Бастауыш мектепте мұғалімдердің беделін анықтау жолдары



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 112 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .4

Анықтамалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

Белгілеулер мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..6

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7-11

I. Оқу – тәрбие процесін нәтижелі іске асыруда мұғалімнің беделінің
рөлі
1. Бастауыш мектеп мұғалімінің беделнің өсуіне жасалып жатқан
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... 12- 23
2. Беделдің өсу жолдары мен түрлері, беделді зерттеген ғалымдардың
ой
пікірлері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...24-3 5
3. Қазіргі кездегі бастауыш мектеп мұғалімінің беделінің қалыптасу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .36 -54

II. Бастауыш мектеп мұғалімінің беделін анықтау және қалыптастыру
жолдары
1. Бастауыш мектепте мұғалімдердің беделін анықтау жолдары 55-61
2. Бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіптік мәртебесін және беделін
жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... .62-72
3. Бастауыш мектеп мұғаліміне берілетін ақыл
кеңестер ... ... ... ... 73-78

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .79-82

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
.83-85

Қосымшалар

Нормативтік сілтемелер.

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалынған

[1] "ҚР Білім туралы" Заңы, 7-тарау, 50 – 53бап. Педагог
қызметкердің мәртебесі.27 шілде 2007жыл, өзгертілді 1қаңтар 2013.

[2] ҚР Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы.Педагог мәртебесі, Астана, 2011.

[3] ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы 2012
жылдың 27 қаңтарында.

[4] Қазақстан Республикасы жалпы орта білім беру стандарттары:
бүгінгі
жағдай, ізденістер мен даму болашағы. Алматы, 2005.

[5] ҚР жаңа формация педагогінің үздіксіз педагогикалық білім беру
тұжырымдамасы. Егемен Қазақстан, 2005ж.

Дипломдық жұмыста қолданылған ұғымдар

Жеке тұлға – әлеуметтік қатынастар мен саналы іс – әрекеттің
субьектісі
ретіндегі индивид.
Мұғалім – елдің болашағын көркейтіп, рухын биікке көтеретін, жас
ұрпақты тәрбиелейтін жауапкершілігі мол киелі мамандық.
Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге
бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет.
Бедел – дегеніміз латын тілінен алғанда билік деген мағынаны
білдіреді. Бір адамның білімі, тәжірибесі, адамгершілік қасиеттері арқылы
басқа адамдармен қабылдануы, басқа адамдарға ықпал жасауға мүмкіндігі.
Кәсіби құзыреттілік – жеке тұлғаның кәсіби іс – әрекетті атқаруға
теориялық және практикалық әзірлігі мен қабілеттілігінің бірлігі.
Инновациялық үрдіс – дегеніміз жаңашылдықтың құрылымы, мазмұны және
жаңашылдықты ұйымдастыру.
Имидж – ағылшын тілінен аударғанда бейне, кейіп деген мағынаны
білдіреді.
Күш немесе жаншу беделі – бұл беделдің ең қорқынышты түрі.
Мұндай беделмен көбіне әкелердің соры қайнайды. Егер әке үйде әрдайым ашулы
болса, түкке тұрмайтын әрбір нәрсеге нажағай ойнатса, қандай да болсын
қолайлы да қолайсыз жағдайда белдікті қолға алып, әр сұраққа дөрекі жауап
беріп, баланы әр кінәсі үшін жазалап отырса, бұл жаншу беделі болғаны
Өздерін басқалардан жоғары санау беделі - басқа адамдарды өзінен
төмен санау, менсінбей қарау, мақтануды ұнатып, кеуделерін қағатын ата-
аналар.
Педантизм беделі - бұл бедел түрінде балаларға бұйрық беріп, қатал
талап қойып, олардың пікірлерін есепке алмай қатал ұстауды бірінші орынға
қоятындар.
Өсиетшілдік беделі - мұны шетсіз-шексіз үйретумен, көпіртіп өсиет
айтумен баланың өмірін жегідей жейтін ата-аналар ұстанады.
Махаббат көрсету арқылы қалыптасатын бедел - бұл бедел түрінде
ата - аналар балаларынан оларды шексіз жақсы көрулерін қалайды.

Белгілеулер мен қысқартулар:

ҚР – Қазақстан Республикасы.
БАҚ – Бұқаралық ақпараттық құралдар.
ЮНЕСКО-

Кіріспе

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі: Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда
болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Бір баланы адам етіп өсіргенше бір
шаһар апат болады дейді Шығыс даналығы. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін
қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік
қажет.Сондықтан да бастауыш сынып мұғалімінің балалар тәрбиесіне ықпалы өте
зор.Себебі, мұғалім – жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол-өзінің
ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып,
болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі.Қай заманның мұғалімі
болмасын беделді болуы керек. Өйткені бастауыш сынып мұғалімінің беделі
жоғары болса, оқушылардың қызығушылығын оятып, көксеген армандарына жетуге
сенімділік туғызар еді. Бірақ барлық мұғалім жеткілікті дәрежеде беделді
десек қателесеміз, ал қазіргі заманда мұғалімдердің беделді болуына талап
қойылуда.
"ҚР Білім туралы" Заңының, 7-тарауында, 50 – 53баптарында
Педагог қызметкердің мәртебесі туралы басты мәселе ұстаз беделін көтеру
мақсатында жұмыстарды атқару көзделінген [1].
Көзі қарақты қауым Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог
мамандығының беделін көтеру мақсатында Педагог мәртебесі туралы арнайы
қарастырғаны туралы біледі. Педагог қызметкердің мәртебесі туралы жеке
тарауда мемлекет қоғамдағы педагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін
таниды және кәсіптік қызметін жүзеге асыру үшін жағдай жасайды деп анық
жазылған. Оның негізгі міндеттері: білім беру жүйесін жоғары білікті
кадрлармен қамтамасыз ету және педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік
қолдау мен ынталандыруды күшейту. Тек осы мұғалім мәртебесін көтеру
жолында қателеспесек болғаны[2].
Қазіргі заманда әрбір мұғалімнің беделге ие болуы елбасымыздың
қойылған талаптарына негізделеді. Осыған орай Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауында Еліміздің болашағы
бүгіннен басталады деген Үндеуінде: Бүгінгі Егемен Қазақстанның ұлт
саясатында мәдениет пен ұлттық мәдениетті қатар кіріктіре меңгерту арқылы
жеке тұлғаны жан - жақты дамыту, қалыптастыруда ұстаздар үлесі мол деген
болатын. Ал, келесі: Біз мұғалімнің мәртебесі мен абыройын қайтаруға
міндеттіміз, – деген сөзін әр педагог үміт сәулесіндей көкірегінде сақтап
жүр. Шындығында, бұл сөз іске айналып келе жатыр деп сенгіміз
келеді [3].
XXI ғасырда Қазақстан Республикасында білім берудің өзіндік ұлттық
үлгісі қалыптасуда. Бұл үдеріс білім парадигмасының өзгеруімен қатар
жүреді. Жаңа білім парадигмасы бірінші орынға шәкірттің білімін, білігі мен
дағдысын ғана емес, оның тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр.
Нәтижеге бағытталған білім моделін жүзеге асыру үшін "Қазақстан
Республикасы жалпы орта білім беру стандарттары: бүгінгі жағдай, ізденістер
мен даму болашағы" атты жинақта Қазақстан Республикасының әлеуметтік –
экономикалық дамуының стратегиялық бағытттарына сәйкес республиканың
халықаралық білім кеңістігіне кірігуі және жалпы орта білім берудің
мемлекеттік стандарттарын модернизациялау жалпы орта білімнің мазмұнды
және процесуалды жақтарын ұйымдастырудың жаңа әдіснамалық негізіне көшуі,
яғни нәтижеге бағытталған білім моделі арқылы жүзеге асырылатыны
көрсетілген. Мұнда: білімнің ұлттық мақсаттары түйінді құзыреттіліктер
түрінде анықталған. Бұл ұлттық мақсаттар білім аймақтарының мақсаттарында
нақтыланады [4].
Қазақстан Республикасының "Жаңа формация педагогының үздіксіз
педагогикалық білім беру тұжырымдамасында" жаңа қоғам мұғалімі – ол рухани
адамгершілігі жоғары, азаматтық жауапкершілігі мол, белсенді, жасампаз,
рефлексияға қабілеті басым, экологиялық білімді, шығармашыл тұлға, өзін –
өзі дамытуға және өзін – өзі көрсетуге ұмтылысы, әдіснамалық қалыптасуының
жоғары деңгейін сипаттайтын әлеуметтік, тұлғалық, коммуникативтік,
ақпараттық және біліктіліктің басқа түрлерін меңгерген құзырлығы жоғары
маман деп сипаттайды[5].
Бұл тұжырымдамада көрсетілген мұғаліміне қойылатын талаптар
төмендегідей:
Біріншіден, мұғалім жеке көзқарасы бар және соны қорғай білетін
жігерлі тұлға және мұғалім болуы қажет. Зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар
мұғалім жалтақ болмайды. Өзі зерттеушілік, ойшылдық қасиеті бар мұғалім
жалтақ болмайды. Өз ісін жетік біліп, табанды жүргізетін мұғалім ғана түпкі
нәтижеге қол жеткізеді.Ондай мұғалім әрбір күніне есеп беріп отырады,
азаматтық ар – ожданын қорғай алады.
Екіншіден, мұғалім педагогикалық, психологиялық білімін күнделікті
ісінде шебер пайдалана білетін болуы керек. Дүниежүзінде ғаламтану үрдісі
жүріп жатқандықтан, ақпараттар ағыны көбейді. Мұғалім қандай пәннен сабақ
бермесін, ол баланың, өмірдің әр саласына қатысты сұрағына жауап беруге
даяр болуы керек.
Әр мұғалімнің педагогикалық ойлау қабілеті ғылыми түрде қалыптасуы
тиіс. Психологиялық басты заңдылық - " Адам өзінің шығармашылық өзгерушілік
қызметі арқылы адамдармен қарым – қатынас жасайды және жеке ойлау қабілеті
зор жеке тұлға болып қалыптасады". Көп білу үшін көп ойлау, оқу керек.
"Интернет " жүйесін білу керек.
Үшіншіден, міндетті орта білім беру стандарты, оқулықтарды пайдалану,
ақпараттардың көбеюі, мұғалімнің білім берудегі жетекші рөлін жойды. Енді,
білім беру негіздерін өз бетінше оқып үйренуге оқушыны баулу міндеті тұр.
Өзінің оқушысын өз бетінше білім алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі
нәтижеге қол жеткізе алмайды. Жан – жақты даму үшін балаға осы салада
мұғалім ғана көмектесе алады.
Төртіншіден, мұғалім ұйымдастырушылық, құрылымдық, бейімділік,
сараптамалық қабілеттермен қатар өз бойындағы педагогикалық жағдаяттарды,
дәйектерді, құбылыстарды талдай білуі және солардың пайда болуының себеп –
салдарын анықтай білуге де бейім болуы шарт. Соның негізінде күрделі
жағдайларда шешім таба алатын дәрежеге жетуі мүмкін.
Бесіншіден, мұғалімнің адамгершілік, саяси – идеялық ұстанымы
жұмысында көрініс тауып, ол ұстанымды бала тәрбиесіне негіз етіп алу шарт.
Қысқасы, бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін
субъектіге, тұлғаға айналуы керек [5].
Ғылымды дамытатын терең білімді ұрпақ тәрбиелеу мұғалімнің қолында.
Біздің мемлекетіміздің білім саласында осындай тың бетбұрыстарға қадам
басуы заңды да. Бұл бетбұрыстың бел ортасында – тағы да мұғалім.
Осыған орай, егемен еліміздің білім беру ісінде реформалар жасалуда.
Ғасырдың мектебі мен мұғалімі қандай болу керек? деген негізгі сұраққа
жауап ізделуде. Мұғалімді даярлау барлық кезеңдерде мәнін жоймайтын
мәселелер қатарына жатады, себебі қоғамның әлеуметтік - экономикалық
міндеттері өзгеріске ұшырап отырады, ал мұның бәрі педагог кадрларын
мамандық даярлау жүйесіндегі көзқарастарды байыта қарауға жетелейді. Білім
берудің ұлттық моделіне көшкен қазіргі мектепке ойшыл, зерттеуші, өз ісінде
қастаңдық пен жаттандылықтан аулақ, практикалық үйлестіруді шебер
меңгерген, психологиялық - педагогикалық диагностика қоя білетін іскер
мұғалім қажет. Ғалымдардың зерттеуі бойынша, мұғалімге өз қызметінде екі
жүздей жұмыс түрін атқаруға тура келеді екен. Ол мектептің барлық
шараларына қатысады, көптеген адамдармен қарым - қатынас жасайды, көптеген
педагогикалық құбылыстар мен жағдаяттарды кездестіріп, оларды шамасына,
біліктілігіне қарай шешеді.
Қазіргі кездегі ғылыми зерттеудің ахуалы: Мұғалімнің қоғамдағы ролі,
беделі жайында терең зерттеген ғалымдар А.С.Макаренко, С.В.Ковалев,
А.Фромм, А.В.Петровский, А.Н.Леонтьев, М.Ю.Кондратьева, Р.Х.Шакурова,
И.П.Андриади, Ю.А.Львоватағы басқаларын жатқызуға болады
ТМД елдерінің педагог ғалымдары Н.К.Крупская, С.Т.Шацкий,
А.С.Макаренко, К.Д.Ушинский, В.Г.Белинский, В.А.Сухомлинский,
Л.Н.Толстой да мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы еңбектерінде кеңінен
көрсетіп, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс
дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғаған.
Қазақстанда мұғалім қызметі жайында зерттеген педагог ғалымдар:
Ы.Алтынсарин,С.Торайғыров, А.Құнанбаев, Б.А.Әлмухамбетова,Ш.Таубаева,
А.Ә.Жайтапова,Я.С.Бенцион, М.С.Керімбаева, Б.Қ.Төлбасова,Ж.Аймауытов,
К.С.Құдайбергенова, Б.А.Тұрғынбаева т.б.секілді ғалымдарды атауға болады.
Әрбір мұғалім беделге ие болуы тиіс. Беделді жоғалту оңай, ал беделді
болу үшін қыруар уақыт пен еңбек қажет. СА.Байтұрсынов болса мұғалім туралы
былай деп жазды: ... мұғалім қандай болса, мектеп һәм сондай болмақшы.
Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып
шықпақшы... Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді,
педагогика, әдістемеден хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім.
Ал, чехтің педагогы Я.А.Коменский: Мұғалім мәңгі нұрдың қызметшісі,
ол барлық ой мен қимыл әрекетіне ақылдың дәнін сеуіп, нұр құятын тынымсыз
жалын иесі деп ұстаздар қауымын жоғары бағалаған.
Шын, мәнінде мұғалімнің мәртебесі тек қана оның жалақысын көтеру
емес, ең бірінші ұстаз мәртебесі оның интелектуалды, білімдік, жеке - дара
ерекшеліктерінің бағалануымен көтеріледі. Ұстаздың абырой - беделі соған
байланысты ақталмақ.
Беделге ие болу жолындағы мұғалімнің басты мақсаты – оқушыға
білім беру, тәрбиелеу, жетілдіру, болашағын дамыту болып табылады.
Мұғалімнің кəсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң
имиджін қалыптастыру үшін көптеген жұмыстар жүргізілуі тиіс. Осыған орай
Қоңырбаева Сараш Сахиқызы "Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық
университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты": Жыл мұғалімі
конкурсы, акциялар, БАҚ - пен ортақ жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл
педагогтер форумдары, конкурстар, педагогтер əулеттерінің слёттері, ғылыми
- педагогикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар - тренингтер жəне
дөңгелек үстелдер жұмысы жүргізілетін болады – деп өз ойын айқын көрсеткен.
Сол себептен, дипломдық жұмысымның тақырыбын:Бастауыш мектепте
оқушыларға тәрбие беруде мұғалім беделінің рөлі деп таңдауымызға негіз
болды.
Зерттеудің мақсаты: Бастауыш сынып оқушыларына тәрбие мен білім
берудегі мұғалім беделінің рөлін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Қазіргі кездегі мұғалім беделі туралы әдебиеттерді талдау, саралау.
2. Диагностикалық әдістер арқылы бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби
беделінің деңгейін анықтау.
3. Эксперимент жұмыстарын жүргізу арқылы, түрлі жұмыс формалары
арқылы мұғалім беделінің қалыптасу, жетілу жолдарын көрсету.
Зерттеу нысаны: Мектептегі педагогикалық үрдіс.
Зерттеу пәні: Бастауыш сынып мұғалімдерінің оқушыларға тәрбие берудегі
беделінің ролін анықтау, жетілдіру жолдарын көрсету.
Зерттеудің болжамы: Бастауыш мектеп мұғалімінің беделі арта түседі,
егер де:
- бастауыш мектеп мұғалімі өзін – өзі үнемі жетілдіре отырып оқушылар -
мен, ата – аналармен, әріптестерімен жағымды қарым – қатынас орната
білсе;
- сабақта жаңа әдістерді, технологияларды, инновацияны қолданып оқушы-
лардың танымдық белсенділігін тудыра алса;
- сыныпта жағымды психологиялық ахуал туғыза білсе;
- оқушылардың ата – аналарымен жағымды қарым – қытынас орната алса;
- әріптестерімен тіл табысып тәжірибе алмасу жасай алса;
онда ол беделге ие болып қызметін нәтижелі атқара алар еді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Зерттеу жұмысына байланысты теориялық
материалдар жүйеленді, бедел ұғымының мәні ашылып толықтырылды,
педагогикалық - психологиялық көмек көрсету жолдары ұсынылды, мұғалімдерге
оқу – әдістемелік ұсыныстар жасалды, Мұғалім беделі жадынамалары
жасалып, бастауыш сынып мұғалімдеріне теориялық құрал көмек ретінде
ұсынылды.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Мұғалімдерге жадынамалар жасалып,
оқу – әдістемелік құралы бастауыш мектеп мұғалімдеріне ұсынылып, ұстаздар
үшін көмекші құрал бола алады. Мұғалімдердің беделін көтеру үшін
практикалық маңыздылығы өте зор.
Зерттеудің теориялық – әдіснамалық негізі: Мұғалімнің беделі жайында
осы күндерде әлі де болса тиісті дәрежеде толық зерттелмеген, сондықтан
А.С. Макаренко, С.В.Ковалев, А.Фромм, А.В Петровский А.Н.Леонтьев , М.Ю.
Кондратьева, Р.Х Шакурова, И.П. Андриади т.б. ғалымдардың еңбектері
теориялық – әдіснамалық негіз болып табылады.
Зерттеу әдістері мен әдістемелері: К.Томастың" Кикілжің жағдайларда -
ғы өзін-өзі ұстау стилі" туралы сауалнамасы; практикалы жеке тұлғаны жан –
жақты зерттейтін Кеттел тестісі; ұйымдастырушылықты анықтайтын "Топбасшы"
әдістемесі; В.Стефансонның "Q іріктеме" әдістемесі және "Топтың ұжым
ретінде қалыптасуының әлеуметтік-психологиялық бағалануы" әдістемесі сияқты
әдістемелер жүргізіліп, жас мамандарды ұжымға бейімдеуге арналған
тренингтер педагогикалық ұжым үшін ұсынылып, қолданылды.
Құрылымы: Зерттеу жұмысы мазмұны мен анықтамалардан, белгілеулер мен
қысқартулардан, кіріспеден және екі тараудан, қорытынды мен әдебиеттер
тізімінен тұрады.
Практикалық-тәжірибелік база: Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы
Амандық ОМ

I.Оқу – тәрбие процесін нәтижелі іске асыруда мұғалімнің беделінің рөлі

1. Бастауыш мектеп мұғалімінің беделінің өсуіне жасалып жатқан
жағдайлар

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев: Сіздер мен біздер тек болашақ буынды ғана
емес, жалпы адамзаттық қадір – қасиеттердің мән – маңызын түсінетін жаны
да,
тәні де таза, білімді, жан – жақты мәдениетті, патриот – азаматтар болуын
тәрбиелеуге міндеттіміз, - деп атап айтты. Ендеше осындай ұлы істе жеке
тұлғаның жан – жақты өсуіне бір кісідей ат салысайық [3].
Мұғалім – мектептің айнасы, бәйтерегі. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік
мәніне, елдің мәдени өміріндегі белсенді рөліне кезінде қазақ зиялылары көп
көңіл бөлген. Ахмет Байтұрсынұлы "Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді,
басқа кемшілігі болса, мұғалімнің жақсылығы жабады, білдірмейді” – деген
болатын. Мұғалім білім нәрін себуші, мұғалім жақсы білімді болса, білген
білімін алдында отырған шәкірттеріне үйрете білсе, ол мектептен бала
көбірек білім алып шығады.Өсіп келе жатқан ұрпақ – адамзаттың болашағы,
жалғасы.
Артта қалған ұрпақ саналы болса, адам баласының жер бетінде жасауы
да сан ғасырларға жалғаса береді. Білім күші құдыретті. Ол бар жерде
үздіксіз даму үрдісі жүреді.
Бұдан біз білімнің қаншалықты маңызды екеніне көз жеткіземіз.
Тәуелсіз ел атанып, төбемізге ту тігіп, тіліміздің мәртебесі артып, әлемге
атымызды танытып жатқан кезеңде ұлттың, елдің болашағы – жас ұрпақ
тәрбиесіне де мықты көңіл бөлінуі қажет.
Осы егеменді, тәуелсіз Қазақстанда өркениетке бастар жолдың бастауы –
мектеп десек, мектептің басты тұлғасы, жүрегі – Мұғалім.
Мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.Ұрпақ тәрбиесі – ұстазға байланысты.
"Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің” дегендей өнегелі ұстаздан жақсы шә -
кірт шығатыны сөзсіз.Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусын
-датып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік
рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қа
-сиетті тұлға ретінде өзінің беделін сақтап, өзгелерде құрмет сезімін
туғызатын, асыл жандылығымен ерекшеленеді.
Олай болса, беделді мұғалімнің мәртебесі жоғары болады. Педагог мәр
- тебесі туралы ҚР"Білім туралы" Заңында 7 - тарауда кеңінен қарастырылып
көрсетілген. 50 – бапта: педагог қызметкердің мәртебесі туралы мемлекеттік
білім беру ұйымдарының педагогқызметкерлері азаматтық қызметшілер болып
табылады.Мемлекет қоғамдағыпедагог қызметкерлердің ерекше мәртебесін таниды
және кәсіптік қызметін жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасайды делін - ген.
Ал, 51-бап: Педагог қызметкердің құқықтары, міндеттері мен жауапкерші
-лігін қамтиды.
Заңның 52-бабында Білім беру ұйымдары қызметкерлерінің еңбегіне ақы
төлеу жүйесі негізінде Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің
еңбегіне ақы төлеу жүйесі Қазақстан Республикасының заңнамасында бел -
гіленген тәртіппен айқындалады. Педагогтың жағдайы заңда кеңінен қарасты -
рылып келеді.
53-бапта көрсетілген: Әлеуметтік кепілдіктер жайында педагог
қызметкерлерге демалыс алудың;күнтізбелік 56 күн; оқу-әдістемелік
қамтамасыз ету; мектепке дейінгі және қосымша білім беру ұйымдарының
педагог қызметкерлері үшін - күнтізбелік 42 күн ақы төленетін жыл сайынғы
демалыс алудың әлеуметтік кепілдіктерін иеленуге мүмкіндік жасаған.
Ауылдық жерде жұмыс істейтін білім берудің педагог қызметкерлеріне
жергілікті өкілді органдардың шешімі бойынша:
1) қала жағдайында педагогтік қызметпен айналысатын педагог қызметкер -
лердің ставкаларымен салыстырғанда айлық ақылар мен тарифтік ставкалар
кемінде жиырма бес процентке арттырылып белгіленеді;
2) коммуналдық қызмет көрсетулерге шығыстарды жабуға бюджет қаражаты
есебінен біржолғы ақшалай өтемақы төленеді;
Білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне жыл сайын тиісті бюд-
жет қаражаты есебінен: “Үздік педагог” атағын иеленушіге айлық есептік
көрсеткіштің 1000 еселенген мөлшерінде мемлекеттік грант төленеді [1].
Сонымен қатар Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында педагог мамандығының
беделін көтеру мақсатында Педагог мәртебесі туралы арнайы қарастырған.
Оның негізгі міндеттері: білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен
қамтамасыз ету және педагог қызметкерлердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен
ынталандыруды күшейту.
Ваучерлік-модульдік қаржыландыру жүйесін енгізумен педагогтердің
біліктілігін арттыру жүйесі жаңғыртылады. Педагог кадрларды даярлау сапасын
бақылау жəне ынталандыру үшін біліктілік деңгейін бағалау тəуелсіз
коммерциялық емес үкіметтік емес агенттіктерде өтетін болады.
Педагогтерді аттестаттау мұғалім білімін тестілеу, оқу-əдістемелік
қызметі туралы есеп беруінен тұратын, мүдделі адамдар (оқушылардың ата-
аналары) мен жұртшылықтың пікіртерімі рəсімдерінен тұратын жинақтық бағалау
негізінде жүргізіледі.
Мұғалімнің кəсіби беделін көтеру мақсатында қоғамда педагогтің оң
имиджін қалыптастыру үшін: Жыл мұғалімі конкурсы, акциялар, БАҚ-пен ортақ
жобалар, шеберлік сыныптары, жаңашыл педагогтер форумдары, конкурстар,
педагогтер əулеттерінің слёттері, ғылыми-педагогикалық семинар-лар мен
симпозиумдар, семинар-тренингтер жəне дөңгелек үстелдер жұмысы жүргізілетін
болады.
Демек, педагогтің мәртебесін жоғарылату – Қазақстан Республика
-сындағы Білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасының басты бағыттарының бірі [2].
Соңғы кездері қоғамда мұғалім беделін мықтап көтеру қажеттігі жөнінде-

гі мәселе қызу қозғалып келеді. Мұғалім мәртебесін көтеру – мемлекеттік іс,
ал оған атсалысу бәріміздің міндетіміз. Қазақстан Республикасы Білім және
ғы -
лым министрі Бақытжан Жұмағұловтың сұхбатта берген жауабы мынадай:
• Өз басым, шынайы көзқарасымды ашып айтсам, педагог, мұғалім дегеніміз –
бүкіл білім беру жүйесіндегі ең негізгі, ең басты тұлға болып табылады деп
білемін. Өйткені, мектептерде кәсіптік-техникалық білім беру орындарында,
жоғары оқу орындарында жастарға сапалы білім, саналы тәрбие дарытатын тұлға
мұғалімдер мен педагогтар екені даусыз. Қазіргідей аса күрделі дүниеде ой
қорыта білу мен оқу, оқи білу де әр адам үшін бүкіл өмір бойы қажеттілікке
айналғанын Елбасымыз атап айтқан болатын.
• Сөз реті келгенде мынандай тұжырымды да түйіндеп айта кетейін. Орыстың
ұлы химик ғалымы Д.И.Менделеевтің: Мектеп дегеніміз – бүкіл халық пен
мемлекеттің тағдырын айқындайтын аса қуатты күш болып табылады дегендей
ұлағаты үнемі ойыма орала береді. Иә, мұғалім – мектептің басты тірегі ғой.
• Мұғалімнің мәртебесі бірнеше аса маңызды талаптан құралады деп ойлаймын.
Біріншісі, жоғары кәсіби-шеберлік және соған сай өзінің білімін,
тәжірибесін жас ұрпаққа беруге деген қажеттілік, өзінің білігі мен білімін
жетілдіруге ұмтыла білу қасиеті. Екіншісі, мұғалімнің бойындағы жоғары
ізгілік құндылығы, патриотизмі мен адамгершіліктен айнымауы,
мейірбандылығы, мақсатына жетудегі табандылығы. Міне, осындай қасиеттер
бойына жинақталған мұғалім жастар үшін тек білімнің қайнар бұлағы ғана
емес, жас адамдарды рухани тұлға болуға бастайтын шынайы тәлімгері болмақ.
Үшіншісі, мұғалімдердің біліктілігін арттыруға ынталандыратын лайықты
еңбекақы болуы тиіс. Төртіншісі, қоғамдағы құрметі мен жоғары абырой-
беделі. Мұның өзі жоғарыдағы үш мәселені тоғыстырып, айқындайтын болады.
• Кәсібилік тұрғысынан қарағанда, мұғалімнің дәрежесін арттыру үшін біршама
шаралар жүзеге асырылды. Бұл мәселеде біз, сірә, революция -лық өзгерістер
жасадық деп ойлаймын. Қазіргі қызмет етіп жүрген мұғалімдердің біліктілігін
көтеру жүйесі түбірімен қайта қарастырылды. Педагогтардың кәсіби шеберлігін
арттыру жөніндегі Ұлттық орталық Өрлеу акционерлік қоғамы құрылды. Бұған
бұрынғы облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институты мен Астана және
Алматы қалаларындағы біліктілікті жетілдіру институты кірді. Назарбаев
зияткерлік мектептері жанынан педагогтардың шеберлігін шыңдау орталығы
құрылды. Нақ осы жаңа құрылым мұнда Қазақстан мұғалімдерінің шеберлігін
тұрақты түрде жетілдіру жұмыстары жүргізіліп, бүкіл әлемдегі озық
тәжірибелер негізінде мүлде жаңа бағдарламалар мен әдіс-тәсілдер жасалатын
болды. Мұнда оқу үш кезеңге бөлініп, төрт сатылы болып құрылды. Нақты
айтқанда, дәрісханаларда бетпе-бет оқыту, қашықтан онлайн оқытуы және
тағы да дәрісханаларда оқыту. Мұндағы ең негізгі енгізілген жаңалық қайта
даярлаудың нақты мерзімі – сын көзбен қарап ойлай білуге үйрету, ақпараттық
коммуникациялық технология, оқушыларды тұрақты зерттеу, сыни тұрғыдан
бағалау және т.с.с. Біз қазірдің өзінде, 4 сәуірден бастап осы жүйе бойынша
қайта даярлау жұмысын бастадық. Алдағы бес жылда еліміздің бүкіл
мұғалімдерінің 50 пайызын қайта даярлаудан өткізуді жоспарлап отырмыз.
Бұның өзі білім беру сапасын арттырудағы және мұғалімдердің дәрежесін
көтерудегі айтарлықтай маңызды қадам деуге болады. Бұл мұғалімдердің
баспалдақ секілді кәсіби біліктілігін жетілдіре отырып өсуіне зор ықпал
ететіні сөзсіз.
• Мұғалімдердің еңбекақысы айтарлықтай көбейе түсуде, сонымен қатар, мұға -
лімдердің біліктілігін белгілейтін тәуелсіз жүйені де қалыптастыра
бастадық. Сөйтіп, жаңа жүйе бойынша біліктілігін арттырған педагогтар үшін
де бұл ал - ғашқы қадам болмақ. Мұндай дайындық курсын бітіріп, кәсіби
сынақ тапсыр -
ған педагогтарға сертификаттар беріледі. Мұндай құжат олардың еңбекақысын
қосымша өсіруге құқық береді. Үшінші дәрежелі сертификат алғандардың
жалақысына 30 пайыз, екінші дәрежелі сертификат алғандарға 70 пайыз, ал
бірінші дәрежеге ие болғандарға еңбекақысына 100 пайыз үстеме қосылады.
Мұның өзі айтарлықтай-ақ ынталандыру емес пе?!
• Сонымен қатар, министрліктің порталына Мұғалімдер даңқы кітабын
жасап енгіздік. Бұған республикамыздағы озат мұғалімдер, олардың өмір жолы,

жеткен жетістіктері туралы мәліметтер қамтылатын болады. Мұның өзі біздің
озат мұғалімдеріміз бен педагогикалық озық тәжірибелерімізді насихаттаудың
жаңа механизмі болып отыр. Министрлік Үздік мұғалім атағын алу конкур -
сының беделін көтеру мақсатында көптеген жұмыстарды атқарды. Енді бұл
атаққа ие болғандарға үкіметіміз тарапынан республикалық деңгейде бір мың
айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде марапат жасалатын болған. Бұл ақшаға
шаққанда 1,7 миллион теңге болмақ. Мұның өзі айтарлықтай марапат, қолдау
емес пе?[6]
Білім беру мен оқытудың қазіргі заманғы әдістері мұғалімнің күнделікті
тәжірибесінде қарастырылуы тиіс.Оқитын пән қаншалықты бағалы болса да,
мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенді -
лігін  туғыза алмаса, берген білім,күткен нәтиже бермейді.Оқушының адам
ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.Жаңа технологияның басты
мақсаттарының бірі-баланы оқыта отырып,оның еркіндігін, белсенділі -
гін қалыптастыру,өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру.
Міне, сондықтан  Кембридж тәсілдерін сабақта қолданудың  маңызы зор.Ол
өзіндік жеті модульден тұрады:
1) Білім беру мен білім алудағы жаңа тәсілдер;
2) Сыни тұрғыдан ойлау;
3) Білім беру үшін бағалау және оқуды бағалау;
4) Білім берудегі АКТ пайдалану;
5) Талантты және дарынды балаларды оқыту;
6) Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру және оқыту;
7) Білім берудегі басқару және көшбасшылық
Жалпы қорыта айтқанда,аталған тәсілдерді сабақта тиімді қолданысқа
енгізсеңіз баланың танымдық белсенділігін арттыруға,өз бетінше білім алуға,
шығармашылығын қалыптастыруға ықпал етеді,оқушылар оқудың қызықты  жеңіл
өтетіндігін, ұжымда бірлесіп жұмыс жасауға үйрететіндігін,білімнің терең
дігі, әрі  тиянақтылығы артатындығын баяндайды. Яғни,оқушы өз ой – пікірін
ашық еркін айтады, ,бір-бірін тыңдауға үйренеді.  Сондықтан олар басқа
пәндердің  де осындай оқыту формасымен оқытылса, тиімді болатындығын айтуға
болады [7].
Осы ойымызға байланысты білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-
педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтының
директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Бақтияр Сманов өз
тарапынан Мұғалім беделі – ел абыройы деп мынадай пікір айтып кеткен
болатын:
Білім беру дәрежесі ең алдымен мұғалімнің біліктілігіне байланысты.
Ендеше, ұстаз біліктілігін арттырудың ауадай қажеттілігі, оның абырой-
беделінің негізгі көрсеткіші секілді екені айтпаса да түсінікті. Ол
ұстаздан өз
мамандығы бойынша білімін үнемі жетілдіріп отыруды талап етеді. Мұндай
мұғалімдерді жаңаша тәжірибелермен, озық технологиялармен қаруландыру
ордасы, дәстүрлі оқу-әдістемелік білім көздері – біліктілікті арттыру
институт - тарының курстары мұғалім беделінің артуына себебін тигізер еді.
Айталық,
қазіргі кезеңдегі қойылып отырған әртүрлі тапсырыс-талаптарға сай тек
респуб- ликалық институтта (Білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-
педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институт) 2009
жылы мемлекет тапсырысы бойынша 3800 тыңдаушы курстық іс-шаралардан өткі -
зілген болса, биылғы жылы бұл көрсеткіш 3900-ға артып отыр. Ал келесі 2011
жылдан бастап 4200-ге, одан соң жыл сайын 300 адамға артып отырмақ. Бұған
қоса мұның сыртында сан алуан курсаралық іс-шаралар – конференциялар,
семинарлар, әдістемелік кеңестер, дөңгелек үстел басқосулары, интернет-
форум, интернет-семинар, он-лайн кеңестер, жазғы мектеп, сондай-ақ
ЮНЕСКО-ның кластерлік бюросы, ЮНИСЕФ, KATEV халықаралық қоры, Британ
кеңесі, Германиядағы Федералдық әкімшілік ведомствосы, Гете
институты, “TEMPUS”, “Сандж”, “ІFES” секілді т.б халықаралық және
үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен жұмыстар жүргізілуде [8].
Бақтияр Смановтың өз тарапынан айтып кеткен пікіріне қоса Қарағанды
облысының математика мұғалімі, еңбек ардагері Тілеуғалы Әміртайұлының
"Мұғалім беделін биіктету"статьясында педагог беделінің маңызын ашып
көрсеткендігіне тоқталып кетсек:
Мұғалімді құрметтей де қадірлеу, асқақтау да ардақтау – баршаның ісі.
Бұл заманда мұғалім алдынан дәріс алмаған адам жоқ.Әлі де сан мыңдаған көп-
шілік ала бермек. Қадірлілігі – берер білімі, тәлімді тәрбиесі.
Құрметтілігі – тыңдата да үйрете білуі. Асқақтығы – сыйлай да сыйлатарлық
зиялылығы. Ардақтылығы – аялай да бағалай білер мейірімі. Ерінбес
еңбекқорлығы мен талмас төзімділігі, адалдық пейілі мен алғырлық зейіні,
тағы, тағы толып жатқан тамаша қасиеттері мұғалімнің майталман маман,
әмбебап әдіскер, ұлағатты ұстаз екендігін айқындай түспек.
2010 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығымен білім
жүйесін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
бекітілді. Бағдарламаның басты мақсаты: білім берудің бәсекеге қабілеттігін
арттыру, экономиканың тұрақты өрлеуіне арналған сапалы білім берудің
қолжетімдігін қамтамасыз ету арқылы адам капиталын дамыту. Нақтылай айтсақ
бағдарламада педагогтік қызметтің рөлін көтеруге, педагог белелін арттыруға
мейлінше маңыз беріліп, оларды орындаудың стратегиялық міндеттері қойылып,
жолдары көрсетілген:
Біріншіден, 2015 жылға қарай педагогтердің орташа жалақысын жеке
сектордағы еңбекақыға теңестіру көзделген. Қазіргімен салыстырғанда 2-3 есе

өспек. Мұғалімдердің зейнетақысын жетілдіру қамтамасыз етілуде. Бұл әрекет
- тер басталып та кетті.
2011 жылдан бастап бюджеттік білім беру ұйымдарында жұмыс жасаушы
барлық педагогке жалақы жаңаша, яғни олардың санаттарына және еңбек
нәтижесіне орай арнайы коэффициенттер енгізу арқылы төлеу қарастырылған.
Б.Жұмағұлов Астанада өткен "Отбасы, мектеп, қоғам – игілікті болашақ үшін
бірге!" атты республикалық педагогикалық форумы барысында соңғы 10 жылда
білім беру жүйесін қаржыландыру 7,5 есеге, оның ішінде педагогтердің еңбек
- ақысы 6 есеге өскеніне тоқталған. Сонымен қатар, Қазақстан халқының сауат
- тылық деңгейі бойынша 177 елдің ішінде 14 – ші орында тұрғанын, осының
бәрі біріге істелген іс –әрекеттердің нәтижесі екендігін қуана хабарлаған.
Екіншіден, 2015 жылы ваучерлік – модульдік жүйе енгізіліп қаражаттан–

дырылуына сәйкес, оқытушы қайта даярлау курстарынан өтетін оқу орнын
республиканың кез келген өңірінен, тіпті шет елдерден де таңдауға ерікті.
Қайда оқыса да оқу қаражаты мемлекет есебінен төленбек. Кейінгі 3 жылда
облыстан 50 педагог Франция, Германия, Корея, т.б. мемлекеттерден өздерінің
педагогтік, әдістемелік шеберліктерін шыңдап келді.
2006 жылдан бастап "Ұстаздар күні" мерекесіне орай оқыту –тәрбиелеу
қызметінде жоғары көрсеткішке қол жеткізген және шығармашылық зерттеу –
зерделеу жобамен айналысушы педагогті марапаттау дәстүрге айналды.

Қарағанды Облыс әкімінің бастамасын жергілікті әкімшіліктің қолдауымен іске
асырылып жатқан мұғалімдер еңбегін бағалау, беделін биіктету, олардың
мерейлі мерекесін одан да әрі жарқырату бағытында тамаша танымдық –тағы -
лымдық шаралар өткізіп, жүлделі сыйлықтармен марапаттау аймағы - мыздың
барлық өңірінде дәстүрге айналды. Айталық 2010 жылы осы мақсатта 17 мил -
лион теңге озат ұстаздарға, оның ішінде 3 жас маманға берілген. 320 заттай
сыйлықпен (аудио-көріністі техника) көптеген педагог, оның ішінде 88 жас
маман марапатталған. 471 педагогке Астанаға, Есіл-көлге, т.б. жерлерге дем

алуға жолдама берілген.
Ауыл мектептерін көркейтуге, ондағы ұстаздардың әлеуметтік –тұрмыстық
салтын көтеруге баса назар аударылуда. 9000 астам мұғалім ауылды жерде
еңбек етуде.
Оңтүстік Кореяда мұғалімдер ең жоғары еңбекақы – ай сайын орта есеппен
5 мың доллар алады екен. Бұлай салыстыруымыз қисынды ма, жоқ па, өзіңіз
саралаңыз. Ал бізде ең қадірлі мамандық иелері қанағатпен қарын тойғызып
жүр.
Қорыта айтқанда ұстаз – білім жүйесін дамытушы, тұлғаларды қалыптас-
тырушы, жеткіншектеріміздің бойына мәдениет негізін сіңіруші, кәсіби маман
- дыққа бейімдеуші, өмір өткелдеріне дайындаушы басты да басым бейне.
Ендеше ұстаз мәртебесін мерейлендіре биіктен көру – өмір талабы [9].
Ұстаз – құрметті сөз. Ол – білім мен тәрбиенің жылуын беретін,
адамгершіліктің нұрын төгетін қасиетті адам. Жақсы да, жаман да ұлағатты
ұстаздың алдынан өтеді. Тәлім алады. Тіпті, ұлы адамдар да ұстаздың
арқасында өмірден өз арнасын таба білген. Халқымыздың Ұстазыңды атаңнан
да әзіз тұт дейтіні де сондықтан болар. 
Биыл елімізде алғаш рет ұстаздар мерекесі 5 қазанға белгіленіп, айтулы
күн ретінде тойланбақ. Осыған байланысты Қазақстанның үздік педагогтары -
ның форумы өтеді. 
Сондай-ақ, Алматы қаласында Қазақстан ұстаздарына арналған бал өтті.
Бұл ұстаздықтың жаңа дәстүрінің жаңғыруы, – дейді министрлік өкілдері.
Еліміздің үздік педагогтарын салтанатты құттықтау рәсімінде республика
тарихында тұңғыш рет Үздік ұстаз-2012 атағына ие болған, өз ісінің
білгірі деп танылған 48 мұғалімге құрмет грамоталары мен медальдар табыс
етілмек. Және оларға 1 миллион 618 мың теңге (10 мың АҚШ доллары) көлемінде
ақшалай сыйақы беріледі. Ұйымдастырушылардың айтуына қарағанда, еліміздің
үздік ұстаздарын марапаттау шарасы алғаш рет классикалық музыка ойнап
тұратын ақсүйектер балы форматында өтпек. Әрине, мұндай бастамалар бүкіл
деңгейдегі ұстаздардың мәртебесін арттыруға және қоғамда ұстаздардың
беделін көтеруге айтарлықтай ықпалын тигізеді [10].
Министр Бақытжан Жұмағұловтың сұхбатта берген жауабы еліміздің
еңбек сіңірген ұстаздарымыз беделді ұстаз болу жолын қарастырған болса,
ұстаз қауымы беделге ие болуға ұмтылып, үнемі өзін –өзі жетілдіріп, жаңа
педагогикалық технологиялармен,инновациямен жұмыс жүргізе отырып,
елбасымыздың үмітін ақтауға тырысуда. Бірақ беделді көтеру жолында кейбір
проблемалар кездесуде.
Дәлірек айтқанда, Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың 2011-
2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында проблемалар айтар -
лықтай көрсетілген:
• Бүгінгі таңда педагог еңбегін материалдық және моральдық жағынан
ынталандыратын және оның әлеуметтік мәртебесін көтеретін барабар
заңнамалық база мен жүйе құрылмаған.
• Жұмыс істейтін әрбір бесінші мұғалімнің жасы 50-де және одан да үлкен.
• Педагогтердің жалпы санынан 3 жылға дейінгі өтілі барлар – 13 %.
• Жыл сайынғы жас кадрлар есебінен толығу тек 2,6 %-ды құрап отыр.
• Гендерлік сәйкессіздік, кәсіп феминизациясы (81,3 % әйел мұғалімдер)
байқалып отыр.
• Төмен жалақы (еліміздегі орташа жалақының 60 %-ға жуығы), педагог
кәсібінің беделінің болмауы жоғары білікті кадрлардың бұл саладан
кетуіне ықпал етеді.
• 2000 жылдан бастап қызметкерлер жалақысының 400 %-ға өскеніне
қарамастан, оның деңгейі еліміздегі төмен деңгейлердің бірі болып қалып
отыр [2].
Мектепке келетіндерді тәп-тәуір даярлықтан өткізіп үлгіретін бала
бақша- ларының бірқатары “жекешелендіру” науқанына іліккендіктен, бастауыш
мек - тепте (сыныпта) оқитындардың білім сапасы біршама төмендеді, сөйтіп
ол өз кезегінде, бүкіл орта мектепте алынатын білім деңгейіне айтарлықтай
әсер етті.
Білім беру ісіндегі кемшіліктерге себеп болып отырған жоғарыда
аталған факторлар мұғалімнің мәртебесін арттыруға әлі де кері ықпал етіп
келеді.
Сондықтан білім беру саласында бірқатар жаңаша қадамдар жасау
қажет. Атап айтқанда:
- бүгінгі кеңестік теория мен практикаға негізделген білім беру
жүйесін 12 жылдық білім беру жүйесіне көшіру;
- қағазбастылықты қысқарту немесе жою (мұғалімдер
шығармашылықпен айналысудың орнына талап етілетін
құжаттардан өзге, көптеген керекті керексіз есептер, папкаларды,

хаттамаларды толтыруға уақыттарын сарп етеді);
- мектептерге ер мұғалімдерді көптеп тарту (озық елдердегі білім
беру ұйымдарында ер мұғалімдер ұстаздар ұжымының жартысын
құрайды);
- ақылы оқу орындарын бітіріп келген жас маман үшін қосымша сынақ
жүйесін ұйымдастыру,
- білім беру ұйымдарын жөнсіз тексеруге тыйым салу;
- бағалау жүйесін қайта құру (шындығында бүгінгі “5” балдық
бағалау жүйесі іс жүзінде “3” балдық жүйеге түсіп қалғаны
жасырын емес, “1”, “2” бағалары тіпті қойылмайды десе де
болады);
- мұғалімдерді сайлау, санақ, құрылыс-жөндеу, көше тазалау, т.б.
секілді науқандық жұмыстардан босатып, тек шығармашылықпен жұмыс
істеуіне жағдай жасау, аталған қоғамдық іс-шараларға өз еркімен
ғана қатысқан жағдайда үстеме жалақы қосу немесе
лайықты сыйақы беру;
- газет-журналға жазылу барысында әкімшілік орындардың
мұғалімдердің жеке басының құқығына араласуына жол бермеу,
ұстаздардың өздеріне қажетті газет-журналдарға ғана жазылуына
мүмкіншілік туғызу [11].
Жас ұрпаққа сапалы білім мен ұлғатты тәрбие беру, өміріне жолдама
алуына барлық жағдай жасау үшін білім беру ісін әлеуметтендірудің маңызы
зор. Қазіргі уақытта мектеп реформасына көптеген бір жақты өзгерістер
енгізіліп, мектеп ісінің ішкі – сыртқы жүйесі түгелімен өзгеріп келе
жатқаны
белгілі.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасына сәйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас
ұрпаққа білім беру ісінде оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мән
бере отырып, оқушылардың мектепте алған білімдері олардың бүкіл өмірлік
азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дайындау, мамандық таңдауға
бағыттау мәселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы кезек
күттірмейтін ауқымды мәселелер қатарында тұр.
12 жылдық білім беруге көшу:
1. Қазақстандық білім жүйесін реформалауды;
2. Шығармашылықпен дамыған жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған жаңа
ұлттық үлгіні жасауды;
3. Жалпыға арналған біліммен білім әркімге өмір бойы үлгісіне саналы
түрде көшуді;
4. Әлемдік білім кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етеді.
Бүгінгі күн талабының мектеп реформасына 12 жылдық білім беруге
көшу мәселелерінің ерекшелігі сол – 12 жылдық білім беру орталығы ғалым -
дарының зерттеулері бойынша жаңа қоғамдық формациядағы мектеп пен
мұғалімдер алдында тұрған негізгі мәселелер. Баланы оқуға қалай
үйретеміз?, Ойлауға қалай үйрету керек? деген сұрақтарға жауап
табатындай білім нәрін беруге бағытталып отыр.
Жаңа мазмұндағы білім жүйесін мектеп өміріне енгізуде мұғалім
педагогикалық, психологиялық, философиялық, физиологиялық және т.б.
ғылым салаларының тиімді зерттеу нәтижелері мен әлемдік озық тәжірибелер-
дің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. Жаңа кезеңдегі мұғалімнің
шығармашылық іс - әрекетінің мазмұны зерттеушілік қызметтен, жаңа ізденіс -
терден, оқушымен, ата – анамен тығыз ынтымақтастықтан тұрады.
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу тұсында мұғалімнің кәсіптік
жетілуі мен дамуы тұрғысында көп мәселелер қалыптастырылуы қалыпты жағдай.
Өйткені, Ы.Алтынсариннің Мұғалім – мектептің жүрегі, - деп айтқанындай,
барлық күш мұғалімге түседі. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті,
өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастыра
алады. Ахмет Байтұрсынов Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді деген ғой.
Бастауыш білім жоғары сыныптарда алатын жүйелі білім салаларының
бастамасы ғана емес, оның негізі. Олай болса, бұл мұғалім тұлғасының осы
мәселелерді түсінетіндей, оны жүзеге асыратындай білімділігімен қатар
педаго- гикалық ой өрісінің болуын қажет етеді. Кез келген типтегі
мектептерде жұмыс істеуге дайын болу – болашақ мұғалімдерге жүктелетін
міндеттердің бірі.
Бастауыш сыныпта оқылатын әрбір пән орта мектепте оқылатын бірнеше
пәннің бастамасын негіздейді. Мәселен, бір ғана дүниетану пәні келешектегі
жүйелі ғылым салаларының бастамасы. Олай болса, мұғалім тұлғасының жан –
жақты білімді болуы өзінен өзі туындайтын талап. Мұғалім тұлғасының қалып -
тасуына педагогикалық практика кезінде атқаратын жұмыстар мен сол жұмыс -
тарды ұйымдастыру және өткізу әдістері үлкен әсер етеді. Ондай жұмыстар
қатарына мына төмендегі мәселелерді ендіруге болады:
1. Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндердің бағдарламалық талаптарын жете
білу;
2. Бастауыш сынып оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін меңгерту;
3. Оқушылармен жұмыс істеу икемділігінің, білім, қарым – қатынас, адамгер -
шілік сапаларының қалыптасуы;
4. Ұйымдастырушылық шеберліктерінің болуы;
5. Тәрбие мәселелерін оны ұйымдастырудың жолдарымен әдіс – тәсілдерін білу
6. Сабақты ұйымдастыру және оқыту әдістерін меңгеру. Оған көптеген икемдік-
тер енеді: сабақты жоспарлай білу; тиімді әдіс – тәсілдерді таңдау; жаңа
техно - логияны қолдану шеберліктері; сабақ барысында оқушылардың өздігінен

атқаратын жұмыстарды іріктей білу; оқушылардың шығармашылығына жағдай
туғызу; оқушылардың тілін; ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлу; сабақ бары
- сында оқушылар белсенділігін ұйымдастыру т.б.
Ұйымдастырушылық жеке бастың таланты, педагогикалық ойы, шешімділігі
мен шапшаңдығы, кез – келген ситуация да тиімді шешім табуға икемдігі,
мұның бірі мұғалім тұлғасының сапасына енеді. Ал, коммуникативтік – бұл
тұлғаның адамгершілік, интелектуалдық деңгейінің нәтижесі. Сол арқылы
кішіні де, үлкенді де сыйлаумен қатар, кез келген ортада өзін орынды ұстап,

қарым – қатысқа өз деңгейінде түсе білуі. Бұл жағдай тұлғаның ерекше педа -
гогикалық, психологиялық ой - өрісін көрсетеді.
Әр ғалым педагогикалық зерттеу барысында тұлға қалыптастырудағы
педагогикалық практиканың мәніне тоқтала отырып, әр түрлі анықтама береді.
Мәселен, А.И.Щербаков өз еңбегінде тұлға қалыптасуының психологиялық
тұстарына үлкен мән беріп, оқу - әдістемелік әрекеттің мұғалімнің жеке
тұлға - сының қалыптасуына үлкен әсер ететіндігін айта келе, ол әдістемелік
икемдік -
терді бірнешеге бөледі: ақпараттық, ұйымдастырушылық, зерттеушілік
деп.Егер, мұғалім тұлғасының қалыптасуындағы педагогикалық практиканың мә -
нін сөз ететін болсақ, бастауыш сынып мұғалімдері де ақпараттық қызметтің
басым болуы керектігін естен шығармауға тиіспіз. Себебі, оқушыларды
күнделікті жаңалықтармен таныстыру бастауыш сы - ыптардағы сабақ барысында
ғана емес, сабақтан тыс жұмыстар барысында да басым орын алады.
Жоғарыда келтірілген мұғалім тұлғасына қойылатын талаптар бүкіл
пәндер мұғаліміне тән деуге болады. Біздің зерттеуіміздің бағыты бойынша
осылардың бәрін ескере отырып, бастауыш сыныптар мұғалімдерінің басты
қасиеті бала жанын түсіну, 7 – 10 жастағы балалар әлі де ата – ана жылылығы-
нан қол үзбеген, жылы сөйлеуді, еркін ұстай отырып, талап етуді, мадақтай
отырып жұмыс орындатуды керек ететін ерекше жандар. Бастауыш сыныптар
оқушыларының психологиялық ерекшеліктері олардың көзбен көргенді тез
қабылдауына негізделеді.Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер – ұрпақ тәрбиесіне
деген көзқарас[12].
12 жылдық білім беру жүйесіне көшу бастауыш мектепте оқытуда екі
деңгейде өтеді:
1) Оқушылардың жалпы білім беру даярлығы –ғылым негіздерін оқыту оқу
жоспарының инвариантты бөлімінде белгіленген оқу құралдары мен сағат
көлемінің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады;
2) Оқушылардың жалпы даму даярлығы – ол үшін олардың қызығушылығы мен
қабілеттерін ескере отырып, оқушылардың шығармашылық дамуы
3) мақсатында оқу жоспарының вариативтік жүктемесін қолдану ұсыныла -
ды.
Жаңа формациядағы мұғалім – бұл психологиялық –педагогикалық зерттеу
әдіснамасын және әдістемесін меңгерген, тәжірибемен және ғылыми әдебиетпен
таныс маман. 12 жылдық мектептің педагогі:
• барынша жеке оқытуға, оқушылардың іс-әрекетіндегі өзіндік жеке
шығармашылық бастаманы нығайтуға, зерттеу қызметі мен әлеуметтік
тәжірибені дамытуға бағытталған білім процесін жобалай білуі;
• оқушылардың іс-әрекетін нысандары мен көптеген түрлерін
(жобалық, мектеп оқушыларының іс-әрекетінің көптеген түрлері мен
нысандарын; ақпараттың түрлі көздерімен өзіндік жұмыс және т.б.);
• дәстүрлі нысандарға қосымша оқушылардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларына әкеңнің киімін аттама
Әлемнің көптеген елдерінде мұғалім мәртебесі айтарлықтай биік
Бала тәрбиесі бір өнер
Шағын мектепте педагогикалық процесті ұйымдастырудың көкейкесті мәселелері
Өсіп келе жатқан ұрпақты тәрбиелеудегі мектептің, отбасы мен жұртшылықтың бірлесіп атқаратын жұмыстары
Мектеп, отбасы, жұртшылық және мектептің бірлескен жұмысын ұйымдастырушы орталық
Педагогикалық процесті басқарудағы әлеуметтік иституттардың өзара әрекеттестігі
Түркістан облысындағы шағын жинақы мектептердің қазіргі жағдайы мен болашағы
Қиын оқушылармен жүргізілетін психодиагностикалық жұмыс ерекшеліктері
Жасөспірімдер арасындағы ауытқушылық мінез-құлықтың шығу себептері мен факторлары
Пәндер