Лизинг операцияларының техникасы



Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 75 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Кіріспе 3

1 Лизингтік операциялардың қалыптасуы мен дамуының теориялық
аспектілері
1.1 Лизингтіктің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері 6
1.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтің түрлері 13
1.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтің қалыптасу деңгейі мен даму
мәселелері 18

2 ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамы мысалында лизингтік операцияларды
талдау
2.1 ҚазАгроҚаржы акционерлік қоғамының лизинг нарығындағы алатын 25
орыны
2.2 ҚазАгроҚаржы АҚ -ның қаржылық шаруашылық жағдайын талдау 33
2.3 ҚазАгроҚаржы АҚ-ның баланс активтерінің және олардың қалыптасу
көздерінің құрамы мен құрылымын талдау 40

3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың даму бағыттары
3.1 Қазақстандағы лизингті дамыту тенденциялары 49
3.2 Кәсіпорында лизингтік операцияларды дамыту мәселелері және оларды
шешу жолдары 52
3.3 Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды нормативтік
–құқықтық реттеу жолдары 59

Қорытынды 65

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 67

Қосымшалар

Кіріспе

Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі. Кәсіпорынның лизингтік
операцияларын дамыту тақырыбын зерттеудің маңыздылығы банктердің ел
экономикадағы шаруашылықты қаржыландыру мен өздеріне пайда алу мақсатындағы
қызметі анықталады.
Қазақстан Республикадағы лизингтік қызмет көрсетулердің нарығы өте жас
және игерілмеген. Сондықтан Қазақстандық экономиканың ең мұқтаж буындарына
лизинг арқылы қажетті инвестициялардың бағытталу мүмкіндігі айқын көрініп
тұр.
Халық шаруашылығының құрылымын тұтастай қайта құру, Қазақстан
Республикасының экономикасы дамуының негізгі шарты болып табылады, бірақ
бұл инвестициялардың және оларды қолдану тиімділігінің жоғарлау шегінің
өсіуінсіз мүмкін емес, яғни кез келген өндірісте экономикалық қатынастардың
нақты негізі қаржылық қатынастар болып табылады.
Өндіріс және айналым сферасына толықтыру енгізулер, шаруашылықтың
экономикалық шарттарындағы терең өзгертулер, материалдық базаны жаңартудың,
біздің экономикамыз үшін дәстүрлі емес әдістерді енгізу қажеттілігін
тудырады. Қазақстан Республикасындағы нарықтық қатынастардың дамуы несие -
қаржылық жүйенің және мемлекеттік инвестициялардың қысқару жағдайларын
жақсартуды болжайды, осыларға қарағанда экономикалық қатынастардың әртүрлі
субъектілерімен қойылған мақсаттарға жетудің алуан түрлі нұсқалары пайда
болады. Бұл өзекті мәселелерді шешу жолдарының бірі лизинг арқылы
өнеркәсіптік төмендеуден шығу.
Тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында Президент, Қазақстан Республикасының
министірлер кабинетіне тапсырысы бойынша лизинг туралы заң жобасын әзірлеу
үшін жұмысшы тобы құрылды. Бірқатар министірліктер мен ведомтстволар,
көбінесе экономика, өнеркәсіп және сауда, әділет министрліктері Pepper
Gamiltin and Sheets американдық заңгерлік фирманы тартуымен, Қазақстан
Республикасының Лизинг туралы заң жобасын дайындау бойынша қарқынды жұмыс
істеуге кіріскен болатын.
Тап осы жұмыста лизингтің табиғатына және пайда болуына, лизинг арқылы
инвестицияларды тартудың Қазақстандық және ТМД елдерінің тәжірибесіне,
лизингтік компаниялардың ұйымдастыру үлгілеріне талдау жасалған, бұлардың
барлығы біздің республикада лизингтік қызметтер нарығының жақсаруындағы
қалыптасудың позитивтік және негативтік бағыттардың және кезеңдерінің,
бірқатар факторлардың әсерінен пайда болды.
Осылайша, әлемдік тәжірибені сайып келгенде лизингтік бизнестің дамуы,
Қазақстан үшін инвестициялық процесті іске қосу бағыттарының ішіндегі ең
перспективті бола алады және болуға тиіс, сонымен қатар өндірістің
техникалық қайта қарулануының және құрылымды қайта құрудың қуатты күші бола
алады, ақырғы жиынысында жалпы ұлттық өнімнің өсуіне әкеледі.
Тақырыпты зерттеудің дәрежесі. Лизингтік операцияларының қаржылық
жағдайын зерттеу жалпы отандық лизингтің қазіргі жағдайы, жеткен
жетістіктері, қаржылық қызметтер нарығының проблемалары отандық және
шетелдік экономистердің еңбектерінде жан-жақты қарастырылған. Лизинг
операцияларын зерттеуге Ғ.С.Сейітқасымов Ғ.С., Мақыш С.Б., Мельников В.Д.,
Ильясов К.К., Шарипов К.А., Зейнельгабдин А.Б., Худяков А.И., Юрченко
Т.В., Лаврушина О.И., Рафалович Л.А., Долан Э.Дж., Ефимова Л.Г. сияқты
экономистер үлкен үлес қосқан.
Отандық экономистердің еңбектері көп жағдайда экономикалық
басылымдардағы ғылыми мақалалар мен оқулықтар шеңберінен шыға алмай жүр.
Қазақстанда банк жүйесінің қазіргі жағдайын талдауға бағытталған кең
көлемді ғылыми еңбектер жоқ.
Бүгінгі күні лизинг, қаржылық лизингті қоса алғанда, Қазақстанда қажет
мөлшерде талап етілмеген, бұл қаржылық құралды қолдану экономика және
әлеуметтік саясаттың дамуының көптеген мәселелерін шешуге мүмкіншілік
береді. Негізгі себеп – лизингтік қызмет көрсетулердің отандық нарығында
заңдылық, институционалдық және ұйымдастыру – техникалық сипаттағы
шешілмеген мәселелері бар [1, 49 бет].
Тақырыптың өзектілігі мен зерттелу дәрежесі дипломдық жұмыстың
мақсатын айқындайды.
Жұмыстың нысаны - Қазақстандағы жалпы лизингтік қызметтің басым
бағыттарын, оның одан әрі дамуының жолдарын табу және зерттеу,
ҚазАгроҚаржы АҚ мысалында талдау жүргізу.
Дипломдық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның лизингтік операцияларын
талдау арқылы қазіргі кездегі даму қарқыны мен проблемаларын қарастыру.
Осы мақсатқа қол жеткізу үшін дипломдық жұмыста мынандай міндеттер
жүзеге асырылады;
-Лизингтің түсінігін ашып, түрлерін сипаттау
-Лизингтің қалыптасуына шолу жасап, белгілері мен функцияларын
анықтау;
-ҚР лизингтің қалыптастыру қажеттігін көрсету
-ҚР лизингтің қызмет ету жағдайын бағалау;
-ҚР лизингтің кемшіліктері мен артықшылықтарын баяндау;
-Қазақстан Республикасындағы лизингтік қатынастарды және лизингтің
теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеу;
-Қазақстан Республикасындағы лизингті енгізу мәселелерімен мен
тәжірибені талдау;
-Қазакстан Республикасындағы лизингтің дамытудың, жетілдірудің жолдары
мен іс шараларын көрсету.
Дипломдық жұмыстың объектісі – ҚазАгроҚаржы АҚ.
Дипломдық жұмыстың пәні – кәсіпорындағы лизингтік операциялардың
қазіргі жағдайы мен даму бағыттары.
Дипломдық жұмыстың теориялық және методологиялық негізі ретінде
Қазақстан Республикасының Үкіметінің заңдары және номативтік актілері,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің банктік іс -әрекеттерді қадағалау
заңдылықтары, Қазақстан Республикасының Агенстволық статистикалық
материалдары, банк ісіне арналған оқулықтар мен әдістемелік материалдар,
баспасөз бетінде жарияланған мақалалар, экономикалык каржылық әдебиеттер
мен журналдар табылады. Жұмысты жазу барысында экономикалық және қаржылық
әдебиеттер, статистикалық мәліметтер, инновациялық-индустриалық даму
жоспары мен газет-журналдар қолданылды. Қазақстандағы лизингтің
қазіргі жағдайын, даму перспективалары мен проблемеларының талдауы
берілген.
Зерттеу әдістері. Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеуде жалпы
диолектикалық, салыстырмалы, алалитикалық, тарихи, логикалық, жүйелік,
функционалды талдау әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан,
қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан құралған.
Кіріспеде тақырыптың өзектілігі, мақсаты мен міндеттері, объектісі мен
пәні және зерттеу әдістері қарастырылған.
Бірінші тарауында лизингтің қалыптасуы мен дамуының теориялық
аспектілері, лизинг операцияларының мәні мен функциялары, лизингтің түрлері
мен Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму ерекшеліктері
қарастырылған.
Екінші тарауда Қазақстан Республикасындағы лизингтік операциялардың
даму деңгейі мен проблемалары, Қазақстан Республикасындағы лизингтік
операциялардың динамикасын талдау және ҚазАгроҚаржы АҚ -нің лизингтік
операцияларының көрсеткіштері мен тиімділігіне талдау жасалған.
Үшінші тарауда Қазақстан Республикасында лизнгтік операцияларды
дамытудың жолдары, кәсіпорында лизингтік операцияларды дамыту мәселелері
және оларды шешу жолдары, Қазақстан Республикасындағы лизингтік
қатынастарды нормативтік –құқықтық реттеу жолдары қарастырылған.
Дипломдық жұмысты зерттеудің нәтижелері қорытындыда жинақталған.

1 Лизингтік операциялардың қалыптасуы мен дамуының теориялық
аспектілері

1.1 Лизингтің пайда болуы мен дамуының теориялық негіздері

Лизингтік операциялар ежелден белгілі. Тарих көрсеткендей, олардың
дамуы б.д.д. 2 мың жыл бұрын Вавилонда бастау алған. Біздің заманымызда
лизинг ХХ ғасырдың 60-жылдары АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Швейцария және
т.б. дамыған индустриалды елдерде пайда болып, кейін Шығыс Еуропаның
көптеген елдерінде өз дамуын жалғастырды.
Лизинг сөзі to lease ағылшын тілінен аударғанда жалға беру
дегенді білдіреді. Экономикалық категория ретінде лизинг машиналарды, құрал-
жабдықтарды, көлік құралдарын, өндірістік сипаттағы құрылғылардың ұзақ
мерзімге жалға берілу негізіндегі қатынастарды білдіреді. Лизинг қажетті
құрал-жабдықты көп ақшалай қаражат шығындарынсыз-ақ белгілі бір мерзімге
жалға алуға мүмкіндік береді. Машиналарды, құрал-жабдықтарды, ЭЕМ-ді жалға
алу өндіріс құралдарының моральдық тозуымен байланысты жоғалтуларды
болдырмайды [2, 125 бет].
Аристотельдің өзі Риторикада, байлық меншік құқығы негізінде
мүлікті иелену емес, ал оны (мүлік) пайдалану деп атап өткен екен. Ағылшын
авторы Т.Кларк лизинг Аристотель өмір сүргенге дейін болды дейді: ол лизинг
туралы бірнеше ережені шамамен б.д.д.1760 жылы қабылданған Хаммурапи
заңынан тапты. Рим империясы да лизинг мәселесінен сырт қалған жоқ – ол
өзінің көрінісін Юстианның Иституцияларынан тапты. Иелену құқығы мен меншік
құқығын бөлу мен иеленуден пайда табу ерте кезде-ақ белгілі болған, ал
қазіргі заманғы лизингтің тууы мен таратылуы, жаңа – бұл жақсы ұмытылған
ескі екенін тағы да еске салады.
Дәстүрлі лизинг америкалық тапқыштық болып саналады, лизингтік
операциялардың есептеу нүктесін шетелдік зерттеушілер 1877 жыл деп
қабылдайды. Онда американ Белл Телефон Компани компаниясы телефондарды
сатудың орынына жалға бере бастады. Лизингтің дамуы, лизинг олар үшін тек
сауда саясатының құралы ған емес, бірақ қызмет заты болып табылатын, арнайы
лизингтік компаниялардың құрылуына күшті жігер берді. Алғашқы лизингтік
компания Юнайтед Стейс лизинг корп. 1952 жылы Сан Франсцискода құрылды.
60 жылдардың басында америкалық кәсіпкерлер лизингті мұхит арқылы Еуропаға
өткізді, онда алғашқы лизингтік компания - Дойче лизинг ГМбХ 1962 жылы
Дюссельдорфте пайда болды. 1972 жылдан мұнда лизингтің еуропалық нарығы
бар.
Басында АҚШ-та лизингтің кең тараған объектісі қоршаған ортаны
қорғауға арналған мамандандырылған құрал-жабдық болды. Лизингтік
қатынастардың ерекшелігі құрал-жабдықты жалға алу және мерзімі ұзартылып
сатып арасында нақты шектеудің жоқтығы, оны пайдаланудағы төмен проценттік
төлемдер, сонымен қоса оны алдын ала белгіленген бағамен сатып алу
мүмкіндігі болып табылады. Қазіргі уақытта АҚШ-та лизинг жұмыс істеп
тұрған кәсіпорындардың техникалық қайта жарақтануының және құрылып
жатқандардың жабдықталуының нақты құралдарының біріне айналды. Құрал-
жабдыққа жұмсалатын қаражаттардың 20 пайызы лизинг есебінен өтеледі.
ХХ ғасырдың 60-жылдары лизингтік мәмілелері әлемнің көптеген
елдерінде дамыған, ең алдымен Батыс Еуропа елдерінде кеңінен дами бастады.
Алғашында бұл елдерде өнеркәсіптік кәсіпорындардың лизинг көмегімен құрал-
жабдықты сатып алудағы қаржыландыру үлесі АҚШ – пен салыстырғанда төмен
болды. Бірақ қазірге кезде Ұлыбританияда өндірістік құрал-жабдықтарды
жалға беру салынып жатқан және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қамтамасыз
етудің негізгі формасы болып табылады. Өнеркәсіпте қолданылатын құрал-
жабдықтың жалпы көлеміндегі жалға алынатын құрал-жабдықтың үлесі 60 %-ға
жетті. Францияда соңғы жылдары лизингтің экспансиясы байқалуда. Батыс
Еуропа елдеріндегі лизингтік операциялардың өсуі оның өндіріс пен өнімнің
бәсеке қабілеттігін арттыру, салықтарды төлеудегі жеңілдік мүмкіндіктерімен
байланысты. Сонымен қатар лизинг құрал-жабдықты жалға беруші фирмалар үшін
де, жалға алушы фирмалар үшін де, әсіресе ол өндірістің техникалық дамуының
жалғыз мүмкіндігі болып табылатын орташа және шағын кәсіпорындар үшін аса
тиімді болып табылады. Лизинг уақыты қолданылатын құралдарының қызмет
атқару мерзімінің 40-90 пайызын құрайды және иемдену сипатында болмайды.
Жапонияда жыл сайынғы лизингтік операциялардың өсу көлемі 30 пайызды
құрайды. [3, 85 бет]
Лизинг туралы заңдардың алғашқыларының бірі – 1284 жылғы Уэльс Заңы.
Кейде лизингті адал емес мақсаттарда да пайдаланылады, мәселен, несие
берушілерді адастыру үшін бір нәрсенің нақты жағдайын – меншік иесі кім,
иесі кім, жасыру үшін. 1571 жылы мұндай мәмілелерді жасауға тиым салынды,
нақты лизингті ғана пайдалануға рұқсат етілді. Лизингті пайдалану ХХ
ғасырдан бастап қайталанады. Қазіргі заманғы лизингтік шу тек лизинг деп
аталатын, бірақ мәні жағынан көп пайда табу мен салық төлеуден жалтару
мүмкіндігін жасыратын, мәмілелердің пайда болуына әкелді. Осы сала бойынша
алғашқы заңдылық актілері әртүрлі өлшем мен көрсеткіштерді пайдалану
жолымен нағыз және жалған лизингтің шектеуін өзіне мақсат етіп қойды.
Жалған лизинг біздің елмен, оның көршілерінің де тәжірибесінде
кездеседі. Мәселен, Белоруссия банктері, лизингтің, несиелеудің, күрделі
жүйесін, жасанды лизингтік компанияларды пайдалана отырып, бір-бірінен
лизингке банктік офистерді, байланыстың қазіргі заманғы құралдарын,
қымбат автокөліктер мен инкассация үшін броневиктерді алды. Бұдан жеңілген,
орасан зор сома (салықтар, резервтік қаржы) ала алмаған, тек қана
Белоруссия Республикасының Ұлттық банкі (Нацыянальны Банк Рэспублікі
Белорусь).
Бүгінгі таңда қазақстандық өндірушілердің өнімдерін бәсекелестік
қабілеттігінің төмендігіне байланысты нарықтан сапасы жоғары шетелдік
тауарлар ығыстыруда. Отандық өнеркәсіп техникалық параметрлері бойынша өте
артта қалуда, өндірісте 70—90% тозған құрылғылар пайдаланылуда.
Елбасының Қазақстан – 2030 стратегиясының тұжырымы бойынша шағын
және орта бизнесті дамытудың жаңа технологиялық өндірістерге бағдарланған
және орта бизнесті дамыту үшін әлеуметтік экономикалық жағдай жасай отырып
қоғам тұрақтылығының негізі б.т. орташа тапты қалыптастыру[4, 29 бет]
көптеген Қазақстандық кәсіпкерлері үшін, Дүниежүзілік сауда ұйымының
әлемдік нарыққа бәсекеге қабілетті 50 ел қатарына кіру үшін үлкен сұранысқа
ие болатын сапалы өнімді шығаруға жалпы лизингтің беретін көмегі өте үлкен
Мұндай жағдайлардың қалыптасуының негізгі ceбeбi өндіріске
инвестицияның мүлдем жоқтығы болып табылады. Өндіріс бip қалыпты жұмыс
істеп отыру үшін стандартты жағдайларда негізгi құралдар моральдық тозуы
және табиғи ескірулеріне байланысты үздіксіз жаңартылып отырылуы қажет.
Инвестициялық процесс, және ғылыми-техникалық прогресс, өндірістi жоғары
техникалық деңгейде қолдап отырады.
Жалпы Қазақстан үшін лизингтік саланың дамуы экономикалық дамуға
бірнеше бағыттар бойынша әсер етеді. Ол шағын және орта кәсіпорындарға өз
өндірісін құру мен жетілдіруге мүмкіндік бере отырып , шағын және орта
бизнестің әрі қарай дамуына көмектеседі. Лизинг ұзақ мерзімді
қаржыландырудың қосымша формасы болып табылатындықтан күрделі салымдар
көлемін ұлғайтады, сол сияқты қосымша қаржы ресурстарын тарта отырып ,
негізгі құралдардың жаңартылуын тездетеді. Лизинг қаржылық қызметтер
нарығында қосымша бәсекелестік туғызады. Лизинг пайда болысымен
қаржыландыру құны төмендеп , қаржылық қызметтер нарығы кеңейеді. Ол
кәсіпорындардың банкке қарыздарының жоғарылауына жол бермей, негізгі
құралдарды иемденуде банктік несиеге балама болып табылады.
Сонымен қоса, макродеңгейде кең көлемді шетел инвестициялары лизинг
арқылы елдің төлем балансы пассивіне әсер етеді және әлемдік нарықта
қарыз беруші рейтингін төмендетпейді , өйткені Халықаралық валюта қоры
тәртібі бойынша лизингтен туындайтын міндеттемелер мемлекеттің сыртқы қарыз
көлеміне енгізілмейді. Сондықтан халықаралық лизинг көптеген дамыған және
дамып келе жатқан елдерде мемлекеттік қолдау табады.
Қaзipгi кезде біздің еліміздің өндірушілері қиын жағдайларды бастан
кешіруде. Өндірген өнімдердің бәсекелестік қабілеттігінің төмен болуына
байланысты олардың қолында өзіндік қаржылық ресурстары өте аз. Мемлекеттік
бюджеттің тапшылығы жағдайында мемлекет отандық тауар өндірушілерге тікелей
қолдау көрсете алмайды. Коммерциялық банктердің де қаржылық жағдайларының
тұрақсыз болуына байланысты ұзақ мерзімді инвестициялауды жүргізу үшін
мүмкіндіктepi жоқ. Miнe, осындай жағдайларда лизинг Қазақстандағы қаржылық
нарықты күшейтудің сенімді құралдарының бipi болып табылады.
Лизинг терминінің қазақ тілінде нақты баламасы жоқ. Соған
байланысты оның кез-келген анықтамасы қате деп саналмайды және осы икемді
несиелік құралдың барлық формаларын ескеру мүмкін емес. Кең түрде алып
қарағанда, лизинг деп сатып алу негізінде уақытша пайдалануға берумен
байланысты мүліктік қатынастардың барлық кешенін түсінуге болады. [5,52
бет]
Лизинг – бұл лизинг берушінің өзіне тиесілі құрал – жабдықтарды,
машиналарды, ЭЕМ, ұйымдастыру техникаларды, өндіріске, сауда – саттыққа
және қоймаға арналған құрылғыларды лизинг алушыға лизингтік төлем төлеу
тартымын, белгіленген мерзімге пайдалануға беруін қарастыратын жалға беру
шарты.
Лизингте келісім шарт объектісі лизинг алушы елге импортталатын құрал-
жабдықтар болып табылады.
Сонымен, жалпы лизинг банктік несиелеудің альтернативі
болып табылатын күрделі қаржыны қаржыландырудың ерекше формасы.
Ол өндірістi компанияларға көп шығын жұмсамай-ақ қажетті тауарларды
алуға және өндірістік құрал-жабдықтардың ескіруімен байланысты
теуекелдіктерден сақтауға мүмкіндіктер береді. Яғни, лизинг — уақытша
пайдалануға негізделген мүліктік қатынастар кешенi. Бұл кешеннің құрамына
жалға беру туралы келісім-шартпен қоса, мүлікті сатып алу-caтy туралы
келісім-шарттардың лизинг үшін осы келісім-шарттардың күрделілігі тән.
Лизинг операцияларының техникасы 1-2 суреттерде әр түрлі сызба түрінде
берілген.

2

4 1
3

1 – құрал-жабдыққа тапсырыс беру;
2 – құрал-жабдық үшін төлем;
3 – құрал-жабдықты жеткізу;
4 – лизингтік төлемдер;

Сурет 1 Лизинг операцияларының техникасы

Кейде лизингтік компанияның лизинг операцияларын жүзеге асыру үшін
қаражаты жетпей қалатын жағдай да болуы мүмкін, онда ол несие алады. Мұндай
операцияны қосымша қаражат тартатын лизингтік операция деп атайды.
Тәжірибе көрсеткендей, лизинг бойынша жасалатын мәмілелердің 85%-ға
жуығы қаражат тарту лизингі операцияларының үлесіне тиеді. Лизинг беруші
лизингке беретін активтер құнының 80%-дай мөлшерінде бір немесе бірнеше
несие берушілерден ұзақ мерзімді несие алады. Мұнда лизингтік төлемдер мен
құрал-жабдықтың өзі несиені қамтамасыз ету құралы болып табылады.

Сурет 2 Банкпен есепайырысудағы лизинг операцияларының техникасы

1 – банк лизинг компаниясы арасында несиелік келісімшарт жасалып ,
несие беріледі; 2 – лизинг компаниясы алған несиені құрал-жабдық үшін
жабдықтаушыға төлейді; 3 – жабдықтаушы лизинг компаниясына құрал-жабдығын
сатады; 4 – лизинг компаниясы мен лизинг алушы кәсіпорын арасында лизингтік
келісімшарт жасалады; 5 – жабдықтаушы құрал-жабдықпен жабдықтайды; 6 –
лизингті алушы кәсіпорын пайдаланғаны үшін лизингтік төлемдер жүргізеді; 7
– лизинг компаниясы несие беруші банкке несие үшін төлемдерін төлейді.
Мұндағы лизингтік төлемдердің жалпы сомасының есебі мынадай формуламен
есептелінеді:

ЛТ = АА + НТ + КТ + ҚТ + ҚҚС , (1)

Мұндағы:
ЛТ – лизингтік төлемдердің жалпы сомасы;
АА – ағымдағы жылдағы амортизациялық аударымдар сомасы;
НТ – лизинг берушінің несиелік ресурсты пайдаланғаны үшін төлемі;
КТ – лизингтік келісімшарт бойынша мүлікті бергені үшін лизинг
берушіге комиссиондық төлем;
ҚТ – көрсеткен қызметі үшін қосымша төлем;
ҚҚС – лизинг берушінің көрсеткен қызметі үшін лизингті алушы төлейтін
қосылған құнға салынатын салық.
Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Лизингтің кеңінен
таралуының басты себебі – оның қарапайым несиелерден мынадай
артықшылықтарының болуына байланысты:
- Лизинг көмегімен кепілге беретін мүлкі жоқ ұсақ
кәсіпорындарды несиелеуге болады. Бұл былай: лизингтік мәміле
жасалған мерзім бойынша лизинг оъектісі лизингке берушінің
меншігінде қалады да , лизинг алушы банкротқа ұшыраған
жағдайда несиелік тәуекел деген болмайды;
- Лизинг 100% - ға дейін несиелеуді ұсынады, яғни кәсіпорынға
қысқа мерзім ішінде өзінің меншікті капиталын жұмсамай – ақ ,
жаңа құрал-жабдықты пайдала отырып, өнеркәсіп өнім шығаруға
және пайда табуға мүмкіндік береді;
- Кәсіпорынға мүлікті несиеге сатып алғаннан, лизинг бойынша
алған қолайлы, себебі, бұл жерде ол мүлік кепіл ретінде
болады;
- Құрал-жабдықтың лизинг берушінің меншігінде болатындығына
байланысты, өнімнің құнына лизингтік төлемдер ғана қосылып,
мүлікке салынатын салықты жалға берушінің өзі төлейді.
Сөйтіп, лизинг алушы салықтық жеңілдіктер алады.
- Несие берушінің көзқарасымен қарағанда, несиенің мақсатты
пайдалануына ешқандай да қадағалау болмайды.
Лизинг операцияларына тән кемшіліктер де бар. Олар төмендегідей
көрсетілген:
- жалға алушы құрал-жабдықтың қалдық құнының жоғарылауынан
(әсіресе инфляциядан ) ештеңе ұтпайды;
- ұйымдастырудың күрделілігі;
- лизинг құны несиеге қарағанда жоғары, бірақ та ескірген
құрал-жабдықтан туындайтын тәуекелдің лизинг берушінің
басында болатынын ұмытпау қажет, сондықтан да ол осындай
шығынның орнын толтыру үшін комиссияны көбірек алуға
тырысады.
Лизингтік келісімшарт. Лизинг – бұл ұйымдастырылуы біршама күрделі
операция. Көптеген мәмілелерде кемінде үш келісімшарт жасалады:
1) лизинг беруші мен лизинг алушы арасында;
2) лизинг беруші мен жабдықтаушы арасында ;
3) лизинг алушы мен банк арасында [6, 123 бет].
Әдетте , мәмілеге келу алдында клиентті толық қаржылық талдаудан
өткізеді. Лизингтте , ең маңыздысы, бұл келісімшарт соңында құрал-жабдықтың
белгілі бір қалдық құнының қалуы. Ол үшін құрал-жабдықтың қалдық құнының
сақтандыру жүйесі болуға тиіс. Лизингті алушы өзінің қаражаты есебінен
лизинг затын әр түрлі тәуекел жағдайлардан ( өрттен , ұрлықтан және т.б. )
сақтандырады және лизинг берушіге сақтандыру полисінің куәландырған
көшірмесін береді.
Іс жүзінде кез келген лизингтік келісімшарт мынадай элементтерді
қамтуға тиіс : Объектісі; жабдықтау мерзімі; лизинг алу мерзімі; лизингке
берушінің меншіктік құқы; тәуекелдер, жаупкершілік, техникалық кепіл хат;
құрал-жабдықты пайдалану; күту, жөндеу, жаңарту; зиян , қолайсыз жағдайлар;
сақтандыру; лизингтік төлемдер, комиссиялар; төлемді кешіктірген үшін
төлемақы өсімі; сатып алу мүмкіндігі; келісімшартты бұзу шарты, құрал-
жабдықты қайтару; салықтар, баждар; жаңа міндеттемелердің пайда болуы;
тараптардың қосымша құқықтары; даулар мен арбитраждарды қалыпқа келтіру;
кешіктіру шарты; қажетті ақпаратты беру міндеттемесі ( мысалы , баланс );
тараптардың қолдары; тараптардың орналасқан жері; қоысмша (материалдардың
және т.б. сипаты); қалдық құнын кепілдеу; банктердің кепілдемесі және тағы
басқалар.
Лизингтік компаниялардың және банктік мекемелердің жүргізетін лизинтік
операцияларының жетістіктері оларды ұсынатын қызметтерінің санына және
лизингке берілетін мүліктердің бәсекелестік қабілетілігіне белгілі-бір
деңгейде тәуелді болады. Сондықтан да лизингтік қызмет ұсынатын компаниялар
мен банктер жақсы байланыста болулары қажет. Лизингтік компаниялар
өндірістi және клиенттерді оқып үйрене отырып, клиенттердің
қажеттіліктеріне неғұрлым толық жауап беретіндей нeгізгi құралдарды
лизингке беруге тырысады. Кейбір фирмалар лизингке берілген құрылғыларды
сақтандыру және техникаларды өндіріске енгізу мәселелері бойынша кеңестер
беру қызметтерін де ұсынады. Мұндай компаниялардың қызметтеріндегі
тәуелділіктер өте жоғары болады. Сондықтан да, құрылғылардың моральдық тозу
тәуелділіктері де жоғары болған сайын, алынатын төлемдер сомасы да
жоғарылайды. Осындай жағдайларға байланысты лизингті келісімге қатысушы
тұлғалар лизингтік төлемдерді есептеу әдістеріне және оның графиктеріне өте
көп көңіл бөледі.
Лизингтік төлемдер деп лизингтік келісім-шарт бойынша лизингтік
мүлікті пайдалану құқығы берілген лизингке алушының лизингке беруші
төлейтін жалпы сомасы.
Лизинг келісім-шартың бекіту кезінде oғaн қатысушы тұлғалар лизингтік
төлемдердің жалпы сомасын, кейбір төлемдерді есептеу формалары мен
әдістерін, оларды төлеу кезеңділігін және тәсілдерін анықтайды. Лизингтік
төлемдер — лизингке берушінің мүліктердi сатып алуға кеткен қаржылық
шығындарын қайтаратын және белгілі бip сомада пайда алуға мүмкіндік беретін
механизм болып табылады. Осыған байланысты лизингтік төлемдердің жалпы
сомасына төмендегілер кipeдi:
- келісім-шарттың барлық мерзімінде лизингтік мүліктің толық
немесе соған жақын құнын қайтаратын сома;
- лизингке берушіге комиосиондық сый-ақы,
- лизингке бepyшінің көрсеткен қосымша қызметтері үшін төленетін
сома (мысалы, лизингтік мүлікті сақтандыру және т.б.);
- лизинтік келісім-шартта көрсетілген т.б. шығындар, мысалы,
мамандарды оқыту, лизингтік мүлікке техникалық қызмет көрсету,
оған күрделi жөндеу жұмыстарын жүргізу және т.б.
Сонымен бipгe, лизингтік төлемдерді есептеу кезінде мүліктергe
салынатын салықты ескеру қажет. Ceбебi, мүлік лизинтік келісім-шарттың
барлық мepзімi ішіндe лизингке бepушінің балансында болады. Лизингтік
төлемдерді анықтау негізінде төлеу мерзіміне тәуелді лизингтік төлемдердің
жалпы сомасы және амортизациялық аударымдарды есептеу әдістepi жатыр.
Сөйтіп, лизингтік төлемдердің жалпы сомасы тұрақты өлшем болып
саналмайды, ол лизингтік мүліктің құнын қайтару жылдамдығына тәуелді. Яғни,
лизингтік мүліктің құны аванс төлеу немесе алғашқы төлемдерді көбейту
жолдарымен неғұрлым тез өтелсе, онда лизингтік мүліктің қалдық құнына
есептелінетін өciм ақы сомалары соғұрлым аз болады.
Сонымен бipгe, қазіргi кезде көптеген өнеркәсіптік, транспорттық және
әcipece ауыл шаруашылық кәсіпорындарында негізгi құралдарын жаңартудың,
құрылғылар мен машиналар пapкін дамытудың қажеттілігі кезек күттірмec
мәселелердің бipi болып табылады.
Еліміздегi коммерциялық банктердің несиелік портфеліндегі орта және
ұзақ мерзімдi қаржыландырудың инвестициялық жобаларының болуы, экономиканың
нақты секторларын несиелеуге ақша қаражаттарының жеткілікті деңгейде
бөлінбей отырғандығын көрсетеді. Сонымен бipгe, коммерциялық банктер
несиелердің қайтарылмай қалу тәуекелдіктерін төмендету мақсатында несие
беру шарттары күннен-күнге күшейтуде. Көптеген өндipic орындарының қаржылық
жағдайларының тұрақсыз болуына байланысты олардың қаражаттарды талап ететін
инвестициялық жобаларды жартылай қаржыландыру үшін де өзіндік қаражаттарды
жинақтауды мүмкіндіктepi жоқ [7, 35 бет].
Miнe, осындай мәселелерге байланысты бүгінгi таңда Қазақстанда
қаржылық лизингтік қызметті жедел дамыту үшін қажеттіліктер тууда. Яғни,
жоғарыда көрсетілген мәселелерді, оның iшінде экономиканың нақты
секторларын несиелеу мәселелерін аз уақыт аралығында тек қана лизинг арқылы
шешуге болады. Ceбeбi, қaзipгi кезде елімізде жұмыс icтеп тұрған қаржылық
институттардың бірде бipeyi жоғарыда көрстеліген мәселелерді шешуге дайын
емес.

1.2 Қазақстан Республикасындағы лизингтің түрлері

Қандай да болмасын күрделі экономикалық түсінік сияқты лизингтің де
бірнеше түрлері бар. Ең алдымен лизингтің негізгі екі түрі: ішкі және
халықаралық лизинг.
Ішкі лизингті жүзеге асырғанда лизинг беруші, лизинг алушы мен сатушы
(жабдықтаушы) Қазақстан Республикасының резиденті болып табылады. Ішкі
лизинг Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Халықаралық лизингіні жүзеге асырғанда лизинг беруші немесе лизинг
алушы Қазақстан Республикасының резиденті емес болып табылады.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болса, онда
лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, халықаралық лизинг
келісімі Қазақстан Республикасының заңдылығымен реттеледі.
Егерде лизинг беруші Қазақстан Республикасының резиденті болмаса, онда
лизинг заты Қазақстан Республикасының меншігінде болады, онда халықаралық
лизинг келісімі сыртқы экономикалық салада заңмен реттеледі.
Қазіргі уақытта лизинггік операциялардың негізгі түрлері ретінде
оперативті және қаржылық лизингті қарастырады. Лизингтің батыс елдерінде
пайдаланылатын формаларының аумақты әр түрлілігі операциялардың үш кең
таралған типтеріне негізделген:
Қаржылық, күрделі немесе тікелей лизинг
Оперативті немесе сервисті лизинг
Қайтарымды лизинг [8, 57 бет]
Лизингтің негізгі түрлерін отандық және шетелдік мамандар қаржылық
және оперативті лизинг деп мойындап отыр. Осы жағдайда айыру үшін
критерийлер көп. Бұлар лизингтің объектісін өтімділік дәрежесі, оның
амортизацисының шарттары, жалға беретін мүліктің типі, лизинг беруші
міндеттемелерінің көлемі, құрал-жабдықты пайдалану мерзімі және басқа да
көптеген белгілері.
Оперативті және қаржылық лизинзті айыру қаржылық лизингтің
парамертлері мен белгілерін белгілеумен басталады. Көптеген елдердің
заңдарында, сонымен бірге біздің елімізде салықтық жеңілдіктер беру үшін
қаржылық лизингтің шарттары мен критерийлерін белгілейді
Оперативті лизинг-бұл жалға беру төлемдері арқылы құрал-жабдықтар
құнының бір бөлігі ғана амортизацияланатын қысқа және орта мерзімді
сипаттағы мәміле. Оперативті лизинг бойынша берілетін құрал-жабдықтар жалға
берушінің балансында қойылмайды. Осындай мәміле бойынша лизинг беруші
техникалық қызмет көрсету, сақтандыру, меншікке салық төлеу және тағы басқа
мәселелерін өзіне алады. Қаржылық есеп және есеп беру көзқарасынан
оперативті лизингтің категориясына қаржылық лизингтің критерийлеріне сәйкес
келмейтін мәмілелерді жатқызады:
Лизинг алушы оперативті көмегімен мүлікті иеленумен байланысты
тәуекелдерден қашуға ұмтылады, мысалы, өндірілетін өнімге сұраныстың
өзгеруімен, құрал-жабдықтардың сынып қалуымен, тікелей және жанама
өндірілмейтін шығындардың өсуімен, құрал-жабдықтарды жөндеумен байланысты,
пайдалылықтың төмендеуімен, моральдық ескіруімен байланысты болады,
сондықтан лизинг алушы оперативті лизинггі мынадай жағдай жоғары бағалайды:
1. жалға берілген құрал-жабдықтың пайдалануынан табыстар оның
бастапқы бағасының орнын толтырмайды;
2. құрал-жабдықтар аз мерзімге беріледі (маусымдық жұмыстар немесе
бір рет пайдалану үшін);
құрал-жабдықтар үшін арнайы техникалық қызмет көрсету қажет;
4. мәміле объектісі жаңа және тексерілмеген құрал-жабдықтар ретінде болады.
Оперативті лизингтің жоғарыда көрсетілген ерекшеліктері ауыл
шаруашылығы, көлік, таукен өнеркәсібі, құрылыс, ақпаратты электронды өңдеу
сияқты осындай салаларда оның кең таралуы алдын-ала анықталған.
Қаржылық лизинг - экономикалық мәні бойынша жалға алушы құрал
-жабдықты толық мерзім ішінде алатын немесе мүліктің өмірлік цикылының
үлкен бөлігін алатын; жалға беру төлемдері толығымен лизинг берушіге
аударылатьн мәміле болып табылады. Жалға алушының техникалық қызмет
көрсетуге, құрал-жабдықтарды сақтандыру және салықтарды төлеуге, жиынтық
жалға беруге төлемдерге жауапкершілігі жатады, лизинг берушінің құрал-
жабдықтың барлық өмірлік циклы үшін алынған табыстар оның баспатқы құнын
толығымен жабады және табысты инвестициялық капиталға қамтамасыз етеді.
Қаржылық лизинг келесідей негізгі ерекшеліктермен сипатталады:
1 - үшінші жақтың қатысуы (мәміле объектісінің өндірушісі немесе
жабдықтаушысы);
2-жалға берудің негізгі мерзімі деп аталатын, яғни жалға берушінің
шығындарын өтеу ушін қажет мерзім ішінде келісімшарттың бұзылуы
мүмкін еместігі. Бірақ тәжірибеде бұл лизинг туралы келісімде ескертіледі,
бірақ бұндай жағдайда операция құны анағұрлым жоғарылайды;
3 - лизингтік келісімнің аса ұзартылатын кезеңі (әдетте
мәміле
объектісі қызметінің жақын мерзімінде);
4- қаржылық лизинг жағдайында мәміле объектілері ережедегідей,
жоғары құнмен ерекшеленеді.
Тікелей қаржылық лизинг - лизинг беруші өндіруші немесе сауда фирмасы
болып табылмайды және қарыз қаражаттарын тартусыз лизингтік мәміле болып
табылады, ал мәміле өзінің сипаты бойынша капиталдық лизинг категориясына
жатады. Мәмілелерді берілген категорияларға қосымша шарттармен жатқызу
жалға алушымен төлемдердің толык сомасын телеуде жоғары ықтималдығы болып
табылады [9, 48 бет].
Левериджлизинг бұл қарыз каражаттарын тартумен байланысты лизингтік
мәміле. Бұл категорияға келесідей талаптарга жауап беретін қаржылық
лизингтің мәмілелері жатады:
АҚШ - та қаржылық лизинг бойынша барлық мәмілелердің 95% - дан жоғары
бөлек лизингтің негізінде құрылған.
Топтық лизинг - ол лизинг беруші лизингке берілетін құрал-жабдықтарды
сатып алу үшін тартылған қаражаттарды пайдаланатын, қаржылық лизингтің бір
түрін корсетеді. Құрал-жабдыктардың жалпы бағасына тартылған қаражаттардың
үлесі 60-80% жетуі мүмкін. Сонымен қатар лизинг берушілер болып меншік
иелерінің сенімді тұлғасын көрсететін қатысушылар тобы көбінесе қатысады.
Лизингтің бұл түрі ірі масштабты объектілерді жалға беру үшін кең
колданылады, яғни сомалеттер, темір жол құрал-жабдықтары, кәсіпорынның
кешенді құрал-жабдықтары және т.б.
Сату түрінде лизинг – бұл лизинг беруші рөлінде дайындаушы немесе
сауда компаниясы ретінде катысатын мәміле, ал мәміле өзі капиталдық немесе
тікелей каржылык лизингтің мәмілелер критерийлеріне жауап береді.
Шартты сату лизингі – бұл құрал-жабдықтарды сатуды ынталандыру
мақсатында өндірушілерге ұсынылатын лизинг формасы.
Сублизинг – сублизинг келісімімен рәсімделетін, лизинг затын пайдалану
құқығы жолын үшінші тұлғаға беруге байланысты пайда болған қатынастардың
ерекше түрі.
Сублизингте, сублизингті жүзеге асыратын тұлға, лизинг затын лизинг
берушіден келісім бойынша қабылдайды және оны сублизинг келісімі бойынша
лизинг алушыға уақытша пайдалануға береді. Лизинг туралы Федералдық заңға
сәйкес лизинг алушы үшінші тұлғаға лизингтік төлемдерді төлеу бойынша өз
міндеттемелерінің жолын үшінші тұлғаға беруге рұқсат етілмейді.
Лизинг затын сублизингке бергенде лизинг берушінің жазбаша түрдегі
келісімі міндетті түрде болуы керек.
Халықаралық лизингің бір түрі болып саналатын, халықаралық сублизинг,
сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. Халықаралық
сублизингтің айрықша ерекшелігі болып лизинг затын сублизингтегі әрекет ету
мерзіміне ғана Қазақстан Республикасының шекарасынан өткізу болып табылады.
Сублизингте негізгі жалгер жалгерлік төлемді алу үшін артықшылық
құқыққа ие болады. Келісімде әдете үшінші топтың банкроттығы жағдайында
жалгерлік төлем негізінен жалгерге түседі деп ескертіледі.
1. Егер Қазақстан Республикасының заң актiлерiнде немесе лизинг
шартында өзгеше белгiленбесе, лизинг алушы лизинг берушінің жазбаша
келiсiмiмен лизинг нысанасын сублизингке өткiзуге құқылы. Бұл орайда
сублизинг беруші мен сублизинг алушы лизинг берушi мен лизинг алушы ретiнде
әрекет етедi және лизинг мәмiлесiне осы қатысушылар үшiн осы Заңда
айқындалатын құқығы бар және жауаптылықта болады.
Бұл орайда лизинг алушының лизинг шарты бойынша лизинг төлемдерiн
төлеу жөнiндегi өз мiндеттемелерiн сублизинг алушыға аударуына лизинг
берушінің жазбаша келiсiмiмен ғана жол берiледi.
2. Сублизинг шартын лизинг шартының мерзiмiнен асып кететiн уақытқа
жасауға болмайды.
3. Егер заң актiлерiнде немесе лизинг шартында өзгеше көзделмеген
болса, сублизинг шартына лизинг шарты туралы ережелер қолданылады.
4. Егер лизинг шартында өзгеше көзделмеген болса лизинг шартын
мерзiмiнен бұрын тоқтату соған сәйкес жасалған сублизинг шартын тоқтатуға
әкеп соғады. Бұл орайда сублизинг алушы сублизинг шартына сәйкес өзiнiң
пайдалануындағы лизинг нысанасына тоқтатылған лизинг шартының талаптарына
сәйкес келетiн талаптармен сублизингтің қалған мерзiмi шегінде лизинг
берушiмен лизинг шартын жасасуға құқылы.
5. Егер лизинг шарты осы Заңда, Азаматтық кодексте немесе басқа заң
актiлерiнде көзделген негiздемелер бойынша заңсыз деп табылса, соған сәйкес
жасалған сублизинг шарты да заңсыз болып табылады.
Қайтарымды лизинг - құрал-жабдықтың иесі лизингтік фирмаға оны сатып
және біржола құрал-жабдықты одан жалға беруге алады. Осындай операцияның
нәтижесінде сатушы лизинг алушы болып табылады. Ол
мынандай жағдайда пайдаланылады: егер мәміле объектісінің меншік иесі
ақша қаражатынан қажеттілік болса, оны осы лизинг түрінің көмегімен өзінің
қаржылық жағдайын жақсартады. Қайтарымды лизинг өңдірістің қаражаты
құралдарына сату есебінен кәсіпорынға өтімділікті алуға мүмкіндік береді.
Қайтарымды лизинг мәмілелерінің табыстылығы лизингтік телемдер құнының
үстінде жаңа күрделі қаржы салымдарынан түсетін табыстардың өсу көлемімен
байланысты.
Халықаралық әріптестік тәжірибесінде халықаралық келісімнің екі типі
бар: тікелей шетелдік лизинг және жанама лизинг немесе шетел филиалдары
арқылы лизинг.
Тікелей шетелдік лизинг - әр түрлі елдердің заңды тұлға құқығымен
ұйымдар арасында іске асырылатыи барлық операциялар мәмілесін көрсетеді.
Тікелей лизингте жалгер лизингтік фирмамен талап етуші жабдықты сатып алу
және оны кейін оған жалға беру туралы келісім жасайды.Көбіне жалгерлік
туралы келісім тікелей жасаушы-фирмамен (яғни, тікелей) жасалады. Лизинг
жағдайында өз өнімін ұсынатын ірі өндіруші болып, ІВМ, Хеrox, GATX, сондай-
ақ көптеген авиациялық, кеме жасау және автомобиль компаниялары болып
табылады. Мәселен, әлемдік автомобиль нарығының лидерлері – Даймлер-
Крейслер және ВМW концерндері, ол арқылы өз өнімдерін көп елдерге
өткізетін, жетекші лизингтік компаниялардың құрылтайшысы қатарында [10, 156
бет].
Көбінесе шетелдік лизинітік операциялар топтық лизингті көрсетеді.
Жанама шетелдік лизинг - бұл лизинг беруші мен лизинг алушы бір елдің
заңды тұлғалары болып табылатын, бірақ бірнеше капитал шетелдік фирмалар
мен қаржылық мекемелерге жататын лизингттік мәміле. Лизингте келісім шарт
объектісі лизинг алушы елге импортталатын құрал-жабдықтар болып табылады.
Лизингтік операциялардың үлкен бөлігінің осы түрін транс ұлттық банктер мен
корпорациялар бақылайды. Жанама шетелдік лизинг соңгы жылдары халықаралык
лизингтің ең таралған формасы болды.
Лизингті жалға беру қатынастарының өзіндік үлгідегі формасы ретінде
кәсіпкерлік құрылым қызметіндегі перспективалы қаржылық құрал.
Көптеген қазақстандық кәсіпкерлер үшін әлемдік нарыққа бәсекелестік
қaбілеттілігi жоғары өнімдерді шығаруға өту кезіндегі көптеген мәселелер
осы лизинг арқылы шешілyi мүмкін.
Лизинг - жеке және заңды тұлғаларға белгілі бip мерзімге келісім-шарт
бойынша берілетін мүліктерге уақытша бос ақша қаражаттарын инвестициялауға
бағытталған кәсіпкерлік қызметтің бip түpi ретінде анықталады.
Қаржылық лизинг туралы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
бағалы қағаздар және табиғи ресурстардан басқа кәсіпкерлік қызмет үшін
пайдаланылатын кез-келген тұтынылмайтын заттар лизингтік келісім-шарттық
нeгізi болып санала алады. [11, 87 бет]
Қаржылық лизинг мәселесімен айналысатын көптеген Ресей
экономистері лизингті жалға беру және несиелік операцияларды
бipiктipeтін сфера деп қарастырады.
Коммерциялық несие тауар формасында беріледі және ақша формасында
өтеледі. Лизингтік келісім негізінде несие тауар формасында беріледі.
Келісім-шарт мерзімі аяқталғаннан кейін келісім объектісі лизинг бepyшігe
заттай формада қайтарылады. Лизингтік келісім компенсациялық сипатта да
болуы мүмкін. Мұндай жағдайда лизингтік төлемдер жалға алынған
құрылғылардың көмегімен өндірілген өнімдер формасында жүргізілуі мүмкін.

1.3 Қазақстандағы лизингтік нарықтың қалыптасу және даму
ерекшеліктері

Енді отандық лизингтік қатынастардың қалыптасуы мен даму кезеңдеріне
сипаттама берейін. 2003 жылдың желтоқсан айында "Қазақстандағы лизинг:
тәжірибе, мәселелер және даму болашағы" деген тақырыпта болып өткен
халықаралық "дөңгелек столда" болған пікір алмастырулар нәтижесінде
еліміздегі лизинггік бизнестің қалыптасу және дамуының 15 жылдық тарихының
кезендері шартты түрде анықталған. Осы кезендерді төмендегідей кесте
түрінде көрсетуге болады.
1989 жылдардың басында елімізде нарықтық қатынастардың қалыптасып,
дамуымен байланысты экономикалық тәжірибеге жаңа қаржылық құралдар ене
бастады. Сол қаржылық құралдардың бірі лизинг 1989 жыллан бастап
Қазақстанда экономикалық келісімдердің бір формасы ретінде пайдаланыла
бастағаны белгілі. 1990 жылы Қазак КСР-нің Үкіметі еліміз прокат және
лизинг қатынастарын дамыту мақсатында "Прокат және лизинг—95" деп аталатын
6 жылдық бағдарлама жасады, өкінішке орай бұл бағдарлама өз деңгейінде іске
асырылмады. Бірақ осы бағдарлама қабылданнан кейін "Крамдс-Лизинг",
"Казтехлизинг", "ТуранЛизинг, "Алма-Ата Техлизинг", "Агролизинг" және
т.б. алғашқы отандық лизингтік компаниялар құрала бастады. 1992 жылғы
мәліметтер бойынша ҚР-ның экономикасының мемлекеттік емес секторында 20
лизингтік компания жұмыс істеген.
1992 жылдан басталған еліміздің ішкі нарығындағы қолайсыз экономикалық
жағдайлар мен дағдарыстардын нәтижесінде лизингтік бизнестің арқыны
баяулай бастады.

Кесте 1
Қазақстандағы лизингтік катынастардың даму кезеңдері [12]

Кезеңдер Аталуы Сипаттама
1.1989- Лизингтік; Алғашқы лизингтік компаниялар
1992жж. қатынастардың құрылымы және кейбір коммерциялық
пайда болу банктер лизинггік операцияларды аз көлемде
кезеңі іске асыра бастады.
II. 1992 Лизингтік Қазақстанның ішкі нарығындағы
-1994 қатынастардың экономикалық дағдарыстардын әсерінен
жж. баяулау кезеңілизинггік; бизнестің қарқыны баяулай басады.
III. 1995- Лизингтік Лизингтік катынастарды мемлекеттік
2000жж. қатынастар- қолдау және ынталандыру дами бастады,
дың жандану, сондықтан бұл кезеңді мемлекеттік кезеңі деп
қайта даму те атауға болады.
кезеңі
ІV.2000- банктік Банктік лизингтік компаниялардың құрылымен
2006жж. лизинг кезеңібайланысты лизингтік қатынастар коммерциялық
секторда өте тез қалыптасып, дами бастады.
V.2007-2008Лизингтік Әлемдік дағдарыс кезінде банк жүйесінің
жж. операциялардыңдағдарысқа ұшырау себебіне байланысты
дағдарысқа лизингтік операциялардың да даму қарқынының
ұшырау кезеңі бәсеңдеу кезеңі.

1995 жылдан бастап лизингтік бизнесті мемлекеттік қолдау, яғни
лизингтік келісімдерді толығымен немесе жартылай мемлекеттік бюджет
есебінен қаржыландырудың үлесі жоғарылай бастады. 1996-2000 жылдар
аралығында мемлекет лизингтік операцияларды жүзеге асыруға Үкіметтің жеке
қызулылары бойынша 4,5 млрд. теңгеден көп ақша қаражаттарын жұмсаған.
1999 жылы Қазақстанда 11 лизингтік компания жұмыс істесе, соның жартысынан
көбі мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылып отырған. Сонымен бірге,
осы ІІІ-кезенді лизинггік қатынастардың дамуы үшін нормативті-әдістемелік
және заңдылықты базаны жасаудың негізі қаланған кезең деп те сипаттауға
болады. Оған дәлел ретінде 2000 жылдың шілде айында қабылданған "Қаржылық
лизинг туралы" ҚР-нің Заңын айтуға болады.
2000 жылдың екінші жартысынан бастап "Қаржылық лизинг туралы" ҚР-нің
Заңы өз күшіне енгеннен кейін еліміздің коммерциялық секторында лизингтік
қатынастар қалыптаса бастады. Заңға банктік лизинг деген түсініктің
енгізілуіне байланысты еліміздің коммерциялык, банктері құрған лизингтік
компаниялардың саны көбейе бастады. 2000 жылдың тамыз айы мен 2003 жылдың
мамыр айлары аралығында 9 банктік лизингтік компания құрылған. Сонымен
Каржылық лизинг туралы ҚР-нің Заңы елімізде лизингтік қызметтер нарығының
белсенді түрде дамуына үлкен ықпал жасады.
Бүгінгі күні Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығындағы лизингтік
операциялар нарығын тәуелсіз сараптамашылар лизингтік қатынастарға
қатысушы барлық тұлғаларға көп мөлшерде табыс және әлеуметтік-экономикалық
тиімділіктер әкелуге қабілетті нарық ретінде бағалауда. ТМД елдеріндегі
күрделі каржылардың тапшылығы, осы мақсат үшін инвестициялаудың баска
түрлерінің жетіспеушілігі лизингтің әр түрлі түрлерін тәжірибеде
пайдаланудың экономикалық маңыздылығын көрсетеді.
Қаржыландырылатын жалғыз компания және ол ҚР-ның аграрлық секторындағы
лизингтік қатынастарды дамыту бойынша ауыл шаруашылық министрлігінің
операторы болып табылады. Бүгінгі күні компанияның Қазақстандағы лизингтік
қызметтер нарығындағы үлесі 53,8 % құрып отыр.
ҚР-ның нарығында белсенді түрде жұмыс істеп жатқан лизингтік
компаниялардың 44,4% коммерциялық банктердің еншілес құрылымдары құрап
отыр. Олардың анының көбеюіне ҚР-ның Қаржылық лизинг туралы заңына
банктік лизинг деген түсініктің енгізілуі қолайлы әсер етті. Бұлар,
бүгінгі күні стандартты лизингтік қызметтерді кез-келген салаға көрсетуге
маманданған әмбебап компаниялар болып табылады. Құрылғылардың белгілі-бір
түріне маманданған лизинггік компаниялар халық шаруашылығының белгілі-
бір саласына мамандығына жұмыс істейді. Еліміздегі салалық
лизингтік компаниялар көбінесе, ауыл шаруашылық техникалары мен
автокөліктерді лизингке беруге маманданған. Бұны негізгі корлардың
осы түрлерінін нарықтағы өтімділіктерінің өте жоғары болуымен
түсіндіруге болады. Аймақтық лизингтік компаниялар белгілі-бір
аймақтарға ғана лизингтік кызметтер көрсетумен айналысады. Болашақта
осы аймақтық лизингтік компанняларды кластерлер жүйесінің бір құрылымы
ретінде дамытудың маңыздылығы бар деп ойлаймыз.
Негізгі қорларға салынған инвестициялар, экономиканың ұлғаймалы ұдайы
өндірісінің даму болашағын көрсететіндіктен жұмыста жалпы елдегі лизингтік
нарықтың көлеміне кейбір макроэкономикалық көрсеткіштердің, яғни негізгі
қорларға салынған инвестициялар және жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі
ретінде бағалау жүргізілген (2- кесте). Талдау жасау барысында ҚР-дағы
лизингтік нарық көлемінің жыл сайын өсіп отырғанына қарамастан, оның
инвестиция мен жалпы ішкі өнім көлеміндегі үлесінің басқа елдермен
салыстырғанда өте төмен болуына экономиканың даму деңгейінің де әсер
ететіндігі анықталды.

Кесте 2
Қазақстан Республикасындағы лизингтік нарықтың көлемі [13]

Жылдар
Көрсеткіштер
2006ж 2007ж 2008ж
Лизингтік нарық 12,6 29,9 25
Негізгі қорларға салынған инвестиция млрд.т1259,3 1530,6 130,5
Инвестициядағы лизингтің үлесі, % 1 1,9 1,5
Жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі 4449,8 5542,5 4852,6
Жалпы ішкі өнімдегі лизингтің үлесі % 0,3 0,5 04

ҚР-дағы лизингтік қызметтер нарығының дамуындағы өзекті мәселелердің
тағы бірі лизинг нысанындағы инвестициялардың салалық құрылымы болып
табылады.
Қосымша В-да көріп отырғанымыздай, лизингтік операциялардағы ауыл
шаруашылық техникаларының үлесінің басқа құрылғылармен салыстырғанда жоғары
болуын 2004 жылғы ҚР-ның Үкіметінің 008 Лизинг негізінде ауыл шаруашылық
техникаларын несиелеу және 012 Ауыл шаруашылық өнімдерін өңдеу бойынша
кәсіпорындар үшін қажетті құрылғылар лизингін несиелеу деген бюджеттік
бағдарламалардың қабылдауымен түсіндіруге болады. Соңғы жылдары лизингтік
портфельдің әртараптандырушының оң тенденциялары да байқалады.
Осы айтылғандардан, Қазақстанда лизингтік нарық жұмыс істейді және
лизингтік индустрия дамудың әлі бірінші кезеңінде, яғни лизингке алушы
келісім- шарт мерзімі аяқталғаннан кейін лизинг объектілерін қалдық құны
бойынша сатып алатын және келісім-шартта көрсетілген мәмілелер оның күші
бар мерзім аралығында өзгеріссіз қалатын қаржылық лизингтің даму кезеңінде
деген қорытынды шығаруға болады. Сонымен бірге, кез- келген саланың соның
ішінде лизингтік саланың да дамуы экономиканың жалпы жағдайымен, нарықтық
инфрақұрылымның дамуымен және заңнамалық базамен анықталатындығы белгілі.
Ал ҚР-да қазіргі кезде жұмыс жасап жатқан лизингтік компаниялар бірлесе
отырып белгілі-бір жобаларды ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Лизинг мәні мен мазмұны
Қазақстан Республикасындағы лизинг операциясы
Лизинг операциясы техникасы
Қазақстан Республикасындағы аграрлық салада қызмет атқарып жатқан «Қазагроқаржы» АҚ лизингтік қызмет көрсету нарығындағы қызметі
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің лизингтік операциялары
Лизинг түсінігі және артықшылықтары мен кемшіліктері
«Казагрофинанс» акционерлік қоғамының қаржы лизингін талдау
Қазақстандағы лизингтік операциялардың ерекшеліктерін көрсету
Коммерциялық банктердің лизингтік операцияларының теорилық негізі
Негізгі құралдардың есебінің аудиті
Пәндер