Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 39 бет
Таңдаулыға:   
Азаматтық құқық (ерекше бөлімі ) пәні электрондық лекция

Дайындаған: Салыбек Назира Мұратқызы

І Тақырып:
Сатып алу-сату шарты

Жоспар:
1.Сатып алу-сату шартының түсінігі және ерекшеліктері.
2.Сатып алу-сату шартының субъектілері және олардың құқықтары мен міндеттері. Сатып алу-сату шартының объектілері.
3.Сатып алу-сату шартының түрлерінің жалпы сипаттамасы. Сатып-алу сату шарты бойынша меншік құқығының пайда болуы. Эвикция.
4. Сатып алу-сату шартын орындау және тараптардың бұзушылығына жауапкершілік.
5. Бөлшектеп сатып-алу сату шартының құқықтық реттелуінің ерешеліктері.
6. Тауар жеткізілімі шарты.
7. Меншікті сатып алу-сату шартының ерекшеліктері.
8. Келісім шарт жасасу шарты.
9. Энергиямен жабдықтау шарты.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:
Сатып алу-сату шарты бұл - мүлікті ақылы беруді қамтамасыз ететін шарттардың бір түрі. Әрекет етуші азаматтық-құқықтық нормалар оның бірнеше түрін реттейді, олардың әрқайсысының ерекшелігі, олар қолданылатын салаларының ерешелігіне байланысты. Қазіргі кезде оның түрлі қолданыс табатынын айта кететін жөн. Жеке кәсіпкерлер, жеке және мемлекеттік кәсіпкерлер арасындағы дәстүрлі тауар айырбастаумен қатар, олармен мемлекеттің мұқтажы үшін тауар сатып алу да қамтамасық етіледі. Әрбір шарт арнайы субъект құрамымен, оны жасасу тәртібімен және өзге қырларымен ерекшеленеді. Тауар жеткізілімі шартында және сатып алу-сату шартының өзге де түрлерінде, егер біз оларды сатып алу-сату шартының жалпы ережелерімен салыстыратын болсақ ерекшеліктер байқалады. Дегенмен, ол өзінің алуан түрлігіне қарамастан, азаматтық-құқықтық шарттардың ең тұрақты түрлерінің бірі болып табылады. Бұл шарттың жалпы ережелері ұзақ даму жолынан өткен және олардың тек өмірге сәйкес келетіндері ғана сұрыпталған.
Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 406-бабына сәйкес: Сатып алу-сату шарты бойынша бiр тарап (сатушы) мүлiктi (тауарды) екiншi тараптың (сатып алушының) меншiгiне, шаруашылық жүргiзуiне немесе жедел басқаруына беруге мiндеттенедi, ал сатып алушы бұл мүлiктi (тауарды) қабылдауға және ол үшiн белгiлi бiр ақша сомасын (бағасын) төлеуге мiндеттенедi. Мұндай анықтама қатысушылардың қатарын толық қамтуға мүмкіндік береді. Оған азаматтар және заңды тұлғалардан басқа мемлекет және субъект ретінде әкімшілік аумақтық бірлестіктер қатыса алады.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1.Сатып алу-сату шартының түсінігі және ерекшеліктері.
2.Сатып алу-сату шартының субъектілері және олардың құқықтары мен міндеттері. Сатып алу-сату шартының объектілері.
3.Сатып алу-сату шартының түрлерінің жалпы сипаттамасы. Сатып-алу сату шарты бойынша меншік құқығының пайда болуы. Эвикция.
4. Сатып алу-сату шартын орындау және тараптардың бұзушылығына жауапкершілік.
5. Бөлшектеп сатып-алу сату шартының құқықтық реттелуінің ерешеліктері.
6. Тауар жеткізілімі шарты.
7. Меншікті сатып алу-сату шартының ерекшеліктері.
8. Келісім шарт жасасу шарты.
9. Энергиямен жабдықтау шарты.

ІІ Тақырып:
Айырбастау мен сыйға тарту шарттары

Жоспар:
1. Айырбастау шарты: түсінігі және оның сабақтас келісімдерден айырмашылығы.
2. Айырбастау шартының бағасы. Шарттың орындалуы.
3. Сыйға тарту шарты: түсінігі, мазмұны және нысаны.
4. Сыйға тартуға тыйым салу, шектеу және күшін жою
5. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту
6. Сыйға тартуға уәде беру кезiндегi құқық мирасқорлығы
7. Қайырымдылық: түсінігі, субъектілері, ерекшеліктері.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Айырбастау шарты: түсінігі және оның сабақтас келісімдерден айырмашылығы.
2. Айырбастау шартының бағасы. Шарттың орындалуы.
3. Сыйға тарту шарты: түсінігі, мазмұны және нысаны.
4. Сыйға тартуға тыйым салу, шектеу және күшін жою
5. Сыйға тарту шартын орындаудан бас тарту
6. Сыйға тартуға уәде беру кезiндегi құқық мирасқорлығы
7. Қайырымдылық: түсінігі, субъектілері, ерекшеліктері.

ІІІ Тақырып:
Рента және өмір бойы асырауында ұстау

Жоспар:
1. Рента шартының түсінігі мен мазмұны. Рентаның нысаны. Рентаның түрлері. Рентаны төлеуді қамтамасыз ету.
2. Тұрақты рента: алушы, нысаны, мөлшері мен мерзімі. Тұрақты рентаны сатып алу.
3. Ғұмырлық рента: алушы, мөлшері, төлеу мерзімі.
4. Ғұмырлық рента шартын бұзу.
5. Өмiр бойы асырауда ұстау. Шарттың түсінігі мен мазмұны.
6. Өмір бойы асырауда ұстауды тоқтату.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Рента шартының түсінігі мен мазмұны. Рентаның нысаны. Рентаның түрлері. Рентаны төлеуді қамтамасыз ету.
2. Тұрақты рента: алушы, нысаны, мөлшері мен мерзімі. Тұрақты рентаны сатып алу.
3. Ғұмырлық рента: алушы, мөлшері, төлеу мерзімі.
4. Ғұмырлық рента шартын бұзу.
5. Өмiр бойы асырауда ұстау. Шарттың түсінігі мен мазмұны.
6. Өмір бойы асырауда ұстауды тоқтату.

IV Тақырыбы: Мүлікті жалдау шарты аренда.

Жоспар:
1. Мүлікті пайдалануға беру міндеттемелерінің ерекшеліктері.
2. Мүлікті жалдау шартының түсінігі.
3. Келісім шарттың жақтары мен объектілері.
4. Келісім шарттың нысаны мен мерзімдері.
5. Мүлікті жалдау шартының төлемі.
6. Лизинг шарты: түсінігі, талаптары мен ерекшеліктері. Сатушының жауапкершілігі. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі.
7. Кәсіпорынды жалдау шарты: түсінігі мен нысаны. Кәсіпорынды жалдау кезінде кредит берушілердің құқықтары.
8. Үйлер мен ғимараттарды жалдау: түсінігі мен ерекшеліктері. Шарттың талаптары. Шарттың нысандары.
9. Көлік құралдарын жалдау шарты: түсінігі мен ерекшеліктері. Шарттардың нысаны. Көлік құралдарын жалдау шартындағы жақтардың міндеттемелері.
10. Прокат шарты: түсінігі, нысаны, мерзімі.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Мүлікті пайдалануға беру міндеттемелерінің ерекшеліктері.
2. Мүлікті жалдау шартының түсінігі.
3. Келісім шарттың жақтары мен объектілері.
4. Келісім шарттың нысаны мен мерзімдері.
5. Мүлікті жалдау шартының төлемі.
6. Лизинг шарты: түсінігі, талаптары мен ерекшеліктері. Сатушының жауапкершілігі. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе бүліну қаупі.
7. Кәсіпорынды жалдау шарты: түсінігі мен нысаны. Кәсіпорынды жалдау кезінде кредит берушілердің құқықтары.
8. Үйлер мен ғимараттарды жалдау: түсінігі мен ерекшеліктері. Шарттың талаптары. Шарттың нысандары.
9. Көлік құралдарын жалдау шарты: түсінігі мен ерекшеліктері. Шарттардың нысаны. Көлік құралдарын жалдау шартындағы жақтардың міндеттемелері.
10. Прокат шарты: түсінігі, нысаны, мерзімі.

V Тақырып: Тұрғын үй-жайды пайдалану. Тұрғын үй-жайға азаматтардың меншік құқығы туралы жалпы ережелері.

Жоспар:
1. Тұрғын үй-жайға ҚР-сы азаматтардың құқықтарының жүзеге асырылуы.
2. Тұрғын үй-жайдың заңнамасы. Тұрғын үй-жай қорлардың түрлері.
3. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты.
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Негізгі мазмұны:
Тұрғын үймен қамтамасыз ету қазіргі кезеңде әлеуметтік мәселелерінің бірі болып табылады және соған орай белгілі бір саясатты жасап шығармау мүмкін емес. Әрине, ол оны бірден шешпейді, бірақ бірте-бір азаматтарды үймен неғұрлым тиімді түрде қамтамасыз етуге қол жеткізе отырып, бұл осы мәселені бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Тұрғын үй қатынастары аясында жүргізілетін саясаттың мазмұнын жалпылама түрде анықтайтын Қазақстан Республикасының Конституциясы тұрғын үй қатынастарына тиісті түрде ықпал етеді.
Азаматтардың тұрғын үймен қамтамасыз етілу жағдайын жақсартуға бірқатар шаралар арқылы қол жеткізу көзделген болатын. Олар: 1) тұрғын үй құрылысы процесінде қатысатын азаматтар мен заңды тұлғалар үшін жеңілдіктер жүйесін құру; 2) қолда бар тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз ету, тұрғын үйді пайдалану мерзімін ұзарту; 3) кезекке тұрушылардың тұрғын үйге деген құқықтарын сақтауға қатысты тұрғын үй саясатының сабақтастығын сақтау. Қажетті сатып алушылық қабілеттілігінің болмауы, әрине, көптеген қатардағы азаматтарға тұрғын үйді өз қаражаттарының есебінен мүмкіндік бермес еді. Сондықтан оны алуды қаржыландырудың белігілі бір жүйесін құру көзделді. Бұл орайда, тәжірибелік тұрғыдан алғанда, ең маңыздысы болып ипотекалық несиелеу жүйесі табылады. Ол туралы алғаш рет ресми мәлімденген болатын. Оған дейін мемлекет, сондай-ақ тұрғын үй алуды несиелеудің басқа да тәсілдерін енгізуге талпынған еді, бірақ олар нарық жағдайларына сәйкес келмеді.
Тұрғын үйлерді пайдалану бойынша шарттық қатынастар жалпы түрде реттелетін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен қатар, тұрғын үй құқықтық қатынастары арнайы заңдармен де ретттеледі. Тұрғын үй қатынастарын кешенді түрде реттейтін заңды акт болып Тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының 16 сәуір 1997 жылғы заңы болып табылады. Тұрғын үй қатынастарының қазіргі жай-күйінде қол жеткізуде аса зор маңызға Қазақстан Республикасы Президентінің 5 сәуір 1994 жылғы Азаматтардың тұрғын үйге деген құқығын қамтамасыз ету туралы Жарлығы ие болды, бұл жарлық қазіргі уақытта да әрекет етуде.
Тұрғын үй қорын пайдалану мәселелері ҚР Үкіметінің 27 мамыр 1990 жылғы Пәтер иелерінің тұтынушы кооперативтерін және тұрғын үйлердегі тұрғын емес үй-жайларды дамыту бойынша шаралар туралы қаулысында, ҚР Үкіметінің 17 сәуір 1997 жылғы Пәтерлердің меншік иелерінің тұтынушы кооперативінің қызметін қолдау жөніндегі шаралар туралы қаулысында, ҚР Үкіметінің 17 сәуір 1996 жылғы қаулысымен бекітілген Аз қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын үйді күтіп ұстауға және тұрғын үй коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге тұрғын үй жәрдем ақыларын беру туралы уақытша ережеде көрініс тапқан.
Меншік құқығы негізінде тұрғын үйді иеленбейтін адамдармен тұрғын үй жайларды пайдалануды тікелей көздейтін негізгі құқықтық нысан болып тұрғын үйді жалдау шарты табылады. Тұрғын үй жалдау шартына мүлікті жалдаудың бірқатар ортақ белгілері тән, бірақ ол тікелей тұрғын үй заңнамасымен де реттеледі.
Сонымен тұрғын үйді жалдау шарты консенсуалды, ақылы және екі жақты шарт ретінде жасалады.
Заңнамада тұрғын үйді жалдау шартының негізгі екі түрі нақты ажыратылған: а) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты; ә) жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты.
Жеке тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау. Меншік иесі (меншіктің жеке нысанына негізделген жеке немесе заңды тұлға) өзі тұратын тұрғын үйді, не негізгі мақсаты жалға алушыларға тұрақты немесе уақытүша тұру үшін берілу болып табылатын тұрғын үйді жалға беруге құқылы.
Жалға беруші жалға алушының пайдалануына шарт және тұрғын үй заңнамасының талаптарына сәйкес келетін тұрғын үй-жайды беруге міндетті тұрғын үйді күтіп ұстау тәртібі тікелей шартпен анықталады.
Жалға алушы тұрғын үйді өзінің тұруы үшін және өз отбасының мүшелері тұруы үшін пайдалануға құқылы. Шартпен жалға алушының тұрғын үйді тек жеке өзінің тұруы үшін пайдалатындығы тікелей көзделуі мүмкін.
Егер жалға алу шартында өзгеше көзделмесе, жалға алушы жалға алынған үй-жайға қосымша жалдаушыларды және уақытша тұрғындарды қоныстандыруға құқылы.
Жалға алушының негізгі міндеттері шартпен көзделген мөлшермен мерзімдерде тұрғын үйді жалға алғаны үшін ақы төлеуден көрініс табады. Жалға алушы тұрғын үй-жайды мақсатына сай пайдалануға және оның бүлінуіне жол бермеуге, оны бұзбауға міндетті.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаж, осы елді мекенде тұрақты тұратын (тұру мерзіміне қарамастан) және халықтың әлеуметтік жағынан қорғалатын табысы аз топтарына жататын Қазақстан Республикасы азаматтарының пайдалануына береді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй, сондай-ақ, тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге және сайланбалы мемлекеттік қызмет атқаратын адамдарға беріледі. Оларға берілетін тұрғын үй қызметтік тұрғын үйге теңестіріледі.
Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілуі мүмкін азаматтарды есепке алу тұрғылықты жері бойынша жергілікті органдарда жүзеге асырылады. Есепке әлеуметтік жағынан қорғалмаған азаматтар немесе тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың жұмысшылары, әскери қызметшілер мен сайланбалы мемлекеттік лауазымдарда отырған тұлғалар алынады.
Есепке алу үшін қажетті құжаттардың тізбесі мен нысанасын ҚР Үкіметі бекітеді.
Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты бұзылады, ал жалға алушы басқа жақсы жабдықталған тұрғын үй беріле отырып шығарылады, егер:
пәтер-үй орналасқан тұрғын үй (тұрғын ғимарат) мемлекеттік қажеттіліктер үшін учаскесі тартып алынуға (сатып алынуға) байланысты бұзылуға жататын болса;
тұрғын үй онда одан әрі тұруға жарамсыздығына байланысты тұрғын емес ғимаратқа қайта жабдықталуға жататын болса;
тұрғын үй опырылып құлау (қирау) қаупі төніп тұрса;
тұрғын үйді жалдау шарты, тұлғалардың құқыққа қайшы әрекеттері салдарынан тұрғын үй алуынан басқа негіздер бойынша жарамсыз деп танылса;
тұрғын үйді күрделі жөндеуден өткізу нәтижесінде тұру жағдайлары түпкілікті өзгерсе.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Тұрғын үй-жайға ҚР-сы азаматтардың құқықтарының жүзеге асырылуы.
2. Тұрғын үй-жайдың заңнамасы. Тұрғын үй-жай қорлардың түрлері.
3. Жекеше тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты.
4. Мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үйді жалдау шарты.

VI Тақырып: Мүлікті тегін пайдалану (ссуда).

Жоспар:
1. Мүлікті тегін пайдалану шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
2. Мүлікті тегін пайдалану шартының жақтары олардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі.
3. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі.
4. Шартты мерзімінен бұрын бұзу
5. Шарттан бас тарту.
6. Шарттағы тараптардың өзгерілуі.
7. Шартты тоқтату.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:
Мүлiктi тегiн пайдалану шарты (несие шарты) бойынша бiр тарап (несие берушi) екiншi тарапқа (несие алушыға) мүлiктi тегiн уақытша пайдалануға бередi, ал соңғысы мүлiктi қалыпты тозуын ескере отырып, қандай күйде алса, сондай күйде немесе шартта ескертілген күйде қайтаруға мiндеттенедi.
Шартта қатысушы тұлғалар болып несие берушi және несие алушы қатысады. Несие беруші және несие алушы болып кез-келген азаматтық құқықтағы субъектілер қатыса алады.
Несие берушi мүлiктi тегiн пайдалану шартының талаптары мен мүлiкті мақсатына сай келетiн күйде беруге мiндеттi.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, мүлiк тегiн пайдалануға оның барлық керек-жарақтарымен және оған қатысты құжаттармен (мүлiктiң жиынтығтылығын, қауiпсiздiгiн, сапасын, пайдалану тәртiбiн куәландыратын және т.б. құжаттармен) қоса берiледi.
Егер мұндай керек-жарақтар мен құжаттар берiлмесе, алайда оларсыз мүлiктi мақсаты бойынша пайдалану мүмкiн болмаса не оны пайдалану несие алушы үшiн едәуiр дәрежеде құнын жойса, соңғысы сондай керек-жарақтар мен құжаттар берудi немесе шартты бұзуды және өзiне келтiрiлген нақты зиянды өтеудi талап етуге құқылы (Азаматтық Кодексінің 606-шы бабы).
Мүлікті тегін пайдалануға берген несие беруші мүлікті беру кезінде қасақана немесе өрескел абайсыздықпен айтпай қалған осы мүлiк кемшiлiктерi үшін, егер бұл орайда несие алушыға нақты зиян келсе, жауапты болады.
Несие алушының талаптары туралы немесе оның мүлiктiң кемшiлiктерiн несие берушiнiң есебiнен жою ниетi туралы хабарландырылған несие берушi ақаулы затты тиiстi күйдегi соған ұқсас басқа затпен дереу ауыстыра алады.
Несие берушi мүлiктiң шарт жасаған кезде өзi айтқан кемшiлiктерi үшiн немесе несие алушыға алдын ала белгiлi болған не несие алушы шарт жасаған кезде немесе затты берген кезде мүлiктi қараған немесе оның дұрыстығын тексерген уақытта табылған кемшiлiктер үшiн жауап бермейдi (Азаматтық Кодексінің 607-ші бабы).
Мүлiктi тегiн пайдалануға беру бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтарын өзгертуге немесе тоқтатуға негiз болмайды.
Тегiн пайдалану шартын жасаған кезде несие берушi несие алушыға бұл мүлiкке үшiншi тұлғалардың барлық құқықтары (сервитут, кепіл құқығы және т.б) туралы ескертуге міндетті. Бұл міндетті орындамау несие алушыға шартты бұзуды және өзi шеккен нақты зиянды өтеудi талап ету құқығын бередi Азаматтық Кодексінің 608-шы бабы).
Егер мүлiк оны несие алушы, тегiн пайдалану шартына немесе мүлiктi мақсатына сай пайдаланбағандықтан жойылса немесе бүлiнсе не оны несие берушiнiң келiсiмiнсiз үшiншi тұлғаға берсе, ол тегін пайдалануға алған мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүлiну қаупiн өз мойнына алады.
Егер несие алушы нақты мән-жайларды ескере отырып, өз мүлкiн құрбан етiп, мүлiктiң жойылуына немесе бүлiнуiне жол берiлмеуi мүмкiн болып, бiрақ өз мүлкiн сақтап қалуды жөн көрсе, ол мүлiктiң кездейсоқ жойылу немесе бүлiну қаупiн де мойнына алады (Азаматтық Кодексінің 610-шы бабы).
1. Несие берушi тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды несие алушы:
1. мүлiктi шартқа немесе мақсатына сәйкес пайдаланбаған;
2.мүлiктi дұрыс күйiнде сақтау немесе оны ұстап-тұту жөнiндегi мiндеттерiн орындамаған;
3.мүлiктiң жай-күйiне елеулі түрде нашарлатқан;
4.несие берушiнің келiсiмiнсiз мүлiктi үшiншi тұлғаға берген
жағдайларда талап етуге құқылы.
2.Несие алушы:
1.мүлiктi қалыпты пайдалануды мүмкiн етпейтiн немесе ауырлататын кемшiлiктерiн тапқан кезде, олардың бар екенi туралы шарт жасасу кезiнде бiлмеген және бiлуі мүмкiн болмаса;
2.егер мүлiк ол жауап бермейтiн мән-жайларға байланысты пайдалануға жарамсыз күйде болса;
3.егер шартты жасау кезiнде несие берушi оған берiлген мүлiкке үшiншi тұлғалардың құқықтары туралы ескертпесе;
4.несие берушi мүлiктi беру не оның керек-жарақтары мен оған қатысты құжаттарды беру мiндетiн орындамаса, тегiн пайдалану шартын мерзiмiнен бұрын бұзуды талап етуге құқылы (Азаматтық Кодексінің 612-ші бабы).

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Мүлікті тегін пайдалану шартының түсінігі мен ерекшеліктері.
2. Мүлікті тегін пайдалану шартының жақтары олардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі.
3. Мүліктің кездейсоқ жойылу немесе кездейсоқ бүліну қаупі.
4. Шартты мерзімінен бұрын бұзу
5. Шарттан бас тарту.
6. Шарттағы тараптардың өзгерілуі.
7. Шартты тоқтату.

VІI Тақырып: Мердігерлік шарты

Жоспар:
1. Жұмысты орындау бойынша міндеттемелерінің ерекшеліктері. Жұмысты орындау бойынша шарттардың түрлері.
2. Мердігер шарты: түсінігі, нысаны. Жұмыстың орындау мерзімі мен төлемдері.
3. Тұрмыстық мердігерліктің шартты: түсінігі мен мазмұны. Шарттың нысаны. Жұмыстың бағасы мен төлемі.
4. Құрылыстық мердігерлігінің ерекшеліктері.
5. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.
6. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Жұмысты орындау бойынша міндеттемелерінің ерекшеліктері. Жұмысты орындау бойынша шарттардың түрлері.
2. Мердігер шарты: түсінігі, нысаны. Жұмыстың орындау мерзімі мен төлемдері.
3. Тұрмыстық мердігерліктің шартты: түсінігі мен мазмұны. Шарттың нысаны. Жұмыстың бағасы мен төлемі.
4. Құрылыстық мердігерлігінің ерекшеліктері.
5. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерліктің ерекшеліктері.
6. Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерліктің ерекшеліктері.

VIII Тақырыбы: Өтемелі қызмет көрсету.

Жоспар:
1. Өтелмелі қызмет көрсету міндеттемесінің түсінігі.
2. Өтелмелі қызмет көрсетудің шартты: түсінігі мен түрлері.
3. Шартты орындау. Көрсетілген қызмет үшін төлем.
4. Өтелмелі қызмет көрсету шартын орындаудан біржақты бас тарту.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:
Қазіргі кезеңде өтелмелі қызмет көрсетуді құқықтық реттеу туралы айтқанда, заңнамада жалпы нормалардың пайда болғанына қарамастан, әлі күнге дейін қызметтердің жекелеген түрлерін көрсетуге қатысты заңға сәйкес нормативтік актілердің жетіспейтіндігін атап өте қажет. Жалпы қайсыбір сфереларда жекелеген тұтынушылармен қызмет көрсету шарттарын енгізу тәжірибесі де қалыптасқан жоқ. Объективті құқық деңгейінде реттеудің болмауы осындай шарттарға деген қажеттілікті елеулі түрде арттырады.
Азаматтар мен заңды тұлғалардың кәсіпкерлік бастамаларының дамуы бұрын соңды белгілі болмаған жаңа қызметкерлерінің пайда болуына алып келуі мүмкін және бастапқы кезеңде олар өтелмелі қызмет көрсету туралы жалпы ережелерге сүйене отырып реттелетін болады.
Өтелмелі қызмет көрсетудің шартты бойынша орындаушы тапсырмашысының тапсырмасы бойынша қызмет көрсетуге (белгілі бір іс әрекет жасауға немесе белгілі бір қызметті жүзеге асыруға) міндеттенеді, ал тапсырысшысы бұл қызмет көрсетуге ақы төлеуге міндеттенеді.
Өтелмелі қызмет көрсетудің шарттының түрлері Азаматтық Кодексінің 683 бабының 2-ші бөлігінде атап көрссетілген: медициналық, мал дәрігерлік, аудиторлық, консультациялық, ақраттық қызмет көрсетуге, оқыту бойынша көрсетілген қызметтерге, туристік қызмет көрсетуге және өзге де қызмет көрсетулер жатқызамыз.
Өтелмелі қызмет көрсетудің шартты оның субъектілеріне, бағасына қарай жазбаша нысанда бекітілуге тиіс, не ауызша нысанда бекітілуі мүмкін.
Тапсырысшы өзіне көрсетілген қызметтерге өтелмелі қызмет көрсету шартында көрсетілген мерзім мен тәртіпте ақы төлеуге міндетті.
Тапсырысшысының кінәсінен орындау мүмкін болмаған жағдайда, егер заң актілерінде немесе өтелмелі қызмет көрсету шартында өзгеше көзделмесе, көрсетілген қызметке ақы толық көлемінде төленуге жатады.
Орындаудың мүмкін болмауы тараптардың ешқайсысы жауап бермейтін мән-жайлар бойынша туындаған жағдайда, егер актілерде немесе шартта өзгеше көзделмесе, тапсырысшысы атқарушыға оның іс жүзінде шыққан шығындарды өтейді (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 685-ші бабы).
Тапсырысшысы атқарушының іс жүзінде шеккен шығыстарын өтеген жағдайда өтелмелі қызмет көрсету шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
Тапсырысшысының кінәсінен болған жағдайды қоспағанда, атқарушы өтелмелі қызмет көрсету шарты бойынша міндеттемелерді орындаудан тапсырысшыға шартты бұзудан келтірілген залалды толық өтегенде ғана бас тартуға құқылы (Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 686-шы бабы).

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Өтелмелі қызмет көрсету міндеттемесінің түсінігі.
2. Өтелмелі қызмет көрсетудің шартты: түсінігі мен түрлері.
3. Шартты орындау. Көрсетілген қызмет үшін төлем.
4. Өтелмелі қызмет көрсету шартын орындаудан біржақты бас тарту.

IX Тақырып: Тасымалдау шарты

Жоспар:
1. Тасымалдаудың түрлері мен олардың құқықтық реттелуі.
2. Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі. Тасымалдаудың түрлері.
3. Жүкті тасымалдау шарты: түсінігі мен мазмұны.
4. Жеке транспорттық түрлерінің тасымалдау ерекшеліктері: әуе тасымалдауы, темір жол тасымалдауы, автомобильдік тасымалдау, су тасымалдаулары.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
Негізгі мазмұны:
Әрекет етуші заңнамамен көлік шарттарының төмендегідей түрлері белгіленген: а) жүкті тасымалдау шарты; ә) жолаушыны (және қол жүгін) тасымалдау шарты; б) кеме жалдау (чартер) шарты; в) тасымалдауды ұйымдастыру туралы шарттар; г) көлік ұймдары арасындағы шарттар; д) жалпы пайдалыныстағы көлікпен тасымалдау шарты; ж) көлік экспедициясы шарты.
Қазақстан Республикасының көлігі-бұл оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электрлік көліктер. Оның бір түріне магистральды құбыр көлігі де жатқызылады. Көліктің аталған түрлері Қазақстан Республикасының көлік жүйесін құрайды.
Тасымалдау мен өзге де көлік шарттарының жалпы ережелері тікелей Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексімен анықталады, онда оларға 14 пен 35 тараулар (668-714-баптар) арналған. Алайда басқа да заңдық және нормативтік актілердің маңызы аса зор. Бұл тасымалдауды жүзеге асыру процесінде көлік қатынастарының барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын қауіпсіздік бойынша және басқа да технологиялық сипаттары көп мөлшердегі арнайы талаптардың сақталуға тиістігімен байланысты.
Тасымалдау шартына тән ерекше белгілер жүктерді тасымалдау шартында неғұрлым айқын көрінеді. Өзінің құқықтық табиғаты жағынан ол реалды шарт болып табылады, тасымалдаушы өзіне сеніп тапсырылған жүкті белгіленген мекенге жеткізуге міндеттенеді. Осылайша, тасымалдау шартын бекіту тараптардан, тасымалдау шартының алғышарттары ретінде бағалауға болатын, белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруды талап етеді. Кейбір жағдайларда тасымалдауға мүдделі жүк жөнелтуші мәлімдеме (тапсырыс) жасайды.
Тасымалдау шарты - екі жақты және ақылы шарт, оның бұл сипаттамалары оның элементтерін, соның ішінде ерекше тұрғын жүктерді тасымалдау шартының мазмұнын, одан әрі қарастыру кезінде көрінетін болатын.
Жүктерді тасымалдау шартының бір тарабы болып тасымалдаушы-заңды немесе жеке тұлға табылады. Тасымалдаушы - заңды тұлға ретінде негізінен (мамандандырылған) көлік кәсіпорыны болады, оның орнында басқа да ұйымдар болуы мүмкін. Көлік кәсіпорындары жүктерді жолаушыларды тасымалдау бойынша көлік құралдарын сақтау, оларға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізу бойынша шаруашылық коммерциялық қызметпен айналысады.
Жүк алушы жеке немесе заңды тұлға болады.
Тасымалдау шартының пәні болып тасымалдаушы көрсететін қызмет табылады.
Жүктерді жолаушылар мен көтерме жүкті тасымалдағаны үшін тараптардың келісімімен белгіленетін тасымалдау ақысы төленеді. Автомобиль, әуе, су көліктерімен тасымалдау кезінде еркін шарттық баға қолданылады. Тасымалдаушылар бұл жағдайда өздерінің бағалары мен тарифтерін басшылыққа алады.
Жүкті тасымалдау шарты бойынша бір тарап (тасымалдаушы) өзіне басқа тараптың (жүк жөнелтушінің) сеніп тапсырған жүгін белгіленген мекенге жеткізуге және жүкті алуға уәкілетті адамға (алушыға) оны беруге міндеттенеді, ал жүк жөнелтуші жүкті тасымалдағаны үшін шартқа немесе тарифке сәйкес ақы төлеуге міндеттенеді. Жүкті тасымалдау шарты көліктік құжатын, конасаментті, тауар-көлік құжатын немесе жүк тасымалдаудың көлік туралы заң актілерінде көзделген өзге құжатын толтыру арқылы ресімделеді.

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Тасымалдаудың түрлері мен олардың құқықтық реттелуі.
2. Тасымалдау шарттың түсінігі мен жүйесі. Тасымалдаудың түрлері.
3. Жүкті тасымалдау шарты: түсінігі мен мазмұны.
4. Жеке транспорттық түрлерінің тасымалдау ерекшеліктері: әуе тасымалдауы, темір жол тасымалдауы, автомобильдік тасымалдау, су тасымалдаулары.

Х Тақырыбы: Көлік экспедициясы.

Жоспар:
1. Көлік экспедициясының шарты: түсінігі мен нысаны.
2. Экспедитордың жауапкершілігі.
3. Көлік экспедициясы шартын орындаудан біржақты бас тарту.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:
Көлік экспедициясы шарты бойынша бір тарап (экспедиттер) сыйақы үшін басқа тараптың (клиенттің жүк жөнелтушінің немесе алушының) есебінен жүкті тасымалдауға байланысты экспедиция шартында белгіленген қызмет көрсетулерді орындауға немесе орындауды ұйымдастыруға, оның ішінде клиенттің атынан немес өзі атынан жүкті тасымалдау шартын (шарттарын) жасауға міндеттенеді.
Көлік экспедиция шарты жазбаша нысанда бекітілуге тиіс. Заңнамада көлік экспедициясы шартында, құжаттағыдай болуға тиіс, міндетті реквезиттерге талаптар қою көзделмеген. Талап етілетін жазбаша нысанды сақтамау салдарлары да арнайы көрсетілмеген. Осыдан көліктік-экспедициялық қызмет көрсетуге, кейбір жағдайларда, жазбаша шарттар бекітілмеуі де мүмкін деген қорытынды жасауға болады.
Көлік экспедициясы шарты-консенсуалды, екі жақты және ақылы шарт. Көлік экспедициясы шартының субъектілері болып бір жағынан - экспедитор және екінші жағынан - клиент табылады. Орын алып отырған шарттық қатынастар еркіндігі заңды және жеке тұлғаларға шартың екі тарабынан да көрінуге мүмкіндік береді.
Тараптардың құқықтары мен міндеттері. Кез келген өзге шарттық міндеттемеге сәйкес сияқты борышқор, осы тұстағы экспедитор, экспедициялық қызмет көрсетулер бойынша өзіне жүктелген міндеттемелерді тиісті түрде орындауға міндетті. Клиент өзіне көрсетілген қызметтерге ақы төлеу және шартпен сондай-ақ, тікелей заңнама нормаларымен көзделген өзге де міндеттерге қатысты экспедитор алдында борышқор болып табылады.
Экспедитор тасымалдау шартын клиенттік нұсқауларына сәйкес бекітуге тиіс. Жүк жөнелтушінің келісімімен экспедитор жөнелтушінің мүддесін, тарифтер деңгейін және жеткізу мерзімдерін ескере отырып, жөнелтушінің жүгін көліктің қай түрімен тасымалдауды өзі белгілей алады.
Экспедитор тасымалдау шартын тиісті түрде бекіту алу үшін жүк жөнелтуші (алушы) экспедиторға жүктің қасиеттері, оны тасымалдау жағдайлары туралы құжаттар мен өзге де аппаратты, сондай-ақ экспедитордың өз міндеттерін орындауына қажет өзге де ақпаратты беруге міндетті.
Экспедитор жүк жөнелтушіге (алушыға) ақпараттың анықталған кемшіліктері туралы хабарлауға, ал ақпарат толық болмаған жағдайда, жүк жөнелтушіден (алушыдан) қажетті қосымша деректерді сұрауға тиіс.
Егер жүк жөнелтуші (алушы) қажетті ақпаратты бермесе экспедитор осындай ақпарат берілгенге дейін өзінің тиісті міндеттерін атқаруға кіріспеуге құқылы.
Егер экспедиция шартынан экспедитордың өз міндеттерін жеке өзінің атқару міндеті туындамаса, экспедитор өз міндеттерін орындауға басқа тұлғаларды тартуға құқылы. Міндеттеменің орындалуын үшінші тұлғаға жүктеу экспедиторды шарттың орындалуы үшін клиенттің алдындағы жауаптылықтан босатпайды.
Экспедиция шарты жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны немесе тиiстi дәрежеде орындамағаны үшiн экспедитор Азаматтық кодексінің 20-тарауындағы ережелерге сәйкес белгiленген негiздер мен мөлшер бойынша жауапты болады. Егер экспедитор мiндеттi бұзу тасымалдау шарттарының тиiстi дәрежеде орындалмауынан пайда болғанын дәлелдесе, экспедитордың жүк жөнелтушi (алушы) алдындағы жауаптылығы да экспедитордың алдында тиiстi тасымалдаушы жауап беретiн ережелермен белгiленедi.
Жүк жөнелтушi (алушы) немесе экспедитор, бұл туралы басқа тарапқа қисынды мерзiмде ескерте отырып, көлiк экспедициясы шартын орындаудан бас тартуға құқылы.
Шартты орындаудан бiржақты бас тарту кезiнде бас тартуды мәлiмдеген тарап екiншi тарапқа шарттың бұзылуынан келтiрiлген залалды өтейдi (Қазақстан Республикасыны Азаматтық Кодексінің 713-ші мен 714-ші баптары).

Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Көлік экспедициясының шарты: түсінігі мен нысаны.
2. Экспедитордың жауапкершілігі.
3. Көлік экспедициясы шартын орындаудан біржақты бас тарту.

ХІ. Тақырып: Заем шарты

Жоспар:
1. Заем шартының түсінігі мен нысаны. Заем шартын жасау.
2. Заемнің жеке түрлерінің ерекшеліктері.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:
Заем шарты бойынша бір тарап (заем беруші) басқа тараптың (заемшының) меншігіне (шаруашылық жүргізуіне, оралымды басқаруына) ақша немесе тектік белгілермен айқындалған заттарды береді (беруге міндеттенеді), ал заемшы заем берушіге дәл осындай ақша сомасын немесе осы тектегі және сападағы заттардың тең мөлшерін уақытында қайтаруға міндеттенеді.
Заем шарты ҚР Азаматтық кодексінің 151, 152-шарты заемшының облигациясы, қолхаты немесе оған заем берушінің белгілі бір соманы немесе заттардың белгілі бір мөлшерін бергендігін куәландыратын өзге де құжат болған жағдайда да тиісті жазбаша нысанда жасалды деп танылады (ҚР Азаматтық кодексінің 716-бабының 2-тармағы).
Заем шартының пәні болып тектік белгілермен анықталатын ақша немесе заттар табылады. Мүліктік құқықтар заем шартының нысанасы бола алмайды.
Заем шарты егер Азаматтық кодексте өзгеше көзделмесе, ақша немесе заттар берілген күннен бастап жасалды деп есептеледі. Шартта ақшаны немесе заттарды бөлшектеп (бөліп-бөліп) беру көзделген жағдайларда, егер шартта өзгеше көзделмесе, олардың бірінші бөлігі берілген кезден бастап шарт жасалды деп есептеледі.
ҚР Азаматтық кодексте банк заем шарты және мемлекеттік заем шарты сияқты түрлері көзделген.
Банк заем шарты бұрын банкілік ссуда (несиелік шарт) шарты деп аталатын. ҚРАК-сі бұл шартты дербес шарт түрі ретінде топтастыру талпысынан бас тартты. Банкілік заемға жалпы заем шартына қатысты ережелерде, бірақ ҚРАК-ң 228-бабында көзделген ерекшеліктерді ескере отырып қолданылады. Е.Б.Осипов орынды атап өйткендей, бұрын несиелік шарттың дербестігін жақтаған авторлар банктің бір уақытта мемлекеттік басқару органы және шаруашылық субъектісі ретіндегі ерекше рөліне сүйенген. Ал енді банктер бұл оларға көптеген арнайы талаптар қойылатынына қарамастан, кәсіпкерлік қызметтің субъектілері, бұл банк заемы шарты үшін белгіленген талаптарда ескеріледі.
Заем қатынастарының табиғаты бәрінен де бұрын реалды шарттарға бейімделгенін ескере отырып, заем шартының мәселелері қарастырылған жұмыстардың авторлары әртүрлі көзқарастар білдірілген болатын. Мәселен, Л.А. Новоселова несие шартын екі түрде- классикалық реалды заем түрінде және алдын ала шарт пен заемның элементтері бар ерекше өз алдына дербес консенсуалды шарт ретінде қарастыруды ұсынған.
Е.Б.Осипов банк өзіне белгілі бір нысанда және белгілі бір жағдайларда несие беру міндеттемесін алатын несие шарты, осы позицияның кейбір жақтастарының пікірі бойынша, заем шартына алдын ала шарт болып табылады деген позицияны ең дұрысы деп санайды.
Банк заемы шарты, жоғарыда атап өтілгендей, заем шартының бұл түрін өз алдына жеке қарастыруға себеп болатын, басқа да ерекшеліктерге ие:
заем беруші ретінде заем беруге Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің лицензиясы бар банк немесе өзге де заңды тұлға бола алады. Басқа заңды және жеке тұлғалар тек кәдімгі заем шартарын ғана жасай алады.
банк заемының пәні болып алдағы уақытта (банк заемының консенсуалды шарты) және тікелей шарт бекіту сәтінде беріле алатын ақша табылады.
банк заемы шарты жазбаша нысанда жасалуға тиіс. Банк заемы шартының жазбаша нысанасын сақтамау оның жарамсыздығына әкеп соғады.
жалпы, сыйақы (мүдде) мен комиссия ставкалары, сондай-ақ банкілік қызмет көрсеткені үшін тарифтер банктердің өздерімен дербес белгіленеді. Заемды мемлекеттік банктер берген немесе ол мемлекеттің ақша қорларының есебінен берілген жағдайларда заем берудің тәртібі мен шарттары заң актілерімен және уәкілетті мемлекеттік органдардың актілерімен реттелуі мүмкін.
банк заемы шарты бойынша заемшының міндеттемелері банктің ақшалай қарыз есебіне заттарды қабылдау жолымен тоқтатылуы мүмкін емес.
ҚРАК-ң 726-бабына сәйкес мемлекеттік заем шарты бойынша заемшы - мемлекет, ал заем беруші - азамат немесе заңды тұлға болады.
Мемлекеттік заем шарты нысаналы сипатқа ие Мемлекеттік заем алудың мақсаттары заңнамамен немесе құзыретті мемлекеттік органдармен анықталады.
Мемлекеттік заем шарты заем берушінің шығарылған мемлекеттік облигацияларды, сондай-ақ заем берушінің заемшыдан одан қарызға берілген ақшаны немесе заем талаптарына байланысты өзге де мүліктік баламаны, белгіленген сыйақыны немесе өзге де мүліктік құқықтарды (осы заемды айналымға шығару шарттарымен) шартта көзделген мерзімде алу құқығын куәландыратын басқа да мемлекеттік бағалы қағаздарды (құжаттық немесе құжаттық емес) алу жолымен жасалады.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Заем шартының түсінігі мен нысаны. Заем шартын жасау.
2. Заемнің жеке түрлерінің ерекшеліктері.

ХII. Тақырып: Ақшалай талап беріп қаржыландыру (факторинг)

Жоспар:
1. Факторинг шарты: Ақшалай талап беріп қаржыландыру шартының түсінігі, пәні мен нысаны.
2. Жақтардың жауапкершілігі.
Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі

Негізгі мазмұны:
Факторинг шарты екі түрлі қасиетке ие, оның мазмұны цессия (талап етуді беру) сияқты міндеттемедегі адамдардың ауыстырылу нысанын еске салады. Екінші жағынан, онда агенттің арнайы сипаттағы қызметтерді көрсетумен сипатталатын агентік келісімінің де элементтері бар. Факторингтің мәнісі-қаржылық немесе өзге ұйымының (фактор) тауар сатушысын сатып алу бағасын алудан босату арқылы оның жағдайын елеулі түрде жақсартуында болып табылады. Сатушы бұл кезде оның кәсіби құхырет аясымен қамтылатын функцияларды ғана атқарады, ол тауарлар мен құжаттарды жөнелтуді және т.б. жүзеге асырады.
Ақашалай талапты беріп қаржыландыру (факторинг) шарты бойынша бір тарап, қаржы агенті (фактор) ақшаны басқа тараптың, клиенттің билігіне береді немесе беруге міндеттенеді, ал клиент қаржы агентіне клиенттің (несие берушінің) осы үшінші тұлғамен (борышқормен) қатынастарынан туындайтын өзінің ақшалай талабын қаржы агентіне береді немесе беруге міндеттенеді.
Факторинг шарты екі жақты ақылы шарт.
Факторинг шарты жазбаша нысанда жасалу тиіс. Талап етуді беру нысанында қойылатын талаптар сақталуға тиіс. Бұл талап етуді беру жүзеге асатын мәміле қандай жазбаша нысанда жасалғанына қарай факторинг шартының нысаны тиісінше болуға тиіс дегенді білдіреді. Мемлекеттік тіркеуді қажет ететін мәміле бойынша талап етуді беру осы мәмілені тіркеу үшін белгіленген тәртіпте тіркелуге тиіс. Бағалы ордерлік қағаз бойынша талап ету берілген кезде клиентпен индоссамент жүзеге асырылуға тиіс.
Егер шартта өзгеше көзделмесе, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талаптың жарамсыздығы үшiн қаржы агентiнiң алдында клиент жауапты болады. Егер клиент ақшалай талапты беру құқығына ие болса және осы талапты беру кезiнде борышқордың ол талапты орындамауға құқығы болатын мән-жайлар оған белгiсiз болса, беру нысанасы болып табылатын ақшалай талап жарамды деп танылады. Егер клиент пен қаржы агентiнiң арасындағы шартта өзгеше көзделмесе, клиент қаржы агентi оны орындауды ұсынған жағдайда беру нысанасы болып табылатын талапты борышқордың орындамағаны немесе тиiстi түрде орындамағаны үшiн жауап бермейдi (ҚР-ның Азаматтық Кодексінің 732-бабы).

Тақырып бойынша бақылау сұрақтар:
1. Факторинг шарты: Ақшалай талап беріп қаржыландыру шартының түсінігі, пәні мен нысаны.
2. Жақтардың жауапкершілігі.

XIII. Тақырып: Банктік қызмет көрсету шарты

Жоспар:
1. Банктік қызмет көрсету шартының түсінігі мен түрлері.
2. Банктік құпия.
3. Банк счеттінің келісім-шарты: түсінігі, нысаны мен мазмұны.
4. Ақшаны аударудың шарты.
5. Банк салымдарының шарты: түсінігі, нысаны, мерзімі. Банк салымының түрлері.
6. Төлемдердің түрлері мен тәсілдері.

Қолданылған әдебиеттер:
1. Ғ.А. Жайлин Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы Ерекше бөлім. Том ІІ Алматы 2003 ж.
2. М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин Гражданское право Том ІІ Алматы 2002 год.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі
4. ҚР-ң ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жолаушы тасымалдау шарты
Сатып алу-сату шартының ұғымы және элементтері
Халықаралық көлік - экспедициялық қызметтің құқықтық негіздері
Халықаралық жеке құқық пәнінен дәрістер жинағы
Халықаралық дербес құқық пәнінен дәрістер
Халықаралық жеке құқық пәнінен лекция жинағы
Транспорттық-экспедиторлық қызметті ұйымдастыру
Жалға алу шарты
Азаматтық құқықтық қатынастардың түрлері
Халықаралық жеке құқық. Лекция тезистері
Пәндер