БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6

I. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ТӘЖІРБИЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. Коммерциялық банктердің пайызын құрудың теориялық негіздерінің
экономикалық
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

2. Коммерциялық банктердің пайызының құрылуының тәжірбиелік
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

3. Пайыз тәуекелін басқару – банк пайдасын ұлғайту құралы ... ... ...20

II. БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫ

1. Банк пайызының экономика жүйесіндегі рөлі (Банк мысал) ... ... ..31

2. Банктік пайыздарды қолданудағы әдістері мен
тәсілдер ... ... ... ... 37

3. Банк пайыздарының экономикалық
маңыздылығы ... ... ... ... ... ... .43

III. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ЕЛІМІЗДІҢ ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ПАЙЫДАРЫНЫҢ МӘНІ

1. Пайыздық мөлшерлемені
төмендету ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...49

2. Шетел банктерінің пайыздық мөлшерлемені белгілеу
тәжірбиелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ..5 8

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...69
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... .71

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев тұжырымдап, 2006
жылғы 18 қаңтарда Парламент палаталарының бірлескен отырысында ұсынған
“Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегисы аясында” таяудағы он жылға арналған алты басымдық пен тиісті
міндеттер атап көрсетілген. Аталған басымдықтарды іске асыру Қазақстанның
экономикасын дамытып, өркениет көшіндегі орнын ілгерілете түседі. Қазірдің
өзінде Дүниежүзілік экономикалық форумның деректері бойынша, бәсекеге
қабілеттіліктің әлемдік рейтингінде Қазақстан ТМД елдерінің барлығының
алдына шығып, 61-ші орында тұр.
Қазіргі уақытта банк жүйесі дамыған елді бүкіл дүниежүзі бойынша
кездестіру екіталай. Өйткені бұл қаржы институттары сол елдің ақша
айналымын реттеп, елдің экономикасының қарыштап дамуына үлес қосып отыратын
бірден бір механизм екендігі баршаға мәлім. Халыққа қажетті материалдық
ресурстарды өндірумен тікелей айналыспаса да сол саланы дамытуға, өндіріс
күштерін қаржыландыруға өз үлестерін қосып отырған бірден бір объект екені
бәрімізге мәлім. Өйткені әрбір мекеме, өндіріс ошақтары, сөз болып отырған
банктер жүйесі ең алдымен сол елдің халқына, жалпы мемлекетті құрап отырған
жұртшылықтың игілігіне қызмет етуі тиіс және міндетті де. Бұл аксиома.
Нарық инфраструктурасының басты элементтерінің бірі коммерциялық
банктер болып табылады, олардың қызметін екі жақты қарауға болады:
делдалдық қызмет ретінде займ алу, несиелеу процесі және өндірістік
функциялары ретінде, клиенттерге қызмет көрсетумен түскен ақпаратты
тексеру. Коммерциялық банктің басты функциясы болып қаржылық делдал,
активтік және пассивтік операциялардың пайыздық мөлшерінің көлемі.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі: Коммерциялық банктің басты
функциясы болып қаржылық делдал, активтік және пассивтік операциялардың
пайыздық мөлшерінің көлемі қазіргі кезде өзектілігі елімізде орасан зор
артуда.

Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты Банктік пайыз өлшемін уақытша бос ақша
қаржыларын орналастыру және кіріс алу тәуекелділігімен байланысты, ақша
және несие ресурстарына деген сұраныс пен ұсыныстар пайда болатын сандық
шектеудің экономикалық маңызын аша түсу, және олардың белгіленуін
түсіндіру.
Дипломдық жұмыстың міндеті қаржы нарығындағы коммерциялық банктердің
пайыздық операцияларын талдаулар мен қызметіне АҚ Каспийский банкі
негізінде сипаттама беру және де көздеген мақсатқа жету үшін ғылыми
әдебиеттерді, басылымдарды пайдалана отырып, коммерциялық банктердің
пайыздық операцияларына толық сипттама беріп, олардың қазіргі кезде
еліміздегі даму жағдайына талдау жасау.

Дипломдық жұмыстың құрылымы үш тараудан тұрады:

Бірінші бөлімде коммерциялық банктердің пайыздық саясатын теориялық
және тәжірбиелік тұрғыдан сипаттама беру, пайыздың маңыздылығы мен мәніне
түсінік бере отырып, пайыздық операциялардың классификацияларын анықтаудан,
пайыздық операциялардың ерекшеліктерін ашып көрсету.
Екінші бөлімде банк пайыздарының болашақта ел экономикасына әсер етуін
талдау коммерциялық банктердің пайыздық саясатын жүргізу жеке және заңды
тұлғалардың пайыздық сақтандыру жүйесінің қызметін талдау (АҚ Каспийский
банкі негізінде).
Үшінші бөлімде коммерциялық банктердің пайыздық мөлшерлемені
жетілдіру жолдары мен шетелдік тәжірибелердің маңыздылықтары.
Жұмыс барысында АҚ Каспийский банкінің пайыздық саясатының қызмет
ету ерекшелігіне байланысты кестелер сызылған және жұмысты аяқтай келе
еліміздегі банктік жүйесінің дамуы мен екінші деңгейлі банктердің пайыздық
саясатының маңыздылығы туралы жалпы банк жүйесінің болашағы туралы
ұсыныстарым бар.
Бұл дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі Банктік пайыз: экономикалық
мәні, ролі, әдісі мен тәсілі.
Жұмыстың тақырыбы оқу және ғылым әдебиеттерде қарастырылу дәрежесі
кең. Осы дипломдық жұмысты жазу барысында Қазақстан Републикасының
Конституциясы, Қазақстан Републикасының банктердің қызметін реттейтін
Заңдар және басқа нормативтік-құқықтық актілер, Қазақстан Республикасы
Президенттің Жарлықтары, Ұлттық Банктің Қаулылары, Ережелері, АҚ
Каспийский банкінің ішкі ережелерінен, әдеби оқулықтарды пайдаланулардан
бастадым.

Банктерді ірілендіру процесі бізде тұрақты түрде жүріп жатыр, ол әлі
алдағы уақыттарда да жүргізілмекші. Біздегі банк жүйесінің моделі
америкалық модельге ұқсас, сондықтан мемлекеттік бақылаушы органдар кезінде
біз ұсынған еуропалық, соның ішінде германиялық модельден әлдеқашан бас
тартқан, сондықтан олар банктер неғұрлым ірілене берсе соған қуанады.
Қазіргі жағдайда банк жүйесіндегі 2006 жылғы есеп бойынша шоғырлану
көрсеткіші 0,62, ал Дүниежүзілік банктің 79 елді қамтып жасаған зерттеуі
бойынша бұл көрсеткіш орта есеппен 0,72-ге тең. Әрине, шоғырлану процесі
нарықтағы монополистік үстемдікке әкелмеу керек, егер де үстемдік мемлекет
тарапынан жасалатын бақылау шеңберінен шығып кетсе ол мемлекетке де,
халыққа да тиімді болмайтыны сөзсіз.
Елдегі жүргізіліп отырған саясаттың жалпы сипатын Елбасы бірнеше рет
жария еткені белгілі. Елімізде экономикалық реформалар басымдықпен іске
асырылып келе жатыр, ал қазір саяси реформаларды бастау, тереңдету кезеңіне
кірісіп отырмыз. Қай елдің тарихына үңілсеңіз де, мемлекеттік саясат сол
мемлекетті құрайтын халықтың игілігі үшін жүргізіледі. Осы тұрғыдан
қарасақ, ел экономикасы, халықтың тұрмыс жағдайы, халық мүддесі – саясаттың
негізгі мақсаты болуы керек.
Қазіргі коммерциялық банктердің пайыздық саясатына көзқарасы өзінің
ағымдағы және келешектегі қызметіне тоқталады. Пайыздық саясат көп жағдайда
банк жұмысының негізгі көрсеткіштерімен байланысты, олар табыстылық және
нарық бөлігі, бұларды тиісті банк өнімі (қызметі) жаулап алуы мүмкін.
Қалыптасу процесін және пайыздық саясатын жүргізуді үш этапқа бөлуге
болады:
- мақсат пен міндетті анықтаймыз (нарық бөлігінің өсуі, таза табысты
барынша көбейту, тұрақты жағдайды сақтау);
- пайыздық саясат стратегиясын әзірлеу (банктің өзінің ұсталған шығынына
бағдарлану, сұранысқа бағдарлану, клиенттерге бағдарлану);
- пайыздық саясатты әртүрлі әдістерді қолдана отырып өткізу (сарапталған
баға белгілеу жолымен клиенттік базаны әртүрлі белгілері бойынша
сегменттеу; негізгі бәсекелес – банктер арасында жүргізілетін пайыздық
саясатты есепке ала отырып бәсекелік баға белгілеу; сұрыпталым бойынша баға
белгілеу; географиялық және экономикалық ерекшелігін ескере отырып аймақтық
баға белгілеу; ынталандырылмалы баға белгілеу, өзара тиімді ынтымақтастықты
дамытуға негізделген).
Базалық сыйақы мөлшерлемесінің көлемін анықтауда банк ісінде
қолданатын үш әдісі: ұқсастық, экспорттық, бағалау методы, немесе олардың
ұштастырылуы.

1 ТАРАУ. КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ПАЙЫЗДЫҚ САЯСАТЫН ҚҰРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ
ТӘЖІРБИЕЛІК НЕГІЗДЕРІ

1. Коммерциялық банктердің пайызын құрудың теориялық негіздерінің
экономикалық мәні

Банктік пайыз немесе пайыздық мөлшерлеме, депозитке пайызды есептеу –
адамзаттың ойлап тапқан ең көне және қызықты өнертапқыштығы. Пайызды көне
заманнан бастап есептеген деп топшыласақ болады, ақшаның пайда болуымен
қатар. Бірақ қарызды тек ақшамен алуға болмайтыны белгілі. Таза айырбас
үстемдік еткенде пайыздық мөлшерлеме ұғымы тіпті болмаған, бірінші несие
бидай ретінде берілген. Мысалы, бір фермер басқа фермерге бір қоржын бидай
берсе, қайтаратын кезде бір қоржын бидайды көлемі жағынан көбірек
қайтарады.
Өсімқорлық қызмет банк пайызын қазіргі әлемде ең маңызды құбылыс болып,
ал бұрынғы кезде ең даулы болған. Пайызды есептеу Ежелгі Греция
философтарының көз қарасы банктік пайызға деген қатынасы ортағасырда,
Европада, Ислам әлемінде де өте үлкен ықпалы әсер етті. Сол уақыттағы
ойшылдардың логикасы қызықты болған. Ақшаның ішкі құндылығы болмайды,
өйткені ол Құдай әлемді жаратқан кезде болмаған. Сонымен ақшаның ішкі
құндылығы болмағандықтан, оның иесі оны несиеге бергеннен ұтылмайды.
Сәйкесінше ол салынған ақша қаражатынан табысқа ие бола алмайды. Сондықтан,
пайыздық мөлшерлеме ұғымыда ұйғарынсыз болған.
Өсімқорлар шіркеу алдында басынан ақ өмірлік қарғысқа ие болған,
сондықтан да олар несиелеудің жаңа жолдарын ойлап тауып отырған. XIV
ғасырда италия айырбасқорлары жоғарғы деңгейге жетті, олар банкирлер болып
аталды (banco сөзінен – үстел). Тікелей қарыздың орнына олар айырбас
вексельдерді ұсынған. Бұл мәміле ақшаның бір түрін басқасына сатуы, сонымен
арнайы белгіленген уақытта төлем жүргізіледі. Сол кезде Италия мен Франция
арасында жақын тауарлық қарым-қатынас болды. Ақшаға мұқтаждығы бар сатушы
Италиядағы банкирге барып, ол бір валютада керекті қолма-қол соммасын
беріп, және аудармалы вексельге екеуі қол қойып, сол мәміле бойынша сатушы
Францияда басқа валютада кішкене көбірек сомманы төлеуге келіскен.Италияның
жаңа банктік ақшалары тез алмасу негізінде коммерцияның дамуына импульс
берді. 1338 жылы Руанадан (Франция солтүстігі) Авиньонаға тиын тасымалдау
үш аптаны талап еткен. Әрқашан қауіп-қатер төніп тұратын, тасымалдауға
жалдаған адамдардың өздері жүкті тонап немесе жаулап алу мүмкіндігі болған.
Аудармалы вексель бұл жолды сегіз күнде өтеді, егер ол ұрланса да ұры оны
қолдана алмайды. Оның бағасына қарамастан (пайыздық мөлшерлеме 8% дан 12%
құрады), алтын мен күміс тиындарды немесе құйманы тасымалдау үшін қарулы
әскери күзетті жалдағаннан вексель бәрі бір төмен бағада болған.Банк ісі
италияндықтардың қайтакөтерілуі уақытында құрылды және бірінші кезеңде
үлкен құрметке ие болмады. Банкирлер өз байлықтарын өсіру арқылы,
аристократиялық титул және шіркеуде жоғары постыда туруы арқылы құрметті
болуға тырысты. Бірақ қоғамдық мойындауды, жағдайы төмен халыққа жиынтық
көмек көрсету арқылы алды. Бұл Американың ұлы байлығының ашылуына
мүмкіндік берді. Ақшаға тәуелділікте болатын халық (суретші, заңгер,
дәрігерлер, әскери тұлғалар және т.б.), енді мақсаттары жалақы алу, ал
қызметі үшін тауармен өтеу емес (тұрғын үй, тамақ, арақ-шарап, тұз және
т.б.). Міне осылай пайыздық мөлшерлеме тарихы басталды.
Байлықты қайта бөлу, негізінде XVII ғасырда, орта класстағы
сатушылардың көтерлуіне серпін берді. Олар біріншіден ақшаға қатысты жаңа
кәсіптер тудырды. Банк ісінің ұлғаюымен делдалдар пайда болды, олар
мамандығы бойынша акциядан бастап жерлерге дейін сату мен сатып алуда
мамандандырылды. Банктер одан да көп ақша көлемінде мұқтаждыққа кенелді,
бұл уақытта банктік депозит жүйесі құрыла бастады, сонымен қатар несие және
пайыздық мөлшерлеме, бұнымен бірге әркім өсімқор болып пайызда өмір сүрсе
болатын еді.
Қазіргі жағдайдағы банктік салымдар нарығы (банктік пайыз).
Қазір банктік салымдар (депозиттер) ақшаның сақталуы мен көбейуі
мақсатында жүргізіледі, бұл дегеніміз салынған қаражаттарға банктік пайыз
алу, оларды екі санатқа бөлуге болады:
- мерзімсіз салымдар – салымшының кез-келген уақытта салымын талап етуі;
- мерзімді салым – ақшалай салым, банкке белгілі мерзімге орналастырылған,
мысалы 1 жылға.
Мерзімсіз салымдар бойынша (талап етуге дейінгі) банк ең төмен пайыз
(негізінде пайыздық мөлшерлеме 0,1% құрайды) немесе оларды мүлде төлемейді.
Кейбір үлкенғасырлық тәжірбиесі бар банктер ірі, тұрақты клиенттерге,
есепті жүргізгені үшін қомақты төлем алады, бұл жағдайда теріс пайыздық
мөлшерлеме туралы айтады. Пайыздық мөлшерлеменің төмен деңгейі көбінесе
банктер клиенттердің төлем операцияларын жүргізуді өздеріне алады. Сонымен
қатар басқа анықтама бар: талап етуге дейін салымдар банкке оны ұзақ уақыт
ұстауына мүмкіндік бермейді. Сонымен қатар салымдарды қабылдай отырып
банктер өздеріне белгілі тәуекелділікті алады: экономикалық, саясаттық,
заңдылық, инфляциялық. Тағы да банк жұмыскерлерін ұстауға кететін шығындар.

Қарыздық пайыз – ақша қаражаттарын қарыздық құн үшін қарыз алушыға,
сондай-ақ, ақша қаржыларын ақша, несие және қаржы нарықтарында
орналастырушы делдал-кредиторға (банкке) уақытша пайдалануға беруі
білдіреді. Ақша қаржыларын тарту кезінде банктер салыстырмалы қаржы тарту
сипатына байланысты жеке кредиторларға қолданылмайтын сараланған пайыздық
мөлшерлермен белгілейді. Банктік пайыз мөлшері депозиттік келісімшартта
белгіленеді.
Банк тартылған ақша қаражаттарына пайыздарды берешек қалдығын есептеп,
есептеу әдісіне сәйкес банк шығындарына жатқызады. Есептеу әдісіне, ағымды
айда қосылған пайыздар, тартылған ақша қаржылары бойынша оның шығындарына
жатқызылады. Пайыздарды есептеу келесі тәсілдердің бірімен жүзеге
асырылады:
- жай пайыздар формуласымен;
- күрделі пайыздар формуласымен.
Банктердің қосылған пайыздар сомасына ұлғайған негізгі борыштың өскен
сомасын тартылған қаржылар бойынша білдіреді. Өскен сома, банктік
пайыздардың капиталданғандығын білдіреді, яғни депозиттің жалпы сомасын
ұлғайтады. Банктердің тартылған қаржылары бойынша мына формулалар
қолданылады:
• Жай пайыз формуласы:
S = P × ( 1 + I × t K ) (1.1)
Мұнда:
I – жылдық пайыздық мөлшерлеме;
t – тартылған ақша қаржылары бойынша пайыз қосылатын күн саны;
К – күнтізбелік жылдағы күн саны;
P – тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
S – қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған
қосылған пайыздарға тең.
• Күрделі пайыз формуласы:
S = P × ( 1 + I × j K ) × n (1.2)
Мұнда:
I – жылдық пайыздық мөлшерлеме;
j – банк қосылған пайздарды капиталдандыруды жүргізетін кезеңдегі
күнтізбелік күн саны;
K – күнтізбелік жылдағы күн саны;
n – ақша қаржыларын тартудың жалпы мерзімі ағымында қосылған пайыздарды
капиталдандыру бойынша операциялар саны;
P – тартылған ақша қаржыларының бастапқы сомасы;
S – қайтарылуға жататын ақша қаржыларының бастапқы сомасы және оған
қосылған пайыздарға тең.
Банктік депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеме екі көлемнен
қалыптасады: инфляция деңгейін жабатын пайыз және оған қосымша салымшы
қаржысын қолданғаны үшін төлем ретіндегі пайыз. Екіншісінің көлемі депозит
мерзімі мен көлеміне байланысты талап етеді. Осы аталған міндетті шешу
банктерге объективті пайыз мөлшерлемесін нарыққа сәйкес қалыптастыруға
мүмкіндік береді. Алайда коммерциялық банктер қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінің деңгейіне бағдар жасай отырып, пайыздық мөлшерлемені еркін
белгілей алады. Банкаралық нарықпен салыстырғанда, банктер салымшылардың
ақша қаржыларын неғұрлым төмен пайыздық мөлшерлемемен тарта отырып, банктер
ресурстардың сыйымды және қымбат емес нарығын қалыптастырады, оның рөлі
болшақта үнемі өсіп, банктер міндеттемелерінің қоржынында заңды және жеке
тұлғалардың жинақтары, есеп айырысу және ағымды шоттар басым салмаққа ие
болмақ.
Банк барлық тартылған салымдарды активтер, шартты міндеттемелер мен
2006 жылдың 1 қарашасындағы қаулы мен бекіту мен оларға қарсы провизия
(резерв) құру тәртібіне сәйкес жіктеледі.
Банктің тартылған салымдарды келесі топтарға бөлінеді:
- стандартты;
- күмәнді, олар өз кезегінде I дәрежелі күмәнді, II дәрежелі
күмәнді, III дәрежелі күмәнді деп бөлінеді;
- үмітсіз.
Банктер бухгалтерлік есепте провизияның барлық қажетті көлемін есепке
алуы және шығыстардың сәйкес шоттарында толық көлемде көрсету қажет.
Провизияның көлемін есептеу үшін Депозиттер жіктемесі және Қазақстан
Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің олар бойынша провизия құруы
кестесінде қолданады.
Басты мақсаттармен және қазіргі коммерциялық банктердің міндеттеріне
пайыздық саясат аумағындағы активтік және пассивтік операциялар болып
табылады:
- пайыздық табыс және пайыздық шығын ара салмағын тиімді қамтамасыз ету
есебінен банк өнімін немесе қызметін әрдайым қолданатын әр топқа икемді
сыйақы мөлшерлемесін қолданып, клиенттердің қажеттілігін ескере отырып,
банктің нақты шығынын, пайдалы деңгейін, пайыздық тәуекелділікпен нарықтық
ортаның өзгеру динамикасын қалыптастыру;
- анализді жетілдіру тәртібі, пайыздық мөлшерлемені болжау мен жоспарлау,
банк бойынша түгел және филиалдарының қимасында пайыздық табыс пен шығын;
- банктің өнімі мен қызметін әрдайым қолданатын әр топ үшін сыйақы
мөлшерлемесін анықтау методолгиясын әзірлеу және дамыту;
- теңгерілімдікті қамтамасыз ету клиенттердің уақытша бос қаражаттарын
тарту және оларды мерзімі мен көлемі бойынша орналастыру;
- таза пайыздық табысты тұрақтандыру немесе көбейту;
- несиелік мекемесінің нарықтық бағасын тұрақтандыру немесе көбейту;
- банктік ссудаларының сапасын қолдау;
- өтімділік бойынша талапты қамтамасыз ету;
- жеткілікті капиталды сатып алу.
Банктердің пайыздық мөлшерлемесін анықтаудың басты бейнесі айналымдағы
ақша көлемі және банктік жүйе мен қаржылық нарықтың делдалдық қызметінің
тиімділігі. Сонымен қатар пайыздық мөлшерлеме деңгейі өзіне тәуекелділікті
қосады.
Коммерциялық банк тіркелген сыйақы мөлшерлемесін тәжірбиеде қолданған
жағдайда ұқсастық және экспорттық бағалау әдісі болып табылады. Ұқсастық
әдісінің мәні базалық сыйақы мөлшерлемесін белгілеу, сонымен қатар
мөлешерлеме көлеміне тиісті бағдарлау жасау, негізгі банк – бәсекелестер
қолданатын және ҚРҰБ-тің қайта қаржыландыру мөлшерлемесін қолдануы.
Экспорттық бағалау әдісінің негізін базалық сыйақы мөлшерлемесінің
көлемін беделді эксперт – маман пікірін ескере отырып белгілеу, нарықтағы
қалыптасқан жағдайды бағалап және болжамды дамуына тиісті тәсілі.
Қазіргі уақыттағы қалыптасқан жағдайда банктік операциялардың
табысының төмендеуі және пайыздық мөлшерлемедегі кішкентай жіберілген қате
банк қызметінің жоғарғы көрсеткіштерін жетіспеушілікке әкеледі, сонымен
ұқсастық әдісіне қызуғышылық өседі. Сонымен қатар, бұл сыйақы мөлшерлемесін
есептеу банктің құбылмалы және жеке деңгейде белгілі операциялар және
клиенттерге көшуде қыйындық туғызуда. Банктің табыс құрылымын жоспарлау
мен талдауда экономикалық бөлімдер көбінесе қаржылық маржаны есептеу және
жоспарлау әдісін қолданады, орналастырылған және тартылған ресурстардың
арасындағы пайыздық мөлшерлемесінің әркелкілігі және банктің пайыздық
саясатының салмақталғанын бағалауды рұқсат етеді. Бірақ бұл әдістің барлық
жетістігіне қарамастан елеулі кемшіліг бар, ол тұжырым пайыздық мөлшерлеме
арасындағы алшақтық көлемі қолданылатын ресурстардың табыстылығы бойынша
объективті көрініс бермейді, өйткені жалпы – банктік шығындарды ескермейді
(қызметкерлерге, пайдалануға және т.б.).
Бастапқы теңестіру болып табылатын Фишер әдісі, ұлттық валютадағы
мерзімді депозит бойынша атаулы базалық сыйақы мөлшерлемесі (I), нарықтағы
ресурстардың орта салмақталған бағасының қосылуымен анықталуы мүмкін (R),
болжамды инфляция деңгейіне үстеме (Х):
R * X
I = R + X + -------, % жылдық (1.3)
100
Сонымен қатар ресурстардың орташа бағасының бастапқы көлемі ретінде
(R) нарықта нақты қалыптасқан орта өлшемді талап етуге дейінгі депозиттер
бойынша сыйақы мөлшерлемесін қабылдауға болады.
Берілген несиелер бойынша нарықтық сыйақы мөлшерлемесінің базалық
деңгейін мына формуламен анықтауға болады:
К = Ir + P + M + Dm, % жылдық (1.4)
Мұнда:
Ir – тартылған ресурстар бойынша нақты орташа сыйақы мөлшерлемесі,
ҚРҰБ-де міндетті түрде депозиттерді резервте сақтау (r), қазіргі уақытта
ресурстарға - 6%, резиденттерден тартылған және басқа ресурстардан - 8%.
I
Ir = -------------------, % жылдық (1.5)
(100 – r)
P – міндетті тәуеклділікті өтемеуге сыйлықақы, нақты резерв орташа
қалдығының ара-қатынасынасымен анықталады, ссуда бойынша мүмкінді
шығындарды қалыптастыру, несие бойынша орташа көлемнің жиынтық берешегі,
ұлттық валютада берілген, %.
М – ссуданы өтемеудің мерзімді тәуекелділікке сыйақы, клиент негізгі
қарызының және пайыздық төлемінің соммасы мерзімінде түспеуінің анықталуы
(бэк – тестілеу бойынша анықтау) ұлттық валютада берілген кредит бойынша
орташа жиынтық көлем, %.
Dm – жеткілікті маржа деңгейі, және пайыздық емес шығынның пайыздық
емес табыстың орта көлемді активтермен анықталған ара-қатынасының көлемі,
табыс әкелетін, %.
Банктің несиелік және депозиттік операцияларының пайыздық саясатымен
өзара байланысты пайыздық тәуекелділіктің салдарын барынша азайту. Бұндай
дәреже келісімі спрэд коэффициентімен сипатталады (Ks):
Пk * 100 ПU *100
Ks = ------ - -------- , % (1.6)
Sk Sd
Мұнда:
Пk – осы мерзімге жоспарланған ссуда бойынша
пайыздық табыс, теңге;
ПU – осы мерзімге жоспарланған депозит бойынша пайыздық шығын, теңге;
Sk – жоспарланған берілген несиенің орташа мөлшері, теңге;
Sd – жоспарланған депозиттердің орташа мөлшері (мерзімге дейінгі және
мерзімді), теңге.
Спрэд коэффициентінің нормативтік деңгейі (Ks): 1,25%.
Клиент депозиттерінің тұрақтылығын бағалау үшін ресурстарды несиелеу
үшін мына көрсеткіштерді қолдануға болды, депозитке түскен ақша қаражатының
орташа сақтау мерзімі және қаражаттың орнығуы деңгейі.
Ақша қаражатының орташа сақтау мерзімін мына формуламен есептейіз:
Os
Тd = ----- x t, күн (1.7)
B

Мұнда:

Тd – ақша қаражатының орташа сақтау мерзімі, күн;

Os – депозитте орташа қаражат қалдығы, теңге;
B – депозит ашу айналымы, теңге;

t – мерзім ішіндегі күндер саны.

Мүлтіксіз түсінікті, депозитті сақтау мерзімі жоғары болған сайын, оны
несиелеу ресурсы ретінде қолдануға болады.

Депозитке түскен қаражаттың орнығу деңгейін келесі формуламен
анықтайды: Dk - Dn

Uo = ------------------ x 100, % (1.8)

C

Мұнда:
Uo – депозитке түскен қаражаттың орнығу деңгейі, %;
Dk – мерзім соңында депозит қалдығы, теңге;
Dn – мерзім басына депозит қалдығы, теңге;

C – депозитке түскен қаражат, теңге.
Депозиттегі қаражаттардың орнығу көрсеткіші оның тұрақтылығын
сипаттайды, бұл банкке орта мерзімді және ұзақ мерзімді несиелеуде ресурсты
қолдануға мүмкіндік береді.
2. Коммерциялық банктердің пайызының құрылуының тәжірбиелік негіздері

Кредит бойынша базалық сыйақы мөлшерлемесінің есептеу мысалы – сыйақы
мөлшерлемесін барынша азайту, банктің шығынын жабуды қамтамасыз етеді,
Қазақстан Республикасының резиденттерінің ұлттық валютадағы депозиттерін
тарту мен орналастырумен несие байланысты, таза табыс алмай:

1. Топшыласақ, Қазақстан Республикасының резиденттерінің
ұлттық валютада тартылған ресурстарының бастапқы орташа
салмақты бастапқы мөлшерлемесі 1 СБ формасы негізінде
анықталады, % жылдық:
I = 7,5 % жылдық.
2. ҚР ҰБ-де бекітілген ҚР-ның резиденттерінен тартылған
қаражаттарды міндетті резервтеу нормасы, %:
r = 6%.
3. Банктің резиденттердің депозиттеріне соңғы төлемі үшін
міндетті қаржы аударымы, % жылдық:
Ir = 7,5*100(100-6) = 8% жылдық (1.9)
4. Банк бойынша несие тәуекелінің деңгейі, ссуданың мүмкін
шығындарға ара-қатынасы анықталған нақты құрылған қалдық
провизиялар, ұлттық валютада берілген несие бойынша орта
көлемді үстеме қарыздары, %:
P = 331,8*1009480 = 3,5% (1.10)
5. Ссуданы мерзімінде төлемеу тәуекелділік сыйлық ақысы,
клиент несие бойынша ұлттық валютада берілген негізгі
қарызының және пайыздық төлемінің соммасы мерзімінде
түспеуінің анықталуы, %:
М = 28 * 100 9480 = 0,23% (1.11)
6. Орташа активтер, табыс әкелетін, банк балансы негізінде
анықталады, млн. теңге:
Ад = 34500 млн. теңге.
7. Пайыздық емес шығынның пайыздық емес табыстан жоғары
болуы, табыс пен шығыстың есебі негізінде анықталады,
млн. теңге:
1952,9 млн. теңге.
8. Банк ауыртпалығының оның активіне қатынасын көрсететін
коэффициент, табыс әкелетін, %:
Dm =1952,9*10034500 = 5,7% (1.12)
9. Несие бойынша ең төменгі мөлшерлеме, банкке шығындарын
жабуға көмектеседі, ұлттық валютадағы тартылған және
орналастырылған несиелік ресурстармен байланысты, таза
табыс әкелмейтін, % жылдық:
Кб = 8,0% + 3,5% + 0,23% + 5,7% = 17,43 % жылдық (1.13)
10. Құрылымдық анализ компоненттері несиелік табыстың негізгі
құрамдас бөлігі несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі және
олардың төмендеуі туралы ұсыныстар қарастыру (1 кесте):

1 кесте - Несие табыстылығының компоненттері және оның үлес салмағы, %

Компоненттер деңгейі
Компоненттері (сыйақы мөлшерлемесінің Олардың салмақтық
калькуляциясы) белгісі
Базалық (бастапқы) ресурс
бағасы, несие беруге 7,5 43,1
жұмсалған.
Банк шығыны (филиалдың)
тартылған депозиттердің бір
бөлігін міндетті 0,5 2,9
резервтеуінен.
Несие тәуекелділігінің
бағасы 3,5 20,0
Ссудалық мерзімнің төлемеу
тәуекелділігінің 0,23 1,3
сыйлықақысы.
Эксплуатациялық және басқа
да қосылған шығындар 5,7 32,7
Берілген несиенің төмен
табысы. 17,43 100

Берілетін несиенің төменгі табыс деңгейін есептеу және оның бастапқы
нарықтық мөлшерлемесінің көлемі, есеп айырысу табыстылығына (Rк), тең (Ц),
ұлттық валютадағы несиелік операциялар (нарықтың бастапқы сыйақы
мөлшерлемесі = 18% жылдық) құрады:

(Ц – Кб)* 100 (18 – 17,43)*100

Rк = ------------------------ = ---------------------- = 3,3% (1.14)

Кб 17,43

Нақты пайыздық мөлшерлеменің инфляция факторын есептеумен мысал
келтіру.

Нақты пайыздық мөлшерлеменің инфляция факторын есептеумен Фишер
әдісі негізінде көрсетіледі:

I -
Х

Ip = -------------, (1.15)

1 + Х

Мұнда:

Ip – нақты пайыздық мөлшерлеме (осы уақыт аралығындағы нақты немесе
болжамалы), ондық түбірі көрсетілген;

I – атаулы нарықтық пайыздық мөлшерлеме (осы уақыт аралығындағы нақты
немесе болжамалы), ондық түбірі көрсетілген;

Х – инфляция қарқыны (осы уақыт аралығындағы нақты немесе болжамалы),
ондық түбірі көрсетілген;

Мысалы: келесі жылдың несие бойынша нақты жылдық сыйақы мөлшерлемесін
есептеу, атаулы нарықтық мөлшерлеме 18% жылдық ретінде қалыптасты. Жылдың
болжамды инфляция қарқыны 7% құрады.

Осы деректерді Фишер әдісіне қойсақ, нақты жылдық пайыздық
мөлшерлеменің болжамды көлемі:

0,18 – 0,07

Ip = ----------------- = 0,103 (немесе 10,3% жылдық) (1.16)
1 + 0,07
(Анықтама: батыс елдерде нақты сыйақы мөлшерлемесі инфляция деңгейімен
шарттасылған, ол 7% құрайды).
Пайыздық мөлшерлеме мен актив көлемінің орташа өлшенген деңгейінің
серпіністің ықпалының бағасы, банктің жалпы пайыздық көлемінің табысын
әкеледі.
Пайыздық мөлшерлеменің орташа деңгейінің серпінісіне ықпал ететін
бағалау келесі формуламен көрсетіледі:

(ОДуп = (У – Уо) * Ад, (1.17)

Мұнда:

(ОДуп – жалпы пайыздық табыстың қаралып отырған фактор есебінде
өзгеруі;

У – ағымдағы тоқсандағы орташа пайыздық мөлшерлеме;
Уо – алдыңғы тоқсандағы орташа тоқсандық пайыздық мөлшерлеме;
Ад – алдыңғы тоқсандағы табыс әкелетін орташа актив көлемі.
Пайыздық табыс әкелетін актив көлемінің серпінісіне әсер ететін
бағалау, келесідей көрсетіледі:
(ОДа = (V – Vо) * У, (1.18)

Мұнда:

(ОДа – табыс әкелетін орташа актив көлемінің өзгеруінің нәтижесінде
жалпы пайыздық табыстың өзгеруі;

V – ағымдағы тоқсандағы пайыздық табыс әкелетін орташа актив көлемі;
Vо – алдыңғы тоқсандағы пайыздық табыс әкелетін орташа актив көлемі

Мысал: 4 тоқсан мен алдлыңғы тоқсанды салыстырғандағы пайыздық
табыстың жалпы өзгерісін есептеу, мыналарды ескере отырып (2 кесте):

- Актив бойынша пайыздық мөлшерлеменің орташа пайыздық өзгерісі;
- Табыс әкелетін активті орташа көлемінің өзгеруі.

1. кесте - Табыс әкелетін активті орташа көлемінің өзгеруі.

Көрсеткіштер 1 тқ. 2 тқ. 3 тқ. 4 тқ.
Тоқсан ішіндегі пайыздық
табыс, мың теңге 283 903 12773 11453
Тоқсандық актив бойынша табыс
әкелетін пайыздық табыстың
орташа дегейі, % 0,0360 0,0153 0,0942 0,0960
Орта тоқсанды табыс әкелетін
актив көлеміні, мың теңге 7860 59000 135600 119300

Шешімі:

1. (ОДуп 4 = (У – Уо) * Vo = (0,0960 – 0,0942) *135600 = 244,0 мың теңге.
2. (ОДа 4 = (V – Vо) * У = (119300 – 135600) *0,0960 = - 1564,8 мың теңге.
3. 4 тоқсандағы жалпы пайыздық табыстың өзгеруі:
(ОД = 244,0 + (-1564,8) = -1320,8 мың теңге.
Банктің пайыздық саясатын басқару процесінде негізгі құралдар ретінде
келесілерді қолданамыз:

- пайыздық маржаның анализдік тәртібін ортақтандыру, пайыздық
саясатты қалыптастыру, болжау, жоспарлау және ресурстардың нақты
бағасы негізінде базалық сыйақы мөлшерлемесінің жобасын әзірлеу,
банктің бір бөлімшесіндегі инфляция деңгейі және жеткілікті маржа.
- банктің пайыздық саясатын өткізу банктің өнімі мен қызметін әрдайым
қолданатын банк топтарының сыйақы мөлшерлемесін икемді реттеу,
ағымдық және тұрақты мөлшерлеменің тиімді қалыптасуы. Тартылатын
ресурстардың сыйақы мөлшерлемесі оның жеткілікті мөлшерде тартылуын
және қаражаттардың тиімді орналастырылуын қамтамасыз ету,
орналастырылған ресурстар бойынша сыйақы мөлшерлемесі банктің
пайыздық шығынның пайыздық табысының өтемін қамтамассыз ету және
таза пайыздық табыстың жеткілікті мөлшерін алу (маржа деңгейі).
- базалық сыйақы мөлшерлемесінің есебі, банктің нақты және
жоспарланған бюджетінен шыға отырып, ресурстарды тарту мен
орналастыру көлемі, инфляцияның болжамды деңгейі, тәуекелділікті
бағалау, нарықта қалыптасқан нақты сыйақы мөлшерлемесі.
- базалық сыйақы мөлшерлемесінен ауытқу жолымен шекті жеңілдік және
банктік өнім мен қызметтерін әрдайым қолданатын топқа үстемесін
белгілеу.
- банктің тиісті құрылымдарының жетекшілерінің енгізілуімен және оның
филиалдарының ұсынысымен базалық сыйақы мөлшерлемесіне
жеңілдіктермен үстемені ресурстардың тартылымы және орналастырылу
көлемінің тұрақталу көз қарасы, нарыққа басқа факторлардың ықпалы.
- қолданылып жүрген сыйақы мөлшерлемесіне өзгеріс пен толықтырулар
енгізу үшін құрылымдылық бөлімшелерінің және банк филиалдарының
ұсыныстарын оперативті түрде қарастыру.
- банктің экономикалық бөлімі алынған ұсыныстар бойынша қорытынды
жасау, нарық конъюнктурасынан шығады, клиенттің мәнділігі
(клиенттер тобына) банк үшін пайыздық табысты барынша көбейту және
пайыздық шығынды барынша азайту принципі.
- базалық және операциондық сыйақы мөлшерлемесін активтер мен
пассивтерді басқару Комитеті (АПБК) және Несиелік комитеттің
қарауында беріледі содан кейін бұл проект банк басқармасының
қаралуына және директорлар Кеңесінің бекітуіне беріледі.
- банк филиалдарына және құрылымдық бөлімшелеріне базалық және
операциондық сыйақы мөлшерлемесінің бекітілуі жіберіледі.
- банк филиалдарын және бөлімшелердің жетекшілерін қатаң бақылауға
алады Несие комитетінің және АПБК-нің тиісті рұқсатынсыз келісім
шарттың несие бойынша сыйақы мөлшерлемесін базалық және
операциондық бекіткеннен төмен және тартылған ресурстардың
мөлшерлемесі базалық бектіуден жоғары болмауы тиіс.
- банкте қалыптасқан нақты анализдік тартылған және орналастырылған
ресурстардың орташа өлшемі және жоспарлау – талдау процессін
жетілдірудің көрсеткіштік мақсатында (келесі жылдың орта өлшемді
сыйақы мөлшерлемесінің жобасы) және оларды банк филиалдары мен
құрылымдық бөлімшелеріне жеткізу.
- ресурстарды тарту мен орналастыру бойынша сыйақы мөлшерлемесін
басқару, банк филиалдары мен құрылымдық бөлімшелері бекітілген
сыйақы мөлшерлемесін сақталуды бақылау, спрэд анализі және таза
пайыздық табыс.
- пайыздық саясат аумағындағы шешімдердің дұрыс орындалуын бақылу
және мониторингі.
- активтік және пассивтік операциялар бойынша сыйақы мөлшерлемесінің
анализдік серпінісі, банк ресурсының атаулы орташа бағасы; тартылған
ресурстар жалпы және жеке түрлеріне қарай сыйақы мөлшерлемесінің орташа
өлшемі; ресурстардың нақты бағасының есебі негізгі түрлерін қоса алғанда;
банк ресурстарының қымбаттауының негізгі факторларды анықтау.
- ақпараттық деректер жинақтамасының қалыптасуы және негізгі банк
бәсекелстердің пайыздық саясатының анализі.
Банктің сыйақы мөлшерлемесінің деңгейі келесілерге тәуелді:
- тарылған ресурстар: нақты және болжамды инфляция индексі, құрылымы,
тартылған қаржылардың түрлері мен мерзімі;
- орналастырылған ресурстар: тартылған ресурстардың нақты бағасы және
құрылымы, несиелік портфельдің сапасы, пайыздық емес табыстар мен
пайыздық емес шығындардың ара салмағы, спрэдтің болжамды көлемі.
Тәуекелділік, несиелік салалар мен клиенттердің тұрақсыз жағдайымен
байланысты (төлемеу проблемасы, шикізат жеткізілімі, өткізу нарығын жоғалту
немесе өзгеруі, қаржылық жағдайдың дағдарысы), жағдай топтарында берілген
несиенің базалық сыйақы мөлшерлемесінің өсімі уағдалайды 7% ден 10% жылдық.
Келешекте тартылған мерзімді салымдар мен банктің берілген несиесі
бірінші кезекте анықталуы, ҚР ҰБ және ҚР Үкіметі инфляцияны төмендету
туралы уәдесін орындауы. Егер уәдесін орындаса, онда несиелік мөлшерлеменің
төмендеуі болады, бірақ ол ең бірінші тұтыну несиесіне қатысты болады,
сонымен қатар нарықта банкаралық бәсекелестік одан әрі шиеленісе түседі.

2. Пайыз тәуекелін басқару – банк пайдасын ұлғайтудың құралы

Пайыз тәуекелділігі Қазақстан банктері үшін қаржы құралдарының
табыстылығының төмендеуі мен пайыздық маржаның азаюының жалғасуына сәйкес
бірте-бірте үлкен мән артып келе жатыр. Олардың қатысушылары нарықтық
қағидаларға сүйенген жұмыс жасайтын қаржы нарықтарында, яғни несиелік
ұйымдардың пайыз мөлшерлемесін қайта реттеуі жүргізілетін жерлерде пайда
болады. Пайыз тәуекелділігінің деңгейіне әсер ететін негізгі факторлар
пайыз мөлшерлемесінің тұрақтылығы мен динамикасы мөлшерлеменің өзгеруіне
икемді келуі жағынан қарағанда банктің активтері мен пассивтерінің құрылымы
және де уақыт мерзіміне байланысты актив пен пассивтің теңгерілім деңгейі
болып табылады.
Тәуекелділіктің басқа түрлеріне сәйкес пайыз тәуекелділігі де
анықталмағандығымен байланысты. Бұл жағдайда анықталмағандық пайыз
мөлшерлемесінің болашақ бағыттары мен деңгейіне қатысты. Пайыз
тәуекелділігі қарыз алушыға, несие берушіге де әсер етеді. Пайыз
тәуекелділігі пайыз мөлшерлемесінің деңгейіндегі өзгеріске қатысты
табыстылықтың немесе қаржылық активтердің бағасының өзгеруі ретінде
анықталуы мүмкін. Бұл анықтау негізінен ақша нарығы мен капитал нарығының
қатысушыларына қатысты. Жалпы активтері қалыпты болатын коммерциялық
банктер үшін анықтама өзгерілуі мүмкін.
Қазіргі жағдайда пайыз тәуекелділігін реттеудегі өзекті мәселе – жалпы
нарықтық жағдайдға мониторинг жүргізу қажеттілігі өсе түседі. Пайыз
мөлшерлемесін қалыпқа келтіру қажеттілігі, олардың шамадан тыс қозғалуы
банктің жүйе операцияларының тиімділігіне кедергі, әрі жоғарғы пайыз
тәуекелділігінің тууына себепкер болуы мүмкінділігінен шығады.
Банк өз қызметінде пайыз тиімділігін толығымен бейтараптандыра алуы
мүмкін бе? Теория жүзінде мүмкін. Егер активтердің табыстылығындағы өзгеріс
пен қорларды тартуға кеткен шығынның өзгерісіндегі уақыт мерзімі сәйкес
келсе. Бұл бірнеше несиелер үшін мүмкін және банктер өзінің несиелік
портфелінің мерзімді теңдестіру сапалы саясатына бара алады. Бірақ та,
нақты жағдайда бұл мүмкін емес, себебі барлық несиенің мерзімін теңдестіру
мүмкін емес. Сондықтан банктер бұндай саясатты жүргізуге мүдделі болмауы
мүмкін. Сондықтан банктер пайыз тәуекелділігімен қатысуы жалғасуда.
Пайыз мөлшерлемесінің оқыс жағдайдағы өзгерісі банктің пайдасының және
акционерлік капиталдың нарықтық құнының едәуір өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Пайыз тәуекелділігі осы өзгерістерді қамтиды. Ақша ағымы банктің активтері
мен міндеттемелеріне тәуелді, бұл пайыз мөлшерлемесіндегі өзгеріс актив
міндеттемелердің пайыздық табысын және нарықтық құнын өсіруі немесе
төмендетуі мүмкін.
Пайыз тәуекелінің деңгейі мына төмендегілерге тәуелді:
- активтік операция мен тұрақты және еркін мөлшеріндегі несие
мен инвестиция көлемінің қатынасындағы портфельдік өзгеріс,
олардың нарықтағы бағасының динамикасы;
- пассивтік оперциядағы портфельдік өзгерістер мен тұрақты және
еркін мөлшерлемесіндегі депозиттер көлемінің арақатынасы;
- меншікті және тартылған қаражаттар арақатынасындағы өзгеріс;
- пайыз мөлшерлемесінің өзгерісіндегі динамика.
Пайыз тәуекелділігінің деңгейін бақылау және басқару үшін нақты
жағдайларға балансты банк қызметінің нақты стратегиясы жасалады.
Әртараптандыру мәні банк үшін бір фактордың тәуекелділігіне қаншалықты аз
тәуелділігі мүмкіншілігінен шығады. Егер қаржыландыру көзінің кең көлемді
жеткілктілігімен банктің инвестицияларды орналастыру орны бар болса, банк
тәуекелділігі біршама аз болар еді. Арнайы операцияларға немесес өз
қызметіндегі қызметі қандай да бір факторға азырақ бағыттан банктер
анағұрлым тұрақты әрі табысты болып табылады.
Экономикалық дамудың қазіргі кезеңдегі шарты - әрдайым өзгерісте
болатын нарық конъюктурасындағы жағдайларды әрдайым қабылдауды талап етеді
және жеке факторлар тобына тәуелділігі қаншалықты аз болған сайын, ол көп
әрі ұзағырақ тұрақты және өмірлік болады.
Банк операцияларын әртараптандыру мыналардан тұрады:
- банк клиенттерін әртараптандыру;
- тартылған қаражаттарды әртараптандыру;
- аумағы бойынша банкті әртараптандыру;
- активтік операцияларды әртараптандыру;
- банк клиенттері бойынша ссудалық портфельді әртараптандыру.
Осыған орай, банк операцияларын әртараптандыру тәуекелділігін болдырмау
немесе төмендету үшін банк өзінің барлық операцияларын әртараптандыруды ең
жоғары деңгейде, яғни қаржыны тартудан бастап, оны орналастыруға дейін
жүргізуі қажет.
Кез келген банкті басқару процесіндегі ең маңызды міндет - өтімділіктің
бара-бар деңгейін қамтамасыз ету болып табылады. Банктің өтімділігі оның
мерзімі мен сапасы бойынша актив пен пассивтің теңгерлімімен анықталатын
өзінің міндеттерін өз уақытында орындай алу қабілеттілігі түсіндіріледі.
Әлемдік банктік теорияда және тәжірбиеде өтімділікті қор немесе
ағым ретінде түсіну қалыптасқан. Бұл жағдайда өтімділік қор ретінде
банктің қандай да бір жағдайда клиенттері алдында өз міндеттемесін актив
құрылымын оның ең жоғары өтімді статьяларының көмегімен өзгерту арқылы
орындау мүмкіншілік деңгейін анықтауды білдіреді (3 кесте).

3.кесте - Бөлек банктегі пайыздық мөлшерлеменің өзгеруінің сезімталдығына
талдау

Активтердің және пассивтердің түрлері Бір аптаға 30 күнге дейін
дейін
Пайыздық емес табыстар 7 806 738 5 817 353
Барлығы 18 955 188 13 110 373
Капиталмен операциялар бойынша табыстар 199 415 148 203
Түзетілген табыс 18 755 773 12 962 170
Резерв құрылмаған пайыздық емес шығындар 10 170 487 8 408 574
Қайта құруға кеткен шығындар 28 816 40 095
Түзетілген шығындар 10 141 671 8 368 479
Операциондық маржа 8 614 102 4 593 691

Қазіргі уақытта банктер дисбалансты басқару әдістерінің әртүрлі
нысандарын қолданады. Бұл үшін банктер келесідей шешімдерді қабылдау қажет:
• банктің ТПМ – ны қалған деңгейге жету аралығындағы уақыт
кезеңдерін таңдау қажет;
• ТПМ – ның мақсаттылы мәнін анықтау қажет;
• егер банк ТПМ – ны ұлғайтқысы келсе, онда ол пайыздық
мөлшерлеменің нақты болжамын құрастыру қажет, не табыстар мен
шығындар деңгейлерінің арасындағы айырманы өсіру мақсатында өзінің
активтері мен пассивтерін қайта бөлу үшін тәсілдерді іздеу қажет;
• пайыздық мөлшерлеменің өзгеруіне сезімтал активтер мен
пассивтердің қалаған көлемін анықтау қажет.

2 Банктердің пайыздық саясаты

2.1 Банк пайызының экономика жүйесіндегі ролі (Банк мысал)

Банктердің кімге тиесілі екендігі туралы мәселе елде мемлекеттік емес
қаржы институттары пайда болғанға дейін құпиясын ішке бүгіп келді. Бүгінге
дейін банктер құпиясын ашуға жасалған алғашқы қадамға Қазақстанның қор
биржасы (КАSЕ) ғана әрекет жасапты.
Онда да банктердің бірсыпырасы қор биржасына қатысып, оған өзінің
акцияларын шығаруға өтініш беретін кездерінде жарғылық капиталының 5
пайыздан астам үлесі бар қожайындарының есімін жариялауға мәжбүр болған.
Бірнеше жыл бұрын банктердің кімге тиесілі екендігі жайындағы ақпараттар
биржаның листинг бөлімдеріндегі сейфтерде жатып келгені ешкімге құпия емес.

Тек соңғы жылдары ғана олардың қомақты қаржыға қол жеткізгендерінің
есімі биржаның сайттарында үнемі жаңартылып келеді. Бірақ сол
тізімдегілердің банктің шын қожайыны екендігінің ақиқаттылығына кім
кепілдік береді? Өйткені банктер ұсынған тізімде бұрын аты мәлім емес
компаниялар мен бұрын еш жерде (АҚҚ, ЖШС, газеттерде) суреті жарияланбаған
тұлғалардың аты-жөндері ғана тұрады.
Мысалы, Банктұранәлемнің сыртында Мұхтар Әблязовтың, ал
Банкцентркредиттің ар жағында Бақытбек Байсейітовтың тұрғаны сырт көзге
дәлелдеуді қажетсінбейтін ақпарат болып көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде сол
банктердің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
агенттігіне ұсынған құжаттарында БЦК-тің 85 пайыз акциясы түрлі
акционерлерге шашылып кеткен. Оның ең қомақты пакеті – яғни 3,3 пайызы
Валюттранзит зейнетақы қорына тиесілі екен. БТӘ-ның акциялар пакеті де
дәл сондай шашыраңқы орналасыпты.
Ірі банктердің арасында меншік мәселесінде барынша мөлдір болып
көрінуге тырысқан бірден-бір банк – Еуразия банкі болып шықты. Оның 100
пайыз акциясы Еуразиялық қаржылық-өндірістік компаниясына тиесілі.
Еуразиялықтардан соң ашықтығымен көзге түсетін – Халық банкі мен
Қазкоммерцбанк Алғашқысының басты қожайыны – 73,8 пайыз акциясын иеленген
Алмэкс компаниясы. Қазкоммерцбанкке келер болсақ, банк акциясының үштен
бір пайызына Орталық Азия инвестициялық компаниясы ие болса, 21 пайызы
Еуропалық қайта құру және даму банкінің иелегінде екен.
The Bank of Hew York 11,9 пайызын қанжығасына басса, қалғаны ірілі-
ұсақты ЖШС-лар мен заңды тұлғалардың арасында шашылып кеткен. Бірақ
мамандар банктердің шын мәнінде түгелдей ашықтыққа баруы шындықтан мүлдем
аулақ, әншейін тек әңгіме дейді. Өйткені дәл қазіргі жағдайда банктерге
әкімшілік жолмен шындықты айтқызу мүмкін емес. Қаржы нарығын және қаржы
ұйымдарын реттеу мен бақылау агенттігінің өткен жылы банктерді арнайы
меморандум арқылы ашық жұмыс істеуге шақырғаны бәрімізге мәлім.
Сол меморандумға қол қойған банктердің саны әзірге 16 ғана. Олар –
Қазкоммерцбанк, БТӘ, АТФ банк, Альянс, БЦК, Каспий, Нұрбанк,
Темір, Цесна, Эксимбанк, Нефтебанк, Данабанк, Сенімбанк және
Заман банкі. Олар қол қою арқылы алдағы уақытта құрылтайшылары мен
қожайындарының атын жасырмауға уәде етіп, қор биржасынан оларға заңды
акционерлер мәртебесін беруді өтініпті.
Енді Каспийский банкінің пайыздық саясатқа талдау жасап көрейік.
2007жылы банктің таза пайдасы салықтарды төлегеннен кейін 1871,2 млн.
Теңгені құрады (2006 жылы – 31,1 млн. теңге). Есепті жылы операциондық
табыстың мөлшері 44,6 %-ға өсті және 19,0 млрд. теңге болды. Таза табыстар
87,5 %-ға өсіп, 8,6 млрд. теңгені құрады (5 кесте).

5 кесте - Таза табыстың резерстердің құруы

2006 2007
Жалпы тазапайыздық табыс 7 806 738 5 817 353
Резервтер 6 199 456 4 460 958
Резервтерді алып тастағандағы таза 1 607 282 1 356 395
пайыздық табыс
Таза пайыздық маржа 5,34% 5,89%

Бұл банктің операциондық потенциалының өскендігін білдіреді, яғни
активтерді орналастыру мен табыстарды бөлу үшін қаражаттарды тарта алу
мүмкіндігінің болуы.
2007 жылдың 31 қаңтарына мүмкін болатын шығындарға резервтерді құруға
дейін сыйақы бойынша таза табысы 7,8 млрд. теңгені құрады. Өткен жылмен
салыстырғанда ол 34,2%-ға өсті. Таза табыстың 6,2 млрд. теңгесі резервтерді
құруға жұмсалды.
Табыс мөлшерлемелердің төмендеуі және ресурстарға бағалардың өсуі таза
пайыздық маржаның көрсеткіштерінің төмендеуін түсіндіреді. Резервтеуге
аударылған соманы есепке ала отырып, таза пайыздық маржа 1,10% құрады (2006
жылы-1,37%).
Банктік тәуекелді басқару шығындарды төмендету мақсатымен банк
қызметіне әсер ету ретінде қарастыру қажет. ҚР ҰБ Басқармасының Екінші
деңгейдегі банктерде тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйелерінің
болуына қойылатын талаптар тұралы нұсқаулық тәуекелдерді басқару жүйесін
құруды талап етеді.
Тәуекелдердің басқару жүйелерінің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасы банктерінің ақша-несие саясаты
Ақша - несие саясатының ресурстары
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің пайыздық саясаты
Ақша-несие саясатының теориялық негіздері немесе ақша-несие саясатының мәні, түрлері және құралдары
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатының бағыттары мен ресурстары
Ақша - несие саясатының құралдары
Коммерциялық банктердің пайыздық саясаты
Қазіргі тандағы ҚР-дағы ұлттық банктің ақша-несие саясатына талдау жасау
Қазақстан Республикасының ұлттық банкінің ақша-несие саясаты
Қазақстан Республикасындағы ақша.несие саясатын жүргізудің негізгі құралдары
Пәндер