Ибн Синаның медицинаға қосқан үлесі



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ
АУЫЛШАРУАШЫЛЫҚ МИНИСТІРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Реферат
Тақырыбы: Ибн Синаның медицинаға қосқан үлесі

Орындаған: Мекенова.Ж
ТПРП-210
Тексерген: Омарова.Г

Алматы,2017
Жоспар:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1-2
I. Ибн Синаның медицинаға қосқан үлесі
1.1 Өмір баяны ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..3-5
1.2 Философия мен медицинаға қосқан үлесі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..5 -8
II.Салыстырмалы талдау
2.1 Гален атақты рим дәрігері ... ... ... ... ...8-9
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ...10-12
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ...13

Кіріспе

Медицина (лат. medicina: medicus -- дәрігерлік, емдік) -- адамдардың денсаулығын сақтау мен нығайту, сырқаттарды емдеу мен аурудың алдын алу, денсаулық және жұмысқа қабілеттілік жағдайында, адамзат қоғамында ұзақ өмір сүруге жетуді көздейтін тәжірибелік іс-әрекеттің және ғылыми білімдердің жүйесі. Медицинаның зерттеу пәні ретінде адам организмінің қалыпты және патология жағдайында құрылымы мен тіршілік етуі; халық денсаулығы жағдайына әлеуметтік және табиғи ортаның әсері; адам аурулары (олардың себептерін, пайда болу механизмін, белгілерін), аурудың алдын алу, түрлерін анықтау және емдеу тәсілдері мен құралдарын пайдалану туралы мәселелері алынады. Медицина адамтанумен бірегей байланыста бола тұра жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдардың барлық түрлерінің жетістіктерін ескереді. Медицинаның зерттеу мәселелерінің шеңбері адам өмірінің сан қырлы көріністерін қамтиды. Бұл медицинаны денсаулық туралы және адамның жеке басының және қоғамдық өмір сүру жағдайы туралы ғылымның нақты жүйесіне айналдырады. Медицинаның мұндай жаратылыстану ғылымының шегінен шығып, оның биоәлеум. сипаттамасын белгілейді. Әлбетте биологиялық және әлеуметтік көріністер медицинада жекеленбей, диалектикалық бірлікте қаралады. Әлеуметтік факторлар денсаулық деңгейіне және халықтың физикалық дамуына әсер етеді. Сондықтан да патологиялық процестердің пайда болуына және дамуына қажетті немесе қосымша жағдайлар алғашқы түрткі механизмі ретінде жиі алға шығады. Әлеуметтік ортаның қолайсыз факторларының әсерінің биологиялық зардаптары көбіне адам организмінің хал жағдайымен белгіленеді. Ғылыми-техникалық даму кезеңінде медицинада білім аралық құрылымы және түрлі бөлімдерге бөліну айқын байқалады. Қазіргі кезеңдегі теоретикалық және клиникалық медицинада медициналық-биологиялық мәселелерді, адамның әлеуметтік табиғатын ескеріп кешенді түрде зерттеу бағыты өсуде. Медициналық түсініктердің және медициналық-гигиеналық қызметтің түрлері мен мазмұны үстемдік етуші көзқараспен, мәдени ахуалы мен жаратылыстану және техинакалық дамудың деңгейімен белгіленеді. Осының бәрін ескере отырып, алғашқы қоғам медицинасы, ежелгі өркениет медицинасы (Ежелгі Шығыс, Месопатамия, Ежелгі Иран, Ежелгі Үнді, Ежелгі Қытай, Тибет), антикалық әлемнің медицинасы (Ежелгі Грекиядағы эллинистикік дәуір, Ежелгі Рим), феодалдық қоғам медицинасы (Византия, Араб халифаты, ортағасырлық Батыс Еуропа), қайта өркендеу дәуірінің медицинасы (15 -- 16 ғ.), Жаңа дәуір медицинасы (17 -- 19 ғ.), 20 ғ. медицинасы және қазіргі кезең медицинасы деп бөледі. Қазіргі кезеңде медицина адамның биологиялық жаратылысын жетілдіру мүмкіншілігінің айқындылығын дәлелдеді. Мұнда әр адамның генетикалық және физиологиялық процестеріне әсер ету арқылы адам организміндегі үйлесімсіздік пен үйлеспеушілікті жою арқылы адамның физиологиялық және психикалық мүмкіншілігін дамытуға және оны сауықтырып, өмірін ұзартуға болатыны анықталды.

Өмір баяны

Әбу Әли Хусейн ибн Абдуллах ибн аль-Хасан ибн Әли ибн Сина ((парсыша: ابو علی حسین بن عبدالله بن سینا‎), батыс елдерінде Авиценна атымен белгілі - ғалым, пәлсапашы, астроном. Толық аты-жөні Абу Али Хусейн ибн Абдаллах Ибн Сина, еуропалық дәстүр бойынша ол Авиценна деген атпен мәлім. Ибн Сина өзінен кейін зор шығармашылық мұра қалдырып кетті: ертедегі деректерге қарасақ, ол 456-ге жуық еңбек жазды, бірақ бізге дейін оның 240 кітабы ғана жетті, ол еңбектер поэзиямен философиядан бастап, геология және астрономиямен аяқталып, білімнің барлық саласына арналған. Үлкен атаққа Ибн Сина дәрігер, ғалым және фармацепт ретінде ие болды. Ол бар болғаны 57 жыл өмір сүрсе де (980-1037 жылдары), оның өмірі мен дарыны осы уақытқа дейін аңызға айналып келеді.
Әбу Әли Ибн Сина (980-1037ж.) 980 16 тамызда Афшаны (Өзбекстан жері) деген жерде дүниеге келіп, Бұхарада өмір сүрген. Оның өзі жазған (ол оның алғашқы 30 жылын қамтиды) және оның шәкірті Джурджани жалғастырған өмірбаяны сақталған. Өзінің шыққан тегі туралы Ибн Сина былай деп жазады: Менің әкем Балхадан, Нуха ибн Мансураның билік жасаған саманидасы кезінде Бұхараға көшіп келіп, онда төрелер кеңесінде жұмыс істеді. Оның қарамағына Бұхара өңіріндегі ауданның орталығы Хармайсананы береді. Афшанға жақын ауылдан, менің анам Ситара - жұлдызды өзіне әйел етіп алды. Онда алдымен мен, содан кейін менің інім дүниеге келді.
Хусейн 5 жасқа келгенде (Ибн Синаны ата-анасы солай деп атаған), сол кездегі Шығыстың ірі орталықтарының бірі Бұхараға көшіп келеді. Баланы бастапқы мұсылман мектеп-мактабқа орналастырады. Хусейн хатыб Убайдының ең кіші шәкірті болды. Өзінің сирек кездесетін қабілетімен ерекшеленді, 10 жасқа жеткенде Құранды жатқа білді, оның ана тілі парсы-дары болса да, араб тілініңграмматикасын меңгеріп алды. Өзінің үйден оқытатын мұғалімі Абу Абдаллах Натилидің жетекшілігімен ойлау туралы ғылымды, евклидтік геометрияны, астрономияны оқи бастады. Оқудың соншалықты табысты жалғасқаны, шәкірті мұғалімнен озып, кейде оны тұйыққа тіреп қоятын.
Ибн Синаның өмірбаянындағы мынадай оқиғаны суреттейді: Ол осыған ұқсас нәрсені естімеген, сондай талдау анықтамасын бердім. Ол маған таң қалып, менің ата-анама мені ғылымнан басқа ешнәрсемен айналыспауыма кеңес берді. Евклида кітабымен де солай болды. Мен бес-алты теореманы мұғалімнің көмегімен меңгердім, ал қалғанын өз бетіммен меңгердім. Натилидің мені оқытуға шамасы жетпеді. Мен кітаптарды өзім оқып үйрене бастадым. Осы уақытқа дейін өзі білмеген сұрақтарды, менен үйренді.
Ибн Сина жаратылыстану ғылымын, әсіресе медицинаны беріліп оқыды. Содан кейін мен дәрігерлік ғылымға еліктедім, (өмірбаянында осылай айтылды), оған арналған кітаптарды оқи бастады. Мен аз уақыт ішінде медицинада табысқа жеттім, сол кездегі атақты дәрігерлер менен кеңес сұрап келе бастады. Ауруларға баратын болдым, өзімнің алған тәжірибемнің нәтижесінде, айтып жеткізе алмайтын, маған сауықтыру қақпасы ашылды. Бұл кезде мен он алты жаста едім.
Ол өзінің заманындағы барлық ғылымдарды: грамматикадан бастап, заң тану іліміне дейін 12 ғылымды игергендіктен Хамадандағы (Иран) Ибн Сина басына қойылған ескерткіштің 12 бағанасы бар. Өзіндік энциклопедиялық білімі, философиялық көзқарасыболған ойшыл. Кейін ол бір атақты дәрігердің қолдауымен медицина саласын жете оқып, оны өзінің негізгі кәсіби жұмысы еткен. Сол кездегі Бұхар әміршісін емдегені үшін оған сыйлық ретінде Бұхараның атақты кітапханасына баруға рұқсат берген. Ол заманда бұл дүниежүзінде ең ірі кітап қоры, ең бай кітапханалардың бірі болып есептелінетін. Сол жерде білімін жетілдіріп одан әрі тереңдетеді.
1002 жылы ол көрші Хорезм патшалығының астанасы Үргеніш қаласына ауысады. Ол кезде (ІХ-Х ғ.ғ.) Орта Азияда ғылымның, мәдениеттің дамуы жоғары деңгейде болған, себебі, Батыс Еуропадағыдай діннің әсері Орта Азияға кейінірек XI ғ. басталады, бұған дейін ғылыми ұғымның қалыпта-суына діни басшылық көп кедергі жасамаған. Сондықтан да Ибн Сина ғалым ретінде қалыптасуы, өсуі Орта Азияның мәдениетінің, экономикасының зор дамыған кезеңіне келеді. Хорезмде 15 жыл өмір сүрген, осы жерде ол атақты математик, астроном, географ, минеролог, этнограф, тарихшы Әл-Бирунимен танысады [1].

Әйгілі орыстың медицина зерттеушісі Б.Д.Петров ол жайлы былай деп жазады: Орта ғасырларда онымен білімі, таланттылығы, еңбекке талпынысы және шығармашылық қорытындылары бойынша ешкімді салыстыруға болмайды. Клиницист Ибн Синаға болмысқа философиялық тұрғыдан философиялық көзқараспен, оймен қараған тән. Оның даналығын мойындамайтын зерттеушілердің өзі оның ой-түйіндерінің логикалық тұрғыдан пайда болғандығын және дұрыстығын атап өтеді. Ибн Синаның Данишнаме (Білім кітабы) еңбегінің бір бөлімінде сапа мен сандық категорияға мысал ретінде ауру мен денсаулықты атап өткен. Оның медицинаға деген көзқарасын табиғатқа деген көзқарасын білгеннен кейін ғана айқын айта аламыз. Хорезмде Ибн Синаның қоғамдық-саяси көзқарасы, дүниетаным ұғымы қалыптасты. Хорезмде тұрған жылдары ол өзінің ең атақты еңбегі Китэб эш-Шифа (Емдеу кітабы) және Әл-Канүн фиттыб (Дәрігерлік ғылым каноны) атты кітаптарын шығарады және ғылымның басқа салаларынан да еңбектерін жазады. Бұл шығармалары Ибн-Синаны дүниежүзіне белгілі етеді, атағын шығарады. Ол энциклопедиялық білімі бар ғалым ретінде барлық жерде белгілі болады. Бірақ 1017 жылы Ибн Сина Хорезмнен қашып кетуге мәжбүр болады, себебі ол өзінің элеуметтік-саяси көзқарасы үшін қудаланады. Соңғы жылдары ол Иранда тұрады, онда да бірнеше ғылыми еңбектер жазады. 1037 жылы Иранда Хамадан деген жерде қайтыс болып сол жерде жерленеді. Осы уақытқа дейін оның басына қойылған қорғаны сақталған. Ибн Синаның біздің заманымызға дейін 100 астам еңбектері жеткен. Ибн Сина дүниетанымының қалыптасуына философ әрі жаратылыстану ғылымдарының озық үлгілі бірлігі ретінде араб мұсылман әлемінде танымал болуына әл-Кинди мен әл-Фараби философиясының тікелей ықпал тигізгені белгілі. Өзінің күш-жігері және ғажап жадысы арқылы, қажетті әдебиетті пайдалану мүмкіндігінен айрылса да, Ибн Сина ғылыми, әдеби және дәрігерлік қызметін тоқтатпады. Өмірдің қиын соқпақтары денсаулығына әсер етіп, 1037 жылы 18 маусымда қайтыс болды. [2].

Философия мен медицинаға қосқан үлесі

Ибн Синаның философиялық шығармасы он сегіз бөлімнен тұратын Сауығу кітабы логиканы, физиканы, математиканы және философияны камтыған. Арабтар әлемінде Ибн Синаның аты кереметпен аталатын еді. Оны біресе философтар патшасы деп атаса, біресе дәрігерлер атасы деп дәріптеген. Философияда Фараби бағытын жалғастырғанымен араб перипате-тизмнің негізін қалаушы болды. Оның болмыс туралы ілімі материяны мәңгі жаратылыстан тыс құбылыс ретінде қарастырады. Алайда бұл қағиданы діни көзқарастармен байланыстыруға мәжбүр болған. Мысалы, ол құдайдың бар екендігіне шүбә келтірмейді. Дүние - шындықтың мүмкіндігі ғана. Ол уақыттан тысқары құдайдың жағдай туғызуына байланысты шындыққа айналады. Адамның рухын Ибн Сина дененің бейзаттық формасы ретінде қарастырады. Денелердің қайта тірілуі мүмкін емес дейді. Ибн Сина жалпы ұғымдар (универсалиялар) мәселесін өте қызық түрде шешкен. Оның ілімі бойынша жалпы ұғымдар үш ұдай өмір сүреді:
1) заттарға дейін, құдыреттің ақыл-ойында;
2) заттың өзінде, себебі ол сол заттың мәні;
3) заттан кейін адамдардың санасында. Таным теориясында Ибн Сина әл-Фарабидің жолын қуып, оны одан әрі дамытуға ат салысады. Дегенмен кейбір мистикалық тұжырымдарға бай негізгі тәсілдерінің бірі ретінде, ол құдай шапағатын мойындап ұсынады. Жалпы алғанда, Ибн Сина философиясы Аристотельді исламның негізгі қағидаларымен ұштастыра отырып, оларды өзара ынтымақтастырмақ болған ілім. Ибн Синаның ғылыми-саясаттық көзқарасы үшін оның еңбектерін үш рет өртеп жіберуге жол берілген, біріншісі - 1160 жылы Бағдатта, екіншісі - 1260 жылы Иранда, Исфахан деген қалада, ал үшінші рет - XVғ. Т. Парацельс деген швейцар ғалымы Авиценнаның медициналық көзқарасы галенизмге жақын деп еңбектерін тағы да өртеткізеді.
Ибн Сина медицинасының маңызы - ауруды емдеу үшін нақты тәжірибелік білімнің керек екендігі. Бұл ұғым медицинаның даму тарихында ең ірі болып есептелінеді. Сонымен қатар Ибн-Синаға әсер еткен өз заманының философтарымен дәрігерлері де бар: Әл-Кинди (800-879) медицинада 20 еңбектен көп еңбек қалдырған, олардың ішінде Денсаулықты сақтау туралы, Гиппократ медицинасы туралы және Әл-Фараби (873-950), Ибн Синаны өзінің ұстазы деп санаған. Фарабидің Адам ағзасының органдары жайлы трактатында Аристотель мен Гален еңбектерін сынға алып, өзінің медициналық есептеулері жайлы жазады. Соған байланысты Ибн Сина ауруды зерттеудің және емдеудің ойлаудың кез-келген процесінің күрделі процесс екендігі жайлы және бәрінен де түйсіктің дамуы өте қиын екендігі жайлы жазады. Медицина саласында, бұрын тарихта көтерілмеген тың ой Ибн Синаның адамның дене табиғатын тәрбиелеу, жетілдіру деген болды. Бұл ұсыныс медицина, клиника тарихында жаңалық болғанымен, ол кездегі діни ұғымға қарсы келеді, сондықтан Ибн Сина ұзақ жылдары қуғындалуда болып, әр жерлерде жоғарыда айтылғандай ғылыми еңбектерін жоққа шығару жолдары кездесті. Сол себепті бұл дерек бізге XIII ғасырда өмір сүрген әзірбайжан (Махмуд-ибн-Илияс) дәрігері айтуымен жеткен [3].
Ибн Сина әр адамның дене тазалығын сақтауды кеңінен насихаттап, адам өз тұлғасын шынықтыру арқылы жетілдіруге болады дейді. Сонымен қатар, көпшілікке қоғамдық гигиена шараларын - тағамды сақтау тәртібін, ашық су қоймаларын қорғау, су құбырын жүргізу, монша салу, өлікті реттеу тәртіптерін насихаттады. Хамадан мен Исфаханда (Иран) ауруханаларда салу жобаларын ұсынды. Ибн Сина орта ғасырлар дәрігерлері ішінде ауруды бақылау, емдеу кезінде Гиппократтың адам тұлғасының түрлері туралы ілімді клиникада пайдаланған жалғыз өзі деуге де болады. Ибн Синаның ғылыми зерттеулерінен қалған мұраны медицинаның түрлі саласындағы мамандар меңгеруі керек. Сонымен қатар, бұл жұмысқа филолог, тарихшылар, медиктер, биологтар да кірістірілуі қажет. Сол кезде ғана Дәрігерлік ғылым канонын, оның басқа да ғылыми зерттеулерін терең зерттеуге болады. Бұл істі Ибн Синаның жазбалары бар немесе сақталған кітапханалары бар қалаларда жүргізген дұрыс. Ибн Синаның Дәрігерлік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әбуәли ибн Сина- ғалым, пәлсапашы
Әбу Әли ибн Сина
Әбуәли ибн Сина
Ерте және дамыған орта ғасырдағы медицина
Ибн Сина және оның еңбектері
Әбу Насыр Әл-Фараби жайлы
Ибн - Сина философиясы
Шығыс медицинасы
Ибн Синаның Аллаһ түсінігі
Мұсылмандық діни ағымдардың адамның рухани құндылықтары мен моральдық санасына ықпалы
Пәндер