Музейлердің қор жұмысы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 105 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
МУЗЕЙТАНУ
Оқулық
Астана, 2013
2
ӘОЖ 069 (574) (075)
КБЖ 79.1 я7
И 15
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің
Ғылыми кеңесі ұсынған
Пікір жазғандар:
Ахметов Қ.Ә. - тарих ғылымдарының докторы, профессор
Кәкенова Г.М. - тарих ғылымдарының докторы, профессор
И 15 Музейтану: тарих мамандықтарына арналған оқулық
Ибраева А. - Астана: Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013. -
251б.
ISBN 978-9965-31-578-7
Оқулықта Музейтану жалпы курсы өз алдына, пәннің
қалыптасуы, ғылым ретінде дамуы, теориялық-методологиялық
негіздері, музейлердің қор жинақтау, ғылыми-зерттеу, экспозиция-
көрме жұмысы, мәдени-ағартушылық жұмыстары, бүгінгі музейлер
қызметіндегі өзгерістер мен жаңашылдықтар, жалпы әлемдік
музейлердің тәжірибесі жөнінде мәселелер қарастырылады. Сонымен
қатар, еңбекте автор музей терминдерінің қазақша нұсқасының
жинақталған түрін беріп отыр. Бұл музейтанудағы алғашқы
қадамдардың бірі. Оқулық музей ісін меңгеретін білім алушыларға,
тарих мамандығын игеретін студенттерге, музей қызметкерлеріне
арналған.
ISBN 978-9965-31-578-7
ӘОЖ 069 (574) (075)
КБЖ 79.1 я7
(C) Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ, 2013
(C) Ибраева А., 2013
251
Ибраева А.
МУЗЕЙТАНУ
тарих мамандықтарына арналған оқулық.
Оқулық мазмұнына баспа бөлімі жауап бермейді
Таралымы 100 дана.
Пішіні 60х84 Шартты 15,6 б.т
Қаріп түрі Тimes New Roman
Тапсырыс № 184.
Ұлттық университет типографиясында басып шығарылды.
Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті,
010008, Астана қ., Қажымұқан к., 13.
250
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
І. БӨЛІМ. Музейтанудың теориялық
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
6
1.1 Музейтану - ғылыми пән ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1.2 Музей әлеуметтік-мәдени институт ретінде ... ... ... ... ... . 12
1.3 Музейлердің ғылыми-зерттеу жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . . 21
1.4 Музейлердің қор жұмысы ... ... ... ... ... ... ... . ... .. ... ... ... ... . 36
1.5 Музейдегі ғылыми-қор жинақтау жұмысы ... ... ... ... ... ... 44
1.6 Музейдің экспозициялық-көрме жұмысы ... ... ... ... ... ... .. 53
1.7 Музейдің мәдени-ағартушылық қызметі ... ... ... ... ... ... ... 66
1.8 Музей қорларындағы заттарды сақтау және қорғау
мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
74
1.9 Музей ісіндегі менеджмент және маркетинг ... ... ... ... ... . 81
ІІ. БӨЛІМ. Музей терминдерінің түсіндірме
сөздігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
92
ІІІ. БӨЛІМ Жұмыс бағдарламасының негізгі
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
212
Музейтану пәнінен силлабус ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 212
3.2 Музейтану пәнінен оқу бағдарламасы ... ... ... ... ... ... ... ... . 218
3.3 Дәріс сабақтарының үлгі жоспары ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 220
3.4 Емтихан сұрақтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 221
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 223
3
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасның жоғарғы оқу орындарында білім
беруді жетілдіру бағдарламасы оқыту пәндерін жаңа әдістемелік
негізде ұйымдастыруда оқытушылар алдына жаңа талаптар
қойып отыр. Мемлекетіміздің жоғарғы оқу орындарында білім
беру саласын реформалау бағытын қолдап, жүзеге асыру
мақсатымен Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық
университетінің Қазақстан тарихы кафедрасына қарасты
5В020300 - "Тарих" мамандығын игеретін студенттердің оқу-
жұмыс жоспарына "Музейтану" пәні элективті курс ретінде
енгізілді. Музейтану жалпы курсы өз алдына, пәннің
қалыптасуы, ғылым ретінде дамуы, теориялық-методологиялық
негіздері, музейлердің қор жинақтау, ғылыми-зерттеу,
экспозиция-көрме, мәдени-ағартушылық жұмыстары, жалпы
әлемдік музейлердің тәжірибесі жөнінде мәселелер
қарастырылады.
Музей жалпы адамзат баласының өмірінде және рухани
мәдениетті танытуда, зерттеу мен насихаттауда үлкен рөл
атқарады. Әсіресе, ұлттық, мәдени, азаматтық, әскери, еңбек
жетістіктерін, әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің ерекшеліктерін оқып
үйренуге оның көмегі зор. Музей - табиғи-тарихи, материалдық
және рухани мәдениеттің ескерткіштерін, ағартушылық және
дәріптеу қызметіндегі ескерткіш заттарды жинау, тану, сақтау
және пайдалану ісімен айналысатын мекеме.
Музей ісі ғылымның, білім берудің маңызды бір саласы. Осы
уақытқа дейін Қазақстандағы музейлер көбінесе тарихи-
өлкетанулық бағытта жұмыс істеп келді. Кеңес дәуірі кезеңінде
жалпы тарихи, тарихи-революциялық, әскери-тарихи,
этнографиялық, өлкетану музейі болып бөлінді де, олар жалпы
музейлердің негізгі бөлігін құрады. Қазақстанда қазірде тарихи-
өлкетану музейі басым. Соңғы кезде қолданбалы музейлердің
мәселелеріне көп көңіл бөлінуде. Себебі, музей жұмысында
ғылыми-жинақтау, ғылыми-қор, экспозициялық, көрмелік,
білімдік, тәрбиелік, насихаттау бағыттары жұмыс істеп, жас
ұрпақты тәрбиелеу жұмысында маңызды рөл атқаруда.
Музей ісіндегі ерекше бағыты инфрақұрылымдар, оның
дамуы мен мемлекеттік қолдау көрсетілуі, мәдениетті дамыту
4
бағдарламасын музей ісінің құралдарымен әдістерімен жасау
мен оны жүзеге асыру болып табылады. Бұл үдеріске
айтарлықтай салым материалды және рухани мәдениеттің
ескерткіштерін басты сақтаушы болып табылатын музейлер
атынан жүзеге асады. Бүгінгі күні республикада тарихи-мәдени
мұраны сақтау мен дәріптеу жөніндегі мемлекеттік саясаттың
белсенді жетекшісі саналатын түрлі саладағы 170-тен астам
музей жұмыс істейді. Музейлер рухани тірек бірлестігінің
мүшелеріне қызмет етсе, ал музейлік жинақтарға шоғырланған
мәдени-тарихи мұра қоғам идеалдарын қалыптастыру үдерісіне
әсер етеді. Бүгінгі музей мұраты осыған келіп тіреледі.
Музейлердің есептік-сақтау және жаңалау жұмыстарының
жоғары ғылыми деңгейін қамтамасыз ету мақсатында әлемнің
барлық музейлеріндегі ереже, талаптар мен жұмыс
тәжірибесінің негізінде құрылған Музей құндылықтарын
есепке алу мен сақтау бойынша нұсқау жасалды. Республика
музейлерінің қызметкерлерінде жинақтау қызметінің,
экспонаттарды ғылыми өңдеудің, сақтаудың, жөндеудің зор
тәжірибесі жинақталып үлгердң. Музейлерде суреттердің,
сызбалардың, мүсіндердің, металлдар мен жұмсақ
металлдардың, қор сақтау және фотозертханалары жаңа
техникалық құралдармен жабдықталуда. Бұл музейлерде
жаңғыртуға (реставрацияға) жататын жәдігерлер қарастырылып,
оның нәтижелері қабылданатын Жаңғырту Кеңестері жұмыс
істейді.
Авторлық картотекалар мен мұрағат қорларының
жұмыстары; қорды ары қарай толықтырушы иегерлер мен
жинақтаушылармен жұмыс; қорларда жәрмеңке жобаларын
жасау, жәрмеңке тұжырымдамасын қалыптастыру, әдістемелік
және баспа жұмыстары, жаңғырту мәселесі бойынша
тағылымдамалар, күдікті және белгісіз авторлардың
шығармалашылықтарын қайта қарау (атрибуттау) жөніндегі
жұмыстар, баяндамалар, түсініктемелер, пікірлер, ғылыми-
дәріптеу мақалаларды талдау жұмыстары жүргізіледі. Еліміздің
музей ісіндегі жаңалықтардың бірі 2002 жылдың желтоқсан
айынан бастап шығатын мамандандырылған Қазақстан
музейлері (2008 жылдан бастап Мәдени мұра) атты музей
журналының шығуы.
249
рс
Заттардың
атауы
саны
Есептік
белгілері
Сақталу
ы
Ескерту
Барлығы____________________________ ___________дана.
(сақталу бірлігі)
Өткізген___________________________ _________________
Қабылдаған_________________________ ________________
Бас қор сақтаушы___________________________ _________
Есептік бөлімнің жетекшісі__________________________ __
Қор бөлімінің жетекшісі__________________________ ____
248
Барлығы____________________________ ___________дана.
(сақталу бірлігі)
Өткізген___________________________ _________________
Қабылдаған_________________________ ________________
Бас қор сақтаушы___________________________ _________
Есептік бөлімнің жетекшісі__________________________ __
Қор бөлімінің жетекшісі__________________________ ____
Төмендегі жағдайлар міндетті түрде орындалуы тиіс:
1. Осы акті бойынша өткізіпген мұражай жәдігерлері мен
(немесе) мұражай коллекциялары мұражайға
_________________________осы актіде көрсетілген мерзімде
және алдын ала талап етуінсіз қайтарылады.
2. Мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекциялары қабылдап алушы есебінен тасымалданады.
3. Берілген мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекциялары өткізілген кездегі сақталуынан кем жағдайда
болмауы тиіс.
4. Мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекциялары жоғалған немесе жартылай бүлінген жағдайда 10
(он) еселенген сомада жоғалған мұражай жәдігерлері мен
(немесе) мұражай коллекцияларының құнын немесе қайта
қалпына келтіруге кететін шығынды төлеуі тиіс
5. Белгіленген сақталу мерзімінде мұражай жәдігерлері
мен (немесе) мұражай коллекцияларының тиісті жағдайда +18 С
сақталуын қадағалап отырады және мұражайының өкілін
берілген мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекцияларын бақылап отыруға кедергісіз кіргізіп отыруы
және олардың сақтау жағдайлары туралы айтқан барлық
нұсқаулықтарын орындауға міндетті.
Осы акті 3 данадан тұрады және қол қойған жақтардың
бәріне бір-бір данадан берілген.
Талаптармен таныстым: ______________________________
(қолы)
5
Біздің ойымша қазіргі музейтанулық білім беру мынадай
қағидаттарға негізделуі тиіс: біріншіден, гуманитарлық,
әлеуметтік-экономикалық, жаратылыстану, жалпы кәсіби және
арнайы пәндер енгізілген университеттік білім жүйесіне тірек
артқан фундаменталды білім беру, екіншіден, оқу үрдісіне
енгізіліп жатқан жаңа кредиттік технология бойынша
интерактивті, қашықтықтан (дистанциялық) оқыту,
қысқартылған модульдік оқу сынды әдіс-тәсілдерді тиімді
қолдану арқылы білім сапасын жетілдіру болып табылады.
Қазаргі қоғамдық өзгерістер музейлерге деген сұраныстар өсуде.
Отарлаудың қиянатын, тоталитаризмнің қылмыстарын
әшкерелейтін, оң тарихи сананы қалыптастыратын, ұлт
тарихындағы ақтандақтарды жоюға септігін тигізетін
нарықтық қатынастарға бейімделген, жаңа тұрпаттағы музейлер
шаңырақ көтеруде. Олардың мазмұндық деңгейі, құрылымдық
жүйесі мүлдем өзгеше. Мәселен, музейлендірілген ашық аспан
аясындағы қорық-музейлер, экомузейлер, саяси қуғын-сүргін
құрбандарына арналған музейлер, қоғамдық немесе
антропологиялық музейлердің бой көтеруіне байланысты
туристік-экскурстік бағыттар музейлер үшін ерекше орын алуда.
Сондықтан, олардың жұмысын музей жүйесіндегі әлемдік
талаптарға сай орайластыра ұйымдастыру үшін білікті кәсіби
музейтанушы мамандармен бірге экскурсоводтар, музей
менеджерлері қажет. Бүгінгі музей мамандарын даярлаудағы
көкейтесті мәселелер, Отандық музейлердің толыққанды қызмет
жасауына кедергі келтіріп отыр. Алдағы уақытта, бұл мәселе әлі
талай көтерілер, мемлекет тарапынан көңіл бөлініп, шешімін
табатынына үлкен сеніммен қараймыз.
Ұсынылып отырған Музейтану пәнінен оқулық жоғарғы
оқу орындары студенттерін кредиттік жүйе талаптарына сай
оқытуға арналған оқулықтар жазудағы қадамдардың бірі.
6
І. БӨЛІМ. МУЗЕЙТАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ
1. МУЗЕЙТАНУ - ҒЫЛЫМИ ПӘН
1. Музейтану пәнінің зерттеу нысаны және әдістері
2. Музейтану пәні мақсаты мен міндеттері
3. Музейтану құрылымы және басқа ғылымдармен
байланысы
Музей дегеніміз не? Олар не үшін қызмет етеді, не себептен
оның қойнауында сақталған заттар уақыт өткен сайын жаңа
ұрпақты өзіне еріксіз тартып отырады? Музей жәдігерлерінің
көрермендерге әсері қандай? деген сауалдар музейтану деген
жаңа ғылымның пайда болуына алып келді. Шетел
тарихнамасында "музейтану" термині "музеология" деп
пайдаланылады.
Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына үлес қосқан
Дрезден "Жасыл күмбез" музейінің директоры Дж. Грассе (1883
ж.) болды. Өзі негізін салған "Музеология және кітаптану"
журналында музейтануды жаңа ғылыми пән ретінде көрсетіп,
қоғамдық пікірді қалыптастыру мақсатын көздеген ол,
"Музеология ғылым ретінде" атты мақаласын жарыққа
шығарды. Осылайша "музеология" термині ғылыми айналымға
енгізіліп, ресейлік дәстүрде бұл сөздің баламасы "музейтану"
болды. Музей ісі қоғамдағы өзгерістермен, тығыз байланыстағы
ерекше сала. Ол ғылымның, білімнің, мәдениеттің қалыптасуына
тікелей әсер ететін ғылыми мекеме.
Музей ісіне байланысты жинақталған тәжірибе мен музей
ісінің мәселелерін көтеретін арнайы әдебиеттерде жарық көрген
ғылыми білімдер жиынтығын музейтану деп атайды. Бұл
термин ХІХ ғасырдың екінші жартысында ғана пайда
болғанымен, көптеген тілдерде ертерек орнығып қалды.
Ғылымда бұрынғы қолданылған музеография деген термин
музейге қатысты барлық шығармаларда қолданылып келіп, ХХ
ғасырдың ортасынан бастап тек музейді сипаттауға ғана
пайдаланылды. Музейтану терминін көбінесе Музей ісіндегі
ғылыми ілім немесе Музей теориясы деп қарастырды. Бұл
247
ҚОСЫМША 13
___________________________________ ____________________
(мұражайдың атауы)
БЕКІТЕМІН
Директор ________________
____ ____________ 200__ж.
УАҚЫТША ПАЙДАЛАНУҒА БЕРУ
АКТІСІ №
___ ____________________200__ж.
Бас қор сақтаушы___________________________ ____________
___________________________________ _______________________
___________________және __________________________________
____________________ материал алушының қызметі, мекен-жайы
20___ жылғы ________________№________сенім хат және
20___ жылғы ________кепілдік хатына сай директордың
___________________________________ _ рұқсаты және
нұсқауымен осы актіні үш дана етіп біріншісінің өткізгендігі, ал
екіншісінің қабылдағаны, (уақытша) пайдалануға келесі
жәдігерлерді қабылдағаны туралы жасалды.
Сақталу мерзімі____________________________ __
рс
Заттардың
атауы
саны
Есептік
белгілері
Сақталу
ы
Ескерту
246
төмендегі мұражай жәдігерлері және (немесе) мұражай
жинақтарын төмендегі себептермен есептен шығару үшін актіні
жасадық___________________________________ _____________
___________________________________ _________осы мұражай
жәдігерлері және (немесе) мұражай жинақтарын қайта қалпына
келтіру мүмкін емес:
1. ___________________________________ ______________
__________________________________
2. ___________________________________ ______________
3. ___________________________________ ______________
4. ___________________________________ ______________
Әрі қарай сақтап отыру мүмкіндігі жоқ. Комиссия осы
мұражай жәдігерлері және (немесе) мұражай жинақтарын
мұражай қорының тізбесінен шығару жөнінде шешім
қабылдады___________________________________ ___________
___________________________________ ____________________
Комиссия төрағасы:
_______________________
Комиссия мүшелері:
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________
_________________________
7
ұғымдардың барлығы музей мен ғылым арасындағы байланысты
терең көрсете алмайды. Музейтану өзінің теориялық жүйесін,
ұғымдарын, әдістерін және басқа ғылыми салалар арасындағы
орнын тәжірибені теориямен біріктіріп, қорытындылау,
материалдарды жүйелеу арқылы ұзақ мерзімнен соң тапты.
Соңғы жылдары ғана музейтану жалпы ілімдік пән ретінде
негізгі ұғымдарды қалыптастырып, бағытын айқындай бастады.
Музейлердің Халықаралық кеңесінде музейтану ғылыми сала
болып толық қабылданды. 1977 жылы Кеңес Одағында өткен
музей ісіне байланысты Халықаралық ХІ шешуші басты
конферециясында Халықаралық музеология комитеті құрылды.
Онда іргелі ғылыми-зерттеу еңбектер жазуға бағдарламалар
қабылданып, музейтануды жоғарғы оқу орындарында оқытуға
ұсыныс жасалды.
Музей ісінің негізгі белгілері музей жәдігерлерін жинау,
есепке алу, сақтау, консервациялау, зерттеу. Музей арқылы
ақпарат тарату қоғамдағы байланыстың айрықша жүйесі болып
табылады. Музей қызметінде жұмысты ұйымдастыру
формалары әртүрлі. Оған заттық, экспозициялар, көрмелер,
дәрістер оқуды ұйымдастыру түрлері жатады.
Музейтану - қоғамдық ғылым, әлеуметтік ақпараттың
сақталу үдерістерін, музей жәдігерлері арқылы танымдық білім
беріп, эмоциялық әсер қалдыратын және әртүрлі қоғамдық-
экономикалық жағдайдағы әлеуметтік заңдылықтардың
қызметін музей жәдігері, музей ісі арқылы зерттеп, жүзеге
асыратын пән. Арнайы пән ретінде музейтану музей ісінің
теориялық және ғылыми әдістемелік негіздерін жасайды, музей
ісіндегі тарихи тәжірибені қорытындылайды.
Кез-келген ғылыми саланың зерттеу нысанасы мен зерттеу
пәні болады. Музейтанудың зерттеу нысаны музей, музей ісі,
музей жәдігері. Музей және музей ісі тарихы, мәдениет,
өнертану, әлеуметтану және басқа ғылыми салаларда зерттеу
пәні үнемі өзіндік, арнайы заңдылықтарды анықтайтын ғылыми
жүйе ретінде қарастырылуы қажет. Зерттеу пәні арқылы белгілі
бір саланы зерттеуге қызығушылық тудырып, гносеологиялық
міндеттерді шешуге болады. Музейтану пәні негізінен музей
жәдігері, музей, музей ісі сияқты терминдердің
төңірегінде оқытылып, зерттеледі. Музей ісінің теориясы мен
8
тәжірибесін тарих, мәдениет тарихы, өнертану, әлеуметтану,
этнография, археология ғылыми салалары да зерттейді.
Зерттеу нысанына қарағанда зерттеу пәні ерекше белгілі бір
заңдылықтар аясында қарастырылатын жеке дара ғылыми пән.
Зерттеу пәні ғылымның гносеологиялық міндетін, бағытын,
қызығушылығын, шеңберін көрсете алуы қажет. Егер зерттеу
нысанын тез, қарапайым жолмен анықтауға мүмкіндік болатын
болса, зерттеу пәнін анықтау оңай емес. Себебі, зерттеу пәнін
анықтау ғылымның негізгі теориялық міндеттерінің бірі. Ол
зерттеудің әдістемелік жағымен тығыз байланысты және арнайы
зерттеудің нәтижесі болып табылады.
Музейтанудың теориялық зерттелуі көбінесе бұрынғы
социалистік мемлекеттердің ғалымдарының үлесінде болды.
1950 жылдары музейтанушы чех ғалымы И. Неуступный
музейтануды арнайы және жалпы деп екіге бөлуді ұсынады.
Арнайы музейтану тек музей нысандарын зерттей отырып,
адамзат қоғамының даму үрдісін музей заттары арқылы
құжаттайтын тарихи музейтанумен, өнер туындылары және
олардың жәдігерлерін зерттейтін өнертанулық музейтанумен,
табиғи нысандарды зерттейтін жаратылыс-ғылыми
музейтанумен байланысты болды. Ал музейлердің нақты
қызметін ұйымдастыру, қор жәдігерлерін сақтау, музейлік
жүйені құру сияқты маңызды мәселелері жалпы музейтанудың
зерттеу нысанына айналды. Чех ғалымы Бенеш музейтану
арнайы ұйымдастырылған іс әрекеттің жиынтығы және сол
арқылы музейдің әлеуметтік функцияларын атқаруы деп
анықтама беріп, музей жәдігерлерін жұмыстың негізгі қозғаушы
күші ретінде қарастырды.
Словак ғалымы З. Странский еңбектері музейтану мен оның
зерттеу пәніне теориялық негізделген анықтама берген. 1960
жылдары музейтануды дербес ғылыми сала дегенді қостап,
музейтану пәні музейлік мекеме ретінде емес, музей ісінің
саласы деп қорытындылады. Ол құжаттарды жинау мен музей
жәдігерлерін, түп деректерді зерттеуге көңіл бөліп, кейіннен
адамның музей ісіне деген арнайы қатынасының, көзқарасының
ерекшелігіне тоқталды. Музейтануға байланысты шашыраңқы
пікірлерді жүйелей келе, мынадай қорытынды шығарды: а)
музейтану - жеке ғылыми пән; ә) музейтану - музей ісінің
245
№ Мүлік.№ Атауы сақталуы ескерту
Барлығы осы акті бойынша________________дана өткізілді.
(сақтау бірлігі)
Өткізді ___________________________________ __________
Қабылдап алды ___________________________________ __
ҚОСЫМША 12
___________________________________ ____________________
(мұражайдың атауы)
БЕКІТЕМІН
Директор _______________
____ ___________200 ___ ж.
Мұражай жәдігерлерін және (немесе) мұражай
жинақтарын есептен шығару
ҚАБЫЛДАУ АКТІСІ
№_______
___________________200___ж.
Біз төменде қол қойғандар, комиссия құрамы: Комиссия
төрағасы___________________________________ _____________
___________________________________ ________және мүшелері
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
244
ҚОСЫМША 11
___________________________________ ____________________
(мұражайдың атауы)
БЕКІТЕМІН
Директор _____________
___________________200___ж.
Мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекцияларын қайта жаңғыртуға беру
АКТІСІ №________
____________________200___ж.
Біз, төменде қол қойғандар, __________________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
қайта жаңғыртуды қажет ететін мұражай жәдігерлері мен
(немесе) мұражай коллекцияларын өткізгендігі,
ал___________________________________ ___________________
_________________ қайта жаңғырту мақсатында қабылдап
төмендегі мұражай жәдігерлер мен (немесе) музей
коллекцияларын қабылдап алғандығы туралы осы акті жасалды.
№ Инв.№ Атауы сақталуы ескерту
Барлығы осы акті бойынша________________дана өткізілді.
(сақтау бірлігі)
Өткізді ___________________________________ __________
Қабылдап алды ___________________________________ ___
9
теориясы мен әдістемесі, яғни, қолданбалы қосымша ғылыми
пән; б) музейтану - музей қызметінің әдістемелік және
техникалық әдістерінің жиынтығы. Жалпы музейтануға
байланысты З. Странский "Музейтану" (1988 ж.) оқулығында
музейтанудың құрылымын тарих, теория, тарихи деректану
және қолданбалы музейтану құрайтынын атап көрсеткен еді.
Поляк ғалымы В. Глузинский музей функцияларының
құрылымын музейді зерттеудің негізі деп санайды. Сонымен
музейтану пәні деп әлеуметтік ақпаратты жинайтын және
сақтайтын үдерістерге музей заттары арқылы танымдық білім
беретін, дәстүрді, эмоцияны, көріністерді жеткізетін, музей
ісінің шығу, даму және қоғамдық қызмет ету функцияларына
қатысты шынайы заңдылықтардың ауқымын айтамыз. Сонымен
музейтану ғылымының зерттеу нысаны түрлі қоғамдық
құбылыстарды қаттайтын музей және музей ісі болып табылады.
Теориялық музейтануда "музей" анықтамасына түрлі пікірлер
қалыптасқан. 1977 жылы Халықаралық музейлер кеңесінің ХІ
конференциясында 18 мамыр музей күні болып қабылданды.
Музейтану құрылымы мынадай тарихи, теориялық,
қолданбалы элементтерден тұрады: Тарих және тарихнама
музейлердің қалыптасу тарихын, түрлі тарихи жағдайларда
олардың өмір сүруін, музей саясатын, музей жүйесінің құрылуы
және музей ісін ұйымдастыру, аталған мәселелердің және ғылым
тарихының ғылыми әдебиеттерде көрініс табуы.
Теориясы төрт түрге бөлінеді.
1. Музейтанудың жалпы теориясы пәннің зерттеу нысанын,
пәнін, әдістерін, құрылымдық элементтерін, ғылыми пәндер
жүйесіндегі орнын анықтайды; ғылыми түсініктеме аппаратын
құрастырады; музейлердің қоғамдық функцияларына
байланысты, музей жүйесінің қалыптасуы, музейлердің салалану
мәселелерін зерттейді; музей қызметінің ғылыми негіздерін
құрастырады.
2. Құжаттау теориясы музей қорларының жабдықталу
мәселелерін зерттейді, яғни, заттарды музей жинағына іріктеудің
әдіснамалық және әдістемелік тұстарын қарастырады.
3. Тезаврациялау теориясы (гректің thesaurus - қазына, қор)
- ғылыми-қор жұмысының теориясы; ол музей заттарының және
олардың ақпараттылығын танып білумен байланысты. Бір
10
сөзбен айтқанда, музей заттарының есепке алынуын және
сақталуын зерттеу болып табылады.
4. Қатынас (коммуникация) теориясы музейді қатынас
институты ретінде зерттейді. Музейлердің мәдени-ағартушылық
қызметінде әртүрлі категориядағы көрерменге қатынас түрлері
арқылы ақпараттың жеткізілу ерекшеліктерін қарастырады.
Музейлік деректану - музей заттарының деректану пәніне
тиесілі тұстарын зерттейді; музей заттары мен коллекцияларын
іздестіру және табудың теориясы мен әдістемесін құрастырады.
Қолданбалы музейтану үш бөлімен тұрады.
1. Ғылыми әдіс музей қызметінің барлық түрін қамтиды.
Музейтану ғылымында жалпы және арнайы әдістемелік
зерттеу қалыптасқан. Жалпы әдіс музейлердің барлық саласына
тиесілі. Мысалы, музей қатынасының негізгі түрі ретінде
экспозицияны құру, музей қорларын сақтау және экскурсиялық
жұмыс қағидаттары. Арнайы әдіс жалпы ғылыми әдістен
шыққанымен, нақты саладағы музейге бағытталған.
2. Музей жұмысының техниакасы ғылыми әдістерден
шығып, музей ғимараттарын жобалау, музей материалдарын
техникалық жағынан экспозициялау, музей заттарын
консервациялау, реставрациялау мәселелерімен байланысты.
3. Музей жұмысын ұйымдастыру мен музей қызметін
басқару менеджмент және маркетинг мәселелерімен байланысты
болып келеді.
Пәннің көп мағыналығына орай, музейтану пәнаралық
ғылымдар қатарына жатады. Сонымен қатар, зерттеу пәні таным
үдерістері және ақпаратты музей заттары арқылы беру
заңдылықтарымен байланысты болғандықтан музейтануды
қоғамдық ғылымдарға да жатқызуға болады.
Сұрақтар:
1. Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына әсер еткен
жағдайлар.
2. Музейтанудың зерттеу нысаны және пәні.
3. Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына байланысты
ғалымдардың. пікірлері.
4. Музейтанудың құрылымдық негіздері.
243
Түсім кітабы
бойынша №
инвентарлық
№ (түсім
кітабының
нөмірі болмаған
жағдайда)
Атауы Мүліктеу № Сақталуы Ескерту
Берілу мақсаты:___________________________________ ___
Негізі:___________________________________ ____________
Берген:___________________________________ ___________
Алған: ___________________________________ ___________
Материалдық жауапкершілікке сақтауға алған: ___________
Қатысқандар: ___________________________________ _____
242
ҚОСЫМША 10
___________________________________ ____________________
(мұражайдың атауы)
Мұражайдың бас қор сақтаушысы _______________________
__________________20_____ж.
Мұражай ішіндегі алу-беру
АКТІСІ
№ _______
_____ __________ 200___ ж .
Осы актіні толтырушы қор сақтаушы____________________
___________________________________ ____________________
аты, әкесінің аты, тегі
қор сақтаушы___________________________ ____________
аты, әкесінің аты, тегі
төмендегі мұражай жәдігерлері мен (немесе) мұражай
коллекцияларын біріншісі беріп, екіншісі қабылдап алды:
Түсім кітабы
бойынша №
инвентарлық
№ (түсім
кітабының
нөмірі болмаған
жағдайда)
Атауы
және
қыс-
қаша
сипат-
тамасы
Материалы
техникасы
Өлшемі,
салмағы
бағалы
металдар
үшін
Сақ-
та-
луы
Ес-
кер
ту
Берілу мақсаты:___________________________________ __
Негізі:___________________________________ ____________
Берген:___________________________________ ___________
Алған: ___________________________________ ___________
Материалдық жауапкершілікке сақтауға алған: ___________
Қатысқандар: ___________________________________ _____
11
Реферат тақырыбы:
1. Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуының негіздері.
2. Музейлік деректану.
Өзіндік жұмыс тақырыбы:
1. Музейтану терминін ғылыми талдау.
2. Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына байланысты
шетел және отандық ғалымдар көзқарасы мен пікірлері.
Әдебиеттер
1. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және тағылым. -
Астана, 2012.
2. Основы музееведения. Отв. редактор Шулепова Э.А. - М.,
2005.
3. Музееведение. Музеи исторического профиля. - М., 1988.
4. Сотникова С.И. Музеология. - М., 2004.
5. Тельчаров А.Д. Основы музейного дела. - М., 2005.
6. Юренева Т.Ю. Музееведение: Учебник для высшей
школы. - М., 2003.
7. Юренева Т.Ю. Музей в мировой культуре. - М., 2003.
12
2. МУЗЕЙ - ҚОҒАМДЫҚ, ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ
ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ
1. Музей ұғымы және түсінігі
2. Музейлік зат және оның қасиеттері
3. Музейдің әлеуметтік функциялары
4. Музейлік қатынас және музейлердің жіктелуі
Қарастырып отырған мәселенің теориялық-методологиялық
мәнін ашу үшін алдымен музейлердің пайда болуы мен
қалыптасу үрдісінің негізгі бағыттарын анықтап алған жөн. Ерте
заманда әр жерде өзіне ұнаған заттарды жинап, коллекция
жасауға құмар адамдар болған. Солардың тірнектеп жинаған
заттарын бүгінгі музейлердің атасы деуге болады. Коллекция
жасау деген ұғымды екі мың жылдан астам уақыт бұрын алғаш
қолданысқа енгізуші римдік шешен Цицерон болатын. Ол көне
дәуірдің қолжазбалары мен өнер туындыларын жинақтай
отырып, артынан мол мұра қалдырған. Ең алғашқы
коллекцияларға ежелгі қауымдық құрылыс адамдарының
сүйек қалдықтары, ұлутастары жинақталған. Ертедегі грек
философы Аристотельдің римдік үлгілерін, Рим императоры
Юлий Цезарьдың ыдыстар мен мүсіндерді, картиналарды
жинағаны туралы мағлұматтар кездеседі. Келесі бір грек
философы Платон өз үйінің маңын мифтік құдайлар мүсініне
толтырып, оны музалар храмы немесе музейон деп атаған.
Бірақ алғашқы музей осы болды деп нақты айтуға болмайды.
Себебі, ол қазіргі ұғымдағы музейлерден мүлде бөлек болатын.
Біздің дәуірімізге дейінгі 307 жылы Мысырдағы
Александрия шаһарында салтанатты түрде мусейон ашылды.
Ұзақ уақыт бойы өнер-ғылым ордасы болған аталмыш мекеме,
б.з.д. 47 жылдан бастап бірнеше рет аяусыз өртелген
Александрия кітапханасына айналды. Шынайы музейлер ХVІ-
ХVІІІ ғасырлар аралығында дүниеге келе бастады. Оларға
көпшілік қауым бас сұға алмайтын. Музейлердің рухани мәнін
алғаш рет батыл бағалаған француз суретшісі Жак Луи Давид.
Ол Конвент мүшелері алдында былай деген: Адаспаңыздар,
азаматтар! Музей дегеніміз әуестікті қанағаттандыру үшін
жиналған пайдасыз байлық емес. Музей үлкен мәні бар мектеп
241
ҚОСЫМША 9
Қор - сатып алу комиссиясы құжаттамасының
ТІРКЕУ КІТАБЫ
КНИГА РЕГИСТРАЦИИ
документации фондово-закупочной комиссии
Жа-
зыл-
ған
күні
Дата
записи
Акт №

№ №
актов
Заттың
қысқаша
сипатта-
масы
Краткая
характерис-
тика пред-
метов
Зат-
тың
саны
Коли-
чество
пред-
метов
Қай
бөлім-
ге
түскен
В
какой
отдел
посту-
пил
Баға-
сы
Стои-
мость
Түсім
көзі
Источ-
ник
поступ
ления
Ескер-
ту
Приме
чания
240
Акт бойынша барлығы________________________ дана зат.
Қабылдаған ___________________________________ ______
Өткізген ___________________________________ _________
1. Сатып алу комиссиясының қорытындысы ______________
___________________________________ ___________________
2. Қор сатып алу комиссиясының қорытындысы (ҚСК) №
___ ___ _________________ 200___ж.
___________________________________ _________________
Қолдар:
ҚСК төрағасы: ___________________________________ ___
Комиссия мүшелері: __________________________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
Хатшы: ___________________________________ _________
___ ________ 200 ___ ж. Бөлім жетекшісінің қолы _______
3. Заттар туралы әфсана:

Атауы саны сақталуы ескерту
Акт бойынша барлығы_________________________ дана зат.
Қабылдаған ___________________________________ ______
Өткізген ___________________________________ _________
13
болуы тиіс. Оқытушылар бұл жерге өз шәкірттерін, әкесі ұлын
ертіп әкелсін. Жас адам данышпандардың мұрасын көрген сәтте,
өз табиғаты қандай өнер немесе ғылым түріне тартатынын сезіне
түспек. Содан бергі уақыт ішінде музейлердің түрлері көбейіп,
сан алуан жәдігерлерге толды. Мысалы, Дрезденде 1930 жылы
гигиена музейі ашылып, онда тіршілік иелерінің ағзалары қалай
жұмыс істейтіні ұсақ-түйегіне дейін көрсетілген. Көне музей
кешендерінің қатарына Мысыр пирамидаларын, Афины
акрополін, Помпей қала музейін атауға болады.
Франциядағы Лувр, Версаль, Англиядағы Британ ұлттық
музейі, Букингем сарайы, Лондон ұлттық галереясы,
Германиядағы Дрезден галереясы, Мюнхен пинакотекасы,
Веймар ұлттық галереясы, Испаниядағы Эскориал, Прадо,
Италиядағы Неаполь, Рим, Уффици және Ватикан, Венеция
музейлері, Ресейдегі Кремль, Қару-жарақ палатасы, Кунсткаера,
Эрмитаж, Третьяков галереясы, АҚШ-тағы Метрополитен
әлемге әйгілі музейлер. Шығыс өркениетінің қайталанбас
ескерткіштері өз алдына бір төбе. Ерте заманда әр жерде өзіне
ұнаған заттарды жинап, коллекция жасауға құмар адамдар
болған. Солардың жинаған заттарын бүгінгі музейлердің атасы
деуге болады
Бүгінгі таңда теориялық музейтануда "музей"
анықтамасының мәнін ашуда түрлі пікірлер қалыптасқан.
Дегенмен, бүгінгі музейтануда қалыптасқан ғылыми
тұжырымдарға сүйенсек, атқаратын қоғамдық қызметіне қарай
әлеуметтік институт ретінде музей - мәдени, тарихи және
ғылыми құндылықтарды сақтауға, музейлік заттар арқылы
мәліметтерді жинақтап таратуға, өскелең ұрпаққа көне мұралар
жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған тарихи қалыптасқан көп
қырлы әлеуметтік ақпараттар институты.
Шетел тарихнамасында "музейтану термині "музеология"
деп пайдаланылады. Мәдениеттің ерекше түрі ретінде музейтану
ХVІ-ХVІІІ ғасырлар аралығында Батыс Еуропада қалыптаса
бастаған. Осы тұрғыда К. Найкель (Никелиус) деген жалған
атпен К.Ф. Энкельдің Музеография, или Руководство к
правильному пониманию и полезному учреждению музеорума
или раритеткамеры (Лейпциг, 1727) атты еңбегі жарық көрді.
Онда тұңғыш рет музейлерді сирек кездесетін жинақтарды
14
сақтаушы қызметін атқарушы ретінде негіздеуші музейтанудың
іс-әрекет шеңберінде қолданылатын музеография арнайы
термин атауы ұсынылды.
Найкелдің еңбегінде Габсбург империясының музейлік
тәжірибесін негізге ала отырып, мынадай жеті түрін атап
көрсетті: шатцкамера (асыл тастар кабинеті, қазына
сақтайтын орын) - құнды материалдар, өнер туындылары мен
табиғи үлгілердің жинағы; галерея - көркемсурет және мүсіндік
туындылар жинағы; кунсткамера (өнер кабинеті) - көркемдік
қолөнер туындылары, ғылыми жабдықтар, гипс моделдері және
т.б. жинағы; антиквитеткамера - көнеден қалған заттар
жинағы; штудио-музеум - кітаптар, қолжазбалар, кейбір өнер
заттарының жинағы; раритеткамера - сирек кездесетін заттар,
көбіне табиғи үлгілер жинағы; натуркамера - жануарлар,
өсімдіктер, минералдық үлгілер жинағы. Музей жинақтары мен
коллекцияларын жүйелеуге деген талаптардың күшеюі
музейлердің көркемдік, тарихи, жаратылыстану ғылыми
түрлерін қалыптастырды.
Музей (гректің museion - "орын", "музаға арналған орын",
"муза ғибадатханасы") деген түсінік береді. Грек
философтарының ерекше салтанатпен безендіріліп, жиын
жасауға арналған сәнді ғимараттары антика дәуірінде осылай
аталған. Музей табиғат және адам қолымен жасалған өнер
туындылары мен көне заман ескерткіштерін, үлгі-нұсқаларын
зерттеп жинаушы, сақтаушы, әрі бұл мұраларды ұрпақтан-
ұрпаққа жеткізе отырып солардың негізінде қоғам мүшелеріне
тәлім-тәрбие беретін ғылыми-мәдени мекеме. Немесе, әртүрлі
этникалық мәдени дәстүрлердің және ұрпақаралық диалогты,
тілдесуді, жүздесуді ұйымдастыратын айрықша мәдени кеңістік.
Бүгінгі музейтануда қалыптасқан ғылыми тұжырымдарға
сүйенсек, атқаратын қоғамдық функцияларына қарай әлеуметтік
институт ретінде музей - мәдени, тарихи және ғылыми
құндылықтарды сақтауға, музейлік заттар арқылы мәліметтерді
жинақтап таратуға, өскелең ұрпаққа ата-бабамыздан қалған
мұралар жөнінде тәлім-тәрбие беруге арналған тарихи
қалыптасқан көп қырлы әлеуметтік ақпараттар институты.
Қазақстан Республикасының "Мәдениет туралы" заңының
24-бабында "Мұражайлар - мұражай коллекцияларын сақтау,
239
ҚОСЫМША 8
___________________________________ ____________________
(мұражайдың атауы)
БЕКІТЕМІН
Директор ________________
____ _____________200 ___ ж.
Мұражай жәдігерлерін және (немесе) мұражай
жинақтарын мұражай қорына
ҚАБЫЛДАУ АКТІСІ № _____
____ ________________200 ___ ж.
Біз, төменде қол қойғандар, бас қор сақтаушы_____________
___________________________________ _________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
осы актіні 3 дана етіп, біріншісінің қабылдағаны, ал
екіншісінің музейлік құндылығы бар заттарды музейге тұрақты
(уақытша) пайдалануға өткізгені туралы жасадық.

Атауы саны сақталуы ескерту
238
ҚОСЫМША 7
Музей атауы
БЕКІТЕМІН
Музей директоры
__________________________
___________________20__ ж.
(Музей мөрі)
Тақырыптық - экспозициялық жоспар
№ Бөлімдер атауы, экспозициялық
кешеннің мазмұны, экспозициялық
материалдар тізімі
Жәдігерлер
сипаты
Ескерту
15
зерделеу және көпшілікке ұсыну үшін құрылған, мәдени, білім
беру және ғылыми функцияларды жүзеге асыруға және
материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін зерделеуді,
есепке алуды, сақтауды және көпшілікке таныстыруды
қамтамасыз етуге бағытталған мәдениет ұйымдары" - деп
көрсетілген. Бұл анықтаманың нақты қалыптасуы барысында
музейлер ұзақ уақытқа созылған пікірталастар мен,
тәжірибелерді басынан кешірді. Бүгінгі музейтану ғылымында
кеңінен қолданылып жүрген "музей миссиясы" деген ұғым бар.
Ғылыми ортада қалыптасқан пікір бойынша музей миссиясы -
тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау және қорғау арқылы
бүгінгі және болашақ мәдениетті бір-бірімен сабақтастыру
болып табылады.
Теориялық музейтануда "музейлік зат" деген ұғым бар. ХХ
ғасырдың 30 жылдарында Н.М. Дружинин ғылыми айналымға
енгізген бұл ұғым бүгінде маңызын жойған жоқ. Ойымыз
түсінікті болу үшін бұл мәселеге тереңірек тоқталып кетейік.
Мәселен, табиғатта, қоғамдық өмірде кездесетін ғылыми,
көркемдік, тарихи, мемориалдық құндылықтары бар заттар
музейде қолданыс таба алады. Олардың музей затына айналуы
үшін бірнеше кезеңнен өтетін зерттеу жұмыстары жүргізіледі.
Алдымен музейлік мәні бар зат оның қолданылған ортадан
іріктеліп алынады. Ол ортадан алынғаннан кейін, музейлік мәні
бар зат музейге түсіп тіркеуге алынып, толық ғылыми
зерттеуден өткеннен соң ғана музей затына айналады. Музей
қорына енген зат бұрынғы өмір сүрген ортамен байланысын
үзіп, өзінің функционалды мәнінен айрылады. Музейде ол
заттың атқаратын қызметі емес, тарихи және мәдени ескерткіш
ретінде қоғамдық мәніне ерекше көңіл бөлінеді. Музей
жинағында ондай зат нақты оқиғаның, құбылыстың дәлелді
құжатына айналады. Мысалы, археологиялық қазба жұмыстары
кезінде табылған еңбек құрал-жабдықтары немесе үй заттары өз
қызметінің мәнін жойғанымен, олардың өмірге келуіне негіз
болған шынайы жағдайлар оның әлеуметтік құндылығын
арттыра түседі.
Музейлік заттың мұндай сипаттамасы заттың өмір сүрген
ортасын нақты ашып көрсететін белгілері мен қасиеттеріне
байланысты. Сондықтан музейтану ғылымында музейлік заттың
16
ақпараттық, аттрактивтік және экспрессивтік қасиеттері
кеңінен қолданылады.
Музей затының ақпараттық қасиеті тарихи оқиғалар,
мәдени, қоғамдық және табиғи құбылыстар мен үрдістер туралы
жан-жақты деректік мәлімет беретін заттың мазмұнды жағын
сипаттайды. Заттар туралы мәліметтер жиынтығы ғылыми
құжатталып, заттың ақпараттық негізін құрайды. Белгілі
музейтанушы ғалым В.В. Кондратьев жинақталған ақпараттық
мәліметтерді ішкі ақпараттық кеңістік және сыртқы
ақпараттық кеңістік деп екі топқа бөледі. Ішкі ақпараттық
кеңістікке тікелей затқа қатысты мәліметтер (атауы, көлемі,
өлшемі, шикізаты, жазбалары, таңбалары, қолданысы т.б.)
жатады. Сыртқы ақпараттық кеңістікке заттың шыққан жері
және өмір сүрген ортасы, онымен байланысты жеке адамдар мен
оқиғалар туралы мәліметтер қарастырылады. Музей затының
аттрактивтілігі экспозицияға қойылған заттың сыртқы
пішініне көрерменнің көңіл-күйін аудартатын құбылыс болып
табылады.
Экспрессивтілік заттың құндылығына байланысты,
көрерменнің жан-дүниесін қобалжытатын құбылыс. Мысалы,
музейге келген көрермен кейбір заттарға жай ғана көңіл аударып
өтіп кетуі мүмкін, ал кейбір заттардың жанында сәл кідіріп, тіпті
экскурсоводтан толығырақ мәлімет беруді сұрайды. Мұндай
музейлік заттар көрерменді ерекше көңіл аудартып, іштей
қобалжуын тудырып, еріксіз өзіне тартады. Мысалы, ұлт-
азаттық көтерілістерге қатысты заттай деректер, саяси қуғын-
сүргінге ұшыраған қазақ халқының аялы азаматтарының
жекелеген заттары немесе тергеу көріністері, Ұлы Отан соғысы
жылдарын бейнелейтін заттарды, полигондағы жарылыс
көріністерін көргенде көрермендер жай ғана шолып өте шықпай,
оған ерекше көңіл бөліп, ұзақ назарын салады.
Шетел музейтанушы ғалымдары З. Странский, И. Ян музей
затының ақпаратық мәліметтерді беретін ерекше қасиетіне
байланысты "музеалдық" ("музеалия" - музей заты) терминін
қолданысқа енгізді. "Музей заты" деген ұғым тек түпнұсқа
заттарға ғана тән. Сонымен, музейлік затты өзінің музейде
қолданылатын маңыздылығына орай өмір сүрген ортасынан
алынып, музей жинағына енгізілген табиғи немесе адамзаттың
237
ҚОСЫМША 6
Музей атауы
ЗАТТЫҢ ҒЫЛЫМИ ТӨЛҚҰЖАТ (ҮЛГІ)
1. ТӨЛҚҰЖАТ НӨМІРІ
2. САҚТАМ БІРЛІГІНІҢ САНЫ
3. ТҮСІМ КӨЗІ
4. ЖЫЛЫ
5. АТАУЫ
6. КӨЛЕМІ
7. МАТЕРИАЛЫ
8. Техникасы
Зат суреті
9. СИПАТТАМАСЫ
10. ЭКСПОНАТ ӘФСАНАСЫ
11. САҚТАЛУЫ
12. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
13. ҒЫЛЫМИ-МУЗЕЙЛІК МАҢЫЗЫ
14. САЛМАҒЫ
15. ҒЫЛЫМИ ТӨЛҚҰЖАТ ҚҰРАСТЫРУШЫЛАРЫ:
Сипаттама беруші:
Компьютерлік өңдеуші:
Фотограф:
Күні:
236
ҚОСЫМША 5
Музей атауы
Музейдің бас сақтаушысы
________________________
________________20___ ж.
Музейдің ішкі беру
АКТ-і №
____________________________20___ ж.
Актті құрастырған сақтаушы _________________________
___________________________________ _________________
(қор, экспозиция) тегі, аты-жөні
сақтаушымен___________________________________ ______
(қор, экспозиция) тегі, аты-жөні
Материалдық-жауапкершілікпен сақтауға келесі заттарды
біріншісі тапсырды, екіншісі қабылдады
ТК
бойын
ша №
Заттың атауы
және
сипаттамасы.
Материал
және
техника
Көлемі,
салмағы
Сақта-
луы
Ескер-
ту
Тапсыру мақсаты: ___________________________________
Тапсыру негіздемесі: _________________________________
Тапсырды:
Материалдық-жауапкершілікпен сақтауға қабылдады:
Қатысқандар:
17
іс-әрекетінің нәтижесінде жасалған туынды ретінде сипаттауға
болады.
Теориялық музейтануда қоғамдық өмірдің негізгі тұстары
құжатталған музей қызметінің бағыттары әлеуметтік
функциялар арқылы жүзеге асырылады. Музейлердің алдына
қойылған қоғамдық міндеттер мен нақты әлеуметтік-мәдени
жағдайлардың анықталуында, әлеуметтік функцияларының
маңызы зор. Кеңестік тарихнамада 1960 жылдардың аяғы - 1970
жылдардың басында бұл мәселе белгілі музейтанушы ғалымдар
А.М. Разгон, кейінгі онжылдықтарда Д.А. Равикович, Ю.П.
Пищулина, А.Б. Закс еңбектерінің зерттеу нысанына айналған
еді. Кеңестік музейтану ғылымында құжаттау, білім беру және
тәрбиелік функциялар анықталып, музей жұмысының негізгі
бағыттары аталған екі функция арқылы жүзеге
асырылатындығын ғалымдар жан-жақты дәлелдеп берді. Бұл
функциялардың анықталып, бөлініп алынуы музейлердің ұзақ
уақытқа созылған эволюциялық дамуы мен әлеуметтік рөлінің
өсуіне байланысты болды. Аталған функциялардың толығып
отыруы әр кезеңнің даму ерекшеліктері мен тарихи
заңдылықтарына негізделген қоғамдық сұраныстарды
қамтамасыз етті. Өкінішке орай, отандық музейтану ғылымының
кенже қалуына байланысты мұндай теориялық мәселелер осы
уақытқа дейін тіпті қарастырылған жоқ. Бүгінгі музейтану
ғылымында қоғам өміріндегі және мәдени салада музей ісінінің
ерекшеліктері мен рөлін анықтайтын тарихи қалыптасқан екі
әлеуметтік функция қарастырылады. Олар:
Құжаттау функциясы (дәлелдеу, растау) қоғам және
табиғат өмірінде болған оқиғалар мен құбылыстар, тарихи
үрдістер мен заңдылықтарды музей жинағындағы музейлік
заттар арқылы мақсатты түрде көрсету болып табылады.
Құжаттау функциясы музей қызметінің ғылыми қор жинақтау,
ғылыми-қор жұмысында және экспозиция құру барысында
қолданылады.
Білім беру және тәрбиелік функция музей заттарының
ақпараттық және экспрессивтік мүмкіндіктерін пайдалана
отырып, қоғамның танымдық және мәдени сұранысын
қанағаттандыру мәселесін қарастырады. Негізінен музей
экспозияларының құрылуында ерекше маңызға ие бұл функция,
18
ғылыми-ағартушылық үгіт-насихат және жарнамалық
жұмыстарда да қолданылады.
Бірқатар елдердің музейтанушылары жоғарыда көрсетілген
екі функцияны музей қызметінде қоғамның қажеттілігін
қанағаттандыратын маңызды функциялар деп атап көрсетсе,
бүгінгі күні И.В. Иксанова, В.В. Селиванов, З. Странский сынды
музейтанушы ғалымдар музейлердің ғылыми-зерттеу,
эстетикалық, гносеология-аксиологиялық, тәрбиелік, қор
жабдықтау және көрнекілік, сақтау мен коммуникация
функцияларын атап көрсетеді.
Ғалымдар аталған функциялардың адамның мәдени
құндылықтарын қанағаттандыруда, шығармашылық
белсенділігінің артуында, қоршаған ортаны жан-жақты
тануында маңыздылығын айта келіп, аталған функциялардың
музей қызметінде кеңінен қолданылатындығына тоқталады.
Музейлердің әлеуметтік функциялары музейді тек қана музей
емес, "музей - ғылыми-зерттеу институты, музей - мектеп,
музей - клуб, музей - мәдени ошақ" деген сияқты қоғамға
қажетті маңызды қырларын ашып көрсетеді.
Теориялық музейтануда музейлік қатынас (коммуникация)
деген ұғым бар. Коммуникация (лат. Communico -
байланыстырамын, қарым-қатынас жасаймын, жалпы етемін)
деген ұғымды береді. Алғаш рет 1968 жылы бұл ұғымды
ғылыми айналымға енгізген канад музеологы Дункан Ф.
Камерон болды. Оның теориясы бойынша, музейлік
коммуникация - бір жағынан музей экспозициясының түсінікті,
шебер ұйымдастырылуы болса, екінші жағынан көрерменнің
"заттар тілін" түсінуі, бір сөзбен айтқанда көрерменнің музей
жәдігерлерімен қатынасы. Осыған орай, Д.Ф. Камерон музей
мен аудитория арасындағы қарым-қатынаста музей ісінінің
ұйымдастырылуына байланысты бірқатар ұсыныстар енгізді.
Біріншіден, музей экспозициясын құруда экспозиционерлермен
бірге суретшілер (дизайнерлер) қатысуы керек. Екіншіден,
экскурсовод көрерменді "заттың тілін" білуге үйрету қажет.
Үшіншіден, музейлік коммуникацияны тиімді дамыту
мақсатында музейге психолог, социолог сынды жаңа мамандар
келу керек. Музей ісін дамытуға бағытталған Д.Ф. Камеронның
еңбектері ғылыми ортада мойындалғанымен, бірқатар ғалымдар
235
___________________________________ ____________________
Табылған жері Беру туралы белгі
Құрастырылған уақыты
_________________________ ________________________
________________________
_________________________ ________________________
________________________
Құрастырушы: ________________________
________________________
________________________
234
ҚОСЫМША 4
Ғылыми сипаттау карточкасы
Инвентарлық №
Жіктеу бойынша
бөлімдер
Ескі
инвентарлық
№__________
Түсім
кітабының
№_______
Негатив
№_______
Құжатқа
түскен
уақыты
__________
Автор (шебер, мектеп, елі, жасаушы,
Уақыты__________ шығарушы, этникалық тобы)_____________
___________________________________ ____________________
Атауы, қолданысы___________________________________ _
Материал, техника___________________________________ _
Көлемі, салмағы, бағалы металға көру___________________
Сурет ___________________________________ ____________
Заттың сипатталуы (мазмұны) және оның негізгі қасиеттері
(түрі, қолданысы, құрылымы, түсі,қапталуы, көркемдік стилі,
бейнеленуі, өрнегі оқиғамен және тұлғамен байланыстылығы,
шыққан ортасы т.б.), жиектелуі__________________________ __
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
Мәтіндер, жазбалар, мөрлер, белгілер, таңбалар
т.б.___________________________________ ________________
___________________________________ ____________________
Маркілер, таңбалар, суреттер сериялық №№______________
___________________________________ ____________________
Шығарылған жері және уақыты (құрастырылуы, жасалуы,
құйылуы т.б.)___________________________________ _________
___________________________________ ____________________
Сақталуы___________________________________ _________
Реставрациялануы және консервациялануы_______________
___________________________________ ____________________
Жарияланымдар, қолданылуы, ортасы___________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
Музейлік мәні___________________________________ _____
19
тарапынан сынға да ұшырады. Дегенмен, музейтану ғылымының
дамуына әсер еткен теория болды.
Қазіргі кезеңде музейлік коммуникацияның теориялық
негізін жасаушылардың бірі неміс ғалымы Ю. Ромедер болып
табылады. Оның тұжырымдамасы бойынша, музей заты ерекше
құндылыққа ие болмау қажет, өйткені ол "қоғамдық-тарихи
үрдістің бір белгісі ғана". Сондықтан музей экспозициясы
тарихи-мәдени құбылыстар мен үрдістерді белгілік компонентер
болып табылатын жәдігерлер арқылы көрсетіп, белгілік жүйеге
айналады. Топтастырудың негізгі категорияларының бірі музей
саласы, яғни оның мамандандырылуы болып табылады. Бұл
орайда музейдің нақты ғылым немесе өнер, техника, өнеркәсіп
және оның салаларымен байланысы негіз болады. Бір сала
музейлері бірігіп мынадай салалық музей топтарын құрайды:
жаратылыстану-ғылыми музейлер, тарихи музейлер, көркемдік
музейлер, сәулет музейлері, әдеби музейлер, театр музейлері,
музыкалық музейлер, ғылым және техника музейлері, өнеркәсіп
музейлері, ауылшаруашылық музейлері, педагогикалық музейлер.
Топтастырылған музейлер уақыт өткен сайын орнығып, әр
салалық деңгейде өз қызметін атқарады.
Сұрақтар:
1. Музей ұғымын талдау
2. Музей заты ұғымы.
3. Музейтанудың ғылым ретінде қалыптасуына байланысты
ғалымдардың. пікірлері.
4. Музей қызметінің негізгі бағыттары.
Реферат тақырыбы:
1. Музейлердің пайда болуының тарихи алғышарттары.
2. Музейдің құжаттау функциясы.
Өзіндік жұмыс тақырыбы:
1. Музейдің әлеуметтік функциясы.
2. Музейдің ғылыми құжаттау функциясы.
2. Музейлік затты ғылыми сұрыптау.
20
Әдебиеттер:
1. Грегорова А.К. Основным проблемам музееведения
Музееведение: Музеи мира. Сб.научн.трудов НИИ культуры. -
М., 1991.
2. Ибраева А.Ғ. Қазақстан музейлері: тарих және
тағылым. - Астана, 2012.
3. Иксанова И.В. Опыт разработки модели регионального
музейного объединения Музееведение. Вопросы теории и
методики. - М., 1987.
4. Ионина Н.А. 100 великих музеев мира. - М.: Вече,
2006.
5. Кондратьев В.В. Свойства музейного предмета и пути
его использования и сохранности музейных ценностей: Сб. науч.
тр. № 136. НИИ культуры. - М., 1985.
6. Селиванов В.В. Предмет и структура музейной
социологии: опыт решения проблемы. - М., 1988.
7. Социальные функции музея: споры о будущем
Музееведение. На пути к музею ХХІ века. - М., 1989.
8. Странский З. Понимание музееведения
Музееведение. Музеи мира. - М., 1991.
9. Сотникова С.И. Музеология. - М.: Дрофа, 2004.
233
ҚОСЫМША 3
КОЛЛЕКЦИЯЛЫҚ ТІЗІМДЕМЕ
Акт №________________________
Түсім кітабы бойынша №________
Жазу күні______________________
Тізімдеме құрастырылған күн_____
Мұқаба бетте: коллекцияның толық
атауы___________________________________ _______________
___________________________________ ____________________
Коллекциядағы заттар саны___________________________
Коллекция бағасы___________________________________ __
Коллекцияның алынған жері және уақыты________________
___________________________________ ____________________
___________________________________ ____________________
Коллекцияның түскен жинағы__________________________
___________________________________ ____________________
Тізімдеме
№ Заттың атауы
және сипаттамасы.
Материал
және
техника
Көлемі,
салмағы
Сақта-
луы
Ескер-
ту
232
ҚОСЫМША 2
Музей атауы
БЕКІТЕМІН
Музей директоры_______________
_________________20___ ж.
(Музей мөрі)
Үнемі (уақытша) сақтауға қабылданатын заттар
АКТ-і №
______________________ 20___ ж.
Бұл акт, бір жағынан музей өкілінің қатысуымен __________
___________________________________ ____________________
(тегі, аты-жөні, қызметі)
Екінші жағынан, (мекеменің өкілі) тарапынан_____________
Бірінші жақ үнемі (уақытша) қабылдағандығы, екінші
жақ___________________________________ _________________
___________________________________ ____________________
(музейдің толық атауы)
сақтауға келесі заттарды тапсырғандығы жөнінде
құрастырылды
№ Атауы және қысқаша
сипаттамасы. Материалы,
техникасы, көлемі
Есептік
белгілері
Сақта-
луы
Ескер-
ту
Акт бойынша: ________________________ зат қабылданды
(санмен және жазумен)
Негіздеме: (қор сатып алу комиссиясының № хаттамасы)
Акт ____ данада құрастырылып қол қоюшыларға үлестірілді
Қабылдады:
Тапсырды:
Қатысқандар:
21
3. МУЗЕЙ - ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ МЕКЕМЕСІ
1. Музейдегі ғылыми-зерттеу жұмысының негізгі бағыттары
және түрлері
2. Музейде ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру
жолдары
Қоғам алдында тұрған маңызды міндеттердің бірі
ғылыми зерттеулердің жоғары сапалылығын қамтамасыз ету.
Ғылыми-зерттеу мекемелерінің арасында музейлер өзіндік орын
алады. Бұл барлық саладағы орталық музейлермен қатар
аймақтық музейлерге де тиісті. Зерттеулер музейдің ғылыми
жұмыстарының шектелген құрамдас бөлігі болып табылады.
Олардың нәтижелері ғылыми жаңалықтардың қазынасын
толтырып, көптеген ғылымдардың қызметіне көмектеседі.
Музейлердің ғылыми-зерттеу қызметінің негізгі бағыты бір
жағынан нақты бір саладағы ғылыммен, екінші жағынан
әлеуметтік институттар жүйесіндегі музейлердің алатын
орнымен анықталады. Жеке бір саладағы ғылыми-зерттеулермен
қатар музейлер музейтану облысында да зерттеулер жүргізеді.
Музейтану ғылымы музей жұмысының теориялық және
әдістемелік негізін зерттеп отырғандықтан оның дамуы
музейлер ішіндегі үнемі зерттеуді талап етеді.
Музейлер ғылыми-жұмыстармен, музей жұмыстарының
қажеттіліктері үшін айналысады. Мысалы, білім беру және
тәрбиелік жұмыстарда музейлерді араластыру музейлік
педагогиканың пайда болуына алып келеді. Барлық ғылыми-
зерттеу жұмыстарының негізгі назары музей заттарына
аударылады. Оларды зерттеу музейтанулық зерттеудің арнайы
кезеңі болып табылады.
Музейдің ғылыми-зерттеу қызметінің негізі. Қоғамда
болып жатқан түбегейлі өзгерістер бүкіл музей ісіне жаңа
серпілістер мен бетбұрыстар алып келді. Музей жұмысының
нақты бағыт-бағдары, қоғамда алатын орны мен рөлі, мұрасы
анықталды. Музейлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу
барысында жаңа әдіс-тәсілдердің дүниеге келуі оңтайлы істердің
атқарылуына мүмкіндік беріп отыр. Музей заттарын жинақтау,
сақтау, сұрыптау және пайдаланудың теориясы мен
22
әдістемесінде жүргізілетін жаңа музейтанулық зеттеулерді
қалыптастырды. Бүгінгі музейлердің зерттеу жұмыстары мына
бағыттар арқылы жүзеге асырылады:
- музейдің ғылыми тұжырымдамасын (концепциясын)
әзірлеу;
- қорларды жабдықтау шеңберіндегі зерттеулер;
- музей заттарын және коллекцияларын зерттеу;
- қорларды сақтау және қорғау шеңберінде
жүргізілетін зерттеу жұмыстары;
- экспозицияларды және көрмелерді ғылыми
жоспарлау;
- музейлер ара қатынасы шеңберіндегі зерттеу
жұмыстары;
- музей ісі тарихын зерттеу;
- музейтану тарихнамасын зерттеу.
Музейдің ғылыми тұжырымдамасы оның қалыптасуымен
даму бағыттарыны жан-жақты негіздеу және мақсат-міндеттерін
анықтап, жүзеге асырылу үшін әзірленеді. Ғылыми
тұжырымдама музей саласына және қызметтік бағытына қарай
құрастырылады. Музейдің ғылыми тұжырымдамасы
(концепция) - музейтанулық зерттеу нәтижесі болып
табылатын нақты музей ерекшелігі мен міндетін жүйелі түсіну.
Музейдің қазіргі жағдайын жан-жақты талдау, оның музей
жүйесіндегі орнын негіздейді; музейді дамыту болжамын
анықтайды. Музейдің ғылыми тұжырымдамасына жинақтау, қор
жұмысы және экспозицияның ғылыми тұжырымдамасы енеді.
Музей қызметін ғылыми ұйымдастыруға көмектеседі, музей
жұмысының түрлі бағыттарын байланыстыруға шақырады.
Музейдің ғылыми тұжырымдамасы музей жинағын кешенді
пайдалану үшін жағдай жасайды; әртүрлі бағыттағы музей
қызметі жоспары мен бағдарламасын құрастыру кезінде негіз
болып қызмет етеді.
Бүгінгі Қазақстан Республикасындағы түбегейлі өзгерістер
музейлер жұмысына айтарлықтай әсерін тигізіп, қызметтік
бағытының күрделенуіне әкелді. Осыған орай, негізінен
музейлердің ғылыми тұжырымдамаларында мынадай
мәселелерді қамту көзделіп отыр:
1. Ғылыми тұжырымдаманың төлқұжаты;
231
қатысы жоқ тауарлар (жұмыстар, қызметтер) өткізуге құқылы.
Мұндай тауарлары (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуден түскен
ақша мемлекеттік мұражайлардың және мұражай-қорықтардың
иелігінде қалуы мүмкін.
Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтардың:
1) жеткізгіштердің, форматтардың, стандарттардың барлық
түрінен көшірмелер дайындауға және оларды өңдеуге;
2) байланыс операторымен шарт негізінде Интернет желісі
қызметтерін ұсынуға;
3) фото-, бейне түсірілімдер жасауға;
4) кәдесый және полиграфия өнімдерін өткізуге;
5) мұражайлар мен мұражай-қорықтар шығарған оқу-
әдістемелік әдебиетті және басқа да оқу құралдарын өткізуге
құқығы бар.
Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай қорықтардың негізгі
қызметіне қатысы жоқ тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді)
өткізуден қаражат түсу және оны пайдалану тәртібін Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Мұражайдың сақтау қоймасындағы мұражай жәдігерлері
мен мұражай коллекцияларына қол жеткізу тәртібі мен
шарттары және мұражай ісі саласындағы басқа да қатынастар
уәкілетті орган белгілеген тәртіппен реттеледі.
6. Тарихи-мәдени құндылықтарды сақтауды қамтамасыз ету
мақсатында тарихи-мәдени құндылықтардың сақталуын, есепке
алынуын, жинақталуын және реставрациялануын қамтамасыз
етуге байланысты шығындарды жабуға мемлекеттік
мұражайларға мемлекеттік бюджеттен Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен субсидиялар
бөлінеді.
Астана, Ақорда, 2006 жылғы желтоқсанның 15-і. № 207-ІІІ ҚРЗ
230
немесе жауапсыздығынан аталған ескерткіштердің ұрлануына,
бүлінуіне немесе заңсыз жойылуына жол берген лауазымды
адамдар мен азаматтар Қазақстан Республикасының заңдарына
сәйкес қылмыстық, тәртіптік, материалдық және өзге де
жауапкершілікке тартылады.
Ұлттық музей қорына келтірілген залал ескерткіштердің
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің сараптау
Комиссиясы белгілеген тарихи, ғылыми, көркемдік, музейлік
және өзге де мәдени құндылығын ескере отырып, өтелуге тиіс.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
МӘДЕНИЕТ ТУРАЛЫ ЗАҢЫНАН үзінді
25-бап. Мұражайлар
1. Мұражайлар - мұражай жәдігерлері мен мұражай
коллекцияларын сақтау, зерделеу және көпшілікке көрсету үшін
құрылған, мәдени, білім беру және ғылыми-зерттеу
функцияларды жүзеге асыруға және Қазақстан
Республикасының тарихи-мәдени мұрасын көпшілікке танытуды
қамтамасыз етуге тиіс мәдениет ұйымдары.
2. Қазақстан Республикасының аумағында әртүрлі бейіндегі
мұражайлар, соның ішінде жеке коллекциялар мұражайлары
құрылуы мүмкін. Айрықша тарихи, ғылыми, мәдени және
көркемдік мәні бар жылжымайтын тарихи-мәдени құндылықтар
ансамбльдері мен кешендері тарихи-мәдени және (немесе)
табиғи қорықтар, қорық-мұражайлар болып жариялануы мүмкін.
Тарихи-мәдени және табиғи қорықтардың, қорық-
мұражайлардың мәртебесі Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен айқындалады.
3. Мұражай жәдігерлері мен мұражай коллекциялары
мұражай қорының құрамына кіреді және елдің мәдени
мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады.
Мұражай жәдігерлерін мемлекеттік мұражайлардан жеке
меншікке беруге тыйым салынады.
4. Мемлекеттік мұражайлар мен мұражай-қорықтар ақысы
міндетті сипатта болмайтын жеке және заңды тұлғалармен
келісім бойынша айқындалатын, өздерінің негізгі қызметіне
23
2. Кіріспе;
3. Музейдің негізгі қызметі;
4. Тұжырымдаманың мақсатын мен міндеттері;
5. Музей кеңістігін аумақтаудың қағидалары;
6. Музей экспозицияларының негізгі бөлімдері (музейдің
бағыты мен саласына қарай); Ғылыми-зерттеушілік, ғылыми-
ағартушылық, мәдени бағдарламаларды әзірлеу және енгізу;
7. Экспозициялық-көрме ұйымдастыру және экскурсиялық
жұмыстардың өткізілуі;
8. Тұжырымдаманың мақсаты мен міндеттерін жүзеге
асырудың негізгі бағыты мен кезеңдері;
9. Тұжырымдаманы жүзеге асыру механизмдері;
10. Тұжырымдама іс-шараларын орындауды қаржылай
қамтамасыз ету; 11. Тұжырымдаманың жүзеге асырылуынан
күтетін нәтижелер.
Музей қорларын жабдықтау шеңберіндегі зерттеулер
қорларды толықтыруды жан-жақты және терең жүргізу
мақсатында жабдықтаудың ғылыми тұжырымдамасын
құрастыру мақсатында жүзеге асырылады. Аталмыш
тұжырымдама жалпы музейдің ғылыми тұжырымдамасының
құрамдас бір бөлігі болып табылады. Жабдықтаудың ғылыми
тұжырымдамасы шеңберінде келесі кешенді жұмыстар
атқарылады: музей қорында жинақталған коллекциялардың
құрылымы мен мазмұнына баға беру; жабдықтау немесе
коллекцияларды толықтыру бағыты мен сипатталуының
негізделуі; музей алдында тұрған мақсат-міндеттерге орай қорға
жинастырылатын материалдарды іріктеу бағыттарын анықтау;
жабдықтау құжаттарындағы ақпарат көлемі мен шеңберінің
анықталуы; жабдықтаудың тізбе жүйесін құру. Қор жабдықтау
бағытындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі музейлік
коллекциялар құрамының толығуы және кеңеюі болып
табылады. Бұл жұмыстардың тиімді жүзеге асырылуы жаңа
экспозициялар мен көрмелердің дүниеге келуіне, баспа
каталогтары мен ғылыми мақалалар және монографиялардың
шығуына мүмкіндік тудырады.
Қорларды сақтау және қорғау шеңберінде жүргізілетін
зерттеу жұмыстары музей заттарын сақтау мақсатында қажетті
техникалық жабдықтар мен мамандардың (препаратор,
24
таксидермис, реставратор) болуына байланысты жүзеге
асырылады. Бірақ мұндай техникалық және кадр әлеуетімен
қамтамасыз етілмеген музейлер де өз қорларын қорғау және
сақтау шараларын ойластырған жөн. Соңғы жылдары музей
заттарының ұзақ уақыт сақталуын қамтамасыз ететін тәсілдері
(консервация) қолданбалы музейтанудың жеке саласына
айналды. Ал, заттардың сақталуымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан музейлерінің қалыптасу және даму тарихы
Музей ұғымының теориялық негіздері
Мектеп музейлерін ұйымдастыру
Мұра-жайлардың жіктелуіне тоқталу, Қазақстандағы алғашқы мұражайларды анықтау
Музей ісі
Шығыс Қазақстан облыстық тарихи өлкетану музейінің қалыптасуы
Қазақстандағы музей ісінің тарихы
Музей түсінігі
Қазақстандағы қазіргі таңдағы музейлер
Алматы қаласы тарихының музейі
Пәндер