Шарттың елеулі ережелері



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1 Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері 5
1.2 Шарттың мазмұны мен формасы 5
1.3 Шарт жасасудың құқықтық жағдайы 12
15
2 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН ТҮРЛЕРІ
2.1 Азаматтық-құқықтық шарт түрлерінің ерекшеліктері
2.2 Консенсуалды және нақты шарттар 20
2.3 Ақылы және ақысыз шарттар 20
2.4 Бір типті және аралас шарттар 22
2.5 Негізгі және алдын ала шарттар 23
2.6 Еркін міндетті және жария шарттар 23
2.7 Өзара келісілген шарттар және қосылу шарттары 23
24
3 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТЫ ӨЗГЕРТУДІҢ ЖӘНЕ ТОҚТАТУДЫҢ 25
НЕГІЗДЕРІ
3.1 Шарт жасасудың кезеңдері
3.2 Шарт жасасу тәртібі және шарт жасасатын жер 28
3.3 Шартты өзгерту және бұзу тәртібі және олардың салдарлары 28
30
ҚОРЫТЫНДЫ
32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ
36

38

Кіріспе

Курстық жұмыстың өзектілігі. Кез-келген білімді адамның, әсіресе ана
тілінде өзінің азаматтық құқығын оқып, зерттеп жүрген заңгердің құқық
қағидалары хақында орныққан өзінің көзқарасы, өз елінің көп қырлы азаматтық
құқығы туралы жақсы бағыт-бағдары болуы тиіс. Осыған орай, тек позитивтік
құқықты ғана емес, сондай-ақ азаматтық құқықтың даму тенденцияларын тек
Қазақстан Республикасында ғана емес, Еуропа мен бүкіл дүние жүзі көлемінде
меңгерген маңызды.
Келешек өсіп келе жатқан ұрпақ – қазақ заңгерлері тек нақты
мәселелерді шешетін жаңа буын ғана емес, бұлар сонымен қатар құқықтық,
егеменді қазақ мемлекетінің биік мұратын жүзеге асырушылар.
Курстық жұмыстың мақсаты қазіргі азаматтық-құқықтық шарттардың
жекелеген түрлеріне талдау жасау.
Курстық жұмыстың мақсатына орай оның алдына келесі міндеттер қойылады:
̶ қазіргі азаматтық-құқықтық шарт түрлерінің ерекшеліктерін
талдау;
̶ консенсуалды және нақты шарттар туралы түсінік беру;
̶ ақылы және ақысыз шарттардың негізін қарастыру;
̶ бір жақты және екі жақты шарттарды салыстыру;
̶ бір типті және аралас шарттардың теориялық жағын түсіндіру;
̶ негізгі және алдын ала шарттар жайлы мағлұмат беру;
̶ еркін міндетті және жария шарттар айырмашылығын талдау;
̶ азаматтық құқықтық шарт жасасу сатылары және шартты өзгертудің
және бұзудың негіздерін қарастыру.
Азаматтық құқық Қазақстан Республикасының құқық салаларының бірі
болғандықтан күнделікті тыныс-тіршілікпен, сондай-ақ азаматтардың, заңды
тұлғалар мен мемлекеттің өзімен, оның әкімшілік-аумақтық бөліністерімен
тығыз байланысты.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқығының пәнін тауар-ақша
қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік
қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке
қатынастар құрайды (Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 1-бабы, 1-
тармағы). Сонымен қатар мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес
жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң
құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен
туындамайды (АК-тің 1-бабы, 2-тармағы).
Азаматтық құқықпен реттелетін қоғамдық қатынастар негізінен мүліктік
қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен (мүлікпен, жұмыспен,
қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздар мен басқа да мүліктермен)
байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай
қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас),
мүліктің бір адамнан екіншісіне ауысуы, өтуі (міндеттемелік қатынас),
меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік
қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен
реттеледі. Бір сөзбен айтқанда, мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып
алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып
табылады.
Дейтұрғанмен бұдан азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей
реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені, олардың өзі әртүрлі сипатта
кездеседі. Сайып келгенде, мүліктілік (имущественность) дегеніміз заңды
белгі болып табылмайды, ол тек экономикалық түсінік.[1] Сондықтан да
азаматтық құқық пәнінің мазмұнын оны біріктіретін әрі мән-мағынасын ашатын
тұсын бөліп қарауды қажет етеді. Қоғамдық қатынастарды бір-бірінен
ажырататын мүліктік қатынастардың мынадай белгілері, атап айтқанда, белгілі
бір экономикалық құндылыққа ие болуымен байланысты материалдық объектілер
жайында адамдардың арасындағы қатынастар болғандықтан оның ерік сипатында
болатындығы нарықта дербес тауар иеленуші ретінде қимылдауы,[2]
қатысушылардың өзара келісім және өзара шарт жасауы.
Курстық жұмыс кіріспеден, үш бөлімнен және қорытындыдан тұрады.
Зерттеу тақырыбымыздың мақсаты мен мазмұны ескере отырып, негізінен,
азаматтық-құқықтық шарттардың аспектілерін қаралап көрелік. Аталған
мәселелерді зерттеумен айналысып жүргендер – Қазақстандық ғалымдар Ю.Г.
Басин, М.К.Сүлейменов, А.Г.Диденко, О.Ихсанов және ресейлік ғалым
Е.А.Суханов.
Курстық жұмысты жазу барысында отандық және шетел авторларының ғылыми
еңбектері, басылымдары, Қазақстан Республикасының нормативтік әдебиеттері
мен заңдылықтары қолданылды.
Сонымен қатар, қазіргі азаматтық-құқықтық шарттардың пайда болып, даму
сатысындағы жетістіктер, қоғамның өзгеруіне байланысты туындаған
ерекшеліктер, нарықтық экономикаға өту кезеңінде пайда болған қажеттіліктер
туралы ақпараттар жүйесі курстық жұмыстың тақырыбына арқау болып отыр.

1 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1 Азаматтық-құқықтық шарттың түрлері

Шарттың ережесі заңдарға сәйкес қолданылатын нормамен көзделген
реттерде. егер тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, тараптар
өздерінің келісімдерімен норманың қолданылуын жоя алады немесе сол нормада
көзделгеннен өзгеше жағдайды белгілей алады.
Азаматтық кодекстің 393-бабының 1-тармағына сәйкес, тараптар арасында
шарттың барлық елеулі ережелері бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін
нысанда келісімге қол жеткен кезде шарт жасалды деп есептеледі.
Елеулі шарттар болып табылатындар:
1. Шарттың мәні туралы ережелер;
2. Заң мен басқа нормативтік құжаттарда елеулі ретінде аталғандар;
3. Осы шарттың түрі үшін қажетті ережелер;
4. Бір тараптың мәлімдеуі бойынша келісімге қол жеткізуге тиісті
барлық ережелер (АК-тің 393-бабы).
Шарттың мазмұны шарттардың үлгі ережелерімен де айқындалуы мүмкін. АК-
тің 388-бабына сәйкес, шарттың мазмұнында үлгі ережелерге сілтеме болмаған
жағдайларда, осындай үлгі ережелер, егер шарттың ережесін тараптар немесе
диспозитивтік қалып белгілемеген болса, тараптардың қатынастарына іскерлік
қызмет өрісіндегі әдеттегі құқықтар ретінде қолданылады.
Үлгі ережелер үлгі шарт немесе мазмұнында осы ережелер бар өзге құжат
нысанында жазылуы мүмкін.
Шарт әр жақтың келісімі болып табылатындықтан, ол бір жақтың келісім
жасауға ұсынысы мен екінші жақтың ондай ұсынысты қабылдау нәтижесінде
жасалады. Шартты жасау тәртібі Азаматтық кодекстің 395-400-баптарымен
реттеледі. Оларда шарт жасау кезіндегі екі кезең бекітітген.
Азаматтық кодекстің 395-бабының 1-тармағына сәйкес, бір жақтың шарт
жасауға ұсынысы — оферта арқылы шарт жасау және екінші жақтың ұсынысын
қабылдауы оның акцептісі болады.
Жолданған офертаны алған тұлға оны қабылдауға келісім бергенде, яғни,
акцепт болғанда шарт жасалды деп есептеледі. Заңға сәйкес шарт жасау үшін
әржақтың келісімінен басқа мүліктерді де тапсыруы керек, мүліктер
тапсырылған сәттен бастап шарт жасалды деп есептеледі, яғни, сатып алушыға
мүліктерді жеткізу ұйымдастырылады. Егер шарт заңға сәйкес мемлекеттік
тіркеуден өтуге жатса, егер заңда басқаша көзделмесе, ол тіркеуден өткен
сәттен бастап жасалды деп саналады.
Шарттың нысаны мәміленің нысаны туралы жалпы ережеге бағынады. Аталған
шарттың түрі заңмен белгіленбеген болса, онда шарт келісім жасау үшін
қаралған кез келген нысанда жасала береді. Егер тараптар белгілі бір
нысанда шарт жасасуға уағдаласа, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл
нысан берілген кезден бастап жасалды деп есептеледі (АК-тің 394-бабының 1-
тармағы).
Шарт бір жақтың ұсынысымен, екінші жақтың оны қабылдауына байланысты
жасалады. Бірақ, кез келген ұсыныс оферта ретінде қарала алмайды, тек заңда
бекітілген талаптарға сай келетіні ғана мүмкін болады (АК-тің 396-бабы).
Шарт жасаудың екінші кезеңі — акцепт. Акцепт — оферта жолданған жақтың
оны қабылдағаны туралы жауабы (АК-тің 396-бабының 1-тармағы). Акцепт толық
әрі бұлтарыссыз болуға тиіс. Заң құжаттарында, іскерлік өрісіндегі әдеттегі
құқықтарда немесе бұрынғы іскерлік катынастарынан өзгеше туындамаса, жауап
қайтармау акцепт болып есептелмейді. Офертаны алған жақтың оның акцепті
үшін белгіленген мерзімде онда көрсетілген шарт ережелерін орындау жөнінде
жасаған әрекеттері, егер заңдарда өзгеше көзделмесе немесе офертада
көрсетілмесе, акцепт деп есептеледі (АК-тің 396-бабының 3-тармағы). Егер
акцепті қайтарып алу туралы хабар оферта жіберген жаққа акцептің өзінен
бұрын немесе онымен қатар келсе, акцепт алынбаған болып есептеледі (АК-тің
396-бабы).
Шарттың жасау сәті мынадай жағдайларға:
1. акцепт үшін мерзімі көрсетілген кезде не онсыз ұсыныс жасалды ма;
2. оферта ауызша немесе жазбаша нысанда ма, соған байланысты болады.
Шарттың еркіндігінен тыс заңда кейбір ерекшеліктерімен бөлектенетін
міндетті түрдегі шарт жасасу жағдайы қарастырылуы мүмкін (АК-тің 399-бабы).
Шарт жасасу міндетті болған жағдайда, әр жаққа арналған заңдарға
сәйкес, бір жақ екіншісіне мына талаптарды орындайды:
1. акцепт туралы хабар, немесе;
2. акцептіден бас тарту, немесе;
3. офертаға өзгеше жағдайларға акцепт жасалатыны туралы, егер заңдарда
басқа мерзім белгіленбесе, не тараптар келіспеген болса, офертаны алған
күннен бастап 30 күннің ішінде хабар жіберуі тиіс.
Офертаны жіберген және шартты жасауға міндетті тараптан оған өзге
жағдайлармен акцепт жасау туралы хабар алған тарап шарт жасау кезінде пайда
болған келіспеушілікті осындай хабар алған күннен бастап отыз күн ішінде,
не акцептіде арналған мерзім өткен соң, егер заңдарда шарттардың жекелеген
түрлері туралы өзге мерзім белгіленбесе. соттың қарауына беруге құқылы (АК-
тің 399-бабының 1-тармағы).
Егер шарт жасауға міндетті тарап жіберген шарт жобасына отыз күн
мерзімде шарт жобасына келіспеушілік хаттамасы алынса, бұл тарап екінші
тарапқа шартты сол редакциясында қабылдайтыны туралы, не келіспеушілік
хаттамасын қабылдамайтыны туралы келіспеушілік хаттамасын қабылдамайтыны
туралы келіспеушілік хаттамасын алған күннен бастап отыз күн ішінде
хабарлауға міндетті.
Шарт жасау кезінде туындаған келіспеушіліктер тараптардың келісуімен
соттың қарауына берілген болса (АК-тің 399-бабы), шарттың тараптар
келіспеген ережелері сол шешіміне сәйкес белгіленеді (АК-тің 400-бабы).
Шартты өзгерту және бұзу заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе,
тараптардың келісуімен жүзеге асуы мүмкін (АК-тің 401-бабы).
Тараптардың біреуі шартты бұзып, ал екінші тарап шарт жасасу кезінде
үміт артуға құқылы болғанымен едәуір дәрежеде шығынға әкеліп соқса, бұл
шарт едәуір дәрежеде бұзылды деп танылады.
Шартты толық немесе ішінара орындаудан біржақты бас тартқан ретте,
мұндай бас тартуға заң құжаттарында немесе тараптардың келісімінде жол
берілген кезде, шарт тиісінше бұзылған немесе өзгертілген болып есептеледі
(АК-тің 401-бабының 3-тармағы).
Шарттың ғасырлар бойы пайдаланылуы құқықтың икемді түрі екендігін
көрсетеді, ол арқылы әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеуге болатындығы
дәлелденген. Шарттың негізгі міндеті заң шеңберінде адамдардың әрекетін
реттеу. Ал оларды бұзу заң талаптарын бұзушылықты білдіреді.
Шартты рим құқығы үш түрлі мағынада: құқық қатынастарының туындауы
ретінде; құқықтық қатынастың өзі ретінде; ең соңында тиісті құқықтық
қатынастың нысаны ретінде қарастырады.[3]
Шарт туралы мұндай көзқарастар нақты іс жүзінде Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексінде және басқа да елдердің азаматтық
кодекстерінде тәртіптелген.
Азаматтық кодекстің 378-бабына сәйкес, екі немесе одан көп адамның
азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы
келісімі шарт деп танылады.
Шарттан туындайтын міндеттемелерге, Азаматтық кодекстің тиісті
баптарында шарттардың кейбір түрлеріне арналған ережелерінде өзгеше
көзделмегендіктен, міндеттемелер жөніндегі жалпы ережелер қолданылады.
Шарттарды топтастыру олардың негізгі белгілеріне орай жүргізіледі.
Біржақты және екі жақты шарттар. Бір жақты шарт деп –бір жақта тек
құқық, ал екіншісінде тек міндет болатын шартты айтады. Оған өсиет қалдыру
шарты жатады, борышқор қарызын қайтаруға міндетті, ал несие беруші оны
талап етуге құқылы. Шарттардың көбі екі жақты болып келеді (сату-сатып алу,
мүліктік қарыз, жеткізу).
Шарт ақылы және акысыз болып бөлінеді. Ақылы шарт бойынша өз міндетін
атқарған жақ ақысын алуға, не қарсы талап қоюға құқылы. Шарт бойынша тарап
өз міндеттемелерін орындағаны үшін ақы алуы немесе бір-біріне бірнәрсе
беруі керек болса, бұл ақылы шарт болып табылады. Ақысыз шартқа мысалы,
сыйға беру, мүлікті акысыз тегін пайдалану, кейбір жағдайда сақтау жатады.
Консенсуалды және нақты шарт. Консенсуалды шарт дегеніміз әржақтың
келісімі бойынша жасалатын шарт. Бұл шарт олар келісімге келген бойда
күшіне енеді де әржақтың құқықтары мен міндеттері туындайды (сатып алу-
сату, мүлікті жалдау, мердігерлік және т.б.).
Нақты шарт дегеніміз заттарды тапсыруы сәтінде ғана құқықтар мен
міндеттер туғызатын шарт болып табылады (займ шарты, азаматтардың
қатысуымен сақтау шарты).
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт. Әдетте міндеттемелер бойынша
құқықтар мен міндеттерді алатындар — сол міндеттемеге қатысушылар. Үшінші
жақтың пайдасына жасалған шарт — бұл тараптар несие берушіге емес, шартта
және борышқордан міндеттемені өзінің пайдасына орындауды талап етуге құқық
бар үшінші жақ үшін жасалған шарт.
Азаматтық кодексте шарттың мынадай жаңа түрлері бар: жария шарт,
қосылу шарты, алдын ала жасалған шарт, аралас шарт.
Коммерциялық ұйыммен жасалған және өз қызметінің сипатына қарай оған
өтінішпен келетін әркімге қатысты жүзеге асырылатын тауарларды сату,
жұмыстарды атқару немесе, қызмет көрсету жөніндегі оның міндеттемелерін
белгілейтін шарт — жария шарт деп танылады. (АК-тін 387-бабының 1-тармағы).
Қосылу шарты — ережелерін тараптардың біреуі формулярларда немесе өзге
стандартты нысандарда белгіленген және басқа тарап оны ұсынылған шартқа
тұтастай қосылу жолы деп қабылдайтын шарт (АК-тін 389-бабының 1-тармағы).
Алдын ала жасалған шарт – әр жақтың алдын ала жасалатын шартта
көзделген жағдайларда мүлік беру, жұмыс орындау немесе қызмет көрсету
туралы болашақта шарт жасауға міндеттенетін келісімі. (АК-тің 390-бабының 1-
тармағы).
Азаматтық кодекстің 390-бабының ережелеріне сәйкес, жасалған негізгі
шарт алдын ала шарт жасаған жақтар үшін міндетті болады. Алдын ала жасасқан
тарап өзі көздеген шартты жасаудан жалтарған реттерде, егер заңдарда немесе
шартта өзгеше көзделмесе, осы арқылы келтірілген залалды екінші тарапқа
өтеуге міндетті (АК-тің 390-бабының 5-тармағы). Егер ниеттер туралы
хаттамада тараптардың оған алдын ала жасалатын шарт күшін беру ниеттері
тікелей көзделмесе, ол азаматтық-құқықтық шарт болып табылмайды, әрі оның
орындалмауы заңдық зардаптарға әкеліп соқтырмайды (АК-тің 390-бабының 7-
тармағы).
Аралас шартта заңда немесе басқа да нормативтік құжаттарда көрсетілген
әр түрлі шарттардың элементтері болады. Тараптардың аралас шарт бойынша
қатынастарына, егер тараптардың келісімімен немесе аралас шарттың мәнінен
өзгеше туындамаса, аралас шартта элементтері бар шарттар туралы заңдардың
тиісті бөліктері қолданылады (АК-тің 381-б.).
Екі немесе одан көп адамның азаматтық құқықтар мен міндеттемелерді
белгілеу, өзгерту немесе тоқтату туралы келісімі шарт деп танылады (АК-ның
378-бабының 1-тармағы).
"Шарт" термині азаматтық заңнамада әртүрлі мәнде қолданылады: өзінен
міндеттеме туындайтын заңдық факты; сол шарттық міндеттеменің өзі; шарттық
міндеттемені рәсімдеген құжат.
Шарт —құқықтық қатынастың туындауына, өзгеруіне немесе тоқтауына негіз
болатын заңдық факт. Сондықтан да, шарт азаматтық құқықтар мен
міндеттемелерді туындататын негіздердің бірі болып саналады (7-бап).
148-баптың 1-тармағына сәйкес мәмілелер бір жақты және екі немесе көп
жақты (шарттар) болуы мүмкін. Сол себепті, шарт мәміле болып табылады және
шартқа екі және көп жақты мәмілелер туралы (373-баптың 2-тармағы), атап
айтқанда, мәміленің формасы және оны тіркеу туралы, мәмілені заңсыз деп
тану туралы және т.б. ережелер қолданылады. "Бір жақты және көп жақты
мәмілелер" ұғымын "бір жақты және өзара шарттар" ұғымынан ажырату керек.
Бір жақты мәміле шартқа жатпайды, себебі мәмілені жасау үшін тараптардың
келісімі керек емес, бір жақтың ерік білдіруі жеткілікті. Шарттың басқа
мәмілелерден және басқа заңдық фактылардан айырмашылығы сол, шарт дегеніміз
тараптардың келісімі. Сондықтан, 148-баптың 3-тармағына сәйкес, шарт жасасу
үшін екі тараптың (екі жақты мәміле) не үш немесе одан да көп тараптың (көп
жақты мәміле) келісілген ерік білдіруі қажет.
Шарттардың басым көпшілігі екі жақты мәміле болып табылады, себебі
шарттан, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастары туындайды, ал міндеттеме
үшін мүдделері қарама-қарсы екі тарап болуы керек: біреуінде талап ету
құқық (несие беруші), екіншісінде — сол құқыққа икемделген міндет
(борышкер) болады.
Бірлескен қызмет туралы шарт көп жақты мәмілеге мысал бола алады (АК-
ның 228-бабы).
Бұл шарттың ерекшелігі сонда, оның тараптары ортақ шаруашылық мақсатқа
қол жеткізу үшін бірлесіп әрекет жасауға келіседі және осы қызметтің
нәтижесінде ортақ меншік пайда болады. Бірлескен қызмет (жай серіктестік)
туралы шарттың "Міндеттемелік құқық" туралы бөлімде емес, меншік құқығына
арналған бөлімде, ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы бекерден
бекер емес (АК-ның 228-бабы).
Көп жақты шарттарға, әдетте, шарт туралы жалпы ережені қолдануға
болады. Дегенмен, көп жақты шарттардың жоғарыда айтылған ерекшеліктеріне
байланысты кейбір нормаларды қолдануға болмайды. Атап айтқанда, жария шарт
туралы (387-бап), үшінші жақтың пайдасына шарт туралы (391-бап) ережелерді
көп жақты шартқа қолдануға бола қояр ма екен, шарт жасасу туралы нормаларды
қолдануда да қандай да бір ерекшелік болуға тиіс.
"Шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық
қатынастар туындауы мүмкін" (379-баптың 1-тармағы) деген ережені Қазақстан
Республикасының Азаматтық кодексіне кіргізу елеулі жаңалық болып табылады.
Бұл ереже бұрынғы заңнамада болмаған. Ол ТМД-ға мүше басқа елдердің
Азаматтық кодекстерінде жоқ.
Азаматтық-құқықтық шартты, әдетте, міндеттемелік құқық қатынастарымен
байланыстырады. Көбіне солай да. Бірақ, міндеттемелік құқық қатынастарының
ауқымына зорға сиатын құқықтық қатынастар да бар. Мысалы, бірлескен қызмет
туралы шарттан ортақ меншік объектісін бірлесіп иелену және пайдалану
жөнінде оның қатысушылары арасында қатынастар туындайды, ал олар
міндеттемелік емес заттық салыстырмалы құқық қатынастары болып табылады
(ортақ меншіктің қатысушылары мен барлық басқа адамдар арасында болатын
заттық абсолюттікке қарағанда).
Шарттан авторлық қатынастар (бірлескен авторлар арасында),
өнертапқыштық қатынастар (бірлескен өнертапқыштар арасында) және т.б.
туындаған жағдайда осылай бағалауға болады.
Құқықтық қатынастар кешені (заттық және міндеттемелік) заңды тұлғаның
пайда болуына негіз болатын құрылтай шартынан туындайды (41-бап).
Шарттан туындайтын міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ереже
қолданылады (268-377-баптар), себебі АК-ның шарттар туралы жалпы ережеге
арналған 22-тарауының баптарында және шарттардың АК-да көрсетілген кейбір
түрлері жайындағы ережеде (379-баптың 2-тармағы) өзгедей көзделмеген.
379-баптың 2-тармағы міңдеттеме тек шарттан ғана емес, басқа заңдық
фактылардан да туындайды дегенге сүйенеді. Сондықтан, шарттық
міндеттемелерге міндеттемелер туралы жалпы ережені қолдану АК-ның шарттар
туралы нормаларымен шектелуі мүмкін. Мысалы, талапқа көну және борышты
аудару туралы кейбір ережелер (339-348-баптар) шарттардың кейбір түрлерінде
(лизинг, факторинг) басқаша шешіледі. Яғни, шарттардың осы түрлері туралы
нормалар қолданылады.
АК-ның 379-бабының 3-тармағына басқа формула енгізілген: шарттан
(бірлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқа)
туындайтын заттық, авторлық немесе өзгедей (міндеттемеліктен басқа)
құқықтық қатынастарға, егер заңнамадан, шарттан немесе құқықтық
қатынастардың мәнінен өзгедей туындамаса, АК-ның 22-тарауының баптары (Шарт
ұғымы және оның ережелері) қолданылады.
Мысалы, бірлескен қызмет туралы шарттың немесе құрылтай шартының
мәнінен шарт жасасумен, оны өзгертумен және бұзумен байланысты көптеген
ерекшеліктер туындайды, олар АК-ның 2 және 12-тарауларында немесе шартта АК-
ның 22-тарауына қарағанда басқаша шешіледі.
АК-ның 379-бабы заттық, авторлық немесе шарттан туындайтын өзгедей
құқықтық қатынастарға міндеттемелер туралы ережелерді қолдану туралы
мәселені шешпейді, мұны АК-дағы елеулі олқылық деп санауға болады.
Заңнамада немесе шартта тікелей реттелмеген мәселелер бойынша мұндай
құқықтық қатынастарға заңның ұқсастығы бойынша міндеттемелер туралы
ережелер қолданылады (5-баптың 1-бабы).
Шарт еркіндігі. Азаматтар мен заңды тұлғаларға шарт жасасуда еркіндік
берілген. АК-да, заң құжаттарында немесе өз еркімен қабылдаған
міндеттемеде, шарт жасасу міндеті көзделген жағдайларды қоспағанда, шарт
жасасуға мәжбүрлеуге жол берілмейді (АК-ның 380-бабының 1-тармағы).
Шарт еркіндігі туралы норма 8-баптың азаматтар мен заңды тұлғалар
өздеріне берілген азаматтық құқықтарды өз қалауынша пайдаланады деген
ережесіне негізделген.
Шарт еркіндігі АК-да бекімін тапқан кәсіпкерлік қызмет еркіндігімен
және тұтынушылардың тауарлар иеленуге, жұмыстар мен қызметтер пайдалануға
шарт жасасу еркіндігіне құқықмен үйлестікте болады (10-бап).
380-баптың ережесі мүлде жаңа, себебі жоспарлы бөлу экономикасында
шарт еркіндігі болмады, барлығын жоспарлы қорлар мен бөліп тарату анықтады,
соларға сәйкес шарттар жасалынды. Шарттарда формальдық сипат болды, ең
басты маңыздылық жоспарлық актілерге берілді. Мұның барлығы заңнамада, оның
ішінде Азаматтық кодексте мұқият реттелді.
Қазір шарт жасауға мәжбүрлеу айрықша жағдайларда ғана болады.
Міндетті түрде шарт жасасу туралы ережелер АК-ның арнайы бабында
жинақталған (АК-ның 399-бабы).
Шарт жасасу міндеті АК-да, егер мұндай шарт жария шарт болса,
коммерциялық ұйым үшін көзделген (387-бап).
Сатып алу-сату шартын жасасу міндеті жекешелендіру туралы жарлықтың 14-
бабының 6-тармағында және Мемлекеттік сатып алу туралы Заңңың 23-бабыңда
бекімін тапқан. Мемлекеттік мүлікті сатушы мен мемлекеттік мүлікті сату
жөніндегі ашық сауданың жеңімпазы осындай шарт жасасуға міндетті.
Шарт жасасу міндеті еркімен қабылдаған міндеттемеден туындайтын
жағдайларға алдын ала шарт жасасу жатады (АК-ның 390-бабы).
306-баптың 1-тармағына сәйкес, кепіл ұстаушыға оның иеленуіне берілген
кепілге салынған мүлікті сақтандыру міндеті шартпен немесе заң актілерімен
жүктелуі мүмкін. Кепіл берушінің пайдалануында қалатын кепіл мүлкін
сақтандыру кепіл берушіге жүктеледі.
Шарт еркіндігі принципі тараптардың заңдарда көзделген шартты да,
көзделмеген шартты да жасаса алатындығынан көрініс табады (380-баптың 2-
тармағы). АК-ның Ерекше бөлімі баптарының басым көпшілігі заңнамада
көзделген шарттарға арналған. Айта кететін бір жағдай — 380-баптың 2-
тармағыңда әңгіме заң актілері жайында емес, заңнама жайында, сондықтан
шарттардың жаңа түрлерін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары және
ондай құқық берілген мемлекеттік органдар белгілей алады. Ондай шарттардың
мысалы ретінде толлинг операцияларын жүргізу туралы шартты алуға болады.
Тараптар заңда көзделмеген шарттарды да жасаса алады. Бұл ереже
туындайтын жалпы ережеде "азаматтық құқықтар мен міндеттер заңнамада
көзделген негіздерден, сондай-ақ, азаматтар мен заңды тұлғалардың
әрекеттерінен пайда болады, өйткені ол әрекеттер азаматтық заңнамада
көрсетілмегенімен, олардың жалпы негіздері мен мәні азаматтық құқықтар мен
міндеттерді тудырады" делінген (7-бап).
Бұл ереже азаматтық құқықтың жалпы бастауына негізделген, ол
жаратылысынан диспозитивті және бар қатынастарды да, болашақта болуы мүмкін
қатынастарды да реттеуді көздейді.
Бұл қазіргі Қазақстан экономикасының өтпелі кезеңі үшін аса маңызды,
себебі күніге бір жаңа шарттың пайда болатынын көріп отырмыз.

1.2 Шарттың мазмұны мен формасы

Заңдық факт деп саналатын шарттың мазмұнын оны жасасқан кезде тараптар
құрастырған ережелер жиынтығы құрайды.
Шарт ережелерін, егер тиісті ереженің мазмұны заңнамамен міндеттелген
болмаса, тараптар өз қалауларымен анықтайды.
Шарт ережелерін анықтаудың жалпы принципі шарт еркіндігінен туындайды.
Тараптар шарттың заңнамада тікелей тыйым салынғанынан басқа кез келген
ережені анықтауға құқылы.
АК-ның 382-бабының 1-тармағында императивтік және диспозитивтік
нормалар арасындағы айырмашылық көрсетілген.
Тиісті ереженің мазмұны заңда тікелей міндеттелген болса (императивтік
норма), тараптар оны өзгертуге құқылы емес. Олар ол нормаларды шартта
қарастыруы да, қарастырмауы да мүмкін, бірақ оған қарамастан олар оны заңда
көрсетілген қалпында орындауға міндетті (383-бап).
Мысалы, 282-бапта ақша міндеттемесі Қазақстан аумағыңда теңгемен
көрсетілуге тиіс делінген. Немесе, 304-бапта ортақ меншік болып табылатын
мүлік кепілге тек барлық меншік иелерінің келісімімен ғана берілуі мүмкін
деп көрсетілген. Сондықтан да, шарттың тараптары (заңда көзделмегеннен
басқа реттерде) есеп-қисапты доллармен жасау туралы немесе мүлікті кепілге
басқа меншік иелерінің келісімінсіз беру туралы ережені шартта көрсете
алмайды.
Егер шарт ережелерінде диспозитивтік норма кезделген болса тараптар
оны қолданбауға немесе одан өзгеше ереже белгілеуге құқылы.
Мысалы, АК-ның 285-бабына сәйкес екі немесе бірнеше әрекеттің бірін
жасауға міндетті борышкерге, егер заңнамадан немесе міндеттеменің
шарттарынан өзгеше туындамаса, таңдау құқығы беріледі. Сондықтан тараптар
балама міндеттемені орындаудың өзге тәртібін қарастыра алады.
Егер тараптар шартта осы ережеге қатысты ешнәрсе қарастырмаған болса,
онда заңмен белгіленген норма қолданылады.
Азаматтық заңнамада императивтік нормалар көп емес. Олардың басым
көпшілігі диспозитивтік нормалар. Ол шарт еркіндігіне сүйене отырып
тараптардың оның барлық ережелерін өздері анықтай алатындығымен байланысты.
Тараптар шартта кез келген жағдайды қарастыруға құқылы, егер олар оны
істемесе (білместіктен немесе көңіл аудармай), онда диспозитивтік нормалар
қолданылады.
Қандай да бір ережені тараптардың өздері де, диспозитивтік нормалар да
қарастырмаған жағдайлар кездесуі мүмкін. Ондай, іскерлік айналым дағдысы
бар болып, оны дәлелдеу мүмкін болса, сол жағдайда дағды басшылыққа
алынады.
Дегенмен, мұндай жағдайлар өте сирек кездеседі және әрқашанда дау
туғызады. Бұған байланысты дауларды сот шешеді.
Шарттың елеулі ережелері. Шарт дегеніміз екі немесе бірнеше адамның
келісімі, екі немесе бірнеше адамның келісіп ерік білдіруі. Әр шартта
көптеген ережелер болуы мүмкін, олардың ішінен, егер келісілмесе шарт
жасалды деп саналмайтындарын бөліп алу қажет. Бұл — шарттың елеулі ережесі.
АК-ның 393-бабына сәйкес, тараптар арасында шарттың барлық елеулі ережелері
бойынша тиісті жағдайларда талап етілетін формада келісімге қол жеткен
кезде шарт жасалынды деп есептелінеді.
393-бап елеулі ережелердің тізбесін бермейді, тек жалпы тәртіпте
олардың нышандарын атап етеді.
Ережелердің елеулі болып табылатын үш тобын бөліп алуға болады, олар:
1) шарт нысаны туралы ережелер. Шарт нысаны анықталмайынша бірде бір
шарт жасалған болып саналмайды;
2) заңңамада елеулі деп танылған ережелер. Мысалы, брокер-диллер мен
оның клиенті арасында жасалған брокерлік шартта мыналар болуға тиіс:
а) шарт нысаны: номиналдық ұстаушы ретіндегі клиенттің тапсырмасы
бойынша брокер-диллердің өз қызметін жүзеге асыруы;
б) тараптардың, оның ішіңде брокер-диллердің, клиенттің есепшоты
туралы коммерциялық құпияны сақтау міндетемесін қоса алғандағы, құқықтары
мен міндеттері;
в) брокер-диллердің қызметін төлеудің мөлшері мен тәртібі;
г) брокер-диллердің клиент алдында есеп беруінің формасы мен
кезеңділігі;
д) тараптардың шарт ережелерін бұзғандық үшін жауаптылығы;
е) бағалы қағаздар бойынша табыс алудың, және оны клиенттің есепшотына
аударудың, сондай-ақ ақша қаражатын клиенттің бұйрығы бойынша төлеудің
шарттары мен тәртібі (Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 наурыздағы
"Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілелерді тіркеу туралы"
Заңы);
3) шарттардың осы түрі үшін қажетті ережелер, мысалы, мүлікті жалдау
шартындағы жалдау ақысының мөлшері;
4) тараптардың біреуінің арызы бойынша оған қатысты келісім болуға
тиіс ереже. Мысалы, жүк алушы шартта жүкті темір жолмен емес су көлігімен
жеткізу туралы ереже болуын талап етеді.
Ондай елеулі ережелер болмағандықтан немесе ондағы ережелер бойынша
келісімге келмегендіктен шарттың заңсыз деп танылуы мәмілені заңсыз деп
танығандағыдай салдарларға әкеледі (АК-ның 157-бабы).
Елеуліден басқа шарттың дағдылы және кездейсоқ ережелерін бөліп алуға
болады. Олардың ерекшелігі соңда, бұл ережелердің болған-болмағандығы
шарттың заңдық іс күшіне әсер етпейді. Дағдылы ережелер Заңнамада
шарттардың осы түрі үшін дағдылы деп көзделгендіктен қолданылады, және олар
шартта бар-жоғына қарамастан қолданылады. Мысалы, баға туралы ереже. Егер
тараптар шартта шарт бағасын келіспесе, онда заң актілерінде көзделген
жағдайларда, уәкілетті мемлекеттік органдар белгілейтін немесе реттейтін
бағалар (тарифтер, бағалау, ставка және т.б.) қолданылады. Ал, ақылы шартта
баға қарастырылмаған болса және оны шарт ережелеріне сүйене отырып анықтау
мүмкін болмаса, шартты орындау шарт жасасқан кезде осыған ұқсас
жағдайларда, әдетте, осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшін алынатын
баға бойынша жүргізілуі тиіс деп есептеледі (АК-ның 385-бабы).
Дағдылы ережелер, негізінен, дипозитивтік нормаларда көзделеді және ол
шартқа ондағы бұл ережелер қандай да бір себептермен шешілмей қалғанда
қолданылады.
Кездейсоқ ережелер шарттың бұл түріне тән емес және шартқа тараптардың
өзара келісімі бойынша кіреді (мысалы, сатып алу-сату шартының нысанын
сатып алушыға беру тәртібі туралы ереже, мердігерге жұмысты мерзімінен
бұрын орындағаны және оның айрықша сапасы үшін қосымша сыйақы беру туралы
ереже және т.б.). Бұл ережелердің бар-жоғы шартты жасалған деп тануға еш
ықпал етпейді.
Дағдылы ережелерге шарттың үлгі ережелерін жатқызуға болады. Үлгі
ережелер шарттардың тиісті түрі үшін жасалынады және баспасөзде жариялануы
тиіс (АК-ның 388-бабы).
Үлгі ережелерді тараптардың біреуі дайындаған шарттардың үлгілерінен
бөліп қарау керек. Өнім өндіретіндер, жұмыс, қызмет орындайтындар, әдетте,
өз клиенттеріне шарт жобасын ұсынады. Үлгі ережелер, әдетте Үкімет
бекітетін және өзінде міндеттеу күші болатын типтік шарттардың ережелерінен
де басқа.
Үлгі ережелерінің мысалы ретінде Мұнай туралы заңның 26-бабында және
Жер қойнауы жене жер қойнауын пайдалану туралы жарлықтың 1-бабында
көзделген Модельдік контрактыны алуға болады. Моделдік контракт Үкімет
бекітетін үлгі контракт ретінде анықталған, онда шарттардың кейбір
түрлерінің ерекшеліктері немесе жер қойнауын пайдаланудың кейбір
операцияларын жүргізудің ерекшеліктері көрініс табады және ол шарттар
жасаудың үлгісі ретіңде пайдаланылады.
Үлгі ережелері қолданылуы үшін олар шартта көрсетілуі тиіс. Егер ондай
сілтеме болмаса, үлгі ережелері іскерлік айналым дағдысы ретіңде ғана
қолданылады. Бұл ретте, АК-ның 3-бабына сәйкес, мұндай дағдылар заңнамаға
қайшы келе алмайды, ал АК-ның 382-бабына сәйкес олар тараптар арасындағы
қатынастарға да қолданатыңдай болуға тиіс.
Шарт күшінде болған кезде оның ережелерін түсіндіру, яғни шартқа
түсініктеме беру қажеттігі жиі туындайды. 392-баптың 1-тармағына сәйкес,
сот шарт ережелерін түсіндірген кезде ондағы сөздер мен сөйлемдердің сөзбе-
сөз мәні қабылданады. Шарт ережесінің сөзбе-сөз мәні түсініксіз болған
жағдайда, ол бүкіл шарттың басқа ережелерімен және мағынасымен салыстыру
арқылы анықталады.
Егер осы көрсетілген ережелермен шарт мазмұнын анықтау мүмкін болмаса,
АК-ның 392-бабының 2-тармағына сәйкес, шарт мақсаты ескеріле отырып,
тараптардың шын мәніндегі ортақ еркі анықталуға тиіс. Бұл орайда шарт
жасасу алдыңдағы келіс сөздер мен хат алмасу, тараптардың өзара
қатынастарында орныққан тәжірибе, іскерлік қызмет дағдысы, тіптен олардың
мінез-құлықтары да назарға алынады.
АК-ның 392-бабына сай түсініктемені азаматтық заңнама нормаларына АК-
ның 6-бабына сай түсініктеме беруден ажырату керек.
Шарттың қандай да бір ережесін түсінуде тараптар арасыңда қайшылық
туындаса, онда шартқа сай түсініктеме беріледі. Ал сотқа кең өкілеттік
берілген: ол шарттың мәтіні мен оның мазмұнына ғана сүйеніп қоймайды,
тараптардың пиғылын білу үшін шарт шегінен шығып та кете алады. Ондай
жағдайға сот шарт мәтіні төңірегіндегі талқылау нәтиже бермегенде барады.
Шарт ережелерін әрқилы ұғынбау үшін көптеген ірі шарттарда олардың
кейбір ережелерін қалай түсіну керектігі арнайы көрсетіледі.
Шарт формасы мәмілелер формасы туралы ережеге сәйкес анықталады (АК-
ның 151-155-баптары). Заңнама бойынша шарттың бұл түрін нотариалдық
куәландыру қажет болмаса да шарттың нотариалдық куәландырылуын тараптар
өздері қарастыруы мүмкін. Бұл ретте мәміленің нотариалдық формасы туралы
ереже елеуліге айналады. Егер тараптар белгілі бір формада шарт жасасуға
уағдаласса, заң бойынша шарттардың осы түрі үшін бұл форма талап етілмесе
де, шарт оған уағдаласқан форма берілген кезден бастап жасалды деп
есептеледі (394-баптың 1-тармағы).
Шарттың жазбаша формасының сақталғаны бір құжат жасау немесе хат,
телеграмма, телефонограмма, факс сияқты құжаттар алмасу арқылы расталынады
(АК-ның 152-бабын қараңыз).
АК-ның 394-бабының 2-тармағына сәйкес, оферта алған адамның шарттың
офертада көрсетілген талаптарды (тауарлар жіберу, қызмет көрсету, жұмыс
орындау және т.б.) орындау жөнінде конклюденттік әрекеттерді жазбаша
формада жасауы шарттың жазбаша формасына теңестіріледі. Мұндай әрекеттерді
жазбаша форманы сақтау деп тануға тыйым салу заңнамада немесе офертада
белгіленуі мүмкін (АК-ның 396-бабының 3-тармағы).

1.3 Шарт жасасудың құқықтық жағдайы

Шарт жасасудың кезеңдері, оның құқықтық жағдайына алып келеді.
Азаматтық заң бойынша шарт жасасу екі кезеңнен тұрады: шарт жасасуға ұсыныс
(оферта) және ол ұсынысты басқа тараптың қабыл алуы (акцепт). ұсыныс
жасаған тұлға оферент деп, ал ұсынысты қабыл алған тарап акцептант деп
аталады.
Заңға сәйкес, офертада бірашама нышандар болуға тиіс. Біріншіден, ол
анық және тұлғаның шарт жасасуға аса ниеттілігін білдіруге, екіншіден,
мүмкіндігінше толық, яғни шарттың елеулі ережелерінің барлығын қамтуға,
үшіншіден, белгілі бір тұлғаның атына бағытталған болуы тиіс. Егер ұсыныс
жалпыламай жасалса (мысалы, азамат "Караванда" пианиносын сатамын деп
хабарландыру береді), ол оферта емес, тек оферта жасауға шақыру. Сондықтан,
мұндай хабарландыру, оны жасаған адамға шарт жасасу міндетін жүктемейді.
Бұл ретте сол хабарландыруға үн қатқан адамдардың ұсынысы оферта болады.
Ал, түскен ұсынысты қабылдау-қабылдамау сатушының өзіне байланысты.
Шарт жасасу қандай да бір тараптың міндеті емес, офертаны олардың кез
келгені жібере алады.
АК-ның 395-бабы "Оференттің байланыстылығы" ұғымын енгізді. Бұл шарт
әлі болмаса да, белгілі бір міндеттемелердің туындағанын білдіреді. Ол
адресат офертаны алған кезден акцеп немесе акцеп үшін белгіленген мерзім
өткен кезге дейін туындайды.
"Оферент байланыстылығы" ұғымынан "офертаның қайтарып алынбайтындығы"
ұғымы туындайды. Оферент орфертамен байланысты болатын мерзім өткенше ол
офертаны қайтарып ала алмайды және оның ережелерін өзгерте алмайды. Бұл
ережені бұзу екінші тараптың офертаны қайтарып алудан көрген шығынын өтеу
міндетінің туындауына әкеп соғады.
Сонымен қатар, офертаның қайтарып алынбайтындығы туралы ереже
диспозитивтік болып табылады. Егер ондай мүмкіндік офертаның өзінде айтылса
не ұсыныстың мәнінен немесе ол жасалған жағдайдан ондай мүмкіндік туындаса
офертаны қайтарып алуға болады.
Заңда оферта емес, тек офертаға шақыру болып табылатын жарнама мен
жария оферта арасындағы айырмашылық көрсетілген. Жалпыламай жасалған ұсыныс
пен барлығына және әркімге арнап жасалған ұсынысты айыра білу керек.
Жария офертаны өзінің қызметінің сипаты жағынан мүмкіндігінше көп
адамға ұсыныс жасауға міндетті адамдар мен ұйымдар жасайды. Мысалы,
витринаға немесе сатып алушылар өзіне өзі қызмет көрсететін залға бағасы
көрсетілген тауарлар қойып қойған дүкен оферент болып саналады. Сол тауарды
сатып алуға ұсыныс жасаған кез келген адам акцептант болып табылады.
Сондықтан, тауар тұрған кезде дүкен өз офертасымен байланысты болады және
тауарды сатудан бас тарта алмайды.
Тауар жаймада жоқ болса, сатушы оны витринадан алып сатуға міндетті.
Ұсынысты жария оферта деп тану үшін мынадай белгілер болуға тиіс:
1) одан тұлғаның шарттық қатынастарға баруға ерікті екендігі сезілуі
тиіс;
2) ол шарттың барлық елеулі ережелерін қамтуы тиіс;
3) тұлғаның шарттық қатынастарға еркімен баруы бұл ұсынысқа үн
қатқандардың барлығына қатысты болады.
Сонымен, егер дүкен қандай да бір тауардың бар екендігі жайында
жарнама берсе – ол офертаға шақыру; егер дүкен тауарын витринаға қойса – ол
жария оферта.
Оферта жолданған жақтың оны қабылдағаны туралы жауабы акцепт деп
танылады.
Акцептанттың өзінің офертамен толық және сөзсіз келісетіндігін
білдірген жауабы ғана акцепт деп саналады. Мысалы, акцептант өзіне
жолданған жобаға сөзсіз және өзгертусіз қол қояды. Шарт ережелерінен бас
тарту немесе өз ережелерін ұсыну, ережелерді өзгерту немесе оларға
толықтыру енгізу, келісімнің анықталмағандығы акцепт болып табылмайды, одан
шарт тумайды және ол не шарт жасасудан бас тарту немесе жаңа оферта
ұсынғандықтан болады.
Бұрынғы заңнамада үндемейтін акцепт арқылы шарт жасасуға жол берілген
еді, яғни, егер белгілі бір мерзім өткенше басқа тарап шарт жасасудан бас
тартатынын хабарламас бұрын шарт жасалды деп саналатын. АК-нің 396-баптың 2-
тармағы кері жүреді: үндемей қою акцепт емес. Бірақ бұл норма диспозитивтік
болып табылады.
Мысалы, банктердің корреспонденттік есепшоттары бойынша есеп-қисап
операцияларын электрондық хабарламалар түрінде жүргізуді белгілейтін
банкаралық келісімдерде егер ондай хабарлама келіп түскеннен кейін белгілі
бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіп түскеннен кейін
белгілі бір мерзім өткенше корреспондент ол хабарламаға келіспейтінін
білдірмесе, ұсыныс қабылданған болып саналады делінген.
Акцепт ауызша немесе жазбаша формадағы мәлімдеу немесе үндемей қою
түрінде ғана емес, конклюденттік әрекеттер жасау, яғни тауарлар жіберу,
қызмет көрсету, тиісті сомада ақша төлеу және т.б. түрде де болады. бірақ
бұл әрекеттерден офертаны сөзсіз қолдау сезіліп тұруы тиіс және бұл
әрекеттер өзінің акцепті үшін оферта белгілеген мерзімде жасалуы керек.
Оферта сияқты акцепт те, ол оферентке барып жеткенше қайтырылып алынуы
мүмкін, оның акцептантқа еш салдары болмайды. Мысалы, акцептант оференттен
алған шарт жобасына қол қойып, оны почтамен жібереді, бірақ кейін өзінің
акцепттен бас тартатындығын оферентке телеграммамен немесе факспен хабарлай
алады.
Оферент акцепті алғаннан кейін шарт жасалған болып саналады, оны
шартты бұзудың жалпы ереже бойынша ғана ғана тоқтатуға болады.
Шарт жасасу тәртібі. Шарт жасасу ұсынысы сол жерде бар контрагентке
тез жауап беруге болатын жағдайларда; ол жерде жоқ контрагентке жауап алу
үшін қалайда қажет болатын жағдай жасалады. Мерзім көрсетілген ұсыныс
ауызша да, жазбаша да жасалуы мүмкін. Жауап күтетін мерзімін ұсынушының өзі
анықтағандықтан (пианино сатып алыңыз, жауабын 2 апта күтемін), ол сол
мерзіммен байланып қалады, және өз ұсынысынан бас тарта немесе оның
мазмұнын өзгерте алмайды. Мерзім өткенге дейін ұсынысынан бас тартса
оферентке екінші тарапқа келген шығынды өтеу түрінде теріс салдар келеді.
Жазбаша офертада акцепт үшін мерзім көрсетілмесе шарт жасалған болып
саналады, егер акцепті оферта жолдаған адам заңнамада белгіленген мерзім
аяқталғанша, егер ондай мерзім белгіленбеген болса – ол үшін жеткілікті
уақыт ішінде алған болса. Ал оферта акцепт үшін мерзім көрсетілмей ауызша
жасалса, басқа тарап өзінің акцепті жайында тез мәлімдеген жағдайда шарт
жасалған болып саналады.
Оферта үшін тағайындалған мерзім (немесе ұсынысқа жауап алу үшін
қажетті уақыт) өткен жағдайда офертаның күші жойылады, оферент өз ұсынысы
бойынша міндеттемеден босанады. Сондықтан, ұсыныс алған адам тағайындалған
мерзім өткеннен кейін ұсынысты қабылдауға шешім етсе, ол енді акцептант
емес, жаңа оферент болады. Жаңа құқықтық қатынастар туындайды, оған шарт
жасасудың жоғарыда қарастырылған барлық ережелері таралады.
Жауаптың кешігуі акцептанттың кінәсінен емес, уақытылы жіберілген
жауапты дер кезінде жеткізбеген байланыс бөлімінің кінәсінен болған
жағдайда, оференттің де, акцептанттың да кінәсі жоқ, сондықтан заң екі
тараптың да мүдделерін қорғайтын шаралар қарастырады.
Оферент, жауап ала алмағандықтан, басқа адаммен шарт жасасуы мүмкін.
Ол оның құқығы, себебі оферент өз ұсынысымен байланып тұрған жоқ. Ал,
жауапты дер кезінде жіберген акцептант та, мерзімнің өтіп кеткенін білмей,
шартты орындау үшін өз тарапынан әрекет жасауы мүмкін (көлік дайындауы,
басқа зат іздеуді тоқтатуы және т.б.). Сондықтан оферент мұны істемесе
жауап кешіккен деп саналмайды, яғни шарт жасалған болып табылады, және
шартты орындаудан бас тартса оферент акцептантқа келген шығынды өтеуге
міндетті.
Мысалы, И. 1 сәуірде М-ге пианино сатамын деп ұсыныс жіберді, жауап
беруіне 30 күн мерзім тағайындайды. 10 сәуірде М. өзінің келісетіндігін
жазып хат жібереді, бірақ ол хат байланыс бөлімінің кінәсінен едәуір
кешігіп келді (10 мамырда). Жауап келмеген соң И. 5 мамырда пианиноны Н-ге
сатады, ал М-нің хатын алғаннан кейін оған пианиноны сатып жібергендігін
хабарлайды. 15 мамырда М. Көлік жалдап пианиноны алуға келді. Ол көтерген
шығынның бәрін М. өтеуге міндетті.
Шарт жасасу процедурасы екінші тараптың (акцептанттың) ұсынысты
оферент белгілеген ережелер бойынша ғана қабылдауын көздейді. Егер ол
ережелерді акцептант қабылдамайтын болса шарт жасалмаған болып табылады,
барлық процедура қайта басталады. Сондықтанда ережеге қандай да бір өзгеріс
енгізу жаңа ұсыныс жасау болып табылады. Алғашқы оферент акцептантқа
айналады, жаңа ұсынысты қабылдауға да, шарт жасасудан бас тартуға да оның
құқығы бар, немесе ол жаңа ұсыныс жасап қайтадан жаңа оферентке айнала
алады. Ол шарт жасалғанша немесе тараптар өздерінің бос әурешілігін
түсінгенше жалғаса береді.
Шарт жасасатын жер. Егер шартта оны жасасатын жер көрсетілмесе, шарт
азаматтың тұрғылықты жерінде немесе оферта жіберген заңды тұлғаның
орналасқан жерінде жасалған болып танылады.
Шарт жасасқан жерді анықтаудың сыртқы экономикалық шарттар жасасқанда
маңызы зор. Мұндай жағдайларда заң, әдетте, егер келісімде басқадай
көрсетілмесе, мәміле формасының ол жасалған жердің құқығын бағынатындығын,
ал тараптардың құқықтары мен міндеттерінің мәміле жасалған жердің құқығы
бойынша анықталатындығын белгілейді.
Азамат тұрақты немесе көбінесе тұратын елді мекен оның тұрғылықты жері
деп танылады.
Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс істейтін органы тұрған жер оның тұрған
жері болып табылады.
Азаматтық заңнаманың негізгі принципі шарт бостандығы болғанмен, заңда
және басқа заң актілерінде тікелей көзделсе ғана шартты міндетті түрде
жасасу мүмкіндігі қарастырылған.
Мұндай жағдайлар көп емес. Мысалы, жария шартты және алдын ала шартты
атауға болады. Өзге заң актілерінде белгіленген жағдайлар ішінен
мемлекеттік кәсіпорындардың мемлекеттік тапсырысты орындауын алуға болады.
Міндетті түрде шарт жасасудың екі нұсқасы бар: шарт жасасу акцептант
үшін міндетті болғанда; шарт жасасу оферент үшін міндетті болғанда.
Бірінші нұсқада шарт жасасу міндетті болатын тарап екінші тараптан
оферта алғаннан кейін, сол алған күннен бастап отыз күн ішінде екінші
тарапқа акцеп туралы, не одан бас тарту туралы, немесе офертаның өзге
жағдайлардағы (шарт жобасына пікір қайшылығы хаттамасы) акцепті жайында
(шарт жобасы) хабар жіберуге тиіс.
Оферта жіберген тарап, бұл жағдайда, шарт жасасқанда туындаған пікір
қайшылығын ондай хабар алғаннан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мәміле ұғымының қоғамдағы маңызы
Шарт ұғымы және оның түрлері
Шарт ұғымы
Шарт ұғымы және оның ережелері
Прокат шарты
Шарт туралы жалпы ережелер және жалдау шарты
Үшінші жақтың пайдасын жасалатын шарт
Үшінші жақтың пайдасына жасалатын шарт
Шарттың ұғымы мен оның маңызы
Шарттың жалпы ережелері
Пәндер