі бағыттары
Шағын кәсіпкерлік қызметі
Қазақстандағы шағын және орта бизнес субъектілерін несиелеу: дамуы мен жетілдіру жолдары туралы
Шағын және орта бизнесті дамыту
Шағын және орта бизнесті несиелеу туралы
Банк клиенттерінің несие төлеу қабілеттілігі
Пәндер