Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ЖАСАУДЫҢ ТЕОРЕТИКО-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері 5
1.2 Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны 10
1.3 Инновациялық бизнес жоспарлаудың ерекшеліктері 17

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ЖАСАУ
(Жартас ЖШС мысалында) 21
2.1 Бизнес-жоспардың кіріспесі, түйіндемесі және тұжырымдамасы
2.2 Өткiзу нарығын дамытудың болжамды бағасы, күтілетін өзгерістер21

2.3 Маркетингтік және техникалық жоспарлау 29
2.4 Бизнес жоспардың күштi және әлсiз тараптарын талдау 31
37
3 КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ТИІМДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жартас ЖШС-де бизнес жоспардың әлеуметтік және экологиялық
әсерін жетілдіру 39
3.2 Жартас ЖШС бизнес-жоспары арқылы кәсіпорын қызметінің
экономикалық тиімділігін арттыру жолдары 39

Қорытынды 40
Қолданылған әдебиеттер тізімі
55
57

Кіріспе

Елбасымыздың 2015 жылғы 30 қарашада Қазақстан халқына Қазақстан жаңа
жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму атты Жолдауында
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасын жария етті.
Қазірдің өзінде оны жүзеге асырудың алғашқы жылының нақты
қорытындылары бар.
Қазақстан Республикасында 152 кәсіпорын іске қосылды, 24 мыңға жуық
қазақстандықтарды тұрақты жұмыспен қамтамасыз етілді.
Бүкіл ел бойынша барлығы сегіз жүзге жуық әртүрлі өндіріс орны құрылды
[1].
Химия және жеңіл өнеркәсіпті белсенді түрде қалпына келтіру мен дамыту
үдерісі басталды, ауылшаруашылық өнімдерін өңдеуде серпіліс жасалды .
Қазіргі нарықтық экономикалық қатынастар жағдайында әрбір кәсіпорын
өзінің қызметін келешекте одан әрі жалғастыру үшін, нарықтағы жағдайлардан
хабардар болып, сонымен қатар бәсекелестік қабілеті болуы керек. Келешекте
кәсіпорын өзінің қызметін тоқырау қаупінен сақтау үшін, өндірісінің тоқтап
қалмауы үшін сырттан күрделі салымдар немесе банктерден несие алуы керек.
Бұл жағдайда кәсіпорын банктен несие алу немесе сырттан күрделі салымдарды
тарту мақсатында, оларға өзінің өнімнің көлемін, оған кететін шығындар
жайлы құжаттар жасайды. Бұл жасалатын құжат бизнес-жоспар немесе күрделі
салым жобасы деп аталады. Бұндай бизнес-жоспарлар қысқа мерзімге, орта
мерзімге және ұзақ мерзімге жасалады [2].
Кәсіпорынды белгілі бір кезеңге дамытуда пайда алу мақсатымен
мәмілені, жүзеге асырудың бағдарлама жоспары, көзделген мақсатқа қол
жеткізуге бағытталған шаралар жүйесі осы жұмыстың тақырыбының өзектілігі
болып саналады.
Бизнес-жоспардың инвестициялық және жекешелендіру жобаларын техникалық-
экономикалық жағынан негіздеу кезеңінде әзірленеді. Бұл орайда бизнес-
жоспардың күрделі салымшыға капиталдың қандай мақсатқа жұмсалатынын анықтау
үшін қажет, ал кәсіпорын жобаны іске асыру барысында іс-қимыл жасау
бағдарламасын әзірлеу және басқару үшін қажет. Мұндай жоспарды кәсіпорынның
сипаттамасы, оның әлеуметік мүмкіндіктері, ішкі және сыртқы ортаның бағасы,
маркетингтік стратегиясы және кәсіпорынды дамыту туралы нақты деректер
қамтылады. Онда ықтималдық тәуекелділік көрсетіледі, яғни жоспарда қауіп-
қатердің болуы мүмкін екендігі ескеріледі және оны азайту шаралары
белгіленеді. Кәсіпорынның бизнес-жоспар бөлімдерінің құрылымы мен көлемін
дербес анықтайды, бірақта оларды дайындау кезінде мынадай факторлар
ескерілуі тиіс. Оларға қолданылатын технологияның, нарықтың ерекшеліктері,
бәсекелесуге қабілеттілік, өнімнің тауарлық көлемі белгілі мәселелердің
пысықталу деңгейі жатады [2].
Осыны есепке ала отырып, бизнес-жоспар мәміле жүргізудің және осы
негізде пайда табудың жоспар бағдарламасы болып табылады. Бұл жүйе алға
қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған жоспарлы ұйымдастырылған
экономикалық, техникалық, ұйымдастырушылық және әлеуметтік іс-шаралар
әрекеті болып табылады.
Нарықтық қатынастары дамыған елдерде үлкен, орта және кіші бизнес
кәсіпкерлері жаңа істі бастау алдын, оны жан-жақты қарастырады. Бұл
түсінік, нарықтық конъюнктура талдауында негізделуді, өзіндік ресурстар мен
мүмкіндіктердің шығуы, қаржылық есеп айырысу және өзіндік бизнес-жоспарды
ұсынады. Оны ереже бойынша 3 жылға, ал үлкен жобаларды 5-10 жылға құрады.
Бизнес-жоспарды жасаушылар жобанынң немесе жаңа істің мәнісін терең
білуімен қатар, экономикалық негіздермен, нарықтық қимылды, әртүрлі
болжаудың әдістерін қолдана білуі керек. Бизнес-жоспар статистикалық есеп
беру құжатына жатпайды. Оны статистикалық мекемелермен, салық
инспекцияларына жібермейді. Тәжірибеде, оны жасаудың мақсатты бағыты –
несие алу мен серіктестікке шақырады. Банктер, инвестициялық қорлар және
басқа да қаржылық нарықтағы субъектілер, кәсіпорынның бизнестегі
потенциалды серіктестіктері, ең алдымен фирмамен және оның жобасымен бизнес-
жоспар арқылы танысуды талап етеді. Қатаң регламент құрудың жоқтығына
қарамастан, бизнес-жоспар халықаралық стандарттағы бизнеске жол ашады.
Сондай-ақ әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бизнес-жоспар өзіңнің болашағыңды
жақсы елестету үшін, тапсырмаларды анық түсіну үшін тиімді болып табылады
[2].
Курстық жұмыс объектісі Жартас ЖШС – Қазақстан аумағында буып-
түйетін құрал-жабдықтарын сату.
Жұмыстың мақсаты – Жартас ЖШС кәсіпорнының бизнес-жоспарларын тиімді
өңдеп, өндірісте іске асуын басқару. Қойылған мақсатқа жету үшін жұмысты
жазуда келесі нәтижелі міндеттер қойылды:
- бизнес-жоспардың мәнінің, құрылымының және тиімділігінің теориялық
негіздерін зерттеу;
- Жартас ЖШС кәсіпорнының өндірістік әлеуетін, қаржылық қызметін және
өндіретін өнімдерін өткізу нарықтарына талдау жасау;
- кәсіпорынның бизнес-жоспар тиімділігін бағалау және әдістерін қолдану.
Құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, негізгі үш бөлімнен, қорытынды
және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ БИЗНЕС-ЖОСПАРЫН ЖАСАУДЫҢ ТЕОРЕТИКО-МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1.1 Бизнес-жоспардың мәні, қызметі, мақсаты мен міндеттері

Нарықтық экономикада өнеркәсіптің тиімді еңбек етуі кәсіпорын жұмысын
дұрыс жоспарлауға байланысты болып келеді. Кәсіпорынның негізгі
жоспарларына кәсіпорынның даму жоспары, өндірістік бағдарлама кәсіпорынның
әлеуметтік-экономикалық даму жоспары жатады.
Қазіргі уақытта кәсіпорынның даму жоспарын жасау барысында, жоспарлау
методологиясын әрі қарай жетілдіруге көп назар аударылады [2].
Жоспарлау методолгисына жоспарларды жасаудың түрлері мен әдістері
жатады. Жоспарлау методологиясын дамытудың негізгі бағыттары:
- жоспарларды дамыған ғылыми-техникалық және есептік-экономикалық
негіздеуді ұлғайту;
- қажетті нормалар мен нормативтерді қолдану;
- өндірісті техникалық-экономикалық негіздеу;
- баланстық есептеулер жүргізу;
- өндірістің тиімділігін арттыру көрсеткіштерінің, жүйесін жақсарту;
- материал сыйымдылығын, қор сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін арттыру;
- жоғарғы сапалы өнім шығаруды ұлғайту;
- жоспарлардың ыңғайлығын, ықшамдылығын қамтамасыз ету және т.б.
Кәсіпорынның даму жоспарын прогрессивті техникалық экономикалық
нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы негіздейді. Норма дегеніміз-
қандай да бір өнімді шығаруға кететін қажетті шикізат, материал, отын
энергияның ең көп кеткен шығыны, ол абсолюттік шама болып есептеледі.
Норматив дегеніміз - салыстырмалы шама, еңбек құрал-жабдықтарының
қолданылуын көрсететін көрсеткіш.
Нормалар мен нормативтерді жасаған кезде, ғылым мен техниканың жаңа
жетістіктерін, технологияның, өндірісті және еңбекті ұйымдастырудың
жетістіктерін, кәсіпорынның өндірістік қуатын кеңінен қолдануды және алғы
өнеркәсіптік тәжірибені есепке алып отыру керек [2].
Техникалық-экономикалық нормалар мен нормативтер мынадай топтар
бойынша жасалынады:
- нақты еңбек шығындары (өнімді шығаруға кеткен уақыт шығыны, қызмет ету
нормасы, жұмысшылар санының нормативі);
- материалдық шығындары нормасы (шикізат, материал, отын, жылу энергия
жабдықтардың үлестік нормалары);
- еңбек құрал-жабдықьарын қолдану нормативтері (машиналары, ірі құрал-
жабдықтарды, механизмдерді, құрал-саймандарды қолдану нормативтері);
- өндіріс процесін ұйымдастырудың нормативтері (өндіріс циклының
ұзақтығы, аяқталмаған өндірістің көлемі, шикізат, материалдар, отынның
қорлары);
- іске қосылатын кәсіпорын, өндірістер, цехтар мен агрегаттардың жобада
берілген өндіріс қуатын игерудің нормасы. Бұл арқылы қуатының
қаншалықты көлемде қолданылуы есептелінеді.
Нормалар мен нормативтер әртүрлі жағдайларда қолданылады. Тірі еңбек
шығындарының нормасы еңбек өнімділігінің деңгейін, жұмыс уақытының
қолданылу деңгейін, еңбекақының көлемін анықтауға қолданылады. Материалдық
ресурстар шығынының үлестік нормасы арқылы қажетті материалдың жеке түрлері
анықталады.
Нормалар мен нормативтер өнімінің өзіндік құнын анықтау үшін
қолданылады.
Жоспарларды техникалық-экономикалық негіздеу арқылы олардың
көрсеткіштерін анықтайды.
Жоспарлар мынадай көрсеткіштерді қолдану арқылы жасалынады:
- сандық;
- сапалық;
- көлемдік;
- үлестік.
Сандық көрсеткіштерге – жалпы өнім мен тауар өнімінің көлемі; сатудың
көлемі; жұмысшылардың саны; жалақының қоры; пайда көлемі; әртүрлі
өндірістік шығындардың мөлшері жатады.
Сапалық көрсеткіштерге – өндірістің экономикалық тиімділігі, еңбек
өнімділігінің өсуі; өзіндік құнды азайту, өндіріс тұрақтылығы, қор
сыйымдылығы; өнімнің сапасы жатады.
Сандық және сапалық көрсеткіштер бір-бірімен тығыз байланыста болады.
Көлемдік көрсеткіштерге – өндірістің жалпы көлемі, жеке процестер мен
факторлардың көлемі жатады.
Үлестік көрсеткіштерге – бір-бірімен байланысты бірнеше көрсеткіш-
тердің ара-қатынасы жатады; мысалы: бір өнімді шығаруға кеткен металл
шығыны.
Өнеркәсіптің жоспарлық көрсеткіштерін есептеу үшін табиғи, еңбек және
құндық өлшемдер қолданылады.
Табиғи өлшемдер - өндірістің көлемін, материалды ресурстарды
жоспарлағанда қолданылады. Олар сапалық және сандық көрсеткіштерді
қамтиды[2].
Еңбек өлшемдері – еңбек өнімділігін есептегенде, жалақының мөлшерін,
өнім нормасын есептегенде қолданылады. әдетте норма сағатпен белгіленеді.
Құн өлшемдері – көрсеткіштердің құнын көрсетеді. Құн өлшемі арқылы
өнімді сату көлемі, тауар және жалпы өнім жоспарланады.
Кәсіпорынның даму жоспары мынадай бөлімдерден тұрады:
- Өнеркәсіп өнімін шығару жоспары (өндірістік бағдарлама) – негізгі
бөлім болып саналады. Бұл бөлімде әртүрлі өнімдерді құндық және табиғи
өлшемдерде шығару жоспараланады және өнім сапасын арттыру
қарастырылады. Сонымен бірге кәсіпорындарды мамандардандыру,
шоғырландыру, жинақтау, құрамдастыру жоспараланады.
- Ғылым мен техниканы дамыту жоспары. Бұл бөлімнің негізгі маңызы-ғылыми-
техникалық прогресті жылдамдату, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жоспарлау,
прогрессивті технологияларды қолдану, өндіріс процесін автоматтандыру,
автоматтандырылған басқару жүйесін қолдануды жоспарлау, еңбектің
ғылыми түрде ұйымдастыру. Бұл бөлімге стандарттандыру мен
метрологиялық өлшемдерді жоспарлау да жатады. Ғылым мен техниканы
дамыту жоспарының көрсеткіштері: өндірісте жаңадан шығарылған өнім,
еңбекті механикаландыру және автоматтандыру деңгейі, жұмысшылардың
санын салыстырмалы түрде азайту, өндірістің техникалық жағдайын
жақсарту арқылы еңбек өнімділігін арттыру және тауар өнімінің өзіндік
құнын азайту, өнімнің сапасын арттыру, құрал-жабдықтарды, материал
сыйымдылығын, табиғи өлшемдегі еңбек өнімділігін қолдану және т.б.
жатады.
- Өндірістің экономикалық тиімділігін арттыру жоспары. Бұл жоспарда
өндірістің экономикалық тиімділігін арттырудың жалпы көрсеткіштері –
нақты еңбекті, негізгі қорларды, айналым қорларын, күрделі қаржыны,
материалдық ресурстарды қолдану көрсеткіштері беріледі. Бұл бөлімнің
негізгі көрсеткіштері – жалпы және таза өнімді өндіру қарқыны, ортақ
тұрақтылық, еңбек өнімділігінің өсу қарқыны, қор сыйымдылығы, айналым
қорларының айналысы, капитал сыйымдылығы және материал сыйымдылығы.
- Күрделі қаржы және күрделі құрылыс жоспары. Ол жаңа кәсіпорындар
салуды, кәсіпорындарды кеңейту және қайта құруды, ірі цехтар мен
обьектілерді кеңейтуді, өнеркәсіпті техникалық қамтамасыз етуді, өндірісті
техникалық қамтамасыз етуді, өндірістің технологиясын дамытуды;
механикаландыру мен автоматтандыруды қамтиды. Негізгі көрсеткіштері-
өндірістегі негізгі қорлар мен өндірістік қуаттарды іске қосу, жеке
обьектілер мен өндірістік базаларды салу, өндіріс қуатының өсімі, күрделі
қаржылардың көлемі, құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі, аяқталмаған
өндірістің көлемі.
- Материалдық-техникалық қамтамасыз ету жоспары. Оған өнеркәсіп
өнімдерін шығаруға кететін шығындарды есептейтін материалдық
есептеулер жүйесі жатады. Өндірістік өнеркәсіпке қажетті материалдық
ресурстарды нормалар мен нормативтерді қолдану арқылы есептеп
шығарады. Бұл жоспарда шикізат, материал, отын, энергия және т.б.
үлестік шығындарын азайтудың жолдары қарастырылады [3].
- Еңбек және кадрлар жоспары. Бұл жоспар өндіріс көлемі ұлғаюының және
оның тиімділігін арттырудың негізгі белгісі ретінде еңбек өнімділігін
жүйелі түрде ұлғайтуды қарастырады. Еңбек өнімділігінің көрсеткіші
салыстырмалы бағадағы нормативтік таза өнімнің жылдық көлемі
өндірістік жұмысшылардың орташа санына бөлу арқылы анықталады.
Бөлімнің негізгі бір көрсеткіші – жалақы қоры. Мұнда жұмысшылардың
орташа еңбекақысы анықталады. Осы жоспар арқылы жұмысшы кадрлар саны
мен қосымша өндіріске қажетті жұмысшылар саны белгіленеді.
- Өндіріс шығындары жоспары. Бұл жоспардың мақсаты - өндіріске кететін
шығындардың көлемін анықтап, осы арқылы өндірістен алынатын пайданың
көлемін табу және материалдық еңбек және қаржы ресурстарын пайдалы
түрде қолдану.
- Қаржылық жоспар (қаржы). Қаржы жоспарында мынадай көрсеткіштер
көрсетіледі – айналым қорларын есептеу, олардың айналымын тездету;
кәсіпорынның мемлекеттік бюджетпен қарым-қатынасы; негізгі өндіріс
қорларын салу және қолдану; пайдалы есептеу. Қаржы жоспарының маңызды
бөлімі – несие жоспары.
- Кәсіпорын ұжымының әлеуметтік даму жоспары. Жұмысшылардың әлеуметтік
жағдайын, еңбек жағдайын демалысын ұйымдастыруда жоспарлау шаралары
қарастырылады.
- Табиғатты қорғау және табиғат және табиғат ресурстарын пайдалы қолдану
жоспары. Су ресурстарын, жер ресурстарын, минералдық ресурстарын және
әуе бассейін сақтау мен дұрыс қолдану жатады. Сонымен бірге аз
қалдықты және қалдықсыз технологиялық процестерді ұйымдастыру,
құрамдастырылған өндірістерді дамыту, табиғи ресурстар, шикізат және
материалды кешенді түрде қолдануды жоспарлайды [3].
Әрбiр серiктестiк бизнес-жоспар өздiгiнше құрайды, оның құрылымы
бизнес-жоспар кәсiпкерлiктiң сипаты, жоспардың мақсаттары және потенциалдық
инвестордың талаптарынан, негiзгi екпiндерге тәуелдi болады соған сәйкес
өзгере сауда банктерiнiң қарыздарының оның алуына бағыттаған немесе жаңа
акционерлiк капиталдың үшiн нұсқауымен қолданылады, дегенмен мұқият ойлап
мағынасын түсiнуге кереккен сұрақтар Ключевоелер мiндеттi түрдеде былайша
жоспарлауға енгiзу тәуелдi бұдан бар болады:
• (фирманың қорытындысы) серiктестiктiң сипаттамасы;
• Маркетинг жоспары;
• Өндiрiстiң жоспары;
• Заң жоспары;
• Тәуекелдердiң бiртұтас қаржы жоспар және болжамы;
• Қаржыландырудың стратегиясы
Нормалы бизнес-жоспарға айқын көрсетуi керек:
• Немен серiктестiкпен шұғылданады, неге оның кәсiпкерлiгi тұрады;
• Кәсiпорынның мақсаттары қандай;
• Стратегия және серiктестiк көмегiмен қойылған мақсаттар жеткен
тактика қандай;
• Қаржы тағы басқа қорлары неше бұл қорларды қолданған мерзiм
ағымында және серiктестiк талап етедi;
• Қашан және инвестор құралдар қайтарылғандай;
Ең алдымен, бұл құжаттың өңдеуiнiң жанында серiктестiктiң
басқармасының алдында тұратын бизнес-жоспар мақсаттық функция өзi үшiндi
шешуге кереккен:лiгiнде бұл өңдеумен сiз (немесе мақсаттар) мақсат неткен
және осы мақсатпен жазбаша сипаттауға тырысуға қудалаңыз.
Мысалы, өңдеудiң мақсаттары әр түрлi бола алады:
• табысының нақтылығының дәрежесi өзiне бiлдiрiлген анықтау
нәтижелердiң бiтiрiлген жоба немесе коммерциялық ұсынысында;
• табыстың нақтылығындағы әрiптестерi нақтылы сапалы сендiру
немесе сандық көрсеткiштердiң ұсынылатын бағдарламалары немесе жоба;
• акциялауды өткiзуге жұртшылық пiкiрiн дайындау автор ұтымды
санайтын схема бойынша кәсiпорындар;
• қайта құруды орындылықтың тұлғаларының нақтылы шеңберiне
дәлелдеу немесе жаңа фирманың жасау қазiргi қайта ұйымдастыруына жұмыстар;
• мүдделiлiк потенциалдық назарын аударып күшейту инвестор және
тағы басқалар.
Автордың нақты (немесе мақсаттардың қатары) қойылған мақсаттарына
байланысты бизнес-жоспар, оның логикалық дамытуы тұжырымдаманы, құрастыруды
барлық идеологияны мұқият ойлауы керек өз ұсынысыды, жоба немесе
бағдарлама.
Автор тыңдаушылар немесе (қай бұл бизнес-жоспар жiберген) оқырмандар
шеңбер көз алдына келтiруi керек, олардың реакциясы, сұрақтар, сөз сөйлеу
елестеттi; сұрақтарға оларға ойша жауап берсiн және олардың сөз
сөйлеулерiне оппонент болу; қандай болса да уақытқа орындармен олармен ойша
өзгерсiн және өз жауаптары бағалауға объективтi түрде тырысу; автор болуы
керек және баяндамашымен, және дәрiсханамен; және барлық уақыттар қойылған
есептiң үстiнде меншiктi дәлелдер терiске шығара немесе олардың әдiлдiгiнде
көзi жете ойлай алды [3].
Бизнес-жоспар өңдеулер түпкi мақсат қажеттi қорлардың алудың нарық
қажеттiгi және мүмкiндiктерiмен сәйкес ең жақынға және түкпiр мерзiмдер
фирманың шаруашылық жұмысының жоспарлауы болып табылады. Мысалы,
кәсiпкерлiктiң жоспарлауының басқа мақсаттары әр түрлi бола алады
• болжалды нәтижелердiң табыстың нақтылығының дәрежесiн анықтау;
• қайта ұйымдастыруды орындылықтың тұлғаларының нақтылы шеңберiне
дәлелдеу;
• табыстың мүмкiндiгiндегi серiктестiктiң қызметкерлерiн сендiру.
Бизнес-жоспар өңдеулер түпкi мақсат қажеттi қорлардың алудың нарық
қажеттiгi және мүмкiндiктерiмен сәйкес ең жақынға және түкпiр мерзiмдер
фирманың шаруашылық жұмысының жоспарлауы болып табылады. Мысалы,
кәсiпкерлiктiң жоспарлауының басқа мақсаттары әр түрлi бола алады
• болжалды нәтижелердiң табыстың нақтылығының дәрежесiн анықтау;
• қайта ұйымдастыруды орындылықтың тұлғаларының нақтылы шеңберiне
дәлелдеу қазiргi фирма немесе жасау ендi жұмыстар жаңа;
• табыстың мүмкiндiгiндегi серiктестiктiң қызметкерлерiн сендiру
сапалы немесе жобада және болжалды сандық көрсеткiштер басқалар.
Бизнес-жоспарды қазiргi тәжiрибеде төрт функцияны орындайды.
Олардың iшiнен бiрiншi кәсiпкерлiктiң стратегиясының өңдеуi үшiн оның
қолдануының мүмкiндiгiмен байланған. Бұл функциялар тiршiлiк кәсiпорынның
жасауын мерзiмге, сонымен бiрге қызметтiң жаңа бағыттарының өндiруiнiң
жанында қажеттi.
Екiншi функция - жоспарлау. Ол қызметтiң жаңа бағытының дамытуын
мүмкiндiк бағалап, процесстер фирманың iшi тексеруге мүмкiндiк бередi.
Үшiншi функция қаржы қызықтыруға мүмкiндiк бередi - қарыз, қарыздар.
Қазiргi ресейлiк шарттарда несие қорларысыз iс жүзiндесi қандай болмасын
түбегейлi жоба мүмкiн емес iске асыру, дегенмен қарыз қиындықпен алу. Бас
себепте болады қарыздардың қайтып келмеуiн қобырап кеткен тәжiрибе биiк
проценттi жалакилердiң мәселесiнде ғана емес. Банктер ахуал бұл арасында
тағы басқалар банк кепiлдiктердi талап, нақты кепiлдiк атап өту керек
болатын қаржылардың қайтаруын қамтамасыз ету бойынша бiртұтас шаралар
жиынтықтары қабылдайды, бiрақ шешушi факторы бар болуы кредиттер беруiнде
болып табылады бизнес-жоспар жасап бiткен.
Төртiншi функция меншiктi капитал немесе бар оның технологиясын
өндiрiстерге салуға тiлеген потенциалдық әрiптестердiң жоспар
серiктестiгiне iске асыруға тартуға мүмкiндiк бередi. Капиталды беру,
қорлар немесе технология туралы мәселенiң шешiмi тек қана кәсiпкерлiк
болған жағдайда болуы мүмкiн - нақтылы уақыт аралығына серiктестiктiң
дамытуын курс шағылатын жоспар [4].
Сайып келгенде, фирама iшiндегi жоспарлау кез келген кәсiпорынның
ажырамас бөлiгi, оның өлшемiнен тәуелсiз болып табылады.
Бизнес-жоспар үшiн мүмкiндiктердiң талдауын жалпылайды немесе нақты
ахуалдағы кәсiпкерлiктiң кеңейтуi және осы серiктестiктi менеджмент бұл
потенциал қолдануға ниет еткен туралы айқын ұсынысты бередi. Ұлы оның мәнi
және iскер әрiптестердiң тартуы, бiрлескен кәсiпорындардың жасауы үшiн,
сонымен бiрге қаржыландырудың алуы үшiн.
Шамаланған кәсiпкерлiк бизнес-жоспардың маркетинг бөлiмiнiң мақсаты
тауар өткiзу және қызметтермен қамтамасыз ету үшiн ол ашылмалы-жабылмалы
жағдайға базарға әсер етiп сезiнуге оқталуға сияқты түсiндiру. Бұл жерде өз
кәсiпкерлiгi бұл кәсiпкерде көрсетуi керек бұл әр түрлi маркетинг
аспаптарының ұтымды тiркесiнiң таңдауы қызығарлықтай перспективалары бар
несие тәуекелi тауардың тiршiлiк циклдасының ерекшелiктерiнен айтарлықтай
тәуелдi болатын инвестициялар үшiн тартымды мүмкiндiктi. үйреншiктi
тiршiлiк тауардың өмiршеңдiк кезең келесi кезеңi болады: өңдеу, шығу
базарға, өсу, (қанығу ) жетiлу, басылу. Тiршiлiк циклдiң көп тауарлары үшiн
маусымдық, сән, әуес болуларды ауысымның қыңырлықтары және артынан
үйреншiктi күштi айырмашылығы бола алады.

1.2 Бизнес-жоспарды құру жолдары мен мазмұны

Адамзаттың басқа тіршілік иесінен айырмашылығы алдағы істейтін
жұмысын, ой, қимылын алдын-ала ойластырып жоспарлап алады. Қазақстанда
экономикалық реформалар жүргізу барысында нарықтық экономикаға көшуде
өрескел қателіктер болды. Оның негізгі себебінің бірі алдын-ала
ойластырылып жоспарланбаудың салдарынан.
Кеңестік экономикада жоспарлау халық шаруашылығын басқарудың басты
құралы болды. Ол әдісті бүкіл алдыңғы қатарлы капиталистік елдер қолданып
дүние жүзілік дағдарыстан құтылды. 1994 жылы жапондық миллиардер Хариаса
Теравами Қазақстандағы жағдаймен танысып былай деген: "Біз сіздерден ештеңе
түсіне алмадық. Біз уақытында сіздің жоспарыңызды алып оны икемді
нұсқаулармен толтырдық, ол біздің елде жемісті жұмыс істеуде. Ал енді
қарасақ, сіздер жоспардан бас тартыпсыздар..." Хариаса Теравами айтқандай,
қазіргі жағдайда Қазақстан Республикасы үшін қайтадан ұлттық шаруашылықты
стратегиялық болжау мен жоспарлауды қолға алу басты бағыт болып табылады.
Сондай-ақ кәсіпкерлікті дамытуда алдын-ала мұқият жоспарламай жұмыс жасау
мүмкін емес.
Кәсіпкерлік іске көпшілігі жоспарлау керегі жоқ деген ұғымға келеді.
Ол қате түсінік. Нарық жағдайында жоспарлау керек. Кеңестік шаруашылық
жүргізу жағдайында жоспарлау жоғарыдан басталып директива ретінде беріліп
жергілікті жағдай ескерілмеді, ресурстарды тиімді пайдалануға,
ынталандыруға көңіл көп аударылмады, басшылардың, кәсіпкерлердің
инициативасын кең пайдалана алмады. Мұндай жоспарлау нарық экономикасына
мүлдем қарсы.
Қазір инициативаға толық мүмкіндік берілген жағдайда өз бетімен
жоспарлау кең қолданылуы тиіс. Ойлаған ойдың негізделуін және күтілген
қорытындының берік болуын іске асыру үшін шет елдер тәжірибесі және логика
кәсіпкерлік істі жоспарлау керек екендігін көрсетеді. Егер кәсіпкер,
мысалы, өз алдына жеке фирма құрғысы келсе, жаңа өнім өндіруді
ұйымдастырғысы келсе бизнес-жоспар жасауы керек. Бизнес-жоспар - бұл
жоспарлау құжаты, мұнда бизнестің не ойлаған істің барлық мүмкіндіктері
талданады және фирма, компанияларды басқаруда бар мүмкіндіктерді
пайдалануға қажетті жолдарын анықтайды.
Бизнес-жоспар – бұл бизнестің жаңа түрін құруға, фирма қызметінің жаңа
сферасын қамтуға қажетті кәсіпорынның даму жоспары. Бизнес жоспарды жаңадан
құрылған кәсіпорындар, сонымен қатар экономикасы дамыған ұйымдар жасауы
мүмкін. Бизнес-жоспар келесі маңызды мәселелерді шешеді: кәсіпорынның
болашақта тұрақтылығын және тіршілікке икемділік дәрежесін анықтайды,
кәсіпкерлік қызметтің тәуелділігін төмендетеді; дамудың сандық және сапалық
көрсеткіштер түріндегі бизнестің болашағын анықтайды; фирманың потенциалды
инвесторлар жағынан көмекті қамтамасыз ете отырып, олардың ықыласын және
қызығушылығын тартады; жоспарлаудың және оның жұмыс ортасына деген
болашақта көзқарасын дамытады [4].
Бизнес-жоспардың негізгі көрсеткіштері. Бұл негізгі бөлім болып
есептеледі және мынадай бөліктерден: басты мақсат; өнімнің қысқаша
мінездемесі, айрықша ерекшеліктері; қойылған мақсатқа жетудің жолдары мен
әдістері; жобаны орындау мерзімі; шығындар көлемі; болжаулы тиімділік пен
соңғы нәтижелер; нәтижелерді қолдану аясынан тұрады.
Негізгі жалпы көрсеткіштер:
- өндіріс пен шығарған өнімді сату көлемі;
- пайда түсім көлемі;
- өзіндік құнды азайту және қарызға алған қаражат;
- пайдалылық.
Арнайы көрсеткіштер:
- сатылған тауарлар мен атқарылған қызметтің сапасы, саны және
ерекшеліктері;
- салымдардың қайтарымдылық уақыты;
- жоспарланған нәтижелерге жетудің кепілділігі.
Тұтынушыларға жеткізілетін өнімдер мен атқарылатын қызметтердің
мінездемесі. Бұл бөлімнің көрсеткіштері:
- өнімнің сыртқы түрі, сипаттамасы, суреті, безендірілуі және т.б.;
- кәсіпкерлік тауардың тұтынушылары туралы түсініктемелер (тауарға
сұраныс, аймақ, ұйым туралы хабарлар);
- кәсіпкерлік өнімді сату бағасының болжамы.
Сату нарығын, сату көлемін талдап, бағалау. Бұл бөлімде өндіріс
көлемі, сату көлемі анықталады. Маркетингтік зерттеулер жүргізіліп,
бәсекелестер мен баға саясаты және олардың мүмкіншіліктері зерттеледі.
Ұйымдық шаралар мен жұмыс жасау жоспары. Кәсіпкерлік бағдарламаға –
маркетинг, өнім шығару, өнімді сатып алу, сақтау тасымалдау, сатып алушыға
әртүрлі деңгейдегі қызмет көрсету жатады.
Ресурстармен қамтамасыз ету. Бұл бөлімде ресурстардың түрлері және
көлемі жайында және ресурстарды қолдану әдістері жайлы анықтамалар
беріледі. Ресурспен қамтамасыз етуге – материалдық ресурстар, еңбек
ресурстары, қаржы ресурстары, ақпарат ресурстары жатады.
Жобаның тиімділігі. Бұл бизнес-жоспардың соңғы бөлімі, мұнда
кәсіпкерліктен алынған тиімділік есептелінеді. Тиімділіктің негізгі
көрсеткіштеріне – пайда және рентабельділік жатады. Сонымен қатар
әлеуметтік және ғылыми-техникалық тиімділік есептелінеді.
Бизнес-жоспардың маңызы мынада: кәсіпкердің бір өзі қызмет істеуге өз
қаражаты жетпейді, тіпті жоқ болуы мүмкін, ал ол қаражат болса басқа
адамдардан табылуы әбден мүмкін. Осы қаражаттарды жинастырып жұмсау үшін,
ол өзіне серіктестер, инвесторлар іздейді. Ақшаны бере қою оңай емес.
Сондықтан істейтін істің пайда келтіретінін, өндірген өнімнің нарықта
өтетіндігіне серіктестер мен инвесторларды иландыруы керек [4].
Әр кәсіпкерге өзінің бизнесін бастау үшін бизнестің алғашқы кезеңіне
техникалық құралдар мен айналымдық қорларды құру үшін инвестиция немесе
қаражат қажет. Жарғылық капиталдың көлемі әдетте қызметті кеңейту үшін
жеткіліксіз болады. Сол үшін қолда бар құралдарға сыртқы инвесторларды
немесе несие ресурстары қаржылық құрылымын (банктер мен инвестициялық
компаниялар мен қорлар) немесе уақытша инвесторлардың бос қаражаттарын
ынталандыру керек. Белгілі – бір шартты қосымша қаржы ресурстарын алу үшін,
нақты экономиканы жасайтын бизнес керек. Осыған байланысты кәсіпорынға
негізделген бизнесті жүзеге асыруға берілген жобаның нәтижесін жан – жақты
талдау керек. Кешенді талдаудың нәтижесі осы бизнес – жоспар атты құжатта
көрсетіледі. Бизнес жоспардың құрамы, оның дәрежесінің дәлдігі және
тетіктері инвестияның көлеміне байланысты болады. Бизнестің масштабы, оның
нарықта орын алуы, фирманың қаржылық тұрақтылығы, нарық жағдайындағы
фирманың ұсынатын тауарлар мен қызметтер түрлеріне байланысты. Бизнес-
жоспарды құру мен талдау жасауда кәсіпкер күтілетін бизнес-жобаның
мүмкіндіктері мен тиімділігін сынап бағалайды және шешім қабылдауға
негізделеді. Берілген жобаның қызметінің негізгі бағытының сипаттамасы,
бизнес-жоспардың құрамында көрсетіледі [4].
Бизнес – жоспарды құруда келесідей талаптар қойылады:
1.Фирма басшысының қатысуы. Жасалатын жобаның мазмұнына қосыла отырып,
басшы орындаушылармен және кеңесшілермен бірге өзінің болашақ дәрежесін
суреттеуі мүмкін.
2.Сенімді және жеткілікті ақпараттар келтіру. Ұсынылатын ақпараттың
дұрыстығы, жеткіліктілігі мен таңдаулығы ақпараттың сенімділігінің жалпы
сипатын көрсетеді. Алынған ақпараттың толық жетерлігі келесіні білдіреді:
ең маңызды мәліметтер бизнес – жоспардың өзінде келтіріледі, ал оның
тетіктері мен қосымша мәліметтері қосымшада көрсетілуі мүмкін. Таңдаулылық
- бұл алынған ақпараттың таңдаулысы, келтірілген мәліметтер нақты және
ұсынылған жобаға тиісті болуы керек.
3.Бизнес-жоспарда шиелінісетін жолдары болмауы керек.
4.Қарыз капиталын тарта отырып, өзінің құралы да жеткілікті болуы
керек. Бұл жерде қатаң талаптар жоқ, өзіндік тиесілі қаржы көлемі 30% - 40%
құрауы мүмкін. Егер де өзіндік құрал аз болса, онда инвестор жаңа жобаны
бастауға қатысуы үшін тәуекелге бармауы мүмкін. Бизнес-жоспарды қарастыру
және жобаны қаржыландыру үшін шешім қабылдау белгілі – бір уақытты алады (6
айға дейін) Нарықтық ортаның өзгеруі есептеуді, түзету мен қосымша
мәліметтерді талап етуі мүмкін. Бұл заңды құбылыс [4].
5.Серіктестер мен инвесторлар болашақ өндіріске, нарықтағы қуатына,
баға деңгейіне, өнімді нарыққа қозғау әдістеріне, болашақта алынатын пайда
мөлшеріне тағы басқа көрсеткіштерге аса маңызды көңіл аударады.
6.Бизнес-жоспарды жасаушы кәсіпкер, фирма немесе компанияның
өндірістік қаржылық көрсеткіштері ғана емес, болашақ серіктестерді,
инвесторларды осы істі атқаратын кадр әлеуетінің және материалдық
ресурстардың жеткілікті екендігіне сендіруі керек. Құрылатын ұйым өзінің
мүмкіншілігін сауатты және тиімді ұйымдастырып болжамды бизнесті
үйлестіріп, сонымен қатар басқара алатынын көрсетуі тиіс.
7.Бизнес-жоспарды жасақтағанда, тиянақты, нақты көрсеткіштермен
логикалық үйлесімділік және шағымды есептелгеніне көңіл аударады. Бизнес
деген ағылшын сөзі - пайда беретін қандай да болмасын экономикалық іс
дегенді білдіреді. Бизнес-жоспардың басты міндеті пайда табу, сондықтан
мұны кәсіпкерлік іс жобасының жоспары деп қарастыру керек [4].
Бизнес-жоспар - бұл кәсіпорынның құрылу және даму жоспары немесе
кәсіпорынның жаңа түрін құрудың стратегиялық шаруашылық бөлімі. Негізгі
жоспар қажетті инвестицияны тартуды негіздеуде қызмет атқарады.
Бизнес-жоспар келесі міндеттерді шешеді:
- кәсіпорынның өміршеңдігі мен тиянақтылығын бағалайды;
- қайратты қызметі кәсіпкерліктің тәуекелділігін төмендетеді;
- сандық және сапалық көрсеткіштердің даму негізінде болашақ қызметті
нақтылайды;
- сырттан қолдау мен потенциалды қызығушылықты тарту үшін құрылады;
- ол туралы преспективалық болашақты құруға, алғашқы жаңа түрдегі
жоспарды алуға мүмкіндік береді.
Бизнес-жоспар жоспарланған жобаны қаржыландыру үшін банктермен,
мемлекеттік басқару органдарымен сұхбаттасып, келісім жасауы үшін қажет.
Бизнес-жоспар фирманың барлық мақсаты міндетін өзіне қоспайды, тек біреуін
ғана шешеді. Бизнес-жоспардың уақытша нақты шегі бар, ол нақты қойылған
міндеттерді шешіп, алға қойған мақсатқа жету. Мысалы, зауыт салыну керек,
өндірістің орындалуы, тауарлардың өткізілуі және қаржы салымдарының
қайтарымдылығын қамтамасыз ету [4].
Бизнес-жоспарда болашақта мүмкін болатын және практикалық іске асатын
кәсіпкерлік істің жобасы белгіленген мақсатқа жету жолдары көзделеді. Бұл
негізінде бір істі істеуде және осы арқылы пайда табуға бағытталған жоспар-
бағдарлама, яғни ойланған істі жүзеге асыру үшін жоспарлы ұйымдастыру
шаралар жүйесі. Бизнес – жоспардың обьективтік қажеттілігі мына
жағдайлармен байланысты:
- алға қойған мақсатты іске асыру үшін потенциалды мүмкіндіктерді
ескеру арқылы стратегиялық және тактикалық іс-әрекеттерді жасақтау. Ол
ағымдағы және болашақ жоспарлар арқылы іске асады;
- кәсіпорынның әлсіз, күшті жақтарын және жоспарлы бизнесіне сын
көзбен қарау;
- дүниежүзілік тәжірибеде алдын-ала жасалған обьективті жоспар болмаса
істен сәттілік күту мүмкін емес. Бизнес-жоспар бәріне де керек;
- өзіңіздің серіктестеріңізге және қызметкерлеріңізге алдағы болашақты
айқын және өз міндеттерін жеткілікті, тиянақты білу үшін;
Бизнес-жоспар жасақтағанда мынадай басты мәселелерге жауап беріледі:
Бизнес-жоспар дегеніміз не? Онда не жөнінде айтылады? Оның құрылымы қандай?
Бизнес-жоспар қалай жасақталады? Ол қалай дайындалады? Ол бизнеске не үшін
керек?
Бұл шын мәнінде бұрынғы жасақталған орындалуға міндетті жоспар емес,
бұл болжам жоспар. Мұндай жоспардың формасын индикативті жоспарлау дейді.
Кеңестік тәжірибесінде жоспар директива, заң ретінде болды. Байқағанымыз,
капитализм дамыған сайын жоспарлауды басты басшылық құрамына айналдырды.
Батыс елдерінің бизнесмендері қандай іс болмасын жоспарлы істің керектігін
мойындайды, онсыз еш қандай да істі бастамайды. Бизнес-жоспар деп атау
себебінің басты міндеті өндіріс болғанымен түпкі мақсат пайда табу. Бизнес-
жоспар жұмыс істеп тұрған өндірісті жетілдіруге оның басты бағыттарын
анықтауға пайдасы мол. Бизнес-жоспарды жасаудың басқа жағынан да
қажеттілігі бар. Ол бизнеспен қатынасы бар адамдарға: инвесторларға,
қаржыгерлерге, потенциалды акционерлерге жақсы яғни қолайлы әсер етеді.
Бизнес-жоспар істе қателік жібермеуге, компанияның, кәсіпорынның өмірге
келуіне, табысының өсуіне үлкен әсерін тигізеді. Негізінде кәсіпкерлікпен
жүргізілген істің табыс көзін сәтсіздікке ұшыратпайды, шаруашылық тәуекелді
азайтады. Бизнес-жоспар жан-жақты құжатталуы керек. Себебі оны оқитын
адамдар тәжірибелі іс адамдары, қаржы салатын адамдарды иландыру үшін
білгірлікпен істелген жоспар керек.
Бизнес-жоспарды жасаудың 2 кезеңі бар:
А. Бірінші кезең - ақпарат жинау. Өмірлік маңызды бизнес-жоспар жасау
үшін сіздің алдыңызда тұрған қызметтер мен оларды дамыту жағдайлары жөнінде
мүмкіндігінше көп білу қажет. Бизнес жоспарды жүзеге асырушы келесілерді
білуі қажет:
- Қызмет - ол не істеп жатыр немесе не істегісі келеді, соны нақты
анықтау қажет;
- Нарық – бизнес-жоспарды құрастырушының тұтынушылары кімдер, олар қай
жерде және нені қалайды, бәсекелестеріңіз кімдер екендігін анықтау
қажет;
- Қаржы - сіз потенциалды тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыра
отырып, пайда таба аласыз ба?
Мәліметтердің, ұлттық деңгейдегі статистиканың, салыстырмалы
мәліметтердің жоқ болуынан қорықпау керек. Өйткені, ол өзіне қатысты
қызметінің барлық егжей-тегжейін ең жақсы білетін адамның дәл өзі болып
табылады. Бизнес-жоспарды құрастырушы үшін қарапайым жолмен табуға болатын
кез-келген қосымша ақпарат өте маңызды.
В. Екінші кезең - ақпараттарды жөнге келтіру. Қандай да болмасын
кәсіпкерлік қызмет жөнінде бәрін білу жеткіліксіз. Серіктестесті, көндіру
үшін өз білетінің қалай жеткізетіндігі аса маңызды болып табылады. Жоспар
тегіс бәрін қамти алатын және қысқа болуы керек:
- қарапайым және түсінікті тілде жазылады;
- бизнес-жоспарды құрастырушының ойы белгілі мәселелерді баяндайтын
нақты бөлімдермен ретке келтіріледі;
- негізгі мәтіннің оқылуы жеңіл болуы үшін техникалық бөлімдер мен
қосымша материалдар қосымшада көрсетіңіз.
Жоспар жай немесе күрделі болуы мүмкін. Ең бастысы ол жасалған
мақсаттарға сай болуы керек. Мысалы, егер бизнес бастамашы шағын дүкен
ашқысы келсе, онда оның жоспарын компьютер өндіріп және ол халықарлық
нарықта сатуды қажет ететін жоспардан мүлдем басқаша болуы керек. Екінші
жағдай бойынша, айтарлықтай көп ақпаратқа ие болу қажеттілігі мен жеке
нәрселердің анағұрлым көп анықталу керектігі айқын. Сондай-ақ егер бизнес
бастамашы банктен несие алу үшін өз жоспарын пайдаланса, бұл мәліметтер
бизнес бастамашы үшін аса тиімді емес болып келеді. Бизнес-жоспарды
дайындаудың бірыңғай ережесі жоқ [4].
Бизнес-жоспарды жасаудың, дайындаудың тәжірибеде тексерілген кейбір
тәртіптері бар. Дегенмен, кәсіпорынның проблемалары мен тапсырмаларын толық
түсіну үшін бизнес бастамашының қалауымен жазған абзал. Сонымен қатар
келесі мүмкіндіктерді сурет 1 түрінде пайдаланған жөн [4]:
1.Өзіңіздің ісіңізді бастауға шешім қабылдаңыз.
2.Өзіңіздің ісіңізді ашу үшін, сіздің қабілетіңіз бен біліміңіз
қандай, және сізге не білу керек екенін тексеріңіз.

9

5 10

1 2

12

Сурет 1. Бизнес жоспарды құру тізбегі

3.Өзіңіз жақсы білетін тауар немесе қызмет түрін таңдаңыз. Ең алдымен
біреуіне тоқталыңыз.
4.Өзіңіздің нарығыңызды анықтаңыз: Сіз кімге сатасыз? Сіздің
бәсекелестеріңіз кімдер?
5.Осы нарықта жұмыс істеп,одан не күтесіз?
6.Сіз қай жерде орналасқыңыз келеді?
7.Сізде өндірістік жоспар мен технологияны пайдалану, сондай-ақ ғылыми-
техникалық іс-жоспар бар ма?
8.Өзіңіздің тауар мен қызметтерді қалай өткізесіз?
9.Сіздің ұйымдық құрылымыңыз қаншалықты және ол сіздің мақсатыңызға
сәйкес келе ме? Сізге не қажет?
10.Заңнамаға сіздің бизнестегі әдістемеңіз сәйкес келе ме? Сіздің
тапсырмаларыңыз қаншалықты?
11.Сіз қаржылық жоспарды қалай жүргізесіз?
12.Күтілетін проблемалар мен тәуекелділіктен қалай қорғаласыз?
13.Бизнесті жүргізу үшін ақшаны қалай табасыз?
14.Сіздің бизнесіңіздің барлық аспектілері мен сыртқы және ішкі
жағдайлардың мақсатқа сәйкестігін қалай бақылайсыз? [4]
Осы кезеңдердің барлығын бір құжатқа жинап, бизнес бастамашы алғашқы
бизнес-жоспарын жазуға кіріседі.
Жоспарлау тәжірибесінің мақсатына қарай бизнес-жоспарлардың бірнеше
түрлері белгілі: өндірістік бизнес-жоспар немесе кәсіпорынды дамыту бизнес-
жоспары; инвестициялық бизнес-жоспар, жаңа кәсіпорынды, жаңа тауар мен
қызметтерді құрудың бизнес-жоспары; несие алу үшін бизнес-жоспар және т.б.

1.3 Инновациялық бизнес жоспарлаудың ерекшеліктері

Инновациялық бизнес жоспарды келесі түрлерде топтастыруға болады:
1. Экономикалық жоба - кәсіпорынды жекешелендіру, аудиторлық жүйені
жасау, салықтың жаңа жүйесін кірістіру. Бұл жобаның негізгі
ерекшеліктері:
- басты мақсат алдын ала жоспарланады;
- сол сияқты уақытқа байланысты;
- қаржылар қажеттілікке қарай мүмкіндігінше жеткізіліп тұрады;
- шығындар алдын-ала анықталады, үнемділік пен нақтылық жұмыс барысында
бақыланады.
Бұл экономикалық нәтижелердің жоспарланған шығындарды белгіленген
мерзімде, ал қорларды қажет болғанда қол жеткізуін білдіреді.
2. Әлеуметтік жобалар - әлеуметтік қамсыздандыруды қайта қалыптастыру
жүйесі, денсаулық сақтау, қамсыздандырылмаған халықты әлеуметтік
қорғау, әлеуметтік және табиғи толқуларды қамтиды.
3. Ұйымдық жоба – кәсіпорынды қайта қалыптастыру, басқарудың жаңа
концепциясын жүзеге асыру, жаңа ұжымды жасау немесе халықаралық
форумдар өткізу болады [19].
Бизнес жобалар әртүрлі негізгі байланыста бір-бірімен топтастырылады,
ол төмендегідей:
а) Түр – қызметіне қарай (техникалық, экономикалық, әлеуметтік,
ұйымдық, аралас)
ә) Класс – құрамына, құрылымына (моножоба - бөлек жоба, мультижоба
-кешенді, моножобадан тұратын және жалпы басқаруды қажет ететін, мегажоба –
аймақтық дамудың мақсатты бағдарламасы).
б) Масштабы– жобаның көлеміне қарай, қатысушылардың саны мен сыртқы
және ішкі ортаға әсер етуі. Жобаның масштабын әр түрлі нақты көлемде
қарастыруға болады.: халықаралық, ұлттық, аймақаралық және аймақтық,
салааралық және салалық, корпоративтік, ведомствалық.
1) Жобаның ұзақтығы - өмір сүру ұзақтығына байланысты (қысқа мерзімді
- 3 жылға дейін, орта мерзімді – 3 жылдан 5 жылға дейін, ұзақ мерзімді 5
жылдан жоғары)
2) Күрделілік – техникалық қаржылық, ұйымдық және басқа да қиындығына
қарай (қарапайым, күрделі, өте күрделі.)
3) Түр – аймақтық сипатына қарай (инновациялық ұйымдық, ғылыми,
зерттеу, ғылыми-техникалық, аралас) (сурет 2).
Инновациялық жобаларға көбіне пайда табу мақсатында бизнестің әр түрлі
түріне қаражат салу басты мақсат болып табылады.
Бұл топта инновациялық жобаны ерекшелейді, оған әр түрлі жаңашаландыру
жүйесін кіргізеді. Ол ұйымдық-экономикалық жүйенің үзіліссіз дамуын
қамсыздандырады.
Жаңа идея – ең арзан қор және ең қымбат дүние. Идеясыз кәсіпкерлік
өмір сүре алмайды.
Әр кәсіпкерліктің негізінде қандай да бір идея бар. Бір жақсы идея -
кәсіпкермен көпшілік адамдардың өмір бойы жұмысымен байланысты кәсіби
қызметін анықтауы мүмкін.
Жаңа кәсіпкерлік ойдың құрылуында: тұтынушылар; бәсекелестер; тауар
нарығы; ғылыми және техникалық жетістіктер; өндірілген тауар мен өнімдерге
жаңа мүмкіндіктерді пайдалану; арыз хаттар; бөлім жұмысшылары мен сауда
өкілдерінің пікірлері; қажеттіліктер (тұтынушылар мойындамаған, кәсіпкерлер
тапқан); Үкімет пен жаңа заңның жариялылығы; ғылыми зерттеулер міндетті
түрдегі құрамалар болады [19].
Кәсіпкерлік идея – инновацияға, жаңашаландыруға, ноу-хау, қайта
жасауға бағытталған, өнімнің жаңа түрінің пайда болуы мен жайылуына,
технологияға негізделеді. Әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру-
басқарушылық, техника-технологиялық инновациялармен айырады.
Жоспарлау процесі кәсіпкерлікте болашақта жасалатын барлық
операцияларды алдын-ала көруге және болатын келеңсіз жағдайларды алдын
алуға жағдай жасайды. Әсіресе жоспарлау кәсіпорыннның дамуына қажетті
әртүрлі іс-шараларда өте маңызды.
Кәсіпорынның сыртқы функциялары, сыртқы ортамен тікелей байланысты
болады. Бұл негізінде, қызметтің болжамдалған нәтижелері мен шығындар
көлеміне, қаржылық жағдайына қатысты шартталады. Сыртқы ортаның
факторларына мыналар жатады:
1. Экономикалық – сатып алушылардың тауарды алу үшін жарата алатын ақша
құралдарын ескереді, бос жұмыс орындарының бар-жоғын ескереді;
2. Саяси - экономиканы басқару түрлерін таңдауға әсер етеді;
3. Құқықтық - қаржы құралдарын пайдалануды және ұсынуды, тауарлар мен
қызметтерді сату жағдайларын, салықтық қарым-қатынастарды реттейді;
4. Әлеуметтік-мәдени – талап етілетін тауар түрлерін анықтайды, әртүрлі
тұлғалардың жұмысқа деген көзқарасына, жалақы көлеміне, жұмыс
жағдайларына әсер етеді;
5. Технологиялық – кәсіпкерліктің өндіріс сферасындағы даму деңгейін
анықтайды;
6. Физикалық немесе географиялық – кәсіпкерлік іске асырылып жатқан
аймақтың географиялық табиғи, климаттық жағдайына әсері бар (бұл
факторлар фирмалар мен кәсіпорындардың орналасқан жеріне қарай болуы
мүмкін әртүрлі шығындар көлеміне өнімді үлестіруге және жұмыс күшін
пайдалануға тікелей әсер етеді);
7. Ұйымдастырушы - техникалық институттар - әртүрлі қызмет атқаратын
институттардың болуы бизнес үшін әртүрлі коммерциялық операцияларды
жасауға және кәсіби қарым-қатынастарды орнатуға өте маңызды (бұларға
банктер, көтерме және бөлшек саудадағы сатушылар, арнайы фирмалар, оқу
орындары, нарықты талдау агенттіктері, жарнама агенттері, еңбек
биржалары, көліктік агенттіктер, кепілдендіру компаниялары,
коммуналдық қызметтер, байланыс құралдары және ақпаратты тарату
жатады).
Бизнес жоспардың ішкі функцияларын анықтау қажет
1. Жақсы, әрі дұрыс құрастырылған бизнес жоспар кәсіпкер үшін өте тиімді.
Бұл арқылы жобасымен танысу процесін бірқалыпты етеді, уақытын
үнемдейді, қарым-қатынастарды реттейді.
2. Қазіргі заманғы нарық үшін бизнес-жоспардың болуы ең алғашқы шарт
Себебі, экономиканың дамуы және нарықтық тұрақталуы кезінде
тұтынушылар, несие берушілер, серіктестер үшін бизнес-жоспардың жоқ
болуы келеңсіз жайт, яғни бұндай іске сенім білдіру (сену) қиын.
3. Кәсіпкерлік істі бастау үшін қажетті ақшаны тарту, бизнес-жоспарда
барлығы қамтымаса мүмкін емес. Дұрыс, әрі нақты, жан-жақты
құрастырылған бизнес-жоспар қаржыландыруға өтініш ретінде бірден
қабылдануы мүмкін. Басқа жағдайда өтініш үшін барлық ақпараттың
болғаны дұрыс.
4. Психологиялық тұрғыдан қарағанда да бизнес жоспар кәсіпкердің, оның
кәсіпкерлік бастауының байсалдығы мен негізді, маңыздылығын
сезіндіреді.
Сыртқы функциялардан басқа бизнесті жоспарлау процесі кәсіпорынның
ішкі функцияларына да сүйенеді, яғни кәсіпкерлік әрекеттің ұзақтылығын
нақты бағалауға мүмкіндік береді [4].
Ішкі орта факторларға келесілер жатады:
- пайдаланатын технологиялар мен құрылғыларға сипаттама;
- өнімнің сапасымен қызметтің тауар ретінде анықталуы;
- өндірістің шығындары.
Енді, бизнес-жоспардың ішкі функцияларын анықтауға болады:
1. Бизнес жоспар арқылы кәсіпорынның дамуындағы ең алғашқы кезеңдеріндегі
кемшіліктерін анықтауға көмектеседі. Бұл кемшіліктерін алдын алмаса,
болашақта үлкен кедергілерге айналып, жұмысты қиындату мүмкін.
2. Бизнес жоспар нақты бизнеске мақсатқа талпынушылық береді. Көптеген
бизнес адамдарының бизнеске деген үлкен қабілетттеріне қызығуға
болады. Бірақ мұндай адамдардың көбісіне бизнесті қай салада ашуға
болатыны бәрібір. Нәтижесінде бұл қабілеттерінің аса үлкен нәтижесі
болмайды.
3. Бизнес жоспарды құру арқылы кәсіпкер өз кәсіпорынның мақсатқа жету
жолын бақылау мен қадағалау құралын жасайды [19].
Бизнес жоспарды құру барысында бизнес-жоспар өзін-өзі үйретудің мықты
құралы болып есептеледі. Ал іске асырғаннан соң жеткен жетістіктермен
салыстыруға болатын негіз болып табылады. Осылайша, кәсіпкер білім,
тәжірибе, көптеген кәсіби біліктілікке ие болады.

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КӘСІПОРЫНДА БИЗНЕС-ЖОСПАР ЖАСАУ
(Жартас ЖШС мысалында)
2.1 Бизнес-жоспардың кіріспесі, түйіндемесі және тұжырымдамасы

Жартас ЖШС Алматы қаласы, Байтұрсынов көшесі 75 үйде, 215 кеңседе
орналасқан. Жартас ЖШС жабдықтар сатумен айналысады, тауарлары:
Голландияда шығарылған буып – түйетін материалдар. Жұмыс жасау уақыты: 09-
18, үзілісі: 13-14, демалатын күндері: жексенбі мен сенбі.
Серіктестік Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша өзін-өзі
қаржыландыру мен өзін - өзі өтеу негізіндегі, оқшауланған меншікті
иемденетін, дербес балансы мен кредиттік мекемелерде шоты бар (Қостанай
қаласындағы Халық банкіндегі № 7891441 есеп-айырысу шоты банктің МФО-сы
192701305), өзінің аты көрсетілетін дөңгелік мөрі, эмблемасы, фирмалық
бланкілер мен реквизиттер болатын, өз атынан келісімдерді жасай алатын,
меншіктік және меншіктік емес құқықтары болатын және міндеттерді мойынға
алатын, талап қоюшы, жауап беруші және сотта үшінші тұлға бола алатын заңды
тұлға болып табылады.
Осы уақытта мемлекеттiк бағдарламалар арқылы экономикалық, техникалық
және әлеуметтiк өрлеудiң эффекттерiнiң табысын орындау үшін мемлекеттiк
тапсырыстарға нақтылы жоспарлар ұйымдастырылып отыр.
Техникалық инновациялар және өңдеулер төңiрегiнде бел байлаған
кәсiпорындар өз кәсiпкерлiгiн шоғырландыру барысында мемлекеттің және
шетелдiк инвесторлардың қолдауын әрдайым тауып отыр.
Нидерландия және Қазақстан республикасы арасындағы екi елдердiң мысалы
ретiнде табысты және сенiмдi экономикалық iстестiк екi фирмалардың
арасындағы өзара тиiмдi саудалық және экономикалық қатынас қамтамасыз
ететiн эксклюзивтiк дистрибьютор келiсiм шарты саудалық қатынастардың
негiзi болып табылады.
1. Жобаның атауы:
Технологиялық машиналарын құрастыратын және қызмет көрсететін зауыт,
Қазақстандағы азық-түлiк өнiмдерiнiң ораушысы бойынша жабдық жасаушы.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның тиімділігін жоғарлату жолдары
Ұлттық экономика жүйесіндегі кәсіпорын
Кәсіпорынның қаржылық стратегиясы және жоспарлауды жетілдірудің негізгі бағыттары
Кәсіпорындағы қаржылық-шаруашылық қызметті жоспарлау
Кәсіпорынның даму жоспарының негізгі бөлімдері мен көрсеткіштері
Өндіріс шығындары жоспары
Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК БАҒДАРЛАМАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Кәсіпорын жұмысының нәтижесін жоспарлау, бағалау
Кәсіпорынның техникалық дамуын жоспарлауды талдау
Пәндер