Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
ӘОЖ 373.1.02:37.035.4:34(574)15 Қолжазба құқығында

НУКЕТАЕВА ДИНАР ЖУСУПАЛИЕВНА

Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
беру

13.00.01. – Жалпы педагогика, педагогика және білім тарихы,
этнопедагогика

Педагогика ғылымдарының кандидаты
ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған

АВТОРЕФЕРАТЫ

Қазақстан Республикасы
Алматы, 2010

Жұмыс Абай атындағы Қазақ Ұлттық университетінде орындалған.

Ғылыми жетекшісі: педагогика ғылымдарының докторы
Пірәлиев С.Ж.

Ресми оппоненттері: педагогика ғылымдарының докторы
Әлсатов Т.М.
педагогика ғылымдарының кандидаты
Турганбаева Б.Ш.

Жетекші ұйым: Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік
университеті

Қорғау 2010 жылы 30 желтоқсан сағат 10.00 Абай атындағы Қазақ
ұлттық педагогикалық университетінің педагогика ғылымдарының докторы ғылыми
дәрежесін беру жөніндегі Д14.05.01 диссертациялық кеңесінде өтеді.

Мекен жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, 2 - қабат, мәжіліс
залы.

Диссертациямен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық
университетінің кітапханасында танысуға болады. Мекен жайы: 050010, Алматы
қаласы, Қазыбек би 30, 3 қабат

Автореферат 2010 жылы ___________________таратылды

Диссертациялық кеңестің
ғалым хатшысы:
Көшербаева А.Н.

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Тәуелсіз, егеменді, демократиялық елімізде
құқықтық мемлекет құрудың негізі мектеп табалдырығынан басталады. Құқықтық
мемлекеттің негізгі белгісі азаматтық қоғамды құру үшін қоғам азаматтарының
парасаттылық, әділеттілік қасиеттерімен қатар, санасы мен мәдениетін дамыту
негізінде құқықтық тәрбие беру бірден бір өзекті мәселе болып табылады.
Оқушы жастардың құқықтық тәртібін дамыту үшін олардың құқықтық сауатын
ашқан дұрыс. Сол себепті, оқушылардың құқықтық білімін, сана-сезімін
қалыптастыру ежелгі және көне түркілердің құқық тарихынан бастау
алатындығын негізге алуымыз керек.
Бүкіл әлемнің белгілі бір заңдылықтарымен өмір сүретінін қазіргі заман
ғылымы жан-жақты дәлелдеп отырғаны мәлім. Соның ішінде бұл заңдылықтар
жастарға құқықтық тәрбие беруде адамзаттың жан дүниесі мен рухани ішкі
өмірін де қамтиды.
Қазақ хандығы кезеңіндегі заңдар жүйесіхатқа түсіріліп, халық арасында
ауызша қалыпта таратылған және оның алдында ханнан бастап жай шаруа
адамдарға дейін тең құқықты болған. Осыған орай ел басы Н.Ә.Назарбаевтың
Тарих толқынында атты еңбегінде Халықтың әлеуметтік этникалық ұжымдық
жадын, дәстүрін сақтап қалып, ұрпақтан-ұрпаққа мұра етіп қалдырудың тұрақты
институттық әлеуметтік механизмдері патриархалдық отбасы, рулық қарым-
қатынастар, дәстүрлі құқық жазылмаған нормалар болып отырады делінген.
Қазақ әдет-ғұрып құқығы – көшпелі халықтың өркениет мәдениеті, әрі
қазынасы. Бұл қазынаны ата-бабамыз ұрпақтан-ұрпаққа қасиеттеп табыстап,
бертінге дейін жоғалтпай келді. Себебі, бұл мұралар тыныс-тіршілігімен
өзектес, өздеріне жақын, қажетсінулерін қанағаттандыра алтын қазыналары
еді.
Қазақ халқы тарих сахнасына шыққалы бері әр-түрлі замандарды басынан
өткізгенімен, ешкімге ұқсамайтын адамдық жақсы қасиеттерін ұлағатты да
адамгершілікке толы ережелерге сиыстырып, өзіндік ерекшеліктерімен
құрастырған. Оның ең бастысы адам құндылығы, әділеттік, теңдік,
адамгершілік нысандары. Осы нысандарды негізге ала отырып мектеп
оқушыларына құқықтық тәрбие беру мәселелері зерттеу жұмысының негізі болып
отыр.
Педагогика саласы бойынша құқықтық тәрбие беру мәселелерін Г.П.Давыдов,
А.Ф.Никитин, В.М.Обухов, А.В.Мицкевич, Л.В.Кузнецова, В.Д.Бабкин,
В.Ф.Яковлев, В.П. Понамарева, А.Н. Аббасов, В.А.Балюк, Л.А. Байсерке,
Р.К.Баймурзаева, Г.М.Дайрабаева, Ә.Табылды, В.В.Берман, И.М. Дарманьска,
Н.Г.Суворова, Г.А.Голубева т.б. зерделесе, заң саласындағы құқықтық білім
мен тәрбие проблемаларын С.З.Зиманов, Ғ.С.Сапарғалиев, А.Қ.Мұхтарова,
З.К.Аюпова, С.И.Корыкбаев, М.В.Лукьяненко, Е.О.Алауханов және т.б.
зерттеген ғыламдардың негізгі мақсаты - құқықтық тәрбие беру арқылы оқушы
жастардың құқықтық білімін, мәдениетін, санасы мен белсенділігін
қалыптастырып жетілдіру арқылы құқықтық мемлекет азаматын тәрбиелеу болып
табылады.
Қазіргі уақытта құқықтық мемлекет құру мақсатында азаматтық қоғамды
жоғары дәрежеде дамыту, жастардың құқықтық сана-сезімі мен құқықтық
мәдениетін қалыптастыру құқықтық тәрбиенің әдіс-тәсілдерімен жүзеге
асырылады. Ал тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті мектеп табалдырығынан
бастау алатын құқықтық тәрбие үдерісінің өтілу сапасына байланысты дамиды.
Құқықтық мемлекеттің азаматын тәрбиелеп, қалыптастыру мәселелерімен
А.С. Макаренко, А.Б.Сейфуллина, А.В.Турлаев, Ж.А.Макатова, С.Ю.Савченко,
Ж.Ыбыраев, Г.О.Медетбекова айналысса, құқықтық сана мен мәдениетті
қалыптастырып, жетілдіруді зерттеген ғалымдар: Е.В.Милова, С.Б.Бейсебаева,
А.О. Бейсембаева, Г.С.Джусуповалар болатын.
Қазіргі уақытта жасөспірімдер арасында әртүрлі құқық нормаларын ұстамау
кездеседі. Оның себебі мектепте құқықтық тәрбиенің талапқа сай жеткіліксіз
жүзеге асу салдарынан қоғамдағы тәртіп бұзылады.
Құқықтық тәрбиенің кемістігінен қылмыстылықты алдын-алу шаралары арқылы
жүргізу мәселелерінің тиімді шешімдерін ұсынған ғалымдар қатарына
Л.К.Керимовты, К.Бегалиевты, Д.Б.Бұғыбайды, В.В.Трифоновты,
А.В.Гаврилинді, Ә.Жұмабаевты, А.Н.Лиді, Г.К.Пралиеваны және Д.Пстронгты
жатқызуға болады.
Жалпы ұлттық тәлім-тәрбиеде, соның ішінде жалпы тәрбие жүйесінде елеулі
орынға ие болатын тәрбиенің бір саласы - құқықтық тәрбие. Бұл салада
С.Қалиев, Т.Әлтасов, А.Қ. Қисымова, С.Е.Жанболатов, Г.Оспанова сынды
қазақтың педагог ғыламдары ұлттық тәрбие жөнінде зерттеу жұмыстарын
жүргіссе, қазақ далсындағы заң жүйесінің тарихын, тәрбиелік маңызы мен
мәнін С.З.Зиманов, М. Есламғалиұлы, Қ.Омарханов, Н.Өсерұлы, С.Өзбекұлы,
Қ.Мәми, Г.Смашова, А.В.Алимбетов, З.Ағдарбекова, Н.Қ.Мыңбатырова,
Р.К.Абилшеева, Ж.Ж.Бақытхожаев, Ш.Қ.Ергөбек, А.Н.Өсерқызы және т.бзаңгер
ғалымдар қарастырған.
Қазіргі заманда мектеп деңгейінде құқықтық тәрбиенің ұлттық
мазмұнындағы тарихи-педагогикалық материалдарды теориялық және әдістемелік
тұрғыдан зерделеу тұжырымдамасының қажеттілігі мен оқушыларды құқықтық
тәрбиелеуде ата-бабамыздың мұрасы болып табылатын ұлы қазақ даласындағы заң
жүйесі элементтерінің мектептердің оқу-тәрбие үдерісінде жеткілікті
қолданылмауы аралығында қарама-қайшылық туындап отырғанын көреміз. Осы
қарама-қайшылықты шешуде адамзаттың өркендеу кезеңінен құқықтық бастау
алатын тәрбие мәселесі қазіргі уақыттағы құқықтық тәрбиемен сабақтастыру
зерттеу тақырыбымызды Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде
оқушыларға құқықтық тәрбие беру деп таңдауға себепші болды.
Зерттеу мақсаты: қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде
оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық негізін және
мазмұнын айқындап, ғылыми әдістемесін жасап, тәжірибелік-экспериментте
тексеріп, қорытындысын шығарып, ғылыми ұсыныстар беру.
Зерттеу нысаны: оқушыларды заң жүйесі негізінде құқықтық тәрбие беру
жүйесі.
Зерттеу пәні: қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға
құқықтық тәрбие беру үдерісі.
Зерттеудің ғылыми болжамы. Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде
оқушыларға құқықтық тәрбие беруге бағытталған педагогикалық үдеріс
төмендегідей ықпалдастықта жүзеге асады егер: қазақ хандығы тұсындағы заң
жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-педагогикалық
негіздері анықталса; мектеп оқушыларына қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі
негізінде құқықтық тәрбие берудің құрылымдық-мазмұндық моделі жасалынып,
өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалса; қазақ хандығы тұсындағы
заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие беру бойынша ғылыми-
әдістемелік ұсыныстар берілсе, онда оқушыларға сапалы құқықтық білім мен
тәрбие берілу арқылы азаматтық қоғамның белсенді, бәсекеге қабілетті
мүшесін қалыптастыруға жағдай туады.
Зерттеу міндеттері:
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудің ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудің мазмұндық-құрылымдық моделін жасау, көрсеткіштері мен өлшемдерін
айқындау;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудің мазмұнын анықтап, оның оңтайлы әдістемесін негіздеу;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
беруде ұсынылған технологияны тәжірибелік-экспериментте тексеру,
қорытынды нәтижесін шығару, ғылыми негізделген ұсыныстар беру, тәжірибеге
ендіру.
Зерттеудің жетекші идеясы. Құқықтық, демократиялық және зайырлы
мемлекеттің білімді, саналы және мәдениетті азаматтық қоғамның жеке
тұлғасын қалыптастырып, дамыту қазіргі қоғамның талабы.
Зерттеудің теориялық және әдістемелік негіздері: жеке тұлға теориясы;
біртұтас педагогикалық үдеріс теориясы; демократиялық қоғамдағы тұлғаның
қалыптасуы туралы ереже; адам өркениетіндегі мемлекет пен құқықтың рөлі;
қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі мен билер институтының тәрбиелік
мүмкіндіктері мен маңыздылығы; әлеуметтік-құқықтық әрекет үдерісіндегі
азамат тұлғасын тәрбиелеу; адамның құқықтары мен бостандықтарын жан-жақты
қорғау жөніндегі бағдарламалық құжаттар; қажетті халықаралық келісімдер;
құқықтық мемлекет азаматтарының толық және бірқалыпты даму мәселелері
жөніндегі мемлекеттік құжаттар.
Зерттеудің көздері: Қазақ хандығы тұсындағы заңдар жүйесі, ҚР
Конституциясы, ҚР-ның Білім туралы Заңы, ҚР Үкіметінің білім саласына
қатысты және ҚР білім және ғылым министрлігінің, әлеуметтік институттардың
нормативтік-құқықтық актілері (қаулылар, жарғылар және т.б.), еліміздің,
шет мемлекеттердің философия, психология, педагогика, заң салалары бойынша
монографиялық зерттеулер, мерзімді басылым ақпараттары, білім мекемелерінің
іс-тәжірибе жұмыстары.
Зерттеу әдістері: философиялық, психологиялық, педагогикалық,
гендерлік, арнайы және оқу-әдістемелік әдебиеттердің жүйелілігі мен
арақатынасы; орта мектеп тәжірибелерін тақырыпқа байланысты талдау;
тәжірибелік сараптама жұмыстары, бақылау, сұрақ-жауап алу, оқушылардың
міндеттемелерін белгілеу.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең (2005-2006жж.) тарихи-педагогикалық материалдарды
теориялық тұрңыдан талдаумен қатар тәжірибелік-ізденіс жұмыстары
жүргізіледі; мектеп оқушыларын құқықтық тәрбиеге баулуда қазақ хандығы
тұсындағы заң жүйеснің мазмұнын анықтап, осы мәселеге байланысты
философиялық, психологиялық, педагогикалық, құқықтық, гендерлік,
әлеуметтану салалары бойынша монографиялық зерттеулер мен диссертациялар,
ғылыми әдебиеттер, мақалалар, сонымен бірге мерзімді баспа материалдарымен
танысып талданды, қорытылды. Тақырыптың теориялық негізі анықталып,
айқындау эксперименті жүргізіліп нәтижелері сарапталды.
Екінші кезең (2006-2008жж.) ғылыми-әдістемелік тұрғыдағы қалыптастыру
экспериментті жүзеге асыруда “ҚР мемлекет және құқық тарихы” атты пән
бағдарламасы құрылып, оқу-әдістемелік кешені жасақталып, тәжірибелік-
эксперименттен өткізіліп, нәтижесі Мектептердің оқу-тәрбие үдерісіне
енгізілді. Орта мектептердегі құқық пәндері бойынша оқу-тәрбие үдерісін
ұйымдастыру арқылы оқушылардың құқықтық білімдерін, іскерліктері мен
дағдылары қалыптастырылды. Құқықтық тәрбие бойынша ғылыми-әдістемелік
ұсыныстар топтамасы жасалды.
Үшінші кезең (2008-2010жж.) арнайы тереңдетілген сыныптарының
оқушыларына құқықтық пәндерін оқытудың бағдарламасын, әдістемелік жұмысын
қамтамасыздандыруын жетілдіру үстіндегі жұмыстары жалғасты. Қазақ хандығы
тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің
әдістемесі сұрыпталды Мектеп оқушыларына құқықтық пәндерден білім беруде
жаңа педагогикалық технологияларын оқыту үдерісіне ендірілді, оқытудың
жалпы педагогикалық технологиясы жетілдіріліп, тәжірибелік экспериментте
тексерілді. Педагогикалық эксперимент нәтижелері қорытындыланды, деректер
статистикалық өңдеуден өтті. Пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтірілді.
Диссертациялық жұмыс талап бойынша дайындалды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы:
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудің ғылыми-педагогикалық негіздері анықталды;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудің мазмұндық-құрылымдық моделі жасалынып, көрсеткіштері мен
өлшемдері айқындалды;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудің мазмұны анықтала отырып, оның оңтайлы әдістемесі негізделді;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
беруде ұсынылған жаңа педагогикалық технологияның нәтижесі тәжірибелік-
экспериментте тексерілді және тәжірибеге ендірілді, қорытынды нәтижесі
шығарылды, ғылыми негізделген ұсыныстар берілді.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Зерттеу нәтижелері бойынша арнайы
сынып оқушыларына арналған “ҚР мемлекет және құқық тарихы” атты пәніне
арналған оқу бағдарламасы жасалынып, оқу үдерісінде қолданылды.
Зерттеу нәтижелерін мектеп оқушыларын құқықтық білім мен тәрбие беруде,
олардың құқықтық мәдениеті мен санасын, белсенділігін арттыру мақсатында
қолдану пайдалы.
Қорғауға мынадай қағидалар ұсынылады:
- ғылымилық, проблемалық оқыту, көрнекілік, саналылық, жүйелілік және
бірізділік ұстанымдарға негізделген қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі
негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің теориялық негіздері;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудің мазмұндық-құрылымдық моделі (мотивациялық, когнетивтік, мазмұндық
және процессуалдық) компоненттерінің даму деңгейінің көрсеткіштері және
тәжірибелік эксперимент нәтижелері;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудің сапасын жетілдіруде құқықтық пәндердің мәні, мазмұны және
құрылымы;
- қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларға құқықтық тәрбие
берудегі құқықтық кәсіби пәндерді оқыту әдістемесі, оқу материалдары және
кешенді түрде (оқу бағдарламалары, оқу әдістемелік құралдар, силлабустар,
әдістемелік нұсқаулар) қамтамасыздандырылуы оқушылардың құқықтық білімін,
заманауи технологияларды меңгеру іскерлігін, дағдысын, біліктілігін
арттырады.
Зерттеу нәтижелерінің мақұлдануы және практикаға енгізілуі.
Зерттеу нәтижелері Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінде “Педагогикалық кадрларды даярлаудың сапасын арттырудағы
инновациялық технология мәселелері және даму ерекшеліктері” және Дүниежүзі
тарихы: зерттеу және оқыту мәселелері атты Нұрпейісов оқулары, Қазақстан
педагогикалық ғылымдар академиясында “Салыстырмалы педагогика Қазақстандағы
және дүниежүзіндегі білім беру жүйелерінің даму тенденциялары” және Абай
атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің хабаршысында,
Ізденіс, Ұлт тағлымы журналдарында жарияланды.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік-эксперимент жұмысы Алматы қаласының № 104
жалпы білім беру және № 175 орта мектептерінде жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелдігі мен негізділігі: зерттеу бағытына
негізделген педагогикалық қағидалардың теориялық айқындылығымен және әдіс-
тәсілдерді қолдану мен зерттеу мазмұнының ғылыми ақпаратқа сәйкес келуімен,
тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың жоспарлылығымен, тәжірибелердің
мақұлдануымен қамтамасыз етілген.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мәні, маңыздылығы, ғылыми
аппараты баяндалды.
“Орта мектептерде оқушыларға құқықтық тәрбие берудің ғылыми-
педагогикалық негіздері” атты бірінші бөлімінде жалпы құқықтық тәрбие ұғымы
мен пайда болу тарихы, қазақ хандығы тұсындағы құқықтық тәрбие мәселесі
жөнінде зерттеу жүргізген философ, психолог, педагог, заңгер ғалымдардың
осы сала бойынша теориялық тұжырымдамалары, ғылыми еңбектері талданып,
қазақ хандығы тұсындағы заңдар жүйесі негізінде оқушыларды құқықтық
тәрбиеге баулу арқылы олардың құқықтық білімін, тәртібін, санасы мен
мәдениетін қалыптастырып дамытудың алғышарттары қарастырылып, құрылымдық-
мазмұндық моделі, көрсеткіштері мен өлшемдері, деңгейлері айқындалды.
“Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі материалдарын оқу үдерісіне ендіру
арқылы оқушыларға құқықтық тәрбие беру әдістемелер” атты екінші бөлімінде
оқушыларға қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде құқықтық тәрбие
берудің мазмұны мен бағдарламаларын ұйымдастырып өткізуге даярлықтарын
қалыптастыру тәжірибелік-экспериментте тексеріліп, қорытынды нәтижесі
талданды.
Диссертацияның қорытынды бөлімінде зерттеу нәтижелеріне негізделген
қорытынды нәтижелер мен ұсыныстар берілді.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Адам өмірге келгеннен соң ар-ұят, абырой, намыс сынды қасиеттерге ие
болуы мақсатында әдептілік жайлы әрдайым толғанып, оны қалыптастыруға бар
күш-жігерін аямаған. Осы қасиеттерден арылмас үшін оны сақтаушы әділдік,
адамгершілік, имандылық институттарды ұстану мақсатында қазақ даласында
тәртіп ережелері, яғни заңдар болды. Ата-бабаларымыздың әдет-ғұрып құқықтық
жүйесінің бастауы құқықтық сананың қалыптасуымен байланысты дамыды.
Нәтижеде ұлан-байтақ даладағы құқықтық нормаларды бұлжытпай орындау барлық
халыққа міндеттелді. Сондай-ақ, қазақ халқы өзінің материалдық және рухани
мәдениетінің ірге тасын ежелден-ақ қалап, осы күні өзгелерден жақсы
сипаттарымен ерекшеленіп тұратын әдептілік тағылымдарын барынша сомдап, оны
ұрпақтан-ұрпаққа жалғастырып, желісін үзбей сақтап келеді.
Әділеттік, адамгершілік, теңдік принципіне құрылған әдет-ғұрып құқықтық
жүйе феодалдық қарым-қатынасты дамытып, егемендігіндегі жерді қорғау
мүддесімен ұштаса отырып, тайпа-рулардың бірлесуіне, ұлан-асыр кең даланы
бейбіт жағдайда игеруге алғы шарт жасады.
Құқық жүйелерінің өзіне тән белгілері: әуелі, құқық қоғамның
объективтік байланысы, қатынасы – диалектикалық даму процесіне сәйкес
қалыптасқан нормативтік актілердің бірлігі және құқықтық қоғамның даму
процесін реттеушісі. Егер қоғам мен құқықтың объективтік байланысы мен
қатынасы дұрыс дамымаса қоғам дағдарысқа ұшырайды. Екіншіден, құқық –
қоғамның көп жүйелі, көп салалы әлеуметтік қарым-қатынастарын реттеп,
басқарып отыратын жалпыға бірдей міндетті нормалар.
Қазақ құқығы – қазақ халқының және барлық көшпелі өркениеттің мәдени
байлығы. Ол мыңжылдық тарихымен, ерекшелігі және өміршеңдігімен, адам
еркіндігін жақтаған сипаттарымен әлем назарына ілінді.
Қазақ құқығының жүйелі түрде қалыптасып дамуына әсерін тигізген үш
түрлі факторларды атап айтуға болады. Оларға: біріншіден, Евразия
кеңістігін мекендеген қазақ елінің жер көлемінің кеңдігі; екіншіден,
Евразиялық даламен Шығыстан Батысқа қарай көшкен көшпенділердің жүздеген
жылдарға созылған көш жолдары; үшіншіден, осы ұлан байтақ даладағы
жаугершілік рухының бейбітшілік өмірге жылдамырақ ауысуы болып табылады.
Қазақ халқының шыққан тегі, тарихы, құқықтық мәдениеті өте қызықты, әрі
күрделі мәселе. Қазақ халқы тарих аренасына шыққаннан бастап қаншама қилы-
қилы замандардан өткенімен адамгершілік қағидасын ұстануы негізінде
қоғамдағы қолданыста болған әдет-ғұрып нормаларының қазіргі уақытқа дейінгі
маңыздылығы жоғалмаған. Бұл нормаларды құрауда халық адам құндылығын,
әділеттікті, теңдікті және адамгершілікті бірінші орынға қойғандығы
көрінеді.
Қазақтың ежелгі дәстүрлі құқықтарының пайда болуын сөз еткенді біздің
жыл санауымызға дейінгі дәуірдегі патриархалдық қоғамдағы қалыптасқан салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды, заң тәртібі ретінде қолданылған жол-жора,
үкім-кесімдердің құқықтық өлшемдерін айтпай кетуге болмайды.
Кез келген қағида-ереже алтын қазына бола қоюы екіталай. Ал қазақ әдет-
ғұрып құқығының өміршеңдігі ең алдымен өзге құқықтық жүйелерден өзгеше
ерекшелігі барлығында әрі адам құқықтарын, еркіндік, бостандық, теңдік,
әділдік, адамгершілік категорияларын бірінші орынға қоюында жатыр.
Сондықтан да тарихта қоғамдық құрылыстың дамып не құлдырауына қарамай,
құқықтық мәдениеттің беделі мен қызметі құлдырамай, өз өміршеңдігін көрсете
алды.
Қазақ даласындағы әдет-ғұрып нормалары қазақтардың ежелгі заң жүйесінің
негізгі қайнар көзі болып табылады. Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесіне
әдет-ғұрып нормаларымен қоса Дала заңдарына Шыңғыс ханның Жасағы, Қасым
ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолы және Тәуке хан дәуіріндегі
қабылданған Жеті жарғы заңдары жатады.
ХҮ ғасырдан бергі уақытта қазақ даласындағы заңдарды жүйелеген нормалар
- Қасым ханның Қасқа жолы, Есім ханның Ескі жолы, және Жеті жарғы
заңдары болып табылады.
Шыңғыс ханның атақты Жасақ заңымен қоса, Билік нормативтік-құқықтық
актісі қазақ даласында маңызды роль атқарған. Билік заңы елді басқару
тәртібін, мемлекеттік билік органдарын, олардың құқықтары мен құзіреттерін,
заң нормаларының орындалуын және олардың орындалмау жағдайында қолданылатын
шаралар мен жаза түрлерін қамтыған. Ал, Жасақ заңында сот органдарының
құзіреті, міндеттері және сот істерінің жүргізілу тәртібі, жаза таңайындау
заңдылығы қарастырылған.
Қасым ханның қасқа жолы заңын құрайтын иснтитуттарға қылмыстық, неке
және отбасы, меншік, мұрагерлік салалары жатады. Бұл заң жинағында
қарастырылған меншік құқығындағы мүліктік қатынастарды азаматтық құқық
саласына жатқызуға болатындықтан, осы заңның тағы да бір институты
азаматтық құқық болып табылады. Қазақ даласындағы заң жүйесінде нақтылап
азаматтық құқық саласы қарастырылғанымен олай аталынбаған. Бір-ақ Қасым
ханның осы заң жинағында меншік құқығын мүлік заңы деп қараған. Мүлік
заңына мал, жер және мүлік дауларын шешу ережелерін, шаруашылық мәселелрге
байланысты нормалар мен міндеттемелер кіріктірілген.
Қасым ханның Қасқа жолы:
- мүлік заңын (жер, мал, мүлік даулары);
- қылмыстық заңды (ұрлық, адам өлтіру және т.б.);
- әскери заңды (аламан міндеттемесін, ер құны, қара-қазақ және т.б.);
- елшілік жораларды (майталмандық, шешендік, сыпайылық, әдептілік,
халықаралық қарым-қатынас);
- жұртшылық заңын (шүлен тарту, ас, той, мереке үстіндегі ережелер,
жасауыл, бекеуіл және т.б.) қамтыған.
Бұл қоғамдағы тәртіпті қадағалаушы, тәртіп орнатушы негізгі құрал Қасым
ханның қасқа жолы. Осы заң нормасынан кейін қазақ тарихының аренасынан
Ұлы Дала заңдарының бірі - Есім ханның ескі жолы орын алады.
Есім хан Ескі жолды Қасым ханның Қасқа жолына ұқсас және ол өз
заңына билермен ақылдаса отырып, өтпелі кезеңге байланыстырып, көшпенділер
өмірінің ерекше қиын жаңдайына сай келетін дәстүрлі әдет-ғұрыпты, құқықтық
тәртіпті жетілдіру мақсатында жаңа құқықтық нормаларды енгізген.
Есім ханның Ескі жолы - бұл Қасым ханның Қасқа жолының
толықтырылған заң нормасы. Қазақ хандығындағы атағы шыққан заңдардың бірі
Жеті жарғы заңы.
Майқы бидің Жеті Жарғы заңының сол уақытта реформалық маңызы зор
болған. Бұл заң жеті бөлімнен тұрғандықтан Жеті Жарғы аталынған.
Жеті жарғыны жасау қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларын қазақтың
феодалдық қоғамының жаңа қажеттеріне бейімдеу, бұл орайда ол нормалардың
феодал шонжарлардың мүдделеріне сай келетіндерін ғана сақтау мақсатын
көздеді. Сөйтіп, Тәуке ханның Ережесінде сол кездегі қазақ қоғамының
әлеуметтік және құқықтық нормалары заң жүзінде баянды етілді. Жеті жарғыға
әкімшілік, қылмысытық істер, азаматтық құқықтық нормалары, сондай-ақ
салықтар, діни көзқарастар туралы ережелер енгізілген, яғни онда қазақ
қоғамы өмірінің барлық жақтары қамтылған.
Жеті жарғы заңы меншік, қылмытық, отбасы және неке, мұрагерлік
құқықтарын, тәрбие мәселелерін, сот ісінің өту тәртібі мен билердің
үкімінің орындалуын міндеттеу үдерістерін қамтыған.
Бүгінгі заманда мемлекеттің жаңа тұрғыда дамуы, білімінің сапасын
арттырып жоғары дәрежеге жеткізу мақсатының жүзеге асырылуы мектеп
табалдырығынан бастау алады. Мектеп табалдырығында оқушы жастарға берілетін
білім мен тәрбие мемлекет азаматының тұлғасын қалыптастырып, дамытушы құрал
болып табылады.
Құқықтық тәрбиенің мақсаты тұлғаның құқықтық санасы мен мәдениеті ғана
емес, сондай-ақ барлық құқықтық қызметінің негізгі бағыттарын анықтай
отырып, осы үдерістің сапалы жүзеге асуына негіз болады.
Түркі елі деп аталған мемлекет өзінің 1500 жыл өмір сүруі барысында
әдептілік тәлім-тәрбиеге ерекше мән берген. Олар:
- Еділ-Жайық өңірін жайлаған Қазан татарлары, башқұрттар, шуаштар,
қырым татарлары;
- Кавказды жайлаған әзербайжан, дағыстан, ноғай, қарашай-балқар;
- Батыс Түркістанды жайлаған қазақтар, өзбектер, түрікмендер,
қырғыздар, қарақалпақтар;
- шығыс Түркістанды мекендеген саһа, шор, саян, хақас, алтайлықтар еді.
Қазақ хандығы дәуіріндегі заң жүйесін оқыту арқылы оқушыларды құқықтық
тәрбиелеу мәселесі ұлттық тәрбиемен тығыз байланыстылығы айтпай ақ белгілі.
Бала дүниеге келгеннен отбасында көрген ұлттық тәрбие арқылы оның
санасы мен мәдениеті, тәртібі қалыптасып, мектеп табалдырығында жетіле
бастайды. Жастарды өз отанын сүйетін, адамгершілігі мол, қоғамдық және
құқықтық санасы мен мәдениетін, белсенділігін, білімін дамыту үшін
мектептегі ұйымдастырылып, өтілетін тәрбие түрлерінің бірі құқықтық тәрбие.
Оқушыларға қазақ даласындағы заң жүйесән оқыту арқылы құқықтық білім мен
тәрбие беру ұлттық тәрбиенің бір саласы десек те болады.
Н.Рысбайұлы баланы ұлттық тәрбиелеудің мынадай жүйесін қолдануды
ұсынады:
1) Балаңыз дүниеге келгенде, оны бесікке бөлеп, бесік жырымен
тербетіңіз.
2) Балаңыз 2-3 жасқа келіп, тілі шыққан кезде тілашар, санамақ,
жаңылтпаш жаттатып, оның дүние танымын арттыру үшін, үнемі ертегі айтып
беріңіз.
3) 4-5 жасында жұмбақ шешкізіп, ой-өрісін өсіру керек.
4) 6-7 жасқа келіп, қаріп таныған уағынан бастап, батырлық жырлар мен
қисса-дастандар жаттатыңыз. Бұл жырлар мен қисса-дастандар өскелең ұрпақ
санасында елдік, патриоттық сананы нығайтып, халықтың салт-дәстүрі мен әдет-
ғұрпының мол қайнарынан сусындатады.
5) Өз үйіңізде тек қана қазақша сөйлесіп, күнделікті тұрмысыңызды салт-
дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды тұтыныңыз. Нәтижесінде, оны көріп өскен
балаңыз — сол нәрселерді өзі де өмірде тұтына бастайды.
Қазақ халқы ар, намыс, адамгершілік, имандылық идеяларын терең түсініп,
оларды тәрбиеге топтастырған. Тәрбие мәні адамдық қасиеттерді сақтау,
тәртіп бұзбау, біреудің құқығына қол салмау сипатында өрілген. Бұл мақсатқа
жету жолы тек күнделікті тәлім-тәрбие, үлгі-өнеге деп ұққан. Оған
жеткізетін басты құрал қызыл тіл деп білген. Ұлан асыр кең далада сөз
өнерінің қарқынды дамуы да сол себепті. Бұл өнермен төрелік айтушылар
міндетті түрде таныс болып, сөзді құрал етіп пайдаланған. Сөз өнері
әркімді ойлануға, шешен сөйлеуге міндеттеген. Сөз мәдениеті көшпелі және
жартылай көшпелі қазақ қоғамының бүкіл болмысының, оның барлық өмір
салаларының (шаруашылық, әлеуметтік, саяси-құқықтық, тұрмыстық, т.б.) ішкі
рухани өзегі әрі мәйегі іспеттес еді деп, З. Кенжалиев жоғарыда айтып
отырған мәселелерді терең түсінетін кемел заңгер екенін көрсетеді.
Кең ауқымды территориядағы көші-қон процестерін қамтамасыз етудің
күрделілігі мемлекет тарпынан жер қатынастарын реттеуде жаңа әдістерге көшу
қажеттігін тудырды. Оның үстіне терең этникалық процестердің орын алуы,
қазақ халқының ұлт ретінде қалыптасу процестерінің әлі де болса кең қанат
жаюы, жаңа рулар мен тайпалардың пайда болуы бұл процестерді реттеуге деген
қажеттілікті туындатты. Бұл тұрғыдан жаңа нормативті құжаттардың, оның
ішінде Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы, Тәуке ханның
Жеті жарғысының пайда болуы Қазақ хандығының дамуындағы терең эволюциялық
процестерді айқындайды. Бұл процестердің орын алуын Елбасымыз Н.Назарбаев
былай түсіндіреді: Қазақ құқығының тарихында сол заманнан жеткен үш заң
ескерткіші бар, олар аңыз бойынша Қасым мен Есім хандардың есімдеріне
байланысты айтылатын Қасым ханның қасқа жолы, Есім ханның ескі жолы
және Тәуке ханның жеті жарғысы. Жеті жарғыға ХҮІІ ғасырдағы қазақ
қоғамының саяси және әлеуметтік өмір қажеттерінен туған қаулылар енді.
Осынау құқықтық ескерткіштер қазақ халқының дербес мемлекеттік алып,
бірлесуге құлшынған сан ғасырлық арманын айқын көрсетті.
Қазақ халқының құқықтық әлемін терең білетін заңғар ғалым С.З. Зиманов
адамгершілік пен құндылықтарға толы ұлы дала демократиясының институттары
негізінен әділ сот пен шешендік ділмарлықтан тұрып, өзін-өзі басқару
еркіндігін сақтағанын айта отырып, оны үш фактормен түсіндіреді.
Бірінші фактор – Орталық Азияны мекендеген тұрғындардың басым бөлігі
үшін ортағасырлық тарихи жағдайда өмір сүрудің бірден-бір негізін құраған
мал шаруашылығын дамытуға барлық жағынан қолайлы болып келген, халқы сирек
қоныстанған ірі табиғи кеңістіктің болуы...
Екінші фактор – осы ұлан-ғайыр жерде еркін психологияға ие көшпелілер
бірлестіктерінің өмір сүруі. Оның қайнар көзі мен негізін мыналар құрады:
а) көшпелі өмір үрдісі еркіндігі мен оның дәстүрлі мәдениетін қызу
қолдаушылар; ә) ғұн, қыпшақ, монғол және темуридтер империясы қол
астындағылардан түрлі себептермен бөлінген қоныс аударушылар...;
б) жайылымдық – көшпелі жерлерді және өзін-өзі басқару еркіндігін
іздеушілер...
Үшінші фактор – қыпшақ даласы деп аталатын кең байтақ аймақ көшпелі
өркениет пен еркін көшпелілердің көп жағдайларда жалпы адам құндылықтарымен
үндес мәдениетін бойына сіңірді. Қоғамда Сөз құдіреті мен Әділ Сот құдіреті
өмірлік күшке ие болды. Міне, осылайша кең байтақ қазақ жері еркіндік пен
бостандық аясында өзара теңдік, өзін-өзі басқару, әділдік, адамгершілік,
имандылық негізінде қалыптасып, дамыды. Қоғамды реттеуші нормалар басты
тұтқаға айналып, өмір болмысының барлық тармақтарын реттеді. Бұл еркін,
азат өмір сүрушілерге қолайлы да ыңғайлы болды.
Қазақ даласында мемлекет пен құқықтық ара-қатынасы жөнінде
М.Т.Баймаханов келесідей пікір айтқан: оларға көптеген объективті және
субъективті факторлар әсер етеді: экономиканың даму деңгейі, халықтың әл-
ауқаты, елдің әлеуметтік тұрақтылығы, қоғамдық және мемлекеттік құрылыстың
демократиялық деңгейі, аса маңызды саяси институттардың ара қатынасы,
басқару элитасы мақсаттарының бағыттылығы, басшылардың жеке басының
қасиеті. Осыған байланысты мемлекет пен қоғамның өзара қарым-қатынасының
тұрпаты қалыптасады.
Қазақ хандығының мемлекеттік реформаларының, билік органдарының
дәстүрлі институттарға жақындығы да сондықтан.
Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып құқық жүйесі өте ұзақ ғасырлар бойы
қалыптасқан көшпелі этностардың өркениетті мәдени-рухани құндылықтары болып
табылады. Өзге аумақтарда жасаған этностар өркениет, құқықтық мәдениет,
адамгершілік, бостандық, әділдік жайлы толғанып-ойлана қоймаған замандарда
біздің ата-бабаларымыз Ұлы Даланың өшпес мәдениетін, демокпатиялық сипаттқа
толы қағида-ережелерін жасады. Оны жүзеге асырушы билер өз мүдделерінен,
руластары мүдделерінен гөрі көптің, елдің мүддесін жоғары қойып,
адамгершілік идеологиясын дәріптеді. Билер де, ел басшылары да, ақсақал
көсемдері де сөзге шешен, ойға терең, әдет-ғұрып, салт-дәстүр қағида-
ережелерін жетік білетін данышпан, ел басқарушысы болды. Бұларды үздіксіз,
үнемі қоғамдық пікір таразылап бақылап отырды.
Қазақ даласындағы заң жүйесі халықты адамгершілікке, имандылыққа,
бірлікке шақырған. Ол жайында Л.Ф.Баллюзек келесідей пікір айтқан:
қазақтар жақынадарына көмек көрсетуден басқа халықтардан озып, тіпті көп
жағдайда асып кетті. Руластарына көмек көрсету – әр бір қазақтың борышы
және міндетті әдет-ғұрыпқа айналған.
Осы жайында айта кетер бір жай, ол билер соты қылмыскерге жаза
тағайындағанда, қылмыскерге құн төлеуге руластары көмек беріп отырған.
Сонымен бірге қазақ даласындағы заңдарда міндеттемелік құқыққа асар, сауын,
жылу сынды институттар кіріктірілген. Міндеттемелік құқық нормаларының
реттелінуі арқылы адамның санасына өз міндеттері мен құқықтарын ұғындырып
отырған. Мысалы: жылу (апат немесе т.б. табиғи құбылыстардан зардап
шеккендерге берілетін көмек); асар (егін егу немесе үй салу барысында ауыл
болып көмек беру); аманат (жеке тұлғаға белгілі бір мерзімге берілетін
мүлік, мал) және т.б.
Осы тұжырымдамаларды негізге ала отырып, мектеп оқушыларына қазақ
хандығы дәуіріндегі заң жүйесін оқыту негізінде құқықтық тәрбие беру
үдерісін жүзеге асыру үшін оның моделін құру қажет.
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқышыларға құқықтық тәрбие
беру моделі мотивациялық, когнетивтік, мазмұндық және процессуалдық
компоненттерден тұрады (сурет 1).
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқышыларға құқықтық тәрбие
берудің мотивациялық компоненті құқықтану бағытында білім алушы оқушылардың
құқықтық білімі мен тәртібінің дамуына және қоғамдағы, мемлекеттегі
кездесетін құқық бұзушылыққа жол бермейтін құқықтық білімсіздікпен күресе
білетін азаматтық қоғам мүшесі ретінде қалыптасуына көмектеседі. Бұл
компонент тәрбиеленушінің адамгершілік қасиеттері, білімділігі, тәртібі,
эстетикалық ұстамдылығы және т.б. ішкі дүниесінің

Сурет 1 – Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларды
құқықтық тәрбиелеу моделі
элементтерін сипаттайды. Сонымен бірге олардың құқықтық санасын, мәдениетін
және белсенділігін арттырады. Ол оқушылардың қазақ хандығы тұсындағы заң
жүйесінің мәні мен мазмұнын түсініп, оған қызығушылығының артуын сипаттаушы
компонент болып табылады.
Бұл компонент көрсеткіштері оқушының өз мемлекетінің құқық тарихын
біліп, сол арқылы оқушының патриоттық сезімн ояту, заңға деген сауаттылығын
ашу, қызығушылығын арттыру, қоғамға заңның қажеттілігін ұғындырумен
сипатталады.
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларды құқықтық
тәрбиелеу моделінің екінші компоненті – когнетивтік компонент. Бұл
компонент оқушылардың қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесімен танысуы, сол
дәуірдегі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін білуі
олардың мінез-құлқын қалыптастырып, дамытуына зор ықпал етеді. Сондай-ақ,
ол оқушыларға қазақ даласындағы әдет-ғұрып нормалары, Қасым ханның қасқа
жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы заңдарын оқу арқылы сол
замандағы адамдардың құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін біліп, оны
қазірігі заман заңдарымен салыстыру мүмкіндігін береді. Онымен қоса,
когнетивті компонент құрамына оқушылардың құқықтық білімін, мәседиеті мен
санасын, белсенділігін ұлы дала заңдарын оқыту арқылы қалыптастыру
мәселелері кіреді.
Мазмұндық компонент өлшемі қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесін оқыту
арқылы оқушының құқықтық санасы мен мәдениетін қалыптастырып, дамытумен
сиптталса, оның көрсеткіші оқушылардың қазақ хандығы тұсындағы халықтың
құқықтық білімділігі, тәртібі, санасы мен мәдениеттілігін ұғынуы арқылы,
өз құқықтары мен бостандықтарын, міндеттерін жақсы меңгеруі, заңды және
заңсыз әрекеттер мен әрекетсіздіктерді ажырата білуі арқылы берілген.
Сонымен бірге мұнда мектеп оқушыларына берілетін құқықтық тәрбиенің
сапалылығын қолдау мақсатында қазақ даласындағы заң нормаларының
институттарын тереңірек қарастыру мақсатында жүргізетін зерттеу жұмыстары
мен тәжірибелерін сипаттайды.
Процессуалдық компонент оқушылардың мектепте алған теориялық білімдерін
сыныптан тыс уақыттарда (факультатив сабақтарында, тәрбие сағаттарында,
оқушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында) бекіту. Процессуалдық компонент
өлшемі қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесін оқыту арқылы оқушының құқықтық
санасы мен мәдениетін жетілдірумен сиптталады. Бұл компонент көрсеткішіне
оқушылардың қазақ даласындағы әдет-ғұрып нормалары, Қасым ханның қасқа
жолы, Есім ханның ескі жолы, Жеті жарғы заңдарын білуі, оларды
позитивті жағдайда пайдалана білу, өз құқықтары мен бостандықтарын заңды
түрде қорғау қабілетін дамуыту, заңсыз әрекеттердің болуына жол бермеу
қасиеттерін қалыптастырыру институттары жатады.
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларды құқықтық
тәрбиелеудің жоғарыда келтірілген өлшемдері, көрсеткіштері мен деңгейлері
біртұтас жүйеге келтірілген. Бұл жүйеде мотивациялық компоненті негізгі
орын алғанымен когнетивтік, мазмұндық және процесуалдық компоненттерсіз
дами алмайды.
Қазақ хандығы тұсындағы заң жүйесі негізінде оқушыларды құқықтық
тәрбиелеудің 3 деңгейін негіздеуге болады. Олар: жоғары, орта және төмен.
Жоғары деңгей: оқушылардың қазақ даласындағы құқық тарихына
қызығушылығы жоғары; өз мамандығы бойынша білімдері өте жақсы; жоғары
дәрежеде заманауи технологиялардың жетістіктерін талдап, қазіргі заманғы
коммуникациялық құралдарды қолданып, еркін байланыс жасап жұмыс істей
алады; кәсіби және құқықтық білімдерін жоғары дәрежеде көрсеткен; құқықтық
санасы мен мәдениеті, белсенділігі сапалы қалыптасқан; құқықтық білімді,
саналы азаматтың құқық бұзушылыққа бармауына сенімді; өзінің құқықтық
білімділігіне өзіндік баға бере алатын; құқықтық білім мен тәрбие беру
жұмыстарына белсенді қатынасатын; ғылыми-зерттеу жұмыстарымен айналысатын
және оны әдетке айналдырған оқушылар.
Орта деңгей: оқушылардың қазақ даласындағы құқық тарихына қызығушылығы
байқалмайды; осы сала бойынша білімдері жеткіліксіз; заманауи технологиялар
бойынша білімі жеткіліксіз; құқықтық білімдері, құқықтық санасы, мәдениеті
мен белсенділігі орта дәрежеде қалыптасқан; құқық қорғау үдерісіне жеке
адамның әсер ету мүмкіндіктерін түсінген; құқықтық тәрбиеге байланысты
кездесетін кейбір мәселелерді ұғынған; құқықтық ғылыми-зерттеу жұмыстарын
орындауда кейбір дағдыларға иеленген оқушылар; заманауи технологияларды
игеруде қажеттіліктерін барлық уақытта бірдей түсіне бермейді.
Төмен деңгей: қазақ даласындағы құқық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ АДАМ ҚҰҚЫҒЫ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘДЕНИЕТ
Қазақстанда оқушыларға этномәдени білім берудің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасының мемлекет және құқық тарихы пәні бойынша дәрістер
Тәуке хан тұсындағы Қазақ хандығын басқару жүйесі
XVI-XVII ғғ Қазақ хандығы
Балабақшада мектепке даярлық тобындағы балаларды қазақ халық ауыз әдебиеті арқылы ұлтжандылыққа тәрбиелеу әдістемесі
Тәуке хан тұсындағы қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасы
Қазақстан моңғол шапқыншылығы дәуірінде
Жырау толғауларында психологиялық мәні зор қанатты сөздер
Әз Тәуке Хан (1626-1718)
Пәндер