Өнеркәсіптік көліктердің түрлері



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1.Көлікке жалпы сипаттама
2.Жаппай пайдаланбайтын көліктер түсінігі
* Өнеркәсіптік көліктердің даму тарихы
* Өнеркәсіптік көліктердің түрлері
* Ауыл шаруашылығында қолданылатын өнеркәсіптік көліктер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Көлік-қатынас құралдары мен жолдарының, сондай-ақ, олардың қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін, әр түрлі техникалық құрылғылар және ғимараттардың жиынтығын білдіреді.
Көлік сөзінің астарында әдетте төмендегілерді түсінеді:
- өзінің тағайындалуы жүктер және жолаушылар тасымалы болатын, халықшаруашылығының саласын;
- материалдық өнім мен адамдар қозғалысын қамтамасыз ететін,техникалық құралдар кешенін;
- жол бойымен қозғалатын, бірліктер ағынын;
- белгілі тағайындалу пунктына және нақты мекен-жайға баратын, жүктің
жеке партиясын.
Қатынас құралы - темір жол, теңіз, өзен, автомобиль, әуе және тағы басқа көлік түрлері жататын, негізгі жылжымалы құрам.
Қатынас жолдары - жылжымалы құрамның қозғалысы, атап айтқанда: рельстік жолдар, автомобиль жолдары, кеме жүзетін өзен, теңіздер және тағы басқалары үшін арнайы бейімделген және жабдықталған жолдар.
Көліктегі техникалық құрылғылар және ғимараттар тиеу-түсіру пункттарынан, жүк және жолаушылар станциялардан, кемежайлардан, зауыттардан, жөндеу шеберханаларынан, қоймалардан, сигнал беру құралдарынан және басқаларынан тұрады.
Көлік жүйесі - тасымалдарды орындағанда өзара тәуелділікте және өзара әрекеттесуде болатын, көліктің әр түрлерінің кешені. Көлік жүйесі, сондай-ақ, ұйымдастыру және жедел басқару функцияларын (АБЖ, ТҰАБЖ, т.б.) кірістіреді. Бірыңғай көлік жүйесі ұғымы мемлекет, аумақ немесе ірі қалаларға тән көліктің барлық түрлерінің әлеуметтік-экономикалық бірлігін ерекше көрсетеді.
Көлік желісі - елдердің немесе жеке аймақтардың елді-мекендерін байланыстыратын қатынастың барлық жолдарының жиынтығы. Көлік желісі көліктің жеке түрлерінің (метро, трамвай, автобус және т.б.) маршруттық желілерінен құралады, ол әдетте магистральды жолдар желісіне және төменгі желіге бөлінеді. Магистраль желісі жүктерді үлкен арақашықтыққа тасымалдауды орындайды, ал төменгі желі жергілікті өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы жүктерін тасымалдауды қамтамасыз етуге арналған.
Тасымалдық-экспедициялық операцияларға мыналар жатады: жүкті қабылдау, буып-түю, таңбалау және беру, сондай-ақ, оны қысқа мерзімде сақтау, әр түрлі тетіктегі құжаттарды және төлемдерді дайындау, жүкті бір көліктік құралдан басқасына жүктеу.
Жүктерді және жолаушыларды тасымалдау көліктің бір немесе бірнеше түрлерімен ұйымдастырылады.
Жергілікті деп бір көлік кәсіпорнымен жасалатын тасымалдарды айтады.Тура қатынасты тасымалдар - бұл тасымалдар көліктің бір түрімен орындалады, бірақ бірнеше көлік кәсіпорындарымен жүзеге асырылады. Аралас қатынасты тасымалдар - бірыңғай көлік құжаттары бойынша бірнеше көліктік түрлерімен жүзеге асырылады. Мұндай тасымалдар бәрінен жиі асқын жүктеусіз қатынастар үшін (контейнерлерде, жәшіктерде,вагондарда, және т.б.) пайдаланылады.
Халықаралық қатынасты тасымалдар - мемлекеттің шегінде - шеткешығару (экспорт), шеттен әкелу (импорт) жүзеге асырылған тасымалдаулар.
Көлік процесі - өнеркәсіптерде қабылданған, өндіріс процесінің ұғымына ұқсас және жүктермен жолаушыларды жөнелту пункттарынан белгілеу пункттарына дейін жеткізумен тікелей байланысты нақты операциялардың кешенін көрсетеді. Көлік процесін ұйымдастыру жалпы алғанда тиеу,жылжыту, жүктерді түсіру, тасымалдық-экспедициялық операцияларды және тағы басқаларды орындау бойынша көліктің әрекетті буындарының үйлесуін қарастыратын, принциптік жағдайларды, әдістерді және құрылымдықсұлбаларды түсіндіреді.
Өнеркәсіптік көліктің жалпы өнеркәсіптік түрлерінен басқа, жүктердің белгілі бір құрылымына немесе жолаушылар мен жүктерді тасымалдаудың ерекше жағдайларына бағытталған мамандандырылған дәстүрлі емес түрлері де бар.
Қазақстан көлігінің магистральді түрлері келесі ерекшеліктермен сипатталады.Темір жол көлігі:жол мен тәулік уақытына, климаттық жағдайына тәуелсіз жүк және жолаушылар тасымалының тұрақтылығы;
жол ары өткізу және тасу қасиеті;
жүктерді тасымалдаудың салыстырмалы жоғары емес өзіндік құны;
көптеген жүктерді үлкен және орташа қашықтықта тасымалдаудағы жоғары тиімділігі.
Темір жолды салуға үлкен капитальды салым қажет. Бұл капитальды салым жүк және жолаушылар ағынын біршама шоғырлануында орынын толтырады.

Автомобиль көлігі:жүкті жеткізу жылдамдығы мен маневрлігі темір жолмен салыстырғанда біршама жоғары;
жүктерді жөнелтуші қоймасынан алушы коймасына дейін тиеп-түсіру операциясыз-ақ жеткізу мүмкіндігі;
тасымалдаудың жүйелілігі мен жақсы маневрлігі (жылдамдығы), ең кіші жүк жөнелткіштерді қоса отырып, жүктің аз партиясын жеткізу қабілеті.
алыс емес қашықтықта аз жолаушылар және жүк ағынын игерудегі капитальды салымның темір жол көлігімен салыстырғанда аздығы.
Автомобиль көлігіндегі жүк және жолаушылар тасымалының өзіндік құны темір жолдан қарағанда жоғары.
Құбыр өткізгіш көлігі:Табиғи-климаттық жағдайға тәуелсіз жұмыс режимінің тұрақтылығы,
Тасымалдауды басқару режимі мен оны пайдалану қарапайымдылығы, яғни дұрысын айтқанда тасымалдау және тиеп-түсіру операциялары біртұтас процеске біріккен.
Операцияны механикаландыру және автоматтандырудың жоғары дәрежесіне байланысты еңбектің жоғары өнімділігі.
Мұнай мен мұнай өнімдерін қотарудың өзіндік кұнының төмендігі;
Бір тасымалдауға капитал салымының басқа көлік түрлерімен салыстырғанда аздығы.
Құбыр өткізгіштері көліктің универсалды түрі болып табылмайды, өйткені онымен тек сұйық және газ тәрізді жүктер құйылады.
Әуе көлігі;жылдамдығы үлкен және жүктер мен жолаушыларды жеткізуде аз уақыт кетеді.
Жүктерді әуе көлігімен тасымалдаудың өзіндік құны өте жоғары. Оның кемшілігі: жоғары энергия сыйымдылығы, ауа райына тәуелділігі, габариті мен тасымалданатын жүктің салмағының шектелуі
Су (өзен) көлігі:терең су өзендерінде жоғары тасымалдау қабілеті және тасымалдаудағы өзіндік құнның жоғары еместігі, әсіресе, көп жүктерді тасымалдауда (салдағы ағаштар, мұнай құятын кемедегі мұнай);
төменгі меншікті капитальды шығындар, метал мен отын шығыны. Өзен көлігінің кемшілігі: өзен ағысы бағытының негізгі жүк ағынымен сәйкес келмеуі; бір жыл ішіндегі тасымалдаудың тұрақсыздығы жүйелі еместігі; темір жол көлігімен салыстырғанда оның жүкті жеткізу жылдамдығы төмен; жүк қозғалысы жолының басқа көлік түрлеріне қарағанда үлкендігі.
Көрсетілген көлік түрлері жүк және жолаушылар тасымалдау нарығында өзара бәсекелес. Айталық, кұбыр өткізгіш пен темір жол көліктері мұнай мен мұнай өнімдерін тасымалдауда бір-бірімен бәсекелес; темір жол мен автомобиль көліктері жаппай үйінді жүктерді қоспағандағы жүктердің барлық номнеклатурасын тасымалдауда бәсекелес.
Дүниежүзінде 9800 порт бар, оның 1000 халықаралық қатынаста қатынайды, 15950 әуежай, оның 1020 -- халықаралық. Статистикалық негізге сүйенсек, дүниежүзілік жер бетінің 1 км-нің 8,8 метрін темір жолдары, 103 м автомобиль жолдары 0,4 м ішкі су жолдары қамтиды. Дүниежүзінің жеке елі, контингенті және аймағы бойынша торапты көлік інфрақұрылымын бөлу аса бірдей емес, ал Африкада темір жол жолдарының тығыздығы бұрынғы СЭВ елдерінен гөрі 15 есе аз. Бірдей болмау себептері -- өнеркәсіптік дамудың әр түрлі деңгейі және шикізат ресурстарын игеру географиялық жағдайының ерекшелігі. Көлік кешені -- салалардың экономикасының иифрақұрылымын қалыптастырушының бірі болып табылады. Бұл салаларға темір жол, автомобиль, әуе, құбыр өткізгіш, теңіз және өзен (су) турлеріндегі көлік кіреді. Оның жағдайына республикамыздың халық шаруашылығының салалы кешендерінің дамуы (аграрлық өнеркәсіптік, отын -- энергетиалық, таулы-металлургиялық, құрылыс және басқалары), экономика салаларындағы өзара байланысты қамтамасыз ету, өндіріс түрлері мен территориялық кешендер тәуелді. Республикада көліктің біршама динамикалық дамуы өткен жүз жылдықтың 70-80-ші жылдарында болды. ТМД елдерінде 1990 жылы басталған экономикалық құлдырау барлық көлік түрлері үшін тасымалдау көлемінің жалпы төмендеуіне әкеп соқты. Қазақстан Республикасы Агенттігінің мәліметіне сәйкес статистика бойынша 2002 жылда көліктің барлық түріндегі жүк айналымында темір жол көлігінің үлесі 56,9% құрады; құбыр өткізгіш көлігі -- 27 %; автомобиль -- 16%; әуе -- 0,02% және өзен көлігі -- 0,02%. Негізгі мұндай қатынас Қазақстан өнеркәсібі өндірісінің ішкі заттық құрылымымен түсіндіріледі. Тасымалдауға берілетін негізгі тауарлық өнім жалпы үйілетін және құйылатын жүктерден тұрады: көмір, астық, мұнай, кен, минеральды тыңайтқыш және т.б. Осы өнімдерді автомобиль көлігімен тасымалдау тиімсіз. Сонымен қатар, автомобиль көлігімен жүк айналымын бағалау мен статистикалық есепке алудың қиындығынан үлесті бөлудің кейбір жіберілген қателіктерді ескеру қажет

Өнеркәсіптік көлік (ӨК) - жағармай, шикі зат, жартылай фабрикаттар және дайын өнімді тасуға, өндірістік үрдістерге қызмет көрсетуге арналған өнеркәсіптік кәсіпорындардың жолдары, ғимараттар мен көлік жабдықтарының жиынтығы. Өнеркәсіптік көлікке кен орындарына, шахталарға, өнеркәсіптік және ауылшаруашылық кәсіпорындарына, құрылыс және сауда нысандарына, осы кәсіпорындардың ішіндегі мекемелер мен ұйымдарға қызмет көрсетуге арналған көлік түрлері жатады.
Өнеркәсіптік көлік - өндірістің технологиялық үрдістерін жүзеге асыратындықтан кәсіпорынның инфроқұрылымының бір бөлігі болып табылатын жалпы қолданыстағы емес ведомості көлік. ӨК түрі, тағайындалуы және іске асыру тәсілі мен мерзімі бойынша сарапталады.
Түрі бойынша ӨК автокөлік, теміржол көлігі, конвейер және арнайы (құбыр көлігі, кран, арбаша т.б.) болып жіктеледі.
Тағайындалуы бойынша ӨК сыртқы (шикі заттар мен дайын өнімдерді кәсіпорындарға жеткізетін) және ішкі (жүктерді белгілі бір нысанның ішінде және олардың өз аралығында тасымалдайтын) болып бөлінеді.
Жүзеге асыру тәсілі бойынша ӨК циклді (айналмалы, кезекті) және үзіліссіз (ағымды) болып ажыратылады.
Жүзеге асыру мерзімі бойынша ӨК тұрақты (ұзақ мерзімді қолданыстағы) және мезгілдік, сонымен қатар маусымдық және барлық маусымдарда қолданылатын түрлерге топтасады.
Өнеркәсіптік көлікпен тасымалдау көлемі жуық шамамен жалпы қолданыстағы көліктің тасымал көлемінен 4 есе артық, алайда алыс арақашықтық сипатындағы жүк айналымы магистралды көлікке қарағанда бірнеше есе аз.
ӨНЕРКӘСІПТІК КӨЛІКТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ
Көлік және көліктің даму тарихын қоғамдағы адам тарихынан еш бөлуге болмайды. Адамға құрал-сайманның және еңбек заттарының араласуынсыз қандай да бір іс-әрекетті және қажеттіліктегі өнімді қолдану мүмкін емес.Көлік қоғам өндірісі және адам өмірі жағдайының дамуымен тығыз байланыста дамып жетіледі. Өнім түрлерінің және көлемінің кеңейтілуі, ауыл шаруашылығының дамуы және тауардың пайда болуы көліктің ішкі және сыртқы саудаға, сонымен бірге, өмірдегі қажеттілікте маңызын жоғарылатты. Материалды өндірістің үш элементінің көліктік процесс үшін бар өзгешелігі: еңбектің өзі, еңбек заттары және еңбек қаражаты.
Алғаш рет тау-кен зауыттық өнеркәсіптерінде рельстік жолдардың қажеттілігі пайда болды, сонымен бұл өндіріс XVIII ғ. ішінде өз дамуында айтулы табысқа жетті. 1763-1765 жж. Алтайдың бір кенінде механик К.Д. Фролов алғаш рет арқанды тартымды (жетектегі доңғалақтардан) кенмен тиелген вагоншаларды науа пішіні бар рельсті-ағаш шабақты жолмен араластыру үшін қолданды. 80 жылдардың аяғына карай XVIII ғ. Петрозаводскідегі Александр ұлпа зауытында шойынды рельс жолдары құрылды, 1896-1909 жж. тау-кен инженері
П.К. Фролов Алтайда арқанды тартыммен жүретін осындай жол салды. 1834 ж.дарынды орыс өнертанымдары әкелі-балалы Черепановтар алғашқы паровозды шығарып, Нижний Тагилде Ресейдегі алғашқы қос тартымды темір жолды ойлап тапты.1782 ж. Санкт-Петербург көшелері бойында үш доңғалақты коляска самокат-ка жүріп өтті, бұны орыстың басқа өнертапқышы И. Кулибин ойлап тапты.Автомобильдің әрі қарай дамуы жол локомотиві, қос тартым жолдары арқылы дамыды. Бұл бу машиналарын құрастырушылар француздық Кюньо (1769 ж.), ағылшындық Тривисик (1802 ж.) және американдық Эванс (1804 ж.). Экипажды әрі қарай дамыту XIX ғ. аяғына дейін жалғасты.
1885ж. өнер табыстың жаңа автомобиль құрылыстарын зерттеуді жылдамдату шешуші фактор болып табылады. 1924 ж. Мәскеуде АМО зауы-тында жүк көтерімділігі 1,5 т. дейін жүк автомобильдері шығарыла бастады.
Ресейде тасымалдаушы машиналардың шығарылуы мен қолданылуы
XVIII ғ. бастап әйгілі 1764 ж. орыс механигі Е.Г. Кузнецов Нижний Тагил маңындағы кенде кен көтеруге қолданатын көпшөмішті су көтергішті түрғызып, аяғында кенді көтеру үшін қолданған. 1788 ж. механик және гидро-техник К. Д. Фролов Алтайдағы Змеиногорск кенінде сол уақыттағы керемет кен көтеру үшін кешенді қондырғы тұрғызды. Сағатына 20 -- 68 м. биіктікте 10 т. кен көтеретін дамылсыз қызметте кен көтеретін шөмішті элеватор негізгі 8 қондырғысы болды. 1860 ж. орыстың өнертапкышы А. Лопатин Сібір алтын прииск жүйесіне құм және малта тасты тасымалдауға таспалы конвейерді (құм тасушы) ұсынып және оны енгізді. Алғашында таспа орнына кенеп, одан кейін тері және шойынды беттерді қолданды.Қазіргі уақытта конвейерлік құрылыс түрлерін, арқанды жолдарды, әртүрлі өндірістегі көлікті механикаландыру кешенді жүйеде қарқынды зерттеліп келеді.
Өнеркәсіптік көлік - өнеркәсіптік мекемелердің өндірістік көлігі, өндірістік салада азық - түліктерді және нәрселерді тасуды жүзеге асырады. Бір жағынан, өнеркәсіптік көлік өндірістің ажырамас құрама бөлігі болып саналады, ал басқа жағынан - жалпы қолданыстағы көліктің маңызды бөлігі. Темір жол және автомобильдік өнеркәсіптік көліктің тасымалдау көлемі мәселен, көліктің бұл түрлерімен жылына жалпы қолданыстағы көліктің тасымалдау көлемі 1,5 есе артады, 1973 жылы жүкті тиеп-түсіру көлемі және көліктік жұмыстар 50 млрд. тонна.
Өнеркәсіптік көлікпен айналысатын жұмысшылар саны жалпы өндірістегі жұмысшылар санының (14) бөлігін құрайды. Өнеркәсіптік көлік эксплуатацияның территориялық белгісімен және өндірістің технологиялық процесінің байланысына қарай ішкі және сыртқы болып бөлінеді. Өндірісті өңдейтін ішкі көлікке ішкі цех және цех аралық жатады, ал өндіретінге - шахтаның іші (жерасты), үстідегі көлік және карьерлік көлік (өңдеудің ашық тәсілінде). Ішкі цехтік өнеркәсіптік көлік технолгиялық өндіріс прцесінің құрама бөлігі болып саналады, жұмыс орындары, участкалар және бөлімшелер арасындағы түйін мен цехтің сыртында орындайды. Цех аралық өнеркәсіптік көлік технолгиялық процеспен байланыста емес, материалдарды, жартылай фабрикаттарды және дайын өнімдерді мекеме территориясында немесе өндірістің бір бөлігінде орналасқан цехтармен және қойма арасында тасымалдауды жүзеге асырады. Қазіргі заманғы машина жасау мекемелеріне тесіп - өтетін көлікті ұйымдастыру жатады, ішкі және аралық цехті орын ауыстыруын байланыстырады. Сыртқы өнеркәсіптік көлік мекемелерге шикізатты, жанар - жағармай, материалдарды, құрылғыларды және басқа да жүктерді жеткізу үшін арналған, және де мекеме территориясынан дайын өнімдерді беру пунктінен магистральді көлікке немесе тұтынушыға жеткізуді қамтамасыз етеді. Өндірістік мекемелерге көліктің әр түрлісін қолданады: темір жол, су, автомобиль, алаңдық рельссіз, конвейрлік, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Су
Металлургиялық кәсіпорын көліктері
Автомобиль ілініс муфтасынын негiзгi параметрлерiн аныктау
Әлемдік шаруашылықтың басқа салаларының географиясы
Қосалқы жолдың көріну қашықтығының апат жағдайына болатын әсері
Доңғалақты көлік құралдарының сәйкестігін бағалау
Адам ағзасына шудың әсерін зерттеу
Жол қозғалысын ұйымдастырудың құрылымы
Алматы қаласын қалыптастырудағы географиялық және экологиялық мәселелер3і
Экспрес ЖШС интермодалды технологияны және GPS жүйесін пайдаланып жүк тасымалдауды жетілдіру
Пәндер