Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:

КІРІСПЕ

І Тарау. ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
1.1 Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны
1.2 Оқыту әдістерін жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі
1.3 Оқу танымдық әрекеттегі белсенділік әдістерін қолданылу жолдары

ІІ Тарау. ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ОҚЫТУДЫҢ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫНЫҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ
2.1 Педагогикалық технологияның деңгейлері
2.2 Педагогикалық технологияның құрылымы
3. Педагогикалық технологияның мағынасы

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

Кіріспе

И.Т.Огородниковтың пікірі бойынша: Әдістерді классификациялауда түрлі
әдістерді қолдану барысында білім көзінің берілуі мен оның қабылдануындағы
мұғалім мен оқушының іс-әрекетінің бірлескен жүйедегі қарым-қатынастық
жағдайын көре алатындай болса деген. Оларға: сөздік оқыту әдісі (мұғалімнің
білім беру мен ауызша мазмұндауы, әңгіме), кітаппен жұмыс әдісі (оқыту
процесіндегі кітаптің орны мен ролі, жаңа білімді игеруде, білімді
бекітуде, қайталап қорытындылауда, сонымен қатар кітаптағы негізгі тараулар
мен бөліктерін қайталауда, негізгі тараулардан конспекті жасауда, өтілген
негізгі материалдардың сұрақтарына жауап даярлау, ерекшеліктерін салыстыру,
таблица, схема, рефераттармен баяндама өздігінен даярлау); эксперименталды
сабақ және бақылау әдісі (оқушылардың табиғи құбылысты бақылауы,
лабораторияда, мектеп учаскілерінде, экскурсияларда, іс – тәжірибені
демонстрациялау, мұғалімнің білімді ауызша баяндауы, лабараториялық сабақ,
іс-тәжирбиелік жұмыс); жаттығу әдісі; графикалық және жазба жұмыстарын
жүргізу әдісі, бағдарламалап оқыту (бағдарламалап оқыту негізгі, талпынысы
оқытушылардың өзіндік талпыныста білімді игеруі және білім, білік, дағдыны
оқушылардың игеруі, бағдарламалап оқытудың мәні мен ролін көрсету, білім
мазмұнын бағдарламалау, оқушылардың өзіндік жұмысын бағдарламалау, ғылымның
негізгі көзін ақпараттау, бағдарламалап оқытудың кері байланысы,
бағдарламалап оқытудың басқа формалалар мен әдістік оқыту байланысы);
оқушылардың білімін бағалау және тексеру әдісі (мақсат пен білімді бағалау
және тексеру түрлері, білімді бағалау және тексеру принципі, білімді
бағалау және тексеру әдістемесі, бағдарламалап оқытудағы білімді бағалау
және тексеру; емтихан, оқушылардың білімін бағалау жүйесі). Мақсатты
бағытта танымдылық іс-әрекетіне байланысты, негізгі білім көзінің
байланысы, оқушылардың танымдылық деңгей белсенділігі, бірлескен оқыту
формасы, нақты және жалпылама білім беру жолдары әр түрлі оқыту әдістерінің
классификациясында қолданады. Олар М.А.Данилов, М.Н.Скаткин, И.Я.Лернер,
М.И.Махмутов, Н.А. Сорокин, Н.Ф.Талызына, В.Ф.Паламарчук т.б. ғалымдардың
еңбегінде берілген. Бұнда Совет үкіметтінің құрылу кезеңдерінде және жалпы
білім беретін мектептерде даму процесімен айналысқан және дидактикалық
жүйені жетілдіру мен айналысқандықтары туралы мәліметтер берілген. Дегенмен
қандайда болмасын оқыту әдісінің классификациясы өзінің жетістіктері мен
қоса кемшілік жақтарынан да көрініс береді. Әдістерді белсенді және
белсенді емес деп бөліп қарауға болмайды. Оқыту әдісіне нейтралды қарауға
болады. Бәрі де мұғалімнің танымдық оқу іс-әрекетінің оқыту әдістерін
қолданылып, іске асыру даярлығына байланысты. Білікті мұғалімнің
қолданылған оқыту әдісі "белсенді" болады, ал біліксіз мұғалімнің қолында
"белсенсіз" болуы мүмкін.
Сонымен қатар, оқыту әдістері мектептегі танымдылық оқу іс-әрекеті
практикасында түрлі когнитивтік функция атқарады, сондай-ақ білім
материалын игеруде, оны бекітуде, білім, білік және дағдысын жетілдіруде,
жеке тұлғаны дамытуға бағыттау, жаңа қоғамның қалыптасуы барысындағы және
болашақ әлеуметтік кәсиби іс-әрекет жағдайына оларды даярлау.

1.1 Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны

Оқыту әдісінің мәндік ерекшелігі оның ішкі мазмұнында, көп образдық
біліктіліктің негізінде көрініп, өзара байланысты және танымдық оқу іс-
әрекетін іске асыру жолында жағдайда қарама-қайшылықта көрініс беруі
мүмкін. Түрлі оқыту әдістерінің мазмұнын талдауда оқушыларға білім беру
анықтамасын нақтылап алу керек.
Практикада мектептің танымдық оқу іс-әрекетін "білім беру" оқыту
процесінің негізгі бөлігін құрап, оқушылардың жеке дара психологиялық
жағдайда пәндік-оқу ақпаратын сапада игеруін қарастырады, оны есте сақтау,
айту және шығармашылықта игеру, түрлі формада мұғалімнің танымдылық оқу іс-
әрекетін ұйымдастыру мен бақылау іске асырады.
Оқушылардың жеке дара психологиялық қабілеттіліктерінде барлық
пәндерді жоғары сапада игеру күрделі мазмұнды және танымдық оқу іс-әрекетті
формадағы жалпы және арнайы пәндерге сүйеніп сапалы игеру жағдайларын
байқау. Оқу-танымдық процестеріне зейініне, ойлауына, қиялдауына, есіне,
тіліне сонымен қатар оқу мотивінің ерекшелігіне, өзінің эмоционалды
жағдайына, оқушылар арасында және мектептегі әлеуметтік-білім беру
процесінің мазмұны мен ұйымдастыру формасына көзқарасына байланысты. Оқу
материалдарын сапалы игерту мұғалімнің жеке басы мен оқушымен қарым-
қатынасына, сонымен қатар эрудициясына, кәсіпке қызығушылығына,
педогогикалық тактикасына, оқушылар мен жеке дара қарым-қатынасына, өзін
қоршаған құбылыс және пәннің мазмұнын оқу танымдық іс-әрекетке қызығушылық
пен жас ерекшеліктерінің игеру деңгейіне байланысты.
Оқушыларды қажеттілікте – оқу күшін жұмылдырып танымдық материалдарды
түрлі мазмұнда сапалы игеруі және теориялық-танымдылық пен практикалық
оқудың маңыздылығына, тереңдігіне, тұрақтылығына байланысты қиындықтарды
жеңу мақсатындағы оқыту әдістемесінің мазмұны спецификалық интеллектуалды
құрал болып табылады.

1.2 Оқыту әдістерін жетілдіру – бүгінгі күннің басты мәселесі

Оқыту процесінің заңдылықтары оның тұтастығын дәлелдейді. Оқыту
заңдылықтары сыртқы және ішкі, жалпы және жекедеп бөлінеді. Сыртқы
заңдылықтар оқытудың қоғамдық шарттардан, саяси-әлеуметтік жағдайлардан
тәуелділігін сипаттайды. Ішкі заңдылықтар оқытудың мақсаты, әдістері,
құралдары, түрлері арасындағы байланыстарды сипаттайды.
Оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылыды.
Себебі, оқыту процесі оның мақсаты, мазмұны, әдістері және ұйымдастыру
формаларының біртұтастығы болып табылыды.
Әдіс деген сөз гректің metodos деген сөзінен шыққан. Метод деген
ұғымды белгілі ақиқатқа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдірді.
Қысқаша психолгиялық-педагогикалық сөздік әдіс - мақсатқа қол
жеткізетін жол, тәсіл, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс-әрекет деген
анықтама береді.
Оқыту әдістері-оқытушы мен оқушылардың жұмыс істеу әдісі, оның
арқасында білім, іскерлік дағды қалыптастырып, оқушылардың дүние таным мен
қабілеті артады
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың бірлесе жасайтын әрекеті.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің барысында
білім алу жолдары.
Оқыту әдістері – мұғалім мен оқушылардың өзара әрекетінің негізінде
білім, тәрбие және таным процесін жетілдіру.
Әдіске қатысты анықтамаларда бәріне ортақ пікір: Белгілі бір
мақсаты көздеген мұғалім мен оқушылар арасындағы өзара қарым-қатынас және
іс-әрекет. Олай болса оқыту әдістері – оқытудың мақсат міндеттеріне сай
оның мазмұны оқушыларға меңгеруде мұғалім мен оқушылардың қолданылатын
амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады. Мұғалім оқыту
тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным
әрекетіне басшылық етумен байланыстырылады.
Оқыту әдістерін жетілдіру бүгінгі күннің басты мәселесі болып отыр.
Оқыту әдістерінің тиімділігін артырып, оқытудың жаңа формалары мен
тәсілдерін меңгеру қажетілігіне педагогикалық зертеулерде айрықша мән
береді.
Алайда оқыту әдісін қайта құру – күрделі процестің бірі. Кейбір
әдістерді қолдануда бір жақтылы асыра сілтеушілікке жол бермеген жөн. Тіпті
әр тақырыптың өзі де оқытудың ерекше тәсілдері мен жолдарын талап етеді.
Сондықтан оқытуда әртүрлі әдістерді қолдану қажет. Олай болса, оқыту әдісін
мұғалімнің таңдап алу белгілі шарттарға байланысты болып келеді.
1.Оқыту әдістерін оның мақсат – міндеттеріне, оқушылардың жас және
таным әрекетінің ерекшеліктеріне сай қолдану.
2.Қолда бар нақты көрнекі және техника құралдарын,кәбинет жабдықтарын
ескеру.
3.Мектептің географиялық орналасуын ескеру. Мысалы,оқытуды қала
мектептерінде оқушылардың өндіріс жасау мүмкіндіктерімен, ал ауыл
мектептерінде мектеп жанындағы учаскілерге, тәбиғатқа, ауыл шаруашылық
өндірісіне бару жағдайларымен байланыстыру.
4.Мұғалімнің іс-тәжірибесінің шығармашылық сипатына, оның шеберлігіне
тікелей байланысты шараларды іске асыру.
Оқытудың нәтижелі өтуіне негіз болатын тұп мақсатының жүзеге асуы.
Мұғалім қандай тақырып өтсе де ең алдымен оның мақсатын айқындап алуы тиіс.
Бұл мұғалімнің өзіне қажет. Себебі оқылатын оқу материалын баяндауда оның
негізгі идеясын немесе оқушылардың назар аударатын басты мәселесін есте
сақтау тиіс және оқушылардың ойына бекітілуге қажетті қосымша материалдар
анықтау жұмыстарын атқармай тұрып, оның мақсатын белгілей алмайды.

1.3 Оқу танымдық әрекеттегі белсенділік әдістерін қолданылу жолдары

Қазіргі ғылыми-техникалық прогресс дәуірінде өндіргіш күштердің
дамуымен бірге, қоғамның түрлі салаларында шығармашылықпен жұмыс
істеудің мәні өсуде.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін, белсенділігін
қалыптастыруда олардың қабілеттерін дамытуға, танымдық жан
қуаттарының оянуына ықпал етіп, ізденісіне,талабын ұштауға білім
деңгейін жетілдірудің маңызы ерекше.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - күрделі процес.Ол іс-
әрекет мақсатын,мазмұны мен қорытындысын, түрлері мен әдістерін,
мотивтерін, деңгейлерін қамтиды.
Оқу-танымдық іс-әрекет - шәкірттің білімге деген өте белсенді
ақыл-
ой әрекеті.Ол танымдық қажеттіліктен, мақсаттан, таным қисындарынан
және әрекетті орындаудың тәсіл-амалдарынан тұрады.
Оқу үрдісі оқушылардың оқу-танымдық әрекеті негізінде жүзеге
асады, ал оқу-танымдық әрекеті негізінде оқушылардың танымдық
белсенділігі қалыптасады. Белсенді танымдық іс-әрекеттің көздейтін
мүддесі, білімнің қоғамдық мәнін ұғыну, қоғамға қызмет ету қарқынын
үдету қажеттілігі негізінде дамиды. Белсенділіктің ең жоғары
көрінісі оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білуі болып
табылады.
Оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекеті - жеке тұлғаның танымдық

Қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен ізденімпаздығын
қамтитын танымдық еріктік , сезімталдық үрдістер мен мотивтері
бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалды, жеке қасиеттерін және
кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу материалының мазмұны мен
қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты оқу жұмысы.
Демек, оқу-танымдық іс-әрекет - оқушылардың негізгі іс-әрекеті
болып табылатын күрделі құбылыс. Ол оқу міндеттерінің шешіліп,
мақсаткерлік мотив, танымдық ақпаратты қабылдаудан бастап күрделі
шығармашылық үрдістің қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік
көріністерімен және т.б сипатталады.
Нәтижесінде, оқушылардың танымдық іс- әрекеті – жеке тұлғаның
танымдық қызығушылығы мен қажетсінуін, белсенділігі мен
ізденімпаздығын қамтитын танымдық, еріктік, сезімталдық үрдістері мен
мотивтері бірлігі нәтижесінде оқушылардың интеллектуалдық, жеке
қасиеттерін және кәсіби маңызды біліктерін дамытатын оқу
материалының мазмұны мен қажетті көлемін игеруді көздейтін жан-жақты
оқу жұмысы -деп анықтама беруге мүмкіндік болды .
Берілген анықтама негізінде, оқу-танымдық іс-әрекет –
оқушылардың негізгі іс-әрекеті болып табылатын күрделі үрдіс бола
отырып, ол оқу міндеттерінің шешіліп, мақсаткерлік, мотив, танымдық
ақпаратты қабылдаудан бастап, күрделі шығармашылық үрдістің
қалыптасуымен аяқталатын түрлі сезімдік көріністермен т.б сипатталады
деген тұжырым
жасауға болады.
Оқу-танымдық іс-әрекет күрделі үрдіс болғандықтан, мұғалім
мен оқушының бірлесіп жасайтын тиімді, сапалы әрекетін керек етеді.
Егер педагог оқыту жұмысын ұйымдастыруға, ғылыми жұмысты
жүйелі түрде баяндауға, тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға күш-
жігерін жұмсайтын болса, оқушылар білімді терең мағынада қабылдап
меңгеруге, ұғынуға, өздігінен ізденіп, білімін толықтыруға байланысты
белсенді түрде іс-әрекет жасауға міндетті. Мысалы, сабақ барысында
мұғалім оқу материалын жүйелі түрде баяндап түсіндірсе, оқушылар
оны мұқият тыңдап, өздігінен қосымша әдебиеттер мен оқу
құралдарын оқып, өтілген материалдарды терең және сапалы түрде
меңгеруге әрекеттенуі тиіс.
Оқу-танымдық белсенділік – оқушының оқуға, білуге деген ынта-
ықыласын құштарлығының ерекше көрінісі. Мысалы, мұғалімнің баяндап
тұрған жаңа материалын түсіну үшін, оқушының оны зейін қойып
тыңдауы, алған білімін кеңейту үшін өздігінен кітап оқып, бақылау
тәжірибе жасау сияқты жұмыстар жасауы керек.Өйткені өтілген
материалдарды саналы қайталауда, жаңадан білім алуда, оның жолдары
мен дағдыларына үйренуде белсенділіксіз мүмкін емес. Яғни оқушының
белсенділігі оқу үрдісінің барлық кезеңінде орын алуы қажет.
Сабақ барысында оқушының бойында танымдық белсенділік
пайда болса, сонда оқушыларды ақыл-ой қабілеттерінің мынадай
элементтері дамиды; зеректік, зейінділік, байқағыштық, ойлау және
сөйлеу дербестігі т.б.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігі проблемалық сұрақтың
жауабын іздестіруде, өзіндік жұмыс орындауда жүзеге асады. Оқушылар
өздерінің игерілген білімі негізінде пікір алысады, сөз жарыстырып,
өзара сынға дайын болады, жеке фактілер мен бақылаулардан ой
тұжырымдауға, талқылауға жетеді, өз бетінше шешім қабылдаудың
жолдарын, әдістерін қарастырады, практика барысында алынған
шешімдердің дұрыстығын тексереді.
Сонымен оқу-танымдық белсенділікті қалыптастыру
проблемаларының пайда болуы мен дамуын талдай отырып, төмендегідей
қорытынды жасалады;
-танымдық белсенділікті қалыптастыру түрлі пәндерді
оқыту барысында оны дамыту идеясының пайда болуы мектептердің даму
бағыттарының түрліше болуымен байланысты;
-танымдық белсенділікті оқушының өзіндік жұмыс,
өзіндік ізденіс арқылы сан қырлы білім алу ретінде қарастырады.
Жоғарыда көрсетілген тұжырымдамаларда ауыл мектебіндегі
жоғары сынып оқушыларының танымдық белсенділігін қалыптастыру
мәселесі зерттелмеген.
Оқу-танымдық іс-әрекет белсенділігінің көрсеткіштері
ретінде мыналарды бөліп көрсетуге мүмкіндік береді:
1.Білімді өз бетінше алуы және оны түрлі нақты жағдайда қолдана
білуі.
2.Іргелі білімдерге қол жеткізу.
3.Танымдық тапсырмаларды шешу біліктері
4.Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі.
5.Тұтас педагогикалық үрдісте мұғалімнің оқуы мен мақсатты өзара
әрекеті.
6.Әрекетке бейімделуі мен өзін-өзі бақылау.
Оқу-танымдық белсенділік пен жалпы танымдық іс-әрекет
проблемасына арналған көптеген еңбектер мынадай қорытынды жасауға
әкелді: танымдық ізденімпаздық пен белсенділік жеке тұлғаның алуан
қырлы болмыс-бітімі болып табылады, ол сезімталдық, танымдық және
еріктік үрдіс нәтижесі, танымдық мотив пен өзбеттілік әрекет
тәсілдерінің жиынтығы, танымға деген тұрақты құлшыныс болып
табылатын танымдық әрекетке бейімделуімен сипатталады.
Оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендіруде оқытудың
әдістері мен құралдарын іздестіру проблемасы терең ғасырларға
кетеді. Мәселен, жастарды тәрбиелеуде ежелгі грек философы Сократ
эвристикалық әңгімені пайдаланған. Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци,
Ж.Ж.Руссо, А.Дистерверг, К.Д. Ушинский және т.б оқытушының негізгі
міндеті - оқушыларды өз бетінше ойлау, зерттеу ізденістеріне бейімдеу
деп санаған.А. Дистерверг былай деп жазған нашар мұғалім шындықты
өзі айтады, ал жақсы мұғалім оны табуға үйретеді.
Қазақтың ағартушылары Абай Құнанбаев, Ы. Алтынсарин
қоғам қайраткерлері және педагогтар А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, Ж.
Аймауытов өздерінің еңбектері мен тәжірибелік іс-әрекеттерінде
оқушыларды шығармашылықты дамытуға, өз бетінше ойлай білуге
шақырған.
Қазіргі кезде оқушылардың танымдық іс-әрекетін
белсендірудің әр түрлі амал-тәсілдері өңделді. Солардың ішіндегі ең
маңыздыларына тоқталамыз.
1) Іс-әрекеттік тәсіл – оқушыларды танымдық әрекеттің субъектісі
ретінде қарастыруды көздейді. Іс-әрекеттік амал-тәсілдері
негізіне әрекет теориясы жатады. Оның басты постулаты былай
айтылады. Оқыту процесін ұйымдастырушы мұғалім үшін іс-
әрекеттің құрылымын білу өте маңызды. Оның негізгі
компоненті: мотивтері, мақсаты, міндеттері, мазмұны,
құралдары, түрлері, әдістері және амалдар нәтижесі. Бұл
дегеніміз – мұғалімнің көптеген құралдар арқылы оқушының
әсерлі- қызығушылығына, ой-еңбегіне, тұлғалық- тәжірибелік
шамасына әсер ету қажет. Таным әрекетінің барлық осы
компоненттерін тек қана мұғалім емес, оқушылар да меңгеруі
тиіс.
Педагогтарға іс- әрекеттің міндетті түрде негізгі түрлерін білу
қажет, сонымен бірге оқушыларда; оқыту- танымдық, әлеуметтік, еңбек,
ойын, эстетикалық, спорттық- сауықтыру. Бұл іс- әрекеттің барлық
түрлері оқушылар мен мұғалімдердің бір- бірімен қарым- қатынасы
арқылы жүзеге асырылады. Ол іс- әрекеттің барлық түрлерін бір-
бірімен байланыстыру өте маңызды.
2) Гумандық психология мен педагогиканың идеяларындағы тұлғалық-
бағдарлық тәсіл төмендегі ережелерді тірек етеді.

-Индивид үнемі өзгермелі қоғамның ортасында өмір сүреді.
Ол үшін қоршаған дүниені қабылдаудың өзіндік әлемі өте маңызды;
бұл өзіндік әлемді сырттан ешкім әлі танып білген емес.
-Адам өзін-өзі танып білуге және өзін-өзі іске асыруға
ұмтылады; адамның өзін-өзі жетілдіруге деген ішкі қажеттілігі
болады. Жеке тұлғаның дамуы үшін бірін- бірі түсінуі өте қажет,
бұл қарым- қатынас барысында жүзеге асады.
Өзін-өзі жетілдіру, дамыту ортамен ортадағы басқа
адамдармен араласудың нәтижесінде іске асады. Адам үшін, адамның
өзін- өзі тануы үшін сырттай баға беру өте маңызды, бұл тура және
жасырын байланыстардың нәтижесінде іске асады.
Тұлғалық – бағдарлық оқыту жағдайында мұғалім оқушылардың
танымдық өзіндік әрекетін негізгі ұйымдастырушысы. Қазіргі кезде
тұлғалық- бағдарлық оқыту нұсқаулық бағдарламалармен, дифференциалды
әдістер мен, шығармашылық, үй тапсырмаларымен оқушылардың оқудан тыс
іс- әрекетін ұйымдастыру түрлері арқылы жүзеге асырылады. Солардың
ішіндегі ынтымақтастық педагогика әдістерінің келешегі зор.
3) Оқыту процесіндегі зерттеушілік әдіс – алдыңғыларымен тығыз
байланысты. Дәл соны жүзеге асыру оқушылардың нәтижелі
өзіндік танымдық әрекетімен қамтамасыз етіледі, ойлау
қабілетін дамытады, өзіндік білім алуға дайындайды.
Оқушыларды зерттеушілік ізденіс жұмыстарына тарту үшін
әртүрлі эвристикалық әдістер қолданылады; ізденістік әңгіме,
ереже, формула, ұғым, дәстүрлі емес есептерді шешу, өз
бетінше қорытынды жасау, зертханалық және сарамандық
жұмыстар, бақылаулар және тәжірибелер. Мектеп тәжірибесінде
бірге оқу жұмысының жеке, ұжымдық, топтық түрлері
тәжірибеге ендірілген.
Проблемалық оқыту- зерттеушілік- ізденіс – танымдық іс- әрекеттің
маңызды құралы. Проблемалап оқытудың негізгі көзін Сократтың
эвристикалық әңгімелерінен көруге болады, яғни әңгіменің қисынды
құрылуы және сұрақтардың көмегі арқылы өзінің шәкірттерін қарама-
қайшылыққа және біртіндеп қажетті қорытындыға алып келген. Ойлаудың
эвристикалық тәсілі бойынша; оқыту мен ойлауда проблемалық жағдай
туғызу; проблемалап оқыту И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, В.Н.Максимова,
В.Окунь т.б. ізденістік- зерттеушілік міндеттерді, стандарттық
міндеттерді шешудегі оқушылардың танымдық әрекеті бұрынғы жүріп
өткен жолдардан, үлгіден басқаша екендігін педагогтар мен
психологтардың қазіргі заманғы зерттеулері нақты дәлелдеп отыр.
Ізденістік іс- әрекет бірқатар жағдайда қарқынды, қызу жүреді, онда
эмоционалдық процесстер бірқатар айқын көрінеді, шарықтау шегі кейде
шешімді, таңдауды іздеуге және шамалауға әкеліп соғады. Проблемалап
оқытудың негізгі мәні оқыту процесінде ерекше жағдай туғызу, яғни
оқушы қатынаспай қалмайды, мұғалімнің көрсеткен бағытына сүйеніп
қана калмайды. Проблемалық жағдай оқушының меңгерген білімі мен оны
шешу міндеттері арасында қарама – қайшылық айқындалады. Проблемалап
оқытудың алгоритмі мәселені қоюдан және саналы түсінуден, болжамды
тудырудан, оларды білімімізді тексеруден, сонымен қатар мәселенің
шешілуінің дұрыстығын тексеруден тұрады. Бұған пікірталастар,
эвристикалық әңгімелер, проблемалық баяндау және т.б. қолданылады.
4) Алгоритмдеп оқыту тәсілі негізіне белгілі бір міндеттерді
орындауға қатаң нұсқаулар қажет. Егер, оқушы типтік
есептерді шешудің қайта-қайта жаңа жолдарын іздеуде әр
кезде қателер мен сынақтың ұйымсыз жолдарымен жүргенде
оқыту процесі өте шаршататын типтен ауыр болар еді. Оқушы
бұрыннан белгілі математикалық амалдардың толық сандарын,
бөлшектерін пайдаланады; алдын ала жазылған сөйлемдерді
талдауда тілді меңгереді. Алгоритмдер мен ұйғарымдардың
жүйесіздігінен адам өзінің іс- әрекетінде қарпайым автоматтар
мен техникалық құралдарды да пайдалана алмайды. Оқыту
әрекетінің алгоритмдері оларды ұйымдастыруға мүмкіндік
жасайды, жеңіл, жылдам орындауды жүзеге асырады, сондықтан
танымдық іс-әрекет субъективті анық объективті нәтижелі
болады. Алгоритмдеу программалап оқытумен байланысты, оның
мәні нақты хабарламаның таңдауынан тұрады, ал оқушыға аз
мөлшерде беріліп отырылады. Қадам қозғалысы сайын есептің
шешімінің түсінікті, түсініксіздігін, меңгерілген,
меңгерілмегенін, шешілген, шешілмегенін бірден көруге болады.
Алайда бағдарламалап оқытудың талассыз ерекшеліктеріне
қарамастан бұл тәсілді жалғыз және әмбебап деп қарауға
болмайды. Егер бала тұрақты, бағытсыз сабақтан сабаққа
бағдарламаланған оқулықтың мәтінінің соңынан ілессе, немесе
оқыту машинасымен жұмыс жасаса, онда бағдарламалап оқыту
жағдайында оқушының ынтасы төмендейді.
5) Оқытуды компьютерлеу. Компьютер дегеніміз- маманның еңбегінің
нәтижесін сапалы өзгертіп отыратын құрал. Адамның
танымдылығының құралы ретінде ЭВМ-нің қолданылуы, білімді
пайдалану мен жинақтаудың мүмкіндіктерін кеңейтеді, ойлау
әрекетінің жаңа формаларын дамытуға жағдай жасайды, оқыту
процесін қарқындандырады.
Бірінші сатыдағы компьютер оқу әрекетінің пәні болып
табылады, оны меңгере отырып, оқушылар осы машинаның жұмысы туралы
білім алады, дағды-білігіне үйренеді, оператор жұмысының дағдыларын
меңгереді. Екінші сатыда компьютер оқу есептерін шығарудың құралына
айналады. Компьютер оқытуда пайдаланатын қосымша техникалық құрылым
ғана емес, сонымен бірге ол тиісті жоспарлауды қамтамасыз етеді.
Бұл жерде мәселенің бір жағын - құрастыру және ЭВМ-ді қосуды
көптеген қиыншылықтарды жеңе отырып – инженер орындайды, ал екіншісін
педагог; себебі ол есептеу машинасының жұмысына қонымды негізделген
дидактикаға сәйкестендіріп адам әрекетін реттейді. Оқытуды жалпы
компьютерлеу үшін алгоритмді ойлау қасиеттерін меңгеру керек.
Компьютердің келесі бір қиындығы оның құрамы дидактикалық
жүйеден басқалармен қатар тұрғандығында. Бұлар өзара тығыз
байланыста, біреуіндегі артынан екіншісі жіктейді. Сол себепті
мектеп сыныптары мен жоғарғы оқу орындағы есептеу машиналарының
орнығуы компьютерлеудің соңын емес, басталуын, яғни оқыту
технологиясының жүйелілігін көрсетеді. Гигиеналық нормаларды
сақтамаудан компьютермен жұмыс істеу барысында оқушының денсаулығына
үлкен зардабын тигізетінін де естен шығармау керек. Сонымен бірге
компьютермен жұмыс оқушы мен мұғалімнің қарым- қатынасының орнын
толықтыра алмайды.
6) Қазіргі мектепте дифференциалдап оқыту кең көлемде
қолданылады. Бұл жерде маңызды тәсілдің аясы оқушылардың әртүрлі
білімнің дамуының көкейкесті деңгейіне сүйену, сонымен бірге жақын
арадағы дамудың зонасын біртіндеп әрқайсысын жетілген білімнің жаңа
тәсілдерін меңгеріп алу. Бұл тәсілдің қиыншылығы- білім
бағдарламасын, дағды мен білікті, пәндік жүйеде әрқайсысын меңгеру
керек. Бұл меңгерудің деңгейі әртүрлі дәрежедегі оқушылар үшін
жоғары болу керек. Бұл тәсіл есту, көру, сөйлеу және қабылдау
кемістігі жоқ әрбір оқушының нақты танымдық әрекетінің жоғары
деңгейдегі мүмкіндіктерін меңгерудің негізін қалауы. Қазіргі
мектептерде, оқушылардың әртүрлі дәрежесіне бағытталған оқыту
тапсырмаларын дифференциалдап оқыту жағдайында не мұғалім бере
алады, не болмаса оқушылардың өздері таңдауға болады. Кейбір
қиындық тудыратын жағдайларда мұғалімдер үшін маңызды мүмкіндік
оқушы талабының деңгейін анықтау ғана емес, оны алдыңғы
қателіктерден сақтандыру, оқушының мүмкіндігіне қарай есептерді
шешуді ұсыну болып табылады. Бірақ та дифференциалдап оқыту әмбебап
тәсіл бола алмайды, себебі оқыту процесіндегі оқытудың басқа да
маңызды қорларының оқушылардың дамуында бағалы да мәнді екені
белгілі. Сонымен оқушылармен жүргізілетін барлық дәрежедегі барлық
жұмыс олардың жеке мүмкіндіктерінің қаншалықты екенін көрсете алатын
маңызды құрал болып табылады. Бұл жерде оқушыға басқалардың
еңбегінің нәтижесін көрсететін және жеке қабілеті мен білімнің
құндылығын танытатын кері байланыс та іс жүзінде асырылады.
7) Ұжымдық танымдық әрекет негізіндегі тәсіл. Белгілі
жарық көрген педагогикалық әдебиеттерде қарым- қатынас проблемасы,
оқыту процесіне қатынасушылардың өзара байланысы қарастырылды.
Оқушылардың ұжыдық танымдық әрекеті – бұл оқушылардың біріккен іс-
әрекеті, оқушылар ортақ тапсырма орындауда өз істерін үйлестіріп,
жұмысты өзара бөліп, әркімнің міндетін мұғалім ұйымдастырып беретін,
яғни іскерлік тәуелділік жағдай пайда болады, білімді меңгеруде
өзара қарым- қатынас ұйымдастырылады, аса бағалы тәжірибе алмасу
жүреді.
Ұжымның танымдық әрекеті сабақта да сабақтан тыс уақытта
да педагогикалық процессте жүріп отырады. Ұжымдық танымдық әрекетті
ұйымдастыру мұғалімнен тек теориялық және әдістемелік дайындықты
қажет етпейді, сонымен бірге сынып белсенділерімен маңызды жұмыс
жүргізуді талап етеді. Сонымен қазіргі дидактиканың ұсынып отырған
әртүрлі ізденіс тәсілдері оқыту процесінің қайнар көзін ашуда
қазіргі уақыттағы міндеттерді шешуде, барлық мүмкіндіктері бар
тәсілдердің ақиқатына әлі де болса толық жауап бере алмайды.

ІІ Тарау. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа
технологияларының қолданылуы
2.1 Педагогикалық технологияның деңгейлері

Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың жаңа технологияларын
меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүмкін емес. Жаңа технологияны
меңгеру мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік адамгершілік, рухани,
азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің игі әсерін тигізеді, өзін-
өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі.
Қазіргі кезде педагогикалық технология ұғымы педагогикалық
лексиконымызға еніп келеді. Дегенмен, оның мән-мағынасы туралы пікірлер
алуан түрлі. Түсіндірме сөздікте Технология-бұл қандай да болсын істегі,
шеберліктегі, өнердегі амалдардың жиынтығы делінсе, Б. Лихачев
педагогикалық технологияны оқу үрдісінде белгілі бір мақсат көздей отырып,
әсер ететін педагогикалық ықпал деп түсіндіреді. Ал технологиялық үрдісті
нақты педагогикалық нәтижеге жетелейтін бірліктердің белгілі бір жүйесі
ретінде көрсетеді және педагогикалық технология түпкілікті өзгермейтін
механикалық құрылым емес, қайта бала мен мұғалімнің үнемі түрленіп
отыратын өзара қарым-қатынасының өзегі, мазмұнды ұйымдастырушы құрылым
дейді.
ЮНЕСКО-ның анықтамасы бойынша педагогикалық технология дегеніміз –
бүкіл оқыту үрдісі және бір-біріне өзара әсерін, білім берудің формасын
оңтайландыру міндеттерін ескере отырып меңгеруді жүзеге асырудың жүйелі
әдісі. М.Кларин Педагогикалық технология – бұл технологиялық мақсатқа қол
жеткізу жолдағы қолданылатын барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық
құралдарының жүйелі жиынтығы және жұмыс істеу реті деп жазады№
Біздің пікірімізше, педагогикалық үрдіс технологиясы – мақсат мүддені
анықтаудың жалпы әдіснамасы негізінде мемлекеттің өазіргі таңда білім беру
саласына қойып отырған талаптарына сәйкес анықталып, іріктеліп, реттелген
оқытудың мазмұны, форма, әдіс-амалдарының, дидактикалық талап секілді
психологиялық іс-әрекеттердің жүйелі кешені ретінде пайдаланылады. Ол
оқушының тәртібіне, оқуға ынтасына, оқу іс-әрекетіне игі әсер етумен қатар
педагогиканы нақты ғылымға жақындату, мұғалімнің интеллектуалдық,
шығармашылық қызметі болып табылатын педагогикалық іс-тәжәрибесінің
нәтижелігіне, жинақылығына ұтыиды әсер ететінде оқу-тәрбие үрдісінің басты
күре тамырының рөлін атқарады.
Былайша айтқанда, педагогикалық технология – оқу-тәрбие үрдісінің
шығармашылық пен терең ойластырылған көптеген факторлардың үйлесімді және
оқыту мен тәрбиенің тиімділігін өамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі.
Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі заманғы білім берудің даму бағыты
мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогикалық технология
қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ, мұғалімдер оны өз тәрбиелерінде жүйелі
қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Сондықтан біз
оқытудың жаңа технологияларын М.Потаншик ұсынған критерийлерін көрсете
отырып, олардың кейбіреуіне талдау жасайық. Олар мыналар:
- Елдің, аймақтың, қаланың талап - тілегі мектепке әлеуметтік сұраныс;
- Мектептің дамуы туралы мемлекеттік құжаттар – мемелекеттік сұраныс;
- Қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;
- Педагогикалық озат тәжірибе;
- Мұғалімнің, мектеп басшының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығамашылығы;
- Мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы.
Бұдан педагогикалық технология барысында алынып отырған технологияның
мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы, жүйелігі және тиімділігі
ескерілуі керек деген қорытынды шығады.
Педагогикалық технология оқу үрдісімен, яғни мұғалім мен оқушының іс-
әрекетімен тығыз байланысты.
Оның құрылысына мыналар кіреді: а) тұжырымдық негізі; ә) оқыту
мазмұндық бөлімі; б) үрдістік бөлім – технологтялық үрдіс.
Қазіргі кезде қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның
негізіне мыналар жатады:
- әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктерін ескеру;
- оқушының қабілеттері мен шығармашылықтарын дамыту;
- оқушының өз бетінше жұмыс істеу, іздену дағдыларын қалыптастыру.
Жаңа педагогикалық технологияға ынтымақтастық педагогикасы,білім беруді
ізгілендіру технологиясы, түсіндіре басқарып озат оқыту технологиясы,
деңгейлеп саралап оқыту технологиясы, міндетті нәтижелерге негізделген
саралап оқыту технологиясы, модульдік оқыту технологиясы және жобалап оқыту
технологиясы кіреді.
Педагогикалық технолгия туралы еліміздегі практик ғалымдардың
пікірлеріне де тоқтала кетуге болады.
Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тұдырушы оқу
процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті
жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі Монахов В.М..
Технология – дидактикалық жүйенің процессуалды бөлігі. Чошанов М..
Педагогикалық технология – прктикада іске асырлатын педагогикалық
жүйенің жобасы Беспалько В.П..
Ал, педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара
тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет
құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі. Оқыту
технологиясы – оқытудығ тиімді жолдарын зерттейді, ғылымда оқыту процесінде
қолданылатын әдістер, тәсілдер мен қағидалар. Ол оұыту процесінде нақты
жүйе қызметін атқарады Селевко Г..
Педагогикалық технология ұғымы үш деңгейде қолданылады:
Жалпы педагогикалық – педагогикалық жүйе ұғымының синонимі. Оған:
мақсат, мазмұн, оқытудың құралдары мен әдістері, оқыту прецесінің
субъектілері мен объектілерінің ірекет алгоритмі кіреді.
Салалық пәндік - бір пән шеңберіндегі оқыту, тәрбие мазмұнын жүзеге
асыруға негізделген әдістер мен құралдар жиынтығы.
Локальдік модульдік - жеке әрекеттер технологиясы, ұғымды
қалыптастыру; дара қасиеттерді қалыптастыру және дамыту сабағының
технологиясы; жаңа материалды меңгерту технологиясы; қайталау және
бақылауды ұйымдастыру технологиясы; жеке жұмысты ұйымдастыру технологиясы.
Салалық пәндік және локальдық модульдік деңгейлеп оқыту әдісімен
үндес, тек айырмашылық технологияда процессуалдық өлшемділік, сапалық және
вариативтік – бағдарлық компоненттерге басым көңіл бөледі.
Технология әдістемеден оқыту әрекеттерінің өндеуге болатындығымен
ерекшеленеді.

2.2 Педагогикалық технолгияның құрылымы.
1. концептуалдық негізі.
2. мазмұндық бөлігі:
❖ жалпы оқыту мақсаты;
❖ нақты оқыту материаланың мазмұны.
3. процессуалді бөлігі – технологиялық процесс:
❖ оқыту процесін ұйымдастыру;
❖ оқушының оқу әрекетінің әдістері мен түрлері;
❖ ұстаздардың оқу материалын меңгеру процесіе басқару әрекеті;
❖ оқу процесін диагностикалау.
Сонымен бірге, кез келгенпедагогикалық технология негізгі
методологиялық талаптарды қанағаттандыруы керек.,
Методологиялық талаптар:
1. Концептуалдық негізінің болуы. Қандай технология болса да
философиялық, педагогикалық, психологиялық ғылыми тұжырымдымаға
негізделуі тиіс.
2. Жүйелілігі. Педагогикалық жүйенің барлық бөліктерінің логикалық
байланыста болуы шарт.
3. Басқаруға оңтайлығы. Диагностикалқ болжау жасауға, жоспарлауға,
нәтижені өндеу, өзгеріс енгізу мақсатында әдіс-тәсілдерді
кезектеп пайдалану мүмкіндігі болуы керек.
4. Тиімділігі. Білім беру стандартын қанағаттандыруы тиіс.
5. Қайталауға жарамдылығы. Басқа ұжымда дәл осы күйде қолдануға
мүмкіндіктің болуы.

І.ІІ. Даму көздері мен құрамдас бөліктері.
Педагогикалық технологияның даму көзі мен құрамдас бөліктері
болып:
әлеуметтік өзгеріс және педагогикалық жаңаша ойлау;
педагогика, психолгия, қоғамдық ғылымдар;
отандық, шетелдік тәжірибелер, ескі мен жаңа;
этнопедагогика болып табылады.
Әлемдік білім беру кеңістегіндегі педагогикалық технологиялардың ғылыми
философиялық негізін мыналар құрайды:
Сциентизм – адамзат қоғамының мәдениет жүйесінде ғылым мен техника
рөлін даралап бағалау.
Табиғаттәнділік – адамнығ табиғи мүмкіндіктерін ескеруді уағыздаушы
көзқарас, адам мен табиғаттың үйлестігінбасшылыққа алу.
Гуманизм ізгіліктік - әлеуметтік құбылыстарды бағалау өлшемі, адамның
жағдайы, қоғам қағидасы – теңдік, әділеттілік.
Теософия – діни бағыттағы мектептердің негізі. Ол ұлттық педагогикадан
терең тамыр алады, жастарды жақсылық пен жамандық аражігін ашуға
тәрбиелейді.
Антропософия – адамның рухани құндылығын зерттеуші бағыт.
Прагматизм – тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік сапалары, оның
табиғи жаратылысы. Оның көрінуі тек даралық ерекшеліктеріне байланысты.
Олар адамгершілік сапаларды қалыптастыру емес, табиғи берілген қабілетті
дамытуды өзін-өзі реттеу жағдайының алғы шарты деп есептейді.
Экзистенциализм – адам өзін-өзі жасаушы деген ойды басшылыққа алу.

Педагогикалық технологияның топтамасы мен классификациясы.

Екі педагогика, оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың 2 түрлі моделі дәстүрлі
және инновациялық білім берудің салыстырмалы ерекшеліктері.
Салыстыру параметрлері Дәстүрлі Инновациялық (дамытушылық)
(білімдік) педагогика
педагогика
Мақсат Білім, білік, Қабілеттер дамыту
дағды
қалыптастыру
Еске сақтау Ойлау мектебі
мектебі
Қарым-қатынас сипаты Субъект-объект, Субъект, субъект
монологтық, демократиялық ашықтық
әкімшілдік-әміршідиалогтық рефлексиялық
лік, рефлексияның
жоқтығы,
томаға-тұйықтық
Ұйымдастыру формалары Фронтальды жеке Топтық ұжымдық
Оқыту әдістері Ақпараттық Проблемалық Рефлексивті
репродуктивті
Оқыту формуласы Білім-репродуктивІс-әрекет-іздену шілік
ті іс-әрекет рефлексиялау
Меңгеру тәсілдері Жаттау, алгоритм Ізденушілік ойлаушылық әрекет
бойынша әрекет,
репродукция
Мұғалімнің функциясы Ақпаратты Бірлеске іс-әрекет
иеленуші пәндік ұйымдастырушы, нұсқаушы,
білімді басқарушы, көмекші
насихаттаушы,
дәстүр-салтты
сақтаушы,
жинақтаушы
Оқушының позициясы Қыығушылығының Мотивтердің, қызығушылығының
төмендігі болуы, белсенділігі
белсенділігін
аздығы

Педагогикалық технологияларды мынадай топтарға жинақтауға
болады:
1. педагогикалық қарым-қатынасты демократиялыө және ізгілік негізінде

құру педагогикалық технологиясы:
- ынтымақтастық педагогикасы;
- ізгілікті тұлғалы оқыту технологиясы;
- адамгершілікті қалыптастыруға негізделген әдебиетті оқыту жүйесі.
2. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогика пәні бойынша бағдарлама
Өзбетіндік оқу әрекетіне қызығушылығы, әрекет тәсілдерін білуі
Оқыту әдістерінің мәні мен мазмұны
Оқытудың қазіргі технологиялары
Педагогикалық технологиялардың қызметтері
Болашақ педагог-пихолог маманның құзырлылығын қалыптастыру
Химия пәнiндe ұжымдық оқыту әдiсiн пaйдaлaнa отырып 8-шы сынып оқушылaрының тaнымдық, iздeнiмпaздық бeлсeндiлiгiн aрттыру
Оқытудың белсенді әдістерінің белгілері
Ұжымның даму кезеңдері
Оқыту үрдісінде модульдік оқыту технологиясын қолданудың өзіндік ерекшеліктері
Пәндер