Бастауыш сыныптың оқыту - тәрбие үрдісі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының көкейкестілігі. Уақыт мектеп мұғалімдеріне жастарды
жаңа заман талаптарына сай әрі озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, өмірге
әзірлеу секілді жауапты міндеттер жүктеп отыр. Бұл міндеттерді абыроймен
орындау үшін, ұстаздар қауымы оқу-тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап,
күні бүгінге дейін іске қосылмай келе жатқан тәрбие құралдарын пайдалануы
оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін қолдануы керек екендігі маңызды және
көкейкесті мәселелердің бірі.
Жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің негізгі бағыттары мен идеялары
"Қазақстан Республикасының "Тіл туралы" Заңында, "Қазақстан Республикасының
білім туралы" Заңында, сол сияқты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым
министрлігінің "Тәлім-тәрбие тұжырымдамасы", "Этномәдениет тәрбиесі", тағы
басқа құжаттар мазмұнында айырықша атап көрсетілген[1].
Сондай оқу-тәрбие негіздерінің бірі — ұлттық ойындарымыз. Ұлттық
ойындар халық педагогикасының бір саласы болып табылады. Ол — сандаған
ұрпақтың керегіне жарап, оларды өмірге әзірлеу қажетін өтеген, сыннан өткен
сенімді тәрбие құралы. Бұл туралы көрнекті педагог В.А.Сухомлинский ойын
баланың алдынан өмір есігін ашып, оның шығармашылық қабілетін оятады дей
келіп, былай деп жазды: " Ойынсыз ақыл-ойдың қалыпты дамуы жоқ және олай
болуы мүмкін де емес. Ойын дүниеге ашылған үлкен жарық терезе іспеттес, ол
арқылы баланың рухани байлығы жасампаз өмірмен ұштасып, айналасындағы дүние
туралы түсінік алады. Ойын дегеніміз — ұшқын, білуге құмарлық пен
еліктеудің маздап жанар оты"[2].
Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі, аса көрнекті жазушы М.Әуезов:
Біздің халқымыздың өмір кешкен ұзақ жылдарында өздері қызықтаған алуан
өнері бар ғой. Ойын деген менің түсінуімше көңіл көтеру, жұрттың көзін
қуантып, көңілін шаттандыру ғана емес, ойынның өзінше бір ерекше мағыналары
болған, - деп тегіннен тегін айтпаса керек.[3] Одан кейінгі кезеңде қазақ
халқының бай этнографиялық материалдарын жинақтаған және оның ішінде ұлт
ойынының тәрбиелік маңызы туралы пікір айтқандар К.А.Покровский,
А.И.Ивановский, Н.И.Гродеков, Е.А.Алекторов, Ә.Диваев, А.Левшин,
Н.Пантусов, Ф.Лазаревский, П.П.Пашин, Г.С.Запряжский, А.Шиле, А.Харунзин,
А.Горячкин, П.Ходыров, Е.Букин, О.Әлжанов, Әлімбекова Г.т.б. болды
делінген[4].
Е.Сағындықов өз еңбегінде: Қазақтың ұлт ойындары тақырыпқа өте бай
және әр алуан болады, - дей келіп, ұлт ойындарын негізінен үш салаға бөліп
топтастырған.
Ә.Диваев Игры киргизских детей атты еңбегінде тарихта алғаш рет
қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінен бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Кезінде ұлттық ойындарды зерттеген авторлар
қатарында М.Тәнекеев, Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б.
есімдерін атауға болады.
Кеңес Одағы кезіндегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілігін
көрегендікпен қарастырған ғалым Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары
(Алматы, 1994) атты еңбегінде қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын
шарттарын жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін зерделеп, ойын білдірген[5,6].
Ойын – оқу, еңбек іс-әрекеттерімен бірге адамның өмір сүруінің маңызды
бір түрі. Оны мындай кесте арқылы суреттесек те болады:

Кесте 1

Ойын ұғымына түсінктеме берсек – бұл адамның мінез – құлқын өзі
басқарумен анықталатын қоғамдық тәжірибені қалыптастыруға арналған
жағдаяттар негізгі іс-әрекеттің бір түрі.
Бір заманда халық қиялынан туып, өз ұрпағын тәрбиелеудің ұтымды
құралына айналған ежелгі ойындар ешбір арнайы құрал-жабдықты, өткізетін
орынды талғамайды. Олар бүгінгі мектептеріміздегі тәрбие жұмысына
пайдалануға қолайлы.
Халық ойындары тек денені ғана емес, ойды жаттықтырушы да болып
табылады. Халық өзін қоршаған дүниенің қыры мен сырын егжей-тегжейлі білуді
баланың санасына ойын арқылы жастайынан сіңіре беруді көздеген .
Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-
жақты дамымақ емес .
Бұл жерде атап айтатын бір нәрсе, халық ойындарын бүгінгі
педагогикалық ілім талаптарына сай іріктеп, ретті қолдана білсек, онда ол
сабақтың сапасын көтеріп, тиімділігін арттырады, сыныптан тыс тәрбие
жұмыстарын жандандыра түседі.
Біз бұл пікірімізді көп жылғы ізденіс пен алдыңғы қатарлы
мұғалімдердің іс-тәжірибелеріне сүйеніп айтып отырмыз .
Анығын айтқанда, күні бүгінге дейін сабақ пен сыныптан тыс жұмыстар
нақтылы педагогикалық үйлестік таппай, тәрбие жұмысы оқумен тығыз ұштаспай
келеді. Ал шын мәнісінде тәрбие жұмысында үзіліс болмауы тиіс. Сыныпта
берілетін білім мен тәрбие сыныптан тыс жұмыстармен тығыз байланыста,
бірлікте болып, бірін-бірі толықтырып отыруы тиіс. Халық ойындарын
пайдаланудың дұрыс әдіс-тәсілін тапқан жерде, ол тәрбиенің басқа да
құралдарымен астаса отырып, бұл олқылықтың орнын толтырады .
Бұл жерде біз халық ойындарын тек 1-4 сыныптардың оқу-тәрбие жұмысында
пайдалану жолдарын ғана сөз етіп отырмыз . Бірақ бұдан ұлттық ойындарды
жоғары сыныптарда қолдануға болмайды деген ұғым тумайды.
Зерттеудің мақсаты: Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие
үрдісінде пайдалана отырып, жас ұрпақты дене тәрбиесіне, адамгершілікке, ар-
ұят, кішіпейілділікке, инабаттылыққа, үлкенге иба, кішіге қамқор бола
білуге тәрбиелеудің маңызын көрсету.
Зерттеудің міндеттері:
1. Оқушыларды ұлттық ойындарды пайдалана отырып тәрбиелеу туралы
ғылыми теориялық әдебиеттермен танысу, саралау.
2. Қазақ халқының көркем эстетикалық құндылықтары және ұлттық
ойындардың бала тәрбиесіндегі орны.
3. Ұлттық ойындардың қазіргі кезде қолдану аясы.
4. Оқушыларды тәрбиелеуде ұлттық ойындарды пайдалану жолдарын
қарастырып, іс жүзіне асыру.
Зерттеудің обьектісі: Бастауыш сыныптың оқыту-тәрбие үрдісі.
Зерттеу пәні: Ұлттық ойындарды бастауыш сыныптың оқу-тәрбие үрдісінде
пайдалану жолдары.
Зерттеу әдістері: Ғылыми әдебиеттерге шолу жасау, қолданылған
әдебиеттерді саралап, талдау жасау, өткізілген сабақтар.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, ұлттық ойындарды бастауыш сыныпта әр
пән бойынша жан-жақты пайдаланса, онда, осындай қолданудың нәтижесінде
оқушылардың сабақ үлгерімі жақсарып және тіл байлығы, дене қимылдары, ой-
өрісі жетілер еді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері:
1. Оқыту барысында ұлттық ойындарды пайдаланудың теориялық негіздерін
терең меңгеру, проблема бойынша ғылыми-педагогикалық зерттеулерді оқып-
үйрену және талдау педагогика теориясында ұлттық идеясының қалыптасуы мен
даму тарихына сипаттама жасауға мүмкіндік береді.
2.Оқыту процесінде ұлттық ойындарды пайдалану мұғалімнен үлкен
шеберлік пен жоғары әдістемелік даярлықты талап етеді.
3.Бастауыш сынып оқушыларымен жұмыс істеу барысында ұлттық ойындарды
әр түрлерін эстетикалық, әдістемелік және психологиялық талаптарға сәйкес
пайдалану қажет.
4.Сабақта ұлттық ойындарды тиімді және жүйелі пайдалану оқушылардың
білім, білік, дағды сапасының артуына тиімді әсер етеді. Сонымен қатар
оқушылардың сабаққа даген қызығушылығын арттырады және дұрыс қарым-
қатынасын қалыптастырады.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы: Педагогикалық іс –тәжірибені
талдау және жинақтау нәтижелері және жүргізілген зерттеу жұмысы бізге
төмендегідей ұсыныстар беруге мүмкіндік берді.
1. Ұлттық ойындарды оқу процесінде тиімді пайдалану үшін оның
педагогикалық, психологиялық және әдістемелік негіздерін білу
қажет.
2. Бастауыш сынып оқушыларын жан-жақты дамыту үшін олардың жас және
дербес психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық ойындарды
оқыту процесінде пайдаланған жөн.
3. Бастауыш сынып оқу пәндері бойынша ұлттық ойындардың жүйесін
жасау оқушылардың білім, білік, дағдысын арттыруға бағытталуы
тиіс.
4. Ұлттық ойындар жүйесін пайдалануда қазіргі таңдағы жаңа
педагогикалық технологиялардың, атап айтсақ ақпараттық
технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалану да тиімді болмақ.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Мұғалім сабақта ұлттық ойындарды пайдалану
арқылы балалардың сабаққа қызығушылығын арттырамын деп қана қарамай,
балаларға беретін танымның, білім мен тәрбиенің құнды негізі деп қараса
ғана үлкен жетістіктерге, көздеген мақсатына жете алады. Ұсынылып отырған
проблема күрделі болғандықтан, оның барлық салаларын қамтып шығу мүмкін
емес, сондықтан біз ақпараттық технологиялар негізінде жасалынған ұлттық
ойындар арқылы оқушылардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру, оқушылардың
дүниетанымын дамыту сияқты мәселелер келешекте зерттеуді қажет ететін
мәселе деп санаймыз.
Эксперименттік базасы: Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Ақтас
негізгі мектебі, 2-4 сыныптары.

1 . ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРДЫ БАСТАУЫШ СЫНЫПТЫҢ ОҚУ.
ТӘРБИЕ ҮРДІСІНДЕ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

1.1 Ұлттық ойындардың зерттелуі мен даму тарихы

Ғылымнын қай саласы болмасын өз тарихын терең зерттеп алмайынша алға
баспайды. Демек, зерттеуді өз тарихынан бастау —ғылым жетістіктерін
игерумен қатар, оның одан ары алға басуына үлкен мүмкіншіліктер туғызады .
Дәл осы жағдай қазақ ұлт ойындарының даму тарихына да қатынасы болса керек.
Халықтың ұлттық және спорттық ойындарының да өзіндік тарихи даму жолдары,
қалыптасу кезеңдері, тәрбиелік маңызы халықтың саяси әлеуметтік-
экономикалық дамуының негізінде болды. Қазіргі тарихи ғылымдардың дәлелдеуі
бойынша күні бүгінгі бізге жеткен ұлт ойындарының қалыптасу кезеңі сонау
адамзат баласының жаратылған күнінен, демек Қазақстан жерінде қалыптасқан
алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Сонан бері біздерге жетіп, ойналып
жүрген ұлт ойындарының ішіндегі әр түрлі құмалақ ойындары, бестас, асық
садақ ату, карагие, тағы басқалары шамамен алғанда 5000 жылдар бұрын
ойналғандығы жайында ағылшын ғалымы Э. Маккей ...бұл ойындардың барлығы
дерлік Азия елдерінде тайпалық одақтардың арасында тарағанға үқсайды
—дейді. Соңдай-ақ мұндай пікірлерді Венецияның саяхатшысы Марко Поло да
қостайды. Ол өзінің Жетісу бойында болған сапарында көрген Қызбөрі ойыны
да Қазақстан территориясындағы тайпалардың пайда болған кезінен яғни таптық
қатынаспен бірге туғандығы жайлы ескертеді.
Ұлт ойындары ертеден-ақ, жалпы этнографиялық әдет-ғұрыптармен бірге
дамып жетіліп, ендігі жерде өз алдына бір бөлек зерттеуді керек ететін —
қазақ совет этнографиясының бір бұтағы бола тұрса да, күні бүгінге дейін
бір де бір тарихшы-этнограф ғалымдардан мән беріп зерттеген ешкім болмады.
Тек, Б.Төтенеевтің Қазақстанның Россияға қосылған дәуірінен бастап, Октябрь
революциясына дейінгі аралықты қамтыған педагогика ғылымдарының кандидаттық
диссертациясы бар. Бұл еңбектің құндылығы сол, бірінші рет қазақтың ұлтгық
ойындары ұлттық мәдениеттің бір саласы болғандыктан өз бетінше тарихи
зерттеуді керек ететіндігі жайлы пікір айтты[7].
Еңбектің кіріспесінде автор ұлт ойындарын ұлттық мәдениеттің бір
саласы болғандықтан, Қазақстанның Россияға қосылғаннан кейін ғана алдыңғы
қатарлы орыс мәдениетінің әсерінің негізінде ғана қалыптасып дамый бастайды
-деп келтірген де II тарауында талдау жасаған.
Зерттеулерге қарағанда, ұлт ойындарының даму, қалыптасу көрсеткіштері
керісінше шығып отыр. Жоғарыда көрсетілгендей, ұлт ойындары Қазақстан
жерінде ең алғашқы хандықтардың пайда болып калыптасуымен бірге өзінің даму
сатысының ең жоғарғы шегіне жетті де, халықтың шығарған Хан жақсы ма
ойынымен тоқтады. Хан жақсы ма ойынының шығуы қазақтың ұлт ойындарының ең
ақырғы кезеңі. ХҮШ ғасырдан бастап, яғни Қазақстанның Россияға қосылу
дәуірінен бері қарай тарихи даму емес тек кезіндегі шыкқан халық ойындары
үйрену-жаттығу ретінде ғана қайталанып отырды.
Ұлт ойындарының қалыптасуы тек балаларға ғана керектігімен дамып
қойған жоқ, ересектердің күнделікті тіршіліктегі қозғалысы мен көңіл
көтеріп, демалыс уакытын өткізуден қолданылған еңбектің бір түрі ретінде
дамыды. Мәселен, әртүрлі қозғалмалы ойындар мен асық ойындары тайпалық
одақтарда ересектер арасында дамыды да кейін келе жасөспірімдерде қалды.
Оқу үрдісінде ұлттық ойын элементтерін пайдалану сабақтың тақырыбы мен
мазмұнына сай алынады. Сонда ғана оның танымдық, тәрбиелік маңызы арта
түседі.
Оқушыларды әсіресе, Ақ сүйек, Бес тас, Арқан тарту, Тоғыз
құмалақ, секілді ұлттық ойындарға қатыстыру өте тиімді екеніне көз
жеткізу қиын емес. Бұл ойындарды жаңа материалды бекіту немесе қайталау
кезінде қолдану керек деген пікір бар. Оқушы ойынның үстінде не соңында
өзінің қатысу белсенділігіне қарай түрлі баға алуы мүмкін. Мұғалім әр
оқушының еңбегін бағалап, ынталандырып отыруы тиіс. Ойынның тәрбиелік
маңызы мынада: ол баланы зеректікке, білгірлікке баулиды.





Сурет-1
Бабаларымыздың асыл қазыналарына деген көзқарасын құрметтеуге сөз
әсемдігін сезінуге үйретеді. Батылдыққа, өжеттікке тәрбиелейді. Ендеше
еңбекке баулу сабағын ұлттық ойындар арқылы сабақтасытырып түсіндіру пән
тақырыптарын тез, жылдам меңгеруге ықпал етеді. Оқушының сөздік қорын
байыта түседі.
Сабақта және тәрбиеде, яғни балабақшалар мен бастауыш мектептерде
ұлттық ойынды ұтымды пайдаланса, алдымен еңбекке баулу және дене шынықтыру
пәндерінде оқушылардың өз бетімен жұмыс жасау дағдыларын қалыптастыру
шарттары теориялық тұрғыдан негізделсе, онда оқушылардың білімге деген
құштарлығын арттыруға және халықтың асыл мұрасын бойына сіңіріп, ұлттық
сананы қалыптастыруға болады.
Қай халықтың болмасын, оның ұлттық ойындарының белгілі бір мақсаты мен
әлеуметтік-психологиялық тұрғыдан ерекше қасиеттері болады. Сондықтан халық
арасында қалыптасқан ойындар туралы сипаттамалық жинақтар, деректер және
құжаттар дұрыс зерттеу мен талдауды қажет етеді.
Ұлттық дәстүрлі халық ойындарының ел арасындағы беделі, тарихи
қоғамдағы алатын орны және болашақ ұрпақты өсірудегі қажеттілігі, оның шығу
тарихы туралы ғылыми тұрғыдан бізге дейінгі ғалымдар да көп ізденді. Осы
мәселеге байланысты зертелеген ғылыми еңбектерді біз хронологиялық
шектігіне қарай бірнеше топқа бөліп қарастырамыз.
1. Орыстың отарлау саясаты кезеңіндегі алғашқы орыс әскери
шенеуніктері мен миссионерлерінің көшпенділер хақындағы зерттеу жұмыстары;
2. Кеңес заманы кезеңіндегі Орта Азия және Қазақстан халықтарының
ұлттық ойындары туралы жазылған ғылыми еңбектер;
3. Мектеп жасына дейінгі балаларды дене шынықтыруға баулу әдістерін
педагогикалық сипаттағы бағыт-бағдарлама тұрғысынан зерттелген жинақтар.
4. Тәуелсіз егеменді елдер кезеңіндегі (1992 жылдан бүгінге дейін)
аталған тақырыпқа қатысты ізденістер.
Алғашқы топтама еңбектің тарихнамалық тізгінін Н.Дакимованың еңбегін
талдаудан бастайық. Ол өзінің Игры киргизских детей атты еңбегінде
тарихта алғаш рет қазақтың ұлттық ойындарын үш топқа бөліп қарастырады.
Н.Дакимова алғашқы топтағы ойын түріне рулық-қауымдық құрылыс
кезеңінде өмірге келген ойындарды, екінші топтамадағы дәстүрлі ойындарға
қозғалыс ойындарын, үшінші топқа – спорттық ойын түрлерін жатқызады.
Ізденуші этнографтың дәлелдеуінше, халық ойындары балалардың іс-әрекетін,
қимыл-қозғалысын дамытумен қатар денсаулығын шыңдауда тездетуші үрдіс
әрекетін атқарады. Н.Дакимова: Как киргизы развлекают детей деген
мақаласында: бала бас бармағын көтеріп оған пайғамбарымыз не дейді деп көк
аспанға қарап, құдай тәңірінен рұқсат сұраған, - дей келіп, Бес саусақ
ойыны мен саусақ атауларын алға тартады және аталған мақалада саусақ пен
қимыл-қозғалыс жасау әрекеті негізінде баланы тәрбиелеп, шынықтырудың үлкен
даналық философиялық мағынасы жатқандығы сөз етіледі[8].
Қазақ балаларының ұлттық ойынына тоқталғандардың бірі – орыс ғалымы
А.Алекторов. Мәселен, оның О рождении и воспитании детей киргизов,
правилах и власти родителей (Орынбор, 1891) атты еңбегін атауға болады.
Автор бұл еңбегінде көшпенді қазақ халқының өмір сүру салтындағы
баланың дүниеге келген сәтінен бастап өсу динамикасына дейін ұлттық ойын
мен қимыл-қозғалыс әрекетінің алатын орны және балғындардың денсаулығы мен
дене мүшесінің қалыптасып дамуындағы жеке халық ойындарының қажетті
жақтарын ашып көрсетеді. Қазақтың белгілі ғалым ағартушылары А.Құнанбаев,
Ш.Уәлиханов, Ы.Алтынсарин халық ойындарының балаларға білім берудегі
тәрбиелік мәнін жоғары бағалап, өткен ұрпақтың дәстүрі мен алтын құрметтеп,
адамдардың ойы мен іс-әрекетін танып түсінуде жастардың эстетикалық,
адамгершілік ой талабының өсуіне оның атқаратын қызметін жоғары бағаласа,
М.Жұмабаев ойындарды халық мәдениетінің бастау алар қайнар көзі, ойлау
қабілетінің өсу қажеттілігі, тілдің, дене шынықтыру тәрбиесінің негізгі
элементі деп тұжырымдайды. Ұлттық ойындар халық тәрбиесінің дәстүрлі
табиғатының жалғасы. Ежелден дәстүрлі ойындарда халықтың өмір сүру әдісі,
тұрмыс-тіршілік еңбегі, ұлттық дәстүрлері, батырлық-батылдық туралы
түсінігі, адалдыққа, күштілікке ұмтылуы, шыдамдылық, т.б. құндылықтарға мән
берілуі – халық данышпандығының белгісі[9, 10, 11].
ХХ ғасырдың басында өмір сүрген этнограф Хуторской А.В қазақтың ұлттық
ойындарын былайша жіктейді:
1. Жалпы ойындар;
2. Қарсыласу мен күресу сипатындағы ойындар;
3. Ашық алаңқайдағы ойындар;
4. Қыс мезгіліндегі ойындар;
5. Демалыс ойындары;
6. Ат үстіндегі ойындар;
7. Аттракциондық-көрініс ойындар.
Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш
рет бөліп қараған ғалым Хуторской А.В қазақ ойындарына топтамалық жіктеу
жасай отырып, ұлттық ойындарды оқу үрдісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
Бұл жерде айта кететін бір жайт, Қазақ КСР Халық Комиссарлар Кеңесінің 1943
жылғы шешіміне сәйкес 1949 жылы жарық көрген Краткий сборник казахских
народно-национальных видов спорта атты еңбегі
А.В Хуторскийдің толықтырып, өңделген кітабы. ХХ ғасырдың басында көшпенді
халықтар: қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен, қалмақ, т.б. отар елдері туралы
этнографиялық деректер жинақтап, олардың ұлттық мәдениетінің тармағы –
халық ойындары, оның ішіндегі құрамдас бөлшегі болар ойынын жинап зерттеуді
Түркістан генерал-губернаторы арнайы шенеуніктер мен миссионер ғалымдарға
жүктеген. Орыс ғалымы А.Васильев Игры сартовских детей атты мақаласында
Ферғана және Сырдария аймақтарын мекендеген өзбек халқының ұлттық
ойындарының бірнеше түрлерін ажыратып, топқа бөліп, нақты зерттеген [12].
Ізденіс барысында автор Ферғана балаларының күнделікті ойнайтын
ертеден келе жатқан дәстүрлі Гимчук тушты бошимга ойыны Ташкенттегі сарт
балаларына таныс емес екендігін айтады. Ал М.Гавриловтың авторлығымен
жазылған Перепелиный спорт у Ташкентских сартов атты мақаласына өзбек
халқының ойын түрлерінің айрықша маңыздысы жыл мезгілдерінің белгілері
уақытында Құстар ойынын (тауық, қаз, т.б.) ойнаудың ережесі, ойын
түрлері, тәртібі зерттеледі.
Кеңес дәуірі жылдарында қазақтың ұлттық дәстүрлі халық ойындары күн
тәртібіндегі өзекті мәселе болғанына қарамастан, сол тоталитаризм кезінде
дәстүрлі ұлттық ойындарды зерттеген авторлар қатарында М.Тәнекеев,
Б.Төтенаев, М.Балғымбаев, Ә.Бүркітбаев, т.б. есімдерін атауға болады.
Әсіресе Б.Төтенаевтың қазақтың ұлттық және дәстүрлі ойындарын зерттеген
деректерінің өзі жеке мәселе. Оның негізгі еңбектері Қазақстандағы спорт
пен дене тәрбиесі саласына арналған. Ең бастысы, ол дене тәрбиесінің
халықтық педагогикасы сияқты көкейтесті мәселесінің негізін қалаған
Б.Төтенаевтың авторлығымен шыққан алғашқы туынды Казахские национальные
виды спорта и игры (Алматы, 1957). Бұл зерттеуінде ізденуші қазақтың
Тоғызқұмалақ ойынының ереже тәтіптерін таразылап, халық ойынының қажетті
жақтарын ашып, сонымен қатар басқа да ұлттық қозғалмалы, спорттық ойын
түрлеріне тоқталып, анықтама беріп жіктеп, құнды мұрағат деркетеріне сүйене
отырып, ғылыми сараланған пікірлер айтады. Ғалым негізінен Қазақстандағы
Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде дене тәрбиесі мәдениетінің дамуын талдай
отырып, тарихта тұңғыш рет, дене мәдениеті мен спорттың екі даму бағытын
қара халқтық және ақсүйектік деп көрсетіп, оны формациялық әдістемеге
сүйеніп, яғни таптық тұрғыдан қарастырады. Сонымен бірге ғалым зерттеуіне
әскери қолданбалы маңызы бар кейбір спорт және ойын түрлерінің өрлеуіне
отаршыл Ресей патшалық өкіметінің саяси көзқарасын көрсетеді. Б.Төтенаевтың
аталған еңбегінде таптық-формациялық идеологиялық көзқарас тұрғысынан сол
заманға сай зерттелгеніне қарамастан, бүгінгі күні өз құндылығын жоймаған,
ғылыми тұрғыдан аса жоғары еңбек болып табылады. Б.Төтенаевтың басшылығымен
бұдан басқа да бірнеше ғылыми монографиялық еңбектер жазылды. Кеңестік
кезеңдегі ұлттық ойындардың маңызы мен қажеттілдігін көрегендікпен
қарастырған Б.Төтенаев Қазақтың ұлттық ойындары (Алматы, 1994) атты
еңбегінде дәстүрлі қазақ ойындарын бірнеше топқа бөліп, ойын шарттарын
жазып, жастар үшін тәрбиелік мәнін дәлелдеп, ойын зерделеген[13].
Аталған автор қаламынан халықтың этнопедагогика мен ұлттық ойындар
арасындағы байланыс және ойындардың ертеңгі болашаққа керекті қасиеттілігін
зерттеген басқа да қомақты ізденістер дүниеге келеді. Е.Сағындықовтың
авторлығымен жазылған ғылыми монография Ұлттық ойындарды оқу-тәрбие ісінде
пайдалану (Алматы, 1993) деп аталады. Ғылыми еңбекте қазақ мектептерінде І-
ҮІ сыныптарда қазақ халық ойындарын жекелеген классификацияларға топтап,
оны сабақта және сабақтан тыс тәрбие жұмыстарында қолдану әдістері
анықталып, қазақ халық ойындарына педагогикалық талдау жасалып, оқу
үрдісінде пайдалану қажеттілігі негізделеді. Ә.Бүркітбаевтың авторлығымен
1985 жылы жазылған Спорттық ұлттық ойын түрлері және оның тәрбиелік мәні
жинағында ұлт спорты түрлері мен ұлттық спорт ойындарының балалардың
күнделікті өміріндегі алатын орны, тәрбиелік маңызы және ат спорты мен
ұлттық ойындардың ережесі қарастырылса, М.Балғымбаевтың Қазақтың ұлттық
спорт ойыны түрлері (Алматы, 1985) атты еңбегіндегі ат спортына қатысты
бәйгені бастап жорға жарыс, аударыспақ, жамбы ату, аламан бәйге, т.б. жарыс
түрлеріне салыстырмалы талдау жасалады. Бала өміріндегі ұлттық және
спорттық қимыл-қозғалыстың және ойынның алатын орны, формасы және мазмұны
үлкен адамның тұрмыстық күйімен, еңбек түрімен және мазмұнымен
салыстырылса, қаладағы қажеттіліктің бір тұсы адамды дағдыға үйрету
екендігін байқаймыз. Ғалым А.Усова өз еңбегінде ойынның мәнін баланың
дербес іс-әрекеті, айналасындағы өзгерістерді танып-білуге, белсенді әрекет
етуге жол ашуы ретінде түсіндіреді. Автордың айтуынша шынайы өмірде баланың
аты – бала. Өз бетінше әлі ештеңе тындырып жарытпайтын жан. Қам-қарекетсіз
өмір ағысына ілесіп кете барады. Ол ойын үстінде ол бейнебір ересек адам
тәрізді өз күшін сынап көреді. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту
барысндағы спорттық жаттығулар И.Давыдов, Л.Былеева, В.Яковлев,
Н.Поддьякова, Н.Михайленко, Д.Куклова және тағы басқалар ерекше назар
аударған. И.Давыдов ойын мен ойыншық және дидактикалық құралдарға ғана
сүйеніп, мектепке дейінгі балалық кезді заттар жөнінде жекелеген нақты
түсініктер, жинақтау кезеңі деп түсіну қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде
дене шынықтыру мен ақыл-ойын ақыл-ой дамуына, жалпы түсінік пен ұғымның
қалыптасуында, маңызды ойлау операциялары: талдау, салыстыру, қорыту,
қабілетіне қажетті организм деп аударған. И.Давыдов ойын-ойыншық және
дидактикалық құралдарға ғана сүйеніп мектептке дейінгі барлық кездерге
заттар жөнінде жекелеген нақты түсініктер жинақтау кезеңі деп түсіну
қателік деп дәлелдейді. Бұл кезде дене шынықтыру мен ақыл-ой дамуына, жалпы
түсінік пен ұғымның қалыптасуына, маңызды ойлау операциялары: талдау,
салыстыру, қорыту қабілеттеріне қажетті организм деп тұжырымдайды.
Д.Хухлаеваның пікірінше, дене шынықтыру жаттығуларын ойынмен
ұштастырған сәтте баланың тұрақты іс-әрекетке бейімділігінің қалыптасуы
айқын сезіледі, сондықтан дене шынықтыру күнделікті қажеттілік болуымен
қатар денсаулықтың, шыдамдылық пен тез қимыл-әрекеттің символы болып
табылады.
М.Контарович, Л.Михайлованың авторлығымен жазылған еңбекте жыл
мезгіліне сәйкес қыс айларында ойналатын ойындар, топ болып ойнайтын, жеке
бір балаға арналған далада өткізілетін қимыл-қозғалыс ойындарының
әдістемелік нұсқауы берілген. Ойын түрлері мен шарттарын бала жасына қарай
бөліп классификация жасап, бірнеше халық ойындарын ұсынған. Олардың ішінде
Қояндар (2-3 жасарларға), Аңшы мен ит және қояндар (4 жастағылар үшін),
Торғай мен мысық (5-6 жастағыларға арналған) қозғалмалы ойындарын
зерттеп, қолданысқа түсірген.
А.Быкованың басшылығымен баспадан шыққан Физическое воспитание в
детском саду кітабында балабақшаның әр тобында жас ерекшелігіне қарай
өткізетін қарым-қатынас ойындарын ұйымдастыру және оны өткізу әдістері,
т.б. мәселелер қарастырылған. Мысалы, қозғалып ойнау барысында алғашқы
күннен бастап балаларды өзін-өзі тежеуге үйрету, сонымен қатар барлық
баланың қабылдау қабілеті бірдей емес екендігі, яғни белсенділер мен
жайбасар әлсіз балалар арасындағы тепе-теңдікті сақтау қасиеті, оларды әр
түрлі ойынға тарту арқылы шыңдау, ұмтылдыру, бірнеше рет бір ойынды ойнату
барысындағы баланың физиологиялық өзгерісімен қатар психологиялық тұрғыдан
сенімділігінің артуы ғылыми еңбектің құндылығын жоғарылатады.
Еліміздің егемендік алуы Қазақстандағы дене шынықтыру, ұлттық ойындар
мәселесіне басқаша сын көзбен қарауды талап етеді. Осы орайда соңғы жылдары
біздің қарастырып отырған ізденіс тьақырыбымызға орай бірнеше ғылыми
еңбектер жарық көрді. Е.Мұхиддинов қазақтың ұлттық ойындарын дамыған
қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық құрылыммен байланысты қарастырады. Дене
шынықтыру пәнінің теориялық дәлелдемесін қазақтың ұлттық ойындарының
тәжірибелік жағымен біртұтас алып қарайды.
А.Құралбекұлы мен С.Әкімбайұлы жалпы білім беретін қазақ мектептерінің
дене шынықтыру жүйесінде қазақ этнопедагогикасы материалдарына, оның ішінде
халық шығармашылығы мен ұлттық ойындарды тиімді пайдаланудың ғылыми
теориялық-әдістемелік негіздеріне сүйене отырып талдау жасаса,
А.Айтпаеваның ғылыми еңбегінде орыс тілінде оқытатын мектептердің бастауыш
сынып оқушыларын тәрбиелеу құралы ретінде қазақ халқының ойындарын
пайдаланудың теориялық-әдістемелік негіздері жасалып, олардың тәрбиелік
мүмкіндіктері айқындалған.
Қазақ халқының ұлттық ойындарының көпшілігі жас өспірімдерді
шапшаңдыққа, жүйріктікке, батылдыққа тәрбиелейді және мұндай ойындар
баланың дене мүшелерін шынықтырып, өкпенің жұмыс қабілетін арттыратын
болған. Сондай ойындардың бірі –қазақша күрес.
Қазақша күрес жайлы король Кастилий Генрих ІІІ-тің саяхатшы
–көмекшісі Рей Гансилис Клавдихо мынадай деректі келтіреді. Ол даңқты
қолбасшы Темірдің сарайында ең күшті палуандардың белбеуден ұстап
күрескенін тамашалайды. Бұл 1403-1406 жылдары аралығы екенін ескерсек,
белбеу-айқастарда жеңіске жеткен балуандарға алтыннан, күмістен, басқа да
бағалы сыйлықтар тарту-таралғвылар беріп отырған.
Сонымен түйіндеп айтарымыз, қазақтың ұлттық ойындарының басқа
халықтардың ұлттық ойындарынан айырмашылығы - оның шығу, пайда болу тегінің
ерекшелігіне байланысты белгілі бір тәрбиелік мақсат бірлігін
көздейтінінде.
Жылдар жылжып өтіп, ғасырлар артта қалса да содан бері қазақтың
ұлттық спорты –күрес және басқа да ұлттық ойындары ешқашан тіршіліктен тыс
қалмай , халықпен бірге жасасып , дамып келеді .

1.2 Баланың ақыл-ойын дамытуда ұлттық ойындардың алатын орны

Әрбір қоғам дамуының әлеуметтік мәселелері адамның рухани-эстетикалық
мәдениетінің дамуымен де тікелей байланысты. Мұнда жеке адамның рухани-
интеллектуалды, мәдени-эстетикалық мәдениетінің дамуының да ерекше мәні
бар. Яғни жеке адамды рухани-интеллектуалды, мәдени-эстетикалық тәрбиелеу
тәсілдері салт-дәстүрлерінің маңызы зор.
Қазақ халқы психологиясының тарихын зерттеген ғалым Қ.Жарықбаев:
"Халықтық психология - адамдардың қоғамдық және жеке тәжірибесінен,
өмірдегі пайымдауларынан туындайтын қарапайым психологиялық жүйе" деп
тұжырымдайды [14]. Қазақ халқының психологиялық ерекшелігін сөз етсек, оның
өзіндік көрінісін тұспалдап, мақалдап, мақамдап, тақпақтап сөйлеуден, жыр,
толғау, терме, айтыс өнері мазмұнынан танып білеміз. Тәлім-тәрбие
мәселелеріне келетін болсақ, қазақ халқының болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі бар
данышпандығы оның халықтық педагогикасында немесе этно педагогикасында
жатыр. Халықтық педагогика халықтың рухани әрекетінің барлық саласын
қамтиды. Оның басты тәрбие көздері ұлттық ауыз әдебиетінде, мақал-
мәтелдерінде, аңыз әңгімелерінде, ертегілерінде, жыраулар толғауларында,
ақындар туындыларында, билердің нақыл сөздері мен ғибраттарында,
өнерлерінде жатыр. Сонымен бірге тәлім-тәрбиеге байланысты ғасырлар бойы
қалыптасқан салттар, әдет-ғұрыптар, дәстүрлер мазмұны да халықтың
психологиялық ерекшелігін, өмір-тіршілігі мен тұрмыс сипатын қамтиды. Бұл
салаға байланысты қазақтың этнографиясын зерттеген ғалымдар еңбегінде аса
құнды материалдар жинақталған.
Халықтық педагогика мазмұнындағы жас ұрпақты әсемдікті игеруге, сүюге
және қастерлеуге бағытталған эстетикалық тәрбие мәні мен мазмұнын зерттеген
ғалым педагог С.Қалиев: "... Осы мақсатты іске асыру жолында отбасы
мүшелерінен бастап, ауыл ақсақалдары, көне көз қариялар мен ақын, жыршы,
жырау, әнші, күйші,термеші сияқты өнер адамдарының бәрі белсене қатысатын
ұжымдық тәрбие ісін жүргізушілер болып келгені көпке аян" деп пайымдайды
[15].
Жалпы қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің мәні мен мазмұнын зерттеген
педагог-ғалымдар қазақ өміріндегі "Өнерлі өрге жүзеді", "Шебердің қолы
ортақ", "Өнерлінің өрісі кең", "Өнер — ердің қанаты", "Асыл тастан — өнер
жастан", "Өнер алды - қызыл тіл", "Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке
жеткізеді", "Ақын-елдің еркесі, ақылды - елдің серкесі", "Өнерлінің қолы
алтын", "Өнерлінің ісі өлмес", тағы басқа мақал-мәтелдер мен қанатты
сөздерден әсемдік пен сұлулықты жоғары бағалаған ата-бабаларымыздың өнерді
және оны жасаушы өнерлі азамат, сал-серілер, шешендер жөніндегі ұғымының
мәнін танып білеміз.
Қазақ халқының рухани-эстетикалық мәдениетінің аса бір құндылығы -
оның, ана тіліне, сөз өнеріне ерекше мән беруінде. "Өнер алды - қызыл тіл"
деп бағалаған ата-бабаларымыз шешендер мен жыраулардың, билердің
өсиеттерін, дер кезінде тақпақтап айтқан мақал-мәтел, афоризм сөздері мен
ақындардың терме, толғауларын, аталы сөздерін халық педагогикасының
тәлімгерлік мектебіне айналдырған. "Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін"
шешендік, тапқырлық ой толғаумен шешкен, ұрпақтарына тәлім-тәрбиелік, үлгі-
өсиет болатын мол мұра қалдырған, халқымыздың данышпан-ғұламалары: Қорқыт,
Асанқайғы, Ахмет Яссауи. Ж.Баласағұни, Жиренше шешен, Төле, Қазыбек, Әйтеке
билер, Бұқардай халқымыздың ақын-жыраулары сол мектептің ұстаздары,
тәрбиешілері.
Қазақ халқы ақылдылық, білімділік пен адамгершілікті баға жетпес
қазына санаған. Ал бүгінгі біздер үшін ол - халқымыздың рухани мәдениетінің
тәлім-тәрбиелік құндылықтары. Бұл туралы халық: "Түйедей бойың болғанша,
оймақтай ойың болсын"," Ақыл озбайды, білім тозбайды" деп ақыл, білім,
тәжірибе, тәрбиенің бастауы екенін. "Көп жасаған емес, көпті көргеннен
сұра". "Оқу түбі - тоқу", "Білімнен асар байлық жоқ". "Көре-көре көсем
болады, сөйлей-сөйлей шешен болады", т.с.с мақал-мәтелдердің мазмұны
арқылы, қоғамдық ой-сананың қалыптасуында. адам ақыл-ойының дамуында оқу
білім" тәжірибенің атқаратын маңызы зор екенін ұрпағына жеткізуге тырысқаны
белгілі.
Болашақ ұрпақ тәлім-тәрбиесінің бастау көзі отбасынан басталады.
Болашақ азамат ұрпағына тәлім-тәрбие беруде ата-әже, әке-шеше, ағайын-
туыстардан бастап ауылдың беделді ақсақалдары. әжелері батырлары
өнершілері, т.б. зор ықпал жасап отырған.
Қазақтың ұлттық тәлім-тәрбиесінің отбасынан бастап, қауымдық қоғамдық
әлеуметтік ортамен тығыз байланысты өзіндік түрлері, әдістері, қағидалары
мақсаты бар. Оның негізгі тәрбие түрлері: ақыл-ой тәрбиесі адамгершілік-
имандылық тәрбиесі. еңбек тәрбиесі, дене тәрбиесі, эстетикалық тәрбие.
экономикалық-құқықтық тәрбие, табиғатты қорғау тәрбиесі.
Болашақ ұрпақ - ұл мен қыз тәрбиелеуге байланысты қазақтың сан алуан
әдет-ғұрыптары, салттары, дәстүрлері ойындары дүниеге келді.
Ұлттық салт-дәстүрлерге ана тіліне деген сүйіспеншілікті, ұлттық өнер
түрлерін: ән-күй, зергерлік қолөнері. ою-өрнек кесте тігу, текемет,
сырмаққа, түскиізге ою салу, бейнелеу-сурет өнері, ұлттық ойын мен спорт
түрлерін, ұлттық тағамды, ұлттық киім үлгілерін, мерекелерді, тарихи және
материалдық ескерткіштер, т.б жатқызамыз.. Дәстүрлер ғасырлар бойы
сұрыпталып, өмірде пайдаланып келген тәрбиелік әдет-ғұрыптар, жол-
жоралғылар, өмірге, ортаға, табиғат пен оның мәнді күштерінің даму сипаты
мен деңгейі қоғам дамуының да бірден-бір көрсеткіші деуге болады. Сондықтан
бұл тұрғыда рухани мәдениет құндылықтары - әлеуметтік мұрагерліктің
механизмі және адамның өмір әрекетін ұйымдастырудың ерекше құралы болып
саналады. Қоғамның, халықтың мәдениетінің. жалпы мәдениеттің қалыптасуы
туралы ғылыми теориялардың, дамуы, жеке адамның эстетикалық және көркемдік
мәдениетінің өнер негізінде қалыптасу мәселелері (Б.Қазыханова.
М.Х.Балтабаев, Қ.Ералин, С.Ұзақбаева, т.б), жеке адам мәдениетінің өнер
құралдары арқылы қалыптасуының психологиялық негіздері көптеген шетел,
отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінде (Л.С.Выготский, М.Мұканов.
Б.М.Тепловт.б) қарастырылған. [16,17]
Жеке адамның рухани-эстетикалық, көркем-мәдени тәрбиесінің негізгі
компоненттерінің бірі - туған халқының және жалпы адамзаттың өткенгі және
қазіргі өмір-тіршілігіндегі шығармашылық қызмет үрдісіндегі көркемдік-
эстетикалық, мәдени құндылықтарды игеру. Алайда игеру дегеніміз - коғам
мәдениеті дамуының мақсаты ғана емес, сонымен бірге ол - адамдардың
қоршаған дүниеге әсемдік заңдылықтарына сәйкес қатынастары мен өнер
-шығармаларындағы сұлулықты қабылдау, сезіну, тану арқылы, жоғары мәдени-
эстетикалық құндылықтарды жасаудағы рухани-практикалық іс-әрекеті.
Қазақ халқының болмысында, адамдардың өзара қатынастары мен тілінде,
әдебиеті мен түрлі өнер саласындағы туындыларында, тұрмыстық заттарында,
киіз үйлерінде, ұлттық киімдерінде эстетикалық талғам мен көркемдік
мәдениеттің негізгі принциптері әсемдік туралы ұлттық салт-дәстүрлер,
дүниетаным, ұлттық өнеге-адамгершілік нормалары және ұрпаққа мәдени
дәстүрлерді игерту тәжірибесі көрінеді.
Қазіргі жеке адамның эстетикалық дамуында халықтың көркемдік-мәдени
дәстүрлерін пайдалану арнайы ғылыми зерттеулердің нысанасы болып келеді.
Сол сияқты халықтық мәдениет пен эстетикалық дәстүрлердің ұлттық және жалпы
адамзаттық үйлесімдегі даму ерекшеліктері мен заңдылықтарын талдауға да
көптеген зерттеу еңбектері мен арнайы оқу құралдары арналған.
Қазіргі мектептегі оқушылардың эстетикалық және рухани-мәдени дамуы,
негізінен, көркемдік білім құралдары: әдебиет, музыка, бейнелеу, өнері және
сәндік-қолданбалы өнер пәндері арқылы жүзеге асады. Кез келген өнер түрі
өзіне тән көркем-мәнерлік тілімен балалардың санасына әсер етіп, қоршаған
өмір шындығына деген сезімдік әсерлерін, таным деңгейін, әдемілікті сұлулық
заңымен қабылдау дағдыларын қалыптастырады.
Ұлттық рухани-көркемдік мәдениет құндылықтарының жеке тұлғаның дамуына
тигізер әсері туралы ой-пікірлердің қалыптасуына ІІІ.Уәлиханов,
Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаев шығармаларының, эстетикалық талғам қасиеті жоғары
ұрпақ тәрбиелеуде, қазақтың рухани мәдениетінің байлығын мақсатты
пайдаланудың педагогикалық алғы-шарттарын белгілеуде халқымыздың
ағартушылары А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, М.Дулатов еңбектерінің
қосқан үлесі зор. Ағартушыларымыз жас ұрпаққа ұлттық тәрбие берудің
мақсатын, міндеттерін, мазмұнын, құралдарын белгілеп, сол арқылы олар XX
ғасырдың басында қазақ халқының болашағын ойлап, ұлттық мектептің және
мектептегі білім мен тәрбиенің мазмұнының халықтың рухымен бірлікте болуын
дәлелдеді. А.Байтұрсынов: "Баланы құлша тәрбиелесең-құл, ұлша тәрбиелесең -
ұл болады" деп халықтың ұлттық тәрбиесінің жас ұрпақтың жан дүниесіне
рухани әсерін, олардың имандылық тәлімге жетелейтін маңызын тани білді.
Жастарды ұлттық тәрбие дәстүрлері аясында имандылыққа тәрбиелеу мақсатында
М.Дулатов "Қирағат" атты еңбегін жазса, Ж.Аймауытов "Тәрбие" атты
мақаласында бала тәрбиесінде туған елдің тәлімдік әдет-ғұрпы, салт-
дәстүрлерінің педагогикалық маңызын ғылыми тұрғыда дәлелдейді.
Ұрпақ тәрбиесінде ұлттық тәрбиенің маңызын айқындай отырып, М.Жұмабаев
"Педагогика" оқу құралында: "Әр тәрбиешінің қолданатын жолы —ұлт тәрбиесі.
Әрбір ұлттың бала тәрбиесінде ескіден келе жатқан жеке-жеке жолы бар. Ұлт
тәрбиесі баяғыдан бері сыналып, көп буын қолданып келе жатқан сара жол
болғандықтан, тәрбиеші баланы сол ұлт тәрбиесімен тәрбиелеуге міндетті",
деп атап көрсетеді .
М.Жұмабаевтың бұл еңбегін С.Ұзақбаева өз зерттеуінде "қазақтың
халықтық педагогикасын жасаудың ең алғашқы тәжірибесі", - деп атаса .
С.Қалиев. ұрпақ тәрбиесіндегі халық мұраларының маңызын терең түсініп,
тұңғыш арнайы педагогикалық еңбектер жазған ағартушыларымызды "қазақ этно
педагогикасының бастау бұлағы" деп санайды .
Этно мәдениет саласындағы мұралар мазмұнында халықтың ұрпақ
тәрбиелеудегі ұлттық тәжірибелері жинақталғанын, еліміздің педагог
ғалымдарының, әдебиет пен өнер зерттеу, мәдениеттану саласының
қайраткерлері еңбектерінен, археологтар мен этнографтардың зерттеулерінен
танып білеміз (Ә. Марғұлан, X. Арғынбаев, Т. Тәжібаев, М. Ғабдуллин, Ө.
Жәнібеков, Қ. Жарықбаев, С. Қалиев, С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, Қ. Бөлеев,
т.б.). Сондай-ақ ұлттық рухани-мәдени ерекшелік сол халықтың өмір сүру
тәсілінен, діни-наным сенімінен, әдет-ғұрпынан, салттарынан, дәстүрлерінен
эстетикалық дүниетанымы мен сан алуан өнер түрлерінің мазмұнынан өзекті
орын алады. Қазақ халқының ұлттық ерекшелігі оның ұлттық психологиялық,
ұрпақ деген танымдық, эстетикалық көзқарас, түсініктерінде жатыр. [18,19]
Ұлттық салт-дәстүр ерекшеліктерін патриархалдық, рулық-тайпалық
салттармен, дәстүрлермен алмастыруға болмайды. Салт-дәстүрлер халықтың
тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасы мен дүниетанымына
байланысты қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, қоғам мен әлеуметтік
талаптарға сай өзгеріп, әрі жаңарып отырады. Оның қоғамдық қатынастарға
қайшы келетін түрлері біртіндеп жойылып, өмір мұраттарымен сәйкестері
дамып, жаңа мазмұнға, мәнге ие болады.
Қорыта айтқанда, халықтық тәлім-тәрбиелік мазмұндағы әдет-ғұрыптары,
салт-дәстүрлері, өнерінің барлық түрлері мен жарасымды әсем ойын-мерекелері
халықтың рухани-эстетикалық, көркемдік мәдени құндылықтарын құрайды. Ұлттың
және қоғамның тәрбиелік қабілеті –ұрпаққа рухани-эстетикалық білім мен
тәрбие беруде, жас ұрпақты қоршаған өмір болмысынан, адамдар бойынан,
табиғат пен өнерден әсемдікті танып, сезіне және соның негізінде ұрпақтың
көркемдік талғамын қалыптастыруда пайдаланылған және пайдаланып отырған
танымал тәлім-тәрбиелік тәсілдері, құралдары, әдістерін қамтиды.
Балдырған отбасы тәрбиесі арқылы және өзін қоршаған ортамен тығыз
араласа отырып, ана тілін үйренеді . Ал адамға ана тілінен ардақты не бар.
Ол туралы әйгілі педагог К.Д. Ушинский былай деп өте тамаша жазған:.
...Ана тілі — ақыл-ой дамуының негізі және барлық білімдердің қазынасы:
одан барлық түсінік басталып, сол арқылы өтіп және соған оралып
отырады[20].
Ана тілі — идеялар мен білімдерді ұғынудың және оны таратудың бірден-
бір құралы. Егер оқушы бұл құралды нашар меңгерсе, онда оның оқуына да
үлкен қиыншылық туатыны сөзсіз".
"Бала сөзбен де ойнайды . Осы сөзбен ойнағанда, өз ана тілінің нәзік
қасиеттерін үйренеді, тілдің саздылығын ұғынады" деген А.М.Горький бейнелі
сөзіне өз тәжірибемізде көзіміз жетті.
Ана тілі сабақтарын дәйекті жүргізу үшін, мұғалім біріншіі күннен
бастап оқушылардың мінез-құлқын бақылай отырып, оларды ерекшеліктеріне
қарай топ-топқа бөледі .
Оқушылардың бірінші күннен бастап оқу құралдарын қалай пайдалану
керектігін еркін меңгеріп әкетуі оңай емес. Сондықтан бірінші сынып
мұғалімі ең алдымен қимылдары өте баяу оқушылармен біраз жұмыс жүргізіп,
олардың қаламсапты дұрыс ұстауына баса көңіл бөледі. Баланың саусақтары
емін-еркін қимылдау үшін оларға жаттығулар жасатып бірнеше ойын ойнату
керек. Бұл ойындарды алдын-ала белгіленген тәртіппен жүргізіп отырады.
Балаларды жіті қимылдату мақсатымен халық ойыны "Қуыр-қуыр қуырмашты"
ойнату пайдалы болады. Сондықтан мұғалім алдымен ойынның тәртібін балаларға
түсіндіреді де, ойынды өзі бастап, ойнау тәртібін көрсетеді. Ойынды не үшін
жүргізгелі тұрғаны мұғалім үшін белгілі. Ойынға екі оқушыдан кезектесіп
қатынасады . Бір оқушы қолының бес саусағын бір жерге түйістіреді де, сол
қолымен оны бүркемелеп, қапсыра ұстайды. Одан кейін жанында тұрған екінші
оқушыға ортаңғы саусағымды тапшы дейді. Егер ол сол саусағын дәл тапса,
ұпайды бірінші оқушы, таба алмаса - өзі алады. Бірақ, ұтқан ойнаушы ұпай
алу үшін мына ережелер мен сөздерді жақсы білуі шарт :
І.Бас бармақтан бастап, шынашаққа дейін бір рет саусақтардың атын
түгел айтып береді .
2.Бұдан кейін бас бармақ, балаң үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек,
кішкене бөбек, - деп саусақтарға түгелдей ат қойып шығады. Сөйтіп, бес
саусақты түгел жұмады. Тағы да бас бармақтан бастап, былай деп, бес
саусақты түгел ашып, санап шығады .
Сен тұр, қойыңа бар,
Сен тұр,сиырыңа бар.
Сен тұр, түйеңе бар,
Сен тұр,жылқыңа бар.
Енді шынашақты алақанның шұңқырына бүгіп, тұқырта ұстайды да
Қуыр-қуыр қуырмаш,
Балапанға бидай шаш,
Әжең келсе, есік аш,
Қасқыр келсе, мықтап бас.
Ұры, бөрі сұғанақ,
Мұның бәрі малға қас — деп ұпай таратушының алақанын қытықтайды.
Ойынды әрі қарай жалғастыруға болады. Ойын бірнеше рет қайталанып ойналады.
Бұл әдіс жазу құралдарын меңгере алмаған не оны меңгеру қиынға соғатын,
ұяң, баяу қимылды балалардың санына қарай қолданылады. Бұл ойын алдымен
шабан қимылдайтын балалардың қимылын тездетуге септігін тигізеді;
екіншіден, тілін жаттықтырады; үшіншіден, есте сақтау қабілетін жетілдіре
түседі; төртіншіден, ұяң, тез үйірлесуге шорқақ, жасқаншақ балалар ойын
үстінде мұндай әдеттерін ұмытып кетеді; бесіншіден, оларды топтасып жұмыс
істеуге дағдыландырады; алтыншыдан, балалардың жүйке жүйелерін шыңдап,
мінез — құлқын қалыптастырады[21].
Суреттер арқылы жұмбақтар шешкізу, балалардың сабаққа қызығуын,
ынтасын арттыра түседі. Олардың қимылын дамытып, сабаққа белсенді
араластыруға мүмкіндік береді. Жұмбақ шешу ойыны балалардың өздігінен
ойлануына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға
жетелей түседі. Осының негізінде мұғалім бірте - бірте оқушыларды күрделі
іске тартады. Сабақ күрделене түскен сайын оқушылардың ойы өсіп жетіледі.
Осыған орай ойынның түрлері де күрделеніп, өзгере береді. Ойын әрбір пән
бойынша ұйымдастырылады. Бастауыш сыныптарда ойын сабақтарын пән бойынша
ұйымдастыру мұғалім үшін де, оқушылар үшін де тиімді.
Бірінші сыныпқа келген балалардың кейбір әріптерге барлығына бірдей
тілі келе бермейді. Осындай жағдайда бала жолдастарының көзінше ол
әріптерді дауыстап айтуға жасқаншақтай беретіні сөзсіз. Мұғалім баланың осы
кемшілігін дер кезінде біліп, оны уақытылы түзеу бағытында шара қолдануы
тиіс. Бұл жауапты кезеңде бала мен мұғалімге нағыз көмекші халық ойыны
болып табылады. Тілі кейбір дыбыстарға еркін келе бермейтін балалар үшін
алдымен сол дыбысты жеке- жеке айтқызып, артынан хормен қайталанады. Тілі
еркін келмейтін балалар да көпке елігіп, дұрыс айтып кетеді.
Бұл мақсатта ежелгі халық ойыны жаңылтпашты ұтымды пайдалануға болады.
Бастауыш мектептің бірінші сыныбына келген баланың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математика сабақтарында пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру
Дүниетану сабақтарында танымдық қызығушылықты дамыту
Шағын жинақталған мектеп жұмысы
Мектепке дейінгі, бастауыш мектепте және орта буында оқушыларға математиканы оқытудағы сабақтастықты жетілдіру жолдары
Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі пәнінен дәрістер кешені
Бастауыш мектеп жасындағы балаларды оқыту үрдісінде инновациялық технологияны ендіру жолдары
Балабақша мен мектеп жұмысының сабақтастығы
Бастауыш сынып оқушыларының логикалық ойлау қабілетін дамытуды педагогикалық тұрғыдан негіздеу
Бастауыш сынып оқушыларының үлгермеушілігі
Бала мінезінің қалыптасуы және оны тәрбиелеу жолдары
Пәндер