Тәрбие жөніндегі пед



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Джусупова Айнур Жанайдарқызы

Халықтық педагогиканың озық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын тәрбиелеуде
қолдану жолдары

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы 050102 ─ Бастауышты оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Көкшетау - 2011

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі
Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті

Қорғауға жіберілді
Білім беру технологиясы кафедрасының меңгерушісі
м.а. _______________ Крамаренко Борис Васильевич
(қолы)

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Халықтық педагогиканың озық идеяларын бастауыш сынып оқушыларын
тәрбиелеуде қолдану жолдары

Мамандығы: 050102 ─ Бастауышты оқытудың педагогикасы мен
әдістемесі

Орындаған:_______________ А.Ж Джусупова
Жетекші: _______________ Академиялық доцент
Ж.К.Мукутова

Көкшетау - 2011

Мазмұны

Нормативтік
сілтемелер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4-б.
Анықтамалар мен
қысқартулар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...5-6б.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-11б

1. Халықтық педагогика идеяларын зерттеген ғалымдардың көзқарастары

1.1 Атақты ғұламалардың, педагогтардың, халықтық педагогикадағы
көзқарастары мен
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...12-28б
1.2 Халықтық педагогиканың дамуындағы ұлттық ғылыми-тәлімдік бағдарламалар
мен оқу
құралдары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29-
38б
1.3 Халықтық педагогиканың озық үлгілерінің тәрбиелік
мәні ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .39- 47 б

2.Халықтық педагогиканың үлгілерін бастауыш мектепте
тәжірибеде қолдану жолдары
2.1Оқушылардың ұлттық тәрбие жайындағы білімдерін диагностикалау .48-59 б

2.2 Бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие, ұлттық дүниетаным
қалыптастыру жолдары, мұғалімдерге, ата-аналарға арналған кеңестер,
ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 60-75б
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. 76-77б

Пайдаланылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..78-
79 б

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ...

Нормативтік сілтемелер

Бұл дипломдық жұмыста келесі стандарттарға, тұжырымдамаларға,
бағдарламаларға сілтеме жасалған:
[1]. Қазақстан Республикасының білім беру заңы. 27 шілде, 2007 ж.
[2]Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие

тұжырымдамасы. Білімдегі жаңалықтар, №1, 2010, 11-20б.
[3].Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан
халқына жолдауы. 2011, 29 қаңтар.
[ 4]. ]. Қазақстан -2030 бағдарламасы
[ 5]. Қазақстан Республикасындағы этникалық -мәдени Білім
Тұжырымдамасы 1996жыл 4-5б

Анықтамалар
Тәрбие-қоғам талаптарына сай жеке адамиың дүниеге ғылыми материалистік
козқарасын, мінез-құлықтық, эстетикалық және т.б.қасиеттерді
қалыптастыруды, қоғамның белсенді мүшесін етіп даярлауды көздейтін арнайы
мақсат қойып ұйымдастырылған педагогикалық процесс.
Дәстүр ­ өзінің өміршеңдігімен, тұрақтылығымен біршама сипатталатын және
қоғамның бір тобынан екіншісіне ауысып отыратын мәдениеттің өткендегі
элементі
Ұлттық тәрбие- жеке тұлғаның ұлттық мінез құлқының, ұлттық санасының ,
ұлттық намысының және дүниетанымының Ана тілін, Ата тарихын , Төл
мәдениетін және Ұлттық салт дәстүрлерін меңгеруі арқылы қалыптасуын
айтамыз.
Ұлттық сана-ұлттан ұлтты айыратын , тарихи себептердің ықпалымен
қалыптасқан субъективті құбылыс.
Ұлттық білім- білім мазмұнындағы ұлттық дүниетаным.
Ұлттық намыс -өз ұлтының Мен дегізерлік қасиеттерін қызғыштай қорғайтын ,
ұлтты іргелі, жоғары деңгейге көтерудің аңсайтын да қолдайтын ісімен де,
күшімен ұлттық намыс туын көтеріп, қара басын, керек болса, мәңгілікке
жолдайтын қарекет.
Ұлттық дүниетаным- ұлттық болмыс көрінісі , саяси, адамгершілік,
эстетикалық, діни наным- сенім , тәрбие , тарихи сана, басқа да дәстүрлі
мәдени рухани көзқарастар жүйесі.
Этникалық-мәдени білім – бұл ана тілі мен төл мәдениетті әлемдік
мәдениеттің құндылықтарын қоса игеру арқылы тұлғаның этникалық-мәдени
сәйкестілігін сақтауға бағытталған білім.
Этнопедагогика - белгілі бір халықтың , тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар
дүниетанымдық , тәрбиелік , мәдени мұрасы.
Халықтық педагогика -ежелден халықпен бірге жасасып келе жатқан тәлім-
тәрбие мектебі

Қысқартулар.

ҚР -Қазақстан Республикасы
ПМУ- Педагогикалық Мемлекеттік Университет

Кіріспе
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазіргі кезде тәуелсіздігіміздің 20
жылдығына аяқ басқан, әлемге атымызды танытып, жаһандануға бет бұрып,
әлемдік бәсекелестікке, оның талаптарына жауап беру жағдайында елдің
болашағы – жас ұрпақ тәрбиесі маңызды мәселелердің бірі болып саналады.
Қазіргі кездегі келеңсіз жағдайларды (оқушы жастардың тәрбиесіндегі
кемшіліктер,өз ұлттық тілдерін, салт -дәстүрлерін, тарихты жетелікті
меңгермеу , жас жанұялардың ұлттық тәлім- тәрбиені бала тәрбиесінде сирек
қолдану, білім беру саласында ұлттық дүниетанымға айтарлықтай көңіл бөлмеу,
отбасы мен бала арасындағы түсінбеушілік т.б.) шешу жолдары- бүгінгі таңда
ең өзекті мәселелердің бірі болып табылуда.
Бұл мәселенің шешімін, ғасырлар бойы өзінің көкейкестілігін
жоғалтпаған, керісінше, әрбір қоғамдық формацияда болған өзгерістерге
байланысты жетіліп отырған қазақ халқының озық ұлттық-этикалық
дәстүрлерінен іздестіру қажет. Өйткені, қазақ халқының озық ұлттық тәрбие
үлгілерінен қаланған гуманистік идеялар, адамгершіліктің басты
құндылықтарымен байланысты болады және адамзат моралінің негіздерін
мағыналы түрде жан-жақты меңгеруде, адамдар арасында таза адами қарым-
қатынасты тәрбиелеуде жетекші құралдардың бірі болып табылады. Ұлттық
тәрбиені халық даналығының негізгі бір көрінісі ретінде қабылдау бүгінгі
білім беру жүйесі үшін аса маңызды. Бұның, әсіресе болашақ мұғалімдер үшін
пайдасы зор. Олай дейтініміз, оқушылардың ұлттық мәдени деңгейінің дұрыс
қалыптасуы мұғалімнің тұлғалық адамгершілікті моральдық-этикалық
қасиеттеріне, осы бағытта меңгерген тарихи-теориялық, практикалық, білім,
іскерлік, дағды деңгейіне байланысты айқындалады. Нәтижесінде бұның бәрі,
қазақ халқының халықтық тәрбиесіндегі озық дәстүрлерін зерделеуге
бағыттайды.
Жер бетіндегі өмір сүруші әрбір ұлт өз ұрпағының жан – жақты
тәрбиелі және мәдениетті тұлға болуын армандайды. Бала бойына рухани
мұраларды сіңіре тәрбиелеудің бірі – ұлттық тәрбие. Ұлттық игіліктерді
құрмет тұтып, тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да
маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрары белгілі
Елбасының бұл жайлы толық өркениетті ел болу үшін алдымен өз
мәдениетімізді, өз тарихымызды бойымызға сіңіріп, содан кейін өзге дүниені
игеруге ұмтылғанымыз жөн деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер
жүктейді.
Ұлттық тәрбие – рухани уыз. Халық көптеген тәрбиелік дүниелер
туғыза отырып, олар арқылы баланың жеті қырлы, бір сырлы болып қалыптасуын
қамтамасыз еткен.
Осыған орай Қазақстан Үкіметі қабылдаған Білім беру туралы
Заңының Білім жүйесі аталатын екінші бөлімінде Білім беру жүйесінің
басты міндеттері: Қазақстан Республикасының шын берілген адал патриот
азамат даярлау, ... олар мемлекеттік белгілердің мәні мен маңызын терең
түсінген, халықтық дәстүрлерді қастерлейтін халықтар достығының негізінде
тәрбиеленген, халық, Отан, отбасы алдындағы жеке бастың міндеттері мен
құқықтарын терең сезінген... Қазақстанда тұратын қазақ халқы мен басқа да
халықтардың тілін, тарихын, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарын қадір
тұтып, оны игеруге кепілді азамат болуы керек делінген.[1]
Сол сияқты үздіксіз білім беру жүйесінде ұлттық мәдениет,
ұлттық дүниетаным, біліктілік пен іскерлік қалыптастыру, мәдениеттілікке
баулу, адамзат қоғамында бұрын соңды жасалған мәдени мұраны жүйелі
меңгеруге, жалпы әлемдік рухани игіліктерді бағалай білуге тәрбиелеу
қажеттілігіне баса көңіл бөлу керектігіне мән берілген.[2]
Ал Президент халыққа арнаған Жолдауында Мемлекетке қажетті
басты ерекшеліктердің ішінде білімге зор мән берді. Себебі, білім беру
ұлттық қауіпсіздіктің кепілі болып саналады дейді.[3 ]
Және де еліміздің оқу-ағарту ісінде басшылыққа алатын негізгі
идеялық бағыт Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан-2030 бағдарламасында
көрсетілгендей ... ...қазақстандық патриотизмге негізделуі керек. Ал
қазақстандық патриотизм мемлекеттің территориялық тұтастығын сақтауға,
дәстүр мен мәдениеттің ұлттық көркеюіне ат салысуға, Қазақстанда тұратын
түрлі өзге ұлттардың бірлігін қамтамасыз етуге, олардың өзара саяси-
экономикалық және мәдени байланысын күшейтуге, осы байланыстың пәрменді
насихатшысы мемлекеттік тіл- қазақ тілінің жетіліп көркеюіне негізделуі
керек. Бұл бағдарламада келер ұрпақтың денсаулығын сақтау үшін қамқорлық
жасау, оларға қажетті білім беру және дүниетану көзқарасын қалыптастыру,
бүгінгі нарықтық қатынас жағдайында ата-баба дәстүрін сақтай отырып еңбек
етуге әзір болуын қамтамасыз ету көзделген. Келер ұрпақ нағыз патриот болып
өсуі тиіс.[4]
Ұлттық тәрбие мәселесінің өзектілігін Қазақстан
Республикасындағы этникалық -мәдени Білім Тұжырымдамасында да айқындап
көрсетеді. Онда: Қазақстан Республикасы демократиялық реформаларға,
адамның қандай ұлтқа жататынына қарамастан, оның құқықтары мен бостандығын
тануға, этникалық немесе нәсілдік белгісіне қарап кемсітушілікке жол
бермеуге бағыт ұстап отыр. Конституциямен бекітілген ұлттардың тең
құқықтылығы жеке адам құқықтарының басымдығы принципінен бастау алып,
этносаралық тұрақтылықтың сақталуына, қазақстандық патриотизмнің тамыр
жаюына,халықтың этникалық қайта түрленуіне бағытталады. Сондықтан этникалық
теріс түсініктер мен тайталас, этникалық артықшылық идеялары мемлекеттік
мүдделерге қайшылық ретінде бағаланады.
Мемлекеттік интеграция – этникалық –мәдени білім берудің іргелі және
стратегиялық мақсаты. Егер жекелеген халық этникалық сәйкестілікке біршама
қысқа мерзімде жете алатын болса, мемлекеттік интеграцияға қол жеткізу –
мемлекеттегі барлық этностардың күш-жігерін қажет ететін ұзақ процесс.
Сайып келгенде, мемлекеттіліктің нақ өзі Қазақстанды мекендеген халықтардың
этникалық сәйкестілік мүмкіндігінің негізгі шарты болып табылады.[5]
Әр халықтың болашағы жастарына тәуелді. Егер әр халық жас
ұрпағын өзінің ұлттық рухымен тәрбиелемесе,онда ол елдің болашағы бұлыңғыр
болмақтығын бүгінде ғалымдарымыз баспа беттерінде жиі жариялап келеді.
Өйткені ұлттың барша мұрасы жастарға аманат етіледі. Ал жастар оны кейінгі
буынға сол бай мұраны тапсырмаса, онда ұлттық атау біртіндеп жоғалары
сөзсіз.
Осы мұраны дарытушы, оқушының жан-жақты дамуына бағыт-бағдар
беруші – мұғалім. Бастауыш білімінің мемлекеттік стандартына оқушыларды
ғылымдар негізімен таныстырып қою емес, баланың жалпы ойын дамыту, қажетті
тәрбие беріп, оны тәжірибеде қолдана білу үшін өздігінен жұмыс істеуге,
адамгершілік мәдениетін қалыптастыру талап етіледі. Бүгінгі заманның
педагогикалық, психологиялық зерттеулерінің анықталуы бойынша мектептің
бастауыш сыныбындағы кезеңі баланың қай жағынан болсын ең қарқынды дамитын
кезеңі.
Қазақ елінің болашағын айқындайтын, оны тұрақты даму
деңгейіне көтеретін бірден-бір құндылық, ол – жасөспірімдерді отаншылдық,
ұлтжандылық рухта тәрбиелеу. Ендеше, қазақстандық жаңа білім үлгісі осыдан
бастау алып, жас ұрпақты білімді және сол білімді ұтымды пайдалана алатын
іскер, білгір де, білікті етіп өсірумен қатар, оның адамгершілік болмысын,
ішкі жан дүниесін, азаматтық тұлғасын, халықтық қасиеттерін дұрыс және
орнықты түрде қалыптастыру болмақ
Халық педагогикасының тәрбиедегі озық идеяларының ешбір
кезеңдерде өзінің көкейкестілігін жоғалтпағанын көрсетеді. Өткен
ғасырлардағы антикалық дәуірде Аристотель, кейін Әбу Насыр Әл Фараби, ұлы
педагогтар (Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, Ж.Ж.Руссо, К.Д.Ушинский,
Блонский және т.б.) тәрбиенің халықтық негізін және халық тәрбиесі
құралдарының педагогикалық тиімділігін тәжірибе жүзінде дәлелдеп,
негіздеген.
Халық педагогикасы, этнопедагогика саласында орындалған
зерттеу жұмыстары жақын шетелдердерде де, Қазақстанда да баршылық. Оның
бірі халық педагогикасы мен этнопедагогикасының теориялық-әдіснамалық
негіздерін, идеялық мәнін, мазмұнын (Г.Н.Волков, Г.СВиноградов,
А.И.Ханбиков, Я.Ф.Хинтибидзе, Л.Христова, Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, және
т.б.) қарастырса, екіншісі, өткендегі ойшылдардың, ағартушы-педагогтардың
халық педагогикасына көзқарасын, құнды педагогикалық идеяларын (Т.Әлсатов,
И.Халитова, А.Айтпаева, К.Қалиева және т.б.) зерделейді, енді бірі халық
педагогикасы мен этнопедагогикадағы тәрбиенің мүмкіндіктерін тәрбие
бағыттарына қарай (адамгершілік, эстетикалық, еңбек, музыкалық, патриоттық
және т.б.) (С.Ұзақбаева, Р.Жанабаева, Ұ.Әбдіғапбарова және т.б.)
зерттейді.,Қ.Бөлеев, Р.Дүйсембінова, Г.Бахтиярова, Ш.Құлманова,
Т.Сламбекова және т.б. халық тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие
процесінде пайдалану жолдарын қарастырады.
Зерттеу тақырыбы: Халық педагогикасының озық идеяларын бастауыш сынып
оқушыларын тәрбиелеуде қолдану жолдары
Зерттеудің мақсаты: бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие беруді
қамтамасыз ететін педагогикалық шарттар жүйесін теориялық тұрғыдан
негіздеу және оның тиімділігін көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
- оқушыларға ұлттық тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми-
әдістемелік негіздерін талдап, саралау;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық
ерекшеліктерін анықтау , диагностикалау;
-бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісін жасау.
- мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына
халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұнын,
әдістері мен формаларын айқындау;
- ұсынылып отырған педагогикалық шарттар жүйесінің тиімділігін эксперимент
арқылы тексеру.
Зерттеу нысаны: жалпы білім беретін мектептің оқу-тәрбие процесі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің мазмұны,
әдіс-тәсілдері мен формалары.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер мектептің бастауыш сатысында оқушыларға
ұлттық тәрбие берудің ерекшеліктері, деңгейлері айқындалып, соның негізінде
тәрбиені жетілдіру үлгісі жасалса, педагогикалық шарттар жүйесі құрылып,
іс тәжірибеге енгізілсе, онда оқушылардың ұлттық сана-сезімін, ұлтжандылық,
толеранттық қасиеттерін, ұлтаралық қатынастар мәдениетін қалыптастыруға
болады,
Зерттеудің теориялық - әдіснамалық негіздері :халықтың рухани мәдениетті
жасау мен сақтаудағы , олардың берік бірлестігіндегі рөлін , ежелгі мұраға
көзқарасын, қазақ этнопедагогикасынын және оның жүйеленген компоненттерін
зерттеуге бірыңғай көзқарасты білдіретін этнопедагогикалық ,
этнопсихологиялық, этномәдениеттік , педагогикалық тұжырымдамалар;
- этнопедагогика бойынша тарихи-педагогикалық зерттеулердің
тұжырымдамалық идеялары (Г.Н.Волков, С.Қалиев, Қ.Бөлеев, С.А.Ұзақбаева,
К.Ж.Қожахметова, К.А.Оразбекова, т.б.);
- оқушыларға этностық-мәдени білім беру тұжырымдамасы (Ж.Ж.Наурызбай);
Зерттеу әдістері: зерттеу барысында төменгідей әдістер қолданылады.
Философиялық,педагогикалық ,этнопедагогикалық әдістемелік әдебиеттерді
теориялық талдау, жүйелі және салыстырмалы зерделеу барысында қол жеткізген
мәліметтерді топтастыру, жүйелеу, мектептегі оқу-тәрбие үрдісін бақылау,
сауалнама, ойын-сайыстар мен танымдық тестік сұрақтар.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Заман талабына сай оқушыларға ұлттық
тәрбие берудегі халықтық педагогиканың ғылыми-әдістемелік негіздері ашып
көрсетілді;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің психологиялық-
педагогикалық ерекшеліктері анықталды;
- бастауыш сынып оқушыларына ұлттық тәрбие берудің үлгісі жасалды;
- мектептің тұтас педагогикалық процесінде бастауыш сынып оқушыларына
халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық тәрбие берудің мазмұны,
әдістері мен формалары айқындалып, бір жүйеге келтірілді;
- педагогикалық шарттар жүйесі эксперименттік тұрғыдан негізделді.
Қазіргі ғылыми мәселелерді шешу ахуалы- біздің басты міндетіміз-дәстүрлі
қазақы тәрбиеміздің қалыптасқан өмірлік үрдістерін қазіргі заман ағымына
үндестіріп, қазіргі заман азаматының рухани болмысын қалыптастыру.
Зерттеу мәселесі қазіргі кезде С.Ұзақбаева, Р.Жанабаева,
Ұ.Әбдіғапбарова, Қ.Бөлеев, Р.Дүйсембінова, Г.Бахтиярова, Ш.Құлманова,
Т.Сламбекова және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылып, халық
тәрбиесінің озық дәстүрлерін оқу-тәрбие процесінде қолдану жолдары
қарастырылады.
Әр мектеп тәрбие беру мәселесіне байланысты өз бағыттарын ұстанады.
Мысалы: №3 мектеп Атамекен бағдарламасы , аралас мектептерде
Жұлдызбағдарламасы, № 13 мектепте экология бағыты ұстанылады.
Зерттеудiң практикалық маңыздылығы:
- бастауыш сынып оқушыларына халықтық педагогика құралдары арқылы ұлттық
тәрбие беру бағдарламасы жасалды;
- бастауыш сынып оқушыларының отбасымен жұмыс бағдарламасы жасалды;
- ұлттық тәлім беруде ата- аналарға арналған ұсыныстар көрсетілді
Зерттеу жұмысының құрылымы. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан,
қорытындыдан, қосымша схемадан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.
Зерттеу базасы: Көкшетау қаласының №21 орта мектебінің 4қ
сыныбының 19 оқушыcы

1. Халықтық педагогика идеяларын зерттеген ғалымдардың көзқарастары

1.1 Атақты ғұламалардың, педагогтардың халықтық педагогикадағы
көзқарастары мен еңбектері.
Бүгінгі таңда ата-бабаларымыз көне ғасыр қойнауынан сақтап
келген ұрпақ тәрбиесі жөніндегі мол тәжірибелері негізінде мектеп
оқушыларына ұлттық тәлім-тәрбие беру мүмкіндігі туып отыр. Жас
жеткіншектерге осы кезге дейін жинақталған озық педагогикалық технологиялар
мен тәжірибелер негізінде жан-жақты тәрбие беру қажеттігі – Үкімет
құжаттарында, Елбасымыз Н. Назарбаевтың халыққа арнаған жолдауында және осы
мәселе төңірегінде зерттеулер жүргізіп жатқан көрнекті ғалымдар
еңбектерінде, ұрпақ тағдырына алаңдаушылығын білдірген қоғам қайраткерлері
мен зиялы қауым өкілдерінің талап-тілектері мен әдеби мұраларында айтылып-
жазылуда.
Әлемдегі аса аумақты құбылыстардың бірі – жаһандану дәуірінің білім
жүйесіне зор ықпалын тигізіп жатқан кезеңінде – адамзат ұрпағының
тағдырына деген алаңдаушылығы мен жауапкершілік сезімдері толастаған емес.
Жер бетінде бақытты ғұмыр кешіп жатқан олар – бабалары мирас етіп қалдырған
рухани-мәдени қазналарын қастерлеп, өскелең ұрпақ тәрбиесіне жаратып келе
жатқаны шындық.
Ұлт болашағы – жас ұрпақтың қамын әуел бастан ойлаған әр этнос - өне
бойындағы барлық асыл қасиеттерді ұрпағының санасына сіңіріп, өркениет
мәдениетіне теңдесі жоқ рухани қазынасын сақтай білді.
Ұлттық педагогика мұраларын пайдалана отырып, жас ұрпаққа кешенді
тұрғыда сапалы білім, саналы тәрбие берудің тарихи-әлеуметтік маңызды-
лығының жоғары екенін – бүгінгі таңдағы педагогикалық жетістіктер айғақтап
отыр. Ұлт педагогикасының көпсалалы ғылым жүйесі екенін ескерсек, оның әр
саласы, соның ішінде – ұлттық тәлім-тәрбие саласы үлкен ізденістерді қажет
ететіні анық.[1]
Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі бойынша кейінгі жылдары іргелі
зерттеулер жүргізіліп ғалымдардың назарынан түскен емес. Қазірде соңғы
педагогикалық тәжірибелер, сондай-ақ психологиялық-дидактикалық және
қолданбалы педагогикалық озық технологияларға сүйене отырып, ұлттық тәрбие
мәселесін одан ары ғылыми негіздеп, қайта жаңғырту мен дамыту бүгінде өмір
талабы болып отыр. Ұлттық тәлім-тәрбие мұраларын мектептегі оқушылар
ұжымдарының іс-әрекеттерінде барынша пайдалану – қазіргі кездегі
педагогикалық талаптардың бірі. Оның үстіне жетекші ғалымдардың теориялық
тұжырымдарына сүйенген, көпсалалы аталмыш жетістіктердің мектеп
практикасына араласуы, оқушылардың қоғамдық пікірлері мен жеке
көзқарастарын өзекті мәселе ретінде қарастырып, күрделі проблемалар
қатарына жатқызған ғылыми еңбектер мен педагогикалық тәжірибелер молынан
жинақталып келеді.
Ұлттық тәлім-тәрбие мәселесі жайы сөз қозғағанда, тәрбие
теориясы жөніндегі педагогикалық ой-пікірлер мен тұжырымдарға басты назар
аударған жөн.
Антикалық дәуірде Сократ, Платон, Аристотель, Демокрит және басқа
ғұламалар балалардың танымдық кеңістігінің дамуына білім мен тәрбие
құралдарының аса қажет екенін ерекше атаған.
Қазақ этнопедагогикасының практикалық негіздері ұлттық
тәжірибелерден туындайды. Баланы тәрбиелеуде біз халық тәрбиесіне
сүйенеміз, - дейді ертедегі грек философы Аристотель.[2]
Ұлы Дала пайғамбарлары атанған Заратуштра, Көрұғлы, Анақарыс пен
Қорқыттың, Әбу Насыр Әл Фараби мен Қайқауыс бабаларымыздың ұрпақ тәрбиесі
жөніне айтқан нақылдары күні бүгінге дейін халық жадында сақтаулы.
Тәрбие теориясына байланысты Әл Фарабидың адамға ең алдымен білім
емес, тәрбие беру керектігі жөнінде нақыл сөзі кейінгі жылдары баспасөз
беттерінде және педагогикалық жиындардағы баяндамаларда жиі айтылуда.
Фараби мұраларының бүгінгі ұрпақ тәрбиесіне берер тағылымдық
құндылықтарының мол екені рас. Қазақстандағы педагогикалық ой-пікірлер
Антологиясында Әл Фарабидың педагогикалық мұраларының бірінші беттен
табылуы-ғұлама ғибратының бүгінгі жастар үшін қаншалықты құнды, қаншалықты
қажет екенін аңғартса керек.[3]
Фараби мұрасы жөніне Ә.Садуақасов өз зерттеуінде мынадай тұжырымға
келеді: ..Әл Фараби бақытқа жету жолының кепілі алдымен адамгершілікке
тәрбиелену екенін айтады. Адамның жан-жақты жетілуінің тиімі тетігі оның
адамгершілік және интеллекттуалдық қасиеттерін тәрбиелеуде екендігіне баса
назар аударған. Әсіресе, бақытқа жету үшін, арман шыңына өрмелеген
жасөспірім үшін бұл басты қағида екендігін ескертеді. Әл Фараби
педагогикалық қызметте білімберу мен әрбиелеуің бірлігін қуаттайды. Сонымен
қатар олардың педагогикалық айла тәсілі тұрғысында ерекшеліктері мен
айрмашылықтары бар екендігіне көңіл аударады..,-делінген [4].
Тәрбие жөніндегі Фараби тағылымы оның ғылыми еңбектерінде былай деп
көрсетіледі: ..Есть и такие люди, которые по своей природе наделены чем-то
одним, но при сильном принуждении и они изменяют свой природный нрав. Все
эти естественнные свойства нуждаются в воспитании, основанном на воле и
воспитании посредством вещей, которые предназначены к тому, чтобы довести
их до наивысших или близких к наивысшим совершенствам. Могут иметь мето
какого-то рода превосходные, отличные свойства,которыми пренебрегают, не
развивают и не воспитывают их по средством предназначенных для этого вещей,
в результате чего проишествии времени они теряют свою силу... [3].
Аталмыш ой-тағылымдардан Әл Фарабидың тәрбие теориясна қатысты
мәселелердің тек қана баланың жан-жақты дамуына тірек болатын тәрбие
тәжірибелерін қалыптастырумен шектелмей, оның жалпы адам тәрбиелеу
ізгіліктерінің құралы болу керек деген ғибраттарды кездестіреміз. Фарабидың
дүниетанымдық көзқарас адамзат өркениетіні даму кезеңдерін жете тану
қажеттігімен жанасып, аталмыш күрделі құбылысты белгіі бір аймақтың баршаға
үлгі ретінде салыстырмалы тұрғыда зерделеп, нәтижесінде өзінің ойын бір
қаланың тұрғындарының бақытқа жету жолының түпқазығы- білім мен тәрбие
құндылықтарында екенін меңзейді. Оның осы мәселеге қатысты терең мән
берген тәлімдік алғышарты – бріншіден әр адам өзін-өзі тануды ерте бастап
назар аударып, сол мәселеге байланысты табиғат пен адам ілімдерін
үйретуге; екіншіден, аталған қасиеттерді жауапты және кез келген адамның
қолынан келе бермейтін қиын іс екенін атай отыра, ол үшін ұстаз бен жол
көрсетуші тәлімгердің қажеттігін ескертді. Мұның өзі бүгінгі педагогикалық
зерттеулерде ғалымдардың назарын өзіне аударып отырған жан-жақты дамыған
жеке тұлғаны оқыту мен тәрбиелеу және сол мәселелер төңірегінде педагогика
ғылымының қол жеткізген тәжірибелері мен шешілмей жатқан тәлім-тәрбиелік
проб-лемалармен жанасатынын айтпақпыз.
Коменскийдің ойынша ұжымдық тәрбиенің негізгі ошағы отбасы
дәстүрімен тәрбиеленуші оқушылар қауымдастықтары - ата-баба тағлымдарынан
басталғанда ғана, оларға білім берудің тиімділігі мен сапалылығы және қоғам
үшін қажеттілгі арта түседі деп санаған. Ол өзінің: ...для родителей,
которые до сих пор большой частью были не осведомлены, чего им ждать от
своих детей. Но если метод воспитания доведен до безошибочной верности, то
результат, накоторый не всегда надеются,не может с божией помощью не
воспоследовать...,-деген пайымдауында, балаға білімнің сан қырын
ұғындыруында, көпшілік қауымның (педагогикалық қауым,ата-аналар,оқушылар
ұжымы, білім мен тәрбие саласының қызметкерлері т.б.) бірлескен
шығармашылық тәлім-тәрбиелік әрекеттері арқылы көздеген мақсатқа жетуге
болатынын меңзейді.[ 5]
Ұлы гуманист Иоган Песталоццидің ойынша, адамзаттың тәлім-тәрбиелік
құндылықтары, ұрпақтарының түріне,нәсіліне, қабілетіне және әлеуметтік
–таптық ерекшеліктеріне бөлінбей Ата-аналар тағылымдары –Книга матерей
деген бір тұтас тәлім-тәрбие жүйесі негізінде игліктенуі керек деп санаған.
Оның: ...Книга матерей используется у нас не только в качестве упражнения,
в точном наблюдении умении четко выразить замеченное... Одним из
обстоятельств, благоприятствующих развитию гуманности и действенности
этого общения, является то, что каждый ученик легко может стать учить
другого.Это по существу является великолепным упражнением, развивающим
подлинную гуманность в гражданской жизни, и действенным методом
воспитания... которым постигается величайшая мудрость жизни...-деген терең
педагогикалық ілімдер арқылы, тәрбие мәселесінің сол дәуірлерде қаншалықты
маңызды орынға ие болғанын байқаймыз. [5]
И.Песталоции ұрпақ тәрбиесінде адамгершілік құндылықтардың басты орын
алуын меңзеген. Оның ойынша гуманистік қасиеттерді бойына сіңірген және оны
өмір тәжірибелері арқылы санасына сақтай білген адам, өз ұрпағына шынайы
ізгілік тағылымдарын сыйлайтыны анық деген. Қазіргі таңдағы педагогика
ғылымындағы гуманистік бағыттағы білім мен тәрбие мәселелерінің көтерілуі –
Песталоцци идеяларынан бастау алатыны анық
Академик В.М. Кларинның пайымдауынша Ж.Ж. Руссо жас ұрпақтың
тәрбиеленуіне, білім алуына және жан-жақты дамуына негізгі үш фактордың:
табиғат,адам және қоғам деп, орынды айтқан.[5]
Ж. Руссоның бұл теориясынан жас ұрпаққа ұжымдық тәрбие беруде негізгі
рөл атқаратын адам мен қоғам заңдылықтарына оқушылар және олардың ата-
аналарының ықпалдарының маңызы зор екені жөнінде қорытынды жасауға болады.
Ж. Руссо тәрбиенің негізгі көзі – ата салтында деп санаған. Ол жөнінде
Руссоның: ...ребенок должен быть воспитан в религии своего отца...,-деген
тұжырымы арқылы отбасы дәстүрінің ұлттық тәрбиеге қаншалықты жақын және
қаншалықты қажет екенін түсінеміз.[5]
Руссо тағылымдары тәрбие мәселесін философиялық тұрғыдан зерделеуге
жетелейді. Оның айқын көрінісі ғұлама ғибратының қоғам даму заңдылықтары –
адам әрекеттерінің жемісінен деген топшылауы болып табылады. Бұл ойымыз –
Ж. Руссоның ұрпақ санасының қалыптасуына зор ықпал ететін жоғарыда айтылып
кеткен факторлар негізгі танымдық тұтқа болады деген тұжырымымен жанасады.
К.Д. Ушинский әлемдегі әр халықтың ешкімге ұқсамайтын және
қайталанбайтын сан ғасырлар бойы қалыптасып келе жатқан ұлттық тәрбие
жүйесі бар екенін мойындаған. Ұлттық тәлім-тәрбиенің халықтың асыл мұрасы
екенін ағартушы мынадай тұжырымдар арқылы баяндайды: у каждого народа –
своя система воспитания. Опыт других народов в деле воспитания есть
драгоценное наследие для всех, но точно в том же смысле, в котором опыт
всемирной истории принадлежит всем народам. Как нельзя жить по образцу
другого народа, как бы заманчив ни был этот образец, точно также нельзя
воспитать по чужой педагогичесой системе, как бы ни была она стройна и
хорошо обдумана. Каждый народ в этом отношении должен питать собственные
силы [6]
Белгілі ғалым П.Блонский этнопедагогика проблематикасын
халық-тың деморкратиялық тәлім-тәрбиесідеп санап, өзінің тұжырымын былай
жеткізеді: ...слово нация имеет значение народ, мы могли бы назвать
такое воспитание глубоко национальным...Народное демократическое
воспитание, получаемые в народной трудовой школе, обладает всеми
достоинствами национального воспитания... Но если трудовая школа исходит из
окружающего ребенка народного трудового быта, то индустриализм решительно и
полно вводит ребенка и подростка в общечеловеческую культуру.. [7]
Халық педагогикасының адамгершілік құндылықтары гуманистік
педагогика бағытын ұстанушы ғалымдардың (К.Роджерс, А.Маслоу, м.Франкк,
У.Келли) еңбектерінде көрініс тапқан.
К.Роджерстың пайымдауынша білім мен тәрбие жүйесі педагогикалық
талаптарды орындаумен қатар, ұстаз бен шәкірт арасындағы ежелден қалыптасып
келе жатқан шынайы ізеттілік, парасаттылық һәм адамгершілік құндылықтарға
негізделгені шарт деп санаған.[8]
Этнопедагогика ғылымы жөнінде зерттеулер біршама жүргізілгенімен
оның қажеттілігі мен маңыздылығы туралы көптеген ғалымдар мен ағартушылар
еңбектерінде (Э.Кей, М.Монтессори, Келльнер Л.) айтылған.
Швед ғалымы Э.Кей (1910) жас ұрпақтың танымдық-шығармашылық тұрғыда
өсіп-жетілуіне және өзінің тұлғалық жеке қызығушылықтарының іс жүзіне
асырылуына халықтық дәстүрлер, оның ішінде отбасы тәрбиесінің педагогикалық
маңызы зор екенін атап өткен [9]
Осы ретте біз жұмысымызда этнопедагогика ғылымының зерттелу
жағдаяттары мен бүгінгі мәселелеріне тоқталуды жөн көрдік.
Этнопедагогика – арнайы ғылым ретінде ХХ ғасырдың бас кезінде
зерттеле бастады. Оған белгілі орыс ғалымы Г. С. Виноградовтың (1926)
еңбегі жатады. Өкінішке орай, кейінгі жылдардағы зерттеу жұмыстарына
жасаған талдауымыздан Г.С. Виноградовтың ғылыми еңбегі жөнінде толыққанды
мағлұматтар берілмей, ғалым еңбегіне тиісті (объективті) баға берілмей
келгенін байқадық. Зерттеуші педагог В.С. Виноградов халық педагогикасын
халықтың педагогикалық мәдениетінің құрамдас бөлігі ретінде қарастырып, оны
жүйе дегеннен гөрі, білім мен дағдылар жиынтығы деген пікірді құптап
келді. Виноградовтың пікірі бойынша, халық педагогикасын халықтың бала
тәрбиелеу тәжірибесі ретінде қарастыру қажет.[10]
Біздің байқауымызша, Г. Виноградовтың басты мақсаты тек қана орыс
халқының педагогикалық мұралары жөніндегі ғылыми пікірлер мен
анықтамаларға тоқталып, жеке педагогикалық пікірімен шектеліп қалмай, әр
халықтың ұрпақ тәрбиесі жөніндегі өзіндік тәжірибе қалыптасқандығы
жөніндегі К.Д. Ушинский айтқан идеяларды дамыта түседі. Өз ретінде, ғалым
Ресей Федерациясының құрамындағы аз ұлттар, әсіресе Сібір, Қиыр шығыс және
Солтүстік мұзды мұхит жағалауында мекендейтін саха, эвенки, ительмен,
эскимос, ненец, ханты, маси, чуваш, кояк және басқа ұлттар мен ұлыстардың
этнотәлімдік мұралары жөнінде баяндап өтеді [10]
Көрнекті чуваш ғалымы Г. Н. Волковтың этнопедагогика саласы бойынша
ұзақ жылдар бойы жүргізген зерттеуі – жалпы этнопедагогика ғылымының
методологиялық негіздерін айқындау мәселесінің шешілуіне тарихи маңызын
тигізді. Оның ойынша, әр этностың қоғамдық өміріндегі халықтық тәлім-
тәрбиелік дәстүрлер көптеген жылдар бойы арнайы ғылым саласы ретінде
мойындалмай келгеніне қарамастан, оның классикалық педагогика ғылымының
негізгі зерттеу объектілерінің бірі болды деген пайымдауы көңілге қонады.
Г. Волковтың жалпы бұрынғы посткеңестік мемлекеттер кеңістігіндегі
этнопедагогика ғылымының патриархы болып танылуының ( Г.С. Виноградов,
А.Ф. Хинтибидзэ т.б. ғалымдардан бұрын) үлкен бір себебі – ғалымның Я.А.
Коменский идеяларын негізге алғандығынан дейміз. Көпшілікке белгілі Я.
Коменскийдің Чех дидактикасы (1657) атты чех (славян) халықтарының
этнопедагогикалық мұраларына негізделіп жазған еңбегі, европа халықтарына
Ұлы дидактика деген атаумен таралғаны белгілі. Ал, Г.Н.Волковтың тұңғыш
еңбегі Чуваш халық педагогикасы (1956) деп аталған. Я. Коменскийдің
негізгі ойы чех халқының тәлім-тәрбиелік ерекшеліктері мен артықшылықтарын
өзге ұлттардан биік қою емес, қайта оның көп жылғы ғылыми еңбегінің
нәтижесі – чех халқының педагогикалық мұраларын ғылыми-эксперименттік
тұрғыда зерттеу объектісі ретінде қарастыруында. Мұндай зиялылық мәдениет
һәм гуманистік қасиет көрінісі – ұрпақ тағдырын тереңінен ойлайтын ғалымдар
үшін шынайы үлгі болып қала бермек.
Халық педагогикасымен ұзақ жылдар бойы айналысып, келелі үлес қосқан
көрнекті ғалым Г.Н. Волков педагогикалық әдебиеттерге тұңғыш рет
этнопедагогика деген ұғымды енгізді. Этнопедагогика – халықтың жас
ұрпақты тәбиелеу тәжірибесі туралы, олардың педагогикалық көзқарастары
туралы ұғым. Халық педагогикасы – халықтың ауыз әдебиетінде, салт-
дәстүрлерінде, ырымдарында, балалар ойындары мен ойыншықтарында кездесетін
педагогикалық мағлұматтар мен тәрбиелеу тәжірибесінің жиынтығы. Этностық
педагогика тарихи жағдайда қалыптасқан ұлттық мінездегі ерекшеліктерді
зерттейді. Онда халыққа қажетті қасиеттерді қалыптастыру үшін пайдаланатын
педагогикалық мақсаттың, міндеттердің, әдіс-құралдардың, тәсілдердің
жиынтығы мен өзара байланысы қарастырылады дей келе, оның зерттеу тақырбы -
тәрбие, ал тәрбие нысаны - адам, тұлға-дейді Г.Н. Волков [11]
Демек, Г. Волковтың Ресей Федерациясындағы аз ұлттар қатарына
жататын чуваш халқының педагогикалық мұралары мен ой-пікірлерін зерттеуге
бағышталған ғылыми еңбегі, біріншіден: жоғарыда айтылған дүниелермен тығыз
байланыста қарастырылғаны, екіншіден: посткеңестік мемлекеттердегі көпұлтты
халықтардың сан ғасырлар бойы дамып, қалыптасып өзіндік өмірлік тәжірибе
жинақтаған педагогикалық мұраларының ғылыми тұрғыда жүйелі зерттелу
мүмкіндігін туғызды демекпіз.
Этнопедагогика ғылымы жөнінде алғашқылардың бірі болып А.Ф.
Хитабидзе көлемді зерттеулер жүргізді. А. Хитабидзэнің ойынша, әр халықтың,
әсіресе тау (кавказ) халықтарының ұлттық тәлім-тәрбиелік ерекшеліктеріне
қоршаған орта және халықтың әдет-ғұрыптары зор ықпал етеді деп санайды. Ол
өзінің туған халқының (грузин, мегрелдер т.б( сан ғасырлар бойы жинақтаған
ұлттық дәстүрлерінің (әсіресе халық ауыз әдебиеті, нақыл сөздер, тау
халықтарының әдет заңы т.б.) ұрпақ тәрбиесінде үнемі басты назарда
ұсталынуы тек қана отбасы дәстүрі ғана емес, сонымен қатар қоғамдық талап
пен тілек ретінде қабылданғанын баса айтады [12].
Этнопедагогиканың ғылыми- методологиялық негіздері һақына маңызды
теориялық пікірлер түзген Ю.А. Рудь зерттеулеріне назар аудармау мүмкін
емес. Өз ойын сабақтай келе автор. ... народная педагогика, как духовное
образование, является результатом коллективного творческого вклада людей
труда в культурное богатство...,- деп, этнопедагогика мұраларын әр
халықтың мыңғасырлық рухани қазыналарымен сабақтас-тығын мәлім етеді [13].
Осы мәселе төңірегінде іргелі зерттеулер жүргізген М.И.
Стельмахович: ...народная педагогика включает в себя эмпирические
педагогические знания и средства без принадлежности к конкретной этнической
общности, а этнопедагогика связана с конкретной этнической принадлежностью
педагогических традиций, отражающих ее национальную самобытность. Народное
трактуем как детерминацию педагогики бытием и сознанием трудящихся, а
национальное – как воплощение особенностей, обусловленных жизнью нации,
своеобразием пройденного ею исторического пути..,-дей келе, халықтық
педагогика дәстүрлері мен ғылыми этнопедагогика арасындағы байланыс жөнінде
түйінді тұжырым жасайды. [13].
Орыс халқының алдыңғы қатарлы демократиялық ой-пікірлер
Ренессансын (ХІХ) қалыптастырған в.Г. Белинскийдің, А.И. Герценнің, Н.Г.
Чернышевскийдің, Н.А. Добралюбовтың еңбектерінде білім мен тәрбие
мәселелері, болашақта оны жақсартудың жолдары жайында озық идеялар
баяндалған.
Орыс интеллигенциясының көрікті өкілі Н.И. Пироговтың ойынша
ұрпақты тәрбиелеу үрдісі таптық-қоғамдық сипат алмай, тәрбиешілердің барлық
күш жігерлері баланы – нағыз адам қылып тәрбиелеу мен оқыту ісіне арналу
керек деп санаған.[14]
Көрнекті ғалым З. П. Васильцова украин халқының этнопедагогикалық
ерекшеліктеріне тоқтала келе, халық педагогикасының асыл мұраларын бала
санасына сіңіру украиндердің аса қастерлейтін дәстүрі болғанын атап
өтеді[14]
Татар ғалымы Я.И. Ханбиков халықтық педагогика элементтері
халық тұрмысында кешенді тұрғыда жүзеге асырылу тек маман-тәрбиешілердің
ғана тәлімгерлік қызметі ғана емес, сонымен бірге жалпыхалықтық зор
жауапкершілік болғаны абзал деген [15].
Ал педагог және философ ғалым Г.Н. Филиманов: Халық
педагогикасы – жергілікті халықтың қабылдаған тәрбиелеу әдіс-
тәсілдері.Бұлар ұрпақтан-ұрпаққа өмір барысында білім мен дағдылар арқылы
жалғасып отырады. Халық педагогикасы қоғамдық тәжірибенің,мінез-құлық,
жүріс-тұрыс ережелерінің, қоғамдық дәстүрлердің, белгілі идеологияның
жалғасуын бағыттап отырады. Халық педагогикасы моральдық заңдар мен
салттарда көрініс табады,-дейді.[15]
Орта Азиялық республикалар ішінде халықтық педагогика
мәселелерін тұңғыш ғылыми проблема ретінде көтерген (К. Пирлиев, З.
Миртурсунов, Акматалиев А, А.Э.Измайлов, Қ. Жарықбаев) ғалымдар да
жетерлік. әсіресе, өзбек ғалымы З. Миртурсуновтың Өзбек халқының
педагогикасы (1973) атты еңбегі аталмыш өңірде түркі халықтарының
этнопедагогикалық мұраларының қайта жаңғыруына өзіндік үлес қосты деуімізге
әбден болады.[15]
Көрнекті ғалым Е. Л. Христова этнопедагогика ғылымы тек қана дәстүрлі
педагогика ғылымының эмпирикалық зерттеу объектісі ретінде қалып қалмай,
оның көпфукциялы һәм көпсалалы екендігін, сондықтан этнопедагогика
ғылымының методологиялық негіздерін саралау қажеттігін айта келе,өзінің
теориялық болжамнамасын көпшіліктің талқысына тарту етеді. Ғалымның:
..народная педагогика – классовые педагогическое сознание народных масс –
часть их педагогической деятельности, выражающая интересы трудящихся и
направленная на формирование человека борца за социальное равенство.., -
атты тұжырымынан, халық педагогикасының басты мақсаттарының бірі – болашақ
әділетті қоғамды құрушы дарынды жастарды тәрбиелеп шығаруды көксейтін
бұқара халықтың құнды ой-пікірлерінің педагогикалық санасы деген қисынды
ойды көреміз.[16 ].
Халық педагогикасының теориялық негіздерін зерттеуі ғалым
Е.Л.Христова халық пеагогикасын – халықтың таптық- педагогикалық санасы
деп, ал дәстүрі педагогиканы-белгілі ұлттық педагогиканың санасы ретінде
қарастырады.
Жалпы қазақ этнопедагогикасының зерттелуін, оның ғылым ретінде қалып-
тасу тарихын сөз еткенде,оны үш кезеңге бөліп қарастырамыз.

Кесте 1

Қазақ этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасуының даму кезеңдері
Қазақ э.п. туу кезеңі Қазақ э.п. қалыптасу Қазақ э.п. даму кезеңі
XIX ғ. 2 жартысы. Оның кезеңі 1970-2000ж.
белсенді қайраткерлері: (1920-1930) және ол
кезеңдегі қайраткерлері:
1. Қазақтың демократ Қазақтың зиялы М. Ғабдуллин,
ағартушылары: оқы-мыстылары: Б. Момышұлы,
Ш. Уалиханов, С. Торайғыров, Б. Адамбаев,
Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, Ш. Ахметов,
А. Құнанбаев. Ш. Құдайбердиев, Ш. Әлімбаев,
М. Дулатов, Қ. Жарықбаев
М. Жұмабав.
2. Орыс, батыс Ж. Аймайытов, С. Қалиев,
саяхат-шылары мен Х. Досмұхамедов, С. Ұзақбаев,
ғалымдары: Н. Құлжанова, М. Балтабаев,
П.С. Паллас, М. Әуезов, З. Ахметов,
А. Вамбери, С. Сеифулин М. Фазаев,
А. Левшин, М. Құжабаева.
Н.Г. Потанин,
Н.Л. Зеланд.

Бірінші кезең – ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүріп, қазақтың
ұлттық тәлімгерлік ой-пікірлері мен салт-дәстүрлері жайында тұңғыш зерттеу
еңбектерін жазған Шоқан, Ыбырай, Абай сияты демократ ағартушылар мен орыс,
Батыс саяхатшы, этнограф ғалымдарының (Э.С.Вульфсон, П.С.Палласс,
А.Вамбери, А.Левшин,В.Радлов, А.Янушкевич, Н.Г.Потанин, Н.Л.Зеланд,т.б.)
қолжазбалары десек, екінші кезең – ХХ ғасырдың алғашқы 20-30- жылдарында
бұл істі ғылыми тұрғыда арнайы қарастырып сөз еткен Ә.Диваев, М.Жұмабаев,
А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Дулатов,
Н.Құлжанова, М.Әуезов,т.б. болды. Яғни, бұл кезенді қазақ
этнопедагогикасының ғылым ретінде туып, қалыптасу кезеңі деп қараймыз.
Үшінші кезең – 35-40 жылдық үзілістен кейін (1970-2005ж.ж.) қазақ
этнопедагогикасының қайта жанданған, даму дәуірі деп аламыз.[17]
ХІХ ғасырдың екінші жартысында өмір сүрген қазақтың демократ –
ағартушылары: Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың ғылыми
еңбектерімен тығыз байланысты болғандықтан, қазақхалқының салт-дәстүрі,
тұрмыс-тіршілігі ұлттық мәдениеті жайына жоғарыда аты аталған ғұламалардың
бірнешеуінің ой-пікіріне тоқталуды қажет деп санадым.
Ш. Уәлиханов – қазақ топырағында ағартушылық идеялардың туы алғаш
көтерген ғалым. Ол орыс үкіметінің Қазақстанға өз заңдарын механикалық
түрде көшіруге қарсы шықты.
Ол Тәңір, Қырғыздардағы шаманизм іздері деген мақалаларында дінді
адамгершілік мақсатта қолдануға қарсы болған жоқ. Дін – адамгершілік
жағынан тазару құралы.
Халық мұрасын зерттеген Ш.Уәлиханов 1856 жылы Жанақ ақыннанҚозы
Көрпеш – Баянсұлуды жазып алды.Батырлар жыры, ертегі, мақал-мәтел,
қылқобыз, домбыраны, белгілі адамдар туралы ел аузындағы аңыз-әңгімелерді
зерттеген.
Шоқан Уәлиханов қазақ халқының жаттап алу қабілетін, шешендігін
жоғары бағалап, мұндай қабілетті халық сауатты болып, ғылым үйрену
керектігін анықтап айтқан. Халықтың мұңы мен сырын, арманын толғайтын
жыраулардың жырлары - өнегелілік, бірден-бір құнды құбылыс,-деді ол. [18]
Тәңір деген еңбегінде отты құдірет деп тану, отқа май құйып ырым
жасау, отқа түкірмеу, аруақты сыйлау, құдайы садақа беру, айға қарап тілек
айту, малдың сүйегін баспау, малдың сүтін төкпеу сынды шамандық ағымға
байланыт қазақтың салт-санасына айналған ырым-тыйымдардың тәрбиелік мәнін
дәлелдейді. Қазақ халқының төрт түлік малды киелі жануарлар ретінде
қастерлейтінін, соның ішінде жылқы малын жеті қазынаның бірі деп танып,
қатты қадірлейтінін айтып, ұрпаққа берілетін ұлттық тәрбиені құрметтеуге
шақырды.
Ш.Уалихановтың негізгі мақсаты халқына қайткенде де білім беру,
оқыту, дүние тануға жетелеу, оны реформа арқылы іске асыру.
Қазақ даласындағы оқу, мектеп ісін ғылыми негізде құрып, оқу-
білімінің табиғат сырларын ашуға бағытталуын, халқының алдыңғы қатарлы
елдерді қуып жетуін аңсаған. Оның еңбектерінде Білім жалпы халыққа бірдей,
ортақ болсын деген идея басым.[18]
Қазақ халқының ұлы педагогы Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық-
педагогикалық қызметі 1860 жылдан басталады. Ы. Алтынсариннің шынайы
патриотизмі туған халқының мінезін, әдет-ғұрыптарын, салт-дәстүрлерін терең
зерттеп, оның қабілетін, тұрмыс жағдайын, ұлттық ерекшеліктерін,
материалдық жағдайын білуінен көрінді.
Ы.Алтынсариннің Жеміс ағаштары әңгімесінде тәрбиенің мәні терең
түрде ашылады. Ол Қазақ хрестоматиясына тәрбиелік тағылымы мол Қобыланды
батыр, Жәнібек батыр жырларынан үзінді және Қара батыр ертегісін,
Бақша ағаштары, Әке мен бала, т.б. әңгімелерді енгізді. Ондағы мақсаты
кейіпкерлердің төзімділігін, ақылдылығын балаларға өнеге ету болды.[18]
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы да бала тәрбиесіне ерекше көңіл
бөлген. Абай өнер-білімді үйренудің қажетті шарты ерінбей еңбек ету деп
білді. Бала тәрбиесінің негізі еңбек тәрбиесі екендігін атап көрсетті.
Әсіресе оның қара сөздері қазақтың ұлттық педагогикасына асыл арна болып
қосылған педагогикалық тәлім-тәрбиелік тұжырым болып саналады. Соның ішінде
15,17,23,29,32-қара сөздері тәрбиеге арналған.
Абай өлең мен әннің тәрбие құралдары ретіндегі рөлін жоғары
бағалаған. Ол халық педагогикасына үлкен мән беріп, оның озық үлгілерін
насихаттайды. Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойныңа кірер
денең деп шілдехана жырынан бастап, жоқтау жырына дейін барлық рәсімдер
өлеңмен өрнектелетінін тебірене сөз етеді. [18]
Әбубәкiр Диваев бiрiншiден қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiн келешек
ұрпақ үшiн, тарих үшiн қажеттi дүние деп қарап, екiншiден жиналған
материалдарды орыс тiлiне аударып, бастыру арқылы қазақтың көне мәдени
мұрасымен орыс, батыс халық өкiлдерiне таныстыруды көздеген ғалым.
Диваев жинаған мұралар iшiнде көлемi 8 томдық “Манас” дастаны да бар.
Диваев “Манас” дастанын ең ұзақ, энциклопедиялық жыр дей келiп, “Манас”
батырдың атымен бүкiл қырғыз елiнiң өмiрi мен тұрмысы жырланады” дейдi..
Диваев “қазақ” сөзiнiң шығу тарихы туралы да өз пiкiрiн, бiлдiредi. Ол
қазақтың тыю сөздерi мен 70-ке тарта ырымдарын талдай келiп, олардың шығу
тегiне, тәлiмдiк мәнiне тоқталады. Бақсылардың кiм екендiгiне түсiнiктеме
бередi. Қазақтың “Ас иесiмен тәттi”, “Айналайын” деген сөздердiң
этимологиясына талдау жасайды.
Ә.Диваев қазақ ойындары мен ойыншықтарының мән-мағынасына да талдау
жасайды.
Жарты ғасыр өмiрiн қазақтың мәдени мұрасын жинауға, зерттеуге арнаған
Ә.Диваевтың еңбегi туралы кезiнде М.Дулатов, М.Жұмабаевтар өлең, мақала
жазып, жоғары бағалаған.[19]
Шәкәрiм Құдайбердиев : Абайдың реалистiк дәстүрiн жалғастырушы әрi
ақын, әрi жазушы, аудармашы, философ, шежiрешi әмбебап ғалым.
Ол халық аңыздары негiзiнде “Қалқаман-Мамыр”, “Еңлiк-Кебек” дастандарын
жазып, қазақтың әдет-ғұрыптары туралы мол мәлiметтер бередi. 1911 ж.
“Түрiк, қырғыз, қазақ һәм хандар шежiресi” атты еңбегiн жазады. Ол
Толстойдың қысқа әңгiмелерiн, Физулидiң “Ләйлi-Мәжнүн” поэмасын, Пушкиннiң
“Дубровский” атты поэмаларын аударады. 1918 ж. “Абай” журналына Қожа Хафиз
шығармаларын аударып бастырады. . [19]
Ахмет Байтұрсынов: Бүкiл саналы өмiрiн қазақ халқының бақытты,
берекелi, бiрлiкшiл ел болуын аңсаған, сол жолда аянбай еңбек еткен ақын,
аудармашы, тiлшi, ғалым, көрнектi қоғам қайраткерi Ахмет Байтұрсынов қазақ
елiн отырықшылыққа, мектеп ашып бiлiм алуға шақырған ағартушы. Ол бiрнеше
оқулықтардың авторы: (“Әлiпби”, “Тiл құралы”, “Баяншы”, “Әдебиет танытқыш”
т.б.) Ол И.А.Крыловтың бiрнеше мысал өлеңдерiн аударып, 1909 ж. Петербургте
“Қырық мысал” деген атпен бастырып шығарды.
А.Байтұрсынов М.Дулатовпен бiрiгiп 1913-1917 ж.ж. Орынборда “Қазақ”
газетiн шығарды. Онда мектеп, оқу-ағарту iсi, отырықшылық, сауда, ел билеу
iсi, Мемлекетiк Думаға қатынас мәселелерiн сөз еттi. Алдыңғы қатарлы
елдердi үлгi еттi. Надандықтан құтылудың жолы оқу-ағарту iсi деп қарады.
Мектептерге бiлiмдi мұғалiм кадрларын даярлауды көтердi. Қазақ алфавитiн
жаңартып араб әрпiне жаңа әлiппе жасады.
Оқу iсiн жолға қою үшiн ғылыми жүйелiлiк жасалған оқу бағдарламасы болуы
керек. Сол бағдарламаға негiздей жазылған оқулық болуы тиiс. Оқулықтағы
бiлiмдi оқушы бойына дарыта бiлетiн әдiскер мұғалiм керек дегендердi
көтередi. Сондай-ақ А.Байтұрсынов бiлiм негiзi бастауыш сыныпта салынады
деп қарады. Бастауыш мектептерде қандай пәндер оқытылуы керек дегенге
арнайы тоқталып, ол пәндердi: оқу, жазу, дiн, ұлт тiлi, тарихы, есеп, шаруа-
кәсiп, қолөнерi, жағрафия, жаратылыс деп саралап көрсетiп бердi.
Байтұрсынлв осы пәндердiң оқулықтарын шығаруды қолға алды. Өзi бастауыш
мектепке арнап “әлiппе” кiтабын жазды. Сондай-ақ оның “Тiл жұмсар” деген
атпен екi бөлiмдi грамматикасы кiтабы (1925) шықты. Ал М.Дулатов бастауыш
мектепке арнап “есеп” кiтабы мен қирағат ( ана тiлi оқу) кiтабын
жазды.[19]
Х.Досмұхамедов тарих, әдебиет, тiл бiлiмi ғылымдар саласында да бiрнеше
ғылыми еңбектер жазып көзге түседi. Мысалы: “Қазақ халық әдебиет”, “Қазақ-
қырғыз тiлiндегi сингормонизм заңы”, “Кенесары-Наурызбай”, “Шатай қозғалысы
туралы” еңбектерiнде қазақ ауыз әдебиетi үлгiлерiнiң тәлiмдiк жағына баса
көңiл бөлген, қазақ әдебиетiн жинап зерттеушi орыс ғалымдары: В.В.Радлов,
Н.И.Ильминский, Г.Н.Потанин, А.В.Алекторов, Ә.Диваев т.б. еңбектерiне
талдау жасаған. Қазақ ауыз әдебиетiн ғылыми тұрғыда тұңғыш классификация
жасаған. Ұлттық өнер туындыларына, әсiресе айтыс өнерiне, қазақтың барымта-
аламандығы жөнiнде келелi пiкiр бiлдiрген. Ұлттық тұрмыс-тiршiлiк,
кәсiпкерлiк мәселелерiне де мән бере қарастырған. Қазақтың ою-өрнек,
зергерлiк бұйымдардың жасалу ерекшелiктерiн, Самарханд шаһарындағы
“Тiлләқари” және “Ширдар” медресесiн салдырушы Жалаңтөс батыр туралы тың
мағлұматтар берген.
Х.Досмұхамедов тiл, сөйлеу-мәдениетiндегi адам психологиясының
ерекшелiктерiн сөз ете келiп “Тiлiнен айырылған жұрт жойылған жұрт. Мектеп
пен баспаның тiлi дұрыс болса, елдiң тiлi көркейiп, гүлденедi... Ал мектеп
пен баспада қолданудан қалған тiл – шатасқан тiл. Ол ел сорлы ел, мұндай
елдiң тiлi бұзылмай қалмайды” ... дейдi. Өз тiлiн бiлмей тұрып, жат елге
елiктей беру зор қате” – дегендi айтады. [19]
Бiз бұдан оның ұлтын, ұлт тiлi мен ұлт мәдениетiн қастерлейтiн нағыз
патриот азамат екенiн байқап бiлемiз.
Тәрбие жөніндегі пед. жәдігерліктерден қазақ халқының мектепке
дейінгі тәрбие тарихында қазақ әйелдерінен шыққан тұнғыш журналист-
публицист, әрі педагог-ғалым Нәзипа Құлжанова (1888-1934ж) ерекшеленді. Ол
тәрбие мәселесіне арнап 2 кітапша жазған. Алғашқысы-1923 жылы Орынборда А.
Байтұрсыновтың алғы сөзімен жарық көрген “мектептен бұрынғы тәрбие”, ал
екіншісі- 1927 ж. Қызылордада шыққан “Ана мен бала тәрбиесі” атты кітапша.
Нәзипа Құлжанова өз еңбектерінде жас ұрпаққа түзу бағыт беретін
тәрбие жолының проблемаларын, бала тәрбиесінің түрлі шараларын салалап
көрсетіп берген. Оның осы аталған еңбектері қазақ халқының мектепке дейінгі
тәрбиесінің тарихы болмаған, тек орыс халқынан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
НЕГІЗГІ МЕКТЕПТЕ МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУ ПРОЦЕСІНДЕ ЭТНОПЕДАГОГИКА ЭЛЕМЕНТТЕРІН ПАИДАЛАНУ ӘДІСТЕМЕСІ
МАТЕМАТИКАНЫ ОҚЫТУДА ҚАЗАҚ ЭТНОПЕДАГОГИКАСЫ ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҰТЫМДЫ ПАЙДАЛАНУ (5-9 СЫНЫПТАР НЕГІЗІНДЕ)
Педагогикалық практика арқылы болашақ мұғалімдердің шығармашылық белсенділіктерін қалыптастыру
Мектеп директорының қызметтік міндеттері
Менеджмент психологиясы
М. Әлімбаевтыц педагогикалық көзқарастары
Оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру әдістемесі
Республикасының Заңы тілі
Саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының педагогикалық көзқарастары
Бейнелеу өнері сабақтарында оқушыларды тарихи композиция құрастыруға үйрету (көшпенділер)
Пәндер